Омбының алаш дәптері - tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 ·...

368
¥ле¤-жырлар Омбының алаш дәптері Дихан қамзабекұлы Алматы «Жазушы» 2013

Upload: others

Post on 20-Feb-2020

23 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

1

¥ле¤-жырлар

Омбының алаш дәптері

Дихан қамзабекұлы

Алматы «Жазушы»

2013

Page 2: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

2

Қамзабекұлы Д.Омбының Алаш дәптері: Өлең-жырлар. – Алма ты:

Жазу шы, 2013.– 368 бет. – «Алаш мұрасы» сериясы.

ISBN 978-601-200-447-2

Алаш мұрасына тыйым салынған жылдары көрнекті ақындар өлеңі ел арасында қолжазба дәптерлер арқылы («самиздаттың» бір түрі) тарағаны мәлім. «Омбының Алаш дәптерін» қарапайым ауыл зиялылары көздің қарашығындай сақтап келген. Жалпы осындай қолжазбалар тарихымыздың бір рухани қоры, құрамдас бөлшегі ретінде зерделеніп, зерттелінуі тиіс.

Жинаққа кірген мұралардың хронологиялық ауқымы ХХ ға сырдың 20-30 жылдарын қамтиды. Сонымен бірге бұған ре п-рес сияланған Алаш қозғалысына жанкүйер азаматтардың тота ли-тарлық жүйе қыспағы тұсында жазған жырлары енген.

Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған.

ISBN 978-601-200-447-2

УДК 821.512.122ББК 84 Қаз 7-5Қ 31

Қ 31

© Қамзабекұлы Д, 2013© «Жазушы» баспасы, 2013

УДК 821.512.122ББК 84 Қаз 7-5

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті

«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша шығарылды

Page 3: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

3

кІТаПқа беРГІСІз ДӘПТеР

(кіріспе орнына)

Біз бұл дәптерге түскен қолжазба өлеңдер туралы 1991 жылы күзде естідік. Оны айтқан – Алаштың көрнекті қайраткері Қошке Кемеңгерұлының (1896–1937) баласы Нарманбет аға еді. Бұл кісі ол кезде Ресейдің Омбы облысы Шарбақкөл ауданының Ортақшыл (екінші аты – Жанан) селосында тұратын. Сондағы мектепте басшы қызмет атқарып, қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беретін.

Шаруашылықта жұмыс істегендер жақсы біледі, бұрын қағаз қат кезде «қамба кітабы» («амбарная книга») деген болатын. Қаламға әуес адамдар оны аттай қалап сұрап ала-тын. Біз Шарбақкөлден көрген алғашқы «Алаштың Омбы дәптері» сол тектес қағазға түскен болып шықты.

Марқұм Нарманбет Қошкеұлы (1926–2010) сол 90-жыл-дары: «Бұл көпке көрсете беретін дәптер емес. Иелері де оны жасырып ұстайтын. Бұрындары ескіше хат танитын ақ сақалдарға оқытып, «е, мұндай да ақындар бар екен ғой!» деп таңданысатынбыз. Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Мағ жан аты шыға келгенде, сол шалдар «дымдарың іш-теріңде болсын!» дейтін. Дәптерге жазуды әуелде қуат-та ған, бастаған – Жұманұлы Әбілда деген шайыр кісі деп естігенмін. Арғы тегі – Баянның Қаржасы. Кейін оны жүр-гізген, көркем жазумен хатқа түсірген – Райысұлы Сыздық. Кейін соғысқа кетіп, содан оралмаған оның өзі де өлең жазатын азаматтын. Әбілда «Дала уалаятының газетінде»

Page 4: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

4

корректор болып жұмыс істеген. Бұл әулеттен Әбілда да, баласы Әбілжан да, немере туысы Сыздық та Текедегі Қаржаста мұғалімдік қызмет атқарып, бала оқытты. Бұлар хатқа түсірген әлгі дәптерді осы күнгілерден толық оқып бітірген адам аз. Себебі, арабша қаріп танымайды. Қиын жылдары біздің жақтың мен деген тұлғалары осы жинақты оқып, рухтанады екен. Заман жақсарып келеді, біз де сондай күнге жетсек деп армандаймыз...» дегені жадымызда.

Кейін Нар-ағаңмен бір жолыққанымызда, немерелеріне арабша үйретіп, әлгі «Алаш дәптерінен» әкесінің (Қ.Кемең-гер ұлының) 2 өлеңін тауып алғанын мақтанышпен айтқан еді.

Құдайдың құдіреті демеске лажыңыз жоқ, 2006 жылы Қошкенің шөбересі Қайырбек Ризабекұлы (Кемеңгерұлы Нарманбеттің немересі) біздің жетекшілігімізбен Астанада «Олжабай Нұралыұлының әдеби мұрасы» атты кандидат-тық диссертация қорғады. Жас ғалым зерттеуінде Шар-бақ көлде табылған дәптердегі Олжабайдың өлеңдерін де қарастырды. Нар-ағаң айтқан әңгіменің бәрін дерекпен дәлелдеп жазды (қараңыз: Кемеңгер Қ. Олжабай Нұра лы-ұлы. Монография. Петропавл, 2010.– 112–113 б.). Әбілда да (1937 жылы ол 59 жаста екен), баласы Әбілжан да реп-рес сияланған. Әкесі 1939 жылы өлтірілсе, перзенті ал ғаш-қы қуғын-сүргіннен елге келіп, бұл да 1939 жылы айдау да тапқан өкпе ауруынан қайтқан.

2006 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни верситеті жанынан «Алаш» мәдениет және өнер инсти-тутын құрғанымызда, қолымызға әр түрлі тағдырмен та ғы да екі «Омбының Алаш дәптері» түсті. Оның бірі – Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім, Нарманбет, Ахмет, Мағжан жырлары көшіріліп, парағы шашыраған дәптер болса, екіншісі – 30-жылдары Қазақстаннан қашып барып, Омбы аудандарын паналап аман қалған аса көрнекті діндар-ақын,

Page 5: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

5

арабтанушы-тілші Садуақас Ғылманидың қуғында жүріп жазған жиырма шақты өлеңі топтастырылған дәптер. Біз соңғысын 2010 жылы «Ел-шежіре» баспасынан шыққан «Садуақас Ғылмани. Шығармалары» жинағын құрастыруда пайдаландық. Соңғы екі дәптерді де бізге Омбыда туып, Қа-зақстанға қоныс аударғандар жеткізіп бергенін айта кеткі-міз келеді. Сол аралықта тәуелсіздік елең-алаңында көрген «Шарбақкөл дәптерін» (Омбы) Көкшетауда қауіпсіздік саласында қызмет істейтін Мұрат Раисов бізге табыстады.

Сонымен, бұл жинақта біз табылған мұраларды шарт-ты түрде «Бірінші дәптер», «Екінші дәптер», «Үшінші дәптер» деп бөлдік. Осының бәрі қосыла келе «Омбының Алаш дәптері» деген ұғымды ашады деп есептедік.

Жинақты құрастыру барысында біз «Бірінші дәптерге» (Омбы-Шарбақкөл дәптері) енген бар мұраны ұсынбадық. Себебі, ол дәптердің ішінде Алаш тақырыбынан тысқары, көркемдігі әлсіздеу мұралар да бар болып шықты. Соны-мен бірге осындағы «майдан хаттарын» (1941–1945) басқа жинақта пайдаланған дұрыс деп таптық.

Омбы – Екібастұз арқылы жеткен «Екінші дәптердегі» мұралар арабшадан кирилшеге көшірілген екен. Мұнда Мәшһүр-Жүсіп, Шәкәрім, Ахмет, Мағжан өлеңдерінің топ талып берілуінен аталған ақындардың бірсыпыра туын дысы Омбы жерінде кең тарағанына көз жеткізуге де болады. Осы орайда түбі омбылық тарихшы-профессор З.Е.Қабылдиновтың: «70-80 жылдары Омбы ауылда рын-дағы көп үйде Мәшһүр-Жүсіп фотосуреті тұрды. Ол кісіні ел қатты қадірлеп, өлеңдерін жатқа айтып жүрді. Сонымен қатар қазақы аты мен затын жоймаған ауылда рымыздың ақсақалдары Шәкәрім туралы жиі айтып отыратын. Ал, Мағжанның аты аталмаса да өлеңдері әнге қосылып тарал-ғанын аңғаратынбыз» деген сөзі есімізге түседі.

«Үшінші дәптерге» енген С.Ғылмани мұрасын да біз жинақтың көлеміне қарай шақтап ұсындық.

Page 6: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

6

«Омбының Алаш дәптері» бізге қандай тағылым айта-ды?

Біріншіден, кеңестік «самиздат» деңгейіндегі бұл мұра шеттегі және ішнара іштегі қазақтың 1930–1980 жылдары Алаш рухымен кіндіктесіп жатқанын, елдік сөздің арқауын үзбегенін байқатады.

Екіншіден, «Алаш дәптерінің» сабағы бізге ұлтқа, елге қалытқысыз қызмет еткен тұлғаларды халық ешқашан ұмытпайтынын аңғартады.

Үшіншіден, «Алаш дәптері» мейлі ауылдағы, мейлі қаладағы қарапайым адам ұлтының мұрасын сыйлау, бағалау арқылы тарихқа өлшеусіз үлес қоса алатынын көрсетеді.

Естеріңізде болса, Қазақстан Ғылым академиясының қолжазба қорындағы көп мұра дәл осы жолмен жиналған. Әсіресе, 1950–1970 жылдары өнімді жүргізілген түрлі экспе дициялардың арқасында қазір біз әлемге ұялмай көр сететін 100 томдық «Бабалар сөзінің» мұрагері болып отырмыз.

Біздіңше, бүгінде Елбасымыз көтерген мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы мен ғылыми-зерттеу ба ғы-тындағы «Халық тарих толқынында» бастамасының түпкі мақсаты – ұлтты өзіне және әлемге таныту. Осы ретте «Омбының Алаш дәптері» де бірсыпыра миссияны орын-дайды деп сенеміз.

Әрине, бәрі де – ғылым үшін, бәрі де – ғылымның игілі-гін көруге мүдделі халық үшін.

Бұл орайда оқырманға түсінікті болатын бірер матери-алды көрсете кетейік.

Мысалға «ұлт ұстазы» саналатын Ахмет Байтұрсын-ұлының «Бірінші дәптерге» енген «Иа, Құдайым, аққа жақ» өлеңін алайық (қазіргі жинақтарында «Тілек батам» деп берілген). «Алаш дәптерінде» ол:

Page 7: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

7

«Мен сендерге бүгілдім,Төресі әділ қазы деп,Он екі имам Әулие,Жүз жиырма сегіз Әнбие,Қолдай гөр, өңшең әруақ!» –

деп аяқталады. Бүгінгі жинақтар «Төресі әділ қазы деп» деген жермен бітеді. Енді осы ғалымдарды ойлантуы керек пе? Әрине, ойлантуы керек!

Немесе осы жинақта біз әдетте «Мағжанның эпиграмма-лары» деп жүргенімізді «Адам сындары» деп береді. Жа-райды, аты бөлек-ақ дейік, бірақ сөз-ұғым-бейнелеріндегі бөлектікті қайтіп жасырамыз?..

Мағжан – кеше де, бүгін де әдебиеттің алтын қазығы. Оның академиялық мәтіні бәріміз үшін маңызды. «Екінші дәптерге» енген «Өміріме өкпемнің» пәлсафалық-дүние-танымдық мән-мағынасы да, көркемдік сипаты да айрықша. Ең бастысы, мұнда елшіл, ойшыл, қағидатшыл Алаш ақынының болмысы айқын көрінеді. Мағжан ақындығы туралы жазған Жүсіпбек Аймауытұлының: «Ақын ерікті-еріксіз өз заманының тонын кимеске, өз әлеуметінің мұңын жоқтамасқа, тілегін орындамасқа әдді жоқ» дегені де жо-ғарыдағы өлең жолдарының қыр-сырын ашады.

Ақын жинағындағы (Үш томдық, 1995, 1-том, 226–228 б.) «Өміріме өкпем» өлеңі нұсқасына біршама шумақ-тармақтың енбей қалу себебі түсінікті. Өйткені, мұнда мә селе ауызша жеткізушінің жадының әлді-әлсіздігінде. Бірер сөзді салыстырайық:

1995 жылғы кітапта: «Ортекедей орғытып оққа жы ғып», Омбы нұсқасында: «Ортекедей орғытып отқа шы ғып».

1995 жылғы кітапта: «Арсыз нәсіп, армансыз алдадың ба?», Омбы нұсқасында: «Арсыз нәпсім армансыз аран-датып».

Page 8: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

8

1995 жылғы кітапта: «Бас салып басқа бұғау салдырдың ба?», Омбы нұсқасында: «Бас салып басқа байлау сал-дырдың ба?».

Қазақ ұғымында ортеке (мал) отқа шығатынын, нәпсі арсыз болатынын, басқа байлау (мойынға – бұғау) салына-тынын ескерсек, бұл ретте Омбы нұсқасы қисынды болып шығады. Сонымен бірге 1995 жылғы нұсқада даярлаушы-лар «Өміріме өкпем» өлеңінің біршама жеріне көп нүкте қойып («жол түсіп қалғанын» меңзеп), ғалымдарды ойлан-тып кеткен. Зерделі омбылықтардан алаштанушылардың қолына жетіп отырған нұсқа «түсіп қалған жолдарды» то-лықтырады. «Бірінші дәптердегі» ақынның «Жан сөзін де» де қызықты мәтіндік жаңалықтар бар. Бұлар – мағжантану үшін елеулі олжа.

«Омбының Алаш дәптерінен» оқырман Ізбасұлы Әбдірахман, Бейсембіұлы Баймұқамбет, Жұманұлы Әбілда, Тілегенұлы Ысқақ т.б. ақындардың аты мен өлеңін оқып, «теңізді тамшысынан» тануға талап қыла алады.

Осылардың ішінде Ә.Ізбасұлы (Бектасов) мен Б. Бей-сем біұлын ерекше атауға болады. Өйткені, екеуі де ХХ ғасыр басындағы әдеби үдеріс тарихынан белгілі. Екеуі де ғасыр басында кітап шығарған. «Әбдірахман Бектасовтың «Құламерген-Жоямерген» дастанын бала жастан оқып өстік» деуші еді Нарманбет ақсақал. Бұл ақын 1942 жылы қайтқан соң баласы бар мұрасын жиып-теріп Алматыдағы Ғылым академиясына тапсырған көрінеді. Зерттеуші Қ.Р.Кемеңгер олардың сақталғанын «қолжазбалар қоры тізімінен көрдім» деп, растап отыр. Айтқандайын, бұл кісі де Ә.Жұманұлымен сүйектес ағайын екен. Баймұқамбет – Мағжан ақынның нағашы жұртынан. Ақын «Жауар аза-маттарына» деп осы жұртын айтады. Мағжан алғашқы айдаудан келіп, нағашыларына амандандасуға барғанда дүниеге келген баласының атын Баймұқамбет «Мағжан» деп қойғаны мәлім.

Page 9: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

9

Бұл ретте дәптерге көп өлеңі енген Әбілда Жұманұлы ендігі әдебиет тарихының шолу мақалаларында атаусыз қалмайды деп санаймыз. Ал, кеңестік заман лебі қатты байқалатын («жаратқан» дегеннің орнына «табиғат» де-ген сөзді пайдалануы, жаратылысты тас ғасырынан болат ғасырына (Сталин заманына) дейін өзінше таратып жазуы т.б.) туындылардың авторы Әбілжан Әбілдаұлы шығар деп топшылаймыз...

«Бірінші дәптерде» Міржақып (жинақта «Мержақып» дейді) пен Нарманбеттің белгісіздеу бірер өлеңі жүргені де ғалымдарды бейжай қалдырмауы тиіс. Сондай-ақ осы дәптерде «Шығады асыл – тастан, өнер – жастан», «Бұл жазған замандасқа насихатым» өлеңдері бастапқыда М.Дулатұлы атынан беріліпті. Кейін Әбілда Жұманұлы ту ынды мәтінінің жанына «Осы өлең Мержақыптікі емес, оқып жаңа таныдым, менікі» деп, Әбілжанның (баласы) қа-те көшіргені туралы ескертпе жазыпты. Біз осыны қаперге алып, бұл өлеңдердің соңына М.Дулатұлы атын қоймадық.

Ал, 1921–1922 жылғы алапат аштықты суреттеген «Әлі қарттың әңгімесінің» (авторы Жақан Сыздықұлы) «Омбы дәптеріне» енгені де – айта қаларлық факт. Мұны да мә-тіндік жағынан пысықтау артық болмас еді.

Шарбақкөлде сақталған мұраның ішінен жұмбақтар мен мақал-мәтелдердің кездескені бекер емес. Фольклордың бұл саласы ұлттың ақыл-зердесін кеңейтіп, пәлсапалық ой-толғамдарға жетелеп отырған. Бұл шақтың жұмбағы әдетте поэзия тіліне түскені мәлім. Мысалға бір жұмбақты алайық:

Көк жиекте шай табақта, Алтын алма тербелед,Кейде бүркер алма жүзін,Ұлпа мақта перделеп.

Page 10: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

10

Кәне, ойланып көріңдерші,Шешуін мұның кім білед?

(Күн)

Өнер тұрғысынан алғанда, жұмбақ-өлеңнің көркемдігі де, танымдық-пәлсапалық негізі де айрықша деп білеміз.

Әдебиет үдерісі бедерінде жинақтағы аудамалар тура-лы ғылыми байламдар жасауға болады (Крыловтан еркін аударылған поэмалар әзірлеп, оқырманға ұсынуды кейінге қалдырдық).

«Бірінші дәптердегі» өлеңдерді хатқа түсірген С.Райыс-ұлы және басқалар әр шығармадан кейін көшіріп жазған күнін көрсеткен. Бұл тұста Сыздықтың қолымен (кал-лиграфия) хатталған өлеңдерді бүгінгі қаріпке түсіруге аянбай атсалысқан зерттеуші, ақын Имамғазы Нұрахмет екенін ілтипатпен айтамыз. Сондай-ақ қолжазбадағы кейбір сөз-ұғымдарды тануға зерттеуші Қалбан Ынтықанұлы да жәрдемдесті.

Осы жинақты құрастыра отырып, біз «Үшінші дәптер-дің» түп иесіне – тарихи авторға ерекше тоқтала кетпекпіз.

Сәдуақас Ғылмани (1890–1972) – көрнекті қоғам және дін қайраткері, аудармашы, хадисші, ақын. Ерейментау, Ақмола мешіттерінің алғашқы имамдарының бірі. Ол 1952-1972 жылдары Қазақстан қазиятының қазиы, сондай-ақ Орта Азия және Қазақстан діни басқармасының мүшесі қызметін атқарды. Қайраткер 70-жылдары «Құран туралы жала мен өтіріктерге қарсы» атты кітап, 110 мыңға жуық сөзді қамтыған «Арабша-қазақша түсіндірме сөздік», «Ел аузынан жиған-тергендер (би-шешендер мұрасы)» жи-нағын даярлады. Құран-Кәрім аяттары мен хадистердің қазақша тәфсірлерін, мәуліт өлеңдерін, діни сауалдарға жауаптар мен діни уағыздарды да әзірледі. Әйгілі «Кәлила мен Димнаны» қазақшаға аударды. Қазақстан Ғылым

Page 11: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

11

академиясының тапсырмасымен әл-Фараби шығармаларын араб тілінен тікелей қазақ тіліне аударуға атсалысты.

С.Ғылмани ислам жолындағы ағартушылық қызметі үшін 1929–1946 жылдар аралығында қуғын-сүргінге ұшы-ра ған. Батыс Сібір аймағында (Омбы ауылдарында) бас сауғалай жүріп, сол кездің ауыр халін ислам құндылықта-ры на сүйеніп поэзия тілімен жеткізді. 30-жылдардағы саяси репрессиядан соң кеңестік қазақ әдебиеті сыңаржақ ұраншылдық үрдіске ойысса, С. Ғылмани жырлары ұлт трагедиясын шынайы суреттеуімен ерекшеленеді. Бұл тұрғыдан ол сол ауыр кезеңнің сезім мен көңілдің та-ным дық-көркем күнделігі бола алады. Оның үстіне күні бүгінге дейін азапталған, қуғындалған Алаш зиялыларының 30-жылдардағы еңбектері ғылыми айналымға түспей тұрғанда, С. Ғылмани мұрасы сол «ақтаңдақты» біршама толықтырады деп есептейміз.

Қазаққа әл-Фарабиді алғаш қайта танытқан ғұлама, соңына «Әл-Фараби және Абай» секілді таңдаулы еңбек қалдырған академик Ақжан Машани былай деп жаза-ды: «Мен С.Ғылманиды өзімнің ғылыми жетекшім деп есептеймін. Өйткені, «екінші ұстаз әл-Фараби араб емес, қазақ жерінен шыққан ғұлама» деген хабармен жер жүзін шарлап, анықтауға кірісіп, араб-парсы тілдерінде жазылған шығармаларды оқи алмай жүргенімде Сә ду ақасқа кезіктім. Ол кісі маған керекті шығармаларды аударып берді. Солар-ды зерттей келіп, әл-Фараби зиратын тауып, оны қазақтың Отырар-Фараб қаласынан шыққан оқымысты екенін дәлелдеп, ел-жұртына таныстырдым».

Ел арасында «Сәкен қалпе» аталып кеткен бұл кісіні Омбының қариялары осы күнге дейін аңыз қылып айтып отырады. Сондықтан оның жырларының түрлі жолмен көшіріліп, ел ішінде жүруі – заңды нәрсе.

Page 12: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

12

Қорытындылай келе айтарымыз: кітап жоқта немесе Алаш зиялылары мұрасын оқуға тыйым салған кезде қол дан-қолға көшіп, халықтың рухани сұранымын қа на-ғаттандырған «Дәптерлер» феномені мәнін, тарихи орнын әлі де болса зерделеп, әлемге өз мағынасында көр сету – тәуелсіздік талабы, заман сұранымы.

«Омбының Алаш дәптері» – осының айқын бір мысалы.Дихан Қамзабекұлы,

филология ғылымдарының докторы, профессор

Page 13: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

13

БІРІНШІ ДӘПТЕР

Page 14: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

14

Омбының Алаш дәптері

ӨлІм ТУРалы

Жан тоймас жабайы сөз жай кеңеске,Қай күн көрсең түседі өлім еске.Тәніміз бүгін сау дүр, жан саламат,Мағлұмсыз бары-жоғың ертең кешке.

Адамның басы жұмыр, көңілі надан,Жаралған осылайша пенде емес пе.Әуелі Адам ата жаралғаннан,Тірі адам жетер ме екен бұл үлеске.

Жөнеліп халық алды кетіп жатыр,Жетерміз біз-ақ барып ертең көшке.Пендеге бұдан жуық нәрсе бар ма,Ажал – апаң, өлім – бір жезде емес пе?

Армансыз ақылды адам болам деме,Ажал – оқ, арқан ұшы қолда емес пе?Тірлік алыс, ажалың бір емес пе,Өкініш өткен өмір жел емес пе?

Дүниеде рахат-мехнат көргеніңіз,Бір зайғы ағып кеткен тер емес пе?Әулие-әнбиелер өткен неше,Әрбірі әр пенденің бірі емес пе?

Пайғамбар хақ саруары көрген өлім,Бола ма сол өлімді төлемеске.«Бере көр өлсем иман» деп батаңды,Алладан мүмін мұсылман тілемес пе?

Page 15: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

15

Д. Қамзабекұлы

Ақ өлім алыс сапар жол емес пе,Тар қабір тоқтар жерің сол емес пе.Мойныңа өле-өлгенше парыз болған,Екі сөз обал-сауап тіл емес пе?

Рахат жұмақ сарайы мекеніңіз,От тамұқ ғазаб орны құр емес пе.Тұрғанда жан кеудеңде қыл құлшылық,Ол – Алла әмірі үлкен сол емес пе.

Ізбасұлы Әбдірахманнан07.05.1932 ж.

қыз ЖІбек ЖұмбаҒы

Мысыр деген бір шаһар,Ортасында қырық бұлақ.Тоспадан тұлпар ұстадым,Бұғалықсыз құр-құрлап.Бәйбішені байға көндірдім,Өтінішпен тұр-тұрлап.Тамға таяқ сүйедім,Отыз бес жерден сыр-сырлап.Жиырма үйрек, жиырма қаз,Күнде ұшады пыр-пырлап.Бір лашын, бір тұйғын,Ол ұшады сұңқылдап. Шешуі:Мысыр шаһар, Қыз Жібек,Іште-тыста қырық бұлақ.Бұлақ атын санауға,Сөз болады көп шатақ.Бәйбіше байға көнгені,Камалатқа жеткен шақ.Балалық дәурен өткен соң,Сізге бір демек мирас хақ.Отыз бес жерден сырлаған,

Page 16: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

16

Омбының Алаш дәптері

Таяғыңыз бұл жұмбақ.Отыз бес буын сөзбенен,Бітіргенің нақ па нақ.Он саусақтың ішінде,Отыз буын сүйек қой,Аяқ-қолдың саусағын,Жиырма қаз деп жорып қой.Күнде ұшқаны бір лашын,Мамыралық білек қой.Лашын, тұйғын сұңқылдау,Сөйлеген тіл мен жүрек қой.Әр өнерге ұсталық,Қолдан келер демек қой.Он екі мүше саулығың,Көз асықтық барлығың.Осыдан білсек керек қой.Мен шештім бе, кім шешті,Шешен жанға тимек қой.Шешушілер көбейсе,Бәріне ортақ бір геб қой.Серттен тайсаң,шырағым,Өзіңе де көп жүк қой.

Қанжығалы Олжабайдан (Нұралыұлы)10.05.1932 ж.

мІНСІз Таза меРУеРТ

Мінсіз таза меруерт,Су түбінде жатады.Мінсіз таза асыл сөз,Ой түбінде жатады.Су түбінде жатқан зат,Жел толқытса шығады.Ой түбінде жатқан сөз,Шер толқытса шығады.

(Бұл өлең дәптердің ашық жеріне басқа сиямен кейі-нірек жазылған.– Құр.)

Page 17: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

17

Д. Қамзабекұлы

НұРлы кӨзІҢ

Нұрлы көзің,Сырлы сөзің,Тартты мені алыстан.Түссін-түссін,Сенің үшін,Ойла, асыл зат, данышпан.

Басымды іиіп,Жанып-күйіп,Келіп тұрмын алдыңа.Ақ маңдайлым, Айналайын,Бір қарашы сорлыңа.

Ырысымсың,Тынысымсың,Сенсіз маған күн қараң.Мәз қыламын,Наз қыламын,Сен – қарындас, мен – ағаң.

Ағам едің,Алаң едің,Көрінгенге көзіңе,Билетемін, илетемін,Қалай нанып сөзіңе.

Нан, қарағым, Ал барамын,Кет десең, мен өлімге.Бір сен үшін,Бір тең үшін,Өлген өлім өлім бе?

Page 18: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

18

Омбының Алаш дәптері

«Өлме, өлме,Ағам сен» де,Бердім иман мен тәнімді.Амалым жоқ,Қауіпім көп,Ашсын Тәңірім бағымды.

Ағам едің, Панам едің,Қиындыққа қорғалар.Көрмей көптен,Қайғы дертпен.Көзден жасым сорғалар.

Не деп едім,Не демедім,Қоймап едің ерікке.Саттың ба әлде,Таптың ба әлде,Мен жарамай серікке.

Жас тілекті,Жас жүректі,Тілім-тілім қыласың.Досым болып,Өшің болып,Деп пең әлде жыласын?

Бейсембеттен (Бейсембіұлы Баймұқамбет болар.– Құр.)

15.05.1932 ж.

Page 19: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

19

Д. Қамзабекұлы

бІР РИСала ХаТ ЖазДым

Бір рисала хат жаздым,Қазақ қыран Алашқа.Білімсіз құр бозбала,Білімдіге таласпа.Қол жетпеске тыртаңдап,Болмас іске жанаспа.Қазулы қара жол тастап,Шұбұрынмен адаспа.Ердің көркі ғылымды ұқ,Жәһиллікке жараспа.Артыңа қарап аяқ бас,Бұрылмастан дөң аспа.Қағындың қапта бар болса,Заттыменен қастаспа,Кесірі тиер жаманның,Жауызбенен бастаспа.Жолға шықсаң жолдас ал,Берекесізбен қостаспа,Қадырым кетсін демесең,Жаманменен боқтаспа.Ынтымақ, бірлік іздесең,Отаныңмен оқтаспа.Жалғыз болам десеңдер,Ағайын жоғын жоқтаспа.Болмашыға болдырып,Кінә, пікір сақтаспа.Менменсіген адамды,Үйфахи деп мақтаспа.Сенімің кетер басыңнан,Харамдықты ақтаспа,Ердің аты арыса,Қолтықтасып тастаспа.Аз жасы артық адаммен,Үлкенмін деп бастаспа.

Бейсембіұлы Баймұқамбеттен 20.05.1932 ж.

Page 20: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

20

Омбының Алаш дәптері

ЖаН СӨзІ

Өмір – теңіз, жоқ оның түбі, шеті,Сылқ-сылқ күлген сиқырлы толқын беті.Осы өмірге келгелі көп күн болды,Енді бір ай толады жиырма жеті.

Мен жоқ едім бар қылып анам тапты,Содан бері күн талай шықты-батты.Ес білгелі алыстым өмірменен,Өмір теңіз толқыны тым көп қақты.

Мен туғалы ағарып көп таң атты,Қараңғылық жер бетін талай жапты.Ес білгелі алыстым жүрекпенен,Ырық бермеді қаңғырды ол не тапты?

Ессіз жүрек бойлады бермеді ырық,Ақыл сөзге ере алмай қалды тұрып.Ессіз жүрек, бөгелші бір азырақ,Үңіліп отыз тұр ғой, арты – қырық.

Әміріңді екі қылмай орындадым,Есімде отқа-суға ұрынғаным.Отты жылдар жапанда жалғыз қаппын,Өмірімді осынша улап не қылғаның?

Жел бол дедің, жел болып еспедім бе,Уақыт талғап ерте ме, кеш дедім бе.Желдей жынды есалаң екпінді боп,Заулап тұрған отқа өзім түспедім бе?

От бол дедің, от болып жанбадым ба,Күйдірмей, сірә, нәрсе талғадым ба.Күлін алып құшаққа, гүлді де алдым,Мынау күл, мынау гүл деп талғадым ба?

Page 21: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

21

Д. Қамзабекұлы

Су бол дедің, сылдырап ақпадым ба,Жыландай жүз бұралып жатпадым ба.Ерікті-еріксіз суымнан татқан жанды,Сиқырлап сылдырменен тартпадым ба?

Күн бол дедің, мен күндей күлмедім бе,Күннен де астым мен күндіз «түн» дедім бе.Күн тәкаппар, мен көппен құшақтасып,Бұл ісімді күндікке мін дедім бе?

«Ай бол!» дедің, ай болып жүзбедім бе?Әпсүн оқып, жер жүзін кезбедім бе?Анадайдан сиқырлы сәуле төгіп,Талайлардың өзегін үзбедім бе?

Сен «сүй!» дедің, талайды сүймедім бе?Көбелек боп көп отқа күймедім бе?Тірілгенім болмаса, өлгеннен соң,Мен талай күннен кебін кимедім бе?

«Жыла!» дедің, талай жас төкпедім бе?Дария болды көз жасым, көп дедім бе?Жасым бітсе, қып-қызыл қан жыладым,«Жыламаймын, көзде жас жоқ» дедім бе?

«Ата-анаңнан без!» дедің, безбедім бе?Қаңғырып талай жалғыз кезбедім бе?Басыма талай қара күндер туды,Ата-ана, туысқанды іздедім бе?

«Інің тастап кет!» дедің, кетпедім бе?Жер шетіне барсам да, шет дедім бе?Жыландай бауырына кіріп алып,Қалайда жатты жақын етпедім бе?

Page 22: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

22

Омбының Алаш дәптері

«Дәулеттен қаш!» дедің сен, қашпадым ба?Қойнымды жоқшылыққа ашпадым ба?«Нәжісті – доңыз, сүйекті ит жияд» деп,Барымды желге ұшырып шашпадым ба?

«Жоқты іздеп тап!» дедің сен, таппадым ба? Сен «Айға шап!» дегенде, шаппадым ба? Не керек, бар бұйрығыңды орындадым, Сұм жүрек, сол қызметімді ақтадың ба?

Ақтамадың, алдадың, енді білем, Енді бір ай – жиырма жеті жасқа келем. Отыз-қырық... қартаям, сөнем, өлем... Еліме есебімді не деп берем?!

Енді бір ай – жиырма жеті жас толады, Отыз-қырық... сарғаяды, жүз солады. Жыл соңынан жүгіріп жыл озады, Кеудеге күн-күн сайын шер толады.

Ессіз жүрек аспанға қол сермеді, Ессіз жүрек ақылға жол бермеді. Жастық у ғой, айнымай, у ішіппін, Бұл күндері кеудені ой кернеді.

Ақылға кеш айналдым, қараң күнім, Бір күні құшағына алар өлім. Қара жерді құшақтап мен жатармын, Сол кезде не деп мені сынар елім?

«Жел еді, желді жыр ғып өтті!» дер ме? «Есалаң, сүйіп еді жоқты!» дер ме? «Ойы жоқ, ессіз еді Тәңірі ұрған, Тұншығып жат, есерім!» деп күлер ме?!

Page 23: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

23

Д. Қамзабекұлы

Болмаса «қызыл гүл ед, солды!» дер ме? «Сермеп ед алтын айға қолды!» дер ме? «Қажымай, айға шапқан арыстан ед, Сабаз-ай, сол жолда мерт болды!» дер ме?!

«Күн еді, өмір бойы күлді!» дер ме? «Күн еді, сүймеуші еді түнді» дер ме? «Күн еді, күндей айқын күле білді, Сол күлумен ақырда өлді!» дер ме?!

«Сұлулықтың асығы – жыршы!» дер ме? «Жүректің сырын шешер сыршы!» дер ме? Не қуаныш, не қайғы басқан күнде Басыма кеп: «ақын, күлші!» дер ме?

Болмаса басыма да бармас па екен? Атымды аузына да алмас па екен? Қарайып жапан түзде жалғыз тұрған Молама көз қырын да салмас па екен?

Дариға, сол күндерде күнім қараң, Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған: «Болғайсың сыншы болсаң, әділ сыншы»,Кінәні жүрекке қой, қойма маған».

Мені атама, бұл жүрек жынды дерсің,Ұмтылған аламын деп күнді дерсің.Сүйіп-күліп көз жасын төгіп,Жынды жүрек, өлдің, тынды дерсің.

Жұмабайұлы Мағжаннан25.05.1932 ж.

Page 24: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

24

Омбының Алаш дәптері

кӨҢІл – алТаУ, ОЙ – ЖеТеУ

Көңіл – алтау, ой – жетеу,Келетұғын толғауға.Айтып ақыл, көріп мақұл,Халық кетті болжауға.Мынау алыс, мынау жақын,Жан табылмас қорғауға,Көңіл жақын, пікір алыс,Артын болмас ойлауға.Үземін дер, түземін дер,Халық құмар бос лауға.Өзіне түзу, жұртты бұзу,Қойдырып болмас зорлауға.Білседағы, білмесе де,Халық құмар қорлауға.Шайтан болып ішке кіріп,Жүрек басын тырнауға.Қырғыға салып, күретіп алып,Мүмкін емес сырлауға.

Жұманұлы Әбілда (1925)30.05.1932 ж.

Жұмбақ

Дүниеде бір дарбыз бар солмайтұғын,Жаз шіріп, қыс үсіп тоңбайтұғын.Жәһанның жерін, суын, жәндіктерін,Іші кең бәрін салса толмайтұғын. (нәпсі)

Көк жиекте шай табақта, Алтын алма тербелед,Кейде бүркер алма жүзін,Ұлпа мақта перделеп.Кәне, ойланып көріңдерші,Шешуін мұның кім білед?

(күн)

Page 25: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

25

Д. Қамзабекұлы

ӨНеР-бІлІм

Өнер-білім бар жұрттар,Тастан сарай салдырды.Айшылық алыс жерлерден,Көзіңді ашып-жұмғанша,Жылдам хабар алғызды.Мың шақырым жерлерге,Аты жоқ құр арбаны,Күн жарымда барғызды.Адамды құстай ұшырды;Мал істейтін жұмысты,От пен суға түсірді.Отынсыз тамақ пісірді,Сусыздан сусын іштірді.Дүниені кезді жалықбай,Білгендерге осылар,Бәрі-дағы анықтай,Білмегенге тантықтай,Бізде бекер жатпалық.Осылармен таныспай,Ат өнері білінбес,Бәйгеге түсіп жарыспай.Желкілдеп шыққан көк шөптей,Жаңа өспірім, достарым,Қадырың кетті-ау алыстай.Ұмтылыңдар қалыспай!...Біз надан боп өсірдік,Иектегі сақалды;«Өнер – білім көркі» деп,Ескермедік мақалды.Біз болмасақ, сіз барсыз,Үміт еткен, достарым.Сендерге бердім батамды...

Алтынсарыұлы Ыбырайдан04.06.1932 ж.

Page 26: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

26

Омбының Алаш дәптері

азамаТТаРҒа

Жақсы адам ұлұқсынбас төремін деп,Ұмтылмас орынсызға кіремін деп.«Ұлық болсаң, кішік бол» дегендейін,Килікпес болмашыға білемін деп.

Жүйемен шешен адам сөз қалдырмас.Арғымақ мінсек сақа сыр алдырмас,Жақсыдан бала туса өзіндей боп,Халықтың көңілінде кір қалдырмас.

Біреу туса жаманнан жақсы болып,Бәрібір оған ешкім тең табылмас.Жақсыдан жаман болып туса егер,Жағынуға жарасып ер табылмас.

Мінезі ер жігіттің тал жібектей,Әрқашан артын ойлап жүрер ептей.«Өзім болдым, не керек жұрт маған» деп,Ақыл менен іс қылар сыртқа теппей.

Ер жігіт ерген халқын жауға алдырмас,Өзі болған заманда дау қалдырмас.Өз тамағын ойлаған сабаздарың,Қармағын тегіс салып сау қалдырмас.

Ойласаң малдан артық өнермен бақ,Жігіт болсаң, қызмет қып халқыңа жақ.Өнері болса жабының бағасы артық,Базарға қатар салсаң қара арғымақ.

Тілей бер кеткізбе деп қадырыңды.Дұшпаның кемітпе деп адымыңды.Би-болыс болмасаңда кісілік сол,Халыққа тигізбесең содырыңды.

Page 27: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

27

Д. Қамзабекұлы

Күзеткін жақсы болсаң, ел пайдасын,Жақсыны халық теріске неге айдасын.Боларсың меллатыңа......Орынсыз тигізбесең тіл найзасын.

Бейсембіұлы Баймұқамбеттен 09.06.1932 ж.

қаСқыР меН қОзы

Бұлаққа су ішуге келді қозы,Жанында серігі жоқ жалғыз өзі.«Бөрі жоқ десең шығар бөрік астынан»,Пәле мен қаза алыс па келсе кезі.

Қаңғырған тамақ іздеп бір аш бөрі,Қозыға жетіп келді жайнап көзі.Жемекке кінә қойып сол арада,Жалағып міне қасқыр айтқан сөзі.

«Сен қозы текке қарап жүре алмайсың»,Соқтықпа маған десем, тіл алмайсың.Мойныңды қазір жұлып алайын ба!Суымды неге былғап ылайлайсың!

Қозы айтты: Қасқыр, тақсыр, тоқта азырақ!Тергеңіз кінәм болса «әділ бір-ақ»Ізіңіз жатқан жерден төмен келіп,Іштім мен жүз қадамдай қашығырақ.

Бұл жерден ең аз болса бір жүз қадам,Мүмкін бе абайлауға осы арадан!Сіз түгіл өзгеге жоқ қиянатым,Не шара, жеткен болса бүгін қазам?!

«Бекер ме?– қасқыр айтты,– менің сөзім,Білесің жалғаншы деп кімді өзің?

Page 28: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

28

Омбының Алаш дәптері

Әкеңді алдыңдағы танымапсың?Бала, сен байқап қара ашып көзің!»

Осындай сөздер мені күлдіреді,Десем де шыдаймын-ау етіп төзім.Есімнен өле-өлгенше кете қалмас,Былтырғы осы арадан сөккен сөзің.

«Кезек бер біразырақ сөзге, тақсыр!Келемін жарты жасқа күзге, тақсыр,Жаралып дүниеге биыл келсем,Тиемін былтыр нағып сізге, тақсыр?»

«Ол ендеше сен болмасаң сенің ағаң,Ойларың мені жоймақ келсе шамаң,Ит болсын, қойшың болсын, қожаң болсын,Жауыздық ойлайсыңдар бәрің маған».

«Нансаңыз ағам да жоқ, інім де жоқ,Уа ғайри нашарлықтан мінім де жоқ,Нақақтан мені, тақсыр, күйдіресіз,Жауыздық сізге ойлаған күнім де жоқ».

«Ол саған әлде күйеу, әлде құда,Сүймейді қой атаулы мені жүдә,Иә бөлең, иә жиенің, иә нағашың,Әйтеуір саған ұқсас еді о да!

Қой заты талай зәбір берді маған,Соларын менде істеймін енді саған.Кегімді қойдан алмай кімнен алам,Тауыспа ол деп, бұл деп сөзді оған».

«Тақсыр-ай! Еш жазығым жоқ қой менің!Зәбір ғой біреу үшін күйдіргенің»,«Үндеме, жетер! Қазір рұқсатым жоқ, Тұруға ақ-қараңды айырып сенің.

Page 29: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

29

Д. Қамзабекұлы

Алыпсың жаман әдет қарсыласып,Сенімен тұрам ба мен мылжыңдасып,Айтайын білгің келсе, қозым, саған, Кінәң сол жегім кеп тұр қарным ашып».

Шошынды қозы байқұс құлқын танып,Құтылар білгенменен мұнан не ғып?!Болсын ба қозы жұмыс қасекеңе,Жөнелді иығына салып алып.

Орманға қасқыр кетті қозыны алып,Белгілі етер ісі алып барып,Осындай жазықсызды жазғыратын,Әр жерде күштілерде бар ғой қалып.

Қасқырдың зорлық болды еткен ісі,Ойлаймын оны мақтар шықпас кісі,Нашарды талай адам талап жеп жүр,Бөріден артық деймін оның несі.

Байтұрсынұлы Ахметтен15.06.1932 ж.

бОзбалалаРҒа

Қайтер еді, жігіттер,Тым қымбатты кимесек,Мақтан үшін борышты,Үсті-үстіне үймесек.Қаладағы байлардың,Айтқанына билесек,Ақырында қайтеміз,Банкрот болып күйресек.Елтірі мен теріні,Жақсы қылып илесек,Әрі жылы, әрі берік,Жыртылмайды сүйресек.

Page 30: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

30

Омбының Алаш дәптері

Керім-кербез кей жігіт,Жек көреді-ау бүй десек.Боламыз ба жазалы,Шаруаңды сүй десек..Әмірханнан мәсі, етік,Қарыз болып шықты ма?Аяғыңды зорлықпен,Біреу оған тықты ма?Өңі жылтыр демесең,Опайкеден мықты ма?Кисің жақсы екен деп,Ешкім сенен ықты ма?Орынсыз шашқан тиының, Абыройыңды жапты ма?Ұрсыңқырап айттым-ау,Ерегеспей ұқты ма,Үш теңгелік сокунадан Мәлескін берік емес пе?Сыпайы пішіп жөн тіксек,Құба төбел емес пе?Шайды азайтып сүт ішсек,Жолатпай ма кеңеске.Бал қоймай-ақ, май қойсақ,Қонған қонақ жемес пе?Мұнша неге құмармыз,Түбі пайда емеске.Күміс тұрман тағынып,Мен қалаймын деп еспе.Мақтан түбі бір борыш,Рас сөзге егес пе.Шалқи бермей, шамалан,Шаруа кетті-ау келмеске.Недеген мал шыдайды,Бұл кию мен бұл жеске.Өкінерсің, көрерсің,Не тәңертең, не кешке.

Page 31: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

31

Д. Қамзабекұлы

Сеңсең тымақ сырты бай,Мойнымда бар ақ шарфы,Қымбат ішік, қыл шапан,Папироз қарыным баптанып,Резинкеден калошым,Аяғыма шақталып,Күміс баулы сағатым,Қойнымда жүр сақталып,Ер-тұрманым жарқырап,Күміс жапқан қақталып.Қуанып өле жаздаймын,Киіміме мақтанып.Нәрсе апардым әркімге,Күні бұрын сақтанып.Осы бір күн кетеді-ау,Ішек-қарнымды ақтарып.Кел арзандау киейік,Кербездікті түр қылмай.Өкінер кез болды ғой,Орынсызды құр қылмай.Мақтан үшін әр кімге,Өзімізді жыр қылмай.Бояу мақтан бола ма,Ішімізді нұр қылмай.Жалтырауық жағынып,Қылтиғанды қыр қылмай,Сабын алып онанда, Үстімізді кір қылмай.Мақтан қылған елірме,Шаруаны жүр қылмай.Не себепті бұл қазақ,Баяғы істі жүр қылмай.Өткеніме дүниеден,Жөнді жұмыс бір қылмай.

Құдайбердіұлы Шәкерімнен20.06.1932 ж.

Page 32: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

32

Омбының Алаш дәптері

кӨРСем

Қазақты бір күн санға кірген көрсем,Қатарлас халықтармен жүрген көрсем.Білдіріп дүниеде бар екенін,Шетінен өнер-ғылым білген көрсем.Жас бала, жаңа өспірім қатар-қатар,Арқаға кітап қабын ілген көрсем.Тізіліп ұлы-қызы тегісінен,Ішіне медіресенің кірген көрсем.«Білдің бе сабағыңды, сабақтас» деп,Сөйлесіп, әзілдесіп күлген көрсем.Азамат Алаш ұлы атағымен,Ғылымның тұлпарына мінген көрсем.Үйренген өнер-білім арқасында,Рахатта дәурен сүріп жүрген көрсем.Айтылған осылардың бәрін көріп,Дариға, арманым жоқ сол күнде өлсем.

Дулатұлы Мержақыптан22.06.1932 ж.

Жұмбақ

Айтайын мен бір жұмбақ сексен сегіз,Шешуі қиын емес, ескерсеңіз:Болады бірі өткір, бірі өтпес,Ақылы мұны тапқан ұшан-теңіз. (күн, ай)

Иа, құДаЙым, аққа Жақ

Иа, Құдайым, аққа жақ,Өзіңе аян, мен нақақ.Аққа деген сөзімнің,Абыройын ашпай жап.Аят пенен қадисте,

Page 33: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

33

Д. Қамзабекұлы

Адал ниет ақ іске.Жаңылмасам жоқ еді-ау,Жаза тартсын деген бап.Мені ұстатып айдатып,Зығырданым қайнатып,Масайрасып мәз болып,Күлгендерді өзің тап.Аз күндікке алданып,Аз нәрсеге жалданып,Адасқанын Алаштың,Түзу жолға түсір, хақ.Жақыныңнан жау шығып,Мақұл сөзден дау шығып,Иттер тістеп тонымнан,Дұшман ұстап қолымнан,Маған тосу болған шақ.

Қара палуан Жәнібек,Қаз дауысты Қазыбек,Жетім қалған халқыңа,Тұлға болып артыңа,Кім тиянақ, қазық ед.Құнсыз болып еріміз,Жесір болып жеріміз,Мал менікі дей алмай,Жан менікі дей алмай,Итке де, құсқа азық ек.

Кен болар деп балшықты,Көл болар деп шалшықты,Біз үмітпен қазып ек.

Дәреті жоқ аяқтар,Қорсылдаған саяқтар.Бұлғамасын тасыңды,Қасиетті басыңды.

Page 34: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

34

Омбының Алаш дәптері

Дегеніміз болмаса,Қазаққа не жазып ек,Байлаттырған қолымды,Бөгелттірген жолымды,Жақыным бар, жатым бар,Хабарлана жатыңдар,Мен сендерге бүгілдім,Төресі әділ қазы деп,Он екі имам Әулие,Жүз жиырма сегіз Әнбие,Қолдай гөр, өңшең әруақ!

Байтұрсынұлы Ахметтен26.06.1932 ж.

ЖаНҒа кӨҢІлІм қалыП ТұР

Жанға көңілім қалып тұр,Жан бұл күйге салып тұр.Тәнге көңіл қалып тұр,Тән шыдамай арып тұр.Жұртқа көңіл қалып тұр,Жұрт жалғанға нанып тұр.Өтірік өрлеп күшейіп,Шын жеңіліп талып тұр.Бақ дегенде байлау жоқ,Уағдадан танып тұр,Тағдыр шіркін тап беріп,Тамағымнан алып тұр.Жау білегін сыбанып,Пышағын қайрап жанып тұр.Сауысқан, қарға, қарақұс,Жемтік аңдып бағып тұр.Пәле деген аңдушы,Аяғымнан алып тұр.Жала деген төбеті,Балтырымнан қауып тұр.

Page 35: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

35

Д. Қамзабекұлы

Ай, сені ме, дегенніңАйызы әбден қанып тұр.Көре алмаған күншілдің,Көңіліне мұным жағып тұр.Табалаған дұшпанның,Шаян тілі шағып тұр.Жаны ашыған жақынның,Жас көзінен ағып тұр.Айрыламыз амал жоқ,Қылышын жерге шауып тұр.

Байтұрсынұлы Ахметтен29.06.1932 ж.

абақТыДаН

(Абақтыдан шығарына көзі жетіп, шешесіне Семейден жазған хаты)

Қымбаттым, дұғагөйім, қамқор анам,Арнап хат жазайын деп алдым қалам.Сізді онда, бізді мұнда аман сақтап,Көруге жазғай еді Хақ тағалам.Көре алмай өтірікші болып әбден, Семейдің түрмесінде отыр балаң.Мал ұрлап, кісі өлтірген жазасы жоқ,Үкімет ол зорлыққа не дүр шараң.«Үмітсіз шайтан ісі» деген сөз бар,Жолдар көп ұжмаққа да тарам-тарам.Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп,Бітпеген жүрегімде бар бір жарам.Адамнан адам туып ісін етпей,Ұялмай не бетіммен көрге барам,Алданып бұл жалғанға оны ұмытсам,Болғандай жегенімнің бәрі харам.Көп айтпай қысқасынан сездіретін,Балаңның мінезі бар сөзге сараң.

Page 36: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

36

Омбының Алаш дәптері

Кетер деп отқа құлап, суға түсіп,Қайғырып менің үшін болма алаң.Отырмын ағаш үйдің бөлмесінде,Бұйрықсыз көз жетеді өлмесіме.Қоршаулы айналасы биік қорған,Берік қып салған темір терезесіне.Қалайша мұны көріп көңіл сенбес,Аттанып жау келсе де бермесіне.Есіктің құлпы берік, күзетші мол,Ажалдан басқа ішкім келмесіне.Әуелде Лауқұл-Мақпұз жазбапты Алла,Тағдырда бұл орынды көрмесіме.Тайпалған талай жорға, талай тұлпар,Тағдырдың кез болып тұр кермесіне.Қаңбақпен салмағың тең бұл бір заман,Ғилаж жоқ жел айдаса ермесіңе.Солардан жаным, тәнім аяулы емес,Орынсыз күйзелейін мен несіне.

Байтұрсынұлы Ахметтен08.07.1932 ж.

ІНІм

Аз сөзге құлағың сал, ақын інім,Ой-пікір, рухымыз да жақын інім.Ағалық прауасын қолыма алып,Келемін айтайын деп ақыл, інім.Өзімді ағалықпен зорайтамын,Мұнымды көремісің мақұл, інім.Адасқан ағаңыздың жері болса,Сұраймын айта гөр деп ақыл, інім.Ат қойған аз-көбіне қарамастан,Ақылға бізде жарты пақыр, інім.Жай жатсаң жаңылмапсың, адаспапсың,Күресте кім кетпейді қапыл, інім.Доңыздай талғамай жеп семіргендер,

Page 37: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

37

Д. Қамзабекұлы

Саналып ақылдыға жатыр інім.Сүйікті меллатыңа болам десең,Нашардың көбірек же қамын, інім.Сыйласын десең жұртың қадыр тұтып,Айғырсып момындарға ақыр, інім.Білімді ел ішінде болам десең,Шешенсіп жоқты сөйлеп лепір, інім.Қолыңнан мұның бірі келмесе егер,Кісімсіп тым болмаса қақыр інім.Сөзіңді тыңдатайын десең жұртқа,Ет асып табақ-табақ шақыр, інім.Аузымен орақ орып барында істер,Қымызды шара-шара сапыр, інім.Ет пенен қымыз беріп сөйлеп көрсең,Айтқаның жұртқа балдай татыр інім.Ақылың Апылатондай болса-дағы,Еті жоқ, қымызы жоқ тақыр інім.

Байтұрсынұлы Ахметтен15.08.1932 ж.

ӨНеРПаз қаРа ЖеРГе СалаР қаЙық

Өнерпаз қара жерге салар қайық,Жаһаннан алар тағлым қанат жайып.Әр жердің тамашасын көзбен көріп,Жастықта етер сайран болып ғайып.Тұрғанда бойда қуат жүрген жақсы,Аяғың бір күн қылдан кетер тайып.Басыңды тауға да соқ, тасқа да соқ,Отырма бір орында құр мұңайып.Жүргеннен тіпті қарап пайдалырақ,Күнінде үйренсең де жалғыз харіп.Тамшыдан тама берсе болар дария,Кетпей ме ақырында бір молайып.Қылжақтап екі ауылдың арасында,Не пайда жүргеніңнен құр сорайып.

Page 38: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

38

Омбының Алаш дәптері

Бай болып өнер білсең тіпті жақсы,Зор қару дәулетіңді бұл шақтарлық.Тым артық кедей болсаң оқығаның,Білгенге қиын емес кету байып.Мағлұмсыз мал дәулетің әр уақытша,Бүгін бай ғажап емес ертең ғаріп. Дүниеде кедейлік жоқ өнерпазға,Түседі лақатқа ақыр бір күн барып.Мисалы надандықтың қараңғы күн,Білгенге жүрген жердің бәрі жарық.Бұларды айту бізден, есту сізден,Мүбәдә сыны болса үлгі аларлық.Қызына айтып, келініне тыңдатқандай,Мағынасы көпке бірдей сөз шығардық.Түсінер ишараға Лауһұалла да, Пәлен деп түсін ашып не қылайық.

Дулатұлы Мержақыптан19.07.1932 ж.

ШыҒаДы аСыл – ТаСТаН, ӨНеР – ЖаСТаН

Шығады асыл – тастан, өнер – жастан,Тәрбиең тәуір болса әуел бастан.Мисалы ғылым таппақ сол секілді,Бұлақтың бітіп жатқан көзін ашқан.Жігітке талаптанған сол мысалды,Пайдасын ғылымның жұртқа шашқан.Жаны ашып, нашарларға қызмет етіп,Салса егер түзу жолға болса азысқан.Халық үшін жанын қиып шыққан болса,Қайырлы әр қадамы болсын басқан.Көрсетіп тар орында таудай талап,Құтқарса мұқтажылықтан болса сасқан.Қазақ қор болар ма еді көп болса егер,Шаһбазлар осы айтқандай өнері асқан,Немене бұл күнгі күн ойлап көрсек.

Page 39: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

39

Д. Қамзабекұлы

Жақсылар өз пайдасын құр қарасқан.Азырақ дәулет біткен кісі болса,Сен кедей, мен баймын деп мал санасқан.Болмаса бірлі жарым талапкерлер,Бозбала өнерпазбен жоқ санасқан.Ұммәтсіз байларымыз бәрі надан,Қайыр-иқсан ағанаттан аулақ қашқан.Анау артық, мен кейін қалам ба деп,Өздері жұсұстықпен құр таласқан.Молдалар пайдалы іске уағыздамай,Таласып ұсақ сөзбен бақ таласқан.Құзғындай қызыл көрген барар жетіп,Кісі көрсе биекем бір дауласқан.Үйінде ғаділдігі ұмыт қалып,Биекем келуші ме пара алмастан.Уаллаһи көзім көрді мұның бәрін, Наныңыз жалған демей шын-растан.

Жұманұлы Әбілда (1910)25.07.1936 ж.

бұл ЖазҒаН замаНДаСқа НаСИХаТым

Бұл жазған замандасқа насихатым,Емес дүр ыриядан ақ ниетім.Көзі ашық, көңілі ояу інілерім,Әртүрлі паһұм істен пайда алатын.Базары жетер – ғылым ашылғанда,Ылайық емес сізге құр қалатын.Жан пида ғылым үшін малың тәрк ет,Артылсын күн-күнсайын мағрипатың.Пайда жоқ іс өткен соң бармақ шайнау,Алып қал осындайда бар қажетің.Алмасаң айтқан тілді ғазизларым,Күн болар өкінішпен зарланатын.Нанбасаң өздеріңіз ойлап қара,Бұл айтқан болмас теріс далалатым.

Page 40: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

40

Омбының Алаш дәптері

Әлбатта, кеште болсаң қала бердің,Барларың ұғарсыңдар парасатың.Біреуден екеу абзал, екіден үш,Қосылып әммаңыздың қарасатын.Жүргенмен жеке-жеке іс бітпейді.Байқасаң пікір етіп мұның парқын.Ішінде темір тордың шынжырлаулы,Жатқанын көрмейсің бе, қайран халқың,Көп қуып қорқақ едік, батыр қылды,Біздерге енді не бар аянатын.Біз оның сатып алған құлы емеспіз.Әркімді төбемізге шығаратын,Болады егер заман деген осы,Байқасаң, Алаш ұлы азаматым.

Жұманұлы Әбілда (1910)28.07.1932 ж.

Жұмбақ

Отқа жанбас, суға батпас. (рух)

ЖыламаЙ ЖаС балаҒа емШек беРмеС

Жыламай жас балаға емшек бермес,Құрметті ізденбесең өзі келмес.«Алма піс, ауызға түс» дегеніңе,Қалқам-ау, ойласаңшы адам көнбес.Майда бол, жігіт болсаң тал жібектей,Жақсы емес қатты болу тікенектей.Ғылымың ұшан теңіз болса-дағы,Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей.Көрген мен көрмегенде көп парық бар.Ашылмас жігіт адам сыннан өтпей.Ылайықсыз, ретсізге арандама,Әр істің мазмұнына көзің жетпей.

Page 41: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

41

Д. Қамзабекұлы

Ғибрат ал жақсыларға жақын жүріп,Қаша гөр жамандықтан аулақ шеттей.Не нәрсе талаптансаң табылады,Опа жоқ ер жігітке жапа шекпей.Мисалы харекеттің сол секілді, Алмайсың егін орып, тұқым сеппей.Пайдаңды жақсы болсаң тигіз көпке,Жатырқап еш адамды сыртқа теппей.Кезінде кезең жердің қосылып қал,Бәйгеге ұлы дүбір өткен көктей.Мақсұты ғасыл болып ойындағы,Илаһим ер тілегін қабыл еткей.Тәуекел кемесіне мініп шыққан,Ғылымың талапкерге нұрын төккей.Аз біліп көпке ғашық болғандардың,Лаззаты таңдайынан жүрген кетпей.Қанағат көп бірем деп етпе өнерге,Көре бер басқалардың азын көптей.Жасыңда қалсаң мақрұм сан соғарсың,Болмайды жаман нәрсе өкініштей.Шалқайып үйде жатсаң дәнеме жоқ,Сарып етіп ыждағатпен малын төкпей.Таппасаң дертке дауа ғазизларым,Қапасы жұрттың қалың ауыр дерттей.

Жұманұлы Әбілда 04.08.1932 ж.

ОРТа ЖҮзДеН аРҒыН аҒа еР еДІ

Орта жүзден Арғын аға ер еді,Қандай қазақ Арғынменен тең еді.Бәйбішеден Мейрам жалғыз ұл еді,Сол Мейрамның бес баласын сағындым.Мейрам ұлы Қуандық пен Сүйіндік,Қаракесек, Бегендік пен Шегендік.Салмағыңа тең келетін қазақ жоқ,

Page 42: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

42

Омбының Алаш дәптері

Тұрмысыңды туысым-ай, сағындым.Момын – Арғын тоқалының аты еді,Қанжығалы, Тобықты ердің заты еді.Бәсентиін, Қарауыл мен Атығай,Еңіреген ерлер шыққан халық еді.Шағыр жетім Шақшақ момын ер еді,Шұбыртпалы о да Арғын ұлы еді.Қазақ Арғын еліменен тең еді,Ел асылын, ер асылын сағындым.Ғибрат жаздым жастарға еткен талап,Қасыңнан ұран салып өттім жанап.Желікпей жүйрік болсаң тұра алмайсың,Кермеде арғымақтай тұрған жарап.Кезіңде қыз қылықты қимылдап қал,Тіл мен жақ байланарсың бір күн әлі-ақ.Өнерден бозбалалар үлес алмай.Мақұрұм үйде отырып қалма қарап.Сен өсіп камалатқа жеткеніңде,Базары бұл ғылымның кетер тарап.Тарылып дін-дүниеміз бара жатыр,Япырм-ау, білген бар ма бұл не ғажап?Ойламас ертеңгісін не болам деп,Салынып жалқаулыққа біздің қазақ.Әр түрлі кемшілікті бетке басып,Кетеді басқа жұрттар бізден асып.Бекерден құр кеудеге сала бермей,Бізге де лайық болар мойынға алмақ.Сынасып жұрттың бәрі өнерменен,Болып тұр қалам-сия қару, қазақ.Білімді мыңды, білекті бірді жығар,Халықтың айтуында өнер сабақ.Ұқыпты, инабатлы болсаң, құрбым,Құрметтер халқың сені дәрежелеп,Өтірікші уағдасыз болсаң егер,Баддұға оқыр саған әр кім қарап.

