web view9-сынып. Ашық сабақ ... Сабақта пайдаланылатын...

27
ШҚО,Жарма ауданы,Шар қаласы Б.Тұрсынов атындағы орта мектеп Физика пән мұғалімі Курсакова Нургуль Шайболатовна 9-сынып.Ашық сабақ Сабақ тақырыбы: Энергия. Энергияның сақталу және айналу заңы. Сабақ мақсаты: 1.Энергия, энергияның сақталу және айналу заңы туралы түсінік алуға жағдай жасау. Физикалық шама, заң ұғымдарын қайталау, энергия, шамаларын бекіту. Теориядан алған білімдерін есеп шығаруға қолдана білуге үйрету. 2.Оқушылардың өз бетінше ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру. Есте сақтау қабілетін, теориялық білімі мен физикалық тілін, теорияны практикада қолдана білу мен өз ойын қорыта айта білуге үйрету 3.Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Материалистік –диалектикалық көзқарасын қалыптастыру, белсенділікке, өз бетінше жұмыс істей білуге тәрбиелеу. Сабақ түрі: аралас сабақ Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, иллюстративті, практикалық, тірек-сызбалармен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау әдісі, сатылай кешенді талдау технологиясы. Құрал-жабдықтар: Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: Электронды оқулық, тірек-сызбалар, слайдтар, компьютер, серіппе, штатив, әр түрлі жүктер, металл шар Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Upload: lamkhanh

Post on 26-Feb-2018

291 views

Category:

Documents


12 download

TRANSCRIPT

Page 1: Web view9-сынып. Ашық сабақ ... Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: ... Оқушыларға формулалар

ШҚО,Жарма ауданы,Шар қаласыБ.Тұрсынов атындағы орта мектеп

Физика пән мұғаліміКурсакова Нургуль Шайболатовна

9-сынып.Ашық сабақ

Сабақ тақырыбы: Энергия. Энергияның сақталу және айналу заңы.Сабақ мақсаты:

1.Энергия, энергияның сақталу және айналу заңы туралы түсінік алуға жағдай жасау. Физикалық шама, заң ұғымдарын қайталау, энергия, шамаларын бекіту. Теориядан алған білімдерін есеп шығаруға қолдана білуге үйрету. 2.Оқушылардың өз бетінше ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру. Есте сақтау қабілетін, теориялық білімі мен физикалық тілін, теорияны практикада қолдана білу мен өз ойын қорыта айта білуге үйрету 3.Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Материалистік –диалектикалық көзқарасын қалыптастыру, белсенділікке, өз бетінше жұмыс істей білуге тәрбиелеу. Сабақ түрі: аралас сабақСабақтың әдісі: түсіндірмелі, иллюстративті, практикалық, тірек-сызбалармен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау әдісі, сатылай кешенді талдау технологиясы.Құрал-жабдықтар: Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: Электронды оқулық, тірек-сызбалар, слайдтар, компьютер, серіппе, штатив, әр түрлі жүктер, металл шарСабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:1. Ойды жалғастыр 1.Импулсь дегеніміз..........

1. Реактивті қозғалыс ...........2. Имнульстің сақталу заңы..............3. Зымырандар көпсатылы болып жасалатын себебі.........4. Абсолют серпімді соққы дегеніміз...........5. Абсолют серпімсіз соққы дегеніміз...........6.Тұйық жүйе дегеніміз..........7.Күш импульсінің өзгерісі............2.Шығармашылық жұмыс

Page 2: Web view9-сынып. Ашық сабақ ... Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: ... Оқушыларға формулалар

«Реактивті қозғалыс» презентацияларын көрсетіп, түсіндіреді(2-оқушы бірлесіп жасауға болады)

3.Бірліктер жүйесін қайталау. Оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып, соған жауап береді.

ІІІ. Жаңа сабақ. Энергия дегеніміз не?

Энергия дегеніміз – дененің жұмыс істеу қабілетін нақты көрсететін физикалық шама. 1 тірек – сызба.

Кинетикалық энергия қозғалып келе жатқан дене энергиясы

Потенциалдық энергия денелердің өзара әрекеттесуіне немесе дене бөлшектерінің өзара орналасуына байланысты болатын энергия

ЕК =m v2

2

Еn =mqh немесе Еn=k x2

2

толық энергия:

Еm=Еk+Еn=m v2

2+¿ mqh

Механикалық энергия: қозғалыс барысында материалық нүктенің күйі үздіксіз өзгеріп, бір күйден екінші күйге өтіп отырады. Осы дененің

немесе материялық нүктенің механикалық күйін сипаттайтын шама

Page 3: Web view9-сынып. Ашық сабақ ... Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: ... Оқушыларға формулалар

Энергия ұғымын физикалық шама ретінде талдау.

