Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

100

Upload: serik-yeleussizov

Post on 15-Jan-2016

472 views

Category:

Documents


0 download

DESCRIPTION

Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

TRANSCRIPT

Page 1: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20
Page 2: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

Қуатбеков Әбдімұса Мұратұлы Қазақстан Халықтар достығы университетінің Президенті, академик, химия ғылымдарының

докторы, профессор

Page 3: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:

АСТАНА ҚАЛАСЫ, І.ЖАНСҮГІРОВ КӨШЕСІ 8, 43ТЕЛ.: 8 (7172) 78-02-06, 8 702 600 01 19

Е.МАІL: [email protected] www.tat-astana.kz

ТАРАЛЫМЫ 7 000

ЖУРНАЛ ЕКІ АЙДА 1 РЕТ ЖАРЫҚ КӨРЕДІ

ТАРАЛУ АЙМАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

АВТОРЛАРДЫҢ МАҚАЛАЛАРЫНА РЕДАКЦИЯ КӨЗҚАРАСЫН БІЛДІРМЕЙДІ

ЖУРНАЛ «PRIDE PRINT» БАСПАХАНАСЫНДА БАСЫЛДЫ.АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ, МИРЗОЯН КӨШЕСІ, 13-15

ТЕЛ.: 8 (727) 378-77-47, 378-80-06, 378-80-09

№20 (2) МАМЫР 2015 ЖЫЛ

ЖУРНАЛ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ

АҚПАРАТ ЖӘНЕ МҰРАҒАТ КОМИТЕТІНДЕТІРКЕЛІП, №12035-Ж (19.10.2011 Ж.) КУӘЛІГІ БЕРІЛГЕН.

Меншік иесі: «Серикжан - БЭСС» ЖШС

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

Оразғали Қаршегенов Ақылдастар алқасының төрағасы«Атырау Жарық» АҚ директоралар кеңесінің Төрағасы, Облыстық мәслихаттың депутаты

Бақытжан ЕртаевӘскери қайраткер, генерал-лейтенат, Халық Қаһарманы,ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Мұрат Жұрынов ҚР ҰҒА Президенті, Академик

Әбдімұса ҚуатбековҚазақстан Халықтар ДостығыУниверситетінің Президенті, Академик

Марат Тоқашбаев«Президент және Халық» республикалық қоғамдық-саяси газетінің Бас редакторы, Академик

Ерсайын ИхсановАтырау облыстық маслихатының депутаты, Академик

Қуаныш Сұлтанов ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтарыжөніндегі комиссияның Төрағасы

Нұртай Сабильянов ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Надежда ПетуховаҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Нұрлан ОрманбетовҚР ҚК Әуе қорғаныс күштерінің бас қолбасшысы, авиация генерал-майоры

Жандарбек ЖанзақовҚР ҚК Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы, контр-адмирал

Махмуд Нәлібаев«Марсель Петролеум» ЖШС-нің басшысы, «Алтын жүрек» және Халықаралық Сократ сыйлығының иегері

Аманкелді Абдолов Республикалық жеке сот орындаушылары палатасы төралқасының төрағасы, Атырау облыстық мәслихатының депутаты

Өмірзақ МелдехановОҚО Мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» ХДП ШҚФ Төрағасы

Тілеуберген ШәутайҚызылорда облыстық Мәслихатының депутаты

Мағжан СадыханұлыЖурналистер Одағының Астана қалалық филиалының басшысы

Әлжан Шәмшідін”Асыл-түлік” РМШО АҚ-ның директоры

Гүлжамал Жапарова«Тұран-Астана» университетінің ректоры, профессор

Мұса ӨтепқалиевАтырау медициналық колледжінің директоры

Марите ӘбілпаттаЖамбыл қонақ уйінің директоры, кәсіпкер

Жүрсінбай Ергешов”Гидроспецстрой №5” ЖШС-і Бас директоры

Әуелхан ТұрғынбековОңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы әкімі

Нұрлан БекназаровШымкент қалалық мәслихатының хатшысы

Гүлнар ЖұмашеваҚызылорда қалалық мәслихатының депутаты, қалалық перзентхананың бас дәрігері

Гүлнар ҚұрманбековаШымкент қалалық мәслихатының депутаты, қалалық жедел-жәрдем көрсету стансасының бас дәрігері

Белбота Ардақ АлмасбекұлыФилолог

3

БАС РЕДАКТОР

БАС РЕДАКТОРДЫҢ КӨМЕКШІСІ

БАС РЕДАКТОРДЫҢОРЫНБАСАРЫ

ЖАУАПТЫ ХАТШЫ

ТІЛШІЛЕР АҚБӨПЕ ӘБДРАСУЛМЕРУЕРТ ТІЛЕУЛИЕВАДИАНА АЛИЯКБАРОВААЙСҰЛУ САҒЫНТАЕВАРАЙХАН КЕНЖИБАЕВА

ДИЗАЙНЕР-БЕТТЕУШІ

ФОТОГРАФ

СТИЛИСТ

БАС ЕСЕПШІ ТЕЛ.:

Е.МАІL:

ЭЛЬМИРА УСЕНҚЫЗЫ

ПЕРИЗАТ БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ

МЕЙРАМБЕК ЗИАТҰЛЫ

АҚБӨПЕ ӘБДРАСУЛ

ЖАДЫРА МҰСАБАЙЛӘЙЛӘ НЫҒМАТУЛЛИНАСАЯ ЕСИМОВАМӨЛДІР ҚҰРМАН

АРМАНЖАН АРДАҚ

ДЖОН ЛАУ

АРАЙЛЫМ ЖУСИПОВА8 (702) 780 89 86

ГҮЛБАРШЫН ҚАБДУШЕВА8 (7172) [email protected]

Page 4: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

4

Бас редактор бағаны

Қадірменді оқырман қауым!

Көктем келіп, жерді көк басып, ағаштар бүршік атып отырған уақытта біздің де журналымыз жарыққа шықты. Оңтүстік өңіріне ат басын бұрып, белгілі азаматтардың біршама атқарып отырған жұмыстары жайында көзбен көріп, алдағы жоспарларынан құлағдар болдық. Бұл жолғы сапарымызда Жамбыл облысына қарасты Сарысу, Талас және Байзақ ауданындарының тыныс тіршілігімен таныс болдық. Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Төлеби ауданы мен Ордабасы аудандарына да арнай барып қайттық. Журналымыздың осы санында С. Нұрмағанбетовтың құрметіне ашылған «Сарбаз - мемлекеттің символы» атты айдарына сарбаздар арасында байқау жариялап отырмыз.

Қанатын көкке сермеген қыран құстай тәуелсіз ынтымағы жарасқан елде өмір сүрудің өзі үлкен бақыт емес пе?! Бұл кешегі Отан үшін жанын қиған батыр бабаларымыздың ерен де намысшыл, рухты ерліктерінің арқасында деп білеміз. Елі үшін қан майданда от кешкен ағаларымыз бен апаларымыздың бүгінгі ұрпаққа сыйлаған Ұлы Жеңіске 70 жыл толып отыр. Мәңгілік ғұмыры ұзақ болады деген тілек әрбіріміздің жүрегімізден маңызды орын алған деп санаймын. Қазақ елі әр уақытта да тыныш болғай. Көк туымыз көк аспанда мәңгілік желбірей берсін!

Құрметпен, Эльмира Үсенқызы!

Page 5: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

30

76

90

18

25

28

Мазмұны

5

«Соғыс қасіреті».......................................................

Ұланы бар елдің ұраны бар....................................

Тәртіп – жауынгердің бірінші қаруы.........................................................

ХХІ ғасырдың үздік ғалымы..................................

Ел айбынын айшықтаған әскери бөлім..........................................................

«Басты міндетіміз - азаматтардың заңды құқықтарын қорғау»..................................

Заңгер - жаңа құқықтық сана-сезімнің жаршысы........................................

Спорт – денсаулық кепілі......................................

«Мақсатымыз - салауатты өмір салтын қалыптастыру»..................................

Жаңашылдыққа бет бұрған білім ордасы............

Ел үмітін арқалаған басшы....................................

Халық қалаулысы атанған азамат.........................

Тарихы тереңнен тартқан Талас............................

«Халықтың берекесі болса ел тыныштығы артады».........................................

Ел болашағына айналған өндіріс орны...........................................................

Халық игілігіне арналған зауыт.............................

Еңселі елдің көшбастары........................................

Жігерлі азаматтың жарқын ісі................................

Жоғары сападағы отандық фабрика....................................................

Тарихы терең киелі өлке.........................................

Танымы мол Төлеби................................................

Төлеби ауданының тынысы....................................

Әлеуеті жоғары Төлеби ауданы..............................

Халық назарындағыотандық өнім...........................................................

Өрісі кеңейген кәсіпорын.......................................

Бірлік басы – Ордабасы..........................................

Әсем де әсерлі Грузия елі.......................................

Елбасымен бірге – жаңа жеңістерге......................................................

Біз - елбасымен біргеміз!........................................

Қазақтың ырымдары – дәстүрдің діңгегі......................................................

Құрмет қарауылы – құрметке лайық.......................................................

Жеңісті күннің намысты ерлері..............................

Сарбаз мемлекеттің символы................................

6

8

10

14

18

22

25

28

30

34

38

42

44

48

50

53

56

60

63

66

70

72

74

76

80

83

84

86

87

88

90

93

94

Page 6: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

6

СОҒЫС ҚАСІРЕТІАдамзат баласының

тарихында бұрын-соңды болмаған қасірет - Ұлы Отан соғысының аяқталғанына биыл 70 жыл толып отыр. Бір кезде Кеңестер Одағының құрамында болған Қазақстанның халқы да неміс басқыншыларына қарсы жан аямай соғысып, ерліктің тамаша үлгілерін көрсеткені белгілі. Сол кездегі Кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнде соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлерге құрмет көрсетіледі. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.

Бұл мейрамды бұрынғы Кеңес Одағына кірген 15 Одақтас республика халқымен бірге, Кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен Отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен беларусь, қазақ пен украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды...

Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халықтармен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда батыр ерліктер көрсетті. Украинаны, Кавказды, Белоруссияны, Қырымды, Прибалтиканы азат етіп, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия, Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өтті. Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірде-бір үлкен шайқас болмады. Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер

халық болғандықтан, ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастады. Тіпті арыға бармай-ақ, кешегі Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді. Оған мысал, айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған жүз қазақтың

(ең соңғысын арада 50 жыл өткен соң Бауыржан Момышұлы алды) Кеңестер Одағының батыры атағын алғанын айтсақ та жетеді. Бұны сол кездегі 2,5-3 млн. қазаққа шаққанда басқа халықтардың алдына шығып кетеді екен. Ердің ері шыдайтын жаңбырша жауған оқ пен қарша бораған бомбаның арасында олардың нәзік жүректері тасқа айналып, гүл ғұмырлары ажалдың қанды тырнағына ілікті. Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500-ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол жылдары Қазақстан миллиондаған босқындарды өз бауырына аналық мейірімімен тартушы, көшірілген зауыт пен фабрикаларға, майданға керекті оқ дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды.

Елімізде, әсіресе соғыс ардагерлеріне деген құрмет толассыз. Отан үшін отқа түскен соғыс ардагерлері барлық құрметке лайық. Өйткені, «соғыс» деген суық сөздің үстіне «Жеңіс» атты қуанышты жарқырата жазуға үлес қосқан сол қарттарымыз емес пе? Солардың арқасында бүгінгі таңда «қазақ» атты өте күшті дамыған елге айналдық. Күніміз бейбіт, өміріміз жайдары, көңіліміз ашық. Біз сол жеңіс сыйлаған ұрпақтың жалғасымыз, сондықтан олардың қаһармандығын мақтаныш ету әркімнің парызы. Соғыс ардагерлеріне құрметпен қарап, қан майданда оралмаған жауынгерлер рухына бас иеміз.

Жадыра Мұсабай

Page 7: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

7

Page 8: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

8

ҰЛАНЫ БАР ЕЛДІҢ ҰРАНЫ БАР

Ерлік үшін еңіреген ағалар,Кеше болды. Бүгін енді жоқ олар.Ерліктерін ескермесек бізді де,Ертеңгі ұрпақ еске алуын доғарар, - деп қазақ

поэзиясында елеулі із қалдыра білген ақын Нарша Қашағанов жырлағандай, еліміздің бақытты болашағы жолында қан майданның төрінде білек сыбана жаумен тойтарысқа түскен батыр ағаларымыздың ерлігі жайлы сөз етпеу мүмкін емес. Отан үшін жанын қиюға тәуекел еткен азаматтардың қайсарлығы қай заманда болмасын кейінгі ұрпаққа үлгі болып қала бермек. Намыс пен рух кеудесінде жалау болған сарбаздардың ерлігі ел есінде мәңгі сақталатыны сөзсіз. Кешегі қан-ды қырғынды елестететін Ұлы Отан соғысы көптеген батыр тұлғалардың есімін айғақтап берді. Олардың ішінде Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Талғат Бигельдинов, Рахымжан Қошқарбаевтарды атауға болады. Ал, есімдері аталмағандары қаншама?! Біздің бүгінгі әңгімемізге арқау болатын тау тұлғаның есімі де, соғыс жылдарындағы, Тәуелсіздігімізді алғаннан кейінгі де ерлігі атойлап тұрғаны мәлім. Яғни, Тәуелсіз еліміздің тұңғыш қорғаныс министрі, армия генералы, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовты бүгінде танымайтын ел жоқ шығар, сірә.

Кәмелет жасқа енді ғана толып үлгерген жеткіншекке соғыс сұрапылымен көзбе-көз жолығу үлкен сын болды деуге келеді. Себебі, жастықтың адуынды шағында ойын мен күлкіні ұмыт еткен зұлмат күндердің ауыртпалығы әсіресе Сағадат Нұрмағамбетовты ерте есейтті. Жүрегінде қорқыныш

емес, жауды тізгіннен құлатар айбарлы от Отан үшін жеңісті күндерді сыйлауға себепші бола білді. 1924 жылдың 25 мамырында Ақмола облысы Еңбек ауылында дүниеге келген Сағадат атамыз әскери салада қызмет етуді тіпті жоспарламаған көрінеді. Бала кезінен география мен тарих пәндерін сүйіп оқыған кейіпкеріміз болашақта мұғалім болуды арман еткені шын. Бірақ, тағдырдың тәлкегімен мектептегі оқушыларға емес, соғыс жауынгерлерін тәрбиелеу бағына бұйырған екен. 1942 жылдан бастап 1-Белорусь майданында, Солтүстік Кавказ, Украина, Молдавия, Польша, Германия майдандарында жан беріспей соғысып, пулемет взводын, ротаны, 5-екпінді армияның атқыштар батальонын біліктілігі мен асқан жауапкершілігінің арқасында басқара білді. Тіпті, Гитлер кеңсесін шабуылдауға екпіні жетіп, немістердің жер астында орналасқан жасырын зауытын тәркілеп, ондағы медициналық мүліктер мен өнімдерді, басқа да қажетті дүниелерді өзіміздің әскери емханаларға жөнелткен. Бір қызығы, өзге балаларды кіші деп менсінбегені сияқты емес, бүгінгі генералдың болмысы мен зеректігін жіті байқаған кісілер әскерге бірден қабылдаған. Мұның алдындағы оқиға да кейіпкерімізге әсер етпей қоймаған. Қарапайым еңбек адамы болған, шахтада, кейін колхозда жұмыс істеген Сағадат атамыздың жалғыз ағасы Сағит артында жары мен екі баласын қалдырып майданға аттанған. Ол 1941 жылдың соңына дейін хабарсыз кетті де, сол бойда оралмаған. Сүйікті ағасынан айырған сұм соғыстан өшін алуға деген көңілі күш-қуатын еселей түскендей. Тәртіптің жолын берік ұстанған

НҰРМАҒАМБЕТОВСағадат

Қожахметұлы

Page 9: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

9

батырдың соғыста көрген қиыншлықтарының бар-лығы Сағадат атамыздың бойында үлкен тәрбие мектебін қалыптастырғандай еді. Оның естеліктеріне көз жүгіртсек, отты кезеңнің жағымсыз көріністерін тебірене еске алады. Жаздың аптапты ыстығы, қыстың аязы мен боранына қарамастан иығына қару кезініп, қып-қызыл өрттің ортасында қалудың өзі қазіргі кезде қорқынышты түс секілді көрінеді. Туған өлкесін, жанұясын көре алмай кеткен арыстар үшін талай рет жүрек тұсы сыздағанын да айтады. Сол кезде жеңіске жетуге достықтың ерекше әсер еткенін мойындайды. Тек қана қазақ емес, басқа да ұлттың жауынгерлерімен түйір нанды бөлісе жеп, бақыттың арайлы таңына бірге қол созғандарын жеткізген болатын. Иә, көп оқығаннан емес, көп көргеннен сұра деп дана халқымыз айтпақшы, мол қиыншылықты көрген азаматтың халыққа айтары да, берері де көп болатын. Барша жұртты асыға күткен мерейлі, шуақты күнімен қауыштырып, жеңістің туын ұстатқан осындай батыр тұлғаларға біздің де айтар алғысымыз шексіз, әрине.

Сағадат Қожахметұлы соғыстан аман оралғанына шүкір етіп, Отанына қызмет етуін жалғастыра түседі. Әскери саладағы шыңдалған талабы мен біліктілігін енді игі істерге жаратуға кіріседі. Талапшыл, әділ, жауапты әрі қарапайымдылық қасиеттерімен ел сенімін ақтауға тырысатын жанға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еліміз алғаш тәуелсіздігін алған жылда-ры Қазақстан Республикасының тұңғыш Қорғаныс министрі қызметін сеніммен тапсырды. Жеткілікті тәжірибесінің арқасында еліміздің Қарулы Күштерін қалыптастырып, оны нығайтуда өшпес із қалдырғаны тарихтың мұрағатында мәңгі сақталып қала бермек. Ерен еңбегінің еленгені сол, Сағадат Нұрмағамбетов 1994 жылы 23 мамырда ҚР Президенті Жарлығымен «Халық қаһарманы» атағымен марапатталды. 1995 жылы армия генералы атағында құрметті демалысқа

шыққан батыр өмірінің соңына дейін Президенттің кеңесшісі қызметін атқарып келді. Сондай-ақ, Сағадат Қожахметұлы Ленин, 2 Қызыл Жұлдыз, 1,2-ші дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Ту, «Құрмет белгісі», «Октябрь революциясы», «Отан» ордені және төсбелгілерімен марапатталғанын мақтанышпен жеткізуге болады. Қиын қыстау заманның тар жол тайғақ кешуіне тағдырының тұспа-тұс келгені азаматтың қолына қалам алып, соғыс тауқыметтерін, өмір мен өлім арасындағы қилы тағдырлар жайлы жазуына себепші болды. Бүгінде «Лицом к огню», «Мой передний край», «А в памяти нет тишины» атты кітаптары соның айғағы болып табылады. «Арыстандай жігітте, Алатаудай үміт бар» дегендей, ел сенімін ақтағаны үшін 1999 жылы Астанадағы «Жас Ұлан» республикалық мектебіне Сағадат Нұрмағамбетовтың есімі берілді. Нар тұлғалы арысына қарап бүгінгі сарбаздар бой түзесе, еліміздің әскери саласының әр кірпішін берік етіп қалаудың маңызды қадамы болып есептелер еді. Ел Президенті «Бүкіл өмірі мен қызметі – өз Отаны мен халқына адал әрі беріле қызмет етудің үздік үлгісі» деп бағалаған Сағадат Нұрмағамбетов 90-ға таяған шағында өмірден озды. Сағадат Нұрмағамбетовпен өмір жолының со-ңында біздің басылым арнайы кездесіп, сұхбаттасқан болатын. Сол кездегі сұхбат барысында біздерге тура жол көрсетіп, ақ батасын берген кезді де ұмытпаймыз. Сағадат атамыз дүние салғанда қабырғамыз қайысқа-ны рас. Әттең...арамызда болса 90 жылдық мерей-тойын бірге тойлаушы едік.

Батырымызды жоқтап, бүгінгі ұрпаққа өнегелі жол болсын дей отыра, «Сарбаз – мемлекеттің символы» атты айдарды сол кісінің құрметіне аштық. Ұланы бар елдің ұраны барда Сағадат Нұрмағамбетовтың аты да, ерлігі де санадан жоғалмасы анық.

Эльмира Усенқызы

Page 10: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

10

СәбитТауланов

Page 11: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

11

ТӘРТІП – ЖАУЫНГЕРДІҢ БІРІНШІ ҚАРУЫ

Ұлтымыздың болашағы үшін жасалып жатқан игілікті істердің жыл сайын көбейіп жатқандығы елдің ертеңіне деген сенімін оятады. Оның ішінде келешек ұрпағымыздың білімді болуына, жан-жақты жетіліп өсуіне, әскери білім алуына, шынығуына, патриот болып қалыптасуына үлесін қосып отырған арнаулы білім беру ордаларының көбеюі көңіл қуантады. Елімізде сапалы білім беріп, ұлтын ұлықтар жастарды тәрбиелеп отырған білім ордаларының бірі әрі бірегейі – Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесқайнар ауылында орналасқан мамандандырылған «Арыстан» лицейі.

Назарларыңызға «Арыстан» лицейінің бастығы, генерал-майор, педагогика ғылымдарының докторы, ҚР Әскери ғылым академиясының толық мүшесі – Тауланов Сәбит Сауменұлымен болған сұхбатымызды ұсынамыз.

Сәбит Сауменұлы, маман-дандырылған «Арыстан» лицейі қалай құрылды? Бүгінгі таңға дейінгі жеткен жетістіктері қан-дай?

«Арыстан» лицейі «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры» қоғамдық қорының Қамқоршылар кеңесі басшылығының қайырым-дылық акциясы негізінде ұйым-дастырылып, 2011 жылдың қаң-тар айында өз қызметін бастады. Лицейдің материалдық базасы мен интеллектуалдық өрісі жоға-ры болғандықтан, біраз жетістік-терге жетті. Жетістіктеріміз жай-лы мемлекеттік Ұлттық бірыңғай тест көрсеткіштерімен айтар бол-сақ, 2012-2013 оқу жылындағы алғашқы түлектеріміздің Ұлттық бірыңғай тест бойынша орташа білім сапасы 92,5 пайызды берсе, 2013-2014 жылғы бітіруші түлек-теріміз 99,14 пайызды көрсетті. Қазірде «Арыстандықтар» ҚР Қарулы күштері жоғарғы оқу орындарында, Ресей жеріндегі Санкт-Петербург, Краснодар, Рязань, Воронеж қалаларында, Белоруссияда, Түркияда, Қытайда,

Америка Құрама Штаттарында өз білімдерін жалғастыруда. Алғаш-қы түлектеріміздің 39-ы 100-ден жоғары ұпай жинап, соның ішін-де Қайырбеков Шынболат 119 ұпаймен лицейдегі білім сапасы-ның жоғары екендігін байқатты. Әскери бағыттағы лицейді бітір-ген түлектердің барлығы да - шетелдік және республикалық Жоғары оқу орындарының оқу гранттарының иегерлері. «Білім байлықтан да күшті» екендігін білетін жас өрендеріміз бәсекеге қабілетті, әскери тәртіпті берік сақтайтын, креативті, жаһанда-ну дәуірінің бар талабына жауап беретін білімді де саналы болып өсіп келеді. Аталмыш лицейдің оқушылары облыстық пәндік олимпиадаларға, ғаламтор арқы-лы республикалық, халықаралық, қашықтықтық олимпиадаларға да үздіксіз қатысады. Ал ғылыми жобаларды қорғау - біздің дарын-ды лицейліктердің шығармашы-лық жұмыстарының бір бағыты болып табылады.

Жыл сайын түрлі мемлекет-терде өтетін халықаралық интел-

лектуалдық сайыс «Парасат Одис-сеясына» қатысып қана қоймай, Республикалық додадан бірінші орынға ие болып, командамыз 2013 жылы Санкт-Петербургтегі 17 мемлекеттен келген 90-нан астам команданың арасынан, ал 2014 жылы Словакияда өткен әлемнің 14 мемлекетінен келген 87 командасының ортасынан озып шығып, жүлделі орынды иеленіп, жеңіспен оралды. Биыл да республикалық «Парасат Одиссеясының» бас жүлдесін жеңіп алдық. Енді мамыр айының басында Челябинск қаласындағы халықаралық сайысқа екі команда жібергелі жатырмыз. Әрине, биыл да жүлделі орыннан үміттеміз.

Жас жеткіншектерге тәлім - тәрбие беріп жатқан ұстаздар қауымының біліктілігі мен білім берудегі ерекшеліктері қандай?

«Арыстан» мамандандырыл-ған лицейіне ұстаздар конкурс бойынша қабылданады. Оларға қойылатын басты талап – қазіргі қоғамдық ұстанымға сай терең білім, жаңашылдық және ізденім-паздық.

Page 12: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

12

Лицей оқытудың жоғарғы деңгейіндегі қа-зіргі технологиялық оқыту үрдісі мен біліктілігі жоғары ұстаздар құрамынан қамтылған. «Білім туралы» Заң бойынша ұстаздарымыз тек білім мен дағдыны қалыптастырмайды, сонымен қатар, патриот ретінде өз республикасының тарихын, мемлекеттік рәміздерін құрметтейтін, ұлттық салт-дәстүрлерге, мәдениетке жетік, білім алуға құштар қазақстандық азаматтарды тәрбиелейді, әр балаға өз баласындай жауапкершілікпен қа-райды.

Мектеп түлектеріне болашақта қандай

мүмкіндіктер ұсынылады?«Арыстан» мамандандырылған лицейін бі-

тірген түлектеріміз болашақта Қазақстан, Ресей, алыс және жақын шетелдердегі Ұлттық Қауіпсіз-дік академияларында, Ішкі істер министрлігінде, Т.Бигельдинов атындағы Әуе Қорғаныс күштері әскери институтында, Қаржы полициясы ака-демиясында, Радиоэлектроника және байланыс әскери институтында, Құрлық күштері мен Әуе қорғаныс күштері институтында, Халықаралық Ақпараттық Технологиялар университетінде т.б. оқу орындарында өз білімдерін ұштайды. Әскери өмірдің бар саласында шет елдердегі оқу орындарында өз білімі мен интеллектісін көрсете алады. Бізде «Жастар саясаты ту-ралы» Заң негізгі ұстаным болғандықтан, Қазақстанның Индустриалды-инновациялық да-му стратегиясының негізгі бағыттарын басшы-лыққа аламыз. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту ту-ралы» Қазақстан Республикасы Прези-дентінің 2010 жылғы Жарлығының мазмұнына сай жұ-мыс атқарудамыз.

«Арыстан» мамандандырылған лицейінде тәрбиеленіп жатқан жастардың патриоттық рухын арттыру мақсатында қандай тәрбиелік іс-шаралар жүргізіледі?

Әрбір күніміз ҚР Мемлекеттік Әнұранын айтудан басталады, әр дүйсенбіде бір аптадағы жетістіктер талданады, кемшіліктер түзетіледі. Жұма сайын түрлі тақырыптағы сынып сағатта-ры өткізіледі. Патриоттық рухтарын арттыру мақсатында Отан қорғау жолына бар өмірлерін арнаған тұлғалармен арнаулы кездесулер ұйымдастырылады. Жүйелі түрде жыл сайын ауған майдангерлерімен кездесулер, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылуы мен нығаюына ат салысқан генералдар мен полковниктер және әскери қызметкерлермен «Ерлікке тағзым» сағаттары өткізіледі. Барлық тәрбиелік іс-шаралар болашақта Отанды

Page 13: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

13

қорғау жолында адалдыққа, шы-дамдылыққа, жауапкершілікке үйретуге бағытталған.

Сондай-ақ, жыл сайын рес-публикалық көлемде өткізілетін 11-сыныптарға арналған «Сардар» кешенді олимпиадасына қаты-сып, жүлделі орынды иеленеміз. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Да-рын» республикалық ғылыми-тә-жірибелік орталығы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министр-лігінің Әскери білім және ғылым департаментімен бірлестікте ұйым-дастырылған кешенді тестілеуге екінші рет қатыстық. Республика-лық «Сардар» кешенді олимпиа-дасының сынынан сәтті өткен-дер Қазақстан, Ресей, Германия, Түркия, Қытай, Беларусь, тағы басқа да елдердегі жоғары әскери оқу орындарына түсуге жеңілдік-тер алады. 2013-2014 жылы І Рес-публикалық «Сардар» кешенді олимпиадасынан Бас жүлдеге ие болған едік, биыл біздің сардар-лықтар Қапас Жасұлан мен Бородаев Валерий І орынды, Қожақұл Ғазиз ІІ орынды иеленді.

Лицей – республикамыздағы оқыту-дамыту және әскери-спорт-тық демалыс кешені ретінде толық жабдықталған ең үздік алғашқы оқу орындарының бірі. Мұнда дене шынықтырудың кез келген түрімен айналысуға мүмкіндік бар. Жаңа технологиямен жабдық-талған, бай кітапхана үзіліссіз сапалы қызмет көрсетеді. Театр-ларға, мұражайлар мен мәдени орталықтарға бару кестесі түзіл-ген. Біздің басты мақсатымыз – жаһандану талаптарына сай, бі-лімді әрі туған елінің тарихына тағзым ете отырып, оны көркей-туге үлес қосатын, ұлттық имму-нитеті дамыған, заманының көш-басшысына айналар әскери тұл-ғаларды дайындау.

Тағылымды тарихы бар қа-зақ елінде биыл үлкен той. Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойы-на орай қандай шаралар көзде-луде?

Біз әскери бейімдіктегі орта оқу мекемесі болғандықтан, бұл тарихи датаны ерекше атап өте-міз. Лицейдің оқу-тәрбие жоспа-рын құру барысында алдын ала қарастырылып қойылған лицей ішілік іс-шаралар жоғары деңгей-де жүргізіліп жатыр. Атап айтсақ, сынып сағаттары, ақпараттанды-рулар, кітапхана қызметкерлерінің оқырмандар конференциясы, кітап көрмелері, радиоэфирлер, әдеби кештер өткізілді. Лицеистеріміз Панфилов саябағы мен тағы бас-қа жерлерде құрметті карауылда тұрады. Астанада өтілетін әскери әндер байқауының конкурстарына қатысамыз, лицей алаңында әске-ри салтанатты шеру өткіземіз. Сә-уір айының ішінде әскери-спорт-тық ойындардан республика кө-лемінде алғашқы рет 5 күндік жа-рысты лицей қабырғасында өткі-зуді жоспарлап отырмыз. Бүгінде еліміздің көптеген әскери бағыт-тағы білім ордаларынан жүзге тарта спортшыларды қарсы алуға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сәбит Сауменұлы, Сіз елі-міздің әскери саласына үлкен үлес қосып отырған азаматсыз және өнегелі ұстазсыз. Осындай дәрежеге қалай жеттіңіз? Еңбек жолыңызды баяндап берсеңіз.

Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауылының тумасымын. 1966 жылы Орал ауылшаруашы-лық техникумын «мал дәрігері» мамандығы бойынша бітірдім. 1969 жылы Ташкент жоғары жал-пы әскери командалық училище-сін, 1978 жылы Термез пединсти-тутын аяқтап, 1985 жылы В.Ленин атындағы әскери-саяси академия-сында білім алдым. Ғылыми дә-режеге келер болсақ, кандидаттық дәреже - тарих ғылымдары бойын-ша, ал докторлық еңбек - педаго-гика саласы бойынша қорғалын-ды. 1999 жылдан бастап атқарған қызметіме қарай генерал-майор шеніндегі құрметті зейнеттемін. 2011 жылдан бері «Нұрсұлтан Назарбаевтың Білім беру қоры»

Қоғамдық қорының филиалы «Арыстан» мамандандырылған лицейіне басшылық етіп келемін.

Журналымыздың дәстүрлі сұрағын қоя кетсек, Сіз үшін «Тәуелсіздік» қандай ұғым? Оның қадірі мен қасиеті неде деп ойлайсыз?

Тәуелсіздік- қасиетті ұғым. Бүгінгі күні Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығы-мен дамыған 30 елдің қатарына өтуге талпынудамыз. Көпұлтты республикамыз «Мәңгілік Ел» идеясының аясына топтасуда. Бірлік, тәртіп, достық пен әділ-дік салтанат құрған еліміздің бо-лашағы жарқын болатынына се-німдімін. Себебі, біз кемелденген Қазақстанның тәуелсіздігін қор-ғайтын білімді де саналы, әскери өнерге маманданған, рухани әле-мі бай, жан-жақты дамыған жас ұрпақты тәрбиелеп отырмыз. Кез келген мемлекеттің болашағын оның жастарына қарап айқын-дайды. Еліміздегі «Жас ұлан», Бауыржан Момышұлы атындағы әскери мектеп, «Арыстан» маман-дандырылған лицейлері қазірде жас жеткіншектердің патриоттық ойын тереңдетіп, нұрлы жолға бастауда.

Биылғы жыл Қазақ хандығы-ның 550 жылдық мерейтойы, Ұлы Отан соғысының 70 жылдық ме-рекесі, Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерінің Кеден одағының бірігуі және 26 сәуірдегі ҚР Президенттік сайлауы секілді үлкен іс-шаралар-ға толы. Бұл тарихи мерекелерді ұлықтауға әрі өткенге тағзым жа-сап, ерлікті ұмытпай, оны жас-тардың жадында қалдыруға мін-деттіміз. Тарих сахнасындағы Қазақстан Республикасының қол жеткізген жетістіктерін ұрпаққа табыстай отырып, оны сақтау, елімізді дамыту, Отанды қорғау – біздің қасиетті борышымыз. Тә-уелсіздігіміздің көк туын мәңгіге желбіретейік!

СұхбаттасқанМеруерт Тілеулиева

Page 14: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

14

ӘбдімұсаҚуатбеков

Page 15: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

15

ХХІ ҒАСЫРДЫҢ ҮЗДІК ҒАЛЫМЫ

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген нақыл сөз қалай тауып айтылған десеңізші. Өмірде мысқалдай да бір қол жеткен жетістігіміз бен биігіміздің ар жағында қашан да ұстаз деген ұлы есім тұрады екен. Қай кезде де жол сілтер, ақыл кеңесін аямайтын, шынайы тілектес Ұлы ұстаздың алдында басымызды иеміз. Осындай ұстаздарымыздың бірегейі - асқан білімдарлығымен, ерекше па-расаттылығымен, биік адамгершілік қасиеттерімен көңіл төрінен орын алған аб-зал азамат Әбдімұса Мұратұлы Қуатбеков. Оның теориялық ойлау өрісі ғалымдар тоғысында ашылып, бұл - өз кезегінде, ғалымның зерттеу еңбектерінің нәтижеле-ріне жаңашыл мазмұн берді және отандық химия ғылымы бойынша жинақтал-ған ғылыми ойлар қорын айтарлықтай байытты. Әсіресе, лектордың педагогика-лық мәнері, сыңғырлаған үні, сырбаз қалпы, шешендік өнері аудиторияға жан беріп, жарық түсірді, білім алушылардың көзі ашылды. Оқуға тілек білдірушілер саны күрт көбейгені жасырын емес. Бүгінгі әңгімеміз студенттердің ыстық лебіздеріне бөленіп, жас маманның ғалым, ұстаз ретінде қалыптасуына жол көрсеткен ел ағасы Әбдімұса Мұратұлы Қуатбеков жайында болмақ.

Көкірегі ояу, көңілі ойлы Әбдімұса Мұратұлы Қуатбеков 1942 жылы 4 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауда-нында дүниеге келіп, 1960 жылы Ташкент мемлекеттік универси-тетін, 1968 жылы Қазақстан ҒА-ның Химия ғылымдары инсти-тутының аспирантурасын тәмам-даған. Инемен құдық қазып, қа-зақ ғылымының да дүние жүзілік өркениеттен белді орын алуына септігін тигізген ғалым 1995 жы-лы Химия ғылымының докторы, 1966 жылы профессор, 1996 жы-лы ҚР Жаратылыстану және 1988 жылы Ресей педагогика және психология ғылымдары академияларының академигі атанады. Таудай биік талабы бар ағамызға теңізден де терең білім-ді игергенінің арқасында «Бірлік» алтын медалі мен «Нобель» меда-лінің иегері атану да бұйырған екен.

Еңбек жолын 1966-1968 жыл-дары Қазақ химия-технология инс-титутында, яғни қазіргі Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік универси-тетінде оқытушы ретінде бастап, 1971-1978 жылдары Жамбыл же-ңіл және тамақ өнеркәсібі техно-логиясы институтында доцент, 1978-1986 жылдары Қарағанды мемлекеттік университетінің Жезқазған бөлімшесінде кафедра меңгерушісі, 1996-2001 жылдары Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде кафедра меңге-рушісі қызметтерін абыроймен атқарды. 2001 жылдан Қазақ-Өзбек инженерлік-гуманитарлық университетінің ректоры, 2005 жыл-ғы қазаннан бастап Қазақстандық Халықтар достығы университеті-нің ректоры, президенті атанған Әбдімұса Мұратұлы П.Капица атындағы халықараралық сыйлық-тың лауреаты дәрежесімен мара-патталған. Сонымен қатар, отан-дық ғылым саласы бойынша әлем-

ді мойындатып, Халықаралық «Сократ» ғылыми комитеті Әбдімұса Қуатбековті «ХХІ ға-сырдың үздік ғалымы» орденімен марапаттады. Бұл дәреже химия-технология саласында көптеген тың жаңалықтар ашып, әлемдік ғылымға қосқан айырықша үлесі үшін берілді. Сондай-ақ, Әбдімұса Қуатбеков халықаралық Ғылыми комитеттің марапатына ие болған санаулы қазақстандықтардың бірі. Жарты ғасырға жуық ғұмырын химия ілімін терең зерттеуге ар-наған ғалым 800-ден астам ғылы-ми еңбектің авторы атанды. Ғы-лыми-педагогтік және ғылыми шығармашылық өмірінде ірі іс-тер бітіріп, өз өмірінің басты кі-таптарын жазып, жарыққа шыға-ру, оларды білім іздеген жастар-дың игілігіне ұсыну - білім беру ісіндегі айтарлықтай ірі жетістік, автордың ғалым һәм ұстаз ретін-де жетсем деген мақсаты мен мұ-ратының биігі.

