Алаш айнасы - Қ.Аманжолов - 100

8
Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет ИӘ – Негізі, ас беру, мерейтой өткізу, дүние- ден өткен қаламгерлерімізді ұлықтау деген- нің бәрі, ең алдымен, тірілер үшін керек. Яғни уақыттың сұранысына сай мұндай атаулы дүниелерді жаңартып, басқаша формамен, ұрпақ өнеге ала алатындай қа- лыпта өткізе білудің маңызы зор. Осы орай- да мұндай рәсімдердің жаңаша қалпын қалыптастыру қажет деп ойлаймын. Өйткені уақыт өтіп, заманның өзгеруіне қарай ұрпақ сұранысы да өзгеріп отырады. Тойды өзара бәсекеге түсіп, қазақи даң- ғазаға салынып өткізудің қажеті жоқ. Одан гөрі өркениетті түрде, артына үлгі, өнеге қалатындай дәрежеде атап өтсек, ұтарымыз мол болмақ. Негізі, әрбір тойдан соң, ар- тында айта жүрерліктей ұлағаты, жақсылығы қалуы керек. Мәселен, мен осыдан біраз уақыт бұрын Тарас Шевченконың Украина- да өткен тойына қатыстым. Қаламгерге ар- налған іс-шара кезінде Киевтен бастап Херсонға дейін кемемен жүзіп, талай қала- ларына ат басын тіредік. ЖОҚ – Бүгінгі күні де қаламгерлерімізге ас беріп, мерейтойын өткізу шаралары жаман іске асып жатқан жоқ. Шыны керек, ас беріп, мерейтой өткізудің мүлдем жаңаша формасы қалыптаса қойған жоқ. Ал жаңадан енгізген күннің өзінде оны қазақи қалпымыз қабылдай қоя ма, жоқ па?! Осыны ойлау керек. Жалпылама алғанда, бүгінгі күні өткізіліп жүрген мерейтойлары- мыздың барлығы бір-біріне ұқсас. Оның ішінде қаламгерлерімізге арналған іс- шара кезінде біршама дүниені қамти алып жүрген секілді. Бірінде жоқ дүние екінші бірінде қамтылып жатады. Яғни тойды жоғары дәрежеде ұйымдастыра аламыз деген сөз. Соңғы кездері аталып өтіп жатқан тойлардың ішінде ерекше есімде қалғаны – Мұхтар Әуезовтің 100 жылдық тойы. Жоғары дәрежеде өтті деп айта аламын. №152 (604) 27 тамыз сенбі 2011 жыл 3-бетте Дулат ИСАБЕКОВ, жазушы, драматург: Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ақын: ОЙ-КӨКПАР Қаламгерлерімізге ас берудің, мерейтойларын өткізудің жаңаша қалпын қалыптастыру керек пе? Қазақ – тойшыл халық. Сондық- тан да ардақтыларымыздың мерейтойлары мен рухына арнап ас беру рәсімдерін, реті келсе, ұмыт қалдырмауға тырысамыз. Алайда бүгінгі күні ас беру мен мерейтой өткізу жөніндегі көпшіліктің пікірі әралуан. Біреулер «мұның жаңаша қалпын қалыптастыру керек, мерейтой өткізу үрдісі «ас ішіп, аяқ босатудан» аспай қалды» десе, енді біреулері «қаламгерлеріміздің мерейтойы ойдағыдай өтуде» деп баға беруде. Ас беріп, мерейтой өткізу жөніндегі зиялыларымыздың пікірін таразы табағына тартып көрген едік... Поэзияның құдіретін бойына дарыта отырып, өлеңімен тәкаппар дүниені өзіне қаратқан Қасым ақын ұлыларды көп оқыды, ұлылықтан сусындады. Мұнсыз өнерде даралану, өзгені табындыру мүмкін емес. Ақын өз шығармаларында Гәнжәуи мен Руставелиге, Абай мен Пушкинге, Лермонтов пен Горькийге, Шевченко мен Маяковскийге табынып, олардың поэзиясына құрметін білдіреді. Қасым батыс пен шығыстың әдебиетін меңгере жүріп, солардан үлгі алды, әлем әдебиетінің жауһарларын қазақ сөз өнеріне әкелуге талпынды, классикаға қазақтың үнін қосты, қазақ өлеңінің кереметін паш етті. Ақынның бар көркем аудармасы өзіндік сипатымен ерекшеленеді. Ол Мая- ковскийді, Пушкинді, Лермонтовты, Некрасовты, Шевченконы, Твардовскийді, Байронды, Мирасаид Миршакарды, Низами Гәнжәуиді аударды. Қасымның жаһанды жалғаған көркем тәржімаларынан ақынның әдебиетші ретіндегі қызметі мен мақсатын түсінуге бо- лады. Ақын әлемдік поэзияның кесек үлгілерін олар- дың қазақ сөз өнеріне тигізер пайдасын көздеп, әдейі- леп аударған. Өзі «аударылған дүние сенің өз мүлкің болуы керек» деген сөз жазып қалдырған. Қасым Бай- рон ақынға дүниежүзілік даңқ әкелген әйгілі «Чайльд- Гарольдтың қажылығы» поэмасының үзінділерін қазақша жырлады. Ақын танымал шығарманың сегіз қиыр шартарапты кезіп жүріп, өзінің өмірлік дәйек- тұжырымдарына дәлел іздейтін кейіпкерінің әрекеттері мен пәлсапасын қазақы оқырманға жақындатқысы келді. Чайльд-Гарольд өзінің терең психологизмімен «байрондық кейіпкер» деген ұғымды өмірге әкелсе, Қасымның аудармасынан да болмысы бөлек қаһарманды танимыз және ол қазақтың өр ақынының өзіне ұқсас. Елімен қоштасқан кейіпкерін ақын «Мен жалғызбын, толқындардың Арасында кемем келеді» деген жолдармен дәл Қасымша суреттейді, сөйтіп, бізге Гарольдты не Байронды емес, Қасымды танытады. «Ышқына соққан дауылға, Құмартушы ем жасымда» дейтін Аманжолов қашан да әдебиеттегі талғамының жоғары екенін байқатқан. Ол, негізінен, дүниежүзі поэзиясындағы алыптардың алпауыт саналған туындыларын аударды. Пушкиннен бір топ өлең мен әйгілі «Полтаваны», Лермонтовтан «Маскарадты», Твардовскийден «Василий Теркинді», Гәнжәуиден «Ләйлі-Мәжнүнді» алды. «Ләйлі-Мәжнүннің» Қасымға дейін талай қазақша жырланып, тәржімаланғаны белгілі. Қасымның көркем аудармасы жүйелі түрде зерттелуі тиіс Қазақ өлеңінің өртке тиген дауылы – Қасым Аманжолов – қазақтың қайсар рухты ақыны ғана емес, ұлттық әдебиеттің дамуына жанашыр болған қаламгер де. Оның бұл еңбегі көркем тәржіма саласына қосқан үлесінен аңғарылады. Қасым аудармалары – қазақтың сөз өнерін әлем әдебиеті үлгілерімен сабақтастырған тың соқпақ. 6-бетте ҚАЛТАРЫС Өмірхан ӘБДИМАНҰЛЫ: Қасым – қазақ әдебиетіндегі лирикалық поэзияның Мағжаннан кейінгі атасы Қасым туралы көркем фильм неге жоқ? Ұлт рухын асқақтатқан дауылпаз Қазақ поэзиясы үшін Қасым Аманжоловтың орны бөлек. «Жығылсам да жүгірумен өтермін, Аяңшылдың ақылын мен не етермін?» деп жырлаған дауылпаз ақын, шынымен-ақ, өмірде де, өлеңде де жасындай жарқылдап, құйылып- төгіліп, бұрқасындай боратып өтті. Қасымның бетің бар, жүзің бар демейтін қайсар мінезі, қалтарыс-бұлтарысы жоқ, бүкпесіз табиғаты көп адамдарға, әрине, ұнай қойған жоқ. Сол себепті де, сонау соғысқа дейін-ақ ол «поэт-хулиган» атанды, әділетсіз сындарға ұшырады. Бірақ өзі айтпақшы, «солдаттың етігіндей жаны сірі» ақын бәріне төзді, бәріне төтеп берді. Алмас қылыштың қын түбінде жатпайтыны тәрізді, Қасым поэзиясы да талай өткелектен өтіп барып қалтқысыз мойындалды, шынайы бағасын алды. Деген- мен ақын поэзиясына жасалған кезіндегі қысастықтан бүгінгі ұрпақ қаншалықты хабардар және сол қиянат салдарынан жол берілген олқылықтарды түзете алдық па?! Қасым поэзиясын шынайы саралап-салмақтаймыз, өз дәрежесінде бағалауға тырысамыз десек, міне, осы мәселені ойда ұстағанымыз абзал. Ұлтын сүйген ұлы жүрек Қасымның еліне, жеріне деген перзенттік махаббатқа, сүйіспеншілікке толы өлеңдер жазуына түрткі болды. Қазақтың арғы-бергі тарихы, бүгіні мен болашағы кейбір жағдайда ақынды терең ойға шомдырып, көңіліне алаң кіргізді, нәзік мұңға, сезімге бойлатты. Алайда оның сондай сәтте жазылған: Жалғасы 2-бетте Сонымен, әңгіме Аманжол Рақымжан- ның Қасымы туралы неге әлі күнге бір мар- дымды туынды жоқтығы жайында. Бұл – бү- гінгінің сұраушысы, бүтіндей бір ұрпақтың алдыңғы толқын ағаларға, оның ішінде өнер саласында жүргендеріне қояр сұрағы. АБЫЛАЙ МЕН АБАЙЛАРДЫ ЭКРАНДАЙ АЛМАЙ ЖҮРГЕНДЕ, ҚАСЕКЕҢДЕРГЕ ҚАЙДА?.. – Жалпы, Қасымның насихатталуы кем болып келді ғой, – деп бастады әңгімесін сыншы, кезінде еліміздің мәдениет саласын басқарған, жалпы, өнерде көрген-білгені, көкейге түйгені мол ағаларымыздың бірі Әшірбек СЫҒАЙ. «Басымды кессең де, айтқаным – айтқан» деген қайсар мінезді Қасымдар қай қоғамда да бар. Бірақ дәл сол үшін олардың жолын кесіп, алдынан ашылғалы тұрған сан есігін жауып тастап отырады. Қасым ағамыздың да кезінде бағы ашылмай, қудалау көріп, бір орында байыз таппағаны, мінекей, осы бүкпей тура айтқан мінезі үшін дер едім. Сол үшін де Қасымға өз бағасы берілмей, Қасымның шынайы тұлғасы мойындалмай, ол жайлы ешкім ештеңе жасамаған сияқты. Ал Қа- сымның аяқталмай қалған «Досымның үй- ленуі» атты пьесасын ақынның поэзиядағы інісі іспетті Қуандық Шаңғытбаев аяқтап, режиссер Жақып Омаров 70-жылдары Әуезов театрында қойды. ТҮРТКІ www.аlashainasy.kz e-mail: info@аlashainasy.kz 146,43 210,90 5,07 22,92 1,44 11149,82 1584,04 1232,48 110,09 1593,93 Алаш арыстары ғана айта алған ащы шындықты кеңестік кезеңде қаймықпай айтқан бір адам болса, ол – ақын Қасым Аманжолов. Біз өзіміз көрмесек те, көргендердің сөзі, одан бұрын ақынның өз сөзі – өлеңдерінен ұққанымыз, Қасым – ақиқатты ашып айтқан, бетке тура басып айтқан нағыз ақын. Заманында «осы Қасымның несі басым?» деген сыпсың сөз шыққанға ұқсайды, сонда Мұқағали: «Ақынмын деп қопаңдап жүргендердің әммесінен Қасымның десі басым», – деп, ол дауға әдемі нүкте қойғандай. Міне, сол десі Дегерестің шаң жұқпаған тұлпарындай ақынды тура мағынасында біздің буын, бізден бұрынғы әкелеріміздің буыны да көрген жоқ. Жас кеткені жазмыш десек, енді ақын бейнесінің не драматургия, не кинематографияда әлі күнге болмауы – тірі пенделердің ісі емей немене? Жалғасы 2-бетте Жалғасы 2-бетте Мәриям ӘБСАТТАР ДАТ! Роза РАҚЫМҚЫЗЫ 4-бет 4-бет Жібі түзу бір көшеге әкемнің аты берілмей келе жатқанына қарным ашады Қасым тағдырын ақындарымызға тартқызуымыз – мемлекеттігімізге сын 5-бет «Жыр бәйгеге аттанған адам болса, Сөредегі Қасымын есіне алсын!..» Абай ОМАРОВ (коллаж)

Upload: dulatbek-dulatbek

Post on 06-Mar-2016

294 views

Category:

Documents


14 download

DESCRIPTION

Алаш айнасы - Қ.Аманжолов - 100

TRANSCRIPT

Page 1: Алаш айнасы - Қ.Аманжолов - 100

Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет

ИӘ– Негізі, ас беру, мерейтой өткізу, дүние-

ден өткен қаламгерлерімізді ұлықтау деген-нің бәрі, ең алдымен, тірілер үшін керек. Яғни уақыттың сұранысына сай мұндай атау лы дүниелерді жаңартып, басқаша формамен, ұрпақ өнеге ала алатындай қа-лып та өткізе білудің маңызы зор. Осы орай-да мұндай рәсімдердің жаңаша қалпын қалыптастыру қажет деп ойлаймын. Өйткені уақыт өтіп, заманның өзгеруіне қарай ұрпақ сұранысы да өзгеріп отырады.

Тойды өзара бәсекеге түсіп, қазақи даң-ғазаға салынып өткізудің қажеті жоқ. Одан гөрі өркениетті түрде, артына үлгі, өнеге қалатындай дәрежеде атап өтсек, ұтарымыз мол болмақ. Негізі, әрбір тойдан соң, ар-тын да айта жүрерліктей ұлағаты, жақсылығы қа луы керек. Мәселен, мен осыдан біраз уа қыт бұрын Тарас Шевченконың Украина-да өт кен тойына қатыстым. Қаламгерге ар-нал ған іс-шара кезінде Киевтен бастап Херсонға де йін кемемен жүзіп, талай қала-ларына ат басын тіредік.

ЖОҚ – Бүгінгі күні де қаламгерлерімізге ас

беріп, мерейтойын өткізу шаралары жаман іске асып жатқан жоқ. Шыны керек, ас беріп, мерейтой өткізудің мүлдем жаңаша формасы қалыптаса қойған жоқ. Ал жаңадан енгізген күннің өзінде оны қазақи қалпымыз қабылдай қоя ма, жоқ па?! Осыны ойлау керек. Жалпылама алғанда, бүгінгі күні өткізіліп жүрген мерейтойлары-мыздың барлығы бір-біріне ұқсас. Оның ішінде қаламгерлерімізге арналған іс-шара кезінде біршама дүниені қамти алып жүрген секілді. Бірінде жоқ дүние екінші бірінде қамтылып жатады. Яғни тойды жоғары дәрежеде ұйымдастыра аламыз деген сөз. Соңғы кездері аталып өтіп жатқан тойлар дың ішінде ерекше есімде қалғаны – Мұхтар Әуезовтің 100 жылдық тойы. Жоғары дәрежеде өтті деп айта аламын.

№152 (604) 27 тамыз

сенбі2011 жыл

3-беттеДулат ИСАБЕКОВ,

жазушы, драматург:Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ақын:

ОЙ-КӨКПАР

Қаламгерлерімізге ас берудің, мерейтойларын өткізудің жаңаша қалпын қалыптастыру керек пе?Қазақ – тойшыл халық. Сондық-тан да ардақтыларымыздың

мерейтойлары мен рухына арнап ас беру рәсімдерін, реті келсе, ұмыт қалдырмауға тырысамыз. Алайда бүгінгі күні ас беру мен мерейтой өткізу жөніндегі көпшіліктің пікірі

әралуан. Біреулер «мұның жаңаша қалпын қалыптастыру керек,

мерейтой өткізу үрдісі «ас ішіп, аяқ босатудан» аспай қалды» десе, енді

біреулері «қаламгерлеріміздің мерейтойы ойдағыдай өтуде» деп

баға беруде. Ас беріп, мерейтой өткізу жөніндегі зиялыларымыздың

пікірін таразы табағына тартып көрген едік...

Поэзияның құдіретін бойына дарыта отырып, өлеңімен тәкаппар дүниені өзіне қаратқан Қасым ақын ұлыларды көп оқыды, ұлылықтан сусындады. Мұнсыз өнерде даралану, өзгені табындыру мүмкін емес. Ақын өз шығармаларында Гәнжәуи мен Руставелиге, Абай мен Пушкинге, Лермонтов пен Горькийге, Шевченко мен Маяковскийге табынып, олардың поэзиясына құр метін білдіреді. Қасым батыс пен шығыстың әдебиетін меңгере жүріп, солардан үлгі алды, әлем әдебиетінің жауһарларын қазақ сөз өнеріне әкелуге талпынды, классикаға қазақтың үнін қосты, қазақ өлеңінің кереметін паш етті. Ақынның бар көркем аудармасы өзіндік сипатымен ерекшеленеді. Ол Мая-ковский ді, Пушкинді, Лермонтовты, Некрасовты, Шев ченконы, Твардовскийді, Байронды, Мирасаид Мир шакарды, Низами Гәнжәуиді аударды. Қасымның жа һанды жалғаған көркем тәржімаларынан ақынның әде биетші ретіндегі қызметі мен мақсатын түсінуге бо-лады. Ақын әлемдік поэзияның кесек үлгілерін олар -дың қазақ сөз өнеріне тигізер пайдасын көздеп, әдейі-леп аударған. Өзі «аударылған дүние сенің өз мүлкің бо луы керек» деген сөз жазып қалдырған. Қасым Бай-рон ақынға дүниежүзілік даңқ әкелген әйгілі «Чайльд-Га роль дтың қажылығы» поэмасының үзінділерін қазақша жырлады. Ақын танымал шығарманың сегіз қиыр шартарапты кезіп жүріп, өзінің өмірлік дәйек-тұжырымдарына дәлел іздейтін кейіпкерінің әрекеттері мен пәлсапасын қазақы оқырманға жақындатқысы келді. Чайльд-Гарольд өзінің терең психологизмімен «байрондық кейіпкер» деген ұғымды өмірге әкелсе, Қасымның аудармасынан да болмысы бөлек қаһарманды танимыз және ол қазақтың өр ақынының өзіне ұқсас. Елімен қоштасқан кейіпкерін ақын

«Мен жалғызбын, толқындардың Арасында кемем келеді» деген жолдармен дәл

Қасымша суреттейді, сөйтіп, бізге Гарольдты не Байронды емес, Қасымды танытады. «Ышқына соққан дауылға, Құмартушы ем жасымда» дейтін Аманжолов қашан да әдебиеттегі талғамының жоғары екенін байқатқан. Ол, негізінен, дүниежүзі поэзиясындағы алыптардың алпауыт саналған туындыларын аударды. Пушкиннен бір топ өлең мен әйгілі «Полтаваны», Лермонтовтан «Маскарадты», Твардовскийден «Василий Теркинді», Гәнжәуиден «Ләйлі-Мәжнүнді» алды. «Ләйлі-Мәжнүннің» Қасымға дейін талай қазақша жырланып, тәржімаланғаны белгілі.

Қасымның көркем аудармасы жүйелі түрде зерттелуі тиіс

Қазақ өлеңінің өртке тиген дауылы – Қасым Аманжолов – қазақтың қайсар рухты ақыны ғана емес, ұлттық әдебиеттің дамуына жанашыр болған қаламгер де. Оның бұл еңбегі көркем тәржіма саласына қосқан үлесінен аңғарылады. Қасым аудармалары – қазақтың сөз өнерін әлем әдебиеті үлгілерімен сабақтастырған тың соқпақ.

6-бе

тте

ҚА

ЛТА

РЫС

Өмірхан ӘБДИМАНҰЛЫ:

Қасым – қазақ әдебиетіндегі лирикалық поэзияның Мағжаннан кейінгі атасы

Қасым туралы көркем фильм неге жоқ?

Ұлт рухын асқақтатқан дауылпаз

Қазақ поэзиясы үшін Қасым Аманжоловтың орны бөлек. «Жығылсам да жүгірумен өтермін, Аяңшылдың ақылын мен не етермін?» деп жырлаған дауылпаз ақын, шынымен-ақ, өмірде де, өлеңде де жасындай жарқылдап, құйылып-төгіліп, бұрқасындай боратып өтті.

Қасымның бетің бар, жүзің бар демейтін қайсар мінезі, қалтарыс-бұлтарысы жоқ, бүкпесіз табиғаты көп адамдарға, әрине, ұнай қойған жоқ. Сол себепті де, сонау соғысқа дейін-ақ ол «поэт-хулиган» атанды, әділетсіз сындарға ұшырады. Бірақ өзі айтпақшы, «солдаттың етігіндей жаны сірі» ақын бәріне төзді, бәріне төтеп берді. Алмас қылыштың қын түбінде жатпайтыны тәрізді, Қасым поэзиясы да талай өткелектен өтіп барып қалтқысыз мойындалды, шынайы бағасын алды. Деген-мен ақын поэзиясына жасалған кезіндегі қысастықтан

бүгінгі ұрпақ қаншалықты хабардар және сол қиянат салдарынан жол берілген олқылықтарды түзете алдық па?! Қасым поэзиясын шынайы саралап-салмақтаймыз, өз дәрежесінде бағалауға тырысамыз десек, міне, осы мәселені ойда ұстағанымыз абзал.

Ұлтын сүйген ұлы жүрек Қасымның еліне, жеріне деген перзенттік махаббатқа, сүйіспеншілікке толы өлеңдер жазуына түрткі болды. Қазақтың арғы-бергі тарихы, бүгіні мен болашағы кейбір жағдайда ақынды терең ойға шомдырып, көңіліне алаң кіргізді, нәзік мұңға, сезімге бойлатты. Алайда оның сондай сәтте жазылған:

Жалғасы 2-бетте

Сонымен, әңгіме Аманжол Рақымжан-ның Қасымы туралы неге әлі күнге бір мар-дым ды туынды жоқтығы жайында. Бұл – бү-гінгінің сұраушысы, бүтіндей бір ұрпақ тың алдыңғы толқын ағаларға, оның ішінде өнер саласында жүргендеріне қояр сұ ра ғы.

АБЫЛАЙ МЕН АБАЙЛАРДЫ ЭКРАНДАЙ АЛМАЙ ЖҮРГЕНДЕ,

ҚАСЕКЕҢДЕРГЕ ҚАЙДА?..– Жалпы, Қасымның насихатталуы кем

болып келді ғой, – деп бастады әңгімесін сыншы, кезінде еліміздің мәдениет саласын басқарған, жалпы, өнерде көрген-білгені,

көкейге түйгені мол ағаларымыздың бірі – Әшірбек СЫҒАЙ. «Басымды кессең де, айтқаным – айтқан» деген қайсар мі нез ді Қасымдар қай қоғамда да бар. Бірақ дәл сол үшін олар дың жолын кесіп, алды нан ашылғалы тұрған сан есігін жауып тас тап отырады. Қасым ағамыздың да кезінде бағы ашылмай, қудалау көріп, бір орында ба йыз таппағаны, мінекей, осы бүкпей тура айт қан мінезі үшін дер едім. Сол үшін де Қа сымға өз бағасы берілмей, Қасымның шы найы тұлғасы мойындалмай, ол жайлы еш кім ештеңе жасамаған сияқты. Ал Қа-сымның аяқталмай қалған «Досымның үй-ле нуі» атты пьесасын ақынның поэзия дағы інісі іспетті Қуандық Шаңғытбаев аяқ тап, режиссер Жақып Омаров 70-жылдары Әуезов театрында қойды.