Page 43: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

43

Д. Қамзабекұлы

Сырың бір, қырың сегіз болсын құрбым,Бұл өзі бозбалаға ауыр салмақ.

Қанжығалы Олжабайдан07.08.1932 ж.

кӨПке

Жазылсын көпке тарап бұл кінешке,Жазылды кеткенімде жиырма беске.Қадірлеп сөз асылын танығандар,Қолына ала отырсын мәжілісте,Замандас өзімменен құрбыларым.Көтеріп лақабымды алсын еске,Мағыналы сөзім терең болмаса,Бір әсер бермейді деп үміт кеспе.Жазушы бар сөзімен базар ашты,Жиылып, өнерпаздар, кел кеңеске.Сынына білгіштердің сөзді салып,Болмайды ғақыл, сәбет бер демеске.Өзіңді биік ұстап менмен болып,Лайық па емтихан қып тергемеске.Тал түсте қойға қасқыр шауып жатса,Дұрыс па көре тұрып үндемеске.Әр іске өз порымынша баға беріп,Қиянат теріс әділдік шын емеске.Білімсіз топас болсаң мойынға алып,Болар ма ғаярларға бір демеске.Сәбетте қатулықпен басың қосып,Пайда жоқ құр шулаған ерегесте.Шамаңыз келмес жерге бой көрсетпе,Бұлданба өз қолыңнан келер іске.Пәленше білсін деген сөзге мәз боп,Мырзалар, тілімді алсаң еліріспе.Әзірше өнер, айла керек болар,Тіл алсаң омыраулап салма күшке.Жел сөзім елтихатсыз босқа қалып,Түбінде қалып жүрме өкінішке.

Page 44: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

44

Омбының Алаш дәптері

Жұмысқа абыройсыз қатынаспай,Бел байлап тәуекел қыл жігер іске.

12.08.1932 ж.

Жұмбақ

Мен жетінші терек, алтыншы қайың,Бұтағы толып жатыр дәйім-дәйім.Ішінде шынар, терек, үш қарағай,Өңгесін айта беріп не қылайын?

(Шолпан, Жеті қарақшы, Үркер, Үш таразы).

л... албОмыНа

Себеп не екен, бастап мені таптыңыз,Альбомыңызды алдыма әкеп тарттыңыз.Мен даярмын рахмет сізге, қарындас,Ағаңызға көңілді бір іс арттыңыз.

Ай аппақ қой, сізге көңілім айдан ақ,Сізге деген жүректе жоқ жалғыз геп.Адал ниет ақ көңілімді бетке ұстап,Ақылсымақ сөз айтасың азырақ.

Альбом-жүрек уақыты жетпей ашсаңыз,Құлып салып берік бекітіп тастаңыз.Ашылам деп аласұрар жас жүрек,Белгілі іс, бірақ одан саспаңыз.

Альбом-жүрек тыныштықты қашырар,Уақыты жетсе өзі-ақ бір күн ашылар.Жүрек сыры белгілі ғой біраздан,Желі тынып толқын да әлі басылар.

Альбом-жүрек көрінгенге бермеңіз,Дос па, қас па бастан байқап тергеңіз.

Page 45: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

45

Д. Қамзабекұлы

Дос орнына қас кіргізіп жүрекке,Бір күндерде өкініште жүрмеңіз.

Альбом жүрек жақын достар қолға алар,Таза жүрек оны оқып толғанар.Мен жазайын, мен оқиын деп алып,Надан адам кетпес қара тап салар.

Альбом жүрек өзіңіз сақтап көріңіз,Таза жүрек меруерттен теріңіз.Ескерісіп жүру үшін өмірде,Кәне, құрбым, қолыңызды беріңіз.

Мағжаннан16.08.1932 ж.

ЖаРым

«Кердең-кердең жүресің, сен не таптың?»Мен айтайын, айнымайтын жар таптым.Күндіз-түні жар қойнына жатамын,Естімеймін уын-шуын жан-жақтың.Қанша құшсам-дағы сусын қанбаған,Жан жарым бар неге керек мал маған?Жарым күншіл көз салдырмайд жан-жаққа,Жібермейді жұмысқа да, мансапқа.Сондай ерке оны құшып керіліп,Күндіз-түні күңірене бер тек жат та.Әке маған «сауда қыл, мал тап» дейді,Жарым маған «мал деген не, тек жат» дейді.Елім маған «елге еңбек қыл» дегенде,Жарым маған «жатқан адам бекзат» дейді.Жар айтқан соң жатар жақын көрген жар,Жардың тілін алмауға не дәтім бар.Тілін алдым үйден, елден айрылдым,Бірі де жоқ мал да, ел де, намыс-ар.Жар жат дейді жатамын да, жатамын,

Page 46: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

46

Омбының Алаш дәптері

Мас адамдай бос ойға ылғи батамын.Ашылғанда ұйқыдан көз бар сырым, Қылжалаңдап жоқты-барды шатамын.Әрине, енді мені мақтар пенде жоқ,Жап-жақсы еді жар аздырды деді көп.Жұрт сөзі не жан жарымның қойнында,Жата берем жаным-жаным, жарым деп.Бұл жарым кім, тапшы кәне?– Денсаулық,Сен дейсің ғой алма бетті ақжаулық.Жоқ, жолдасым, адасасың айтайын,Жарым менің – атышулы жалқаулық.

Мағжаннан21.08.1932 ж.

ДҮНИеГе

Сұм дүние, қызыл түлкі сылаңдаған,Алдадың құйрығыңмен бұлаңдаған.Қаншықтай я болмаса түлкі алатын,Еркелеп жылмаң қағып бұраңдадың.Сұмырай мыстан кемпір сықылданып,Қутыңдап ең болмаса шұнаңдадың.Біреумен төс соғысқан дос боп кетіп,Біреуге бір қиырдан қылаңдадың.Алданғыш, еліктегіш адам болып,Әуелде мәнісіңді біле алмадым.Алпыс екі айлаңа түсіп кетіп,Ере алмай сағымыңа тұра алмадым.Қусам да бейнеттеніп сені көп жыл,Маңыма бір жиылып құралмадың.Қараңды бір-ақ көрдім ақырында,Жоқ болдың көз алдымда мені алдадың.Дауыл жел толқындатып толқын қуып,Кез болып мұндай уақыт түсі суық.Оған еріп қаңбақ боп адам басы,Әрбірі бет-бетімен жүр ғой қуып.

Page 47: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

47

Д. Қамзабекұлы

Солардың бірі болып менде жүрмін,Сол жолда ел аралап белді буып.Маңызды сұм денеден салмақ кетіп,Болдық қой жел айдаған бір желқуық.

25.08.1932 ж.

СҮЙІкТІ СӘУлем

Сүйікті сәулем! Мағыналы сөзбен,Бойды еріттің балқыттың.Қызарып жанып,Сүйекті жарып,От-жалынды шалқыттың.Жұмақтан шыққан хор едің,Еріксіз басым көн дедің.

Сүйікті жаным, Бітті қаным,Күні-түні сені ойлай.Жалынды жүрек,Бойды билеп,Күйдіреді бір қоймай.Соғып кетті самал жел,Көңілге сап қайғы шер.

Сүйікті жолдасым,Қорлықта басың,Тағдырменен жұлыстың,Мөлдір көзің,Жұмсақ сөзің,Сүйегіме сіңісті.

Кемеңгерұлы Қошмұхамбеттен29.08.1932 ж.

Page 48: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

48

Омбының Алаш дәптері

қаЙҒылаНба қамыҒыП

Қайғыланба қамығып, Үнемі тұрмас бұл қайғың.Қабағың түсіп жабығып, Мұнша неге мұңайдың?Әуесінде жастықтың,Бақытсыз болған сорлы бас,Көлеңкесі шаттықтың,Түспей сірә бір қалмас.Сап алтындай шағыңды,Қайғыға салып жоғалттың.Өзіңдей сорлы жарыңды,Қу сүйектей қураттың.Көзден аққан ащы жас,Дария болып төгілген.Сен дегенде бауырлас,Қансыз болып көрінген.Демалысың жанған от,Өртеп жанып күйесің,Жас басыңнан мұңды боп,Қашан қызық көресің?

Кемеңгерұлы Қошмұхамбеттен03.09.1932 ж.

құмаРлық

Бұл күнде елге болды ойын-сауық,Айналды үлкен-кіші ебін тауып.Құмар боп лата менен қарт ойынға,Жиылар күліп енсе қардай жауып.Ақылға кейінгі жас көнбей кетті,Қит етсе беттен алар иттей қауып.Кәсіпті күндіз істеп кеш қайтады,Ұтқызар алаң жерде ебін тауып.Бұрынғы қазақылық артық екен,

Page 49: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

49

Д. Қамзабекұлы

Өсірген төл өсімін малын сауып.Не пайда құр машақат шеккенменен,Ұтқызса ертең келіп, бүгін тауып.Кейінгі балаларға үлгі болсын,Қаламды қозғалтайын аттай шауып.Меһирбан бұрынғыдай үлгі кетті,Әшейін жаза салдым көңілім ауып.Бар істі дүниедегі баян еттім,Болмаса жабыспаймын жала жауып.Бала қамын ойлайтын заман кетті,Мақтанбас әйелдерде ер ұл тауып.Ғаламға он сегіз мың мина толды,Білген жан бұл мисалдан етер қауіп.Үлкен тілін кіші алмас заман болды,Құтылу ғилаж бар ма ебін тауып.Өз басым баршасынан қауіп етпейді,Жүргем жоқ бірінен де соның сауып,Тұйғындар жамандаумен қарға болмас,Есегің тұлпар болмас жабу жауып.Бір ғилаж бола ма деп үміттенем,Жарыққа шығар болсақ ғилаж тауып.Ғылым-білім жөніне айналмасаң,Бір күні жығыласың есің ауып.Есіңе бай баласы сонда түсер,Болдырып тоқтаса атың жүрген шауып.Біреу сенсе алдымда ағам бар деп,Дүниенің бітуінен етпей қауіп.Біреу жүрсе артымда інім бар деп,Інісі табанынан жүрсе сауып,Селбесіп екеу-екеу шығын қылмай,Кебісін қартқа беріп қойса жауып,Білгенге осы сөзім ғибрат дүр,Зорлықпен ұқтыра алман шапшып-шауып.

Жұманұлы Әбілда09.11. 1932 ж.

Page 50: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

50

Омбының Алаш дәптері

ОЙ ДеГеН – У

Ой деген – у!Ауызға алсаң қандырар,Жанды есінен тандырар.Ішсең мас боласың,Ішесің де соласың.

Ой – бір теңіз!Қап-қара боп тебіренер,Толқынданар күңіренер.Шетсіз, түпсіз тұңғиық,Жан түседі жан қиып.

Ой улады!Жаным ессіз, жаным мас,Жүректе зар, көзде жас.Көмір болды жүрегім,Сарғаямын сөнемін.

Мағжаннан

СұлУлық

Керілген кербез сұлу қыз,Кеңеселік, кел бері.Асықтық па, ынтықпын!Дидарыңды көргелі.Мендей-мендей талайлар,Соңыңда жүр өлгелі,Не дейді олар білдің бе?Маған жолдас бол дейді.Бола салсаң нең кетті,Қасаруың жол ма еді?

Page 51: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

51

Д. Қамзабекұлы

Білем сенің тілегің –Бай ұлына қосылу.«Кедей» деген ат шықса,Әдет болған шошыну.Ұят болса да айтайын,Өзімді-өзім ұсыну,Ти, мені сүй, жай құшақ,Неге керек қысылу.

Керілген кербез сұлу қыз, Көлеңдеп жанды күйдірдің.Көркемдігің толған ай,Көріндің өртеп – сүйдірдің.Кекілік атып ширақтап,Керіліп алыс тартпа тым.Білесің бе бағалай,Күйген жүрек сүйген кім?Құшақта, жылт, өртеші,Ақ бетіңнен ал сүйдім.

Керілген кербез сұлу қыз,Кеңесейік кел бері,Күйген мәңгі қайғы уыты,Сендегі жүрек мендегі.Білем-білем... өлсең де,Еш мырза қолын бермеді.Ендеше соған жағыну,Ойлашы, қалқам, жөн бе еді?Шын жүрек, намыс, ар-ұят,Міне менде, кел бері!

Майлыұлы Бейімбеттен1926 ж.

Page 52: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

52

Омбының Алаш дәптері

ЖақСылық бІРеУГе еТСеҢ ІШТе ЖаСыР

Жақсылық біреуге етсең іште жасыр,Қылдым деп саған солай деме бас ұр.Біреуден өзің көрсең жақсылықты,Жұртқа жай көргеніңнен тағы да асыр.

Бейсембіұлы Баймұқамбеттен

СӨЙлеП қал ТІРШІлІкТе ТІл меНеН Жақ

Сөйлеп қал тіршілікте тіл менен жақ,Кетерсің тағдыр жетсе бір күн аулақ.Мисалы бұ дүниенің жел сықылды,Ешкімге баяндамас дүние шолақ.

Алайын жастығымда біраз сөйлеп,Аққандай тау мен тастан бейне бұлақ.Адамында, замананың жаманы жоқ,Данышпан бәрі билеп тұрғандай-ақ.

Тұйғындар шырматылып бөгеліп жүр,Алысқа бұрынғыдай ұшпай жырақ.Қатарға қарға кіріп қарқылдап жүр,Басына бақ пен дәулет қонғандай-ақ.

Қарақұс шыр айналып қалқып та жүр,О дағы құс төресі болғандай-ақ,Үстінде қарақұстың күйкентай жүр,Мықты боп өз үйінде қалғандай-ақ.

Жағалтай жүр сыпылдап бір жағынан,Тұйғынның дәрежесін алғандай-ақ.Сауғаны бір-бірінен сұрасып жүр,Қарыны қарақұстың тойғандай-ақ.

Page 53: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

53

Д. Қамзабекұлы

Кезқұйрық күлді айналып әуре боп жүр,Қосылып қауым санына оңғандай-ақ.Жапалақ жалтаңдап о дағы жүр,Көлдерден аққу мен қаз ілгендей-ақ.

Шағала жүр тоты боп сайраймын деп,Гүлбақша, бау-шарбақта тұрғандай-ақ. Айғай сап тырналар да қиқу сап жүр,Даусына сандуғаштың салғандай-ақ.

Қосылды құс санына қара таған,Жеріне жан жете алмас ұшқандай-ақ.Бәйгі алып мәстектерде таранып жүр,Тұлпар мен арғымақтың порымындай-ақ.

Жайылды сиса орнына қара лаңке,Атылас асыл қымбат тұрғандай-ақ,Төбешік әр-бір жерде тауларда тұр,Артына жау өткізбес қорғандай-ақ.

Қарт ағаш бұтағы жоқ қалбиып тұр,Ығына жел жібермес ормандай-ақ.Қосылып бас қосысып қара боп жүр,Бытырап бет-бетімен жүрген саяқ.

15.09.1932 ж.

ӘбІлЖаН мұНы ЖазҒаН ЖұмаНұлы

Әбілжан мұны жазған Жұманұлы,Ұқпаған сөздің болмас биттей пұлы.Дүниеге бірдей келген адамзатпыз,Біреудің біреу емес мәңгі құлы.

Сөзімді азаматтар ұғып алсын,Сәлем деп талаптыға жаздым мұны.Жазатын тарих та бар ғасырларда,Тізілсін іште пікір сөздің шыны.

Page 54: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

54

Омбының Алаш дәптері

Тартылма білгеннен соң, жан жолдасым,Ғасырдың туғаннан соң жазар күні.Жөндеп ал талаптылар өзің біліп,Нұсқаусыз мен қояйын ендігіні.

* * *

Қош болыңдар, туысқан,Қайта айналып көргенше.Жоқ еді жерім ұрысқан,Өзіме-өзім келгенше.

Бар еді уағдам қылысқан,Соны орындап бергенше,Жоқ едік жұртым қиыстан,Қызмет қылдым өлгенше.

мІНСІз ХаН ӘҢГІмеСІ ТУРалы

Өткен күн еске түсер қартайғанда,Ертегі өлең болар айта алғанға.Ұзын жолдың тәсбиығы ертек айтпақ,Айтылар көр мағына байқағанға.

Бір үлкен Түркістанда хан болыпты,Байлығы мол, бақыты зор сол заманда.Қырық мың ділдә берем деп уағда еткен,Үш ауыз жұмбағымды тапқан жанға.

Ханзада осылайша қылды жарлық,Хан сөзін тыңдап отыр барша халық.Үш ауыз жұмбағымды тапсаңыздар,Қырық мың ділдә аласыздар пайдаланып.

Егерде табамын деп таба алмаса,Сертім сол өлтіремін басын алып.

Page 55: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

55

Д. Қамзабекұлы

Екінші тапқан ерге сертім мынау,Бас уәзір қыламын қасыма алып.

Сұрайтын жұмбағының түрін айтты:Тәттіде не тәтті деп бірін айтты.Қаттыда әм не қатты, ауыр да не?Әзірлеп үш жұмбағын тәмәм етті.

Отырды ханның сөзін халқы сынап,Біреуге теріс көрінді, біреуге ұнап.Табамыз деп, болмаса таппаймыз деп,Ханға сөз қайтармады ешкім бірақ.

Кеш болған соң ханынан рұқсат алып,Шығысып үйді-үйіне кетті тарап.Сол жерде бірге отырған бір кедей шал,Әуелден молықпаған басынан мал.

Ұл перзенті болмаған шал-кемпірдің,Он жасқа жаңа жеткен бір қызы бар.Кеш болған соң шал байғұс қайтады үйге,Бейшара жолығады қандай күйге.

Күнде ерте қайтушы едің деді қызы,Ай, ата, кешіктіңіз бүгін неге?Шал айтады не үшін кешіккенін,Хан сөзін халыққа айтқан естігенін.Еріккен хан ермек қып ертек айтып,Үш ауыз жұмбақ сұрап естірткенін.

Хан үш ауыз халыққа айтты жұмбақ,Табам деуші болмады мұны бірақ.Тапқанға қырық мың алтын сый береді,Табам деп таба алмаса басын алмақ.

Табам деп мұны ешкім айта алмады,Еш адам ханға жауап қайтармады.

Page 56: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

56

Омбының Алаш дәптері

Мен түгіл менен зорлар үндеген жоқ,Ақырын атаң да үйге байпаңдады.

Сұрады атасынан сонда әлгі қыз,Ханыңыздың мәжілісіне болыпсыз кез.Сұраған хан жұмбағы қандай екен?Қайтадан бізге айтып естіртіңіз.

Естиік жұмбағының түрі қандай,Сөз бе екен мағыналы таң қалғандай.Ханның қылған сертіне тұрғылық па?Таба алмай халық қиналып сандалғандай.Қырық мың ділдә беріп байытатын,Оңай сөз болса егер аңғарғандай.

Қыз сөзін атасы естіп шошып кетті,«Шырағым, жасың онға жаңа жетті.Өзі келмей пәлеге біз бармайық,Аузыңа мұндай сөзді алма» депті.

«Ай, ата, қарамаңыз жасымызға,Көп жаста аз көрінер ақылсызға.Таппасақ осы жерде қалады ғой,Неміз бар пәле егіп басымызға.Күн бұрын үрейленбей айта берші,Қазір хан тұрған жоқ қой қасымызда».

«Қарағым, қуанышым, көрер көзім,Сен едің жұбанышым жалғыз өзің.Айтпасқа еркі алдыма қоймадың» деп,Айтады үшінші рет ханның сөзін.

Не нәрсе тәтті ішінде ең тәттісі,Не нәрсе қатты ішінде ең қаттысы,Ауырдың ең ауыры не нәрсе деп,Серт қылып ханның айтқан жауабы осы.

Page 57: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

57

Д. Қамзабекұлы

Қыз айтты сонда тұрып бұл сөз оңай,Шал атам алтын алып боласың бай.Бардағы ханнан әкел қырық мың ділдә,Сұраса беретұғын жауап былай.

Тәттінің ең бастысы алған жарың,Қатты сол жоқшылықтан тартқан зарың.Ауырдың ең ауыры қылған уағда,Бұл болмаса мойныма әкем қаның.

Қыз бар деп жалынады атасына,Еркіне қояр емес бармасына,«Я, тақсыр, жұмбағыңды таптым» дейді,Шал байқұс келіп сонда хан қасына.

«Қанеки, тапсаң егер айт,– дейді ханҚырық мың ділдә алтын алып сен қайт» дейді.Сөйлейді хан рұқсат бергеннен соң,Шал байқұс сонда отырып былай дейді:

«Тәттінің ең тәттісі – алған жарың,Қатты сол – жоқшылықтан тартқан зарың.Ауырдың ең ауыры – қылған уағда,Бұл болмаса мінеки төксең қаным».

Сонда хан ақырын ғана күлімдейді,«Пәле, сабаз, тауыпсыз бүгін,– дейді.Анық өзің тапты деп сене алмаймын,Тапқандай өнер сенде көрінбейді.

Қырық мың ділдә алдына салады енді.Аз уақыт шалда байып қалады енді.Кім тауып саған мұны үйретті» деп,Қыспаққа шал байқұсты алады енді.

Page 58: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

58

Омбының Алаш дәптері

Шал байқұс қысылған соң қалтаңдайды.Анық өзім таптым деп айта алмайды.Он жасар қызым тауып үйретті деп,Бейшара шынын айтып қайқаңдайды.

Сонда хан шалдың қызын алдырады,Жұмбақты тапқан сен бе деп сұрады.Сұраған хан сөзіне жауап беріп,Өзінің тапқандығын нандырады.

Жаңада жеттім дейсің жасым онғаЖаста болсаң келіп тұр сөзің оңға.Жардың тәтті екенін қайдан білдің,Әлі өзің жүрген жоқсың мұндай жолға.

Сүйікті жанын үзген атам-анам,Деп сүйген айым-күнім жалғыз балам. Жатқызып ортаға алып ұйықтатады,Оянсам тоңып, жаурап шетте қалам.

Тәттінің ең тәттісі жар екен деп,Осыдан тәмсіл қылып ғибрат алам.Жұмбағың мұныменен шешілмесе,Не қылсаң қолыңдамыз, асылзадам. Бір тонды жамылушы ек үшеу ара,Киім жоқ жамылатын жеке дара.Кедейлік қатты екенін мұнан біліп,Тоңып, жаурап жылаймын мен бейшара.

Қапылыста келуші еді үйге қонақ,Ұялып қалушы еді атам бейбақ.Қысылып, терлеп-тепшіп беруге ас жоқ,Мұнымен не қылады жанды қинап.

Page 59: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

59

Д. Қамзабекұлы

Қаттының ең қаттысы жоқтық қой деп,Тәмсіл қып білуші едім содан ойлап.Ауырда уағда қылған сертің еді,Не қылсаң әміріңді еркің еді.

Біреу егер табам деп таба алмаса,Уағдаң өлтіруге бекім еді.Жазықсыз жұмбақ үшін қан төгетін,Осынша халқың сізге не етіп еді.

Ауырдың ең ауыры уағда екен деп,Ғарібің бұлай тәмсіл етіп еді.Жұмбағын тауып қырық мың ділдә алып,Әкесімен үйіне кетіп еді.

Үйіне бұлар қайтып барады енді,Алтынға әбден байып қалады енді.Ханымы мен бұл шалды хан алғызып,Байқұсты ит әуреге салады енді.

Хан айтты «қызың маған бересің,– деп,Бұл айтқан әміріме көнесің деп,Бір елге басшы сайлап жіберемін,Әртүрлі сыйды қанша көресің деп.Қыз бермесең көнбесең әміріме,Асылынып дарбазада өлесің» деп.

Шал айтты «тақсыр, маған ұлықсат бер,Қызыма сөйлесейін үйге жібер,Еркімен қызым сізге тием десе,Қайтып келіп берейін жауабын дер.Еріксіз болса зорлап бере алмаймын,Қайтейін амал бар ма өлтіре бер».

Хан сонда шал байқұсқа ұлықсат берді,Үйіне қорыққаннан зорға келді.

Page 60: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

60

Омбының Алаш дәптері

Қызыңды бересің деп зорлағанын,Қалдырмай бастан-аяқ айтады енді.

Қайтармай ханға жауап бөгелгенім,Сен үшін бойыма.... не көргенім.Жылатып сені ханға бергенімше,Емес пе жүз есе артық өз өлгенім.

«Ай, ата, менің үшін қайғырмаңыз,Басыңды көп ойланып дал қылмаңыз.Хан алса еркімменен мен барайын,Әртүрлі көп қалың мал сіз сұраңыз.

Қалың малға он саулық қозы берсін,Жиырма саңдақ айбатлы бөрі берсін.Және отыз жолбарыс, қырық арыстан,Түлкіден бір кем емес елу берсін.Алпыс арқан, жетпіс шідері берсін,Сексен пұт қаны кепкен жүрек берсін.Тоқсан пұт қаны кепкен сүйек берсін,Бір шалымен және де бір кемпірі бар,Бұларды хан, ханышадай киіндіріп,Және де сол екеуінің сырын білсін.Некемді мұңсыз жанға қидырамын,Алуға осы шартпен уағда қылсын.Риза болса хат жазып мөрін бассын,Болмаса ханыңыздың өзі білсін».

Шал сонда осы сөзбен ханға барды,Қыз сөзін бастан-аяқ айтып салды.Серт қылып уағдамен тием дейді,Берсе егер осы түсті қалың малды.

Хан сонда қалың малды бермек болды,Сөзіне қыздың айтқан көнбек болды.Ақыры бұл кеңестің неге соғар,Бірталай хан байқұсқа ермек болды.

Page 61: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

61

Д. Қамзабекұлы

Хан болыпты он жасар қызға асық,Аламын деп қуанар болса нәсіп.Қыздың айтқан сертінің бәрін жазып,Хат беріпті қол қойып, мөр басып.

Енді хан сапар шегіп түсті жолға,Некесін қидырмақ боп мұңсыз жанға.Серт қылып қызбен уағда байлағанын,Келіп арыз қылыпты мұңсыз ханға Мен сізге арызымды білдіргелі,Көңілімді мақсұт тауып тындырғалы.Мұңсыз деп ғаламға атың шыққаннан соң,Некемді келіп едім қидырғалы.

Осылай сөзін айтып арыз қылды,Мәнісін арызының естіп білді.Қыз алам деп мақтанып келген ханға,Мұңсыз хан сонда былай жауап берді:

«Қыз құмарлық алдырған ақылыңды,Қаратпай теріс-қисық мақұлыңды.Қыздың сөзін миға сап шешкен болсаң,Тастап мұнда келмес ең ел-жұртыңды.

Неше түрлі сұраған қалың малға,Ала алмасаң сүйекке болар таңба.Он қозы он жастағы осы айтқан қыз,Бармаймын дегені ғой сендей шалға.

Жігіт адам жиырмада бөріге ұқсар,Отызда жолбарыстай күші тасыр.Қырық жаста арыстандай айбатты боп,Түлкідей елу жаста қайла тосар.

Page 62: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

62

Омбының Алаш дәптері

Алпыс жаста атсың ғой арқандаулы,Жетпісте төрт аяғың бірдей баулы.Сексенде тамырыңның бәрі кеуіп,Тоқсанда қу сүйектен қанша аяулы.

Боядың шал-кемпірді қаны қанша,Жасарды алтынменен олар қанша.Мисалы жай шал ханның киімін кисе,Айырғыш арасында барма сонша.

Хан болсаң да ақылсыз жан екенсіз,Деп ойлап іздеп келдің мені мұңсыз.Әркімнің өз теңдесі өзіне артық,Не қылсын хандығыңды он жасар қыз.

Некесін қидырмақшы мұңсыз жанға,Сол үшін іздеп келдің мұңсыз ханға.Сырымды айтсам өлтірмей жібермеймін,Мендағы мұңдымын ба, мұңсызбын ба?

Хан өкінді бекер-ақ келгенмін деп,Босқа кетті бекер-ақ келгенім деп.Сертке жетіп бұл қызды ала алмасам,Мың есе артық осында өлгенім деп.

Сөйлейді мұңсыз ханға сонда зарлап,Хан басыммен бетіме түсті таңдақ.Елге барып келемеж болғанымша,Лайық қой осы арада өліп қалмақ.

Хан зарланып жылайды,Көзінің жасын бұлайды,Мұңсыз ханға өтініп,Сырыңды айт деп сұрайды.«Айтшы маған сырыңды,Естиін қандай мұңыңды,

Page 63: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

63

Д. Қамзабекұлы

Бірі бітсін арманым,Сонан соң өлтір сертіңмен.Қабыл көрсең мұнымды,Тірі болып жүргеннен,Өз қолыңнан өлейін,Лайық көріп өлімді».Мұңсыз хан сонда сөйлейді,Сөйлегенде бүй дейді:«Білейін десең сырымды,Менімен еріп жүр дейді.Әкелді түкпір сарайға,Бір жігіт, бір келіншек,Екі бала қасында,Отыр екен көр дейді.Мынау менің сүйікті,Таңдап алған қатыным,Мынау жігіт жат адам,Емес менің жақыным.Осыларды көргенде,Оттай қаулап жүрегім,Есімнен танып тұрамын,Бойымда болмай ақылым.Халқым мені хан сайлап,Ел биледім жасымнан.Бір-бірлеп сөзді айтайын,Түсіндіріп басынан.Махабатлы жарымның,Қызығын көріп екі-үш ай,Ешқайда шықпай қасынан,Тәмсіл қылып сөйлеуші ем,Бал ма екен деп жалғанда,Татулық бізден асырған.Уа, дариға қайтейін,Сол секілді дәуренім,Өтіп бір кетті басымнан.

Page 64: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

64

Омбының Алаш дәптері

Сейілге әскер алып шықтым бір күн,Үйімде иесіз қалды мал мен мүлкім.Қызығын дүниенің көрген жақсы,Жігітке босқа отыру емес мүмкін.

Үйде отырсам бұлайша болмас па едім,Еркіме қойып тұр ма жастық менің.

Бір киік алдымыздан тұра қашты,Ат қойып күллі әскер қамшы басты.Жалғанда болмаған бір жүйрік екен,Жеткізбей әлденеше қырдан асты.

Бәрінен менің атым болған жүйрік,Киікті кеттім енді жалғыз қуып.Әскерлерім көрінбей кейін қалды,Жақындап киікке енді келдім жуық.

Киікке жетіп келдім зырқыратып,Мылтықпен өлтірмедім бірақ атып.Тірідей ұстаймын деп жүргенімде,Ат сүрініп жығылдым омақасып.

Мен жығылып қалыппын аттан түсіп,Құтылып киік кетті болмай нәсіп.Дәл шабымнан тіреліп құлағанда,Қылышым жан жерімді кетті кесіп.

Қалыппын сол арада есім ауып,Әскерлерім артымнан келген шауып.Қызыл қанға боялып жатқанымда,Ізімнен іздеп жүріп алған тауып.

Сол жерде даяр еді неше тәуіп,Қарады күні-түні дәрі жағып.Жазылды саламат боп жараларым,Ажалсыз бітпеген соң дәм мен жарық.

Page 65: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

65

Д. Қамзабекұлы

Не керек тірі қаппын құр қалқиып,Әжетке жазылғанмен жарамадым.Бұрынғы татушылық жөніменен,Отырды үш жыл сақтап мынау жарым.

Қатын айтты бір күні жар жолдасым,Көзінен бұршақ-бұршақ төкті жасын.Әкеліп қылышымды қолға беріп,Алдыма тосып тұрды кес деп басын.

Басымды, тақсыр, менің шап деп айтты,Қанымды сізге артпаймын ат деп айтты.Жасшылық әсеріне шыдамадым,Болмаса бір ғылажын тап деп айтты.

Сізді тастап басқаға кете алмаймын,Сізбенен еш мұратқа жете алмаймын,Паш қылып сырыңызды сыртқа жайып,Масқара сізді бұлай ете алмаймын.

Тірліктен артық көрем өлгенімді,Не табам тірі болып жүргенімде,Басымды, тақсыр, неге шаппадыңыз,Алдыңа ризалықпен келгенімде.

Сонда жылап көзімнін төктім жасын,Жазықсыз қалай кесем адам басын.Бір ауыз жаман сөзін естімеген,Жасымнан тату өскен жар жолдасым.

Далаға шыдай алмай шыға келдім,Көшеде келе жатқан жігіт көрдім.Сол халде бұл жігітті шақырып ап,Оңаша сарайыма алып келдім.

Page 66: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

66

Омбының Алаш дәптері

Алдында қатынымды талақ қылып,Ғақыт нақақ оқыдым бұған бердім.Серт қылдым еш адамға білдірмеске,Тысқа шықсаң басыңды алам дедім.

Білмейді бұл сырымды ешбір адам,Ана екеуін өзімнің балам дедім.Кәнеки мұңлымын ба, мұңсызбын ба?Мырзам-ау біздің жайды қалай білдің.

Болады мұнан артық мұңлы қандай,Іс екен бұл бір ғажап таңғалғандай.Хан болып, халық билеп бүйтіп жүріп,Алдану бекер екен сұм жалғанға-ай!

Сырыңды айттың мұңсыз хан,Көңілден шықпас бұл арман,Сертіңе жетсең мінеки,Жолыңа пида шыбын жан.Мұңсыз хан сонда айтады,Сертке жетіп не етейік,Бұрында күнәм бар шығар,Обалыңды арқалап,Қаныңды төгіп не етейік,Қабыл көрсең сөзімді,Сүйер болсаң өзімді,Бір уағда етейік.Хияметтік дос болып,Өле өлгенше айрылмай,Бірге жүріп өтейік.Алдаушы мынау сұм жалған,Пайда қылмас ешкімге,Талақ қылып шіркінді,Көңілімізден шығарып,Кел қажыға кетейік.Раузасын көріп Расулдың,

Page 67: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

67

Д. Қамзабекұлы

Жүзіміз сүртіп ізіне,Барып тәуіп етейік.Кеш деп, Алла күнәмді,Екінші тілек иманды,Көтер Алла білекті,Қабыл етсе тілекті,Орын алып сол жайда,Мұратқа солай жетейік!Бұл бір жүрген ер еді,Ерлігінің белгісі,Қабыл етіп бұл сөзін,Айтқанына көнеді.Хияметтік дос болып,Талақ етіп дүниені,Қажыға бірге кетуге,Уағдасын береді.Бағанағы жігітке,Ел-жұртын, мал-мүлкін,Бақыты мен тақытын,Тапсырып соған береді.Алланың іздеп ақ жолын,Жалғанға бұрмай көңілін,Меке жолы қайсы деп,Қосын артып жөнелді,Сол бетімен тоқтамай,Мекеге барып жетеді.Неше түрлі шартымен,Тәуәбін кемел етеді,Қабыл болып тілегі,Қасыл болып мұраты,Орын алып сол жайда,Дүниеден өтеді.

Жұманұлы Ғабдолла (1915)25.9.1932 ж.

Page 68: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

68

Омбының Алаш дәптері

ӨзІ ТУРалы

Жігітсің жасың биыл жиырма бесте,Не дәурен сүргендердің бәрін істе.Ес кіріп, ақыл ене бастағаннан,Оқиғаң болған шығар үлкен десте.Кір қасық мінез болса еткіл мәнсұф,Езгулік хаққа жағар ғамал кесте.Сындарлы бой, сымбатты сұлудаймын,Жалғыз-ақ жаным жауһар, жаным іште.Ғылыммен тәнімді алтын булағандай,Пар келмес асылыма саф күмісте.Сиғандай дүние жиһан ішім сарай,Қазынам бекітулы кілтім тісте.Інжудей ішім толған асыл бұйым,Алып қал керектерің аузын шеште.Нық сауыт қалта камал ми шаралы,Қарасаң фаһұм да жүр әр білісте.Шекердей тамсанарлық лебізім лаззат,Тілім – біз, көңілім – жібек, сөзім – кесте,Арқауы оқа-зермен нақыштанған.Ханышаның өрмегіндей өрген іште.Әзелден келген мүшем өзіме жұп,Ынсан боп жаратылмас түгел мүше.Ағзамды үңіле афзал нұр торлаған,Жамылшы сыртым қоңыр фардам үсте.Құбылып бұл жаста да пәлен есім,Аз атақ ат қалып жүр әр үлесте.Бұлт бер деп жүргендер ед құмар болып,Қалғам жоқ бір жанасбай өкініште.Уа, пәни, бақи базар, бақыт, мәнсап,Өмір тұр тілеп осы сәске түсте.Әр сапар ағылалық құрмет беріп,Тұрғызғай тәуекелге қолды күште.

Көшербайұлы Жұмағұлдан27.9.1932 ж.

Page 69: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

69

Д. Қамзабекұлы

ЖІГІТТІк

Жігіттік, сенің де өкпең бар ма менде,Жүрмін ғой қызметіңде болып пенде.Жасыма жиырма бестей келгенімше,Бей қамқор, халық үстінде аузың – жемде.Бей әуре, сағымды – ат қып, сияны – үй ғып,Ойнарқы орда еткіздің әрбір елді.Есерлік соңынан ерген жын-сотқарым,Қалыңдар мұнан былай менен енді.Бір сенің әуреңменен көп шалқыдым,Риза боп бұл сыйыңмен көңіліңді емде.

01.10.1932 ж.

еРлеРГе

Аллам өзі жеткізбесе кем есесін,Ызаның көрмес дейсің ер нешесін.Бақ дәулет тірліктегі ақыл перзант,Саламат һәм сақтаса әр мүшесін.

Бас қорғау біреу тиіссе білім басы,Мизамның көрген артық жол көшесін.Әр жерде өнердің де керегі бар,Хайламен пайдалансаң тас кесесің.

03.10.1932 ж.

аШылмаС ел НалыТПаЙ еРДІҢ баҒы

Ашылмас ел налытпай ердің бағы,Тазармас дүние көрмей көңіл ағы.Дариға, сүйтем деген мұратына,Талапкерің иықты жігіт шағы.

Сыналып сырды білген бір жан болмай,Кеміп жүр ажарымның сынып сағы.

Page 70: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

70

Омбының Алаш дәптері

Аһ ұрам еске түссе, ғазиз достар,Әркімнің өз мекені – сайран бағы.

05.10.1932 ж.

Не ПаЙДа құР СұлУДаН бОлмаЙ Назы

Не пайда құр сұлудан болмай назы,Хошланып құр күймесе көңіл қазы.Сипатқа сыны лайық жан болмаса,Сана мен сән болмайды сабыр азы.

06.10.1932 ж.

ӨзІН СУРеТТеУ

Қызығын көрдім жақсы дегендердің,Жарадым мәжілісіне талай ердің.Жем іздеп шалықтаған біз бір лашын,Ынтығып сұқсырына әрбір елдің.Ілмекке қанат жайып қамданамын,Ақ мамық қуын көрсем айдын көлдің.Сайраған Бағираның бұлбұлымын,Қанатсын қауыздарлық қызыл гүлдің.

08.10.1932 ж.

бала ТУРалы

Ата зат, нағашы зат, баба – негіз,Әке зат, анасы зат – жауһар егіз.Екі зат махаббаты мауафиқ кеп,Бұзбаса ниеттерін көңіл семіз.Бой таһаратлы, пак түсуге шарғылана,Асыл боп перзент тумақ сонан деңіз,Таза күт, тәрбиелеп, тағлым беріп,Тағамын халал ішкіз, халал жегіз.

Page 71: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

71

Д. Қамзабекұлы

Бірі олпы, бірі солпы болғаннан соң,Қалайша кемелденсін біздің неміз?

10.10.1932 ж.

ДОСыНа

Әуеспін асыл көрсем аты шыққан,Қалпым бар жақсыларға жан қиысқан.Шамалап санасымен қадыр білген,Жігіт емен жолдастың көңілін жыққан.

Аңдатып әр қиялды шешіп едім,Уа, шіркін, бір дос болса сөзімді ұққан.Фаһұм мен ишаратым аңғарғанға,Ескертпей бос тастатпа, әзім сұбқан.

12.10.1932 ж.

зӘРУДеТлІк

Бір ғаріп болып жүрсе емге зәру,Дертіне дауа болмай бір күн дәру.Сөз бар ғой «қырықтың бірі қыдыр» деген,Дұрыс қой мұқтаждарға іздеп бару.

Бергенің фазлым, кәрім еттің шүкір,Сақтаймын пенделікпен ішке пікір.Көлдерде шуақ түссе жайнай бастар,Дариялық қалпын қыл кемел зікір.

15.10.1932 ж.

Page 72: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

72

Омбының Алаш дәптері

НӘСИХаТ СӨз

Зор білім бұл заманда аңдағандар,Ақиқат сөз болмаса нанбағандар.Естіген көргеніме пара-пар ма?Адам сол – өсек тілге азбағандар.Арасын екі достың айырады,Қай күнде елдің қоры оңбағандар.Ақсақал бола алмайды елге басшы,Ауыл боп өз бетімен қонбағандар.Сол болар ердің ері уағдалы,Тас тістеп айтқан сөзден танбағандар.Қыла алмас тақуалық мемер кәміл,Кемітіп өз туғанын қорлағандар.Қолынан қастық-достық қайтып келер,Бір іске біреу айдап зорлағандар.Жолдасы жауда қалса қайрылмайды,Өзінің басын ғана қорғағандар.

18.10.1932 ж.

бІР ТУмаҢ еЖелГІ ЖаУ, қаС бОлмаЙДы

Бір тумаң ежелгі жау, қас болмайды,Жаманы ағайынның бас болмайды,Алдыңда жүрсе айтып жөн таппайды.Артыңда жүрсе және дос болмайды.Бай болып көшсе көлік берері жоқ.Еруден аш, арыққа ас болмайды,Қараңғы ойлағаны зердесіздің,Жадырап көңілің оған қош болмайды.Мисалы әр үмбеттің сол секілді,Талпынған болар бала, жас болмайды.Балшықты мың күн илеп бассаңдағы,Бумалы дүрын жауһар тас болмайды.Сыр айтып екі жақсы басын қосса,Бір-бірінің ізін аңдып өш болмайды.

Page 73: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

73

Д. Қамзабекұлы

Құдайдан құралуға себеп болмай,Еңбегің ептестірген іс болмайды.

20.10.1932 ж.

НӘСІлДІ Әм НӘСІлСІз ТУРалы

Құладын баулығанмен қу алмайды,Күткенмен онан сұңқар туа алмайды.Баяғы өз салтына тарта берет,Селт етіп көңілің оған уанбайды.Шықпайды нәсілсізден тіпті жақсы,Тегінде бір зат болса тұра алмайды.Болмаса қас жетесіз суы жасық,Асыл зат түбінде бір ұрандайды.Егескен дұшпандарын бір мұқатпай,Серт айтқан ердің көңілі жұбанбайды.Шұбар төс, шынжыр балақ болса-дағы,Жаманның ата-тегі сұралмайды.Өнерлі туыс абзал жігіт болса,Соның да сыбағасы жоғалмайды.Ер болса аты шыққан сыртқа айбарлы,Олжалап елдің шетін жау алмайды.Жоғы игі жаман ұлдың жақсы анадан,Бас қосқан қалың топқа бара алмайды.Әр жерде әруақ қорлап, сөгіс алар,Ақыл-ой тар орында таба алмайды.Арам ас қайда барса ит тигендей,Сүріліп өмірше адам бола алмайды.

21.10.1932 ж.

ТұРмыСТы кӨТеРе алмаУШылық

Не пайда мал жинаудан қарызданып,Мойныңда борыш қалар, парызданып.Жыл сайын өтемесең кірін беріп,Шықпайды мал тазарып, нағызданып.

Page 74: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

74

Омбының Алаш дәптері

Біреуге шет пұшпақтай дәулет бітсе,Содағы байсынады маңызданып.Адамсып, шарланғансып, шартияды,Тоқ санап өзін-өзі тоғызданып.Секілді қортық қошқар шартық қалған,Борбайы шайырланып, сағызданып!

22.10.1932 ж.

мИСал СӨз

Не пайда құр жастықтан өтпей қалса, Қайраңдап мұратына жетпей қалса.Тарқар ма өлгеніңше бастан арман,Көп тілеп ойға алғанын етпей қалса.Несі сән тіршіліктің жанды ұзартып,Іс істеп бір тамаша өнбей қалса.Жалынсыз жаса ма істер ол бір мисал,Ызғарын жай оғындай төкпей қалса.Қайраттың я заттықтың жоқ болғаны,Өнбесті қузастырып ептей қалса.Кейбіреулер үйде отырып болдым дейді,Көгеріп көсегесі көктей қалса.Жігіттің пайдасынан қағылғаны,Түсінбей зілсіз сөзді кектей қалса.Арты – шаң, алды – тұман, әуре-сарсаң,Сорланып ерді қырсық иектей қалса.

26.10.1932 ж.

кӨҢІлДІҢ Хаққа маҒлұм ақ-қаРаСы

Көңілдің хаққа мағлұм ақ-қарасы,Көріктің сырттан абзал іш сарасы.Хошлықтан екі житен мақрұм болып,Пенденің бос қалмақшы бейшарасы.Әурелік абыройсыз істерді істеп,Халықтың машықтайды бір парасы.

Page 75: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

75

Д. Қамзабекұлы

Не мұрат мұндай пасық мінездерден,Артыңа тоқтап әркім бір қарашы.Иә басқа, иә Алашқа не пайдасы,Өзің біл түспейін-ақ мен арашы.Бұзақы, бүлдіруші дегізбей-ақ,Тек жүрген – өнер алды, сөз ырасы.

28.10.1932 ж.

мИСал СӨз

Қас бекзат бір айтқанын екі айтпайды,Төресін әділ билер мін етпейді.Белгісін шын жүйріктің зейін ілкім,Атқарып бастан міндет тілетпейді.Қыран құс бір ілгенін екі ілмейді,Ақ сұңқар өлексемен күн көрмейді.Мәрт жігіт тәуекелші сабырға ие,Нәфсіге зор табиғат билетпейді.Кешіккен іс ақырына сүйіну керек,Ұзағынан қонар бақыт тез бітпейді.Ашалмай жүрміз серпіп тұманды да,Қоршаған басты айналып бұлт кетпейді.Томсарып әркім де жүр мазаны алып,Мақсұтқа көңіл жетсе, қол жетпейді.Ойларға жеткіз өзің, сұбықаным,Жоқты іздеп, сергелдең боп кім өтпейді?

01.11.1932 ж.

қаНДаЙ ЖұбаЙ алУ кеРек?

Жас құрбым, тексіз жерден қыз алмаңыз,Әдепсіз, үлгісізден із алмаңыз.Қаба деп жал-құйрығы жануарым,Жабыдан үйірге айғыр әм салмаңыз.Мінез-құлық әм затын көп аңғарып,Асылына әбден байқап сөз жолдаңыз.

Page 76: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

76

Омбының Алаш дәптері

Жаманды жақсыларға жанастырмай,Әуелде айырықша еткен бір Аллаңыз.Мәселен сұңқарменен тең болар ма,Боқ шұқып далпылдаған көк қарғаңыз.Жаманнан ат тоныңды ала қашып,Жақсыдан қолың жетсе құр қалмаңыз.Сақтан деп құрбыларға құр ынжықтан,Тапсырған Жұман ұлдай бір жорғаңыз.

04.11.1932 ж.

ӘлІ қаРТТыҢ ӘҢГІмеСІ

ІЕл ішінде сыр да көп, Сыры терең жыр да көп.Соның бірін жырлайын, Ауыл қарты Әлінің, Көпті көрген кәрінің, Әңгімесін тыңдайын.

Жалтыр аяз қыс өтті,Нелер қиын іс өтті,Шамам келсе сырлайын. Ауыл қарты Әлі еді, Әңгімешіл кәрі еді, Ағызатын тіл майын.Болғанына бұл істің,Үлкен қиын жұмыстан,Сегіз жылдан аспады. Күн артынан түн қуып, Жыл артынан жыл қуып, Сегіз аяқ басқаны.Кешегі аштық болғанда,Адам жүзі солғанда,Кімдер асып-саспады.

Page 77: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

77

Д. Қамзабекұлы

Есі кетіп жаңылып, Сапырылып сабылып, Кімдер аяқ баспады.Жұртқа салып ылаңын,Ойнатып жиын боранын,Кімге заһарын шашпады. Талайлары арандап, Сұрқия аштық жалаңдап,Кімге аранын ашпады.Осылай деп Әлі қарт,Әңгімешіл кәрі қарт,Бір серпіліп тастады. Біресе қызып толғанып, Біресе бұзып мұңданып, Әңгімені бастады.

ІІКүндер мынау өткені,Жеті-ақ жыл ғой өткелі,Аштық дәмін таттық қой. Қолдағы үйір жылқының, Құрып қалғыр тұқымын, Тілім нанға саттық қой.Әл дегенің кем болды,Итке, құсқа жем болды,Сары далада жаттық қой. Қолды созып бергенде, Тілім нанды көргенде, Отты көзбен аттық қой.Көздің жасы көл болып,Соғылысып сең болып,Айдалада қаңғырды. Талықсып жүрек үзілді, Бір жапырақ қызылды, Неше күндей нәр қылды.

Page 78: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

78

Омбының Алаш дәптері

Буын босап әл кетіп,Әлмен бірге жан кетіп,Еңіредік зар қылды. Күндер зулай өтті ғой, Өтті бәрі кетті ғой, Сонда есімде қалыпты.Өліп жатып қыбырлап,Жан береді жыбырлап,Біреулері талыпты. Кейбіреуі мұңайып, Аш жүрегі қарайып, Біреуі естен таныпты.Бірі құлап бұралып,Бірі боздап жыланып,Біреуі өліп қалыпты. Жұрттың бәрі қаңғырып, Қан сасытып мал қырып, Күйзелді де тарықты.Құрбан қылды бұл аштық,Жалаңдаған сұм аштық,Нелер қыршын алыпты. Күңіреніп сары бел, Үмытпайды біздің ел, Аштық жылы мешінде.Мешін салып қармағын,Жалап-жұтып жан-жағын,Талай өмір кесілді. Арқадағы бауырға, Мешін жылы ауылға, Ойнатты талай кесірді.Мұны да енді тастайын,Енді әңгіме бастайын,Ашаршылық салдарын. Жалғыз ғана жан үшін, Бір тілімдей нан үшін, Шұбыртты талай жандарын.

Page 79: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

79

Д. Қамзабекұлы

Әйел-еркек бәрі де,Бала-шаға кәрі де,Арқаның талай шалдарын. Түйір бидай, тілім нан, Келгендей-ақ Қырымнан, Бір әйелге құн болды.Бала айырылып атадан,Қыз айырылып анадан,Таңқаларлық күн болды. Аштықтан бел иіліп, Аш қолқасы қиылып, Қарға адым жер мұң болды.Шортан салып қарағай,Алды-артына қарамай,Аштық бейне жын болды. Аштыққа толып анбары, Аман шығып жандары, Бай тапқаны бұл болды.Үйде отырып еріккен,Ермегі жоқ желіккен,Талайына сын болды. Әуе айналып түскендей, Жердің үсті көшкендей, Мешін сондай жыл болды.

ІІІ

Талай қоныс ауысты,Ішіп жемін тауысты,Аз ғана хорек қарасын. Талайы елдің безді ғой, Аң секілді кезді ғой, Қалың орман арасын.Мешін жыры ауыр жыр,Мешін жылы ауыр жыл,Өзің естен танасың.

Page 80: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

80

Омбының Алаш дәптері

Құлниязда Сағымбай, Жейтін қорек таба алмай, Ертіп шықты баласын.Баласы Әділ екіде,Толған сонда екіге,Жұдырықтай қарасын. Баланың аты – Әділ ед, Шешенің аты – Жаңыл ед, Сағымбай бастап келеді.Жүректері үзіліп,Аш көздері сүзіліп,Ақырын ілбіп жүреді. Аш көзінің тынары, Ойлағаны құмары,Тамақ табар жер едіЕсі танып, ойды алып,Әлі кетіп бойды алып,Аштық ажал бойды алып. Жайды жұлып тұлымын, Бетінен сүйіп құлынын, Көтерді Жаңыл баланы.Меңіреу жазық сардала,Сардала аштық айнала,Асты қайдан табады. Екі көзін жас тіліп, Екі аяғын тас тіліп, Болдырады табаны.Дөңес-дөңес сары бел,Ішін тартып дүлей жел,Бетке аямай соғады. Сасып, құрттап шіріген, Жидіп, борсып іріген, Өлімтік болды тамағы.Безіп туған бауырдан,Тамақ үшін ауылдан,Сағымбай кезді даланы.

Page 81: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

81

Д. Қамзабекұлы

ІVЖазық дала тұп-тұйық,Тұйық сыры тұңғиық,Сырын білер жан да жоқ. Көшті-қонды елде жоқ, Нулы шалқар көлде жоқ, Қымырлаған елде жоқ.Ылди да жоқ, қыр да жоқ,Қою орман шың да жоқ,Өрмелей біткен жалда жоқ. Бетті осып тіледі, Мазақ қылып күледі, Жынды желде ар да жоқ.Жазылып жатқан сардала,Аштық өмір қан дала,Пана қылар жарда жоқ. Ық үкісі шайқалған, Жапырағы жайқалған, Ағаш та жоқ, тал да жоқ.Әлде сыбыры берік пе?Әлде қанға жерік пе?Шөптің басы тербелет. Екі сорлы аяңдап, Шаршағандай аялдап, Әлі бітіп сенделед.Жалғыз-ақ бүркіт аспанда,Қалықтап ұшып аспанға,Шырқайды ұзап дөңгелеп. Өлімтік көзін ойған ба? Әлде қанға тойған ба? Бүркіттің сырын кім білер.Алғыр бүркіт қомданып,Сегіз тұяқ сомданып,Ызаланып долданып. Шалықтап ұшып барады, Суылдайды құдиып, Жұлдыздай боп ағады.

Page 82: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

82

Омбының Алаш дәптері

Әлде көзді ояды, Әлде қанға тояды,Біреуді әлде жарады. Зулап өтті қасынан, Зуылдап өтті басынан,Бүкітті көзі шалады.Жүруге енді әлі жоқ,Тартты ішіне қаны жоқ,Сағымбай талып барады. Жанды қолдан бергендей, Осы бір аштық жеңгендей, Бұлдырап көздің жанары.Жолдасым деп егіліп,Қабырғасы сөгіліп,Жаңылдың жасы тамады. Жақын қалған асуға, Ілгері аяқ басуға, Қуат жоқ әлі келмеді.Алтын бесік ауылым,Құрбы-құрдас бауырым,Қош бол, қайран елім, деп. Бір көгерді, бір жанды, Бір сөйледі, бір танды, Ербеңдеп қолды сермеді.Біресе сүйіп Жаңылын,Біресе төсеп бауырын,Бұралтып аштық меңдеді. Әділім менің, құлыным, Құлыншағым жұлыным, Аман бол енді сен деді.Жамылыш жоқ, кебін жоқ,Ит пен құстың жемі боп,Өлдім енді мен деді. Енді жесір қала ма? Мидай жазық далада, Жаңыл еңіреп жылады.

Page 83: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

83

Д. Қамзабекұлы

Біресе жанып зырлады,Біресе басын сүйеді,Басқа дәрмен қалмады. Қалғаның ба, далада, Кім қолғанат балаға, Жолдасым деп сарнады.Бір мезгілде Сағымбай,Басқа лажы табылмай,Жаңылға төніп қарады. Өзгеріліп қарауы, Қусырылып танауы, Көтеріп басын алады.Көгеріп дене бұзылып,Кезеріп ерін сүзіліп,Есеңгіреп қалады. Жан таласқан ашуға, Аштық зарын басуға, Өзінше амал табады.Қимаса да амал жоқ,Сонан басқа табар жоқ,Жемек болды баланы.

V

Аштық ажал кебін ғой,Аштық ессіз жебір ғой,Шыдатпады сабырға. Буынды алып дірілдеп, Әлде нені күбірлеп, У жайылды тамырға.Аударылып баста ми,Туғандай-ақ басқа күй,Айналды заман тарында. Көңілі жеуге кеткенін, Сондай халге жеткенін, Сағымбай айтты Жаңылға.

Page 84: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

84

Омбының Алаш дәптері

Таршылықты бір көрген,Шалғай қара күн көрген,Шын жолдасым сен едің. Жастан ойнап күліскен, Сырды түйіп біліскен, Сағынбайың мен едім.Тірі жүрсек екеуіміз,Ойға алғанға жетерміз,Кем болмаспыз деп едім. Ауыр күнге жеттік біз, Қармағына іліктік біз, Аштық ажал кеменің.Қимасақ та заман жоқ,Қимайтұғын амал жоқ,Әділді енді жер едім. Әл кеткенше қарманып, Айдалада сандалып, Тарылтты аштық үнімді.Мұндай күйге түсірді.Көзден пыр-пыр ұшырды,Тамағы тоқ күнімді. Тұлабойдан сұрды алып, Сұрмен бірге қырды алып, Кетірді мынау сынымды.Аяқ пен қол ісінді,У ішкендей қысылып,Әкетті аштық буынды. Жаңылым менің жолдасым, Таршылықта сырласым, Көресің қалай мұнымды.

Зорланғандай гуілдеп,Ішін тартып уілдеп,Далада жел еседі.

Page 85: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

85

Д. Қамзабекұлы

Құлаққа тиген суық сөз, Шын сұмдыққа жуық сөз, Жүректі тіліп теседіСықылықтап жел күліп,Жел мен сары бел күліп,«Жейді» болды өсегі. Аспанда күн шалықтап, Күннің көзі қанталап, Ақырын жылжып көшеді.Өмір ұзақ қиыр ғой,Өмір жолы қиын ғой,Өмір бастан кешеді. Аяз қаққан жалтыр мұз, Мұздай беті жалтыр сыз, Өмірдің ауыр төсегі.Түпсіз шыңырау тар өмір,Мұңды, қайғы зар өмір,Сол төсегін төседі. Жасы толып көзіне, Сағымбайдың сөзіне, Жаңыл талып түседі.Айырылып енді күшінен,Жаңыл танды есінен,Қабырғасы сөгілді. Ішін тартып толғана, Мұңды болған сорлы ана, Көзден жасы егілді.Біресе талып құлады,Біресе бітіп құлағы,Сай сүйегін кемірді. Біресе қимай құлынын, Жайып тастап тұлымын, Біресе жерді тебінді.Айтпаған сөз қалмады,Біресе күйіп қарғады,Ашаршылық өмірді.

Page 86: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

86

Омбының Алаш дәптері

Ішін өртеп барады, Біресе естен танады.Біресе жерге ұрды бас,Қиналды жан ыстық жас,Атты көзден төгілді. Құлағы керең ұқпаған, Осындайда шықпаған, Шіркін жан да себіл-ді.Сағымбайда қосыла,Бетін тіліп жосыла,Екеуі бірдей зарлады. Тасқолқасы қиылып, Түйдек-түйдек түйіліп, Көзден жасы парлады.Мұңды болған сорлы ана,Бүйірін басып толғана,Еңірене боздап сарнады.

VІІТар құрсағым кеңіткен,Тас емшегім жібіткен,Әділтай, ботам, құлыным, Бақалшағым майысқан, Омыртқа, белім қайысқан, Өкпе-бауыр, жұлыным.Аспандағы жұлдызым,Маңдайдағы құндызым,Басқа біткен тұлымым. Аяладым тербетіп, Жігіт болып ер жетіп, Өскеніңді көрмедім.Жүрегіме от болып,Жана түсіп шоқ болып,Шамдай болып сөнгенің. Сен дегенде қуанып, Аштық аран жеңгенше,

Page 87: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

87

Д. Қамзабекұлы

Сені қолдан жегенше,Артық еді өлгенім. Қарашығым, ермегім, Қолғанатым, еңбегім, Күнім, айым, жарығым.Алдымдағы шынарым,Бауырымдағы құмарым,Бойымдағы қаруым. Емшек енді су алды, Зар жақ енді қуарды, Құлыншағым, Әділім.Тұншықтырып қан басып,Еңіреумен зар басып,Үзілді ме жүрегім. Желкілдеген зар ботам, Ойнақтаған бал ботам, Кеткенің бе тірегім.Жалғызым менің, жан саям,Ата-анаңа бал саям,Болмады ма, тілегім. Кемсеңдетіп иекті, Шырқыратып сүйекті, Сынғаныма білегім.Зарлады солай сол ана,Зарлады солай толғана,Әділге бірақ тимеді. Көкірегі шер болып, Көздің жасы көл болып, Тие алмады қимады.Біресе талып Сағымбай,Жейтін тамақ табылмай,Жаңылды бұ да қинады. Өкпе ауызға тығылып, Есі кетіп жығылып, Үйірілді иманы.

Page 88: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

88

Омбының Алаш дәптері

Оны еститін дала жоқ,Сарнағанмен шара жоқ,Жаңыл есін жыяды. Дара мылқау үні жоқ, Үндер еді тілі жоқ, Не қылсын ол зарыңды.Бұлдыр сағым бұлдырап, Буалдырлап, тұнжырап,Долданды жел қағынды. Жердің бетін тербеді, Долы желдің ермегі, Екеуі болып табылды.Сарнаған соң майысып,Бақалшағы қайысып,Сағымбай сүйді Жаңылды.

VІІІ

Қарағым, Жаңыл, жылама!Жылағанмен бола ма!Көтер жерден басыңды. Бұл болмайтын ауыр күй, Шын пәлекет жауыз күй, Төкпе, Жаңыл, жасыңды.Ішім күйіп жанады,Айналдырып барады,Зырқырап миым басымда. Күн күркіреп жалтылдап, Нажағайы жалтылдап, Түсіргендей жасынды.Жапан түзде өлеміз,Жанды қолдан береміз,Таппасақ біз тәсілді. Баланы жеп тояйық, Аштық уын жояйық, Жарты етін қақтап алармыз.