Page 16: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

16

Бар ғұмырын оқу-ағарту, ғы-лым саласына тек арнап қана қой-май, ел болашағын дамытуда бі-лімді ұрпақтың келешегіне жаны жайсаң ғалым ағамыз үнемі алаң-даумен жүреді. Төрт химия ғылы-мының докторы мен он ғылым кандидатын дайындаған Әбдімұса Мұратұлы үшін өзі құрған «Қазақстан Халықтар Достығы университеті» сыртта жүрген қаракөз қазақ балаларының білім деңгейлерін арттыруға жағдай жасап отырғанын азаматтық бо-рыштарының бірі десек артық айта қоймаспыз. «Қазақстан Ха-лықтар Достығы» университеті Оңтүстік Қазақстан облысында аты ілтипатпен аталатын жоғары оқу орындарының бірі де біреге-йі. Университеттің қысқаша та-рихына тоқтала кетсек, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы-мен көрші отырған қазақ-өзбек халықтарының бірлігін, мәдени және ғылыми қарым-қатынасын арттырудың кепілі ретінде ҚР Бі-лім және Ғылым министрлігінің 2000 жылдың 25 тамызындағы шешімімен Шымкент қаласында

«УНАТ» жоғары оқу орнының Оңтүстік Қазақстан филиалы өз жұмысын бастайды. 2001 жылдың 3-тамызында жоғарыда аталған оқу орны базасында Инженерлік-гуманитарлық университет ашы-лып, ҚР Білім және Ғылым минис-трлігінің 2001 жылғы 3-тамызын-дағы №643 бұйрығымен Қазақ-Өзбек инженерлік-гуманитарлық университеті болып қайта құрыл-ды. 2005 жылдың 7-қазанынан бастап ҚР Білім және Ғылым ми-нистрлігінің №683 бұйрығымен Қазақстан халықтар Достығы университеті болып өз мәртебе-сін алды.

Алғашқы қадам – қашан да қиын әрі күрделі болады. Әп де-геннен университетті аяғынан тік тұрғызу оңай болмасы анық. Сон-да да саналуан қиындықтарға мо-йымай, өзінің бар күш-қайратын сарп еткен, өмірін білім беру жо-лына арнаған, оқу ордасын рес-публика көлеміне танымал еткен осындай ардақты азамат туралы сөз қозғамауға болмайды. Атал-мыш жоғары оқу орнының пре-зиденті Әбдімұса Мұратұлы Қуатбеков білім беруді дамытуға,

өндірістің барлық салалары үшін жоғары білікті және бәсекеге қа-білетті мамандар даярлауда аян-бай еңбек еткені үшін халықара-лық дәрежедегі марапатқа ие болды. «21-жүзжылдықтың «Әлем-дік ғылымға қосқан зор үлесі үшін» медалімен марапатталған президенттерін оқу орны ерекше ықыласпен құрметтейді. Жастарға сапалы білім, саналы тәрбие беру-де өзіндік қолтаңбасы бар универ-ситет ұжымының жемісі. Сондық-тан болар, марапатқа ілтипат көр-сеткендер қатары көп болды. Уни-верситет ұжымы достықты нығай-та отырып, Қазақстан Республика-сындағы түрлі ұлттар мен ұлыс-тардың өкілдерін қазақ халқының төңірегіне топтастыру бағытында ерінбей еңбек етіп келеді. Мұны шәкірттері де бағалайды. Белді университеттің бағындырар биігі мұнымен толастамасы ақиқат.

Достықтың жарқын үлгісін көрсетіп келе жатқан университет президенті, академик, химия ғы-лымдарының докторы, профессор Әбдімұса Мұратұлының еңбегі еленгенін ел ғана емес, әлем мо-йындады. Әріптестері қызыға да,

Page 17: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

17

қызғана да қарайтындықтарын мойындап, жандарында жақсы азаматтың жүргенін мақтан тұта-ды. Өмірлік жолын білімге арна-ған ардақты жанның жеткен же-тістігі де жетерлік. Болашағының іргесін бүгіннен бастап қалап, жас ұрпақтың білімге құштарлығын аттырудағы еңбегін кейінгі тол-қын шәкірттері де мойындайды.

«Жетім көрсең, жебей жүр» демекші, ғалым аға балалар үйіне қамқорлық жасауды ды өзіне мін-деттеп алыпты. Жетімдіктің қан-шалықты қиын екенін жастайынан түсінген азамат Арыс қаласындағы Т.Тәжібаев атындағы отбасылық балалар үйінің 24 түлегін 2005 жылдан бері жатақханамен, бір мезгіл ыстық тамақпен, екі мау-сымдық киім-кешекпен қамтама-сыз етіп, ай сайын оларға шәкірта-қы бөліп тұрады. Оқу бітіргесін жұмысқа орналастыру мүмкіндігін де қарастырып қойған. Бұған қоса, балалар үйіне компьютерлер мен теледидарларды сыйға тартқан. Бүгінде ірі мемлекет қайраткері, академик, дүниежүзілік Біріккен Ұлттар Ұйымында ағылшын ті-лінде сөйлеген тұңғыш қазақ Төлеген Тәжібаев атындағы отба-сылық балалар үйінде бүгінде көптеген балалар тәрбиеленіп жатыр.

Күндіз-түні алдына мақсат қоя жүріп, ақиқат пен адалдық-қа қызмет етуге талаптанған Әбдімұса Қуатбековты бір көрген адам жүрегінің таза, жаныңды тебірентер дархан мінезіне тәнті болады. Айтар сөзін бүкпесіз, іш-тегі сырын жасырмай, аңқылдақ ақ жүректі ғалым ағамызды терең танып білу үшін, бір кітапты қай-тадан оқып шығып, қызығып та-машалағандай немесе сол кітап-ты құдды жаттап алғандай әсер беретін сияқты. Себебі, әр кез жо-лыққан сайын ол кісінің тұла бо-йы тұңған ұшан теңізді білімі адамды еріксіз өзіне баурап алады.Мамандығын игеруде кәсіпқұмар-лыққа емес, халқына қызмет етуді жөн санаған азаматтарымыздың бірі де бірегейі. Қаншама лауа-зымды қызметтерді атқарған жан атақ-даңққа ешуақытта масайған емес. Керісінше, біреудің төбесіне шығып, кеудесін кергендерге аға-лық, біреуге әкелік, тіпті аталық ақылын айтып жүреді. Арман атты белеске шығып, халықтың бақытына әлдеқашан кенелген жан.

Көп жарқырап жүрген жұл-дыздардың ішіндегі шуақ нұрын шашар академик ағамызды жал-ғыз жұлдыздай бір сәт елестетіп көрелік. Кейде ызғар, кейде жылы

адамзат баласы түсініп болмайтын табиғаттың тылсым сырларын уа-қыт өлшеміне салып, екшелеп әр-кез таразыға салып бағады. Сана-сына сіңірген ойларын сыртқа шығарып, әбден пісіліп жетілген шақта барып, қойнауы қазынаға толы халқына ұсынуды жөн санай-ды. Ғылымның ең биік шыңына жеткен ағамыздың табысқа қол жеткізген тұстары ерекше бағала-нып, атақ-даңқы шықты, ғасыр таныды. Оның «ХХІ ғасырдың үздік ғалымы» атануына себін тигіздірді. Ғылым тарихында ас-қан білімпаздылығы мен жан-жақтылығының арқасында оның дамуына зор үлесін қостырды. Ғылымның техникасы мен әдіс-тәсілін меңгерудегі жетістігі ғы-лымтану теориясын бірнеше ас-пектіде қолдануына мүмкіндік тудырды. Ұлағатты ұстаз ғана емес, отбасында балаларын білім мен ғылым жолында тәрбиелеген асыл әке. Осылайша ғылымға мо-йынұсынған жанның дүниетаным-дық көзқарасы мына жарық әлем-мен өзара тығыз байланысып жа-тыр.

Ақбөпе Әбдрасул

Page 18: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

18

РаджанЖанысов

Page 19: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

19

ЕЛ АЙБЫНЫН АЙШЫҚТАҒАН ӘСКЕРИ БӨЛІМ

Қазіргі күні Қазақстанның саны жағынан ықшам, жақсы жарақталған және ұрысқа қабілетті, заманауи Құрлық әскерлері құрылды деп айтуға толық негіз бар. Бұл туралы Елбасы - ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев та сан мәрте атап өткен еді. Ал, Тәуелсіз еліміздің тыныштығын сақтауға өз үлестерін қосып жүрген ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің десанттық шабуылдаушы бригадасы, 68665 әскери бөлімінің де алар орны ерекше. Алғашында қару сақтау базасы болған аталмыш әскери бөлімде 2 мыңға жуық әскери қызметкер Елордамыздың бейбіт күнін қорғауда. Ендеше, ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің десанттық шабуылдаушы бригадасы, 68665 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік құқықтар жұмыстары жөніндегі орынбасары - бөлім бастығы, подполковник Жанысов Раджан Кәкімханұлымен болған сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.

Раджан Кәкімханұлы, 68665 әскери бөлімінің тарихы жайлы айтып берсеңіз. Бүгінгі таңда аталмыш әскери бөлімде қандай сарбаздар қызмет етуде?

ҚР Қарулы күштерін құру ту-ралы мемлекеттік бағдарламасын дамыту мақсатында 43663 әскери бөлімі №0382 ҚР Қорғаныс минис-трлігінің директивасы негізінде 2003 жылдың 17 қыркүйек айында қайта құрылымдаудан өтіп, ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің десанттық шабуылдаушы бригадасы, 68665 әскери бөлімі болып өзгертілді. Бұрыннан келе жатқан аталмыш бөлім қару сақтау базасы болған. Кейіннен аэромобильді әскердің 68665 десанттық шабуылдаушы бригадасы құрылған. 2003-2008 жылдар аралығында десанттық шабуылдаушы бригадасын қа-зіргі генерал-майор, сол кездері подполковник шеніндегі Оспанов Дәулет Рысқұлбекұлы басқарды. Аталмыш бригадада керекті тех-

никалар аз болғандықтан, ныса-налар саны да шектеулі еді. Осы-ған орай, казарма мен асханалар қайта қалпына келтіріліп, көркейе түсті. Кейіннен 2008-2010 жылдар аралығында полковник Адырбеков Дулат Темірғалиұлы басқарса, 2010-2011 жылдар аралығында Әлмұхаммедов Ермек Хасанұлы 68665 әскери бөлімінің команди-рі ретінде басқарған. Ал, генерал-майор Жұмакеев Алмас Жүнісұлы 2011 жылдан қазіргі таңға дейін аталмыш әскери бөлімді басқарып келеді.

Аталмыш бригадаға әскер-лерді қызметке алу туралы және олардың дайындықтары жайлы тоқталып өтсеңіз.

Қазіргі командиріміз басшы-лыққа келгелі әскери бөлім жан-дана түсті десек артықтық етпес. Себебі, өзім қызмет етіп жүрген әскери бөлім Елордамыздың ма-ңында орналасқандықтан, тәртіп

өте қатаң түрде сақталады. Әскер-лерді қызметке қабылдамас бұрын олардың физикалық дене-бітімі-не үлкен мән беріледі және қатаң тексерістен өткізіледі. ҚР Қарулы күштердің түрлі салаларында әс-кери борыштарын өтеген азамат-тар келіп жатады. Әрине, әртүрлі саланың өзіндік ережелері болға-нына қарамастан, әскерилер де-санттық шабуылдаушы бригадаға келісім шарт бойынша жұмысқа орналасуда. Ал, осы бөлімде әс-кери борышын өтеген азаматтар-дың барлығы дерлік, келісім шарт бойынша қызмет етуге қалып жатқан жайы бар. Бүгінгі таңда бригадамызда 2000-ға жуық әс-кери қызметкерлер еңбек етуде. Бірінші батальон - десанттық шабуылдаушы арнайы тағайын-далған «Қалқан» БТР-82 батальо-ны, екінші батальон - десанттық шабуылдаушы арнайы тағайын-далған «Алдаспан» батальоны, үшінші батальонымыз МТЛБ деп

Page 20: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

20

аталады. Сондай-ақ, штабтық батальон, танктік рота, зениттік-ракеталық батарея және тағы басқа. Сонымен қатар, біздің бри-гада шетелдік құрметті қонақтар мен министрлерді күтіп алуға ат-салысады.

Әскери қызметкерлердің спортпен шұғылдануына қан-дай жағдайлар жасалған?

Бригада командирі нағыз де-сантшы болғандықтан, негізінен спорттың барлық түріне үлкен мән береді. Осыған орай, әскери қызметкерлер аптаның дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері түске де-йін жедел марш, ал кешкі сағат 5-тен соң физикалық дайындық-қа кетеді. Қарулы күштер масшта-бындағы жарысқа қатысатын әскери саладағы қызметкерлер, спорт шеберлері үнемі жүлделі орындар алып келеді. Соның ішінде, жеңіл жүгіру мен қыс-тық спорт түрлерінен және үсті-міздегі жылдың ақпан айында бокстан өткен жарыста спортшы-ларымыз I, II орындарды иеле-ніп келді. Әскери бөлімдерді ор-наластыратын арнаулы ғимарат-тарда спортпен шұғылдану үшін арнайы салынған жеке кабинет-тер және әрбір батальонда спорт кластары орналасқан. Сонымен

қатар көпшілік үшін 2 спорт залымыз жұмыс жасауда. Бірі - жаттығу залы болса, екіншісі - қол күресі, еркін күрес, қазақша күрес сынды спорт түрлеріне арналған зал. Сонымен қатар, 15 нұсқаушы, яғни спорт нұс-қаушысы, макар қаруы мен АК-74 қаруынан оқ атуды үйрететін нұсқаушы, медицина саласында-ғы нұсқаушы, сондай-ақ, кәсіпқой сержанттарымыз да қызмет етуде.

Әскери қызметкерлерге баспанаға берілетін төлемақы-дан тыс, тұрғын үйлер бар ма? Осы жөнінде кеңірек тоқталса-ңыз.

Бригаданың өзінің жеке әс-кери қалашығы Елорда маңын-да орналасқан. Бүгінде генерал Жұмакеев Алмас Жүнісұлының қолдауымен қалашық толықтай қоршалып, арнайы тұрақ құры-лып, күрделі жөндеу жұмыста-ры жүргізілді. Күзет қызметінің жұмысы оңтайланғаннан соң, қалашыққа еркін кіруге рұқсат шектелді. Қазіргі таңда офицер-лер мен сержанттарға, келісім шартпен келген қызметкерлерге арналған 75-80 пәтерлік 3 үй жә-не әскери қызметкерлеріміз тұ-ратын 3 қабатты 1 жатақхана берілген. Барлық тұрғын үйдің

жағдайы жасалған, сонымен қа-тар әрбір әскери қызметкерге айына 50 мың теңге беріледі жә-не де 350-400 мың теңге көлемін-де өтемақы алатын қызметкерле-ріміз де бар. Ал мектеп, балабақ-ша секілді әлеуметтік мәселелер-ге келер болсақ, бұл іске қатысты сұрақ туындаса, басшылық бірден өз назарына алып, ең алдымен осы мәселені шешуге тырысады. Сондай-ақ, қалашықта 2005 жыл-дары ашық аспан астында салын-ған мұражай ашылып, наурыз айы-нан бастап аталмыш мұражайға балалар тамашалауға үздіксіз ке-ліп жатады. Оларды мұражайдың іші-сыртымен таныстырып, де-сантшылардың бір күндік өмірі, тұрмыс-тірішілігінен хабардар етеді. Мұражайдың ішіндегі құн-ды мүліктер жекелей қатарларға бөлінген, яғни бірінші қатарда - арнайы техника, авиациялық тех-ника, әр түрлі мемлекеттердің түрлі модификациялары, танкі-лер, катюшалар орналастырылған. ЕҚЫҰ кезінде 100-ге жуық ел-ден келген азаматтар осы мұра-жаймен танысып, мұндағы ежел-ден келе жатқан қаруларды қаз-қалпында сақтағанымызға таң-даныстарын білірген болатын. Осы жылы Қарулы күштер жә-не аэромобильдік әскерлер үс-

Page 21: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

21

тіміздегі жылдың 6 шілде күні15 жылдық мерейтойын атап өтеді. Осыған сәйкес, Кеңес Үкі-метінің кезінде осы салада қыз-мет атқарған ардагерлерімізге арналған мерекелік кеш ұйым-дастырылады. Ал 2 тамыз күні Ашық есіктер күнін жариялау жоспарда бар. Мереке күндері тәрбиелік жұмыстар аясында елімізде еңбек етіп жатқан қоғам қайраткерлері, ардагерлер, спорт саласында жетістікке жеткен спорт шеберлері келіп, десантшылар-мен кездесулер ұйымдастырылып тұрады. Сондай-ақ, 7-9 мамырда ұйымдастырылатын іс-шараларға ардагерлеріміз бен халық қаһар-мандары шақырылады.

Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдас-тырылып жатқан салтанатты шеруге дайындық барысы қа-лай жүргізілуде?

Ең алдымен, 26 сәуірде өт-кен сайлау науқаны кезеңінде біз-дің әскери қызметкерлеріміз де Елбасына деген құрметі, еліне деген сүйіспеншілігі, Отан алдын-дағы борышы ретінде тұңғыш Президентімізге дауыс бергенін осы тұста айта кеткенім абзал деп ойлаймын. Ал салтанатты шеруге келер болсақ, бүгінде сал-

танатты шеруге қатысатын 5000 адамның басын қосып, үлкен жұмыс атқарудамыз. Бригада жаңа техникалармен толыққанды қамтамасыз етілген. Олар арнайы шатыр құрып, аянбай дайындық жұмыстарын жүргізуде. Ескінің көзі болған қарулар мен түрлі техникаларды қолдану арқылы 7 мамырда болатын шеруде да-йындығымыздың нәтижесін кө-реміз деген ниеттеміз..

Сұхбат барысын өзіңізге бұр-сақ. Бүгінгі жетістіктеріңіздің бастауы жайлы айтып өтсеңіз.

1971 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Қатон-Қарағай ауданын-да дүниге келдім. Мектеп қабыр-ғасын бітірген соң, 1989 жылы Новосибирск жоғарғы әскери командалық училищесіне оқуға түстім. 1993 жылы Қазақстанға оралып, Ішкі істер бөлімінде әс-кери қызметімді бастап, 2001 жы-лы Қарулы күштер саласында жұмыстар жасадым. 2010 жылдан бастап, ҚР ҚК Құрлық әскерлері-нің десанттық шабуылдаушы бригадасында қызмет атқарып келемін. Әскери салада қызмет ету – біздің отбасымызда ұрпақ-тан-ұрпаққа жалғасып келе жат-қан дәстүр іспеттес. Себебі, біз өз Отанымызды қорғап, адал қызмет ету үшін жаралғанбыз.

Сіз үшін «Тәуелсіздік» ұғы-мы қандай? Оның қадірі мен қасиеті неде деп ойлайсыз?

Тәуелсіздік - киелі ұғым. Елі-міздің тәуелсіздігі мен мемле-кеттілігінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыз-дың жедел қарқынмен дамуы, Қазақстан халықтарының өз болашақтарына деген берік се-німі, қазіргі өркениетті қауым-дастық ортасында іргелі елге айналуы – стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды. Сондық-тан жас мемлекетіміздің тәуел-сіздігі - біртұтас елдіктің, ынты-мақтастық пен татулықтың, со-нымен қатар, өткенге деген тағ-зымды салауат пен болашаққа деген сенімді үміттен құралады. Елімізді бұл күнге дейін жеткіз-ген ұмытылмас оқиғалар – ұлт-азаттық көтерілістері, ата-баба-ларымыздың көптеген ауыртпа-лықты да көтере білген, жасы-майтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы – өш-пес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуға тиіс.

СұхбаттасқанЭльмира Усенқызы

Page 22: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

22

«БАСТЫ МІНДЕТІМІЗ – АЗАМАТТАРДЫҢ ЗАҢДЫ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ»

Мемлекет азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қабі-летті ашық әрі әділ заң жүйесін қалыптастыру мақсатында бірқатар жұмыс-тар Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауында берілген басым тапсырмалар негізінде жүзеге асырылып келеді. 2005 жылдың маусым айында өткен Қазақстан Республикасы соттарының IV Съездінде алғаш рет Қазақстанға Жеке сот орын-даушылары алқасын енгізу мәселесі мемлекеттік деңгейде қозғалды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Съездің ашылуында сот актілерін дұ-рыс орындаудың түбегейлі шешімі – жеке сот орындаушылар алқасын енгізу бо-лып табылатындығын айтқан болатын. 2010 жылдың 2 сәуірінде Елбасы «Сот орындаушыларының атқарушылық өндірісі мен мәртебесі» туралы Заңына қол қойды. Осыған орай, жеке сот орындаушысы - Сот актілерін орындау комитеті берген жеке сот орындаушысының лицензиясы негізінде заңды тұлғаның білімін-сіз атқару құжаттарын орындау бойынша жеке тәжірибемен айналысатын Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

Назарларыңызға ұзақ жылдар бойы Батыс Қазақстан облысы Жеке сот орындаушылары өңірлік алқасының төрағасы қызметін атқарып, қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Жеке сот орындаушыларының Республикалық палата-сы президиумының мүшесі лауазымындағы Қожабергенов Аңсар Серікқалиұлымен болған сұхбатымызды ұсынамыз!

Page 23: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

23

Аңсар Серікқалиұлы, ал-дымен, Батыс Қазақстан облы-сы Жеке сот орындаушылары өңірлік алқасының құрылу барысы жайлы айтып өтсеңіз. Сондай-ақ, жалпы жеке сот орындаушыларының негізгі қызметтері қандай?

2010 жылдың 2 сәуірінде мемлекет басшысы «Атқарушы-лық іс жүргізу және сот орын-даушыларының мәртебесі тура-лы» Заңға қол қойды. Жеке сот орындаушылар алқасын ашу үшін Франция мен Балтық жа-ғалауындағы елдердің тәжірибе-сі жіті зерттеліп, 2011 жылдың тамыз-қыркүйек айларында Жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасы ашылды. Сол жылдың қараша айында Республикалық коллегия құрылып, 2011 жылдан бастап іске кіріскен жеке сот орындаушылары бүгінде халық-тың сеніміне ие болып үлгерді. Бұл ретте біздің өңіріміздегі жеке сот орындаушыларының да беде-лі күн өткен сайын артып келеді. Батыс Қазақстан облысы жеке сот орындаушылары өңірлік ал-қасы 2011 жылдың қыркүйек айында өз жұмысын бастады. Ал-ғашқы уақытта аталмыш алқада жалғыз өзім жұмыс атқардым, 4 айдан соң екі сот орындаушысы қосылып, түрлі мекемелермен келіссөздер жүргізу, газеттерге хабарлама беру арқылы жарнама жасай отырып, жұмысымызды жандандыра бастадық. Бүгінде аталмыш алқаның ықпалды жұ-мысы жөнінде ел арасында жиі айтылуда. Жеке сот орындаушы-ларының Қазақстандық үлгісін-де жеке сот орындаушылары мемлекеттік орындаушылармен тең түсіп, бірін-бірі толықтырып отыру арқылы ерекшеленеді.

Негізінен, жеке сот орындау-шылары берешекті мемлекеттік сот орындаушысы секілді заңға сәйкес өндіреді. Яғни, борыш-керді ең алдымен атқару парағы-

мен таныстырып, берешегінен құтылу керектігі ескертіледі. Егер төлемесе, онда борышкер-дің жұмыс орнын, дүние-мүлкін тексеруге тура келеді. Борышкер жұмыс істейтін болса, онда оның жұмыс орнымен келісе отырып, қарызын жалақысынан ұстау ар-қылы өндіріп алуға болады. Сон-дай-ақ, сот орындаушылары жұ-мыстарын атқарып үлгере алма-ған жағдайда өздерінің қасына көмекші алуларына рұқсат етілген. Бұл ретте сот орындаушысының лицензиясы болуы шарт. Сондай-ақ, әр сот орындаушысы бір уа-қытта екі адамды тәжірибеден өткізуге құқылы және бұл жұмыс ақылы түрде жүргізіледі.

Қазіргі таңда Батыс

Қазақстан облысы Жеке сот орындаушылары өңірлік ал-қасының құрамында қанша жеке сот орындаушысы бар?

Бүгінгі таңда облыс бойын-ша 20 жеке сот орындаушысы бар, бұған қосымша тағы 5 адам бос орындар конкурсына қатысуға дайындалып жүр. Әр облыста Жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасы жұмыс жасайды және аталмыш алқа сот орын-даушыларының жұмысын ұйым-дастырып, олардың мүддесін қорғайды. Мен басшылық еткен уақытта көп киындықтарға ке-зігіп, адамдар сенімсіздік таны-тып, атқару істерінің түсімі өте аз болды. Казіргі уақытта мем-лекетке өз үлесімізді қосу мақ-сатында мемлекеттік атқару істерін тиянақты орындаудамыз. Алға қойған мақсаттарымыз да толығымен жоспар бойынша орындалып жатыр.

Елімізде 2016 жылдан бастап заңды тұлғалардың пайдасына өндіру құзыреті тек жеке сот орындаушыларына берілмек. Ал, сот актілерін орындау Комитеті-не әлеуметтік маңызы бар санат-тағы атқару құжатының шегін

белгілеуге өкілетті болады. Жеке сот орындаушылары бұдан былай өз аумағында ғана емес, аймақтық палатаға хабарлай отырып, басқа аумақтарда да атқару өндірістерін орындау құқығына ие болмақ.

Жеке сот орындаушылары-ның жұмысы қаншалықты деңгейде белсенділік танытуда? Алға қойылған мақсаттар мен жоспарлар орындалып жатыр ма?

Жалпы, жеке сот орындаушы-ларының өкілеттігі мемлекеттік сот орындаушыларымен бірдей. Себебі, жеке сот орындаушылары да «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебе-сі туралы» Заңды басшылыққа ала отырып, жұмыс жасайды. Ал енді жеке сот орындаушылары-ның жұмысы қаншалықты бел-сенді дегенге келетін болсақ, же-ке сот орындаушыларының жұ-мысы мемлекеттік сот орындау-шыларының жұмысына қараған-да көбірек нәтиже береді. Себе-бі, мемлекеттік жүйеде қызмет ететін әр сот орындаушыда 500-ден астам іс болады. Уақыттың тапшылығына байланысты өнді-рістік істердің нәтижесіз аяқта-луы мүмкін. Ал жеке сот орын-даушыларында аяқталған істер саны мемлекеттік сот орындау-шысымен салыстырғанда, көбі-рек болады. Жеке сот орындау-шылары жекелеген тұлғалардың істерін санамағанда, банктің сот шешімдері мен МАИ айыппұлы, алимент өндіру істерімен де ай-налысады. Жеке сот орындаушы-ларын ешкім қаржыландырмай-ды, сондықтан олар мемлекеттік-ке қарағанда, табысты көбірек табу үшін уақытпен санаспай жұмыс істейді. Екіншіден, әр өндірушімен міндетті түрде ар-найы келісім шартқа отырып жұмыс жасайды. Үшіншіден, жеке сот орындаушылары жұ-мыс барысындағы кез келген

Page 24: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

24

іс-әрекетіне соттың санкциясын алуы тиіс, ал бұл жағдай олар-дың қателесуіне жол бермейді. Төртіншіден, мемлекеттік сот орындаушылары мемлекеттен жалақы алатын болса, жеке сот орындаушылары, керісінше, мемлекетке салық төлеп, ел экономикасына пайда келтіруде. Осының бәрін ескере келе, бүгінгі таңда алға қойылған мақсаттар оң нәтижесін танытуда деп айтсақ болады.

ҚР Президенті Н.Назарбаев-тың «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты халыққа жа-риялаған Жолдауына қатысты Сіздің пікіріңізді білсек.

Қазіргі Қазақстан - экономи-касы тұрақты, бірлік пен тату-лыққа негізделген мемлекет. Бұл - Елбасымыздың салиқалы саясаты мен қазақстандықтар-дың қажырлы жұмыстарының арқасында қол жеткізген нәтиже. Елбасымыздың жыл сайынғы Жолдауы осының басты тірек күші болып саналады. Осыған сәйкес «Нұрлы жол – болашаққа

бастар жол» атты Жолдауында 2015 жылы экономиканы 6-7 пайызға ұлғайту тапсырмасы берілді. Сондай-ақ, сот билігінің абыройы атқарылмаған сот ше-шімдерінің нәтижесінен төмен-деп жатқандығын атап көрсетті. Жалпы, Қазақстанның жаңа эко-номикалық саясатына арналған аталмыш Жолдау қазіргі кездегі геосаяси жағдайына, еліміздің экономикалық дағдарыстың ке-зекті бір толқыны қарсаңында болашақтағы ел дамуының бағыт-бағдарын нақты айқындап берді.

Сұхбат барысын өзіңізге бұрсақ. Қай өңірдің тумасысыз, еңбек жолыңызға тоқталып өт-сеңіз.

1969 жылы 27 тамызда Батыс Қазақстан обылысы, Тасқала ау-даны, Мереке ауылында туылдым. Мамандығым - заңгер. 2001 жы-лы «Дәуір» Батыс Қазақстан гу-манитарлық академиясын аяқтап, осы салада 2001 жылдан бері мемлекеттік қызметте аға сот орындаушысы болып қызмет атқардым. 2011 жылдан бастап

Батыс Қазақстан облысы, Жеке сот орындаушылары өңірлік ал-қасында жеке сот орындаушы ретінде жұмыс жасадым. Қазір-гі уакытта Қазақстан Республи-касының Жеке сот орындаушы-ларының Республикалық палата-сы президиумының мүшесімін.

Сіз үшін «Тәуелсіздік» қан-дай ұғым? Оның қадірі мен қа-сиеті неде?

Қазақ елі бар екенін дүниежүзі елдерінің алдына жайып салған – осы Тәуелсіздік ұғымы. Ол - біздің ең басты құндылығымыз. Бүгінгі күні тәуелсіздігіміздің арқасында келген еркіндіктің, дербестіктің нәтижесінде еліміз арқасын кеңге жая алады, бағындырған белестері де аз емес. Осы жетістіктеріміздің барлығы Елбасымыздың білікті де ұтқыр саясатының арқасы деп білемін. Армандап жеткен тәуел-сіздігімізді сақтап қалу - барша қазақ халқына қойылып отырған міндет.

СұхбаттасқанДиана Алиякбарова

Page 25: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

25

ЗАҢГЕР - ЖАҢА ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА-СЕЗІМНІҢ ЖАРШЫСЫ

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында және 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасында қойылған талаптардың орындалуындағы бірлестіктің рөлі айрықша болып отыр. 2012 жылдың мамыр айында өткен Заңгерлерінің съезінде еліміздің барлық заңгерлерін біріктіретін қоғамдық қауымдастық қажет деген шешім қабылданып, «Қазақстан заңгерлер Одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі құрылған болатын. 2013 жылдың наурыз айында еліміздің барлық аймақтарында құрылтайшылар конференциясы өткізіліп, бірлестіктің облыстардағы бөлімшелері өз жұмысын бастап кетті. «Қазақстан заңгерлерінің Одағы» Республикалық қоғамдық бірлестіктің Атырау облыстық бөлімшесі Кеңесінің хатшысы, заңгер, Балапан Анар Нәбиқызымен болған сұхбатымызды ұсынамыз!

Page 26: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

26

Елімізде 2013 жылы «Қазақстан заңгерлер Одағы» Республикалық қоғамдық бір-лестігі құрылып, жұмысын жүр-гізе бастады. Осы бірлестіктің құрылу мақсаты, негізгі бағыт-тарына тоқталып өтсеңіз?

Жалпы, салалық ұйымдар мен кәсіби заңгерлердің басын қосатын кешенді қоғамдық бірлестік құру- өмірде туындаған қажеттілік. Қазір әлем жаңа қалыптасу кезеңін бас-тан кешіріп отыр. Қоғамда, құқық саласында түйінді мәселелер пай-да бола бастады. Әрине, елімізде ведомоствалық заңгерлер құры-лымдары бар, олар: судьялар Ода-ғы, прокурорлар қоғамдастығы, нотариустар палатасы, адвокаттар қауымдастығы, жеке сот орындау-шылар алқасы. Аталған қауымдас-тықтар тек өздерінің салалық мүд-делеріне қатысты мәселелерді ғана қозғап, оларды шешуге жұмыста-нады. Ал, құқық саласындағы қор-даланған мәселелердің түйіні елі-міздің білікті заңгерлерінің бірлес-кен іс-әрекеттері нәтижесінде ға-на шешілуі мүмкін. Осы себептен, 2012 жылдың мамыр айында өткен Заңгерлерінің съезінде еліміздің барлық заңгерлерін біріктіретін қоғамдық қауымдастық қажет де-ген шешім қабылданып, «Қазақстан заңгерлер Одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі құрылған бо-латын. 2013 жылдың наурыз айын-да еліміздің барлық аймақтарында құрылтайшылар конференциясы өткізіліп, бірлестіктің облыстарда-ғы бөлімшелері өз жұмысын бас-тап кетті. Жалпы заңгерлер Одағын құрудағы басты мақсат - еліміздің барлық құрылымдық салалар заң-герлерін біріктіру арқылы мемле-кеттік маңызы бар түйінді мәселе-лерді шешу, күнделікті пайда бола-тын құқықтық мәселелерге көңіл аудару, ауқымды шараларға арала-су. Елімізде құқықтың үстемдігі мен заңдылықтың күшеюіне болы-су, қоғам үшін маңызды мәселелер-ді көтере отырып, еліміздің қоғам-дық-саяси өміріне елеулі түрде ық-пал ету. Заңгерлер құқықтық-тал-дау қызметпен шектеліп қоймай, жаңа құқықтық сана-сезімнің жар-шысы да болуға тиіс. Қауым-дастықтың негізгі бағыттары, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында алға қойған міндеттерді, сондай-

ақ Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған құ-қықтық саясат тұжырымдамасын ойдағыдай іске асыру, азаматтар-дың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, құқықтық сана қалыпта-суына ықпал ету, Қазақстанды құ-қықтық мемлекет ретінде қалып-тастыруға болысу. Жасыратыны жоқ, құзырлы органдармен шешім қабылданады, содан кейін барып оның заңдылығы реттеледі. Ал не-гізінде кез-келген шешім заңға сәйкес қабылдануға тиіс. Мұндай қарама-қайшылықтың көптеп орын алуы - білікті заңгерлердің білімі бір арнаға тоғыспайтындықтан, олардың сындарлы пікірлері ортақ қазанда қайнамайтындықтан, бір-лестік көлемінде сауатты да өткір ойлар айтылмайтындықтан. Кәсі-би тұрғыдан салиқалы да сауатты пікірталастар ұйымдастырылып, талқыланғанда ғана еліміздегі күрмекті мәселелердің шешімін табар еді.

2013-2014 жылдары «Қазақстан заңгерлер Одағы» Рес-публикалық қоғамдық қауымдас-тығы құқық қорғау, сот органдары қызметкерлері, адвокаттар, жеке сот орындаушылар алқасының мү-шелері, құқық саласының ардагер-лері мен мемлекеттік органдардың өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен құрылымдық салалардың заң-герлерінің басын қосып, «Қазақстан Республикасының «Қылмыстық ко-дексі» және «Қылмыстық іс жүргі-зу Кодексі» жаңа редакциясы жоба-ларын талқылау» тақырыбында, ал үстіміздегі жылдың ақпан айында «Қазақстан Республикасы Азамат-тық іс жүргізу кодексі жаңа редак-ция жобасын талқылау» дөңгелек үстел өткізілді. Жаңа кодекстер жобаларына қатысты ортаға са-лынған ой-пікірлер жинақталып, заңгерлер Одағының Орталық Кеңесімен Парламент палатасына талқылауға жолданған ұсыныстар қолдау тапты.

Заңгерлер қауымдастығы-ның құқықтық мәдениетті қа-лыптастырудағы, халықтың құ-қықтық сана деңгейін арттыру-дағы маңызы қандай?

Жалпыға мәлім, заңгерлер қа-уымдастығы халыққа қызмет етуге тиіс. Заңгерлер Одағы секілді қуат-ты құрылым азаматтарымыздың

құқықтық сана-сезімі деңгейін арт-тыра түсуде тиімді құралға айналуы тиіс. Бұл жерде халық арасында құқықтық насихат жұмыстарын жүргізу алдыңғы орынға қойылуы тиіс, яғни әрбір адамның бойында «менің құқықтарым ғана емес, мін-деттерім де бар» деген ұғым қа-лыптасуы керек. Сондықтан құ-қықтық мәдениет үлкен маңызға ие болуы тиіс, өйткені, өзінің құ-қықтары мен міндеттерін білмей-тін адам өзгелердің жетегінде оңай кетіп, қылмысқа ұрынып, опық жеп өкініп жатады.

Қоғамда құқықтық нигилизмді еңсерудің бірден-бір алғы шарты – адамдардың қажетті құқықтық ере-желерді білуі болып табылады. Құ-қықтық нигилизмді жоюға қоғам-дық өмірді құқық арқылы реттей-тін мемлекет қана мүдделі емес. Бұл қызметтің тиімділігін арттыру-ға қоғамдық және жеке тұлғалар да мүдделі. Сол себепті, азаматтар-дың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, құқықтық сана қалыпта-суына ықпал ету – заңгерлер қауым-дастығының басты бағыттарының бірі болмақ. Мемлекетте билік пен адам арасындағы дау тек қана құ-қықтық жолмен және заңда көрсе-тілген тәртіппен шешілуі тиіс жә-не қоғамда құқықтың рөлі мен мін-деті туралы терең ұғым қалыпта-суы қажет. Заңгерлер өмірдің бар-лық саласында қызмет атқарып жүр, десек те қоғам жоғары білік-ті заңгерлерге әлі де зәру екені жа-сырын емес. Сондықтан, бірлестік-тің басты ұстанымдарының бірі - заңгер мамандығының абырой-бе-делін көтеруге ықпал ету. Жоғары білімді заңгерлерді дайындаған кезде оларды тек қана құқықтану білімімен ғана сусындатпай, сон-дай-ақ тәжірибеде сол құқықты жүзеге асыра білу, пайдалана білу шеберлігін де үйрету қажет, соны-мен қатар болашақ заңгерлердің бойына жоғары азаматтық тәрбие, әлеуметтік жауапкершілік, патриот-тық сезім дарыту қажет. Бұл - өте маңызды мәселе. Белгілі Ресей заң-гері В.Ф.Яковлев айтқандай, Жалаң құқықты пайдалану мүмкін емес, оны тек қана ар-ұждан, дін, мораль және мәдениет сияқты ұғымдармен ұштастыра отырып қана пайдала-нуға болады. Заңгерлік жұмыс – қандайда болмасын реформаның іргетасын қалайды, оның түпқазы-

Page 27: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

27

ғы болып табылады. Мәселен, біз экономиканың индустриалдық-ин-новациялық дамуы туралы көп ай-тамыз. Енді оның мазмұнына бой-лар болсақ, жоспарланып отырған даму мықты құқықтық негізге сү-йенгенде ғана күтілген нәтижеге ие болады. Өйтпейінше, экономи-каның қай саласында болса да кү-тілген нәтижеге жүйелі түрде қол жеткізе алмаймыз. Сондықтан заң-герлер қауымдастығы құқыққа та-рих пен тағдырдың өзі артқан - мемлекетімізді бұдан да жоғары әлеуметтік, экономикалық және рухани жетістіктерге жетелейтін маңызы мен құндылығының жар-шысы және орындаушысы болуға міндетті.