ТҮРТ

КІ

www.аlashainasy.kze-mail: info@аlashainasy.kz

146,43

210,90

5,07 –

22,92

1,44

11149,82

1584,04

1232,48

110,09

1593,93

Алаш арыстары ғана айта алған ащы шындықты кеңестік кезеңде қаймықпай айтқан бір адам болса, ол – ақын Қасым Аманжолов. Біз өзіміз көрмесек те, көргендердің сөзі, одан бұрын ақынның өз сөзі – өлеңдерінен ұққанымыз, Қасым – ақиқатты ашып айтқан, бетке тура басып айтқан нағыз ақын. Заманында «осы Қасымның несі басым?» деген сыпсың сөз шыққанға ұқсайды, сонда Мұқағали: «Ақынмын деп қопаңдап жүргендердің әммесінен Қасымның десі басым», – деп, ол дауға әдемі нүкте қойғандай. Міне, сол десі Дегерестің шаң жұқпаған тұлпарындай ақынды тура мағынасында біздің буын, бізден бұрынғы әкелеріміздің буыны да көрген жоқ. Жас кеткені жазмыш десек, енді ақын бейнесінің не драматургия, не кинематографияда әлі күнге болмауы – тірі пенделердің ісі емей немене? Жалғасы 2-бетте Жалғасы 2-бетте

Мәриям ӘБСАТТАР

ДАТ!

Роза РАҚЫМҚЫЗЫ

4-бет

4-бет

Жібі түзу бір көшеге әкемнің аты берілмей келе жатқанына қарным ашады

Қасым тағдырын ақындарымызға тартқызуымыз – мемлекеттігімізге сын

5-бет

«Жыр бәйгеге аттанған адам болса, Сөредегі Қасымын есіне алсын!..»

Аба

й О

МА

РОВ

(кол

лаж

)

Page 2: Алаш айнасы - Қ.Аманжолов - 100

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№152 (604) 27.08.2011 жыл

сенбіwww.alashainasy.kz

e-mail: [email protected]

? Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А ЋБ I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ

Қасым оқулары тұрақты шараға айналғанАбай, Мұқағали, Оралхан оқуларын білеміз. Енді жастар арасында

Қасым оқуларын өткізу дәстүрге айнала ма?Арман ӘМЕН, Жезқазған

Кейінгі жеті-сегіз жыл бойы Қара-ған дыда облыстық тілдерді дамыту басқармасының, облыстық мәдениет бөлімі және халық шығармашылығын насихаттау ғылыми-әдістемелік орта лы-ғының басшылығымен Қасым Аман -жолов оқулары тұрақты түрде өт кізіліп келеді. Әу баста жергілікті жас ақын дар арасында жыр мүшәйрасы қал пында өткізіліп келген бұл мәдени шара кейінгі бірер жылда Қасым әнде рін орындаушы

жас дарындар арасын дағы байқаумен, ақын жырларын жат қа оқитын талапкер-лер сайысымен то лығып, өз алдына бөлек іс-шара бо лып отыр. Бірнеше жыл бойы ұйым дас тырылған шаралардың қорытын ды лары жеке ұжымдық жинақ боп шы ғарылып келеді. Биыл көктемде облыс орталығында ұйымдастырылған Қа сым оқулары мерейтойда ақын ес-кер т кішін ашу салтанатына орайлас ты-рылмақшы.

Ақын тойы қалай өтеді?

9-10 қыркүйек күндері Қарағанды мен Қарқаралыда өткізілетін ақын тойын-да бірнеше атаулы мәдени-көпшілік ша-ра лар ұйымдастырылады. 9 қыркүйек күні таңертеңгілік Қасым ескерткіші ашы-лып, ескерткіш жанында Қасым оқулары өт кі зілсе, сағат 15.00-де Е.Бөкетов атын-да ғы Қарағанды мемлекеттік универси-те тінде ақын шығармашылығына арнал-ған ғы лы ми-тәжірибелік конференция, кітап та ры ның тұсаукесер рәсімі өтеді. Кеш кі сағат 17.00-де С.Сейфуллин атын-

да ғы Қазақ драма театрында ақынның «До сымның үйленуі» атты спектаклінің пре мьерасы, ақындар мүшәйрасы мен Қа сым әндерінің фестивалі, Қасым туралы деректі фильмнің көрсетілімі, Гала-концерт ұйымдастырылмақшы. 10 қыркүйек күні Қарқаралы ауданында жал ғасатын мерейтойда ұлттық спорт түрлерінен сайыстар, ақындар айтысы, концерттік бағдарламалар ұйымдасты-рылады. Тойлы ауылда 200-ге тарта киіз үй тігілмекші.

Қасым тойында қандай мерекелік шаралар атқарылады?Дастан АХМЕТБЕКОВ, Семей

ЖЫР-ҒҰМЫР

Ұлт рухын асқақтатқан дауылпаз

Қасымның көркем аудармасы жүйелі түрде зерттелуі тиіс

...Кең далалы, кең пейілді қазақпыз,Құл емеспіз: еркін жанбыз, азатпыз.Қас тағдырдың қиқаңына көнбейміз.Ел намысын кескілеспей бермейміз.Сертің осы, азат жігіт, азат қыз, – деген тәріздес жүрек сырлары жыр жинақтарына мүлдем жолатылған жоқ. Сол сияқты: ...Елу жаста «елім бар»

деп айта алмай, Кетпес естен күйінгенің, мұңлы Абай.«Елім бар» деп айтатұғын туды күн,«Елім бар» деп шырқатайын

мен бүгін, Қойсын енді Қорқыт бабам сарнамай. Асан ата, желмаяңа бер тыным, Сен таппасаң, біздер таптық

жер тыңын.«Гүлжазира», «Жерұйықтан»

кем бе екен,Мынау дала – біздер өскен кең мекен. Қызыл тулы ел «Қазақстан» дейтұғын, – деген шумақтарындағы Қорқыттың, Асанқайғының аттары алынып тасталды. Асанқайғының орнына Абайдың аты қойылып, өлең жолы «Атам Абай, арма-ныңа бер тыным» деген сарында өзгертілді. Әрине, өзгенің, нақтырақ айтқанда, кеңес-тік саясатпен уланғаны сонша – ұлтты сүю-дің кез келген нышанына шошына қарай-тын «қырағы» баспа редакторла ры ның қо лымен. Мұндай ревизия ақынның көпте-ген өлеңдеріне аяусыз жүргізілді. Сөйтіп, «Ертіс» өлеңіндегі: Тербеліп толқыныңда ән сап өскен,Қайтып та сорлы болсын қазақ ұлы! – деген жолдардағы «қазақ ұлы» «совет ұлы» деген сөздермен ауыстырылды. «Ту-ған жер» деген өлеңінің:Жақын жүрсем, мен –

төрінде рақаттың,Алтын діңгек – өзім туған босағам! – деген соңғы жолдары:

Өз советім – өзім туған босағам! –

Бірақ ақын белгілі хикаяның мазмұнын тағы бір баяндауды мақсат етпейді, ол шы-ғыстық жыр дәстүрінде өз мүмкіндіктерін көр сетуді, дастан жазуда түпнұсқа авто ры-мен іштей сынасуды және ең бастысы – махаббат хикаясын өз заманына жақын-да туды көздейді. Ақынның Ләйлісі мен Мәж нүні біз үшін ежелгі дәуірдің емес, өткен жылдардың ғашық жастары секілді. Лер монтовтан аударылған «Маскарад» – өлең мен жазылған төрт перделі драма. Ол – Қасым тәржімаларының ішіндегі ең сү-бе лісі. Аудармашы мұнда өнерді синкретті ете білудің шебері ретінде көрінеді. Бұл шығармада қимыл-әрекет те, поэтика да, өзіндік ырғақ пен әуез де, проза да бар. Аманжолов Лермонтов туындысының табиғатын дәл беру үшін сегіз буынды жыр ды да, қара өлеңді де қолданады, шығармада динамикадағы кейіпкерлердің оқыс диалогтері, қысқа, толымсыз жауап-тар, атаулы сөйлемдер, бәрі жарасымды көрініс табады, ешқайсысы ырғақтан ажырамайды. Екінші көріністің бірінші сахнасындағы Баронессаның сөзі: «Не үшін өмір сүреміз бұл дүниеде?Жалынып, жалбарынып әлдекімше,Құл болып өту үшін жүрміз бе біз?Жорж Санд ғибратында бар-ау негіз!» – деп, өлеңнің толымды буындары мен ұйқасы сақталып берілсе, шығарманың ендігі бір жерінде князь бен бетперде киген әйелдің сөйлесуі бұл қалыптан ауытқиды:

болып шыға келді. Түпнұсқадан айтарлықтай ауытқып,

осындай үлкен түзетулерге ұшырай отырып жарияланған шығармаларының үш том-дығын Қасымның өзі көре алмай кетті. Небәрі 44 жасында ажал құрығына іліккен аяулы ақын өлеңдеріне жасалған мұндай редакцияны көрсе, өзінің тікмінезіне салып, біраз адамдармен, бәлкім, біржола кетісер де еді. Қасым өлеңдерінің терең білгірі, академик, сыншы Серік Қирабаев ақынның кейінгі төрт томдығын шығару барысында Ғафу Қайырбековтің көп өлең-дерді қалпына келтіруге тырысқанын, бірақ жөнделмей кеткен нәрселердің әлі де жетіп-артылатынын айтады. Мысалы, Қасымның поэмалар байқауында топжар-ған «Құпия қыз» атты шығармасының алғашқы нұсқасы 1938 жылы «Әдебиет

«Бетперде: Жақсы білем... Мен сені!Князь: Білсе білер бұл тегі». Маяковский жырларынан қуат алып,

онымен рухтас екенін жасырмайтын Қасым оның да көп шығармасын аударды. Атышу-лы «Прозаседавшиеся» «Мәжілісқорлар» болып тәржімаланды. Қасым Аманжолов көркем аудармаларының бір үлкен шо-ғыры – лирикалық поэзия. Қасым өлең сө з ге өз өрнегін салып, өзгеден жеткен көр кем ойды меншіктеп алады. Пушкиннің «Қыс қы кешіндегі» көк дүлей боран сурет-те летін «То по кровле обветшалойВдруг соломой зашумит,То, как путник запоздалый,К нам в окошко застучит» деген жолдар «Тозған лашық қамысындайСуылдайды кей уақыт;

және искусство» журналында басылған екен. Бірақ ақынның үш томдығында да, төрт томдығында да поэма қысқарған кү-йін де жарық көрген, ал түпнұсқасы жоға-лып кеткен. Сондай-ақ Қасымның соғыс кезін де жазған орысша өлеңдері көп бол-ған. Олар да табылмай, шындығында, із-дес тірілмей келеді. Осындай жайттар ақын ның өлеңдерін бұрынғы шыққан м әтін дерімен, қолжазбаларымен салысты-рып отырып, қайтадан жинақтау, тіпті қай-та бастыру қажеттігін аңғартады.

Шығармашылығына қатысты алғанда, «Қасым үлкен ақын ретінде соғыс жылда-рын да қалыптасты» деген де пікірлер ай-ты лады. Бірақ қаламгерлік қуатын, қарым-қа білетін Қасым соғысқа дейін-ақ танытып үлгер ген. Мысалы, оның ертерек-те жазыл ған «Мазасыз музыка» атты бал-

Түн қатқан бір жолаушыдайҚағады әйнек бейуақыт» болып, көз алдымызға келеді. Сол сияқты Джордж Байроннан Лермонтовқа жеткен «Еврей сазының» «Я говорю тебе: я слез хочу, пе-вец, Иль разорвется грудь от муки» деген се зім ге толы поэтикалық айшығы Қасым-ның «Келеді бір жылағым, абзал жыршым, Тұрғанда көкірегім қарс айырылмай» деген қазақы лирикаға айналып кетті. Қа-сымның көркем аудармаларын шолып шыққан кезде, халық әніне айналған «Ах, Самара, городок!» өлеңіне тоқтала кеткенді жөн көрдік.

«Орамалым батар-батпас, Қалқып қана ағады,Сүйген жарым сүйер-сүймес,Уақыт өтіп барады.Қайырмасы: Ах, Самара, жас қала Барамын сөнгелі,

ладалық сипа ты бар өлеңі өзге қаламдас-тарының ешқайсысынікіне ұқсамайтын өзгеше туынды екендігін әдебиетші ғалымдар сөзсіз мойындайды. Тұлғалық жағынан да Қасым өзгелерден оқ бойы озық тұр. Яғни ақын, композиторлығы өз алдына, соны мен бірге ол – Пушкин, Лер-монтов, Руста вели, Шевченко сияқты бас-қа да ақын дарды қазақ тілінде сөйлеткен өте шебер аудармашы, «Досымның үй-ленуі», «Аңқау Жүсіп» пьесаларын жазған драматург, әңгіме, очерк жазып, әдеби сынға аралас қан жан-жақты тұлға. Яғни «Дүниеге келер әлі талай Қасым» деп жырлағанымен де, қазақ үшін Қасым қа-шанда Қасым болып қала береді. Ұлт рухын мейлінше асқақ татқан дауылпаз ақынды бүгінде қалай дәріптеп, қалай ұлық тасақ та орынды.

Барамын сөнгелі Жұбатшы сен мені».Қазақ мәдениетінің ақ маңдайлысы

Роза Бағланова нақышына келтіре орын-да ған бұл әннің Қасым аударған нұсқасы бүгін гі әншілердің репертуарына қосылып жат са, нұр үстіне нұр болар еді.

Сонымен, Аманжолов шығармашы лы-ғының бір үлкен саласы – көркем тәржіма. Ақын жаһан әдебиетінің көрнекті тұлғала-ры мен шоқтығы биік туындыларын ұлттың көркемсөз мұрасына жақындатуды және, ке рісінше, әлемдік әдебиет дәстүрлеріне қа зақы реңк беруді нысана еткен. Оның бұл бағыттағы еңбегі жүйелі зерттеуді қа-жетсініп тұр.

Зинол-Ғабден БИСЕНҒАЛИ, әдебиеттанушы, филология ғылымының докторы, профессор:

– Қасымның көп аударған ақыны Мая-ковский болды. Маяковский сол жылдар әдебиетіндегі үлкен фигура еді. Одан аударған өлеңдері 1941 жылы «Бар да уыс-пен» деген атпен жа рық көрді. Бұдан кейін оның орыс әде бие тіне жалтақтауы бірте-бірте жүйеге түсе бастайды. 1947-1948 жылдары Пуш киннің көп шығар ма сын аударады. Пушкинді аудару үстін де Қасым ұлы орыс ақынының дүние та нымындағы құ пияларды меңгеру қажет тіг ін аңға ра ды. Ол Белинскийдің Пушкин туралы жазған атақты мақаласымен та ны сып, соны жүйелі түрде оқиды. Пуш кин поэзия сы ның негізгі арналары жай лы терең оқып білуі кейін оны аударуға көп мүмкіндік берген. Қасымның өте жақ сы аударған ақыны – Лермонтов. Бұл екеуінің шы ғар машылық тұлға ре тінде мінездері ұқсас болатын. Орыстың еркіндікті аңсаған ерке көңілді ақынын аударуда Қасым талай шеберлікті мең гереді. Біз «Қасым керемет, Қасым ке ре мет» деп көп айтамыз. Бірақ оның не сі мен керемет екенін ойланып айтуды ұмы тып кетеміз. Қасым – көркем аудар ма сала сына зор үлес қосқан адам. Ал әлі күнге дейін оның аудармаларын зер делейтін бірде-бір еңбек жазылған жоқ.

ҚА

ЛТА

РЫС

ТҮРТКІ

Ол туынды бертінге дейін жүрді. Ал енді шындап келгенде, Қасым – қалай мақтасаң да, соған тұратын ақын. Күні кеше 80 жылдығын дүрілдетіп өткізген Мұқағали Мақатаевтың өзі Қасымды ұстаз тұтқан. Жұмекен Нәжімеденовтің де «Маған Есениннің де, басқаның да керегі жоқ, Қасым болса болғаны» деген мағынада өлеңі бар. Өз тұстастары, ағалары, інілері өресін мойындаған, тіпті алдына жүгінген Қасымның, өкінішке қарай, насихаты кем болды. Енді соның есесін ақынның 100 жылдығында қайтара ма деп жатырмыз. Бірақ, меніңше, осы мерейтой қарсаңында Қасым өмірі жайлы бір деректі фильм түсірсе де жақсы еді ғой, әйтпесе Абайды, тіпті одан арғы Абылайдай ханымызды түсіре алмай жүргенде, Қасекеңдерге қайда?... Тұқым аузына таянған осы кезде кім де болса керемет көркем фильм түсіре қояды дегенге өз басым сенбеймін...(күрсінді). Әйтпесе киноға сұранып тұрған тұлғаларымыз жетеді ғой.

ҚАСЫМТАНУШЫЛАРДЫҢ ҚАРАП ЖАТУҒА ҚАҚЫСЫ ЖОҚ!..

«Жалпы, кісімсігендердің аспандағы кілтіне қол жеткізуге құмар емес еді» дейді Қасымның көзін көргендер. Әлгіндейлердің әділ жазасын Жаратқанға қалдырған ақын да тек отты өлеңімен болды, поэзиясын періштедей қорғап, соған селкеу түсірмеуді ғана ойлаған сыңайлы. Сондықтан өзін жақтырмай, шеттеткен ортадан ол да

алыстау ұзағандай. Қасымның байыз тауып, байсалды, байыпты, қай жағынан алсаң да, мазмұнды тұлғаға айналған жылдары Оралда өмір сүрген кездері екен. Қалған уақытының бәрінде кемшілік, жоқшылық, қиын-қыстау жолдармен өткен тұлғаның өмірі ең құрығанда бір қалам гер-дің қалам ұшына оралмады, ең құрығанда бір киногердің объективіне ілікпеді екен? Бәлкім, кезінде сценарий ұсынып, онысы көркемдік кеңестен өтпей қалды ма? Бұл туралы, бәлкім, бір білсе, кезінде «Қазақ-фильмде» сценарийлермен жұмыс істеген жазушы Смағұл ағамыз білер деген оймен қаламгерге қоңырау шалдық.

Смағұл ЕЛУБАЙ, жазушы, киносценарийші:

– Фильм мәселесіне келсек, рас, мен сол «Қазақфильмде» өмір бойы жұмыс істеп жүргендердің бірімін деуге болады. Жалпы, киноның тақырыбы боларлық тұл-ғалар бізде өте көп. Мысалы, Алаш арыста-ры енді ақталған тұста алдымен Мағжанның «Батыр Баян» поэмасының желісі бойынша көркем фильмнің қолға алынғанын білесіздер. Ойлап қарасақ, Мағжанның өз өмірі де киноға татырлық қой?.. Сондай-ақ Әуе зовтің, Сәкеннің өмірлері де қандай

күрделі, көркем фильмге сұранып тұр. Ахмет Байтұрсыновтың өмірі, Халел мен Жанша Досмұхамедовтердің де өмірі сұмдық, осылардың бәрі киноға да, театрға да арқау болуға тұрарлық тақырып екеніне дау жоқ. Әрине, әрқайсысы жайлы жазылуға тиіс, көрсетілуге тиіс. Алайда олай болмай жатыр ғой. Екінші бір жағынан, тұлғалардың бәрі түгел көркем фильмге арқау болуға міндетті де емес. Кейбіріне деректі фильмдер түсірілді, бірақ ішінде Қасым жоқ. Көркем фильм түсіру өте қымбат болғандықтан, оған жол ашылмай отыр деуге болады. Қаржы бірінші фактор болса, екінші жағынан, қазіргі саясат, көрермен, осындай үш бірдей үлкен фактор, төртінші жағынан, автордың білігі де жетіспей тұр. Осындай себептерден Қасымның өмірі тіптен деректі фильмге де арқау бола алмай қалыпты. Экран деген қазір әлемді билеп тұр. Ең алдымен Қасым туралы деректі фильм керек. Ал деректі фильмді түсіруге тіптен кәсіби сценарийші болудың қажеті де жоқ, кез кел ген ғалым оны қолға ала алады. Міндетті түрде кинорежиссер емес, телережис серлердің де қолынан келеді. Сондықтан қасымтанушылардың қарап жатуға қақысы жоқ дер едім.

Расында, әуелі Қасым өмірінің тал бе-сіктен жер бесікке дейінгі аралығын қамтитын мазмұнды бір деректі фильм түсірілсе ғой... Газетіміздің шілде айындағы нөмірлерінің бірінде біз «Қазақстан» ұлттық арнасының бастамасымен «Дариға, сол қыз...» атты Қасым өлеңдерінің желісі

бойын ша тележоба жасалғанын жазғанбыз. Бірақ ол тек ақын өлеңдерімен көмкерілген соғыс жайлы дүние, бірақ соның өзін алдағы бір дүмпудің алғашқы белгісі деп қабылдау керек сияқты. «Қасым жайлы неге не бір деректі, не бір көркем фильм жоқ?» деген сауалды біз «Қазақфильмнің» қазіргі бас редакторы, жазушы Дидар Амантайға да қойғаны мызда, көркем фильм нің қолға алынбағанын, алайда де-ректі фильмнің соңғы нүктесі қойылуға дайын тұрғанын айтты. Қасымның осы қыркүйекте Қарқаралыда болатын торқалы тойына бұл да болса бір тарту. Алайда біз бәрібір жарқ еткен жай бір жасын емес, гүрс ете түскенде жүректі жаналқымға алып келетіндей найзағай мінез, найзағай жырдың, дәл солай буырқанып бірде ойға, бірде қырға бастаған дауыл-тағдырдың иесі Қасым Аманжоловтың қайталанбас бейнесінің киноэкран арқылы тірілгенін, қазақтың тамырына қан жүгіртіп, рухына қанат бергенін қалар едік. Мүмкін, мелодрама, мүмкін, трагедия, жанр жағын режиссер шеше жатар, бірақ біздің айта-рымыз, бүгінде, әйтеуір, көркем фильм түсіруге дарыны да, қарымы да жететін шығармашылық иелері, техника, техно-логия бәрі де бар.

Қасым туралы көркем фильм неге жоқ?

Басы 1-бетте

Болатбек МҰХТАРОВ

Аманжол Рақымжанның Қасымымын, Аманжол Рақымжанның Қасымымын, Мен қалған бір атаның ғасырымын. Мен қалған бір атаның ғасырымын. Біреуге жұртта қалған жасығымын, Біреуге жұртта қалған жасығымын, Біреуге аспандағы асылымын. Біреуге аспандағы асылымын. Шарлаған жолым жатыр жер бетінде, Шарлаған жолым жатыр жер бетінде, Көрінер көлеңкесі келбетімде. Көрінер көлеңкесі келбетімде. Қай жерде үзіледі қайран сапар, Қай жерде үзіледі қайран сапар, Түйін боп өмірімнің бір шетінде? Түйін боп өмірімнің бір шетінде? Сол жерге қалармын ба мәңгі тоқтап, Сол жерге қалармын ба мәңгі тоқтап, Жоғалып жер бетінен сүрлеу-соқпақ? Жоғалып жер бетінен сүрлеу-соқпақ? Немесе бастармын ба екінші өмір, Немесе бастармын ба екінші өмір, Жалынды жыр жолында қызыл шоқ қап?Жалынды жыр жолында қызыл шоқ қап?

