Сезімімді білдіргім келедіkazminerals.info/uploads/files/pdf/1841_kk.pdf ·...

20

Upload: others

Post on 06-Mar-2020

17 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Сезімімді білдіргім келедіkazminerals.info/uploads/files/pdf/1841_kk.pdf · 2019-03-01 · Нөмірді дайындау барысында Қанат Қозыбаевтың
Page 2: Сезімімді білдіргім келедіkazminerals.info/uploads/files/pdf/1841_kk.pdf · 2019-03-01 · Нөмірді дайындау барысында Қанат Қозыбаевтың

2 3

KAZ Minerals Инфо № 1 (27) наурыз 2019

Станислав Ша-порев, Артемьев өндірістік кешенінің техникалық жоспар-лау жөніндегі же-текші инженері:

Арулар – өмірдегі ең тамаша жандар! Тек оларда ғана нәзіктік, қорғансыздық, соны-мен қатар, өктем және

мықты тұлға үйлесе алады. Бүгінгі таңда көп әйелдер басшылық қызметтерді алып отыр, сонымен қоса біреу үшін сүйікті жар және ана болып қалады.

Сіздер еркектерді әрекеттерге және ерліктерге ынталандырасыздар. Сіздердің арқаларыңызда еркектер қойған мақсат-тарына жетеді және өмір жолы бойында дамиды.

Сіздер тек үйге ғана емес, жұмысқа да жағымды көңіл-күй қуатын әкелесіз-дер, өндірістік қызықсыз жұмыс күндерін ажарландырасыздар.

Сіздерге зор алғысымды білдіргім ке-леді! Біз үшін жасап жатқан дүниелеріңіз үшін рахмет, қымбатты аруларымыз – әріптестеріміз, аналарымыз және жұбай-ларымыз!

Мерекелік көңіл-күй

Алексей Шаба-нов, «Шығыстүсті-мет» ЖШС Қой-ма шаруашылы-ғы басқармасының өндірістік-техника-лық бөлімінің инже-нері:

Құрметті ару! Көк-тем – махаббаттың, жаңа өмірдің және

өте керемет гүлдердің уақыты дейді. Ту-ра осы кезеңде ең ғажайып әйелдер күнін – 8 наурызды мерекелеу кездейсоқ емес. Қазіргі заманғы әйел саясатпен, бизнес-пен, қайырымдылықпен айналысады, кі-тап жазады, кинода және театрда рөл-дерді сомдайды, мемлекеттік марапаттар алады. Алайда, соның өзінде, өзін шы-нымен бақытты сезініп, сүйікті жар және аяулы ана болып қала береді. Осы мейрам күнінде саған денсаулық, махаббат, ба-қыт, барлық істеріңде табыс тілегім ке-леді. Сен көркем, кербез ару екеніңді әр-қашан есіңде сақта. Сенің қуатыңның, та-быстарыңның және шынайы бақытыңның кепілі осыда!

«KAZ Minerals Инфо» редакциясы Топ-тың кәсіпорындары және кеңселерінің қызметкерлеріне олардың жүрек-терін тебірентетін әйелдерге риясыз көңілмен сезімдерін білдіруді ұсынды. Жүректен шыққан бұл сөздерді мың-даған әріптестеріміз де оқи алады!

Рамзан Жансаитов, ЕӨК Белоусов байыту фабрикасының аға диспетчері:

Милой маме в день 8 марта –Комплиментов россыпь и стихов!Пусть сражает наповал поклонниковТонкий аромат твоих духов!Вновь весны блаженное томление,Вновь горят огнем глаза твои.В день 8 марта я желаюТебе счастья, радости, любви!

Антон Гамалей, Бозшакөл КБК, ЕҚҚТ және ҚОҚ бойынша оқытуды үй-лестіруші:

Мен KAZ Minerals-та тек жарты жыл жұмыс істеймін, алайда осы аз уақыттың ішінде біздің бөлімде басшымыз Аида Тоқсанованың әрекеттерінің, тау-сылмайтын идеялары мен энергиясының арқасында қанша жұмыс жасалғандығы көрініп тұр. Бұл 2018 жылғы үздік кор-поративтік жобалар конкурсына қатысу, оқу полигонының және автодромның құ-рылысы, оқыту процестерін жүйеленді-ру, оқыту бөлімінің ғимараттарын жә-не оларға іргелес аймақты жақсарту. Ол ұжымды біріктіріп, одан нағыз команда жасай білді! Бұл осындай қысқа уақытта іске асырылғанның аз бөлігі ғана. Оның еңбегін тек ұжым емес, KAZ Minerals То-бының жоғары басшылығы да ескерусіз қалдырмайтыны өте тамаша. Дәл Аида күміс белгіше алған біздің кәсіпорын-ның тұңғыш қызметкері болуы кездейсоқ жағдай емес. Оған осындай өз ісіне деген адал көзқарасы үшін алғыс айтқым ке-леді. Онымен жұмыс істеген жағымды жә-не қолайлы. Биыл алтын белгіше алуды тілегім келеді!

Оқыту және даму бөлімінің бүкіл ұжы-мы атынан біздің басшымызды және біздің ұжымымыздың барлық әйелдерін көктемнің тамаша мейрамымен құттық-тағым келеді! Оларға барлық жақсылық-ты, әрқашан осындай әдемі болуларын, сүюді және сүйікті болуды тілеймін. Сіз-дерге және сіздердің жақындарыңызға бақыт тілеймін, құрметті арулар!

Қанат Қозыбаев, үңгуші (брига-дир), Ертіс шахтасы:

Ең алдымен жарық дүниеге әкелген анамды, қуанышта да, қайғыда да қа-сымнан табылған жарымды, қыздарым-ды, сонымен қатар, Қазақстанның барша әйелдер қауымын 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттық-таймын! Бұл мейрамда ең бірінші құттық-талып, алғыс айтылуы керек адам - ана. Шыр етіп дүние есігін ашқан сәттен бастап, «баламның табанына кірген шоқы маңдай-ыма қадалсын» деп бәйек болатын, түн ұйықысын төрт бөліп, өсіріп жеткізген ана-ма айтар алғысым шексіз. Қарап отырсам қазір бес баланың әкесі болып, балаларыма анам төккен мейірімді мен де берудемін. Қазір сіздермен ой бөлісіп отырғанымның өзі анамның арқасы. Себебі, ең алғаш сөй-леуді үйреткен сол кісі. Қазір еңбек етіп жү-руіме де сол кісінің септігі тиді. Себебі, жүруді де үйреткен, әр істін қыр-сырын таныта білген де анам.

Нөмірді дайындау барысында Қанат Қозыбаевтың анасы қайтыс болғаны тура-лы суық хабар келді. Әріптесімізге көңіл айтып, қайғысына ортақтасамыз.

Сезімімді білдіргім келеді

Page 3: Сезімімді білдіргім келедіkazminerals.info/uploads/files/pdf/1841_kk.pdf · 2019-03-01 · Нөмірді дайындау барысында Қанат Қозыбаевтың

2 3

№ 1 (27) наурыз 2019 KAZ Minerals Инфо

Қуаныш Ордабаев, Орлов ӨК бай-ыту фабрикасының бас корпусының ауысым шебері:

Мен фабрикада 2003 жылғы наурыз-дан бастап жұмыс істеймін. 2005 жы-лы әскерге кеттім, ал келген соң шахта-да КҮЖУ жұмыс істеп көрдім. 2013 жылы фабрикадағы өзімнің ұжымыма қайтып келдім, онда еркектермен бірге 132 әйел жұмыс істейді. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында олардың бірі туралы айтып бергім келеді.

Мадина Жақсы-лыққызы Шайханова – ОӨК байыту фабри-касының бас корпусы-ның бастығы. Менің оқытушым, тәлім-герім, кәсібімдегі менің кіндік шешем.

Ол маған көп нәр-сені үйретті. Мен қазір, бастық бо-ла тұра, оның тәлім-герлігінің барлық пайдасын сезінемін. Менің қарамағымда 30-ға жуық адам бар. Әрқашан ауысым алдында біз ол кісімен бірге цехті қарап шығамыз. Ол әркімге байқалмайтын кемшіліктерді дереу көру-ге үйретеді. Мадина Жақсылыққызы бар-лық ұсақ–түйектерді байқайды, себебі, ол фабриканың жұмысын, оның барлық ерекшеліктерін жақсы біледі. Ол өте та-лапшыл: наряд-тапсырма береді, бақы-лайды және нәтижені бағалайды. Оның қызметкерлердің артынан жүгіріп жү-ретін әдеті жоқ, ол адамдарға сенеді, ол кәсіби-басшы. Осының барлығына ол мені үйретті және үйретіп келеді. Мен үнемі одан үлгі алуға тырысамын, себебі оның қызметкерлерді басқару әдістемесі жемісті және тиімді.

Мен оның ұжымда тәртіпті ұйым-дастыру қабілетін үйренгім келеді – бұл қасиетке Мадина барлығын баулиды және бірінші кезекте өзінен бастайды. Тайм-менеджментті қатаң сақтайды: белгілі уа-қытта – нақты әрекет. Ол жұмыс уақытын басқару үлгісі. Оның сүйікті мәтелі: «Нұс-қауды сақтаңдар, қауіпсіз жұмыс істең-дер!». Оның тапсырмаларды сауатты бөлу және жіті бақылауының арқасында фаб-рикада барлығы жұмыс істейді, өндірістік тапсырмалар орындалып жатады. Оны тәртібі және кәсіби шеберлігі үшін сый-лаймын. Мен өзім оған түсіністігі мен адамгершілігі үшін алғыс айтамын.

Жұмыста бір нәрсе болмай жата-тын жағдайлар болады, сол кезде ол түсіндіріп, барлық кемшіліктерді көр-сетіп, әрқашан адал, ашық нақты және түсінікті түрде шындықты көзге айта-ды. Шындық, әдетте, ащы. Ал егер сенде сәтсіздік болса, ол әрқашан көмекке ке-леді.

Мадина Жақсылыққызына және біздің тамаша ұжымның әйелдеріне мықты ден-саулық, балаларына және ата-аналарына денсаулық тілеймін. Барлығына әйел ба-қытын тілеймін. Күш-қуат пен шыдамды-лық болсын! Бізбен фабрикада оңай емес. Қазақтар айтпақшы, «Сабырлы болу ке-рек», жұмыста табыс, қызмет жолымен өсуді тілеймін!

Мерекелік көңіл-күй

Тамара Богомолова, Ақтоғай КБК, IT-активтерін есепке алу жөніндегі ма-маны:

Мама лучшая на свете,Драгоценная моя!Пусть цветы все на планетеБудут только для тебя!Пусть исполнятся желанья,Долгой-долгой будет жизнь,Ну а в планах, начинаньяхЦарит только оптимизм!И пусть солнце улыбнётсяИ наполнит светом дом!Мама, ты сама, как солнце!Поздравляю с женским днем!

Альбина Жалғасова, Бозшакөл КБК майларды талдау лаборанты:

Сегодня все спешат поздравить мам,И к этим рядам сейчас я примкну.Но только разница есть небольшая там:Две мамы у меня теперь в роду.Одна дала когда-то жизнь мне,Ей благодарна за судьбу свою.Вторая подарила супруга мне,С которым создали мы крепкую семью.Хочу, чтоб солнце каждый день сияло,Чтобы не знали горя и проблем,Чтоб становились все время крашеИ не болели никогда совсем.

Сонымен қатар, «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС өндірістік зертханасы-ның атынан барлық әйелдерді 8 наурыз-бен құттықтағым келеді!

Төлеген Жеңісов, ОӨК БФ кран ша-руашылығының слесарь-жөндеушісі:

Менің анамның аты Нұргүл. Біз үй-де төрт баламыз – үш ағайындымыз және қарындасымыз бар. Мен ең үлкенімін.

Меніңше, барлық тұңғыш балалар ата-анасына ерекше қарайды. Біз неғұрлым жауаптымыз және ата-анамызды, әсіресе анамызды, көбірек сыйлаймыз және ба-ғалаймыз. Мені кішкентай інілерім мен қарындасым кешірсін. Әрине, біз барлы-ғымыз анамызды жақсы көреміз. Ол бізде өте мейірімді, қамқор. Әркім үшін анасы – ең жақсы ана.

Мен анамнан алыста болсам да, «жа-ным, ботам, балапаным, сұңқарым, тәттім, құлыным» деген сияқты оның жылы сөздері әрқашан менің жүрегімде, олар мені суық күнде жылытады, қиын сәтте көмектеседі.