Page 89: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

89

Д. Қамзабекұлы

Көп ойланбай мұңайып,Етке тойып тыңайып,Тоқшылық елге барармыз. Болмаса кесір бағыма, Аман болсақ тағы да, Ұл да, қыз да табармыз.Жұмбақ болып жер жұтып,Бір күндей болмай ұмытып,Мұныдағы қалармыз. Таршылық қысып жанымды, Дел-сал қылып тәнімді, Құрып тұр менің амалым.Жұлын тұтам сурылып,Ішім менің қурылып,Қуаң тартты ажарым. Сұрқия, жалған өмірдің, Өмір емес жебірдің, Екеуіміз тарттық азабын.Түнеріп бізге әрекет,Аштық қара пәлекет,Үйретті бізге сабағын. Аштық нәлет тас жүрек, Қарабасқыр қас жүрек, Түйді бізге қабағын.Долдана келген лепіре,Түйіле келген бетіне,Не айланы табамын. Мынау салқын долы жел, Анау жазық сары бел, Кімге мұңды шағамын.Сардалада пейіл жоқ,Салқын желде мейір жоқ,Енді қайда барамын. Бұлдырап сағым өттің бе! Дәуренім менің кеттің бе! Қайран дүние, заманым.

Page 90: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

90

Омбының Алаш дәптері

ІХБаланы жеу ауыр ғой,Бала – жүрек, бауыр ғой,Бала – ананың тынысы. Бала – ананың қолқасы, Қолқаның жан ортасы, Бала – атаның ырысы.Бала – бөбек, бал бөбек,Бал бөбегі – жан бөбек,Бала – жүрек жемісі. Уыз бетті тас түлек, Шырқыраған жас түлек, Бала ананың өрісі.Бала бауыр, бал бауыр,Баласыз ана зар бауыр,Бала ананың қанаты. Тас емшегі иетін, Мейірлене сүйетін, Құлыншағы серкесі.Бала-алма, бал-алма,Бал тамшылар, қан алма,Желкілдеген құрағы. Баласыз ана – зар ана, Балалы ана – бал ана, Мейір қанар бұлағы.Сол баланы қия алмай, Солқылдап жасын тия алмай,Тағы да Жаңыл құлады.

Х Құлағанмен не шара, Талды тағы аз ғана, Ойланды біраз не дейін.Ойға түсті ойланды,Күрсінді Жаңыл толғанды,Қайырын енді күтейін.

Page 91: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

91

Д. Қамзабекұлы

Жар жолдасым жесең же, Жегізгенше көзімше, Алыстап арман өтейін.Боздағанмен қарғанып,Еңірегенмен зарланып,Аштан қалай өледі. Сүйіп-сүйіп алады, Алдына қойып баланы, Жеуге енді береді.Біресе жүрек қабынып,Біресе толқып жаңылып,Біресе қайтып келеді. Жемейін деп біресе, Көрмеймін деп біресе, Арман қарай жүреді.Тұла бойы жыбырлап,Төбе шашы шымырлап,Жүрегін бала тіледі. Мейірсіз аштық батылы, Аударылып ақылы, Біресе Жаңыл сасады.Тағы келіп баланы,Сүйіп-сүйіп алады,Бауырына басады. Жынданғандай күбірлеп, Сұп-сұр болып дірілдеп, Біресе өңі қашады.«Құлыным» деп Әділін,Санай басып адымын,Асудан Жаңыл асады. Асудан арман өтерде, Ойға түсіп кетеді, Әлсін-әлсін қарады.Ащы қайғы ойды алып,Ауыр қапа бойды алып,Зарды шырқап салады.

Page 92: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

92

Омбының Алаш дәптері

Біресе тұрып жығылып, Тізесін бүгіп сүрініп, Буынды алып балады.Біресе басып ілгері,Біресе кейін жүреді,Біресе артқа қарады. Бір шақырымдай кеткенде, Асудан төмен өткенде, Жоқтады Жаңыл баланы.Тас емшегім құрысын,Тастай болып суалған,Жүрегім менің құрысын,Сен туғанда қуанған.Көңілім менің құрысын,Әділім деп уанған,Жағым менің құрысын,Түгі шығып қуарған.Көзім менің құрысын,Сені көріп нұр жанған,Ендігі күнім құрысын,Әуре қылған сұм жалған.

ХІКөкірек жарған мұң менен,Зарлы дауыс үн менен,Талықсып Жаңыл келеді. Дауыс қылмай тұрар ма, Дәті оның шыдар ма, Айырылған соң бөбегі.Кейде толқып кетеді,Күңіренгенде етегі,Толғандай жас төгеді.Буылып оның алқымы,Әділ жаны алтыны.Қабырғасын сөгеді.Нешелер аштық болғанен

Page 93: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

93

Д. Қамзабекұлы

Аштық жары солғанмен.Мұндай болар демеді.Бір мезгіл де қараса,Аң-таң болып тамашаҚарайған нәрсе көреді.Қос көрініп келе ме,Қарайған әл де төбе ме?Әлде жалғыз оба ма?Әлде жолдың соңы ма,Әлде құстың шоры ма?Яә, болмаса мола ма?Көшіп кеткен сабыла,Жалғыз қалған адыра,Не болмаса қора ма?Әлде қандай биікпе,Не өртенген күйікпе?Әлде неме бола ма?Адам ба екен, аң ба екен,Аң боп тұрған шаң ба екен?Әлде бір түп қоға ма?Анандайдан көрінді,Жаңыл көңіл білінді,«Немене» деп қарады,Не болса да көрейін,Жетіп барып өлейін,Деп көңіліне алады,Тезірек басып барады,Не қылғанмен қараны,Көңілге медеу санайды,Қарайғанға жетуге,Болмаса біліп кетуге.Аяғын жылдам басады.

Ентелей басып ілгері,Алқына келіп жүреді.Арман қарай асады.

Page 94: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

94

Омбының Алаш дәптері

Жас төгіліп қойынға,Әлде не деп ойында,Біресе көңіл тасады.

Бір мезгілде сыланып,Өңі кетіп қуарып,Біресе түсі қашады.Біресе ойлап баласынКөздің ақ пен қарасын.Біресе Жаңыл сасады.

ХІІМіне, қызық, тамаша,Жақын келіп қараса,Көреді үлкен бүркітті.Қонып отыр арбиып,Саусағы оның тарбиып,Бүркітті қолмен үркітті.Ұшты бүркіт зуылдап,Бел қанаты суылдап,Аспанға өрлеп барады.Қанатты жайды керіле,Бүркіттің ұшқан жерінеЖаңыл келіп қарады.

Бүркіт қыран ақиық,Ақ иық ілген далиып,Ойнақшыл киік дала аңын.Киікті Жаңыл көргенде,«Немене?» деп төнгенде,Еске түсті манағы,

Не қыларын біле алмай,Не жылап, не күле аламай,Жаңыл аң-таң қалады.

Page 95: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

95

Д. Қамзабекұлы

Әл кірді бойға қуанды,Сұм жүрегі жұбанды,Табылған соң тамағы.

Көргеннен соң киікті,Әзер есін жиыпты,Ашылғандай қабағы.

Бір мезгілде ойланад,Ой, түсіп толғанат,Жедіме деп баланы.

Арқаның аңы ор киік,Бөрте ешкідей зор киік,Олжа болып табылды.

Тегін олжа даяр ас,Біресе қайғы аралас,Жаңыл ойға салынды.

Жеп қойды ма Әділді,Жеген шығар жанымды,Деп жүрегі қабынды.

Түрлі қиял дерт болып,Дерт емес-ау өрт болып,Сандалтты енді Жаңылды.

Жаңыл енді ойлады,Ойлап қана қоймады,Көңілі ойға жүгірді,

Бір мезгіл ойға салады,Біресе жүрек жанады,Біресе көңіл суынды.

Page 96: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

96

Омбының Алаш дәптері

Киіктің төніп үстіне,Аналық мейір түскенде,Жүрегі күйіп тілінді.

Әлде неме тигендей,Зар-зардабы сүйгендей,Сақылдап жағын суырды.

Көп тұрмайын деді де,Баланы әлде жеді ме,Алып ұшты жеді ме, Бала етіне тоймаса,Сағымбай жеп қоймаса,Ендігі Жаңыл тілегі.

Қысып аштық тамағы,Шырылдатып баланы,Жеді ме кім біледі.

Әлде нені білем деп,Әлде неге елеңдеп,Құлағын жерге тігеді.

Не болса да байқайын,Сағымбайға айтайын,Деді де кейін жүреді.

Жерге тимей аяғы,Жүріске салып баяғы,Жаңыл кейін жүгірді,

Баяғы жүріс жүріс пеБаяғы тыныс тыныс па,Етек-жеңін түрінді.

Page 97: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

97

Д. Қамзабекұлы

Екпінді жүріс желінен,Екпіндеткен лебінен,Бір тұрып бір жығылды.

Жүген жолын жаңылып,Жүрегі күйіп қабынып,Өкпе ауызға тығылды.

Жүгіре басып келеді,Бір мезгілде көреді,Сағымбайдың қарасын.

Көрінді қара жылт етіп,Ойға түсті кілт етіп,Не болды деп баласын.

Құлашты керіп ғарышап,Бұлғады қолды дауыстап,Жаңғыртты жапан даласын.

Отыр еді Сағымбай,Басқа лажы табылмай,Баланы салып алдына,

Естіген соң дауысты,Зәре үстіне зәре ұшты,Бірдеме болып қалды ма?

Сағымбай тағы ойлады,Ойлағаны тойғаны,Бірдеме тауып алды ма?

Асудан арман ел көріп,Елді емес-ау, көл көріп,Әлде соған барды ма?

Page 98: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

98

Омбының Алаш дәптері

Неге мұнша жүгіред,Не елеңдеп еліред,Әлде естен танды ма?

ХІІІДауыстан дауыс асыра,Келіп қалды қасына,Отыра кетті жанына,

Бір тамаша көрдім мен,Соны айтқалы келдім мен.Әділ жанның бағына.

Арып-шаршап болдырып,Аштықтан енді жеңдіріп,Өз-өзіңнен налыма...

Екі иықтан деп алып,Неге мұнша қуанып,Нені көрдің Жаңылжан?

Аштық алған бойымды,Жаңылдырған ойымды,Менің жаным жарым-жан.

Неге ашылды қабағың,Нені көрдің қарағым,Алдымызда ел ме екен.

Мөлдіреген суы бар,Жан сүйінтер буы бар.Балығы мол көл ме екен.

Сылдыраған бұлағы,Жайқалып тұрған құрағы,Құлпырған бұл.... жер ме екен?

Page 99: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

99

Д. Қамзабекұлы

Сағымбай-ау, бір емес,Бұл бір қызық жыр кеңес,Жыр емей енді неме?

Шын еңбектің жанғаны,Әділдің аман қалғаны,Бақ мұндай боп келе ме?

Қанғандай боп бұлақтан,Әліңді жи қуаттан,Енді аштықты елеме.

Арман қарай өтейік,Күшті жиіп жетейік,Анау тұрған төбеге.

Әлді жиіп берілмей,Төбеге шығып ерінбей,Көтерейік иықты.

Төбе шықсаң көресің,Жаралаған денесін,Теңкиіп жатқан киікті.

Мана екеуміз сасқанда,Шырқырап жүрген аспанда,Бүркіт барып іліпті.

Даланың еркін еркесін,Нақ тұсынан желкесін,Қансыратып қиыпты.

Шыға келсем төбеге,Қалған ба деп «немене»Дедім дағы бардым ғой,

Page 100: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

100

Омбының Алаш дәптері

Не өледі сені деп,Не Әділді жеді деп,Мен дағы естен тандым ғой.

Өзімді-өзім тия алмай,Әділді, сені қия алмай.Зарды шырқап салдым ғой.

Салып жетіп барғанда,Сарнап айқай салғанда,Бүркіт ұшты аспанға,

Қалмайды екен.... ес,Болмайды екен.... есАдам шындап сасқанда.

Іштен зарды қозғадым,Құлыным деп боздадым,Дірілдеп буын басқанда. Барсам жатыр сол киік,Етбетінен теңкиіп,Соған енді барайық.

Арман қарай кетуге,Тоқшылық елге жетуге,Азық қылып алайық. Әділ де аман, сен де аман,Сорлы болған мен де аман,Елді барып табайық.

Ас десе ес қала ма,Бір қарады балаға,Қуанып сүйді оң бетін,

Page 101: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

101

Д. Қамзабекұлы

Құлыншағым Әділ деп,Арыстаным жаным деп,Бір есе сүйді сол бетін.

Масаттанып гуілдей,Гу-гу етіп уілдей,Желде сүйді жер бетін.

Киік еті дегенде,Қан жүгіріп денеге,Өзгертті шырай келбетін.

Аман қалған бала олжа,Тірі қалған жан олжа,Табылған киік және олжа.

Олжаға батып қуанды,Екі сорлы жұбанды,Қуанғаны бәр олжа.

Енді олжаға кенелді,Екеуіне не керек,Мұнан басқа тағы олжа.

Сағымбай айтты Жаңылға,Енді дереу шағында,Жетейік барып киікке. Ас деген соң әл кірді,Шырай бітіп, жан кірді,Шығайық енді биікке.

Енді ойланып қамығып,Шаршамайық жабығып,Салынбайық күйікке.

Page 102: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

102

Омбының Алаш дәптері

Буыны енді бекіді,Толғандай кем-кетігі,Екеуі де қуанды. Ілбіп басып адымын,Жаңыл сүйіп Әділін,Бауырға басып жұбанды,

Балада көріп анасын,Аймалап еміп мамасын,Жас жүрегі жұбанды.

Кіиікке барып жетуге,Жүрекке нәр етуге,Сағымбай да тырбанды.

Қуаныш көңіл сенеді,Екеуі жүріп келеді,Құтылдық деп ажалдан.

Бетіне жар рең кірді,Рең емес-ау өң кірді,Қу жағына сазарған,

Ажалдан қалған сорлы ана,Зар иелген шерлі ана,Көтеріп келед баланы.

Талайды солай шұбыртты,Аластырды қыдыртты,Мешіннің ауыр лаңы.

Әуреледі дал қылды,Мазақтады даң қылды,Аштықтың жын араны.

Page 103: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

103

Д. Қамзабекұлы

Жаннан күдер үзді ғой,Сағымбай, Жаңыл кезді ғой,Кедір-бұдыр даланы.

Бір асуға барғанда,Жақындап келіп қалғанда,Көрсетті Жаңыл қараны.

Едәуірдей жер екен,«Әне» деуі-ақ мұң екен,Киікке келіп қалады.

Қаужаңдады қарманып,Тамаша деп тамсанып,Олай-бұлай қарады.

Жемей жатып киікті,Шығарды іштен күйікті,Уайымы енді тарады.

Жұлып алып қоң етін,Бұлтылдаған жон етін,Ауызға салып қалады.

Әбден тойып етіне,Қан тарады бетіне,Біразын жолға алады.

Әл келгенше аялдап,Арада үш күн жаяулап,Тоқшылық елге барады.

Табан ақы күшімен,Еңбектеніп ісімен,Күншілік тамақ табады.

Page 104: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

104

Омбының Алаш дәптері

Қомағай аштық жынынан,Талай өткел жымынан,Сөйтіп аман қалады.

Бір жыл тұрды сол елде,Еті-наны мол елде,Күн-түн кәсіп етеді.

Бір тойынып қалады,Бір күн тапқан тамағы,Екеуіне жетеді.

Мешін жылы кеткен соң,Аштық күні өткен соң,Елге қайтты екеуі.

Елге келіп кірісті,Бұрқылдатып жұмысты,Еңбегі болды өнімді.

Үкімет ашқа бұйырған,Қарыз алып ұйымнан,Сағымбай салды егінді.

Басқаға енді жалынбай,Ер жүректі Сағынбай,Тепсе үзеді темірді.

Жігерленіп ісіне,Өзінің сеніп күшіне,«Алдым ба?» деді кегімді.

Қазынаның қорымен,Советтің шын жолыменОқуға кірді баласы.

Page 105: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

105

Д. Қамзабекұлы

Айта берсең толған іс,Осының бәрі болған іс.Сегіз ақ жыл арасы.

Табылды деген есебі,Байдың мылжың өсегі,Текке қалды табасы.

Сағымбай нені көрмеді,Үдей салып еңбегі,Он беске толды қарасы.

Әділді былтыр көргенде,Оқудан қайтып келгенде,Танымай қалды түрінен.

Ширатылып нақыл қып,Айтқанында ақыл қып,Бал тамады тілінен.

Қызғалдақтай гүлденіп,Пүліштей боп түрленіп,Жастар енді өседі.

Жастың бойы есейіп,Жұртшылығы күшейіп,Елдің мұңын шешеді.

Октәбір он жыл тойына,Ойлағандай ойына,Осы әңгіме түседі.

Өйткені биыл Әділдің,Октәбірмен шамалас,Он жасқа толған мүшелі.

Page 106: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

106

Омбының Алаш дәптері

Қолында еңбек ойнады,Төгілді қолдан оймағы,Жаңыл да болды түтінді.

Бүгін жыртып салса да,Шөпті қамдап алса да,Жұрттан бұрын күтінді.

Шаруасы теңеліп,Көсегесі көгеріп,Не пәледен құтылды.

Осылай деп әлгі қарт,Көпті көрген кәрі қарт,Әңгімесін бітірді.

Сыздықұлы Жақаннан19.01.1933 ж.

ЖаС кҮНІҢ

Есіңде бар ма жас күнің,Көкірегің толық басың бос,Қайғысыз, ойсыз мас күнің,Кімді көрсең бәрі дос.

Махаббат, қызық мал мен бақ,Көрінуші еді досқа ортақ.Үміті жақын көңілі ақ,Болар ма сондай қызық шақ.Құдай-ау, қайда сол жылдар?Махаббат, қызық мол жылдарАқырын-ақырын шегініп,Алыстап кетті құрғырлар.

Жалынасың боқтайсың,Сағынасың жоқтайсың,

Page 107: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

107

Д. Қамзабекұлы

Қасиет кетті дос кетті,Жете алмайсың тоқтайсың.Көзіме жас бер, жылайын,Шыдам бер, сабыр қылайын,Жаралы болған жүрекке,Дауа бер жамап сынайын.

Құнанбайұлы Абайдан19.05.1932 ж.

ӨлеҢ ТУРалы

Өзгеге көңілім тоярсың,Өлеңді қайдан қоярсың,Оны айтқанда толғанып,Іштегі дертті жоярсың.Сайра да зарла, қызыл тіл,Қара көңілім оянсын,Жыласын көзден жас ақсын,Омырауым боялсын.Қарабасқан, қаңғыған,Қас надан нені ұға алсын,Көкірегінде оты бар,Құлағын ойлы ер салсын.Тыңдамаса еш адам,Өз жүрегім толғансын.Әр сөзіне қарасын,Іштегі дертім қозғалсын.Әуелесін, қалысын,От-жалын боп шалқысын.Жылай-жырлай өлгенде,Арттағыға сөз қалсын.Мендей ғаріп кез болса,Мойын салсын ойлансын,Қабыл көрсе сөзімді,Кім таныса сол алсын.Не пайда бар мың надан,

Page 108: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

108

Омбының Алаш дәптері

Сыртын естіп таңдансын,Онандағы бер есті,Ішкі сырын аңғарсын.Өздерің де ойлаңдар,Неше түрлі жан барсың,Ғылым да жоқ, ми да жоқ,Даладағы аңдарсың.Жүрегіңмен тыңдамай,Құлағыңмен қармарсың, Соны көріп соларғаҚалай етіп қана сарнарсың

Құнанбайұлы Абайдан28.01.1932 ж.

қаНаПИЯ

Терең ойлап тексеріп,Өмірден алып теңгеріп,Бой тежемей сөзің жаз,Белгі үшін еңкейіп.

Жауап:Сыздық-ау, заман келмек неше бунақ,Өтпекші бәрі бастан бір күн зулап.Өмірде талай соққы көрер басың,Ағындай жел айдаған толқын тулап.

Тұрмыстан соққы көрмек талай адам,Бейбіттеу аң-санадан болса надан.Жаратылыс сырларын шеше білген,Халық қана ілгері баспақ қадам.

19.01.1932 ж.

Page 109: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

109

Д. Қамзабекұлы

аДам СыНДаРы

1Асылбек СейітовкеБір екі, үш ай шапты дағы басылды,Шорман биге берік сыйға асылды.

2Мұсылманбек СейітовкеМұрты тіп-тік Мұсылманбек судья,Ну, конечно, очень лестно ну и я.

3Аспандияр Шормановқа Аспандияр граф Диуар қайдасың,Баю-баю поздравляю, мещанин.

4 Шайбай Аймановқа Шайбай, Шайбай! Қайда, ойбай, Гүлайман,Шоң Шорман-дүр, Сен құрбандүр, жылаймын.

5Мұхтар Саматовқа Құрайд-құрайд наркомпрод Саматов,Азық-түлік жина мүлік жанатып.

6Біркей АйбасовқаБіркей-біркей, шыбын-шіркей молада,Деп мен мұнда анда-санда жылама.

7?.. (шашы бұйра болса керек-Құр.)Ес-ес-ес, шын есерім, қаңбағым,Шашы – Радек, басы – Рыков, салпағым.

Page 110: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

110

Омбының Алаш дәптері

8Жұмағали ТілеулингеКөкшетаулық, денге саулық, ақ жаулық,Жерді шарлап, жыладым зарлап, Ғали жоқ.

9Смағұл ҚазыбековкеҚазыбегім, қазақ елін озайын,Пошел-пошел, я сам дошел, чем своим.

10Жүсіпбек Аймауытовқа Мұхтар Әуезовке

Жүсіп жарқын, «а» деп қарқын жат еді-ау,Жас бала емес, астында ағаш ат еді-ау.

Қазір Жүсіп артын қысып, қашып па,Мұхтар-Мұхтар ол да тоқтар асықпа.

11Сәкен Сейфуллинге Фулин Сәкең, кекең-кекең футурист,Бал ақымақ, қожа тақ-тақ басын кес.

12Нәзір Төреқұловқа Жас маркісшіл, тағы бір жыл Төреқұл,Янапына нәзірімізді қабыл қыл.

13Қайретдин Болғанбаевқа Бортаң бала, торы қара, кәрі тай,Бір теңі жоқ, бір кемі жоқ, болған бай.

Page 111: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

111

Д. Қамзабекұлы

14Сатылған СабатаевқаХотеть қылып-қылып, қылып сатылған,Сол Сатылған бос шатылған, атылған.

15Мұсылманбек МейрамовқаАрақ та жоқ, қарақ та жоқ, мейрам жоқ,Кетті қаңғып, басы даң боп дөңгелеп.

16Жәнібек ЖанұзақовқаӘстек, естек қатын өсек Жәнібек,Мылтық оғы, шілдің боғы Жанұзақ.

17Әбдірахман БайділдингеЧик-чик-чик, колокольчик, динь-динь-динь,Сылдыр-сылдыр, былдыр-былдыр Байдильдин

18Мұхамеджан Бейсеновке,Асхат Сейдалинге Көкек, көкек мініп есек идейныйАсқат, Асқат, үйіңе жат, ереймей.

19Тел Жаманмұрыновқа Жаны жамау, таңқы танау Тел қайда?Елді жесе, «шілмін» десе, сол пайда.

20Иса Қашқынбаевқа Шірік сиса, доктор Иса, Қашқынбай,Іздеп мола, сен біржола қаштың ба-ай?

Page 112: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

112

Омбының Алаш дәптері

21Бақытжан Қаратаевқа Сүйген айым, Қаратайым бақытсыз,Жүріп кешке, арақ іш те, жаз арыз.

22Сейітқали Меңдешовке Қазақстан, салдатстан, тар балақ,Құжынаған құрт, быжынаған бит сорғалап.

23Әлихан Бөкейхановқа Ел ағасы, қыр баласы, уә, бәли,Ары жетер, бері жетер ер Ғали.................................................................................................................................................................................Жұмабайұлы Мағжаннан(Қолжазбаның 69-беті жоғалған екен... – Құр.)

еРТеДе қазақ Халқы

Халық надан бұрынғы ата заманында,Кең сахара жерлер мол аманында,Сол күнде партияның жаласымен,Езілген талай дұшпан табанында.Ойлаған келешекті жан болмаған,Қазақтың бұрынғы өткен заманында.Сары қазы сапырулы қымыз бенен,Ғұмыр өткен қызыл өңеш тамағында.Дау-жаңжал, ұрлық, өсек қағыстырып,Қалмаған екі дүние қамалында,Өлгенің сенің жаңа мен көрдім деп,Тыңдамаған халал мен хармында.

Жұманұлы Әбілда19.11.1933 ж.

Page 113: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

113

Д. Қамзабекұлы

аНық ДОС

Анық дос,Көңіл қош,Күнде бірдей ажары,Іші біліп,Шу мен күліп,Қызық тағат базары.

Сырыңды біліп,Ішіңе кіріп,Белгілі достық назары,Айтпаған сыр жоқ,Білмеген тіл жоқ,Бөтен ой жоқ табары.

Жаны құрбан,Уағдада тұрған,Мықты басқан табаны,Кәдір білмес,Өзіңмен күндес,Ағайынның жаманы.

Айтсаң ұқпас,Сырда шықпас,Жабының туған шабаны.Пайдадан басқа,Тойдырсаң асқа,Өзінің керек аманы.

Жақсы достық,Көңіл қоштық, Екі досқа кәмалы.

Жұманұлы Әбілда20.11.1933 ж.

Page 114: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

114

Омбының Алаш дәптері

Жыл құСы

Атқан таңның астынан, Жер жарады үн күші,Көзім шалып қарасам,Ұшпаққа тұр «жыл құсы».

Үні жұмсақ уылжып,Тілі майда мақтадай,Кел, кел бері, кел дейді.Біздің топқа тоқтамай.

Алтын күннің астында,Шарықтайтын қосылып,Бірге жүріп бір тұрып,Ұшайық дейді жосылып.

Еңбекшінің мұң күйін,Шаруаның тілегін,Кез келгенге сатылып,Жалын шашқан жүрегін.

Ел ішінде қарындас,Күңшілікте қалмасын,Елге аралас, үгіт шаш,Алдағанға нанбасын. Бұл – тіршілік, бұл – бірлік,Мәдениет үлгісі,Ойран салып ортаға,Ой таратпақ жыл құсы.

Таң астында талпынған,Жыл құсымыз көркейсін,Гүлін шашып иіліп,Ғылым-білім еңсесін.

Page 115: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

115

Д. Қамзабекұлы

Уылжыған үнімен,Күңірентейік даланы.Елге тартып біртіндеп,Жақындатып қаланы.

Белсенділер шығарып,Шаруа еңбекші ішінен,Жемісті жейік қол созып,Адал еңбек күшімен.

Көбіміз бір қолда ту,Тілегіміз бір кісі.Ат салайық көркейтіп,Жылмен бірге «жыл құсы»

Тоқмағамбетұлы Асқардан25.11.1933 ж.

ӨкІНДІм

Жас өмірім босқа кетіп өкіндім,Наданшылық симай кірмей кекірдім.Жас қайратым дене кернеп толған соң,Надандықтың тоқтығынан секірдім.Өзіме-өзім бірқыдыру адам боп,Адамшылық бойға симай лепірдім.«Осы жігіт – тәуір жігіт» дегенге,Ішпей, жемей көңілім тоқ есірдім.Қарқылдатып топты алдаған қарғадай,Келешекте байқамаппын кесірдің,Ел иесіз, жүк түйесіз қалыпты,Маңдайынан сипамаппын жесірдің,Түгел саңырау, түгел соқыр болыппыз,Ат болдырып еске түсіп отырмын,Соңына еріп қарасында жүрмедім,Парқын білмей жүйрік пенен тобырдың,Маңдайыма тас тигендей бөгеліп,

Page 116: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

116

Омбының Алаш дәптері

Меңіреу, мұңдық, мүгедек боп отырмын.Қора да бос қойды алдырып қасқырға,Енді келіп тығырыққа бекіндім.Өнер, білім мәдениетке айналмай,Жас өмірім босқа кетіп өкіндім.

Айбаттан15.03.1933 ж.

қУаНДым

Таң атқанын анық көріп қуандым,Сәулесіне жарқыраған жұбандым.Қараңғыда қармалап ем жол таппай,Адастырған қалың мұнар тұманның.

Еңіреп ем етек толып жылаудан,Жарық көріп жас баладай уандым.Ынтық боп ем бір сәулені көруге,Жаңа қанды ішпей-жемей құмарым.

Мендей болма босқа өткізген өмірді,Ұйықтамаңдар жас өспірім шынарым.«Ұлытты қой, тап баласы болыңдар»,Қаһармандай қайратты бол, ұлдарым.

Мәдени жұрт қалай кетіп барады,Сенде байқа солар жүрген жолдарын,Сағат тұрсын минутына секунтпен,Босамысын қаламыңнан қолдарың.

Жеткіншектер, сені көріп жұбандым,Жарық көріп жас баладай уандым.Қараңғыда қармансам да жол таппай,Таң атқанын анық көріп қуандым.

Жұманұлы Әбілда18.03.1933 ж.

Page 117: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

117

Д. Қамзабекұлы

СҮЙІНДІм

Жаңа талап жастарыма сүйіндім,Бытырап қалған жиылмады жұмысым.Қабат-қабат қалың тонды лақтырып,Бойыма шақ қамқа тонын киіндім.

Ағып жатқан қарық болмай дарияға,Бойды күтіп буындым да түйіндім.Тілек тілеп келешектік өмірге,Пролетариат аруағына сыйындым.

Лай судан тазаланып пәктеніп,Ағын суға мөлдіреген құйылдым.Қайыспайтын емен едім бүгілмес,Табиғатқа басымды ұрып, иілдім.

Жүйрік кетті, бұйрық кетті бетімен,Солар үшін бұрын неге қиылдым.Қаламгерлік жазу ретін үйренген,Жаңа талап жастарыма сүйіндім.

Жұманұлы Әбілда24.03.1933 ж.

ЖеТІ ҒаШық

Адамзат Меке барса, табар сауап,Қажылар дінін күткен қылар тауап.Жағынып ұпа далап отырғанда,Айтады Машекерге тоты жауап.

Айтайын тыңдасаңыз гепті дейді,Көп адам бізден бұрын өтті дейді.Кешегі хан Бағдат заманында,Бір елде жеті ғашық өтті дейді.

Page 118: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

118

Омбының Алаш дәптері

Төрт жігіт малдан кедей болды дейді,Өнерпаз төртеуі де өңді дейді.Бірігіп жолдас болып бұл төртеуі,Түбіне бір бәйтерек қонды дейді.

Төрт жігіт бірі шебер үй ағашшы,Біреуі киімге ісмер дәл ұрғашы.Өнерлі бірі зергер үлкен ұста,Бірі софы біріне бірі басшы.

Қасқыр мен қонған жерде ұры қатты,Күзету не болғанмен керек атты.Төрт бөліп ұзақ түнді 1-ші алыпӘуелі ағашқа ісмер ат күзетті.

Күзетке ат қасына шебер барады,Бір ағаш сол арадан кесіп алды.Өнерін жолдасына көрсетуге,Ағаштан дәл адамдай өрнек салды.

Төрттен бірін бұл түннің ұзатады,Ұры, қасқыр жуытпай күзетеді.Атқарып өз міндетін болғаннан соң,Шеберді киімге ісмер оятады.

Күзетке бір уақытта келді шебер,Өнерін жолдасының көрді шебер.Киімін бір сұлу қыз киіндіріп,Өнерін асырдым деп енді шебер.

Мұны мен екінші түн ұзатады,Сол қызды киіндіріп орнатады.Атқарып өз кезегін қосқа келіп,Зергерді атқа бар деп оятады.

Page 119: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

119

Д. Қамзабекұлы

Асығып жүгіре басып атқа келді,Ұрыны қараңдаған көзі көрді.Ұрымен неде болса соғысуға,Жанына қыздың тұрған жақын келді.

Ұры емес келсе тұрған бір сұлу қыз,Жасаған жолдастары осыны тез.Өнермен қызды зергер зиннатлады,Ғажайып түрлендірді естісеңіз.

Басына кигізеді кәмшат бөркін,Түзеді айтып болмас адам көркін.Үстіне киіндірді нақыш салып,Болады бір сұлу қыз емін-еркін.

Үшеуі ат күзетті кезек-кезек,Күзеттен қалғаны жоқ бойын тежеп.Үшеуі өз міндетін атқарған соң,Жігітке софы болған келді кезек.

Ойы да үшеуінің мақтануда,Софыға жөн болар ма бос қалуға.Қарбаңдап о да келді ат жанына,Ойда жоқ бойын бағып сақтануда.

Намазын оқып алып софы келді,Ат жанында тұрған қызды бұда көрді.Өнерін жолдастардың көргеннен соң,Қолынан түкте келмей наза болды.

Тіледі намаз оқып бір Құдайдан,Қалдуы қиын болды екі дайдан,Өнерсіз босқа еріп жүруіне,Ар көрді софы байқұс боста жайдан.

Page 120: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

120

Омбының Алаш дәптері

Жан сал деп көп тіледі осы қызға,Тірілсе жарар ед деп бақытымызға.Тілегі софыекеңнің қабыл болып,Жан бітті сол арада осы қызға.

Сол кезде көп ұзамай таң да атты,Жолдасын қыз тіріліп Тәңір қатты.Таласып бұл төртеуі осы қызға,Қиыспай бір-біріне шуылдапты.

Машекер бегзадаға сен барарсың,Бұл сөзді сын жүзінде апарасың.Қайсына өзі қызды бұйырады,Ақылын ғашығыңның сен сынарсың.

Төрт жігіт біреуіне қиыспайды,Таласып сонда дағы ұрыспайды.Қазыға жүгінуге жүріп кетті,Кешігіп бұл арада тұрыспады,

Қыздың форысын қарасаң,Құралайдай көзі бар,Бет ажарын қарасаң,Туған айдай жүзі бар.Толықсып тұр бұралып,Шырын балдай сөзі бар.Хор қызындай сипаты,Көрген жанды мас қылар.Асық болды төрт жігіт,Төртеуі де жас бұлар.Қыз сүйсе егер біреуін,Үшеуі қалған қас қылар......... сатса төртеуі,Киім-кешек ат қылар.Бір-біріне қимады,Бәрі де өңкей жас бұлар.

Page 121: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

121

Д. Қамзабекұлы

Қолына тисе ғашығы,Ішпей жемей мас қылар.

Алқиса, енді бұлар жүріп кетті,Бір көлге түс уақытта келіп жетті,Ас ішіп, ат оттатып көл басында,Кідіріп біраз уақыт сабыр етті.

Құс салған бір байпатша душар болып,Сұлу қыз төрт жігітті көзі көрді.Қызды көріп ғашық боп сол арада,Мен аламын қызды бер маған деді.

Бұларға зорлық қылды бай баласы,Бес ғашық қыздың болды паруанасы.Таласып төбелесіп көл басында,Жаңғырды тұрған жердің айналасы.

Қазыға бесеу болып бұлар келді,Ғазының бұл бесеуін көзі көрді.Шариғат бұған төре бермек түгіл,Өзі де көрісімен ғашық болды.

Бесеуінен ғазы қызды тартып алды,Ғашық боп қыз мойнына артылады.Шыдамай төрт жігіттің енді бірі,Патшаға арыз бере кетіп қалды.

Арызда хал-жайының бәрін айтты,Кемшілік көрген мұңын зарын айтты.Әуелде ағаштан қыз болғандығын,Ақырда жан біткенін бәрін де айтты.

Патша естіп бұл жұмысқа қалды қайран,Естіген бұл жұмысы келді қайдан.Шақырып енді оларды алып кел деп,Падиша жендетерге қылды парман.

Page 122: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

122

Омбының Алаш дәптері

Шақырып бәрін сонда келді алып,Жұрт шұбады бесеуіне қайран қалып.Отырған мықтымсынып әділ патша,Бұл дағы ғашық болды көре салып.

Таласты алты ғашық сонда тұрып,Қыз тұрды ол арада сабыр қылып.Софы тұр көп үндемей арасында,Боларын бір сұмдықтың енді біліп.Патша да қызды көріп ғашық болған,Үндемей ойлап тұрды аз кідіріп.

Патшамен қызға ғашық жетеу болды,Төрт жігіт әлі кетіп мешеу болды.

Бұларды бір хайламен шығаруға,Падиша төртеуінен жауап сұрды.

Шақырды ағашшыны патша сонда,Жасадың сен ағаштан қалай пәнде,Бұл айтқан өтірікке кім сенеді,Лайық па өтірік айту патша алдында.

Ағашшы айтты патшаға сөзім рас,Өнерім көп ағашқа қарап тұрмас.Я, тақсыр жөнге тартсаң қыз менікі,Тура айтсаң төрелікті алдияр бас.

Келеді енді кезек киімшіге,Серіктік жігіт еді бір кісіге.Жасалған киіндірдім ағаш қызды,Бір кісі олжа салды мың кісіге.

Ұстаны өзі зергер шақырады,Падиша шыныңды айт деп ақырады.Түзедім барлық шыным ағаш қызды,Айтатын басқа сөз жоқ деп отырады.

Page 123: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

123

Д. Қамзабекұлы

Шақырған енді келді софы жігіт,Қалтырап жаннан қорқып қылды үміт.Сүгірет бір қуыршақ алып келіп,Софыға тірілт деді адам қылып.

Патшаның қызға асық көңілі жай,Қайғырып софы тұрды лаж қылмай,Үзеді қыздан күдер енді софы,Жансақтау әбден керек бұдан былай.

Тақсыр-ай мен софы едім дінім күткен,Жоқ едім ешбір жанды ренжіткен,Адамды бар қылса да жоқ қылса да,Лаһи әмірі күшті құдіреттен.

Таңқалды бұл жұмысқа жиылған көп,Данышпан сөзді сынар ақылы көп,Падиша өзі әділ өзі сыншы,Бұл қызды қайсысына береді деп.

Қолында әмірі бар патша мықты,Төртеуін топ ішінен қуып шықты.Бұларды тар зынданға салмақ болды,Қыз тартып алмаққа үкім қыпты.

Төрт жігіт қор болады бүгін енді,Толтырды патша әмірін екі қылмай.Көрген жан бәрі де асық осы қызға,Жан жоқтай дүниеде сірә мұндай.

Орнынан софы жігіт түрегелді,Әлеумет бұл жігітті көзі көрді.Дұға ғып қолын жайып халық алдында,Құдайдан намаз оқып тіледі енді.

А Құдай, жан сал дедім тілек бердің,Жапаны залымдаран енді көрдім.

Page 124: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

124

Омбының Алаш дәптері

Белгілі дәргәйіңа менің сырым,Жан тілеп осы қызға мен не көрдім.

Тіледім дүние үшін мен күнәкәр,Еркің бар не қылсаң да паруардикар.Залымнан жапа көрдік бізлер ғаріп,Фазылыңмен паруарым бізді құтқар.

Аясаң мен құлыңды рахым етіп,Қыз үшін менің құрбан жанымды ал.Залымның тұтқынынан құтылайын,Аяйтын бұл арада не жаным бар.

Жан бітіп осы қызға асық болдым,Боларын ескермедім мұндай жолдың.Лаһи не қылсаңда тілегім бер,Жауыздан қорлық көріп, қапа болдым.

Тілегі софы екеңнің қабыл болды,Отырған қыз орнынан түрегелді,Шешініп киімдерін лақтырды,Қаранып маңайына оң мен солды.

Киімін түгел шешіп болғаннан соң,Әуелгі қалпындағы ағаш болды.Нанбаған тілге халық тамашалап.Ағашты адамға ұқсас көзі көрді.

Бұрынғыдан жеті ғашық қалған кеңес,Қадыми таураттан алған кеңес.Патшасы қазы болсын байы болсын,Зорлығы ескерткішке қалған кеңес.

Шын сөзің іске аспайды кедей болсаң,Бай болсаң айтқан сөзің жалған емес.Жолында тартыс өмір жұрт келеді,Біреудің теріс болса мінін көрмес.

Page 125: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

125

Д. Қамзабекұлы

Еркек бол ұжданды бол шамаң келсе,Қылмасаң өзің талап адам бермес.Қайғысына ағайынның бірдей қайғыр,Бар болса шашылғаны жинас, тырнас.Өткізсең аз ғұмырды бекер босқа,Айналып өткен ғұмыр қайтып келмес.Біріксең ынтымақпен бір араға,Тұрғанда бірлік қылып адам жеңбес.Ағайын өлгеніңше оқу оқы,Қараңғы оқымасаң көзің көрмес.Жетіліп бір жарыққа шыққан болсаң,Жүсеңде қиян шетте адам жеңбес.

Жеті ғашық бір мысал ұққан жанға,Басынан аяғынан шыққан жанға.Наданға айтып болмас сөз ұқпайтын,Құлағын мақтаменен тыққан жанға.

Өзің қүре, өзің бол, өзің патша,Зияяның тимесе егер ешбір жанға.Ақымақ та ақылды да келіп кетер,Кім келмес нашбан тисе бұл ғаламға.

Басы қара адамның бәрі кісі,Жаралып қосылған соң тегіс санға.Тап басып жауабыңды бірақ сөйле,Өтің жарып тұрса да сөзден танба.Тура сөзге тоқтаңдар ақыл көріп,Қатты айтты деп сөдерін алмай шамға.

Бұзық пиғыл бір-бірлеп қала көрсін,Кез келсе жарқыратып атқан таңға.Жүгің ауыр, жол ұзақ барар жерің,Жатпай тұрмай азық– түлік көлік қамда.

Алда көш керуен жүріп бар жатыр,Саудаға жөнелгендей шаһар шамға.

Page 126: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

126

Омбының Алаш дәптері

Келгенсоң дүниеде атың қалсын,Не таппақ босқа келіп-кеткеннен жан.

Мағырипат, білім, өнер бірдей болмақ,Пайда алу парыздайын әр адамға,Табыңа ұлыңменен жазу таста,Әулетке келешекте болсын таңба.

Денеңді сауытыңды таза сақта,Қызығып қысқа өмірге сен бұлданба.Тура бас аяғыңды бұлғақтамай,Наданның тіліне еріп сен сандалма.Тоқтасаң бұлда жетер қариядан,Болмаса бар тұрғын жолда қалма.

Жұманұлы Әбілда10.4.1933 ж.

меН ӨлеРмІН кІм кӨРеР

Мен өлермін кім көрер,Бір өлген соң кім келер.Жақсы-жаман болса да,Кейінгі жас бір елер.

Жұмбақ

Лұғатпен жұмбақ қылып сөз бастайын,Жаралды бір мақұлық үлкен жайын.Өзі обыр, басы жеті, қолы он екі,Отыздан саусағы бар қолбас сайын.

Жиырма төрт құлағы бар бір басында,Жолдас боп жүрер оның кім қасында.Біреуі ақ, біреуі көк екі көзі,Қимылдар қарны менен арқасында.Шешуі:12 ай, 30 күн, 24 сағат.

Page 127: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

127

Д. Қамзабекұлы

СұлУлық

Тақырды шешкен тереңнен,Зерделі көзді қой сұлу,Табиғат әдісін үйренген,Сыпайы сырдаң бой сұлу.Семіздікті көтерген,Бәрінен де қой сұлу,Бұғып шықпай үйренген,Көзге түспес кей сұлу.Сыр алдырмай сөйдеген,Менен дағы сен сұлу.Түгел әлем жиренген,Атағы зор пір сұлу,Жарық асқан әлемнен,Батқанынша күн сұлу,Сөйлеспейтін адаммен,Қараңғы жым-жырт түн сұлу,Ақымақпен сөйлескен,Бірдей шыққан үн сұлу.Ақ-қараны айырған,Тура шыққан шын сұлу.Қатасын айтып қайырған,Тура айтқан сын сұлу.Толқынсыз көлде жайылған,Мөлдіреген су сұлу.Тас бола алмас жиылған,Жайылып жатқан құм сұлу.Жұлдызды бірге қосар ем,Жымыңдаған тым сұлу.Дүбірі шығып тұлпардай,Бәйгеден келген ат сұлу.Қаламы жүйрік кез болса,Сыпайы сызған хат сұлу.Қадыр құрмет қылмаса,Өзіңнен де жан сұлу.

Page 128: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

128

Омбының Алаш дәптері

Техникамен табылған,Өндірістен шыққан зат сұлу.Қайғырмасаң қамығып,Мәңгілік болса шат сұлу.Ұнамсыз болсаң бытырап,Орын-орныңа қайт, сұлу.Нәтижесіз болмасын,Бар шыныңды айт, сұлу.Ұнамсыз жерің көп болса,Енді қолың тарт, сұлу.Қараңғыны жарық қылған,Түнде туған ай сұлу.Малын да мүлкін сарып қылған,Ортаға салған бай сұлу.Борыш-қарышың болмаса,Қою ішкен шай сұлу.Орнықты тынған көңілде,Мекен тұтқан жай сұлу.Жемесең де көңіл тоқ,Тұнық тұнған май сұлу.Бірлік қылсаң, тірлік бар,Мұнан асар қай сұлу.

Жұманұлы Әбілда20.04.1933 ж.

Жұмбақ

Көтеріліп қампаяр қиыстырсаң,Майдаланар қимыжық жиыстырсаң.Мұның да шешуі бар үйлесімді,Ойланып ақылыңа сиыстырсаң. (иық)

Алты аяқты төрт көзді,Екі ауызды бір сөзді,Ынтымақ қып ел кезді. (...)

Page 129: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

129

Д. Қамзабекұлы

қаЙыРШы меН қаСқыР

(Жақсылыққа – жамандық)

Қырық мысал қалған кеңес Крыловтан,Тәржіма нақыл еттім бардан жоқтан,Мысал сөз бұрынғыдан қалған мирас,Тарихы өмір өткен желдей соққан.

Көп аңшы қасқыр қуа аңға шықты,Орманға қалың ағаш шыңға шықты,Аңшының даусын естіп қорқақ қасқырБой таса көрінбестен қырға шықты.

Жолменен қорқау шықты қырға таман,Алдынан жолығады жалғыз адам,Жетіп кеп әлгі адамға жалынады,Бір жәрдем істеңіз деп енді маған,

Артымда көп аңшы бар мені қуған,Енді аман қала алмаймын көрсе бұдан.Құтқарсаң бұл ажалдан дос болайық,Мен дағы құтқарайын мұқтажыңнан.

Қапшығын қолындағы алды сайлап,Арқалады қапшықтың аузын байлап,Сол кезде аңшыларда келіп қалды,Сойылын қолына алып далбағайлап,

Сұрады аңшылардан қасқыр жөнін,Қайыршы түсіндірді көрмегенін,Жасырып аңшылардан алып қалды,Қасқырдың жақсы көрді өлмегенін.

Аңшылар жоқ деген соң кетті шауып,Қасқыр жатыр өлем деп етіп қауып.

Page 130: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

130

Омбының Алаш дәптері

Адамның ұжданымен аянышты,Қасқырды алып қалды қайла тауып.

Қапшықтың бір уақытта аузын шешті,Қапшықтан қасқыр түсіп үһі депті.Адамзан бәрі дағы маған дұшпан,Деп қасқыр енді сені жейім депті.

Қой қасқыр қалжыңдама бекер депті,Жақсылыққа жамандық саған еп пе,Біреу үшін біреуді бос күйдірме,Жүре бер көрінбестен шығып шетке.

Қасқырға болмаған соң айла тапты,Жинады бұрынғыдай қайыра қапты,Жүгінейік біреуге біз жолығып,Жеуіңе ризамын сонда депті.

Бірігіп енді екеу біраз жүрді,Алдында бір арық ат көзі көрді.Жүгінді екеуі кеп арық атқа,Жақсылыққа жамандық бар ма депті.

Арық ат екеуіне сөз сөйлейді,Он бес жыл қызмет қылдым деп сөйлейді.Сонда да кәдірімді ием білмей,Қаңғыртты мені мұндай деп сөйлейді,Мінеки адам ұлы көп зиянды,Бұларға қастық лайық деп сөйлейді.Қасқырға төре етіп алғаннан соң,Тағы да адамзатты жемек болды,

Ай қасқыр ұлықсат бер енді маған,Құтылып енді саған қайда барам.Тағы береу жолықса жүгінейік,Бұл жолы төре тиді анық саған.

Page 131: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

131

Д. Қамзабекұлы

Екеуі жарайды деп тағы жүрді,Алдында бір кәрі итті тағы көрді.Жүгінді осы итке кеп тағы екеуі,Бар сыры бастан аяқ айтып берді.

Ит айтты бұл адамзат тым опасыз,Қазымыр еңбек жейтін бұл жапасыз.Жиырма екі жыл менің де еңбегімді,Бермей қуып шығарды бір тиінсыз.

Қасқырға төре тиді міне тағы,Кез болған сорлы адамға міне бағы,Кез болып тағы үшінші төрешіге,Адамға жақ болмады істің ағы.

Жөнелді енді екеуі жолға түсіп,Бір түлкі қарсы келді құстай ұшып,Адам қасқыр көрген соң тұра қалды,Түлкі еді қаңғып жүрген іші пысып.

Түлкіге жүгіністің жөнін айтты,Дауының екеуінің түрін айтты.Аңшыдан аман алып қалып едім,Жақсылығым жамандық болып қайтты.

Түлкі айтты иланбаймын өтірік сөзің,Иланамын сонда егер көрсе көзім,Биттей қапқа бұл қасқыр қалай сиды,Айтпайсыз жөнын тауып айтар сөздің.

Рас деп адам шешті қаптың аузын,Қасқыр тұр сенімсіз боп жалмауызың.Қайыра кірді қапшыққа әрең-пәреңҰқпады не боларын сөз маңызын.

Байлады қаптың аузын жылдамырақ,Адамзат екіншіде боласың сақ.

Page 132: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

132

Омбының Алаш дәптері

Дұшпанға ей бейшара неге сендің,Ал енді өлтірудің амалын тап.Бар еді егін соққан мала тоқпақ,Өлтірді тоқпақпен ол малалап.

Бұл мисал жазылады енді неден,Оңама дұшпанына тізгін берген.Адамзат арасында толып жатып,Силамай ата-ананың қақын жеген.

Жұмыскер еңбекші тап балаларын,Аунатып қақын бермей қоя берген.Түлкідей ақылшылар кез болса егер,Қасқырдың терісін сойып етін берген.

Бұл сөзден ғибырат көп білген жанға,Ешбір әсер бермейді күлген жанға.Әркім өзін сыйласа төре берер,Зиянсыз төре жүрсе еш адамға.

Жазды деп мұңаймаңдар мұның несін,Мен жаздым Крыловтың әңгімесін.Аз да болса жақсының сөзі қалсын,Өлімнің кім біледі ерте кешін.

Ғасырдың тарих сөзі керек болар,Балалар арих көрсең белді шешін.Ел жаңа елу жылда жүз жыл қазан,Сөзім де жетілтіңдер болса кемшін.

Альбомға лайықты сөз қалдырсақ,Керекті уақытында бір тіркесін.Қандай сөздер ұмыт боп қалып жатыр,Жақсы сөзді әр жерде көзің көрсін.Әрине кей ғасірге сөз ұнамас,Кемдікке өнерлі адам тым шыдамас.

Page 133: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

133

Д. Қамзабекұлы

Әр таптың өз тұсында ақыны бар,Тұсында білу үшін кім сынамас.

Жұманұлы Әбілда05.05.1933 ж.

ЖұмбақТаР

Қар жауды тау басына кетпейтұғын,Ойпаң жерге қақ тұрды кеппейтұғын.Отыз шаһар қаласы ойран болды,Ел бар ма ебін тауып септейтұғын. (шаш, көз, жас, түскен тіс)

Көзге түсіп көріне жүгірмейді,Сүйтсе де бірден танып кідірмейді.Күні-түні барады тынбай жүріп,Қалғып-мүлгір бір сағат кідірмейді. (өмір)

Топ етті тонға оранды. (түкірік)

кӨП еДІ

Көрмегенім көргенімнен көп еді,Алдымда көп көретінім деп еді.Айтып өткен қарияның сөздері,Қайсы жерде орнына кеп еді.Еңбекші тап бастамаса көсем боп,Езілген тап көретінің көп еді.Өтірік пен шенге құмар қазаққа,Көре беру езгендікті еб еді.Қай ғасырда тонап талай жатса да,«Тарт қолыңды, маған керек» демеді.Уез, болыс, ауылнай мен поштабай,Ол уақытта айтқан сөзі ем еді,

Page 134: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

134

Омбының Алаш дәптері

Езілген тап, кемірген тап қазақты,Қай уақытта алпауыттар жемеді,Жаңа тұрмыс жаңа құрылыс ағымда,Теңдік тиді жегізбейік кел, енді.Оқып шыққан, жетіп шыққан жастардың,Өз тізгінін өз қолына бер енді,Еңіреген шал, еңбектеген жас бала,Ал соңынан жолбасшының ер енді.Қолы жетпей көзі көріп жүргенді,Жол басшылар тегіс алып бер енді.Өзі надан пейілі тар ел еді,Көрмегенім көргенімнен көп еді.

Жұманұлы Әбілда10.05.1933 ж.

ТазШа меН қыз

Жақсы әйел жаман ерді мұратына жеткізеді,Жақсы еркек жаман әйелді өткелектен өткізеді.

(Ержан ақсақал айтқаны)

Қырымда бір патша өткен дәулеті көп,Лайық даулетіне сәулеті бек.Мұқтажсыз дүниеде жан болыпты,Бас иген дәулетіне әр адам кеп.Болмады пақыр мүскін өз тұсында,Кедейді байытады мал беріп көп.Мизамын өзі әділ жүргізеді,Құқықты барша жанға бірдей беріп.Кедей байын білмеді бай кедейін,Кедейге мал береді үшке дейін.Үш рет бақытына мал өспесе,Бәйтіл малға кіреді үштен кейін.Халық тағат қылады өле өлгенше,Зағиплық денесіне келгенінше.Арада өз бетінше іс қылады,

Page 135: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

135

Д. Қамзабекұлы

Өнерін аямайды білшенінше.Жетім-жесір бәйтіл малдан тамақ жейді,Күтулі тәрбиеде ренжімейді.Барлығы тәрбиенің сол мисалды,Арыз бере алдына жан келмейді.Бір күні патша үйінде отыр еді,Әуеден екі қазды көзі көрді.Біреуі қаңқылдады бірдеме деп,Екіншісі қаңқылдап жауап берді,Құс тілін осы патша біледі екен,Сөзін ұғып құстардың жүреді екен,Сөздерін ешкімге айтпай ұғып алған,Ойланып мазмұнына күледі екен.Ал патша жар шақырды жұртын жиып,Келеді барларынша киім киіп.Болған соң жұрт жиылып сөзін айтты,Қандай жан шен алды патша сүйіп.Екі қаз кеше түсте ұшып өтті,Қаңқылдап бір-біріне мысқыл етті.Екеуі бір-бірімен не сөйлесті,Табыңдар білгендерің сөзін депті.Егерде тура шешіп сөзін тапса,Беремін күйеу қылып қызым депті.Үш күнге жұртқа патша ұлықсат берді,Тапқан жан үш күннен соң келмек болды.Үш күнде таба алмаса жұрты болып,Хабарын патшаға бермек болды.Үш күнде хабар берді жұрт таба алмай,Құс тілін қайдан білсін сабақ алмай.Төртінші күн жиылды тағы халық,Адамның қимылдаған бірі қалмай.Біледі патша қызы құстың тілін,Жиылған әлеуметке салды көзін.

Қандай жан мені тауып алады деп,Көрсетпей сынап жүрді өзі өзі.

Page 136: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

136

Омбының Алаш дәптері

Бір кедей жолығады Тазша бала,Сынаса білімі бар азша ғана.Жанына шақырып ап сөз айтады,Сендағы барасың ба падишаға,

Барғанда падишаға не айтасың,Түзу тапсаң сөзіңді жөн айтасың.Таба алмай босқа қайтсаң әуіре болып,Қаһар етіп патша ұрысса неңді айтасың.

Мен де мұндай келемін көптің бірі,Әншейін талабым бар етім тірі.Болмаса өнерім жоқ сөз тапқандай,Апатай естісеңіз сөздің шыны.

Мейірі қыздың түсті сонда бұған,Құс тілін үйретейін бала саған.Кім тапты десе мені айтпағайсың,Айтар болсаң екеумізге болар жаман.

Бала айтты қой жайдым де кеше кеште,Екі қазға ұшып жүрген көзім түсті.Сөйлесті енді екеуі бір-бірімен,Ертегі мына сөзді айтып ұшты.

Бағалы қандай жақсы кей еркектер, Өткелектен жаман жарыне өткізеді.Бағалы жақсы болса көп әйелдер,Жаман ерін мұратына жеткізеді.

Сонда естіп құстың тілін менде келдім,Қалайша мұратына жеткізер деп,Мұны айтып басқа сөзді көп сөйлеме,Қинаса да мен айтты деп сөйлеме.Берік болсаң жетімім жетілерсің,Айтып қойсаң бишара менен көрме.

Page 137: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

137

Д. Қамзабекұлы

Жарайды деп жетімек жүре берді, Патшаға тізе бүгіп сәлем берді.

Келіпсің, жетімегім, түсің қашып,Асығып не жұмысқа жүрсің екен.Падиша әділ болса сөзін бұзбас,Алдыңа келіп тұрмын мен пақыр жас.Кешегі ұшқан қаздың айтқан сөзін,Сізге баян етпесем енді болмас.

Сөйледі қыздың бұған айтқан сөзін,Тақсыр-ау, екі қазды көрді көзім.Бірінің сөзіне біреуі жауап берді,Мал бағып отыр едім ұқтым сөзін.

Біреуі айтты: ерлері қандай жақсы болса-дағы,Жаман әйелді өткелектен өткізед деп,Егер жақсы бола қалса алған жары,Жаман ерді мұратына жеткізед деп.

Мен келіп сізге бұрын хабар бердім,Сандалып жүргеннен соң жиылған көп.Мұны естіп патша қолға қылыш алды,Жанына жетім бала жетіп барды.Өлтіремін шыныңды айт кім айтты деп,Балаға қаһарланып әлек салды.

Патшаның қаһарына шыдамады,Тануға жөн таба алмай қиналады.Болмастай болғаннан соң тілге нанбасҮйретті өз қызың деп айтып салды.

Патша қызын шақырды ашуланып,Қызды қысты қолына қылыш алып.Сенен басқа құс тілін адам білмес,Бір жетімге үйреттің тауып алып.

Page 138: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

138

Омбының Алаш дәптері

Қызына ат басындай алтын берді,Қуалап сол жетіммен қоя берді.Көрейін мұратына жеткендерің,Қол астымда маған қарар болма деді.

Екеуі қол ұстасып кете барды,Жиылған көп әлеумет қайран қалды.Қоныстас бір патшалы елге келіп,Шаһардың бір шетінен мекен алды.

Бір байдың мың ділдаға үйін алды,Тамаша зиннатланған үй ыңғайлы.Жері түгел бау-бақша бәрі дайын,Көшесі жұрт жүретін бәрі жайлы.

Сарайы бір патшаның сарайындай,Анбары бір патшаның анбарындай.Мекен ғып екі-үш айдай бұлар тұрды,Тұрады еш адаммен таныс болмай.

Қыз тазшаға бір ділда алтын берді.Базардан бір келеп жіп әукел деді.

Жібектің күлтеленген шашақтысы,Тұрады бір алтынға барсаң деді.Базардан келеп жібек Тазша әкелді,Өрнекті орамал қып тігеді енді.Шығарып күнініде бір орамал,Тазша апарып базарға сатады енді.Сол шаһардың уәзірінің қанымы кеп,Ормамалға он ділда заказ берді.

Дасдарқанда тігеді кесте салып,Көрген жан таң қалады қолына алып.Байыды біраз заман тұрғаннан соң,Үйлерін зыннатлады түрге салып.

Page 139: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

139

Д. Қамзабекұлы

Байлыққа сол шаһардың алды болды.Тазшаңыз бір есепті адам болды.Әйелі көрінбейді еш адамға,Тазшаға танытады оң мен солды.Қырымнан көп саудагер бір күн келді,Таза бұл бұл шаһардан алмақ болды.Аралап саудагерлер дүкендерін,Тазшаның дүкеніне бұлар келді.

Дүкеннен асыл бұйым нәрсе алады,Орамал дастарқанға таң қалады.Бұл шаһарды аралап неше күндей,Бұл дүкеннен басқадан таба алмады.

Түскі асқа ләкпе жауып Тазша келді.Болғанын жақсы сауда хабар берді.Әйелі бұл хабарды естіген соң,Қонаққа енді оларды шақыр деді.

Шақырып керуенді қонақ қылды,Ішінде ағасы бар көзі көрді.Салтанат тәртіппен меймандарын,Баршасын бір кісідей күтеді енді.

Қайтарда ағасына киім берді,Өте киім қымбаттан киіндірді.Әкесіне тон берді жан көрмеген,Сәлемдеме шешесіне көйлек берді.Орамал дастарханмен тағы берді,Керуен бұл құрметті қабыл көрді.Керегін бұл шаһардан түгел алып,Қырымға көп саудагер қайтады енді.

Еліне аман-есен бұлар барды,Сатып алған нәрсеге жұрт таңғалды.Бәрі де Тазша менен қыздан шыққан,Қозғалмай бір дүкеннен сатып алды.

Page 140: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

140

Омбының Алаш дәптері

Патша ұлы әкесіне берді бұлын,Тапсырды сәлемдеме қамқап тонын.Шешесінің дастархан орамалын,Сөйледі қыз бен жігіт көргендігін.