Басы 1-бетте

ТҰЛҒА

Бас

ы 1

-бет

те

Page 3: Алаш айнасы - Қ.Аманжолов - 100

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№152 (604) 27.08.2011 жыл сенбіwww.alashainasy.kz

e-mail: [email protected] 3ТАҒЗЫМ

Қасымның отансүйгіштік жырларының насихаты неге кем?

Мамай АХЕТ, Алматы қалалық тілдерді дамыту, мұрағат және құжаттама басқармасының бастығы:

Қансейіт ӘБДЕЗҰЛЫ, Әл-Фараби атындағы Қа-зақ ұлттық универси-теті филология факультетінің деканы, профессор:

? А Л А Ш Т Ы А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н С А У А ЛА Л А Ш Т Ы А Л А Ѓ Д А Т Ћ А Н С А У А Л

– Бұл – тек Қасымға ғана емес, С.Мәу-ленов, С.Жиенбаев, Қ.Шаңғыт баев, Ә.Тә жібаев сынды ХХ ғасыр дағы қазақ поэзиясының аса көрнекті өкілдерінің көпшілігіне қатысты мәселе. Заманымы з-дың құндылық тарының өзгеруіне, ка-питалистік жү йе нің орнығуына байла-нысты поэзия ға, өнерге деген көзқарас өзгерді. Қа сымның бірден көзге көрініп қалуы ұлт тық поэзияда бетбұрыс жасаған ақын болуынан болар. Әйтпесе бұл сол кездегі барлық поэзия өкілдеріне тән дер едім.

– Қасым шығармаларының алтын арқауы – ұлттық рух, ұлтымыздың тарихы, құндылықтары. Кеңестік кезеңде ұлттық сипаты басым өлеңдерге «адамның ұлттық сезімін көтереді, партиялық, таптық тәрбиеге қайшы келеді» деген мақсатпен жол ашылмады. Қасым сияқты таза ұлттық сипаттағы ақындардың шығармалары ол кезде «модада» болған жоқ. «Мәдени мұра» бағдарламасы шыққаннан бері соңғы 10 жылда шынайы ұлттық сипаттағы ұлтты мадақтайтын, ұлттың рухына қызмет жасайтын шығармаларды тануға, ашып алуға санамыз жетті. Шын мәніндегі қасымтану енді басталды десек болады. Дәстүрлі қазақ поэзиясының жыраулық үлгісін өз тұсында қайта жаңғыртқан, қайта белеске көтерген – Қасым. Қасым поэзиясы – қазақ әдебиетіндегі айрықша феномен.

Дайындаған Жадыра ЖҰМАКҮЛБАЙ

ҰСЫНЫС

Бас

ы 1

-бет

те

ОЙ-КӨКПАР

Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының бірінші орынбасары, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, ақын

Қаламгерлерімізге ас берудің, мерейтойларын өткізудің жаңаша қалпын қалыптастыру керек пе?

ТАМ

ЫР

Қасым жұрты – ұлттық рухтың бесігі

Ел аузында «Аманжол қорасы» аталған ескі жұрт басында «Қасым туған үй – осы» деген тақта тұр. Бірер онжылдық ешкім тұрмаған соң әрі Арқа қысының қытымыр мінезі салдарынан ақын шыр етіп дүниеге келген боз орда жермен-жексен. Жыл аралатып барып тұратын қастерлі өңір болған соң, әр барғанымызда іргетасы шөгіп, табиғат өзі берген дүниесін қайтарып аларына көзіміз жете түседі. Қасымның кеңестік кезеңде жазылған «ресми», «бейресми» өмірбаянында сол кезгі дәстүрмен «сіңірі шыққан кедей әулетінде туған» деп жазылады. Шындығында солай ма? Әлбетте, шы-ғармашылығы мен ғұмырының өзі көзі қарақты жан үшін үлгі болар азамат ақынның ата-бабасын тергеп, бақ-байлық жарыстыру мақсатымыз емес. Дегенмен ел білетін, кейіндері бұрмаланған шын жайттарды жаңғырту керек қой. Оның сыртында зайырлы, салауатты мемлекеттердің барлығында дерлік ұлы тұлғаларының ғұмыр тарихы мен жеті

атасынан бергі тек-шежіресін таратып-ақ қойған. Шежіре – қазаққа жат құбылыс емес. Өкініштісі, білу үшін емес, бөлу үшін, солақай сөз өрбіту үшін қызмет етіп қалатыны бар. Сонымен, Қасымның туған үйінің жұртына қарасақ, анау айтқан тобанаяқ кедей тұратын үй емес тәрізді. Орналасқан қыр бөктерінен көз ұшындағы кеңістік қолдың саласындай жазылып, көрініп-ақ жатыр. Сол сала-саладағы қыр-қырат желкесіне шыққан жолаушыға да «менмұндалап» қиядан шалынады. Тар қолаттың қуысына тығылып жататын жалшының жаппасы мұндай болмаса керек. Он екі қанат орданың орнындай үй таудың қызыл тасынан өрілген. Дәуірінде еңсесі едәуір биік болған сыңайлы – үйіндісінің өзі бала бойынан асардай. Үйдің қыр желкесіндегі қабырғасына арқардың сыңар мүйізі қоса өріліп қаланыпты. Ел мұны Рахымжан сері ел аралап қайтқанда атын байлайтын орын деседі. Қасымның әкесі Рахымжан шынтуайтында ел аралап, өнер ұстаған, ат баптап, ит жүгірткен сері адам болыпты. Аты жусағанда, жібек арқанмен байлайды екен. Қарқаралылық белгілі өлкетанушы Ю.Попов Қасымның аталары мен

нағашыларының ауқатты, белді әулет болғанын айтады. Өлкетанушы келтірген сол дәуірдегі статистикалық санақ деректері Аманжол қорасында тұрған әулеттің мал-мүлкінің есебіне дейін тізіп береді...

Қасымның әкесі Рахымжан сері өмірден ертерек озып кетеді. Жетім қалған Қасым мен ағасы Тайжанның тағдыры ақын жыр-ларында бірқыдыру суреттелген. Ағалы-інілі қос жетім өгей ортадан қашып, жылап барып, түнеп қалатын Аманжол мен Рахымжан бейіті де ақын туған үйден бірер шақырым жерде жатыр. Қазір жермен-жексен болып орны ғана қалған. Басында белгі жоқ! Бірер жылда жымы білінбей, қара жердің қыртысына сіңіп кетер түрі бар. Еуропаның зайырлы мемлекеттерінің бірі болсақ, басында елі қойған елеулі ескерткіш тұрар ма еді! Бізде ол жоқ. «Алаш айнасының» ұлтымыздың ұлы тұлғалары-ның ғұмыр тарихына арнап ұйымдастырып келе жатқан қаншама мақалаларында бұл

Дулат ИСАБЕКОВ, жазушы,

драматург

Негізі, жаппай киіз үйді тігіп, ішіп-жеп тарқаған тойды жаратпаймын. Сондай-ақ тойда ақындар айтысын өткізу, ол айтыста кім қандай орын алатынын алдын ала белгілеп қою, ақын өлеңдерін жаппай жатқа оқу деген сценарийлерден халық жалықты. Мұндай жаттанды әрекеттер халықтың ашу-ызасын да тудырады. Сондықтан бүгінгі күні өткізіліп жүрген тойдағы іс-шаралардан таңдаулыларын, халық қалайтындарын таңдап алып, өткізу қажет. Ерекше бір жаңаша қалыпқа кө-шудің де қажеті жоқ, тек ысырапшыл дық-тан абай болып, жинақы қалыпта өт кізе білсек болғаны. Негізі, мұның бәрі – ұйым-дастырушыларға байланысты дүние. Айта кетер жайт, ақын оқуларын өткізудің маңы-зы зор. Сондықтан жаппай барлық ақын-ның мерейтойы кезінде оқуларының өтуін қадағалауымыз қажет. Жаңаша қа лып іздеп жерді қазып, көкті шарлаудың қа жеті жоқ. Тек оларды неғұрлым биік дең гейде өткізуге тырысып, дұрыс ұйым дас тыра білсек болғаны.

Кейде шектен тыс ысырапшылдық той-дың сәнін бұзады. Осыдан абай болсақ екен. Жалпы алғанда, қаламгерлердің ме-рей тойын өткізу кезінде шығармаларын жа рық көргізу, оқуларын өткізу, аллеяларын ашу, ескерткішін тұрғызу секілді бүгінгі күні атқа рылып жатқан нәрселер көпшіліктің кө ңі лінен шығады. Сондай-ақ олардың ту-ғ ан жерінде мерейтойларын өткізу кезінде қойнауда жатқан ауылдардың өзі түлеп шы ға келеді. Жолдары жөнделіп, мұражай-

Сұлтанәлі БАЛҒАБАЕВ, жазушы, драматург:– Әрине, қаламгерлеріміздің аруағына ас беріліп, мерейтойын өткізген дұрыс. Бірақ олардың қадірін тірі кезінде біліп, тойын

да көзі тірі кезінде неге дүрілдетіп өткізбеске?! Бүгінде жас ақын-жазушыларымыз үйсіз-күйсіз жүр. Жасы келгендерінің мерейтойы елеусіз қалып жатады. Ал өлген соң аста-төк ысырапшылдықпен жоқтаймыз. Одан да сол құрметті көзі тірі кезінде

неге көрсетпеске? Көзі тірі кезінде не үймен қамтамасыз етпейміз, не жарытып қаламақы төлемейміз. Тірісінде құрметтен жұрдай етеміз де, өлген соң басымызға көтереміз. Бұдан кімге қандай пайда?! Егер біз ақын-жазушыларымызға деген осы

көзқарасымызды өзгертпесек, бүгінгі мәдениет пен әдебиет тоқырайды. Сондықтан көзі тірі кезінде барлық өзіне лайықты марапатты көрсетіп, олардың әдебиетке, қоғамға берерін алып қалсақ, әлдеқайда дұрыс болар еді. Оларға жағдай жасау

қазақ әдебиетіне жағдай жасаумен бірдей. Басында баспанасы, балаларының ішерге тамағы жоқ адам қолына қалам ұстай ма? Осыны ескеруіміз қажет. Б

ЕЙТА

РАП

ПІК

ІР

Есте қалмас ескі дәуірлерден бері халық жадына «Бес қазылық таулары» деген атпен сіңген Қарқаралы, Бақты, Қу, Кент, Қызыларай тауларының өзгесінен шоқтығы биік Кент қазылығы мен Қызыларай қазылығының тура ортасында – Қызыл – Көшен қырқаларының бір бөктерінде Қасым Аманжолов дүниеге келді. Өткен ғасырдағы ақ пен қызыл шарпысының қарсаңы, аталас ағайыны Угар Жәнібековтің Ленадағы қырғынға қат ы-са ры нан бір жыл бұрынғы қоңыр күз екен. Қасым туған үй – сол дәуірде тау-қырат қолаттарына ұйлығыса мекен тепкен қазақы қоржын там, қызыл тасына қына бедер салған табиғаттың төл туындысы тәрізді...

лары ның, мектептерінің қайта жөндеуден өткізілуі ауылдың ажарын аша түседі. Бұл – өте жақсы нәрсе. Яғни олардың тойының өткізілуі туған жерлеріне де оң әсер етеді. Жоқ нәрсені іздеп тырысудың да қажеті жоқ. Тек бүгінгі күні мерейтой кезінде атқарылып жатқан іс-шаралардың өз дәрежесінде іске асырылуын қолдауымыз қажет.

ДайындағанҚуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ

Аталмыш той Украинаның көптеген қа-ласын қамтып, жергілікті шығармашылық адамдары мен зиялы қауым өкілдері, сырт тан келген қонақтар бірлесіп, сол өлкелердің тұрғындарымен талай қызықты кездесулер өткізді. Бұл тойдың қатысушы-ларға бергені мол болды. Рас, бізде де талай той өтіп жатыр. Оның әрқайсы сы на тоқталып, артық-кем өтті деп айтпай-ақ қояйын. Бірақ сол тойларға қарап, біз дің елімізде той өткізудің жаңаша қалпын қа-лыптастыратын уақыт жеткен-ау деп ой лап қалатыным жасырын емес. Енді, міне, Қарағандыда Қасым ағамыздың тойы өткі зілгелі жатыр. Мені ерекше қуантып тұр ғаны – той алдында Қасымға арналған ескерткіштің бой көтеруі. Сондай-ақ Қасым аллеясының ашылуы да жаныма қуаныш сыйлап тұр. Өйткені мұндай игі істің қай-қайсысының да келешек ұрпаққа қалар мұра екені даусыз, тұлғаның даңқын ас-қақ тата түсетіні хақ. Әрбір той өткізілуі кезінде ұйымдастырушылар кейінге естелік ретінде қалатын осындай шаралардың ат-қа рылуын қолға алса, дұрыс болар еді.

Айта кетер жайт, осы тойдың аясында Қа-сым Аманжоловтың академиялық жинағы шығуы керек еді. Мұндай істер тойдың абыройын асқақтата түсері сөзсіз. Сондай-ақ Мұқағали ағамыздың мерейто йы кеше туған жері – Қарасазда өтті. Қасымның да негізгі тойы Қарқаралыда өтейін деп тұр. Артынан Алматыда қорытынды жиыны ғана өтеді. Осыған орай айтайын дегенім, Махамбеттің тойы батыс өңірінде, Абайдың тойы Семейде, Мұқағалидың тойы Райымбек ауданында өте беретін болса, бәрімізге ортақ құндылық саналатын тұлғаларымызды меншіктеп алғандай болатын секілдіміз. Сондықтан бір күнді республика бойынша Қасым күні немесе Абай күні деп жариялаудың маңызы зор болар еді. Әрбір қаламызда мектеп терден бастап ЖОО-ға дейін дәл осы күні тұлғаның мерейтойына өз үлесін қосып жатса, керемет болар еді. Бұған бәлендей көп қаржы да кетпейді. Тек ұйымдастыра білу керек.

Той деген дабырлап барып, ішіп-жеп кететін жиын болмауы қажет. Осы орайда той өткен соң олардың әрқайсысына баға бе рілгені жөн дер едім. Ең бастысы, той өт кізу кезінде тұлғаларымызды жаңа ұр-пақ тың бойында қалай қалыптастыруды ой ластыруымыз қажет. Негізі, тойды өткізу-дің формаларын әртүрлі қылып жетілдіруге болады. Тек соның пайдалырағын таңдай білсек болғаны. Өйткені той өткіземіз деп, кейде үлкен тұлғаларымызды бәсекелес-тікке салынып, кішірейтіп ала жаздаймыз. Осыдан аулақ болсақ екен.

Қазақтың ауыз әдебиетін әлемдік дең-гейге көтерген қазақ ақындарының бірі Қасым Аманжолов екені анық. Сондықтан Қасым ақынның 100 жылдығын ұрпақтары қалай атап өтіп жатқаны – маңызды мә-селе. Себебі Қасым шығармашылығы – өткен дә уір дің ғана жәдігері емес, дәл бү-гін гі ұр пақ қа да қажет болып отырған нәрлі сусын. Бір кездері бүтіндей қазақ жастарына қай рат берген, жігер дарытқан ақын шығар ма шылығы қазіргі замандастары-мыз ды да қанаттандыруға жетерліктей қуат ты. Ен деше, ақын Қасымның мерей то-йын қалай ұлық тасақ та жарасатын шы-ғар.

Қасымның ұлтына, туған жеріне деген ыстық махаббатының бір себебі саяхаттан, тоқтаусыз жол жүруден туындаған бо лар. Жастайынан жетім қалып, ата-анасы ның, отбасының қызығынан құр қалған кіш-кентай Қасым 13 жасында үйінен білім іздеу ге аттанып, содан кейінгі бар өмірін ел мен жерді аралаумен өткізеді деуге бола-ды. Киелі қазақ жерінде Қасым танымайтын то пырақ жоқ деседі көзін көргендер. Өмір-баянына көз жүгіртсек, оны-мұны сапар-ларын айтпағанның өзінде, қоныс еткен қа лаларының өзі біршама екен.

Қасым Аманжолов қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қы-зыл деген жерде дүниеге келеді. Алғашқы

сапары 13 жасында басталады. Қасым білім алу үшін Семей қаласына аттанады. Үш жыл дық интернатты тамамдаған соң, Семей малдәрі герлік техникумында оқиды. Осылайша бас-аяғы алты жылдан кейін, 1930 жылы Алматыға келіп, «Лениншіл жас» газетінде жұмыс істейді. Алматыда бір жылдай ғана тұрақтаған ол 1931 жылы Ленинградқа кетеді. Онда орман шаруашылығы институ ты на түсіп, оқуын жалғастырады. Бірақ ден саулығына байланысты және түскен оқуын да онша ұната қоймағандықтан, бірер жылдан кейін елге оралып, Орал қаласындағы «Екпінді құрылыс» газетіне қызметке орналасады. Әншілік, әртістік өнерге бейім, домбыра, мандолин бастаған бір сыпыра музыкалық аспаптарда еркін ой найтын ақкөңіл, жайсаң жанды «ерке Қа сым ның» Оралда болған, әсіресе 1935-1936 жылдары Оралдағы қазақ театрын да ғы қызмет еткен кезі өміріндегі ең бір қы-зықты, қымбат шағы болып қалады. Ақын 1941 жылы әскер қатарына шақыры ла ды. Ұлы Отан соғысының 1941-1943 жыл да-рында Қиыр Шығыста болған Қасым 1943 жылы батыстағы майданға ауыстыры лады, содан соғыс аяқталғанға дейін «қан ды қырғын, қып-қызыл өрттің ішінде» бо ла-ды.

Сәдуақас КЕБЕКБАЙ

Қасым жүріп өткен жолмен неге жүрмейміз?

мәселе тұрақты түрде қозғалып келеді. Мәселен, Әлихан Бөкейханның туған үйі, өскен ортасы, ізі қалған жерлері немесе басқа да ұлы тұлғаларымыздың табаны тиген жерлері туралы біршама материал жарық көрген болатын. Бұл тізімге Қа-сымды да қосуға әбден болады. Себебі Қа сымның туғаны мен балалық шағы туралы азды-көпті деректерден өзге, соғыс жылдарын дағы тағдыры мен Алматыдағы әдеби қыз метінен басқа айтарымыз аз. Қарқара лыдан ұшталып, Кент, Қызыларай арқылы Семейге өтетін күре жол арқылы Қасым 11-12 жасында Семейге кетеді. Одан ілкі де Балқаш қаласында оқыпты. Бірақ ақын ның Балқаштағы тірлігі туралы бір ауыз дерек жоқ...

Қасым әкелерінің қысқы қыстауынан қо зы көш жерде жазғы жайлауының жұрты жа тыр. Мұнда көпшілік «Жақыбала құ ды-ғы» атап кеткен, қазір «Қасым құдығы» ата ла тын қара құдық тұр қауға сабы

Есей ЖЕҢІСҰЛЫ, ақын, журналист, «Ұлан» газетінің бас редакторы:

– Бұрын мектеп жасындағы баланың кез келгені Абайды, Жұбанды, Мұқағалиды, Төлегенді, Қасымды жатқа айтып беретін болса, қазіргі оқушылардың жартысынан астамы осы ақындардың кім екенін білмейді. Себебі кітап оқымайды. Тіпті атын естімеген болуы да мүмкін. Бұрын балалар «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» өлеңін өзіндік мақамымен мектепішілік, мектепаралық сындарда жиі шырқайтын. Қазір ол да жоқ. Өкінішке қарай, соңғы жылдары Қасым Аманжолов «Атамұра» кітапханасы, «Алтын қалам» сериясымен 2-2-ден 4000 дана кітап болып қана оқырманымен қауышты. Бұл – түкке тұрмайтын таралым. Жалпы, дауылпаз ақын бұл күндері әдебиеттің жанкештілеріне және қазақ журналистеріне ғана қажет болып тұр. Көктемде «Қазақстан» ұлттық арнасының қызметкерлері Қанағат Әбілқайыр мен Болатбек Баянхан Қасым ақынның өлеңдері негізінде «Дариға, сол қыз» атты қысқаметражды фильм түсірді. Бұл – Аманжоловты тану жолындағы теңізге қосылған тамшы ғана. Ғылым үнсіз. Мүмкін, Қасым туралы жақсы монографиялар жазылып, қорғалып жатқан шығар, бірақ әлеумет хабарсыз. Қасымның жазу тәртібі қандай еді? Оның ғұмыры неге қысқа болды? Тірлігінде мұқтаждықты көп көру себебі неде? Міне, осындай жайлардың басы әлі күнге ашылған жоқ. Жалпы, Қасым ХХІ ғасырға танылған жоқ. Қасымның насихатшысы халық болуға тиіс еді, бірақ қазір Қасымнан гөрі қарын жайы көбірек сөз етіледі.

Дөңгеленген дүниенің тұрақсыз екені, жер-әлемнің адамға уақытша тұрақ екені кімге де болса мәлім. Дегенмен сол уақытша тұрақтың өзін көшіп-қонып жүріп, тұрлаусыз мекендеуге мәжбүр болған жандардың бірі Қасым Аманжолов еді. Сондықтан бүгінгі ұрпақ, қасымтанушы ғалымдар мен оның шығармашылығын ерекше құрметтейтін қауым ақынды еске алу шарасы ретінде оның жүріп өткен жолымен экспедиция ұйымдастыруына әбден болады.

Серік САҒЫНТАЙ

доғарылып. Суы мөлдір, тұщы. Құдық маңында жергі лікті жа-нашыр жұрт отырғызған көшеттер бой түзеп келеді.

Қасымның құдығы да, атажұр-ты да Қарқаралының Қасым атын-дағы ауылдық округінде, Сары-оба лы бөлімшесінің аумағында көр шілес Ақтоғай ауданымен ше-каралас жерде жатыр. Бұл өңірде Алаш көсемдері Әлихан Бөкейхан, Жақып мырза Ақбаев, Әлімхан Ермековтер дүниеге келген. Алаш идеясының алтын бесігі болған топырақта туған ақын қазақ рухын жырлаған ұлттық ақын екенін Ғафу Қайырбеков ағамыз сонау 80 жылдық тойында тілге тиек еткен болатын. Ұлттық идея дү-ниеге келген өңірде жырдың рухын арқалап Қасым дүниеге келді. «Тас түскен жеріне ауыр» де-ген осы болса керек...

О, тағдыр, мені сауықтыр! О, тағдыр, мені сауықтыр! Айтатын жыр, ойым бар. Айтатын жыр, ойым бар. Көңілім соған ауып тұр, Көңілім соған ауып тұр, Алда бір қызық тойым бар. Алда бір қызық тойым бар.

Көңілдің күйін төгейік, Көңілдің күйін төгейік, Арманда кеттік демейік, Арманда кеттік демейік, Бәрін де беріп ел-жұртқа, Бәрін де беріп ел-жұртқа, Қарыздар болмай өлейік!Қарыздар болмай өлейік!

Қарқаралыда туып, одан Абыралы арқылы жаяу-жалпылап Семейге өтіп, Семейден Алматыға тұяқ іліктіріп, одан Орал асып, Оралдан Ұлы Отан соғысына аттанып, Қиыр Шығыс,

белорус жерінде болады. Шығыстан майданға аттанып бара жатқан жолда Отанға деген сағыныштан туған «Сарыарқа», «Ертіс», «Атамекен» тәрізді өлеңдері Қасымның жер қадірін түсінген ақын екенін көрсетеді. Ендеше, қасымтанушы қауымға Қасым жүріп өткен жолды аралап, экспедиция ұйымдастырып, соның нәтижесінде шағын болса да деректі фильм түсіруді ұсынар едік.

