45minutkz.files.wordpress.com · web view«Көкжиек», «көкжиек...

12
Қызылорда облысыҚызылорда қаласы. Ы.Алтынсарин атындағы№10 мектеп-лицейдің география пәнінің мұғалімі Каленова Әлия Кендебайқызы Ашық сабақ Сабақтың тақырыбы: §7.Жергілікті жерді бағдарлау. Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік:Оқушыларға жергілікті жерді тұсбағар және план арқылы бағдарлауды үйрету,көкжиек тұстарының бағыттарын,азимуттарын анықтау тәсілдерін меңгерту. 2.Дамытушылық: Оқушыны жайдан –күрделіге принципті белсенділігін арттыруға,өздігінен білім алуға,сабақта алған білімдерін өмірде пайдалана білуге және сауалдың тапсырмадағы шешімін тез табуға дағдыландыру,бағдарлау туралы білімдерін одан әрі дамыту. 3.Тәрбиелік: сабақтың білімділік мақсаты негізінде оқушыларға ұлттық,өнеге-тәлімдерін(үлкенді тыңдау,адамгершілік, ұйымшылдық,тапқырлық)үйрету және табиғат сұлулығын тану,оны аялау,қорғау,туған өлкеге деген сүйіспеншілік сезімін ояту. Тірек білімі: Оқушылардың көкжиек,көкжиек тұстары туралы түсінігі. Негізгі ұғымдар:бағдарлау, азимут,тұсбағар, Көрнекілігі: Ы.Алтынсариннің «Бай мен жарлы баласы» әңгімесі,тұсбағдарлар,үлестірмелер,транспортирлер, атлас,Қызылорда қаласының планы,суреттер.жұмыс дәптері. Техникалық құралдары: интерактивті тақта. Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру.

Upload: others

Post on 29-Dec-2019

15 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: 45minutkz.files.wordpress.com · Web view«Көкжиек», «көкжиек сызығы»деген не? 2.Көкжиектің негізгі және аралық тұстары

Қызылорда облысыҚызылорда қаласы.

Ы.Алтынсарин атындағы№10 мектеп-лицейдің

география пәнінің мұғалімі

Каленова Әлия Кендебайқызы

Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: §7.Жергілікті жерді бағдарлау.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:Оқушыларға жергілікті жерді тұсбағар және план арқылы бағдарлауды

үйрету,көкжиек тұстарының бағыттарын,азимуттарын анықтау тәсілдерін меңгерту.

2.Дамытушылық: Оқушыны жайдан –күрделіге принципті белсенділігін

арттыруға,өздігінен білім алуға,сабақта алған білімдерін өмірде пайдалана білуге және

сауалдың тапсырмадағы шешімін тез табуға дағдыландыру,бағдарлау туралы білімдерін

одан әрі дамыту.

3.Тәрбиелік: сабақтың білімділік мақсаты негізінде оқушыларға ұлттық,өнеге-

тәлімдерін(үлкенді тыңдау,адамгершілік,

ұйымшылдық,тапқырлық)үйрету және табиғат сұлулығын тану,оны аялау,қорғау,туған

өлкеге деген сүйіспеншілік сезімін ояту.

Тірек білімі: Оқушылардың көкжиек,көкжиек тұстары туралы түсінігі.

Негізгі ұғымдар:бағдарлау, азимут,тұсбағар,

Көрнекілігі: Ы.Алтынсариннің «Бай мен жарлы баласы»

әңгімесі,тұсбағдарлар,үлестірмелер,транспортирлер,

атлас,Қызылорда қаласының планы,суреттер.жұмыс дәптері.

Техникалық құралдары: интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру.

Сабақтың әдісі: СТО элементтері,тірек-сызба.

Пәнаралық байланыс:әдебиет,математика,физика.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушыларды түгендеу, топқа бөліп отырғызу.

2.Сабаққа даярлығын білу,күннің ауа райы жайлы хабарын,

үйге берілген тапсырманы білу.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.№1-2-слайд

1.«Сандар сөйлейді» ойыны.Тақтадағы кестені әр оқушының қалауы бойынша

ашып,сұрақтарға жауап алу.

365 күн 24 150млн шқ 4

Page 2: 45minutkz.files.wordpress.com · Web view«Көкжиек», «көкжиек сызығы»деген не? 2.Көкжиектің негізгі және аралық тұстары

40000шқ 6371шқ

66,5 29

2.Сұрақтарға толық жауап алғанда,тақтаға жаңа сабақтың тақырыбы шығады.

ІІІ.Жаңа сабақ. №3,4,5 слайд

Сабақтың эпиграфы:

Кел,балалар,оқылық,

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық!