Аталған қоғамдық бірлестік-тің құрамы, құрылтайшылары және жергілікті жерлерде өз жұ-мыстарының жүргізілуі қалай жүзеге асырылуда? Мүшелікке қалай кіруге болады?

Қоғамдық бірлестіктің құрыл-тайшыларының құрамына ҚР Судьялар Одағы, Республикалық адвокаттар алқасы, Қазақстан про-курорларының қоғамдастығы, Рес-публикалық нотариустар палатасы, Республикалық жеке сот орындау-шылар алқасы және еліміздің бел-гілі заңгерлері енген. Құрамына республикамыздың құқық қорғау қызметкерлерi және сот жүйесiнiң өкілдері, адвокаттар қауымдасты-ғы, белгiлi ғалымдар, құқық зерт-теушiлер, жеке сот орындаушылар алқасының мүшелері және құқық саласының ардагерлері кiретін Заңгерлер Одағы жылдар бойы қордаланған мәселелердің шешімін табуға көмектесері сөзсіз. Айта кетерлік жайт, кауымдастықтың құрылтайшыларының қатарында мемлекеттік те, яғни судьялар жә-не прокурорлар Одағы, жеке ұйым-дар, яғни адвокаттар Одағы, нота-риустар палатасы бар. «Қазақстан заңгерлер Одағы» қоғамдық бір-лестігінің жоғарғы органы төрт жылда бір рет шақыртылатын Заң-герлер съезі болып табылады. Бұл аралықта қоғамдық бірлестіктің жұмысын оның атқарушы органы - Орталық Кеңес жүргізеді. Респуб-ликалық қоғамдық бірлестіктің тө-рағасы - белгілі заңгер, ҚР Парла-менті Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа Комитеті-

нің төрағасы Р.Ж.Мұқашев, Кеңес мүшелерінің құрамына белгiлi ға-лымдар, құқық зерттеушiлер жә-не құқық саласының ардагерле-рі Н.Н.Турецкий, З.Федотова, Д.Курманова, А.Тугел енген.

Бүгінгі таңда заңгерлер Одағы облыстарда құрылған өз бөлімше-лері арқылы қызметін ойдағыдай жүзеге асыруда. Заңгерлер Одағы Орталық кеңесінің 29.05.2013 жыл-ғы шешімімен бекітілген «Қазақстан заңгерлер Одағы» қоғамдық бірлес-тігі туралы Ереже талабына сәйкес, Қазақстанда жұмыс істейтін неме-се зейнеткерлікке шыққан барлық заңгерлер мүшелік жарна төлеп, төраға атына мүшелікке қабылдау туралы арыз жолдау арқылы Одақ-қа мүше бола алады.

Осындай заңгерлер қауым-дастығы шет мемлекеттерде құ-рылған ба? «Қазақстан заңгер-лер Одағы» РҚБ халықаралық заңгерлер Одағы құрамына енді ме?

Жалпы әлемнің көптеген елде-рінде Заңгерлер қауымдастығы, Одағы, заңгерлер қоғамдастығы өз жұмыстарын белсенді түрде жү-зеге асыруда. Мысалы, өткен ғасыр-дың 90 жылдары Беларусь, Украина, Молдова елдеріне құрылып, Балтық елдері мен Еуропаның жетекші ел-дерінің заңгерлер Одағы қазіргі уа-қытта тиімді еңбек етуде. Амери-калық заңгерлер қауымдастығы кеңінен танымал. Құрамына екі жүзге тарта заң бірлестіктері ен-ген, 400 мыңнан астам мүшелері бар, құқықтанушылардың ең ірі

бірлестіктерінің бірі - АҚШ заң-герлерінің Ұлттық бірлестігі. Ха-лықаралық заңгерлер қауымдас-тығы 1947 жылы Нью-Йоркте құ-рылды. 2005 жылы тәжірибелі заңгерлерді, ғалымдарды, мемле-кеттік және қоғам қайраткерлерін біріктіретін жалпыресейлік қоғам-дық ұйым – Ресей заңгерлерінің қауымдастығы (РЗҚ) құрылды. Өткен жылы біздің «Қазақстан заңгерлер Одағы» РҚБ құрамына әлемнің 40 елінің заң бірлестікте-рі кірген Халықаралық заңгерлер Одағының құрамына енді. Атап өтерлік жайт, Халықаралық қа-уымдастық Кеңес мүшелерінің бірауыздан қабылданған шешімі негізінде «Қазақстан заңгерлер Одағы» РҚБ төрағасы Р.Ж.Мукашев «Халықаралық заңгерлер Одағы» ҚБ төрағасының орынбасары бо-лып сайланды.

Қазіргі уақытта «Халықара-лық заңгерлер Одағы» көптеген шаралар Қазақстаннның белгiлi заңгер-ғалымдары, құқық зерттеу-шiлері қатысуымен өткізілуде. Сон-дай-ақ, «Халықаралық заңгерлер Одағы» Үйлестіру Кеңесінің мәжі-лісінде біздің елдегі жүргізіліп жат-қан құқықтық реформаға жоғары баға берілді. Міне, аталған ықпал-дар Қазақстан заңгерлер Одағының Халықаралық заңгерлер қауымдас-тығына енуде шешуші рөл атқарға-ны сөзсіз.

СұхбаттасқанАйсұлу Сағынтаева

Page 28: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

28

СПОРТ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІБүгінгі күні салауатты өмір

салтын насихаттауға Елбасымыз-дың айрықша мән беріп келе жат-қаны ақиқат. Өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында халықтың 30 пайызын бұқаралық спортпен қамтуға, спорт алаңда-ры желісін кеңейтуге тапсырма бергені – ұрпақ қамын тереңнен ойлағандығының жарқын үлгісі. Елордамыз Астанада қазіргі за-манғы жоғары деңгейдегі спорт кешендерінің бой көтергені – ха-лықты салауатты өмір салтына бейімдеудің бір нышаны.

Кикбоксинг өнері – Қазақстанда жаңадан кең қанат жайып келе жатқан спорт түрлерінің бірі. Қа-зіргі таңда Қазақстан кикбокс-шылары спорттық жарыстардан жоғары деңгейдегі нәтижелерді көрсетуде.

Назарларыңызға кикбоксинг бо-йынша ҚР Ұлттық құрамасының бас бапкері, ҚР Еңбек сіңірген жат-тықтырушысы Смағұлов Қайрат Еркінжасұлымен болған сұхбаты-мызды ұсынамыз.

Қайрат Еркінжасұлы, алдымен кикбоксинг атты спорт түріне тоқталып өтсеңіз. Бүгінгі күні аталмыш спорт түріне сәйкес қандай шаралар атқарылуда?

Кикбоксинг – шығыс жекпе-жек түрлеріне және ағылшын боксына негізделген қазіргі заманауи спорт түрі. Бүгінде кикбоксшыларды жаттықтыру мектептеріндегі шәкірттер шет елдерге жарысқа қатысып, жас спорт түріне мейлінше өз үлесін қосып келеді. Жалпы, Қазақстан кикбоксшыларының деңге-йі өте жоғары. Себебі, Қазақстан спортшылары Азия елдерінде және Ұлтаралық әлемдік масштабтағы жарыстарда алдыңғы қатарлы үздік иегер ретінде танылып үлгерді. Іс - шараларға келер болсақ, 2015 жылдың 2 сәуір күні Атырау қаласында болған Ресей ұлтының спорт командаларымен өткен әуесқой рейтингілік ұрыста біздің команда құрамында бес спортшы қатысып, 4:1 есебімен жеңіске жетті. Олар:

Дүсіпов Абзал, Құдайбергенов Бауыржан, Қасанбаев Ерсайын, Жақыпов Саян, Жантұрсынов Асхат. Сон-дай-ақ, аталмыш жарысқа Атырау өңірінің тумасы, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Хасанғалиев Сүндеткерей қатысты. 15 мамыр күні Астана қаласы, «Дәулет» спорт кешенінде Қазақстан Еуропа және Азия елдеріне қарсы сайысатын болады. Аталмыш титулдық және рейтингтік ұрыстың өткізілуіне үле-сін қосып жүрген жетекшіміз Есентаев Тастанбек Құтжанұлына алғысымды білдіремін. 2015 жылдың тамыз айында Индияның Пуна қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысуды көздеп отырмыз және бұл спорттық алыстың нәтижесінде Әлемдік ойынға қатысатын спортшылар іріктелініп алынады. Ал, 2017 жылы «Спорт Акорд» атты орталық ұйымдастыра-тын Солтүстік Америкадағы Перу қаласында болатын Әлемдік ойынға қатысуды жоспарлап отырмыз. Со-нымен қатар, осы жылдың қазан айында лоу-кик пен

Page 29: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

29

К-1 бөлімдері бойынша Сербияның Белград қала-сында және де қараша айында фулл-контакт бөлімі бойынша Ирландияның Дублин қаласында Әлем Чемпионаты жоспарлануда. Ал ҚР Құрама команда-сына спортшылар іріктеу шілде айының 9-14 күндер аралығында ШҚО Семей қаласында өтеді. Чемпионат жеңімпаздары ел намысын қорғайтын болады. Сон-дай-ақ, биыл «Арлан» клубының 20 жылдық ме-рейтойын атап өту жоспарда бар.

Кикбоксинг бойынша шәкірттеріңіздің қан-дай жеткен жетістіктері бар?

Кикбоксинг - олимпиадалық спорт түрі емес. Дегенмен, жабық ғимаратта өтетін Азия ойынында 2007 жылы Қытай еліндегі Макао жерінде 7 алтын медальды қанжығаға байлап келдік. Соңынан 2009 жылы Бангкок қаласында өткен екінші Азия Жабық ғимарат ойынында Ибраев Мақсұт, Жақыпов Саян, Құдайбергенов Бауыржан сынды спортшыларымыз-дың қатысуымен 3 алтын медаль жеңдік. Ал, осы жы-лы Вьетнам жерінде болған жарыста 2 алтын медаль-ді Жақыпов Саян мен Құдайбергенов Әлімжанның арқасында қоржынға салып, еліміздің мәртебесін көтеріп келдік. Айта кететін болсам, ҚР кикбоксинг бойынша негізгі командасын толықтыру мақсатында жастар резерві құрылды. 2013 жылы Оңтүстік Корея-ның Инчхок қаласында болған жарыста Жақыпов Саян есімді кикбоксшымыз алтын жүлдемен Отан-ға оралды. 2013 жылы Бразилия өңірінде К-1 кикбоксинг бөлімі бойынша Қуандық Сұлтан есімді жаттықтыруының арқасында Төлегенов Нұркен Әлем-дік чемпион атағын алды. 2013 жылы Түркия елінің Анталия қаласында өткен жарыста Құдайбергенов Бауыржан, Дүсіпов Абзал мен Жақыпов Саян Әлем чемпионы атанып, жоғары деңгейде сайысты, соны-мен қатар 2014 жылы Италияның Римини қала-сында өткен жастар арасындағы Әлем чемпиона-тында Шымкент қаласынан Махамбет Жанат - жаттықтырушысы Қуандық Сұлтан, Ақтөбе қаласы-нан Таикешев Азамат - жаттықтырушысы Көшетов Ерболат, Семей қаласынан Тұрысбеков Саят - жат-тықтырушысы Жақпеков Талғат, Ақтау қаласынан Жайлаубаев Нұрболат - жаттықтырушысы Селиков Есен Әлем чемпионы атанды.

Азиялық көлемде болатын жарыстар тізіміне үңілетін болсақ, біздің Қазақстандық спортшылар алдыңғы қатарда келеді және алдағы уақытта үлкен әлемдік масштабтағы жүлделерді бағындырады де-ген сенімдеміз.

Аталмыш спорт түрімен шұғылданамын деу-ші азаматтарға не айтасыз?

Кикбоксингтің шығу тарихына қарайтын болсақ, 1960 жылы пайда болып, ағылшын боксына негізде-ліп қалыптасқан бұл спорт түрі болып екіге бөлінеді. Фул-контакт - тай боксына ұқсас болса, лоу-кик - аяқ-пен әрекет жасайтын жапондық жекпе-жекке ұқсас

келеді. Бүгінгі таңда аталмыш спорт түрі біздің елі-міздегі жас спорт түрлерінің бірі деп айтуға толық негіз бар. Себебі, биыл небәрі 25 жыл толып отыр. Әуесқой кикбоксинг түріне кез-келген қызығушы-лығы бар азаматтарды қабылдай алады. Жас шама-сына келер болсақ, он жастан жоғары балалардың қатысуына рұқсат етіледі. Спортпен шұғылданушы-ларға Қазақстанның түкпір-түкпірінде арнайы осы спорт түріне арналған жаттығу залдары орналасқан.

Сұхбат барысын өзіңізге бұрсақ. Спорт са-

ласына қалай келдіңіз, жалпы еңбек жолыңызға тоқталып өтсеңіз.

Спорттың адам өміріндегі орны ерекше екені бәрімізге мәлім. Спорт саласында 1992 жылдан бері жұмыс жасап келемін. Жалпы кикбоксинг бойынша елімізде төрт дүркін әлем чемпионы бар, солардың үшеуі менің шәкірттерім болып табылады. Олар: ересектер арасынан 3 дүркін Әлем чемпионы Солова Мария, 4 дүркін Әлем чемпионы Құдайбергенов Бауыржан және жастар арасынан Жұматаев Еркебұлан, Тұрысбеков Саят.

Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму страте-гиясына орай Президентіміздің «Еліміздің болашақ-та гүлденуі бүгіннен басталады» атты Жолдауындағы 4-ші бөлімі азаматтарымыздың салауатты өмір сү-руіне арналғаны белгілі. Сондықтан, спорт - денсау-лық кепілі екенін ұмытпағанымыз абзал.

СұхбаттасқанАқбөпе Әбдрасул

Page 30: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

30

НұрланТөлегенов

Page 31: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

31

МАҚСАТЫМЫЗ - САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Кез келген спорт қауымдастықтары спортқа қатысты барлық ақпарат-ты қоғам мен әрбір адамға қолжетімді ету жұмыстарын жүзеге асырады. Себебі, спорттың адамзат өмірінде алар орны ерекше.

Бүгінгі күні Жамбыл облысындағы «Тараз-Арена» спорт сарайы халыққа спорттың 18 түрімен айналысуына мүмкіндік жасап отыр. Аталмыш спорт сарайының құрылысы басталмас бұрын облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Гамлет Қайнарбеков мұндай спорт сарайы елімізде бұрын-соңды болмағандығын және «Тараз-Арена» аймақта-ғы бұқаралық спорттың дамуында аса маңызды рөл атқаратындығын алға тартқан болатын. Алғашқы қазығы 2011 жылы қағылып, 2013 жылдан бас-тап облыс тұрғындарының салауатты өмірін насихаттауға септігін тигі-зіп отырған алып сарайымыз бүгінде жоғары деңгейдегі облыстық, респуб-ликалық және халықаралық маңызы бар спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуде.

Назарларыңызға Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен құрылған «Тараз-Арена» шаруашылық жүргізу құқығындағы КМК директоры Төлегенов Нұрлан Асанұлымен болған сұхбатымызды ұсынамыз!

Нұрлан Асанұлы, алдымен «Тараз-Арена» спорт сарайы-ның қай жылы қолданысқа берілгендігі және атқаратын негізгі міндеттері жайлы айтып өтсеңіз.

Киелі Әулие-Ата жері - талай спорт саңлақтарын тәрбиелеген өлке. Спорттың ең биік шыңы, төрткүл дүниенің басын қосып төрт жылда бір өтетін жазғы Олимпиада ойындарындағы Жамбылдық спортшылар Жақсылық Үшкемпіров, Серік Қонақбаев, Евгений Яровенко, Ермахан Ибраймов, Болат

Ниязымбетов, Болат Жұмаділов, Ислам Байрамуков, Бахтияр Артаев, Жәнібек Қандыбаев, Ақжүрек Таңатаровтардың ерен еңбегімен, спорттық же-тістіктерімен мақтанатын халық үшін облыс орталығында спорт сарайын салу жөніндегі мәселе қарастырылды. Осыған орай Жамбыл облысы әкімдігінің бастамасымен «Тараз-Арена» спорт сарайының құрылысы 2011 жылдың 30 мамырында басталды. Құны 5 млрд. теңгеге жуық спорт сарайы 2013 жыл-дың қыркүйек айында халық

игілігіне пайдалануға берілді. Жер телімінің көлемі - 7,7 гек-тарды алады. Спорт кешені сырт-қы алаңдарды қосқанда спорттың 18 түрімен бір күнде 2500 спорт-шының шұғылдануына мүмкіндік береді.

«Тараз-Арена» спорт сара-йының басты атқаратын міндеті - спорт түрлері бойынша спорт-шылардың өз деңгейінде дайын-дықтарын қамтамасыз ету және әлемдік додалардағы жарыстарда жоғарғы спорттық жетістіктерге жетуіне жағдай жасау. Сонымен қатар, кәсіпорынның жұмысы -

Тараз қаласы

Page 32: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

32

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2010 жылдың 29 қаңтарындағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономика-лық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Халқына Жолдауында тұрғын-дардың 30 пайызын жүйелі түр-де дене шынықтыру және спорт-пен шұғылдануға тарту мен 2012 жылдың 27 қаңтарында-ғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан Халқына Жолдауында көрсетіл-ген барлық спорт нысандарына тұрғындардың қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі тап-сырмаларды орындауға бағыт-талған.

Аталмыш спорт сарайында қандай спорт түрлерімен шұ-ғылдануға болады?

Бүгінгі таңда спорт сарайын-да орналасқан спортпен шұғыл-данатын залдар әлемдік талап-тарға сай спорттық құрал-жаб-дықтармен қамтамасыз етілген. Мәселен, әмбебап залы – спорт сарайындағы ең үлкен зал. Осы залда канадалық үйеңкіден ар-найы төсенішпен жабдықталған спорт алаңшасы бар. Алаңшада волейбол, баскетбол, гандбол, кіші футбол түрлерінен жаттығу және республикалық, халықара-лық деңгейдегі спорттық іс-ша-ралар өткізу мүмкіндігі қарас-тырылған. Жоғары деңгейдегі спорттық жарыстармен қатар, басқа да іс-шараларды тамашалау үшін 1215 көрермен орындармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, 200-ге жуық жылжымалы орындар қоюға мүмкіндік бар. Өткізілетін жарыстар мен іс-ша-ралардың толық ақпаратын кө-рермендерге жеткізетін жоғары сапалы әмбебап тақтасы және дыбыс ұлғайтқыш құрал орна-тылған. Сонымен қатар, фран-цуздық терафлекс материалы

төселген спорттың волейбол, баскетбол түрлеріне арналған бір ауысымда 48 адам қабылдауға мүмкіндігі бар кіші спорттық алаңша да бар. Алаңшада спорт-тың волейбол, баскетбол, гандбол, кіші футбол түрлерінен жаттығу мүмкіндігі қарастырылған. 2 метр тереңдіктегі бассейнде жүзу, су добы сынды спорт түрлерімен жаттығу мүмкіндігі қамтылған. Бассейнде өткізілетін жоғары деңгейдегі спорттық жарыстарды тамашалау үшін 420 көрерменге арналған орындармен қамтама-сыз етілген және іс-шаралардың толық ақпаратын көрермендерге жеткізетін жоғары сапалы әмбебап тақта орнатылған. Бассейннің бір ауысымдағы қабылдау мүмкіндігі - 100 адам. Келушілерге арналған шешіну және жуыну бөлмелері жұмыс істейді. Бөлмелер элек-тронды жүйемен ашылып-жабы-латын заманауи тартпалармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, адам ағзасын сауықтыру және қайта қалпына келтіруге қажетті екі сауна жұмыс жасайды. Сондай-ақ, келушілерге көтерің-кі көңіл-күй сыйлайтын арнайы теледидар және музыкалық ор-талық орнатылған. Осы аталған залдар бойынша ақылы түрде келушілер арасында футбол, во-лейбол, жүзу және фитнеске сұ-раныстар өте көп.

«Тараз-Арена» спорт сара-йында спортпен шұғылдану-шыларға қандай жеңілдіктер қарастырылған?

Спорт сарайында орналас-қан немесе тек спорттық залдар-ды пайдаланатын мекемелердің спортшылары жаттығу сабақта-рын тегін өткізеді. Сонымен қа-тар, бассейн мен жаттығу залын бекітілген кестеге сәйкес тегін пайдалана алады. Ал, ақылы түр-де келушілер үшін Жамбыл об-лысы әкімдігінің дене шынық-тыру және спорт басқармасы

Page 33: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

33

тарапынан 2015 жылға 50 па-йыздық жеңілдікпен жаңа баға көрсеткіші бекітілді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, тұрмысы төмен отбасындағы балаларға бассейн мен жаттығу залын тегін пайдалану құқықтары қа-растырылған. Бұл жеңілдіктер - коммерциялық жұмыстың нәти-жесі. Көп жағдайда қайырымды-лық іс-шаралары ретінде жүзеге асады. Кей уақытта ІІ деңгейдегі банк орындары тұрмыс жағдайы төмен, көп балалы отбасынан шыққан және жетімдер үйінде тәрбиеленуші балаларға көмек көрсетуге ниет білдіріп жатады. Мұндай қайырымдылық шара-лары облыстың бұқаралық ақ-парат құралдарында міндетті түрде жарық көріп отырады.

Соңғы жылдары елімізде ірі халықаралық жарыстарды өткізе бастағанымыз әлемдік спортқа бәсекелі екенімізді аң-ғартады. Осы тұста спорт ке-шенінде ұйымдастырылған ірі көлемдегі спорт шаралары жайлы айтсаңыз.

Спорт сарайы 2013 жылдың қыркүйек айында пайдалануға берілгендігі жөнінде айтылды. Осы жылдың қазан айында ең алғаш болып әмбебап залында еркін күрестен ересектер ара-сында Мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевты еске алуға арналған халықаралық турнир өткізілді. Турнирге алыс-жақын шет елдерден 8 команда қатысты. Ал желтоқсан айының 7 күні қазақ күресінен «Еуразия Барысы» халықаралық турни-рі өткізіліп, ақтық кездесуде Қазақстан мен Моңғолия құра-масы белдесіп, қазақ палуанда-рының мерейі үстем болды. Сондай-ақ, 2014 жылы «Тараз-Арена» спорт сарайында 67 бұ-қаралық-спорттық іс-шаралар өткізілді. Оның ішінде ай-тулы ірі жарыстар ретінде

Қазақстан Республикасы ауыл жасөспірімдерінің ІІ жазғы ойындарын, бильярд спорты-ның «Динамикалық пирамида» түрінен Әлем чемпионатын, қа-зақ күресінен Балуан Шолақтың 150 жылдығына арналған «Еу-разия Барысы» халықаралық турнирін және 27 қараша мен 4 желтоқсан аралығында өткен бокстан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатын атап айтсақ болады.

Сұхбат барысын өзіңізге бұрсақ. Қай өңірдің тумасысыз және спорт саласына қалай келдіңіз?

Алматы қаласында туылған-мын. Жастайымнан осы салаға келуіме бірден-бір себепші бол-ған жаттықтырушым - Андрей Анатольевич. «Тараз-Арена» спорт сарайына келмес бұрын Алматы қаласы, Тимур Сегізбаев атындағы футбол академиясы басшысының орынбасары ретін-де қызмет атқардым.

Сіз үшін «Тәуелсіздік» қан-дай ұғым? Оның қадірі мен мен қасиеті неде деп ойлайсыз?

Тәуелсіздікті ата-бабамыз аңсап, армандап келді. Бүгінде біз ата-бабамызға арман болған тәуелсіз елде өмір сүріп жатыр-мыз. Спорт саласының да тәуел-сіз елімізде алатын орны ерекше. Біздің мемлекеттік туымыз екі жағдайда: бірі - Елбасы келгенде болса, екіншісі - еліміздің спорт шеберлері жүлделі орынға ие болғанда биікке көтеріледі. Сон-дықтан тәуелсіз еліміздің туын жықпай, оны көкте мәңгі жел-біретуге әрбір азамат өз үлесін қосуы керек деп ойлаймын.

СұхбаттасқанЛәйлә Нығматуллина

Page 34: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

34

Гүлнәр Тұрсынбекова

Page 35: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

35

ЖАҢАШЫЛДЫҚҚА БЕТ БҰРҒАН БІЛІМ ОРДАСЫ

Елбасының айрықша көңіл бөлуі нәтижесінде білім мекемелерін көбейту және олардың материалдық-техникалық негізін заманауи қондырғылармен жабдықтау арқылы білім сапасын дамытуға барлық жағдай жасалып келеді.

Отанымыздағы жүздеген балаға білім үйретіп тәрбие тағылымын дарытып келе жатқан білім ошақтарының бірі деп Тараз химия - технологиялық колледжін айта аламыз. Елбасының «Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму» бағдар-ламасын жүзеге асыру аясында химиялық өнеркәсіпті дамыту мәселесі бойынша 2008 жылғы 9 қазан күні өтілген кеңесте Елбасының берген тапсырмасына сәй-кес салынған - Тараз химия-технологиялық колледжі. 2014 жылдың күз айынан бастап пайдаланылуға берілген оқу орны 600 орынға есептелген, химиялық ба-ғытта 7 мамандық бойынша білім береді.

Тараз өңіріне жасаған арнайы іс-сапар барысында өзінің ісімен, сөзімен егемен еліміздің болашағын ойлайтын, тәуелсіздігін қорғайтын білімді ұрпақтың тәлім-гері болып, тәрбие жолында қызмет етіп жатқан, Тараз химия-технология-лық колледжінің директоры Тұрсынбекова Гүлнәр Құлыншаққызымен болған сұхбатымызды ұсынамыз!

Гүлнәр Құлыншаққызы, өзіңіз басқарып отырған Тараз химия технологиялық коллед-жінің тарихи құрылымы мен білім беру бағдарламасы жа-йында айтып өтсеңіз.

Тараз химия-технологиялық колледжі химиялық өнеркәсіпті дамыту мәселесі бойынша 2008 жылғы 9 қазан күні өтілген кеңес-те Елбасының берген тапсырмасы-на сәйкес салынған. 2014 жылдың күз айынан бастап пайдаланылуға берілді. Оқу орны 600 орынға есеп-телген, 200 орындық жатақханасы және жеке оқу шеберханасы бар.

Қазіргі оқу жылында колледж-де 465 білімгер білім алуда. Ма-мандардың бәсекелестігін қамта-масыз ету үшін 139 білімгер ма-мандықтары бойынша дуалды оқыту жүйесімен қамтылған. Кол-

ледж облыстағы 12 ірі кәсіпорын-дарымен келісім шартқа тұрған, оның ішінде бесеуі - химиялық кә-сіпорындар. Олар: «Казфосфат» ЖШС, «Еврохим Каратау» ЖШС, «СЭЗ Химпарк Тараз» АҚ ҰҚ, «Talas Invest Companу» ЖШС, «ТаразХимМонтаж» ЖШС.

Жамбыл облысына жұмыс са-пары барысында Мемлекет басшы-сы Нұрсұлтан Назарбаев облыста ашылып жатқан химия өндірісі үшін өндірістік қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру мақсатында салынған біз-дің колледжде болды.

Жаңа білім мекемесінің оқыту-шылары мен оқушылары, Жамбыл облысы ірі өнеркәсіп кәсіпорында-рының директорлары қатысты. Мемлекет басшысы «Үдемелі ин-дустриялық-инновациялық даму

бағдарламасы» бесжылдығының ел экономикасын дамытуда тиімді болғанын атап өте отырып, елеулі табиғи байлықтардың болуы эко-номикалық тұрақтылыққа кепілдік бермейтінін атаған болатын. «Бізде барлық байлық - мұнай, газ, түсті металдар бар, бұл жақсы. Алайда нарық құлдырады, мұнай бағасы түсіп кетті. Енді қаржы бағамына тәуелді емес, басқа экономиканы, жоғары технологияларды дамытуы-мыз қажет», - деді Н.Назарбаев.

Индустриялық бағдарлама-ларды қамтамасыз ету үшін Қазақстанда орта арнаулы оқу орындары ашылуда. «Менің тап-сырмаммен экономиканы кадр-лармен қамтамасыз ету үшін кол-ледждер бүкіл Қазақстан бойын-ша құрылуда», - деп Елбасымыз түсіндірген болатын.

Page 36: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

36

Аталмыш колледжде қандай сала бойынша мамандар даярланады?

Аталған мекемеде 7 мамандық бойынша жұмысшы кадрларды даярлайды. Колледж қызметінің басты басымдығы - химия саласының кәсіпорындарына ар-налған «Химиялық технология және өндіріс», «Мұнай өңдейтін және химиялық өнеркәсіп кәсіпорындарын-да техникалық қызмет көрсету және жабдықтарды жөндеу», «Химиялық талдау лаборанты» және басқа мамандықтар бойынша жұмысшы мамандарды даяр-лау болып табылады.

Білім басқармасы Жамбыл облысының Кәсіпкер-лер палатасымен бірлесе отырып, дуалды оқытудың жол картасын әзірлеген. Аталған жол картасын жүзеге асыру барысында колледж «Казфосфат» ЖШС корпоративтік басқаруына тапсырылған, бұл өңірдегі химиялық өндірістер үшін жоғары білікті мамандар-ды өз уақытында даярлауға және үйлестіруге мүмкін-дік береді.

Тараз химия - технологиялық колледжі қазіргі заманғы стандарттарға сай техникалық білім беру жабдықтарымен қамтамасыз етілген бе?

Колледж жаңа оқу-зертханалық құралдармен жабдықталған: 11 оқу шеберханасы, 9 арнайы пән кабинеттері, 9 зертхана, 12 интерактивті кабинеттер, жоғары жылдамдықтағы интернет желісіне қосылған 3 компьютер кабинеті, 1 мультимедиялық және 2 лингафондық кабинет бар, кітапхана - электрондық оқу залымен қамтамасыз етілген. 216 орындық керемет асхана қызмет көрсетуде.

Болашақ маман иелеріне дәріс беруші мұға-лімдер жайында айтсаңыз.

Колледжде 59 оқытушылар және өндірістік оқыту шеберлері қызмет етуде, оның ішінде 53-і жоғары және бірінші санаттағы білікті мамандар.

Облыстық Кәсіпкерлер Палатасының ықпалымен колледжде кәсіптік бағдар беру орталығы құрылған. Колледж базасында «СЭЗ Химпарк «Тараз» аумағында ашылатын химиялық өндірістерге арналған өндірістік қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін көтеру жөніндегі оқу орталығын ашу жоспарлануда.

Тараз химия-технологиялық колледжінде 19 оқы-тушы, 40 өндірістік оқыту шеберлері жұмыс істейді. Білім деңгейі бойынша оқытушылардың сапалық құ-рамы - 89,8 пайызды, атап айтқанда жоғары білімді - 51, орта арнаулы білімді - 8 қызметкер бар. Ал біліктілік деңгейін айтатын болсақ, жоғары санатты - 9, бірінші санатты - 12, екінші санатты - 13 оқытушы жұмыс жасайды. 2 оқытушының магистрлік дәрежесі бар, ал сондай-ақ Ы.Алтынсарин медалінің иегерлері атанған ұстаздар қызмет етеді.

Page 37: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

37

Ендігі кезекте өзіңіздің еңбек жолыңызға тоқталсақ. Бүгінгі жетістіктеріңіздің бастауы жай-лы айтып өтсеңіз.

Еңбек жолымды 1981 жылы ҚазПИ бітірген соң туған жерім Сарысу ауданы, Жайлаукөл ауылында мұғалімдіктен бастадым. 1982 жылы Жамбыл облысы, Қаратау қаласына қоныс аударып, мұғалім болып істе-дім. 1986 жылы Талас ауданы әкімдігінің маманы, яғни мемлекеттік қызметті бастадым. Осы ауданның АХАЖ бөлімін 5 жыл басқардым. Аудан әкімінің әлеуметтік экономикалық саласының орынбасары ре-тінде 7 жыл, аудандық білім бөлімін 4 жыл басқардым. Жалпы, 29 жыл әртүрлі мемлекеттік қызметтер ат-қардым.

Еңбегіңді ерінбей, адал атқарсаң дегеніңе жете-сің. Абырой да, атақ та, құрмет те адал еңбектің арқасында келеді екен. Өмірімде қиыншылықтар болмады деп айта алмаспын. Бір әулеттің бір қызы болып бұлаң, ерке өстім. Бұйрық солай болды ма, 16 жасымда тұрмыс құрдым. Отбасы, бала, оқу - осының бәрі сол жылдардағы қиын кездерде оңай болған жоқ. Студенттік өмірдің қызығын көру мен үшін (күндізгі оқуда) ертек сияқты еді. Ерте есейтті, жауапкершілікті ерте мойныма артты. Сонда да, бойдағы намыс, ата-анамның үміті мені жоғары білім алып «адам» болу-ға жетеледі.

Қазір кішкентай жетістікке жетсем, ол еңбектің арқасы дер едім. Мақсатым - қандай қиыншылық бол-са да, отбасын сақтап қалу, балаларыма дұрыс тәрбие беру. Қызметпен отбасын қатар алып жүру қаншалық-ты қиын болса да, ертеңгі күннің жарқын болатынына сенімді едім. Ол сенімділік - жақсы жар, тәрбиелі ұл, қыздарым, адал достар, жаныңдағы жақсы адамдар. Үшеуі де жоғары білімді, өздері қалаған мамандық иелері. Олардан немере сүйіп отырмыз.

Журналымыздың дәстүрлі сұрағын қоя кет-сем, Сіз үшін тәуелсіздік қандай ұғым? Тәуелсізді-гіміздің қасиеті неде?

Тәуелсіздік деген – тәтті ұғым. Қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес. Ата-бабамыз-дың арманы. Тәуелсіздік барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулық күні. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көпұлт-ты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақ-тастығы - Президентіміздің жүргізіп отырған пара-сатты, көреген саясатының нәтижесі.

Жас ұрпаққа білім, тәрбие берудегі аз да болса қосқан үлесім, Тәуелсіз еліміздің ертеңгі ұрпағын тәрбиелеуге қосқан үлесім деп айта аламын.

Тәуелсіздігіміздің қасиеті – бейбітшілік деп бі-лемін!

СұхбаттасқанЖадыра Мұсабай

Page 38: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

38

ҚанатбекМәдібек

Page 39: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

39

ЕЛ ҮМІТІН АРҚАЛАҒАН БАСШЫ

Жамбыл облысы Сарысу ауданы

Жиырма жылдан астам уақыттан бepi Қазақстанда өтіп жатқан өмірлік маңызы бар оқиғалардың бәpi де көрнекті мемлекет қайраткері, қазақстандықтардың әлем мойындаған жалпыұлттық көсемі Елбасы-мызбен тығыз байланысты. Ол мықты мемлекеттің іргетасын қалады. Ал осындай мықты мемлекетіміздің одан әрі көркейіп, дамып, түрлі жетістік-терге қол жеткізуі - қоғам бірлігінің нәтижесінде. Осындай жетістіктері-міз жолында облыс төңірегінде, аудан аралығында болсын ауыз толтырып айтар еңбек етіп жүрген, елі үшін аянбай қызмет атқаратын халық қа-лаулылары атанған азаматтарымыз жетерлік. Соның бірі - шалғайдағы Сарысу ауданын басқарып отырған –Мәдібек Қанатбек Қайшыбекұлы.

Тәуелсіздік алғалы бері ауылшаруашылығына баса назар аударып келген Сарысу ауданы бүгінде аграрлы - өндірістік аймаққа айналған. Олай болса, қиянда жатқан ауданды саялы мекенге айналдырып отырған, өз жерін «Мысыр шаһарына» теңейтін қазіргі таңдағы жас басшыларымыздың бірі - Мәдібек Қанатбек Қайшыбекұлымен болған сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз!

Қанатбек Қайшыбекұлы, алдымен Сіз басқарып отырған Сарысу ауданының тарихы мен бүгінгі тыныс-тіршілігіне тоқталып өтсеңіз.

Сарысу ауданы 1928 жылы 3 қыркүйекте Қазақ АКСР Халық Комисарлар Кеңесінің «Қазақстанда көшпелі, жарты-лай көшпелі және отырықшы аудандарды белгілеу туралы» қаулысына сәйкес құрылған. Осы қаулыға сәйкес Сарысу ауданы Қызылқұм, Созақ, Шу аудандарымен бірге Сырдария округіне қарады.

Соғыстың сұрапыл жолда-рын, одан кейінгі шаруашылық-тардың қалыптасу кезеңін бас-

тан өткізді. Ірі қой совхоздары құрылып, Жон өлкесіндегі тың жерлерге соқа салынды. Бақша және жүгері алқаптары кеңейді.

Алпысыншы жылдары Жаңатас қаласының іргетасы қаланып, ірі фосфор кеніштері қарқынды игеріле бастады. Бү-гінде іргелі кәсіпорынға айнал-ған - «Казфосфат» компаниясы-ның «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені қалыпты жұмыс істейді. Онда 1500-ден астам адам тұ-рақты жұмыспен қамтылған.

Сарысу жері- ұлттық өнер мен дәстүрге бай небір таланттар-ды дүниеге әкелген киелі өлке. Олардың қатарында Асанәлі Әшімов, Илия Жақанов, Тынышбай

Рахымов, Алдаберген Мырзабеков, Бейбіт Қойшыбаев, Құралбек Құлажанов, Берік Шаханов, ақын Маралтай Райымбекұлы, опера әншісі Аманкелді Сенбин, дәстүр-лі әншілер Сәуле Жанпейісова, Ардақ Исатаев, суретші Зейнеп Түсіпова, сазгер Төлеу Үшқоңыров, жазушы Пернебай Дүйсенбиндер бар.

Сарысу ауданы - ұлттық дәс-түрдің, туған тілдің қаймағы бұ-зылмаған өңір. Осы қасиеттерді бойына сіңірген аудан түлектері еліміздің түкпір-түкпірінде, әр са-лада абыройлы қызмет атқаруда.