P.S.

Page 4: Алаш айнасы - Қ.Аманжолов - 100

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№152 (604) 27.08.2011 жыл

сенбіwww.alashainasy.kz

e-mail: [email protected]

? Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А ЋБ I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ

Қасым бірнеше аспапта еркін ойнағанҚасым бірнеше музыкалық аспапта ойнаған деп естіп қалып едім. Нақты-

рақ жазсаңыздар екен, ол қандай музыкалық аспаптарды жақсы меңгерген?

Бота ӘЛТАЕВА, Қарағанды

МӘСЕЛЕ

Қасымның тұрмыстық жағдайына сәл шегінсек. «Үйіміз Алматының шығыс жақ шетінде, таудың нақ етегінде, бір кезде Жазушылар союзының дачасы, кейінірек Қазақ драма театрының жатақханасы бол-ған үйлердің бірінде болатын. Орта лықтан алыс, қараңғы, тар, лас көшені Городская деп атайтын. Сол көшеде, 69-үйде, бір корпуста, бір бөлмелі (басқа түгі жоқ) үйде менің семьям тұрады. (Бұл жерде енді қанша тұрармыз, кім біледі?)

Бұл тұңғиық түпкірге мен ағам Ахмет-жанмен бірге 1938 жылы келіп орналасқам. Бір бөлмеде — ол кісінің үй іші, екінші бөл-меде – менікі», – деп, ақын күнделігінде тұрып жатқан үйінің жалпы көрінісін осы-лайша суреттейді. Осы кеп, осы күй қазіргі жас ақындарымызға да «жақсы» таныс.

Ал Қасым Аманжоловтың жары Са-қып жамал анамыз қуықтай бөлменің ішін былайша «дестелейді»: «Бөлмеде бар бол-ғаны – бiр темiр пеш және екеумiздiң төсегiмiз ғана. Тiптi ас iшетiн, жазу жазатын

Қасым тағдырын ақындарымызға тартқызуымыз – мемлекеттігімізге сын

та» берді. Өз елі өзекке тепсе де, «енесі теп-кен құлынның еті ауырмайды» дегендей:

— Үйім жоқ деп ешкімнен ұялмаспын,Өгей ұлдай қойныңа сыймасам да, Кете алмаспын, астанам, қия алмаспын. Аспан мен жер — бәрі де үйім менің, Сенің көркің, астанам, сүйінгенім. Кең көшеңде еркіндеп жүрсем басып, He қиындық болса да, иілмедім, – деп

өз-өзін жұбатады. Осылайша Қасым Аманжолов бүгінде

баспанаға зар болып тентіреп жүрген ақын дарымызға «баспанасыз ақынның» идеалды тұлғасына, жаншылған рухтарды жани түсетін рухани ұстазға айналады.

Жалпы, баспана мәселесі ХХ ғасырдың ортасынан жырға қосыла бастады. Қасым Аманжолов бастаған бұл тақырып талай ақынның өлеңіне өзек болды. Көп ақынның маңдайы пәтер мәселесіне тигенде, Қа-сым ға арқа сүйеп, ақынның рухымен сыр-ласады, базынасымен бөліседі. Қасымның баспанасыздығы оның басын еш уақытта

Қасымның соғыстан кейінгі жазған күнделіктерінде бұл туралы бірқатар мәліметтер бар. Оның қызы Дариға ту-ғаннан бастап домбыра тартып жұба-татыны жайлы жазғанына қарап, дом-быраны өзі де бала кезінен тартқанын аңғаруға болады. Сонымен бірге Қасым мандолин, гармонь, скрипкада ойнап-ты. Бұл туралы Сырбай Мәуленов өзінің «Най зағайлы қара бұлт» атты естелік кітабын да жазады. Қасымның Оралға алғаш келгенін суреттей жазған ақын: «...Жаз желегін жамылған жасыл бақша.

Айнадай жарқырап тұрған ақ шыны аспан. Бейтаныс жаңа қала, төңіректі қоршаған қыз-жігіттер. Қасым бір түрлі арқаланып кетеді. Сырнайшының қолынан гармонь-ды сұрап алады да, Семей татарларынан үйренген бірсыпыра әндердің тиегін ағыта жөнеледі...» – дейді. Сондай-ақ сыншы, әде биеттанушы Есмағамбет Ысмайылов та ақындар ортасында Қасым скрипкасын алып, түрлі әуендер тартып отыратынын тілге тиек етеді.

Қасымға түрлі аспаптарда ойнау әкесі Рахымжан серіден ауысса керек...

ЕСК

ІРМ

ЕЙТІ

Н Е

СТЕЛ

ІК

Жібі түзу бір көшеге әкемнің аты берілмей келе жатқанына қарным ашады

– Дариға апа, Қасым ақын өз орта-сында қайсар мінезімен ерекшеленген деп жатады. Отбасында қандай еді?

– Мен әкем туралы еміс-еміс қана білемін. Әкем жеті жасымда өмірден озды. Есімде қалған кейбір сәттері мен анам ай-тып кеткен естеліктер жайлы айта оты-райын. Әкемнің отбасына деген махабба-ты ерекше еді. Мені қатты жақсы көретін. Жастайымнан көп ауырдым. Омыртқа дер-тіне шалдығып, талай жыл аурухананың төсегінде жатқанымда, «көзімнің қара-шығы» деп қасымнан шық пайтын. Шешем-нің айтуы бойынша, нә ресте кезімнен ауы-рып, шырылдап ұй ық тамайды екенмін. Сонда өр мінезді ақын бола тұра, баланы шешеме сілтей салмай, өзі де түні бойы көз ілмей, мені көтеріп жүреді екен. Әкем жас кезінде өздігінен бір неше музыкалық ас-папта ойнауды үйренген. Мен жылағанда аккордеон, дом быра, скрипкада ойнап жұбататын көрі неді. Сонда мен скрипканың әуеніне ғана ұйықтайды екенмін. Анам ай-тып отыратын, әкең «Менің қызым музы-кант болады» деп мақтанып жүретін деп. Әкем мен өмірге кел генде күнделік жаза

Бұл өлең жинақтарға «Дари ғамды сағындым» деген жолынсыз шығып, солай тарап кетті.

– Жанна апай, сізден сұрағымыз келіп отырғаны, Қасым ақын сізді өгей қызым де мей, бауырына басты. Ол кісі өмірден өт кенде, сіз Дариға апайға қарағанда ересек болдыңыз. Әкеңіз несімен есіңізде қал ды?Жанна СЕЙТАХМЕТОВА, ақынның қызы:

– Анам мен әкем қосылғанда, мен өте кішкентай болғанмын. Өзімнің туған әкем әскери адам болған екен. Ол кісі соғыста қайтыс болыпты. Қасым әкем соғыстан аман-есен оралғаннан кейін анаммен отасыпты. Отбасымыз өте тату болды. Ол мені туған қызы Дариғадан еш кем көрмеді. Ол кісі менің туған әкемнің көзін көрген, тірі-сінде жақсы сыйластықта болған. Сон-

дықтан да шығар, менің фамилиям ды өз әкемнің атында қалдыруды құп көрді. «Екі қызым адам болса» деп оты-ратын. Дариғаны музыкант, мені бале-рина болады дейтін. Әлі есімде, әкемнің өзі жетектеп балет мектебіне апарған еді. Алайда Дариға да, мен де мүлде басқа салаға кеттік. Сенбі, жек-сенбі күндері бізді қыдырту әкемнің әдеті болатын. Көк майсаға, саябақтарда қолымыздан жетелеп жүруші еді. – Дариға апай, кезінде әкеңіз

пайдаланған дүниенің барлығын мұ-ра жайларға табыстаған шығарсыз.

– Иә, үйде жатса бүлініп қалар деп ағасы Ахметжанға аттай қалап жасатқан домбы-расын, татар аккордеонын Орталық мұра-жайға табыстадым. Күнделігі, қолжаз балары тағы басқа дүниелерінің бір бөлі гін Қарқа-ралы тарихи-өлкетану мұра жа йына берген-мін. Өзімде біраз қолжаз басы сақталған.

– Ақынның өлеңдері мен жырла-рын жинақтадыңыз ғой. Жалпы, қанша өлеңі бар?

– Нақты қанша өлеңі бар екенін айта ал-маймын. Кезінде үш томдық өлеңдер жи-нағы шықты. Бірақ кейіннен саясат, қо ғам өзгергеннен кейін Ленин, Сталин, пар тияға қатысты дүниелері енбей қалды да, қалың бір томдық болып қайта жарияланды.

– Әкеңіздің сазгерлік қасиетін де білеміз. Жалпы, қанша өлеңге ән жазған?

– Ол кісі төрт өлеңіне әуен шығарған. Олар «Өзім туралы», «Дариға, сол қыз», «Туған жер» және «Жас дәурен». Алғашқы екеуі кең таралды да, соңғы екі әні ұмы-тылып қалды.

— Ақын туралы көркем фильм тү-сіру туралы ұсыныстар болды ма?

бастапты. Күн делігінің дені маған арналған. Өмірге келген уақытымды, туғандағы бойымның ұзын дығы мен салмағымды жазудан бастапты. Тіпті қызуым көтеріліп ауырып қал ған сәттерімді де қағазға түсіріп отырыпты. Мен өмірге келгенде әкемнің жасы 40-қа таяп қалған екен. Сондықтан да болар, ма ған, отбасына ерекше ден қоятын. Әкем нің Қырымда жүріп жазған бір өлеңі бар.

Құралай көзі мөлдіреп,Кекіл шашы желбіреп,«Папалап» кеп әрдайымСүйдірген маңдайынДариғамды сағындым.Қызым менің құлыным,

Әрі қызым, әрі гүлім,Құсым менің құлшынған,Гүлім менің құлпырғанДариғамды сағындым.

төмендетпеді. Қайта кейінгі ақындардың баспана проблемасының беташары бол-ды. Сол үшін де Қасымның ақындығы ас-қақ тады. Тек бір өкініштісі – оның маң-дайына жазылған сол тағдырдың әлі күнге дейін кейінгі жастардың да басты пробле-масы болып келе жатқандығы. Қаншама қаламгерімізді өзгенің босағасында тен-тіретіп қоюымыз – осының айғағы.

Қасымның «ізін басқан» аға буын ақындарымызды тізе беруге болады. Біз тек бірен-саранын келтірейік.

КӨЗҚАРАС

Мыңбай РӘШ, ақын, сатирик, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері:

1952 жылы болатын. ҚазПИ-дің әде-биет факультетін Ғафу Қайырбеков, Серік Қирабаев, Баламір Сахариев, Айқын Нұрқатов, Шәмшия Сәтбаева – бар лы-ғымыз бірге оқып бітірдік. «Лениншіл жас» газетінің әдебиет бөлімін басқара тынмын. Газетке орналастырған редактор дың орын-басары, ақын Жұбан Молда ғалиев бола-тын. Қасым Аманжолов 1952 жылы қа-зақтың бірқатар ақындарының өлең дерін жинақтап, «Жастық жыры» деген кітап шығарған. Сол жылдары Қасым Аманжо-лов, Қалижан Бекхожин сынды ақындарға жала жабылып, сыншылар «сары уа-йымшыл», «феодалшыл» деп сын жазып, есін шығарған. Ақын Ғафу мені ертіп, Қасымның үйіне бардық. Қасым үйін жаңадан алған кезі. Ол кезде ақын-жазу-шылардың қолы баспанаға оңайшылықпен жетпейтін. Алматының үй беретін испол-комы Жүсіпбековке «Бермесең бермей-ақ қой баспанаңды, Сонда да тастамаймын астанамды» деген өлеңін жазған тұсы. Ақынның Ілияс Омаровқа «І.О-ға» деген хаты бар. Ілияс содан қояр да қоймаған соң, Орталық Комитеттің үгіт жөніндегі хат-шысы осы үйді алып берген. Ол – қазіргі Қарасай батыр мен Достықтың қиылы-сындағы екі қабатты үйдің екінші қабатын-дағы шағын пәтер. Ғафу екеуіміз кел-генімізде, Сақыпжамал жеңгеміз есікті ашып, Қасым ағамыз күтіп алды. Ол кезде Қасым өлеңдерін кітап қып шығартпай, ақындардың өлеңін шығаруға құрастыру-шылықтың өзін зорға сұрап алған екен. Құрастырушылыққа да қаламақы төлейді. Жинаққа Нұтфолла Шәкенов, Аманжол Шамкенов сынды ақындардың өлеңдері енген. Мен үш өлең оқып бергенмін, екеуі кітапқа енген екен. Соның бірі – «Қызара барып күн батты» деген өлең. Өлеңді тың-даған Қасым:

– Әй, бала, сенен тәуір ақын шығады екен. Өлеңді осы секілді етіп жаз! Поэзия-мен сурет салғансың, – деп көңілімді өсіріп жіберді.

Ол – Американың Кореяға соғыс ашқан кезі. Соны өлеңге арқау еткенмін. Осылай-ша «Жастық жыры» жинағы шыққан-ды.

Сол отырыста Ғафу Қасым ағадан «Да-риға, сол қыз» әнінің жайын сұрады. Ес-кілеу, көнетоз Абай домбырасымен сол әнді айтып берді. Домбыраны тәп-тәуір жақсы шертеді. Дауысы тенор мен бари-тонның арасында. Сосын «Ақ сәулемді» айтайын» деп шырқап берді. Шайымызды ішіп, өлеңіміз шығатын болып, қуанып кет-тік.

1954 жылы Понамаренко, Брежневтер билікке келіп, қателіктердің барлығын түзей бастады. «Жамбыл жөніндегі өсекті қойыңдар, оның алдында бастарыңды иіңдер!» деп, М.Әуезов, Е.Бекмаханов, Қ.Мұха медханов, Қ.Жұмалиевтердің бар-лығын ақтап шықты. Қ.Сәтбаев Ғылым академиясына қайтадан президент болып, орнына келді. Қазақта үлкен қателік бар. Бір ақынды мақтасақ қол-аяғын жерге тигізбей, одан басқа ақын жоқтай көреміз. Даттасақ жер-жебіріне жетеміз. Қасым да қайтадан дүрілдеп шықты. Сол кезде Қасымның Абдолла деген досы — Абдолла Жұмағалиевке арнаған атақты поэмасы шыққан. Керемет. Тегінде Қасым – мықты ақын. Талай кеште кездесіп, Ғафу екеуіміз-ді соңынан ертіп, шәкірт қылып жүрді. Адамгершілігі жоғары, ешкімнің ала жібін аттамаған, биязы адам еді. Біздің қазақ тамаша талант шықса, көре алмай, шұқылап, мұқатуға тырысады. Қасым да сол «феодалшыл» деген жаланың құрбаны болып кетті. Мен білген Қасым – осы!

Жазып алған Жадыра ЖҰМАКҮЛБАЙ

Баспана және Қасым... Несін жасырамыз, бүгінде баспана десең – Қасым еске түсіп, Қасым десең – баспана ойға оралатын болды ғой. Тіпті «Бермесең бермей-ақ қой баспанаңды, Сонда да тас-та маймын астанамды» деген екі ауыз сөзі ақын тағдырымен егіз жандардың аузынан түспейтін мәтеліне қалай айналып кеткенін де сезбей қалыппыз. Әрине, ақын сөзінің мәтелге айналғаны жақ-сы ғой, бірақ тура сол тағдырдың кейінгі жастардың басына да тап солай түсуі – қасірет. Ал шығармашыл жандардың басына түс-кен қасірет – әдебиеттің аяғына салынған тұсау, мойнына түс кен қылбұрау. Бүгінгі таңда Қасым салып кеткен «қасқа жолмен» (бас-панасыздығын айтамын) қаңғып келе жатқан ақын дары мыз дың қарасы көбейіп барады. Не ақын көп, я ақынға берер пәтер жоқ. Қысқасы, Қасымның баспанасыздығы жайында аңыз ғып айтып келген әңгімеміз ақиқатқа айналып бара жатқандай ма, қалай өзі?

Салтан СӘКЕН

үстел қоюға орын жоқ. Кiшкентай қара чемоданның үстiне қағаз жайып, ас iшетiн-бiз. Сол чемодан Қасымның жазу үстелi де болды. Сол кездегi барлық шығармасын Қасым сол қара чемоданды тiзесiне қойып отырып жазды...». Міне, ақынның Ал-матыға келіп орын тепкен мекені осындай еді. «Баспана» өлеңі осы шатырдың астын-да, қара чемоданның үстінде туады.

Үйі жоқтың күйі жоқ. Осы үйден қар-шадай қызы Дариға ауру табады, өздерінен береке қашады. Өмірдің бейнеті Городская көшесінің қалаға ұқсамайтын қуысынан басталады. Қаншама жыл пәтерге қолы жетпей, қиналып кетеді. Мемлекет жөні түзу жерден там салуға ұлтарақтай жер де қимайды. Ал ақжүрек ақын: «Қасымның атағын естіп алыстан адамдар келсе, олар-ды мына «үйіне» шақыра алмай қысылады. Олар қайдан білсін, – Қасымның тұрмысы министрдің тұрмысынан кем емес деп ой-лайтын шығар», – деп, келер қонағына үйінің бұрышынан орын табылмайтынына қысылып, тарығады.

Мұның бәрі ақынды қанша сарсаңға са-лып, дал қылса да, Қасым өмірге деген құш-тарлығын бір сәтке де жойған жоқ, «өлеңінің отын жағып, әйелі мен жас баласын жылы-

Бұл баспана проблемасы Жұма тай Жақыпбаевтан бастап, Ғалым Жайлы-бай жалғаған орта және кейінгі буын ақындарын да айналып өтпеді. Бұл мәселені көтерудегі себебіміз, қай қазақты алсаң да, екі ауыз өлең құрай біл-ген деп қарамай, халық мойын даған ақындарымыздың бағасын беру қажет деп санаймыз. Билік мойындаған емес, халық мойын даған ақындарымызға мемлекет жағдай жасауы керек. Себебі, жасыратыны жоқ, қай заманда бол-сын, қай билік болсын сарай ақын дарына ие болғысы келген. Ал бұл – әдебиетке қиянат. Сон дықтан да мемлекетіміз ақын дары мызға билікке ода айтқыз бай-ақ, баспанамен қамтамасыз етуге міндетті деп есептейміз. Әйтпесе Қасым тағдырын кейінгі ақындарымызға да тартқызып қою – мем-лекеттігімізге сын.

Р.S.

Дариға Қасымқызы АМАНЖОЛОВА:

— Көркем фильм түсіру туралы әзірге еш-кімнен ұсыныс түскен жоқ. Алайда бұған дейін деректі фильм жарыққа шық қан бо-латын. Ол фильмде әкемнің Қара ған дыда жүріп өткен жолы мен қызмет еткен жер-лері туралы деректер ұсы нылды.

– Қасым ақынның 100 жылдық ме-рейтойына дайындық жұмыстары жүр гізіліп жатыр. Туған жерінде үлкен той да ұйымдастыру жоспарланып отыр екен. Жалпы, осы жұмыстар ба-рысында көңілдеріңіз толмайтын әт-теген-айлар бар ма?Дариға АМАНЖОЛОВА, ақынның қызы:

– Барлық іс-шаралар көңілімізден шығып жатыр. Әкемнің мерейтойы жа-қын даған сайын қазақтілді бұқаралық ақпарат құралдары кезек-кезек Қасым Аманжоловтың шығармашылығы мен өмірі жайлы қайта жазып, оқырман-дарды керекті ақпараттармен сусында-тып жатыр. Рақмет. Десе де, жібі түзу бір көшеге әкемнің аты берілмей келе жатқанына қарным ашады. Виктор Храпуновтың кезінде жақсы бір көше әкемнің есімімен аталады деп айтылған еді, айтылған сөз сол күйінде қалды.

Жанна СЕЙТАХМЕТОВА, ақынның қызы:– Әкемнің атында көше жоқ емес,

бар. Бірақ көше деп айтуға келсе ғой, шіркін! Қып-қысқа шағын ғана көшеге Қасым ақынның атын беру ұят! Оның үстіне, көше зираттың маңайында. Алматының бұрынғы әкімі Виктор Хра-пунов көше беру үшін көп ақша сұрады. Обалы не керек, меценат Амангелді Ермегияев демеуші болуға ниет біл-діріп-ақ еді. Алайда Храпунов сұраған сома демеушінің өзінде жоқ болып шықты. Бір әттеген-ай дейтініміз осы көшеге қатысты. Қалғанының бәріне көңіліміз толады. Қазақ барда Қасымын ұмытпайды ғой.

Әңгімелескен Жарқын ТҮСІПБЕКҰЛЫ

Жұматай ЖАҚЫПБАЕВ, ақын: — Жас бала демей қарбытып, Баспана бермей қаңғытып, Тойласын соңғы жеңiсiн, Солардың жерi кеңiсiн. Өлтiрмей Құдай жөнiмен, Ойнап жүр ендi менiмен.

Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ, ақын:— Көшемін ертең, босатам Коляның үйін,Бұл көшу маған, әрине, болады қиын.«Турчатник» жақта тұрақтап

үйренген едім –Тоңады миым,Санамда соғады құйын...

Әлібек ШЕГЕБАЙ, ақын:– Ілдебайлап өмір сүріп келем мен,Пәтер жалдап мына зәулім қаладан. Бір жақсылық болатынын білеміз, Адам емес, Алладан...

«Өлең деген тумайды жайшылықта, Өлең деген тулайды қайшылықта», – деп Мұқағали Мақатаев айтқандай, мұндай проблемаға жастарымыз да ұрынып, өлең жазып жүрген жас ақындарымыздың да саны аз емес.

Ерқанат КЕҢЕСБЕК, ақын:— Кезінде көтерген әкем деҚоғамның зілмауыр салмағын.Көшумен пәтерден пәтерге,Бабамның арманын жалғадым.

Жанат ЖАҢҚАШҰЛЫ, ақын:— ...Әумесер әнге сал әпендiм,Ақынды алқайтын әкең кiм?Қасым боп келемiз көш түзеп,Соңында сор болған пәтердiң...Тағдырға қасқайып тұрамыз,Алашта айтылар бiр аңыз.Қасымға бермеген пәтердi,Алмайтын шығармыз мына бiз...

Қазақтың қайсар мі-незді ақыны Қасым Аманжоловтың ме-рейтойы қарсаңында шайырдың соңында қалған тұяғы, қызы Дариға Қасымқызымен аз-кем тілдесу үшін іздеп барған едік. Ақынның құнды дүниелерін жиыстырып, са-налы ғұмырын әке мұрасын жас ұрпаққа жеткізуге арнаған Дариға апа Қасым Аманжоловтың көпшілік біле бермейтін өнері мен өмірі жайлы сыр шертті.

Ақын ескерткіші асқақтайдыБиыл Қасым ақынның 100 жылдығы Қарағандыда тойланбақ екен.

Қасым тойында ақын ескерткіші ашыла ма?

Аманғали ҚАЛЖАН, Алматы қаласыҚыркүйектің 9-ы күні Қарағандыда

басталатын ақын мерейтойының ең басты шараларының бірі қала ор-талығындағы саяжай тұсына ақын ескерткішінің қойылуы болмақ. Осы-дан екі-үш ай бұрын жарияланған мү сіншілер байқауы нәтижесінде жеңіске жеткен туындының биіктігі 10 метрге жетеғабыл. Ақынның адым-дай басып, өлең оқып келе жатқаны бейнеленген. Ескерткіштің ашылу сал-танатында мерекелік Қасым оқулары ұйымдастырылады. Мұнда жергілікті

жас ақындар мен мерейтой қонақтары Қасымға арнаған өз шығармаларын және ақын өлеңдерін оқиды.