Энергияның жеке жағдайлары

Механикалық энергияның түрлері потенциалдық, гинетикалық болат

талдау

Энергияны сипаттайтын, анықтайтын құбылыс пен

қасиеттер

Әсер етіп тұрған күштердің әсерінен дененің физикалық

жұмысы. Биіктікте тұрған дене ауырлық күшінің әсерінен, сығылған серіппе серпімділік күшінің әсерінен

жұмыс істеуге қабілетті

Энергияның белгіленуі, анықтамасы

Еm, Еk, Еn әсер етуші күштердің әсерінен жұмыс дененің

механикалық жұмыс атқаруға қабілетін білдіретін шама энергия

айырмасы механикалық жұмыс болады.

Еm=Еk+Еn; Еn =mqh;

ЕК =m v2

2 ; Еn=

k x2

2

Энергияның формулалары

Энергияның басқа шамалармен байланысы

Кинетикалық энергия жылдамдық квадратына тәуелді,

потенциалдық энергия биіктікке не абсолют ұзаруға тәуелді.

Page 4: Web view9-сынып. Ашық сабақ ... Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: ... Оқушыларға формулалар

Еk қозғалыстағы дене күйін сипаттайды, оның екі белгісі бар. 1. Еk жылдамдыққа тәуелді.2. Оның өзгерісі денеге әсер етуші күш атқаратын жұмысқа тең.

А=∆Eκ; A=Eκ₂ −Eκ₁; A= mv₂²⁄2 − mv₁²⁄2

Еn потенциалдық күштер әрекет еткен дене күйін сипаттайды, оның екі белгісі

1. Еn дене координаталарына тәуелді.2. Оның өзгерісі потенциалдық күштер атқаратын жұмысқа тең

А=∆En; A=-(En₂ − En₁)=-(mgh₂- mgh₁) немесе A=-(En₂ − En₁)=-(kx ₂²⁄2 - kx ₁²⁄2 )

Механикалық жұмыс – энергия өзгерісінің өлшемі жұмыс атқарылғанда энергияның әйтеуір бір түрі өзгереді. А= Еk немесе А=- Еn

Бір-бірімен өзара әрекеттесетін денелердің әрі кинетикалық, әрі потенциалдық энергиясы болады. Мысалы: ЖЖС (жердің жасанды серігінің) кинетикалық энергиясы бар, өйткені ол қозғалып жүр. Ал «ЖЖС-жер» жүйесінің потенциалдық энергиясы бар, өйткені олар бүкіләлемдік тартылыс күші арқылы өзара әрекеттеседі. Сол сияқты соқтығысқан шарлардың кинетикалық әрі потенциалдық энергиялары болады. себебі олар қозғалыста және серпімді деформацияланған.Өзара әрекеттесетін денелер жүйесінің Еk және Еn қосындысы Еm береді.

Энергияның өлшем

бірлігі1кг,м2/с2=1Дж ағылшын ғалымы Джоульдің құрметіне аталған.

Қолдануы мен қолдану

шегі

Қарапайым қондырғыларды, механизмдердіңэнергияны

пайдалануда «Қазақстан -2010» стратегиясынан үзінді.

Page 5: Web view9-сынып. Ашық сабақ ... Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: ... Оқушыларға формулалар

Еm=Еk+Еn

Мысалы: (1жағдай) осы жағдайда Еk және Еn қоры

Еm= m v2

2+¿ mqh

m

h1 v₁

v₂ h2

2 жағдай Дене h2 биіктіктен түсті, V2 қозғалыс кезінде ауырлық күші жұмыс істейді ү А = mq (h1 – h2 ) , ол жұмыс толығымен дененің кинетикалық энергиясын арттыруға жұмсалады.