Мен әрқашан оның айтқанын тыңдай-мын: «Сабырлы, сыпайы бол, үлкендерді сыйла, ішімдікті пайдаланба, шылым шекпе, өз ісіңе жауапты бол».

Ол әрқашан біз үшін инабаттылық жә-не сабырлылықтың үлгісі болып қалады. Менің өмірім – бұл оның сыйлығы, менің салауатты өмір салтым – бұл оның тәр-биесі. Мен грек-рим күресімен айналы-самын, көптеген сайыстарға белсенді қа-тысамын.

Біздің анамыз ұзақ өмір сүргенін, ауыр-мағанын, әрқашан күліп жүргенін қалай-мын. Оны ештеңе қайғыға салмасын! Бар-лық аналар бақытты болсыншы. Ал біз, олардың ұлдары, оларды қуанту үшін қол-дан келгеннің барлығын жасаймыз!

Василий Дризголович, ОӨК АТ жә-не байланыс бөлімінің байланыс жә-не мәліметтерді беру желілерінің же-текші инженері:

Анам мен үшін – әйелдің идеалы, әр-дайым үздік. Оны білетіндер мені қол-дайды деп ойлаймын. Бірнеше жыл өт-се де, зейнетте отырса да, оған бұрынғы әріптестері келеді, кез-келген мейраммен құттықтайды немесе ортақ салтанатқа шақырады. Ол отыз жылдан артық уақыт Орлов шахтасының газдар және шаң тал-дауы жөніндегі лаборанты болып жұмыс істеді.

Мен анама берген тәрбиесі мен махаб-баты үшін зор алғысымды айтамын. Ма-ған өмір бойы аналық қамқорлығы үшін қарыздармын. Біз үш ұлмыз, барлығымыз қазір ер жеттік, тұлғамыз, өзіміздің от-басыларымыз, балаларымыз бар. Алайда анам үшін біз әрқашан оның кішкене ұл-дарымыз.

Анама көп қуаныш пен денсаулық, бізбен бірге бақытты ғұмыр кешуді ті-леймін!

Page 4: Сезімімді білдіргім келедіkazminerals.info/uploads/files/pdf/1841_kk.pdf · 2019-03-01 · Нөмірді дайындау барысында Қанат Қозыбаевтың

4 5

KAZ Minerals Инфо № 1 (27) наурыз 2019

???????????

Page 5: Сезімімді білдіргім келедіkazminerals.info/uploads/files/pdf/1841_kk.pdf · 2019-03-01 · Нөмірді дайындау барысында Қанат Қозыбаевтың

4 5

№ 1 (27) наурыз 2019 KAZ Minerals Инфо

Ресми

Қаржы - 201821 ақпанда KAZ Minerals 2018 жылдың аудиттан өткен қаржылық нәтижелерін жариялады. Компания саладағы қаржылай шығындар жаһандық қисығының бірінші квартилінде қалды. Сонымен қатар, біз жоғары өсім стратегиясын іске асыруда ілгеріледік – Ақтоғайды кеңейту жобасын бойынша жұмыстарды бас-тап, Ресейдегі әлемдік деңгейдегі Баимская жобасын сатып алдық. Өзін жақсы көрсете білген активтер базамыз тұрақты ақша ағындарын көрсетіп отыр. Бұл Топқа жақын әрі ұзақ мерзімді болашақта мыс өндірісін айтарлықтай арттыруға инвестиция салуға мүмкіндік береді.

Топ бойынша 2018 жылы өткізуден түскен жалпы табыс $2,162 млрд құрады. Бұл өткен жылмен ($1,938 млрд) салыс-тырғанда 12% артық. Бұған өндіріс кө-лемінің артуы және мыс бағасының қым-баттауы әсер етті. Лондон металдар бир-жасында 2018 жыл мыстың орташа бағасы бір тоннасы үшін $6 526 болды. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 6%-ға қымбат. Дегенмен жыл бойында өзгерістер орын алғаны белгілі: маусым айында төрт жыл ішіндегі ең жоғары баға, яғни бір тонна $7 263 болса, қыркүйекте $5 823 деңгейін-дегі ең төменгі көрсеткішке түскен.

Топтың жалпы EBITDA-і $1,310 млрд жетіп, 6%-ға өсті. 2018 жылы операция-лық табыс 19%-ға артып, $851 млн жетті (2017: $715 млн). Негізінен бұған Ақто-ғайдағы сульфидті кен БФ-нан өткізілетін көлемнің артуы ықпал етті.

Еркін ақша ағыны 29%-ға өсіп, $585 млн (2017: $452 млн) құрады, ал опера-циялық іс-қызметтен түскен таза ақша-лай қаражат $673 млн дейін төмендеді. 2017 жылы бұл көрсеткіш $232 млн кө-леміндегі ұзақ мерзімді ҚҚС бойынша та-за түсімдердің арқасында жоғары ($752 млн) болды.

Топтың акционерлерге қатысты та-за табысы 2018 жылы $510 млн құрады (2017: $447 млн). Таза табыстың артуынан кейін 2018 жылы негізгі пайда $530 млн (2017: $476 млн) дейін өсті.

Акцияға шаққандағы қарапайым та-быс $1,14 (2017: $1,00) құрады. 2018 жылы акцияға шаққанда негізгі пайдаға негіз-делген табыс $1,07-дан (2017 жыл) $1,18-ға дейін артты.

Топтың жалпы ақшалай өзіндік құ-

ны 2018 жылы 4%-ға артып, 144 АҚШ центі/фунтқа (2017: 138 АҚШ центі/фунт) жетті. Негізінен бұл Шығыс өңірдегі жоға-ры көрсеткішке байланысты болып отыр. Топтың таза ақшалай өзіндік құны 2018 жылы 85 АҚШ центі/фунтты құрады. 2017 жылы бұл көрсеткіш 66 АҚШ центі/фунт болған. Бұған күтілгендей, Ақтоғай БФ-ның өндіріс үлесінің артуы себеп болды. Мұнда ілеспе өнімнің өндірісі барынша аз. Дегенмен, KAZ Minerals Тобы әлем-дегі мыс өндіруші компаниялар арасында ең төменгі ақшалай таза өзіндік құнның бірін көрсетіп отыр.

KAZ Minerals-тың таза берешегі 2018 жылғы 31 желтоқсандағы мәліметке сәй-кес, $1,986 млрд дейін азайды (2017 жыл-дың соңы: $2,056 млрд). Жалпы бере-шек 2018 жылдың соңындағы мәліметке сәйкес $3,453 млрд дейін азайды (2017: $3,877 млрд). Себебі, Топ келісілген кес-телерге сәйкес өзінің қарыздық міндетте-мелерін өтеуді жалғастырды.

Ақша салымдары- 2019 Шығыс өңір мен Бозымшақта 2019

жылы өндірісті қолдауға жұмсалатын шы-ғындардың көлемі $50 млн болады деп жоспарланған. 2018 жылы Бозшакөл мен Ақтоғайдағы өндірісті қолдауға жұмсал-ған қаражат көлемі жоспары $65 млн-дың $44 млн құрады. Қалған шамамен $20 млн 2019 жылға ауыстырылды. Сөйтіп, Бозша-көл мен Ақтоғайдағы жоспарланған шы-ғындар 2019 жылы әр кен орында $50 млн болады деп жоспарланған.

Баимская мыс жобасын есептемегенде 2019 жылы өндірісті кеңейту шығындарына Ақтоғай КБК кеңейтуге арналған $400 млн, Артемьев кенішінің екінші кезегін игеруге арналған $70 млн және Көксай кен орыны-на NFC компаниясы инвестициялаған $70 млн-дың Көксайдағы зерттеу жұмыста-рына жұмсалатын шамамен $20 млн кіреді. 2019 жылдың басында Бозшакөлде мерді-герге кепілді, ұсталатын шамамен $40 млн көлеміндегі соңғы төлем жасалса, жыл бо-йында Ақтоғайға негізінен үймелі сілтісіз-дендіру панельдерінің екінші кезегін аяқ-тауға $70 млн жұмсалады.

2019 жылдың қаңтар айында Баимс-кая лицензиялы алаңын сатып алуға бай-ланысты Топ $386 млн көлемінде ақшалай

қаражат төледі. Сонымен қатар жыл бой-ында тағы $50 млн төлеу жоспарланған. Бұл Баимская лицензия алаңының заңды иесі болып табылатын кәсіпорын тарапы-нан кепілді келісімді жасауға дейінгі ұс-талған сома. Баимская жобасы аясында-ғы кеңейту шығындары негізінен банктік техника-экономикалық негіздемені аяқ-тауға байланысты болады және шамалай болжамға сәйкес 2019 жылы $70 млн құ-райды. Жобаның инфрақұрылымына ар-налған алғашқы шығындар биылғы жылы, бірақ сәл кешірек қарастырылуы мүмкін. Баимская жобасының күрделі шығында-рының көлемі басқа жобалық көрсеткіш-термен бірге 2020 жылдың бірінші жар-тысында банктік ТЭН жобасы аяқталғанда ұсынылады.

Жоспар - 20192019 жылы Бозшакөлде 105-115 мың

тонна мыс, Ақтоғайда – 130-140 мың тонна (оның ішінде 25 мың тонна ок-сидті кеннен өндірілген катодты мыс) мыс, Шығыстүстіметтің кәсіпорындары мен Бозымшақ КБК-де – шамамен 55 мың тонна мыс өндіру жоспарланған. Сөйтіп, мыс өндірісінің 2019 жылдағы жоспары шамамен 300 мың тоннаны құ-рамақ.

2019 жылы алтынның өндірісі 170-185 мың унция болмақ. Мұнда Бозшакөлдегі өткізу мүмкіндігінің анағұрлым жоғары бо-луы алтын үлесінің төмендеуінің орнын толтырады. Күміс өндірісінің жоспарлы кө-лемі – шамамен 3 млн унция, концентрат-тағы мырыш – шамамен 50 мың тонна.

Page 6: Сезімімді білдіргім келедіkazminerals.info/uploads/files/pdf/1841_kk.pdf · 2019-03-01 · Нөмірді дайындау барысында Қанат Қозыбаевтың

6 7

KAZ Minerals Инфо № 1 (27) наурыз 2019

Сұхбат

Йохан Барнард – KAZ Minerals тех-никалық департаментінің директоры. Топта төрт жыл бойы жұмыс істеп келеді және соңғы уақытта барлық техникалық қызметтердің жұмысына жауап береді. Біздің басылымға бер-ген алғашқы сұхбатында ол Топтың 2018 жылдағы өндірістік нәтижелері туралы айтып, биылғы жылдың жоспа-рымен бөлісті.

- Йохан, компанияның өндірістік нәтижелері туралы айта кетсек. Күт-кендей нәтиже болды ма?

- Жалпы KAZ Minerals Тобының өндірістік көрсеткіштері біздің күт-кеніміздей болды. Кен қазу – күткен нә-тижеден жоғары. Бозшакөлдегі балшықты кен қабаты қалың болғандықтан біз суль-фидті кенге қол жеткізу үшін бұл учаскеге көбірек қуат жұмсадық. Бозшакөлде кен қазудың асыра орындалуы Ақтоғайдағы аздаған дефициттің орнын толтырды. Бұл жердегі кен өндірісі сулфидті фабрика-ның баяу жұмысымен шектелді. Бірақ Ақ-тоғайдың кеншілері икемділік көрсетіп, жұмысты тоқтатпай жоспарды орындау үшін бар күшін оксидті өндіріске салды.

Ақтоғайдағы кен байыту фабрика-сы мен оксидті зауыт Топқа өндірісті 14% арттырып, 294,7 мың тоннаға жеткізуге мүмкіндік берді. 2017 жылы Ақтоғайдағы фабрика өндіріс қарқынын арттырудың соңғы кезеңінде болғанда, бұл көрсеткіш 258,5 мың тонна еді. Былтырғы жылмен салыстырғанда Ақтоғайдағы өндіріс 46%-ға артты. Бұл фабрикада жоспарланбаған диірмендердің бірінің қайта қаптамалау және пластиналарды қосымша апаттық ауыстыру болғанына қарамастан орын ал-ды.

Ақтоғайдағы өндірістің өсуінің тағы бір себебі – өндірістік процесс үшін қал-дық шаруашылықтан суды пайдалану.