Қазіргі таңда ауданның әлеу-меттік-экономикалық көрсеткіш-тері даму үстінде. Барлық салада оң өзгерістер бар.

Page 40: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

40

Сарысу ауданының шалғай ауылды жерлерінде су, жол және электр мәселелері өз шешімін тапқан ба?

Аудан аумағындағы 27 елді мекеннің 13-і орталықтандырыл-ған ауыз сумен қамтамасыз етіл-ген. 2014 жылдың ішінде аудан-дық бюджеттен 7,3 млн. теңге бөлініп, 4 елді мекеннің ауыз су жүйелері ағымды жөндеуден өтті.

Сондай-ақ өткен жылы «Игілік-Өндіріс» топтастырылған ауыз су жүйелерін қалпына келтіру жұ-мыстарының жобалық-сметалық құжаттары түзетіліп мемлекеттік сараптамаға ұсынылды.

Арыстанды және Ұ.Сыздықбай-ұлы ауылдарының үй маңындағы жерлерін суару үшін су реттегіш тоғандар салуға облыстық бюд-жеттен 23,2 млн. теңге бөлу жос-парланып отыр.

Ал, жол жөндеу жұмыстары-на былтырғы жылы жергілікті бюджеттен барлығы 311,2 млн. теңге бөлініп, оған Жаңатас қа-ласының 3 көшесіне, Саудакент ауылының 1 көшесіне және Қызыл Дихан, Арыстанды ауыл-дарына баратын жолдарға жөн-деу жұмыстары жүргізілді. Жаңатас қаласындағы 7 көшенің қайта жаңғырту жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары дайындалды.

Электр қуатымен қамтуға қатысты мәселе жоқ. Барлық елді

мекендер толық қуат көзімен қамтылған. Оны игеру бойынша нақты жоба бар. Қазақ-Түрік бірлескен кәсіпорны «Central Azia Green Power» және «ВЭС Жаңатас» компаниясы «Жел электр станциясы» жобасы жүр-гізілуде. Аталған компаниялардың сұранысы бойынша қуаттылығы 100 МВт болатын 40 трубина қою үшін 233 га жер берілді. Осындай жаңа жобалардың іске асуымен бірге ауданда шағын және орта кәсіпкерлік те дамитын болады.

Аудан өнеркәсібі мен ауыл-шаруашылық салалары қандай деңгейде дамуда?

2015 жылдың қаңтар-ақпан айында өнеркәсіп кәсіпорындары 440,8 млн теңгенің өнімдерін өн-дірді. Өнеркәсіп өнімдерінің фи-зикалық көлем индексі өткен жылмен салыстырғанда 132,9 пайызды құрайды.

Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 1458,2 млн теңгені құрап, 2014 жылдың тиісті кезеңінен 5,1 есеге артқан (01.03.2014ж.-274,7 млн. тг).

Инвестициялардың жалпы көлеміндегі жеке қаражаттар 47,0 пайыз, шетел қаражаты 53,0 пайызды құрады.

2014 жылдың қорытындысы-мен ауылшаруашылығы бойын-ша өндірілген өнім ағымдағы ба-ғалармен есептегенде барлығы – 7,0 млрд теңгені құрап (өсімдік

өнімі-2,4млрд. теңге мал өнімі-4,6 млрд. теңге), өткен жылмен салыстырғанда 101,3 пайызға орындалды (2013ж. – 5,4 млрд. теңге, стат. есептілік әр тоқсан қортытындысымен жариялана-ды). Саланың даму үрдісі алдағы уақытта да сақталатын болады.

Кәсіпкерлерді «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарла-масы бойынша қолдау қандай бағыттар бойынша жүзеге асырылып жатыр? Аталмыш жобаның тиімділігі жайлы ай-та кетсеңіз.

Моноқалаларды дамытудың бағдарламасы аясында 8 кәсіпкер 58,4 млн теңге несие қаражатын алды. 24 жұмыс орны ашылды. Осы несиелердің пайыздық мөл-шерін субсидиялауға 4,0 млн теңге қаржысы «Даму» қорына аударылып берілді. 3 кәсіпкер 8,0 млн. теңге грант қаражатын алды, 19 жұмыс орны ашылды.

44,7 млн. теңге кәсіпкерлік-ті шағын несиелеуге бөлінген. «Ауылшаруашылық қаржылай қолдау қоры» АҚ-на аударылып 19 азамат несие алды. Шағын не-сиелер негізінен қызмет көрсету, жиһаз жасау, көлік жөндеу, мал шаруашылығын дамыту, қоғам-дық тамақтану және т.б. салалар-ға пайдаланылуда.

«Саудакент-НС» ЖШС және «ҚазМикроФинанс» шағын несие ұйымы арқылы есепті кезеңде 9 шаруашылық пен 1517 аудан

Page 41: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

41

тұрғындарына кәсіпкерлікке, ауылшаруашылығына, тұтыну-шылық мақсаттарға 441,4 млн теңгенің несиелері берілді.

Жыл ішінде ауданға ұн және ұн өнімдері бағасын тұрақтанды-ру мақсатында, нан өнімдерін өндіретін кәсіпкерлердің сұра-ныстарына сәйкес, Тараз қала-сындағы «ДAPA MILL Тараз» бен «Сауда саттық компаниясы» ЖШС-нен бірінші сұрыпты 924,5 тонна ұн мен 20 тонна қант жеңілдетілген бағамен босатылып, аудан халқына сату жұмыстары ұйымдастырылды.

Негізгі азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру бағытын-да аудан орталығы Жаңатас қала-сында Орталық базар аумағында тұрақты жәрмеңкелер өткізіп, жыл ішінде 84 млн. теңгенің ауылшаруашылығы тауарлары базар бағасынан төмен бағада сатылды.

Қол жеткізген осы игіліктің барлығы «Бизнестің жол картасы-2020» жобасының тиімділігі арқа-сында болып отыр.

Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауындағы тапсырмалар-дың орындалу барысы қандай?

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның 2050 жылға дейін-гі даму стратегиясын белгілеп, Қазақ елін әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосуды басты мақсат ретінде алға тартқан болатын.

Мемлекет басшысы өзінің «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты соңғы Жолдауында да ғаламдық стратегияны жүзеге асырудың нақты жолдарын ұсын-ды.

Мәртебесі биік бұл жаңа Жолдау ел болашағын айқындап берген тарихи құжат болды. Еуразия жүрегіндегі қазақ елінің дамуын көздеген бұл құжаттың стратегиялық маңыздылығы мен белгілі мерзімде нақты міндеттер-дің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталғанын көреміз.

Бүгінде, Елбасы Жолдауының басым бағыттарын аудан тұрғын-дары арасында түсіндіру жұмыс-тары жоғары деңгейде жүргізілу-де. Сарысу жұртшылығы да бар-ша қазақстандықтар сияқты жыл-дың басты құжатын зор ықылас-пен қабылдады. Аудан бойынша 73 мүшеден тұратын 10 ақпарат-тық топтар жасақталған. Өңірдің әр елді мекенінде өткізілген кез-десулер барысында әр тұрғынға «Нұрлы жолдың» ел игілігіне бағытталғандығы жіті түсіндірі-луде. Аудандақ газет бетінде де ауданның зиялы қауым өкілдері-нің, үкіметтік емес ұйымдар же-текшілерінің, жастардың, этно-мәдени бірлестіктердің мақала-лары тұрақты түрде жарық көріп отырады.

Олай болса, мемлекетіміздің ортақ мүддесін алғы шепке шы-ғарған Жолдауына қолдау көрсе-те отырып, ел игілігін еселеу

жолындағы еңбегіміз жанданады деген ойдамыз.

Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы жеңістің 70 жылдығы, ҚР Халықтар Дос-тығы Ассамблеясының 20 жыл-дығына орай қандай шаралар қолға алынуда?

2015 жыл барлығымыз үшін де ұлттық тарихымызды ұлық-тап бағындырған белестерімізді бағалайтын мерейлі жыл болып отыр.

Себебі, Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ата Заңымыз-дың 20 жылдығын, Ұлы Отан соғысынағы Жеңісіміздің 70 жыл-дығын атап өтетін боламыз.

Бүгінгі таңда, қоғамның бар-лық саласында елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныш-тығын көздейтін мерекелік шара-лар өтуде. Жеңісті жақындатып, Отаны үшін от кешкен аталары-мызға жан-жақты құрмет көрсе-тілуде. 550 жылдық тағылымы бар тарихи-танымдық шаралар көптеп өткізілуде. Қабылданғанына 20 жыл толған Конституциямыз ұлықталуда.

Келешегі жарқын, мүмкіндігі мол, жоспарлары ауқымды Сарысу ауданында мерейлі мерекелер жо-ғары деңгейде тойланып келеді.

Сұхбаттасқан Сая Есимова

Page 42: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

42

ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ АТАНҒАН АЗАМАТ

Тәуелсіздік алғалы жұртшылықтың мұң-мұқтажына құлақ түріп, олардың әлеуеті жо-ғары болуына септігін тигізіп отырған мәсли-хат хатшыларының өзіндік үлесі бар. Елдің еңселі болып бой көтеруі әрине басшылыққа да байланысты. Халықтың бір тұтастығын сақ-тап, елдің көркеюіне үлес қосып отырған жандар қаншама. Солардың бірі Сарысу аудандық мәс-лихат хатшысы Болатбек Дондаұлымен болған сұхбатымызға назар аудара отырыңыздар!

Болатбек Дондаұлы, Сарысу ауданының мәс-лихат хатшысы ретінде аудандық мәслихаттың осы жылдар аралығында атқарып өткен жұмыстары жайында айтып өтсеңіз.

Былтырғы жылы сессия төрағаларының шақы-руы бойынша, жергілікті атқарушы органдардың және мекеме, кәсіпорын басшыларының қатысуымен 15 сессия отырысы өтіп, онда 83 шешім қабылданып тиісті органдарға орындауға жолданды.

Оның ішінде 4 кезекті және 11 кезектен тыс сессия шақырылып, мәслихаттың жылдық жұмыс жоспарына сәйкес қаралып, талқыланды. Аудандық мәслихат депутаттарына өз сайлаушыларының атынан 11 жазбаша, 50 ауызша өтініштер мен арыз шағымдар түсті. Келіп түскен өтініштердің 22–сі тұрғын үй саласына, 18-і жұмыспен қамтуға және қалған 21-і әр түрлі мәндегі сұрақтар болды.

Түскен арыз шағымдар дер кезінде қаралып, тиіс-ті орындарға жіберіліп, олардың орындалуы тұрақты бақылауға алынды.

Халық қалаулысы атанғандықтан мәслихат

депутаттары үлкен жауапкершілікке ие, осы орай-да мәслихат депутаттарының өз қызметіне адал-дығы мен біліктілігі жайында не айтар едіңіз?

Мәслихат депутаттары халықтың еркін білдіре-тін, заңдардың жүзеге асырылуын қадағалайтын және мемлекеттік мүдделерді іске асыруға қажетті шараларды белгілейтін, шын мәніндегі халық қа-лаулыларына айналды. Еліміздің қол жеткізген саяси және экономикалық жетістіктерінде жергілікті өкі-летті биліктің де қосқан үлесі зор.

Мәслихаттар еліміздегі биліктің бір тармағы ре-тінде қалыптасып, қазіргі заманғы саяси демокра-тияның ажырамас бөлігіне айналды. Олар еліміздің аумағында мемлекет саясатын жүргізуге, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын жүзеге асыруға, халықтың тұрмыстық ахуалын жақсартуға бағытталған шараларды жүзеге асыруда. Біздің ау-дандық мәслихат аймақтың барлық қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік саладағы өміріне белсенді әсерін тигізуде.

Депутат - халық қалаулысы. Халықтың қоғам-дағы талабы мен тілегі, мүддесі мәслихатқа депутат арқылы жеткізіледі. Сессияларда депутаттардың ұсыныстары мен ескертпелерін, депутаттық са-уалдарының қаралуын және мәслихаттың өз шешімдерінің заңдылығын қадағалау елеулі түрде күшейді. Тұрақты негізде қабылданған нормативтік-

Page 43: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

43

құқықтық актілердің құқықтық мониторингі жүргізі-ліп келеді. Аудандық мәслихат аппараты да өз жұмы-сын тиісті заңнамаларға және мәслихаттың талабына сай атқаруда.

Аппарат қызметкерлері депутаттарға өздерінің өкілеттігін жүзеге асыруға, сессиялар мен комиссия-лар отырыстарын дайындауға, сайлаушылармен кездесулерін өткізуге жан-жақты әдістемелік, ұйым-дастырушылық, құқықтық және өзге де көмек көрсе-тіп келеді. Аппарат қызметкерлері - жоғарғы білімді, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарда үлкен тәжірибе жинақтаған білімді мамандар.

Бесінші шақырылған аудандық мәслихат халық сеніп сайлаған, өмірлік тәжірибесі мол, білімді, парасатты 13 депутаттан құралған. Оның он екісі «Нұр Отан» партиясының, біреуі Қазақстан Коммунистік Халық партиясының мүшесі болып табылады.

Сарысу ауданы тұрғындарының әл-ауқатын

көтеру мақсатында мемлекеттік бағдарламалар қаншалықты жүзеге асуда?

Жоспарға сәйкес, мәслихат сессияларында ау-данның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты көкейкесті мәселелер қаралып отырды. Мәселен, «2015-2017 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы», Қазақстан Республикасының «Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасын ауданда іске асыру барысы туралы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арнал-ған мемлекеттік бағдарламасын ауданда іске асыру барысы туралы, «Сарысу ауданы әкімінің өзіне жүктелген қызметтері мен міндеттерінің орындалуы туралы есебі» қаралып тиісті шешімдер қабылданды.

Қабылданған тіркелуге жататын 21 сессия ше-шімдері облыстық әділет департаментінде уақытын-да тіркеліп, ресми баспасөзде жарияланды.

Аудандық мәслихат өз жұмысын 3 тұрақты комиссия және аудандық мәслихат аппараты арқылы атқарады.V шақырылған аудандық мәслихатының құ-

рамында 3 тұрақты комиссия жұмыс жасайды. Олар: ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, қаржы және бюджет, қоршаған ортаны қорғау және табиғат-ты пайдалану, әкімшілік-аумақтық құрылысы, кә-сіпкерлік және ауыл шаруашылық мәселелері жөнін-дегі тұрақты комиссия, құрамы - 4 адам, төрағасы – депутат Н.Сұлтанбеков; денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау және азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі тұрақты комиссия, құрамы - 4 адам, төрағасы - депутат Р.Мұханов және білім, мәдениет, тілдерді дамыту, ұлттық және азаматтық келісім, жастар, отбасы және әйелдер ісі жөніндегі тұрақты комиссия, құрамы - 4 адам, төрайымы – депутат Л.Асанова.

Тұрақты комиссиялар отырысында сессияда қа-ралатын мәселелер жан-жақты талқыланып, туында-ған сұрақтардың жауаптары тыңғылықты дайын-далуының арқасында сессиялар жоғары деңгейде өтіп келеді.

Журналымыздың дәстүрлі сұрағын қоя кет-

сем, Сіз үшін тәуелсіздік қандай ұғым?Тәуелсіздік мен үшін – қасиетті ұғым. Халқымыз

бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының жә-не өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейінгі жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау жолындағы ер-ліктері мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымыз-да өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталары анық. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан-сұлтандар, батырлар, қарапайым халықтың өзі де жандарын пида еткен. Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт – сананың мызғымас тірегі, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы.

СұхбаттасқанМөлдір Құрман

Page 44: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

44

БолатРысмендиев

Page 45: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

45

ТАРИХЫ ТЕРЕҢНЕН ТАРТҚАН ТАЛАС

Жамбыл облысы Талас ауданы

«Талас» деген грекше «теңіз» дегенБір кезде ел мұнда құрғақ жер іздеген.

Күләш АхметоваҚР Мемлекеттік

сыйлығының лауреаты

Қазыналы қарт Қаратау сілемдерінен бастау алып, етегі Мойынқұмның қалың құмына ендей енетін Талас ауданының тарихы тереңде жатыр. Желмаясымен желіп, «Жерұйықты» іздеген Асан қайғы бабамыз Таласқа аялдап, ширатыла шымырлай ағып жатқан Таласқа сүйсіне қарап тұрып: «Етегің ақ басты тау екен, көктемде барар жер таппай, ышқына ысырап боласың-ау, жазда нәрің сіңген жер ит тұмсығы батпас нуға айналады екен. Төрт түлігі тұяқ тоздырмай, артық ауыз мойын создырмай жатып семірер, түгін тартса майы шығар мұндай жер болмас»,- деген екен дейді.

Кеңес Одағы кезінде Мәскеудің тікелей қарамағында болған Талас ауданы 2012-2020 жылдарға арналған «Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы аясында жұмыс істеуде. Бүгінде тарихы тұнған шежіре Талас өңірі бақ қонған, құт дарыған ме-кен саналады. Негізгі кәсібі ауыл шаруашылығы мен тау-кен химия шикізатын өндіру болып табылатын аймақ жайлы Талас ауданының әкімі Рысмендиев Болат Қанатбайұлымен болған салиқалы сұхбатымыздан біле аласыздар!

Болат Қанатбайұлы, өзіңіз басқарып отырған Талас ауда-нының кешегісі мен бүгінгі жай-күйі жайында айтып өтсеңіз. Сондай-ақ, ауданнан шығып, Алашқа танылған тұлғалар жа-йында да сөз қозғасаңыз...

Талас ауданы Қазақстан Халық Комиссарлары кеңесінің қаулысы-мен 1928 жылы 3 қыркүйекте бұ-рынғы Ойық, Ошақты, Ағашақ, Билікөл болыстарына қарасты 31 ауылдың негізінде құрылған. Аудан-ның алғашқы әкімшілік орталығы Үшарал, кейіннен Ойық ауылы болып белгіленген. Ал, 1934 жы-

лы аудан орталығы Ақкөлге ауыс-тырылған еді. Ал, Қаратау қаласы 1997 жылдың мамырында екінші рет аудан орталығы болды. Бүгін-де ауданымызда 52 мыңнан аса адам 24 елді мекенде тұрады. Тұр-ғындардың негізгі кәсібі ауыл ша-руашылығы және тау-кен химия шикізатын өндіру болып табыла-ды. Ұлы Отан соғысы кезінде ау-даннан 6 мыңнан аса адам майдан-ға аттанып, оның үштен бірі туған еліне оралмады.

Аумағы 12,2 мың шаршы ша-қырымды алып жатқан ауданымыз-да білім бөліміне қарасты 59 ме-

кеме жұмыс істейді. Одан басқа М.Х.Дулати атындағы Тараз мем-лекеттік университетінің бөлім-шесі, 3 колледж, мүгедек балалар мектебі мен қарттар үйі, 18 өнер ошағы, 20 кітапхана, мұражай, мұрағат, «Авангард» кинотеатры, кеншілер саябағы, 1 аудандық ор-талық емхана, 1 аудандық орталық аурухана, 1 ауылдық аурухана, 11 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 15 ауылдық медициналық пункт халыққа қызмет етеді. Жалпы, былайғы жұрт біздің Таласты «Ақындар мен батырлар елі» деп ардақ тұтады. Олай дейтініміз -

Page 46: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

46

Сәду Шәкіров пен Амантай Дәулетбеков сынды қос бірдей Кеңестер Одағы Батырларымен бірге, 59 Социалистік Еңбек Ерінің есімдерін кейінгі ұрпақ орынды мақтан етеді. Кеңестер Одағының дүрілдеп тұрған жылдарының өзін-де мұндай дәрежеге көтерілген ау-дан болған емес. Ал, от ауызды, орақ тілді Бөлтірік шешен, «таңда-йында өлеңнің ұясы бар» Ұлбике мен Жаңылдық, ХХІ ғасырда-ғы олардың сіңілісі саналатын Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы-ның иегері Күләш Ахметова, Шона Смаханұлы, Рафаэль Ниязбек, Серік Әбдірайымов, Оспанәлі Иманәлиев, Өкім Жайлауов, Сейітқазы Досымов, Жарылқасын Аманов, Нарша Қашағанұлы мен Серік Томанов Таластың талантты ұл-қыздары саналады. Осынау қасиетті өлке-ден шығып, алты Алашқа таныл-ған мемлекет және қоғам қайрат-керлері өз алдына бір төбе. Олар: Өмірбек Байгелді, Мырзатай Жолдасбеков, Бақытжан Сағынтаев, Жақсыбек Құлекеев, Бақытжан Әбдірайымов, Кеңесхан Ақаев, Тахир Балықбаев, Ержан Біртанов, Шәріпбек Шардарбеков, Шәріп Омаров, Гүлмира Исімбаева, Құралбек Құлажанов, Қали Әбдиев және басқа да көптеген жерлесте-ріміздің есімдерін мақтанышпен еске аламыз.

«Моноқалаларды дамыту» бағдарламасына сәйкес атқарған жұмыстарға тоқталсаңыз.

1963 жылдың тамызында Шолақтау ауылы қала мәртебесін алды. Негізінен елімізге қажетті фосфор өнімін шығарумен айна-лысқан Қаратау қаласы барынша дамып, өркендеді. Сәні мен сал-танаты, сәулеті келіскен қала Одақ көлемінде бірнеше мәрте жеңімпаз деп танылды. Десек те, тәуелсіздіктің алғашқы жыл-дарындағы қиындықтар біздің қаламызды да айналып өтпеді. Көптеген «тар жол мен тайғақ

кешуді» бастан өткеріп, бүгінде бұрынғы қалпына қайта келе бас-тағандай. Бұған Үкіметіміздің 2012-2020 жылдарға арналған «Моноқалаларды дамыту» бағ-дарламасы да оң ықпалын тигізді десек артық емес. Осы бағдарлама аясында орталық қазандықтың жөндеу жұмыстарына 103,9 мил-лион теңге, ішкі тоқсандық жылу жүйесін жаңарту мен ауыстыруға 286,4 миллион теңге бөлініп, 8,5 шақырымдық құбыр жылу жүйе-сіне қосылды. Бұл қаратаулықтар-ды жылумен және ыстық сумен тұрақты қамтамасыз етуге мүм-кіндік берді. Бүгінгі таңда, Қаратау қаласында ауыз су және кәріз жү-йелерінің қайта жаңғырту жұмыс-тарына 4 млрд. 970 млн. теңге бө-лінді.

«100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы ая-сында жоспарланған нысандар қолданысқа берілді ме?

Ағымдағы жылы ауданда «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Қаратау ауылдық аймағының Есейхан ауы-лында құны 314,697 млн. теңгені құрайтын 120 орындық мектеп құ-рылысын мердігер «КазпромСтан-дартстрой» ЖШС жүргізуде. Қаратау ауылдық аймағы, Қарой ауылында сметалық құны 320,091 млн. теңгені құрайтын 50 орындық мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өтті. Сондай-ақ, аталмыш бағдарла-ма аясында 2014 жылдан бастап Қаратау қаласында ауысымына 250 адам қабылдайтын, құны 1 125,924 млн. теңгені құрайтын емхана құ-рылысы жүргізілуде. Аталмыш емхананы пайдалануға 2016 жылы беріледі деп жоспарлануда. Соны-мен бірге, Қаратау қаласында 280 және 140 орындық балабақша құ-рылысының жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, мемле-кеттік сараптамадан өтті.

Ауданда «Үдемелі индус-триалдық-инновациялық даму» бағдарламасы негізінде қандай жобалар жасалынып жатыр? Инвестициялар тартылып жа-тыр ма?

Аймаққа жаңа инвесторларды тарту бағытында тұрақты жұмыс-тар жүргізіп келеміз. Соның нәти-жесінде «КСМ Жаңатас» ЖШС-і ауданда жылына 100,0 мың тонна әк тасын өңдеп шығаратын зауыт соғуды жоспарлауда. Жобаның құны 4,5 млрд теңгені құрайды. Қазіргі таңда зауыт соғылатын жер телімін заңдастыру мәселелері туралы жұмыстар атқарылуда. Зауытты іске қосқан жағдайда 120-150 адам жұмыспен қамтыла-ды. Сонымен қатар, «Aлина Хол-динг» ЖШС-і ауданда жылына 200,0 мың тонна мәрмәр тасын өңдеп шығаратын зауыт соғу-ды көздеп отыр. Жобаның құны 1143,7 млн теңгені құрайды. Қа-зіргі таңда зауыт соғылатын жер телімі мәселелері туралы жұмыс-тар жасалуда. Зауытты іске қосқан жағдайда 200 адам жұмыспен қам-тылады деп отырмыз. «Жамбыл облысының индустриялық-инно-вациялық дамыту жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған өңірлік индустрияландыру картасына» енгізілген жалпы құны 1,6 млрд. теңгені құрайтын инвестициялық жоба жүзеге асырылатын болады. «Жамбыл Недр» ЖШС-і жылына 300,0 мың тонна М-400, М-500 маркалы цемент өңдіреді. Зауыт құрылысына 4,0 га жер телімі бөлінді, сондай-ақ аталмыш за-уытты іске қосқан жағдайда 150-200 адам жұмыспен қамтылады деп жоспарлануда. Шикізат көзі ретінде «Ақтау-5» карьерінің әк-тасы мен топырағын пайдалану көзделіп отыр. Зауытқа керекті құрал-жабдықтар 540,0 млн. тең-геге Қытайдан алып келініп, ке-дендік рәсімдеуден өтікізілді. Карьерге электр желілерін және жол жүргізуге жобалық сметалық

Page 47: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

47

жұмыстар жасалынып, құжатта-ры рәсімделуде. Қазіргі таңда зауыттың өзіне инфрақұрылым жүргізуге жобалық-сметалық жұ-мыстар жасалынуда. Жылына 200 мың тонна мәрмәр тасын өңдеп шығаратын «Қаратау ПРО» ЖШС-де жұмыстар жүргізілуде.

Ауыл шаруашылығымен айналысатын тұрғындарға суб-сидия бойынша қандай жеңіл-діктер көрсетілуде? Несие бо-йынша жеңілдіктер бар ма?

Аудан негізінен ата кәсібіміз мал шаруашылығымен айналыса-ды. Оған табиғатымыз да қолай-лы саналады. Бүгінгі таңда ауда-нымызда 23202 мүйізді ірі-қара, 370895 бас қой, ешкі, 8525 бас жылқы және 1792 бас түйе бар. Қазір «саусақ бірікпей, ине жіпке ілікпейтінін» түсінген қожалықтар күн тәртібіне ірілендіру мәселесін өткір қойып отыр. Мәселен, жыл ішінде 44 шаруа қожалығы 12 агроқұрылымға бірікті. Сонымен бірге екі-үштен бірігіп жатқан қожалықтар да жетерлік. Соңғы жылдары мал шаруашылығын да-мытуға Үкімет ұсынып отырған саясат бұл саланы барынша дамы-туға, өркендетуге оң ықпалын ти-гізуде. Атап айтқанда, С.Шәкіров ауылдық аймағынан «Ахай» ша-руа қожалығы «КазАгроҚаржы» Акционерлік қоғамынан лизинг жүйесі арқылы 114 млн.теңгеге Қостанай облысы, Денисов ауда-ны «Кырымское» ЖШС-нен етті бағыттағы қазақтың ақ бас сиы-рының 300 бас асыл тұқымды та-наларын және Павлодар облысы, Успен ауданы «Голицкое» ЖШС-нен 14 бас асыл тұқымды бұқа-сын сатып алды. Осы кезең ішінде қой шаруашылығын дамыту үшін «Алтын асық» бағдарламасы, жылқы шаруашылығын дамыту үшін «Құлан» бағдарламасы қа-былданды. Осы бағдарламалар бойынша, «Әулие-Ата» ЖШС-

нен 3 шаруа қожалығы 17,7 млн.теңге несие алып, 55 бас жылқы, 17 бас мүйізді ірі қара және 159 қой малын сатып алып, мал ба-сын көбейтуде. Ақкөл ауылынан «Қарабатыр» шаруа қожалығы 3,0 млн.теңге, Ойық ауылындағы «Мұса» шаруа қожалығы 12,0 млн.теңге және Қызыләуіт ауылы-нан «Тіленші-Ата» шаруа қожалы-ғы 2,7 млн. теңге несие алды. Ал, биылғы жылдың үш айы ішінде «Агробизнес-2020» бағдарлама-сы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан 7 шаруа қожалығы 62,41 миллион теңге несие алды. Соның ішінде, «Құлан» және «Алтын асық» бағдарламала-ры мен «Әулие-Ата» НС-нен алын-ған несиелер де бар. ҚР Үкіметі-нің «Асыл тұқымды мал шаруашы-лығын дамытуды, мал шаруашылы-ғы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттер-ден субсидиялау қағидалары тура-лы» қаулысы негізінде, аудандағы ауыл шаруашылығы тауарын өнді-рушілерге қабылданған 87 құжат-тар бойынша барлығы 90,3 млн.теңге субсидия берілді, оның ішін-де 20 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге асыл тұқымды 58 бас мүйізді ірі қара малына – 8,5 млн.теңге, 15 ауыл шаруашылығы та-уарын өндірушіге асыл тұқымды 1717 бас қой малына – 9,2 млн.теңге, 1 ауыл шаруашылығы тауа-рын өндірушіге сатып алынған асыл тұқымды 70 бас жылқы ма-лына – 1,7 млн.теңге, 29 ауыл ша-руашылығы тауарын өндірушіге мүйізді ірі қара малына будандас-тыру жұмыстарын жүргізгендігі үшін 2458 бас сиырға – 42,1 млн.теңге, 22 ауыл шаруашылығы та-уарын өндірушіге қой малына бу-дандастыру жұмыстарын жүргіз-гендігі үшін 25335 бас қойына – 2,9 млн.теңге төленді.

Ендігі әңгіме басын өзіңізге бұрсақ. Жалпы, өзіңіздің өмір жолыңыз жайлы айтып өтсеңіз.

Мен көп балалы отбасында дүниеге келдім. 1976 жылы Алматы зоотехникалық - мал дәрігерлік институтын бітіріп, жолдамамен Көкшетау облысы, Зеренді ауданы, Қарабұлақ ауылында зоотехник-будандастырушы ретінде еңбек жолымды бастадым. 1977 жылы осы облыстың бұрынғы Володар ауданы, Карасевский совхозының бас зоотехнигі, 1977-1997 жылдар аралығында Жамбыл облысының сол кездегі Красногар аудандық ауыл шаруашылығы басқармасы-ның аға зоотехник-экономисі, 1978 жылдан бастап Шу ауданында ша-руашылықтың бас зоотехнигі, пар-тия комитетінің хатшысы, совхоз директоры, аудан әкімінің бірінші орынбасары, «Белбасар» АҚ-ның бас директоры, Алматы қаласын-дағы «Өнім» АҚ-ның вице-прези-денті, «Алтын диірмен» агроөнді-рістік бірлестігінің бас директоры, ал 1998-2011 жылдары Шу, Меркі, Мойынқұм аудандарының әкімі, 2012 жылдың қазан айынан «Қаз-ТрансГаз» АҚ-ның кәсіпорындар тобы газ саласындағы қызметкер-лердің кәсіподақ бірлестігінің тө-рағасы қызметін атқардым. Бүгінгі таңда Талас ауданының әкімі қыз-метіндемін.

Менің ойымша, әрбір басшы қызметтік жолын қарапайым жұ-мыстан бастап, сол жолда аянбай еңбек етсе, оның жетістікке жете-рі анық деп санаймын. Өзімнің өмірлік жолымда жаны жайсаң ағалармен жолдас болдым, олар-дың ақыл-парасатына арқа сүйе-дім, кеңестерін тыңдадым. Қазір кейінгі ұрпаққа үлгі ретінде ұсы-натын, оларға қамқоршы бола-тындай тәжірибе жинадым деп ойлаймын. Қолдан келіп жатса, жақсылық жасауға не жетсін! Ме-нің өмірлік ұстанымым осы.

СұхбаттасқанАқбөпе Әбдрасул

Page 48: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

48

«ХАЛЫҚТЫҢ БЕРЕКЕСІ БОЛСА ЕЛ ТЫНЫШТЫҒЫ АРТАДЫ»

Халық қалаулысы атанған мәслихат де-путаттары үлкен жауапкершілікке ие, осы орайда мәслихат депутаттарының өз қызметі жайында не айтар едіңіз?

Біздің Талас ауданында бүгінгі таңда ха-лық қалауымен сайланған 14 депутат бар. Міне осы депутаттар ортақ шешімге келуі арқылы барлық сайлаушылардың талап - тілектерді орындауға қызмет етуі Мәслихаттың шешімі - бұл аудан халқының шешімі десем артық емес. Депутаттар барлық сайлау аймақтарындағы, шалғай ауылдардағы, өндірістегі, ауылшаруа-шылығындағы тіпті саясаттағы мәселелерді де бірлесіп талқылайды, бір-бірін құлағдар етіп отырады. Үкімет тарапынан жасалынып отырған әлеуметтік қамқорлықтардан тыс өз ауданымыз шеңберінде түрлі ережелер бекітіп, әртүрлі ставкаларды өзгертеді. Аудан әкімдігімен бірлесе отырып шешімдер қабылдап, Елбасымыз

тарапынан айтылған тапсырмалар мен Үндеу-лерді халық арасында насихаттайды. Ауда-нымыздың, қаламыздың мәдениетіміз бен салт-дәстүріміздің дамуы жолында барлық туыс халықтармен тығыз байланыста өсіп-өркендеп жатырмыз. Дін, этнобірлестіктер, қоғамдық ұйымдар, жастар саясаты біздің тұрақты на-зарымызда. Мәслихаттағы құрылған үш тұ-рақты комиссия мүшелері бұл бағытта жиі бас қосып, ортақ бағыт ұстанады. Бір сөзбен айт-қанда Астанадан айтылған тапсырмалар ауыл тұрғындарының пікірлерімен ұштасуда.

Талас ауданы тұрғындарының бүгінде әл-

ауқаты қандай?Бүгінгі күні жағдайымыз нашар деп айту

ұят болар. Әрине, қысқа жіптің күрмеуі қиын дегендей кейде қаржы тапшылығынан қысылып қалатын кездеріміз жоқ емес.

Елдің үкілеген үмітін арқалап, тұрғындардың тұрмыс жағдайы оң көзқараста болуына баса назар аударып отыратын басшылық - мәслихат хатшылары. Елбасы-мыздан бастап кенге толған қа-зақ елін ел азаматтары басқарып отыр.

Д.И.Менделеев кестесіндегі эле-менттердің басым көпшілігі Талас ауданынан кезігеді. Осындай ай-мақтың әлеуетіне өзіндік үлесін қосып отырған Талас ауданының мәслихат хатшысы Жұмабек Әсемовпен болған сұхбатымызды назарларыңызға ұсынып отырмыз!

Page 49: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

49

Мәселен, аудан халқын тұрғын үймен толық қамтамасыз ету; жұмыссыздықты басы бүтін жою; ауылшаруашылығын автоматтандыру; өн-діріске тың серпін қосу - міне осының бәрі оңай шаруа емес.

Соңғы екі жылда бірнеше рет дауыл соғып Қаратау қаласы мен ауданның көптеген шаруа қожалықтарына, ауыл тұрғындарына едәуір шы-ғындар алып келді. Аудан жолдарының жөн-делуінің сапасыздығы, мердігерлердің жауап-сыздығы тағы бар. Әрине аудан басшылығы, мәслихат қол қусырып қарап отыр, қадағалау жоқ деп айту қате. Кейде біздің әрекетімізден де қауқарлы қарсы жағдайлар бар. Ол – тендер. Жүз миллионның жұмысы десек оны танымайтын, облыстан тыс біреу тең жарты құнына жеңіп алады. Сонда қалай, онда ол жұмыс неге екі есе-ге бағаланып қаржы қарастырылады? Нәтиже-сінде сапасыз нысан немесе жол талапқа сай болмай істен шығып жатады. Бұл бүгінгі таңдағы ең басты ауыртпашылық болып отыр.

Мәслихат депутаттарының өз қызметіне адалдығы мен біліктілігі жайында не айтар едіңіз?

Біздегі 14 депутат - бір фракцияға топтасқан «Нұр Отан» партиясының мүшелері. Барлығы өз істеріне адал, ауданның беделді азаматтары. Депутаттар арасында энергетика, жол-құрылыс, әлеуметтік, тау-кен, денсаулық сақтау, білім беру, журналистика, ауылшаруашылығы саласының өкілдері бар. Мен осымен бесінші рет шақырыл-ған Талас аудандық мәслихатының депутаты-мын. Осы мерзімде өз ісіме салғырт қарап, халық сенімінен шықпай қалған жағдай болған емес. Бүгінгі күні депутаттардың жеке өз бастарына қатысты айтар болсам, 15 жылдан бері халыққа қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан Темірхан Сәрсенұлы, Сейдалиев Рашид, кейінгі толқын

Жолдасов Қабыл, Омаров Құдиярбек өткен шақырылымда қатарға қосылған Несіпбаев Мұратбек, Мәсілбеков Доқторбектерді атағым ке-леді. Әрине бұл қалған депутаттар қол қусырып қарап отыр деген сөз емес, бәрін атап айтсам да артық емес.

Сіз үшін «Тәуелсіздік» қандай ұғым?Мен үшін Тәуелсіздік - ең қасиетті ұғым.

Біреуге телініп, жәутеңдеп отырудың не екенін екінің бірі жақсы түсінеді деп ойлаймын. Қазақ халқы осы Тәуелсіздіктің арқасында әлемге та-нылып, дамыған 50 ел қатарына қосылдық, Алла қалап Елбасымыз аман болса, әлі алдыңғы қатар-лы 30 ел қатарынан да көрінетіндігіміз шүбәсіз.

Себебі ол үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар, тек ынтымақ пен бірлігімізді сақтасақ болғаны. Алла соны бүгінгі өсіп келе жатқан ұрпақтың нәсібіне жазса екен деп тілеймін.

CұхбаттасқанЭльмира Усенқызы

Page 50: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

50

ЕЛ БОЛАШАҒЫНА АЙНАЛҒАН ӨНДІРІС ОРНЫ

Қазақстанның кейінгі жылдарда әлеу-меттік-экономикалық салада, мемлекеттік құрылыста, халықаралық аренада қол жет-кізген елеулі табыстары Елбасы арқасында жалпыұлттық қолдау мен сенімді қамтама-сыз етті. Қазақстандағы химия өнеркәсібін-дегі цианистік натрий өндіретін тұңғыш химиялық зауыт «Talas Investment Company» ЖШС болып табылады. Зауыт құрылысы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Отандық химия өнеркәсібін дамытудағы тапсырмалары бойынша және «Үдемелі индустриалды - ин-новациялық даму» мемлекеттік бағдарлама-сы аясында бой көтерген.