∆A= mv₂²⁄2 − mv₁²⁄2;

mg h₁ - mg h₂= mv₂²⁄2 − mv₁²⁄2 немесе mv₂²⁄2 − mv₁²⁄2 )=-(mgh₂- mgh₁);

егер дененің потенциалдық энергиясы артса, онда оның кинетикалық энергиясы кемиді және керісінше. Еk2 +Еn2 = Еk1 +Еn1

Қорытынды: Тұйық жүйе құрайтын және бірімен-бірі бүкіләлемдік тартылыс күші мен серпімділік күші арқылы әрекеттесетін денелердің кинетикалық және потенциалдық энергияларының қосындысы тұрақты болады.Энергияның сақталу заңының мәнісі осындай Еm= Еk +Еn =const

Бірімен-бірі тартылыс және серпімділік күштері арқылы әрекеттесетін денелердің тұйық жүйесінің толық механикалық энергиясы өзгеріссіз қалады. (жаңа сабақты бекіту)

Page 6: Web view9-сынып. Ашық сабақ ... Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: ... Оқушыларға формулалар

«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген мақалдың тәрбиелік мәні мен физикалық мағынасын түсіндір.Физикалық мағынасы: Білектің күшін түсіндіреді, ал тәрбиелік мәні білек күшіне сеніп, әлі жеткенге күш көрсетуге болмайды, тек ақылмен біліммен ғана жеңу керек.Ой толғаныс. а) Венн диаграммасын толтыру.

Еn ортақ қасиет Еk

Формуланы түрлендіру жұмысы.Оқушыларға формулалар жазылған карточкалар беріледі.Оқушылар берілген формуладан белгісіз физикалық шаманы тауып жылдам жазу керек.

1. ЕК =m v2

2 ; m=?

2. Еn =mqh ; һ=?

3. Еn=k x2

2 ;k=¿?

4. Еm=m v2

2+¿ mqh ; v=¿?

5. m v2

2= k x2

2 ;х=?

6. А = mq (h1 – h2 ) ;h2 =?

7.∆A= mv₂²⁄2 − mv₁²⁄2; v₂=?

Практикалық жұмыс.

Оқушылар қажетті құралдарды таңдап энергияның түрлену заңын қарастырады1.Серіппенің қатаңдығының деформацияға тәуелділігі2.Дененің кинетикалық энергиясының потенциалдық энергияға айналуы IV. Есептер шығару. 19 –жаттығу. №1, №3. 20-жаттығу. №3. №4.

1. Әртүрлі денелердің өзара орналасуы бойынша анықталатын энергия.

2. Е = mqh

1. Денелердің қозғалу салдарынан туындайтын энергия

2. ЕК =m v2

2

1.Өлшем бірлігі

2. Жер бетіндегі тіршілік көзі

Page 7: Web view9-сынып. Ашық сабақ ... Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: ... Оқушыларға формулалар

V. Қорытындылау.Рефлекция жасау VI. Бағалау. VII. Үйге тапсырма: Болашақтың энергиясы .Күн энергиясы .Жел энергетикасы туралы жазба жұмысын жасау, қорғау §22. §23. 19-жаттығу. №2, №4, №5.

11 сынып.Ашық сабақСабақтың тақырыбы: § 2.10. Трансформатор.Сабақтың мақсаты: а/оқушыларға трансформатор ұғымын, трансформатордың атқаратын қызметі, құрылысы, трансформация коэффициенті, катушканың құрылысы туралы түсінік беру ә/ Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін және формулаларды есептер шығаруда қолдана білуге үйрету. Есте сақтау қабілетін, қабылдауын, зейінін тұрақтандыру б/ қарым – қатынас арқылы сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға. Топта жұмыс жасай білуге тәрбиелеуСабақтың типі: жаңа материалды меңгерту.Сабақтың әдісі: ауызша түсіндіру, топтық жұмыс, есептер шығару, ассоциация, ойын элементтері,практикалық жұмысСабақтың пәнаралық байланысы: Автомобиль құрылысыСабақтың көрнекілігі: «Трансформатор» тақырыбындағы презентация, плакаттар, домино, суреттер,трансформатор, катушка, диапроектор,тұрақты ток көзі,кілт, жалғағыш сымдарСабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды үш топқа бөлу «Протон», «Электрон», «Нейтрон. Топ басшыларын таңдау.Топ басшыларына тапсырмалар жазылған бағалау парағы ұсынылады.ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру .Үй тапсырмасы жаңа сабақты түсіндіруге арналған сілтеме болып табылады .«ДОМИНО» ойынының сұрақтары: «Протон» тобына

Page 8: Web view9-сынып. Ашық сабақ ... Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: ... Оқушыларға формулалар

- 1. Айнымалы ток тізбегіндегі конденсаторда кернеу тербелісі ток күші тербелісінен фаза бойынша озады ма, әлде артта қалады ма? Неше радианға?