Сондай-ақ, желтоқсанда Ақтоғайға Катерпиллер компаниясының Қазақстан-дағы ең ірі жүк көлігі САТ793 келді. Бұл Ақтоғайды екінші кен байыту фабрикасы-ның құрылысы арқылы кеңейту жобасы-ның басталғанын білдіреді. Ол 2021 жылы іске қосылады деп көзделген. Сол кезде сульфидті кенді қайта өңдеудің жылдық көлемі 50 млн. тоннаға, ал кен өндіру - 80 млн. тонна тау-кен массасына жетеді.

Сонымен қатар өткен жылы Бозша-көлде кері циркуляция әдісімен бұрғы-

лау кампаниясы ойдағыдай өтті және бал-шықты кеннің толық аудиті жүргізілді. Бұл бізге кеңейту үшін үздік аймақтар қайда орналасқандығын және өтпелі ай-мақта балшықты кеннің нақты орнала-су орнын түсінуге көмектесті. Салыстыру үшін айтайын – өзінің жобалық қуатына жеткен Бозшакөл мен Ақтоғайдағы жалпы кен қазу көлемі жылына 44 және 46 млн тонна деңгейінде болған.

Әрине, қиындықтар да болды. Мыса-

лы, жерасты шахталарының жұмысында. Орлов шахтасының кейбір аумақтарында жаман тау-кен және геологиялық жағдай-лар мен жоғары температура сақталды. Артем-1-ден Артем-2-ге көшуге қатыс-ты айтсақ, 2018 жылы күрделі немесе ашу қазындыларын ұңғылау жоспарын қуып жеттік, енді кестеге сәйкес қозғалып ке-леміз.

2019 жылы біз жоспарланған кесте бой-ынша қозғала алатындығымызға және

Егер бір нәрсе қауіпті болып көрінсе, шынымен сондай болуы мүмкін немесе Ешқандай жұмыс өмір мен денсаулыққа қауіп төндіретіндей дәрежеде маңызды емес.

Page 7: Сезімімді білдіргім келедіkazminerals.info/uploads/files/pdf/1841_kk.pdf · 2019-03-01 · Нөмірді дайындау барысында Қанат Қозыбаевтың

6 7

№ 1 (27) наурыз 2019 KAZ Minerals Инфо

ауысу біз үшін табысты болатындығына нық сенемін. Артемьев шахтасында жыл-дың соңында әлдеқашан өте жақсы көр-сеткіштер болған. Біз онда барып, жаңа команда қандай жұмыс жүргізіп жатқан-дығын көрдік. Қазіргі жұмыс күрделі қазын-дыларда және ұңғыма-ны қазуға негізделетін болады. Ертіс шахта-сында мысты алу дең-гейі 629 мың тонна-ға жетті. Бұл жоспарлы көрсеткіштің 97%.

- Бүгінгі таң-да өнеркәсіптік қауіпсіздік және ең-бекті қорғау саласында жағдай қалай? 2019 жылы осы салада бастамалар қан-дай бағытта болады?

- Өкінішке орай, өткен жылы біз Шы-ғыс өңіріндегі жерасты кеніштерінде төрт қызметкерімізден айырылдық. Сонымен қатар, жұмыс уақытын жоғалтумен 48 жарақат тіркелді, олардың ішін-де 33 - Шығыстүстімет-те, 6- Бозшакөлде және 6- Ақтоғайда. Бозым-шақта, KAZ Minerals Service-те және Артем-2-де бір-бірден жұмыс уақытын жоғалтумен жарақат алынды. KPBV, Востокэнерго және Вос-токАвтоТранс компа-нияларында бұл көр-сеткіш – нөл.

2018 жылы біз қауіптерді бағалау про-цесін жақсартуға жұмыс жасадық. Мыса-лы, қауіптерді жеке бағалау SLAM (STOP – тоқта, LOOK – қара, ASSESS – бағала және MANAGE – басқар) әдісін қолданамыз.

Бұл жылы біз осы процестерді одан әрі жақсартуға зейін қоямыз. Қауіптерді негізгі бағалау – өндіріске зейін қою және барлық әлеуетті қауіп-қатерлерді болдыр-мау үшін барлық өндірістік учаскелердегі қауіптерді теңестіретін процесс. Содан соң біз қауіптерді басқарудың ағымда-ғы барлық элементтерін талдаймыз жә-не олар қаншалықты жеткілікті екендігін анықтаймыз. Егер жеткіліксіз болса, қауіпті қолайлы деңгейге дейін төменде-ту үшін көбірек бақылау құралдарын қо-сатын боламыз. Барлық мүмкін болатын қауіптерді барынша жою, менің ойымша – ең үздік тәсілдеме. Барлық қауіптерді жоя отырып, біз адамдарға сене аламыз.

2019 жылы, бұрынғы жылдардағыдай, біз аса зейін қоятын басқа міндет – ол

оқыту. Біз оқыту процесін қарапайым жә-не пайдалы ету үшін барлық күшімізді са-луды жалғастырамыз. Алайда, белгілі бол-ғандай, оқу курсына бару оқушылар бар-лық материалдарды игерді деп кепілдік

бермейді. Сондық-тан осы жылда ерекше көңіл бөлетін бағыттар-дың бірі – бұл оқуды аяқтағаннан соң игеріл-генді бағалау.

Оқыту және серти-фикаттау біздің істе өте маңызды. Сондықтан қауіпсіз жұмыс істеуді білмейтін жабдықты адамдардың басқаруы-на жол бере алмаймыз.

Сонымен қатар жоспарымызда – «Goal Zero» («Міндет – Нөл») іске қосу. Жуық арада бұл кампания және оның мақсаттары туралы бәрі білетін болады. Біз әр өндірістік учаске барынша қауіпсіз болғанын қалаймыз.

Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің негізгі сәті – әлеуетті қауіп-қа-терді анықтау екендігін атап өткім келеді. Мен әріптестеріме бір өте қарапайым хабарла-маны жеткізгім келеді: Егер бір нәрсе қауіпті болып көрінсе, шы-нымен сондай болуы мүмкін. Ешқандай жұ-мыс өмір мен денсау-лыққа қауіп төндіретін-дей дәрежеде маңызды емес.

- Ақтоғай және Бозшакөл үнемі тәжірибе алмастырады деп естідік. Ол қалай және не үшін болады?

- Ақтоғай және Бозшакөл өте ұқсас етіп жобаланған: олар-да сульфидті кенді қай-та өңдеу бойынша фаб-рикалардың қуаты бір-дей. Оларды текке «егіз жобалар» деп атамай-ды. Бір жобада алынған білімдер екінші жоба-да да ескерілгендігі өте маңызды, себебі олар технология, процестер және жабдықтар бой- ынша ұқсас. Осы екі жобадағы біздің бар-лық жұмыс тәжірибеміз – ортақ, біз барлығымен бөлісеміз. Ақто-ғайды кеңейту жобасы да біз Бозшакөл-де және Ақтоғайда үш жыл жұмыс істе-

ген кезде кездестірген ерекшеліктердің барлығын ескеріп тұрғызылатын болады. Жалпы, қатарлас жұмыс жасап бастаған біздің екі кәсіпорынның ұқсастығының өндірістің барлық салалары үшін көп жа-ғымды жақтары бар.

- Тағы бір жерлерде осындай тәжі-рибе алмасу пайдаланыла ма? Ондай бастамаларды қолдайсыз ба?

- KAZ Minerals-та тәжірибе алма-су үшін бірнеше алаң бар. Мысалы, 2018 жылы біз әр кәсіпорынның ӨҚ және ЕҚ бөлімдерінің өкілдері өткен апта-дағы өздерінің жаңалықтарымен бөлі-сетін өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша апта сайынғы кеңестер өткізуді баста-дық. Бір әріптестер, мысалы, өз учаске-лерінде анықталған әлеуетті қауіп-қа-терлер туралы айтады. Қалғандары ол уақытта оған ұқсас қауіптер олардың

учаскелерінде бар ма екендігін талдайды.

Одан басқа, компа-нияның барлық кенші-лері жылына бірнеше рет Кеншілердің фору-мында жиналады. Мұн-дай форумдарда қа-тысушылар пайдалы және маңызды ақпарат-тың көп мөлшерін жи-нақтайды, мәселелер шешіледі. Себебі, әр қа-тысушы өзінің барлық тәжірибесін, барлық ре-

сурстарын әкеледі және оны әріптестері-мен бөліседі. Барлығы бір тілде сөйлейтін орын болғаны маңызды. Бұл шабыттан-дырады.

2019 жылғы ақпанда фабрика қызмет-керлерінің алғашқы форумы болды.

Мен тәжірибе алмасу кез-келген сала-ның мамандары үшін құнды практика деп санаймын.

- 2019 жылға қандай мақсат қойды-ңыздар?

- Біздің мақсатымыз өзгермейді – біз барлығы үшін қауіпсіз тиімді өндірісті қа-лаймыз.

Сұхбат

кен өндірілді (мың тонна)

Бозшакөл (сульфидті кен) 23 980

Бозшакөл (каолин балшығы бар кен) 6 742

Ақтоғай (сульфидті кен) 25 816

Ақтоғай (оксидті кен) 16 036

Шығыстүстімет 2 955

Бозымшақ 937

2019 жылы біз жоспар-ланған кесте бойынша қозғала алатындығымыз-ға және ауысу біз үшін табысты болатындығына нық сенемін.

Бір жобада алынған білімдер екінші жобада да ескерілгендігі өте ма-ңызды, себебі олар тех-нология, процестер жә-не жабдықтар бойынша ұқсас.

Құрметті KAZ Minerals-тың арулары және бізбен бірге жұмыс іс-тейтін ер адамдарды қолдайтын арулар!

Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын және бақыт тілеймін!

Сіздерді біздің үлкен компания-мыздағы барлық ер адамдардың аты-нан құттықтағым келеді. Жұмысқа әкелетін ерекшеліктеріңіз бен үлес-теріңіз үшін, әсемдіктеріңіз бен сұ-лулықтарыңыз үшін алғыс айтамыз. Адамзат тарихында әйелдердің қо-ғамдағы әлеуметтік рөлі әрдайым ай-рықша болған. Сіздер қиын міндет-терден ешқашан бас тартпайсыздар.

Бізді осылайша шабыттандыра беріңіздер!

Бұл күн ерекше сәттерге толы бол-сын!

Қауіптерді негізгі бағалау – өндіріске зейін қою және барлық әлеуетті қауіп-қатерлерді бол-дырмау үшін барлық өндірістік учаскелердегі қауіптерді теңестіретін процесс.

Page 8: Сезімімді білдіргім келедіkazminerals.info/uploads/files/pdf/1841_kk.pdf · 2019-03-01 · Нөмірді дайындау барысында Қанат Қозыбаевтың

8 9

KAZ Minerals Инфо № 1 (27) наурыз 2019

Мерекелік галерея: Бозшакөл КБК

Өндірістегі арулар – 2019Корпоративтік байланыстар департаменті Халықаралық әйелдер күніне орай KAZ Minerals-тың аруларына арналған жобаны тағы да ұйымдастырды.

Мақсатымыз - Әйелдерге қажырлы еңбектері үшін алғыс айту. Был-тыр біз жобаға қатысушылардан,

қарапайым қызметкерлерден, Директор-лар кеңесінің мүшелерінен жағымды пікір естідік. Сол кезде түсіру тобы компания-ның барлық дивизиондарында болған еді. Бұл жолы Бозшакөл мен Ақтоғай сияқты жаңа кәсіпорындардың қызметкерлерін назарға алдық.

KAZ Minerals қызметкерлерінің 22%

әйелдер. Тау-кен компаниясы үшін бұл жаман емес. Егер еңбек заңнамасына өз-герістер енгізілсе, әйелдерге басқа ма-мандықтар да қол жетімді болады. Ком-паниямызда гендерлік теңдік мәселе-леріне айрықша назар аударылады және өндірістің барлық деңгейлерінде әйел-дердің ара салмағының өсуі – бұл әлемдік үрдіс.

Өкінішке қарай, газетіміздің ауқы-мы барлық портреттерді жариялауға

мүмкіндік бермейді. Бұл үшін кешірім сұраймыз. Газеттің бетіндегі суреттер кездейсоқ таңдап алынды. Бізге, жоба авторлары ретінде, қатысушы арулар-дың эмоциялары қызықты болды. Тосын түсірілім, табиғи ұяңдық пен көркемдік және кәсіби жұмыс. Осылардың араласы сәтті туындыға кепіл бола алды. Арула-рымыздың жұмысқа деген ілтипаты мен әріптестеріміздің қызметіне деген құр-меті айқын сезіледі.