Ханым сонда қарады орамалға,Бағасы тұратұғын дүние малға.Кісіні осыны тіккен көрдің дер ме,Жолықтың жолда жүріп қандай жанға.

Жігіт айтты әйелін көргенім жоқ,Көрмесем де дүниеге көңілім тоқ,Күйеуі бір бай патша өзі көпес,Дүниеде ондай адам көргенім жоқ.

Жылады ханым сонда сөзін естіп,Жылауын баса алмады өксіп-өксіп.Барған үйің қызымның үйі екен,Не себепті жолығып көрмедің деп.

Жібектен өрнек салған қарындасың,Сыйлаған таныған соң сенің басың.Теңіне Тәңір өзі қосқан екен,Шаһардың алып еді бір Тазшасын.

Патшаға қатты тиді ханым сөзі,Қызының сиапатын көрді көзі.Енді ойына түседі падишаның,Екі қаздың әуеде айтқан сөзі.

Келер жыл тағы болды жылдың басы,Қырымның кәсібі мол көп саудасы.Бас болып патша ұлы тағы жүрді,Шаһардың малға толып бар кемесі.

Сәлем хат сауқат берді қыз шешесі,Сағынды көргенінше өз шешесі.

Page 141: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

141

Д. Қамзабекұлы

Осы жолы анықтап жолыға кел,Дейді де тапсырады қыз шешесі.

Саудагер тағы барды көрген елге,Еңбегі кетпеген соң босқа желге.Былтырғы байпатшаның дүкенінде,Тапсыр деп хат береді саудагерге.

Сәлем-сауқыт шешесінен қыз алады,Хат оқып амандыққа рахаттанды.Қонаққа барамыз деп жазған екен,Қызы да мұны естіп даярланды.

Қонаққа бір жылдан соң ханым келді,Қызының жетілгенін көзі көрді.Кем емес бір патшаның дәулетінен,Тұрмысқа ішпей-жемей тояды енді.

Қызында бір ай ханым қонақ болды,Жалғызын аман көріп көңілі толды.Еліне аман-есен бара қалса,Хабарды әкесіне бермек болды.

Еліне аман-есен ханым барды,Қызынан әкеледі дүние малды.Патшаның көңілі толды мұны көріп,Қызының ақылына таң қалады.

Патша қызын қонаққа келсін деді,Соңына жақындары ерсін деді.Той қылам келгеннен соң өз еліме,Зияпат бізден дағы көрсін деді.

Әкесі рұқсат берген соң,Қызы келді қонаққа,Қызының жүзін көрген соң,Шыдамады толғаққа.

Page 142: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

142

Омбының Алаш дәптері

Неше жылдай көрмеген,Қызын көрді бұл патша,Аялап алды құшаққа,Есіне түсті патшаның,Қызы менен Тазшаны,Бір кезде алған қыспаққа.

Өнері кемел болған соң,Жетіліпті бұл шақта.Жақсы бала әкені,Шығарады ұшпаққа,Білінбеген өнері,Үйде отырған қыз шақта.

Мауқын басты жыласып,Жүргеннен соң бір жақта,Жар шақырды жұртына,Қызына тойын қылмаққа.

Бұл тойға жиылыпты жанның бәрі,Пақыр, мүскін жиылған жас пен кәрі.Бай кедейін білмеді кедей байын,Неше күндей зияпат көрді бәрі.

Патшаның күйеуіне көңілі толды,Өнері мінезіне серік болды.Мінезі парасаты ұнаған соң,Дүниесін күйеуіне бермек болды.

Жетілді Тазша күйеу қызын алып,Әуелде менсінбеген көзін салып.Әйелдер біразырақ жиналыңдар,Мысалдан мынау айтқан ғибрат алып.

Жақсы әйел жаман ерге жәрдемі көп,Әйел ал шамаң келсе затын танып.

Page 143: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

143

Д. Қамзабекұлы

Әкем алып беред деп сеніп жүріп,Жүрмеңдер ақырында босқа қалып.

Қай еркек жаман әйел қатын алар,Өнер жоқ ол әйелді жөнге салар.Әйтеуір жақсы еркектің әйелі боп,Дүниеге шала-пұла бала табар.

Басы қара адамның бірі болып,Тұқымы жақсы адамның азғынданар.Жақсыдан жақсы бала туа алмаса,Себебі азғындаудың содан болар.

Қазағым басты сүймей малды сүйді,Талай жас қосыла алмай жанды-күйді.Бұрынғы жауыз үкімет заманында,Талай жан табиғатқа басын иді.

Ақылды жан қазақ та мыңнан біреу,Сүйдірмей қызын беріп малды күреу.Аралас махаббатсыз өмір өткен,Қазақтың кемдігіне бұ да тіреу.

Атаң қазақ болғаннан бері қарай,Бірінде болған емес түзу тілеу.Азға көп қиянатты істей берді,Қит етсе қол көтеріп қамшы білеу.

Бар болса бірен саран білген адам,Тіл алдырмай ел ішінде жүрді жүдеу.Қостайтын әділ үкімет тұсында жоқ,Болғандай көмек беріп арқа күзеу.

Кейбіреу қатын алды жан есебі,Дүние үй болмаса да бар есебі.Түскеннен келіншек боп бері қарай,Жөнделіп жиылмайды бір төсегі.

Page 144: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

144

Омбының Алаш дәптері

Сонда да ұл табат деп дәме қылар,Тапқан ұл сапасы жоқ тірі мұңдық.Саны көп босқа жүрген сапасыздан,Табылар күткенмен қандай шындық.

Ер жетіп бай атанып сол сапасыз,Едәуір тұқым жайып болды түндік.Көбінде махаббатсыз туған ұлдан,Өмірде іс шықпайды енді білдік.

Алайық мысал үшін басқа жұртты,Саяси өнерменен асқан жұртты.Құрият солар тұрған жерде болды,Махаббат жолыменен асқан жұртты.

Үлгілі ұлттардың түрі қандай,Сіз бен біз айтқан сөзі шекер балдай,Кемдік жоқ мүшесінде бір зәредей,Дүниеде іс қылмайды тағылым алмай.

Білімнің жолыменен өрнек салып,Табады бейнет көрмей дүние малды-ай,Өзіне өз өнері жеткеннен соң,Кетеді басқаларға көзін салмай.

Мәдени көз салайық қандай халық,Жүрмейік бізде содан кейін қалып.Қатарға кірер уақыт енді жетті,Техника үйренейік миға салып.

Сол жұрттан сірә бізде кем болмаспыз,Білімге айналғанда жөнін танып.Алға бас енді, халқым, кейін қалмай,Шырағың тұрғанында заулап жанып.

Қырымның біз сөйледік әңгімесін,Сөкпеңдер сөйледі деп мұны несін.

Page 145: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

145

Д. Қамзабекұлы

Кейінгі балаларға ермек үшін,Сөйледім жақсы әйелдің мәселесін.

Ержан дейтін ақсақал затиы қозған,Сөйледім жасымда ұққан бір кеңесім,Болмаса қаламы олақ кейінгі жас,Тарих болып бізден қала берсін.

1891 жылы естіп едім, 1933 жылы тәмам болды.

Ғадолла Жұманұлы – менің атым,Тарихқа мирас қалсын жазған хатым.Қаржаста Өтен Баян нәсілімін,Сүйіндік ұлы атам арғы затым.Өлі тілін тірі алмас дегендейін,Кім ұғар мендей шалдың насихатын.Еске алған жастар болса бұдан былай,Бітеді сонда менің бар қажетім.Балалар, сізде мендей шал боларсың,Азырақ жазбаға сал еһтихатың,Илаһи, мен тілейін жас тілегін,Туғай деп дұрыс бала сөзді ұғатын.Сөз атасын танитын бал болып,Құмардан сөзін естіп жұрт шығатын.Бұл тарих кейінгі жас сәлемдеме,Жазды деп өкпелеме мұнша неге.Ауыр, жеңіл болса да бар салмағы,

Пьеса бола алады екі үш перде.Жабулы қалған кеңес көптен бері,Естіген мәселе емес әр бір жерде.Жас өрім қажетіңе жаратып ал,Ұнаса көңіліңе жазған терме.

20.05.1933 ж.

Page 146: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

146

Омбының Алаш дәптері

ТаС ҒаСыР

Тастан жастық жастанды,Киім кимей бос қалды,Ол ғасырда туған жан,Өнер білмей кеш қалды.

Табиғатқа бағынып,Тас қаруын қолданды,Таспен атып ұстап ап,Киік, құлан малданды.

Аңша өсіп далада,Кәсібіне жұбанды,Көптей көріп аз асын,Балалары уанды.

Атанысып тас мерген,Тас қаруын қолға алды.Ай балта, пышақ, қылыш оқ,Бес қарумен жол салды.

Тастан болған өндіріс,Бізге мирас сол қалды.Тас өмірінің кезінде,Тастан жастық жастанды.Сол ғасырдан өткенде,Ағаш ғасыр басталды.

22.05.1933 ж.

аҒаШ ҒаСыР

Ағаш өмір кезінде,Қариялардың сөзінде,Орман өсіп көбейді,Жарамақ іске тегінде.

Page 147: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

147

Д. Қамзабекұлы

Сәнмен қайық, кеме істеп,Жүзді дария жүзінде.Қарулары бәрі тас,Тас өмірдің кезінде.

Ағаштан тұрмыс орнатты,Жүретұғын жерінде.Қаруларын түзетті,Ағаш саптап темірге.

Мәдениге айналды,Қалқи беріп өмірге.Ағаштан өрнек істеді,Не көрінсе көзіне.Түйме түйді ағаштан,Ағаш өмір кезінде.

25.05.1933 ж.

Жұмбақ

Жамаулары болса да білінбейді,Жансызға ондай нәрсе ілінбейді. (ала)

ТемІР ҒаСыР

Темірді судай ағызды,Темір ғасыр болғанда,Темірден киім киінді,Өнері артық толғанда.

Суға темір жүргізді,Темірсіз жер жоқ қалғанда,Темірден дәулет орнатты,Жан болған жоқ арманда.Тарихы болды мәңгілік,

Page 148: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

148

Омбының Алаш дәптері

Кейінгі бақи, жалғанда.Дүниежүзін көгертті,Зауыт, фабрик толғанда,Қолға алды тап ұлы,Еңбекші табы болғанда.Нелер үлкен жол салды,Қамал менен қорғанға.Сонда да қалмай келеді,Қараңғылық болған ба,Темірден суды ағызды,Қауіп-қатер жолдан да.

28.05.1933 ж.

бОлаТ ҒаСыР

Болат ғасырын қолына ап,Болат ұлы бас салды.Талас-тартыс етті де,Күншіл дұшпан бос қалды.Болат міну, суға сүңгу,Бұдан да ерте басталды.Көре алмаған дұшпандар,Клім ерден жасқанды.Молайды ғой техника мен білімге,Сайран етті қара жерді, аспанды.Қаруымыз бәрі болат болған соң,Алтын, қола, мырыш, күміс жастанды.

Бақытына тура келген ғасырға,Жастары да замананың мақтанды.Капиталдың іші күйіп ғасырға,Сақ ерлерім оны біліп сақтанды.

04.06.1933 ж.

Page 149: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

149

Д. Қамзабекұлы

кӨРДІм

Мылқау меңіреу, қараңғы елді көрдім,Адам жүрмес қия тас жерді көрдім.Көргенімнен көп екен көрмегенім,Жақсылықтың сәулесін енді көрдім. Кеш тумай өмір зайғы неге тудым,Елмін деп бос өмірді неге қудым.Миуасы алма ағаштың көрінген соң,Бұйырса татамын деп қолым жудым.

Балалар, тіршілікте шалқы-толқы,Дәмін тат тұщы менен ащы судың.Пайда істе тап ұлы бол, шырақтарым.Көргем жоқ жақсылығын босқа будың.

Етек жап есің барда, балаларым,Қызығы көпке бармас у мен шудың.Қараңғы надандардың соңына ерме,Түспеңдер тұзағын залым қудың.

Мылқау, меңіреу – қараңғы елді көрдім,Адам жүрмес қия тас жерді көрдім.Көргенімнен көп екен көрмегенім,Жақсылықтың сәулесін енді көрдім.

Ж.Ә.10.06.1933 ж.

бІРлІк

Бірігіңдер бірлікке,Қосылыңдар тірлікке.Бет-бетіне бытырап,Сары майдай ірітпе.Тай сияқты бұлтылдап,

Page 150: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

150

Омбының Алаш дәптері

Жас өмірді шірітпе,Бірлес дағы күнің көр,Қарап тұрмай кірік те.Бас панасы өмірдің,Жуыма жақын шірікке,Бет алысын бақыттың,Сына да тұр тірлікте.Жолыңды байқа ізгімен,Құмарланба билікке,Табиғат айдап тығады.Ақырында бірлікке.Таза ұста жүректі,Жаман атқа ілікпе,Бола алсаң сауатты,Ілінерсің ілікке.Мәз болмаңдар бос жүріп,Бірігіңдер бірлікке.

Ж.Ә.16.06.1933 ж.

ХаНШа қыз беН ақылДы ЖІГІТ

Темірбек әңгімесін Бәтіш апай айтып,Әбділда Жұманұлы өлеңге айналдырған.

Болыпты бір саудагер Бұқарада,Теңдес адам болмапты сол шаһарда,Қартайып қалжыраған мөлшерінде,Көріпті өліп-талып жалғыз бала.

Қуанды үлкен той қып шаһарына,Туды деп орын басар дәулетке ие.Нашарды пақыр мүскін тойындырды,Созылды ойын сауық неше күнге.

Ержетіп осы бала бойға жетті,Мектепте түрлі білім нәсіп етті.

Page 151: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

151

Д. Қамзабекұлы

Өнері қияпаты бірдей бойдан,Істеді кәсіп өнер, берекетті.

Бір күні әкесі айтты саудаға бар,Адамның бөтен жұртта кәсібі артар.Аралап осы шаһар атырабын,Жолдасқа жарарлық жан сен тауып ал.

Құп көріп жолдас іздеп бала шықты,Қаланы кешке дейін құрытыпты.Жолықпай ұнамды адам осы күні,Үйіне таба алмастан қайтып кепті.

Шығады тағы да ертең екінші күн,Шаһар сыртын қарады бүгінгі күн.Шаһардың зиратына душар болып,Бес адам сол зиратта көрді бүгін.

Бес адам қолдарында күрек шоты,Байқаса тым-ақ жаман жүрген беті.Қопарып бір зиратты қазып жатыр,Бала кеп неге қаздың мұны депті.

Айтады бес жүз ділда алмағымыз,Ала алмай бұл өлгенде қалғанымыз.Аламыз кебіні алтын соны бөліп,Ақтарып сол себепті қазғанымыз.

Жігіттер, қой ойлаңдар сақтануды,Өлгенге мықты болып мақтануды.Төлейін бес жүз ділда бесеуіңе,Қайта жап енді қойып ақтаруды.

Бесеуі алтын алып кете барды,Бұл күні тағы жолдас таба алмады.Үйге кеп ертеңінде тағы іздеді.Шаһардың атырабын аралады.

Page 152: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

152

Омбының Алаш дәптері

Бір нашар ақсұр жігіт қарсы келді,Алдына тоқтай қалып сәлем берді.Ұнатып бұл жігітті әлгі бала,Қызметке тұрасың ба маған деді.

Құп болады жарасам тұрам деді,Бұйырған қызметіңді қылам деді.Бір жылдай мөлшеріне шарт жасасып,Жылдан соң шарт жасасып шығам деді.

Үйіне уәделесіп келеді алып,Бұрынғы келе жатқан ескі қалып.Ұнаса көңіліме босатпаспын,Сыйласам құтылады қайда барып.

Әкесі бұл екеуін енді көрді,Он көлік қазынасын бөліп берді.Даярлап жол жабдығын түгел алып,Дүйсенбі сәт күніне жүрмек болды.

Бұларға қоспақ болды сегіз жігіт,Келер деп сауда істеп қылып үміт.Біздерге артық кісі қажетсіз деп,Кісіге жуытпады әлгі жігіт.

Мен өзім он кісілік болам деді,Доғарып көлік жегіп білем деді.Мырзаның бір жолына басым бердім,Қызметін екі айттырмай қылам деді.

Құп көрді бай, байбатша жігіт сөзін,Бұрын да сынап еді мұның өзін.Бар малды қорадағы қыбырлатпай,Екі етпей күтіп еді айтқан сөзін.

Page 153: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

153

Д. Қамзабекұлы

Жол жүрді дүйсенбі күн енді бұлар,Әкесі жол жабдығын даяр қылар,Сөзімді ұқ екі ұлым қапы болмай,Үш күндік жол сапарда бір көпір бар,Сол жерге үш шақырым жақын қонба,Жақын қосаң көпірдің қатері бар.

Сапарға енді екеуі кете барды,Міндетті жол жарағын жолдас алды,Жол жүріп үш күн ұдай кешке таман,Көпіріге бағанағы жақын барды.

Көпірден бір шақырып арман өтті,Қауіпті қатер жолдан аман өтті.Көлікке жай шөпті жер болғандықтан,Доғарып көліктерін қона кетті.

От жағып енді түсіп шатыр тікті,Жолдасы ас пісіріп қызмет етті.Ұйықтады бай баласы дамыл алып,Жол жүріп үш күн ұдай азам шекті.

Түн болды бір уақытта қас қарайып,Қараңғы тұман түсті таңғажайып.Келеді от жанына бір келіншек,Жолдасы бай батша ұйықтап жатыр байып.

Сөйлесіп келіншекпен отырады,Жол-жоба сауда жөнін көп сұрады.Келіп ем мен сіздерді шақыруға,Жүргінші бізде мейман көп болады.

Жолдасы айтты байбатша түрегелсін,Шақырған сені өзі көзі көрсін,Айтайын оянған соң жауабыңды,Барса да бармаса да өзі білсін.

Page 154: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

154

Омбының Алаш дәптері

Келіншек жарайды деп кетті қайтып,Не қылсын жолдасына мұны айтып.Асын ішіп мырзасы тағы ұйықтады,Келіншек әрберден соң келді қайтып.

Көп күттік, жүріңіздер сізді дейді,Лайық па сізге қону түзді дейді,Ғапыш ғашыран бәрі де біздің үйде,Іздегенің табылар бізден дейді.

Байбатша баруға енді оянбайды,Оянса да бүгінгі түн бара алмайды.Барамыз ертең күндіз дегеннен соң,Келіншек шақырушы аяңдайды.

Жігіт тұрып келіншекті артына ерді,Көпірге бағанағы тура келді.Келіншек ол жігітті аңдамастан,Үй екен көпір асты келді енді.

Сұрады үйдегілер келіншектен,Келмеді шақырғанға не себептен.Жиылған сонша өзі неше кісі,Қалайша келмеуіне бой бекіткен.

Екеу-ақ өздерінің он көлігі, Бек салақ екеуінің жолға еруі.Есіктен жігіт келіп тыңдап еді,Байбатшаның жолға шыққан жан серігі.

Қырық кісі қарақшы еді мұнда тұрған,Жол тосып бұл көпірді мекен қылған,Қырықтың қырық қатыны өңкей сұлу,Кете алмай ұрылардан бірге тұрған.

Қырқымыз өлтірейік бірдей барып,Келейік көліктерін жеңіп алып.

Page 155: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

155

Д. Қамзабекұлы

Шамасы екеуінің келмес бізге,Жүрмеңдер қаруы боп қапы қалып.

Бәрі де киінуге түрегелді,Бұларды жолдас жігіт көзі көрді.Бір бірлеп қырқының да басын алды,Кезекпен тосқан жерге келе беріп.

Қырқы өлді қанжар алып үйге кірді,Сұлулардың бірін қоймай бәрін қырды.Көпірге бәрін жиып қайта тығып,Жанына жолдасының қайтып келді.

Таң атып жолдарына жүріп кетті, Мысырдың шаһарына барып жетті.Он көлік қазынасын мауазалап,Базарда көп пайдамен сауда етті.

Саудадан пайда қылды он бес есе,Мұкамал сатып алды әлде неше.Бір ай тұрып еліне қайтпақ болды,Сайрандап шаһар кезді ерте-кеште.

Шаһардың атырабынан бір күн шықты.Аралап бір бақшаны сейіл қыпты.Екеуі бет алдына келе жатса,Бақшада бір сарайға душар бопты.

Зинатылы орнатылған осы сарай,Сахарада мәнісі не тұрған қалай.Алдында бір күзетші қария шал,Жүруге босатпайда ары қарай.

Сарайдың айналасы өңкей қазық,Жүрерлік бөтен жол жоқ қадам жазып.Сарайға балаларым кірмеңіздер,Бұзылып кетесіздер жолдан азып.

Page 156: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

156

Омбының Алаш дәптері

Ілулі қазық сайын адам басы,Таусылмас айта берсек мәселесі,Тұрады бұл сарайда серуенде,Шаһардың падишасының ханышасы.

Сарайға кірген адам тірі шықпас,Жаманға қанша айтсаң да сөзіңді ұқпас.Кірмеңдер тілімді алсаң, балаларым,Кірген жан бұл сарайдан аман шықпас.

Сарайға тыңдамады кірді екеуі,Таң ғалып бұл сарайға тұрды екеуі.Ішінде қырық қыз бен ханыша отыр,Құрметті сол қыздардан көрді екеуі.

Қыздар қызмет қылады зыр жүгіріп,Жездем келді дейді де құрмет қылып.Қонақ боп екеуі де отырады,Бұлардың байқамады сырын біліп.

Сөйледі ас ішкен соң ханыша қыз,Мүләйім айтқан сөзі сіз бенен біз.Ойнаймыз бос отырмай жасырынбақ,Кезек бердік сіз әуелі тығылыңыз.

Бостандық жасырынуға осы ғалам,Ғаламнан іздеп тапсам басыңды алам.Таба алмай өз бетіңмен шыққан болсаң,Некелі жұптыңыз енді болам.

Мойындап көнесіздер осы шартқа,Өкініп ажалыңды маған артпа.Рұқсат жасырынбай қайтсаңыздар,Мені мен отырмай-ақ анық шартқа.

Page 157: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

157

Д. Қамзабекұлы

Екеуі сонда тұрып ақылдасты,Отыруға шартқа қызбен жақындасты.Әйелден еркек болып қорыққанымыз,Ұжданға жігітшілік ұнамасты.

Қараңыз байбатшаның данасына,Билетті ақылдасып жолдасына.Жолдасы тықты мұны алып барып,Көк өгіздің бақайының арасына.

Шық деді екі бақай арасынан,Ұнамды қандай жері жасырынған.Тегінде қара жаяу жігіт емес,Сынады жасырыну форымынан.

Ұнамды жасырынған түрің бөлек,Біздерге тап сіздердей жігіт керек.Өлтірмейін тағы да рұқсат беріп, Жер болса жасырын деп берікрек.

Жолдасы ғарышқа алып жасырады,Сиратыл мүтаһардан асырады.Алады тағы тауып ханыша қыз,Көңіліне жасырынған жері бек ұнамады,

Үшінші рет тағы да рұқсат берді,Жолдасы жанындағы мұны көрді,Дүниеде жасырынуға жер таба алмай,Жолдасы байбатшаға жауап берді.

Далаға мен шығамын үйден бұғып,Шұбар киік боламын сыртқа шығып.Қыздар мені қуалар ұстаймыз деп,Сен жасырын менің айтқан сөзімді ұғып.

Page 158: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

158

Омбының Алаш дәптері

Қыз кетер тақытынан түрегеліп,Қызығар ұстаймыз деп мені көріп,Астына қыз тағының жылдам тығыл, Қалмасын бұл ісіңді біреу көріп.

Жолдасы жүр далада киік болып,Әйнекті иіскеледі жақын келіп.Қыздар жүгіре шығады ұстаймыз деп, Байбатша тығылады таққа келіп.

Қыздар көрсе киік бек тамашалы,Ұстауға ортаға алып қамасады,Орманған киік барып кіріп кетті,Енді қыздар көз жазып адасады.

Ханыша қыз тағына кеп отырады,Жолдасы қыздарменен бір тұрады.Іздеді байбатшаны жер жүзінен,Ақтарып дүние жүзінен таба алмады.

Қарады жердің жүзін, судың астын, Таба алмай жігітті қыз қара басты,Жиһанда іздемеген жер қоймады,Аударып төңкереді тау мен тасты.

Әр жерден жігіт шық деп шақырады,Таба алмай дел-сал болып отырады.Шұбар киік ішінен шық бері деп,Тағы да жігіт кел деп шақырады.

Сонда жігіт келеді тақ астынан,Қыз жаңылды ұмытып тобасынан,Жолдас жігіт ханышаны бұрдырмады,Әуелгі шартқа отырған уәдесінен.

Page 159: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

159

Д. Қамзабекұлы

Қыз айтты өнерлерің менен асты,Енді уәде бұзуым ұнамасты,Өнерің екеуіңнің артық екен,Дүние жүзі сендерге шыдамасты.

Әкесіне ханыша сонда хабар берді,Өнері менен артық адам келді.Уәдесінде бар болса әкем менің,Қосылып осы адамға тием деді.

Әкесі қыздың сөзін қабыл көрді,Қырық қара нар қамқа кілем жасап берді,Қырық құл, қырық күң мен даяр көлік,Қазына байтұл малдан жасау берді.

Ұзатты тойын қылып байбатшаға,Жолдас жігіт сөз айтты оңашада,Қосылма тілімді ал үйге бармай,Сенуің мұндай болмас ұрғашыға,

Екеуі аман-есен үйге қайтты,Жүз түйе жүгіменен шеру тартты,Баяғы өткел менен аман өтті,Шаһарына өзінің жақындапты.

Жолдас жігіт сөйлейді байбатшаға,Мен сізден айырыламын осы арада,Бір жыл қызмет толтырдым мен өзіңе,Ер жігіт уәдесінен адаса ма.

Менің енді ұнаса ақымды бер,Осы істеген қызметке риза бол,Ақыма сонда риза мен боламын,Осы тапқан дүниенің жартысын бер.

Page 160: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

160

Омбының Алаш дәптері

Сонан соң қалған дүние болады тең,Әуелі мына тұрған сұлуды бөл,Дүниеге қызықпаймын менің өзім, Қызығын бұл сұлудың көзіңмен көр.

Байбатша бөлісіне разы болды,Сұлуды дүниесімен бөлмек болды,Бір бәйтерек көреді басын кескен,Қызды соған байлауға алып келді.

Қызды мықтап байлады бәйтерекке,Атқа мініп алысқа шауып кетті.Айқайлап қанжарымен бәйтеректі,Қақ жарып төбесінен салып өтті,

Қыз қорқып лақылдатып құсты сонда,Құсықпен талай нәрсе түсті сонда,Қыздың жаны қиналды мұны көріп,Су сатып, су алдырып ішті сонда.

Екінші бәйтеректі тағы шапты, Сұлудың төбесіне жақын қапты,Үшінші рет шапқанда қатты айқайлап,Қыз астынан бір жылан тұра қашты.

Жыланды қанжарменен екі бөлді,Ысқырып ширатылып жылан өлді,Бас сиқырын құстырды осы қыздың,Қызды шешіп бәйтеректен қоя берді.

Сылқ етіп қыз талықсып құлап кетті,Су бүркіп тірілткен соң түрегепті.Сиқыры денесінен кеткеннен соң,Қыз тұрып байбатшаға қызмет етті.

Page 161: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

161

Д. Қамзабекұлы

Жолдас жігіт сөйледі мұның сырын,Жан білмейтін сиқырын мұның бұрын.Қыз бенен дүниенің бәрін саған,Жан достым, мен алмаймын иба қылдым.

Сен келдің жолдас іздеп зиратқа,Бес кісі зиратты қазған шақта.Бес жүз ділдә сен төлеп қаздырмадың,Сонда ғана мен қалдым рахатта.

Өтедім дүниеде борышыңды,Разы бол бізден болған шапағатқа.Мен едім сол зиратта өлген мәйіт,Ұшыраған тірі күнде кесапатқа.

Ал, достым, мен сөйлейін сөзім тыңда,Құданың тағдырымен келдің мұнда.Кепіл болған біреуге борыш еді,Төлеуге пейіл едім Тәңір алдында,

Жан достым, еш адамға кепіл болма,Көзің сал анық тыңда оң мен солға.Кісі ақысын дүниеде төлеу – мұрат,Қызықпа пайдасы жоқ арам пұлға,

Жан достым, жолдағы өткен көпірге бар,Астында қанша дүние қазына бар.Жүз түйелік сол жерде қазына бар, Көшіріп ал тезірек жатпа тұрма.

Жан достым, менің айтқан тілімді ал,Мол еді сол дүниені сен жиып ал.Қымбаттым, елге алып келгеннен соң,Кешікпей атырапқа мол хабар сал.

Page 162: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

162

Омбының Алаш дәптері

Дүниені танып алсын өз иесі,Кейінгіге жол болсын бұл бір мысал,Далада қалған малға сен қызық па,Жасаңыз дәл осыдан сіз байтұл мал,

Амандасып жолдасы жүріп кетті,Бұлар да шаһарына аман жетті.Әкесі баласына қуанғаннан,Шаһарға зияпатты ойын етті.

Ойын бітті баласы сұлуды алды,Шақыртып молдаларын некеленді. Дүниені көпірдегі алып келіп,Бәрін де байтұлмалға жиып салды.

Хабарды естіген соң келген халық,Танығаны дүниесін өзі алды.Мұратқа ақсұр жігіт жеткізіпті,Артына осы кеңес мирас қалды.

Жазылды осы кеңес мысал үшін,Сүйеді дүниені қай бір кісің.Біреуге несібе қор, біреу өтер,Біреудің біреу талап дүниесін.

Жолыңды тура баста балаларым,Бар болса жол бастайтын саналарың.Мәселе жаза салдым ермек үшін,Ғибрат ұққан жанға бермек үшін,Ғылымның дариясы........Ләззәтін татып соның көрмек үшін.

Осымен ақырлассын болып тәмам,Қартаймайтын өмірде қандай адам.Ақылың болса өскенде бір оқырсың,Үммат жан, әдейі арнап жаздым саған.

Page 163: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

163

Д. Қамзабекұлы

Артық хақым болмады ұзартуға,Көңілім соға берді қысқартуға,Парасат фаһұм ойға жіберсем де,Болмады қосымша қып сөз арттыруға.

Жазылды бұл қашан деп өтінсеңіз,Фебрал бесі күні болды деңіз.Ой төртеу, ақыл алтау осы күнде,Кәрілік бұ да жетті болып егіз.

Жұманұлы Әбілда.05.02.1935 ж.

ӨмІР – ТаРТыС

Өмір тартысы,Жарым-жартысы,Түгел тұра алмас,Бесі менен алтысы.

Сөздің балшысы,Тәйкесі мен алшысы.Қабыспайды пікірге,Аң аулайтын аңшысы.

Босқа қалған,Аулаған аңнан.Қыбырлаған жаннан,Біріне тамбай тамшысы.

Қалтам тесік,Жұмсақ-ақ бесік,Бірдей-ақ десіп,Күшті айқай даңшысы.

Несіне мәз боп,Қысы мен жаз көп.

Page 164: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

164

Омбының Алаш дәптері

Тағы алдыңнан табылар,Қолда ұстаулы қамшысы.

Ойылған жара,Дәруін ала,Табиғи және,Дауа табар майшысы.

Сыртым түтін,Ішім бос.Бүкіл әлем сияды,Жабуы даяр жамшысы.

Айнаны көрмек,Арман жоқ өлмек,Бәрі түгел сүгірет,Біле алмайсың қайсысы.

Өмірде өмір,Өрге өрмелер,Өмірде қалмай,Ақырда бір тереңдер.

Ә.01.03.1935 ж.

бӨлек

Наданның өзі керең, ойы бөлек,Жұғыспас жанға жақын бойы бөлек,Жайылмас малға қоссаң бақсаң дағы,Қасқырдың орып жейтін қойы бөлек.

Қосылмас қайнатсаң да қаны бөлек,Айырылар бір тусаң да жаны бөлек,Бір шоқта тал, емен мен қайың, терек,Өсімдік біреуінен бірі бөлек.

Page 165: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

165

Д. Қамзабекұлы

Қосуға өсімдікті ақыл керек,Табиғат жаратылды аты бөлек,Ақылды қайда өлсе де бірге өлмек,Құлаша қосылмайды табы бөлек.

Бос жүрме тірлікте елек-селек,Бөлекке бірігуге керек көмек,Көмектес қадари хал бар күшіңше,Әдет қыл жас күніңнен өспе бөлек.Наданның көңілі бітеу, көзі соқыр,Адамның өзімшілік ойы бөлек.

Ә.27.03.1935 ж.

СыЙмаЙСыҢ

Бас-басыңа би болсаң,Манар тауға сыймассың.Ақылды адам кез болса,Ақылына тоймассың.

Қараңғылық жойылмай,Бөтен бола қоймассың,Тату болсаң бірлесіп,Қызығына тоймассың.

Араз болсаң біреумен,Өлтіруге оны қимассың.Таза жүрсең зиянсыз,Қадір-құрмет сыйлассың.

Көңіл қойсаң бірлікке,Бойыңды қорқып жимассың.Болмашы іске киліксең,Сөзімді ақыр сынарсың,

Page 166: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

166

Омбының Алаш дәптері

Әуірелікпен мастыққа,Жұртым неге құмарсың,Тіл алмасаң, балалар,Құмардан бір шығарсың.

Ә.10.04.1935 ж.

ЖамаН

Тура жолда қаңқулаған сөз жаман,Тәрбиеге шыдамаған қыз жаман.Махаббатсыз қырындаған қарамай,Алабұртқан қырын қарап көз жаман.

Сырты бүтін, ішінде көп аласы,Алаштан да жаман туған ез жаман,Басы көп те, денеде жоқ ортақтық,Өзімшілдік бауырлаған еп жаман,

Жарқырамай қараңғыда бықсыған,Ұмытпайтын мұнар бұлтты көк жаман,Парасатпен жұртқа жанын қиғанды,Ұнатпаған сондайларды көп жаман.

Түзу, қисық айырылыспай тең жүрсе,Ашылмаса аралары сол жаман.Біреу білсе, білмеген тіл алмаса,Табылмайды бұдан артық ең жаман.

10.05.1935 ж.

ЖақСы

Ынтымағы бірге болса көп жақсы,Сөйлегенде аңғырттықтан еп жақсы.Ынтымақсыз бытыраған қоғамнан,Қалың біткен даладағы шөп жақсы.

Page 167: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

167

Д. Қамзабекұлы

Қолдан келмес босқа ұмтылып жұмысқа,Жүргеннен де бойды баққан бек жақсы.Аралатып қорыттырса пікірін,Бәрінен де жиһангездік сол жақсы.Іздеп тапса дүние жүзін құрытып,Пікірі абзал мынаны көр деп жақсы.Тарауланған жол түбірін таныса,Анық ақыл тиянағы сол жақсы.Табиғатқа пікір барып жалынса,Мұнан артық табылмайды көп жақсы,Қараңғылық жарық қандай айырса,Тұрмысқа бас қаһарман сол жақсы.Айырмасаң адал-арам арасын,Үйде отырған көжемді ішіп мен жақсы.Көзің болса алыс жерді көретін,Қырағысың менендағы сен жақсы...

01.06.1935 ж.

еСТеН қалмаС

Естен қалмас асыл ата батасы,Ықыласпен берсе болмас қатасы.Адам басы жел айдаған бір қаңбақ,Табиғаттан ризық іздеп татасы.

Жатар жерің ақырында тар қабір,Мөлшерінде ризық бітіп жатасы.Табиғатқа бағынуда көп мән бар,Қарастырсаң толып жатыр шатасы.

Естен қалмас нахақ болса қылмысты,Үлгі қалмай қисайғанда бір істі.Адал пікір ойға салсаң ойланып,Сонда өзіңе өз пікірің дұрысты.

Таза болса сауатында жүрегің,Сенен болмас еш бір пәнде рысты,

Page 168: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

168

Омбының Алаш дәптері

Шайпау едім, салақ едім білімге,Әкем бір кеп бата беріп ұрыс-ты.

Естен қалмас жанған отқа күйгенім,Тандырында селкілдедім, биледім.Ұмытылмас көрген мисал түсімде,Қолыма алдым от ішінде тигенін.

Ұмытылмас қараңғы күн көрген таң,Көз алдымда елестеген неткен жан.Табиғаттың тартысына көз салып,Ұмытпастан белгісіне мен аң-таң.

Ұмытылмас наданшылық сөздері,Көрмеген соң кінәлі емес көздері.Өзі ғалым, өзі диқан білімпаз,Бірі де жоқ кемістігін сезгені.Ерте кетіп, кеш келеді әдет қып,Бар кәсібі ел арасын кезгені,

Естен қалмас асыл ата батасы,Ықыласпен берсе болмас қатесі,Адам бас жел айдаған бір қаңбақ,Табиғатпен риздық іздеп татасы.

Ә.15.06.1935 ж.

ЖалҒаНШы ЖаРық ДҮНИе

Жалғаншы жарық дүние,Бізден де бір күн қаларсың,Піл сауырлы қара жер,Қойныңды ашып қол жайып,Құшағыңа аларсың.Айқай, сонда күн қараң,Басыңа ақ тас қойылса,

Page 169: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

169

Д. Қамзабекұлы

Сөз бен түрлі безенген,Үстіңе топырақ үйілсе, Шөккен нарға меңзеген,Тіл кесіліп үн бітер,Сайраған мына жыраудан.Тыңдаған айтар не пайда,Мұндай сөзді жырлаудан.Дүние қуған көңілім,Нәпсіменен қарайған.Қақ диуанда асықтай,Мұрат тапқан құдайдан.Сонда бір көңілім сап болар,Жалғыз жатып күңіреніп,Қазаны ойлап толғаудан.

Бөкейұлы Шәнгерейден 29.07.1936 ж.

келДІм

Мен өзім елу тоғыз жасқа келдім,Надан боп өңгелерден басқа келдім.Менен қор, менен төмен жан болмады,Ауыр жүк көтерместей тасқа келдім.Жаралып дүниеге келсем-дағы,Өзіме-өзім жебір қасқа келдім.Ере алмай қатарына көз сала алмай,Қызығын қызықтадым басқа елдің.Толқынды байқамадым толқып жатқан,Мәз болып көлеміне дария көлдің.Маған да жетеді деп осы дария,Бір тамшы бойға тамбай босқа келдім.Өкініп қартайғанда туғаныма,Табиғат ағымына енді көндім.Көнбеске ерік бар ма табиғатқа,Артында қалғаннан соң басқа елдің.Жарысқа тұлпарларға қосыла алмай,

Page 170: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

170

Омбының Алаш дәптері

Бәйгеде артта қалып босқа келдім.Сағымға бұлдыраған көзім жетпей,Соңында әуре болдым соққан желдің.Тарихи өткендердің сөзін ұқпай,Қадірін бағаламай сары белдің.Фаһұмсыз меңіреу мылқау тумысыма,Мен неге басқаларша ерік бердім.Болмасқа кеткен екен өткен өмір,Зайығы болған-ау деп көз жібердім.Өмірді қайта қолға түсіруге,Мұқтажы қазір болды бір шебердің.Жалынып қолын алсам пір орнында,Қолынан келер ме екен бәйгі кердің.Төңкеріп жерді аударып берер ме екен,Тұтқасын тауып берсем қара жердің.Қиялға босқа бекер түскенімше,Соңына мен ерейін көргендердің.Құдықтан инеменен су шығарды,Ойланып ақырында жаңа келдім.Табиғат ағымына бойды тірей,Не қылсаң да ерік өзіңде көндім-көндім.Маһұрыр қалдырмас деп мені дағы,Босатып ықтиярға тізгін бердім.Бой жесе де ой жетпей жүргендіктен,Дүниеге жас бала боп жаңа келдім.

Жұманұлы Әбілда 01.01.1937 ж.

ОқУ ТУРалы

Оқып қал, балаларым, шал боларсың,Оқымасаң бос жүрген мал боларсың.Жоңышқа шалғын шықпай жиылысқа,Жер таппай жайлауға да зар боларсың.Оқу мен кәсіп өнер білер болсаң,Көтерген ауыр жүктен ар боларсың.

Page 171: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

171

Д. Қамзабекұлы

Қоғамқа пайда істе оқып алып,Меһирбан әулетіңе жар боларсың.Көктөбе жер ортасы оқымасаң,Жүре алмай екі жаққа дал боларсың.Ұнаса көзіңді сал бұл нұсқаға,Ұнамаса жолына кетсін барсын.

Ж.Ә.05.01.1937 ж.

Жаз

Сәуірде көтерілер рахмет туы,Көрінер көк жүзінде қаз бен қуы.Көктен жаңбыр таулардан сулар ағып,Жайылар жер жүзіне қардың суы.Ұшпақтың бір сәулесі жерге түсіп,Өсірер жерден шөпті нұрдың буы.Жақындар Құдайымның көктен күні,Тең болар жарлықпенен күн мен түні.Аспаннан рахым менен күн күлгенде,Қуанып қыбырлайды жердің жүзі.Ұйқыдан көзін ашқан жас балаша,Жайқалып күле шығар белдің гүлі.

Шапақтан бұлт шығар тұманданып,Жаңбырлы күндер түсер мұнарланып.Адамзат нұр ауасын судай жұтар,Шөл тартқан айуандарша құмарланып.Жетпеген үлкендікке жас балалар,Жүгіріп ойдан қырға жұмарланып.Сәуірдің әрбір күні дертке дәрмен,Құдайым дәрмен бол деп етер пәрмен.Бір малы шаруаның екеу болып,Қыстаудан ел шығады алуан-алуан.Күлісіп құшақтасып әзіл етер,Әйелдер көш жөнелтіп кейін қалған.

Page 172: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

172

Омбының Алаш дәптері

Жүгіріп киік, құлан тау мен қырда,Қуанып ықыласпен келген жылға.Алыстан мұнарсыған сағымдары,Шақырып тұрар күліп кел деп мұнда.Көл бұзылып көк шығып қойнын ашса,Қаңқылдап қонар оған қаз бен тырна.Адамзат сайран етер көңілі жай,Секіріп ойын салар құлын мен тай.Қой маңырап, сиыр мөңіреп шат болады,Тасиды күркіресіп өзен мен сай.Аяғын алшаң басып түйе шығар,Жаратқан мұнша таңсық жаппар Құдай.Кеш болса күн қонады таудан асып,Шапаққа қызыл алтын нұрын шашып.Аһ ұрып шүкірлікпен құшақтасар,Рахат пен көш алдында талай асық.Боз үйден таң алдында күйеу шықса,Артынан қарар жары жүзін басып.Құдайға шүкір етер жас пен кәрі.Берсін деп жанға рахат мұндай дәрі.Адамзат, жан-жануар, құрт-құмырысқа,Ризалық бір Құдайға аса разы.Қырда орман, жер жүзінде бәйшешектер,Шуылдап шүкір етер мұның бәрі.

Алтынсарыұлы Ыбырайдан10.01.1937 ж.

құлаГеР

Құлагер – әкең тұлпар, шешең – сұңқар,Соғып ең дөненіңде сегіз арқар.Сен өлсең, орның басар кербесті бар,Болады Құдай қосса о да тұлпар.

Ор болып қалушы еді шапқан жерің,Сүйсініп тұрушы еді қосқан ерің.

Page 173: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

173

Д. Қамзабекұлы

Атығай, қарауылға олжа салған,Бота тірсек, қыз сағақ сандал керім.

Шынымен өлгенің бе құлагерім,Салбырап саптаяқтай төменгі ернің.Баспа бас қызға бермес жануарым,Басылмас бір сөйлемей менің шерім.

Құлпырған күлте жібек құйрығың-ай,Сымпиып топтан озған жүйрігім-ай.Түбіне Ерейменнің айдап келіп,Құданың қарай қойшы бұйрығын-ай.Мал бітер бас есеңге деген сөз бар,Өзімнің тауба қылдым тірлігіме-ай.

Түбінде қарақшының тұрдым тосып,Бәйгеңді алушы едім талай қосып.Алдыңғы ат баран емес қылаң дейді,Сол жерде тұра алмадым денем шошып.

Жел соқса қамыс басы майда деймін,Ат қостым ат айдаушы айда деймін.Алдыңғы ат баран болмай қылаң болды,Жығылмаса құлакер қайда деймін.

Жануар жаз жайладым, күз жайладым,Сыртында қызды ауылдың көп байладым.Құлагер мерт болды деп естігенде,Жұлдым да сақалымды ойбайладым.

Міндімде бос шұбарға тура шаптым,Ағашын Ерейменнің қоймай қақтым.Намазшам, намаздігер арасында,Баланы жылап жатқан зорға таптым.

Қорамсаұлы Ақан серіден20.01.1937 ж.

Page 174: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

174

Омбының Алаш дәптері

ДҮНИе

Дүние адастырар қуғаннан соң,Шырмайды қол-аяғың буғаннан соң.Дүние аз күншілік пәни жалған,Басыңнан қайғы кетпес туғаннан соң.

Қаршыға әлсіз болса қаз алмайды,Ер жігіт елсіз құлаш жаза алмайды.Бұл дүние жұртты алдаған бейне базар,Әр адам өз әлінше базарлайды.

Қорамсаұлы Ақан серіден24.01.1937 ж.

СаХаРаҒа қаРаСақ

Сахараға қарасақ,Жайылды қойдай халайық.Бейғамына қарасақ,Қасқыр жеуге лайық.Көңіл сезді, көз көріп,Айтпай қайтіп шыдайық.Жау жағадан алқымдар,Бөрі етектен тақымдар.Бұған лаж қылайық.

Балаларды оқытып,Көңіліне өнер тоқытып,Талап қылып сынайық.Адал ниет, ақ кәсіп, Үйде отырып қорланбай,Ашық тұр ғой кең есік,Кіріп таққа жылайық.Қаршыға аңдыр қоянды,О да шошып оянды,

Page 175: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

175

Д. Қамзабекұлы

Талап етер күн туды,Кел, ұйқыдан тұрайық.

Орманбетұлы Нарманбеттен (1905)28.01.1937 ж.

қаРаСұР аЯҢДаЙ беР, қақПаН белІм

Қарасұр аяңдай бер, қақпан белім,Тар көпір, тайғақ кешу шапқан жерің,Былғансаң бел сақтаймын шомыламын,Ақ сабын айдын көлдей қайран елім.

Көңілімді көтерейін сөйле, тілім,Не керек іште жатып бекер білім.Қарлықты қарындастан жапа тартып,Сайраған садуғаштай қайран үнім.

Жайқалған жапырақтай жас өмірде,Көріксіз қолмен соқтың көк темірді,Жаман ат жақын жерден ұшырасып,Сұлтандай сүйегімді ит кемірді.

Қаз табан жүйрік едім тас баспаған,Қасқайып қалың топқа сөз бастаған.Бақа ойнап, балық жүзіп, қоян ішті,Қақпақты шыңырау едім жан ашпаған.

Орманбетұлы Нарманбеттен (1905)05.02.1937 ж.

мылТық ПеН меРГеНШІлІк

Мылтығың түзу болсын өзі сырлы,Сүйенді оғы болсын алты қырлы.Қолында қызыл темір қалың ауыз,Алысы мен талғамас жақын жерді.

Page 176: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

176

Омбының Алаш дәптері

Аузы тар ішкі қыры болсын терең,Аң қашпайтын қанды ауыз өзі берен.Артық салған дәріңді көпсінбейтін,Үстіне серіппесін жақын жерден,

Темірі бір қалыпты болса ала,Ауыр жеңіл болмасын орта ғана.Көрінгенді алғандай көңіл шат боп,Мойныңа салып шыққан сахараға,

Мылтығы шаңқ еткенде жерді жарып,Көздеген дөп жеріне тисе барып.Асығып жан-жағына қарап мерген,Мақтанып бауыздайды қоразданып.

Қанын сүртпей пышағын қынға салып,Жаны шықпай тірсегін тесе салып.Ат пен тұмақ өзектің ар жағында,Сүйретіп оған барар бір дем алып.

Абыр-сабыр жанына тез байланып,Мұны біреу алар деп көріп қалып.Тағы да аң көрінсе атайын деп,Атына ол мінеді даярланып.

Оқшантай жоқ, құты жоқ баяғыдай,Бақалшыдай мойнына қоржын салып.Ол кезде жатқан аңнан қатты қорқар,Өлтіретін жауындай басын алып.

Аяғын байқай басқан соза жүріп,Тым ұялшақ болады сонда тұрып.Маңдайынан қарайды жылмырайып,Қай жерден атамын деп ой ойланып.

Page 177: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

177

Д. Қамзабекұлы

Асығыс алабұртып қарағанда,Жатқан аң екі болар сағымданып.Сіңбіретін дәрмен жоқ ол бір тар жер,Мұрны бітіп тұрса да қабаттанып.Биссмилла аллаһуакпар деп айтады,Көңіліне салса Тәңірім мұны салып.

Оқудан соңғы өнер мылтық деген,Халайық құлақ қойсын тілге нанып.Жері бар парызға да қосылатын,Жан қару дұшпаннан жүрсең алып,Атпағандар түсінбейді айтқанменен,Көңіліне мергендердің бәрі де анық.

Ақансері Қорамсаұлынан10.02.1937 ж.

бІРІНШІ Назым

Жаһилдік ғадым сөзін тыңдамаған,Шарғыға мықтап белін байламаған.Хайуандар хисабында көрінеді,Асылын базар салып аңдамған,Құр сипат көруменен неге жарар,Тотыда не қасиет бар сайрамаған.Бұлбұлдар фаруаз етіп сайрар гүлде,Шығарар қапаларын бар көңілде.Әрқайсысы қадірі өзіне артық,Дудақ шөлде, аққу-қаздар көлде.Пәндеге пәнде қылма жүз салдырып,Телміртіп бір жаманға көз салдырып,Маһұрым ете көрме Рабиім қадір,Рахмет қазынаңнан құр қалдырып.Кірлетпе абыройымды тілеймін көп,Дүниенің фетнасына шырмалдырып.Хат етіп аз уақытта жазам ғазал,Дертімді іште жатқан қозғалдырып.

Page 178: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

178

Омбының Алаш дәптері

Әркімдер оқып ғибырат алмақ үшін,Кетемін жүрген жерде сөз қалдырып.

Ер жігіт жалақтамас жоқ болса да,Сескенбес жанып тұрған шоқ болса да.Ажалсыз жан шықпас деп қарсы шабар,Жасалған зеңбіректен оқ болса да.Еш іске уақыт жетсе ие болмас,Қаншама сауысқаннан сақ болса да.Біреудің көңілі зор қолы қысқа,Жіберер қыран құсша көзді алысқа,Орнына бар қаруын жұмсай алмай,Біреулер шалдығып жүр жүрмей босқа.Біреудің қолы ұзын көңілі төмен,Еш істен хабары жоқ білмегеннен.Шүкірна жоқ бәріне қанағатсыз,Итшілеп өтер күні өлмегеннен,Адам көп дүниені жүрген былғап,Біреуін кез келгенде біреуі алдап.Азаппен ғұмырына біреулер жүр,Құрыққа ұстай алмай сырық жалғап.

Жігітке мықты дәулет – амандығы,Қанағат барға етпесе надандығы.Шарт жұмып екі көзін жүргенменен,Көрінер қалайынша адамдығы.Ісі жоқ ғұмыр зая өткенменен,Табылар ислам түзік күткенменен.Басыңа ешбір пайда табылмайды,Қызымет бір жаманға еткенменен.

Мінезі ақымақтардың сол сияқты,Жүреме божысыз ат жеккенменен.Өзінің қалыбында боп жарасар ма,Жібекті шуда жіппен тіккенменен.Зәредей кемімейді аққан бұлақ,

Page 179: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

179

Д. Қамзабекұлы

Бір күнде миллон шелек төккенменен.Бергені бір құданың нық болмаса,Болама құр көбікше көпкенменен.Боларын пайда білмес тасқан күні,Талабы ілгері рек басқан күні.Мұратқа қолмен істеп жетпес ешкім,Болады Тәңірінің қосқан күні.Самұрық қарға тағанға етер қызмет,Басынан бақыт дәулет қашқан күні.Кім білер тұлпар жайын шаба алмаса,Ер сарсаң іздеп мақсұт таба алмаса.Бұл күнде сөз өтірік, іс жаңылыс.Дос достың қадірін біліп баға алмаса.Көңілін бір пайданың ойласа қош,Дұшпан сөзі аяқсыз қалады бос.Күшің жетсе бір қос тік әр шаһарға,Деген нақыл жауда да қалсын бір дос.Жан құрбан дос қалпында тұрған болса,Үз үміт егер көңілін бұрған болса.Шаһарды шеттен келіп жау алмайды,Айнала атырабы қорған болса. Шайқалып бір төгілмей кетпейді іші,Қатардан асып егер толған болса.Ақыл ауыс болғанда ырыс жұғыс,Ырыс қашса, қоймайды болса туыс,Дәулет-бақ жуған қолдың кірі дейді,Дүниеде жоқ қозғалмай тұрған нық іс.

Дүниеге, дәулет-баққа толғандар бар,Еш мұңсыз уақытында тұрғандар бар,Кетерінде көшпелі бұлыт секілді,Түсте көрген секілді қалғандар бар.Болмасын бақ көшпелі өріс кекті,Қозғалмай сірә орны жоқ тұрған тіпті.Келуі алыс кетуі қасқабақтан,Орнықбас жұмсасаңда қанша епті.

Page 180: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

180

Омбының Алаш дәптері

Не ғажап кейбір дәулет насқа бітер,Рахымсыз жібімейтін тасқа бітер.Ішіп, киіп не беріп қызық көрмей,Дүниеден тарлықпенен босқа өтер.Бір тиынды иманнан жақын көріп,Тұтамдап құйрығынан ұстап өтер.Болса егер хакім жемқор, байлар сараң,Ақса да рахым етпес көзден сораң.Кейбіреу амалменен байыдым деп,Етеді дәулетт бітсе жымың-жымың.Жоқ істен ақымақтығын білгізеді,Малым бар деп мастығын көргізеді.Біреуге қонақ асы берсем егер,Қолқаға бір орынды жүргізеді.

Наушабайұлы Нұржаннан20.03.1937 ж.

ТақПақ Назым

Құрметлу зайғы өмірден Ұйқыда көрген түс артық,Тар жерде тартқан кешуден,Ерлердің қылған күші артық.Қу қанжыға жүйріктің,Тобыршақтан несі артық,Көктемесе жаңбыр боп,Қайырсыз жаздан қыс артық.Тобылғылы шұбардан.Панасыз таудың несі артық,Қадір білмес туғаннан.Құныңды білген дос артық.Ауру үшін жан қиған,Туысы жақсы бас артық.Білмей шалқып сөйлеуден,Сойлемей тұру бес артық.Білмегенге бағасын,

Page 181: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

181

Д. Қамзабекұлы

Алтыннан да мыс артық.Бұл опасыз дүние,Болмайды деуге осы артық.Атасы болған жаманнан,Өзі болған тең артық. Кейінгіге үлгі қалдырған,Шешендердің тілі артық.Әрбір істің қалпына,Аңғырттықтан еб артық,Шаппайтын алмас қылыштан,Қолдағы қамшың көп артық.Су аштысы теңізден,Тумада болса көл артық.Арық малдың етінен,Бір тостаған сок артық.Сайран етіп жүруге,Қараңғы түннен күн артық.Қара үзіп кеткен шешен жоқ,Өзімнен орап көк артық.Шамалы жерге талықпан,Артсаңда ауыр жүк артық.Мағынасын білмей түсінген,Сөйледі демес неге артық.Таразы маһшар күнінде,Алла білер кім артық.Күні суық зымыстан,Қаһарлы қыстан жаз артық.Көз жұмып күш айтқаннан,Базына қылған наз артық.Шаң көрсетпес жүйрік жоқ,Қара үзіп кеткен оза артық.Он ұл туса біреуден,Бірінен-бірі жүз артық.Бағасынша өзінің,Қалайыдан жез артық.Ойға салсаң Нұржанның,

Page 182: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

182

Омбының Алаш дәптері

Көп ақыннан сөзі артық.Бей ғамал жеңіл көңілден,Сабыр еткен ой артық......... жоқ ақылға,Керек емес бой артық.Әр құралың сай болсын,Шамаң келсе жи артық................ жаны қосылған,Досқа болмас си артық.Жауһарыңды мыс қылмай,Сақтауға керек ми артық.................................. даналар,Бұл сөзімді біл артық.Неше топқа салғанда,Мүдірмей кеткен тіл артық.Жиренше сынды шешеннен,Осы күнде кім артық.Қызыл гүлің солмай тұрып,Ер жігітке тәубе артық.Ғазиз жаның тілейді,Қастеліктен сауда артық.Әммә жерден ағыла ғып,Хақ жаратты тауды артық.Қызығып қақпан басарсың,Достан көрсең жауды артық.Бей асылдан асыл артық.Нәсілсізден нәсіл артық.Дос көңілін жаралап,Іс қылмайды асып артық.Кір жұқтырмай бойына,Сақтап жүрер басын артық.Шұбар құнан көзденбес,Дәулет баққа тасып артық.Риязат жолын қуғанға,Кемел ишам пір артық.Қаққа мойын ұсынғанның,Ықыластан болса бәрі артық.

Page 183: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

183

Д. Қамзабекұлы

Дүниеге мәшһүр болсаң да,Өлгеннен соң қалған тірі артық.

Наушабайұлы Нұржаннан09.04.1937 ж.

аПыРаЙ, кеСеР ме екем меН ТІлІмДІ

Апырай, кесер ме екем мен тілімді,Үйрендім қайдан өнер көп білімді.Өткіздім қасірет пен қапалықта,Қызықты ойнап күлер мезгілімді.

Жатпадым су түбінде сәдәп болып,Күнінде шықпас па едім дүрге толып.Байғұздай тас жастанып тауда жатпай,Секілді болдым қарға ұшып қонып.

Болдым ғой өнерімді тауысқандай,Мерт болдым айға шауып арыстандай.Сұңқардай биік шыңды мекен қылмай,Шықылықтап көзге түстім сауысқандай.

Сөйлеуден тиылмаған қызыл тілім,Өттің бе зарлауменен қайран күнім.Түлкінің қызылдығы өзіне сор,Болғандай болдың маған өнер-білім.

Ішім от, сыртым жалын қайнағаным,Бұйырған жұтқан аман шайнағаным.Жаныма тыныштық жоқ өзіме қас,Бұлбұлдай жағып жұртқа сайрағаным.

Сайрауға дәрменім жоқ тұрмын қажып,Ұзын түн ұйқы көрмей жүдеп азып.Тілекке көңіл жетсе қолым жетпей,Мен жүрмін құтыла алмай тілден жазып.

Page 184: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

184

Омбының Алаш дәптері

Айналдым бұлыт болып биік тауға,Іліндім болып шортан жібек бауға.Тілі жоқ көп мылқаулар тыныш жатыр ғой,Қызыл тіл сен басымды салдың дауға.

Ақылды аузын жауып тілін ашқан,Бұл күнде ақыл-білім бізден қашқан.Жеріне ақымақтықтан сиғыза алмай,Алтынның пұлын білмес жерге шашқан.

Жатқанмен алтын жерге кір болмайды,Жай таспен дүрдің құны бір болмайды.Жаңбыры аф-рахмет нұр болады,Жауғанмен басқа жайға құр болады.Жыланға у, араға бал, тасқа қына,Тамғаны тақыр жерге сор болады.

Тікенге кетсе тамып гүл болады,Көзсізге көз, тілсізге тіл болады.Жауғанмен тауға, тасқа пайдасы жоқ,Сай-саймен ағып дария сел болады.

Ғаламға аф-рахмет нұрын шашар,Үстім су болады деп надан қашар.Бір тамшы содан маған тамама деп,Дарияда жатып сәдәп аузын ашар.

Бұлыттай жауатұғын менің өзім,Көкірегім қан, жас пенен толған көзім.Жаңбырдың аф-рахмет тамшысындай,Ғаламға астам қылып айтқан сөзім.

Бораған қардай болып бұрқырадым,Жалғаннан суып көңілім тоқырадым.Бойыма алтынымды сақтай алмай,Болмаған мұныменен еш мұратым.

Page 185: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

185

Д. Қамзабекұлы

Бұл күнде алтын азып жез болыптыДүниеде жақсы-жаман сөз болыпты.Гүл іздеп гүлістанда жүрген бұлбұл,Бір күні қаршығаға кез болыпты.

Сұрапты қаршығадан сонда бұлбұл,Жалғанда ынтызарым бір қызыл гүл,Қаршыға сенде құссың, менде құспын,Ақылың сенің менен емес қой мол.

Бектердің оң қолында тұрағыңыз,Ерттеулі күнде жүйрік пырағыңыз,Кекіліктің миы менен жүрегін жеп,Табылған әрбір құстан мұратыңыз.

Татыпсың қымбат баға қадыр пұлға,Жүресің патшалармен шығып жолға.Жазым боп жазатайып түссең торға,Түсірмей ап кетеді қолдан қолға.

Өткіздім мен әр түнді сайрауменен,Басымды тікенекке байлауменен.Көрем деп қызыл гүлдің ашылғанын,Ұзын түн зығырданым қайнауменен.

Қызыл гүл мен ұйықтамай ашылмайды,Қазірше ауыз ашылып шашылмайды.Оянсам ұйықтап кетіп ашылады,Жасыретін бір көре алмай басылмайды.

Сайраумен ұзын түні көрермін деп,Көре алмай ашылғанын қасіретім көп.Ғұмырында бір ашылған уақытын көрмей,Барамын бұл жалғаннан уайым жеп.Гүл үшін тікен жастап жатқан жерім,Зарығып бұл қайғыдан қандар жұтып.Тарқамай бұл жалғаннан кеткен шерім,

Page 186: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

186

Омбының Алаш дәптері

Сен құссың бір ақымақ ақылың жоқ.Бір гүлге пайдасы жоқ болған ғашық.Сайрайсың түні бойы ауыз жаппай,Қонасың сабырсыздан әрбір шатқа-ай, Жетпестен бір мұратқа мың сөйлейсің,Сол үшін қалып тұрсың мұрат таппай.