- Толық жауап бер: Айнымалы ток тізбегіндегі конденсаторда кернеу тербелісі ток күші тербелісінен фаза бойынша 1,57 радианға артта қалады.

- 2. Толық кедергінің формуласын тақтаға жаз және оның құраушыларын ата?

- Z=√ R2+( X L−XC )2. Оның құраушылары: Активті кедергі және

реактивті кедергі.

- 3. Электрқозғалтқыш деп нені айтады?- Электрқозғалтқыш деп электр энергиясын механикалық энергияға

айналдыратын қондырғыны айтамыз.- 4. Қуатты генераторларда якорь қайда орналастырылады статорда ма, әлде

роторда ма?- Қуатты генераторларда якорь статорда орналастырылады.- 5. Тұрақты ток генераторын кері қайыруға болады дегенді қалай түсінесіз?

- «Электрон» тобына-

- 1. Айнымалы ток тізбегіндегі катушкадағы ток күшінің тербелісі кернеу тербелісінен фаза бойынша озады ма, әлде артта қалады ма? Неше радианға?

- Толық жауап бер: Айнымалы ток тізбегіндегі катушкадағы ток күші тербелісі кернеу тербелісінен фаза бойынша 1,57 радианға артта қалады.

- 2. Сыйымдылық кедергінің формуласын жазыңыз.

-XC= 1

ωC

- 3. Ток генераторы деп нені айтады?- Ток генераторы деп энергияның қандай да бір түрін электр энергиясына

айналдыратын қондырғыны айтады- 4. Айнымалы ток күшінің және кернеудің әсерлік мәндерінің

формулаларын жазыңыз.

Page 9: Web view9-сынып. Ашық сабақ ... Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: ... Оқушыларға формулалар

-I=

I m

√2 U =Um

√2-

- 5. Электр тізбегіндегі резонанс кезінде катушкадағы кернеу қайдағы кернеуге тең болады? Резонанс кезінде ХL =ХC екендігін дәлелдеңіз.

- Электр тізбегіндегі резонанс кезінде катушкадағы кернеу конденсатордағы кернеуге тең болады.

X L=ωL=1

√ LC⋅L=√ L

C

XC=1

ωC=

11

√LC⋅C

=1

√CL

=√ LC

ХL =ХC

- «Нейтрон » тобына- 1. Электр тізбегіндегі резонанс деп нені айтады? Ол қандай шарт

орындалғанда байқалады? Формуласын жазыңыз.- Активті кедергі аз болғанда ток күші амплитудасының өте үлкен мәнге

ие болуы электр тізбегіндегі резонанс деп аталады. Ол тізбекке түсірілген сыртқы периодты кернеудің жиілігі тізбектің меншікті жиілігіне тең болғанда байқалады:

-ω рез=ω0=

1√ LC .

- 2.Төменгі кернеуге қанша вольтқа дейінгілер жатады? (1000 В.төмен)

3. Айнымалы ток тізбегіндегі орташа қуаттың формулаларын жазыңыз.

-P=1

2U m I mcos ϕ

P=IU cosϕ- 4. Айнымалы ток тізбегіндегі ток күші тербелісі мен кернеу тербелісі

арасындағы фазалар айырымының тангенсі неге тең?- Айнымалы ток тізбегіндегі ток күші тербелісі мен кернеу тербелісі

арасындағы фазалар айырымының тангенсі реактивті кедергінің активті кедергіге қатынасына тең.

-tg ϕ=

X L−X c

R=

ωL− 1ωC

R - 5.Айнымалы токтың толық тізбегі үшін Ом заңын жазыңыз.

-

I m=Um

√R2+(ωL− 1ωC

)2

Page 10: Web view9-сынып. Ашық сабақ ... Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: ... Оқушыларға формулалар

- ІІІ. Жаңа материалды меңгерту. Экранда трансформатордың түрлері көрсетілген слайд шығады. Әр топтың оқушылары оның қандай құрал екендігін, қай жерде көргендерін өмірмен байланыстырып айта бастайды.