Ал Қарағандыға солтүстік-батыс бағыттан кіретін күре жол тұйықталар Кривогуз көшесінің орталық саябаққа түйісер тұсында орналасатын ескерт-кіштің ту сыртынан ақындар аллея сы ашылады. Аллея орталық сая бақ тың біраз бөлігіне созылып, қала тұр-ғындары мен қонақтар үшін көрікті демалыс мекеніне айналады деп күтілуде.

Көреалмаушылар Қасымды құрбан етті

Жанымды күйдірсем де жалынға caп, Жанымды күйдірсем де жалынға caп, Қасқыр боп таласа да мені азап, Қасқыр боп таласа да мені азап, Туған жер топырағында тіп-тік өскен Туған жер топырағында тіп-тік өскен Қара емен – қасарысқан мен бір қазақ.Қара емен – қасарысқан мен бір қазақ.

Жас дәурен, қызығыңа тоя алмаспын, Жас дәурен, қызығыңа тоя алмаспын, Ән мен күй, өлең, сені қоя алмаспын. Ән мен күй, өлең, сені қоя алмаспын. Тірлікте тербелейін, тебіренейін, Тірлікте тербелейін, тебіренейін, Бір күні кетсем ұйықтап, оянбаспын.Бір күні кетсем ұйықтап, оянбаспын.

ЖАСЫН

Дариға АМАНЖОЛОВА Жанна СЕЙТАХМЕТОВА

Нұр

ғиса

ЕЛ

ЕУБЕ

КОВ

(фот

о)

Page 5: Алаш айнасы - Қ.Аманжолов - 100

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№152 (604) 27.08.2011 жыл сенбіwww.alashainasy.kz

e-mail: [email protected] 5

? Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А ЋБ I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ

Жырлары әнге айналғанҚасымның адуынды ақын екенін білеміз. Біршама өлеңдері әнге

айналған. Сұрағым келгені, Қасым әндерінің жинағы шығарылды ма?

Аманбай ЕСЕЙ, Талдықорған

Қасымның баспанасыздығы туралы әңгіме көп. Ақын, шынымен, баспанасыз болған ба?

Жанат ЖАҚСЫЛЫҚ, Павлодар

Қасымның баспанасыздығы туралы, жалпы, қазақ қаламгерлерінің үйсіз-күйсіз тірлігі туралы ел аузында қауесет әңгіме көп. Қасым бұл туралы өзінің жырларында да, күнделіктерінде де айтып кетеді.

«Үйіміз Алматының шығыс жақ шетінде, таудың нақ етегінде, бір кезде Жазушылар союзының дача-сы, кейінірек Қазақ драма театрының жатақханасы болған үйлердің бірінде болатын. Орталықтан алыс, қараңғы, тар, лас көшені «Городская» деп атайтын. Сол көше, 69-үйде бір корпуста, бір бөлме (басқа түгі жоқ) үйде менің семьям тұрады. (Бұл жерде енді қанша тұрармыз, кім біледі)... Мен квартира алам деп титықтағаныма он жылдан асты. Бермейді, не

қыласың. Қалалық совет пен квартбюродағылар сенің ақындығыңды қайтсін, арақ дүкенінің сатушы-сы болсам, онда, мүмкін, есептесер еді. 1946 жылы ең болмаса күрке салып алайын деп қолайлы жер сұрадым. Төрт ай жүріп жауап алдым. Бір оң баған «инженер» – саудагер жерді маған зират жақтан (!) ұсынды. Кімге айтарсың? Сондай сұмдар дың соңына түсіп жүруге уақытым бар ма?» деп назаланады Қасым өз күнделігінде.

Ал 1949 жылы Алматы қаласының Виноградов көшесінен, №29 үйдің екінші қабатынан пәтер беріледі. Өкінішке қарай, ақын үйі кейіннен қи-ратылды...

Қасым Аманжоловтың тірлігінде бесаспап музыкант болғанын заман-дастарының естеліктерінен оқып біле аламыз. Сондай-ақ Қасым өз өлең-деріне ән жазып, оны өзі орындап жүргені де елге белгілі. Ақын ән де-рінің бірқатарын елге жеткізген – ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз. Қасымның өзі жазған, танымал саз-герлер жазған «Дариға, сол қыз», «Ақсәулем», «Жас дәурен», «Туған жер» атты әндері – халық арасында

кең танымал шығармалар. Жақында Қарағанды облысы әкімдігі мен облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен ақын әндерінің аудио-дискісі шығарылды. Мұнда қара-ғандылық әншілер мен музыка ұж-ымдары орындауында шырқалған 20-дан астам ән топтастырылған. Со-нымен бірге Қасым әндерінің мәтіні мен ноталары, түсініктемелері жа-зылған арнайы ән кітабы да жарық көрді.

ШАБЫТ

«Жыр бәйгеге аттанған адам болса, Сөредегі Қасымын есіне алсын!..»

Қазақтың ақындығы – тәңірі жарылқап аспаннан сұрағанға түсе салған кенже құбылыстың бірі емес. Ықылым заманнан бергі ешкімге ұқсамай жалғасып келген ғажайып жыр маржандары, ілгерідегі сақ дәуірінен сақтала жеткен жауһар мұралар, Тоныкөк тұсындағы түркінің түрлі тебіре-ністері, хандық тұсындағы толғаулар, ала-сапыранның айтнамалары, шапқын шы-лықтың шайырларынан жеткен мәңгілік өлмес дастандар – мұның бәрі – бір-бірі-мен үндескен, сабақтасқан ұлы құбы-лыстар. Бұндай ұлттың ұлы өзегін жалғап тұрған киелі қалыптан бертіндегі Бұқар, Махам бет, Дулат, Абай, Мағжандарға дейін сапы рыстыра дәм татып, саф өнердің сапасына сән берді. Соған қарағанда, әулие тұтатын ақын Абайдың өзі де аспан-нан түскен жоқ. Оның ақындық, даныш-пандық деңгейіне жеткізген – пенделік күйдегі іркіліссіз ізде нісі. Сондай өз бойындағы ғажайып күй арқылы Абай — хал қымыздың үлкен рухани мұрасын кейінгілердің сусындауы үшін сабақ тас-тырып кеткен заманның заңғар тұлғасы. Ал осы тектес ұлы сабақтастықтың жолы-мен қазақ поэзиясын шырқау шыңға

көтер ген өресі сұмдық ақынның бірегейі – Аманжол Рақымжанның Қасымы.

ХХ ғасырдың соғыстан кейінгі жылда-рында қазақ поэзиясына үлкен бетбұрыс әкелген ақынның өнегесінде де рухани сабақтастық рухы тұрғаны айқын. Зерт-теушілер де Қасым өлеңдерінен ең әуелі Абайдың жолын, Мағжанның ізін көретіні сондықтан болар. Бір сөзбен айтқанда, ықылым замандағы жыраулардан жал-ғасқан рухани шүйгін Қасым поэзиясы үшін қайнардың нағыз көзі болды. Сон-дықтан да қазақ поэзиясына батылдық пен суреткерліктің лебін әкелген Қасым өзіне дейінгі ұлттық поэзия үлгілерінің озығын болмысына сіңіріп қана қойған жоқ, со-нымен қатар ақындықтың шеберлік мек-тебін дамытты. Оның тамаша туындылары, өлмес дастаны өзінен кейінгі Ж.Нәжіме-денов, Т.Айбергенов, М.Мақатаев, С.Ақ-сұң қарұлы секілді ақиық ақындардың өнеге алар рухани мектебіне айналды. Әйтсе де осындай рухани мектеп өнегесі бүгінгі күні сұйылып бара жатқандай. Сон-дықтан да ілгеріге озбай-ақ бүгінгі зерт-теушілер Абай мен Қасым арасындағы байланысты Мағжан мен Қасымды, Қа-сым мен Мұқағалиды, Қасым мен Төле-генді, Жұмекенді байланыстыра, соның тамырына терең бойлауы сұранады. Сон-дай сабақтас байланыстан нәр ала білген

кейінгі ақындардың да шығар шыңы зор болары – даусыз шындық. Зерттеулер де осы негіздегі жүйені сұранады.

Қасымның өлеңіндегі ерекшелігіне соғайық. Басқасын айтпай-ақ, ақынның әсі ресе өзіміз ұдайы қарғыс айтатын кеңес за манын жырлаған һәм соғыс жылда-рындағы тудырған шығармашылығының орны бөлек. «Өңімде ме еді, түсімде ме еді, Көрдім ғой мен бір армандай қызды. Бір нәзік сәуле күлімдеп еді, сұрапыл соғыс соқты да бұзды. Тулады толқын, шайқалды шың-құз. Қып-қызыл өрттің ішінде жүрміз. Қайда екен, қайда, дариға, сол қыз!» Осы бір «Дариға, сол қыздың» өзі тұтастай бір дастанға бергісіз туынды екені рас. Ақын мұрасын зерттеушілердің өзі әр тармағы он буыннан тұратын мұндай өлеңнің Қасымға дейінгі де, одан кейінгі де қазақ поэзиясында онша қолданыла қоймағанын алға тартады. Ең бастысы, өмір шындығы жырланатын өлеңде кейіпкердің тебіренісі

шынайы бейнеленуімен ерекшеленеді, түр жағынан да айрықша сонылықты аңғар-тады. Сол замандағы дүниеге келген «Ақын өлімі туралы аңыздың» өзі замандас та-рының алдында шоқтығы биік туынды са-налып, қазақтың ғұлама жазушыларының бәрін дерлік мойындатты. Абдолла туралы осы поэмасы да — қазақ үшін тың жаңалық. «Жау жолына атам сені, бомба бол да жа-рыл, жүрек» дегендегі суреткерлікке кім жетер еді? Сыналай келсек, Қасым ақын-ның поэзиясында, оның әрбір туынды сын-дағы бейнелеу, ажарлау, құбылту тәсілдері арқылы жасалған бейнелілік-көркемдік байлықтар сонылығымен, тосындығымен тәнті етеді.

Ендеше, осындай өрелікпен Қасымша толғанудың соны суреткерлігі бүгінгі ақ-ындарға жетіңкіремейтін тәрізді. Сон-дықтан да қазақ әдебиетіндегі Қасым поэ-зиясының дәстүрін зерттеу өзекті проб-лемаға айналып отырғанын аңғаруға

ҚА

ЛА

М М

ЕН З

АМ

АН Ақындық рухтың үндестігі

«Қазақ пен поэзия – егіз ұғым» дейміз ғой. Сөйткенімен, бүгінгі поэзияқұмар көпшілік жұрт қазақы ақындықтан қасымдықты таба алмай аңсап жүрген тәрізді. Әлбетте, сонау ғасырлардан сабақтаса сусындалған өнердің өресі ұсақталып кетті деп айта алмаймыз. Солай деп айта алмасақ та, сөз сойылын ұстанған бүгінгілер арасынан ақын Қасым шыққан шыңға, оның көркем суреткерлігін табындыратын Тәңіріне талпынушылар көп емес секілді. Әйткенмен, өзі айтпақшы, «дүниеге келер әлі талай Қасым». Ал сол Қасым мен бұ Қасымның арасындағы үндестіктің қоздауы нешік?! Сондықтан да кешегі әм бүгінгі ақындар арасындағы сабақтастық жолы жете зерттеулерді қажет ететін секілді.

Екі басқа ұлт ақынын, мейлі олар бөлек дәуірлердің өкілі болса да, көркемдік ерек-шеліктер, эстетикалық таным, әсемдік айшықтар деген тарауларда өзара үндес келуін мысалға алсақ жеткілікті. Сергей Есениннің ең бірінші өлеңдерінің өзі ата-мекен, туған жер тақырыбына ойысады. Оның «Кузнец», «Береза» өлеңдерімен қоса, 1917 жылы жазылған «О, Родина!» өлеңінде өз туған еліне деген ішкі сағы-нышын былай жеткізеді:

О, Родина, о, новыйС златою крышей кров,Труби, мычи коровой,Реви телком громов......И всю тебя, как знаю,Хочу измять и взять,И горько проклинаюЗа то, что ты мне мать.

Ал Қасым «Атамекен» деген өлеңінде: Сүйем сені туған ел – атамекен,Абзал анам сенсің ғой құшағың кең.Жер мен көктің жаннаты бір өзіңсің,Сенен артық не табам, қайда кетем?Іздеймін деп «Жерұйық» желдей желгенАсанқайғы емеспін, Қасыммын мен!Қорқыт та емен елсізде, көр басындаҚобызымен сырласып күңіренген.

лып келуімен қатар, толық пісе қоймаған, әлі де мол ізденіске баруына тура келген-дігі көрінеді. Қайткенде де біздің сын табиғи қалыпта айтылып отыр. Себебі «Мәскеу бір күнде тұрғызылған жоқ». «Дәстүрлі қалып — поэзияның таусылмас азығы. Өткеннен өнеге алу — дарынның ең бірінші қия жолы» десек, Сергей Есениннің Пушкинге арнаған өлеңі мен Қасым Аманжоловтың Абайға арнаған өлеңдеріне зер салайық. Сергей:

Мечтая о могучем дареТого, кто русской стал судьбой,Стою я на Тверском бульваре,Стою и говорю с собой...– десе, Қасым

«Абайға айтарым» өлеңінде: ...Бөлек бір туған кім едің!.. Атаның ұлы емессің.(Кешіре жатар Кеңгірбай), Халықтың ұлы боп өстің... – деп тіл қа-

тады. Зер салып қараған адамға екі ақын-ның да арнауларында дәстүрлі поэ зияға деген үлкен құрмет пен ізеттілік байқалады. Олай болмауы да мүмкін емес. Абай мен Пушкин салған дәуір басындағы канонды леп кейінгі ақындардың оны сарқа жұмсап, сол арқылы даңғыл жол салуына бастау болады. Сондықтан да Есенин мен Аман-жоловтың шығармашы лығына осы тұр-ғыда бір деңгейде салыстыра қарау адасу емес, қайта екі көршілес ұлт поэзиясына дендеп бақылау жасау болып табылмақ. Махамбет, Абай поэзиясының көркемдік табиғатына терең бойлау, дүниежүзілік поэзияның үздік, асыл үлгілерінен үлкен алымдылық, шалымдылықпен үйрену Қасымның буырқанған күшті талантын айқындаса, Пушкин, Достоевский, Ибсен шығармашылығын жазбай таныған Есе-нин поэзиядағы ескі жолмен бірге жаңа

Ерке жанмын, өмірде өстім еркін,«Еркелеме, ей, жігіт, еспе» дер кім?!Өз елімде өзендей гүрілдеймін,Тасып, шалқып өтемін – осы сертім, –

деп жырлайды. «И горько проклинаю, За то, что ты мне

мать» Есенин нұсқасы қаншалықты тәкаппар, кең жазылса, «Өз елімде өзендей гүрілдеймін» немесе «Асанқайғы емеспін, Қасыммын мен!» деген сөздерде ақынның ерекше зор рухын сезуге болады. Ақын қуаты деп те осы құбылысты айтады. Со-нымен, от жалынды поэзия екі ақында да көрінді. ХІХ ғасыр орыс әдебиетінің алтын

ғасыры болса, ХХ ғасыр қазақ әдебиетінің алтын ғасыры іспеттес. Әсіремақтауға балағанымыз емес, егер Есенин орыс поэзиясының бағдарын жаңа бағытқа бұрса, Қасым туындылары да қазақ поэзиясының жаңалығы бола білді. Алғашқы жинаққа енген өлеңдерден болашақтағы кемелденген Қасым ақын поэзиясының отты, лепті, сыршыл мінезі танылатын жекелеген жол, шумақтар табылғанымен, тұтастай алғанда, жинақ ақынның әлі де үйрену, еліктеуден бас-талған еді. Есениннің алғашқы өлеңдері формалық жағынан жаңашыл, ұранды бо-

Әдебиетте тағдырлар-дың қайталануы, болмаса өзара ұқсастықтары анда-ғайлап көрінетін құбы лыс-тар бар. Мәселен, Абай мен Пушкин, Шәкәрім мен Толс-той, Алтынсарин мен Кры-лов... Жіпке тізілген алма қағындай әрқайсысы да өзгеше бір тәттілікті, жара-сымдылықты көрсе теді. Қазақтың дара тұл ғасы, жа-уынгер ақын Қасым Аман-жоловты орыстың от ақыны Сергей Есенинмен шығар-машылық жағынан үндес деуге де болатындай.

Қасым тағдыры – ақындарға ортақ тағдыр

ДЕРЕК

Екі ғасырға жуық уақыт ір-гесінен құт аумаған, өлкесінен рух таймаған Қарқаралы қаласының әр ғимарат, әр үйінде тұнған тарих бар. Мәди жатқан түрме, Потанин түскен үй, Ахмет Байтұрсын, Әлихан Бөкейхан оқыған, жүрген жерлер, Құнанбай салдырған мешіт, Абай түскен үй... Бұл тізімді едәуір ұзатып, тізе беруге болады. Осы тізімге «Қасым Аманжолов тұрған үй» де еніп келеді кейінгі жылдары. Әлбетте, Қасым ақын ұлы құбылыстар құжатталатын кез келген атагөй тізім, атақты алқаға лайық қой. Тек болған жай мен тарихи нақтылықтан ажырамасақ болғаны. Бұлай де-уімізге Қарқаралыдағы «Қасым тұрған үй» деп белгі қойыл-ған боз ордада Қасекең, шын-дығында, тұрған ба, тұрма ған ба деген күмән-күдік арқалаған сауал себепші болып отыр.

Қасым тұрған үй – бұл емес-ау...

Көне қаладағы Д.Қосыбаев атындағы көшедегі №68 үйдің қабырғасына «Қаз-ССР-і 1929-30 жылдары ақын Қасым Аманжолов тұрған үй» деп ақ мәрмәрге қашап жазылған. Еңселі үй кімнің де бол-сын көзін тартардай. 1911 жылы туған Қасым 18-19 жастағы бозбала кезінде осындай үйде тұрған-ау деп сырт қо-нақтарға да ұялмай көрсетуге болады. Бірақ Қасым бұл үйде тұрмаған тәрізді! Бұған дәлел боларлық бірнеше жайтты көлденең тартуға болады. Осы №68 үйдің дәл жанында көлемі едәуір кіші, қораштау шатырлы қоңыр құжыра салынған. Бұл үйде қарқаралылық белгілі көпес Чан-чиков тұрған екен. «Ақын бозбала кезін-де осы үйге тоқтап, тыныстаған» деседі қариялар. Ал Қасым тұрды дейтін №68 үйде көпестің балалары тұрған. Жер-гілікті өлкетанушылардың, көнекөз қарт-тар дың, Ю.Поповтың жазбаларына сү-йен сек, 1929-30 жылдары Қасымның Қар қа ралыда болғаны туралы бірде-бір дерек жоқ. Өлкетанушы, Қарқаралы тари-хының білгірі Ю.Попов та «Қасым егер Қарқаралыға келсе, өз ауылына соқпай кетуі мүмкін емес. Қасым 11-12 жасында Семейге кеткен соң, Қарқаралы өңіріне келмеген тәрізді» деп жорамал түйеді. Ақынның туған жер туралы жырларына тұнған ұлы сағыныш сарынынан да соны аңғаруға болады. Бірақ болжам мен жо-рамал факті емес қой. Факт – қабырғаға қашалған мәрмәр тас болып тұр. Соны-мен, Қасым тұрған көзге қораштау шағын үйдің қабырғасында белгі жоқ, белгі көрші үйде тұр. Әлбетте, «мұнда тұрған не бар? Тірлігінде баспана зарын тартқан ақынға еңселі үйдің қабырғасына ілін-ген мәрмәр тасты қызғанамыз ба?» деген сауал тууы да мүмкін. Қызғанбаймыз! Тек тарихи фактіге адалдық керек. Белгі қойылған тұста «Қасымдай ақын шағын үйде тұрды деген атымызға сын болар, үлкен үйге қояйық. Осыны кім біледі?» деген орашолақ ойдан туған осы шағын ғана қателік әңгімеге бастау болып отыр. Әйтпесе ақын жүрген жерде табаны тиген әр тасы қымбат болары анық ұрпағы үшін. Одан өзге дау да, дабыра да жоқ... Соны-мен бірге «Қасым тірлігінде туған жеріне келмепті, баспанасыз болыпты, жағдайы болмапты» деген әңгімелер де арада өткен ғасырлық межеден соң тыйылуы тиіс шығар. Себебі ақын тұлғасы, ақын ары туралы, жыры туралы айтылар сөз де, оқырман да өзгеріп болды емес пе? Енді тек ақынның азаматтық тұғыры мен ел үшін атқарған өлшеусіз еңбегін ғана тілге тиек еткен абзал болар...

Серік САҒЫНТАЙ,Қарағанды

Қанат ҚАЗЫ

Қойдым енді, сірә, мен үй алмаспын, Қойдым енді, сірә, мен үй алмаспын, Үйім жоқ деп ешкімнен ұялмаспын. Үйім жоқ деп ешкімнен ұялмаспын. Өгей ұлдай қойныңа сыймасам да, Өгей ұлдай қойныңа сыймасам да, Кете алмаспын, астанам, қия алмаспын. Кете алмаспын, астанам, қия алмаспын.

Аспан мен жер – бәрі де үйім менің, Аспан мен жер – бәрі де үйім менің, Сенің көркің, астанам, сүйінгенім. Сенің көркің, астанам, сүйінгенім. Кең көшеңде еркіндеп жүрсем басып, Кең көшеңде еркіндеп жүрсем басып, He қиындық болса да, иілмедім.He қиындық болса да, иілмедім.

болады. Басы ашық тағы бір мәселе, ол – Қасым ақынның қазақ поэзиясында берік орныққан шеберлік мектебінің қырларын ашу. Тәуелсіздік идеясы, ұлттық поэзиядағы Қасым поэзиясы дәстүрінің қаншалықты дәрежеде жаңашылдыққа ұласуы. Мұндай дүниелердің жете зерделеніп, жұртшы-лыққа кеңінен таныстырылуы ақынды тағы бір қырынан тануға септігін тигізері анық. Тар заманда өмір сүріп, халық тағдырын мүмкіндігінше жырлаған Қасым – қазақ поэзиясының алтын тамырынан нәр алып шыққан ұлы өнердің қайнар бұлағы. Сондықтан да әлі күнге толық ашылмаған Қасым – қазақ оқырмандары үшін әлі де жұмбақ. Осыны қайта қарау, жыр-дастан-дарын жаңа заманның көзқарасымен ұш-тастыру лазым. Бір сөзбен айтқанда, ақын-ды өз биігінен талдап, өз биігінен қарауға тиістіміз.

Мұқағалидың өзі Қасымның әлі талай-ды табындыратынын айтып, ондай тұл-ғамен мәңгі санасу керектігін сипаттап, былай дейді:

«Бір күй бар домбырамда...»(Иесі Қасым)Қасым солай болмаса несі Қасым?!Жыр бәйгеге аттанған адам болса,Сөредегі Қасымын есіне алсын!..»