Елге берілген мүмкіндікті дұрыс қол-ға алып жүзеге асырып отырған жан-дардың бірі Бақтияр Әбілқайырұлы аталмыш зауытты ұзақ жылдар бойы

басқарып келеді. Осы орайда басшы, ғалым, ұстаз қасиеті-мен көзге түсіп, елі үшін еңбек етіп жүрген азамат деп айта аламыз. Оның білімі жоғары бағаланып, үнемі басшылық жұмыстар тапсырылып және

оны абыроймен атқарып жүргені белгі-лі. Инвестиция көлемі 12,9 млрд. теңге-ні құрайтын «Talas Investment Company» ЖШС-нің директоры Алдашов Бақтияр Әбілқайырұлымен болған сұхбатымыз-ды назарларыңызға ұсынамыз!

Бақтияр Әбілқайырұлы, ал-дымен «Talas Investment Compa-ny» ЖШС-нің құрылу тарихы және жалпы стратегиялық мақ-сат-міндеттеріне тоқталып өтсе-ңіз.

Цианистік натрий өндіретін химиялық зауыт Қазақстанда хи-мия өнеркәсібіндегі тұңғыш кәсіп-

орын болып табылады. Аталмыш өнімнің түрі алтын өндіру өнеркә-сібінде және көптеген өнеркәсіп түрлерінде колданылады. Бүгінгі таңда бұл Отандық өнім импорт-тық тауар ретінде белгіленіп, им-порттың орнын алмастыруға, жа-қын және алыс шет мемлекеттерге экспорттауға зор мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының «Үдемелі индустриялық - иннова-циялық даму» бағдарламасының бірінші бесжылдығы аяқталды. Осы кезеңде негізі ауданның эко-номикалық өсімін қамтамасыз ететін ішкі резерві жылына 15 мың тонна цианистік натрий шығара-тын зауыттың құрылысы, яғни

Page 51: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

51

«зәкірлік» инвестициялық жоба-сы іске асырылды. Жоба «Тalas Investment Company» ЖШС-нің зауыт құрылысына 6,3 га жер те-лімі бөлініп, 2012 жылдың 5 мамы-рында зауыт құрылысы басталған болатын. Цианистік натрий өнді-ру барысында қалдықтарды кәде-ге жаратуда құнды минерал ты-ңайтқышы жылына 5,0 мың тонна сульфат алынатын болады.

Қазіргі таңда цианистік натрий өндіретін зауытын іске қосылу жұ-мыстары жүргізілуде. Жобамен жыл аяғына дейін 250 тонна циа-нистік натрий өндірсе, 135,0 млн.теңгенің өнімін шығарады. Жұмыс-қа 491 адам тартылып, бүгінгі күнге 288 (111) адам қабылданды, оның ішінде жұмыспен қамту ор-талығы арқылы 180 жұмыссыз қа-былданды, яғни 29 жасқа дейінгі азамат саны - 74.

Зауыт құрылысы ҚР Президен-ті Н.Ә.Назарбаев химия өнеркәсі-бін дамытудағы тапсырмалары бо-йынша және ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтер-ген. Цианистік натрий өндіретін химиялық зауыттың құрылыс жұ-мыстары 2012 жылдың мамыр айында басталған, жалпы инвести-ция көлемі 12,9 млрд. теңге.

Ал, жалпы стратегиялық ма-ңыздылығына келетін болсақ, жо-баның іске асырылуы мемлекеттің

стратегиялық маңызы зор эконо-микалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, алтын өндіру өнеркәсібінің өндірістік қызметтерін жүзеге асы-рудағы сұраныстарын қажетті өніммен қамтамасыз етуге, химия саласын дамытуға, тауар айналы-мының оңтайлы дамуына, импорт-тың орнын алмастыруға және экс-портты диверсификациялау мүм-кіндігін кеңейтуіне, салық төлем-дері салдарынан түскен қосымша бюджеттік қаражат түсімдерінің түсуіне және жаңа жұмыс орында-рының пайда болуына үлкен сеп-тігін тигізетін болады.

Сондай-ақ, зауыттың іске қо-сылуы Қаратау моноқаласының әлеуметтік және инженерлік ин-фрақұрылымының дамуына жол ашады.

Зиянды және улы заттардың табиғатқа келтірер залалы мол. Аталмыш мекеменің осы мәселе-мен күрес шаралары жайында айтып өтсеңіз.

Бұл кәсіпорынның ерекшелігі – аталмыш кәсіпорында химиялық зауыттар секілді бірнеше руда өр-тейтін пештер немесе басқа да ауаны, жер қыртысын ластайтын арнайы қондырғылар көзделме-ген. Барлық химиялық үдерістер арнайы реакторлардың ішінде жүр-гізіледі және табиғатқа келтіретін экологиялық залалы өте төмен.

Сонымен қатар, ҚР-нда теңді-гі жоқ биохимиялық станса арқы-лы кәсіпорыннан шыққан шайын-ды сулар толық тазалаудан өтіп, Қаратау қаласының кәріз жүйесі-не жіберіледі. Сапалық құрамы жағынан салыстыратын болсақ, бұл шайынды сулар қаладан келе-тін сулармен салыстырғанда аса жоғары.

Алдағы уақытта қоршаған ор-таны қорғаудағы қауіпсіздік іс-ша-раларын жетілдіру және оларға жағдай жасау көзделіп отыр. Оның ішінде, зауыт айналасында сани-тарлық қорғаныш зонасын құру, яғни діңгек ағаш талдарымен кө-галдандыру және т.б. көптеген эко-логиялық қауіпсіздік амалдарын жүргізу жоспарлануда.

Жамбыл облысындағы бе-делді химиялық компания таби-ғат ресурстарын тиімді пайдала-ну сынды шаруаларды жүзеге асыруда заманауи техникалық құралдармен толыққанды қам-тамасыз етілген бе?

Әрине, казіргі таңда цианистік натрий өндіру барысында зауыт заман талабына сай озат заманауи Қытай Халық Республикасының технологияларымен толық жаб-дықталған. Нысанда орнатылған жабдықтар жоғары дәрежелі авто-маттандырылған өндіріс үдерісте-

Page 52: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

52

рі компьютерлік жүйелер арқылы жүзеге асырылады. Бұл жүйе жұ-мысшылардың қауіпті жұмыс ай-мағынан алыстатуына үлкен ық-палын тигізеді.

Сонымен қатар, бұл техника-лық құралдар пайдалануға жеңіл, өте тұрақты, әрі ұзақ мерзім бойы асқын жүктемемен жұмыс істейді.

Сұхбат барысын өзіңізге бұр-сақ. Жалпы өмір жолыңызға қысқаша тоқталып өтсеңіз.

1954 жылы ақпан айында Жамбыл облысы, Талас ауданы-ның Ақкөл ауылында дүниеге келдім. 1976 жылы Жамбыл Ги-дромелиоративті-құрылыс инсти-тутында оқып, инженер-құрылыс-шы мамандығын меңгердім.

Еңбек жолымды Жамбылауыл-құрылыс-20 Тресінің ПТО ПМК-2011 аға инженері, кейін оның бас-шысы болып бастадым. Әр жылда-ры Жамбыл облыстық атқарушы комитеті ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, күрделі құрылыс бо-йынша аға референт, күрделі құры-лыс бөлімінің басшысы, Жамбыл Гидромелиоративті-құрылыс инс-титутының күрделі құрылыс, ком-мерциялық қызмет проректоры, «Тараз» ВЭА бас директорының орынбасары, жүйелі және техно-логиялық зерттеулер институ-ты директорының орынбасары, М.Х.Дулати атындағы Тараз Мем-лекеттік университетінің ғылыми қызмет және халықаралық қаты-настар проректоры, Заң және эко-номика факультеттерінің деканы, Х.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз Институтының профессоры, «Ин-новациялар және реинжиниринг ҒЗИ» ЖШС директоры қызметте-рін абыроймен атқардым. Әлеу-меттану ғылымының докторы, ҚР Жаратылыстану ғылымдар Академиясының Академигі және экономика профессорымын.

2010 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін «Talas Investment Com-pany» ЖШС бас директорымын. Сонымен қатар, Жамбыл облыс-тық маслихат депутаты атанып, «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінің және Қазақстан Халқы Ассамблеясының ғылыми-сарап-шылық тобының мүшесімін.

СұхбаттасқанАйсұлу Сағынтаева

Page 53: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

53

ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ЗАУЫТ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру - ел экономикасын жаңғыртудың басты бағдары екендігін баса айтқан болатын. Аз уақыттың ішін-де елімізде аталған бағдарлама аясында бірқатар сапалы жұмыстар атқарылып, халықтың әл-ауқатын арттыруға жол ашылды. Бүгінде мемлекетіміз қалыптас-қан үдерістен де жоғары нәтижелерге құлаш ұруды басты міндет санап отыр.

Құрылыс материалдарының өндірісі ел экономикасының аса маңызды сала-ларының құрамына кіретін құрылыс кластерінің ажырамас бөлігі болып табылады. Қазақстанның құрылыс индустриясы 700-ге тарта өнеркәсіптік кә-сіпорындарды құрайды, олардың негізгі қызметі құрылыс материалдарын өндіру болып табылады.

«Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасы аясында мемлеке-тіміз үшін пайдасы зор жобалар, Елбасы Жолдауында міндеттелген тапсырмалар облыс орталықтарында да, аймаққа қарасты аудандарда да серпінді атқарылып отыр. Солардың бірі ретінде ертеңгі күні жергілікті шикізаттардан цемент, әртүрлі бетондық бұйымдар сынды құрылысқа аса қажетті материалдар өнді-ретін Жамбыл облысы, Талас ауданында орналасқан «Жамбыл Недр» ЖШС-ін айтуымызға болады.

Бүгінде ел танып, жұрт біл-ген, абыройы алысқа кеткен ор-далы Жамбыл облысының тарих керуені 1939 жылдан бастау ала-ды. Осы жылдар белесінде өңір-де елеулі оқиғалар мен іргелі өз-герістер орын алды. Жамбыл облысы - өндірісі қуатты және әлеуметтік салалары қарқынды дамып, ауыл шаруашылығы өр-кендеп, кәсіпкерлігі қанат жай-ған аймаққа айналып отыр. Қа-зіргі таңда «Жамбыл облысының индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2015-2019 жылдарға арналған өңірлік Ин-дустрияландыру картасына» ен-гізілген көптеген инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Мә-селен, облыс аумағында «Үдеме-лі индустриялық-инновациялық

даму» бағдарламасы аясында қол-ға алынған ірі жобалардың бірі ретінде жергілікті шикізаттардан цемент, әртүрлі бетондық бұйым-дар сынды құрылысқа аса қажетті материалдар өндіретін «Жамбыл Недр» ЖШС-ін айтуымызға бо-лады.

Жалпы, өнеркәсіп саласында облыс бойынша үстіміздегі жыл-дың қаңтар-қыркүйек айларында өндіріс көлемі 4377,5 миллион теңгені құрап, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 104,1 пайызға немесе 172,7 миллион теңгеге өскенін көрсетеді. Бұл са-ланың дамуы сөз жоқ, инвестиция тартуға байланысты екендігі анық. 2014 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында облыс бойынша негіз-гі капиталға салынған инвести-

цияның жалпы көлемі 7456,1 мил-лион теңгені құраса, ағымдағы жылда «Тalas Іnvestment Сompany» жауапкершілігі шектеулі серіктес-тігі бойынша 2,7 миллиард теңге,ал «Жамбыл Недр» ЖШС бойын-ша 264,0 миллион теңге көлемінде инвестиция тартылды.

Жамбыл облысындағы жер көлемі жағынан үшінші орынды алып, аграрлы-индустриалды ай-мақ саналатын Талас өлкесінде орналасқан «Жамбыл Недр» ЖШС-і жылына 300,0 мың тонна М-400, М-500 маркалы цементін өндіруді қолға алып отыр. Кәсіпорынның құрылысына 4,0 га жер телімі бө-лінген. Жалпы құны 1,6 млрд. тең-гені құрайтын зауытты іске қосқан жағдайда 150-200 адам жұмыс-пен қамтылады. Ал бүгінгі күнге

Page 54: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

54

200 адам жұмысқа қабылданған, жұмыспен қамту орталығы ар-қылы 87 жұмыссыз қабылданса, оның ішінде 29 жасқа дейінгісі – 21 азамат. Болашақта аталмыш зауыттың жанынан темір бетон өндіретін өндіріс орнының іске қосылуы жоспарлануда.

Қазіргі таңда зауытта 200-ге жуық адам жұмыс атқаруда. Ши-кізат көзі ретінде «Ақтау-5» карьерінің әктасы мен топырағын пайдалану көзделіп отыр. Зауытқа керекті құрал-жабдықтар 540,0 млн. теңгеге Қытайдан алып ке-лініп, кедендік рәсімдеуден өткі-зілді. Карьерге электр желілерін және әктас жолын жүргізуге жо-балық сметалық жұмыстар жаса-лынып, рұқсаттама құжаттары рәсімделуде. Бұдан бөлек, қазір-гі таңда зауыттың өзіне инфрақұ-рылым жүргізуге жобалық-сме-талық жұмыстар жасалынуда. Бү-гінде құрылыс жұмыстарының 70 пайызы жасалынды. Құрылысқа қатысты тапсырмаларды жүзеге асырудағы аудан тұрғындарының да қажырлы еңбектерінің маңы-зы зор. Негізінен, құрылыс ин-

дустриясы саласының шешуші сипаттамасын қамтамасыз ететін негізгі факторлары құрылыс жұ-мыстарының жоғары көлемі жә-не құрылыс материалдары болып табылады. Осы тұрғыда өндіріске қажетті құрылыс материалдары-ның жеткілікті көлеміне деген сұ-ранысты қамтамасыз ету - ел эко-номикасының түрлі салаларын дамытуға және елдің экономика-лық дамуының жоғары қарқы-ны тұрғындардың әл-ауқатының өсуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ, құрылыс кластері арқылы Отандық өндірісті жоғары сапа-лы құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету қазіргі уақытта күрделі құрылыс жұмыстарын жүргізудің тиімділігін арттыруда басым рөл атқарады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауында жаңа эко-номикалық саясаттың мәні мен маңызына тоқталып, бұл алдағы уақытта республикамыздың саяси стратегиялық және экономикалық дамуының мақсаттары мен мін-деттерін, әлемдік дағдарыстан

қиналмай шығудың жолдары ай-қындалған құжат ретінде қабыл-данғанын атап өтті. Осыған сәй-кес қуаттылығы жылына 300 000 тонна цемент шығаратын «Жамбыл Недр» ЖШС алдағы уақытта кө-лемін 1 000 000 тоннаға дейін ұл-ғайтуды және келешекте әр түрлі бетондық бұйымдарды шығаратын цех ашуды көздеп отыр. Жалпы, зауыттың ең басты бағыты ретінде кәсіпорынның құрылысқа қажетті сапалы материалдарды шығаруды көздейтінін атап өтуіміз қажет. Аталмыш зауыттың пайдаланып отырған шикізат көздеріне келер болсақ, цемент өндірудегі Извест-няк кен орны Ақтау-V (Арбатас) және Тамды ауылы маңындағы топырақ карьері қолданылады. Шығарылған цементтің 50 пайы-зы Жамбыл облысының құрылыс нысандарына қолданылса, ал қал-ған пайызы әртүрлі бетондық бұ-йымдарды шығаруға жұмсалады. «Жамбыл Недр» ЖШС-і 9,0 км арақашықтықта карьерге электр жарығының желілерін тартуға, 19,0 км арақашықтықта жеңіл көліктерге арналған жолдарды

Page 55: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

55

жүргізуге қажетті құжаттар мен жалпы зауытқа керекті инфрақұ-рылымның сметалық шығында-рының құжаттарын дайындауда. Сондай-ақ, «Жамбыл Недр» ЖШС алдағы уақытта «Сбербанк» АҚ-нан 280 млн. теңге көлемінде қа-ражат алуды көздеп отыр.

Жобаны жүзеге асырудағы негізгі табыс көздері ретінде құ-рылыс материалдарын өндіру са-ласында Қазақстан экономикасы-ның қарқынды дамуы, өндіріс орнында замануи талаптарға сай жаңа технологияның енгізілуі, Қазақстан экономикасының са-лық түсімінің көбейтілуі мен жа-ңа өнеркәсіптің ашылуы нәтиже-сінде облыс тұрғындарын жұмыс-пен қамтамасыз ету сынды жолда-рын атап айтсақ болады. Қазіргі таңда зауытқа қатысты инфрақұ-рылымдық құжаттар толыққанды дайындалуда.

Инновациялық-индустриялық даму – заманауи нарық талабы-ның сұранысына сәйкес қанағат-тандыратын жаңа технологиялар мен техникаға, ғылыми ізденістер

мен жаңашылдыққа негізделген экономикалық өсудің негізі болып табылады. Жүйелі өнеркәсіптік саясат қалыптастырудың негізгі мақсаты - ұлттық бизнестің бәсе-кеге қабілеттілігін арттыру, қолда-ныстағы өнеркәсіптік негіздерді жаңғырту, қайта құрылымдау және де толықтай алғандағы экономи-калық дамудың тұрақтылығы бо-лып қала береді. Бұл реттегі ма-ңызды міндеттердің бірі - тұрақты әрі жоғары өнімді жұмыс орында-рын құрып қана қоймай, оларды жоғары деңгейде, қазіргі заман та-лаптарына сай технологиялармен қамтамасыз етіп, одан әрі дамыту екендігі сөзсіз. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Үкіметтің кеңей-тілген отырысында Отандық өн-дірушілерді қолдауға шақырып, «Қазақстанда жасалған» жалпы-ұлттық науқанын өткізуді тапсыр-ғаны белгілі. Бүгінде елімізде Отандық өнім өндіріп, халық игі-лігі үшін жұмыс жасап отырған зауыттар мен жеке өнеркәсіп орын-дарының көбеюі көңіл қуантады. «Үдемелі индустриялық-иннова-

циялық даму» мемлекеттік бағ-дарламасы еліміздегі әрбір өңір-дің экономикалық-әлеуметтік ахуа-лына оң нәтиже беріп отыр әрі жа-ңадан жұмыс орындарының ашы-луының нәтижесінде қазынамызға салық түрлері де молынан түсуде.

Негізінен, «Үдемелі индус-триялық-инновациялық даму» бағ-дарламасы экономиканы әртарап-тандыру және оның бәсекеге қа-білеттілігін арттыру арқылы ор-нықты және теңгерімді өсуін қам-тамасыз етуге бағытталған. Инно-вациялы және жоғары өнімді жо-баларды енгізу - әлеуметтік мәсе-лерді шешуге және өңірдің ішкі өңірлік өнімінің ұлғаюына сер-пін бере алады. Жалпы, Отандық өнім – халық игілігінің кепілі. Сон-дықтан неғұрлым өз елімізде өн-дірілетін сапалы өнімдер көбейе түссе, соғұрлым халықтың да жа-салған өнімге деген сенімі артып, әл-ауқаты жақсара түсетіндігі бар-шамызға аян.

ДайындағанМеруерт Тілеулиева

Page 56: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

56

МұратханШүкеев

Page 57: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

57

ЕҢСЕЛІ ЕЛДІҢ КӨШБАСТАРЫ

Қазақстанның бүгінгі әлеуметтік-қоғамдық өсу көшіне ілесіп отырған тари-хы терең, сырлы мекен Байзақ өңірі болашағы жарқын, келешегі кемел еліміздің көп ғасырлы тарихына сапар шектіреді. Оған басты себеп - аудан орталығы Сарыкемер ауылындағы Байзақ бабамыздың алып ескерткіші. Батыр бабамыздың есімімен аталған аталмыш өңір бүгінде өркен жайып, қарыштап дамып келеді. Тараз қаласына қанаттас орналасқан алып аудан халқының бірлігі мен татулы-ғын нығайтуды көздеп, Елбасының алға қойған міндеттерін жүзеге асырып отырған аудан әкімінің бүгінгі күні өңірдің ауыл шаруашылығын одан әрі өркен-детіп, кәсіпкерлікті дамытуды басты нысанаға алып, мемлекеттік бағдарлама-лар төңірегіндегі қолға алған тірліктері көңіл қуантады. Назарларыңызға ауыл-шаруашылығы дамыған ауданды басқарып отырған басшы Шүкеев Мұратхан Жүнісәліұлымен болған сұхбатымызды ұсынамыз!

Мұратхан Жүнісәліұлы, өзіңіз басқарып отырған Байзақ ауданының тарихы мен өңірден шыққан белгілі тұлғалар жа-йында сөз қозғасаңыз.

Байзақ ауданы – Жамбыл об-лысының оңтүстігіндегі әкімші-лік аудан. 1938 жылы құрылған. Орталығы - Сарыкемер ауылы. 1930-1931 жылдары жаппай жүр-гізілген ұйымдастыру науқаны кезінде мал шаруашылығын кә-сіп қылған көшпелі жерлестер отырықшылық өмірге еріксіз көн-дірілген. Отызыншы жылдардың бас кезінде жүргізілген ұжымдас-тырудың нәтижесінде аудан бо-йынша кішігірім 42 ұжымшар ұйымдастырылған. Содан 20 жыл өткеннен кейін 1950 жылы 13 шаруашылыққа біріктіріліп, көп салалы ауыл шаруашылығы өндірісіне айналған.

1991 жылдан бері Қазақстан тәуелсіз, егеменді ел болып, на-рықтық қатынастарға көше баста-ғанда ауданда жекешелендіру нау-қаны кең өріс алды. Сондықтан ауданның саяси және шаруашы-лық құрылымдары түбегейлі өз-герістерге ұшырады. Бұрынғы колхоздар таратылып, солардың негізінде жеке шаруашылық қо-жалықтары құрыла бастады. Бар-лық билік тізгіні аудан мен ауыл әкімдеріне берілді. Қоқан ханды-ғының тепкісінен азат ету жолын-да қаза тапқан Байзақ батыр есімі берілді. Бұл ауданнан елімізге белгілі көптеген атақты адамдар шыққан. Мәселен, өшпес ерлік жасаған «Халық қаһарманы» Ғазиз Байтасов, атақты профессор-ғалымдар Нығметулла Киікбаев, Талас Омарбеков, Өмірбек Жүсіпбеков, халық әртістері

Шәріпбай Сәкиев пен Тұңғышбай Жаманқұлов, «Парасат» орденінің, Президенттің «Алтын барыс» кеуде белгісінің иегері Арғынбай Бекбосын, Олимпиада жеңімпазы Жақсылық Үшкемпіров, «Асыл арна» телеарнасының басшысы Мұхамеджан Тазабеков, айтыскер ақын Әзімбек Жанқұлиев, белгілі тілшілер Назира Бердалы мен Әйгерім Шаймерден т.б. елге бел-гілі тұлғалар шыққан.

Ауданда «Үдемелі индус-триалды-инновациялық даму» бағдарламасы негізінде қандай жобалар жасалынып жатыр? Инвестициялар тартылып жа-тыр ма?

«Үдемелі индустриалды-ин-новациялық даму» бағдарлама-сы аясында ауданда жалпы құны 2,3 млрд. теңгені құрайтын 3 ин-

Жамбыл облысы Байзақ ауданы

Page 58: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

58

вестициялық жоба («Жасұлан-Флора», «Тараз құбыр зауыты», «База-сервис» ЖШС-тері) іске асырылып, 170 жаңа жұмыс орындары ашылды. 2014 жылы аталмыш бағдарлама жоспарына Мырзатай ауылдық округіндегі «Әулие Ата-Феникс» ЖШС-нің құс етін өндіретін фабрикасының жобасы енгізіліп, қазіргі кезде тиісті жұмыстар іске асырылуда. Жобаның құны 1,950 млрд. тең-гені құрап отыр. 2015 жылдың қаңтар-ақпан айларында бөл-шек сауда айналымының көлемі 285,8 млн. теңгені құрап, 2013 жылмен салыстырғанда 25,4%-ға ұлғайған. Негізгі қорға салынған инвестициялардың көлемі 2015 жылдың қаңтар-ақпан айларын-да 219,7 млн. теңгені құрады. Бүгінгі күні «Сыбаға» бағдарла-масы бойынша 6 шаруа қожалық жалпы сомасы 73,7 млн. теңге көлемінде несие алуға АНК-на құжаттарын өткізді. Атап айтар болсақ, Түймекент ауылдық ок-ругінен «Түймекент-2030» ша-руа қожалығы 15 млн. теңге, же-ке кәсіпкер «Сегізбаев» 10 млн. теңге, Бәйтерек ауылдық округі-нен «Халиев» шаруа қожалығы 15 млн. теңге, Ботамойнақ ауыл-дық округінен «Заңғар» шаруа қожалығы 18 млн. теңге және Темірбек ауылдық округінен «Мұңал» шаруа қожалығы 6 млн. теңге несие алу үшін құжатта-рын өткізсе, Жалғызтөбе ауыл-дық округінен «Береке» шаруа қожалығының 9,7 млн. теңге қа-ражаты мақұлданды. Сондай-ақ, «Құлан» бағдарламасы бойын-ша да 5 шаруа қожалық жалпы сомасы 51,5 млн. теңге несие алу-ға АНК-на құжаттарын өткізді.

Ауыл шаруашылығы қар-қынды дамыған осы өңірде са-лық жүйелі түрде өтеліп отыр ма?

Аудандағы ауыл шаруашы-лығы өнімдерінің 2014 жылғы нақты көлемі 104,4 пайызды құ-рап отыр. Оның ішінде, өсімдік шаруашылығы - 107,6 пайызын, ал мал шаруашылығы - 101,0 пайызын алады. Дұрыс қаржы саясатын жүргізу нәтижесінде бюджет қаражатын тиімді пай-даланып, толық игеруде біршама оң жетістіктерге қол жеткізілді. Аудан бюджетінің 2015 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы орындалуы кірістер бойынша 104,8 пайызға қамтамасыз етілді. Ал бюджет шығындары бойынша жоспарда қаржының 99,5 пайызы игерілді. Салықтық түсімдер бо-йынша жоспар 123, 9 пайызға орындалды.

Байзақ ауданы қант қызылша-сы мен биязы жүнді қой, оларға қосымша астық, етті-сүтті мал, көкөніс, бақша, құс, жылқы өсі-руге және омарта шаруашылы-ғына маманданып келген. Бұрын-ғы 9 ұжымшар, 4 кеңшар, 2 құс фабрикасы 1997 жылдан әртүрлі саладағы шаруашылық түрлеріне біріктірілген. Жалпы, ауыл шаруа-шылығының әртүрлі салаларында 1711 шаруашылық нысаны бар. Сондай-ақ, аудан бойынша көкө-ніс сақтайтын 7 қойма бар. Оның екеуі «Қарлығаш» шаруа қожалы-ғының меншігіндегі қоймалар. Олар 2012 жылы соғылған, сы-йымдылығы 260 тонна. Аудан көлемінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін 8 цех жұмыс істейді. Оның ішінде: 3 шұжық, 1 өсімдік майын өндіретін, 2 ма-карон, 1 сүт, 1 нан өнімдерін шы-ғаратын цехтар тұрақты жұмыс атқаруда.

Ауыл тұрғындарын жұмыс-пен қамтамасыз етіп отырған ірі кәсіпорындарға тоқталып өтсеңіз.

Ауданның ірі кәсіпорында-рымен қаңтар-ақпан айларында 309,2 млн. теңгенің өнімі өнді-рілді. «Батыс Европа - Батыс Қытай» автожолы бойынан ашы-латын 10 шағын тауарлы сүт фермаларын ұйымдастыруға ниет білдірген шаруа қожалық-тарының құжаттары облыстық ауыл шаруашылығы басқарма-сына өткізіліп, жалға мал, құрал-жабдықтар және ауыл шаруашы-лығына қажетті құрал-жабдық-тарды алу үшін «Қазагроқаржы» АҚ-на алдын-ала төленетін 15 пайыздық қаражаттарын қарас-тыруда. Шағын тауарлы сүт фер-маларын соғуға ниет білдірген 10 шаруа қожалығының басшы-ларын «Қазагроқаржы» АҚ-ның Жамбыл облысындағы бөлімінің қызметкерлерімен кездесу ұйым-дастырылып, қажетті әдістеме-лік көмектер көрсетілу ұйымдас-тырылды.

«Ниет» шаруа қожалығы бү-гінгі күнге Алматы облысындағы асыл тұқымды мал зауытымен 100 бас құнажын алуға шарт жа-сасып, 50 басқа арналған тауар-лы сүт фермасының жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуде. Аудан бойынша шағын және орта кәсіпкерлік нысандарында 7828 адам жұмыспен қамтылған, ол 2014 жылмен салыстырғанда 10,0 пайызға өсіп отыр. Есепті мерзім-де шағын және орта кәсіпкерлік орындарының өндірген өнімі 1,3 млрд теңгені құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 2,7 есе өскен. 2015 жылдың 1 қаңтарында есепте тұрған жұмыссыздар саны – 177 адамды құрады. Жыл басынан жұмыс іздеуші ретінде тиісті ме-кемеге – 204 адам тіркелді. Оның ішінде 25 адам «Жұмыспен қам-ту-2020» бағдарламасының бі-рінші және екінші бағыттарына қатысушылар ретінде тіркелді.

Page 59: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

59

Тіркеуде қалған 179 адамның 104-і жұмыспен қамтылып, жұмыспен қамту үлесі 58,1 пайызды құрады.

Тағылымды тарихы бар қазақ елінде биыл үлкен той. Қазақ хандығының 550 жыл-дығы, Ұлы Жеңістің 70 жыл-дық мерейтойы, ҚР Конститу-циялық Заңына 20 жыл және ҚР Халықтар достығы Ассам-блеясының 20 жыл толуына орай қандай шаралар көзделу-де?

Бүгінгі күні осы жылда өт-кізілетін Қазақ хандығының құ--рылғанына 550 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясының және Қазақстан Республикасы Конс-титуциясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына байланысты іс-шаралар жоспары бекітіліп, жұмыстар атқарылуда.

Ауданда 6746 соғыс және ең-бек ардагерлері бар, оның ішінде 11-і Ұлы Отан соғысы ардагерле-рі. Аса құрметке лайықты қария-

ларымызға құттықтау сөздері айтылып, арнайы сыйлықтар табыс етіледі. Бөлімнің жылдық жоспарына сәйкес дәстүрге ай-налған аудандық «Халықтар достығы», «Жас толқын», «Алты Алашқа танылған ақын еді...» ат-ты ақындар айтысы т.б. шаралар ұйымдастырылуда.

Аудан аумағында 33 ұлт өкіл-дері тұрады. Түрік, орыс, кәріс, неміс ұлттық мәдени орталықта-ры жұмыс атқарады. Аудандағы әртүрлі ұлт өкілдері еліміздің әлеуметтік – экономикалық да-муына, ұлтаралық достастықты нығайтуға өзіндік үлестерін қосу-да. Қазіргі таңда «Қазақстан ха-лықтар достығы Ассамблеясы-ның» Байзақ ауданындағы орта-лығында мерекені атап өтуге да-йындық жұмыстары жүргізілуде. Мерекелерге дайындық шеңбе-рінде мәдениет мекемелерінің материалдық, техникалық құрыл-ғылары нығайтылып, музыкалық құрал-жабдықтар, сахналық

киімдер алынып, дайындық жұ-мыстары жүргізілуде.

Журналымыздың дәстүрлі сұрағын қоя кетсем, Сіз үшін «Тәуелсіздік» қандай ұғым? Оның қадірі мен қасиеті неде?

Тәуелсіздік - мен үшін ата-бабамның қанымен келген қасиет-ті ұғым. Тәуелсіздіктің маңызы зор. Оның қадірі мен қасиетін түсіну - біздің Отан алдындағы борышымыз. Тәуелсіздік ұғымы кеше немесе бүгін қалыптасқан жоқ. Оның сан ғасырлық тарихы бар. Сондықтан ата-бабамыз аңсаған осы бір киелі ұғымның қадірі мен қасиетін ұрпақтары-мыз қастерлеп жүрсе екен дей-мін. Тәуелсіздігімізді қадірлеп, қастерлеу, бейбіт өмір сүріп жат-қанымызға шүкірлік ету - әрбір жүрегі «қазақ» деп соққан аза-маттың парызы.

СұхбаттасқанАқбөпе Әбдрасул

Page 60: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

60

ЖІГЕРЛІ АЗАМАТТЫҢ ЖАРҚЫН ІСІ

Индустрияландыру - еліміздің экономикасын серпінді дамытып, бәсекеге ба-рынша қабілетті отыз елдің қатарына қосатын бірден-бір жол. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің жыл сайынғы Жолдауларында индус-трияландырудың экономиканы жаңғыртудың басты бағдары болып қалатынын және оның елімізде жалпы ұлттық іске айналу керектігін ерекше қадап айтып келеді. Осы бағытта елімізде көптеген игілікті істер қолға алынып, жүзеге асы-рылуда. Мұның өзі ішкі және сыртқы нарықты бәсекеге қабілетті сапалы тауарлармен толықтыруға кең жол ашуда. Импортты алмастыратын, халыққа аса қажетті тауарлар өндіретін алып жобаларды жүзеге асыру - кез келген елдің экономикасын серпінді дамытары сөзсіз. Бүгінгі күні түрлі салалар қамтылған кәсіптерін ашып, қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізіп отырған азаматтары-мыз қаншама.

Назарларыңызға жаңа технологияға негізделіп жасалған ірі жобаның баста-машысы, өз кәсібі арқылы 30 - ға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырған «База Servis» ЖШС-нің басшысы Рүстем Сейдахметұлымен болған сұхбатымызды ұсынамыз!

Page 61: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

61

Рүстем Сейдахметұлы, ал-дымен «База Servis» ЖШС-нің құрылу барысы мен негізгі өндіретін өнім түрлеріне тоқта-лып өтсеңіз.

«База Servis» ЖШС - өз жұмысын 2006 жылдан бастады. Елбасының «»Қазақстан-2050» стратегиясындағы «Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында: «2050 жылға қарай Қазақстан өзінің өндірістік ак-тивтерін ең жаңа технологиялық стандарттарға сәйкес толық жа-ңартуы тиіс. Біз экспортқа ба-ғытталған шикізаттық емес секторда кеңейтуге негізделген жаңа өндірісті дамытуға тиіспіз» деген міндет қойды. Бұл бағытта елімізде бүгінгі күннің өзінде ауыз толтырып айтуға тұрарлық көптеген игілікті істер қолға алынуда. Осыған орай аталмыш зауытымыз жаңа технологиялық стандартқа сай Оңтүстік Корея технологиясы бойынша жұмыс жасайды. Бүгінде кәсіпорын 30-ға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр, орташа жа-лақылары - 45 мың теңге. Айына 150 мың өнім түрін өндіреді, атап

айтсақ, құм блоктары, бөлінген құм блоктары, қабырғаға арнал-ған блоктар және де М20 маркалы әрлеу кірпіштерінің түрлі-түсті (сұр, қызыл, жасыл) түрлерін шығарады. Аталған тауарлардың сапасы жоғары әрі қаражаттың 30 - 40 пайызын үнемдеуге септігін тигізеді. Түрлі - түсті әрлеу кір-піштерінің басты ерекшелігі – дыбыс өткізбейтіндігі мен жылу-ды сақтауында және де темпера-тураның күрт өзгерісіне төзімді-лігі мен жоғары дәрежедегі ыл-ғалдылықта да өз қалпын сақтай-тындығында.

Аталмыш кәсіпорын қолға алған «Кірпіш зауыты құрылы-сы» жайлы айтып өтсеңіз.

Индустрияландыру картасы-на енген жобалардың ішінде ин-новациялығы жөнінен Жамбыл облысы 2011 жылы елімізде «Инновациялық белсенді кә-сіпорындарының үлесі» индика-торы бойынша екінші орынды иеленді. Бұл облысымызда ел экономикасын дамыту жолында-ғы кәсіпорындардың үлесі зор екендігін аңғартады.

«Кірпіш зауыты құрылысы» жобасының құны - 300 млн. теңге, ал жобаның жылдық қуаттылығы - 3,0 мың ламинат өндіру. Жоба бойынша 10 жаңа жұмыс орын-дары ашылған. Бұл өндіріс жылы-на 15 млн. дана кірпіш шығарады. «База Servis» ЖШС базасында іске қосылған кірпіш зауыты да жаңа технологияларға негізделіп құрылған. Кәсіпорын өндірген өнім Жамбыл облысын түгелімен және басқа да Қазақстанның қа-лаларын қамтамасыз етеді. Қуат-тылығы жылына 1 814400 дана құм блогын шығарады. Облыста жұмыс барысы қарқынды жүріп жатқанын ескерсек, кірпіш зауы-ты алдағы уақытта табыстың тайқазанын қайнатарына сөзсіз сенімдіміз.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында құрылған жобалар бар ма?

Индустриялық инновациялық жобалар негізінен Тараз қаласын-да емес, аудандарда орналасқан. Тіпті, өндіріс орындарының 70 пайызға жуығы ауылдық жер-лерде орналасқандығын және

Page 62: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

62

сол арқылы аймақтардың әл - ауқатын арттыруға мүмкіндік туып отырғанын айрықша атап өту қажет. Бұл - үлкен жетістік. Осыған сәйкес мемлекеттік бағ-дарламалар аясында көптеген жобалар облысымызда жүзеге асырылып келеді.

«База-Servis» ЖШС-нің жо-ғарыда аталған «Кірпіш зауыты құрылысы» жобасы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарлама-сы аясында «Цесна Банк» Ак-ционерлік қоғамынан 265 мил-лион теңгені 7 пайыздық үсте-мемен алып, 2012 жылы іске қосылды. Жобаны жүзеге асыру үшін тағы да 35 миллион теңге өз қаражатымыз жұмсалды. Әр-леу кірпіштері мен құм блокта-рын шығаратын өндіріс орны былтыр 1 145230 дана құм бло-гын, 18917 дана әрлеу кірпішін және 247115 дана қабырға бло-гын шығарды. Құрылысқа аса қажетті материал шығаратын зауыт «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында іске қосылып, қазіргі таңда бәсекеге қабілетті кәсіпорындардың біріне айналып отыр.

Сұхбат барысын өзіңізге бұрсақ. Өмір жолыңызға қыс-қаша тоқталып өтсеңіз.