Трансформаторды алғаш рет 1878 жылы орыс ғалымы П.Н.Яблочков ойлап тапқан, кейін оны 1882 жылы И.Ф. Усагинжетілдірді. Қарапайым трансформатор ферромагниттi өзекшеге кигiзiлген өткiзгiштердiң екi жақты орамдарынан тұрады

Бiрiншi реттi орам қоректендiрушi кернеу көзiне, ал екiншi реттi орам тұтынушыларға қосылған. Олардың сәйкес орамдарының саны n1 және n2-ге тең.

Трансформатордың жұмыс iстеу принципi электромагниттiк индукция құбылысына негiзделген. Бiрiншi реттi орамдар арқылы айнымалы ток өткен кезде ферромагниттiк өзекшеде айнымалы магнит ағыны пайда болады. Бұл магнит ағыны өз кезегiнде екiншi реттi орамдарды да тесiп өтетiн болғандықтан осы орамдарда индукциялық ЭҚК-iн туғызады. Егер екiншi реттi орамдар тұтынушыларға қосылған болса, онда бұл тiзбектен де айнымалы ток өтедi. Ал бұл айнымалы ток өзекшеде қайтадан өзiнiң айнымалы магнит ағынын туғызады. Екiншi орамдардың туғызған магнит ағыны өзекшедегi толық магнит ағынын кемiтедi, бұл өз кезегiнде бiрiншi реттi орамдардағы өздiк индукция ЭҚК-iнiң кемуiне алып келедi. Өздiк индукция ЭҚК-iнiң кемуiнен бiрiншi реттi тiзбекте ток арта бастайды да, қоректендiрушi кернеудiң мәнi өздiк индукция ЭҚК-iне теңескенде жүйеде тепе-теңдiк орнайды.

Орамдар санының бiр-бiрiне қатынасын

трансформациялау коэффициентi деп атайды. К>1 болғанда трансформаторлар төмендеткiш, ал K<1 болса жоғарылатқыш трансформаторлар болып табылады. Бiрiншi және екiншi орамдардағы ток күшi, кернеу мен орам сандарының арасында мынадай байланыс бар

Энергияның сақталу заңына сәйкес Р2=P1-Pор-Pөз

Page 11: Web view9-сынып. Ашық сабақ ... Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: ... Оқушыларға формулалар

А

~ u

V

мұндағы Р2=I2U2cosφ2 – екiншi тiзбектен тұтынушылар пайдаланатын қуат, Р1 =I1U1cosφ1 – бiрiншi тiзбекке қоректену көзiнен берiлетiн қуат, ал Рор=I1

2r1+I22r2 – актив кедергiлерi r1 және r2 – ге тең

орамдардағы қуат шығыны да, Рөз– ферромагниттiк өзекшенiң магниттелуiмен байланысты қуат шығыны. Трансформатордың пайдалы әсер коэффициентi (ПӘК)

Бүгiнгi күннiң технологиялары ПӘК-i 97-98% болатын трансформаторлар жасауға мүмкiндiк бередi. Трансформаторлардың электр энергиясын тасымалдаудағы ролi ерекше. Электр энергиясын қашық аралықтарға тасымалдау күрделi ғылыми-техникалық мәселе болып табылады. Бұл жердегi негiзгi мәселе энергия шығынымен байланысты. Өткiзгiштердiң қызуынан болатын энергия шығыны Джоуль-Ленц заңына сәйкес тiзбектегi ток күшiнiң квадратына пропорционал, яғни Q=I2Rt. Олай болса, тасымалдау кезiндегi бос шығынды азайту үшiн тасымалданатын қуатты кемiтпестен, ток күшiн мүмкiндiгiнше азайту қажет. Оның бiрден-бiр жолы кернеудiң шамасын аса жоғары, жүздеген мың вольтқа көтеру. Жоғарғы вольтты электр тасымалдау жүйелерiнiң болуы осымен байланысты. Электр энергиясын өндiретiн жерде кернеудi трансформаторлардың көмегiмен 400-500 мың вольтқа дейiн жоғарылатады да, тасымалдап жеткiзген соң энергияны тұтынатын жерде кернеу 220 В-қа дейін төмендетіледі

IV. Жаңа материалды бекіту.

Практикалық жұмыс. Берілген сызбалар бойынша тізбек құрастыру.Әр топ өзіне қажетті құралдарды таңдап алады да, тізбек құрастырады.Амперметр мен вольтметрдің көрсетуін бақылайды, қорытынды жасайды