Аузыңды ақылың болса жабар едің,Үндемей сабыр қылып бағар едің.Тілі жоқ мен секілді мылқау болсаң,Бір күнде мың мұратты табар едің.

Боласың сен ақылды менен қайтып,Зарықтың бір гүл үшін жапа тартып.Бір күнде мың мұратым болар хасыл,Адамға үндемеймін бірін айтып.

Қаршыға мұны айтқан сен бір ерсің,Мұратын әр пенденің Тәңірім берсін.Табар ем мылқау болып мұрат болсын,Болмаған ғасыл мұрат кете берсін.

Мұрныңды шошайтасың мақтағанға,Жүруші ең келемеж боп көп тағанға.Қолында көрінгеннің болып тұтқын,Мәз болып жүріпсің де сақтағанға.

Бермейді саған етті қаныменен,Бір құстың тояттапсың саныменен.Өзіңді ертеден кеш ашықтырар,Алсын деп құс көрінсе жаныменен.

Бір ұрттам қан ішесің бір құс алсаң,Сен ақымақ тамақ үшін болған сарсаң.Күйген қара сарттарға құл болғанша,Онанша жақсы емес пе өліп қалған.

Page 187: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

187

Д. Қамзабекұлы

Жаратқан бір Құдайға жетер дәтім,Зарланған ұзын түнде минажатым.Бітпесе бір мұратым кетсін-барсын,Ғаламға дастан болған бұлбұл атым.

Көпейұлы Мәшһүр Жүсіптен

СаҒыНДым

Абақтыда айды, күнді жаңылдым,Сарғайдым ғой сар даламды сағындым.Қарашығым, ұлыным деп зарлаған,Алыстағы сорлы анамды сағындым.

Жатқан үйім қабырғасы қара тас,Жарық сәуле жылы күнге жаны қас.Ауыр иіс ылғи қара көлеңке,Ерте кеште күндіз-түні арылмас.

Тапал салқын, тым қараңғы үңгір тар,Мұндай үйден кімге естілер ашты зар.Алтын күнді, қара жерді сағындым,Жан жолдасым жүйрік желді сағындым.Асау тайдай еркелетіп өсірген,Ағайынды туған елді сағындым.

Әлде қайда күн шығады батады,Сорлы тұтқын күңіреніп жатады.Қарар болсаң терезеден телміріп,Көздеп тұрған күзетшілер атады.

Ас бола ма сасық сорпа, қара нан,Алма бетте қалмады ғой тамшы қан.Қоңырау қағып оятады ақырып,Тым болмаса сіберленіп те атпай таң.

Бостандықта өткен күнді сағындым,Желдей заулап кеткен күнді сағындым.

Page 188: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

188

Омбының Алаш дәптері

Жыл құсындай ұшсам, қонсам ерікті,Ойдағыны еткен күнді сағындым.

Абақтының айға баға күні ұзақ,Жанды жейтін жылға баға түн ұзақ.Ескі моладай дыбысы жоқ тым-тырыс,Тық-тық басып күзетші жүр жалғыз-ақ.

Қара жылан, қалың ойлар қаптады,Шыбын жаным барар жерін таппады.Ойлар жейді жас жүректі жегідей,Тәңір ие таңыңдағы атпады.

Ойыны бір құрдастарды сағындым,Тілегі бір жолдастарды сағындым.Келешекке бірге пылан құрысқан,Сырласатын жан достарды сағындым.

Уға толды жас жүрегім жалықтым,Таныс дауыс ести алмай зарықтым.Не дегенін не сітегенін біле алмай,Қор болдым ғой азат жүрген халықтың.

Құшақтарға жанымда жоқ жақын жан,Басқа шапшып мазаны алды ыстық қан.Жалындаған жас жүрекке не пайда,Дене күйіп бір жатып бір тұрудан.

Жүрегіме жақын жанды сағындым,Жібек мінез хордай жарды сағындым.Айрыларда күншығыстан ағарып,Ақ жібектей атқан таңды сағындым.

Не көрсем де Алаш үшін көргенім,Маған атақ ұлтым үшін өлгенім,Мен өлсем де Алаш өлмес көркейер,Істей берсін қолдарынан келгенін.

Page 189: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

189

Д. Қамзабекұлы

Қалың елім қалың қара ағашым,Қайраты мол айбынды ел – Алашым.Өзі-ақ құлар сырың бірме сабыр қыл,Ақымақтар байқамаған шамасын.

Қазағымды, қалың елді сағындым,Сары арқамды, сайран жерді сағындым.Балдай бұлақ мөлдір күміс көбікті,Арқадағы айдын көлді сағындым.

Қуанышта «әй, сені ме?» дегендер,Күйініште мен үшін уайым жегендер.Құтылу жоқ басқан адым аңдулы,Тізіп қойып ертеңді кеш түгендер.

Тәңір ие, өзің алшы панаңа,Тас бауырлар зарға құлақ сала ма.Баласынан тұтқын болып сарғайған,Кім жеткізер сәлемімді анама.

Абақтыда айды, күнді жаңылдым,Сарғайдым ғой сар даламды сағындым.Қарашығым, ұлыным деп зарлаған,Алыстағы сорлы анамды сағындым.

Жұмабайұлы Мағжаннан

кІм ҮШІН?

Сәуірдің денеге өтіп көшпе бұлты,Саз төсек жерден қазған үйдің сұрқы.Су кешіп белбау шешпей өң өзгеріп,Жатпаған азаматтың неткен сиқы.

Күн де жоқ айығып бұлт жадыраған,Жер де жоқ буын шашып маужыраған.Күн төніп, салқын жүзбен жер мұңайып,Жел ұлып ашу төгіп азынаған.

Page 190: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

190

Омбының Алаш дәптері

Жыбырлап жәндіктер жоқ жүрген кезіп,Бар әлем тыпыр етпей жатыр семіп.Шырайсыз табиғаттың сұры қашып,Үмітсіз уақыттың да бәрі өзгеріп.

Жыры ма, шаттығы ма біле алмаймын.Әйтеуір бар әлем тұр күңіреніп.Күңгірт ой жүректі де шымшып кетед.Өмірдің қала ма деп оты сөніп.

Әйтсе де үмітпенен көңіл бөлем,Тулаған терең ойдың ішіне еніп.Анадан туғаннан-ақ өлім бар деп,Шырылдап жыламап па ем жерді теуіп.

Сондағы меңіреу өлім бір күн келер,Өрленіп алысқанның бәрін жеңер.Көлденең жақсы жаман артта қалып,Жым-жырт боп мылқау денең жерге кірер.

Ал енді олай болса мұны қойып,Ойдың құр түк өнбейді бәрін қуып.Келейін қайта айланып мақсатыма,Жұтайын жырдың суын қанып тойып.

Әлемнің кейістігі еңбек үшін,Еңбек жанса бар теңдік өнбек үшін.Сол теңдіктің алдыма торын құрған,Күншілдің сыбағасын бермек үшін.

Аспанды ашулансам жер қылам деп,Күн сілкінер өзгертіп шырай түсін.Барлық еңбек бірігіп тілек қосып,Көрсетпек қан майданда жігер күшін.

Ішінде сол еңбектің мен де бірі,Теңдіктің жеміс күткен жігерлі ұлы.

Page 191: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

191

Д. Қамзабекұлы

Ұл деген сөз ерсі боп көрінбесін,Жүргем жоқ боламын деп байдың құлы.

Кім үшін тоңамын мен саз кешемін,Қазба жер жатқан үйім тал төсегім.Ұйқы жоқ күндіз түні бүрсең қағып,Не қуаныш алдымнан не күлемін.

Кімге біз шын жүрекпен қарасамыз,...........................................................................................................................................................................................

Тілегенұлы Ысқақтан«Черемошки» лагері

СаРы маЙ

Елден келген сары май –Ажары астың дәмі-ай.Жалынды жетім жүректің,Сөнбеген отын дәрім-ай.Татқан көңіл тамылжып,Қояр ма сені сағынбай.Арқаңа жазып атыңды,Келдің бе жолдан жаңылмай?Кеше алыстап кетіп ем,Бұлдырап ұшқан сағымдай.Сібірден шығып сыр кештім,Жырамен өрге қағылмай.Ет пен құртты ерітіпсің,Қанатың жүрген жаңылмай.Сені көріп жадырап,Жайлансын жүрек тарылмай.Тоқтың бағын көтеріп,Жүруші ең ашқа табылмай.Сені қуған көп еңбек,

Page 192: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

192

Омбының Алаш дәптері

Талайы қалған дарымай.Құшақтайын өбейін,Қуансын жүрек налымай.Гүлдендірген өмірді,Бейістен шыққан балым-ай.Тау жаңғыртып үн қосар,Тілімнен шыққан зарым-ай.Есіркеген еске алып,Тілегін қосқан жарым-ай.Қатықсыз, дәмсіз қара су,Тек жүргенде бәрі – май.Тірліктің гүлін жайнатқан,Махаббаттың дәні – май.Тіреліп өмір өріне,Мінеки, тұрған шағым-ай.Күйдіріп ішке шоқ салған,Жалғыз ботам, жаным-ай.Ойлағанда сағынып,От шығады жалындай.Сені өсіріп қызықтап,Күніңде күңгірт тарындай.

Тілегенұлы Ысқақ

мақал-мӘТелДеР

Жаратқан туралы

Көп қайда болса, Құдай сонда.

Тобы бірдің Тәңірі бір.

Бекерден бекер жатқаннан Тәңір безер.

Момынның есебін қу табады, Қудың есебін Құдай табады.

Аққа Құдай да жақ.

Page 193: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

193

Д. Қамзабекұлы

Мінсіз Құдай, кірсіз су.

Сүзеген сиырға Құдай мүйіз бермейді.

Алла деп барсаң, аман келерсің.

Құдайға сыйынған құстай ұшады,Адамға сыйынған мұрттай ұшады.

Ауыз – дарбаза, сөз – самал, Құдай ұрғанға не амал?

Құдай бір айналдырғанды шыр айналдырар.

Алла кешірер, аруақ кешірмес.

Жақсы жар – діннің жартысы.

Жас өле ме, кәрі өле ме – Құдай біледі.

Құдайсыз қурай да сынбайды.

Алдағыны Алла біледі.

Аллаға жағайын десең – азаның,Қазыға жағайын десең қазаның болсын.

Шәйден басқа асым жоқ,Құдайдан басқа досым жоқ.

Адам бағын Алладан табады.

Адамның басы – Алланың добы.

Тәуекелдің тауы – бір Құдай.

Құдайдан сұрасаң кешірер,Кісіден сұрасаң, екі көзіңді өшірер.

Құдай деген құр қалмайды.

Момынның ақысын Құдай жемейді.

Page 194: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

194

Омбының Алаш дәптері

Білмес Құдайды білмес,Көрмес түйені көрмес.

Құдайдан қорықпағаннан қорық.

Төртеу түгел болса,Төбеден жерге келтірер.

Кәпірді суық көріп, мұсылман қой.

Ай кірсіз, Құдай мінсіз.

Ақжалау барда малым бар деме,Әзірейіл барда жаным бар деме.

Уәде – Құдайдың бір аты.

Алладан басқа панам жоқ,Тәңірі қылды, шарам жоқ.

Әр қамалға – бір зауал.

Қапа, опа – екеуі де Алладан.

Жалғыздың жары – Құдай.

Тәңір асыраған тоқтыны бөрі жемес.

Таңғы тамақ – Тәңірден.

Қабылы – Алладан, қамы кімнен?

Сабыр – иманның жартысы.

Халық сүйгенді Тәңірі сүйеді.

Айдан басқа да кір көп,Құдайдан басқада мін көп.

Тозбасты ұста соқпайды,Өлместі Құдай жаратпайды.

Page 195: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

195

Д. Қамзабекұлы

Құдайдан – бер де тіле.

Құдай ұрғанды қоса ұрмаса,Құдайдың жандай досы бола алмайды.

Құдай сараң емес,Сақтай алмайтын жаман емес.

ел-жұрт туралы

Көп қайда болса – Құдай сонда.

Жұртты дос көрмейтіндіЖұрт қош көрмейді.

Өзім үшін туыппын,Халқым үшін күйіппін.

Тамыр берген түйеден,Тәңір берген тоқты артық.

Көп ауызы дуалы.

Көп адаспас, көл таусылмас.

Көппе тентек болсаң да, Көпке тентек болма.

Көптен шыққан көмусіз қалады.

Адассаң, көппен адас.

Ерден аспақ болса да,Елден аспақ жоқ.

Ел ағасыз болмас,Тон жағасыз болмас.

Данышпай айтса, ел айтқаны,Елдің қамын жеп айтқаны.

Page 196: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

196

Омбының Алаш дәптері

Сумен ойнама батарсың,Отпен ойнама жанарсың.

Көптен жақсылық құтылмайды,Аздан азап арылмайды.

Көп толқыса ер құлайды,Көл толқыса жар құлайды.

Көш басшысы жоқ ел оңбайды,Құралай бастаған киік оңбайды.

Ел жаусыз болмас,Жер таусыз болмас.

Жері байдың – ері бай.

Елдің күші елу батпан.

Ит тойған жеріне, Ер туған еліне.

Өз еліңнің иті де қадірлі.

Туған жердің түтіні де тәтті.

Танымайтын жердің ой-шұқыры көп.

Адалдық үшін арыдым деме.

Кеңеспен кескен бармақ ауырмайды.

Кеңеспен кескен тон келте болмас.

Кімнің жерін жерлесең,Соның жырын жырларсың.

Page 197: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

197

Д. Қамзабекұлы

Туған жерің түсіңе кіреді.

Өз елім – өлең төсегім.

Сарала қаз көлін сағынар.

Жеріне қарай жемісі.

Өз елімнің басы болмасам да,Сайының тасы болайын.

Ел қариясы – ел қазынасы.

Елінен безген оңбайды,Көлінен безген қонбайды.

Құлан кісінесе үйір жиналар.

білім туралы

Білім ауысады,Ырыс жұғысады.

Ақыл –дария,Ой – теңіз.

Білім гауһар – бағасы жоқ,Надандық кесел – дауасы жоқ.

Түстік өмірің болса,Кештік білім жи.Білмесең үндеме,Білгенді күндеме.Қына тасқа бітеді,Білім басқа бітеді.Өз білмегеніңді кісіден сұра,

Page 198: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

198

Омбының Алаш дәптері

Үлкен жоқ болса кішіден сұра.Ақыл – тозбайтын тон,Білім – таусылмайтын кен.Білім арзан, білу қымбат. Екпей егін шықпас,Үйренбей білім жұқпас.Наданмен дос болғанша,Кітаппен дос бол.Оқымаған бір бала,Оқыса екі бала.Ұстаздан шәкірт озар. Алтын алма, білім ал. Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі Білімді өлсе,Қағазда аты қалар.Ұста өлсе,Істеген заты қалар.Өнер – ағып жатқан бұлақ,Ілім – жанып тұрған шырақ.Білімді бесіктен тесікке дейін ізден. Оқу инемен құдық қазғандай. Ойнада күл, Оқы да біл.Білімдіге дүние жарық, Білімсіздің күні қаріп. Көргеннен көрмегенін көп. Білгеннен білмегенің көп. Білім алып құрасын, Еңбек етіп сұрасын. Біреу білмегеңді, біреу білер,Біреу жылайтынға, біреу күлер.Туа білмейді, жүре біледі. Білімдіден ақыл шығар.Ақылды қарттан нақыл шығар. Қарғыстың ең жаманы:

Page 199: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

199

Д. Қамзабекұлы

Өзің білме, білгеннің тілін алма. Қой асығы демей-ақҚолыңа толса, сақа тұт,Жасы кіші демей-ақАқылы асса, аға тұт. Қолдағы бар алтынның қадірі жоқ Ақыл азбайды,Білім тозбайды.Сақтықты соқырдан үйрен,Кішілікті түйеден үйрен.

береке туралы

Оңалар істің басына, Жақсы келер қасына.

Әділ бидің елін дау араламайды,Әділ патшаның елін жау араламайды.

Бөрі қартайса да бір қойлық әлі болады.

Батырдан – сауға, мергеннен – сыралғы.

Ерді көрсең, қыдыр тұт,Асты көрсең, қадыр тұт.

Аққа қара жоқ, Қараға шара жоқ.

Асыққан жетпес, Бұйырған кетпес.

Бірдікі – мыңға.

Көрген жер – бостан,Көрмеген жер – көрстан.

Page 200: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

200

Омбының Алаш дәптері

Тіс сынса, ауыз ішінде,Қол сынса, жең ішінде.

Құлағы жоқ – шұнақ,Құйрығы жоқ – шолақ.

Ханын қалмақ жаулаған,Сөйткен қалмақ оңбаған.

Жақсы кезеңге таласады,Жаман отыратын орнынан адасады.

Аталы сөзге арсыз таласады.

Би-екеме жүн түтсем де жақпадым.

Құдайсыз нұр тұрмайды,Патшасыз ел тұрмайды.

Мұртым аман болсын,Жұртым да аман болсын.

Жазуға сеніп, жаңылшақ.

Ат – арыстан, нұр – пейіштен.

Жақының аттан жығылғаны да жақсы.

Дұшпан аттан қорқады,Шайтан оттан қорқады.

Алланың шайтанынан адамның шайтаны күшті.

Ажалдан қашсаң, аяғыңнан алады,Бейнеттен қашсаң, жағаңнан алады.

Жуан қоныш, делегей етік.

Page 201: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

201

Д. Қамзабекұлы

Оңбаған ханды төлеңгіті билейді,Қараң қалған елді қатын билейді.

Иесіз елді батыр шаппайды, қатын шабады.

Өзі тоймағанның сарқытын ішпе.

Боқ жисаң, палау жегеннің боғын жи.

Өзі боқ жегеннің боғын жеме.

Ақымақтың тізгіні – құлағында,Ақылдының тізгіні – кеудесінде.

Пайғамбардың үмбеті көп жиылмайды,Көп жиылса, тек жиылмайды.

Білгенге – жыр, білмегенге – дүр.

Көйлек кірі жуса кетеді,Көңіл кірі айтса кетеді.Сүйек кірі қайтсе кетеді?

Үйдегі парызды базардағы нарық бұзады.

Пенденің дегені болмайды,Алланың дегені болады.

Жалақ болмай, бай болмайды,Салақ болмай, батыр болмайды.

Сексен тонның қадірін,Сексендегі қарт біледі.Сары атанның қадірін,Ел қыдырған сарт біледі.

Page 202: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

202

Омбының Алаш дәптері

Ер жігіттің қадірін,Ағайын білмей жат біледі.Кімнің жақсы-жаманын,Жаратушы Хақ біледі.

Берсең аларсың,Ексең, орасың.

Еңбегі аздың өнбегі аз.

Ұстаның бізі сүйкімді,Жақсының сөзі сүйкімді. Ұстаның өрісі – көрігінен төсіне дейін. Алтын менен күмістіЗергер үшін жаратқан.Арқар менен құлжаныМерген үшін жаратқан. Шебердің инесі де алтын,Соққан күймесі де алтын. Шеберді саусағы асырайды.

еңбек туралы

Есің барда етегіңді жап,Қайратың барда мал тап.

Ерді еңбек жеткізер.

Жан қинамай жұмыс бітпес,Талап қылмай мұратқа жетпес.

Тере берсе тезек те қызық.

Page 203: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

203

Д. Қамзабекұлы

Етікті нәлі сақтайды,Жігітті әлі сақтайды.

Еңбегіне қарай өнбегі.

Бейнет қатты болса,Татқаның тәтті болар.

мал туралы

Тоқты тоймас,Шөміш кеппес.

Семіздікті қой-ақ көтерер.

Сүтсіз қой маңырауық.

Қошқар болар қозының маңдай жағы дөң келеді,Кісі болар жігіттің арқа басы кең келеді.

Қойшы – өтірікші, қой – ұры.

Қойлы бай – қорлы бай,Жылқылы бай – сылдыр бай.

Жүк ауырын нар көтерер,Қаза ауырын ер көтерер.

Түйе тұзға келеді,Күйеу қызға келеді.

Ойнақтаған бота от басады.

Өлі бураның басымен тірі атанды қорқытпа.

Жомарт жоқтығын білдірмес,Жүйрік тоқтығын білдірмес.

Page 204: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

204

Омбының Алаш дәптері

Ат жаманы таймен ойнар.

Атың жақсы болса, бұл дүниенің пырағы.Қатының жақсы болса, бұл дүниенің шырағы,Атаң жақсы болса, екі дүние шырағы.

Көбеңді көр де қой.

Тай тулап үйірінен кетпес.

Антұрғанның сабағы ай далада таласар.

Тұлпар түбін табады.

Ат ұстаған азабынан құтылады.

Ат шаппайды, бақ шабады.

Арғымақ аттың баласы аз оттап көп жусайды.Асыл ердің баласы аз сөйлеп көп тыңдайды.

Атты арбада көр,Жігітті ордада көр.

Жігіттің сорлысын аттың жолдысы жеңеді.

Сиырға су көрсетпе,Жаманға сый көрсетпе.

Болдырған сиыр молаға сүйкенеді.

Ешкілі қой өреген.Қызды ауыл өсекшіл.

Бұрын шыққан құлақтан, кейін шыққан мүйіз озар.

Үре білмеген ит үйіне қонақ келтіреді.

Page 205: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

205

Д. Қамзабекұлы

Үрген ит кісі қаппас.

Ит жегенін құсады.

Ит ұлыса жамандыққа жоры.

Ит тұмсығы жерде жатпас.

Су жүйесін табар,Мал иесін табар.

Бассыз берген мал мазақ,Бақсыз берген тіл мазақ.

аңшылық туралы

Таудағы түлкіні табындағы қазы алар.

Арыстанға темір шынжыр ар емес.

Қара құс басып жейді,Сұңқар шашып жейді.

Арыстан айға шауып аяғын сындырған.

Сақ қарға сағағынан ілінер.

Асқар тауға секіріп құлан да шығар,Жыбырлар жылан да шығар.

Балықта бата жоқ,Итте ата жоқ.

Ордалы құлан ақсағын білдірмес.

Page 206: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

206

Омбының Алаш дәптері

егіншілік туралы

Қашып кетсең шашып кет.

Қыстық азығыңды жаз жина.

Берген алар, еккен орар.

Дауыл болмай жауын болмас.

Жер тоймай ер тоймайды.

Өзен жағалағанның өзегі талмас.

Жер – ырыстың кіндігі,Ер – ырыстың кілті.

Тәуекел тау жығады.

Басқа тимесе тасқа тиеді.

Дүниеде тас қатты,Тастан да бас қатты.

Жігіттің құны – жүз, ары – мың жылқы.

Ерден аспақ бар, елден аспақ жоқ.

Екі тентек елге симас.

Елдестірмек – елшіден, жауластырмақ – жаушыдан.

Болатын елдің баласы бірін-бірі батыр дер,Тозатын елдің баласы бірін-бірі қатын дер.

Page 207: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

207

Д. Қамзабекұлы

ер туралы

Су тасыса жиегіне, Ер тасыса еліне.

Ер азамат түзде – мырза, үйде – құл.

Ердің ісі – тәуекел.

Ердің малы елде,Еріккенде қолда.

Ерегестен ер өлер.

Тәуекел қыл да тас жұт,Ажал жетпей өлмек жоқ.

Ер қанаты – аты.

Ердің сыншысы – елі.

Ерге лайық ат туады.Сыпайы тонын Тәңір пішеді.

Жалынған қорған емес,Жағаласқан қорған.

Ер көңілді – бала жүректі.

Ер жігіт бір күнде – бір кісілік,бір күнде – мың кісілік.

Төс айылдың батқанын иесі білмес ат білер,Ер жігіттің қадырын ағайын білмес жат білер.

Ердің атын иә аты, иә қатыны шығарады.

Page 208: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

208

Омбының Алаш дәптері

Ер егіз, еңбек жалқы.

Ер жаңылып қолға түсер,Құс жаңылып торға түсер.

Ер тарықпай молықпайды.

Батыр ортақ, бақ жалқы.

Су жетпейін десейді жар жеткізбейді,Ер жетпейін демейді мал жеткізбейді.

Бас болмақ оңай, бастамақ қиын.

Назыңды ер көтереді,Ер көтермесе жер көтереді.

Ер бақыттың қонғанын білмейді, ұшқанын біледі.

Қашпақ, қумақ – ерге сын,Көшпек, қонбақ – елге сын.

қатын туралы

Уақытсыз ерден бақытсыз ұрғашы артық.

Атың жемпаз болса – берді Құдай,Қатының жемпаз болса – ұрды Құдай.

Алты аға бірігіп әке болмас,Жеті жеңге бірігіп ана болмас.

Заманақыр болғанда әйел базаршыл, еркек қазаншыл келеді.

Ақырет жақындағанда әйел би болар, еркек жасып ез болар.

Page 209: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

209

Д. Қамзабекұлы

Көз – шынның расы,Құлақ – өтіріктің ұясы.Еркегі айбатты болса,Әйелі ұятты келеді.

Жақсы әйел жаман еркекті түзетеді,Жаман әйел жақсы еркекті жүдетеді.

Үлкен үйді көріп, осырып отырсың,Отауды көрсең, тышарсың.

Тоқалдың өр келетіні,Кедейдің кер келетіні несі?

Бәйбіше боқты жейді,Тоқал тоқты жейді.

Жалғыздықтың өзі – сығай,Екеудің бірі – жұбай.Үшіншісі – шарана,Төртіншісі – қаймана.

Тұзсыз қосылып, дәмсіз айырылған.

Әйел жерден шыққан жоқ,Ол да – еркектің баласы.Ерлер көктен түскен жоқ,Әйел оның анасы.

Ердің семізі – есек,Әйелдің семізі – төсек.

Тең теңін олжалайды,Тезек қабын олжалайды.

Тоқалдан туып ерке болмайды,Шыбыштан туып серке болмайды.

Page 210: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

210

Омбының Алаш дәптері

Ит құйрығын өзі алып жүрмесе,Оның құйрығын кім көтеріп жүреді?

Жақсы әйел жаман еркекті ер қылады,Жаман еркек жақсы әйелді жер қылады.Жақсы таз басын жасырмайды,Жақсы әйел асын жасырмайды.

Үй іші, ағайын туралы

Немере етін жеп, сүйегін қалдырады. Еркек сергек ұйықтаса, ырыс бітеді,Әйел сергек ұйықтаса, жұмыс бітеді. Ағам бар еді мір тілді – жағам жыртылды.

Бір бала – кіріс, Екі бала – дұрыс,Үш бала – ырыс.

Ай көрмесе – ағайын,Жыл көрмесе – жекжат.

Ұлға отыз үйден,Қызға қырық үйден тыйым,Қала берсе, есіктегі күңнен тыйым.

Ұлың өссе, ұлы жақсы мен ауылдас бол Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол. Қонақ асына емес, қабақ-қасыңа риза. Қонақ жаман болса, үй иесі қалдырады,Үй иесі жаман болса, қонақ қыдырады.

Page 211: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

211

Д. Қамзабекұлы

Келінің жаман болса, ұлыңнан көр.Күйеуің жаман болса, қызыңнан көр.

Иесін сыйлағанның итіне сүйек таста.

Тіріде сыйласпаған,Өліде жылыспайды.

Үй ішінен жау шықса,Тұра қашып құтылмассың.

Тұлпардың өз тұяғы өзіне дәрі.

Ине өткен жерден жіп өтер.

Інісі бардың тынысы бар,Ағасы бардың жағасы бар.

Төркін десе қыз төзбейді,Көкпек десе түйе төзбейді.

Апасының киген тонын сіңлісі де киер.

Қазаны басқаның қайғысы басқа.

Ата – баланың қорғаны.

Атаға баланың алалығы жоқ.

Сақау баланың тілін шешесі біледі.

Балаң жаман болса,Көрінгеннің мазағы.

Балалы үйдің ұрлығы жатпас.

Торғай жаңбыр жауса баласын қорғар,Бұршақ жауса, басын қорғар.

Жалғыз түйе бақырауық,Жалғыз бала жылауық.

Page 212: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

212

Омбының Алаш дәптері

Жылайын деген бала әкесінің сақалымен ойнайды.

Балалы үй – базар,Баласыз үй – қу мазар.

Балаға пышақ бермесең бір жылар,Берсең екі жылар.

Ат болатын тай саяққа үйір,Адам болатын бала қонаққа үйір.

Ат болатын құлынның,Бауыры жазық келер.Адам болар баланың,Маңдайы жазық келер.

Отыз ұлым болса да орны басқа.

Немере етін жеп, сүйегін берер.

Бас екеу болмай,Мал екеу болмас.

Сүйгенін шұнағым дейді.

Көш жүре түзеледі.

Жылы – жылы сөйлесең,Жылан інінен шығады.

Қалған көңіл шыққан жанмен семіреді.

Шын жыласа соқыр көзден жас шығады.

Қайғысыз қара суға семіреді.

Page 213: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

213

Д. Қамзабекұлы

ЕКІНШІ ДӘПТЕР

Page 214: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

214

Омбының Алаш дәптері

мәшҺҮр ЖҮСіп

мӘШекеҢНІҢ ӨзIН ТаНыСТыРУы

Тiрлiк пен денсаусығым – баста бағым,Онан соң зор дәулетім – тiл мен жағым.Құдай берген он екi мүшелерім,Өз өнерім өзіме – алтын тағым.

Алты Алашқа жайылып кеткен атым,Жүрген жерім – ду базар, қылып хатым.Ұстаз пiрдiң һүмматы болып жәрдем,Ал ұшсам, кете берем, бар қанатым.

Баянауыл, Қызылтау – өскен жерім,Кiрім жуып, кiндiгім кескен жерім.Қалам, сия, қағазды қолыма алсам,Келер қоршап бойыма ғайып пiрім.

Айдабол, Күлiкпенен – шыққан затым,Мәшһүр деген – дүр лақап, Жүсiп – атым.Орта бойлы, қой көздi, бiти мұртты,Аққұба, бидай өңдi қияпатым.

Жылым – қой, тоғыз беске келiп жасым,Жарастықты, көрнектi сақал, шашым.Жел қайықтай жел сөзге есушi едім,Тұрған күнде: «домалап өрге тасым!».

Әкем Көпей жетпiс үш жасында өткен,Дiн жолын жас күнімде бiзге үйреткен.Өзi жастай тариқат жолын iздеп,Әбiлқасым ишанға қызмет еткен.

Page 215: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

215

Д. Қамзабекұлы

Бабамыздың аты екен – Шермұхамбет,Құдайға – құл, нәбиге болған үмбет.Балаларын оқуға сүйрейдi екен,Екi қолдап жетелеп, қылып һүммет.

беС қымбаТ

«Ең әуел керек нәрсе иман» деген,«Ақырет iстерiне илан!» деген!«Құдай кешiрер!» дегенмен, iс бiтпейдi,«Иман шартын бiлмесе, қинал» деген.

«Екiншi керек нәрсе – ғақыл» деген.«Ғақылсызда таупық жағы тақыр!» деген.«Аз iске ашуланып, дiнiн бұзар,Иманын кәпiрлiкке сатар!» деген.

«Үшiншi қымбат нәрсе– сабыр!» деген,«Сабырлысы Мұратын табар!» деген.«Әр iсте сабырсыздың тәубе – зорлық,Сабырсыздық басқа пәле салар!» деген.

«Төртiншi қымбат нәрсе – шүкiр» деген,«Нығыметке шүкiрсiздiк – күпiр!» деген.Жатқан жерден: «Құдай, кешiр!» деген – қорлық,«Себеп iздеп тура жолмен жүгiр!» деген.

«Бесiншi, қымбат нәрсе – әдеп» деген,«Әдепсiзде иман тұру ғажап!» деген.«Кәпiрлiк – әдептiде тұрмағандай,Әдеп деген махаббатқа себеп!» деген.

Page 216: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

216

Омбының Алаш дәптері

ШаЙТаННыҢ СаУДаСы

Сөз қылып жаза бердім жоқтан-бардан,Далаға от жақтырдым қалап қардан.Бір нақыл, жұртқа таңсық жәдігер сөзХазірет Ғайса рухолла пайғамбардан.Бос сөзді ауызға алып айтпаймыз біз,Ынсапты шын құлақпен тыңдаңыз сіз.Базарға жұрт жиылған келе жатқанЛағынға жол үстінде ұшырапты кез.Қысқа айттым, қылмай мылжың сөзді ұзартып,Тыңдаушы кетпесін деп жалқау тартып.Ол малғұн келеді екен жолмен айдап,Он қашыр, бес есекке жүгін артып.– Жаныңа шын сөйлесең пайда,– дейді, –Дінің қатты, құр тілің майда, – дейді.Сұрады тақсыр Ғайса тұра қалып:– Барасың,– Лағынға айтты,– қайда? – дейді.– Сен шықтың тура жолдан асып, – дейді,– Біздерге жол қисығы нәсіп,– дейді.– Жалпақ жұрт бара жатқан ду базарғаБарамын мен де қыла кәсіп,– дейді.– Топыраққа бас ұрмаймын деп қылып ар,Бұрынғы дәуреніңе сен болдың зар.Басқа жұрт тері-терсек, жүн сатады,Сататын, малғұн, сенің не пұлың бар?– Жүгім бар, көрмеймісің, он бес көлік,Келемін айуанға артып екі түлік.Жұрттың тыныштық, бүтінін ойламаймын,Саламын көп бас қосқан жерге бүлік.– Қашырды, есек пенен танып тұрмын,Өтірікті шындай қылдың, нанып тұрмын.Біле алмай артқан жүгің не екенін,Тамаша айран-асыр қалып тұрмын.– Артқаным бір есекке ылғи жалған,Жалғанда өтірік жоқ бұдан қалған.

Page 217: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

217

Д. Қамзабекұлы

Нанбасаң, еріп бірге, көр көзіңменБазарға қызығымды қалай салған.Жүгім бар бір есекте – мікір-хайла,Мұнымен келтіремін үлкен пайда.Бір тиынға он тиын пайда аламынКөптің басы қосылған жиын жайда.Күншілдік – бір есекке тиеп артқан,Жібек, кендір арқанмен буып тартқан.Базарға бұдан бұрын көп барғанмын,Жерім жоқ бұл саудамнан залал тартқан.Артқаным бір есекке өңкей зорлық,Есепсіз мал табамын қылмай ұрлық.Мен алмай, оның малын кім алады,Иттер бар көріп жүрген малдан қорлық.Пайдасыз бос орынға жүрмейміз тек,Көрінген бір жерім жоқ ешкімге тек.Мастанып, артқандықтан тәкаппарлық,Жүре алмай бара жатыр мынау есек.Естумен тақсыр Ғайса таң қалады,Көзбен көріп, көңілмен аңғарады:– Киер киім, ішер ас, тамақ емес,Керек қып бұларыңды кім алады?– Базарға айдап барып салам қатар,Алдымен жетіп келер алыпсатар.Түк қоймай өтірігімнен талап алып,Ол да алдар көрінгенді, дәмін татар.Көтерме өтірікпен менен алған,Олар да бар әлінше сөйлер жалған.Кім болса бұл заманда сол әкетер,Қор болып қашан өтірік жерде қалған.Білмейді ешкім менің улығымды,Майлықпен көріп бірдей сулығымды,Қатынның ең жаманы, ит ап кетер,Талаумен мікір-хайла, қулығымды.Закон жоқ жерде мұны қалдыруға,Бұларға өзім ерікті алдыруға.

Page 218: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

218

Омбының Алаш дәптері

Білмейтін дәнемені жаман ұстар,Мікірмен алдар байын нандыруға.Базарға алып барса, не қалады,Қараумен әр нәрсеге көз талады.Білетін күншілдіктің қадір, құнынОқыған көп оқуды молда алады.Шаршарсың, базар барсаң, басың қатып,Сөйлеп тұр өз білгенін әркім шатып,Жұрт билейтін ұлықтар таласуменАлады зорлығымды пұлға сатып.Неге болыс болады малын шашып,Қашан болып шыққанша жанталасып?Текке тиын біреуге кім береді,Зорлықпенен алмаса, үкімі асып.Қарсы келсе бетіне, басын шайнар,Құнсыз, бұлсыз кедейдің соры қайнар.Өзі апарып ұлыққа тығар малынІшпес, жемес, шық бермес Шығайбайлар.Біреу ұн, біреу пұттап май алады,Біреу қой, біреу тайынша, тай алады.Тәкаппарлық жүгімді қалтасы молЖетілген надандыққа бай алады.Томпайтып қалтасына жүрген сыймай,Беруге ешбір жанға көзі қимай,Алған соң тәкаппарлық сатып менен,Дүрдиер өз үйіне өзі сыймай.Бай біткен болғандықтан қара бауыр,Арқасы ер салмастан болар жауыр.Не айтып, не қойғанын білмес өзі,Тырнадай өзіне өзі болып ауыр.Сиырдай қатып жүрер дәл болған құрт,Көмейде жоқ, бос сөзбен толтырып ұрт.Желбірер ентігумен екі танау,Семіз деп құр көрумен айтсын деп жұрт.Жүргенін білмес өзі батпақ саздап,Үлкендік айтып қояр аздап-аздап,

Page 219: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

219

Д. Қамзабекұлы

Арлан тазы бұтындай бұлтиюмен,Едірейіп екі көз шыға жаздап.Ғайса айтты: – Тоқта, малғұн, болды, – деді,– Айтқан сөзің құлаққа қонды,– деді.– Апарып оны қайда өткізесің,Он қашыр тиеп артқан пұлды?– деді.– Бұл күнде тіліңді алған жас пен кәрі,Азған жұртқа тура сен бір ем, дәрі.Жүгің не он қашырға артып алған,Немене толып жатқан соның бәрі?– Ол бір жүк шиыр емес, соны, – деді,– Бұлардан он есе артық құны, – деді.– Бұл жерде алушы жоқ, шаршамаймын,Өткізіп қайтқанда айтам оны, – деді.Мұнымен шайтан дағы базар барды,Он бес көлік жүкпенен топты жарды.Лезде апа-сапа қылды бәрін.Ұйқы-тұйқы көбейтіп дауды-шарды.Алдынан алушылар даяр жетті,Қолдан қолға түсірмей, талап кетті.Қайтқанда тағы ұшырады рухоллаға,Мән-жайын саудасының баян етті:– Бес есек өзді-өзінің орнына өтті,Жүк еді он қашырда бір ретті.Артқаным бәріне де тамиғ еді,Біреуін тілеушілер талап кетті.Иініне ала қоржын салған алды,Қайыр сұрап жұрт тиышын алған алды.Пірге қол берген сопы, бірәдарлар,Жұрттан пұл жинап, қажыға барған алды.Бір қашыр жүк бәріне түгел жетті,Тоғызы өтпей, біраз тентіретті.Қожа, молда, ишандар елді жеген,Дағдарып тұрған шақта солар жетті.Ақсақал, қажы, қожа саттым шалға,Бейнетпен мал таппаған жүріп жалға.

Page 220: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

220

Омбының Алаш дәптері

Қожа, молда көтеріп алды бәрінЕңбексіз тапқан жұрттан тегін малға:«Біз үйде қалай шыдап жатамыз,– деп,– Мұны алсақ, қарық олжаға батамыз,– деп,– Шайтаннан көтерме алған бұл тамиғтыҚыдырып үйден-үйге сатамыз»,– деп.Бұл пұлмен бірі мешіт салмақ болды,Бірі мүлгіп ишан боп қалмақ болды.Біреуде шай, біреуде ет қайнаттырып,Жұрттан пайда шығарып алмақ болды.Олардың және айтайын қылған ісін,Бұлдайды кейбіреуі көн терісін.Бас-басына бір мүсуәк омырауында,Егер өткір қылуға тамиғ тісін.Басына дағарадай сәлде салды,Жұрт қоршап, «ой, тақсыр» деп ортаға алды.Түлкінің құйрығындай бұлаңдатып,Құйрығымен сәлденің тапты малды.Тәспіні жыбыр-жыбыр серпіп тастап,Надандық қисық-қыңыр жолға бастап,Онысы – жерге шашқан бидай, тарыТорғайды келу үшін торғай бастап.Бұлардың қылған ісін қылмайды ұры,Құйылған кеудесіне шайтан қоры.Мол қылып жайнамазды жайып салып,Алғуам, кәл һауамға жайған торы.Мал табу бәрінің де болып қасты,Мал сойғыш, мырза атанып қазан асты.Жұрттың басын шынжырлап айналдыруМақсаты сол, мойнына құран асты.Тамиғ үшін түгелдеп қару-жарақ,Наданға жасап алып бұдан арақ,Тамиғтың тырнауышы болсын деп сол,Қажы барып алып келген сақал тарақ.Қапшығын қайыршылық тоқып алған,Өнер жоқ бұлар білмей қапы қалған.

Page 221: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

221

Д. Қамзабекұлы

Жұрттан зекет алуды дұрыстауға,Байлар бала оқытты жиып жалған.Бір табақ ет пенен шай беріп пара,Үміті сонда қылған бір-бір қара,Жүзіқараның айтам деп арсыздығын,Қылмайын ақ қағаздың жүзін қара.Шайтаннан, қылды сауда, көтерме алып,Орнына бұлар жүрді, шайтан қалып.Басында бақ, үйінде дүние мол,Алдына жүздеп, мыңдап малын салып.Байқамай жазып өттім бес-алты жол,Еркіме қоймаған соң қызығып қол.Ақ қағаз, қара сия басын қосып,Түсірдім жұрт көзіне, риза бол.Дін қайда осы күні, ғылым қайда,Тұрған жоқ анық көңілім бір Құдайда.Лақ пен тоқты алам деп жүрген жаннанОйлайсың тиеді деп кімге пайда...Дүниеден қалған жан жоқ аяп күшін,Қайраумен шықыр-шықыр отыз тісін.Айт, тауып, жастанайын босағасын.Молданы бала оқытқан Құдай үшін.Айтсаң, тілді алмайды қатын, бала,Енді мұны айтамын кімге ғана?Өзіңді «жынды» дейді, «шайтан» дейді,Не қылсаң, өзің қылдың, Хақ Тағала.Бет алдына мен лақтым, ауыз бақпай,Бетімді жіберген соң ешкім қақпай.Хақлықта, туралықта тұрамын деп,Жалғанда жалғыз қалдым жанға жақпай.Ежелден болып өстім байларға өш-қас,Қожа, молда, ишандар – бәрі бір бәс.Қатын-бала солармен бәрі бірге,Далада қалған жалғыз мен – тесік тас.Тас едім жергілікті Құдай тескен,Жалғанда жан емеспін көңілім өскен.

Page 222: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

222

Омбының Алаш дәптері

Белгісіз не боларым болдым бір жан.Кісі боп бір жерім жоқ көзге түскен.Ел озып шықпасам да өзім қырға,Айтқан сөзім құлаққа болды сырға.Сусынын қандырарлық болдым кеңесЕділ, Жайық, Ертіспен, Шу мен Сырға.Деймісің тесілген тас жерде қалар,Шамшырақ Хақ жандырған саулап жанар.Асыл, жасық екенін білмесе де,Желекке тағу үшін біреу алар.Дүниеде көрдім бәрін не барқатты,Бес жаста қалам ұстап, жаздым хатты.Ат беріп, ақша беріп шашқаным жоқЖүзіне жалған дүние Мәшһүр атты.Бұл атты жоқтан бар ғып Тәңірім шашты,Сөзімді жұрт сырға ғып құлаққа асты.Бойтұмар басқаларға болған сөзімӨзімді қылмас тіпті аяқ асты.Мен өзім өз-өзіме уанамын,Ләйлі жоқ, қоржын да жоқ – диуанамын.Көрінбесем, Иләһи, көрінбейін,Ешкім керек қылмаса, қуанамын.

ҒИбРаТНама

Апырмай, кессем бе екен мен тілімді,Үйрендім қайдан өнер, көп білімді.Өткіздім қасірет пен қапалықтаҚызықты ойнап-күлер мезгілімді.Болдым ғой өнерімді тауысқандай,Мерт бодым айға шауып арыстандай.Сұңқардай биік шыңды мекен қылмай,Шықылдап көзге түстім сауысқандай.Сөйлеуден тыйылмаған қызыл тілім,Өттің бе зарлауменен, қайран күнім?!Түлкінің қызылдығы өзіне сор

Page 223: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

223

Д. Қамзабекұлы

Болғандай болдың маған, өнер-білім!Айналдым бұлт болып биік тауға,Іліндім болып шортан жібек ауға.Тілі жоқ көп мылқаулар тиыш жатыр,Қызыл тіл, сен басымды салдың дауға.Бұл күнде алтын азып, жез болыпты,Дүниеде жақсы-жаман сөз болыпты.Гүл іздеп Гүлстанда жүрген бұлбұлБір күні қаршығаға кез келіпті.Сұрапты қаршығадан сонда бұлбұл:– Жалғанда ынтызарым-бір қызыл гүл.Қаршыға, сен де құссың, мен де құспың,Ақылың сенің менен емес қой мол.Бектердің оң қолында тұрағыңыз,Ерттеулі күнде жүйрік пырағыңыз.Кекіліктің миы менен жүрегін жеп,Табылған әрбір құстан мұрадыңыз.Татисың қымбат баға, қадір пұлға,Жүресің патшалармен шығып жолға.Жазым боп, жазатайым түссең торға,Түсірмей әкететін қолдан-қолға.Өткіздім мен әрбір түнді сайрауменен,Басымды тікенекке байлауменен,Көрем деп қызыл гүлдің ашылғаның,Ұзын түн зығырданым қайнауменен.Қызыл гүл мен ұйықтамай ашылмайды,Көзімше аузы ашылып шашылмайды.Оянсам ұйықтап кетіп, ашылады,Қасіретім бір көре алмай басылмайды.Қаршыға келді сонда жақындасып,Бұлбұлмен сөйлесуге жауаптасып:– Құс ішінде сен ақымақ, ақылың жоқ,Бір гүлге пайдасы жоқ болған ғашық.Аузыңды, ақылың болса, жабар едің,Үнднмей, сабыр қылып бағар едің.Тілі жоқ мен секілді мылқау болсаң,Бір күнде мың мұратты табар едің.

Page 224: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

224

Омбының Алаш дәптері

Ей, бұлбұл, ақылың жоқ неткен ерсің,Аузыңды жаппағаннан опық жерсің!– Табарым мылқау болып мұрат болса,Болмаған хасыл мұрат кете берсін.Мұрныңды шүйіресің мақтағанға,Жүруші ең келемеж боп көк тағанға,Қолында көрінгеннің болып тұтқын,Мәз болып бүресің де сақтағанға.Бермейді саған етті қаныменен,Бір құстың тояттатар саныменен.Өзіңді ертеден-кеш ашықтырар,Құс көрінсе, алсын деп жаныменен.Бір ұрттам қан ішерсің бір құс алсаң,Сен ақымақ, тамақ үшін болған сарсаң.Арбакеш сарттарға құл болғанша,Онан да жақсы емес пе өле қалсаң.Жаратқан бір Құдайға жетер дәтім,Зарлаған ұзақ түндер мінәжатым,Бітпесе бір мұратым, кетсін, барсың,Ғаламға дастан болған бұлбұл атым!

ИТ ДҮНИе

Бұ дүние жолдас емес адамзатқа,Кетедi, қайта тастап жанған отқа.Дүниенiң жамандығын көзiне айтып,Ғазал қып бес-алты ауыз жаздым хатқа.

Бұ дүние қыларына тимек шырын,Аунасаң, кетiресiң ердiң түрiн.Аулад адам жаралған барша жандыКелесiң бәрiн тастап бiрiн-бiрiн.

Ойласам, дүние iсiнде жоқ-ты сапа,Баршасын жолдасыңның қылдың қапа.Бәрiн де қарайғанның налытасың,Мақұл ма осының да, әй, би опа?!

Page 225: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

225

Д. Қамзабекұлы

Ит дүние, қарамайсың Құдайға-ай сен.Тұрмайсың бiр қалыпта орайға-ай сен.Басынан не ерлердiң кештiң желдей,Баяндап кім ге тұрдың қуармай сен.

Ит дүние, сен бiр сәурiк айғырдайсың,Ешкім дi өз бетiңмен бай қылмайсың.Қуасың әлi оны, әлi мұны,Тыныштықпен еш қысырақты жайдырмайсың.

Артыңнан иең қуып өкпесi өшер,Қайта оған қуанасың, қайғырмайсың.Сенім нен ат-тоныңды ала қашып,Сараңнан табаныңды тайдырмайсың.

Қуады, дүние сенi, барша халық,Сен деп жүрiп өмірi өтер, ғапыл қалып.Сен иттiң жаның ырза, жолдасың сол.Iшпей-жемей, шанашқа қойса салып.

Iшiп-жеп, не керегiң кимеген соң,Шашып, төгiп жүрудi сүймеген соң.Мәлім ғой ақыретте берер пайдаң,Жалғанда бiр сiлемің тимеген соң.

Бiр бақса, дүние, сенi шаруа бағар,Бағудың шаруа сорлы бабын табар.Жеткенге қадiрiңе айланасың.Кейбiреу қадiрсiз қып жаудай шабар.

Бабыңды, дүние, сенiң адам таппас,Үйiнде батпаушылар тыныш та жатпас.Бас-басы саған пәле дүние жиған,Мал сойса, сейсенбi күн саған жақпас.

Page 226: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

226

Омбының Алаш дәптері

Құдайым алайын деп қаһар қылса,Деймісiң сәрсенбi күн ебiн таппас.Қайда ағаштың басасың қайғы басын.Сол үшiн саған менiң көңiлім шаппас.

ИмаН ЖОлДаС

Өлімнің болжалы жоқ келетұғын, Әр пенде Хақ жазғанын көретұғын. Иманын жолдас етсін әр пенденің Уақыты жетіп, күн болса өлетұғын. Құдайға түгел қиып жүре беру, Еш пайда жоқ қайғыдан өлетұғын. Көп артық себепсіз-ақ кез болады, Уақыты жетсе Құдайдың беретұғын. Азаптанып жиған мал, қатын-бала, Өлсең, саған бірі жоқ еретұғын. Екі-үш қабат ақ бөзге орап қана, Терең қазып, тепкілеп көметұғын. Есі бүтін ер жеткен балаң болса, Быт-шыт қылып малыңды бөлетұғын. Бұ сөзге пыһым етіп, назар салсаң, Күн қайда өлмес бұрын өлетұғын? Ғибрат бар әрбір түрлі бұл сөзімде, Ерлерге сөз асылын білетұғын. Отырып әрбір түрлі ойға салсам, Орын жоқ бұ дүниеде күлетұғын. Сізлерден өтінемін, дін-қарындас, Не хайла бар нәпсіні жеңетұғын?

кИІк

О заманда бар екен жалғыз киік,Тамам кәпір аттанды тұзақ жиып.Тұзағына кәуірдің киік түсіп,Тартып үзіп кете алмай, қалды киік.

Page 227: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

227

Д. Қамзабекұлы

Құдайым жеткізбесін бізді жүзге,Естімеген сөз кетер құла түзге.

«Киік» – деген аз ғана өлеңім бар,Тыңдасаңыз айтамын, құлақ қойып.Киікті алды ол кәуір торын құрып,Хаққа киік жылады мойнын бұрып.Бауыздауға киікті жатқызғанда,Мұстафа Мұхамбетім кез боп қалды.Кәуірге Мұхамбетім сәлем берді:– Мұның жанын маған бер, кәуір! – дейді.– Әжетіңе жарамас арық киік,Екі лақты бейшара мұңдық еді!Көңілі бұл киіктің лағында,Қалды лағы бір таудың бұлағында.Анасына азынап жылағаны-Аян болды Алланың құлағына.Сонда Мұхамбет пайғамбар:– Киік барып, лағын емізіп келсін!– Оған шейін мен кепіл болайын, киікті босат!– дейді.Сонда кәуір айтты:– Тас, алтын шыққан тауға, теремісің,Менің айтқан сөзіме еремісің?Осы киік барғаннан келмей кетсе,Жаныңнан күйігімді беремісің?!Мұхамбет пайғамбар айтады:– Тас, алтын шыққан тауға, терер-ақпын,Сенің айтқан сөзіңе ерер-ақпын.Сол киік барғанынан келмей кетсе,Жанымнан мен жазған құл берер-ақпын.Айтады айт дегеннен хан тағына.Ақынның шек келтірме тіл – жағына.Кепіл боп Мұхамбетім жіберген соң,Зырылдап кетті киік лағына.Сонда киіктің екі лағы айтады:– Алақай, анам аман кепті! –дейді,

Page 228: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

228

Омбының Алаш дәптері

– Жүрдің б қимай тәтті шөпті? – дейді.– Күнде ерте мұнан бұрын келуші едің,Не болды бүгін саған?! – депті дейді.Сонда киік айтады:– Бар еді кішкентайдан көп күнәйым,Дауысымды шығармай, бір жылайын.Жапанның отын оттап жүргенімде,Кез қылды жайған торға бір Құдайым!Балаларының сөзі:– Отырдық сен келгенше шыдап зордан,Ажалың болды ма, ана бейнет қордан.Жапанға тұзақ кұрған кәуір болса,Не дейді босатарда сені тордан?Киіктің сөзі:– Ол кәуір босата ма, өлмей, қолдан?Тоқтатты тұзақ құрып бізді жолдан.«Келсін, – деп, – емізіп балаларын!» –Пайғамбар хақ Мұхамбет кепіл болған.Балаларының сөзі:– Ай, шеше, сен барғанда, біз барармыз,Арғыңда бір күн қалмай, тез барармыз!Пышақты сенен бұрын бізге салсын,Басыңда шыр көбелек айналармыз!Киік айтады:– Ай, балам, барма! – деймін. – Сен өлерсің!Шөп жесең, тісің шыққан, күн көрерсің.Анаң жоқ, сүйенерге атаң да жоқ,Үш уақыт тазар қылып күңіренерсің!Сол мезгілде «Киік келе қоймады!»– деп кәуір Мұхамбет пайғамбарға айтады:– Мінгені пайғамбардың арғымақ дүр,Шығырманды аралап ұшады құр.Алдың ба азап іздеп, ай, Мұхамбет,Кәне, киік келгені, кешігіп тұр?Мұхаммед айтады:– Міңгені пайғамбардың арғымақ дүр.

Page 229: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

229

Д. Қамзабекұлы

Шытырманды аралап ұшады құр.Ақшам менен намаздыгер арасындаКиік енді келеді, аялдай тұр!Сонда киік екі баласыменен үшеу болып келе жатқанын көріп,Кәуір қуанып айтты дейді:– Ұсындың, киік, мойын қойып,Сені жесем кетер ем бір-ақ тойып.Кепілдіктен құтылдың, ау, Мұхамбет,Бір киігім келіп тұр үшеу болып.Мұхамбет айтады:– Тас, алтын тауға шыққан төремін бе,Сенің айтқан сөзіңе еремін бе?«Үш киік келіп түр!» – деп, қуанасың,Мен саған осы үшеуін беремін бе?– Өзің торыңа түскен киігіңмен бол! Екі баланы саған неге өлтіртейін! Құдай өзі асырап сақтар, бұл екеуіне тиюші болма! – дейді. Сонан соң киік балаларын Мұхамбетке тапсырғаны:– Айтамын, айт дегеннен Мұхамбетім,Екі лагым, мен өлсем, қалар жетім.Жетімшілік басыңнан кешкен жоқ па,Хабарлас боп жүре гөр-Мұхамбетім!Мұхаммед сөзі:– Біз хабаршы болайық, сіз барыңыз,Тоқтау салмай кәуірге, тез барыңыз!Жылай-сықтай бара гөр, байғұс киік,Жетер ме екен Аллаға мұң-зарыңыз!Киікті кәуір қуанып қармап алды,Қармап алып, мойнына белбеу салды.Киікті бауыздарға бет қойғанда,Мұстафа Мұхамбет жетіп барды.Мінгені пайғамбардың арғымақ сүр,Аралай шытырманды ұшады құр.– Жіберші бұл киікті, кәуір, деймін,Сен өзің намаз оқып, мұсылман бол!

Page 230: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

230

Омбының Алаш дәптері

– Құс ұшып, бұлбұл деген қопар құмға,«Құдай, жеткіз – деуші едім – осы жолда!»Киігімді жіберсем, а, Мұхамбет,Мен де өзіңдей мұсылман болармын ба?Иман тапқан Құдайға құл болады,Айтқан сөзі әрқашан пұл болады.Тілге нанып, мұсылман болған адамБізден де әжептәуір сол болады.Құс ұшып, бұлбұл деген қонар сұмға,«Құдай, жеткіз – деуші едім – осы жолға!»Киігіңді жібердім, Мұхамбетім,Мен мұсылман болдым ғой, әлхамдулла!Пайғамбар бізден бұрын өтті дейді,Кейінгіге жол салып кетті дейді.– Киігіңді жібердім,– ау, Мұхамбет,Шапағатшы бол таңда! – депті дейді.Лашын мен қарғаЛашын үйрек ілді көлді көріп,Отырды табанымен басын бүріп.Лашын әрлі – берлі шоқыған соң,Бір қарға алып жейді аңдып жүріп.Келмейді ол қарғаның санасына,Үйректі алып ұшты баласына.Үйректің басын, етін көріп,Қарайды балалары анасына.– Қарайсың неге, балам, маған! – дейді,– Қалай екен, балалар, анаң?! – дейді.– Үйрек етін же-дағы қарық бол енді,Не жегізбес бұл анаң саған? – дейді.-Үйрек етін же-дағы, қарық бол енді,Құс жаралған жоқ шығар шешең теңді?!Анаң байғұс аспаннан іліп еді,Бір ерні– көк, бір ерні тіреп жерді.– Әуеде ұшып жүрген аққу мен қаз,Шешеке, өтірікшінің өмірі аз.Жын менен, атам жеген, қан шоқымай.

Page 231: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

231

Д. Қамзабекұлы

Есен-сау ұшса игі еді биылғы жаз?!– Көрерсің хақтың жүзін: « Алла!» – десең,Ай, балам, нанар едің бірге жүрсең.Шүрегей жұдырықтай, үйрек түгіл,Ақ сұңқар әуедегі етін жесең!– Ала қарға, сауысқан – құстың қоры,Ақыр заман болады-ау жылқы жылы!Атам жеген жын менен қан шоқымай,Бекер, шешем, әкелдің бізге мұны!– Қанағат қашан қашқан мен байғұстан?!Салымым бұрыннан-ақ ұшқан кұстан.Қылғалы мұны мекен – жиырма жыл,Балалар сенеп бұрын есен ұшқан.– Ертіс пен ұзын аққан Есіл деймін,Оқыған күн аударып – Бесін деймін.«Үйректі өзім ілдім!» – деген сөзіңШешеке-ау, боп жүрмесін кесір деймін!– Сұм қарлығаш тызылдап ұшып кетті,Түбіме шағымшы боп, сол-ақ жетті.– Үйрекке сенің алған мақтанды! – деп,Қарлығаш лашынға хабар етті.– Бізді шаққан жағылсын жанған отқа,Сұм қарлығаш жолықсын қайың оққа!Келгенмен, лашын маған не қылады,Онда тұмсық бар-дағы, мен де жоқ па?!– Шын сөйлеген әр жерден ет жейді ғой,Өтірікші мұратқа жетпейді ғой!Ата-бабам жемеген ас болған соң,Жесек-тағы тамақтан өтпейді ғой!Лашын, сұңқар тояттап ет жейді ғой,Өтірікті, шешеке, егітейді ғой!Қашып енді лашыннан кұтылуғаҚұйрығыма қанатым жетпейді ғой!Қара қарға айтады:– Балалар, басты өлімге байламайық,Жоқ нәрсені уайым қып ойламайық!

Page 232: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

232

Омбының Алаш дәптері

Балалар, ол жалғыз да, біз алтау ғой,Алтаумыз тұс-тұсынан найзалайық!

Қарлығаш хабар берген соң, Лашынның айтқаны:– Мінгені патшалардың – қаражал, сұрДәм татқан бір тоғайдан мың қара құр.Тұқымын түк қалдырмай, құрытайын,Жалпылдап жаман қарға қай жақта жүр?!Қарлығаш:– Берем – дейді – бір-ақ тауып,Қылмайды дәнемеден қарға қауіп.– Міне, лашын келеді, өлтірді! – деп,Қарғаға хабар беріп келген шауып.– Мінгені патшалардың – қаражал, сұр,Дәм татқан мың тоғайдан бір қара құр.Мен қашып бұл лашыннан құтылайын.Қарлығаш, балаларға қараса тұр!Жалбаңдап жаман қарға қайда кетті:Бойынан Тауаралдың мекен етті.Қырымнан көзі шалып қалған екен,Соңынан қара лашын қуып жетті.Лашын дауандардан дауан асты,Жігіттер, өтірік сөз жанға қас-ты.Соңынан қара лашын куып жетіп,Қарғаны барқылдатып бір-ақ басты.Өлерін енді қарға анық білді,Барқырап:– Айтқам жоқ! – деп, танып көрді.Мойнына айтқан сөзін қойдыруғаҚасына балалардың алып келді.Балаларынан:– Шешеңнің мақтанғаны рас па? – деп сұрады.– Мереке, күнде жиын той мен, – дейді,– Ойлаған ақ сұңқарға оймен, – дейді.– Шешемнің айтқан сөзін жасырмайын:«Бәрінен құс біткеннің зор мен!» – дейді.