1985 жылы Тараз қаласында дүниеге келгенмін. 2003 жылы Тараз мемлекеттік университетінің экономика және бизнес факультеті бойынша экономист мамандығын меңгеріп шықтым. Жұмыс жолын «Темірбанк» АҚ-да несие маманы ретінде бастап, 2009-2012 ж.ж. аралығында Жамбыл облысы бо-йынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде аға тергеуші лауазымында қызмет атқардым. 2013 жылдан бастап «База Servis» ЖШС-де басшылық жасап келемін.

СұхбаттасқанАқбөпе Әбдрасул

Page 63: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

63

ЖОҒАРЫ САПАДАҒЫ ОТАНДЫҚ ФАБРИКА

Бүгінде елімізде жауапкершілік жүгін арқалап, қоғамымыздың саяси, әлеумет-тік, экономикалық, тыныс-тіршілігін таразылай білетін, зор ұйымдастырушылық қасиетпен, кәсіби іскерлік, парасаттылықпен халықтың әл-ауқатын жақсарту-дағы жүргізіп отырған дәйекті де үйлесімді Елбасы саясатының арқасында эко-номикалық алға жылжуға қол жеткізіп келеміз.

Кез келген істі бастамас бұрын қажырлы болу керек. Бұл - өмір заңдылығы. Әйел заты бола тұрып, ел дамуына үлес қосып отырған барлық атқарған мәртебелі қызметтерде жоғары белсенділік танытып, ел ішінде үлкен беделге ие болып отырған нәзік жандыларымыз қаншама.

Отандық өндіріс компанияларының сатылымда қалыптасуына мүмкіндік бере-тін ҮИИД бағдарламасы аясында өзіндік үлес қосып отырған құс фабрикасы жұ-мыс жасап отыр. Таңдаған мамандығының қыры мен сырын шебер меңгеріп, қазіргі таңда ірі кәсіпорын басшысы лауазымында қалтқысыз қызмет атқарып отырған білікті басшы, Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы «Әулие-Ата Феникс» ЖШС-нің директоры Жүнісова Фарида Амансарықызымен болған сүбелі сұхбатымызды ұсынамыз!

Page 64: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

64

Фарида Амансарықызы, алдымен «Әулие-Ата Феникс» ЖШС-нің құрылу барысы мен негізгі бағыттары жайлы айтып өтсеңіз.

«Әулие-Ата Феникс» ЖШС 2010 жылдың 11 қарашасында құрылды. Құрылу барысы мен негізгі бағыты – бройлер құс етін өндіру, облыс және жақын аймақтарды қамтамасыз ету. Құны 1, 376 млрд теңгені құ-райтын бұл «Әулие-Ата Фе-никс» компаниясы жоғары технологиямен жабдықтал-ған. Құс фабрикасы құс етін тереңдете өңдеу арқылы жы-лына 3,5 мың тонна етті тұ-тынушыға ұсынып отыр.

Құс фабрикасының аума-ғы 500 гектарға жуық жерді алып жатыр. Мұның өзі бізге келешекте өндіріс қуаты мен өнім өндіруді арттыруға үлкен мүмкіндік береді. Кәсіпорын жобалық қуатын игергеннен кейін біраз уақыттан соң оны кеңейтіп, жылына 20 мың тон-на құс етін өндіретін боламыз. Мұның өзі облысымызда та-ғамның осы түріне деген іш-кі нарықтағы сұранысын то-лық қамтамасыз ете алады. Бізге қазірдің өзінде еліміздің бірқатар қалалары және Ресей-дің кәсіпкерлері бройлер етін

сатып алуға қызығушылық та-нытуда. Ал біздің басты мақса-тымыз - әуелі облыстағы ішкі нарықты қамтамасыз ету болып табылады.

«Әулие-Ата Феникс» ЖШС - Жамбыл облысын-дағы ірі кәсіпорындардың бірі. Осы тұста аталмыш мекеменің алға қойған жоба-жоспарларымен бөліссеңіз.

Біздің алға қойған жоба-жоспарымыз – әуелі облыс ай-мағын, содан соң жоба мөлше-рін ұлғайтып, басқа аймақтар-ға және көршілес мемлекеттер-ге өнімімізді экспорттау, яғ-ни 2015 жылда 3500 тонна құс етін өндіріп, алдағы 2020 жылға дейін жылына 15 000 тоннаға дейін ұлғайту. Біздің өнеркәсіп жаңа еуропалық технологиямен қамтылып, бүкіл құрал-саймандар Нидерланды мемлекетінен алып келініп, құрылуда, яғни шағын аумақтағы климаттың өзгешеліктері және жаңа жы-лу беру технологиясын қол-дануда.

Елімізде кәсіби құс ша-руашылығы – басқа шаруа-шылықтармен салыстыр-ғанда, ең дамыған саланың

біріне айналып келеді. Осы-ған орай қолға алынған «Құс фабрикасын қайта жарақтандыру» жобасы жайлы толыққанды ай-тып өтсеңіз.

Біздің жоба индустриал-ды-инновациялық картаға ен-ді. Өндіріс орны іске қосыл-ған кезде облыстың ішкі на-рығындағы құс етіне деген сұраныстың 60 пайызын өтей-тін болды. Мен ұзақ уақыттан бері кәсіпкерлікпен айналы-сып келемін. Халқымызда «Сауда түбі – борыш, шаруа түбі – кеніш» деген сөзі текке айтылмаса керек. Алып сатар-лықпен алысқа бара алмайсың. Өндірісін өркендеткен ел ғана өркениет көшіне ілесе алады. Өтімді өнім өндіру үшін әуе-лі нарықты мұқият зерттедік. 2012 жылы Байзақ ауданының

Page 65: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

65

Мырзатай ауылдық округінде-гі бұрынғы қирап, қаңқасы қалған құс фабрикасын сатып алдық. Сөйтіп, 2013 жылдың соңында ет бағытындағы бройлер тауығын өсіретін фабрика салуды бастадық. Әуелі кәсіпорынның ауласын қоршап, тауықханалар соғып, төбесін жаптық. Әлбетте, алып құрылысты салып, пай-далануға беру үшін қыруар қаражат керек. Қолға алған ісімізді баянды ету үшін мем-лекет көмегіне сүйендік.

Бүгінде өнеркәсіп Жамбыл облысының құс етіне деген сұ-ранысын 60-70% қамтамасыз етіп отыр.

«Шағын және орта кәсіп-керлікті дамыту» бағдарла-масы аясында қандай жұмыс-тар жүргізілуде? Мемлекет

тарапынан қандай да бір қол-дау көрсетілуде ме?

«Шағын өнеркәсіпті да-мыту» бағдарлама бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы 1 376 000 000 тенге бөлініп, жұмыс шаралары жүргізілуде және «Бизнестің жол карта-сы-2020» бағдарламасы бо-йынша мемлекет тарапынан сыртқы инфрақұрылымға (электрлендіру, газ құбырын тарту, су іркуіш құрылысы және кәріз жүйесі) 547 000 000 теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде.

Сұхбат барысын өзіңіз-ге бұрсақ. Қай өңірдің тума-сысыз, өмір жолыңызға қыс-қаша тоқталып өтсеңіз.

Мен, 1969 жылы 23 мау-сымда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жәйләукөл ауылында дүниеге келдім. 1986 жылы мектепті бітіріп, 1987 жалдан 1989 жылға дейін Жамбыл облыстық статистикалық тех-никумында оқыдым. Оны бі-тіріп, өнеркәсіп бухгалтері ма-мандығын алдым. 1990-1995 ж.ж. Жамбыл облысының Ау-мақтық Тұтынушылар Ода-ғында азық-түлік бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқардым. 1996-2006 ж.ж.

Павлодар облысында жеке кә-сіппен айналыстым. 2006 жылы Павлодар Мемлекеттік Универ-ситетінің «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығына оқуға түсіп, оны 2009 жылы бітірдім. 2010 жылы Тараз қаласына кө-шіп, сол уақытта «Әулие-Ата Феникс» ЖШС-ін құрып, Жамбыл облысы Байзақ ауданы Мырзатай ауылында орналасқан 3500 тон-на бройлер құс етін өндіретін құс фабрикасын ашылуына бай-ланысты жұмыс атқарып отыр-мын.

Сіз «Тәуелсіздік» ұғымын қалай түсінесіз? Оның қадірі мен қасиеті неде деп ойлай-сыз?

Тәуелсіздік дегеніміз – ұлт-тық сана. Тәуелсіздік – адами болмысымыздың, өміріміздің қайнар бұлағы. Дүниеде жарал-ған тіршілік иесінің әрқайсысы-ның болашақ өмірі тұтастай Тәуелсіздікке, бостандық пен азаттыққа байланысты. Тәуел-сіздік, ең бастысы, өзімізді тең құқықты адам сезінетін теңдік, еркіндік. Бүгінгі өміріміздің барлық жақсылығы – тікелей Тәуелсіздігіміздің жеңісі деп айтуға болады.

СұхбаттасқанЖадыра Мұсабай

Page 66: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

66

ӘуелханТұрғымбеков

Page 67: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

67

ТАРИХЫ ТЕРЕҢ КИЕЛІ ӨЛКЕ

ОҚО Төлеби ауданы

Бүгінгі күні қоғам бірлігінің нәтижесінде мемлекетіміз қарқынды дамып, келешегі кемелденіп, түрлі жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Туған елдің туының астында бірігіп, туған жердің тұғырын биік етуге бел шешкен азаматтарымыз облыс төңірегінде болсын, аудан аралығында болсын қасиетті байрағымыздың көкте мәңгі желбіреуіне, еліміздің абыройының артуына, халқымыздың әл-ауқатының жақсаруына септігін тигізіп, көптеген өмірлік маңызы бар жұмыстар атқаруда.

Назарларыңызға сын кезеңдерде бүкіл халқымыздың бірлігі мен елдігіне ұйытқы болған қазақтың ұлы биі Төле бабамыздың есімімен аталған өңірдің басшысы Тұрғымбеков Әуелхан Елтайұлымен болған сұхбатымызды ұсынамыз!

Әуелхан Елтайұлы, алды-мен өзіңіз басқарып отырған Төлеби ауданының кешегісі мен бүгінгі жай-күйіне тоқталып өтсеңіз. Ауданнан шыққан қан-дай танымал тұлғалар бар?

Адамзат өріп тараған қасиет-ті Қазығұрт пен Төлеби өлкесі - жаугершілік заманда Ұлы Жібек жолы бойында тоғысқан тарихи жер. Төлеби ауданы Шымкент қаласының оңтүстік-шығысын-дағы Өгем, Қаржантау, Алатау, Қазығұрт елді мекендерінің бөк-теріне, Бадам, Сайрам-су, Ақсу және Қасқасу өзендеріне жақын орналасқан. 1932 жылы Ленгер ауданы болып құрылған бұл өңір 1991 жылы Төлеби ауданы болып ауыстырылды. Жері шүйгін, ауа-сы таза, суы бал ғажайып өңір - мал шаруашылығымен де, егін шаруашылығымен де айналысуға қолайлы аймақ. Төлеби ауданын-да 1 қала, 12 ауылдық аймақ бар. 2014 жылы аудан халқы 115,8 мың адамды құрады. Ауданда 35 өзге ұлт өкілдері тұрады.

Бар Алаштың мақтанышы Төле бабамыздың есімі берілген аталмыш өңірден шыққан қан-шама өрендеріміз Ұлы Отан со-ғысы жылдары жаумен арпалы-сып, теңдесі жоқ ерлік көрсет-ті. Қарақозы Әбдәлиев, Қосан Мамытов сынды арыстарымыз жаумен шайқаста көрсеткен ер-лігі үшін Кеңестер Одағының Батыры атағына ие болды. Ел төсінде, еңбек майданында ат-қарған ерен еңбектері жоғары бағаланып Жолымбек Қайназаров, Садық Көлбаев, Өсербай Нұрбауов, Сара Оңғарбаева, Орынкүл Көпбаева сынды ата - апаларымыз Социалистік Еңбек Ері атанды. Жыр алыбы Қазанғап Байболов, талантты ақын Қуаныш Төлеметов, қылқалам шебері Молдағали Қалдыбаев, кескіндеме шеберлері Тоқболат Тоғысбаев пен Құрасбек Тыныбеков, ақын Мұхтар Шаханов, сахна жұлдыз-дары Нұрлан Өнербаев, Байғали Есеналиев, Гүлнәр Сихымбаева, Алтынай Жорабаева секілді осы

өңірден шыққан ел мақтанышта-рының есімдері халыққа кеңінен таныс.

Төлеби ауданының қазір-гі таңдағы әлеуметтік - эконо-микалық жағдайы қандай?

Қырыққа тарта ұлттың өкілі ұрпақ өсіріп, ұлағатты тірліктің түтінін түзу ұшырған аудан ау-мағындағы 62 елді мекенде 100-ге тарта білім ошақтары, 70-ке жуық денсаулық сақтау мекемелері және 52 мәдениет үйі халыққа қызмет жасауда.

Аудандағы аумақтық өнім 2014 жылы 6,7 млрд. теңге бол-са, 2015 жылы 0,8 млрд. теңгеге артып, жан басына шаққанда 64,9 мыңға жетті. 2015 жылдың ақпан айында орташа жалақы 67 956 теңгені құрады. 2015 жылдың ақпан айында ауданға бағыттал-ған инвестициялар көлемі 985,8 млн. теңге, оның ішінде кәсіп-керлік субъектілері тарапынан 937,8 млн. теңгенің инвестиция-лары тартылып, 95,2 пайызға жетті. Ауданның 34 елді меке-

Page 68: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

68

ніндегі халықтың 71 пайызы табиғи газды пайдалануда. Об-лыстық бюджет есебінен 2015 жылға 607,0 млн. теңге қарасты-рылып, қалған елді мекендерге газ құбырларын тарту жұмыс-тары жүргізілуде. Бүгінгі күнде кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндер саны 14426 адамға жетті. Шағын және орта бизнес саласында өндірілген өнім және көрсетілген қызметтер көлемі 5 млрд. 886 млн. теңге болды.

Несиелендіру саласында ау-дан бойынша жалпы қаржылан-дыру көздерінен «КазМикроФи-нанс», «Алатау Кредит», «Арнұр Кредит», «Төлеби» несие серік-

тестіктері, «Даму» және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қол-дау» қорлары арқылы кәсіпкер-лікті дамыту мақсатында 2015 жылдың ақпан айында 930-ға жуық жеке азаматтарға 329 млн. 750 мың теңгеге несие берілді. Кәсіпкерлерді қолдау мақсатын-да ауданда «Кәсіпкерлерге қыз-мет көрсету орталығы» баста-масымен 2015 жылы 75 кәсіп-керге кеңес беріліп, 18 кәсіпкер-ге әртүрлі құжаттарды рәсімдеу-ге көмек көрсетілді. Ауданда 1044,95 шақырым жол болса, оның ішінде облыстық маңызы бар жолдар - 292,9 шақырымды, аудандық маңызы бар жол - 113,05 шақырымды, ал ішкі көшелер 639,0 шақырымды алып жатыр. Сондай-ақ, республикалық және

облыстық бюджеттерден Бірінші Мамыр елді мекеніндегі Наурыз көшесінің 1,7 шақырымын, Сель-повская көшесінің 1,6 шақыры-мын, Таубай ата көшесінің 1,4 шақырымын, Ынтымақ көшесінің 2,3 шақырымын жөндеуге 80,9 млн. теңге қарастырылды. Ауыз су мәселесіне келер болсақ, 51 елді мекен немесе халықтың 93,6 пайызы сапалы ауыз сумен қамтылып отыр. Ал «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Қайнар, Аққұм, Момынай, Жі-ңішке елді мекендерінің ауыз су құбырларының ағымдағы жөндеу жұмыстарына республикалық бюджеттен 90,4 млн. теңге бөлі-

ніп, 4 елді мекен мен 1 су жинақ-тауыш ғимаратының құрылысы-на республикалық және облыстық бюджеттерден 1 млрд. 237 млн. теңге қарастырылды.

Аталмыш аймақтағы «Қол

жетімді тұрғын үй салу 2020» бағдарламасы аясында атқары-лып жатқан жұмыстарға тоқ-талып өтсеңіз.

Ленгер қаласының І мөлтек-ауданындағы 7,2 гектар жер телі-міне 21 көп қабатты тұрғын үй құрылысын жүргізу жоспарлан-ған. Бүгінгі күнде 9 көп қабатты тұрғын үйлердің жобалық – сме-талық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Бағдар-ламаны орындау мақсатында 2014

жылы сметалық құны 318495,0 мың теңгені құрайтын 5 қабатты, 60 пәтерлі бір коммуналдық тұр-ғын үйдің құрылысы жүргізілді. 2014 жылы құрылыс- монтаж жұмыстарын бастау үшін рес-публикалық бюджеттен 93387,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 25108,0 мың теңге бөлініп, иге-рілді. Облыстық құрылыс бас-қармасында өткізілген мемлекет-тік сатып алу конкурсы нәтиже-сінде мердігер мекеме «Өркен» ЖШС-гі жеңімпаз болып таныл-ды. Бүгінгі күнде нысан басында жер қазу жұмыстары мен I-IV қабаттың қыш қалау жұмыстары 100 пайызға орындалып, V қа-

баттың қыш қалау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, осы үй-лерді инженерлік - коммуника-ция жүйелерімен қамтамасыз ету мақсатында сметалық құны 496507,0 теңгені құрайтын жоба әзірленіп, құрылыс жұмыстарын бастауға облыстық бюджеттен 200000,0 теңге бөлініп, игерілді. Бүгінгі күнде нысан басындағы қазандық ғимаратының құрылы-сы - 95 пайызға, ауыз су құбы-рын жүргізу - 35 пайызға, электр бағаналарын орнату жұмыстары 80 пайызға орындалып отыр.

Төлеби ауданында туризм саласын дамыту мақсатында қандай жұмыстар жүргізілуде?

Төлеби ауданы Оңтүстік Қазақстан облысының орталы-

Page 69: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

69

ғы Шымкент қаласының шы-ғысындағы Алатау жоталары мен Жабағылы тау, Балдыберек, Бұғылытау болып тізбектеле ке-ліп, Талас Алатауының батыс сілемдерін құрайтын жерде ор-наласқан. Ауданның батыс бө-лігі біршама тегіс алқаптардан басталып, шығысында Оңтүстік Қазақстан облысындағы теңіз деңгейінен есептегендегі ең биік абсолюттік нүкте Сайрам шыңы-на дейін көтеріледі. Ауданымыз көршілес Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерімен шектеседі. Әлемге әйгілі Ақсу-Жабағылы қорығының 99474 гектары Төлеби ауданының аумағында.

Табиғаты шұрайлы ауданы-мызда еліміздің экономикасын жақсартуға арналған туристік инфрақұрылымды дамытуға арналған көрікті мекендер көп. «Алатау» тау шаңғысы базасы, «Таусамалы», «Біркөлік» дема-лыс аймағы, «Айнабұлақ», «Eko Villaige Kaskasy», «Ақ мешіт» шатқалдарындағы демалыс аймақтары - бірінші кезекте келушілердің қызығушылығын тудыратын әрі ауданымыздың әлеуметтік – экономикалық жағдайының жақсаруына жол ашатын, аудан бюджетіне қо-мақты қаржы түсіретін негізгі сала. Тау шаңғысы туризмін дамыту мақсатында 2003 жыл-дан бері «Алатау» тау шаңғы базасы жұмыс атқарады. Тау

шаңғы базасы аудан орталығы Ленгер қаласынан 25 шақырым қашықтықта Батыс Тянь-Шань тауының етегінде «Тау самалы» шатқалында орналасқан. Тау шаң-ғысы жолының ұзындығы 1300 метрге созылған. Базада көктем, жаз айларында демалушылар үшін атпен серуендету маршруттары жасалынған. Бір мезетте 1300 адамға дейін қызмет көрсету мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, Қасқасу тау шатқалынан «Қасқасу» тау шаңғысы демалыс аймағын салу үшін Үкімет арнайы қаулы қабылдап, құрылыс жұмыстарын жүргізуге 56,8 гектар жер бөлінді. 2011 жылға республикалық бюд-

жеттен 103 млн. 516 мың теңге қаражат бөлініп, «Арна Проект» ЖШС-гі арқылы инженерлік-коммуникациялық жүйелерін жүргізу жұмыстары жүргізілді. Аталған нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізу әр кезең бойынша 2017 жылға дейін жос-парланған. Бұл жоба іске асқан жағдайда аудан және облысымыз-да тау шаңғы туризмін дамытуға мол мүмкіндіктер туатыны анық. Сонымен қатар, 1000 адам тұрақ-ты жұмыспен қамтылатын болады.

Жалпы, ауданымызға жыл сайын шет елдерден 1300-ге жуық туристер келеді. Келуші туристер-ді негізінен ауданның табиғаты мен қазақтың салт-дәстүрлері, қонақжайлылығы қызықтырады. Бүгінгі таңда аймақтық туризм

саласында 200-ден астам адам жұмыспен қамтылған, алдағы уақытта 1300 адамды тұрақты жұ-мыспен қамту жоспарлануда.

Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мен Қазақстан Рес-публикасы Конституциялық заңының 20 жылдығы және Халықтар Достығы Ассамблея-сының 20 жылдығына орай қандай шаралар жоспарланып отыр?

Қазақ хандығының 550 жыл-дығына арналған «Ақ Орда» жыр мүшәйрасы мен «Қазақ хандарының шежіресі» атты

ғылыми семинар өткізу жоспар-лануда. Сондай-ақ, тамыз айын-да Қазақстан Республикасы Конс-титуциясының 20 жылдығына орай облыстың, ауданның дамуы-на елеулі үлес қосқан азаматтар-ды марапаттау, «Егемендік тұғы-ры-Ата заң» атты ғылыми-тәжі-рибелік конференция өткізу, «Тәуелсіздіктің тірегі-Ата заң» атты салтанатты іс-шаралар мен аудандық патриоттар фору-мын өткізу және мерекелік кон-церт пен театрландырылған қо-йылым ұйымдастыру жоспарда бар.

СұхбаттасқанМеруерт Тілеулиева

Page 70: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

70

ТАНЫМЫ МОЛ ТӨЛЕБИ

Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан Төлеби ауданының тамаша табиғаты туризмге таптырмас ең қолайлы мекеннің бірі. Тау баурайындағы сұлулығы өзгеше өңірдің шекарасы көршілес Өзбекстанмен және Қырғызстанмен түйісіп тұр. Шымкент қаласының іргесіндегі ауданның облыс орталығымен жақын қоныстануы да жергілікті тұрғындардың тұрмыс-тіршілігін жандандыруына жақсы мүмкіндік туғызып отыр. Төлеби ауданы - көркі көз тартқан жер, саф ауа, мамыражай көрініс пен басын қар шалған айбарлы таудың аясында орын тепкен ерекше аймақ.

«Өткенін қастерлей білмеген халық құрдымға кетеді» демекші, Төлеби ауданының қалыптасу кезеңіне көз жүгіртер болсақ, 1932 жылы негізі құрылған аудан 1991 жылға дейін Ленгер ауданы деп аталып келген. Ал, 1991 жылы қазіргі Төлеби атауын алды. Қазіргі таңда Шымкент қаласынан 25 шақырым қашықтықта орналасқан Ленгер қаласы - Төлеби ауданының орталығы. Аудан жері 59 елді мекенге, 1 қалалық және 13 ауылдық округке біріктірілген. Жерінің аумағы Оңтүстік Қазақстан облысының 2,6 пайызын қамтып отыр. Шығысында Талас Алатауы, оңтүстік-батысында Өгем, Қаржантау, Қазығұрт тау сілемдерінің бөктері орналасқан. Батысындағы жазықта және тау аңғарларында егіншілікке жарамды суармалы жерлер, жайылымдар, жеміс ағаштары кездеседі. Кен байлықтарынан қоңыр көмір, құрылыс

материалдары өндіріледі. Бүгінде аумағы 3 мың 100 шаршы шақырымды алып жатқан өлкеде 130 мыңнан астам халық мекендейді. Халқы көп ұлтты, негізгі бөлігін - қазақтар, ал қалған 30 пайызын - өзбек, түрік, әзірбайжандар құрайды.

Қасиетті де ғажайып өлкеде небір дарынды да өнерлі таланттар дүниеге келген. Ауданнан шыққан жыр алыбы Қазанғап Байболов, талантты ақын, қоғам қайраткері Қуаныш Төлеметов, тума талант, қылқалам шебері Молдағали Қалдыбаев, кескіндеме шеберлері Тоқболат Тоғысбаев, Құрасбек Тыныбеков, есімі әлемге әйгілі қос өнердің тарланы Бексейіт Түлкиевтердің асыл бейнесі ел жадында мәңгі сақталады.

Сахна жұлдыздары Нұрлан Өнербаев, Байғали Есеналиев, Алтынай Жорабаева, Гүлнар Сихымбаева,

Page 71: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

71

опера әншілері Болат Бөкенов, Гүлзат Дәуірбековалар ел мақтаныштары.

Сын кезеңдерде бүкіл халқымыздың бірлігіне, ынтымағына, елдігіне ұйытқы болған қазақтың көреген биі атанған Төле биіміздің есімі берілген бұл ауданның ауыл шаруашылық саласы - аудан бюджетінің негізгі және тұрақты табыс көздерінің бірі. Негізінен сүтті-етті мал, биязы жүнді қой, астық, картоп, жібек кұртын өсіруге маманданған 8 ұжымшар, 4 кеңшар болған.

Ауданның ауыл шаруашылығы бойынша тауар өндірушілері негізінен бидай өсіруге (барлық егіс көлемінің 41,7 пайызы) маманданған. Соның ішінде 13,3 пайыз мақсары, 3,1 пайыз арпа, 2,3 пайыз көкөніс, 1,9 пайыз картоп өсіріліп, облыстағы жеміс-жидектің 18,0 пайызын береді. Аудандағы ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімнің 30,0 пайызын ет өндірісі, 17,5 пайызын дәнді дақыл, 15,0 пайызын сүт, 9,6 пайызын көкөніс құрайды. «Фудмастер-Шымкент» компаниясы - сүт өнімдерін, «Ақмаржан» акционерлік қоғамы - ұн, жем, нан өнімдерін шығарады. Сондай-ақ, ұйық, тоқыма, тігін фабрикалары, машина жасау зауыты, «Оңтүстік мұнай-газ» ашық акционерлік қоғамы, Ленгер мұнай барлау ұңғымасын сынау экспедициясы жұмыс істейді. Аудан үшін туризмді дамытуға және оған жағдай жасауға мүмкіншіліктер бар. Оған табиғи және климаттық жағдайы толық мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аудан жерімен Ленгер-Шымкент темір жолы өтеді.

Бүгінгі уақытта аудан көлемінде тау бөктерінде орналасқан Тау самалы, Эдельвейс, Бәйшешек, Робинзон лагерлері жұмыс атқаруда. Одан басқа «Тау Самалы», «Эко виладж каскасу», «Айнабұлақ» , «Альтекс» демалыс аймақтары, «Біркөлік» сауықтыру кешені, «Тау шаңғы базасы» туристік нысандары қызмет көрсетуде. Қазіргі таңда «Алатау» шаңғы базасына қомақты инвестиция тарту мақсатында бұл нысан ауданының теңгеріміне алынып, «Алатау» ЖШС шаңғы базасы болып жұмыс атқаруда. Демалыс аймағы жанындағы кезінде мақсатсыз беріліп кеткен жерлер қайтарылып, ол жерлерге заман талабына сай демалыс орнына қызмет ететін нысандар салу қолға алынуда.

Сонымен қатар аудандағы ең көрікті жерлердің бірегейі Балдыберек өзенінің бойында орналасқан облыс орталығынан 70 шаршы шақырым жолды құрайтын, Балдыберек және Төңкеріс ауылдарының көркем табиғаты мен климаттық жағдайы жазғы және қысқы туризмді дамытуға өте қолайлы.

Әлемге әйгілі Ақсу-Жабағылы қорығының 99 474 гектары да Төле би ауданының шекарасына кіреді. Ел демалатын, ем алатын сауықтыру кешендері жетерлік. Тау шатқалдарындағы «Алатау» тау шаңғысы базасы, «Тау самалы», «Біркөлік» демалыс аймағы, «Айна бұлақ», «Eko Villaige Kaskasy», «Красные скалы»,

«Нұрлы аймақ», «Жерұйық», «Байқоңыр» және «Ақ мешіт» деп аталатын демалыс аймақтары келешекте өңірдің әлеуметтік экономикалық жағдайының жақсаруына жол ашатын басты құрылым болмақ. Аудан бюджетіне қомақты қаржы түсіретін негізгі сала - туризмді жан-жақты дамытуға мүмкіндіктері мол болып отыр. Аудан орталығы Ленгер бұрындары шахтерлар қаласы болатын. Мұнда Шымкенттік зауыттар мен фабрикалардың филиалдары ашылған. Алайда, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында болған уақытша экономикалық құлдыраулар аудан өнеркәсібіне қатты әсер етіп, оның өнімдері бәсекеге төтеп бере алмайтындай болды. Бүгінгі таңда Төлеби ауданы басшылары туристтік саланы, шағын және орта бизнесті дамытуға, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеуге иек артып отыр. Ерекшеліктер мен көрнекті орындарымен қатар қайталанбас сұлулығымен, ерекше табиғатымен, биік заңғар таулар, айнадай таза өзендер, мәуелерінің салмағымен бас иіп тұрған ағаштар – міне осының бәрі де ауданға қарай жетелеп тұрады.

Төлеби ауданында көпшілік жиі келетін киелі мекендер де көп. Сонау қола дәуірі, сақ заманы, орта ғасырлардан қалған отыздан аса тарихи-археологиялық нысандар осы ауданның аумағынан табылған. Халық арасында аты аңызға айналған тарихи маңызы бар «Жылаған ата», «Ғайып Ерен Қырық Шілтен», «Нұр ата», «Мыңшейіт» сынды әулиелі мекендерге еліміздің түкпір-түкпірінен тіпті шетелден келіп мінәжәт етушілер толастамайды. 2003 жылдан бері «Алатау» тау шаңғысы базасы жұмыс істеуде. Тау шаңғысы базасы аудан орталығы Ленгер қаласынан 25 шақырым қашықтықта Батыс Тянь-Шань тауының етегінде «Тау самалы» шатқалында орналасқан. Тау шаңғысы жолының ұзындығы - 1300 метр. Бір мезетте 1300 адамға қызмет көрсетуге мүмкіндігі бар.

Төлеби ауданына жыл сайын шетелден мың жарымға жуық турист келеді екен. Туристерді негізінен ауданның табиғаты мен қазақтың салт-дәстүрі және қонақжайлылығы қызықтыруда. Туризм саласын дамыту мақсатында 2011 жылы аудан аумағында жалпы құны 2 миллиард 165 миллион теңгені құрайтын 7 жоба іске асырылды.

Биыл Төлеби ауданында құны 1 миллиард 837 миллион теңгені құрайтын 10 жоба іске асырылуда. Оның ішінде 180 миллион теңгелік 3 жоба халық игілігіне шетінен ұсынылып жатыр. Осы 10 жоба толық іске асқан кезде 202 адам жұмыспен қамтылмақ. Осындай жүйелі жұмыс арқасында Төлеби ауданының түтіні түзу ұшып, тасы өрге домалай бастады. Табиғаттың тамаша байлығы бар жері, тұрғындардың ризығына жарағаны дұрыс.

ДайындағанЖадыра Мұсабай

Page 72: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

72

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ТЫНЫСЫ

Таяуда Төлеби ауданына арнайы ат басын бұрып, ауданның тыныс-тіршілігімен танысып, халықтың жағдайын көзбен көріп қайтқан едік. Сапар барысында орындалған істер мен атқарылуға тиісті шаралар да баршылық екенін байқадық. Сонымен, Төлеби ауданының қазіргі хал-ахуалы қандай деген сұрақтың жауабын төмендегі материалдан біле аласыздар!

Төлеби ауданы бойынша қазіргі таңда 68 мектеп, соның ішінде 50 орта, сондай-ақ, 26 мемлекеттік, 14 жеке меншік балабақша жұмыс жасауда. Мектептердің 44-і типтік, 24-і ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. 21 мектеп бір ауысым, 47 мектеп екі ауысымда білім бере-ді. Білім нысандарының материалдық-техникалық базасын жаңартуға ерекше көңіл бөлінуде. Соңғы 5 жылда 24 жаңа мектеп ғимараты салынды. 20 мектеп ғимараты күрделі жөндеуден өтті.

2015 жылы Жеңіс, Қазығұрт, Әңгірата, Төңкеріс, Көксәйек мектептерінің құрылысы салынады және оның үшеуінің құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, соңғы 5 жылда 25 балабақша салынған болса, оның 11-і мемлекеттік, 14-і жеке меншік. Бүгінгі таңда аудан бойынша 40 балабақша мен 31 мектеп жанынан шағын орталыққа 5995 бала қамтылып, «Балапан» бағдарламасының орындалуы 76,4 пайызды құрап отыр. 2015 жылы аудан бойынша 10 балабақша ашылып, 1095 бала мектепке дейінгі ұйымдармен қамтылып, ол аудан бойынша 80 пайызды құрайды.

Ахтаев Сейтхан АхтайұлыБілім бөлімінің басшысы

Өмірәлиев БердіғалиМемлекеттік кірістер

басқармасының басшысы

Казахов Батырхан БектемірұлыҚорғаныс істері жөніндегі

біріккен бөлім бастығы майор

Республикалық бюджет бойынша бекітілген жоспар 1 036 209,0 мың теңге болса, нақты түскені 1 0044 633,0 мың теңге, бекітілген жоспар 100,8 пайызға орындалды немесе 8 424,0 мың теңге бюджетке артық түсті. Оның ішінде ҚР ҚМ СК-нің құзырына кіретін салықтар бойынша болжамданған жоспар 1 014 24,0 мың теңге болса, нақты түскені 1 018 533,0 мың теңге, бекітілген жоспар 100,4 пайызға орындалды немесе 4 292,0 мың теңге бюджетке артық түсті. Жергілік-ті бюджет бойынша бекітілген жоспар 1 582 063,0 мың теңге болса, нақты түскені 1 640 759,0 мың теңге, бекітілген жоспар 103,7 пайызға орындалды немесе 54 828,0 мың теңге бюджетке артық түсті. Салық түсімінің негізгі бөлігін ауданда орналасқан «Оңтүстік Мұнайгаз» АҚ, «ФудМастер - Шымкент» ЖШС, «Балмұздақ» ЖШС мекемелері құрайды.

Қорғаныс әскері бөлімінде мерзімді әскерге шақырылған жастармен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына ардагер аталарымызбен кездесу өткізу жоспарда бар.

2015 жылы көктемгі әскерге шақыру науқанында ауданымыздан 150 азаматтарды аттандыру жоспарлануда. Ұлы Жеңістің 70 жыл-дығына ауданымыздағы ескерткіштер мен манументтерді күрделі жөндеуден өткізуге күнделікті жұмыстары аудан, қала, ауыл, округ әкімдерімен бірлесіп жүргізілуде. Қазіргі уақытта ауданымызда 27 ардагер аталарымыз бар. Осы кісілермен Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай аудан әкімшілігімен бірлесіп, үйлерін аралау іс-шаралары жүргізілуде және де 90-95 жасқа толған ардагерлерімізді құттықтап, құрмет көрсетілді.

Page 73: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

73

Нышанов Жандар СадықбекұлыЛенгер қалалық

ауруханасының бас дәрігері

Оразымбетов Болат ПірімбетұлыМәдениет үйінің

директоры

Сапаров Қанат ЖексенбайұлыӘділет басқармасының

басшысы

180 төсек орынға арналған көп салалы аурухана 2015 жылы қолданысқа берілді. Терапия, хирургия, жан сақтау бөлімі, балалар бөлімі, гинекология, перзентхана бөлімдері жұмыс жасауда. Қосал-қы бөлімде зертхана, рентген сәулесі бар. Жалпы 330 қызметкер, оның ішінде 40 дәрігер жұмыс жасап отыр. Дәрігерлердің 90 пайызы санатты деп айтуға негіз бар. Сәбидің дүниеге келу көрсетікіші 1150-ді құрағанымен, І тоқсанда ана мен бала өлімі орын алмаған. Аурухана ғимараты сондай-ақ, құрал-жабдықтар жаңа технологиямен жабдықталған. Дәрігерлердің біліктігін арттыру мақсатында жоспарға сәйкес білімін жоғарылатып отырады. Тәжірибе алмасу үшін шет елдерден келген мысалы, Израиль, Литва, Ресей мамандарының шеберлік сыныбы, тренингтеріне қатысып отырады. Аталған үйрету сабақтары облыс орталығында өткенімен шет елдік сертификат беріледі.

Мәдениет үйі 1957 жылы салынып, жалпы құны 6717315 теңгені құрайды. Жанр бойынша көркемөнерпаз ұжымдары мен үйірменің түрлері хор ұжымы, әуенді топ, ұлт-аспаптар ансамблі, 1-драма, 1-ВИА-жанұялық ансамблі, би үйірмесі, фольклорлы топ, «Фея» клубы, шахмат клубы, 4-«Халықтық» ансамблі, сонымен қатар 1- «Халықтық» драма ұжымы жұмыс жасап отыр. Сонымен қатар, «Армандастар» х/а стенді, үйірмелердің жұмыс кестесі, ауылдық клубтардың картасы, өнерпаздардың жетістіктері, халық ансамбльдерінің стенді, ҚР Рәміздері, Төлеби ауданының таңбасы, «Ырғақ» әдіскерлік көмек, «Ақбота» фотосурет стенді, «Өнерім - өмірім» стенді т.б. безендіру жұмыстары жүргізілуде. Ауданнан шыққан өнерпаздар әр уақытта жоғары деңгейде өнер көрсетіп, марапаттар алып жүр.

Төлеби ауданының Әділет басқармасы қызметкерлерімен құқықтық түсіндіру бойынша аймақтық бағдарламаның орындау мақсатында арнайы атқарылатын жұмыстардың кестесі жасалып, бекітілген іс-шараларға сәйкес, 2014 жылдың 12 айында 30 дә-рістер мен семинарлар оқылып, мақала жарияланып, дөңгелек үстел өткізілді және ОҚО Әділет департаментінің ВЕБ-сайтында 13 ақпарат, «Әділет органдары кеңес береді» тақырыбында 9 акция өткізілді.

2014 жылдың 12 айында басқарманың жылжымайтын мүлік-ке құқықтарды тіркеу саласы бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тартылғандардың саны - 39 болса, оның ішінде 10-ы электронды түрде. Мемлекеттік тіркеуді уақытша тоқтата тұру - 159. Тіркеуден бас тартылғандар және уақытша тоқтатылғандары өз кезегінде өтініш иелеріне қайтарылып, шешімін тауып, мемлекеттік тіркеуге қайта ұсынылып тіркеуден өтті.