Несіпбек АЙТҰЛЫ, ақын:– Қазіргі біздің ақындарда образды

сөйлеу, бейнелеп айту жоқ. Бар болса да, оған соншалықты мән берілмей, осы жол жоғалу үстінде. Сондықтан да кейінгі кездері ақын өлеңі қарапайым бір мақаланы жазып шыққандай ғана әсер береді. Ал Қасымның да, Мұқа-ғали дың да ірілігі сонда – олар образ-бен айтуды терең меңгерді. Реті кел-меген тұстарын тұспалдап жеткізуді әбден игерді. Мәселен, Пушкиннен аудармасында Қасым «ол да мені тырнағымнан таныды, мен де оны құла ғынан таныдым» дейді. Ал біздің ақындарымыз мұндайды «мен айбарлы жолбарыспын, сен салпаңқұлақ есек-сің» деп төтесінен баяндаушы еді. Осын дағы Қасымның жазған екі жолы-ның өзі бүкіл бір балладаға бергісіз. Яғни біздің бүгінгі ақындарда бейнелеп айтып, аз сөзбен көп мағына беру, астарлап сөйлеу, шешендік таныта түсу мәнері сұйылып барады. Дәстүрлі сөз жүйесінен тайқып та жүргендейміз. Тіп-ті таза, тұнық келетін ұлттық тілдегі бояу ды да сұйылтып жатқандаймыз. Бұл назаландырады.

леппен көріне білді. Қайталаймыз, ұлттық құндылықтар алдымен орыс поэзиясын да-ғы мысалдармен, «частушкаларды» Есе-нин нің мүлдем жаңа қалпында көрсету дәуірі болса, біздің әдебиетте де Қасым поэзиясы жыр-дастандар, шешендік сөз-дердің «ма йын ішкен», одан кейін, әлбетте, оларды жаңаша қалыпта реформалаған поэзия болды. Ақын лирикасындағы жаңа өжет пафос оның соғыстан кейінгі шығар-ма шылығын да сол тұстағы көп шығарма-лардан көш бойы оқшаулап, оздырып шыққаны белгілі. Біздің мақсат тұтып отырған «Есенин мен Аманжолов» тарауы осымен бітті деуге тіпті де келмейді. Қасым соғыс өлеңдерін жазуда да адамгершіліктің, гуманизмнің соғысына дендеп кіреді. Ал Есенинде бұл тақырып ол соғысты көрмесе де, оның негізгі тақырыбы болып қала бе-реді. Қасымға ойысар болсақ, ресми атал-мағанымен, оның ең негізгі ұстазы Мағжан Жұмабаев болғаны белгілі, нақтырақ айтсақ, оның өлеңдері. Ақын өз шығар ма-шылығы арқылы 37-нің от дауылынан кейін жермен-жексен болған киелі Алаш топырағында алауыздардың айтқа нына көніп, айдағанына жүретін мәңгүрт өлең-ші лер ғана емес, от ауызды, орақ тілді ақынның барлығын айта келген шайыр еді. Неге екенін білмедік, бірақ жалғыз адам-ның атымен аталатын дәуір тек осы Қасым-дар дәуірі еді. Мәселен, Абайлар немесе Мағжандар дәуірі деп айтылмас, ал Қа-сымдар дәуірі мәңгі мызғып жанған кез. Себебі Қасым кейін өз сөзін батыл айта білетін К.Мырзабеков, Ж.Нәжімеде нов, М.Мақатаев, Т.Айбергенов т.б. ақындардың шығуына мүмкіндік жасаған еді.

Ардақ ҚҰЛТАЙ

РУХ

Page 6: Алаш айнасы - Қ.Аманжолов - 100

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№152 (604) 27.08.2011 жыл

сенбіwww.alashainasy.kz

e-mail: [email protected] АЛАШ АЗАМАТЫ

? Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А ЋБ I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ

Ақын ғаламторға «көшіп алды»

АЛАШҚА АЙТАР ДАТЫМ...Қадыр ақынның «Талантты тірісінде бағалаңдар» деген бір сөзі бар. Керемет

айтылған. Әрине, басқаларға тән қазақтың да жақсылығы мен жамандығы бар. Алайда бізді бір тілек, бір жүрек қылатын бірлігіміз жетіспей жатады. Ұлттық тұрғыда ойлайтын санамыз жетілмей жатыр. Біз көзі тірісінде таланттарымызды түсіне алмаймыз. Түсінеміз-ау, бірақ түсінгіміз келмейді. Абай 44 жасында неге жылады? «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» деп. Бар-жоғы 44-тегі Абайдың жүрегі неге қарияның жүрегіндей қан жылап тұр? Мағжан мен Қасымды да өз кезінде түсінбей қор қылып алдық қой. Сұлтанмахмұтты да, тірісінде Мұқағалиды да ұшпаққа шығармадық. Сондықтан да енді бізге асылдарымызды дер кезінде ардақтап, таланттарымызды уақытында түсінетіндей тәуелсіз сана керек.

«Қасым» журналы жарық көреді

Ақын тойының қарсаңында Қараған-дыда «Қасым» атты республикалық әдеби-қоғамдық журнал жарық көрмек-ші. Екі айда бір рет жарық көретін жур-налдың құрылтайшылары – Қара ғанды облысы әкімдігі мен қазақ әде биетін қолдау мақсатында құрылған «Ақсораң» қоғам дық қоры. Қыркүйектің 9-ы күні мерейтойға қатысты Е.Бөкетов атындағы университетте журналдың тұсаукесері өткізілмекші. Ал журналдың алғашқы

санында Қасым туралы заман дастары мен қаламдастарының естелік тері, ақынның жырлары, аудар малары топтастырылады. Сондай-ақ бірқатар танымал қаламгерлердің өз шығар-малары, жас ақындардың өлең дері, әдебиет танушылардың, өнертану шы-лардың зерттеу мақалалары жарық көреді. Мерейтой өткізілген бетте жур-налға келер 2012 жылға жазылу ұйым-дас тырылмақ.

Мұқағали Мақатаевтың мұрасын зерттеп, халыққа ұсынып отыратын «Мұқағали» деген журнал бар екенін білеміз. Осы ретте білгім келгені, биыл «Қасым» әдеби журналы шығарылды ма?

Қамбар ЖҰМАҒАЛИҰЛЫ, Астана

– Өмірхан Әбдиманұлы, алғашқы сауалымызды сан ұрпақты өзінің дауыл- ды жырымен, алдаспан өлең дерімен тәрбиелеп келген Қасым по эзиясының құдіреттілігі жайынан бас тасақ. Ақын өз дәуірін айшықты сөзбен өрнектеді, көркемдік-эстетикалық деңгейі жоғары, төл әдебиетіміздің тари хында қалатын мәңгілік туын дылар жазды. Шығарма-шы лық адамы үшін ең үлкен бақыт бұл көзі тірісінде өзіне лайықты бағасын алып, қалың оқырманның құрметін сезіну болса керек. Қасым ақын көзі тірісінде шы ғармашылығына лайықты бағасын ала алды ма?

– Қазақ әдебиеті тарихында Қасым өзіне лайықты бағасын ала алған жоқ. Көзі тірісінде де, қайтыс болғаннан соң да. Менің ойымша, қазақ әдебиеті әр жарты ғасыр сайын керемет ақындарды дүниеге әкеліп отырды. Асанқайғыдан бастасақ, біраз ақындар шығады. Әрқайсысы бір-бір белес. Мы салға алатын болсақ, XVIII ғасырдағы жы рау ларымыздың барлығы мықты. Тегеурінді. Сөздері жалынды. Алайда солардың ішінде Бұқар жыраудың орны ерекше. ХІХ ға сырдың басын алатын болсақ, Дулат та, Шортанбай да, басқа да мықты ақындар бар. Бірақ Махамбеттің жөні бөлек. ХІХ ғасырдың екінші жартысын алыңыз, ол кезде де өз деңгейіндегі ақындар болды. Дегенмен Абайдың өресі, шоқтығы биік. Енді ХХ ғасырға келейік. Ғасыр басында ғаламат, сұрапыл ақындар болды. Ал шындап келсек, Мағжанның ақындығы басым. Сұлтанмахмұт та арынды ақын, алайда өмірден ерте кетіп қалды. Сәбит Мұқановтың «Абай – ақылдың ақыны, Мағжан – ақынның ақыны» деп айт қаны бар ғой. Бұған ешкім таласа алмайды. ХХ ғасырдың екінші жартысына ауыссақ, әрине, бірден Қасым Аман жоловты айта мыз. Әбділда да, Сырбай да қандай қуатты ақындар. Соғыстан кейінгі буын. Бірақ Қасым жырының салмағы басымдау. Себебі Қасым өз дәуірінің бүкіл болмысын жү-регінен өткізіп, соны өлең қылып сығып шығарды. Ол қоғамдық өмірдің шындығын жазды және оны өнердегі шындыққа айнал-дырды. Ал Қасымдардан кейінгі толқынның ішінде өзгеше өлеңдерінің болмысымен дара ланып шыққан ақын – Мұқағали. Төлеген, Жұмекен, Қадыр, Тұ манбай ақын-дар дың әрқайсысының өз ерекшеліктері бар. Қадыр – ойдың, Төлеген – тебіреністің, Жұмекен – терең фило софияның, мәннің, ал Тұманбай – сезімнің ақыны. Алайда сол ерекшеліктердің барлығын Мұқағали өз бойына жинай білген.

Енді Қасым неге өз дәуірінде лайықты бағасын ала алмады дегенге келейік. Негізін-де, әдебиетшілер қауымы Қасымның ке-ремет ақын екенін білді.

– Тек әдеби қауым ғана бағалады ма сонда?

– Әдеби қауыммен қатар, жұртшылық та оның бағасын, ақындық қуатын білді, сезді, тамсанды. Өйткені Қасым жарқ етіп шықты. Қазақ поэзиясы аспанында Қасым өлеңдері жасындай жарқылдады. Төгіліп тұрды. Әл-Фараби айтады ғой: «Ақынның үш түрі бар. Біріншісі – ақын болуға талпы нып, еліктеп жүретін ақын. Екіншісі – бойын да бар кішкен тай ғана дарынды өлең жазудың бүкіл амал-әдістерімен көркем деп, керемет туынды жасап шығарады. Екеуі де мықты ақынға айнала ды, алайда олар тума таланттар емес. Ал нағыз ақын – бұл тұнба табиғаттың өзінен жаралған ақын» деп. Мен Қасымды осы үшінші топқа жатқызамын. Қасымды Құдай ақын қылып жаратқан. Ол жазайын деп жазбайды өлеңді, арғы жағындағы тылсым дүние жазғызады. Не жазса да, төгіліп түседі. Қиналмай жазады. Дәл осындай ерекшелік Мұқағалида да бар. Екеуі де өлеңді ойнап отырып жазған сияқты. Қиналып, ойланып, толғанып, жазғанын өңдеп отырмаған секілді. Алайда өлең олардың терең тебіренісінен туады. Бұл – Алланың оларға берген ерекше сыйы. Өлеңді күшеніп жазбайды, жүректен шығарады. Міне, Қасым осындай құдіретке ие.

Қасымды өз қатарластары, достары қатты құрметтеді, сыйлады. Алайда Қа-сымның тікмінезділігі, кей сәтте идеологияға

қиғаштау кеп, қарсы сөйлеп қалатын кездері жиі болған. Ақын болған соң үндемей қала алмайды. Осындай сәтті оның бақталастары жақсы пайдаланды. Бәрі де Қасымның талантын қызғанудан басталған. «Әр кәл-ләда бір қиял» демекші, менмендік басым болған соң бәрі өзін Қасыммен теңестірді, қатар қойды. Сондықтан олар Қасым ның кемш ілігін тізбелеп отырды. Дегенмен ақын-ды қарапайым оқырман жақсы баға лады. Тамсанып оқыды. Осы кезде-ақ Қасымның құдіретті ақын екендігі айтылып қалып жатты. Бірақ сұрапыл идеологиялық машина – кеңестік биліктің жанында қарапайым халықтың, оқыр манның пікірі ескерілмеді.

Мұқағалидың бақыты – ол өмірден өткен соң барлық шындық ашылды. Ол ақын ретінде, азамат ретінде, жалпы, тұлға ретінде өзіне тән толық бағасын алды. Ал Қасымға тиістіні айта алмадық. Қасым тірісінде де, пәниден озған соң да оның дарынын, көркемсөздегі құдіретті талант екендігін толық жарқыратып көрсете алмадық. Біріншіден, Қасым өмірден ерте өтті. 1955 жыл – халықтың соғыстан кейін жаңадан еңсе көтеріп, есін енді жия бастаған кез. Сол кездің өзінде Қасымды зерттеуге бет бұрғандар болды. Бірақ та 1958-59 жылдары Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жан-сүгіров сынды ұлы таланттарымыз ақталды. Елдің де, ғалым біткеннің назары бірден сол жаққа ауды. Жалпы, қазақ еліктегіш халықпыз ғой. Жаппай соған бет бұрдық. Тума талант, ғаламат ақынымыз өстіп тасада қалып қойды. 1970 жылдары, біздің студент кезімізде Қасым қайта дүрк етіп көтерілді. «Өзім туралы», «Дариға, сол қыз», «Ақын өлімі туралы аңыз» сынды өлең-поэмалары елдің аузында жүрді. Концерт болсын, жастар жиыны болсын Қасымның өлеңдері міндетті түрде оқылып жатты. Сөйтіп, қайтадан халықтың Қасым шығармашы-лығына деген қызығушылығы артты. Оны көтерген – ақындардың өздері. Мұқағалидың «Қасым олай болмаса, несі Қасым, Қасымның басқалардан мысы басым» деген өлеңінен бастап, жас бөрілер, жас таланттар халықтың ықыласын Қасымға бұрды. Сол кезеңде жаңадан шыққан отты ақындардың басында басқа емес, осы Қасым тұрды. Сөз Қасымнан басталып, Мұхтар Шахановтан аяқталды. Қазақ әдебиеті тарихында сол 1970 жылдары сұмдық өрлеу болды, оқырман ның поэзияға деген құштарлығы артты. Қасым енді ғылыми тұрғыда зерттеледі деп жүргенде Алаш арыстары ашылды. 1980 жылдардың аяғында, Тәуелсіздіктің басын да елдің бәрі алаш-танушы, ахметтанушы, әлихантанушы болып көрінгісі келді де, Қасым тағы да ұмыт қалып қойды. Сәкенді де, Сәбитті де ысыра бастадық.

– Сонда тарихтың ақтаңдақ бетін аршып аламыз деп екінші бір ардақ-тымызды, арысымызды жоғалтып отырдық па?

– Иә, өкінішке қарай, солай болды. Қоламтада жатқан шоқты үрлеуіміз керек еді. Оның қызуы, жылуы керемет, алайда үрлесең ол лаулап жанатын еді ғой. Өкі нішке қарай, біздің ғалымдарымыз мерей тойға жұмыс істеп кетті. Өздерінің атақтарын тезірек шығарғысы келді.

Қасым өзінің беретінін толық бере алмады. Өзі айтпақшы, «Кенімді кеудемдегі жаба тұрдым, Азырақ әуре болып жөтел-менен» дегендей, жазатынын жазып біт педі. Оған мүмкіндік болмады.

– Сіз Қасым шығармашылығына біраз зерттеу жасадыңыз. Белгілі бір тұлғаны тереңірек таныған сайын оның белгісіз сырлары ашыла түседі емес пе, Қасым Аманжоловты сіз қай қырынан таныдыңыз?

– Мен Қасымды қазақ әдебиетіндегі лирикалық поэзияның Мағжаннан кейінгі атасы деп білемін. Қасым поэзиясының бір кереметі – сыр мен сезімнің тоғысуы. Әри не, бұл кезде Мағжан жабық тақырып бола тын. Халық оны әлі оқымаған, тұ шынбаған еді. Осы Мағжандағы ғаламат дәстүрді поэзияға Қасым әкелді. Бұл – біріншіден.

Екіншіден, оның азаматтық позициясы. Ол қазақ поэзиясына азаматтық рухты алып келді. Өткір ой, өткір пікір, азаматтық ұстаным Қасымның өлеңдерінде айқын

танылып тұрады. Тайсалмайтын, жүректі, жалынды сөздер. Қасым поэзиясының сұлу жырдан құйылған тас мүсіндей болатын-дығы осы. Өлеңдерінде сезім бар, сыр тұнып тұр, ойы ашық. Мен Қасымды осы екі қырынан таныдым десем де болады.

– Аға, халық жүрегіндегі тұлғаның жарқын ісін, мәңгілік туындысын ға-сырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғау – бұл іргелі ғылымның қалыпта-суымен ғана мүмкін болады емес пе. Осы ретте «Қасымтанудың пробле-малары қандай?» деген сауал туындап отыр...

– Есмағамбет Смайыловтың «Өлең және өмір» деген Қасым туралы үлкен ма қаласы бар. Қасымның өмірі, шығар машы лығы туралы ең алғаш рет ашық жазған – осы кісі. Кейіннен Әбділда Тәжі баев, Мұхамеджан Қаратаев, Серік Қира баевтар зерттеді. Ал қасымтануда сүбелі еңбек жасаған Тұрсынхан Әбдірах манова болды. Қасым Аманжолов поэ тикасынан доктор лық диссертация қор ғады. Осы диссер тацияда бұл кісі Қасымның қазақ әдебиетіне өзгеше леп әкелген ақын екендігін дәлелдеп шықты. Оның тіліне, көркемдік деңгейіне, ақындық әлеміне жақсы талдау жасады. Ал кейіннен Қарағандыда біраз ғалымдар Қасымды зерттеу объектісіне айналдырды. Сосын Бекен Ыбырайым Қасымды жақсы зерттеп жүр. Соңғы кездердегі шоқтығы биік зерт теу деп осы Бекеннің еңбегін айтуға тиіспіз.

Алайда, қарап отырсақ, кейінгі толқын-

нан ақын шығармашылығын ғана емес, оның тұлғалық болмысын түпкілікті, жан-жақты зерттеп жүрген ға лым дарды көріп тұрған жоқпыз. Адами, азаматтық, ақындық болмысы толық ашыл май, оның қоғамдағы орнын анық тамай, зерттеу өз дәрежесінде деп айтуға келмес. Сондықтан да қасымтану проб лемасы десек, онда алдымен айтарым, ақынның тұлғалық болмысын толық ашу дың күрделі мәселе лерін айтқан болар едім. Алла қаласа, осы қыркүйек айының аяғына қарай біздің ҚазҰУ-де Қасымның 100 жылдығына орай халықаралық кон-ференция өткізбекпіз. Сонда қасымтанудың проблемалары жан-жақты көтеріледі деп ойлаймын.

– Кеңестің кесірі көбінесе шығар-машылық адамдарына тиді десек ар тық айтқандық болмас. Қатаң цен зура, тырнақ астынан кір іздеу – әсіресе сөз өнерімен ауырған жандарға ауыр тиді. Бұл қасіреттен Қасым да қашып құтыла алмады. Оның өлеңдерінің текстоло-гиялық өзгеруі, өңделуі туралы не білесіз?

– Ақынның 90 жылдығы қарсаңында болса керек, оның екі томдық жинағы шықты. Сол екі томдықта барлығы қалпына келтірілді деп ойлаймын. Әрине, Қасымның өлеңдері отты, жалынды еді. Тіпті сол кезеңнің үнімен қабыспай жататын жерлері де болды. Кезінде идеологияға да, саясатқа да жақпайтын сөздер мен ойларды шы-ғарушылар күзеп, түзеп, өзгертіп отырғаны шындық. Алайда оның бәрі Тәуелсіздік кезеңінде өз орнына келді деп ойлаймын.

– Өмірхан аға, Қасымның «Шың-ғыстауда» деген өлеңі бар. «Ағасы ақындардың туған жерге, Біз келдік інілік бір міндетпенен» деп Абай ауы-лына барыпты. Қасым Абайды өзіне ұстаз тұтқан секілді...

– Абай ауылына Қасым бірнеше мәрте барған секілді. Өзі арнайы жеке барған, мерейтойына да барды. Өйткені өзі де Семейде бірнеше жыл тұрды, оқып білім алды емес пе. ХХ ғасырдың басында Абайды

Мағжан «хәкім», Сұлтанмахмұт «ақындар-дың пайғамбары», Шәкерім «ұстаз», Ахмет «бас ақын» деп атады. Сол секілді Қасым өзінің бағасын, ақындық биігін білді, Абайды өзіне ұстаз тұтты, шығармашылық дос санады. Сондықтан да ол Абайдың басына тәу етуге барды.

«Абайға айтарым» өлеңінде ақын:Абай десе Абайсың,Абайладың жан-жақты,Риза еттің жарайсың,«Қалың елің – қазақты», – деп жыр лады.

«Абай десе Абайсың» деген сөзінде-ақ ұғатын адамға бірталай сыр жатқандығын аңғартады емес пе?!

– Ақынның «Жамбыл тойында» деген поэмасы жайлы арагідік бір пікірлер айтылып қалып жатады. Осы поэма жоғалған деседі. Оны табу мүмкін бе? Бәлкім, мұрағаттардың бірінде сақталған шығар. Қанша дегенмен ол да ақын мұрасының бір бөлшегі саналады ғой?

– Рас, 1938 жылы Қасым «Жамбыл тойында» деген поэмасынан үзінді оқыды деген пікірлер бар. Бірақ өтірік айтып қайтемін, өз басым оны таппадым, көр-медім. Бәлкім, басқа мұрағаттарда сақталған болуы мүмкін. Бірақ Қасымның 1946 жылы жазған «Жамбыл» деген өлеңі бар. Бұл өлеңінде ақын Жамбылға аман даса барған-дығын жазады. Жамбылдың ақындығын керемет бағалайды. «Есімде, дәл осыдан он жыл бұрын, Бос тастап жүрген кезім ой

шылбырын, Ақындық аспанынан қалдым көріп, Жарқ еткен ақ жамбыдай Жамбыл жырын» деп жырлауы – бұл Жамбыл жырына берілген үлкен баға деп есептеймін. Ал егер де жаңағы аталған «Жамбыл тойында» поэмасы жас зерттеушілердің ізденісімен табылып қалып жатса, нұр үстіне нұр, ал табылмаған күнде де Қасымның ұтылатын ештеңесі жоқ. Өйткені Жамбылды қалай құрметтегені, оның шығармашылығын қалай үлгі тұтқаны бізге белгілі. Жазба әдебиетінің ұлы тұлғасы – Абайды да, халық ауыз әдебиетінің ұлы өкілі, Асанқайғылардан басталған жыраулық өнердің көзі тірі жалғасы – Жамбылды да Қасым жақсы түсінді. Қал-қадарынша бағалады.

– Ақтаңгер ақын Ғафу Қайырбеков «Қасым – ұлттық ақын» деп айтып кеткен еді. Бұл пікір әлі өзінің маңыз-дылығын жойған жоқ па? Сұрағым келгені, Қасым поэзиясының құдірет-тілігі әлі осы тұғырында тұр ма? Оның өлеңіне деген халықтың сүйіспеншілігі жоғалған жоқ қой...

– Ұлттық ақын дегенді біз қалай түсінеміз? Кеңестік кезеңде «түрі ұлттық, мазмұны социалистік» деген ұран жетегінде кеттік. Сондықтан қоғамдық болмысты жырлауымыз керек деп ұрандаттық. Социа-листік қоғам, коммунистік идеяны басты назарда ұстадық. Ал ұлтты жырласаң – ұлтшыл атандырды. Ал Қасым ағысқа қарсы жүзді. Өз ұлтының сөз асылын, ой асылын, қадір-қасиетін, дәстүр-салтын бойына сіңіріп, осындай жауһар қасиеттерді шығармашылығында жарқыратып көрсете білді. Қасымды сондықтан ұлттық ақын деп бағалады.