Page 233: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

233

Д. Қамзабекұлы

– Білмейсің, жаман қарға, әлің! – дейді,– Ел-жұртқа сенің сырың мәлім! – дейді.– Қарғаны өтірік айтқан өлтіремін,Балалар, асырайын бәрің! –дейді.– Бәйгеден шауып келген жүйрік атты,Жігіттер, өтірік сөз жанға қатты.Лашын, сенің берген балыңнан даБір қасық анам берген суы тәтті.Мінгені батырлардың қара жал сұр,Дәм татқан бір тоғайдан мың қара құр.«Асырайын!» – дегенге ашуланған,Қырайып бәріңді де, асықпай тұр!– Балаларым! – дейді екен көріп ана,–Бұтағы осы ағаштың сегіз сала.Қорықпайтын жетімдердің көз жасынанЖоқ па екен лашын кұста біздей бала?!– Балаларым! – дейді екен көріп ана,– Бұтағы осы ағаштың сегіз сала.Тарығып, зарыққанда, әрең көргенБар еді, аман ұшса, жеті бала.– Шешекем. бірер сөзін жасырайын.Басынан жақсылықты асырайын!Шешемді өлтірмесең, Лашын-еке,Біз саған көрген сайын бас ұрайын!Бұл жерде бәрімізді қылсаң ғайып,Таусылып қалады сөз бір-ақ байып.Өлтірмей бәрімізді қылсаң азат,Шашамыз ерлігіңді жұртқа жайып.– Байладым бір қарғаны балаларға,Сауысқан – құстың қоры – ала қарға,«Тапқан сөзге – қолқа жоқ»-деген-осы,Балалар, тауып айттың, шаріп бар ма?!Күштісі құс біткеннің – бидайық құс,Өтірік айтпа, ай, қарға, артыңды қыс!Жаман қарға, сен жүрер жерің емес,Бес балаңды ертіп ап, тоғайға көш!

Page 234: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

234

Омбының Алаш дәптері

– Бау қара ағаш деген соң, бау қара ағаш,Қас болды іргемізден бір қарлығаш.Тоғайды әзім көрген жерім емес,Тастасаң алып барып, алдияр бас!Бидайық тамам құстан күшті дейді,Бауырына балаларды қысты дейді.Арасы қырық күншілік шөлдер екен,Түс болмай алып барып тоғай барып,Кетіпті мекеніне лашын қайтып,Балалар құтқарыпты зарын айтып.Бұл ғибрат кейінгіге қалсын бізден,Өткенді кім тауысар бәрін айтып?!

Хал-аХУал

Жігіттер, жақсы қайда өнер шашқан,Жүдеген ғаріптердің көңілін ашқан,Анау озық, мен кейін қалам ба деп,Көз салып бірін бірі шамаласқан?Сүрініп ат аяғы кетер болса,Дұшпан түгіл, досың да табаласқан.Бұл жұртта сұмырай нәрсе толып жатыр,Өтірік, ұрлық, өсек араласқан.Өңшең сәурік, теке мен бұқашықтарБір-бірін сүзіп, жаншып, жараласқан.Жақсыны өзі болған көре алмаған,Өрт қойып жан-жағынан қамаласқан.Ақылшы шықты бізге үй басынан,Данышпан ойы зерек, жұрттан асқан.Биге-пара, байларға-өсім болды,Бой тартқан, арамдықтан бар ма қашқан?«Сен кімнен қорқасың!» деп жел береді,Кісі жоқ «қой» дейтұғын, жұртты басқан.

Page 235: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

235

Д. Қамзабекұлы

ЖаРТы НаН

Айтатын Құран сөзiн молда қайда?Дүние үшiн ойлағаны амал, хайла.Айтайын бұрынғының нақыл сөзiнҚайырдан аз да болса көрген пайда.

Дүние өтер бәйгі атындай желiп шауып,Шөп шығар тақыр жерге жаңбыр жауып.Бiр жаяу жолаушы боп келе жатып,Бiр сандық жарқыраған алды тауып.

Қуанды алтын ғой деп көрген заман,Ұмтылды алайын деп соған таман.Жалтырап жатқаннан соң қолына алды:«Кез болды жоқ жерден деп, қайдан маған?!»

Сандықтың, ала сала, ауызын ашты,Сап-сары көрдi iшiнде алтын тасты.«Жоқ жерден бердi ғой деп, Құдай маған!»Шаттанып қуанғаннан судай тасты.

Қуанып ол сандыққа салды қолды,Қолына алып едi, жылан болды.Бiр сәтте өсiп кеттi айдаһардай,Таппады құтылуға қашар жолды.

Жылан айтты:– Сен қайдан душарластың?Жай жатқан сандық едім, ауызымды аштың.Тiрiлттiң менi қозғап қолыңа алып,Құйрығын жатқан жылан өзiң бастың.

Қолыңа алдың ойлап ненi?– дейдi,– Осынша әуре қылып менi!– дейдi.Ауызға ашылған соң қорек керек,Жұтамын ендi амалсыз сенi,– дейдi.

Page 236: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

236

Омбының Алаш дәптері

– Мекенім едi менiң сандық iшi,Жоламай кетушi едi милы кiсi.Тынбайтын қолға алғанның басын жұтпай,Құдайдың бұл әзелден жазулы iсi.

Кез қылды сенi Құдай маңдайыма,Бұйрықты болғаннан соң таңдайыма.Сен менен құтыламын деп ойласаң,Сыйғызып бұрынғыдай сал жайыма.

Бекiтiп бұрынғыдай ауызымды жап,Боламын өсе берсем мен күһi қап.Ендi сенi жұтудан басқа iсім жоқ,Кәнеки, болысатын кiсiңдi тап!

Қайралып шықыр-шықыр азу тiсi,Қарасы көрiнбейдi таудан кiшi.Әлсiреп, сасып адам тұрғанында,Көрiндi көз iшiнде отыз кiсi.

Қуанды бердi ғой деп Құдай жардам,Табылды бiр отыз жан жоқтан, бардан.Жалынды байғұс жаяу алдын тосып:– Құтқар,– деп,– мен сорлыны айдаһардан!

Мән-жайын бастан-аяқ көрдi байқап,Айдаһар жолатпайды бәрiн жайқап.Бәрi де көп тұра алмай кете барды:«Болмас, болмас!» – дестi де, басын шайқап.

– Келедi қалай жұтсам, саған шамам,Бастырман аяғыңды жалғыз қадам!– Деп ақырып айдаһар тұрғанында,Кез болды Құдай айдап бiр бес адам.

Page 237: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

237

Д. Қамзабекұлы

Жалынып оларға да жылап бақты,Зар тұтып, басындағы мұңын шақты.– Бұған бiр амал-хайла табыңдар! – деп,Қарасып бiр-бiрiне иек қақты.

Бiрi айтты:Бұл айдаһар, емес кiшi,Жиылса, бүтiн дүние жетпес күшi.Бесеуміз бұған айла, не табамыз?Бiз түгiл түк қылмапты отыз кiсi.

Келмейдi саған ғылаж қолымыздан,Алмайды, берсек, ат пен тонымыздан! –Олар да аяңдасып кете барды:– Өзіміз қалмайық,– деп,-жолымыздан!

Айдаһар ақырумен жақын келдi,Өлерiн сорлы жаяу анық бiлдi.«Кеттім ғой су түбiне!» – деп тұрғанда,Селтеңдеп бiр жарты адам шыға келдi.

Басына бiр қиын iс түскен шағы,Тынбайды жалынудан тiл мен жағы.«Тал қармар суға кеткен» – дегендейiн,Жалынды жан хайласы оған-дағы.

Жарты адам ыңғайланып тұра қалған,Сөзiне мұның айтқан құлақ салған:– Айдаһар, айтқаныңның бәрi өтiрiк,Нанбаймын мен орынсыз сөзге жалған!

Қыспаққа бұл сорлыны алып тұрсың,Сен қалайша өтiрiкке нанып тұрсың?«Iшiнде көздей сандық жатып ем»,– деп,Жоқ жерден бiр пәленi салып тұрсың!

Page 238: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

238

Омбының Алаш дәптері

Ынсапқа қарасайшы есiң жиып,Өтiрiктен ау жасап, бұрыш қиып.Көрiнген мынау тұрған денеңмененЖатасың сен сандыққа қалай сыйып?

Нандырдың талай жанды таңырқатып,Өтiрiгiң болды әшкере, таңдай атып.Сөзiңдi әуел маған рас қылшы,Сандықты қылдың мекен, қалай жатып?

Жұлқынды, айдаһарды ашу қысты,Жұлындай түтiн болып аспанға ұшты.Түтiннен ұшқын болып көзге түсiп,Сандыққа ұшып келiп қайта түстi.

Ойда жоқ жерден ойлап амал тапты,Сандыққа айдаһарды сүйтiп сапты.– Бәрекелдi, айтқаның рас екен!– деп,Сандықтың, тарс еткiзiп, аузын жапты.

– Құтылдың халас,– дейдi,– мұнан аман,Бұл өзi малғұн едi сондай жаман.Маңына ендi қайтып жолай көрме,Қарасын анадайдан көрген заман.

– Жүрегім менiң қорқып, дүрсiлдейдi,Сен не еткен тайсалмайтын ерсiң?!– дейдi.– Перi мен перiштенiң бiрiсiң бе?Жөнiңдi айт, жаным, жарты кiсім?! – дейдi.

– Ақымақ, ақылың жоқ сенiң өзiң,Осыған жетпей тұр ма әлi көзiң?!Не дейсiң, бұл айдаһар, дәнеме емес,Аузыңнан абайсызда шыққан сөзiң.

Жамандық алтындай боп түсер көзге,Қызықты нәрсе жоқ боп онан өзге.

Page 239: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

239

Д. Қамзабекұлы

Аузыңнан бiр жаман сөз шығып кетсе,Қаларсың әр орнында жанжал сөзге.

Жамандық қайдан туар, тiлден туар,Әркім де ғақыл болса, тiлiн буар.Шығарсаң бiр жаман сөз сен аузыңнан,Артыңнан айдаһар боп сенi қуар.

Оразаң отыз күнгi– отыз кiсiң,Бес кiсi – бес намазың, бiлемісiң.Жоқ қылып жамандықты жойылтуға,Бұлармен дәнемеге келмес күшiң.

Қысылды, мен болмасам, шыбын жаның,Дәрменiң қалмап едi, құрып әлiң.Танып қой, танымасаң, мен боламын,Дүниеде қылған қайыр– жарты наның!

Шықпаған, сараңдықтан, бүтiн – қолдан,Қалмас ең болса бүтiн, мұнша жолдан.Дүниеде қылған қайыр ықсаныңыз,«Тар жер, тайғақ кешуде» пана болған.

Бозбала, бiр көрерсiң өлім бетiн,Тiл алсаң, өлім бетiн көрмей, күтiн.Өлім нен күнi бұрын күтiнбесең,Бұрқылдап әр тесiктен шығар түтiн.

Жиылса бiр араға тамам түтiн,Түтiннiң не болатын көрдiң бетiн.Қайыр, ықсан, сауапты,– жарты қылмай,Қыла гөр күнi бұрын соны бүтiн.

Жеміссiз, құр қақайған болма терек,Басқаға, бiр отыннан, неге керек?«Ал хасанат из һыбын алсиат»– деп,Мағынасын бұл аяттың бiлсең керек.

Page 240: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

240

Омбының Алаш дәптері

шәКәрім ҚаЖы

аНық ПеН ТаНық

Ойлаңыз, ақыл-бiлiм қайда болмақ,Денеде қандай орын-жайда болмақ?Бiлу, нану, ұнату – ақыл ici,Қайтсе зиян, қайткенде пайда болмақ?

Тән сезiп, құлақ естiп, көзбен көрмек,Мұрын иiс, тiл дәмнен хабар бермек.Бесеуiнен мидағы ой хабар алып,Жақсы, жаман әр iстi сол тексермек.

Ой сонда неше толғау шимай салмақ,Қайтсе жөнi келер деп өлшеуге алмақ.Дәл солай қылайын деп ұнағанда,Әдiлеттi жүрегiң бiр қозғалмақ.

Бiр билiк сол жүректен шығарылмақ,Денеге ол шымырлап әсер қылмақ.Ойыңды дұрыс дей ме, терiс дей ме,Сол арасын анықтап байқа, бiрақ.

«Жарайды»‚– деп ұнаса, бас иземек,Жек көрсе, жиiркенiп дiрiлдемек.Жүрегiңнiң тiлi жоқ, ымбалы сол,Ұғып ал да бола көр соған көмек.

Қазақта жоқ ақылмен ой бекiтпек,Нәпсi ұнаса болғаны, бәрi бiтпек.Тәуекел деп ат қойып ықтималғаБайлауы жоқ нәрседен пайда күтпек.

Page 241: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

241

Д. Қамзабекұлы

Табамын деп талпынып ойына алмақ,Өз әлiнше о дағы сынға салмақ.Аз ойланса‚ қазақтың басы қатып,Зиян iстi пайда деп қойып қалмақ.

Ықтималдың есiгi екеу болмақ,Iшiне пайда, зиян... бәрi толмақ.Нысананы сығалап дәлдеп атпай,Көзiн жұмып оқ атқан қайтiп оңбақ?

Iс қылады таптым деп бiздiң қазақОнан көрген пайдасы болады aз-ақ.Аяғында ол iсi зиян шығып,Көрiнгенге күлкiмен болар мазақ.

Арам оймен ар сатып үзiп-жұлмақ,«Мiне, пайда қылдым»‚– деп мақтан қылмақ.Бiреу бiлген айланы бiреу бiлiп,Өзi құрған дарына о да асылмақ.

Шолақ ойлап, шолтаңдап, сырттансымақ,Аса мықты жан шығып көзден тым-ақ.Аударысып жүргенде ауып кетiп,Абыройың ашылар, байқа, шырақ.

Шолақ ойдың аяғы осы болмақ,Бiраз күнге көңiлдiң хошы болмақ.Арсыз, арам, асығыс, айлакестiк –Мұның бәрi шайтанның досы болмақ.

«Құдай кешер алда»‚ – деп күнә қылмақ,Ар кетiрiп ант iшiп, жан сатылмақ.Не жалғанда, немесе ақиреттеОңа алмастай өкпеден бiр атылмақ.

Page 242: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

242

Омбының Алаш дәптері

аДам НемеНе?

Бiлiмдiлер сөз жазып, зарлағанда, Ой кезiп, жердiң жүзiн шарлағанда, Алдаусыз адам өмiрiн түзетерлiк Әдiлет, ынсап, мейiрiм бар ма адамда? Әйтпесе мәз боп жүр ме қиянатқа, Зорлықпен бiрiн-бiрi жалмағанға. Мен адамнан таза ақыл таба алмадым, Ойланып, өзеленiп, қармағанда. Көрсеқызар, жалмауыз, бәрi алдағыш, Көп адамның қылығын барлағанда. Өнерпаз, бiлiмдi елдiң мiнезi осы – Аяу, жәрдем, махаббат қалмаған ба? Немесе бұлар бұрын жоқ болса да, Әншейiн бар деп бiздi алдаған ба? Көрiнер ғылымды елдiң сырты таза, Тексерiп терең ойға салмағанда. Ақымақ пен айуанның иiсi аңқиды, Iстерiн әбден сынап талдағанда.

Кей-кейде: «Түзелейiк, кел»,– деседi, Кешiкпей соғыс ашып, белдеседi. Айласы артық, қаруы сайы жеңiп, Мақтанып: «Бар ма бiздей ел?» – деседi. Тамам жан өзiн-өзi «мен» деседi, Өзгелердi жатырқап «сен» деседi. «Бiз» дейтұғын бiр елдi таба алмайсың, Бұл қайтiп әдiлетпен теңдеседi?

Ойласаң, барша адамзат – туған бауыр, Бiрiн-бiрi шұқылап қылды жауыр. Балалық, айуандықтан шыққан ел жоқ, Бұл сөзiм талай жанға тисе де ауыр,

Page 243: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

243

Д. Қамзабекұлы

Еуропа бiлiмдi жұрт осы күнде, Шыққан жоқ айуандықтан о да мүлде. Терең ойлап сөзiмнiң түбiн бiл де, Iштен жыла, шырағым, сыртпен күл де.

Сол естi елде киiм бар мода деген‚ Керегiне лайықтап киiнбеген. Жас балаша қызығып сәкәкүлге Масқара боп жүргенiн бiр бiлмеген.

Шебелет қалпақ, тар шалбар, қысқа сертек, Киiп алып, қылтиып қағар селтек. Ұнай ма ыстық, суық қозғалысқа‚ Ойланбай, болғаны несi мұнша тентек?

Әйелдерi – қуыршақ үлбiреген, Жалбыр шашақ, сәкәкүл талай неген. Кеңiрдегiн сорайтып, кеудесi ашық, Осы емес пе орынсыз сәнқой деген.

Ойлашы, осы ақылға жараса ма, Емес пе ержетпеген бала-шаға? Не денеге, не жанға жайлы емес қой, Осыған да дау айтып таласа ма?

Лайықты киiм жоқ па бұдан басқа, Керексiз кербезденiп бос шатаспа. Ақылды киiм бермес, ғылым берер, Ғылымын ал, өнерiн ал, мұны таста!

Бақ-дәулеттi мол бердi жаратылыс, Пайдаланып, қылсаңшы жақсы жұмыс. Табиғаттың таусылмас қасиетiн Жұрттың жұмсап жүргенi – ақылсыз iс.

Page 244: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

244

Омбының Алаш дәптері

Қайда кеттi жаралыс берген байлық, Ұстанғалы әскер мен қару сайлық? Жаны ашымай әлсiздi аңша қырып, Мейiрiмсiз, озбырлығы осындайлық.

Мұнысы айуаннан қалай дейсiң, Бiр жаңа өнер шықса «пәлi-ай» дейсiң. Ол өнермен өзгенi құлданып ап, Аямай өз бауырыңды қалай жейсiң?

Күн көре алмай жақының жатыр өлiп, Шiмiркенбей жемтiгiн жейсiң бөлiп. «Ғылым деген бұл болса, адыра қалсын» – Демеске бара жатыр iшiм толып.

Қанеки, ақ жүрекке қайсың жеттiң? Жеттiм деп тамам жанды тентiреттiң. Жиырмасыншы ғасырдың адамынан Анық таза бiр елдi көрмей өттiм.

«Мен – ақ жүрек» деген сөз босқа шығын, Қару, күшпен көрсетiп қасқырлығын. Мылтық билеп тұрғанда әдiлет жоқ, Алдамай-ақ аулақ өл, жарықтығым.

Қару, әскер тастаудың жөнi келмес, Неге десең, бiрiне-бiрi сенбес. Тамам адам перiште болмай тұрып, «Ал, түзелшi» дегенге ешкiм көнбес.Айла, күш – айуандықтың ең жаманы, Боқты боқпен жуғанмен ел түзелмес. Ар түзейтiн бiр ғылым табылмаса, Зұлымдықты жалғанда әдiл жеңбес. Құр айтқанмен қолынан түк келмейдi, Ақ жүректi таза адам болса кем-кес. Қас түзеймiн деп жүрiп көз шығарып,

Page 245: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

245

Д. Қамзабекұлы

«Қалмақ ойын» ойнаумен ештеме өнбес. Жас баланы ұрғанмен шырылдатып, Ойы толмай тұрғанда ақылы енбес. Араны ашық жалмауыз, арсыз төбет, Аулақта жемтiк жеуден жиiркенбес. Адамның сыртқы дене жаралысы, Нәпсiсi айуанмен анық теңдес, Бөлектiгi – жалғыз-ақ таза ақылда, Әлiң келсе, жол тап та осыны емдес!

ЖаН меНеН ДеНе ҺӘм кӨҢІл

Басында жан мен дене екi басқа,Жан шыдап тұра алмайды қозғалмасқа.Дене сауыт сықылды жанның орны,Оған да күту керек бұзылмасқа.

Ал ендi сипатталық көңiлдi бiз,Ескерiп бұл сөзiмдi жақсы ұғыңыз.Жан мен дене – қосылған ерлi-қатын‚Екеуiнен туады көңiлiмiз.

Табиғат бiрде былай, бiрде олай,Кетерi мәлiм емес әлдеқалай.Әкесi жан, шешесi дене болып,Көңiлiмiз сол себептен екiталай.

Кейде жақсыны iздеймiз, кейде жаман,Көңiл неге қызықса – соған таман.Дене жеңсе, түпсiзге қызығамыз,Жан билесе, жаманнан қалмақ аман.

Фәни дене бояуға-ақ мақтанады,Жан тозбайды‚ сол үшiн сақтанады.Өлмес жанға өзгермес орын керек,Сондай iске ұмтылсақ, шаттанады.

Page 246: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

246

Омбының Алаш дәптері

Жан құмары – iстемек, бiлiп алмақ,Бөгет бола бередi дене, салмақ.Асыл iздеп асылды аласұрар,Амал бар ма, денесiз қайда бармақ?

Жан талпынар талайды көрмек үшiн,Әр сырын дүниенiң бiлмек үшiн.Дене байғұс салмақ боп баса берер,Жаралған ғой түбiнде өлмек үшiн.

Балалар жас күнiнде тым елгезек,Әрнемеге жүгiрiп қағар дедек.Ол кезiңде жан күштi‚ дене нашар,Осыдан-ақ сөзiмдi ұқсаң керек.

Көңiл әзiр дененi қуандырмақ,Өзi де қызық көрiп жүре тұрмақ.Жан жұмысы жай ғой деп елемейдi,Кезi келген уақытта мойын бұрмақ.

Сүйте-сүйте денеге әбден тартып‚Мақтан күйлеп кетедi одан да артық.Жан керегiн ойлауға жалқауланып,Ала алмайды өз бойын өзi қайтып?

Мақтан үшiн жан қалса ескерусiз,Дұрыс-ақ қой дейсiз бе осынымыз?Iздегенiн таба алмай кетсе зарлап,Жанның орны не болды, байқадыңыз.

Дене менен жан – анау, көңiл – мынау,Қайсысына билеттiң байғұсым-ау?Ең түбiнде өзiң – кiм, сенiкi – кiм,Досың қайсы, өзiңе қайсысы жау?

Анық қара: жан – өзiң, дене – киiм,Мақтан, бояу – денеге берген сыйың.

Page 247: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

247

Д. Қамзабекұлы

Жанға мұндай алдауың азық емес,Оған пайда не қылдың жалғыз тиын?

Сауық-қызық көрем деп күнде жиын‚Жан құтқарып алуың болар қиын.Түптiге ұмтыл, тұрақты iстердi қыл,Тәуекел деп өзiңе сүйтiп сыйын.

Бiз семiрттiк дененi азықпенен,Байлап бердiк жанды оған қазықпенен.Ұйқы, тамақ күйлеген сорлы денеҚұтылар ма осындай жазықпенен.

Жалқау тiрi болғанмен өлгенге есеп,Бiлiмнiң кеселi жоқ мұнан кесек.Бiлiмсiз, әрекетсiз ерiншектi,Күнәкәр де болмаспыз, өлi десек.

Пайдасыз құмарлық та, мақтан-дағы,Ерте бойға жолатпа сақтан-дағы.Yйiр қылып алған соң құтылу жоқ,Бейне түлкi боласың қақпандағы.

Ашу жеңсе, адамда ақыл қалмас,Ой ойланып, орынды iс қыла алмас.Болмай соған бойыңды тоқтатып ал,Ыза менен мастықтың түбi жалғас.

Сыртын түзеп кейбiреу аласұрды,Киiмiне мақтанған бала сынды.Ат болсын, киiм болсын, мiнез болсын,Құба төбел iстi қыл жарасымды.

Құба төбел дегендi ұқсаң керек,Орынсызды iстеме, болсаң зерек.Мүйiзi бар кiсiдей едiрейiп,Өзге жаннан болмасын түрiң бөлек.

Page 248: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

248

Омбының Алаш дәптері

меН қОРқамыН, қОРқамыН

Мен қорқамын, қорқамын, Қорыққанымнан жортамын. Ашу менен ызаға, Толы емеспін, ортамын.

Қыздырманың –қызыл тіл, Қызған отқа салар ол. Кек сақтағыш кекекшіл,Аямай қауып алар ол. Білмесе де білгенгеӨзін-өзі балар ол.

Қаны қызып құтырып, Ар-абыройы ұмытылып. Ашуды қару жұтынып,Артыңнан неге қалар ол.

Жақсыны қауып жаманың, Қабылмай қалмас аманың. Осы емес пе заманың,Деме тентек талар ол.

Адалыңды «арам» деп, «Мен адалға барам» деп, Ит жейтұғын жемтікті,Жиіркенбей жалар ол.

Ызадан жетсе бұйрығың, Тұтпа ашудың құйрығын. Таза ақылды жүйрігім, Осы сөзге нанар ол.

Жүйріктерім нанбаса, Тура сөзді алмаса, Қайғылы шалды қармаса,Жөнін өзі табар ол.

Page 249: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

249

Д. Қамзабекұлы

ДҮНИе меН ӨмІР

Бiлiмдiлер насихат көп жазады,Адам үшiн уайым жеп жазады.Байқап оқып отырсам, cоның бәрiДүниенi «сұм», «алдамшы» деп жазады.

Мен-дағы тiршiлiкке қадам бастым‚Рахат, бейнет, әр iске араластым.Өмiр бойы қуанбақ жынды iсi ғой,Кейде асып, кейде қашып, кейде састым.

Рахат көрсем, сыйдырып мақтаныма,Таласы бар кiмнiң деп тапқаныма.Қарсы жалдап, қайраңдап шыға бердiм,Көнбедiм деп жалғанның қаққанына.

Қайғы көрсем: «Дүниенiң жалғандығы,–Дедiм‚ – алдап, мiнеки, алғандығы».Ол не десең, бұрынғы жазғандардыңСөзi орнығып көңiлiме қалғандығы.

«Мен де соққы жедiм‚ – деп‚ – сұм дүниеден»‚Көп жазып ем, оныма өкiндiм мен.Ойласам, көрген бейнет, тартқан қайғыБолыпты не бiреуден, не өзiмнен.

Дүниенiң ол туралы жазасы жоқ,Бiз сөктi деп тоқтай ма Алла атқан оқ.Пәрменiмен айналған шархи фәләк –Күн мен ай, жұлдыз, әуе, жер менен көк.

Кiмде-кiм қайғы тартып, бейнет көрсе,Сұм жалғанның қылғаны бұл дей берсе,Әлбетте, бұл – тағдырға наразылық,Түбi Аллаға қарсылық, ондайға ерсе.

Page 250: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

250

Омбының Алаш дәптері

Кiм үйреттi дүниенi жамандатып,Оны сөгiп, өзiңдi амандатып?Mұны үйреткен – бiлiмсiз шала молда,Қу қазыққа байлаған табандатып.

Кейбiреулер жазады: «Қу өмiр»,– деп,«Тұрағы жоқ, алдамшы, су өмiр»,– деп.«Көрген қызық, қылған iс – бәрi де ұмыт,Иә, көлеңке, яки түс, у өмiр»,– деп.

Бұған да ерiп көп жаздым түшiркенiп,Бiлiмдiлер сөзi деп ентеленiп.Өмiр емес, алдаған өзiңдi-өзiң,Пәленшекем айтты деп қалма сенiп.

Бұл екi сөз айтуға тым орайлы,Жүрекке әсер берер сонша жайлы.Терiстi де дұрыс деп сендiретiнШешендердiң келедi тiлi ыңғайлы.

Дүние деген қызыққан iсiң болса,Қызықтырған кiм сенi оған онша?Пайдасыз, баянсызын бiле тұра,Қуа бердiң ойланбай неге сонша?

Өмiр деген жастықтан қартаймақ па,Бейнет, рахат, байлық пен мал таймақ па.Боларға ұмтыл, болмасқа қанағат қыл,Жала жауып, салынба жантаймаққа.

Өмiр, дүние, жер мен көк, өткен заман,Ажал алмай қоймайды ешкiмдi аман.Өлмей, өшпей, қартаймай жүргiң келсе,Ол болмай ма тағдырды жамандаған?

Page 251: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

251

Д. Қамзабекұлы

Тумақ, өлмек, қартаймақ болмай қоймас,Қанша қызық көрсе де, пенде тоймас.Сол тоймастық – дүниенi жамандатқан,Сен сөктi деп тағдырды қайта жоймас.

Бейнет көрме, бiреуге бейнет берме,Дүние – алдамшы, өмiр – қу деп елерме.Қамдан, сақтан, қағып бақ бәле келсе,Бәрiн Құдай қылады дегенге ерме.

Қаза келсе, өзiңнен я бiреуден,Немесе бiр нәрсенiң себебiнен.Дауың дұрыс бола ма, ойласаңшы,«Өмiр – қу, дүние – алдамшы» дегенiңмен?

Дүние алдамшы, өмiр қу – есерлерге,Есерлiкпен жолығар кеселдерге.Ол екеуi мiндi емес, мiн өзiңде,Сөзiң бөлек өзгеден дeceңдep дe.

аДамШылық

Кісіге адамшылық неге керек?Адамдық – өзге айуаннан артық демек! Ит талаған төбеттен қалай дейсің, Аямай әл келгенін жұлып жемек. Мейірімсіз қасқырда да күшті өмір бар, Артылған жерің қайсы онан бөлек? Үнемі сен жеріңді қайдан білдің? Бұл дүние кезек берер істі өңгелеп. Онан қорқып, обырлық қоймасаң да, Адам боп, хайуаннан болсаңшы ерек! Жалмағанша, жәрдемің тигізсеңші, Жығылған, жылағанға болып көмек.Мархаматты теріс деп кім айтады,

Page 252: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

252

Омбының Алаш дәптері

«Адамшылық – сол» дейді тамам зерек. «Мейірім – жақсы, зұлымдық – жаман» дейсің, Қасқырлыққа қайтесін құр дөңгелеп. Жаны ашып жәрдем қылмай өткен адам – Өсіп, өшіп құлаған бір бәйтерек.

бІР аллаҒа СыЙыНҒаН аДам ӨлмеС

Бір Аллаға сыйынған адам өлмес,Құдайсыз қу қолынан іс те келмес.Белін бекем буғанның белі талмас,Ел бұзса да, адалдық өзгерілмес.

Адамзат өзін-өзі сынау керек,Тазалық, әділдікті ұнау керек.Өлсе де тура жолдан мойын бұрмай,Ақтан көрген бәлеңе шыдау керек.

Не шыда, не залым бол, бірін таңда,Әйтеуір ақылын тап, ерте қамда.Момын бол, не бұзақы, не батыр бол,Қазақ тыныш қоймайды не қылсаң да.

Адалға орын емес қазақ іші,Тәтті ғұмыр сүре алмас таза кісі.Өзін асырар қазақтың өнері жоқ,Бірін-бірі талайды – бар жұмысы.

Page 253: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

253

Д. Қамзабекұлы

ЖҮРекТеН аққаН қаНымНаН

Жүректен аққан қанымнан,Жиiркенбе – нұр деп бiл,Сайраған бұлбұл зарынан,Нұрланады қызыл гүл.

Гүлге асық боп сайраған,Қызыл тiлдi қайраған,Iшiнде оты қайнаған,Мұңлы, шерлi мен – бұлбұл.

Қайық қылып денемдi,Ақыл билеп кемемдi,Ой сырқырап жөнелдi,Шетсiз судан өтер бiл.

Жарға жетсем болғаны,Суалған көңiл толғаны,Басыма қыдыр қонғаны,Ақсам-дағы миллион жыл.

Басқаны сенен бiлмесем,Қайғырмасам, күлмесем,Дүниенi көзге iлмесем,Кiм мендей ер, кiм әдiл?

Жендет, көзiң маған сал,Иманым мен жанымды ал,Жаңа жан мен иман сал,Қайта жарат, рахым қыл.

Бұл мен емес, шын менiЖарат, жоғалт өзгенi,Тазарт мына дүниенi,Бұл адамнан қалсын тұл.

Page 254: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

254

Омбының Алаш дәптері

Әлемдi мен билесем,Зұлымдықты сүймесем,Залымды ұндай илесем,Нәпсi болса маған құл.

Дұспаным атса маған тас –Жар жiберген көз бен қас.Ұстап сүйiп болам мас,Бал ғой менi сөккен тiл.

Күншiл, менi күндесең,Бұл сөзiмдi мiн десең,Тiлiңдi кесем үндесең,Мейлiң жыла, мейлiң күл.

аТаНыҢ ШаҺУаТыНыҢ кӨП қОЙ мӘНІ

Атаның шаhуатының көп қой мәнi,Ананың құрсағында қан болғаны.Құс пен адам болар деп кiм айта алар,Өлi қан мен жаны жоқ жұмыртқаны?Басында оның киiмi шаhуат едi,Қызыл қан, ақ жұмыртқа кигенi әнi!Денесi неше миллион құбылса да,Оның жаны – баяғы ескi жаны.Сезiмiнiң зорайып, азаймағы –Қандай түрде болғаннан оның тәнi.Қайда барса, ол өзiн «өзiм» дейдi,«Өзiм» деп денесi емес, жанды айтқаны.Сол жаннан тiптi «өзiмдiк» жоғалмайды,Есеп емес, сан өлiп, сан қайтқаны.

Page 255: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

255

Д. Қамзабекұлы

беЙІС, ДОзақ мОлДа аЙТқаН СИЯқТы емеС

Бейiс, дозақ молда айтқан сияқты емес,Ақылды адам оны анық сондай демес.Құрсақтағы балаға осы өмiрдiҰқтыр десе, айтар ең қандай кеңес?Сол сияқты мысал ғой ұқтыруға,Дәл осындай қыз құшып, жемiс жемес.Бiрақ қатты қуаныш не кейiс бар,Дәлелiм – ұждан, зұлым бар тетелес.Сондықтан бiр тексеру болмай қоймас,Мұнымды әдiлетпен ойла да шеш.Егер Құдай барлығы анық болса,Тең болмас ақ жүрек пен сұм залалкес.Бұл сөзге күндей ашық дәлелiм көп,Не дiнмен, не ақылмен қылсаң да егес.Соқыр ойлы, өзiмшiл бiр езугеҚанша ғылым бiлсе де кiре алмайды ес.

мІНДеУ меН кҮНДеУ

Көп сөз айтқан бұрынғы білімділерПайдалансын, ұқсын деп кейінгілер.Сынға салып талғамай талапты жас,Соның бәрін қатесіз жөн деп білер.

Олай емес, ойласаң, талай мін бар,Бұрын шын, қаталы шын, анық шын бар.У берді ме сусын деп, су берді ме,«Көзің жұм да жұта бер» деген кім бар?

Кім айтса да сынамай қойма, жаным,Ақылыңа сынатып ойла, жаным.Пәленшекем айтқан сөз дұрыс қой деп,Жүректің таразысын жойма, жаным.

Page 256: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

256

Омбының Алаш дәптері

Тегіс тексер сөз көрсең, сыр мен сынын,Түзетуге именбе, тапсаң мінін.Әдеп сақта, жалғыз-ақ, «қате айтты» деп,«Былшылдапты» дей көрме, білсең шынын.

Біле тұра кім айтар қате сөзін,Білімдіге есептер әркім өзін.Тұрған жері, әдеті, туған еліАдастырар, айтқызар байлап көзін.

Мал іздеп, мансап іздеп, сауық жиын,Дүниенің көрмек үшін әрбір сыйын.Адамзат алаңдықтан босамайды,Сол себептен қатесіз сөйлеу қиын.

Менің де көп жаралы жүрегім бар,Надандықтан қираған сүйегім бар.Күндемей, шын міндесең, разымын,«Қайта, жастар сөйтсін» деп тілегім бар.

Сынамасаң жақсының сөзін қорып,Талабыңды жоғалтар іштен сорып.«Сандалған түспе ізіме» деген Абай,Жүрсіңдер осы сөзін қалай жорып?

«Талас, тап» деп айтатын Абай өзі,Танамыз ба жоқ қой деп бүгін көзі?Айтқанымды сынама деген емес,«Күндеме де қарғама» – деген сөзі.

Мейлің сөк, мейлің мақта – оған не бар,Бізден түк жоқ, өзінің иманы жар.Қатесін тап, күндеме, жамандама,Кейде жөн, кейде қате айтқан шығар.

Page 257: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

257

Д. Қамзабекұлы

Абай түгіл, ақылды көп жан өткен,Түпсіз терең ғылымға көзі жеткен.Солардың да бар сөзі бір жерде емес,Кейі жөн, кейі қате айтып кеткен.

Алдыңғының соқпағын артқы түзер,Ғылым деген нәрсе емес күдер үзер.Мінін алып, міндіге мінсіз қосып,Бұрынғыны жаңартып, жастар түзер.

Өңліге тағы өң беріп қырған қалай,Түзетілмей шаң басып тұрған қалай.Түзеймін деп қиратып күншілдікпен,Дұрыс істі теріске бұрған қалай?

Осыны ұқсаң –ұғарсың көп сөзімді,Алдасам, алмай-ақ қой еп сөзімді.Әнге салып алаңдап, ұқпай жүрме,Әншейін бір өлең ғой деп сөзімді.

аШУ меН ыНСаП

Бiлгенiмдi жазушы ем‚Бекем буып белiмдi.Мiнiн айтып қазушы ем,Түзетпек боп елiмдi.Бұлдарлық ой менде жоқ,Бұған шыққан терiмдi.Ұқтырарлық пенде жоқ,Қате басқан жерiмдi.

Күнi-түнi ойланып,Жазудан да жалықтым.Газет, кiтап қолға алып,Оқудан да талықтым.

Page 258: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

258

Омбының Алаш дәптері

Ел тiлiме көнбедi,Жыладым да қамықтым.Yмiтсiздiк дендедi,Зорықтым да шалықтым.

Бағасы бiр халқымаЖабағы мен мамықтың.Нанбайды, рас, антымаКәдiрi мол танықтың.Айырмайды арасынБұлдыр менен анықтың.Ендi қайда барасың,Түрi мынау халықтың?

Айла таппай адастым,Қайғы артылып мойныма.Ақылымнан шатастым,Жас төгiлдi қойныма.Ойландым да сандалдым,У жайылды бойыма.Mұңдасуға қамдандымҚайратым мен ойыма.

Yмiт үзген қорқақ ойДiрiлдейдi қалшылдап.«Мүмкiн емес, мұны қой»‚ –Деп жалынды жалпылдап.Бiр жағымнан ерiншекТағы келдi салпылдап.«Болмаймын,– деп,– келiншек»,–Ашу келдi арсылдап.

«Елдi сөк те жаманда,–Деп ұрысты ашуым,–Жамандықтан аман ба,

Page 259: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

259

Д. Қамзабекұлы

Шыннан қалай қашуың?»Қиын болды баяндап,Аяқты қалай басуым.Сабыр келдi аяңдап:«Жарамас‚ – деп,– сасуың.

Бәрiне де хабар сал,Рахым, ұят, ар қайда?Қаруыңды жиып ал,Құр ашудан не пайда?Қайратың мен сақтығыңКөрiне ме маңайда?Өлше iстiң ақтығын,Ынсап бар ма оңайда».

Өңкей асау, мас халық,Бәрiн бойдан қашырған.Көп наданнан жасқанып,Сорлың елге бас ұрған.Рахым, ұят, арыныңБетiн топырақ жасырған.Қайраты қайтып кәрiнiң,Қайғысын сүйтiп асырған.

Сабыр айтты: «Мына сөзСабырымды қайнатты.Өңкей ақымақ шелдi көзАқты қайтiп жайратты?Менi ұстауға шыдай көр,Сүйтiп жұмса қайратты.Ынсабыңа хабар бер»‚–Деп ақылды сайратты.

Қайратымнан қайтқанмын,Ол жуырда келсiн бе?

Page 260: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

260

Омбының Алаш дәптері

Келме деп те айтқанмын,Дедiм: «Менi менсiнбе!»Бiреу шықты қабiрден:«Баяғы сорлым сенсiң бе?Айрылмасаң сабырдан,Мен келмейдi дейсiң бе?

Ұмыттың ба, ескi жар,Аяқбауым – сабыр ғой!Сабырлы ер де менде бар,Ол екеумiз тамыр ғой.Қайраттанып шақырсаң,Қаруларың әзiр ғой.«Бәрiң кет!» – деп ақырсаң,Өзiңе қазған қабiр ғой.

Ал ақылдас, бәрi бар,Дайын қылдым бәрiн де:Сақтық, ұят, рахым, ар,Ынсап деген кәрiң де.Бiз тұрғанда арамныңДәм бола ма нәрiнде?Қайғы емес қой наданныңТығылғаны әр iнге».

Жан кiргендей қозғалдым,Тұла бойым шымырлап.Жан-жағыма көз салдым,Сөйлейiн деп қыбырлап.Бiреу келдi жаныма,Құлағыма сыбырлап.Түртiп қалды саныма:«Сөйлеме,– деп,– жыбырлап.

Page 261: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

261

Д. Қамзабекұлы

Және сөйлеп барасың,Жай отырсаң нетедi?Өз мазаңды аласың,Жан тыныштық кетедi.

Ауыр қайғы, терең ойӨкпеге зиян етедi.Тiлiмдi ал да, мұны қой,Түбiңе осы жетедi».

Жалт қарасам бетiне –Баяғы құрғыр ерiншек.Көзiм түстi етiне –Бiр уыздай келiншек.Құры көзбен қарасам,Қызығады ой тентек.Ақылмен өлшеп санасам,Қозады оған ескi кек:

«Әй, ерiншек, қара жүз,Не қылмадың сен маған?Ендi менен күдер үз,Жақындама бер таман.Сенiң қылған iсiң ғойХарекетсiз көп надан.Рахымы жоқ жәдiгөй,Қойып едiң кiмдi аман?

Жас күнiмде epiнтiп,Шала қалдым ғылымнан.Жау қолында керiлтiп,Жеңiлдiрдiң зұлымнан.Өмiр – кесел, ұры, қар,Не табасың мұныңнан?Менi өлтiрсе залымдар,Алушы ма едiң құнымнан?!

Page 262: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

262

Омбының Алаш дәптері

Осы көрген көп бейнетБәрi сенен емес пе?Былшылдамай арман кет,Болмас iске егеспе.Әлдеқашан ант бердiмБал берсең де жемеске.Рахаттан да жалт бердiм,Тыныштық бар демеске».

Кеттi Ерiншек өкпелеп,Қайта келiп қонбасқа.Өкпеге тағы тепкiлеп,Тарланды салдым болмасқа.Кеткенiмен жұмыс жоқҚазақ iсi оңбасқа.Мен сорлыда тыныс жоқ,Ақылдастым жолдасқа.

Сөйлестi бәрi сыбырлап‚Мен отырдым тыңдауға.Жүрегiм тұр жыбырлап,Дәл тапқанда ымдауға.Ойлағанын бәрi деОртаға салды шыңдауға.Қалжың емес, әрине,Керек дестi шындауға.

Кейбiреуi майда айтып,Елжiреттi, жылатты.Қайсыбiрi қайғы айтып,Yмiттiң үйiн құлатты.Айтып-айтып келдi де,Бәрi Ынсапқа сынатты.

Page 263: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

263

Д. Қамзабекұлы

Ынсап өлшеп көрдi де,Былайша деп ұнатты:

«Ел саңырау, надан ғой,Естiле ме құр айғай,Емделмеген адам ғой,Ем бола ма құр ойбай.Құлағы мен көзiн аш,Оқу оқыт, ғылым жай.Насихатты сөйтiп шаш,Соны жүрсiң бiле алмай.

Газетке жаз, кiтап жаз,Бастыр, оқыт қазаққа.Мақтағанға болып мәз,Қала берме мазаққа.Сусыз егiн не шықсын,Суғар, шыда азапқа.Дәмiн алып ел ұқсын,Сонда ұмтылар тамаққа».

Осы сөздi дұрыс депЖүрек соқты, құптады.Түзу iстi бұрыс депОл жасырып, тықпады.Айқай салып бақырса,Ойсыз құлақ ұқпады.Қанша тұқым шашылса,Жер жыртылмай шықпады.

Жұқпайды екен айтқан сөзҒылымы жоқ наданға.Кеудесiнде болса көз,Жұғар мұндай адамға.Ондай адам қазақтан

Page 264: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

264

Омбының Алаш дәптері

Көп туса осы заманға,Босар едi-ау азаптанҚазақ шығып самалға.

құмаРлық

Құмарлық деген бір ит бар,Жаныңа жау шын ит бар.Алды-артыңа қаратпас,Рахымы жоқ тым ит бар.

Бай баласын көп көрдім,Кедейлікті жек көрдім.Сауық көрсем, құмар боп,Мен де сүйтсем деп көрдім.

Мылтық атты, құс салды,Домбыра кезіп, гормонь қолға алды.Ауыл кезіп, ән салды,Көрген адам таң қалды.

Дойбы, қарта – бәрі бар,Жүз құбылған әні бар.Киім біткен қынаулы,Таңырқарлық сәні бар.

Мен де осындай болам ба,Бола алмасам оңам ба?Бар малымды шашсам да,Жетпей қойсам соған ба!

Арпалыстым, алыстым,Жағаластым, жарыстым.Дәл өзіндей болған соң,Озамын деп қарыстым.

Page 265: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

265

Д. Қамзабекұлы

Жеттім, оздым – жер білді,Маңайдағы ел білді.«Бәрекелді, батыр», – деп,Қыз-бозбала сол күлді.

Мақтағанға бу ала,Селкілдедім дуана.Баяны жоқ, пайдасызБір сағымды қуала.

Әлі келем далақтап,Қызыл тілім салақтап.Менен озған кім бар деп,Алдыңғы жаққа алақтап.

Қара көрсем, кетемін,Жетуге талап етемін.Пайдасында ісім жоқ,Не де болса жетемін.

Заман өтті, жас өтті,Қайрат, өнер бос кетті.Абұйыр жоқ, сана жоқ,Өз басыңа не жетті?

Естігенді ұға бер,Ыдысың болса – тыға бер.Пайдасыз болса құмарың,Сілкініп тастап шыға бер.

Page 266: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

266

Омбының Алаш дәптері

нарманбет ОрманбетҰлы

қазақ ұлы бІз ТұРмыз

Қазақ ұлы біз тұрмыз,Үлгі, өнерден тым құрмыз,Сауынға бар, санда жоқ.Надандықты емдеткен,Қисық жолды жөндеткен,Тым болмаса қам да жоқ.Бай болғымыз келеді,Ниетті сөйтіп бөледі,Қолға кірген мал да жоқ.Бек болғымыз келеді,Аттай көңіл желеді,Қазақ түгіл ханға жоқ.Сұлуды көңіл сүйеді,Көрсе ішің күйеді,Оның көңлі маңда жоқ.Артта қалған өрнек жоқ,Көрге барсақ ермек жоқ,Жарық сәуле шам да жоқ.Азбандай дауға ілестік,Бұқадай буға сірестік,Қызық түгіл шаң да жоқ.

Page 267: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

267

Д. Қамзабекұлы

ала бОлСа аҒаЙыН

Ала болса ағайын,Мінезде болмас тағайын.Туысқан болса ақылсыз,Кіре ме қайрат жақынсыз?Жау болғанда маңайың!

Жалшың жүрсе жалқаусып,Сырттан ұрлап аңқаусып.Жанама көршің және қас.Көңілі ояу, өзі мас.Үйіңді үптер малайың.

Қатының болса қабаған,Не болады сабаған?Келінің тұрса кердеңдеп,Балаң жүрсе ербеңдеп –Нешік ылаж табайын?

Тоқалың тұрса тоңқылдап,Оқпаны толмай қоңқылдап;Абұйырдан адасса,Әркімменен жанасса,Оны қайтіп бағайын?

Жолдасың жүрсе жортақтап,Дұшпаныңмен ыржақтап;Алған күні разы,Қалған күні наразы,Оған қайтіп нанайын?

Жаным менен қаным қас,Нәпсім – семіз, тәнім – мас,Ақыл қарар таба алмас,Абыройға кім жолдас?Қайдан тауып алайын?

Page 268: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

268

Омбының Алаш дәптері

Жасаған Алла, жол берсең,Жол білгенге қол берсем.Ақ жолына мен көнсем,Тәубәменен және өлсем,Күл болып, күйіп-жанайын.

ХаННаН ЖаҒДаЙ СұРама

Ханнан жағдай сұрама,Тағынан түсіп қалған соң.Байдан жағдай сұрама, Көзіне біткен малдан соң.Батырдан жағдай сұрама,Жау қолында қалған соң.Жақсыдан жағдай сұрама,Басының еркін алған соң.Әкеден жағдай сұрама,Ұлға сөзін салған соң.Анадан жағдай сұрама,Келіні билік алған соң.Сұлудан жағдай сұрама,Сүйіп тиген жардан соң.Ерден жағдай сұрама,Біреуден сауын сауған соң.Елден жағдай сұрама,Қонысынан ауған соң. Қыраннан жағдай сұрама,Қос қанаты талған соң.Тұлпардан жағдай сұрама,Желкеге біткен жалдан соң.Жерден жағдай сұрама,Топырақ борап жауған соң.Малдан жағдай сұрама,Отсыз, сусыз қалған соң.Аштан жағдай сұрама,

Page 269: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

269

Д. Қамзабекұлы

Қарны ашып, өзек талған соң.Солай болмай тұра ма,Қара кілем қасқа тон Не болады тозған соң.Қаның асып төгілмек,Шарадан асып толған соң.

ӨмІР ӨТІП ЖаТаДы

Өмір өтіп жатадыСекөнт, минөт, сағаттап.Бір қалыпта жылжиды,Секірмейді, тағаттап.Мезгілінсіз күн батып,Тағы да жоқ таң атпақ.Күн құралып, ай толып,О да өтеді қабақтап.Ай жиылып, жыл толып,Өмірді ұрлар қарақтап.Мұны білсең баладайШаба берме далақтап.Түзу жолды таңдап ап,Түбіне түс сабақтап.Қисық жолға түспеңдер,Біріңді-бірің қарақтап.

ақылДаН ТҮк ПаЙДа ЖОқ

Ақылдан түк пайда жоқ,Қырандай қағып кезбесең.Білімінен түк пайда жоқ,Өз мініңді білмесең.Ақындықтан пайда жоқ,Ғибрат, тағлым бермесең.Кішіліктен пайда жоқ,

Page 270: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

270

Омбының Алаш дәптері

Үлкенге басыңды имесең.Кісіліктен пайда жоқ,Біреудің барын күндесеңМүмкіндіктен пайда жоқ,Нақақ жанды кірлесең.Сабырдан түк пайда жоқ.Ауырлыққа төзбесең.Жалқаулықтан пайда жоқ, Шаруаңа көңіл бөлмесең.Екі көзден пайда жоқ,Өз мініңді көрмесең.Құлақтан түк пайда жоқ,Жақсы сөзге түрмесең.Ашудан түк пайда жоқ,Сабырдан сұра білмесең.Байлықтан түк пайда жоқ,Киіп, ішіп, мінбесең.Туысқаннан пайда жоқ,Тізеңді қосып жүрмесең.Қамқа тоннан пайда жоқ,Иініңе ілмесең.Сұлудан түк пайда жоқ,Меншігіңе алып сүймесең.Алтын үйден пайда жоқ,Есігін ашып кірмесең.Алғаннан түк пайда жоқ,Біреуге өзің бермесең.Артық жастан пайда жоқ,Қадіріңмен жүрмесең.Тіршіліктен пайда жоқ,Қызықты өмір сүрмесең.

Page 271: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

271

Д. Қамзабекұлы

ЖыНДы ДеГеН НемеНе?

Жынды деген немене?Бұзылғаны қаныңның.Тозақ деген немене?Қиналғаны жаныңның.Аяусыз деген немене?Ұшқаны бастан бағыңның.Ұятсыз деген немене?Төгілгені арыңның.Опасыз деген немене?Бұзылғаны жарыңның.Аумалы деген немене?Құбылғаны ағымның.Кәрілік деген немене?Азайғаны халіңнің.Өлім деген немене?Өшкені болад жалынның.Нәумез деген немене?Құдайды бар деп білмеген.Кәпір деген немене?Дін исламға кірмеген.Ақымақ деген немене?Адамдық борышын білмеген.Саңырау деген немене?Сөзге құлақ түрмеген.Қисық деген немене?Түзу жолмен жүрмеген.Пасық деген немене?Өзінің ұлтын сүймеген.Арсыз деген немене?Ар-намысың кірлеген.Қамсыз деген немене?Ел қадірін білмеген.Дұшпан деген немене?

Page 272: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

272

Омбының Алаш дәптері

Мінсізіңді міндеген.Шайтан деген немене?Біреудің барын күндеген.

аРба ТҮзУ ЖҮГІРмеС

Арба түзу жүгірмес,Төс ағашы болмаса.Кереге үй боп тігілмес,Босағасы болмаса.Күйсіз күлік жүгірмес,Лақап аты болмаса.Үлкенге кіші иілмес,Осы арасы болмаса.Жас денеге білінбес,Қартайып о да тозбаса.Тамырға қан жүгірмес,Үмітке қолды созбаса,Жүректен у төгілмес,Бір дертті, бір дерт қозғаса.Арқаңнан жүгің жеңілмес.

ПӘНДаҒа ПӘНИ ДҮНИе аз кҮН еРмек

Пәндаға пәни дүние аз күн ермек,Өмірдің алды тәтті, арты кермек.Мәңгі өмір дүниеде сүрмек емес,Мың күн тұрып, сынады бір күн шөлмек.Бақиға қосыңды артып жөнелгенде,Мақпұзда жазуда жоқ қайтып келмек.Қызығы дүниенің көппен дүрмек,Дүрмекпен дүрмектесіп өмір сүрмек.Үлкенді – аға, кішіні – іні тұтып,Ар-иманын кірлетпей таза жүрмек.Алла сүйген құлына ақыл бермек,

Page 273: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

273

Д. Қамзабекұлы

Ақылменен іс қылса мақұл көрмек.Кім де кім рахым, шапағат, қайыр қылса,Алласы сол адамды жақын көрмек.Еңбек қылмай еппенен тапқан малдыңПайдасынан зияны басым келмек.Біреуді бай, біреуді жарлы қылып,Әркімнің жүрегінен қалпын көрмек.Қанағат, қайыр қылмаса тіршілікте,Бұл адамды әр адам салқын көрмек.Сараңдыққа салынбай жомарт болсаң,Байлығыңның қызығын халқың көрмек.

ӘУелІ ТУДық бала бОП

Әуелі тудық бала боп,Көңілің жүрді дала боп.Ақыл менен екеуі,Үйлесе алмай ала боп.Бестен онға келгенде –Қозы болдық лақпенен,Бірде көзбен көргендіБірде естіп құлақпен.Анаңыздың несі кем?Айдын шалқар бұлақтан.Атаңыздың несі кем?Көлде сая құрақтан.Он бес жасқа келгенде –Жүйрік болдық сынаптан.Дәл жиырма бес жасыңдаКірдің қайрат ашуға.Көріктіге көз салдыңКөнілдің дәтін басуға.Салдың құрық асауға,Қызықты ғұмыр жасауға.Қарсы келген заманды

Page 274: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

274

Омбының Алаш дәптері

Қайратпенен қашауға.Өнер тапқан бозбала,Жалпақ басар жалғанды,Тарқатар аз күн арманды.Отыз келер ой тартып,Үят пенен екеуі,Бұрынғыдан бой тартып,Анау кеткен көңілдіАлар бері қайтартып.

Ақыл, ұят, әдеппен,Үшеуіне бой тартып.Отыз айтар тағы да«Арамдыққа барма» деп,Жатып алып байқамай,Ұмтыл базар тарқамай.Мынау қызық өмірді,Бекер ұстап қалма деп,Одан кейін тағы даҚырық келер қырындап,Қиын еді, апырым-ау!Оның өзі бұрыннан.«Шындығыңды бер» дейді,Ішкі ойлаған сырыңнан.Бүйтіп жүрме кірменен,Жол тап дейді пірменен.Қапыда өтіп кетесің,Қайран да мынау түрменен.Қырық елуге тақалды-ау,Көрдің бе деп ұрсады,Аузыңдағы сақалды-ау.Ере берсең көңілге,Қайда өзіңді апарды-ау.«Ердің жасы – екі елу»,Деген ойла мақалды-ау.

Page 275: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

275

Д. Қамзабекұлы

Тірі болсаң қой дейді,Бұрынғы шауып-желгенді.Елу деген орта жас,Кәрілік келер тайталас.Келе жатсаң тағы да,Алпыс жатыр алдыңда.Өзім сырын білмеймін,Сендер оған бардың ба?Көлденеңдеп күніне,Көрсете алмай қызығынҚұдай қосқан жардың да.Шығып бір келдім белге енді,Береке ойлап елге енді.Қырмызыдай жылтылдап,Қылаң тартар қара шаш.Көрмесем де, көрсем де,Алпыс, саған қарным аш,Алпыс айтар тағы да«Жетпіс менің ағам» деп.Мен де оңай ма саған деп.Тура тартып жете алмай,Үйімді өзім табам деп.Егер келсең жетпіске,Азынап тұрған үйі бар.Әр жеріңнен үстайтын,Көрмесең де күйі бар.Онан өтсең барасың сексенге,Ат шалдырып барып жатасың тепсеңде.Шықпайды егін ексең де,Қос-қолаңды жексең де.Тоқсан деген бабаң бар,Барып, бармай немене?Әйтеуір бір заман бар.Одан әрі өтпек жоқ,Сірә, жүзге жетпек жоқ.

Page 276: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

276

Омбының Алаш дәптері

Жазуына не амал бар?Әзелдегі Алланың.Қара сақал ағарды,Қайран көңіл қамалды.Қажып тұрған қайратқаҚайғы келіп жамалды.Көзім кетті бұлдырап,Құмарым өтті құлдырап.Құр қызыл тіл, қайтесің,Жалғыз өзің сылдырап.

мИым, СаҒаН Не бОлДы?

Миым, саған не болды?Шынды айтса сенбейсің.Көзім, саған не болды?Алысты тартып көрмейсің.Тілім, саған не болды?Айтар сөзді білмейсің.Қиялым, саған не болды?Қырандай самғап кезбейсің.Пиғылым, саған не болды?Қиянаттан безбейсің.Ашуым, саған не болды?Ақыл айтса көнбейсің.Бақыт, саған не болды?Бір ұшсаң қайтып келмейсің.Құлқыным, саған не болды?Қайыр-ықсан бермейсің.Аяғым, саған не болды?Түзу басып жүрмейсің.Ақылым, саған не болды?Алдыңды болжап білмейсің.Жүрегім, саған не болды?Кеудемді қатты кернейсің.

Page 277: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

277

Д. Қамзабекұлы

Өзің тәннің патшасы,Орныңа неге келмейсің.Құлағым, саған не болды?Жақсы сөзді ілмейсің.Ойым, саған не болды?Шаруаңа көңіл бөлмейсің.Мұрным, саған не болды?Жұпардың иісін сезбейсің.Қолым, саған не болды?Іске көмек бермейсің.Өзегім, саган не болды?Біреуде барды күндейсің.Арым, саған не болды?Жақсыны жалған міндейсің.Сабырым, саған не болды?Қам-қайғыға төзбейсің.Жас өмір, саған не болды?Бір кетсең қайтып келмейсің.Үміт, саған не болды?Қартайған сайын өрлейсің.Тыныштық, саған не болды?Қайғыны ойлап өнбейтін.Ұятым, саған не болды?Өтірікті шын дейсің.Махаббат, саған не болды?Шүйілесің ілмейсің.

алыСТаН бОлЖаП, ақылмеН ТОлҒаП

Алыстан болжап, ақылмен толғап,Абыройлы бол, ғазиз бас.Салмақ ет тәнге сабырыңды,Тигізбе жанға нақақ жәбіріңді.Әуелінде нәпсің қас.Байлықта да мұрат жоқ,

Page 278: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

278

Омбының Алаш дәптері

Сақауаты болмаса.Кедейлікте ұят жоқ,Қиянаты болмаса,«Бекпін» деп бекер болма мас.Баланың жолы бір бөлек,Оның да Алласы бар, не керек.Сауыты бөлек, сауда дос,Ағайын-туған, қарындас.Еңбектес жолдас, ескі жар,Қия ма сені іші тар?О да тұлға болар ма?Елде сұлу көп екен,Қасыңа келіп қонар ма?Бұл жұмыстан тағы қаш!Жабыменен жарысып,Надандармен алысып,Қиналып өтті-ау есіл жас!Енді өзіңе ие бол,Адасқанға жүйе бол!Сөзіңе зорлық қыла алмас,Азық қамда, жол алыс,Барар жерің бейтаныс.Ақ жолыңа қадам бас!

меН бІР аҢқаУ ПеНДемІН

Мен бір аңқау пендемін,Қартайғанша сынбаған.Иә, бір жалқау молдамын,Біліп тағат қылмаған.Жолым тайғақ, тар асу,Көңілім – батпақ қара су,Қой тоғытып, тұнбаған.Көпті көрген көнемін,Көргеніме сенемін,

Page 279: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

279

Д. Қамзабекұлы

Тәжірибе шыңдаған.Өзімді алма, сөзімді ал,Құрып кеткен тезімді ал,Азаматтар, тыңдаған!Інжіл, Құран оқыдым,Көңіліме өнер тоқыдым.Жолы мынау шындаған:Өтірік, ұрлық, зынадан,Ғайбат, шағым, күнәдан.Жаман екен тынбаған.Жақсылық істе адамға,Жақсы жол көрсет наданға,Тағаттан артық бұл маған.Жәбір қылма еш жанға,Барша мақұлық хайуанға,Десеңіз, жұртым, біл маған.Адал кәсіп шаруа қыл,Ысырап істі – арам біл.Бай болып сараң болмасаң,Бек болып арам болмасаң,Тәңірге болдың таза құл.«Қауіп» деген бір жол бар-Қасынан өт қабақтап.«Үміт» деген бір жол бар,Ұмытпай түс сабақтап!Кісі асына сұғынба,Алдыңа қойса табақтап.«Қанағат» деген көл қатса,Үстінен өт шабақтап!Іренжітпе көршінді,Мақұл деме терісіңді,Ірісініп алақтап!Көрінгенге көз сатпа,Нашарларды жылатпа,Алдап, арбап қарақтап!