Ақбөпе Әбдрасул

Page 74: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

74

ӘЛЕУЕТІ ЖОҒАРЫ ТӨЛЕБИ АУДАНЫЕлбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауындағы жаңа

экономикалық саясаты болашақтың инфрақұрылымын кең көлемде инвестициялау есебінен экономиканы жүйелі түрде қайта құру болып табылады. Көлік, индустриялық, энергетикалық, және әлеуметтік инфрақұрылымдар мен өнеркәсіп орындарын дамыту, сондай-ақ шағын және орта бизнеске барынша қолдау көрсету, елімізде тұрақты экономиканы қалыптастыру, болашақ Қазақстанның іргетасын мызғымастай етіп нығайтады. Бүгінде елімізде өнеркәсіп саласының дамуына айрықша көңіл бөлініп, тиісті мемлекеттік бағдарламалар аясында жүйелі жұмыстар атқарылып, өңірлік кәсіпорындардың өркендеуі жолында көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, жалпы ішкі өнімнің қалыптасуына, қосымша жұмыс орнын құруға және сыртқы сауданың белсенділігіне ықпал ететін туризм саласы да қарқынды дамып келеді.

Қазіргі таңда өнеркәсібі мен индустриялық инфрақұрылымы, сондай-ақ туризм саласы қарқынды дамыған аймақтың бірі болып табылатын Төлеби ауданы еліміздегі келешегі кемел өңірлеріміздің біріне айналып отыр.

Бар Алаштың мақтанышы Төле бабамыз-дың есімі берілген Төлеби ауданында бүгінде Елбасы тапсырмалары мен мемлекеттік бағ-дарламалардың негізгі бағыттарын іске асыру барысында көптеген тірліктер атқарылуда.

Бүгінгі таңда туризм әлемдік экономиканың белсенді түрде дамып келе жатқан саласы ретін-де кеңінен танылып отыр. Оңтүстiк Қазақстан облысы аумағындағы туризмге таптырмас ең қолайлы мекеннiң бiрi ретінде белгілі Төлеби ау-данында бүгінде индустрияландыру картасына енген көптеген жобалар жүзеге асырылды. Солардың бірі ретінде - «Алма-тау» курортты аймағын айтсақ болады. «Алма-тау» курорты – тек демалыс орны ғана емес, ем қабылдайтын шипажай ретінде де пайдаланылатын үлкен орын болғалы отыр. Жалпы аймақтың құрылысының бірінші кезеңіне жобаны қолға алып отырған жеке кәсіпкер өз қаражаты есебінен 6,5 млн. АҚШ долларын жұмсаған. Бұл өз кезегінде аудан үшін үлкен көлемдегі инвестиция болып есептеледі. Қазірдің өзінде 97-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылып отыр. Екінші кезеңі іске қосылған жағдайда 150 адамға дейін жұмыс орындары ашылады. Соңғы жылдары Талас Алатауының етегін жайлап жатқан Төлебидің ту-ризм саласында құны 1 млрд. 793 млн. теңгені құ-райтын 4 туристік жоба іске асуда. Атап айтсақ, «Тау самалы» демалыс аймағы жанынан 1 млрд. 104 млн. теңгелік 200 адамға арналған емдік-

сауықтыру орталығы, құны 167 млн. теңгені құрайтын «Изюми» кешенінің құрылыстары жүргізіліп, бұл демалыс аймақтары іске қосыл-ғанда 130 жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.

Соңғы уақытта елімізде кәсіптік құс ша-руашылығы - басқа шаруашылықтармен салыс-тырғанда, дамыған саланың біріне айналып келеді. Осы тұста, Төлеби ауданына қарасты Қызылжар ауылындағы құс фермасының ке-зінде тоқырау қиындығын бастан өткергендігі баршамызға белгілі. Бұрынғы «Қызылжар Агро» ЖШС енді «Қызылжар-Құс» ЖШС-і болып қайта құрылып, жаңа иелердің қолына көшті. Қайта түлеген фабрика бройлер тұқымды тауық өсіріп, құс етін өндірумен айналысады. Бүгінде жоспардағы тоғыз тауық қораның екеуінде жөн-деу жұмыстары аяқталып, жылу қазандықтары мен су құбырлары іске қосылған. Қора-жайдың әрқайсысының сыйымдылығы 45 000 тауыққа жоспарланған. Жобаны жүзеге асыруға жалпы құны 291 миллион теңге инвестиция тартылған. Кәсіпорынның іші-сырты жаңарып, заманға сай технология бойынша құс өсіріп, ет пен жұмыртқаны көбейтуді көздеп отыр. Аталмыш кешендегі техникалық құрал-жабдықтардың барлығы шетелден алып келінуде. Жабдықтар кешенінде құсты баптау, жемдеу, ғимараттың ішін жарықтандыру, желдету сынды қызметтер бар. Фабриканың қасынан балапандарды жем-

Page 75: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

75

азықпен қамтамасыз ететін зауыт іске қосылып, балапандар санын көбейтетін жаңа инкубатор, қайта өңдеу кешендері салынуда. «Қызылжар-Құс» ЖШС құрылысында мердігерлерден басқа 120 адам жұмыс істейді. Мамандардың айтуын-ша, болашақта аталмыш кәсіпорын Қызылжар ауылының адамдарымен қоса, көрші ауыл тұрғындарын да жұмыспен қамтитын болады. Жалпы, «Қызылжар-Құс» серіктестігінің құс фабрикасын жаңғырту жұмыстары екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңі аяқталған кезде жылына 4 мың тонна құс еті өндіріліп, екінші кезеңі іске қосылғанда жылына 8 мың тонна ет алынады. Осылайша, кәсіпорынның алдағы мақсаты айтарлықтай үміт күттіруде.

Қазіргі таңда тұтынушы нарығында ең пайдалы сұранысқа ие тауар ретінде балмұздақ өнімін айтуымызға болады. Осыған сәйкес Төлеби ауданының индустрияландыру картасына енгізілген «Балмұздақ» ЖШС-нің модернизациялау жобасына қажетті 220 млн. теңгенің 100 млн. теңгесін Альянс банкі қаржыландырса, қалғаны өз қаражаты есебінен жұмсалып, жоба 2012 жылдың маусым айында іске қосылған. Алғашқыда шағын цехта балмұздақтың тек екi түрi ғана шығарылып, уақыт өте келе аталған өнiмнiң бiрнеше түрiн шығару қолға алынады. Балмұздақтың дәмiн кiргiзу үшiн оған жемiс-жидектiң сөлiн, жаңғақ, қаймақ, мейiз қоса бастайды. Бүгінде «Балмұздақ» ЖШС-де балмұздақтың 33 түрi шығарылады. Кәсiпорын 2002 жылы «Оңтүстiктiң үздiк тауарлары» байқауында арнайы дипломмен марапатталып, 2004 жылы «Жылдың үздiк кәсiпкерi» номинациясын иемденген. Қаншама адамды еңбекпен қамтып отырған кәсiпорынның жұмысына қойылып отырған талап та жоғары. Бүгінгі күні еліміздегі балмұздақ өндіретін өндіріс орындары саусақпен санарлықтай ғана. Өткен жылғы көрсеткіш бойынша балмұздақтың импорттық үлесі – 46,3 пайызды құраған. Сүт өнімдерінің өндірісін дамыта отырып, импортты ығыстырып шығарып, балмұздақ нарығын толық жаулап алуға мүмкіндігіміз жету үшін, еліміздегі балмұздақ өндірумен айналысатын өндіріс орын-дарын дамытып, сырттан келетін тәтті өнімдер түріне импорттық салықты еселеуіміз қажет. Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданы, Бірінші мамыр ауылындағы «Балмұздақ» ЖШС-нің өнімдері үлкен сұранысқа ие. Кішкене ғана ауылдағы өндіріс ошағында өндірілетін бал-мұздақ өнiмдерi облыс тұрмақ, Алматы, Астана

қалаларына дейін тарайды. Сондай-ақ, Төлеби ауданындағы «ФудМастер» кәсіпорыны сүт өнімдері саласы бойынша Отандық ірі өндіруші болып табылады. Қазақстанның 18 қаласында сауда бөлімшелері бар кәсіпорын барлық аймақтағы сауда орындарын сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отыр. Бүгінгі күні Қазақстан бойынша сүт қабылдайтын қосындар желісінің дамуы бойынша компанияның қолдауымен Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының 173 шаруашылығы қамтылған. Қазақстандағы табиғи сүт өнімдерін шығару, сүт өндірісі мен қайта өңдеу, азық-түлік өнеркәсі-бін дамыту бойынша толық циклды қамтыған «ФудМастер» кәсіпорыны өз өнімдерінің өнді-рісі үшін қолданылатын түрлі қаптамаларды әлемдегі сүтті қайта өңдеу өнеркәсібі үшін жұ-мыс істейтін ең үздік өндірушілерден алады.

Тағы бір айта кететін жайт, Төлеби ауда-нындағы Кемеқалған ауылында көп кәсіпкер тәуекел ете бермейтін көкөніс жайқалып өсуде. Қожалық «Мир» сұрыпты лимон егуді қолға алған. Цитрустық жеміс нышанасын енді береді. Лимоннан бос жерге қожалық қызметкерлері пальма ағашын да отырғызған. Үй ауласының сәнін келтірер пальма ағаштары маусым кезінде 500-1000 доллардан сатылмақ. Бүгінгі күні ай-мақта -20 градус аязға төтеп беретін декоратив-тік ағаштың 3200 түбі өсіп тұр. Аталмыш қо-жалықта көкөніс, жеміс-жидектен бөлек арша, боз арша да өсірілуде. Жобаның бәрі жүзеге асса, жыл сайын мұнда 630 тонна көкөніс, 120 тонна лимон және 140 тонна алма сауда-саттық-қа шығарылады деп күтілуде.

Жалпы, Оңтүстік Қазақстан облысы – республикадағы өнеркәсіп пен ауыл шаруашы-лығы, туризм саласы дамыған еңбек ресурста-ры жеткілікті аймақ. Елімізде шығарылатын трансформаторлардың 98,6 пайызы, фармацев-тикалық препараттардың 70,1 пайызы, мине-ралды және газды сулардың 51,5 пайызы, мо-тор майының, бензиннің 38,9 пайызы Оңтүстік Қазақстан облысында өндіріледі. Сондай-ақ, облыс тері шикізаты, жеміс, көкөніс, жүзім, бақша, макарон өнімдерінің ірі өндірушісі болып табылады. Қазіргі таңда ең өтімді тауар нарығын тек Отандық өндірушілер иеленсе, қазына қамбасының бірнеше миллиардтарға артатындығы сөзсіз.

ДайындағанСая Есимова

Page 76: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

76

МұратТағаев

Page 77: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

77

ХАЛЫҚ НАЗАРЫНДАҒЫ ОТАНДЫҚ ӨНІМОҚО Ордабасы ауданы

Бүгінде елімізде Елбасының қолдауымен қолға алынған мемлекеттік бағдарламалардың аясында өндірістік инфрақұрылым бағыты бойынша үлкен шаруалар еңсеріліп, барлық шаруашылық салаларының қарышты дамуына жол ашылып отыр. Бұл ең алдымен Қазақстан халқын таза өнімдермен қамтамасыз етуге, сонымен қатар шетелдің сапасы төмен өнімдеріне импорт тәуелділігін төмендетуге көмектеседі.

Қазіргі таңда құс фабрикаларының желілерін ашу және дамыту жөніндегі жобаларды іске асыруды қаржыландыру шарттары көңіл қуантады. Сұранысқа сай нарықты сапалы құс өнімдерімен қамтамасыз етуді жоспарлап отырған еліміздегі ірі құс фабрикаларының бірі - «Ордабасы Құс» ЖШС-і алдағы уақытта құс фермасын кеңейтуді әрі сүт фермасын ашуды межелеп отыр.

Назарларыңызға «Үдемелі индустриалды - инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасы ауқымында іске қосылып, Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Бадам елді мекенінде орналасқан «Дәмді ет» сауда белгісімен шығарыла-тын «Ордабасы Құс» ЖШС құс фабрикасының директоры, еңбекқорлығы мен іскерлігі қатар ұштасқан, нарықтың талабына сай басшы Тағаев Мұрат Құлмырзаұлымен болған сұхбатымызды назарларыңызға ұсынамыз!

Мұрат Құлмырзаұлы, алды-мен «Ордабасы Құс» ЖШС-нің құрылу барысы мен негізгі ба-ғыттары жайлы айтып өтсеңіз.

«Ордабасы Құс» ЖШС қазір-гі заманғы күркетауық фабрикасы 2010 жылдың аяғында іске қосыл-ған болатын. ОҚО Ордабасы ауда-ны Бадам ауылында орналасқан кешен республиканың агроөнер-кәсіп саласындағы күркетауық етінің өндірісі бойынша алғашқы жоба болып табылады. Маңызды нысан Қазақстанның Индустрия-ландыру картасына кіргізілген және «ҚазАгроҚаржы» АҚ желісі бойынша қаржыландырылып іске қосылған.

Күркетауық қазақтарда бұрын-нан болған, бірақ азды-көпті. Негі-зінен шопандар қоймен бірге бақ-қан. Қазақы күркетауықтардың

салмағы әрі кеткенде 5-6 келіден аспайды. Оның етін бір мезгіл жылқының, қойдың етімен аралас-тырып, дәрілік қасиеті мол, сіңімді деп қонақтардың дастарханына қойған. Ал, құс өсіру үлкен өнді-ріс ретінде бұдан елу жыл бұрын Кеңес Одағы тұсында басталған болатын. Кездескен қиыншылық-тарға байланысты дамымай қалды. Сол себепті, күркетауық бағуға аса мән бермей, негізінен жұмыртқа өндіру мен бролер тауығын өсіру дамып кетті.

Өндірістің дамуы осы төңі-ректегі шаруашылықтарға да тиім-ді. Біз ет өндіріп отырғаннан кейін азықтық жем керек, ал, оны бірін-ші кезекте жақыннан іздейміз. Алыстан тасығанның жол шығы-ны көп болады. Қазір өндірістік кооперативтер, серіктестіктер

болсын, барлығының жерлері бар. Олардың өндірген өніміне сұраныс көбейеді деген сөз. Олар да сенімді түрде қызмет жасай бастайды. Біз қазір фьючерлік әдіспен де жұмыс жасап жатырмыз. Биылдың өзінде 5 мың тонна жүгері дәнін сатып алуымыз керек. Осы өнім өзімізде өндіріліп жатса Украинадан неме-се басқа шетелдерден сатып алып не қыламыз? Бұл өзіміздің шаруа-ларға да тиімді емес пе? Одан бө-лек дайын өнімді тасымалдауға тағы транспорттық компаниялар-дың қызметі керек. Өнімді сату-ға да қаншама адам қамтылады. Осылайша Елбасымыздың айтып отырған кластері құрылады. Осы жұмыстардың барлығын үйлесті-ріп, ұйымдастырып отыратын маркетолог мамандар керек. Сала жұмысы осылайша дами береді.

Page 78: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

78

«Ордабасы Құс» ЖШС - Оң-түстік Қазақстан облысындағы ірі кәсіпорындардың бірі. Осы тұста аталмыш мекеменің алға қойған жоба-жоспарларымен бөліссеңіз.

Қазіргі таңда күркетауық өн-дірісін одан әрі дамыту үшін АҚШ, Израиль, Польша секілді мемле-кеттермен тығыз байланыста жұ-мыс істейміз. Жақында екі маман Польшаға бір апталық оқуға ба-рып қайтты. Ол жақта құс етін терең өңдеу саласы жақсы жолға қойылған екен. Біз осы кезге де-йін алыс елдерге өнімді мұздатыл-ған түрінде жіберетін едік, енді салқындатылған өнім түріне көше бастадық. Еуропа мемлекеттері де осы тәсілге бет бұрды. Қазір шым-кенттік тұтынушыларды салқын-датылған етке үйрете бастадық. Оның басты артықшылығы – ет барынша балғын күйінде сақтала-ды. Шұжық, деликатес өнімдерін шығаруға ден қойдық. Себебі, те-рең өңдеген сайын өнімнің пайда-лылығы да арта түседі.

Елімізде кәсіптік құс шаруа-шылығы – басқа шаруашылық-тармен салыстырғанда, ең да-мыған саланың біріне айналып келеді. Экспортқа қай елдерге ет өнімі шығарылып отырады?

Біздің шығарған өнімдеріміз-дің 70 пайызы ішкі нарықты қам-тамасыз етуге жетіп жатыр. Ар-тылған етті Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан нарығына жөнелте береміз. Дегенмен, ішкі нарықта-ғы сұраныс артып келеді. Егер де әр қазақстандық жылына 2 келі күркетауық етін пайдалану дәре-жесіне жететін болса, жылына 34 мың тонна ет қажет екен. Мұн-дай көлемде ет өндіруге мүмкіндік бар. Себебі, барынша мамандар қалыптасты, өндірістің қыр-сырын таныдық, тәжірибе жинақтадық. Әлі де болса үлкен-үлкен семинар-ларға мамандарды жіберіп тұра-мыз. Ендігі мақсат – құрылысты әрі қарай жалғастыру. Ол дегеніміз жаңа жұмыс орны, қосымша салық көзі. Қазірдің өзінде аудандағы ең ірі салық төлеуші кәсіпорын біз-дің ұжым болып есептеледі. Ал, Америкадағыдай жан басына шақ-қандағы өнім көлемі 15 келіге же-тетін болса, онда жылына 300 мың тонна күркетауық еті қажет екен. Әрине, бұған әзір жету қиын. Ресейдің өзі бүгін 1 келіге әрең жетті. Олардың жобасы 5 келіні құрап отыр.

Өндірісті әрі қарай да дамы-туға мүмкіндіктер туындап жатыр. Екінші бесжылдықтың аясында өндіріс көлемін ұлғайтамыз деп

отырмыз. Бүгінгі таңда сұраныс күннен-күнге артуда. Қазір біздің өнімдерімізді толығымен Ресей нарығына экспорттап жіберуге де мүмкіндік бар. Өйткені, онда нарық жетеді. Алайда, біздің ба-ғытымыз ең алдымен ішкі нарық-ты толтыру. Әрине, халықты үй-рету оңай шаруа емес.

«Ордабасы Құс» ЖШС жы-лына 4 820 тонна таза ет өнімін беретіні белгілі. Бұл облыстың ішкі нарығындағы етке деген сұранысты қаншалықты дәре-жеде өтеп отыр?

Оңтүстік жұртшылығы күрке-тауық етінің тиімділігіне көз жет-кізіп, жиірек пайдалана бастады. Алматы қаласының тұрғындары бұл құстың етіне жақсы үйре-ніп келеді. Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары мен Астана қаласының тұрғындары тарапынан да сұраныс арта бастады. Ендігі жерде Батыс өңіріне тауар жөнел-те бастадық. 26 мамырда Ақтау қаласында Оңтүстік Қазақстан облысының мәдени күндері өтті. Соның аясында үлкен азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Сол жәрмеңкеге 20 тонна ет алып барып, түгелдей сатылып кетті. Ендігі жерде Ақтаудан да сұра-ныстар келе бастады. Осылайша

Page 79: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

79

ішкі нарықты толығымен қамтама-сыз етуге жұмыс жасап отырмыз.

2014 жылдың басында екінші кезеңді іске қосып, қуаттылығы-мыз жылына 8110 тоннаға артты. Дегенмен, толық қуаттылыққа 2015 жылы шығуымыз тиіс. Ол кезде 8500 тоннаға дейін ет өнді-ре алатын боламыз. Қазір техника-лық-экономикалық негіздеме жа-сап, бизнес-жоспар дайындап жа-тырмыз. Сөйтіп, екінші бесжыл-дықта өнім көлемін 30 мың тонна-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бұл жобамыз қаржыландырыла бастаса, келесі жылы құрылысын бастап, әрі кеткенде 2016 жылы толығымен бітіруге мүмкіндік бар. Жер дайын. Үдемелі инновация-лық-индустриалды бағдарламаға еніп жатса, жол картасы бойын-ша үкімет тарапынан жол салып, электр энергиясын, суды, газды жеткізіп беріп жатса, қалған жұ-мыстарды атқаруға дайынбыз. Жо-ба құрылысын әрі кеткенде бір жарым жыл ішінде бітіруге бола-ды. Бірақ, біз бұл бағдарламаға енсек те енбесек те бәрібір қуатты-лықты дамытуды тоқтатпауымыз керек. Шындығын айтқанда, біз бұл жобаны бастап та қойғанбыз. Бағдарламаға ене алатын болсақ, бірден 20 мың тонналық құрылыс-ты жүргіземіз, ал бағдарламаға енбей қалған жағдайда біртіндеп болса да қуаттылықты арттыра беретін боламыз. Мәселен, был-тырғы жылы біз қуаттылығымыз-ды 3300 тоннаға ұлғайттық. Осы секілді сатылап кете беруіміз де мүмкін.

Жұмыс барысында Сіз және Сіздің кәсіпорныңыз қандай же-тістіктерге жетті?

Ресейде күркетауық өндірісін жеке бағдарлама ретінде қарастыр-ған. Өйткені, оларда бройлер, жұ-мыртқа өндіру саласы бұрынғы Кеңес Одағы кезіндегіден де асып түсіп, осы кәсіпке ерекше көңіл бөлініп, қолдау жасалуда. Ұлттық ассоцация құрылды. Оған біз де мүше болдық. Өйткені, күркетауық өндірісі Қазақстан тұрмақ Орта

Азияда жоқ. Соның арқасында өні-міміздің 30 пайызға жуығы Ресей нарығына шығып отыр. Мәскеу нарығы арқылы қазір бізді, яғни «Дәмді ет» сауда белгісімен шыға-рылатын «Ордабасы Құс» компа-ниясының өнімін бүкіл Еуропа тануда. Еуропаның бірнеше мәрте жеңімпазы атандық. 2013 жылдың қазан айында Швейцариядан «Ең үздік инновациялық жоба» атты бас жүлдені жеңіп алдық. 2013 жылдың мамыр айында Франция-ның азық-түлік ассоциациясының алтын медалін алдық. 2012 жылы Англиядағы Оксфордтан Еуропа-лық сапа белгісін иелендік. Ең үлкен жетістіктің бірі – 2012 жыл-ғы Қазақстандағы азық-түлік но-минациясы бойынша «Алтын сапа» үздік тауар конкурсының бірінші дипломанты атандық. Бас-қа да жетістіктеріміз жетерлік. Биыл, жақында ғана Қазақстан, Ресей, Беларусь, Украина, Азербайжан мемлекеттері қатыс-қан рейтинг бойынша «Сала көш-басшысы» деген номинацияны жеңіп алдық. 2014 жылдың 9 желтоқсанында, АҚШ-тың, Лос-Анжелес қаласында біздің өні-мімізге ең жақсы сапа белгісі «Алтын медаль» табыс етілді.

Қанша адам жұмыспен қам-тылып отыр?

Дәл қазір бізде істейтін жұ-мысшылардың саны төрт жүзден асты. Мамандарды оқытып, оқу орындарынан жас мамандарды тартып жүрміз. Заман талабына орай орыс, ағылшын тілін білетін, білмесе де аздап түсінетін маман-дарды шетелге оқуға жіберіп оты-рамыз. Себебі, бұл тілдің екеуін де білмесе, жалғыз қазақ тілімен шетелге жіберу тиімсіз. Әрине, ана тілін білу әр адамның парызы, дегенмен, әлем халқы қолданатын ағылшын, орыс тілдерін де қосым-ша үйретуіміз керек. Мәселен, құс шаруашылығына байланысты тех-никалық оқулықтар қазірдің өзін-де тек ағылшын немесе орыс ті-лінде кездеседі. Барларының өзі сонау Кеңес заманындағы ескі оқу-

лықтар. Ғаламтордан іздесеңіз де орысшасына, ағылшыншасына жо-лығасыз. Осы қиындықтарды ең-серу үшін осында ағылшын тілінің мамандарын жалдап, оқытамыз.

Сіз үшін тәуелсіздіктің ұғы-мы қандай?

Тәуелсіздік - ешбір нәрсемен салыстыруға келмейтін киелі ұғым. Ата-бабаларымыз өмір бойы ар-мандап кеткен ең биік тұғырымыз іспеттес. Осы күнге жеткеніміз үшін мен бақыттымын, егемен еліміздің Тәуелсіздігі мәңгілікке жасай берсін дегім келеді. Өзім-нің жеке өмірлік ұстанымым ре-тінде айтарым, қолдан келгенше тынымсыз еңбек етіп, Тәуелсіз-діктің дамуы жолында шәкірт тәр-биелеу.

СұхбаттасқанМөлдір Құрман

Page 80: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

80

ӨРІСІ КЕҢЕЙГЕН КӘСІПОРЫН

Болашақ - жоғары технологиялар заманы. Осыған сәйкес «Үдемелі индус-триалдық-инновациялық даму» мемлекеттік бағдарламасының аясында елімізде көптеген қуатты заманауи техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген өндіріс орындары ашылып, мемлекет экономикасының өркендеуіне үлес қосуда. Соның бірі - Индустрияландыру картасы аясында жүзеге асқан Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы аумағындағы «Батсу-Водоканал» ЖШС 2010 жылы жаңғыртылып, қайта құрылды. Зауыттағы өндірістік желілерге 1,3 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылып, соның нәтижесінде қа-зіргі таңда бұл кәсіпорын жылына 60 миллион дана кірпіш шығаруда. Ендеше, 92 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырған білікті басшы, іскер азамат, «Батсу-Водоканал» ЖШС-нің директоры Бүркітбаев Ерікбай Серікбайұлымен болған сұхбатымызды ұсынамыз.

Page 81: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

81

Ерікбай Серікбайұлы, алды-мен «Батсу-Водоканал» ЖШС-і кірпіш зауытының құрылу ба-рысы мен өндіретін материал-дарына тоқталып өтсеңіз.

«Батсу-Водоканал» ЖШС-нің кірпіш зауыты 2010 жылы құрыл-ды. Кірпіш зауытының жай-күйі мен құрылыс материалдарын тек-серу барысында техникалық құрал-жабдықтардың ескіргендігінің нә-тижесінде құрылысқа арналып шы-ғарылатын сапалы кірпіштердің тапшы екендігі анықталды. Осы-ған сәйкес аталмыш серіктестіктің бастамасымен кірпіш зауытын қай-та жаңғырту және сапалы кірпіш-терді шығаратын техникалық құ-ралдарды жаңарту жұмыстары қолға алынды. Нәтижесінде «Батсу Водоканал» ЖШС-нің кірпіш за-уыты қайта іске қосылды. Бұл жо-ба мемлекеттік «Үдемелі индус-триялық-инновациялық даму» бағ-дарламасы шеңберіндегі Индус-трияландыру картасы аясында жүзеге асты. Кәсіпорын жылына 60 миллион дана кірпіш шығара-ды. Зауыттағы өндірістік желілер-ге 1,3 миллиард теңге көлемінде инвестиция тартылып, толық өн-дірістік қуаттылыққа шыққан кез-де өңірдегі нарық сұранысын 20-25 пайызға қамтитын болады. Сондай-ақ, өңір нарығында күй-дірілген кірпіштің бағасы 35-36 теңгеден болса, осы зауыттан шыққан әрбір кірпіш 32-33 теңге-ден сатылымға шығарылуда. Қа-зіргі таңда зауыт 92 адамды тұ-рақты жұмыспен қамтып отыр.

Аталмыш зауыт замануи технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген бе?

Бүгінде түрлі пішіндегі әрлік кірпіштер шығарып, тұтынушы-ның қажеттілігін қамтамасыз етіп отырған зауытта озық техно-логиялық жабдықтар орнатылған деп айтсақ болады. Яғни, атал-мыш зауыт әлемдік стандарттарға жауап беретін жоғары техникамен толық қамтамасыз етілген. Мұн-да орнатылған озық технология-

лардың ұтымды тұсы – шығарыл-ған өнім құнының төмендігі мен өндірістік қалдықтың қайта өңде-луі. Толықтай автоматтандырыл-ған технологиялық желілер көп құрылымды қоспалардан геоме-триялық пішіні толықтай сақтал-ған 8 түрлі пішіндегі әрлік кірпіш-тер шығарады.

Алдағы уақытта кірпіш за-уытын өркендету жолындағы жоба-жоспарларыңызбен бөліс-сеңіз.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Нұр-лы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауындағы жүктемелерді iс-

ке асыру мақсатында жалпы об-лысымызда көптеген жүйелi жұ-мыстар жүргiзiлiп, нәтижесiнде межеленген көрсеткiштерге уа-қытында қол жеткiзiп келеміз. Осыған сәйкес «Батсу-Водоканал» ЖШС-нің кірпіш зауыты бәсеке-ге қабілетті кәсіпорынның бірі ретінде дамуды көздеп отыр. Мә-селен, тек әрлеу кірпіштерін ғана емес, келешекте қапталған кірпіш-терді де шығару жоспарлануда. Еліміздегі тек Оңтүстік Қазақстан облысын ғана емес, басқа да ай-мақтарды әрлеу кірпіштерімен қамтып отырған зауыт болашақта халықаралық дәрежедегі нарыққа шығуды басты назарға алып отыр.

Page 82: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

82

Аталмыш зауыттың жылы-на өндіретін өндіріс көлемі қан-дай? Тұтынушылардың сұраны-сы толық қанағаттандырылып отыр ма?

Қазіргі таңда «Батсу Водока-нал» ЖШС-нің жаңғыртудан өт-кен кірпіш зауыты жылына 60 млн. дана кірпіш шығарып отыр. Зауыт-тағы өндірістік желілерге алдағы уақытта инвестиция тартылып, толық өндірістік қуаттылыққа шыққан кезде өңірдегі нарық сұ-ранысын біршама көлемде қам-титын болады. Жоғары сапалы М-150 маркалы кірпіш шығара-тын зауыт бүгінгі күні еліміздің барлық аймағын кірпішпен қам-туда, ал алдағы уақытта халықа-

ралық нарыққа шығуды көздеп отыр. Аталмыш зауыттың тұты-нушылары ретінде Оңтүстік Қазақстан облысының аумағын-дағы жеке тұлғаларды да, еліміз-дің басқа аймақтарында орналас-қан көптеген құрылыс кәсіпорын-дарын да айта аламыз.

«Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму» бағдарла-масы аясында мемлекет тара-пынан қандай қолдау көрсеті-луде?

Жалпы, Оңтүстік Қазақстан облысында индустрияландыру шеңберінде іске асқан жобалар өте көп. Облысымыз Республика-дағы ең жоғарғы көрсеткішті көр-

сетіп отыр десек те болады.Зауытты салу барысында мем-

лекет тарапынан кәсіпорынға «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында газ құбы-рын тарту үшін қолдау көрсетіл-ді. Сондай-ақ, «Үдемелі индус-триалдық-инновациялық даму» бағдарламасы аясында аталмыш зауытқа жеңілдік арқылы несие берілді.

Журналымыздың дәстүрлі сұрағына да келіп жеттік. Сіз үшін «Тәуелсіздік» ұғымы қан-дай? Оның қадірі мен қасиеті неде деп ойлайсыз?

Тәуелсіздік бізге оңай келген дүние емес. Сондықтан тәуелсіз-дік - әрбір қазақтың азаматы үшін өте қастерлі ұғым болуы тиіс. Егер біздің ата-бабаларымыздың жүрегінде тәуелсіздік үшін күре-су мақсаты тұрған болса, бүгінгі күнде біздің алдымызда оны ны-ғайта түсу міндеті тұр. Елімізді бұл күнге дейін жеткізген ұмы-тылмас оқиғалар, ата-бабалары-мыздың қандай ауыртпалықты да көтере білген, жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы – өшпес өнеге, өл-мес мұра ретінде сақталуға тиіс.

СұхбаттасқанЛәйлә Нығматуллина

Page 83: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

83

БІРЛІК БАСЫ – ОРДАБАСЫ

«Ордабасы – ел жүрегі, жер кіндігі»Н.Ә.Назарбаев

1726 жылы Қазақтың үш жүзі өкілдерінің Бадам өзені бойы Ордабасы тауындағы тарихи бас қосуы. 18 ғасырдың басында қазақ жеріне баса-көктей кіріп, бейбіт елді қырып-жойып, қасіретті «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» апатына душар еткен жоңғар басқыншылығына қарсы кү-рес ұйымдастыруға арналған халық құрылтайына Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке, Жолбарыс хандар мен Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би бастаған әр рудың билері, даңқы шыққан қолбасшылары мен батырлары қатысты. Онда жоңғар басқыншылығына қарсы бүкілхалықтық тойтарыс беруді ұйымдас-тыру және қазақ жасағының қолбасшысын сайлау туралы мәселе қаралды. Ордабасы жиынында Әбілқайыр хан бас қолбасшы болып тағайындалып, жиынға қатысушылар өз қимылдарын үйлестіріп отыруға, жауға біріккен майдан құрып аттануға ант берді және алдағы елді азат ету үшін жүргізілетін шайқастардың жоспарын жасады. Осы жолғы қазақтың үш жүзінің тізе бі-ріктіріп, бас қосқан іс-қимылдарының нәтижесінде қазақ халқы 1727 жылы жоңғарлармен болған Бұланты-Білеуті шайқасы мен 1729–1730 жылдардағы Аңырақай шайқастарында жеңіске жетті.

1993 жылы 26-28 мамырда Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың арқасында көптен бері көңіл бөлінбей келе жатқан Ордабасыда Төле, Әйтеке, Қазыбек билерді еске алу мерекесі болып өтті. Бұл жиынға Өзбекстан Президенті И.Каримов, Қырғыз елінің сол кездегі Президенті А.Ақаев қатысты. Ұлы жиында тәуел-сіз еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев ашып, екі жарым ғасырдан астам уақыт бұрын осы жерде үш кемеңгер билеріміз үш жүздің жақсы мен жайсаңдарын жинап, жоңғар шапқыншылықтарына қарсы күреске біріктір-ген ұлы оқиғаның мән-маңызына тоқталды. Үш бидің рухын мәңгі есте қалдыру үшін болашақта ескерткіш орнату жөнінде қойылған белгітас пердесін ашты. Елбасы «Ордабасы» тауының биігі «Бірліктөбеге» шығып, тәуелсіз еліміздің туын көтеріп, «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қоры-ғын құру туралы өзінің қаулысын жария етті. Өзбек, Қырғыз Президенттері де Бірліктөбеге шығып, бірлік пен татулықты паш еткендей біріккен мә-лімдемеге қол қойды. Ұлы билердің әруағын ардақтаған бүкіл халықтық бұл салтанат – алты Алаштың ұл-қыздарын ұлы мұратқа жетелейтіндей алқалы бас қосу болды.

1997 жылы 19 қыркүйекте ескерткіштің ашылу салтанаты-на орай ұйымдастырылған ме-рекелік жиынға қатысқан Прези-дент Н.Назарбаев тұрғызылған монументтің мән-маңызына ай-рықша баға берді.

Қазақты үш ғасырда бауы-рына екі жиған Ордабасының екі жиыны да қайырлы болып, ел тірлігіне, жеңісті істерге бас-тауда. Қасиетті де киелі Ордабасы қашанда халқымыздың ұлттық мақтанышы болып қала бермек.

Ақбөпе Әбдрасул

Page 84: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

84

ӘСЕМ ДЕ ӘСЕРЛІ ГРУЗИЯ ЕЛІӘрбір адам өз өмір жолында ғажайыпқа толы ертегі әлеміне саяхат жасағысы келері сөзсіз.

Қазіргі таңда аты асқақ аймақтарға жиі баратын жерлестеріміз күн санап артып келеді. Егер өзінің әсем табиғатымен ерекшеленетін, барша халық қызыға тыңдайтын аңыздарға бай елді көргіңіз келсе, көп ойланбастан, әлемге әйгілі үлкен қатпарлы тау жүйесі бар, суы мол, екпінді өзендердің Отаны болған - Грузия еліне саяхат жасаңыз. Мұндағы тамаша демалыс орындары, қонақ үйлер, дәмді тағамдарға бай грузин асханасы және жергілікті салт-дәстүрлер, барлығы да адамды қызықтырары сөзсіз. Өздерінің түрлі наным-сенімдерімен, әлемге белгілі қызықты аңыздарымен ерекшеленетін бұл елдің тұрғындары ақжарқындылығымен тамсандырады. Сондай-ақ, қазіргі таңда Грузияның жер асты сулары медицина тарапынан дертке дауа, ауруға шипа болып отыр.

Осындай шағын әрі тәкаппар елдің сұлулығына әлем жұрты қанша уақыттан бері бас иіп келеді. Көздің жауын алар ұмытылмас әсер алуды мақсат етсеңіз – ғажайыпқа толы Грузия елін тамашалап қайтуыңызға әбден болады.

Грузия - Еуропа құрлығының оңтүстік-шығысында, Кавказ тауының оңтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. Аталмыш елдің шекарасы Ресей, Әзірбайжан, Түркия мемлекеттерімен шек-тесіп жатыр. Астанасы - Тбилиси. Тұрғындары-ның 70,1%-ы грузиндер. Ал екінші орындағы ұлт - армяндар. Халқының көпшілік бөлігі - христиан дінінің православие тармағын ұстанады, қалғандары мұсылмандар мен католиктер.

ТабиғатыЖерінің географиялық құрылымы күрделі,

87%-ын таулы қыраттар алып жатыр. Солтүстігінде Үлкен Кавказ қатпарлы тау жүйесі бар. Климаты жылы, ылғалды субтропикалық ендікте орналасқан. Елде тау мұздықтарынан басталатын, суы мол, екпінді өзендер (Кура, Риони, Ингури, Сунса, т.б.) жиі кездеседі. Минералды су көздеріне бай. Әлемге әйгілі мөлдір «Боржоми» суы Грузияда өндіріледі.

ЭкономикасыГрузия - аграрлы-индустриялды ел. Экономикасының негізгі

салалары: тамақ өнеркәсібі (шай, темекі, минералды сусындар, шарап, коньяк шығару), жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, қара және түсті металлургия, химия өнеркәсібі. Ауыл шаруашылығында шай, темекі, жеміс-жидек өсіру, мал шаруашылығы жақсы дамыған. Грузия елі Боржоми, Ахтала, Шови секілді көптеген шипажайларымен танымал. Қара теңіз жағалауындағы курортты қалаларда туризм жақсы жолға қойылған. Басты сауда серіктестері - Ресей, Түркия, Армения, Әзірбайжан. Грузия - БҰҰ, ТМД т.б. халықаралық ұйымдардың мүшесі.