«Протон» тобына

«Электрон» тобына

Page 12: Web view9-сынып. Ашық сабақ ... Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: ... Оқушыларға формулалар

АV

~ u

А

- u

V

«Нейтрон» тобына

V. Сәйкестендіру тесті.Өлшем бірліктерді айналдыру

1 10мВт 1 0,000001Вт 2 100мкВт 2 1000Вт3 1кВт 3 0,01Вт4 10000нВт 4 100Вт5 0,001мВт 5 1000000000000Вт6 1гВт 6 1000000000Вт7 10МВт 7 0,0001Вт8 1ГВт 8 0,00001Вт9 1ТВт 9 10000000Вт

Тесті орындап болғаннан кейін оқушылар экрандағы жауабымен тексереді

1-32-73-24-85-1

Page 13: Web view9-сынып. Ашық сабақ ... Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: ... Оқушыларға формулалар

6-47-98-69-5

VІ. «Кім есепке жүйрік?» сайысы

«Протон» тобына

№1

Бірінші реттік орамасында 840 орам бар трансформатор кернеуді 220-дан 660 В-қа дейін жоғарылатады. Трансформация коэффициенті қандай? Екінші реттік орамасындағы орам саны қанша?

№2

Сыйымдылығы С = 2 мкФ конденсатор және индуктивтігі L=3 Гн катушка параллель жалғанып, жиілігі ν = 20 Гц айнымалы кернеу көзіне қосылған. Конденсатор бөлігіндегі ток күшінің лездік мәні 0,2 А болғандағы, резонанстық ток көзіндегі катушкадағы іL ток күшінің лездік мәнін есептеңдер.

«Электрон» тобына

№1

Трансформатордың бірінші реттік орамасындағы ток күші І1=0,5А, оның ұштарындағы кернеу U1=220B. Трансформатордың екінші реттік орамасындағы ток күші І2=11А, оның ұштарындағы кернеу U2=9,5B. Трансформатордың ПӘК –ін тап.

№2

Әсерлік мәні U=127B, жиілігі ν =50 Гц болатын қаланың электр желісіне R=199 Ом активті кедергі мен сыйымдылығы С=40 мкФ конденсатор өзара тізбектей жалғанған.Тізбектегі ток күшінің амплитудасы қандай?

Page 14: Web view9-сынып. Ашық сабақ ... Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: ... Оқушыларға формулалар

«Нейтрон» тобына

№1

Трансформатордың бірінші реттік орамасындағы орама саны n1=100,ал екінші реттік орамасында n1=1000.Бірінші реттік орамасындағы кернеу U1=120B. Жүктемесіз трансформатор жағдайында екінші реттік орамасындағы кернеу қандай? Бұл трансформатор кернеуді жоғарылатады ма? Неше есе?

№2

Егер сыйымдылығы С=1 мкФ конденсатор айнымалы ток үшін ХС=16 Ом кедергі туғызса, токтың периоды мен жиілігі қандай?

Рефлекция жасау.Оқушылар өтілген сабақ бойынша төмендегі кестені толтырады

Білемін Білгім келеді Қосымша қосар едім

Оқушыларды бағалау. Бағалау парағында бағамен оқушының сабақтағы белсенділігін,іскерлігін, шапшаңдығын ескере отырып бағалау

VII. Үйге тапсырма беру.

1. § 2.10. Трансформатор тақырыбын оқып келу. 2. Оқулықтан №2.10.1 есепті шығару3. П.Н.Яблочков пен И.Ф.Усагин туралы реферат жазу.4. Тақырыптың бақылау сұрақтарына жауап беру.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Б.Кронгарт, В.Кем, Н.Қойшыбаев ФИЗИКА 11 сынып Жаратылыстану – математика бағыты Алматы «Мектеп» 2007 жыл

2. Б.А.Кронгарт, В.И.Кем ФИЗИКА Әдістемелік нұсқау 11 сынып Алматы «Мектеп» 2007 жыл3. С.Тұяқбаев, Ш.Тынтаева, Ж.Бақынов ФИЗИКА 11 сынып Есептер жинағы Алматы «Мектеп»

2007 жыл4. Б.А.Кронгарт, В.И.Кем ФИЗИКА 11 сынып Дидактикалық материалдар Алматы «Мектеп» 2007

жыл5. А.П.Рымкевич Физика есептерінің жинағы Алматы, “Рауан”, 1995 жыл

Page 15: Web view9-сынып. Ашық сабақ ... Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: ... Оқушыларға формулалар

9-сынып.