Фотогалереяның толық нұсқасын kazminerals.info корпоративтік сайтынан

көре аласыздар.

Баймұқанова Светлана Саматқызы,

әкімшілік көмекші-аудармашы

Бейбітова Айкерім Әбубәкірқызы,

кадрлық әкімгерлік бөлімінің үйлестірушісі

Байқадиева Салтанат Сапарғалиқызы,

қаржылық басқарманың бастығы

Бисенова Нүрилә Максимқызы,

инженер-лаборант

Есембаева Айнель Есқазықызы,

кен байыту фабрикасының флотаторы

Григорян Тамара Кареновна,

әкімшілік көмекші-аудармашы

Жалғасова Альбина Хамитқызы,

майларды талдау лаборанты

Гутарович Наталья Егоровна,

кен байыту фабрикасы басқару пультінің операторы

Қатибаева Алтынай Сыздықанқызы,

кен байыту фабрикасының флотаторы

Page 9: Сезімімді білдіргім келедіkazminerals.info/uploads/files/pdf/1841_kk.pdf · 2019-03-01 · Нөмірді дайындау барысында Қанат Қозыбаевтың

8 9

№ 1 (27) наурыз 2019 KAZ Minerals Инфо

Мерекелік галерея: Бозшакөл КБК

Мұқаба бетте - Бутринова Анна Леонидовна, балшықты кендерді өңдейтін фабриканың флотаторы

Тютенькова Ольга Борисовна,

кен байыту фабрикасының сульфидті кендерді байыту учаскесінің бастығы

Қожахметова Жұлдыз Елубекқызы,

әкімшілік көмекші - аудармашы

Поддубная Светлана Викторовна,

тау-кен инженері - диспетчер

Нұрмұханбетова Жазира Сәлиқызы,

еңбекті ұйымдастыру және ақы төлеу бөлімінің үйлестірушісі

Ким Надежда Владимировна,

кен байыту фабрикасының флотаторы

Майкенова Жұлдыз Темірқанқызы,

қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инженер

Литвинова Софья Алексеевна,

вахталық қалашық кеңсесінің әкімгері

Ниқамбаева Анар Ғалымбекқызы,

өндірістік зертхананың бастығы

Рубин Оксана Васильевна,

ауыр техниканы жоспарлау инженері

Шайменова Людмила Николаевна, сульфидті кен байыту

фабрикасының флотаторы

Пышкина Ольга Николаевна,

химиялық талдау лаборанты

Шотаева Жәмила Жәнібекқызы,

ТМҚ есептеу бухгалтері

Page 10: Сезімімді білдіргім келедіkazminerals.info/uploads/files/pdf/1841_kk.pdf · 2019-03-01 · Нөмірді дайындау барысында Қанат Қозыбаевтың

10 11

KAZ Minerals Инфо № 1 (27) наурыз 2019

Мерекелік галерея: Ақтоғай КБК

МажнаЕлена Николаевна,

инженер-лаборант

Байғұзина Сандуғаш Төлегенқызы,

химиялық талдау лаборанты

Анарбекова Гүлім Алмабекқызы,

әкімшілік көмекші-аудармашы

Бобина Ольга Викторовна,

флотация учаскесінің ауысым шебері

Винтерфельд Анастасия Эдуардовна,

химиялық талдау лаборанты

Болғамбаева Ұлжан Аманжолқызы,

сульфидті фабриканың флотаторы

Дагилова Күлкен Тұрғанқызы,

флотатор (5-разряд)

Вахрушева Юлия Викторовна,

су дайындау жұмыстарының аппаратшысы

Дегтярева Анна Викторовна,

әкімшілік көмекші-аудармашы

Жұмәділова Әсел Маратқызы,

инженер-диспетчер

Жексембаева Балқия Әбетханқызы,

электролиз аппаратшысы

Жүнісбекова Махаббат Нұрхалиқызы,

ЕҚ және ҚТ, тәуекелдерді басқару бөлімінің бастығы

Page 11: Сезімімді білдіргім келедіkazminerals.info/uploads/files/pdf/1841_kk.pdf · 2019-03-01 · Нөмірді дайындау барысында Қанат Қозыбаевтың

10 11

№ 1 (27) наурыз 2019 KAZ Minerals Инфо

Мерекелік галерея: Ақтоғай КБК

Толысбаева Ақмарал Бақтиярқызы,

флотация жөніндегі инженер-технолог

Төлеубекова Қарлығаш Исакқызы,

инженер-геотехник

Түлетаева Гүлдана Маратқызы,

HR T&D өндірістік оқыту нұсқаушысы

Орымбаева Роза Мұратқанқызы,

фабриканың сульфидті кендерді байыту учаскесінің флотаторы

Қараулова Жанаргүл Кенжетайқызы,

зертхана бастығының орынбасары

Қабидолдина Аймара Ержанқызы,

әкімшілік көмекші - аудармашы

Имантай Арай Ақтөреқызы,

іс жүргізуші

Истаева Бибігүл Тюлюгуновна,

кадрлық әкімгерлік бөлімінің жетекші маманы

Орлова Анна Эдуардовна,

жетекші әкімшілік көмекші-аудармашы

Пирматова Мадина Дарханқызы,

ЕҚ және ҚТ бөлімінің наряд- рұқсатнамалар жөніндегі үйлестірушісі

Нұрбаева Әсия Барлыбайқызы,

химиялық талдау лаборанты

Тимкова Татьяна Александровна,

инженер-технолог

Page 12: Сезімімді білдіргім келедіkazminerals.info/uploads/files/pdf/1841_kk.pdf · 2019-03-01 · Нөмірді дайындау барысында Қанат Қозыбаевтың

12 13

KAZ Minerals Инфо № 1 (27) наурыз 2019

Шығыста не жаңалық?

Тағайындаулар«Шығыстүстімет» ЖШС-нің бөлімше-

лері мен бөлімдеріне жаңа басшылар та-ғайындалды.

Айталық, «Шығыстүстімет» ЖШС-нің күрделі құрылыс жөніндегі дирек-торы болып Серік Әбдірахманов таға-йындалды. Бұрын ол техникалық жә-не инвестициялық жоспарлау бөлімін басқарған. Өндірістегі жұмыс тәжіри-бесі бар.

Техникалық және инвестициялық жоспарлау бөлімінің бастығы лауазы-мында енді Владимир Фомин жұмыс іс-тейді. Бұған дейін ол «Шығыстүстімет» ЖШС-нің өндірістік бөлімінде бұрғы-лау-жару жұмыстары жөніндегі бас ма-ман болып қызмет еткен.

«Шығыстүстімет» ЖШС-нің бас бух-галтері – Елена Степанова. Бұрын ол бас бухгалтердің қаржылық есеп жөніндегі

орынбасары болып жұмыс істеді. Бұл са-ладағы жұмыс тәжірибесі мол.

«Шығыстүстімет» ЖШС-нің Орлов өндірістік кешені Орлов шахтасының бас-

тығы Евгений Косых болды. Оның компа-нияның осы бөлімшесін басқару тәжіри-бесі бар. Әріптестері арасында лайықты беделге ие.

Зияткерлік жарыс«Шығыстүстімет» ЖШС-де жаңа дәстүр

пайда болды – қызметкерлер арасындағы зияткерлік жарыс. Білімдарлардың бірінші шайқасы «Своя игра» телебағдарламасына ұқсас форматта өтті. Жоба туралы бастама көтерген - Заңгерлік басқарма және оның басшысы Асқар Айтжанов.

Қызметкерлерді жұмыстан бөлмеу үшін ойын түскі ас үзілісі кезінде өтті. Сай-ыс тек қана екі қатысу-шы команданың ғана емес, жанкүйер болып келген әріптестері ара-сында да қызығушылық туғызды.

«Әрқашан өз күшімді осындай ойын-да сынап көргім келіп жүрген. Сондықтан әріптестерімнің ша-қыруын қуана қабыл алдым. Бұл жан-ға жайлы және пайдалы уақыт өткізудің үздік тәсілі. Ойын тек жағымды эмоция-

лар әкелді, құмарлық болды. Мұндай тәжірибені қайталаса, жақсы болар еді», – деп атап өтті «Малина» командасының капитаны, маркетинг және логистика де-партаменті толлинг басқармасының же-текші маманы Бауыржан Аманбеков.

Қызметкерлерде өзінің зияткерлік деңгейін «көрсетуге» әлі мүмкіндігі бо-лады. Заңгерлер бұл жобаны жалғасты-руға ниетті. Ұйымдастырушылар Топтың

саясаттарын, корпора-тивтік құндылықтарын, қауіпсіздік техникасын және күнделікті жұмыс үшін пайдалы және қа-жетті басқа ақпаратты білу деңгейін тексеруді жоспарлап отыр. Ойын-дар белгілі бір кезең-

дермен 2019 жыл ішінде өтетін болады және жарыстар легін Шахтер күніне ар-налған ақтық сайыс тәмамдайды.

Әріптестерге «Своя игра» сайысына

түсуге ұсыныс жасаудан бұрын заңгерлер барлығын іс жүзінде байқап көрді.

«Өткен жылдың желтоқсан айында «Шығыстүстімет» ЖШС-нің және «Восток-энерго» ЖШС-нің заң қызметінің қызмет-керлері «Мозгобойня» қалалық команда-лық зияткерлік сайысқа қатысты. Біздің команданың «Пять принципов» атауы KAZ Minerals-тың бес корпоративтік құн-дылықтарын білдіреді. Тәжірибелі ұжым-дар мен бұрынғы ойындардың жеңім-паздарынан тұратын он команда ішінде біздің команда, алғаш рет қатыса тұрып, бірінші орынға ие болды!» – деп есіне алады «Шығыстүстімет» ЖШС заң басқар-масының заң кеңесшісі Ольга Шахова

«Мозгобойня» – бұл халықаралық франчайзинг, әлемнің көп елдерінде өтеді және өзін зияткерлік сайыс ретінде тұрғыландырады. Қалалық зияткерлік сай-ыста алған бірінші орын үшін «Пять при-ниципов» командасының әр қатысушысы екі мыс белгішемен марапатталды.

Серік Әбдірахманов Владимир Фомин Елена Степанова

Ойын тек жағымды эмо-циялар әкелді, құмарлық болды.

Page 13: Сезімімді білдіргім келедіkazminerals.info/uploads/files/pdf/1841_kk.pdf · 2019-03-01 · Нөмірді дайындау барысында Қанат Қозыбаевтың

12 13

№ 1 (27) наурыз 2019 KAZ Minerals Инфо

Шығыста не жаңалық?

Қайғылы оқиғаның алдын алды

Сол күні Василий Крячков, әдет-тегідей, таңертең қызметтік автобуста жұмысшыларды тасымалдап жүрді, ал рейстер арасында өзінің әріптесіне те-лефон соқпақ болды.

«Маған қосалқы бөлшектер қажет болғандықтан мен оған хабарластым. Ол тұтқаны көтерді және ақылға қо-нымсыз нәрселерді айтып, сөйлесті. Ішімдік ішіп алған сияқты, енжар күй-де… Бұрын мұндайды байқамағанмын. «Оған не болды екен?» деп ойладым. Ауырып қалды ма? Адамдарды апа-рып болған соң, 45 минутқа жуық бос уақытым болды. Үйіне барып, көрейін дедім», – деп есіне түсірді Василий Гри-горьевич.

Жылдар бойы жиналған кәсіби сезгіштігі оған әріптесіне міндетті түр-де бару керектігін сыбырлап тұрған-дай болды. Василий Крячков ұзақ уақыт ішкі істер органдарында жұмыс істеген. Әріптесінің үйіне келіп, оны шақырып, іздей бастады. Жауап естімегендіктен, үйге кірді.

«Есікті ашып, тұншықтырғыш иісті сездім. «Бейсеныч, сен қайдасың?» деп оны іздей бастадым. Әрі қарай үйге өттім де, оның жатқанын көрдім. Есін жидыру-ға талпындым, ал ол қайта ұйықтап қала берді. Мен үйдегі терезелердің барлығын аштым да, жедел жәрдем шақырдым», – дейді Василий Крячков.