Page 85: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

85

АсханасыАспаздық өнердің ішінде грузин асханасының алар орны ерекше. Бұлай дейтін себебіміз- тағамдарының

тіл үйірер дәмі мен өзге ел асханаларында қайталанбайтын ерекше қасиеті бар. Негізгі тағамдарына қой етінен жасалатын «мужужи», сиыр етінен жасалатын «харчо» және үй тауығынан немесе түйетауық етінен дайындалатын «чахохбилиді» атауға болады. Ерекше ас ретінде ұнтақталған қара бұрыш себілген хинкали (көлемі үлкен және өте дәмді тұшпара) саналады. Хинкалиді грузиндер қолмен жейді.

Грузия және ел тұрғындары туралы ең қызықты мәліметтер:Грузия шарап отаны саналады. Дәл осы жерде ең алғашқы шарап құмыралары мен жүзім дәндері

табылған.Грузиндерде жиырма сандық жүйе қалыптасқан. 20 мен 100-дің арасындағы сөздерді айтатын

болсаңыз, қиналып қаласыз. Мәселен, 33 санын айту үшін жиырма-он үш деп айту қажет.Грузиндер қонаққа барғанда көшеге киетін аяқ киімдерін шешпейді. Мұны жасайтын болсаңыз,

қожайындар ренжіп қалады, бөлмеге киетін аяқ киім сұрасаңыз тіптен жаман.Грузиндердің қазақ халқына ұқсайтын тұсы – етті қолымен жейтіндіктері. Елде кәуапты да, ұлттық

тағамдары «хинкалиді» де қолымен жейді. Тағамды ас құралдарымен жейтін болсаңыз, күлкіге қаласыз.

Қазақстанмен қарым-қатынасы:Қазақстан мен Грузия қатынастары достық

пен өзара тиімділік, аймақтық және халықаралық саясатта жақын ұстаным қағидатында дамып келеді. Грузия Қазақстанмен 1992 жылдан бері дипломатиялық қатынас орнатқан. Екі ел арасында тікелей және ТМД шеңберінде экономикалық және мәдени байланыстар орнатылған. Болашақта екі жақ Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінен өндірілетін мұнайды Баку - Джейхан маршруты бойынша Батыс Еуропа елдеріне шығаруға мүдделі. Бүгінгі күні екі ел арасындағы саяси диалог, сауда-экономикалық, инвестициялық, ынтымақтастық, туризм, мәдениет, білім саласындағы өзара әрекеттестік дамып келеді.

ҚР-ның Грузиядағы елшісі - Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев

ҚР-ның Грузиядағы елшілігіМекен жайы: Тбилиси қаласы, 0179, Шатберашвили к, 23тел. (+799532) 99-76-84; факс 29-24-89е-mail: [email protected]

ДайындағанМеруерт Тілеулиева

Page 86: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

86

ЕЛБАСЫМЕН БІРГЕ – ЖАҢА ЖЕҢІСТЕРГЕКүннен-күнге күшейіп келе жатқан әлемдік экономика-

лық дағдарыс пен қалыптасқан күрделі халықаралық ахуал кезінде кезектен тыс Президенттік сайлау өткізу еліміздің «Қазақстан-2050» стратегиясында көрсетілген ұзақ мерзімді даму басымдықтары мен «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауын-да экономикалық салаға үлкен мән берді. Қазіргідей сыни кезде шағын және орта кәсіпкерлікке Ұлттық қор есебінен қолдау көрсету – дер уақытында қабылданған және өте қажет шешімдердің бірі дер едім. Бұл өз кезегінде Елбасымыз-дың көрегендігін тағы бір мәрте дәлелдей түседі. Жаһандық дағдарыстың жаңа әрі қиын кезеңінде кезектен тыс Прези-

денттік сайлауын өткізу арқылы жүр-гізіліп отырған саясаттың жалғасты-рылуын қамтамасыз етуге, экономи-каның өсімін нығайтуға, Президент-ке деген сенімді күшейтуге болады.

Халқы сенген, екі тізгін, бір шыл-бырды қолына берген Президенттің түйінді сөзі бекем шықты. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңе-сінің кезектен тыс Президенттік сай-

лау өткізу туралы ұсынысына құлақ асты, қолдады. Өз Үндеуінде бұл шешімге келу себебін де халқымен бөлісті. Қазақстандықтардың осы бір күрделі уақытта елдегі бірлік пен татулыққа, тұрақтылыққа сызат түсіріп алмауға байланысты алаңдаушылығын да бек түсінді. Біз Елбасының еліміздегі тұрақтылық пен бірліктің, бо-лашақтағы табыстардың кепілі екенін әлдеқашан түсі-ніп болдық. Сондықтан да халық Президенттік сайлауға аса маңыз беріп, осы кезеңге дейін тұңғыш Президенті-міздің талай сындарлы сәттен, күрделі кезеңнен елдің еңсесін түсірмей алып шығып келе жатқанына көздері жеткендіктен, сайлаушылардың 97,7 пайызы өз дауысын Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа берді. Мем-лекет басшысы Үндеуінде: «Біздің азаматтарымыз үшін

бүгін не нәрсе аса маңызды?» дей келіп, қарапайым халықтың көкейіндегі ойды дөп басады. Қазақстандықтар үшін жұмыс орнымен қамтамасыз ету, жалақының, әлеуметтік төлемдердің, сти-пендиялардың тұрақтылығы, теңдестірілген ішкі-сыртқы саясатты ілгері апару қажеттігін айтады. Шыны да, солай. Ал мұндай кепілдік біздің елімізде әлдеқашан орныққанын көзіміз көріп, көңіліміз сезіп отыр. Осының барлығы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының, көсемдік көрегендігінің арқасында жүзеге асып жатқанын айту орынды. Кезектен тыс Президенттік сайлау өтетінін естіп, көңіліміз марқайып қалды. Бұл Елбасының қоғамдық пікірмен, халқымен санасаты-нының айқын мысалы болды дегім келеді. Биыл ел сенімін арқалаған Елбасын ұлықтау салтанаты Тәуелсіздік сарайында өтті. Аталмыш салтанатты рәсімде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан-ның Президенті ретінде ант қабылдап, қызметіне ресми түрде қайта кірісті.

Әбілпатта Марите Әбілпаттақызы Тараз қаласы, кәсіпкер,

Редакция алқасының мүшесі

Page 87: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

87

БІЗ - ЕЛБАСЫМЕН БІРГЕМІЗ!Қазақстан халқы Ассамблеясының

Кеңесі кезектен тыс Президенттік сайлау өткізу туралы бастама көтерген болатын. Елбасы бұл бастаманы мұқият ой таразы-сына салып, «кезектен тыс Президенттік сайлау өткізген жөн» деген пайымға келді. Сондай-ақ, бұл ұсынысты жаһандық са-рапшылар, қазақстандық қоғам қайрат-керлері, зиялы қауым өкілдері мен еліміз-дің түкпір-түкпірінен түрлі салада жұмыс істейтін қызметкерлер қолдап, өздерінің көпшілікпен ынтымақтастығын білдіріп жатыр. Шын мәнісінде, бұл сайлау жай ғана сайлау емес. Елбасымыз айтқандай, сайлау – аса маңызды конституциялық және пат-риоттық акт. Бұл сайлауда келешегі кемел елдің тағдыры, ұлттың болашағы шеші-ліп, әлемдегі экономикалық және геосаяси ауыртпалықтарға қарсы ауқымды кең қор-ғаныс шарасы жасалынуда.

Аса бір қиын кезеңде ел тізгінін ұстап, дағдарған халықты жарқын болашаққа бас-тай білу – тек нағыз білікті, дара туған басшының қолынан келеді. Бүгінгі таңда қажырлы еңбек етіп, оқу оқып, қызмет атқарып жүрген миллиондаған қазақстан-дықтардың күш-жігерімен экономикасы да-мыған, жалпыға ортақ еңбек қоғамы қа-лыптасқан күшті мемлекетті құру екі-бірінің қолынан келе бермейтіні бәрімізге мәлім. Осы тұста қазақ елінің Елбасшысын анықтау мақсатымен 2015 жылы 26 сәуір-ге тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында бір қолдаумен жеңіске жеткен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болатын. Президент сайлауын өткізу арқылы жаһандық эконо-микалық дағдарыс тудырған сыртқы әсер-лерден арыламыз деп ойлаймын.

Биылғы жыл – еліміздің өмірінде ма-ңызды оқиғаларға толы жыл. Елбасының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында атап көрсетілгендей, ағымдағы жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы және Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы мен ел Конституциясының 20 жылдығы кең көлемде атап өтілмек. Сондай-ақ, келешегімізді айқындайтын экономикалық бағытта білім беру саласында біршама жобаларды жүзеге асыру көзделген. Ал осы ілкімді істердің орындалуы 2016 жылға түсіп отыр. Сол себептен де, жалпыхалықтық маңызды істің ертерек өтуіне қолдау көрсеткеніміз абзал. Қазақта «Бақ, қайда барасың? Көршімен болған бірлігі, Мерекелі тірлігі, Ұйымшыл елге бара-мын»,-деген қанатты сөз бар. Болашағымызды айқындап, келешегімізге жол ашар маңызды істерге «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып» қолдау көрсетіп, атсалысуға шақырамын.

Құрманбекова Гүлнар МамытқызыШымкент қалалық мәслихатының депутаты,

Шымкент қалалық жедел-жәрдем көрсету стансасының бас дәрігері,

Редакция алқасының мүшесі

Page 88: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

88

ҚАЗАҚТЫҢ ЫРЫМДАРЫ – ДӘСТҮРДІҢ ДІҢГЕГІ

Дәстүрін дәріптеп, салтын сақтаған атам қазақ ырым-тыйымдары арқылы тәрбие берген. Ырым-тыйымның пайдасы да ұшан-теңіз екені бәрімізге мәлім. Қазақы ырымдар күн санап тұрмысымыздан алыстап, жұтап, жойылып, тұтынушысы азайып бара жатыр. Заман ағымына ілесе алмаған талай ырымдар өз-өзінен қалып қоюда. Ал жақсылықтан үміттендіретін, ізгі істерге жетелейтін, жанға сенім ұялататын жағымды ырым-тыйымдар ұлт дүниетанымының ажырамас бір бөлігі ретінде өмір сүруге құқылы. Сол себепті, бүгін осы тақырып төңірегінде әңгіме қозғауды жөн санап отырмыз.

Бала күнімізде «Табалдырық-қа тұрма, бойың өспей қалады», «Үйдің ішінде ысқырма, шайтан шақырасың», «Бетіңді екі қолмен баспа, жақының қайтыс болып кетеді» деген секілді жорамалды тыйымдарды жиі еститінбіз. Шындығында солай ма? Әрине, жамандыққа жорығанды жақ-тырмайтын халқымыз мұндай ырымдарды басқа мағынада қол-данған болса керек.

Ырымдар халықтың таби-ғатпен үйлесуінен, біте қайна-суынан пайда болған. Адамның жаратылысты түйсінуінен туын-даған. Әрбір мәдениеттің ас-тарында діни наным-сенім жа-тады. Біздің қазіргі қолданыста қоғамның қалыптасу тарихын-дағы рухтарға табынған - тотемизм, аңдарға табынған - анемизм, тас мүсінге табынған - фетишизм және отқа табы-нушылықтардан қалған ырым-дар да бар. Бұлардың кейбірі Ис-ламмен синтезделгендіктен, біз-дің халыққа жат емес. Айталық, келін түскенде отқа май құю, жаңа үйге кіргенде отпен аластау секілділер. Түнде далада қалып

Салт-дәстүр

қойса, жын-жыбырдан немесе далалық аймақта аң-құстан қорғану үшін от жағу - тиімді әдіс. Өйткені, ондай қауіптілер (жаман энергия, ит-құс, т.т.) оттан қашады екен. Асылында, ырым-тыйымдар - тазалыққа, адалдық-қа, мәдениеттілікке бастайтын тәрбиелік құрал іспетті. «Босаға-ны керме», «Босағада, табал-дырықта тұрып сәлемдеспе», «үйді, кісіні айналып жүгірме» деген секілділер күнделікті тұр-мыстағы әдептілікті сақтауға байланысты айтылған. «Үйге қа-рай жүгірме»-нің мағынасы ертедегі тұрмыстық болмысы-мыздан хабар береді. Бұрынғы

кездері жау шапса немесе суыт хабар жетсе, үйге, әлде ауылға қарай жүгіріп, яки атпен шауып хабарлаған екен. «Уһілеме» деген де бар. Мұның мәнісі мынада - ішінде шері бар мұңды адам жиі күрсінеді. Сондықтан, біреу уһілегенде «жамандыққа жорылмасын» деп айтылған. Сон-дай-ақ, Құран сүрелерінде ата-анаға қарап тіл қатқанда уһілеп сөйлемеу туралы айтылады. Мұндай мәндегілер - тәлімдік негіздегі ырымдар. Кейбір дәс-түрлі дінімізге қарсы келетін жоралғылар да бар. Мысалы, өлік шыққан үйден «Осымен бұл шаңырақта енді өлім-жітім болмасын» деп мәйітпен бірге құлыпты қоса көму сияқтылар дінімізде көрсетілмеген. Бұл жөнінде Абай Құнанбаевтың «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны жайлы» атты еңбегінде өте орынды айтылған. Қысқаша тоқталып өтейік: «...Дүниеде не нәрсенің себебіне көзі жетпесе, сол нәрсені Құдай қылып, дін тұтатұғын әдеттердің сарқынын біз де кей жерде көргеніміз бар. Келін түскенде үлкен үйдің

Page 89: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

89

отына май құйып, «От ана, Май ана, жарылқа!» дегізіп бас ұрғызған секілді, «өлген аруаққа арнадық» деп шырақ жаққан секілді, жазғытұрым күн әуелі күркірегенде қатындар шөміші-мен үйдің сыртынан ұрып, «сүт көп, көмір аз» дегендері секілді. Бұған ұқсаған көп еді, Құдайға шүкір, бұл күнде жоғалып бара жатқанға ұқсайды» дейді хакім ақын. Сондай-ақ, тізені құшақтау - жалғыз қалудың, қолды төбеге қою - ел-жұрттан безінудің, үл-кеннің жолын кесу - әдепсіздік-тің, асты төгу - ысыраптың белгісі деп танылған және ондай ерсі істерге қатаң тыйым салынған. Ал, енді «Түнде тырнақ алуға болмайды», «Сыпырғышты жоға-ры қаратып қоймайды» деген-дер гигиеналық тазалық үшін айтылған. Себебі, түнгі күңгірт кезде алынған тырнақтың ыдысқа әлде асқа түсіп кетуі әбден мүм-кін. Сыпырғыш бар лас қоқысты жиыстырады, оның басы жоғары қаратылып қойылса, ондағы ми-кробтардың ауаға таралуы ықти-мал ғой. Кей кісілер «қазақ ырым етеді, ырымы қырын кетеді» деп мән бермейді, бірақ, оның түп-төркінінде ғылыми негіз барын да білген жөн. Мәселен, шала туылған баланы мерзімді уақыты толғанша тұмақтың ішіне ұлпа мамық немесе ботаның түбітін, түйенің жабағысын орауыш етіп, керегеге байлап күн түсетін жер-де немесе қыс мезгілі болса жылы орында баққан. Бұл кәдімгі қазір медицинада қолданатын вакуум емес пе? Міне, осыны біздің ха-лық ертеде-ақ білген. Бұдан бай-қайтынымыз, ырымдардың түбін-де негіз бар. Мұндай тыйым сөздер ел ішінде өте көп. Оның бәрін қамти алмағанмен кейбір үлгілерін жинақтап, қағазға түсі-ріп ұсынып отырмыз. Тек, «Дү-ниенің озығы бар, тозығы бар» деп өткеннің де, жаңаның да жақсысын зерделей білген жөн.

- Егер өздері әкелген сыбаға немесе тамақтан жесе ол үйдің әйелі қыз табады дейді.

- Бейуақытта ұйықтаған, жылаған жаман болады. - Қолды жуғаннан кейін оны сілкімейді, орамалға

сүртеді. - Бала қаспақ жесе оның үйлену тойында жаңбыр

жауады. - Баласы шымыр болсын деп екіқабат әйелге сағыз

шайнатады. - Түсік тастамасын деп жас әйелдің етегін бүріп

қояды. - Екіқабат әйелдің күні жақындаған кезінде «Жер - Ана

қуат бер» деп жалаңаяқ жүргізеді. - Жас босанған немесе екіқабат әйел түнде суға

бармайды. - Екіқабат әйелге пышақ, ара, қайшы ұстатпайды. Ұстаса

мерзімінен бұрын босанады деп ырымдаған. - Баласы кіндігіне оралып қалады деп екі қабат әйелге

ине-жіп ұстатпайды. - Бала ортан жіліктің майын жесе ата-анаға мейрімсіз

болады. - Екіқабат әйел қоян етін жесе, баласы қоянжырық

болып туады дейді. - Сиырдың желіні іссе, таңертең ерте кесекпен

ұшықтайды. - Жас келіншектің төсі, малдың желіні іссе – қайтыс

болған адамды жуған қолғаппен аптайды. - Жаңадан қайнатқан сабынды жоғары қойса, ол үйге

түскен келін өркөкірек болады. - Аспаннан ағып түскен жұлдызды көрген адамдар

«менің жұлдызым жоғары» дейді. - Адамға немесе малға біреу сұқтанып қараса «көзің

тиеді» деп түкіртеді. - Балықтың құйрығын ұстатса – ауға балық түспейді. - Ойынға ашуланған адамның басы таз болады. - Мал үшеу не төртеу (үш не төрт төл) туса – олардың

біреуін бауыздап, босағаға көмеді. - Егер бір үйде қыз туа берсе келесі бала ұл болсын деп

оған ұлдың атан қояды. - Көзге теріскен шықса, саусақ арасынан қол

шығартады. - Мысыққа тамақ бергенде «ертең ұмытып кетесің» деп

маңдайынан шертіп береді. - Тауық мезгілсіз шақырса – жаман ырым. - Иегің қышыса бір жерден дәм татасың. - Адамның келіншек отырған жақтағы аяғы ұйып қалса,

ол екі қабат екен деп ырымдайды. - Езуге ауыздық шықса жүгенің ауыздығымен ем-

дейді. - Көп жасаған немесе жақсы адам қайтыс болса, оның

заттары мен киімдерін ырым етіп бөліп алады.

Ақбөпе Әбдрасул

Page 90: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

90

ХасенОмарханов

Page 91: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

91

ҚҰРМЕТ ҚАРАУЫЛЫ – ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ

Бауыржан Момышұлының даңқты жауынгер ретінде «Отан үшін отқа түс – күймейсің» деген нақыл сөзінің астарын түсіну асқақты болуға шақыратындай. Күндіз-түні ел тыныштығын күзету асқан ерлік пен қайтпас қайсарлықтың көрінісі, әрі тәуелсіздік іргесінің ірілеуінің бірден бір кепілі деу артық болмас. Тәуелсіздіктің туын биіктетуде ҚР Мемлекеттік күзет қызметіне қарасты Құрмет қарауылы ротасының өзіндік алар орны ерекше. Құрмет қарауылы ро-тасының әскери қызметшілері түрлі салтанатты рәсімдерге қатысып, Мемле-кеттік ту мен Елтаңбаның жанында ерекше маңызды мемлекеттік нысан-дарды күзетеді, ал төтенше жағдайда тиісті заңмен белгіленген іс-шараларға қатысады. Осындай айтулы жердің айбынды көшбасшысы, қару мен қылыштың қыр-сырын меңгеріп, халықаралық деңгейде өнер көрсетіп жүрген, аса мықты да-уысқа ие жандардың бірі – ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, Құрмет қарауылының бастығы, аға лейтенант Омарханов Хасен Жасболатұлы. Еліне қызмет етуде белсенділік танытып жүрген мақсатшыл жанмен болған сұхбатымызды назар-ларыңызға ұсынамыз.

Хасен Жасболатұлы, Сізді әскери тәрбие неге үйретті?

Мемлекеттік іс-шаралар, дене шынықтыру, сақ-тық дайындық пен арнайы дайындықты қоспағанда, әскери тәрбиенің маған берген тәлімі орасан зор. Ар-найы дайындықтың мен үшін рөлі ерекше. Сақтық да-йындық пен арнайы дайындық сабақтары бір-біріне ұқсас болғанымен, олардың арасындағы айырмашы-лық ұшан-теңіз. Арнайы дайындық сабағында қолда-ныста бар тәсілдерден бөлек ойдан да тәсілдер ойлап табылады. Қазіргі таңда Мәскеу қаласының осы ба-ғыттағы полктары тарихы ұзақ болса да, бізден тәсіл үлгілерін алуда. 2003-2006 жылдар аралығында қа-румен әр түрлі тәсілдер ойлап тауып, 2006 жылы Мәскеу қаласының 885 жылдығында «Поклонная гора» жазығында өнер көрсетіп, сол кездегі көрсет-кен қару тәсілдеріне әскери қызметкерлердің аң-таң болған жайы бар. Аталмыш жылдан кейін, қарумен әр түрлі тәсілдерді шәкірттеріме барынша үйретіп, назарымды қылыш қолдану арқылы жасалатын әр түрлі тәсілдерге аудардым. 2006 жылы Мәскеу қаласында қарумен өнерімді көрсетсем, 2009 жылы қылышпен өнерімді паш еттім.

Елбасының жанында әскери қызметкер болу бағына қалай жеттіңіз?

Әскери адам боламын деген ой бұрында маған таңсық еді. Республикалық Ұлан гвардиясында әске-ри борышымды өтеп жүрген кезде Құрмет қарауыл ротасының бар екенінен құлағдар болдым. Құрмет қарауылы ротасы - гарнизон бастығының, құрама не-месе жеке әскери бөлім командирлерінің бұйрығы-мен әскери құрмет көрсету үшін тағайындалатын бө-

лім. Ол тек мемлекеттік ескерткіштерді ашу кезінде, мемлекет басшыларын күтіп алу және шығарып са-лу, мемлекет алдында еңбегі зор азаматтарды жерлеу құрметіне тағайындалуы мүмкін. Осы мағлұматты естіген соң, аталмыш ротаға деген қызығушылық пайда болып, күннен-күнге арта түсті. Алматы қа-ласында әскери борышымды өтеу кезіндегі ант қа-былдау рәсімінде Құрмет қарауылының сарбаздары қарумен өнер көрсетті. Олардың өнеріне бір көрген-нен тәнті болып, бойымдағы қызығушылық одан әр-мен арта түсті. Ант қабылдау рәсімінен кейін, Астана қаласына біздерді ауыстырып алып келді. Осы тұста Құрмет қарауылы ротасында қызмет етем деген мақ-сат қойдым. Ең бірінші қадамым Алматы қаласынан Астана қаласына ауысып келуден басталды. 2002 жылы Құрмет қарауылы ротасына түсіп, әскери борышымды 2 жыл өтеу барысында қарумен әр түрлі тәсілдерге бар зейінімді қоя үйрендім. Бірінші мақсатыма жеткеннен кейін, екінші мақсатыма жету жолында бар күшімді сала бастадым. Ол ізгі мақсат-тың екіншісі – Құрмет қарауылы ротасының барлық іс-шараларына белсене қатысып, офицерлік шен алып, Құрмет қарауылы ротасының бастығы болу еді.

Құрмет қарауылы ротасының бастығы лауа-зымын алу үшін қандай да бір байқау болды ма?

Құрмет қарауылы ротасының бастығы лауазы-мына ие болу оңай болған жоқ. Арнайы байқау жарияланып, 17 офицер бағымызды сынадық. Әділ-қазылар қарумен және қылышпен жасаған тәсілдерімізді сыннан өткізіп, әділ бағасын берді. Бұл қызметтің де өзіндік қыр-сыры бар. Мысалы, Құрмет қарауылының бастығы болу үшін жас ерекшелігіне

Page 92: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

92

мән берілмесе де, әркез дене бітімін бір қалыпта сақтау міндетті. Әр сарбазға әр киім шақталып ті-гілетіндіктен, әрдайым бір салмақта болу міндетті ерекшелік болып табылады.

Осы уақытқа дейін жеткен жетістік, мара-паттарыңызды атап өтіп кетсеңіз?

Әскери қызметімді атқарып жүрген кезде 3-ші «Мінсіз қызметі үшін» медалі және «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығына орай парадқа қатысушы» естелік белгісімен, сонымен қатар, 2009 жылы «ҚР Конституциясы күніне арналған әскери парадқа қатысушы» белгісімен марапатталдым.

2013 жылдың 7 мамыр айында өткен Өзінің лауазымдық міндеттерін ынтамен атқарғаны, күнде-лікті қызметтік жауынгерлік тапсырмаларды орын-дауға Республикалық Ұлан Қолбасшысы атынан марапатталдым. 2013 жылдың 6 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Бас әскери Прокурату-расының ұжымы атынан Прокуратура күніне арнал-ған өнерпаздықты дамытуға қосқан үлесім үшін мадақтау қағазы берілді. 2014 жылы 10 сәуірде Жауынгерлік даярлықта жеткен жетістіктер, көрсет-кен күш–жігерім мен белсенділігім үшін мадақтау 0112 әскери бөлім командирінің атынан марапат-талдым. 2014 жылы 7 қыркүйекте Мәскеу қаласын-дағы «Спаск Мұнарасы» Халықаралық әскери музыкалық фестиваліне қатысқаным үшін мадақтау қағазына ие болдым.

Хасен Жасболатұлы, өзіңіз және отбасыңыз жайлы айтып берсеңіз.

Алматы облысы, Үшарал қаласында 1982 жы-лы 26 наурызда дүниеге келдім. Қазіргі таңда үш қыздың әкесімін. Өзіме келетін болсақ, Астанаға келу барысында алдыма қойған негізгі үш мақсатым болды. Жоғарыда айтып өткендей, алғашқы екі мақсатымның асуын бағындырдым. Ал үшінші мақсатым әзірге құпия болмақ.

Сіздің біліміңіз бен тәліміңізді алып жүрген шәкірттеріңіз жайлы айта отырсаңыз. Ізіңізді қуам деуші өскелең ұрпақ пен шәкірттеріңізге қандай айтар тілегіңіз бар?

Осы тұста шәкірт деген сөзге екпін түсіре кетсем. Бүгінгі күні орныма дайындап, бойымдағы білім нәрін білектене үйретіп жүрген шәкіртім бар. Ал шәкірттеріміз қоғамдық және мемлекеттік іс-шараларға қашан да болмасын бір кісідей ат салыса-ды. Жуық арада 21 сәуірде мемлекеттік күзет қыз-метіне 1 жыл толуына байланысты жоғары деңгейде шағын концерт болып өтті. Сол концертте шәкіртте-рім қарумен өнер көрсетіп, көптің ықпалына бөле-ніп көзге түсті. Егемен елдің тәуелсіз ұрпақтарына айтарым, алға әркез мақсат қойып, сол мақсатқа жету жолында ерінбей еңбек ету керек. Оңай олжа – отырған адамның ойы. Ештеңе де оңайшылықпен келмейді. Әр істің өзіне тән қиындығы бар. Мақсат-қа жету үшін адам бойындағы ынта мен жігердің бе-лесі биік болу керек. Ал соңымнан еруші шәкіртте-рім мен әскерлестеріме іске сәт! Тек қана алға!

Сұхбаттасқан Ақбөпе Әбдрасул

Page 93: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

93

ЖЕҢІСТІ КҮННІҢ НАМЫСТЫ ЕРЛЕРІОтан алдындағы парыз, туған жерге деген сүйіспеншілік

пен құрмет - Әпешевтер әулетінің мүшелері алдындағы ең басты міндет. Отан алдындағы өз міндеттерін орындау жолын-да адал қызмет ету – осы отбасы үшін бүгінде ұрпақтан-ұрпақ-қа жалғасын тауып отырған үздіксіз дәстүрге айналып отыр. Ата-бабасының ерліктеріне сүйсіне әрі мақтан тұта қарайтын қазіргі ұрпақ тәуелсіздігіміздің ақ таңы атқан бейбіт өмірде сол жолды жалғастыруда. Өз өмірін Отанына адал қызмет етуге арнаған капитан Серік Әпешев жайлы сөз қозғар болсақ, осынау әскери жолда мүлтіксіз қызмет атқарып келе жатқан әулеттің көзі Ұлы Отан соғысында ерлік жасаған Айтчан және Әпеш Мәмбетәлі атты ағайынды екі азаматтан бастау алады. Айтчан Мәмбетәлі «Сталинград үшін ұрыста» қаһармандық танытып, ерлікпен қаза тапты. Ол «Сталинград ұрысындағы ержүрек азаматтар» мемориалдық кешенінде жерленген. Мұндай халық қаһармандарының есімі Құрмет тақтасында алтын әріптермен жазылып, ел жадында мәңгі қала бермек. Әпеш Мәмбетәлі 307-Гвардиялық зенит артиллериясы полкінің құрамында шайқас-қан. Төрт жыл бойғы өмірі майдан шебінде өткен Әпеш Мәмбетәлінің елі үшін аянбай күрескендігін бүгінде немересі Серік Әпешев мақтанышпен еске алады. Атасының көзі тірі-сінде: «Соғыс - өте қатыгез ұғым. Біз басымыздан өткерген қиыншылықты ешкімнің басына салмасын. Себебі, қадам бас-

саң, апталдай азаматтардың мәйітін көресің. Майдан алаңында әрқайсымыздың ойымызда тек қазір оққа ұшырауымыз мүмкін деген ой ғана тұрушы еді. Сол үшін өзімнің қорғаныс қаруымды жүрек жараланбаса, аман қаласың деген оймен дәл жүрегімнің тұсында сақтайтынмын. Бірақ, сол кездерде басыңа оқ тиіп, өмір-мен қош айтысуың мүмкін екені ойыма келмепті» деп айтқан сөздерін мәңгі жадында сақтап қалыпты. Әпеш Мәмбетәлі соғыстан аман-есен еліне оралған соң, отбасын құрып, колхозда жұмыс жасайды. Төрт ұлдың әкесі атанған ержүрек батырымыздың 1947 жылы дүниеге келген тұңғыш ұлы Әбдікәрім Әпешев әке жолын жалғастыруды жөн көріп, өзінің өмірін әскери салаға арнайды. Әскери мектептің тәлімін алған Әбдікәрім Әпешев 1970 жылы теңіз жаяу әскерінің 336-гвардиясына шақырылады. Бітіргеннен соң, Мәскеудегі шекара училищесіне оқуға түседі. Офицерлік қызметтің алғашқы қадамын Кеңестік Қытай шекарасындағы «Хоргосс» жасағында бастаған. Уақыт өте келе, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетіне түсіп, оқуды аяқтаған соң, Алматы қаласындағы Аймақтық Ішкі Істер бөлімінде жұмыс жасайды. Әскери қыз-меттің түрлі салаларында абыроймен жұмыс атқарған Әбдікәрім Әпешевтің ендігі еңбек жолы дербес мемлекет болып, тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасында жаңа құрылыммен жалғасын табады. Елбасының қолдауымен еліміздегі қоғамдық тәртіп қатаң бақылауға алынып, құқық қорғау органдарының мәртебесі арт-ты. Әбдікәрім Әпешевтің Аймақтық Ішкі Істер органындағы қылмыстық іздеудің бастығы лауазымы - соңғы атқарған қызметі болып табылады.

Ата-бабаларымыздың келешек ұрпақтың бейбіт елдегі мамыражай өмірі үшін күресі, сол күрес жолында жасаған ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Бүгінде сан ұлттың сәні жарасқан тәуелсіз мемлекетіміздің қауіпсіз-дігін қамтамасыз ету жолында қызмет атқарып жүрген Апешевтер әулетінің жалғасы, 1984 жылы дүниеге келген Серік Әпешев Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Құрлық әскері институтын бітіріп, осы са-ланың барысында сан түрлі қызметтерді атқарды. Қазіргі таңда Әуе қорғанысы күштерінің басқармасындағы тәртіптік және идеологиялық бөлімнің аға офицері лауазымында. Жұбайы Назгүл Казизова Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінде әскери салада қызмет етеді. Нақтырақ айтсақ, Халықаралық қатынас департаментіндегі Паспорт-визалық бөлімінің бастығы лауазымын атқарады. Серік Әпешев өз сөзінде: «Әулетімізде атамыздан мұраға қалған оның әскери киімі, көптеген ордендері мен медалі бар. 2011 жылы әкем өмірден өткен соң, осы сарқылмас қазынаға жеке табельдік қару қосылып, маған мирас болып қалды. Бола-шақта осы құндылықтарға арналған кішігірім мұражай ашып, келер ұрпаққа құнды мұра етіп қалдырғым келеді», - дейді.

ДайындағанЭльмира Усенқызы

Page 94: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

94

Батыр деген жарқ-жұрқ еткен бір алмас,Батыры жоқ елдің басы құралмас.Батырлығын қастерлеген халықты,Басқалар да бағаламай тұра алмас, - деп қазақ поэзиясында елеулі із қалдыра

білген ақын Нарша Қашағанов жырлағандай, еліміздің бақытты болашағы жолында қан майданның төрінде білек сыбана жаумен тойтарысқа түскен батыр ағаларымыздың ерлігі жайлы сөз етпеу мүмкін емес. Намыс пен рух кеудесінде жалау болған сарбаздардың ерлігі ел есінде мәңгі сақталатыны сөзсіз. Солардың бірі Тәуелсіз еліміздің тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовты бүгінде танымайтын ел жоқ шығар, сірә.

Батырымызды жоқтап, бүгінгі ұрпаққа өнегелі жол болсын дей отыра, «Сарбаз – мемлекеттің символы» атты айдарды сол кісінің құрметіне аштық. Ұланы бар елдің ұраны барда Сағадат Нұрмағамбетовтың аты да, ерлігі де санадан жоғалмасы анық. Осыған орай, «Тәуелсіздіктің ақ таңы» республикалық қоғамдық-саяси журналы С.Нұрмағамбетов атындағы журналымызда «Сарбаз – мемлекеттің символы» айдары негізінде офицерлерді байқауға қатысуға шақырған болатын.

Е.Г. АсмановС.Қ. Құдыкенов С.Ш. Айтқазин А.Т. Сұлтанғазиев

Б.М. Қалдарбеков А.Т. Бикенов Ж.А. Орынбасаров Қ.Т. Азимбаев

САРБАЗ - МЕМЛЕКЕТТІҢ СИМВОЛЫ

ҚР ҚК «Айбын» президенттік полкі 0112 әскери бөлімі

Page 95: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

95

Н.Ж. ЕрубаевС.Ж. Елемес

А. Бекбосын

Ұ.А. Елубаев А.С. Аринов А.М. Мейрамов

Д.Н. МейрхановА.Б. АрғынМ.Е. Дурмекбаев

Н.Қ. Бикашов А.Х. Мұсабеков

Б.К. Нұрғалиев

Page 96: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

96

Қ.Қ. Қамзабаев Д.С. Сәдуақас А.А. Бухарбаев

Б.А. Жолдыбаев Д.Б. Мукашев Б.П. Мынбаев

С.А. Скаков Ж.Ж. Құрман И.В. Потанин

М.С. Тастанов Р.У. Альмухамбетов Д.У. Оспанов

ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің 68665 әскери бөлімі

Page 97: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

97

Я.К. Чугаров Е.Е. Бекбосынов А.М. Аминов А.К. Абилкасов

А.С. Әли Р.С. Буттубаев Д.Е. Сагадиев Б.Е. Атамкулов

Жеңістің 70 жылдық мерейтойы қарсаңында кезекті журналымызда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің барлық салаларында іріктеу жүргізілген еді. Фотосурет байқауы, өзін-өзі таныстыру және С.Нұрмағамбетов туралы пікір-мақалаларын жазу секілді талаптардан сүрінбей өткен қатысушылардың фотосуреттері журналдың ішкі бетіне, байқау жеңімпазының фотосуреті сыртқы мұқабаға жарияланды. Конкурс жеңімпаздарына 3 орын бойынша редакция тарапынан 1-орын 70000 теңге,

2-орын 50000 теңге, 3-орын 30000 теңге қаржылай сыйлықтар тағайындалды.Ендеше, елі үшін отқа да күйіп, суға да батқан ағаларымыз бен апаларымыздың

бүгінгі ұрпаққа сыйлаған Ұлы Жеңісінің ғұмыры мәңгілік өмір сүреді дей келе, мәңгілікке бастар патриоттық рухымыз асқақтай берсін, елдігіміздің, ерлігіміздің жемісті күндері көп болғай! ХХІ ғасырдың әскери ұрпақтарына батырлық – қанмен емес, ақыл-парасатпен және іскерлікпен келгенін тілейміз!

Page 98: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

98

Аға лейтенант, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің «Айбын» Президенттік полкі взвод командирі.ҚР БМ Шымкент қаласындағы генерал-майор С.Рахимов атындағы Республикалық әскери мектеп интернатының 2008 жылғы түлегі.ҚР Құрлық Әскерінің әскери институтының 2012 жылғы түлегі.ҚР Республикалық «Ұланның» ІІ дәрежелі Ұлан үздігі.11 тамыз 1990 жылы туғанХоббиі – кітап оқу, балық аулауСпорт түрі – бокс, қоян-қолтық ұрыс

Орынбасаров Жандос Айтбайұлы

ІІІ-орын

«Сарбаз – мемлекеттің символы» С.Нұрмағамбетов

Page 99: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

99

Аға лейтенант, ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің 68665 әскери бөлімі Құрмет қарауыл рота ко-мандирінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыс бойынша орынбасары.Алматы қаласындағы Құрлық әскери институтының 2012 жылғы түлегі.30 сәуір 1987 жылы туғанХоббиі – кітап оқу, музыкаСпорт түрі – баскетбол, жүзу

Тастанов Марат Сембайұлы

ІІ-орын

«Сарбаз – мемлекеттің символы» С.Нұрмағамбетов

Page 100: Тәуелсіздіктің ақ таңы 20

100

Капитан, ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің «Айбын» Президенттік полкі Құрмет қарауыл ротасы командирінің орынбасары.ҚР Ұлттық гвардиясының Петропавл қаласындағы әскери институт түлегі.І және ІІ дәрежелі «Ұландық үздік қызметі үшін» Қазақстанның 2006 жылғы «Жас сарбаз» номинациясының иегері28 қыркүйек 1987 жылы туған.Хоббиі – әдеби және тарихи кітаптар оқуСпорт түрі – үстел теннисі, футбол, воллейбол

Бикенев Аслан Төлегенұлы

«Сарбаз – мемлекеттің символы» С.Нұрмағамбетов

І-орын