Page 280: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

280

Омбының Алаш дәптері

Қасқырдай ел торыма,Күндіз-түні салақтап,Адамдыққа сыймайдыЖараламақ, қанатпақ.Өңешіңді ойламай,Халқыңмен бол қабақтап.Өз арыңды аулама,Жазасыз жанды жаулама,Аш тазыдай жалақтап!Адам ұлын құрмет қыл,Жұртыңа түзу қызмет қыл!Қатарыңнан озасыңБәйге атындай адақтап!Адал ұлға ұлы еңбекСый тартады мадақтап!

ұРаН

Қариялар, қайдасың?Тұс-тұсынан боздалық.Ұйықтап жатқан АлаштыОятуға қозғалық!Абырой керек тірлікте,Бар береке-бірлікте,Ала болып тозбалық!Ортамыздан бек сайлап,Ынтымақпен көп сайлап,Қарақшыдан озбалық!

Азаматтар, қайдасың?Араздықты қоялық,Арамзалық мінезді,Енді тіпті жоялық!Талапты ерге нұр жауар,Талпынбаған не табар.

Page 281: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

281

Д. Қамзабекұлы

Ескерерлік жұмыстыКүнде ертеңге созбалық!Егін салып, мал бағып,Ырыздықпен тоялық!Айдын-шалқар көлдей боп,Көлге түсер елдей бопКүншілдің көзін оялық!

Байларымыз, қайдасың?Алақанды ашалық,Алтын, күміс ақшаныИгілікке шашалық.Медресе, мектеп салдырып,Артымызға қалдырып,Бақи өмір жасалық!

Ақындарым, қайдасың?Бұлбұлдайын сайралық!Көкейіне түсіріп,Халқымызды қайралық!Зеректерге басшы боп,Тентектермен ащы боп,Атқан оқтан таймалық!Пушкин менен ЛермонтовБіздей ақын емес пе?Ақын болған адамдарЖұрттың қамын жемес пе?Әдебиеттен қалыспайБіз де нұсқа салалық!

Қыз, келіншек қайдасың?Қымбатшылық келді ғой,Пәбіріктен бұл келмей,Жалаңаштық жеңді ғой,Бұған ылаж қылайық!

Page 282: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

282

Омбының Алаш дәптері

Жібектен жүн бізде бар,Сүйріктей қол сізде бар,Шекпен тоқып, тон илеп,Кемшілікке мойын қоймалық!

ӘЙ, кӨҢІл!

Әй, көңіл! Есер көңіл, қызған көңіл!Қызумен қызық план сызған көңіл.Түлкі көрген бүркіттей алабұртып,Нәпсімді әр нәрсеге бұрған көңіл.Әй, көңіл! Есер көңіл, қызған көңіл!Топқа салған жорғадай сызған көңіл.Елу менен алпыстың ортасында,Жүрекке суық тидің, мұздан, көңіл.

қаРа СӨз ӨлеҢ бОлмаС ТаПқаНмеНеН

Қара сөз өлең болмас тапқанменен,Тірлікте ізденеміз мақтанменен.Дүниеде пасық ғамал сол сияқты,Шойынға күміс тұрмас жапқанменен.Нақ иіліп сынбақ жоқ ойлағанға,Аққа пәле жұқпайды жапқанменен.Қинама орынсызға бекер жанды,Бай болмас жұқпаса мал тапқанменен.Астына торғын көрпе, құстөсек сал,Ауруға рахат болмас жатқанменен.Тағынып үзеңгісін алты қабат,Жарлылар бай бола ма мақтанменен?Шешен болсаң сөйлетпей ел қоя ма,Көрінбей үйде бұғып жатқанменен.Талпынып топтан озбақ оңай емес,Жүйрікке адым керек шапқанменен.Әзелден жарлы қылып жазып қойса,

Page 283: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

283

Д. Қамзабекұлы

Байымас күндіз-түні мал тапқанменен.Жәбірді өзің көр де, кісіге айтпа,Кек алар ер туған жоқ шаққанменен.Сыр білмейтін жерлерде бос зырқырап,Жаман жақсы болмас шатқанменен.Қандай түзу мылтықпен жақын жерден,Ажалсызға оқ тимес атқанменен.Төбет түлкі ала алмас, тазы болып,Мойнына күміс қарғы таққанменен.Елде бастас, түзде оттас бола көрме,Халыққа абұйыры қашқанменен.Дүниеден екі бірдей опа көрмес,Арамға дінмен көңіл сатқанменен,Атсыз, ассыз, киімсіз жарлы байғұс,Өлген жоқ қарындары ашқанменен.Азғырып қисық жолға жетелейді,Сөз ұғар ауыр болмақ татқанменен.Байды ұры, ғалымды шайтан торып,Ғапыл болмай жүріңдер сатқанменен.

аХмет баЙтҰрСынҰлы

аққУ, ШОРТаН ҺӘм ШаЯН

Жүк алды шаян, шортан, аққу бір күн, Жегіліп, тартты үшеуі дүркін-дүркін.Тартады аққу көкке, шаян кейін,Жұлқиды суға қарай шортан шіркін.Бұлардың машақаты аз болмады,Жұмысы орнына кеп мәз болмады.Тартса да бар күштерін аямай-ақ,Аслан жүк орнынан қозғалмады.Оншама ол жүк артық ауыр емес,Құр сырттан «пәлен» деу де тәуір емес.

Page 284: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

284

Омбының Алаш дәптері

Жүк бірақ әлі күнге орнында тұр,Бырыңғай тартпаған соң бәрі тегіс.

* * *

Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас, Әуелі бірлік керек, болсаң жолдас.Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,Істеген ынтымақсыз ісің оңбас.

қаЙыРШы меН қыДыР

Қайыршы киімі жыртық, жалаң аяқ, Мойнында ескі дорба, қолда таяқ,Қалада қайыр сұрап жүруші еді,Күн көріп бергенімен әркім аяп.Үйіне бай-мырзаның келген шақта,Қазына салтанатын көрген шақта,Ойлайтын: «Мұнан артық не керек, – деп, –Осындай Құдай бәрін берген шақта?!Отырып алтын, күміс ортасында,Тоймайтын несі, – дейтін, – мал мен баққа?!»Бір күні шаршаған соң демін алып,Отырып, ой жіберді әрбір жаққа.Ойлайды: «Кейбіреулер болады бай,Не түрлі керегінің бәрі де сай.Жайлы орын, жақсы тамақ, жиған жиһаз,Қанағат етіп соған тұрмайды жай.Ұрынып әр кәсіпке жүргені әман,Бәріне өзі тойса, көзі тоймай.Айрылар ақырында қолдағыдан,Дәулетін асырам деп ойлай-ойлай».Иесі анау үйдің бұрын болғанКісі еді заманында бақыт қонған.Бақ қарап, Қыдыр дарып тұрған шақта,Дәулетің құралады оң мен солдан.

Page 285: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

285

Д. Қамзабекұлы

Кәсібі сауда еді еткен жастан,Бай болды, Құдай беріп, жұрттан асқан.Бар болса қанағаты сол уақытта,Өлердей емес еді, жай тұрса, аштан.Үстіне байығанның байимын деп,Теңіздің ар жағынан сауда ашқан.Кемесі тауарымен ғарық болып,Кез келді мезгіліне бағы қашқан.Кәсіпке сонан бері кетті ебі,Келмеді қайтып байлық теңіздегі.Борышқа белшісінен батып әбден,Мүлкінің болды бәрі жоқ есебі.Баяғы байлық дәурен бастан көшіп,Секілді түсте көрген болды кебі.Және де бір саудагер байып еді,Саудасын әр жерлерге жайып еді.Үстіне байығанның байимын деу –Оның да осы бір зор айыбы еді.Малынан о да айрылып, жұрдай болды,Саудасы сынып, бағы тайып еді.Санасам, толып жатыр осындай кеп,Қанағат, байыдым деп, етпейтін көп.Сазайы шіркіндердің жай тұрмаған,«Құдая, бергеніңе мың шүкір!» – деп.Сол жерде қайыршыға Қыдыр келіп:«Жүруші ем, – деді, – аяп, сырттан көріп.Дорбаңның аузын ашып, тос, бейшара,Мен сені байытайын алтын беріп.Жалғыз-ақ бір шарты бар, ал есіңе,Түскеннің бөрі алтын дорба ішіне.Дорбадан жерге түссе, тозаң болып,Жұмсауға жарамайды пайда ісіңе.Керемін, дорбаң ескі, нашар екен,Қызығып, қызармасын онша шекең.Алтынды қанша алсаң да, аямаймын,Бірақ бұл дорбаң сенің шыдар ма екен?».

Page 286: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

286

Омбының Алаш дәптері

Қайыршы енді қарап тұрсын нешік,Дорбасын тоса берді аузын шешіп.«Сала бер, төгілер деп қорықпа, – деді, –Болғанмен дорбам ескі, емес тесік».Сауылдап құйылды алтын дорбасына,Қайыршы сағатта бай болмасын ба!Бір ғана өзі түгіл, әулетіменБайырлық болды тапқан олжасына.«Ау, жаным, – Қыдыр айтты, – енді жетер,Қанағат уақытың болды етер.Жарылып кетсе, байғұс, дорбаң ескі,Алтындар рәсуәй болар бекер».«Сала түс, әлі де болса, бітегене!Жарылсын бет алдына дорба неге?!Сала бер, алтындарың таусылмаса,Дорба үшін жарылар деп қайғы жеме».«Ал толды дорбаң әбден, жетер, жаным!Жарылып, тығыздасаң, кетер, жаным!Аз байлық емес бұ да, біле білсең,Тоймастық ете берме бекер, жаным!».«Тағы да салшы, сал!» – деп емінеді,Шыдамай, дорба енді сөгіледі.Қазына дорба толған бір минуттаСау етіп бәрі жерге төгіледі.Төгіліп алтын, болды тозаң мен шаң,Қайыршы аузын ашып, отыр аң-таң.«Табалап өзгелерді, әй, қайыршым,«Қанағат етпеген соң, – деуші ең, – сазаң!».Аз байлық емес еді сенің де олжаң,Қызығып, демегенде «жұрттан озам!».Осымен қысқартамын сөзді жай-ақ,Үстіне жығылғанның салмай таяқ.Кінәні қанағатқа аударайын,Қам көңіл қайыршыға тимей, аяп.Қанағат жүзі қара жоламайтынБейне бір байлық пен бақ араздай-ақ.

Page 287: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

287

Д. Қамзабекұлы

ӨзеН меН қаРаСУ

Қарасу өзенге айтты: «Ғажап мұның! Мезгілің бар ма, сірә, табар тыным?Тасисың бірде кеме, бірде салдар,Қайықтың есебі жоқ сансыз мыңын.Суыңда күндіз-түні тыныштық жоқ,Қалайша шаршамайсың, жарықтығым?Бейнетім менің егер сендей болса,Бір күн де төзбес едім, нақ бұл шыным.Байқасам салыстырып саған қарап,Рақат, ұжмақ менің көрген күнім.Ол рас, сендей атақ-дабысым жоқ,Айбынды бұйраланған ағысым жоқ.Планда орынды да көп алмаймын,Қағазға сыймай тұрқым, онша ұзын боп.Сонда да мендей рақат көрмек қайда!Бейне бір мамық төсек түбім майда.Жұмыс жоқ, уайым жоқ мен бір ханым,Салдырып белден төсек, жатқан жайға.Есепсіз рақатым, бейнетім кем,Дермісің көрген күнің менімен тең?Үстімнен кемелер мен салдар түгіл,Жел қайық, тым болмаса, жүре ме екен?Түседі жапырақтар кейде ғана,Айында екі-үш рет көп болса ең.Мазамды жел де алмайды төмен ойда,Қозғалмай ұйқылы-ояу жатқан бойға.Осынша әуре болып жүргеніңеҚаламын ғажаптанып қиял-ойға.Сол шақта өзен айтты: «Тоқта, надан!Сөзіңді шығын қылма жоққа, надан!Ісімді әурешілік, пайдасыз деп,Білмесең, құр өтірік соқпа, надан!Ағынмен су зораяр деген қайда?

Page 288: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

288

Омбының Алаш дәптері

Мұндай сөз хабарыңда жоқ па, надан?Зорайып болдым өзен аққаныммен,Сендей боп текке қарап жатпадым мен.Толтырып сай-саланы жылда суға,Келтірдім көпке пайда тапқаныммен.Жайылса жер жүзіне дабыс-даңқым,Оны да қарап жатып таппадым мен.Бойыммен осы аққан алмай дамыл,Ағармын әлі де болса неше жүз жыл.Суалып оған дейін жатқан сеніңДүниеде атың қалмас, суың түгіл».Айттырған періште ме, яки жын ба,Әйтеуір өзен сөзі шықты шынға.Сол аққан қалыбынан жаңылмастан,Жүздерден асып алып, кетті мыңға.Суалып, қоқым тосып, балдыр басып,Қарасу құри берді жылдан жылға.Сарқылып он жыл болмай, дымы бітіп,Су деген жоғалды аты ақырында.

* * *Мысалы үлкен өзен тынбай аққан –Халықтар миһнат шегіп, рақат тапқан.Жетісіп ғылым, өнер баршасына,Толып тұр қанасына қонған бақтан.Меңзеймін қарасуды, қазақ, сағанТалпынбай талап ойлап, қарап жатқан.Барады қатар жұрттың бәрі озып,Ілгері жылжымайсың жалғыз аттам.Оянып, жан-жағыңа сал көзіңді,Түбіңе жетпей қалмас қамсыз жатқан.Өткізіп уақытты, өкінерсің –Бәледен, басқа келмей, деймін сақтан.Қазағым, сал құлағың нақылыма,Түсініп айтқан достық ақылыма.Сөз емес еріккенде ермек еткен,

Page 289: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

289

Д. Қамзабекұлы

Айтамын жаным ашып жақыныма.Қозғалмай бұл күйіңмен жата берсең,Боларсың қарасудай ақырында.

қазақ қалПы

Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған, Сахара көлге қонып салқындағанБір өртке қаудан шыққан душар болып,Не қалды тәнімізде шарпылмаған?!Алаштың адамының бәрі мәлім:Кім қалды таразыға тартылмаған?Дегендер «мен жақсымын» толып жатыр,Жақсылық өз басынан артылмаған.Тақылдап, құр пысықсып сөйлейтін көп,Екпіндеп, ұшқыр атша қарқындаған.Бос белбеу, босаң туған бозбала кепКиіздей шала басып, қарпылмаған.Еңкеңдеп ет аңдыған шалдар да көп,Телміріп, бір тойғанын ар қылмаған.Ақ көңіл, алаң-бұлаң адамдар барЕсептеп азын көпке, аңқылдаған.Қайырсыз, неше сараң байлар да барҚайықтай толқындағы қалтылдаған.Бәрінен тыныш ұйықтап жатқандар көп,Ұмтылып талап ойлап талпынбаған.Солардың қатарында біз де жүрмізМәз болып құр түймеге жарқылдаған.Не пайда өнерің мен біліміңнен,Тиісті жерлеріне сарп ұрмаған?

Бұл бір сөз қасірет етіп, хатқа жазған,Қалмаған түк қасиет, қазақ азған.Байға мал, оқығанға шен мақсұт боп,Ойлайтын жұрттың қамын адам аздан.

Page 290: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

290

Омбының Алаш дәптері

ЖұРТыма

Бірлік қып іс етуге шорқақ жұртым, Табылса оңай олжа, ортақ жұртым.Сияқты қара қарға шуылдағанҮрейсіз қоян жүрек қорқақ жұртым.Білмейсің жөнің менен терісіңді,Ел болып іс етпейсің келісімді.Үміт қып бәйге атындай талай қосып,Байқадық шабыс түгіл, желісіңді.Жөн айтқан жұртшылыққа адам болса,Шығасың қолыңа ала керісіңді.Бытырап бет-бетіңе жөнелгенде,Көрдік қой жайылатын өрісіңді.Келгенде өзді-өзіңе мықты-ақсыңдар,Қайтейін өзге десе көнгішіңді.Сықылды сынық бұтақ төмендесең,Кім жұлмас оңайдағы жемісіңді?!

ОқУҒа ШақыРУ

Балалар! Оқуға бар! Жатпа қарап!Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!Шақырды тауық мана әлдеқашан,Қарап тұр терезеден күн жылтырап.Адам да, ұшқан құс та, жүрген аң да,Жұмыссыз тек тұрған жоқ ешбір жан да:Кішкене қоңыз да жүр жүгін сүйреп,Барады аралар да ұшып балға.Күн ашық, тоғайлар шат, ың-жың орман,Оянып жан-мақұлық түнде қонған,Шығады тоқылдақтың тоқ-тоқ даусы,Сайрағы сарғалдақтың сыңғырлаған.Өзенде балықшылар ау қарап жүр,Тоғайда орақ даусы шаң-шұң орған.

Page 291: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

291

Д. Қамзабекұлы

Аллалап, ал кітапты қолдарыңа!Құлдарын Құдай сүймес жалқау болған.

қазақ СалТы

Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ, Теңізде жүрміз қалқып кешпесі жоқ.Жел соқса, құйын қуса жылжи беруБолғандай табан тіреу еш нәрсе жоқ.Бұл күйге бүгін емес, көптен кірдік,Алды-артын аңдамаған бетпен кірдік.Шығармай бір жеңнен қол, бір жерден сөз,Алалық алты бақан дертпен кірдік.Бейне бір құдіретті сынағандай,«Сақтар деп, сақтар болса» – сертпен жүрдік.Жат жақты Жаратқанға күзеттіріп,Жақынмен ырылдастық, иттей үрдік.Білдірдік елдің сырын, ердің құнын,Елеріп ерегіске екі-үш күндік.Кіреді тентек есі түстен кейін,Мүшкілін халіміздің жаңа білдік.Әлі де, саңылаусыз салтын бағып,Түрі жоқ іс айтатын пәлен дерлік.«Ұлы той көппен көрген жалғыз мен бе? –Деп отыр, – не болса да жұртпен көрдік».

Page 292: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

292

Омбының Алаш дәптері

маҒЖан ЖҰмабаЙҰлы

ӨмІРІме ӨкПем

Сұм өмір, сұм дүние алдады ма?Тән арып, тамырда қан қалмады ма?Жалған үшін жан қинап, жапа шеккен,Еңбегің екі болып жанбады ма?Жайшылықта жан қиған жақын дүние,Талып тұрсаң назарын салмады ма?Ортекедей орғытып отқа шығып,Жалмауыз, жауыз жалған жалмады ма?Арсыз нәпсім армансыз арандатып,Қайырымсыз қанжығасын қандады ма?Қомағай, қорқау ажал қойнын ашып,Қапа менен қайғыға қан жалғады ма?Алдадың, алжастырдың, аңғырттандым,Ақылсыз, аңқау басым аңдадың ба?

Қимас досты қыспақта жылаттың ба?Қайғымен қан жұтқызып сұлаттың ба?Қасіретті қасапшының ешкісіндей,Құрым іліп, құдыққа құлаттың ба?Құбылдың, құйқылжыдың құртқа дүние,Қызықпайын десем де шыдаттың ба?Ар, ұят, адамдықты арам қылып,Бәрін саған жұмсадым қуанттың ба?Сен үшін жақынымды жат қылып ем,Қайырылып, қам көңілімді жұбаттың ба?Өзім деген жан достым өзің билеп,Балапандай баламды шулаттың ба?Балдай деген балдырған балға болып,Сүйгенім сүйегімді уаттың ба?

Page 293: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

293

Д. Қамзабекұлы

Жазықсыз жаламенен жандырдың ба?Ескермей мені есімнен тандырдың ба?Мелшиген мейірімсіз меңіреу дүние,Алдап ап, айызыңды қандырдың ба?Қазынаны ұрлаған қарақшыдай,Бас салып басқа байлау салдырдың ба?Жау тонаған адамдай жаудыратып,Азаматтық арымды алдырдың ба?Есекке артқан жүн-жұрқа қостай болып,Қалашының итіндей қаңғырдың ба?Кетеріңе келгенде, кеззеп дүние,Түлкідей құйрығыңды шалдырдың ба?Айлық азық тастамай айдарлыма,Жұрдай қылып жұртыңды қалдырдың ба?

Мінекей, жетті көзім иландың ба?Адалқан албырт басым миландың ба?Қапаста қан азайып, қажыр мұқап,Қаласпен қараңғы үйде сыйландың ба?

«Халу-бәлә» дегенді хатқа жазған,Сертіңнен сергек тағдыр таймадың ба?Әзелде алысқа ұшқан дәм мен тұзым,Жерлерге топырақ ұшқан айдадың ба?

Тәуекел, тасқа қондым, Тәңірім сақтар,Деген жанмын құнымды Құдай жоқтар.«Адам басы – Алланың құлы» болса,Дағдардым табандатып тиді шоқпар.Жалындым, жанталастым, жалбарындым,Қылмады ешбір рақым Тәңірім сақтар.Мақбұздың тақтайына жазған жұмыс,Бұйрықты жерлеріне барып тоқтар.Басқадан менің жаным бағалы ма?Талай жан тап жолында болды көкпар.

Page 294: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

294

Омбының Алаш дәптері

Қиядан сөз табатын ақын бар ма?Тыңдайтын бойы балқып нақыл бар ма?Есіл сөзім есепсіз босқа кетсе,Обалы жаулығы жоқ қатындарға.

ТҮС

Жарық сәуле, Айды, Күнді көрмеймін,Жарты өлік, толық өмір сүрмеймін.Қуанышты, азат жүрген халықтыңHe істегенін, не дегенін білмеймін.Қор болды ғой қалың қайрат, есіл күш,Абақтыда қолдан келер қандай іс?Ұйқы тілеп, көзді зорға жұмамын,Амал қанша, жұбанышым жалғыз түс.

СеҢ

Сары аяз – сүйген жарҚайырылмай кеткен соң,Қайратсыз қалың қарЖылаумен біткен соң.Жел сипап, күн күліп,Мазақ қып сүйген соң,Боларын бір сұмдық,Ішінен түйген соң.Қалың мұз кәрленіп,Қара көк түс алды.Еруге арланып,Кетпекке ойланды.Бұзыла-жарыла,Антұрған аптықты.Өзеннің жарынаАсығып соқтықты.Барында шамасы,

Page 295: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

295

Д. Қамзабекұлы

Суыққа қашпақшы.Мұз теңіз – анасыҚұшағын ашпақшы.Өткен соң жаз алты ай,Ашуын жимақшы.Өзенді еркетайОйыннан тыймақшы.Қалың мұз қара көк,Ойлама құр бекерСуыққа жетем деп,Ыстық күн ерітер.

ТІлеГІм

Қайғылы қыс қар, боранмен қорқытып,Жанға рақат жайнаған жаз бітпесе,Сылаңдаған алтын күнім тез өтіп,Қайғы-мұңмен жас төгер шақ жетпесе.Жасыл шешек, қызарған гүл солмасаҚаны қашып, көркі бітіп, қуарып,Періштедей жас қыз қатын болмаса,Алмадайын қызыл беті суалып.Алмаспаса, өзгермесе бұл дүние,Жақсы-жаман тұрса өзінің қалпында!Бірақ білген, солай қылған Тәңірі ие,Мен де көндім, басымды идім алдында.Берсін атам, малға сатпай, теңіме,Маған жолдас ол мал болмас, ер болар!Құр қызықсаң ата заты, тегіне,Кезің нұры балаң өмірі шер болар.Мейірімді Ием, таза, нәзік әйелдіҚара жүрек қазаққа неге жараттың?Аһ, зар қылды, құлағына кім ілді?Сорлыларды жауыздарға қараттың!..

Page 296: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

296

Омбының Алаш дәптері

СыРық мОЙыН, бІз мұРыН

Сырық мойын, біз мұрын,Шіркін, тұздай көзіңіз.Қыт-қытындай тауықтыңҚұйылып тұр сөзіңіз.Кірпіш еткенің ұнындайОпа басқан жүзіңіз.Жүз төңкеріп көзіңіз,Жақындайсыз өзіңіз.Сізге кім ғашық болмасын?Мәселен, біз өзіміз...

Жел

«Тәңірі ие, атпады ғой таңың!» – деп,Күңіреніп жатыр тұтқын уһілеп.Естіледі терезеден темірлі,Тұрса керек тыста жүйрік жел гулеп.Байқаймын: жел ұзақ жолда жабыққан,Қасірет басып, Сарыарқадан тарыққанАлып келсе керек ауыр аманатАбақтыдағы азаматқа зарыққан.Терезеден үйге кірмек болады,Аманатты қолдан бермек болады.Жол бермеген қатты қара темірді,Ызаланып, зуылдап кеп ұрады.Үй сілкініп, құлағандай болады,«Жіберші!»– деп сұрағандай болады.Қуат кеміп, қажыған соң, жүйрік желӨксіп-өксіп жылағандай болады.Дене күйіп, желге құлақ саламын,Жанып жүрек, көзіме жас аламын.Жібермейді қара темір қайырымсызЕркін дала, Сарыарқамның сәлемін.

Page 297: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

297

Д. Қамзабекұлы

«Тәңірі ием, атпады ғой таңың!»– деп,Күңіреніп жатыр тұтқын уһілеп.Естіледі терезеден темірлі,Тыста соғып жел уілдеп тұр гулеп.

аТа, баТа

Мектептен келді Мәриәш,Әліппесі қолында.Шақырады оны атасы:«Кел, құлыным, кел мұнда».Мәриәш:«Ата, ата!» – дегенде,Атасы:«Кұлыным ата дейді ғой!»Мәриәш:«Бата, бата!» – дегенде,Атасы:«Құлыным бата дейді ғой!Бата десең, қарт атаңАйналсын сендей ботасын!Оқы, құлыным, ғалым бол,Атаң берді батасын!».

ЖаТыР

Басқа жұрт аспан-көкке асып жатыр,Кілтін өнер-білім ашып жатыр.Бірі – ай, бірі – жұлдыз, бірі күн боп,Жалтырап көктен нұрын шашып жатыр.Таласып өнер-білім алып жатыр,Күнбе-күн алға қарай барып жатыр.От жегіп, көкте ұшып, суда жүзіп,Тәңірінің рахметіне қанып жатыр.Ойламай біздің қазақ текке жатыр,

Page 298: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

298

Омбының Алаш дәптері

Бір іске жанаса алмай, шетте жатыр.Азырақ көз жүгіртіп қарап тұрсаң,Қазекең таң қаларлық көпте жатыр.Байларың мыңды айдаған шалқып жатыр,Бар малын болыстыққа сарқып жатыр.Барымта, ұрыс-керіс, кісі өлтіріс –Ішінде сорлы қазақ қалқып жатыр.Кең жері күннен-күнге құрып жатыр,Сұр жылан бар қан-сөлін сорып жатыр.Астана, жұрт билеген адамдардыТәңірі күннен күнге ұрып жатыр.Біреулер оқып төре болып жатыр,Шен алып, бақыт құсы қонып жатыр.Ұмытып өзін-өзі бұл сабазың,Жұртына қарсы таяқ соғып жатыр.Шәкірттер медреседе шіріп жатыр,Қайдағы ескі нұсқа көріп жатыр.Оқыған, дін іздеген байғұс шәкіртЖемтікші құзғын болып кіріп жатыр.Әйелдер мал орнына жүріп жатыр,Жас қызын малға, шалға беріп жатыр.«Бес байтал – әйел құны» деген бір сөзҚармаққа талай жасты іліп жатыр.Дау-жанжал ел арасы толып жатыр,Өзара талас-тартыс болып жатыр.Кешегі шешек жарған қазақ гүліСарғайып, бір су тимей солып жатыр.Мінекей, қазақ солай бітіп жатыр,Күннен күн артқа қарай кетіп жатыр.Сезінбей өз өлгенін, өзінікінАты өшкір оқығандар нетіп жатыр!

Page 299: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

299

Д. Қамзабекұлы

аНа

Үйдің іші ұйқыда,Түн ортасы шамасы.Көзін алмай бесіктен,Бөбек жатыр албырап.Бесікте бөбек ауру,Тербетіп отыр анасы.Үнсіз, меңіреу ұзын түн,Жел азынап тұр есіктен.Шөкиіп ана отыр,Жүрегіне біреу бізСұғып алып кеткендей.Үнсіз, меңіреу ұзын түнШөккен қара бір нардай.Сарғайып, ана сарылып,Демігіп, қызып, қысылып,Ауық-ауық, селк етед,Әлденеден шошьшып.Селк етсе бөбек, ананыңӨзіне ажал жеткендей.Шөкиіп отыр дем алмай...Таң алдында қара бұлтКүңіреніп көкті жабады.Бөбегінің бетінеАнаның жасы тамады.

аДаСТым

Артымда қазақ қалың ел,Тақтақ жалғыз қара жол,Кетіп бара жатыр ем.Бейнетті, бітпес ұзын жол,Отсыз, сусыз бетпақ шөл,Мың мехнатқа батып ем.

Page 300: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

300

Омбының Алаш дәптері

Жұбаныш – жол біреу-ақ,Үмітім алтын айдан да ақ,Сонымен ойды жоюшы ем...Далаға өлік жан салып,Әлсін-әлсін ән салып,Өлеңдетіп қоюшы ем...Әлдеқайдан шу шықты,Қып-қызыл қан-ту шықты,Жердің жүзін түн басты.Шегір көзді, сары шаш,Бәрі тырдай жалаңаш, –Жан-жағымды жын басты.Әлденені бөлісіп,Ыржиысып күлісіп,Ән жер, мін жер жылт-жылт оқ.Жел ұлиды, өкіред,Жындар жалп-жалп секіред...Қара жолдан сүрлеу жоқ.Артымда елім бар еді,Алдымда жолым бар еді,Ел де жоқ қазір, жол да жоқ...Табылар жолың, тарылма,Жылама, жынға жалынба,Таң атқанша күн де жоқ.

кҮз

Бұрқырап қара дауыл соғып тұрған,Көкорай түсі қашып солып тұрған.Шыдамай қатты ызғарлы жел өтіне,Бүрісіп ағаш, шөптер тоңып тұрған.Көрік жоқ ойда-қырда шығып жүрсең,Естілмес құс, құрт даусы құлақ түрсең.Қақтанған, жамыла түсіп, от маздатып,Көресің кемпір-шалды үйге кірсең.

Page 301: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

301

Д. Қамзабекұлы

Масатыдай құлпырған жердің жүзі,Аяқ бассаң – табанға өтер сызы.Кемпір болған бет-аузы қатпарланып,–Бұраңдаған кешегі сұлу қызы.Қысқасы, жер жүзінде көрік біткен,Қараған да, сұлу қыз қайта кеткен.Жыламсырап, мұңайып жанды-жансыз,Қатты аязды, қайырымсыз қысты күткен.Осы уақыт шаһарға тұрсаң қарап,Түрлі жұрт түрлі істе жүрген тарап,Көше бойлап, оқуға шапшаң басып,Шаттықпен жас балалар боқша арқалап.Қыс, күз болмас оларға көңілсіз шақ,Оқу біліп, айырар қара мен ақ.Өнерленген дүниеге ұста болған,Қолдарында олардың тәж бенен тақ.Қарасаң сонда қазақ арасына,Ойнаған жалаң аяқ баласына,Кетеді іш елжіреп, жанып-күйіп,Көңілдің тұз сепкендей жарасына.Жас емір надандықта өткен босқа,Оқымай, өнер қумай жазы-қыста.Білімнен ат-тонымен қашқан қазақСайлауға таласуға қандай ұста.Баласын оқытумен жоқ жұмысы,Ел бұзу, малын шашу – барлық ісі.Ойлаған бір күн бұрын таңдағы істі,Япырым-ау, айтсаңдаршы, бар ма кісі?Басқа жұрт балалары оқу қуған,Біліммен өз жұртының бетін жуған.Ішіп-жеп, босқа жүрсе хайуан малдай,Адамзат жер жүзіне не үшін туған?!Қор болдық, өнер қумай, қайран елім!Күш кетіп, талай жаннан көрдік керім.Сұлық боп, жан шыққалы тұр таяулап,Маңдайдан шып-шып шығып елім терің.

Page 302: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

302

Омбының Алаш дәптері

бІР бИГе

Ә, биіміз, биіміз,Түрленіп қапты үйіңіз,Тым-ақ тәуір күйіңіз.Байқаймын, мол ғой, тегінде,Алатын елден сыйыңыз.«Сен» деп сізге не дейін,Тамұқта мәңгі күйіңіз!

СаҒыНДым

Абақтыда айдан, күннен жаңылдым, Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым. «Қарашығым, құлыным», – деп зарлаған Алыстағы сорлы анамды сағындым…

Алтын күнді, қара жерді сағындым, Жан жолдасым – жүйрік желді сағындым. Асау тайдау еркелетіп өсірген – Ағайынды, туған елді сағындым…

Бостандықта өткен күнді сағындым, Желдей заулап кеткен күнді сағындым. Жыл құсындай ұшсам, қонсам ерікті – Ойдағыны еткен күнді сағындым…

Ойыны бір кұрдастарды сағындым, Тілегі бір жолдастарды сағындым. Келешекке бірге жоспар құрысқан – Сырласатын жан достарды сағындым.

Уға толы жас жүрегім, жабықтым, Таныс дауыс ести алмай зарықтым. Не дегенін, не істегінін біле алмай, Қоры болдым ғой азат жүрген халықтың!..

Page 303: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

303

Д. Қамзабекұлы

СыРым

Мен қуансам, жас баладай қуанам, Көрген адам талай деген: «Есалаң!» Мен қайғырсам, орнатамын қиямет, Жас баламын – тағы да тез жұбанам.

Күлсем егер, есім шығып күлемін, Жылағанда, қап-қара қан төгемін. Қасым болса, қанын ішкім келеді, Досым болса, жолында оның өлемін.

Әйел сүйем, бірақ емес сендерше, Мен сүйемін, жан-денесін бергенше. Жан-денесін бірдей алам, улаймын, Қысып сүйем құшағыма өлгенше.

Ол күледі, мен де есалаң күлемін, Ол жылайды, мен де жасым төгемін. Құшағымда жан-тәнінен айырылып, Өледі әйел, мен де бірге өлемін.

Тағы да көрем, тағы күлем, тірілем, Есім шығып, тағы тұзаққа ілінем. Өмір – дала, тапыл басқан мен – бала, Тапыл-тапыл, дамыл-дамыл сүрінем.

Өмір-өзен, үміт шабақ ойнаған, Жел сөзбенен шабақ аулауға ойлаған. Мен – есалаң, мен нәресте, үміт – от, Жүз күйсе де, қармануын қоймаған.

«Өзім – Тәңірі, өзіме-өзім табынам», – Деп көпіріп, зор Тәңірге шабынам. Егерде енді ауыңқырап кетсе бас, Сол Тәңірге жасым төгіп жалынам.

Page 304: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

304

Омбының Алаш дәптері

Міне, оқушым, осы менің бар сырым, Бояу деген ойымда жоқ, жоқ сырым. Сен не дейсің?.. Құлағындай есектің Ерніңе күлкі келді-ау, жарқынам!

қазаҒым

Қазағым, таянды ғой қылта мойын, Жер, мал кетіп, бос қалды біздің қойын. Қарашы өзіңе-өзің көз жүгіртіп, Жаратпас бұдан былай күлкі-ойын. Жетті енді қам жер мезгіл, жатпа бекер, Ойламай келешекті түпке жетер. Надандық қоршап алған тұс-тұс жақтан Жан қорқып, дене тітіреп, есің кетер. Тасталық болыстыққа таласуды, Таласып жаман көзбен қарасуды. Мың-мыңның төгілуі жетер енді, Ізделік аққан бұлақ – қара суды. Бар жерді күннен-күнге алып жатыр, Біреулер алып қала салып жатыр. Қырылысып өзді-өзімен қазақ сорлы, Жерінен аузын ашып қалып жатыр, Кел, қазақ, қолдағыдан құр қалмайық, Отырайық жиылып, оңдалайық. Мың жылғы өткен қуам де пата заңды, Өнерден кеш қалармыз, ойланайық. Жер қалар, біз жиылып қала салсақ, Қайдағы оңды жерді таңдап алсақ, «Ауыл болсаң, қоғам бол» – деген сөзбен Бұлтармай ертеңді-кеш жүріп барсақ. Сол шақта көп түкіріп көл де болар, Көлде толқын айдаушы жел де болар, Мектеп, медреселер көп салынып, Ағайын тату-тәтті ел де болар.

Page 305: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

305

Д. Қамзабекұлы

Жиылмай, өнерге аяқ баса алмаспыз, Нық сіңген надандықтан қаша алмаспыз. «Заман түлкі болғанда, тазы болмай», Биік қырдан алдағы аса алмаспыз!

қазақ ТІлІ

Күш кеміді, айбынды ту құлады, Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады. Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде, Қан суынған, жүрек солғын соғады.

Қыран құстың қос қанаты қырқылды, Күндей күшті, күркіреген ел тынды. Асқар Алтай – алтын анна есте жоқ, Батыр, хандар – асқан жандар ұмытылды!

Ерлік елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың, Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың. Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз – бабам тілі, сен қалдың!

Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен тілім, Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім. Таралған түрік балаларын бауырыңа Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!

ОРал ТаУы

Таласқан аспанменен көкпеңбек тас, Қарасаң төбесіне, айналар бас. Жасаған мейірімі кең қадір Тәңірі Шығарған сол тауынан алтын, алмас.

Жіп-жиі, шытырманды түрлі ағаш, Тұрғаны мұнарланып өсіп жалғас,

Page 306: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

306

Омбының Алаш дәптері

Қарағай, шырша-батыр бір қалыпта: Шілде, жаз, қысын, күзін есіне алмас! Ішінде аю, қасқыр, түрлі аң толған, Адамзат батып жалғыз аяқ салмас.

Бір күнде сенің иең түрік еді, Орын ғып көшіп-қонып жүріп еді. Қорықпайтын таудан, тастан батыр түрік Қойныңа жайыменен кіріп еді…

Ер түрік ен далаңа көрік еді, Отырса, көшсе, қонса – ерік еді, Тұрғанда бақыт құсы бастарында, Іргесі жел-күн тимей берік еді.

Тұрақсыз бұл жалғанда опа бар ма? Сақтан, алдар, бой салып жақын барма! Бүгінгі күн жан досың болып жүріп, Құлатып кетер ертең сені жарға.

Қарашы төңірекке мойның бұрып, Алтай, Орал бойында тұрған түрік Аты да, заты да жақ, дыбысы жоқ, Жоғалған әлдеқайда іріп-шіріп.

Анамыз бізді өсірген, қайран Орал, Мойның бұр тұңғышыңа, бермен орал! Қосылып батыр түрік балалары, Таптатпа, жолын кесіп, тізгінге орал.

Page 307: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

307

Д. Қамзабекұлы

ҮшІНШІ ДӘПТЕР

Page 308: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

308

Омбының Алаш дәптері

СадУаҚаС ҒылманИ

мҮНӘЖаТ мұҢ

Тілек қып мұң шағамын бір Құдайға,Өзіме бос отыру тіпті ұнай ма?Дедім де Мыңшұқырдың қақ басында,Қолыма қағаз алдым ойлау сайда.

Көзіме өткен өмір елестеді.Мол қызық ортасында емес пе еді?Дегендей қиял билеп жоқтау айтты,«Бұ-дағы саған ермек кеңес» деді.

Себепкер барлығыңа атаң қайда?Еркелеп алатұғын батаң қайда?Қайтсем де көтереді назымды депҚорқытқан қабақ түйіп анаң қайда?

Сыйласқан өте тату елің қайда?Тарқайтын сырласқанда шерің қайда?Қарт шеше, үлкен аға, құрбы-құрдас,Қадірлі іні-жеңге, келін қайда?

Серігің көңіл тынған қатын қайда?Туысқан бір атадан жақын қайда?Ауылдас, жақсы көрер ағайының,«Халпе» деп таңдайлары тақылдай ма?

Page 309: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

309

Д. Қамзабекұлы

Отырған емін-еркін күнің қайда?Қызықтап еркелеткен ұлың қайда?Ләззаты жүрегіңде қайнап сіңген,Өстірген әлпештеумен қызың қайда?

Ордалы мекен еткен үйің қайда?Мәз болып масаттанған күйің қайда?Ұстаған қолда Құран үйер етіп,Аңдайтын оқығанда миың қайда?

Айтатын жұртқа үгіт хадис қайда?Талқылап, ұғындырған мәніс қайда?Аударып ана тілмен түсінікті,Орайлы сөйленген сөз жатыс қайда?

Құлшылық орын болған мешіт қайда,Жиналып мұң шағатын бір Құдайға?Сан соғар әр адамға кездеспек қой,Немене өкінгенмен жоқты пайда.

Айтатын жұмсақ сөзбен үгіт қайда?Шырайлы сөйлегенде көрік қайда?Жұқарып сүйек ет боп мұқап қалды,Қайратты бұрынғыдай берік қайда?

Қарайтын неше түрлі кітап қайда?Қаламға жорғалайтын қолың мәйда.Бір адам сүйсінбеген қалмасын деп,Сайрайтын бөгелместен тілің қайда?

Ғұлама порымында киім қайда?Тарқатқан қызықтаумен жиын қайда?Бір жанды үйге келген алаламай,Тағамын даяр қылған күйің қайда?

Page 310: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

310

Омбының Алаш дәптері

Соятын қонақ келсе қойың қайда?Айт деген, жұма деген тойың қайда?Өзіңше тәрбиелеп ұстайтұғын,Тазалап кір жуытпас бойың қайда?

Шат болып күлетұғын күлкі қайда?Әсерлі ұтымды сөз төркі қайда?Жарасып өз орнымен тұратұғын,Белгілі мешіт үйдің мүлкі қайда?

Жайнамаз, кілем, сәлде – түгел қайда?Дін жақтап, көмектескен нүгер қайда?«Сен өлсең, біз де өлеміз» дегенді айтқан,Кешегі жанқиярың бүгін қайда?

Дін үшін не бар дейтін мықты қайда?Сол себепті көрдік дер соққы қайда?«Жан сала қимылдайтын мезгіл еді»,Деп айтып көздемейік бастық пайда.

Жалғыз басың, міне, тұр, жолдас қайда?Жалғыздық жарасып ед бір Құдайға.«Ойлаушы, жоқтаушылар қалды жетім,–Бар айтары жүр екен,– халпем қайда?».

Аңсайтын шер тарқайтын жұма қайда?Сөйленген дүние ахирет түгел пайда.Айтып-айтпай немене болмас келді,Кездескен уақыт шығар қайда-қайда.

Бұл тағдыр, міне, басқа қалды орнап, Мейірім салып аясын Тәңірім қорғап.Бір мен емес не ғазез қанша затты,Бәрінде қойды тұрмыс мықты торлап.

Page 311: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

311

Д. Қамзабекұлы

Соның бірі мен дағы түстім торға,Жалғыз-ақ бар шаттығым еркім қолда.Тау мен тас, бұта төмпей бетке ұстаған,Кездескен уақыт болды қалың сорға.

Мұңды ойласам мұңайып жабығамын,Егіліп көзден жасым қамығамын.Ауыр тұман, зор қайғы басып кетіп,Шатасып бар тапқаным аһ ұрамын.

Сол уақыт төңірекке салам көзім,Ойға алып Жаратқанның жалғыз өзін.Азырақ мұңым тарқап айығамын,Түйінін шешуге ойлап мына сөздің.

«Мен не үшін кездестім бұл мехнатқа,Қылмысым өте ауыр, ісім жат па?Не ұрлық, не қиянат, не сұмдықпенБолмаса абырой мен зор атақ па?

Жоқ-жоқ, өзің ойлашы саусың бұдан»,Дейді ойым, «Тарқатуға бастан тұман.Жалғыз дінге басшылық жазаң осы,Табанды тіреп қалдың мығым соған».

Сонда көңілім тынады «Е, бұл болса,Бұл үшін жылап көзім қанға толса.Мен ыразы тағдырға, мың шүкірлік,Жүдеп, арып ақ жүзім оңса, солса».

Деймін де өз-өзімді жұбатамын,Баладай алдандырған уатамын.Мұндай ойда болуым – о да бақыт,Қайтер ем табылмаса уатарым?

1931 ж., әпірелдің 2-сі

Page 312: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

312

Омбының Алаш дәптері

СОҢҒы ТаЮ

Шықтым үйден шошынып,Суық тиіп құлаққа.Шала-бұла киініп,Сөз естілмей тұрақта.

Намаз-жұма оқып ап,Тарқаттым көпті жиналған.Соңғы рет жұмға оқуым,Дауа боп жанға қиналған.

Өшкенім болды жанғандай,Шерім тарқап көңілден.Көпшілікті көрумен,Іштегі қапам бөлінген.

Саналысы көптің де,Жұма деп соңғы білгенді.Көңіліне түйсін ап,Елеңдеп құлақ түргенді.

Бұл бір неғмат санасам,Шүкірлік ету міндетім.Екінші неғмат ерік ап,Торлаушыдан сау кеттім.

Үшінші неғмат паналар,Адамның елде барлығы.Білінбей тұр бұл күнде,Дүниенің кең мен тарлығы.

Түнде жорттым мекендеп,Әр ауылдың арасын.Күні бойы бір күні,Мыңшұқыр таудың панасын.

Page 313: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

313

Д. Қамзабекұлы

Пана қылдым өзіме,Қарауылдап жан-жақты.Елестетіп көзіме,Төңіректі, аймақты.

Неғмат аты ортақ қой,Не тыныштық болғанға.Шүкірлігі парыз ғой,Олқыға да толғанға.

Сондықтан еттім шүкірлік,Жоғары-төмен пікір ғып.Жалынамын Иеге,Өзіне шағып бір мұң ғып.

1931 ж., апрельдің 3-і

ӨкІНУ

Ересен жалқау,Ой-пікірім тарқау,Болдым ғажап бір адам.Қанша білген ғылым,Жинамадым бірін,Талқылап жазып қалмаған.

Айттым үгіт,Көпке беріп,Не асыл сөз терумен.Бірақ тілде,Қалмады елде,Нұсқа жазып берумен.

Мұным қата,Біржолата,Деп безбедім бұл халден.

Page 314: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

314

Омбының Алаш дәптері

Баяғы қалпым, Баяғы салтым,Бір ізім жоқ оңалған.

Мәз боп күлдім,Мәңгі емесін білдім,Сөйте тұра тырыспай.«Ертең, ертең,Бір кішкене кілтең»,Дедім де іске жуыспай.

Қалдым ғой бос,Кім қас, кім дос,Айыра алмай шатастым,Досым – қас боп, Нәпсім бас боп,Екі жақтап адастым.

Жасым келді,Қырық беске енді,Құлшылық түзу ете алмай.Нәпсіге еріп,Билікті беріп,Жақсылыққа бет алмай.

Ойладым жаспын, Тұрмысқа маспын,Тәубе етермін деп кейін.«Менен басқа,Үлкендер жас па,Ақсақал, жақсыға шейін».

Жайылып жүр ғой, Жақсылықтан құр ғой,Оларға өлшеп қарасаң.

Page 315: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

315

Д. Қамзабекұлы

Молда да тәуір, Атандың сауыр,Есептеп өзің санасаң.

Дегендей ой, Алдандым ғой,Қапы соқтым еткенге.Ием сені,Жалынған мені,Күйдір ме қылмыс өткенге?

Атыма мәз,Білімім аз,Сөйте тұра жалықтым,Қарауға кітап,Мен талқылап,Ұғынуға зарықтым.

Қолда барда,Қадыры бар ма,Міне, болдым мен мұқтаж.Қолым боста, Өмірім босқа,Кетті, етпекпін не ылаж?

Оқимын Құран,Алаң-бұлаң,Мәні аңдауым кеміспен...Кейбір лұғат, Көзделген мұрат,Біле алмай қалдым тегістен.

Әрине, құрал,Аңдатуға бұлар,Дейтіндей кітап қолда жоқ.

Page 316: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

316

Омбының Алаш дәптері

Құр өкінем,Деп бекінем,Бірақ мұң көп, пайда жоқ.

1931 жыл, апрельдің 9-ыБұзауда

бІРлІк ТУРалы

Жаман істен жақсы іс тууы анық,Білінер зерттесең анықталып.Құрайды бетке ұстаған тарлық күнде,Ой түсті түрлі ғибрат таңырқарлық.

Араладым тау ішін кезіп жүріп,Дұспанның қастық бетін сезіп жүріп.Тәңірдің бұл сырына зор риза бопҚатын, бала, мешіттен безіп жүріп.

Безбес едім, қайтейін, шарам бар ма,Тоқпағына тұрмыстың амал бар ма?Үйіңнен сулы-суан тамағыңды,Татпа деген лаухыда қалам барда.

«Көр!» дейді Құран жолы ел мен жерді,Сезін деп бастан-аяқ тарлық-кеңді.Аз ғана отырсаң да бір арада,Ғибратпен сөз қылудың орны келді.

Әр тауда үш-төрт күннен мекен қылдым,Кейінде намаз оқып, кейде отырдым.Әсіресе Найзатас көп бұдырда,Кейде күндіз, кейде түн бұғып тұрдым.

Сатыдай қия-қия жасалған тас,Түбі жуан тап ұшы найзаға ұқсас.

Page 317: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

317

Д. Қамзабекұлы

Таған құс күйкентаймен ұялаған,Әр төбенің басында бұдырмақ тас.

Сарытау қарауылға биік тауы,Басындағы тасқа адам паналауы.Сырт жағынан қарасаң одыраяр,Болғандықтан зор тауы қашық тауы.

Қайтсін жеке болған соң іріленбек,«Ал» дегендей бұдырға менен өрнек.Жан-жағына қаралса онысы жол,Оқшиғансың тұрған соң ірі көрнек.

Бауыры сол шошақ тас қысқы қоныс,Беткейі жас төлдерге болады өріс.Иек артпа ит-құсқа жаман жері,Аңғырт бетке кез болса алмақ сөгіс.

Сөгілсе де амал жоқ жаратылыс,Жаратушы жаратқан зор ғажап іс.Еркі өзінде болмаған себебінен,Сөгілуі орны жоқ бір жолсыз іс.

Әйел қарғар жандыны, жансызды да,Абайламай қамдыны, қамсызды да.Кейі жалқау әм салақ ойсыз болып,Тергей бастар баптыны, бапсызды да.

Пендешілік үйтуі ер-әйелдің,Сүйекке сіңген әдет артық-кемнің.Өткен іске сан соғып қарғап-сөгу,Шүкір, сабыр жоқтығы артық-кемнің.

Пенделік ер-әйелден табылады,Қапыл боп түзу жолдан жаңылады.Жалғыз міндет қатесін есіне алып,Өкініп тілек қылып жалынады.

Page 318: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

318

Омбының Алаш дәптері

Мұны «тәуба» деп айтады Құран тілі,Жеткізілген хаққа деп зарлық, мұңы.Сабын, сумен кіріңді жоқ қылғандай,Жоғалар қылған істің барлық міні.

Иек артпа төбе асты сөзім бұзды,Бетке ұстаған жазуға жүрек ізді.Қайта көшіп әуелгі мақсатыма,Орнықтыра жазайын мақсат сөзді.

Әрине, қоныс болса ауыл болмақ,Ауыл болса бір басшы тәуір болмақ.Береке, абыройы кетпегенде,Бағынған бір ауыздан қаулы болмақ.

Ауылда берекесіз сөз бірікпес,Қанша туыс болғанмен бір үріптес.Іріп, шірір біріне-бірі қас боп,Жан болмас кездескенде зиян екпес.

Қас болып бірін-бірі мұқатады,Шығын қып дүние-мүлкін ұпатады.Қаралап бөгде жанға өз жақынын,Қазған орға өзді-өзін құлатады.

Бірлік болса тірлігің көркейеді,Тірлік оңған адамға көрік енеді.«Ғаракатқа – баракат» мәтелде бар,Әр істе үйлесімді ерік береді.

Ақылдасып шешеді не іс болса,Ауыр, жеңіл не түрлі жұмыс болса.Ұсынып тапқан ақыл басшысына,Жүптеңіз дейді ойымды дұрыс болса.

Page 319: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

319

Д. Қамзабекұлы

Дұрыстаса басшысы қабылдайды,Қисық болса ақылы алынбайды.Менің ойым аяқсыз қалды ғой деп,Ойды ұсынған өкпелеп наз қылмайды.

Мұнан артық ынтымақ қайда болмақ,Үстігенде бірлесіп ауыл оңбақ.Бірінің кем-кетігін бірі көріп,Жібереді біреуін-бірі қолдап.

Бірлігі жоқ ауылда қым-қиғаш дау,Ол даудан бірде-бірі қалмайды сау.Мұқатып жеңген жағы одырайып,Жеңілгені болады зор жабырқау.

Жабырқасын не керек аяушы жоқ,Қатасын теріп, тізіп санаушы көп.Байқаусызда басында бір іс келсе,Берген көмек айтары болар «шоқ-шоқ».

Жеңгені өзін оңды адам санар,Соңға түсер қолына алып фонарь.Обал ғой бұл да адамның баласы деп,Ойы жоқ өмірінде бір күн аяр.

Мұндай пейіл тууы неден еді,Ойлауы жоқ қойшы бұл неген еді.«Әуелі өз саныңа ауырмаса,Басқаға сұқ» үлкендер деген еді.

Мен осындай болғанда қайтер едім,Аясайшы дегенді айтар едім.Деген сана жүрекке ұяласа,Бір мезгіл аттың басын тартар едің.

Page 320: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

320

Омбының Алаш дәптері

Ынтымаққа ең үлкен басты себеп –Бірін-бірі жіберу істе демеп.Зиян, пайда екеуін ортақтасса,Енді ашылмас ортаға бірлік енет.

Бұған қоса үлкенге құрмет етсе,Кішіге есіркеумен жол үйретсе.Құрбы-құрдас жігі жоқ тату болып,Біріне-бірі ақылмен жөн көрсетсе.

Ақыл сөз қабылданса кімнен шықсын,Ол жаманның сөзі ғой демей ұқсын.Іске асыру жағына көмекші боп,Сүттей ұйып жол сөзге құлақ тықсын.

Сөзге қарап алынса сөз орынды,Қалдырса бұл ретте мал форымды.Абыройды, үлкендікті, көпшіліктіҚоспағанда болады сөз толымды.

Кісіге қарауменен алынса сөз,Ол жолдан хақтық шықпас күдеріңді үз.Ми жолын қолданбаған суреті адам,Есептелмес санымен ондаған жүз.

Айырмайды жаманын сөз асылын,Түгендейтін мақсұты өз асығын.Үлкеннің, абыройлының, не малдыныңТергеместен қабылдар сөз жасығын.

Ондай адам сәулесіз, ең қараңғы,Жігі жоқ айуанмен бір саналды.Тұрмыс қалай беттесе соны жұптап,Тұс-тұсында бір заман бағыт алды.

Page 321: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

321

Д. Қамзабекұлы

Сондықтан зор ғалымдар айтқан бүйдеп,Аларын білгендіктен заман билеп.Тұрмыстың түрлі құбылыс тармақтары,Кезек-кезек тұрады таптап, илеп.

Сол табиғат – құбылыстың бір тарауы,Малды болған адамды зор санауы.Мол қасиет, зор бақыт – бәрі сонда,Жақсы істесін, я жаман жоқ балауы.

Жұптайды оның ісін, айтқан сөзін,Салмайды қисық оңға тіпті көзін.Бай айтса болды, бітті жұмыс осы,Сынамайды тағы да жөн мінезін.

Мысалмен ғалым айтқан мынадай деп:«Шешендігі зор болса «Хассандай» боп,Ұлындай Мұқыланың қаламгерлік,Сопылығы «Әдһәмнің» ұлындай деп.

Хекмәттә «Лұқмандай» болса білгіш,Білгіштікпен сырларды болса көргіш.Осы төрт қасиетті кедей болса,Табылмақ бір өзінен талай мінді іс.

Халық көрмес қасиетті ол адамда,Теріс көзбен қаралмақ қолы тарға.Басындағы мол қасиет түкке тұрмайЖиырма тиын құнсыз деп қоспас санға.

Бір кісі надан болса «Жебелледей»,Ғапләттігі «Қарнанмен» болса бірдей.Зиынсыз «Атраштың» жаман болып,Сөзінде бір шындығы жоқ ессе желдей.

Page 322: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

322

Омбының Алаш дәптері

«Мүсәйләмә» пар болса бұл мінезге,Көрінер жақсылық жоқ болса көзге.Сондай адам дәулетті мал көп болса,Жұрт аңыз қылысады шешен өзге».

Көрсетпеген малдылық бар айыбын,Перделеп тыққан жауып іс майбын.Түзу сөз сөйлеу тұрсын аңғармайды,Жақсы-жаман айтылған сөз байыбын.

Сондықтан бір заманда малды, пұлды,Аузы қисық болса да сөз толымды.Былықтырып, былшылдап сөз айтса да,Шіркіннің айтқанының бәрі орынды.

Бүгінді алсаң, өзгерген ол қалып жоқ,Атақтың, малдылықтың айыбы көп.Құбылмалы заманның төңкерісі,Бір қалыппен байырғы тұруы жоқ.

Сондықтан бірлік керек, әділ керек,Ортақтасқан пайда мен зиян керек.Түпкілікті ұнамды іс өте қажет,Сол жолмен өз-өзіңді ұстау керек.

1931 ж., майдың 5-і

ТІлек

Сондай қиын, зор үлкен,Ауырлыққа ұшырап,Отыр түгел дін басшы.Үйрете алмай халқына,Ұғындырып жалпыға,Құр уланып қаны ащы.Телміріп көзі тұнжырап,Жұқарып, мұқап, былжырап.

Page 323: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

323

Д. Қамзабекұлы

Айтпайын десе өзі, Көріп тұр қайтсін көзі,Сол себепті қылмысты.Айтамын деп сорлы, Өте мінді болды,Кездесіп басқа мол істі.Екі жақтап соққы жеп, Ұшыраған мұңға зор кебеп.

Жалғыз мұңы – Құдай,Айтатын сөзі жылай:«Халымды міне көрсейші?».Діннің еркін, Емін-еркін Түгел бізге берсейші.Сұрау, тілеу – сізден,Бірге бол деп бізбен.

Қабылдап өзің,Сүрткізіп көзін,Қуант бізді шат қылып.Тисе ерік,Тізгінді беріп,Дінді үйретсек жат қылып.Дегенге жеткіз, Алла!Қарап мұңмен, зарға.

1931 ж., майдың 29-ы.

ҒаЖаП ТұРмыС

Ойлыда мол шерленген,Тұрмысынан соққы жеп,Басқарып бір жол тұра алмай.«Жолсыз мынау жолды» деп,Ойсыздар да зарлайды,Мал сақтаудың қамын жеп.

Page 324: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

324

Омбының Алаш дәптері

Әр жан әрбір кебепте,Жегі құрт жатыр іштен жеп.

Бір уайым сөйлемей,Отырған жан таппайсың,«Жанды қалай сақтайсың?»,Деген сөзбен бәрі әлек.Сондықтан тұрмыс ішті өртеп,

Күйдіріп, пісіріп жандырад.Айналаң қазған бәрі де ор,Жығылтып онда қалдырад,«Аман құтылып қалар» деп.

Жөні жоқ оған нандырад,Әуре-сарсаң бас болып,Есіңнен көп ой тандырад.Қайтып естен танбассың,Табы жікпен тор құрад.Біріне қазып бір орды,Апарып қолдан салдырад.

Жан қияр өте дос-жарың,Аттың басын бір бұрмай,Таңдандырып қалдырад.Бір сағат таса қылмайтын,Көрісе алмай тұрмайтын,Не туысың, не досың,Суысып сенен айрылад.

Соны көріп қайран боп,«Тірі жүрдім қайдан?» деп,Тағдырға айып табылад.Ілтифат қып қайрылмай,Тұрмысына жағынад.Қалдырылып, сағың сынса да,

Page 325: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

325

Д. Қамзабекұлы

Өліп өшіп құмартад,Өмешең сенің құрыса да.

Елең қылып өзіңді,Уақыт жоқ саған қайырылад.Құмар шығар ол-дағы,Ішінен тілеп, зар қылад.Көріністе шет болып,Сөлесуді ар қылад.Таптың жолын қуаттап,Қайта өзіңе тор құрад.

Қасыңнан да қас болып,Зияныңа мол тұрад.Осынын көрген мезгілде,Бар айтарың «тағдыр» деп,Жалғызға налып зар қылад.Мұны көрген уақытта,Ойлайды қөңлің мына ойды:

Әрине, тұрмыс зорлады,Берді ғой, рас, ол бойды.Шіркін-әй іштеп білдіріп,Кетсейші достық шын ойды.Сездіріп соны кетуге,Қорқып қоям болды ма?Өзінде сенім бола алмай,Сондықтан сену қойды ма?

Қайда кеткен жүректік?Қорқақтық билеп бойды да,Не болмаса өте ойды да.Не болмаса өте ергіш,Жетекшіл түйе болды ма?Жетекшіден бас бұрмас,Биттей бөлініп іс қылмас,

Page 326: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

326

Омбының Алаш дәптері

Өлген жандай ерік жоқ,Жуушының қолында.

«Сізді көрсем, әкем еске түседі,Сол себепті махаббат желі еседі»,Дейтін сөзі ертеректе болса да,Дей алмады сәлем қағаз осы еді.

(«Шешуі Кәрімге»)1931 ж., иүлдің 7-сі.