Мәуітқазы Ақтияров үйде жалғыз емес екен. Арғы бөлмеде ұлы ұйықтап жатып-ты. Василий оны оятпақшы болған кез-де, ол атып тұрып, әлсіреп қайта құла-ған. Келген жедел жәрдемнің дәрігерлері

екеуінің де есін жиғызды. «Мен түнде жұмыстан келдім. Үйге

кірсем, ұлым пеш «тартпай тұр» деп айт-ты. Мен оған бәрі дұрыс деп ұрыстым да, ұйықтауға жаттық. Одан басқа еште-ңе есімде жоқ. Тіпті Василиймен сөйлес-кенімді де білмеймін. Басқа әріптес бол-са, келмес те еді. Мен ішпесем де, ішіп кетті деп ойлаушы еді. Василий Григорь-евич бәрін түсінді, бір нәрсе дұрыс емес екендігін ұқты. Ол сезді. Тағы біраз уа-

қыттан соң біздің орынымызда мәйіт бо-латын еді. Ол біздің құтқарушымыз! Ал пеш бітеліп қалған екен. Екінші күні таза-лап, алты шелек күл шығардық…», – дейді Мәуітқазы Ақтияров.

Адамдарды құтқару кезіндегі көрсет-кен ерлігі және белсенділігі үшін Василий Крячков Шемонаиха ауданы әкімінің гра-мотасымен және ВостокАвтоТранс бас-шылығының сыйақысымен марапаттал-ды.

«Жұлдыз» жабдықталды«Жұлдыз» спорт клубы – Усть-Талов-

ка кентінің жалғыз спорттық мекемесі. Тіпті Шемонаиха ауданы деңгейінде жаппай спортпен айналысуға мүмкіндік беретін осындай орын табу қиын.

Бұрын клуб компанияның тең-герімінде болған және басшылық күші және мүмкіндіктеріне қарай спортшы-ларға қолдау көрсетіп отырған. Алайда, спорт клубы компанияның бейіндік ак-тиві еместігіне байланысты, ол аудан-дық спорт бөліміне берілген.

2018 жылғы қыркүйекте KAZ Minerals Директорлар кеңесінің төраға-сы Олег Новачуктың жыл сайынғы Тіке-лей желісі кезінде АӨК жұмысшылары спорт клубына қолдау көрсетуді өтініп, спорттық құрал-жабдықтарды жаңарту-ға көмек сұраған. Міне, жаңа тренажер-лар спортзалында орнатылды.

«Компанияға қолдау көрсеткендігі үшін алғыс айтамыз. Залда шыныға-тындардың саны артып келеді. Әйелдер ерекше қуануда. Себебі, велотренажер, жүгіру жолы, стэп-тренажер пайда бол-ды. Осы және басқа жабдықтардың ар-қасында біз клубтың материалдық база-сын 70%-ға жаңарттық», – деді «Жұлдыз спорт клубы» КММ басшысы Владимир Шабанов.

Клубқа келушілердің 90%-ы – АӨК жұмысшылары және олардың отбасы мүшелері. «Шығыстүстімет» ЖШС-нің жыл сайынғы дәстүрлі спартакиадасы да осы жерде өтеді.

«Спортзалдағы жаңа жабдықтар – ынталандырудың бір жолы. Әріптестер компания олардың және жақындары-ның салауатты өмір салтын сақтауын

қолдауға мүдделі екендігін түсінеді. Әлі жиналмаған тренажерларды көргенде жастардың көздері қалай жанып тұрған-дығын көрдім. Мен өзім жаттығу залына жүйелі түрде барып тұрамын. Енді жат-тығу тіпті тамаша болады», – деп атап өтті Николаев алаңы жөндеу-механика-лық цехының бастығы Асқар Болатов.

Жабдықтарды сатып алуға компа-ния 6 млн теңге шамасында ақша бөлді. Бұл қаражатқа велотренажер, блиндер жиынтығымен бірнеше штанга, жарыс жолы және басқа әр түрлі бұлшықет топ-тарына арналған тренажерлар сатып алынды. Барлығы клубқа жабдықтың 10 түрлі атауы жеткізілді.

Василий Крячков и Маутказы Актияров

«Спортзалдағы жаңа жабдықтар – ынталанды-рудың бір жолы. Әріптес-тер компания олардың және жақындарының са-лауатты өмір салтын сақ-тауын қолдауға мүдделі екендігін түсінеді.

Page 14: Сезімімді білдіргім келедіkazminerals.info/uploads/files/pdf/1841_kk.pdf · 2019-03-01 · Нөмірді дайындау барысында Қанат Қозыбаевтың

14 15

KAZ Minerals Инфо № 1 (27) наурыз 2019

Анна Ягор-лицкая, ЕӨК ең-бекті ұйымдас-тыру инженері:

Мен Алтай кентіндегі көр-кемдік мектебін сурет, мүсін, қол-данбалы өнер, кес-те тігу бағытта-ры бойынша тә-мамдадым. Қазақ мемлекеттік халы-қаралық қатынас-

тар және әлемдік тілдер университетін-де оқып жүргенде бұл әуестігімді ұмыту-ға тура келді. Себебі, мен ағылшын және түрік тілдерінің аудармашысы маман-дығында оқыдым және бос уақыт мүл-дем болмады. ЖОО-нан кейін бір жарым жылдай аудармашы болып жұмыс істедім. Кейін шахтерлер кентіне қайта оралдым.

Мұнда Ертіс шахтасына жұмыс уақы-тын есептейтін тау-кен қызметкері болып орналастым. Туған жерде жайғасқаннан кейін сүйікті ісімді қайта қолға алдым.

Кесте тігуді қайта қолға алуға туған жерімнің жылулығы көмектесті деп ой-лаймын. Кейбір сұлбаларды өзім есеп-теймін, кейбіреулерін арнайы оқулықтар-дан аламын. Бір миниатюраға бір айдан 3-4 айға дейін уақыт кетеді. Әзірге қор-жынымда жеті туынды бар. Олардың бар-лығын анама сыйладым. Қазіргі уақытта акрил бояуымен көркемделген екі карти-

наны бастадым. Ертіс шахтасында жұмыс істеп жүріп,

«экономист» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алдым. Қазір Ертіс өндірістік кешенінің еңбекті ұйымдасты-

ру жөніндегі инженері болып жұмыс іс-теймін. Сандармен жұмыс істеген ұнай-ды. Қызмет бабында жай сандарды сана-сам, үйдегі сандар біртіндеп мына сияқты керемет дүниелерге айналады.

Шығармашыл әріптестер

Он саусағынан өнер тамған«Шығыстүстімет» ЖШС-нің нәзік жанды қызметкерлерінің арасында өнерлі арулар аз емес екен. Жұмыс-тан бос уақыттарында олар керемет бұйымдарды жасай біледі. Редакция-мыз олардан әуестеніп жүрген істері туралы айтып беруді сұрады.

Елена Полу-кеева, ТББ Жез-кент учаскесінің жерасты сынама алушысы:

Мен Орлов ӨК 24 жыл жұмыс іс-теп келемін. ТББ-нде 16 жыл еңбек етіп жүрмін. Тоқы-маны үнемі ұната-тын едім. Бастап-қыдан өзім үшін, сосын қызыма тоқи бастадым. Ойыншық-тарды тоқи бастағаныма 3 жыл болды. Ең алғашқы ойыншығым – Виктор есімді ат. Содан бері көптеген ойыншықтар жаса-дым. Кәдесый ретінде сыйлаймын.

Мен туындыларым Германияда, Ре-сейде бар – екі жүзге жуық қуыршақтар түрлі елдерге кетті. Тоқыманы қызыға то-қимын. Көңіл-күйім дайын өнімге әсер ететін сияқты. Екі бірдей қуыршақты жа-сағанның өзінде олар әртүрлі, өздеріне тән мінезі бардай болып шығады. Деген-мен әрқайсысына жаныңды саласын.

Page 15: Сезімімді білдіргім келедіkazminerals.info/uploads/files/pdf/1841_kk.pdf · 2019-03-01 · Нөмірді дайындау барысында Қанат Қозыбаевтың

14 15

№ 1 (27) наурыз 2019 KAZ Minerals Инфо

Шығармашыл әріптестер

Он саусағынан өнер тамғанКристина Де-

магина, Белоусов өндірістік ала-ңы техникалық бақылау учас-кесінің техни-калық бақылау және есеп инже-нері:

Менің хоб-биім – қолөнер. Бірақ оның нақ-ты бір бағыты жоқ. Бүгін тоқыма бол-са, ертен баулармен жұмыс істеу, ал бір аптадан кейін тәттілерді дайындау болуы

мүмкін. Бұл тіпті хобби де емес, ал ан-тистресс деуге болады.

Шығармашылыққа бала кезімнен жа-қын болдым. Мектепте түрлі көрмелерге қатысып жүретін едім, сурет салу ұнай-тын. Болашақта дизайнер боламын деп ойладым. Өскен соң «бухгалтерлік есеп пен аудит» мамандығын таңдадым. Са-бақ, отбасылық өмір, кішкентай балалар – шығармашылыққа аса уақыт болмады.

Дегенмен интернеттен атлас бау-лардан жасалған бантиктерді көріп, осы сияқты бір нәрсе жасағым келді. Қажетті материалдарды алып, жұмысқа кірісіп кеттім.

Бантиктерден кейін тәтті гүл шоқта-

ры, шоколадтан құралған торттар болды. Әр мерекеде немесе айтулы күнде жақын-дарымды ерекше сыйлықтармен қуант-қым келді.

Соңғы кезде манеждерге арналған жылы қаптамаларды және жаңа туған нә-рестелерді перзентханадан алып шыға-тын конверттер жасауға кірістім.

Усть-Таловка мен оның маңайында танымал болып үлгерген Надежда Синицына өзінің жасаған бұйымдары туралы осылай дейді.

Ермек Дюзкенев, Усть-Таловка

Жұмыс уақытында ол Николаев кен байыту фабрикасындағы денсаулық сақ-тау пунктінің санитары, ал бос уақытында қуыршақ жасаушы шебер. Оның туынды-лары сұранысқа ие, олардың өзіндік стилі мен ерекшелігі бар. Әріптестеріміз компа-нияның кеңселеріндегі ойыншық шахтер-лар мен геологтарды көрген болар. Бұл На-дежданың жасаған қуыршақтары. Ал мұ-ның бастамасы өте қарапайым еді.

«Ең алғаш балабақша қажетті дү-ние керек болды. Ол кезде ұлыма көр-меге арналған қолөнер туындысы қажет еді. Үйдегі барлық синтепон жастықтар-

ды ашып, колготкаларды кесіп, бір нәр-се жасамақ болдық. Ең алғашқы жасаған ойыншығым – күлімдеген жүзі бар гүл болды. Сосын тағы бір қуыршақ жасап көргім келді. Ол кезде жасай алатындай дағдыларым да болмады. Бұрыш-бұрыш-та жатқан шүберектерді, жіптерді шы-ғарып, пайдаландым. Бірінші жасаған ойыншықтарым өте қарапайым бола-тын», – деп еске алады Надежда.

Содан кейін туысқандар мен достар-ға арналған сыйлықтар пайда болды. Бұл ерекше туындылар еді. Себебі мұндай дүниелерді дүкеннен сатып ала алмай-сың. Адамдарға ойыншықтар ұнайты-нын көрген шебер өнерін шыңдап, өзін-өзі жетілдіруге кірісті.

«Бөтен адамға жасағанның өзінде әр ойыншыққа жаныңды саласын. Сол се-бепті жасаған әрбір ойыншығым есім-де. Кейбір қуыршақтар оңай жасалады. Ал кейбіреулерін жасау кезінде көптеген

қиындықтар туындайды – жіптер үзіле береді, бір жерін абайсызда қатты тар-тып қоясын. Тіпті кейде дайын болып қалған ойыншықты бүлдіріп алғанда жы-лағың келеді. Бірнеше күн бойы жасаған еңбегін зая кетеді. Бастапқыда мысық-тар, кірпілер сияқты ойыншықтар жақ-сы шықты. Сосын интернеттен қарадым, түрлі шеберлік сабақтарын қарадым. Бір сөзбен айтқанда өзімнің стилімді, өз жо-лымды іздедім», – дейді Надежда Сини-цына.

Бұл оның қолынан келген тәрізді. Өйткені Надеждадан бір ойыншық алған әріптестері оған қайта-қайта өтініш жа-сап, келесі туындысына тапсырыс беріп жатады.