Жалпы, шығармашылық адамын, ақын-жазушыларды олардың өмір сүрген қоғамын танып-білмей жазғыруға болмайды. Мысалы, Сәкен Сейфуллинді ұлттық ақын деуге бола ма? Әрине, болады. Мейлі ол кеңесті жырласын, социализмді өлеңіне қоссын. Алайда ақын да адам ғой. Есесіне, ол ұлтының қажетіне жарайтын қаншама дүние қалдырды. Өз ұлтының ұғым-таны-

мында ой тербеп, мұң-мұқтажын жүрегімен қабылдай алса, барлық асыл қасиеттерін сезініп, осының бәрін өзінің туындыларында көрсете білсе, неге біз оны ұлттық ақын демейміз?! Нағыз ақын ешқа шан идеоло-гияға құл болмайды.

Қасым өнердің барлық түріне жетік болды. Музыкалық аспаптың бәрінде ойнады. Бұл – Құдайдың барлық өнерді бітік-бітік етіп бір жанға бергендігі. Егер Қасым қаласа, ұлы музыкант болар еді, керемет әртіс те шығатын еді, әлемді аузына қаратқан ғаламат композитор болу да қолынан келер еді. Алайда ол өзінің рухына тірек етіп, тұғыр етіп ақындықты таңдады. Басқа өнерін осы ақындығын шыңдайтын, сезімін ұштап отыратын демеуші күш ретінде пайдаланды.

Қасымның тіл байлығы халықтың дәстүрлі сөз өнерінің тұнбасынан теріліп алынған. Мәселен, оның Нұрпейіс Бай-ғанинге арнаған жыры бар. Ол Нұрпейістің жырын тыңдап таңғалған. Әрине, арнау жазғысы келсе, «Нұрпейіс ақын керемет екен» деп өлең жаза беруіне болатын еді. Бірақ ол: «Алысқа бір көз салып, Асқар биік тау көрдім. Асқар таудан жосылған, Ағыл-тегіл сел көрдім. Аққу ұшып, қаз қонған, айдын шалқар көл көр дім», – деп жырлады. Нұрпейіс – халық ауыз әдебиетінің жарқын өкілі. Сондықтан да Қасым өзінің тебіренісін қалыпқа салмай, бұрынғы жыраулық дәстүрмен жеткізді. Міне, қандай керемет ұлттық сөз маржандары, теңдессіз теңеулер! Қасымның сезімі мен сыры ұлттық сезіммен ұштасып жатты. Оны барлық өлеңдерінен аңғаруға болады. Сондықтан да Қасым халықтың жүрегінен ешқашан жойылмақ емес. Қазақ жер бетінде өмір сүрсе, Қасым әр қазақтың жүрегінде жатталып жатады. Қазақтың Қасымға деген сүйіспеншілігі ешқашан жоғалмайды. Қасым әр жырында қазақтың ойын айтады, қазақтың сезімін жеткізеді, қазақтың намысын сездіреді.

– 1940 жылы жазған «Сұлтанмахмұт туралы балладасында» Қасым ақын екі жас жігіттің қабір басында айтысып келе жатқандығын суреттейді. Бірі ақынның өлмегендігін, оның қазақпен бірге мәңгі жасайтындығын, өжет жырлары кең даланы шарлап кеткендігін айтса, екін-шісі қабірге ақынның өзімен бірге жырларының да көмілгендігін айтып бой бермейді. Балладаның түйіні Сұлтанмахмұттың қабірден тұрып, жалынды жырын оқып жүріп кеткен-дігімен аяқталады. Осы жерде мынандай ой келеді: сол 40-жылдардың өзінде-ақ Қасым «халық жауы» атанған Алаш арыстарын сағынып, олардың күндердің күнінде ақталып шығатынына, қалың қазағымен қайта қауышатындығына сенген секілді...

– Қасым ақын алдағы күнді болжай білді. Қазағы аманда өзінің де, жырлары-ның да ешқашан ұмытылмайтындығын, өлмейтіндігін сезді. Сол сияқты күндердің күнінде Мағжанның да, Сұлтанмахмұттың да, Алаш арыстарының да ақталып шыға-тындығына, халқымен қайта қауышатын-дығына, жазған еңбектері қазақтың керегіне жарайтындығына имандай сенді. Ол Алаш арыстарының шығармашылығымен өте жақын таныс болды. Сұлтанмахмұт туралы айту сол кезеңде тек Қасымның ғана қолынан келген ұлы іс еді.

– Демек, Қасым Алаш арыстарымен жақын араласты деп ой түюімізге негіз бар ма? Қанша дегенмен ол 1924-1930 жылдары Алаш қаласында (Семей) әуелі интернатта, сосын техникумда оқыды. Алаш көсемдерімен оның

жақын араласуы, пікір алмасуы бек мүмкін ғой?

– Бұлай деп айта алмаймын. 1925 жылдан бастап Алаш арыстарын қудалай бастады. Үш-төрт жылда біразының шы ғар-машылығына тыйым салынды. Алайда Қасым олардың шығармашы лығымен жақсы таныс болды. Қасым Семейге барған кезінде бала болатын, Алаш ардақтылары-мен сөйлесетіндей деңгейде болған жоқ. Ал ол есейіп, оң-солын танығанда арыстарымыз-дың біразын қудалап, халықтан жырақтатып әкеткен еді.

– «Аманжол Рақымжанның Қасы-мымын, Мен қалған бір атаның ғасы-рымын» деген ақын өз жайын өзі айтуға тырысты. Осы алты жылға жуық жазылған өлеңді формасына қарап «аяқталмай қалған поэма» дейтіндер де бар. Бұл пікір қаншалықты шындыққа жанасымды?

– Қасым әуелгіде бұл өлеңнің тақырыбын «Сыр» деп қойған. 1948-54 жылдар аралығында жазылды. Басқаға емес, өз-өзіне айтқан сыры ғой. Есмағамбет Смайы-ловтың зерттеуінде осы өлең туралы ай-тылған. «1954 жылдың қыркүйегінде Қасым маған осы өлеңді оқып берді. Егіліп отырып тыңдадым. «Керемет екен, бірақ осы өлім дегенді неге көп айтасыз?» – дедім. Сонда Қасым: «Есмағамбет, мені көріп отырсың. Көңілімді неге алдайсың?» – деді. Бәрін де өзі сезіп отырғандай еді», – дейді. Ақын жан сырын айтып қалғысы келді. Қасым 1951 жылы 12 өлең, 1952 жылы – 7, 1953 жылы – 9, 1954 жылы төрт өлең ғана жазған екен. Өзінің сөніп бара жатқан дығын ақын жан-жүрегімен сезінді.

Бұл өлеңнен ақынның азаматтық тұлғасын, адами қуанышы мен қайғысын, сырлы сезімі мен құпия сырын, былайша айтқанда, Қасымның адамдық бітімі мен ақындық болмысын бар қырынан танимыз. Әсіресе, ақынның өлеңге өзгеше құрметпен қарауы — оның ұлы мақсатын айқын танытады:

Өкінбен мен де бір күн өлемін деп,Өкінем ұқсата алмай келемін деп,Күніне жүз ойланып, мың толғанам,Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп.«Өзім туралы» өлеңі адамның рухани

жан дүниесін терең ашады. Ол — жеке тағдыр мәселесін көркем жинақтау, өз деңгейіне көтерген философиялық лирика. Мұнда бәрі бар – өршілдік, тағдырдан тарық қандық, өлеңінің өлместігіне сенген сенім, өмірдің күнгейі мен көлеңкесін таразылаған шындық. Олар ақынның дүние, тіршілік туралы таным-толғанысын айқын-дайды.

– Соңғы сауалым болсын, аға, біз неге Қасымның ақындық мектебі жайлы жақ ашпаймыз осы?

– Дұрыс. Қасымның мектебі жайлы көп айтылмайды. Ал енді сіз мына қызыққа қараңыз. 1960 жылдардың аяғы, 70-жылдардың басында әдебиетке «жыл құсындай жылылық әкелген» буынның бәрі – Қасым мектебінің өкілдері. Мұқағали, Жұмекен, Мұхтар, Қадыр, Тұманбай, Сағи тағы да басқа қаптаған кіл таланттар – Қасымның жырымен сусындаған, соның мектебін көрген ақындар. Олар Қасымның жырымен шабыттанды. Сондай-ақ өздерімен бірге Қасымды да өз тұғырына көтерді. Бір анық нәрсе, бұл – Қасым мектебінің түлектері қазақ поэзиясын биікке көтерді. Шоқжұлдыз болып жанды.

– Салиқалы сұхбатыңызға рақмет.

Сұхбаттасқан Дархан БЕЙСЕНБЕКҰЛЫ

ДАТ!

Өмірхан ӘБДИМАНҰЛЫ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қазақ әдебиетінің тарихы және әдебиет теориясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымының докторы, профессор:

Қасым – қазақ әдебиетіндегі лирикалық поэзияның Мағжаннан кейінгі атасы

Қайсар ақын Қасым Аманжолов атындағы сайт ашылады дегенді естіп едім.Өлеңсүйер қауым болғандықтан, бұл жаңалыққа елеңдеп қалдық. Қасымға арналған сайт бар ма немесе биылғы 100 жылдық қарсаңында ашыла ма?

Еркін ЕРДЕНОВ, Алматы www.qasym.kz сайтын жасауды Қарағанды

облысының әкімдігі мен кеншілер қаласындағы «Болашақ» университетінің бастамашыл тобы осыдан бірер ай бұрын қолға алған болатын. Жақында жария ғаламторға жүзін көрсетіп, той әзірлігін, ақын шығармашылығын тізіп жаза бастаған сайттың тұсаукесері, бұйыртса, той сәтінде болары анық. Сайттың шығар-машыл тобының алқасында белгілі қалам-герлер Ғалым Жайлыбай, Серік Ақсұңқарұлы бастаған танымал азаматтар бар.

Түрлі ақпараттар мен ақын жырлары тізілген порталда ақын тойына әзірлік жайы, ақынның күнделігінен үзінділер, өлеңдер, кеншілер аймағында өткізіліп жатқан үлкенді-кішілі шаралар туралы кеңінен жазылған. Портал модераторы аталмыш университеттің студенті Дулат Аманжолов бастаған жұмысшы тобының ізденісі баянды болса, ғаламтор кеңістігінен Қасым мұрасын қастерлер ұрпақ үшін жаңа әлем есігі ашылары анық.

Дүние қандай жап-жарық! Дүние қандай жап-жарық! Осындай ма еді бұрын да?! Осындай ма еді бұрын да?! Байқамаппын аңғарып Байқамаппын аңғарып Ойдың тапшылығында. Ойдың тапшылығында.

Дүние қандай жап-жарық! Жырдың алтын бұлағы, Жалт-жұлт етіп жатшы ағып, Жарқылдайын мен-дағы.

сенбіwww.alashainasy.kz

р қр қбұлағы, ұбұлағы,жатшы ағып,,,,жатшы ағыпжатшы ағып,

мен-дағы.мен-дағы.

Page 7: Алаш айнасы - Қ.Аманжолов - 100

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№152 (604) 27.08.2011 жыл сенбіwww.alashainasy.kz

e-mail: [email protected] 7

Қасым мен Сақыпжамалды жолықтырған қызыл үй

ТАҒЫЛЫМ

? Б I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А ЋБ I Л Г I М К Е Л Г Е Н Б I Р С Џ Р А Ћ

БІР БЕЛГІ...

Қасым – майдангер ақын

Қасым соғыстан кейін жазған күн-делігінде: «Мен Отан соғысына 1941 жылдың 4 ағусында кеттім де, 1945 жылдың 20 июнінде демалысқа келдім. Құсатай Сүлейменов деген жақын інімнің ізденуі арқасында әскерден босадым. Жазушылар союзы, оның бастығы Сәбит Мұқанов менің әскерден босауыма, әдебиет жұмысына араласуыма жөнді көмек көрсете алған жоқ. Сәкең, әдетінше, құр сөзбен жарылқады. Жалғыз мені емес...» – деп жазады. Қарап

отырсақ, ақын соғыс басталғаннан аяқталғанға дейін толық қатысқан. Жорық жолдарын жырға қосып, «Абдолла», «Елге хат» және өзге де өлмес туындылары арқылы қазақ қанындағы қайсар рухты жаңаша өрнектеген. Қасым соғыс жылдары ұрыс қимылдарынан тыс кезде жауынгерлерге саяси-патриоттық үгіт істеріне көптеп қатыстырылған екен. Майдан газеттеріне, елдегі басылымдарға отты жырлары тұрақты жарияланып тұрған.

Ұлы Отан соғысына қатысқан ақын-жазушыларымыз аз емес. Қасым Аманжолов та соғысқа қатысқан екен. Қасым Ұлы Отан соғысына қай жылдары қатысты?

Арай БОЛАТБЕКҚЫЗЫ, Балқаш

Ақын мүшәйрасы қашан өтеді?

Осыдан біраз бұрын Қазақстан Жазушылар одағы мен Қарағанды облысы әкiмшiлiгi бiрiгiп, дауылпаз ақын Қасым Аманжоловтың 100 жыл-дық мерейтойына орай жазба ақын-дардың «Сен неткен бақытты едiң, келер ұрпақ...» атты республикалық жыр мүшәйрасын жариялаған бо-латын.

Осы уақытқа ұйымдастыру комис-сиясына елiмiздiң барлық аймағынан жүзден астам ақын үш өлеңнен жолда-

ған. Оның бiреуi – ел Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығына, екiншici Қасым Аман-жоловтың рухына арналса, үшiншi өлең еркiн тақырыпта жазылған.

Мүшәйра қорытындысы 8-11 қыркүйек күндері аралығында Қара-ғандыда атап өтілетін Қасым Аман-жоловтың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында шығарылады. Жүлдегер ақындар Қарағанды қаласында өтетiн мүшәйраның ақтық мәресiне арнайы шақырылады.

«Ақын Қасымның мерейтойы қарсаңында мүшәйра ұйымдастырылады» дегенді естіп едім. Ол қашан өтеді?

Дастан МАРАТҰЛЫ, Талғар қаласы

«Қош болшы енді, Оралым» десе де, Оралы Қасымымен қоштаспайды

ӘУЕН

ШАҒАН, ҚЫЗЫЛ ҮЙ, ҚЫЗЫҚ МАХАББАТ...

– Шағанның бойы көк шалғын,Шалқамнан жатқам шаңқай түс.Гүл болып менің құшағым,Кеудеме қонған бұлбұл құс, – деп

жырлаған Шағаны мынау еді, – деп әңгімесін фотосурет көрсетуден бастады Ақұштап ақын. – Сол Шаған қазір де сондай көк шалғын, қарағайлы, қайыңды. Шынында, Шағанның жағалауына барсаң, жыр жазбау мүмкін емес.

– Сол өзен, сол шалғын, бірақ Қасым жоқ дейсіз ғой?..

– Иә... Ал енді мынау ескі үйге қараңыз, қызыл кірпіштен өрілген бұл үй – бүгінде облыстық радио ғимараты. Кезінде мұнда Қасым алғаш махаббатын жолықтырған. Сақыпжамал есімі бізге ақынның өлеңдері арқылы өте жақсы таныс. «Сақыпжамал, бір өзіңде екі әйелдің аты бар» деп жырлады ғой. «Бөтен біреудің көліне қондың» деп те жырлаған алғаш. Міне, сол Сақыпжамалмен Қасымды жолық-тырған осы үй еді. Бұл жөнінде ақын өмірбаянын парақтасаңыз, табасыз. Сақыпжамалдың жолдасы әскери адам еді, өзі Қасыммен дос болатын. Бұл жүрек дегенді қойсаңшы, асау ғой, асау, әсіресе ақын жүрегі. Досына еріп келіп жүріп, әйеліне ғашық болады ғой. Шын сезім ақылдың әміріне көнсін бе? Әрине, әйел – Сақыпжамал апамыз қазақы әдептен аттамайтын инабатты, ибалы еді. Ол Қасымның ақындығына сүйсінген, қызық адам ретінде араласқан басында. Жыр арнап жүрген ақын жайлы күйеуіне «осы Қасым сен жоқ кезде маған «сені жақсы көремін деп айтады» деп, ақынның ол сөзін қалжың ретінде қабылдаған. Жолдасы да «Сәпен, ақындар өзі сондай болады, мән берме» дейді екен. Сөйтсе, Қасым Сақыпжамалға, шын мәнінде, бір көргеннен ғашық болыпты. Соғыстан кейін ақыры оған үйленді, екеуі бір отбасы болып өмір сүрді. Сөйткен Сақыпжамал апамызды, кейін Әбу Сәрсенбаев ағамыздың үйіндегі Ләзиза апамызды мерекелерімен құттықтай барғанымда, талай рет көріп, бір дастарқанда шай да ішкен кездерім болды. Бұл да – өзінше тарих. Міне, Қасым сүйіктісін алғаш жолықтырған Оралдағы сол көне шаңырақ әлі тұр.

СОҒЫСҚА ДА ҚАСЫМ ОСЫ ОРАЛДАН АТТАНЫП ЕДІҚол созып қызыл вагоннан,Үстіңнен өтіп барамын. Қош болшы енді, Оралым,Гүл бере шалқып, сайранда!Айтпақшы, қайда бораның,Кетейін алып майданға.Міне, сол сұрапыл соғысқа кетіп бара

жатқан кездің өзінде де Оралдың үстінен жүріп өтіп, майданға Оралдың боранын, жастық шақтың қысын, ызғарын жырлап, өтіп кеткен.

Биыл ғасыр тойы тойланғалы отырған қазақтың дауылпаз ақыны, классик ақын Қасым Аманжолов Қарағандыға қарасты Қарқаралыда туғанымен, бүтін жастық шағы, ең бір әдемі өлең жазып, лапылдаған ғажайып ғашық кезеңін Жайық бойында өткерген екен. Алғаш Абай туған Семей жерінде білім алған ақын әрі қарайғы білімін Оралдың педагогикалық институтында жалғап еді. Одан Оралдың облыстық газетінде қызмет істеді. Оған ақынның «Кезгенмін Совет көшесін» деген жырынан бастап, біршама өлеңдері куә. Жайық бойында қалған Аманжолдың Қасымының сол іздерін бізге өзі де «Жайықтың ақ шағаласы» атанған ақын Ақұштап Бақтыгереева алып келгендей болды.

КӨК ТЕРЕКТІ КӨШЕ – АМАНЖОЛОВ АТЫНДАТерезе алды – көк терек,Тұр екен кімдер сүйеніп,Жүр екен кімдер үйленіп? – десе, мынау

– сол көк терегі. Бүгінде оған екі адамның құшағы жетпейді. Күтімі де жақсы. Мынау – сол үй. Әлгі терек сол Сақыпжамал тұрған үйдің терезесінің түбінде болған. Осы көк терекке сүйеніп тұрған күйі ақын Сақыпжамалға талай тамсана қараған. Сол көшеге қазір Қасым Аманжоловтың атын бергіздік. Ақын ағаның аруағының алдында жасаған бір тамшы үлесіміз осы болған шығар. Ол көшеде сондай-ақ бүгін Мағжан Жұмабаевтың суреттері ілулі тұр. Ол көшеде сол Қасымды көрген ескі үйлер де сақталған.

– Ақын, әттең, ерте кетті, көре қойған жоқсыз ғой. Бірақ жырына жастайы ңыздан қанып өскен шығарсыз? Жалпы, Қасым жырлары сіздің ақын болып

қалыптасуыңызға әсер етті деп айта аласыз ба?

– О-о, әрине! «Ақсәуле, аспанда Аймен таласасың,Төгілген иығыңа қара шашың», – деген

Қасымның сөзіне жазылған әндер шырқал-ғанда, «сол Ақсәуле мен екенмін» деп өстік қой. Қасым жырлары әр адамның жүрегіне

жол табатын жеңіл әрі өткір, лапылдаған отты өлеңдер ғой. Қасыммен бірге соғыста бірге болған Абдолла Жұмағалиев те осы Оралдан еді. Екеуі де мықты, екеуі де өрімдей жас, екеуі де – жақсы ақын, екеуі майданға бірге аттанған. Соғыс жүрген жерде қаза жүрері хақ, Абдолла соғыста Қасымның көзінше қаза тапқан, оған Қасым дастан арнаған. «Ақын өлімі туралы аңыз» атты дастаны ақынның қыршын кеткен досына қойған ескерткіші іспетті. Абдолла Жұмағалиевтің де туған жерінде есімі бар, еске алып отырады елі. Осындай өмір кешкен таланттарымыздың Оралда әлі ізі сол күйінде сайрап жатыр. Одан бөлек, қазір де оқу орындарында, кітапханаларда ақынға арналған кештер өткізіліп тұрады.

– Қасым рухымен сырласқан, өлең арнап болмаса жырына жауап жазған кезіңіз болды ма? – Ақын ағаға тікелей өлең арнамасам

да, Қасым жырларын эпиграф етіп алып, еліктеген тұстарымыз болды. Мысалы, менің әкеге жазған өлеңім, мүмкін, осы Қасым жырының әсері шығар деп ойлаймын. Себебі ол:

Аманжол Рахымжанның Қасымымын,Мен өткен бір атаның ғасырымын.Біреудің жұртта қалған жасығымын,Біреудің аспандағы асылымын, – десе

ол, мен де өзімді «қыз да болсам біреудің асылымын» деп әкемнің атын өлтірмей жүруім осы Қасым сынды ақынның әсері болса керек.

«ДАРИҒА, СОЛ ҚЫЗ» – ДАРИҒА ҚАСЫМҚЫЗЫ

Қасымның соғыста жазған «Дариға, сол қыз...» өлеңіне ән де өте үйлесімді шыққан. Оның бүгінгі ұрпаққа жетуіне алғаш негіз салған – ақын Ғафу Қайыр-беков. Осы Ғафекеңнің орындауында біз әлгі әнді жиі тыңдап өстік. Тіпті күні бүгінге дейін қанша әнші шырқаса да, дәл Ғафу Қайырбековтей ешкім жүрегінің түбінен шығара орындай алмай жүр. «Қайда екен, қайда, Дариға-ай, сол қыз» деп үзіліп тұрып шырқағанда, ой бір өзіміз де бірге үзілуге шақ қалушы едік. Ғафе кеңдер Қасымның көзін көрген адамдар ғой. Тіпті сүйген жары Сақыпжамалдан ту ған қызына Қасым Дариға деп ат қояды. Ол елес пе, арман ба, жоқ, ынтығу ма, әйтеуір, Дариға

аты ақын өлеңінде жүрді ғой. Дариға – осы біз шамалас, соғыстан кейінгі ұрпақ. Менен бірер жас кіші де болса керек. Алматыда тұрады. Дариға әкесі жайлы естелік жазып қойды деп естідік, өткен жылы «Ақжайық» атты Орал дағы жазушы-лар кітапханасынан шығарамыз ба деп ойлап жүр едім. Биылғы су тасқыны біраз есеңгіретіп тастады да, «Ақжайық» кітапханасы тоқтап тұр әзірге. Енді, бәлкім, 100 жылдығына бір жерден басы лып шығатын шығар. Ал, жалпы, Қа сым Аманжоловты біз Жайықтың да ақыны деп санаймыз. Болашақта, бәлкім, ақынның өз шығармаларын шығарып та қалармыз.