УаЙым

Уайым-шер адамның діңкесіне тимек қой,Тұрмыс неге зорласа, соған адам күймек қой.Айтарға тіл сақау боп іштен түйін түймек қой,Тарлықта аздап демеген жанды адам сүймек қой.Жаратылысы оңды жан жақсы жолға имек қой,Қиянаткер, зияншыл кесірі көпке тимек қой.Көрінгенге мынаны иек қағар «илеп қой»,Терең көзбен қаралса, тұрмыс жолы ирек қой.Иреңдетіп біреуді дегізбек топтан сүйреп қой,Сүйрелсең топтан өлгенің, қайтсең де шыдап үйрет бой.

1931 ж., ағұстың 30-ы.

кӨҢІлІм

Шіркін, көңілім, лепірдің, Бір мезгілде шарқ ұрып.Көк дөнен көңіл жүйрік пе,Дегізіп өте талпынып.Мөлшер жоқ, шек жоқ,Болдырдың бәрін сарп ұрып.Елде тең жоқ өзіңе,Қоймақсың жұртты талық қылып.Молдадай-ақ қыр асқан,Білімің әлем жарық қылып.

Page 327: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

327

Д. Қамзабекұлы

Аузыңнан шыққан сөзіңді,Қалдырмастай анық біліп.Елірдің, кептің, семірдің,Атыңды түгел халық біліп.Басыңа қорлық келместей,Көпті аузыңмен қарық қылып.Сайрадың жалғыз өзіңдей,Тіліңмен жұртты шалып іліп.Шешпек болдың түйінін,Табылса көптен жалпы ілік.Ұйым қылмақ ойладың,Бара жатса халық іріп.Көп сөзіне бас сұқтың,Өзіңде таудай мін тұрып.Құр сөзге мәз көрмедің,Ісіңе мойын бір бұрып.Сөз бен ісің қайшы болып,Басқаны сөктің мінді қылып.Асау атша сай өрлеп,Нәпсің жемей жұдырық.Қағусыз малшы семірдің,Ел кезіп, шат қыдырып.

Ал, көңілім, қазір не болдың?Ісіңнен жеміс нені ордың?Лапылдап жанып бір мезгіл,Басылып, қысылып мол солдың.Бұрынғы ой жоқ қажыдың,Мұқалып жігер, қажырың. Емін-еркін кең жүріс,Жоғалып қолдан қазір күн.Бұқтың қорқып кім көрсең,Секемел жанға кез келсең.Тыныштық кетіп өзіңнен,Көмексіз боп шет жүрсең.

Page 328: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

328

Омбының Алаш дәптері

Сөз берсе демеу бір адам,Досым деп жанға арналған.Қуанып, мәз боп тынасың,Біткендей ісің ойға алған.Баяғы күн басқа орнап,Аймақтап, шолып көз салған.Аз да болса көңілді,Оңалып әр іс қолға алған.Өшкенің болып жанғандайЖағаң жайлау жүлде алған.Төбең қыстау кеңисің,Босанып мойның зор тордан.Ұмытасың қорлықтыТұрмысың айдап қол салған.Үрікпе, саспа деген жан,Қамқор досың саналған.Маңайлап соны жақтайсың,Туыстай көріп арналған.Жоғалтып іште шеріңді,Көңілге демеу мол салған.Дұшпаннан пәле келместей,Қауіпті жолдар қаралған.Жабысасың кетпейсің,Бардай-ақ ақың алармын.Зор медеу саған, көңілім,Есептелер жаңарған.Қашан көрсең суық сөз,Сөйлеген саған бір адам.Қастық емес айтуы,Сақтық жолын қараған.Соны ескертіп, ой бөліп,Қауіп-қатер санаған.Пәленшекең сенімсіз,Дегендей пәле тараған.Суық сөз сонда естісең,

Page 329: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

329

Д. Қамзабекұлы

Ұшады құтың қарадан.Түйткіл кіріп алаңдап,Кісі үзбейсің даладан.Ішкенің – ірің, жегенің – Желім боп, зәрең қалмаған.Не ләззатты ас ішсең,Бойыңа болмас тараған.Сол жерден қашан кеткенше,Жүрек қорқып баладан.Дұшпан алдап сезед деп,Көпшік қойып жаладан.Ақ солықтай дән бітіп,Іштен жегі қамаған.Ішке сыймай шер, қасірет,Бос жер жоқ жүрек жарадан.

1931 ж., ағұстың 30-ы.

ТІлекТІ мұҢы

Ұштым пана жар таппай,Болған соң мазақ мен қақпай.Тұғырым қалды орнында,Қонарлық оған жол таппай.Қараңғы түн – көргенім,Маған деген таң атпай,Сырты – басқа, іші бір,Қандасымнан жар таппай.Өткеретін күнім көп,Көзімді таңға бір жаппай.Қалықтаймын аспанды,Ұшамын мұңдас мен текке.Текке ұшпаймын таппаймын,Паналар орын мен көпте.Сауысқандай шоқалақ.Болдым өте жел өкпе.

Page 330: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

330

Омбының Алаш дәптері

Жел өкпелік – бас қамы,Сақтануым керек-ті.Ұшамын шүйгіп аспанды,Қонарлық таппай тұрақты.Сектенемін, қорқамын,Сезіп құрған тұзақты.Бір таяныш – дос табу,Өте ұзын құлақты.Соны ізденіп, зар қылып,Ағызам көзден бұлақты.Тиыштық жоқ бір жанға,Көргені бәрі азап-ты.Қақпайда жүрген мен бір доп,Тағыдыр қылған мазақты.Әзіргі бейнет – көргенім,Таба алмай іздеп рахатты.Шерленемін, көздеймін.Шолып, ұшып аймақты.Көздегенім – бір сая,Дегендей-ақ жәй тапты.Сондықтан бетім бұрамын,Жер іздеп қонақтамақты.Көзім салып шолимын,Мынадай мекен орыннан,Талмай іздеп жолымнан,Дос-жардың көмек қолынан,Әр нәрсеге себеп деп,Көздеуге тиыштық алмақ-ты.

Page 331: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

331

Д. Қамзабекұлы

аРмаНДы ОЙы

Есалаң-ақ, ақылынан мен адасқан,Жағдайлы бетке қарап қадам басқан.Қалықтап жоғары ұшып шырматылам,Көз сүзіп көрінгенге мен мұң басқан.Қанат жетпей, ой жетіп мойын созам,Ерікті ұшып барғандай шаршамастан.Сонда ойым «басар жерің мынау» дейді,Ұшқанда сол ретпен тіпті адаспан.Ол жерлер оңға ұшқанда кездеседі,Қарағаш, қызыл шілік әрмән ассам.Бозайғыр көл маңайын шолып өтіп,Ақшоқы, Қаратұмсық, Қызылтастан,Шоққызыл, Үштөбе мен Ешкіадырды,Бәрімен шертіп шерді мен мұңдасқан.Қайта оралып, тік ұшып, қонақтар жер,Тапсам деймін Қарадыр не Қойтастан.Аттас, бастас едің деп үн шығарып,Бет түзеп кейін қарап көзден ассам.Сонымен бір уһ деп демімді алып,Азырақ болсам деймін шерім басқан.Осы арман қажытады, шаршатады,Сенделтіп гүлді өмірді тұман басқан.

заРы

Мен зарлы, бетім қара көркім бітіп,Барады сағынышым жүректі ертіп.Кейде қиял алдымда елестейді,Қызығы әлгі жерлер қалған кетіп.Дәмесі қызықтайтын елдің жерде,Мен-дағы сағынамын үміт етіп.Туысым боз торғайым, сар шыбығым,Жүргендер бар шығар ғой жолын күтіп.

Page 332: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

332

Омбының Алаш дәптері

Қандасым аққұйрық та тырқ-тырқ етіп,Жүрген шығар құбылып жалт-жұлт етіп.Болмаса күнделікті күнге сенген,Іш-тысы жыртқыш торғай бірдей кетіп.Кейбіреуі шарасыз әдіс жасап,Құтылу қамында жүр мол ой кетіп.Қызғыш мінез кейбіреу көлді қорғап,Жүрген шығар біздейдің жолын күтіп.Бәрінің бұл сырынан хабар алмай,Есалаң шермендемін қайғы жұтып.Сол жерлердің торғайы қай, қайсысыБолсада жүрегінен үміт етіп.Жаралы, шерлі көңіл мұңын сайрап,Ұшырған мұңмен қағаз желбеңдетіп.Дөп тиіп жүрегіне сағынғанның,Жіберер көзден жасын бір-бір шертіп.Нақақ, неге күйгенім еске түсіп,Жіберер қарындасым мұң тербетіп.Қай көзбен мұңым көрет дегендей-ақ,Аламын бос жер көрсем бір күңірентіп.Сағынған тым құрыса сөзім көрсін,Сандуғаш азайды ғой көбі кетіп.Нені бұзар, не іске кесел болар,Дегендей сәулелінің ойы жетіп.Сандуғаш арман шетін солай сайрап,Жалтақпен қонақта жүр үйтіп-бүйтіп.

Page 333: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

333

Д. Қамзабекұлы

СаНалыҒа

Бір жапырақ қағаз арнап ұшады,Еркіндік кем, іші содан пысады.Жалтаң жерде жайтаңдатпас қырғи бар,Бұғып құты содан қатты қашады.

Көріне алмай қағаз бетін қаралар,Шер тарқайтын бір жолым деп шамалар.Басындағы күнге сенген, сендірген,Қайтсе дағы бір бағытпен табалар.

Үйтпеген жан жүрек жолын басқа ұстар,Шамасынша достық ізге жол нұсқар.Қылт етпелі заман құбылыс жағдайын,Қайткен күнде жүрегінде нық ұстар.

Бүгін былай, ертең олай – тұрмыс сол,Саналады бір күн жолсыз, бір күн жол.Аяқ тайса табалауға әзір-ақ,Әділдіктен шеткерірек теріс қол.

Сол сықылды баста күнге сенуде,Жан-тәнімен соған ынта беруде.Табиғаттың құбылмалы заңдарын,Сыңар көзбен үстірт қарап көруде.

1932 жыл, ғинуардың 31-іШайышқылы ауылында

Page 334: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

334

Омбының Алаш дәптері

мұҢДыДаН мұҢДыҒа

Сағындым, сәлем жаздым, ұсындым қол,Иншаллаһ, қосылмақтан үмітім зор.Зар шеккен мұң қолында тұтқындардың,Бостандық табуына дұғада бол.

Шарық па, пәләк дей ме – біле алмаймын, Әйтеуір сол арқалы құбылыс мол. Ғасырдың жиырманшы мүшелінде, Кездескен түрлі шатақ тараған жол.

Бірімен сіз кеткенсіз, бірімен – біз,Білімсіз уақытында ылди мен өр.Жалғыз жол тағдырдағы кездестірсе,Ел тауып сүйінбей ме адасқан ер.

Жылы жел хабар берсе жақсы жаздан, Күн көзі жылы тиіп мейірленер. Жылы жел жақсы жазға қойса сұрақ, «Бостандық – үкіметтің ұраны» дер.

Күн көзін мысалдадым билеушіге,Билеуші кім екенін әркім білер.Өбейін, қолың тұтып бармағыңнан,Жан достым, алыстамай берірек кел.

Шала белСеНДІлеР

Белсенді кім? Бола ма мін,Пайдаланған теңдіктен?Асып жатқан,Белшеден батқан,Сезіне ме кемдіктен?Көпшілігі мынау,Істе бар ма ұнау?Тек қана аты – белсенді.«Сыйса да бер,

Page 335: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

335

Д. Қамзабекұлы

Сыймаса да бер,Дейді көбі,– бес сомды».О да – біздей адам,Қараңғы, көбі – надан,Бірақ бар мол-мол белгісі.Келер өте шауып, Жоқ зәредей қауып,Көрінер көпке зор кісі.Айтатыны – «мен – Құдай»,Көзіңді аш жұмбай, «Көр, міне,– дер,– әкеңді.Заң жолында,Іс қолымда,Ұрмаймын дер әкемді».Сүйтіп тұрып боқтар, Айтқанға болмай тоқтал,Ырымға титтей білім жоқ.Ар ұяттан кем, Ерні толған дөң,Саңғыруы өте көп.Дудардай шаш,Түзете алмай қас,Салғаннан келіп бас салар.Басында кәртөз,Ашулы, боп-боз,Білгенді тіпті қас санар.Тік отырмай құлап, Аяғын жимай сұлап,Үстінде – қара көйлегі,Аяғында шеблет, Басқандай әбілет,Сөккені жан боп көрдегі.Кейбіреу сояу, Аузына жақын таяу,Саусағымен ұстаған.

Page 336: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

336

Омбының Алаш дәптері

Бұрқыратып түтін,Кемдіксіз бүтінЕшнәрсе жоқ қыстағанБіздікі – «жолдас»,Ұқсамай болмас,Бар үлгісі, өрнегіЗиян мен пайда, Білу оны қайда?Пар болмақ жанға төрдегі.Табылса «гөркі»,Енеді көркі,Қуанған мәз боп қайғы жоқ.Далақтап шапқан,Шын Тәңір атқан,Көздегені бір күн боп.Жабылып ішкен, Көкейін тескен,Тентек су өте құмары.Боқтасып бәрі, Төгіліп арыСезінбей бар ма ұнары?Біле алмай зиян, Білімділер жиған.Хабары жоқ шинамдай.Қызыл қан басы,Кәрісі, жасы,Бір ісі жоқ ұнардай.Далба-далба киім,Боқтасқан сыйын,Үміт үздің олардан.Өздерінше жөн, Адалдан кем,Жиркенбей жол деп қолданғанСайтанның туын, Сезбейді уын,

Page 337: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

337

Д. Қамзабекұлы

Білмейді үлкен зарарды.Дініне де, Деніне деЖәйіліп уы тарар-ды.Алкогөл атты, Белгілі у затты,Улайды өте құмар ғып.Ішті болды,Қойды қолды,Істеген ісін ұнау ғып.Төбеде қолы, Күзеулі байтал формы,Сипап қайырып кекілін.Есалаң, жынды, Өзін әуре қылды,Кім деуге келмей секілін.Аяғында киім, Боқпен беріп сыйын,Аттанар үйден міні жоқ.Күйегін асып, Мастанып тасып,Адамдықтың түрі жоқ.Кейінде пәлте,Тар шалбар келте,Ауропа форым оларда.Киінген кісі, Көрініп мысыИт ұқсасын оларға.Далақтап шабар,Көздегені алар,Айтуға қызмет заңдікі.Қарны тойса,Дегені болса,Заң қалар – қызмет бардікі.Кейінде плащь,

Page 338: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

338

Омбының Алаш дәптері

Өзінше тыраш,Майлап шашын тараған.Тройкамен кейі, Сырты ғана ойы,Соны адамдық санаған.Ылғи ыржың, Үзілмей қылжың,Қақтығып, соқтығып ұрынған.Үрпиген шашы, Қошқардың басы,Тамағын кенеп қырынған.Қалтада қолы, Қолданған жолы,Сенделіп жүру, тұрақ жоқ.«Мынау сорлы,Бола ма орны?»Дегенді естір құлақ жоқ.«Жолдастар, тыңда, Гәп бар мұнда»,–Деп бастайды сөздерін.Басы елде, Аяғы селде,Құр қомпайтып өздерін.Ғылымға құмар, Болмайды ұнар,Қауыз сабан дәні жоқ.Баспа сөзді,Салмайды көзді,Құр сауаттық мәні жоқ.Жүптейді кегін, Жоқтап кемін,Мұқатпақ көздеп аларын.Алса қойды,Алмаса болды,Тұтатпақ пәле фонарын.

Page 339: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

339

Д. Қамзабекұлы

Тамызып отын, Даярлап сотын,Қырмақ, жоймақ болады.Күйдіріп неген, Ойдағы деген,Рәсуә қылу ұнады.Неген көнді, Дегені болды,Өкпе үшін қияр өлімге.Ұшыраса атқа,Табы жатқаКем бе өлімнен тегінде?Алыс-жақын, Адам атын,Әділдік қып қарамас.Ашу, намыс,Бітірген бар іс,Обал-сауап санамас.Қит етсе өкпе,Наз қылар текке,Қорқытып түйген қабағын.«Қап, сені ме?Көр мені де...»,Ызғарын төккен қарағым.Сондағысы не?Айтпадың «іш, же...»,Не болмаса бермедің.«Мен міне – ұлық,Айыбың толық,Деп,– бәлем оны көрмедің.Қылармын саған, Болсам аман»,Деп жеті ата ауызын.Келсе науқан,Етермін талқан,

Page 340: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

340

Омбының Алаш дәптері

Көрсетер сүйтіп қауызын.Дәннен ырым, Жоқ және білім,Құр далиған шап та шап.Не онда жоқ, Не мұнда жоқ,Заң жолы қалған, аш та жап.Мұнымен ұйым,Табылу қиын,Заңда да, әм дінде де.Айқын жолды, Қаралап болды,Көз салмай кемдік, мініне.Мұнымен заң, Орындалған,Бола ма, қалқам, ойлашы?Заңда да ұят, Дінде де ұят,Болмаса сонда қоймашы.Шын ойласаң,Мол толғасаң,Бұдан ұят тіпті жоқ.Адам атың, Жоғалып затың,«Жыртқыш» деудің жолы боп.

1931 ж., иүлдің 2-сі.

Page 341: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

341

Д. Қамзабекұлы

ПеНДеШІлІк заРым

Ойласаң мұң көп басымда,Қасірет түсіп жасыма.Опасыз дүние алдады,Дос-жар жоқ менің қасымда. «Жан қиярмын» дегеннен, Көрмедім көмек асында. Не бір тарақ қағазбен, Бермеді ықылас расында.Қырық бір жылы өмірдің,Жасаған дәурен жасымда.Осы ауырлық орнар деп,Ойлап ем қашан басында. Көрдім, міне, тар орын, Қиындықтың мол зорын. Баста ерік жоқ, теңдік жоқ, Жақсы деп бұдан ақ өлім.Зарлайсың Хаққа, зарлайсың,Көтеріп көкке бұл қолың.Қабылдық мезгіл кездеспей,Көрмеске дұспан бұл торын. Мұнымен қоймай мұң-қасірет, Әр жақтаған бұл жолым. Тіршілік жолы қиындап, Шеттеп келіп қиырлап,Басты тығып тарлыққа,Кездесті үйге жиындап.Қатын-бала аштықта,Ұшыраған қиындап. Қаңғытқан қолдан баласын, Өлместік жол деп сыйымдап. Көзден таса қылмайтын, Ағатайлап тұрмайтын,

Page 342: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

342

Омбының Алаш дәптері

Мені көрсе еш жанға,Мойынын да бұрмайтын.Үкіжан кетті қаңғырып,Тұрмысқа көніп зорлайтын. Молдағатай айтайын, Көргенім дер Қамашым. Ойбай, қызық болды деп, Ойынды өте қолдайтын.Қутың-қутың жүгіріп,Тұрақтап бір уақ тұрмайтын.Балапандар бөлініп,Жара салды жүрекке, Дегендей болып оңбайтын. Қолдағы бала екі арық, Күйсізденіп өте арып, Басы жерден көтермей,Болып қапты зор ғарып,Әрі аурулық, әрі аштық.Екі жақтап қаналып,Таянышы – бір Құдай. Барлық жоқтық саналып, Соны көріп миы ашып. Барады ақылым таралып. Тәрбиеші – анасы,Қолдан келмей шарасы,Көздегені мен болып,Өшкен мұң мен санасы,Жүгірген зырлап көшеде,Бардай-ақ жұртта аласы. Ақыл сұрау не көмек, Көрінсе дос-жар қарасы.Сонымен бала есте жоқ,Еңіреп жылап құрыған.Үйде жатып шамасы,Бар таяныш бір тағдыр.

Page 343: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

343

Д. Қамзабекұлы

Кездесер рахмат мыңнан бір, Қаһарынан Тәңірдің. Саналады бұл бір түр, Мойындап көрдім, шынықтым.Деген соң Тәңірім мұны көр,Мұңды ойлаған мезгілде,Шығады менен ащы тер.Лепірген көңілім басылып, Болып қап тұр қара жер, Жалғыз-ақ ойда бекіген. Кеңдік, тарлық егіз тел, Тарлық көрдім ей, Аллаһ!Кеңдігіңді тезден бер,Деп тілеймін, зарлаймын.Теріткен соң іште шер,Леп шығардым зарменен. Қаңбақ болдым қуып жел, Қайырын берсін не істің. Ағайын, дос-жар мұны көр, Тілектес бол бәрің де,Көремін соны үлкен бел.Жансыз қатынас етерлік,Дос-жарларым мыңнан бір,Ұзын мұңның жемісі. Ұғынған зат ұғып біл Сөз тоқтаттым еркіммен, Кездесер деп қандай түр.

1932 жыл, иүлдің 28-і.

Page 344: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

344

Омбының Алаш дәптері

ұзаУ СебебІм

Қимадым елді, жерді қанша заман,Жүрген соң жалтақпенен басым аман.Үйі жоқ бөденедей бытпылдақтап,Кешірдім көп өмірді оймен алаң. Сырт бүтін көрер көзге тұрмысымда, Саналды көрушіге емес жаман. Іш түтін, тартқан мехнат азабым мол, Мешіт, кітап, ми жетім күні қараң.Бар жұбаныш ел менен жер ішінде,Жүрген бірге өзіммен қандас адам.Бауырлас, тума-туыс бәрін көріп,Оңалуға жақындап жүрек жарам.Біресе онда, біресе мында қонып,Елімнің аймағында бастым қадам. Мен торғай пана іздедім бір басыма, Жағалап бірден бірге дос-жар адам, Сонымен үш-төрт айдай көше қонып, Айтуға есептелді тұрмыс жаман.Үйткен шүкірәнәм мол кемді көріп,Бар ғой деп ел-жерімде басқа панам.Қашқан түлкі қызық боп көрінбек қой,Менің де өң, сипатым соған таман. Бүлдіріп аузы жаман жақсы атанбақ, Кездесті сары түстен қиын заман. «Айтақ қайдан шығад?» деп құлақ түрген, Сезініп екі тазы алаңдаған.Соққысы сол алаңның шеттеп тиіп,Болмады соңғы орным қоныс маған.Сонымен бас тайғызып үйім қалды,Жер таппай паналарлық ми сандалды. Үйдің іші тамағын бәрін алып, Мен сорлы бір бетіне кетіп қалды Қалың тау, қалың шілік арасында, Тығуға дүние тамақ ойына алды.

Page 345: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

345

Д. Қамзабекұлы

Сақта деп дұшпан жаудан өзің аяпБөдене мақсат жаққа кете барды.Жанымда бар жолдасым пана іздедім,Тағы да пана болар жер көздедім.Өз қонысым мекенім жағаламақКөңілде бар пыланым ой мезгедім.Соны ойлап бір ауылға кеп жасырынып,Мән-жәйін білдірдім ғой жер кезгенімҚысқасы атасы жат өз елімнен,Ой суып баяндадым мен безгенім. Іштескен азаматтан ақыл сұрау, Ойым сол ұзамасқа етсе ұнау. Баяғы қимағаным елім, жерім, Ой жолы құдықтай-ақ бір шыңырау.Мақұлдаса маңайттап бірге болып,Заманның келешегін солай сынау.Жібердім ақылдас деп жолдасымды,Бар ма екен бір жобасы дерлік мынау. Қысқасы, қанатына алмақ болған, Іштескен інілерден басы құрау. Өз елің, өз туысың бірге болу, Қорытқан бар ақыл сол бізде ұнау.Сол сөзін алып келді жолдас барып,Қонысқа өз қыстауым ойға салып.Біз де ұнатып бас қосып дос-жарлармен,Келуге бел байладық үй-жанды алып. Әуелі дүние-мүлік жеткізуге, Сонан соң көшірерміз үйді барып Дегенді ақылдастық жолды тауып, Жолдасым келтіруге ертең барып.Сол жерде бір суық сөз естілді,Қатыннан Бұзау, Жарық келген барып.Бір тазы оңтайланған түлкі алуға,Қалуға ішіп, жем қып қанға жарып.

Page 346: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

346

Омбының Алаш дәптері

Қуып жету шарасын көздеп жатыр, «Қап, бәлем, құтылар,– деп, – қайда барып?» «Сол түлкісі сіз болу керек,– дейді,– Өзің біл, хабар бердім, бұл шын анық».Естідік бұл хабарды күн батарда,Қисыны бола ма енді жай жатарға.Енді қайда барамын, қайда пана,Үсті-үсті дос-жаранға көз сатарға. Зәре, құт менен кетті естіген соң, Айналдым шатасумен бас қатарға. Тау іші паналықтан қалып тұр ғой, Ағаш, жапырақ көбеймей мен жатарға.Күнде тауды сүзеді мал жоғалса,Қисыны жоқ бұл жақты ұнатарға.Қасымда бір дос-жарым берді ақыл,Майтөбе аз күн қоныс үлкен мақұл, Дүние қалсын, үй қалсын бас сағытта, Басылған соң жинарсыз дүние-ғапыл. Жүрушілер басылсын іздеп болып, Әуелі өз басыңды уайым қыл.Басың сау, ерік өзіңде жүрген болсаң,Қисыны басқа нәрсең келер ақыр.Ұнатып осы ақылды міндік атқа,Тәңірім кездестірме табы жатқа. Ас ішіп, яшиғы оқып, хош айтыстым, Қол ұстап жанымдағы жамағатқа. Таң ата Майтөбеге жетіп келдім, Төпелеп қатты жүріп сәтті шақта.Көрістік дос-жарлармен амандасып,Екен ғой ол ауылым сағынбаққа.Көңіл жай, төбе қыстау болып қалдық,Білдірмей із, сыбысты жаман жатқа. Шын сағынған немқұрайт, тыс сағынған Тілеуқор кездеспеуге мен апатқа. Менде ой көп: сыртым бүтін, ішім түтін, Кейінгі жандарымнан ұшып құтым.

Page 347: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

347

Д. Қамзабекұлы

Аман-сау қосыла ма, жоқ бола ма,Екі жақ мол ауырлық жазған тырқын.Жау қолында кездессе жан мен дүние,Бұзылмақ оңалмастай менің шырқым. Соны ойлап ішкен ірің, жеген желім, Соларға жіберуге ауды мұратым. Жібердім мен соларға екі кісі, Тиген соң іні, жолдас мол тынысы.Қажыдым өте мұқап бұл жүріске,Тұрмыстың қақпайлаған зор жұмысы.Екі қон бөгелместен қайтып кел деп,Тапсырдым өте қысаң бұл жұмысты. Тәңірім өз басымнан асырма деп, Тіледім күн-түн демей зор қылмысты. Жәй жүрген дос-жарыма күйем жұқса, Не қылам тіршілік деп бұл жүрісті.Келмеді төрт-бес күндей кісілерім,Сезіндім болған ғой деп тағдыр жерін.Қан өтті бұл ішімнен, ішкенім – у,Бұдан да келсейші деп шын-ақ өлім. Бір басымнан кесірім асып кетті, Дегендей шықты менің ащы терім. «Жығылғанға жұдырық» дегендей-ақ, Қосылды уайым сөз көрім-көрім.Демеу сөз көпшіліктен шыға алмады,Пәле сөз жабылды үске өрім-өрім.Көз етім сарғайды ғой қарай-қарай,Тағдыр күн болғаны ма осы жерім? Шырт ұйқы жүз бөлінді, тиыш кетті, Бермеді бұл уайым маған көнім. Жалғыз-ақ қайткен күнде уайым жоқ, Көрінді бұл таяныш үлкен белім.Адамзат өте жұқа жаралған ғой,Сол жолмен өсіп-өніп таралған ғой.Тұрмыстың шырмауымен шырматылып,Тұйыққа бір өткелсіз қамалған ғой.

Page 348: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

348

Омбының Алаш дәптері

Жалғыз-ақ сенім деген есік ашып, Жол тапқан зор қуаныш саналған ғой. Тағдыр ат сол сенімге есім болып, Көпшілік ауызында жол алған ғой.Қисығын түзетпесе осы тағдыр,Адам зат айуанмен бір саналған ғой.Екі дүние бағыты иман болып,Көзінде білген заттың қаралған ғой. Мағанда әлгі мұңдар әсер беріп, Көңілім бір тұйыққа қамалған ғой. Леп шығып, аһ дегенде жүк азайып, Үстінде тағдыр-сызық жамалған ғой.Жұбатып сол тағдыр іс мені уатып,Үстімнен өте ауыр жүк таралған ғой.Үй-мүймен көшіп келді кісілерім,Қуанар келмеді ме енді жерім? Бұлт басқан күннің көзі жарқ еткендей, Жоғалды бір минутта ішкі шерім. Үйдегіден қан өтсе, түздегі май, Дегендей ренішсіз жібергенім.Масайрап қуаныстық менде ауылда,Кептесіп айтып жатты көргендерін.Енді ойым осы араны мекен қылмақ,Ішіп-жеп ырызық қып тергендерін. Іргемнің өз елімнен айрылмауы, Көздеген менің өте мақсат жерім. Бір басым бір жолаушы боп жүрермін, Тәңірімнің көзден көріп бергендерін.Қатын-балам паналар осы жерде,Дегендей айтқым келіп көпке тілге.Байқасам бәрі сырдақ бой қашыртқыш,Кеңдікте екен мені тақсыр дерге. Бір басы – көздегені, басқа ойы жоқ, Бәрі дос кеңдік күнде һәм кең жерде. Тарлықта қамшы үшін де бере алмаймын, Сырты адам, қоян жүрек жол ғой дерге.

Page 349: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

349

Д. Қамзабекұлы

Іші айтад «кет әрмән» деп, сырты – оңды,Жүрмейді жүрегі мен тілі бірге.Шын достар өтірік дос болып шықты,Қалсын деп қатын-балаң өлген жерде. Әуелден таянғаным – жалғыз ием, Басқаны келмеген тіл «әке» дерге. Не болса бір иенің жазуымен, Ежелден үйренгенмін мен көнерге.Жалғыз-ақ екі жесір ойдан кетпес,Қия алмай жас ағызған қанмен бірге.

1932 ж.

қаРаҒаНДыДаҒы баУыРыма

Жеті ұру Құдайберді баласына,Кіші іні, жасы үлкен ағасына.Аттарыңды атауға тарлық орын,Бәріңіз менен сәлем аласың да. Тілектес аға менен інілерім, Қапаста ағызамын маңдай терім. Ерік жоқ бұрылуға жүз көрісіп, Кілттесіп тор терезе тұрған жерім.Бұл орын маған мекен болып қалды,Дегенмен бір пәлені Тәңірім салды.Жегі құрт былай тұрып күйдіргі кеп,Шын мехнат біздің бастан орын тапты. Бұрынғы ой жүру көру амандасып, Мұң шерткен жүдеу болып етім жасық. Соны шағып тағы да бәріңізден, Қайтпақ едім бір пылан ақылдасып.Оны Тәңірін жазбады тағдыр кесті,Жұмбақты, ой пыланын ырызық шешті.Қара көже, қара нан айдап келіп,Ақмола қаласында торға түстім.

Page 350: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

350

Омбының Алаш дәптері

Бар нәрсем жан сақтарлық ап қолында, Тінтіп алған қалдырмай түк қолымда. Қалған нәрсем ел жақта отқа күйіп, Аш, жалаңаш кездескенз ор форымда.Ендігі бар таяныш жалғыз Тәңірі,Күткенім себеп қылып соның әмірі.«Алма піс – аузыма түс» орны жоқ деп,Сіздерге жазған қағаз бар замыры. Жұмсадым өз орныма қағазымды, Ұмытпас, еске алар деп мұң-назымды. Жанашыр дос-жарларым, бауырларым, Білдіртіп шарасыздан күй азымды.Қашаннан қол артумен келіп едім,Мен – дін өрнек, сіздер көмек беріп едің.Сол себепті басыма жазаны алып,Бірталай тайқып, бұғып жүріп едім. Берген Құдай себепші сіздер болып, Қызықтап еркек-әйел бірге толып. Өткен күн, қызықты өмір есте болса, Тарлықтың апатынан мені қорып.Жіберер деген оймен қағаз сыздым,Шарасыз емінбестік жолын бұздым.Қатын-бала, дос жүдеп, мен қапаста,Тағдырдың көріп қалдым аяусызын. Қаһарына кездесу маған хекмат, Жол емес рахматынан үміт үздім. Сабыр, шыдам көрсетем себеп іздеп, Салқынын сезгендіктен қалың мұздың.Сол шыдамның үстіне сіздерді еске ап,Құланы болып кетіп құла түздің.Сол асаулық аяғы бұған соғып,Пердесі ашылып тұр арлы жүздің. Жоқшылық аз уақытта басыма орнап, Тұрарлық ерікте жоқ жанды қорғап.

Page 351: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

351

Д. Қамзабекұлы

Бір бетім қара болар жол іздедім, Шарасыз жаман жалға түстін зорлап.Қайтейін бұл да маған үлкен өлім,Санамаймын бұл бетті жақсы көрім.Көріне ажал елестеп маңайтымда,Ағып тұр қиналғаннан ащы терім. Сүйте тұра біраз мұң жазып өттім, Азырақ іште шерді қазып өттім. Елшілік қылған қағаз жөнелткен соң, Қай бетпен қайтады деп аңдып күттім.Хош-сау бол бауырларым үлкен-кіші,Сырт тілек қолдан келген барлық күші.Аман-сау көрісейік дидарласып,Тыс бөлек мен ғарыптың бұрыңғы іші.

1932 жыл, иүлдің 12-сі. Түрмеде

ақмОла СТаНСаСыНДаҒы баУыРлаРҒа

Сәлем ал, стансада бауырларым,Азырақ шығарайын іште зарым.Көз көріп дәмін татқан тұтқын үйдің,Кім, кімге болса-дағы халы мәлім.Бас жұмыр пенде нені көрмей өтер,Жазуға мүмкін емес соның бәрін.Орыннан ойламаған мехнат келді,Тағдыр ғой бұған қарсы жоқ амалым.

Сайрайтын бұлбұл құстай атым шықты,Дегендей досым шат боп, жауым бұқты.Таратып діннің жолын барды аямай,Сол салдар мехнат болып басқа орнықты.Шыдадым бәріне де сіздерге аян,Іздемей тіршілікте мен молдықты.Тұрмыс жеңді – жеңілдім, бас тайғыздым,Саяқ болып мен көрдім мол қорлықты.

Page 352: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

352

Омбының Алаш дәптері

Он бес ай тау мен тасты еттім жолдас,Шерім мол ішімдегі айтып болмас.Бұта құрлы бола алмай Ерейментау,Дәмі бітті дегенмен, орны толмас.Ең аяғы қонысым одан ауды,Ақыл-кеңес берген соң сырлас, мұңдас.Ертең-ертең дегенде пәле туып,Жығылғанға жұдырық боп қайта тұрмас.

Белгілі дерт іштегі ол жегі құрт,Жаңа ауру кеп құлатты мол қалың өрт.Жолдастың жамандығы жауға алдырып,Қосып берді молайтып дертке дерт.Тәңірім ескі ауруымды қозғама деп,Көп нәзір аман қалсам етемін серт.Тілеуқор бәріңізден үлкен тілеп,Қордалы ауру қозғалып етпесін мерт.

Құрмет қып қызықтадың дос-жарларым,Көмек қып әлді-әліңше қолда барың.Үлкен аға, кіші іні, еркек-әйел,Қанардай кездескендей зор құмарың.Бас қамы емес мен дағы үлгі болдым,Үйретіп түзу жолдың миға ұнарын.Жалған емес мәңгілік дүние үшін,Табылды дегендей-ақ жан қиярын.

Тілім сақау шырмалды мұңын шертпей,Сайрасы қалып па еді көпті ертпей.Ұрысамын тіл мен жаққа сөйлеме деп,Отырмын мылқау жолдың ізін күйттей.Жолдастың тазалыққа ақ жорғасы,Босатпас өлтіруден мені биттей.Қандала қанды сорып, боқ искеуден,Уақыт жоқ босанатын менде титтей.

Бір үйде шырыл-бырыл түзге отырып,Уақыт жоқ көрмесіме өзге отырып.

Page 353: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

353

Д. Қамзабекұлы

Бас асау тәрбиемен өткен басым,Бұл күнде жуасыды тезге отырып.Әу, тақсыр, төрде отырып атақ алған,Аунақшыр орны да жоқ кеңде отырып.Сығалап көздей тесік кезек-мезек,Кірлендім сасық-пысық жерде отырып.

Дежұрни қарсы келсең боқтап, сөгіп,Егессе түрлі пәле бәрін егіп.Шығуға жексұрын қып тырысады,Ыстарши басшыларға айып теріп.Бір жаман атың шықса оңуың жоқ,Ағалап жалынсаң да ынтаң беріп.Дәл сондай бір Құдайға жабысқанда,Тілектен қалмас едің махрұм болып.

Құдай-ау, бостандық бер бұл басыма,Жуымас уақыт келді дос-қасыма.Жеңіл қыл қиын істі, Жаратқаным,Нала боп не қылайын жолдасыма.Есірке, өзің ая мен құлыңды,Шара жоқ ешбір мақлұқ болмасына.Тілеуқор болмасаңдар, бауырларым,Жетеді көзім айқын оңбасыма.

«Дұғамен ер көгерер, жауынмен – жер»,Біріміз бірімізге зор тілеуқор.Болумен көмектес деп, бауырларым,Қиялмен бәріңізге ұсындым қол.Хош боп тұр, аман шат боп көрісейік,Емеспін нәуміт адам үмітім зор.Аз сөзді нұсқа қылып мен жібердім,Ескерткіш есебінде бұл қолма-қол.

1932 жыл, иүлдің 17-сі.Ақмола түрмесінде

Page 354: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

354

Омбының Алаш дәптері

ТаРИХИ УақИҒа

(Көз көргендер)

Неше мың жаратылған адам ұлы,Көп болып бастарында басты мұңы.Ежелгі жаратылыс заңы сол ғой,Мәлім іс бір Иеге қанша жылы.Әр дәурен адам заттан өтіп жатыр,Бәрі де – бір тіршілік сақтау жолы.Бір соның жағдайына амал қылып,Тырбанып, жағаласып күні-түні.Жоқ болса бар қылуға талаптанып,Бейнетке бір өз басын саған түрі.Бар болса көбейтуге шұғылданып,Қайтсе де бір кесіпте болып мұңы.Басының пайдасы үшін өз жынысымен,Біріне дұшпандықты күткен бірі.Я болмаса достасып, біргелесіп,Жан қамын солай қамдап еткен түрі.Адамды тұрмыс билер әкімі сол,Қайтсе де көндірерлік зорлығы мол.Кеңдік, тарлық кездесіп сол әсермен,Реніш, я қуаныш болуы зор.Адамның сүйегіне сіңіспеген,Әдеттің қиындығы дәл қолма-қол.Түсіне алмай жағдайға қателесіп,Көбіне кездесіп тұр темірден тор.Құсқа ұқсап тамақ табар заман туды,Қайтсе де еңбек үшін белін буды.Еңбек болмай еңбектің жоғын біліп,Бұл тұрмыс қонысынан жұртты қуды.Я көшіп, я бұзақы іске кіріп,Тырысты жан сақтауға кешіп суды.Не өлу, не бір түрлі кесіп қылу,

Page 355: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

355

Д. Қамзабекұлы

Адамды ыхтиярсыз белден буды.Қазақ ұлы бауырмал адам еді,Қарасаң терең көзбен жаман еді.Қараңғылық еңбексіз тамақ іздеп,Кең қонып, ен жайлып қарап еді.Тарлықты өмірінде бұрын көрмей,Әр жерде көшіп, қонып тарап еді.Меншіл жолын өзде-өзі артық біліп,Мұны зор кеңдік жол деп санап еді.Меншігінде болмаған қандай іске,Өте салқын бәрі де қарап еді.Жалпы адамға пайдасын есептемей,Күндіз-түн бір өз басын санап еді.Бұ-дағы тұрмыс жолға түсінбеуден,Бір пайдасы артылмай ішіп-жеуден.Қолда барды жоғалтты, көзін жойды,Тартынбай бұл білместік ісім деуден.Жоғалтпасқа қоймады белсенділер,Көнбесең мынау заңның күші деумен.Қас түзеудің орнына көз шығарып,Қорықпад бұл перегиб ісім деуден.Сол салдардан жоғалып қолда бар күн,Аштықты ұшырады ісіп кеуден.Өлген өліп, өлмеген көзін жұмды,Тартынбай мынау арам кесіп деуден.Сондай уақыт тоздырды быт-шыт қылып,Өлудің шарасына қарсы тұрып.Көпшілік қисын қарап беттері ауды,Жан сақтау жағдайына мойынын бұрып.Біреу адал кесіппен шұғылданса,Біреу арам кесіпті машық қылып.Маңдай терін ағызды сол ретпен,Әлді-әлсіз, ауру-сауы бірге жүріп.Сол салдармен қылмысты жұрттың көбі,Оңай тамақ табуға ауып дені.

Page 356: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

356

Омбының Алаш дәптері

Қара да, ақ та қара неген жеген,Тұтқында ұрылуда ұшып күлі.Бәріде бір Жалғызға зарланады,Сыртқа теуіп ішіне сыймай мұңы.Адам ұлы кешірген талай дәуір,Ішінде сол дәуірдің бұл бір түрі.Жатырмыз тұтқын үйде мал тәрізді,Тәңір мен ұлыққа айтып мол арызды.Мезгілі қабылдықтың қашан болмақ,Есіркеп, есіне алып хал азыңды.Көз жаудырап, сарғайып есік күтіп,Кейде дәрет қылады мол жазынды.Кілтті есік, тор терезе аңдушы көп,Тыңдамас жүз қақсасаң мұң-назыңды.Зарлайсың, жалынасың ағатайлап,Сездіріп шыдауыңа күй азыңды.Құдай-ау, кездестірдің мұндай орын,Көз көрді тарлық жолдың аса зорын.Көздей тесік сығалап көз сарғайып,Есіңе қашан кеп ед мұндай форым.Баққан малдай түгендеп бағып, қағад,Аз уақыт еркіндікке жетпей қолың.Ішің өтіп, халың жалын күйдіреді,Леп шығып, аһ дегенде зарлы форым.Толғанып олай, былай жүрер жер жоқ,Елестеп көз алдыңда ажал өлім.Ыңырсып, құсып, тышып ауру жандар,Былғаған шамасыздан жатқан жерін.Дені сау оны көрген басын шайқап,Қиналып жан ашумен аққан терің.Сондай халдар өзіңді қажытады,Дегендей мұнан-дағы өлген көрім.Өзің де қажығансың ойлап көп ой,Қорлықтан шіміркеніп бар тұла бой.Көрген тарлық мұрныңа боқ иіскетіп,

Page 357: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

357

Д. Қамзабекұлы

Сасық, пасық, бит, бүрге қоршаған ғой.Қандала ұйқы бермей қаның сорып,Шырт ұйқың жүз бөлініп көтертпей бой.Мейір қанар қызықтар бір нәрсе жоқ,Сұлап жату, ұйықтау бел алған ғой.Терең ой барында бар, жолында жоқ,Үйткен мен бастың қамы жол алған ғой.Қызықтар балаң, үйің артта қалды,Көре алмай қарасынан көзің талды.Мәз болып масайрасып, күліп, ойнап,Отырған ерікті күн адыра қалды.Солардың халы, жайы не болды деп,Қиял ой жүз құбылып мазаңды алды.Жылайсың іште қапаң сыртқа теуіп,Әсіресе жан сақтаудың жолы тар-ды.Жүретін ағатайлап балаңды ойлап,Мұң, қайғы жүрегіңе жара салды.Немесе құлыным дер әкең, шешең,Күңіреніп бір сен үшін тартқан зарды.Немесе жан сүйгенім серігім дер,Жалғанда жаны басқа әйел зарлы.Немесе өте жақын туысқаның,Сыйласқан аға, іні боп бәрі қалды.Немесе жан қиярлық дос-жарларың,Көре алмай жақындамай біздің маңды.Соны ойлап зарығамыз зар күй тартып,Құр форым, болмаса не сәнің қалды.Отырмыз Ақмоланың түрмесінде,Тәңірдің кездескен соң кермесіне.Кіші іні, үлкен аға бір туыстай,Жантая сүйенеміз іргесіне.Іш пысып, тақтай батып, дене ауырып,Есіркеу кездестік пе бермесіне?Кейде ой бөліп, ертегі, әңгіме айтып,Күліп, ойнап, наз шағып теңдесіне.

Page 358: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

358

Омбының Алаш дәптері

Кейде ой түсіп, сөз қатпай, жабырқанар,Күйеудей өкпе айтқан жеңгесіне.Құмалақ, таспих, таяқ қолдан түспес,Бір дауа бола ма деп зердесіне.Соған кейіп, қуанып шуласамыз,Ой бөлмей келуі не, келмесі не?Шынында қолмен бөлген тас пен бұршақ,Онда білер білім жоқ ойлап тұрсақ.Оған кейіп, қуану орны жоқ қой,Терең ойлап шындыққа мойын бұрсақ.Әншейін бір еркек қой күн батырғыш,Ой бөлгіш, жұбаныш қой есеп қылсақ.Болмаса одан келер пайда-зиян,Жоқтығы әшкере ғой ондап ұқсақ.Сөзімнен аз да болса жемісі бар,Құлақ сап, мимен тыңдап, жақсы ұғынсақ.Бұл бір леп іштен шерді жазып өткен,Бізде бар тіпті әлсіреп, халы біткен.Қайтейік бір Тәңірге жалынамыз,Басқаның көмегі жоқ іздеп, күткен.Ей, Тәңірім, өзіңе оңай қиын істер,Жатырмыз есіркер деп біз үмітпен.Мақұрым қылмай тілекке жеткіз, Алла,Дегендей қиыншылық күні біткен.Күндіз-түн зарланамыз пазылыңмен,Санама бізден қылмыс болып өткен.Жастық, мастық өтті ғой басымыздан,Үлкен аға, кіші іні жасымыздан.Жүрек ақ бір өзіңе жалынамыз,Еңіреген көзімізде жасымыз қан.Бір Тәңірі, өзіңе аян барлық істер,Бір тамшы су ойласақ асылымыз қан.Жан беріп, оған лайық дән де беріп,Жан сақтау шарты ішкен асымыздан.Сол құлқын маңайтында қызмет етіп,

Page 359: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

359

Д. Қамзабекұлы

Атқарар іс аспады басымыздан.Сұрау – бізден, қабылдау – өзіңнен,Шығады шын тілекпен жас көзімнен.Іс санаспай жарылға Жаратқаным,Құлдық жолға келгенде біз езіңнен.Тілек көп, мақсат ашық, сөзім қысқа,Азырақ аңдағанға сөзім нұсқа.Көз көріп, бастан кешкен істі жаздым,Жолдастар, мейлің таста, мейлің ұста.

1932 жыл, иүл Ақмола түрмесінде

ТаР ТұТқыНДа ДОС-ЖаР ІНІме аРНаДым

Сырбаздыға сырым

Бұл сәлем дос-жарыма арнап-арнап,Сөз жазам аңдысына талғап-талғап.Ыңырсу үн шығару ермек емес,Мәнісін ұғу керек анық барлап.

Жеміс жеп жеміс болса сөз ішінен,Қалу жол аз да болса жүрек жалғап.Құр форым адам болу түкке тұрмас,Өтпесе терең сөзге оймен жалдап.

«Ит үрді, керуен көшті» мәтел бар ғой,Ұқпасқа айтылған сөз солай қалмақ.Сөз быдық мағынасыз құр үн болса,Жазсаң да ходқа тұрмас қанша зарлап.

Айыбы сөйлеушінің өз мойнына,Жіберсең қабылдамай қайта жолдап.Сөйленсе сөз орнымен ол бір асыл,Ұқпасқа сөйлеуменен сөзің жасыр.

Page 360: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

360

Омбының Алаш дәптері

Екі көз, екі құлақ, қызыл тілің,Бірі ұғып, бірі көріп сайрауын біл.Екі-екі көбен құлақ жаратылған,Көп қорғанның ішінде бұл жалғыз тіл.

Соның сырын шын аңдап ойға салсақ,Көп тыңдап аз сөйлеудің пайдасын көр.Жүрек ізін тілмәші сыртқа жаяр,Пайда тап, я зиян тап бол қара тер.Іш жүзінде қуанып я кейірсің,Қайтсе де жақсы-жаман екі жақты ел.

Басыңа бір күн туып, бақыт келсе,Не тілек рахатты Тәңірім берсе.Ақ дегенің алғыс боп ходқа жүріп,Соңнан қалмай қасыңмен досың ерсе.

Кездескен жақсылықты, жамандықты,Ортақтап өлсе, талса бірге көрсе.Дүниеде абыройлы сол, атақты сол,Басына іс кездеспей бір күн өлсе.

Көзқарас көпшіліктің осы болып,Соған құл болып өткен не күн келсе.Адам зат басындағы күнге сену,Ақылсыздық белгісі шындап білсе.

Себебі тарлық, кеңдік ол да кезек,Өтеді барлық, жоқтық кезек-кезек.Ауру саулық, бақыттық, бақытсыздық,Құйрық тістеп өтеді басын тежеп.

Page 361: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

361

Д. Қамзабекұлы

Мезгілі қашан келу мәлім емес,Тілек сол соңын берсе Тәңірім түзеп.Шарасыз көрген істі сызып тұрмын,Уақыт кем сөз жазарлық тілді безеп.

Кешегі күн зор бақыт басына орнап,Қалғандай болды дүние боп жертезек.Бүгінгі күн бірі жоқ қолдан ұшты,Мойындадым тағдырға басымды изеп.

Қайыр шәр Хақтан деген осы емес пе?Иманыңды ала алсаң анық дүзеп.Напалеон кешегі өткен патша зоры,Есепсіз дүние мүлік қалың қолы.

Дүниені атағымен тітіреткен,Не боп өтті ойласаң ақыры соңы.Ол дағы тор түскенін бірақ сезіп,Сөйлеген сөзі үлгі қалдық жолы.Ғибрат көз осындайдан ғибрат алып,Көрінер оған істің теріс-оңы.

1932 жыл, иүлдің 4-і Тұтқында

Page 362: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

362

МАЗМҰНЫ

Кітапқа бергісіз дәптер (Д. Қамзабекұлы) ....................3

бірінші дәптер

Өлім туралы (Ізбасұлы Әбдірахманнан) ......................... 14Қыз Жібек жұмбағы (Қанжығалы Олжабайдан) .......... 15Мінсіз таза меруерт ........................................................... 16Нұрлы көзің (Бейсембеттен) .......................................... 17Бір рисала хат жаздым (Бейсембіұлы Баймұқамбеттен) ..................................... 19Жан сөзі (Жұмабайұлы Мағжаннан) .............................. 20Көңіл – алтау, ой – жетеу (Жұманұлы Әбілда) ............... 24Жұмбақ ................................................................................ –Өнер-білім (Алтынсарыұлы Ыбырайдан) ....................... 25Азаматтарға (Бейсембіұлы Баймұқамбеттен) ................ 26Қасқыр мен қозы (Байтұрсынұлы Ахметтен) ............... 27Бозбалаларға (Құдайбердіұлы Шәкерімнен) .................... 29Көрсем (Дулатұлы Мержақыптан).. ............................... 32 Жұмбақ. ............................................................................... –Иа, Құдайым, аққа жақ (Байтұрсынұлы Ахметтен) ...... –Жанға көңілім қалып тұр (Байтұрсынұлы Ахметтен) .............................................. 34Абақтыдан (Байтұрсынұлы Ахметтен) .......................... 35Інім (Байтұрсынұлы Ахметтен) ...................................... 36Өнерпаз қара жерге салар қайық (Дулатұлы Мержақыптан) ............................................... 37Шығады асыл – тастан, өнер – жастан (Жұманұлы Әбілда) ................................... 38Бұл жазған замандасқа насихатым (Жұманұлы Әбілда) ............................................................ 39Жұмбақ ................................................................................ 40Жыламай жас балаға емшек бермес (Жұманұлы Әбілда) ............................................................ –Орта жүзден арғын аға ер еді (Қанжығалы Олжабайдан) ............................................... 41

Page 363: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

363

Көпке ................................................................................... 43Жұмбақ ................................................................................ 44Л... албомына (Мағжаннан)… .......................................... –Жарым (Мағжаннан) ......................................................... 45Дүниеге ............................................................................... 46Сүйікті сәулем (Кемеңгерұлы Қошмұхамбеттен) .......... 47Қайғыланба қамығып (Кемеңгерұлы Қошмұхамбеттен) .................................... 48Құмарлық (Жұманұлы Әбілда) ......................................... –Ой деген – у (Мағжаннан) ................................................ 50Сұлулық (Майлыұлы Бейімбеттен) ................................. –Жақсылық біреуге етсең іште жасыр (Бейсембіұлы Баймұқамбеттен) ...................................... 52Сөйлеп қал тіршілікте тіл менен жақ ............................... –Әбілжан мұны жазған Жұманұлы ..................................... 53Мінсіз хан әңгімесі туралы (Жұманұлы Ғабдолла,1915) ............................................... 54Өзі туралы (Көшербайұлы Жұмағұлдан) ......................... 68 Жігіттік ................................................................................ 69Ерлерге. ............................................................................... –Ашылмас ел налытпай ердің бағы .................................... –Не пайда құр сұлудан болмай назы .................................. 70Өзін суреттеу ...................................................................... –Бала туралы ......................................................................... –Досына ................................................................................. 71Зәрудетлік ........................................................................... –Нәсихат сөз ......................................................................... 72Бір тумаң ежелгі жау, қас болмайды ................................ –Нәсілді әм нәсілсіз туралы ................................................ 73Тұрмысты көтере алмаушылық ........................................ –Мисал сөз. ........................................................................... 74Көңілдің хаққа мағлұм ақ-қарасы ..................................... –Мисал сөз ............................................................................ 75Қандай жұбай алу керек? (Жұманұлы Әбілда) ................ –Әлі қарттың әңгімесі (Сыздықұлы Жақаннан) ................ 76Жас күнің (Құнанбайұлы Абайдан) .................................. 106Өлең туралы (Құнанбайұлы Абайдан) .............................. 107Қанапия ............................................................................... 108

Page 364: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

364

Адам сындары (Жұмабайұлы Мағжаннан) ..................... 109Ертеде қазақ халқы (Жұманұлы Әбілда) .......................... 112Анық дос (Жұманұлы Әбілда) ........................................... 113Жыл құсы (Тоқмағамбетұлы Асқардан) .......................... 114Өкіндім (Айбаттан) .......................................................... 115Қуандым (Жұманұлы Әбілда) ........................................... 116Сүйіндім (Жұманұлы Әбілда) ........................................... 117Жеті ғашық (Жұманұлы Әбілда) ....................................... –Мен өлермін кім көрер ....................................................... 126Жұмбақ ................................................................................ –Сұлулық (Жұманұлы Әбілда) ............................................ 127Жұмбақ ................................................................................ 128Қайыршы мен қасқыр (Жұманұлы Әбілда) ...................... 129Жұмбақтар .......................................................................... 133Көп еді (Жұманұлы Әбілда) .............................................. –Тазша мен қыз (Жұманұлы Ғадолла) ................................ 134Тас ғасыр ............................................................................. 146Ағаш ғасыр ......................................................................... –Жұмбақ ................................................................................ 147Темір ғасыр ......................................................................... –Болат ғасыр ......................................................................... 148Көрдім (Ж.Ә.) ..................................................................... 149Бірлік (Ж.Ә.) ....................................................................... –Ханша қыз бен ақылды жігіт (Жұманұлы Әбілда) .......... 150Өмір – тартыс (Ә.) .............................................................. 163Бөлек (Ә.) ............................................................................ 164Симайсың (Ә.) .................................................................... 165Жаман .................................................................................. 166Жақсы .................................................................................. –Естен қалмас (Ә.) ................................................................ 167Жалғаншы жарық дүние (Бөкейұлы Шәнгерейден) ........ 168Келдім (Жұманұлы Әбілда) ............................................... 169Оқу туралы (Ж.Ә.) .............................................................. 170Жаз (Алтынсарыұлы Ыбырайдан) .................................... 171Құлагер (Қорамсаұлы Ақан серіден) ................................ 172Дүние (Қорамсаұлы Ақан серіден) ................................... 174Сахараға қарасақ (Орманбетұлы Нарманбеттен) ......... –

Page 365: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

365

Қарасұр аяңдай бер, қақпан белім ................................... 175(Орманбетұлы Нарманбеттен)Мылтық пен мергеншілік (Ақансері Қорамсаұлынан) .... –Бірінші назым (Наушабайұлы Нұржаннан) .................... 177Тақпақ назым (Наушабайұлы Нұржаннан) ..................... 180Апырай, кесер ме екем мен тілімді (Көпейұлы Мәшһүр Жүсіптен) ........................................ 183Сағындым (Жұмабайұлы Мағжаннан) ............................ 187Кім үшін? (Тілегенұлы Ысқақтан) ................................... 189Сары май (Тілегенұлы Ысқақ) ........................................... 191Мақал-мәтелдер .................................................................. 192

еКінші дәптер

МӘШҺҮР ЖҮСІП Мәшекеңнің өзiн таныстыруы ..................................... 214Бес қымбат ..................................................................... 215Шайтанның саудасы ..................................................... 216Ғибратнама .................................................................... 222Ит дүние ......................................................................... 224Иман жолдас .................................................................. 226Киік ................................................................................. –Хал-ахуал ....................................................................... 234Жарты нан ...................................................................... 235

ШӘКӘРІМ ҚАЖЫ Анық пен танық ............................................................. 240Адам немене? ................................................................. 242Жан менен дене һәм көңіл ............................................ 245Мен қорқамын, қорқамын ............................................ 248Дүние мен өмір .............................................................. 249Адамшылық ................................................................... 251Бір Аллаға сыйынған адам өлмес ................................ 252Жүректен аққан қанымнан. .......................................... 253Атаның шаһуатының көп қой мәні .............................. 254Бейіс, дозақ молда айтқан сияқты емес ....................... 255Міндеу мен күндеу ........................................................ –

Page 366: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

366

Ашу мен ынсап .............................................................. 257Құмарлық ....................................................................... 264

НАРМАНБЕТ ОРМАНБЕТҰЛЫ Қазақ ұлы біз тұрмыз .................................................... 266Ала болса ағайын. ......................................................... 267Ханнан жағдай сұрама. ................................................ 268Өмір өтіп жатады .......................................................... 269Ақылдан түк пайда жоқ ................................................ –Жынды деген немене? .................................................. 271Арба түзу жүгірмес. ...................................................... 272Пәндаға пәни дүние аз күн ермек ................................ –Әуелі тудық бала боп .................................................... 273Миым, саған не болды? ................................................ 276Алыстан болжап, ақылмен толғап ............................... 277Мен бір аңқау пендемін ................................................ 278Ұран ................................................................................ 280Әй, көңіл!. ...................................................................... 282Қара сөз өлең болмас тапқанменен..............................–

АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ Аққу, шортан һәм шаян ................................................ 283Қайыршы мен Қыдыр ................................................... 284Өзен мен қарасу ............................................................. 287Қазақ қалпы ................................................................... 289Жұртыма ........................................................................ 290Оқуға шақыру ................................................................ –Қазақ салты .................................................................... 291

МАҒЖАН ЖҰМАБАЙҰЛЫ Өміріме өкпем ............................................................... 292Түс. ................................................................................. 294Сең.. ................................................................................ –Тілегім ............................................................................ 295Сырық мойын, біз мұрын ............................................. 296Жел. ................................................................................ –Ата, бата ......................................................................... 297Жатыр ............................................................................. –

Page 367: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

367

Ана .................................................................................. 299Адастым ......................................................................... –Күз .................................................................................. 300Бір биге. .......................................................................... 302Сағындым....................................................................... –Сырым ............................................................................ 303Қазағым .......................................................................... 304Қазақ тілі ........................................................................ 305Орал тауы ....................................................................... –

Үшінші дәптер

САДУАҚАС ҒЫЛМАНИМүнәжат мұң ................................................................. 308Соңғы таю ...................................................................... 312Өкіну .............................................................................. 313Бірлік туралы ................................................................. 316Тілек ............................................................................... 322Ғажап тұрмыс ................................................................ 323Уайым ............................................................................. 326Көңілім ........................................................................... –Тілекті мұңы .................................................................. 329Арманды ойы ................................................................. 331Зары ................................................................................ –Саналыға ........................................................................ 333Мұңдыдан мұңдыға ....................................................... 334Шала белсенділер .......................................................... –Пендешілік зарым ......................................................... 341Ұзау себебім. ................................................................. 344Қарағандыдағы бауырыма ............................................ 349Ақмола стансасындағы бауырларға............................. 351Тарихи уақиға (көз көргендер) .................................... 354Тар тұтқында дос-жар ініме арнадым ......................... 359

Page 368: Омбының алаш дәптері - Tilalemi.kztilalemi.kz/books/7129.pdf · 2016-10-03 · Кітап Алаш тарихына ынтызар жалпы қауымға арналған

368

Редакторы Сәндібек ЖұбаниязовТехникалық редакторы 3айра Бошанова

Көркемдеушi редакторы Нұрлан ТазабековКомпьютерде беттеген Дилярам Мансурова

ИБ № 7277

Теруге 25.02.2013 жiберiлдi. Басуға 14.07.2013 қол қойылды. Қа лы бы 84х1081/32. Офсеттi басылыс.

Қарiп түрi «Times New Roman». Бас па табағы 23,0 + 1,0 б.т. жапсырма.

Шартты баспа табағы 20,0. Таралы мы 2000 дана. Тапсырыс № .

Қазақстан Республикасы «Жазушы» баспасы, 050009. Алматы қаласы, Абай даңғылы, 143-үй.

Дихан қамзабекұлы

ОМБЫНЫҢ АЛАШ ДӘПТЕРІ

Өлең-жырлар

«АЛАШ МҰРАСЫ» сериясы