«Бірнеше жыл бұрын қыздар маған Надяның жасаған қуыршағын сыйлады. Ол әлі күнге дейін менің кабинетімде тұр. Содан бәрі басталды ғой. Осы күн-ге дейін қанша ойыншық алғаным есім-де жоқ. Бес-алтау болар. Оның қуыр-шақтары жылулық пен жақсы көңіл-күй сыйлайды. Оларға қарап тұрып, бала-лық шаққа оралғандай боласың. Менің отбасыма бұл ойыншықтар қатты ұнай-ды. Барлық туыстарыма және достарыма сыйлаймын. Ерекше туындылардың бірі деп «Ене» деген қуыршақты айта ала-мын. Оны Надя менің күйеу балама ар-нап жасады. Бұл керемет енді!» – дейді Марина Грохотова, Николаев кен байыту фабрикасындағы №20 асхананың мең-герушісі.

Надежда қуыршақтарды жұмыстан бос уақытында жасайды және бұл іске бар ынта-жігерімен кіріседі. Дегенмен шикізат табу қиынға соғады. Оларды басқа қалалардан, тіпті Ресейден тапсы-рыс беріп алуға тура келеді. Дегенмен ол мойымайды. Керісінше, сүйікті ісін одан әрі шыңдай түседі. Балалары да қолдап, аналарының шығармашылығына қолда-рынан келгенше көмектеседі.

«Әрқайсысы есімде»

Page 16: Сезімімді білдіргім келедіkazminerals.info/uploads/files/pdf/1841_kk.pdf · 2019-03-01 · Нөмірді дайындау барысында Қанат Қозыбаевтың

16 17

KAZ Minerals Инфо № 1 (27) наурыз 2019

Өндірістік нысанға барған кезде, әрқашан, сан түрлі сезімде боласың – бір жағынан – қорқыныш, екінші жағынан арбайтындай сиқыр. Өте үлкен құрылғылар, ауыр техника және оның барлығының жанында өте «кішкентай» көрінетін – адам. Ал ол крандардың биіктігі бірнеше қабаттай болады.

Ермек Дюзкенев, Николаев кен байыту фабрикасы

Сену қиын, алайда, осы алыптарды өмірде қарапайым автомобильден қорқа-тын, нәзік әйелдер табысты басқара ала-ды. Иә, дәл солай. Шөмішінің бір қозға-лысымен концентраттың бірнеше тонна-сын алып кете алатын алыпты басқарады, ал кранның шөмішінен жеңіл машинаны басқара алмайды.

«Мен кранға тағылымгер болып келдім. Ол не екені туралы еш түсінігім болмады. Менде жүргізуші куәлігі жоқ, мен маши-на жүргізуді білмеймін, автомобиль рөліне отырып та көрмеппін. Егер адам машина жүргізе алмаса, кранды басқара алмайды деген ой терең кателік. Мен бір айдан соң осындай крандарда жұмыс істедім. Адам-дар менің кім болып жұмыс істейтінімді білгенде, таң қалады. Алдымен, әрине, сен-бейді. Соңынан фотосуреттерді көрсетуге тура келеді. Мұндай өлшемдегі механизм-дерді нәзік әйел қалай басқаратындығын олар түсіне алмайды», – дейді Александра Затеева, Николаев кен байыту фабрикасы-ның кран машинисті.

Мамандығы бойынша Александра – техник-технолог. Бастапқыда фабрикаға флотатор болып келген. Фабриканың бас корпусында да крандар бар. Қалай адам-

дар, әсіресе әйелдер, осындай крандарды басқарады деген сұрақ оны қызықтыратын. Өзін осы мамандықта байқап көрмек бол-ды. Бұл іс қатты қызықтырады екен. Жаңа мамандыққа Сашаны Марина Поротникова үйретті. Ол – тәжірибелі краншы және жас мамандардың табысты тәлімгері.

«Жүк қармайтын механизм – менің қолдарымның жалғасы сияқты. Осы алыпты мен басқара алатыным қызық. Өзімнің тағылымгерлерімнің сыртынан қарап тұрам – олар келеді, көздерінде қорқыныш. Сосын қызығушылық пайда болады және олар өздерін кран тетіктерін басқарып отырғанын түсінгенде таң қа-лады. Барлық тағылымгерлер әртүрлі, бі-

рақ маған бәрі бірдей жақын. Мен оларды мақтан тұтамын! Олар бәрі қызық, мен олардан да көп нәрсені үйренемін. Себебі, олар маған жұмысты жасаудың өз нұсқа-ларын көрсетеді. Өзім де бастапқыда осы жолдан өткенім маған көмектеседі», – дейді Марина Андреевна.

Краншылардың айтуы бойынша, кранда әйел неғұрлым ұқыпты және абай болады. Еркектерге тән күйгелектік жоқ. Олар үшін кран – басты көмекші және өмірінің бөлігі. Кран олар үшін тірі ағза сияқты және кейде көмектеседі. Кран ма-шинистінің бір ауысым кезінде 500 тон-наға жуық концентратты тиеп үлгеретіні содан болар.

Тәжірибе

Күрделі шаруа

Бозшакөлдің үздік тәлімгері Бозшакөлде кадрлық резерв бағдар-ламасы аясында 2018 жылдың үздік нұсқаушысы анықталды.

Бұл атаққа «KAZ Minerals Bozshakol» ЖШС-нің бас инженері Энди Джонатан Спелюсин Леон лайық деп танылды.

Кадрлық резерв бағдарламасы Боз-шакөлде екінші жыл табысты жұмыс іс-теп келеді. Оның аясында негізгі лауа-зымдарға лайықты деген және бола-шағынан үміт күттіретін мамандарды анықтап, мансап жолымен өсіру көз-делген. Кен орынның 28 қызметкері өз-дерінің қызметін ауыстырып үлгерді. Ре-зервтегі мамандарды дайындауда тәлім-герлердің рөлі ерекше.

«Бағдарламаны дамытып, алға бас-тыру үшін негізгі лауазымдағы қызмет-керлер арасында оны қолдайтын адам-дардың болғаны жақсы», – дейді Бозша-көлдің оқыту бөлімінің бастығы Аида Тоқсанова.

Әріптестерінің айтуынша, 2018 жыл-дың үздік тәлімгері атанған Энди Джо-натан Спелюсин Леон кадрлық резерв бағдарламасын дамытуға белсенді қаты-сып, тәжірибесімен бөліседі, резервтегі мамандарды қолдайды, олардың техни-калық және корпоративтік құзыреттерін жетілдіруге көмектеседі.

«Бұл бағдарлама туралы қызметкер

жұмысқа орналасқан алғашқы күндерден бастап айтамыз. Кеше ғана жас маман болып келгендер сол кездегі сенімсіздік-теріне қарамастан қазір кадрлық ре-зерв бағдарламасының қатысушысы бо-лып отыр. Ал резервке бүгін өте алмаған қызметкерлер ертенгі күні дағдыларын шыңдап, бағдарламаны қолдана алады», – дейді Аида Тоқсанова.

Бағдарламаны дамытуға қосқан үлесі үшін оқыту бөлімі КБК-нің бас инженері-не мыс белгішесі мен сыйлықтар табыс-тады.

Сонымен қатар, Топтың оқыту және дамыту орталығы 2018 жылдың қашық-тықтан оқып жатқан үздік студенттердің жетістіктерін атап өтті. Мыс белгішелер мен сыйлықтарға жабдықтарды жөндеу мен қызмет көрсету учаскесінің бастығы Алексей Крепс және карьердің өндірістік учаскесінің бастығы Нұрлан Бақилов ие болды. Айта кететін жәйт, Алексей жа-қында ғана негізгі лауазымға тағайын-далды. Дегенмен жоғары тұрған лауа-зымға үмітті болып, резервистердің қа-тарына қайта кірді.

Page 17: Сезімімді білдіргім келедіkazminerals.info/uploads/files/pdf/1841_kk.pdf · 2019-03-01 · Нөмірді дайындау барысында Қанат Қозыбаевтың

16 17

№ 1 (27) наурыз 2019 KAZ Minerals Инфо

Мамандық

KAZ Minerals қызметкерлерінің бестен бір бөлігі әйелдер. Олар кімдер және қалай жұмыс істейді? Немен әуес-тенеді және бос уақыттарын қалай өткізеді? Біздің нәзік жанды қызмет-керлеріміздің бірі өзі, мамандығы және отбасы туралы айтып берді.

Таныс болайық. Мен Лира Ахмадиқы-зы Жампейісовамын, Орлов өндірістік ке-шеніндегі денсаулық сақтау пунктінің мед-бикесі болып жұмыс істеймін. Ауысым алдындағы және ауысымнан кейінгі алко-гольдік сынақ кабинетінде 2009 жылдан бастап еңбек етіп келемін.

Жұмыс туралы

Жұмысымды жақсы көремін. Көптеген адамдармен араласамын. Олардың әрқай-сысы жеке тұлға, өздерінің мінезі, көңіл-күйі, түрлі жағдайы бар жандар. Әрқайсы-сына қажетті тәсілді тауып, ауысым алдын-да қолдау көрсете білу, қажет болса, көмек көрсете білу қажет. Шахтердің жұмысы оңай емес. Ол жұмысқа жақсы көңіл-күй-мен және дені сау бо-лып барғаны маңызды. Оған оның ауысымға берілген тапсырмасын орындаудағы мұқият-тылығы байланысты. Ал бұл өз кезегінде өзінің және әріптестерінің қауіпсіздігіне әсер етеді. Өздеріңіз білесіз ғой – біздің салада қауіпсіздік ең басты құндылық.

Жұмыста түрлі жағдайлар болады. Бі-реулер ренжулі болады, енді біреулерге тексеріс барысында бір нәрсе ұнамай қа-лады. Күлімдесең барлығы өзгереді. Кейде қалжың айтып немесе жәй сөзбен қолдау арқылы көңіл-күйін көтересің. Ал кейде, керісінше, қатал болу керек. Біреулер жето-нын ұмытып кетеді, енді біреулер карточ-касын тастап кетеді. Соның кесірінен олар-ды ауысымға жібермей қою мүмкін.

Мен күндіз де, түнде де жұмыс істеймін. Маған қиын емес, үйреніп қалдым.

Мамандық туралыӨскемен қаласындағы медициналық

училищеде оқыдым. Қазір ол Медицина-лық колледж. Бұл оқу орынының жұмысы 1935 жылы басталды. Алғашқы атауы – Ме-дициналық бикелер мектебі. Ол Киров ау-дандық денсаулық сақтау бөліміне қарасты терапевтік аурухананың жанынан құрыл-ды. Аурухананың бас дәрігері Леон Карло-вич Бухгольц мектептің тұңғыш директо-ры болды.

Мен білім алған уақытта училищенің директоры лауазымында Қазақстан Респуб-ликасының еңбегі сіңген дәрігері А.В. Каш-каров еді. Ол училищеде 1969-1985 жылдар аралығында жұмыс істеп, білім берді. Бұл мамандықты таңдауға туған ауылым –

Күршімдегі педиатр әсер етті. Есімі қазір есімде жоқ. Біз оны өз арамызда Ата не-месе Аға деп атай-тын едік. Ол барлығы-мыз үшін отбасымыз-дың бір мүшесі сияқты еді – біздің педиатр, біздің учаскелік дәрі-гер. Ол өте мұқият жан

еді. Емдеп қана қоймай, жақсы кеңесін де аямайтын. Ауылдастар арасында оның беделі жоғары болды. Мен кішкен-тай кезімде «Ата сияқты дәрігер бола-мын» деп армандадым. Адамдарға кө-мектесіп, оларды түрлі аурулардан ем-деймін дедім.

Менің арманым орындалды деп ой-лаймын. Өйткені мен тек алкосынақ қа-на жүргізбеймін, адамдар өздерін жайсыз сезінсе, алғашқы медициналық көмек көр-сетемін. Кейде ауысымнан кейін әріптес-тер бас ауруына немесе басқа жағдайларға

шағымданады. Біз бірден тексеріске кірі-семіз: дене қызуын, қан қысымын тексе-реміз. Егер күрделі бір жағдай болса, бірден денсаулық сақтау пунктіне жібереміз. Жер бетіне шығарылған жарақаттанған адам-дарды күтіп алып, оларға инъекция неме-се жедел түрде инфузды жүйе орнату керек болып жатады.

Отбасы туралыОтбасым әрдайым мені қолдайды.