– Әр ақынның өз қолтаңбасы болары сөзсіз, Қасымды Қасым ететін нендей ерекшелігі дер едіңіз сіз ақын көзімен қарағанда? – Қасымның сол кездегі поэзияға әкел-

ген ұйқасы ерекше, сосын өлеңі отты, лепті. Өткір айтатын, еркін, тентек мінезі-мен де ерекше болған ол. Мысалы,

Бермесең бермей-ақ қой баспанаңды,

Сонда да тастамаймын астанамды. Өлеңнің отыменен жылытамын,Өзімді, әйелімді, жас баламды, – деп,

пәтер бермеген басшыларға өлең жазу ол кезде екінің бірінің қолынан келе бермеген. Бұл өзі қабағы түксиген, «халық жауы» дегенді жаба салатын Сталиннің кезеңдері емес пе? Соның аяқ шені. Соның өзінде қорықпай, тайсалмай жырлаған Қасымды оқырман қалай жақсы көрмесін?!. Ол өзі бір әдебиетке құбылыс болып келіп еді. Міне, сөйткен Қасымның ешбір жерде ескерткіші жоқ әлі күнге. Осы Жайық бойына Қасымға қасқайтып тұрып ескерткіш қойсақ та, жарасар еді. Жалпы, қазіргі кездегідей ақынды туған жерінде ғана шектеп қалу деген – жағымды жағдай емес. Ақын – туған елге ортақ тұлға. Мы-салы, Ілияс Жансүгіровтің Талды қорғанда тұруы шарт емес. Себебі Ілиястың «Құлагерін» оқып, қазақтың әр баласы әдебиетке келеді. Сол сияқты Қасым да қазақтың қай даласында тұрса да жарасады. Себебі Қарқаралыда туғанмен, ол – Қарқаралының ғана Қасымы емес, бүтін қазақтың Қасымы!

Әңгімелескен Мәриям ӘБСАТТАР

Күлемін де жылаймын, Күлемін де жылаймын, Жылаймын да күлемін. Жылаймын да күлемін. Heгe ғана бұлаймын, Heгe ғана бұлаймын, Өзім ғана білемін. Өзім ғана білемін.

Өкінбеймін өмірге Өкінбеймін өмірге Босқа келген екем деп. Босқа келген екем деп. Өкінемін бір күнде Өкінемін бір күнде Түк бітірмей кетем деп.Түк бітірмей кетем деп.

Қан майданның қақ ортасында жүріп, қаруы мен қаламын қатар ұстаған қазақтың ержүрек ақындарының бірегейі – Қасым. Қасымның от пен оқтың арасында туған жалынды жырлары заман өзгеріп, буын ауысса да, оқырманын әсерсіз қалдыра алмайды. Қаншама жыр, екі дастан, аудармалар қалдырған ақын қысқа ғұмырында қазақтың ән айдынына да тамшыдай болсын үлесін қосып үлгерген. Өкініштісі, Қасымның сан әнінен ел құлағында екеуінің ғана қалуы.

Қазақтың есті әндеріне әуес кез келген адамнан «Қасымның қандай әнін білесіз?» деп сұрасаңыз, «Дариға, сол қыз» бен «Өзім туралыны» жаңылмай айтатыны анық. Ал алдыңғы буын әншілер, Қасым-ның көзін көрген жандар басқа да әнде-рінің болғандығын айтады. Бірақ олар не себепті бүгінге жетпей қалды?Мыңбай РӘШ, ақын, сатирик, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері:

– Қасымның «Өзім туралы», «Да-риға, сол қыз», «Ақсәуле» әндерінің үшеуін де білемін. 1952 жылы Ғафу Қайырбековпен бірге үйіне барғанда, өзінен үйренгенмін. Ол әндерді өзім домбырамен айтып тұрамын. Қасым, негізі, көп ән шығарған. Бірақ олардың барлығы ұқыпсыздықтан, Композитор-лар одағы не басқа біреу айналыспаған соң, кезінде нотаға түспей ұмыт қалған. Қасымға баспана сыйлаған «Өзім

туралы» атты өлеңіндегі өмір шын дығы ақынның көкірегін жарып шыққан ән арқылы өмір-толғауына ай нал ды. Ол әнді тыңдаған адам бір ғана Қасымның тағдырын емес, қазақтың қамын ойлаған азаматтардың бейнесін, тыныс-тіршілігін түсінетіні хақ. Бұл тол ғауды бізге жеткізген – әнші, композитор Тұрсынғазы Рахымов.Тұрсынғазы РАХЫМОВ, композитор, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері:

– Қасымның әнін мен 70-жылдары ауыл қарттарынан үйреніп алып келдім. Абайдың сөзіне жазылған «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма» өлеңінің әнін біреулер Жәнібек Кәрменовтікі десе, біреулер Қасым Аманжоловтікі дейді. Бала күнімде 1947 жылы Қасымның Абай ауданына келгендігін естігенмін. «Бұл сол тұста шыққан ән» деседі үлкендер. Менің ойымша да, ән Қасымдікі. Композитор Теміржан Базарбаев 1947 жылы сол әннің Қасымға тиесілі екендігі жөнінде газеттен оқығандығын айтқан. Жұрттың барлығы Жәнібектей ән

дүлдүлінің әні деп жүрген «Өлсем, орным қара жер сыз болмай ма» әні туралы тың деректі Тұрсынғазы ағадан естігенде, таңғалғаным рас. Ал оның, шындығында, кімдікі екендігін музыкатану ғылымының құзырына тапсырайық.

Ән болып әуелеген Қасым жырлары

ТҮЙІНАл қазақтың жыраулық поэзия-

сының дәстүрін ХХ ғасырда қайта түрлендіріп, халыққа отаншылдық рух сыйлаған, соның әсерінен сын-шылар тарапынан теперіш те көрген батыр ақын жырлары ғасырға жуық уақыт өтсе де, тазалығы мен мөл-дірлігін жоймай келеді. Ал нақты орындаушысы болмаған соң, халық жадынан өшіп, мұрағаттарда ғана сақтаулы қалған әндері болса, Қасымның 100 жылдығы аясында табылар деген үміттеміз. Себебі өлмейтін мұра ақынның өзі өлсе де, теңіз бетіне қалқып шығарына күмән жоқ. «Ұмытса да достарым, Ұмытар ма мені елім!» деп Қасым ақынның өзі айтқандай, дариядай даналық іздеушісі табылса, тасада қалмас...

Жадыра ЖҰМАКҮЛБАЙ

Бәйге мөлшерi: Бас бәйге (бiреу) Бiрiншi бәйге (бiреу) Екiншi бәйге (екеу) Үшiншi бәйге (үшеу) Ынталандыру бәйгесi (бесеу) Қазылар алқасының шешiмi қайта

қаралмайды.Мүшәйра жүлдегерi қомақты ақ-

шалай сыйлықтар және дипломдармен марапатталады. Жүлде алған шығар-малар республикалық басылымдарда жарияланып, алдағы уақытта арнайы жыр жинағына топтастырылмақ.

«Терезе алды – көк терек...»

Page 8: Алаш айнасы - Қ.Аманжолов - 100

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№152 (604) 27.08.2011 жыл

сенбіwww.alashainasy.kz

e-mail: [email protected]ӨМІР-ДАСТАН№152 (604) 27.08.2011 жыл, сенбі

www.alashainasy.kzРЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ e-mail: [email protected]

Кезе

кшi

реда

ктор

– М

әрия

м Ә

БСАТ

ТАР

Респ

убли

калы

ққо

ғам

ды

қ-са

яси

ақ

пара

тты

қ га

зет

Бас

ред

акто

р –

Сер

iк Ж

АН

БО

ЛА

Т

Мұр

атқ

али

ДҮ

ЙС

ЕНБ

АЕВ

Ба

с ре

дакт

орды

ң б

iрiн

шi о

рынб

асар

ы

Мақ

сат

ӘД

IЛХ

АН

Ба

с ре

дакт

орды

ң о

рынб

асар

ы

Айд

ын

ҚА

БА –

жау

апты

хат

шы

Талғ

ат К

IРШ

IБА

ЕВ –

ж

ауап

ты х

атш

ыны

ң ор

ынб

асар

ы

Нұр

лыба

й И

ТЕК

БАЕВ

тех.

реда

ктор

Күл

әш Н

АҚ

ЫП

ОВА

аға

корр

екто

р, т

ел.:

38

8-8

0-7

6

Газе

т 2

00

8 ж

ылд

ың

17

қар

ашас

ынд

а Қ

Р М

әден

иет

жән

е ақ

пара

т м

инис

трлi

гiнд

е тi

ркел

iп, б

ұқар

алы

қ ақ

пара

т құ

ралы

н ес

епке

қою

ту

ралы

№9

65

0-Г

куә

лiгi

бер

iлге

н.Ре

дакц

ия

авто

рлар

мақ

алас

ы м

ен ж

арна

ма

маз

мұн

ына

жау

ап

берм

ейдi

втор

лар

қолж

азба

сы ө

ңдел

мей

дi ж

әне

керi

қай

тары

лмай

ды.

Көл

емi е

кi к

омпь

юте

рлiк

бет

тен

(14

кег

ль)

асат

ын

мат

ери

алда

р қа

былд

анба

йды

.«А

лаш

ай

насы

нда»

жар

иял

анға

н м

атер

иал

дар

мен

сур

етте

рдi

көш

iрiп

нем

есе

өңде

п ба

су ү

шiн

ред

акци

яны

ң ж

азба

ша

рұқс

аты

ал

ыны

п, га

зетк

е сi

лтем

е ж

асал

уы м

iнде

ттi.

Құр

ылт

айш

ысы

жән

е м

енш

иес

i – «

ТОЛ

ҒАУ

» Ж

ШС

Ди

рект

ор –

А

лекс

анд

р Ф

или

мон

ови

ч А

Н

Алм

аты

қал

асы

«Дәу

iр»

РПБК

ЖШ

С Қа

лдая

қов

көш

есi,

17-ү

й. Те

л.: 8

(727

) 273

-12-

04, 2

73-1

2-54

Тапс

ырыс

– №

1011

Аста

на қ

алас

ы «А

стан

а-По

лигр

афия

»,Бр

усил

овск

ий к

өшес

i, 87

-үй.

Тел.

: 8 (7

172)

37-

05-5

9Та

псыр

ыс –

№17

71

Шым

кент

қал

асы

«Оңт

үстiк

пол

игра

фия

» ба

спал

ар үй

i» Ж

ШС

Байт

ұрсы

нұлы

көш

есi,

18-ү

й. Те

л.: 8

(725

2) 3

0-03

-30,

30-

03-3

1Та

псыр

ыс –

№81

79

Баға

сы к

елiс

iмдi

Тара

лым

ы –

10

00

0 д

ана

Газе

т сей

сенб

i, сә

рсен

бi, б

ейсе

нбi,

жұм

а, се

нбi к

үнде

рi ш

ыға

ды.

«Ала

ш а

йнас

ы» га

зетiн

е ж

азыл

у инд

ексi:

642

59Ре

дакц

ияны

ң м

екен

жай

ы:

Алма

ты қ

алас

ы,05

0051

, Бег

алин

көш

есі,

148/

1 А

e-m

ail:

info

@al

asha

inas

y.kz

Айм

ақта

ғы т

iлш

iлер

:Ат

ыра

у –

Бақ

ытг

үл Б

АБА

Ш, т

ел.:

8701

5533

653

Қар

аған

ды –

Сер

iк С

АҒЫ

НТА

Й, т

ел.:

8777

390

9779

Жам

был

– Г

үлж

ан К

ӨШ

ЕРО

ВА, т

ел.:

8701

771

1648

Қы

зылж

ар –

Ерб

ақы

т А

МА

НТА

Й, т

ел.:

8 70

5 44

1825

5

Қы

зыло

рда

– Ә

ділж

ан Ү

МБЕ

Т, т

ел.:

8777

705

4466

Өск

емен

– А

зам

ат Қ

АСЫ

М, т

ел.:

8777

355

4114

Шы

мке

нт –

Шад

ияр

МО

ЛД

АБЕ

К, т

ел.:

8705

987

7799

Бөл

iм р

едак

торл

ары

ұбаш

МЕҢ

ДIҒ

АЛ

ИЕВ

– с

аяси

бю

ро, т

ел.:

38

8-8

0-7

2Бе

рiк

ӘШ

IМО

В –

нар

ық,

тел

.: 3

88

-80

-69

Қал

дар

КӨ

МЕК

БАЕВ

– қ

оғам

, тел

.: 3

88

-80

-65

Алм

ат И

СӘ

ДIЛ

– ө

ркен

иет,

тел

.: 3

88

-80

-64

Нұр

ғазы

СА

СА

ЕВ –

дод

а (с

порт

), т

ел.:

38

8-8

0-7

4Бо

латб

ек М

ҰХ

ТАРО

В –

жаң

алы

қтар

, тел

.: 3

88

-80

-68

Дар

хан

БЕЙ

СЕН

БЕК

ҰЛ

Ы –

мен

шiк

тi

тiлш

iлер

қос

ыны

, тел

.: 3

88

-80

-62

БҮГІН:ДсСсСрБс

ЖмСнЖкДсСсСрБс

ЖмСнЖкДсСсСрБс

ЖмСнЖкДсСсСрБс

ЖмСнЖкДсСсСр

ТАМЫЗ

123456789

10111213141516171819202122232425262728293031

Шығуы Ұзақтығы Батуы 06:10 13.27 19:37 � �

Тара

ту қ

ызме

тi те

л.: 8

(727

) 388

-80-

88

Жар

нама

бөл

імі

тел.

: 8 (7

27) 3

88-8

1-00

8 (7

27) 3

80-4

1-78

e-m

ail: a

likul

ova.

a@or

ange

poin

t.kz

Қабы

лдау

бөл

мес

і: 8(

727)

388-

80-6

0, ф

акс:

8(72

7)38

8-80

-61

Аст

ана

бюро

сы:

Мек

енж

айы

: Сей

фул

лин

көш

есi,

31, о

фис

215

Тел.

: 8 (7

172)

54-

27-3

1E-

mai

l: aa

_as

tana

@m

ail.r

uАй

бын

ШАҒ

АЛАҚ

ОВ

– Ас

тана

бю

росы

ның

жет

екш

iсi

Салт

ан С

ӘКЕ

Н –

тiлш

iҚа

нат Т

ОҚА

БАЕВ

– ті

лші

Арм

ан А

СҚАР

ОВ

– тіл

ші

Тамыздың 27-сіАлаштың атаулы күні• 1919 жылы Бүкілресейлік Орталық атқару комитетінің Қостанай уезін Челябинск облысына қосу туралы шешімі қабылданды. Алайда шешімге қарсылық білдірген Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың саяси наразылығы Қостанайды Қазақстанға қайтаруға негіз болды.

• 1992 жылы Қазақстан мен Армения арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.

• 19 жыл бұрын (1992) Алматыдағы Кино үйінде Асанәлі Әшімовтің «Елім-ай» киностудиясы түсірген «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» фильмінің премьерасы болды.

• 4 жыл бұрын (2007) Ақтауда 80-нен астам тарихи құнды ескерткіштері бар 28 тарихи-археологиялық кешен табылды.Туған күн иелеріБексұлтан Сәрсеков (1953) – Есірткі, психотроптық заттар және олардың ұйытпасының заңсыз айналымымен күрестің Орталық Азия аймақтық ақпараттық үйлестіру орталығы ұшу фазасының директоры, профессор, генерал-майор; Дастан Сартаев (1959) – Павлодар облысының прокуроры, 3-сыныпты мемлекеттік кеңесші;Бекет Аймағамбетов (1960) – Жамбыл облыстық ІІД бастығы, полиция полковнигі;Қанат Жанғаскин (1961) – экономика ғылымының докторы;Сәрсен Көкебаев (1961) – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Техникалық қызмет департаментінің бастығы;Болат Сәтбаев (1963) – Алматы облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары;Айзада Аққайсиева (1969) – экономика ғылымының докторы.Қалмаханбет Мұхаметқали (1975) – «Дала мен қала» газеті Бас редакторының орынбасары, ақын.

ФОТОШЕЖІРЕ

«Алаш айнасы» газетінің ұжымы белгілі әнші, ҚР еңбек сіңірген әртісі, Құрмет орденінің иегері Майра Ілиясоваға туған әпкесі

Сәния Әлімғазықызы ИБРАЕВАНЫҢқайтыс болуына орай, қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

8

Тамыздың 28-іАлаштың атаулы күні• 80 жыл бұрын (1931-1998) мемлекет қайраткері, этнограф, тарих ғылымының кандидаты Өзбекәлі Жәнібеков дүниеге келді. • 22 жыл бұрын (1989) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен «Әзірет - Сұлтан мемлекеттік қорық-мұражайы» ұйымдастырылды.• Шахтер күні. Тамыз айының соңғы жексенбісінде атап өтіледі. КСРО Жоғарғы Кеңесі төралқасының 1947 жылғы қыркүйектің 10-ындағы Жарлығымен бекітілген.

Туған күн иелері Құрманғали Уәли (1947) – ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты;Бақыт Серәлиев (1950) – Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының директоры;Сейілда Байшақов (1950) – ҚР футбол федерациясының вице-президенті;Әбдіманап Бектұрғанов (1958) – заң ғылымының докторы, профессор;Алтай Қазмағамбетов (1964) – педогогика ғылымының докторы;Нұрсұлу Құрманбекқызы (1965) – «Алаш айнасы» газетінің корректоры;Анастасия Щегорцова (1980) – ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитеті төрағасының орынбасары.

Тамыздың 29-ыАлаштың атаулы күні• 291 жыл бұрын (1720) Өскемен қаласының негізі қаланды.• 20 жыл бұрын (1991) Президент Н.Назарбаев «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлыққа қол қойды. Полигон жабылғаннан кейін ондағы барлық нысандар және үш ядролық реактор Қазақстан Республикасының меншігіне өтті.• 2 жыл бұрын (2009) Өскеменде Абай мен Пушкин ескерткіштері салтанатты түрде ашылды.• Ядролық қарудан бас тартудың халықаралық күні. Қазанның 30-ында БҰҰ Бас Ассамблеясының бірінші комитетіне Қазақстан 29 тамызды Бүкіләлемдік ядролық қарудан бас тарту күні деп жариялауды ұсынады. Қазақстан ұсынған қарардың бірлескен авторлары 26 мемлекет болды, оның ішінде Армения, Белоруссия, Бразилия, Катар, Қырғызстан, Моңғолия, Біріккен Араб Әмірлігі, Тәжікстан, Түрікменстан және Жапония.

Туған күн иелері Сәбит Тауланов (1947) – педагогика ғылымының докторы, генерал-майор;Нұрлан Батпенов (1949) – Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының директоры, медицина ғылымының докторы, профессор;Әбдуәхит Мақұлбаев (1961) – ОҚО бақылау және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі департамент директорының орынбасары;Бөлтірік Жақыпов (1961) – Алматы облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бастығы;Марат Бекетаев (1977) – ҚР Әділет министрлігінің жауапты хатшысы.

Тамыздың 30-ыАлаштың атаулы күні• Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. 1995 жылғы мамырдың 30-ында бүкілреспубликалық референдумда қабылданған Конституция – еліміздің Негізгі заңы ретінде бүкіл халықтың ерік-жігерінің айғағы, «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары». • Ораза айт мейрамы (2011 жылғы тамыздың 30-31-і және 1 қыркүйектің – 1432 хижра жылының 1-3-ші шәууәлі)

Туған күн иелеріТөлеген Рахымжанов (1948) – полиция генерал-майоры;Қыдыркелді Медеуов (1955) – Алматы облыстық мәслихатының депутаты;Серік Бейсеков (1958) – Қарағанды облысы бойынша ҰҚК департаментінің бастығы, полковник;Қайрат Түгелбаев (1959) – «Толғау» ЖШС көлік жүргізушісі; Меруерт Қазыбекова (1961) – Қазақстан кәсіпкерлер әйелдері одағының төрайымы.

Тамыздың 31-іАлаштың атаулы күні• 1874 жылы қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш зиялысы, қазақтан шыққан тұңғыш мал дәрігерлерінің бірі Түбек Есенғұлов дүниеге келді.• 12 жыл бұрын (1999) Алматы облысы Кербұлақ ауданының Қоянкөз ауылындағы орта мектепке Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Тоқсын Құлыбековтің есімі берілді.• 4 жыл бұрын (2007) Таразда Абай Құнанбаевқа ескерткіш орнатылды.• 2 жыл бұрын (2009) Шығыс Қазақстан облысының Абыралы ауданында ядролық сынақтар құрбандарына арналған ескерткіш ашылды.

Туған күн иелеріЗәмзәгүл Шәріпова (1931) – Қазақстанның халық әртісі;Гүлмира Шалабаева (1956) – философия ғылымының докторы;Ерлан Нығматулин (1962) – ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты;Нұрлан Нығматулин (1962) – «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары, саясаттану ғылымының докторы;Талғат Сәрсенбаев (1966) – ҚР Сенат Аппаратының басшысы, заң ғылымының докторы, профессор;Сәуле Сәрсенбаева (1967) – медицина ғылымының докторы, профессор.

Мерейлі күндеріңіз мерекеге ұласып, мәртебелеріңіз арта берсін!

«Алаш айнасы»

Белгілі есімнің белгісіз сыры

БӨЛТІРІК – қасқырдың қарақұлақтанып қалған күшігін осылай атайды. Жалпы, түркі халқы өзін Көк бөріден тарататын болғандықтан «Бөлтірік, Арлан, Қасқырбай» есімдері ел ішінде ара-тұра кездесіп қалады. Бұл есімді жаңа туған сәбиге «қасқырдай қайратты, қайсар» болсын деген ниетпен қояды. Аузы дуалы Бөлтірік шешеннің де құрметіне нәрестеге осы есімді беріп жатады. Ел ішінде өте сирек кездесетін төл ныспымыз.

«Өзге емес, өзім айтам өз жайымды...»

ҚАРА ПАЛЬТО Қасым Аманжолов пен Ғабдол Сланов өзара сыйлас,

сырлас екен. Бір күні Ғабдол басына көк елтірі құлақшын, үстіне көк жағалы пальто киіп көшеге шығыпты. Алдынан кездесе кеткен жұпыны киімді Қасымға қарап:

– Байғазы бер, – десе керек.Қасымның қалтасы тесік, ақша тұрмайды.– Байғазыға өлең берейін, – дейді ол.– Мейлі, өлең берсең бере ғой.Сонда Қасым:Жігіттің көрдік жүйрік, шабанын да,Япырмау, бір шаба алмай қаламын ба?Үстімнен түспей қойды қара пальто,Көк бөрік, көк жағаның заманында, – деп өлеңдетіп

жіберіпті.

ҚАСЫМ НЕГЕ СЫНАЛДЫ?Қазақ поэзиясының классиктерінің бірі Қасым

Аманжолов 50-жылдардың басында сталиндік жандайшаптардың талқысына көп түсті. «Ұлтшыл» деп айып тағылып, көп сыналыпты. Осындай жадап-жүдеп жүрген шағында, бірде сырлас бір досына:

– Мені сынап жүргендердің бәрі де менше жазғысы келеді. Бірақ амал қанша, жаза алмайды. Сосын да мені сынайды, – деп мұңын шағыпты.

АДАМДАР БАР АЛАСА...Елуінші жылдардың басы болуы керек, бірде Ғабдол

Сланов, Қасым Аманжолов және тағы бірнеше адам жаздың әсем бір күнінде қала сыртына, Талғар жаққа серуенге шығады. Сонда Ғабдол:

– Шын ақын екеніңді білейін, мына Талғар шыңы туралы табан астында суырып салып, бір шумақ өлең шығаршы, – депті.

Сонда Қасым қолма-қол:Биіксің, Талғар, тамаша! Тұрсың көкпен таласа. Әттең, сенің бауырыңда Адамдар бар аласа, – деген екен.

Қасымның «деген екендері»