Сабақ тақырыбы: Энергия. Энергияның сақталу және айналу заңы.Сабақ мақсаты:

1.Энергия, энергияның сақталу және айналу заңы туралы түсінік алуға жағдай жасау. Физикалық шама, заң ұғымдарын қайталау, энергия, шамаларын бекіту. Теориядан алған білімдерін есеп шығаруға қолдана білуге үйрету. 2.Оқушылардың өз бетінше ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру. Есте сақтау қабілетін, теориялық білімі мен физикалық тілін, теорияны практикада қолдана білу мен өз ойын қорыта айта білуге үйрету 3.Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Материалистік –диалектикалық көзқарасын қалыптастыру, белсенділікке, өз бетінше жұмыс істей білуге тәрбиелеу. Сабақ түрі: аралас сабақ

Page 16: Web view9-сынып. Ашық сабақ ... Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: ... Оқушыларға формулалар

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, иллюстративті, практикалық, тірек-сызбалармен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау әдісі, сатылай кешенді талдау технологиясы.Құрал-жабдықтар: Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: Электронды оқулық, тірек-сызбалар, слайдтар, компьютер, серіппе, штатив, әр түрлі жүктер, металл шарСабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру:1. Ойды жалғастыр 1.Импулсь дегеніміз..........

6. Реактивті қозғалыс ...........7. Имнульстің сақталу заңы..............8. Зымырандар көпсатылы болып жасалатын себебі.........9. Абсолют серпімді соққы дегеніміз...........10.Абсолют серпімсіз соққы дегеніміз...........6.Тұйық жүйе дегеніміз..........7.Күш импульсінің өзгерісі............2.Шығармашылық жұмыс «Реактивті қозғалыс» презентацияларын көрсетіп, түсіндіреді(2-оқушы бірлесіп жасауға болады)

3.Бірліктер жүйесін қайталау. Оқушылар бір-біріне сұрақтар қойып, соған жауап береді.

ІІІ. Жаңа сабақ. Энергия дегеніміз не?Энергия дегеніміз – дененің жұмыс істеу қабілетін нақты көрсететін физикалық шама. 1 тірек – сызба.

Механикалық энергия: қозғалыс барысында материалық нүктенің күйі үздіксіз өзгеріп, бір күйден екінші күйге өтіп отырады. Осы дененің

немесе материялық нүктенің механикалық күйін сипаттайтын шама

Page 17: Web view9-сынып. Ашық сабақ ... Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: ... Оқушыларға формулалар

Энергия ұғымын физикалық шама ретінде талдау.

Кинетикалық энергия қозғалып келе жатқан дене энергиясы

Потенциалдық энергия денелердің өзара әрекеттесуіне немесе дене бөлшектерінің өзара орналасуына байланысты болатын энергия

ЕК = m v2

2

Еn =mqh немесе Еn= к2

х2

толық энергия:

Еm=Еk+Еn=m v2

2 + mqҺ

Энергияны сипаттайтын, анықтайтын құбылыс пен

қасиеттер

Әсер етіп тұрған күштердің әсерінен дененің физикалық

жұмысы. Биіктікте тұрған дене ауырлық күшінің әсерінен, сығылған серіппе серпімділік күшінің әсерінен

жұмыс істеуге қабілетті

Page 18: Web view9-сынып. Ашық сабақ ... Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: ... Оқушыларға формулалар

Еk қозғалыстағы дене күйін сипаттайды, оның екі белгісі бар. 3. Еk жылдамдыққа тәуелді.4. Оның өзгерісі денеге әсер етуші күш атқаратын жұмысқа тең.

А=∆Eκ; A=Eκ₂ −Eκ₁; A= mv₂²⁄2 − mv₁²⁄2

Еn потенциалдық күштер әрекет еткен дене күйін сипаттайды, оның екі белгісі

3. Еn дене координаталарына тәуелді.4. Оның өзгерісі потенциалдық күштер атқаратын жұмысқа тең

А=∆En; A=-(En₂ − En₁)=-(mgh₂- mgh₁) немесе A=-(En₂ − En₁)=-(kx ₂²⁄2 - kx ₁²⁄2 )

Механикалық жұмыс – энергия өзгерісінің өлшемі жұмыс атқарылғанда энергияның әйтеуір бір түрі өзгереді. А= Еk немесе А=- Еn

Энергияның жеке жағдайлары

Механикалық энергияның түрлері потенциалдық, кинетикалық болат

талдау

Энергияның белгіленуі, анықтамасы

Еm, Еk, Еn әсер етуші күштердің әсерінен жұмыс дененің

механикалық жұмыс атқаруға қабілетін білдіретін шама энергия

айырмасы механикалық жұмыс болады.