Сондықтан мен үйдегі шаруаның бар-лығына да үлгеремін. Менің екі керемет немерем бар. Менің сүйікті ісім - олар-мен бірге кітап оқу, ал олар менің әңгіме-лерімді тыңдағанды жақсы көреді. Мен олармен уақыт өткізгенді жақсы көремін. Барлық әжелер сондай болар. Олардың сүйікті тағамдары – әжесі пісірген бауыр-сақтар. Мен оларға тамақ әзірлеуден шар-шамаймын.

Жұбайым «Востокэнерго» ЖШС-нің өнеркәсіптік қазандығында машинистің көмекшісі болып жұмыс істейді. 2005 жыл-дан бастап осы жерде еңбек етіп жүр. Қыз-дарым ОӨК-де жұмыс істейді. Үлкен қызым Сағдат ЭЕМ операторы болып статистика-лық бөлімде он жылдан астам жұмыс істеп келеді. Кіші қызым Аида ұзақ уақыт Орлов шахтасының тау-кен қоймасында қойма-шы болған. Қазір материалдарды опера-циялық есептеу бөлімінде жұмыс істейді. Ұлым – Береке шахтадағы №3 ЖИУ-нде дә-некерлеуші болып еңбек етеді. Орлов ауы-лында 2005 жылдан бастап тұрамыз. Негізі Ұлан ауданынанбыз.

Немерелер туралыТұңғыш немерем республика прези-

денті болғысы келеді. Қазір Арлан 13 жаста және Жезкент мектеп-лицейінің 7 сыны-бында оқиды. Оқу озаты, отбасымыздың мақтанышы. Біз оның таңдауын қолдай-мыз. Кенже немереміз – Нариман енді-енді сөйлеп үйреніп жүр.

Есім туралыМенің есімім қазақтарға тән емес. Ма-

ған бұл есімді анамның алғашқы ұстазы, 1903 жылы дүниеге келген Фатих ата берген екен. Мен дүниеге келгенде әжем ауылдас-тарын тойға шақырады. Фатих ата ауылда-ғы ең үлкен ақсақал болғандықтан, есімді таңдауды сол кісіге сеніп тапсырады. Сол кезде қария аспанда осындай шоқжұлдыз-дар бар деп, атымды Лира деп қойған екен. Сондағы тілегі – сәбиге бұл шоқжұлдыз-дар сәттілік әкеліп, өмірлік жолына игілік берсін.

Лира (лат. Lyra, Lyr) – солтүстік жар-тышардағы шағын шоқжұлдыздар. Клав-дий Птолемейдің «Альмагест» жұлдыздар каталогына енген.

Лира шоқжұлдызы

Кейде қалжың айтып немесе жәй сөзбен қол-дау арқылы көңіл-күйін көтересің.

Page 18: Сезімімді білдіргім келедіkazminerals.info/uploads/files/pdf/1841_kk.pdf · 2019-03-01 · Нөмірді дайындау барысында Қанат Қозыбаевтың

18 19

KAZ Minerals Инфо № 1 (27) наурыз 2019

Біздің өңір

«Шығыстүстімет» ЖШС Ертіс өндірістік кешенінің құрамына Ертіс шахтасы және Белоусов байыту фабрикасы кіреді. Кешеннің басқармасы Шығыс Қазақстан облысындағы Глубокое ауданының Белоусов кентінде орналасқан.

Қарапайым халық тұрғылықты белоу-совтықтарды «бергалдар», ал Белоусовка-ны – «Бергалия» деп атаған. «Бергал» сөзі «berghauer» (бергайер – кен өндірумен немесе оны алғашқы өңдеумен айналыса-тын кен жұмысшысы) неміс сөзінен шық-қан екен.

Осы шахтерлік кенттің тарихын білу үшін өткен ғасырлардың атмосферасына көз жүгіртейік.

1730 жылы Березов кен орынын штей-гер (кен жұмыстарын басқарушы шебер) Чупоршнев ашты. 1749 жылы жергілікті кен орындарды барлауға жіберілген бер-гайер Фока Политов штейгер Клюгамен бірге, Николаев және Талов деп атала-тын Убадағы кеніштерді ашты. Бұл кен орындары 1863 жылға дейін үзілістермен игерілді. Белоусов кен орынын 1797 жы-лы бергайер Василий Белоусов ашты. Азғана барлаудан кейін 1800 жылы оны пайдалану басталды. Сонымен қа-тар тек мыстың өте көп мөлшері бар тотыққан кен ғана өндірілді. По-лиметалл кендерден металл мүлде қоры-тылмаған. Бір кен ор-нында көп кішкентай шахталардың құрылысы жер бетіндегі то-тыққан кеннің соңына түсумен түсіндірі-леді. Әрине, олардың механикалық жаб-дығы болмады және құрылысы жағынан күрделі бола алмаған. Кеніштерде жұмыс күші басыбайлылар болған, оларды азда-ған кінәсі үшін осы жаққа жер аударған. Негізгі аспаптар және еңбек құралдары қайла, балға, лом, күрек, ескек, зембіл, қол арба, кен сұрыптау балғасы болды. Кенжарларда бергайерлер бұрғылармен, зілбалғалармен ұңғымаларды ұрғылап, оларды оқ-дәрімен оқтаған және жарған. Жыныс үйінділерін жарылыстан кейін

қолмен ұсақтаған. Кенді тасып шығарушы-лар қол арбалармен, ал кейде кен денесінің аз қуатының себебінен қол арбаны жүргі-зу мүмкін емес жерлерден қол шаналар-мен кенді шахта оқпанына жеткізген. Бе-лоусов кенішінде кенді «тісті машинамен» көтерген, ал машинаны аттардың көмегі-

мен айналдырған. Сол «атпен қозғалатын ма-шина» жерасты суларын да айдаған. Өндірістік процесс кен алаңында ондағы темірдің құра-мына байланысты кенді сұрыптаумен аяқталған. Кен алаңында негізінен әйелдер, мүгедектер жә-не «кіші жастағылар-дың» жұмыс команда-

сына сегіз жастан бастап қосылған балалар жұмыс істеген. Тамақ өте нашар берген, жоспарды орындамағаны үшін жұмысшы-ларды ауысымның соңында дүремен соқ-қан, күші кеткен адамдарды көбінесе өл-генше соғып тастаған.

1861 жылғы 8 наурызда басыбайлы тәртіпте болған шебер адамдарға еркіндік жарияланды. Алайда адамдар ұзақ қуанған жоқ, бір аптадан соң шахтаны жапты да, барлығымен есеп айырысты. Ауылдарда жоқтау мен ыңырсу естіліп тұрды. Үкімет шешім тапты және бұрынғы кеншілерге ондық жерден таратып берді, ол бұталар қаптап кеткен жерлер болды. Ал бұл жер үшін салық төлеу қажет еді. Осылай бе-лоусовтықтар жартылай шаруа-жартылай жұмысшы болып өмір сүріп жатты. Соны-мен ауада салтанатты «Революция!» сөзі естілген кезде, Белоусовкада, Глубокое-да, Предгорноеда, Березовкада және бас-қа кенттер мен ауылдарда мейрам бастал-ды. Алайда салтанат ұзаққа созылған жоқ, оны бірнеше жылға контреволюциялық төңкеріс тоқтатты.

1925 жылғы 14 қарашада халық ша-руашылығының жоғарғы кеңесінің төра-

ғасы Ф.Э. Дзержинский «Лена Гольдфиль-де Лимитед» ағылшын компаниясымен концессиялық шартқа қол қойды. Кон-цессионерлер Кенді Алтайда зауыттар, фабрикалар, шеберханалар салып, тіпті фабрикаттар және жартылай фабрикат-тар шығаруға дейін, түсті металлургия-ның кәсіпорындарын толық ұйымдасты-руы тиіс болды. Кеңестік үкімет тау-кен кәсіпорындары үшін шетелдерден бірінші класты жабдықтарды алу, кәсіпорындарда артық жұмыс күшін пайдалануды міндет етіп қойды. Алайда, жұмысшыларды жал-дау кеңестік заңдар бойынша жүзеге асы-рылуы тиіс болды. Бірақ концессионерлер зауыт салуға асықпады, ескі үйінділер-ден кен өндіруді бастады. Тек үш жылдан кейін Глубокое кентінде Глубокое қорға-сын-мыс қорыту зауыты салына баста-ды. Қоймаға Белоусов, Березов және Зы-рян үйінділерінің кені жеткізіле баста-ды. 1929 жылдың соңында бірінші металл шығарылды, бірақ ол Глубокое тұрғында-рын қуантқан жоқ. Себебі концессионер-лер әрі қарайғы құрылысты жалғастыруға асықпады, бар назарын қорытуға аудар-ды. 1931 жылдың басында концессионер-лермен шарт бұзылды.

Ертіс жағалауындағы түсті металлур-гия 1931 жылғы наурызда Белоусов, Зы-рян, Змеиногорск кеніштері және Ертіс қорғасын-мыс қорыту зауытын «Лена-Банк» Алтай комбинатына біріктіргеннен

Фабриканың құрылысы Белоусов шахтасы

Белоусов кенішінде кенді «тісті машинамен» кө-терген, ал машинаны ат-тардың көмегімен айнал-дырған.

Бергалия шахтерлік кенті

Page 19: Сезімімді білдіргім келедіkazminerals.info/uploads/files/pdf/1841_kk.pdf · 2019-03-01 · Нөмірді дайындау барысында Қанат Қозыбаевтың

18 19

№ 1 (27) наурыз 2019 KAZ Minerals Инфо

Біздің өңір

соң бұрын-соңды болып көрмеген қар-қынмен дами бастады. Жылдың соңын-да зауыт құрылысында 3000-ға жуық адам жұмыс істеді. Белоусов кенішін қалпы-на келтіру жүргізіліп жатты, оны Сергей Яковлевич Харченко басқарды. Алайда, «Лена-банк» кәсіпорындарының шашы-рап орналасуына байланысты 1932 жылғы сәуірде комбинат қай-та ұйымдастырылды. Жаңадан ұйымдасты-рылған Ертіс жағалауы тау-кен өнеркәсіптік комбинатына Белоусов және Березов кеніш-тері, Ертіс зауыты кірді. Комбинат «Алтайқор-ғасыналтын» трестіне бағынды. 1932 жылғы 3 шілдеде зауыт пайда-лануға берілді. Алайда зауытқа кен жетіспеді және 1933 жылы тазар-тылмаған мыс шыға-руға қайта құру үшін тоқтатып қойды. Ертіс жағалауы тау-кен өнеркәсіптік комбинатын «Алтайполиме-талл» трестіне Белоусов құрылыс комби-наты атауымен берді. Белоусовкаға кеңі-нен назар аударылды, кеніш жылдам қар-қынмен қалпына келтірілді. Оның бірінші кезегін іске қосу 1936 жылға жоспарлан-ды.

Алтай полиметалл кендері бай болса да, қайта өңдеу үшін ең күрделісі болды. Ерекше қиыны белоусов кендері болды. Оны байыту мәселесімен отандық та, ше-телдік те институттар айналысты. Белоу-совкада салынған тәжірибелік өнімділігі тәулігіне 60-100 тонна кен болатын фаб-рика шешуші рөл атқарды. Ол 1935 жылғы 27 қыркүйекте жұмысын бастады. Мұнда ондаған байыту сызбалары ұсынылды жә-не ең үздігі табылды – селективті флота-циямен байыту.

1934 жылы бағаналық бұрғылауды жүргізу кезінде Березовкада өте бай мыс шоғырлары табылды. 1936 жылы Белоусов құрылыс комбинаты тікелей бас басқар-маға бағынатын болды. Бұл жылы Белоу-совкада клеттік және скиптік көтерімімен Петровская шахтасы қалпына келтірілді және Капитальная шахтасының құрылы-сы басталды. 1937 жылы Ертіс мыс қорыту зауыты пайдалануға берілді.

Ал жуықта Ұлы Отан соғысы бастал-ды. 1941 жылғы 16 тамызда Белоусов кен басқармасы – қорғаныс маңызында-ғы ерекше нысан ретінде – барлық тау-кен кешенін үлкен байыту фабрикасымен бірге енгізу мерзімдерін қысқарту үшін, үкіметпен 1942 жылға шектен тыс құры-лыстар тізіміне енгізілді. Соғыс жылда-рында Ертіс зауыты және Белоусов кеніші өндіріс жоспарларын асыра орындады. Күнімен және түнімен Ертіс жағалауы-нан эшелондар кетіп жатты, олар қорға-

ныс өнеркәсібінің кәсіпорындарына мыс, мырыш және қорғасын концентратта-рын тасымалдады. Соғыс жылдарында екі жүздіктер мен үш жүздіктер сайыстары кеңінен дамыды. Оған Белоусов кенші-лері және Глубокое металлургтері қосыл-ды. Белоусов кен басқармасының 189 ада-мы екі жүздік деңгейіне шығу міндетін алды. 1941 жылдың жоспарын бұрғылау-шы Скороходов Е.Т. 248%-ға, Гордеев Ф.И. – 160%-ға, Осипов Н.К. – 154%-ға асыра орындады.