Неге сабақтың эпиграфы ретінде Ы.Алтынсарин атамыздың өлеңінен үзінді алып

отырмыз? Сендер үйде Ы.Алтынсариннің «Бай мен жарлы баласы»әңгімесін

оқыдыңдар.Осы әңгімеден бүгінгі сабаққа байланысты не айтар едіңдер?

Тақырыбы: Жергілікті жерді бағдарлау.

Жоспары :

1.Тұрған жерді және жүру бағытын тұсбағармен анықтау.

2.Азимут бойынша жол тауып жүру.

Оқулықтың 21-бетіндегі тірек білімді еске түсіруге арналған сұрақтарды оқып жауап

берейік:№6-слайд

1. «Көкжиек», «көкжиек сызығы»деген не?

2.Көкжиектің негізгі және аралық тұстары қалай деп аталады?

3.Тұсбағдарды пайдаланып пайдаланып,көкжиек тұстарын қалай бағдарлайды?

4.Қандай табиғи белгілерге қарап,көкжиек тұстарын анықтауға болады?

5.Бағдарлау деген не?

І.Қызығушылықты ояту.

Сұрақтарға жауап алғаннан кейін үнтаспадан Ы.Алтынсариннің «Бай мен жарлы баласы»

атты шығармасынан үзінді тыңдатып,оқушыларға проблемалық сұрақ қоямын.

-Үсен көшті табу үшін,жергілікті жердің қандай белгілеріне сүйенді?

Оқушылар жауабы:

1.Малдың жас тезегін тауып алуы;

2.Молалы жерде ел болады;

3.Құс ұшқан жерде көл болады,көлді жерде ел болады.

Жарлы баласы Үсен өмірдегі өзінің тұрған орнын және жүру бағытын осы белгілерге

сүйеніп анықтай білген.

ІІ.Мағынаны тану.

1.Ендеше бағдарлау дегеніміз-көкжиек тұстарын,

Page 3: 45minutkz.files.wordpress.com · Web view«Көкжиек», «көкжиек сызығы»деген не? 2.Көкжиектің негізгі және аралық тұстары

бақылаушының өзінің тұрған орнын және жүру бағытын анықтау.

Бағдарлаудың екі түрі бар:

а)белгілі жерді бағдарлау;ә)белгісіз жерді бағдарлау.

Белгілі жерді бағдарлаудың еш қажеттігі жоқ,үйреншікті дағды арқылы жүреміз.Белгісіз

жерде жүру,жолды дәлме-дәл табу тұсбағар арқылы жүргізіледі.Ол үшін тұсбағармен

азимутты анықтайды.№7-слайд

Солтүстік пен белгілі бір затқа дейін жүретін жол арасындағы бұрыш азимут деп

аталады.Азимут арабша ас-сумут –жол деген мағына береді.

Азимут А әрпімен белгіленеді.

Азимутты анықтау үшін тақтаға шеңбер сызылады.№8,9,-слайдтар

Оқушылардан шеңбердің градустық шамасын сұрау.(360°)

Шеңбердің әр бөлігін 90°–тық бұрышқа тең екендігін және берілген азимутты шеңбердің

қай бөлігінен іздеу керектігін ұғындырамын да,азимутты өлшеп көрсетемін.Яғни,275ºІV

бөліктен,С-Б-тан табу,200 ºІІІ бөліктен,О-Б-тан табуға болады.

Тақтаға азимутты транспортир құралымен сызып көрсетемін.Азимут бағыты үнемі

сағат тілінің бағытына сәйкес келеді.

2.Дәптермен жұмыс.Анықтамаларды жаздырту.№10-11-слайд

Бағдарлау дегеніміз-көкжиек тұстарын, бақылаушының өзінің

тұрған орнын және жүру бағытын анықтау.

Тұсбағдар-жүретін жолды дәл анықтайтын құрал.

Азимут (арабша ас-сумут –жол) деп бақылаушы тұрған нүкте мередианының солтүстік

басынан діттеген бағытқа дейінгі аралықтағы бұрышты айтады.

Топтарға тұсбағар беріліп,тақтадағы сурет арқылы пайдалану әдісін

көрсетемін.Сыныптың солтүстік бағытын анықтап беремін.№12-слайд

Page 4: 45minutkz.files.wordpress.com · Web view«Көкжиек», «көкжиек сызығы»деген не? 2.Көкжиектің негізгі және аралық тұстары

ІІІ.Ой-толғаныс.

Ереже жазылған тапсырмаларды топтарға бөліп беремін.

1-топ.Ережені есіңе сақта!Азимут магнит тілінің солтүстік басынан сағат тілінің айналу

бағыты бойынша 0º-тан 360º-қа дейін есептелінеді.№13-слайд

Сызба бойынша көкжиек тұстарының азимутын анықта:

Мысалы Аº (СШ)=90º:2=45 º

1. Аº (ОШ)=90º+?....

2. Аº(ОБ) =180 º+?...

3. Аº(СБ) =?-45 º=....

2-топ. Ережені есіңе сақта! Азимут магнит тілінің солтүстік басынан сағат тілінің айналу

бағыты бойынша 0º-тан 360º-қа дейін есептелінеді.

Транспортирді пайдаланып,суреттегі заттардың бағыттарын және азимуттарын анықта.

№14-слайд

Page 5: 45minutkz.files.wordpress.com · Web view«Көкжиек», «көкжиек сызығы»деген не? 2.Көкжиектің негізгі және аралық тұстары

3-топ. Ережені есіңе сақта! Азимут магнит тілінің солтүстік басынан сағат тілінің айналу

бағыты бойынша 0º-тан 360º-қа дейін есептелінеді.

Картада және планда арнайы бағытпен солтүстік көрстілмесе,онда жоғарғы жағы

солтүстік,төменгі жағы оңтүстік,оң жағы шығыс,сол жағы батыс.

Қызылорда қаласының планынан біздің мектептің тұрған орнын анықтаңдар.

Тұсбағдардың көмегімен мектептен вокзал қай бағытта,қандай азимутта орналасқанын

анықта.№15-слайд

ІV.Жаңа сабақты бекіту. «Кім жылдам?» ойыны.№16-слайд

1.Ортаға 4 оқушы шығады.Ойша бетіңді солтүстікке қарат.Сонда арт жағың.......,сол

жағың.....,оң жағың....., балалардың есінде қалғанша жаттығу жасату.

2.Жердің солтүстік полюсінің үстінде бағдар беретін қандай жұлдыз орналасқан?№17-

слайд

3.Сырдария өзенінің қай бағытта ағып жатқанын қалай білуге болады?№18-слайд

V.Қорыту,бағалау.№19-слайд

Әр топ бағалау парағын толтырып өткізеді.

Бағалау парағы

Топтағы

оқушының

аты-жөні

Талдау

жұмысына

белсене

қатысуы

Орындалған

тапсырмалар

-дың

бағасы

Қосымша

сұрақтарға

жауап беруі

Басқаны

тыңдай

және

тыңдата

білуі

Қоры-

тынды баға

++ жоғары

+ орташа

-- төмен

Page 6: 45minutkz.files.wordpress.com · Web view«Көкжиек», «көкжиек сызығы»деген не? 2.Көкжиектің негізгі және аралық тұстары

VІ.Үйге тапсырма. 1).§7 оқу .2).3-тапсырма.

Ашық сабақ

Тақырыбы: Азияның жетекші елі-Жапония

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: дамыған әлем елдерінің көш басында келе жатқан Жапония мемлекетінің

географиялық жағдайы мен геосаяси жағдайының ерекшеліктері,мемлекеттің

құрылысы,табиғат жағдайы және ресурстары,халқы,қоныстану ерекшеліктері,

урбандалу дәрежесі туралы білім беру.

Дамытушылық:Жапонияның географиялық орнының ерекшеліктері,мемлекеттің

қалыптасуы және мәдениетінің дамуы туралы білік-дағдыны қалыптастыру, сыни

тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту,оқулық материалдарына сүйене

отырып,климат жағдайларының басты ерекшеліктерін сипаттай білуге,халқы туралы

көрсеткіштер атты диаграмма сызуға үйрету,қосымша ақпарат көздері арқылы Жапония

мемлекеті туралы білімдерін одан ірі дамыту.

Тәрбиелік:Экономикалық,экологиялық,эстетикалық тәрбие беру.

Көрнекілігі:дүние жүзінің саяси картасы,жарты шарлардың физикалық

картасы,Жапонияның физикалық картасы,электронды оқулық,слайдтар.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың әдісі: СТО технологиясы.

Пәнаралық байланыс: тарих,математика.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу.

2.Оқушыларды түгендеу.

3.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

(Тест сұрақтары алынды)

ІІІ.Жаңа сабақ.№1 слайд

1.Қызығушылығын ояту. № 2 слайд

1.) Сабақ «Үлкен жетілік», «Азия мемлекеттері», «Орталық және Шығыс Азия

мемлекеттеріне қандай елдер жатады?»деген сұрақтарға жауап алудан басталды.