Өндірісте соғыс жылдарында әйелдер ерекше орын алды. Әйелдерді күрделі жә-не қиын мамандықтарға оқыту үшін ар-найы майдандық бригадалар ұйымдас-

тырылды. 1941 жыл-дың соңында Белоусов кен басқармасының майдандық бригадала-рында 276 әйел оқыды, олардың 244 өндірістен қол үзбей білім алды. Тасып шығарушылар Галактионова А.Г. және Троеглазова А.Д., бұр-ғылаушы Чудодайкина Т.С., скреперші Устино-ва М.С. үнемі өндірістік тапсырмаларды асы-ра орындады. Егер со-ғысқа дейін Белоусов кенішінде 230 әйел жұ-

мыс істесе, 1941 жылғы қазанда олардың саны 511 болды.

Еңбек ерлігін тек бірегейлер ғана көр-сеткен жоқ. Ол жаппай қозғалыс болды. Мысалы, Лениногорск кенішінің бұр-ғылаушысы Георгий Хайдин, Белоусов кенішінде болып қайтқан соң, төрт телескоптық пер-фораторлармен еңбек вах-тасында норманы 1289%-ға асыра орындады. Белоусов кенішінің бұрғылаушысы Федор Иванович Гордеев, Хайдиннен үлгі алып, нор-маны 2000%-ға асыра орын-дады.

Соғыстың барлық қиын-шылықтарына қарамастан 1941 жылғы 1 қарашада Бе-резов кенішінің құрылы-сы басталды. Барлау-пай-далану шахтасын ұңғылау жүргізіліп жатты, тәжіри-белік байыту фабрикасы-ның, су құбырының, қалдық қойманың, Томск темір жолының разъ-ездіне темір жол тармағының құрылысы кең өріс алды, жаңа Глубокое – Березов-ка электр желісі тартылды. 1942 жылдың өзінде Березовка кеншілері шоғырдың оңтүстік-шығыс бөлігін игеруді, полиме-талл кенін беруді бастады. 1943 жылғы 10 ақпанда тәжірибелік байыту фабрикасы-ның құрылысы аяқталды, қайта өңдеуге бірінші березов кені келіп түсті.

Березов кеніші пайдалану-тәжіри-беліктен пайдалану-өнеркәсіптік кәсіп-орынға айналды, ол Ертіс комбинатының қуатын айтарлықтай кеңітті.

Ертіс комбинатының ұжымы тек қа-на бар қуаттарда толық кернеумен жұ-мыс істеген жоқ, сонымен қатар жаңаның

негізін қалады. Тура соғыс жылдарында Белоусов байыту фабрикасының құрылы-сы жүрді. Ырымдап оны 1945 жылы 9 ма-мырда пайдалануға берген.

Белоусов байыту фабрикасының тари-хы әрі қарай қалай жалғасқандығын біз 41 жылдық өтілі бар фабриканың бас техно-логы Тамара Николаевна Александрова-дан сұрадық.

«1945 жылдан бері «Гипроцветмет», «Гинцветмет», «Уралмеханобр», «ВНИИц-ветмет», «Казмеханобр», «Механобр», СП «ЗАО ИВС» институттарының қатысуы-мен Белоусов, Юбилейный-Снегирихин, Ертіс кен орындарының кендерін қай-та өңдеу кезінде технологиялық сызба-ны және реагенттік тәртіпті өңдеу және жетілдіру бойынша шаралар жүргізілді. Ескірген жабдықты үнемі ауыстыру жұ-мыстары атқарылды. Қазіргі уақытта Бе-лоусов байыту фабрикасында Ертіс кен орнының кені цианидсіз мырыш-суль-фидті технологияны пайдаланумен мыс және мырышты тікелей селекциялау сызбасы бойынша қайта өңделеді. Ертіс кенін қайта өңдеу кезінде жоспарлық

көрсеткіштерге қол жеткі-зу флотацияның мырыш-тық циклінде РИФ-8,5 және РИФ-3,5 пневмомеханика-лық флотомашина мон-таждалды және жұмысқа енгізілді», – дейді ол.

Тамара Николаевна бұл жерде 1977 жылы IV дәре-желі флотатор ретінде жұ-мыс істеп бастады. 1979 жылдан бастап басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. Ұзақ еңбек жолын өтті. Бе-лоусов байыту фабрикасы-ның өміріне ерекше үлес қосқаны және өндірістік қызметтегі еңбегі үшін Та-мара Николаевна бірнеше

мәрте құрмет грамоталарымен марапат-талды, 1985 жылы комбинаттың Құрмет кітабына енгізілді. 2009 жылы III дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен, 2014 жылы «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС басқар-ма төрағасының атынан Кұрмет грамо-тасымен, 2015 жылы II дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісімен, 2016 жылы жемісті және көп жылдық еңбегі үшін «Еңбек ар-дагері» төсбелгісімен марапатталды.

№1 Белоусов орта мектебінің түлегі Людмила Буштаренконың жазылып

аяқталмаған «Ертіс жағалауы кеніш-тері» кітабынан материал.

Жанна Мұзапарова

ББФ СКБ ғимараты

Тамара Александрова

Өндірісте соғыс жылда-рында әйелдер ерекше орын алды. Әйелдерді күрделі және қиын ма-мандықтарға оқыту үшін арнайы майдандық бри-гадалар ұйымдастырыл-ды.

Бергалия шахтерлік кенті

Page 20: Сезімімді білдіргім келедіkazminerals.info/uploads/files/pdf/1841_kk.pdf · 2019-03-01 · Нөмірді дайындау барысында Қанат Қозыбаевтың

20 21

KAZ Minerals Инфо № 1 (27) наурыз 2019

Соңғы сөз

KAZ Minerals Тобының корпоративтік басылымы

KAZ Minerals Инфо Құрылтайшы және меншік иесі –

KAZ Minerals PLC

2014 жылдың қарашасынан бастап шығады

Мерзімді баспасөз болып табылмайды. KAZ Minerals Тобының

қызметкерлеріне арналған және шектеулі ортада ғана таратылады.

Редакторы Мақсұт Жапабаев 8 (727) 244 03 53 (внутр. 15250) [email protected]

Шығарушы редактор Юлия Кузнецова 8 (727) 244 03 53 (внутр. 15225) [email protected]

Әдеби редактор Алмас Садықов 8 (727) 244 03 53 (внутр. 15227) [email protected]

Редакцияның мекен-жайы: Алматы қ., 050020 Ж.Омарова к-сі, 8, 8(727) 244 03 53 (ішкі 15230)

Авторлар

Алматы

Әйгерім Түкіпова [email protected]

Әлібек Мәмиленов [email protected]

Өскемен

Ермек Дюзкенев 8 705 779 73 55 [email protected]

Татьяна Маер [email protected]

Жанна Мұзапарова [email protected]

Константин Докучаев [email protected]

Ақтоғай

Асылым Асанов [email protected]

Бозшакөл

Мәулен Берікбаланов [email protected]

Қуандық Рахметов [email protected]

Бiшкек

Елена Трегубова [email protected]

«VIVA PROtechnology» баспаханасында басылдыАлматы қ., Қазыбек би көшесі, Фурманов к. қиылысы. 65/107, тел. 8 (727) 267-05-13.Тиражы – 5200 дана. Тапсырыс № 62

Ақтоғайдың студенттеріД. Серікбаева ат. ШҚМТУ-нің бірінші курс студенттері өздерінің алғашқы семестрін аяқтады. Естеріңізде болса, оларға білім гранттарын KAZ Minerals Aktogay компаниясы берген.

Ермек Дюзкенев, Өскемен

Мұндай шешім КБК-не жақын орна-ласқан елді мекендердің тұрғындары-мен өткен кездесулерден кейін қабыл-данды. Компанияның грантына ие бо-лу үшін жастардың мектептегі үлгерімі жақсы болып, БҰТ-де кем дегенде 90 балл жинауы керек еді. Сонымен қа-тар, мектеп түлектерінің түрлі респуб-ликалық және халықаралық олимпиа-даларда, конкурстарда және турнир-лердегі жүлделі орындары болғаны да абзал. Нәтижесінде сегіз баланың бағы жанды.

«Менің ойымша компания өзі оқыт-қан студенттерді қабылдауға мүдделі болса, студенттер де жақсы оқып, ты-рысатын болады. Өйткені, олар нақты кәсіпорынға жұмысқа баратындарын түсініп, оқуды тәмамдағанда жұмыс-қа толықтай дайын болады. Қазір, сы-нақ кітапшаларын қарап, мен бұл сту-денттердің әлеуеті жоғары екенін көріп отырмын. Олар шынымен жақсы оқып жатыр», – дейді Зұхра Тұнғышпаева, ШҚМТУ-нің жер туралы ғылымдар фа-культетінің деканы.

Бір студентке арналған гранттың со-

масы – жылына 760 мың теңге. Бұл қа-ражат аясында оқудың ақысы, шәкірта-қы және жатақхана шығындары өтелетін болады. Іріктеуден өтіп, компанияның атынан студент атанған жастардың бірі Абай Керей. Қазір ол «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын бар-лау» мамандығы бойынша білім алып жүр. Алғашқы семестрді жақсы аяқ-тап, жоғары деңгейдегі шәкіртақыға қол жеткізді.

«Сабақтар қызықты өтуде. Зертха-налық жұмыстар кезінде минералдар-дың қасиеттерін зерттейміз. Ауылда көріп жүрген құм мен тастар да минерал екенін білдік. Қазір жалпы сабақтарды өтіп жатырмыз. Бұдан әрі арнаулы пән-дерді оқимыз. Ол бұдан да қызықты деп ойлаймын», – дейді Абай.

Айта кететін жәйт, компания ЖОО-ның түлектерімен де белсенді жұмыс іс-теп жатыр. Ақтоғайда жас мамандардың тағылымдамадан өтіп жатқан алғашқы легі жұмыс істеп жүр.

«Востокцветмет» футбол командасы алғаш рет халықаралық футбол жары-сына қатысты

Бұл жолы біздің спортшылар ІІІ Үлкен Алтай халықаралық кубогы – 2019 жары-сының аясындағы мини-футбол ойында-рында бақ сынады. Аталмыш турнирге Қазақстан мен Ресейдегі кәсіпорындар-дың командалары қатысты.

«Мен Қазақстандағы турнирлерді көр-гем. Ол жақтағы жігіттер ойынға барын салып, тіпті бір-бірін жағадан алуға да-йын тұрады. Футболдың осысы жақсы. Делебені қоздырады. Мұндай жарыстарға келіп, адамдардың футболды қаншалық-ты жақсы көретінін сезгенде ләззат ала-сын. Атқарып жүрген істерің үшін рахмет, жігіттер!», – деді ойындардың салтанат-ты ашылуында 1972 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, КСРО-ның 1972 жылдағы үздік футболшысы Евгений Ловчев.

Жарыстың басынан бастап футбол-шыларымыз аса қиналмастан барлық қарсыластарын жеңіп, «алтын плей-офф-қа» жолдаманы оңай алды. Алайда ке-

лесі кезеңде командамызға өзіне деген сенімділік жетіспеген сияқты. Осының кесірінен Новокузнецк қаласынан келген «Евраз» командасына есе жіберіп алдық.

«Командаларыңыздан жақсы әсер ал-дық! Турнир барысында жақсы ойын көр-сеткен аздаған командалардың бірі бұл. Өзіме олардың ойыны ұнады! Сәттілік пен тәжірибе жетіспеген шығар. Бұл тур-нир келесі жылы да өтеді. Одан басқа Но-восибирск қаласында да түрлі жарыстар болады. Біз міндетті түрде бұл жігіттерді және Қазақстанның өзге командаларын шақырамыз», – деді Үлкен Алтай кубогы-ның ұйымдастыру комитетінің өкілі Иван Распопов.

Жат жердегі жарыс