2.)Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту үшін

«Дамыту картасын» толтыру тапсырылды.№3 слайд

Page 7: 45minutkz.files.wordpress.com · Web view«Көкжиек», «көкжиек сызығы»деген не? 2.Көкжиектің негізгі және аралық тұстары

Не білемін? Не білгім келеді? Не білдім?

Аралдық мемлекет,

машина,электротехн-

ника түрлерін шығарады.

«Күншығыс елі»деп неге

аталған?жер бедері,діні ,ақша

бірлігі қандай?табиғат

байлығының түрлері,

туризм қалай дамыған?

Ғылыми-техника неліктен

жақсы дамыған?

(Кестенің 1-2бөлімін толтыруға 5 минут уақыт берілді,3-бөлімін жаңа сабақты тыңдаған

соң толтырды)

2.Мағынаны тану.

Мемлекеттің қалыптасу тарихы

Жапония Табиғат жағдайы,ресурстары

Халқы

1.Электронды оқулық,слайдтар арқылы тақырыптың мазмұныны баяндалды.

Жапония-«Күншығыс елі».Жер көлемі-372 мың шаршы шақырым,халқы-127

млн.адам,астанасы-Токио қаласы,мемлекеттік тілі-жапон тілі,ұлттық валютасы-жапон

иені.

Басқару формасы-Конституциялық монархия.

Әкімшілік бөлінуі-47 префектур,14 округ.

Жапония-төрт ірі және 4 мыңдай ұсақ аралға орналасқан архипелаг ел.Табиғат

байлығына кедей болса да,жағалауға өте бай.Азияның қиыр шығысында орналасуы

«Күшығыс елі» деп аталуына себепші болған.

Жапония-бір ұлтты ел,халықтың 99пайызы-жапондар.

Қалғандары- қытай,корейлер,айндар.Олар үлкен қалаларда тұрады.Жапон тілі -өте ерекше

тіл,ол бірде-бір тіл әулетіне жатпайды.Жапон жазу үлгісі де өте күрделі,онда иероглифтер

де,буындық әліппе де пайдаланылады?

Елде негізгі екі дін бар-синтоизм және буддизм.

№ 4 слайдЖапония –жоғары сауаттылық елі,мұнда балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісіне

жас кезден –ақ зор көңіл бөлінеді.Жапонияда «білім беру-ғылым-өндіріс» жүйесі жоғары

дәрежеде қалыптасқан.Сондықтан Жапонияда ғылыми-зерттеу және тәжірибелік

Page 8: 45minutkz.files.wordpress.com · Web view«Көкжиек», «көкжиек сызығы»деген не? 2.Көкжиектің негізгі және аралық тұстары

жұмыстармен айналысатын университеттер саны 400-ден асады.Цукуба қаласының өзінде

52-сі орналасқан.

3.Ой-толғаныс.

1.) Оқулықпен жұмыс.

«Жигсо»әдісі. (рөлдік,топтық жұмыс). № 5слайд

І-топ Жапонияның мемлекетің қалыптасу тарихы.

ІІ-топ Жапонияның табиғат жағдайы,ресурстары.

ІІІ-топ Жапонияның халқы.

(әр топ оқушылары өздеріне берілген тақырыпты талқылап,бірін-бірі саралап бағалады.)

2.)Дәптермен жұмыс.

Ірі қалаларын тауып,аттарын жазды,экономикалық белсенді халықтың үлесі туралы

диаграмма сызды.№6 слайд

3.) Картамен жұмыс.

Ірі қалаларын тауып,кескін картаға түсірді.

ІV.Сабақты бекіту.

«Дамыту картасының»3-бөлімін толтырды.

V.Қорыту. 1.«Раунд-Робин» (мұғалім тарапынан диалогқа шақырылып,оқушылардың

пікірлері тыңдалды).№ 7 слайд

1)Жапондар білім берудің аса жоғары сатысын меңгерген.

2).Жапондар тұрмыс-салт ережелерін берік сақтайды.

3)Жапон мәдениеті және табиғат құбылысы.

4)Жапондар экономикасының секіріс жасауы.

5)Болашақта Жапон мемлекетінің географиялық орны сақталмауы мүмкін.

VІ Бағалау. (өзін-өзі бағалау парағы бойынша)№ 8слайд

VІІ.Үй тапсырмасы:1.§23 оқу № 9 слайд

2.Картамен жұмысты аяқтау.

3.«Жапон халқының тұрмысы мен салт-

дәстүрлері», «Жапония-экономикасы

дамыған ел» тақырыбында ізденіс жасау.

Page 9: 45minutkz.files.wordpress.com · Web view«Көкжиек», «көкжиек сызығы»деген не? 2.Көкжиектің негізгі және аралық тұстары