Еm=Еk+Еn; Еn =mqh;

ЕК = mv 2 ; Еn=кх 2

Энергияның формулалары

Энергияның басқа шамалармен байланысы

Кинетикалық энергия жылдамдық квадратына тәуелді,

потенциалдық энергия биіктікке не абсолют ұзаруға тәуелді.

Энергияның өлшем 1кг,м2/с2=1Дж ағылшын ғалымы Джоульдің құрметіне аталған.

Қолдануы мен қолдану

шегі

Қарапайым қондырғыларды, механизмдердіңэнергияны

пайдалануда

Page 19: Web view9-сынып. Ашық сабақ ... Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: ... Оқушыларға формулалар

Бір-бірімен өзара әрекеттесетін денелердің әрі кинетикалық, әрі потенциалдық энергиясы болады. Мысалы: ЖЖС (жердің жасанды серігінің) кинетикалық энергиясы бар, өйткені ол қозғалып жүр. Ал «ЖЖС-жер» жүйесінің потенциалдық энергиясы бар, өйткені олар бүкіләлемдік тартылыс күші арқылы өзара әрекеттеседі. Сол сияқты соқтығысқан шарлардың кинетикалық әрі потенциалдық энергиялары болады. себебі олар қозғалыста және серпімді деформацияланған.Өзара әрекеттесетін денелер жүйесінің Еk және Еn қосындысы Еm береді. Еm=Еk+Еn

Мысалы: (1жағдай) осы жағдайда Еk және Еn қоры

Еm= mv12 + mqh,

2 m

h1 v₁

v₂ h2

2 жағдай Дене h2 биіктіктен түсті, V2 қозғалыс кезінде ауырлық күші жұмыс істейді ү А = mq (h1 – h2 ) , ол жұмыс толығымен дененің кинетикалық энергиясын арттыруға жұмсалады.

∆A= mv₂²⁄2 − mv₁²⁄2;

mg h₁ - mg h₂= mv₂²⁄2 − mv₁²⁄2 немесе mv₂²⁄2 − mv₁²⁄2 )=-(mgh₂- mgh₁);

егер дененің потенциалдық энергиясы артса, онда оның кинетикалық энергиясы кемиді және керісінше. Еk2 +Еn2 = Еk1 +Еn1

Қорытынды: Тұйық жүйе құрайтын және бірімен-бірі бүкіләлемдік тартылыс күші мен серпімділік күші арқылы әрекеттесетін денелердің

Page 20: Web view9-сынып. Ашық сабақ ... Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: ... Оқушыларға формулалар

кинетикалық және потенциалдық энергияларының қосындысы тұрақты болады.Энергияның сақталу заңының мәнісі осындай Еm= Еk +Еn =const

Бірімен-бірі тартылыс және серпімділік күштері арқылы әрекеттесетін денелердің тұйық жүйесінің толық механикалық энергиясы өзгеріссіз қалады. (жаңа сабақты бекіту)«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген мақалдың тәрбиелік мәні мен физикалық мағынасын түсіндір.Физикалық мағынасы: Білектің күшін түсіндіреді, ал тәрбиелік мәні білек күшіне сеніп, әлі жеткенге күш көрсетуге болмайды, тек ақылмен біліммен ғана жеңу керек.Ой толғаныс. а) Венн диаграммасын толтыру. Еn ортақ қасиет Еk

Формуланы түрлендіру жұмысы.Оқушыларға формулалар жазылған карточкалар беріледі.Оқушылар берілген формуладан белгісіз физикалық шаманы тауып жылдам жазу керек.

1.ЕК = mv 2 m= 22. Еn =mqh һ= 3. Еn=кх 2 х= 2

4.Еm= mv12 + mqh, v=

25. mv 2 = кх 2 m = 2 26. А = mq (h1 – h2 ) h2 =

1. Әртүрлі денелердің өзара орналасуы бойынша анықталатын энергия.

2. Е = mqh

3. Масса мен көтерілу

1. Денелердің қозғалу салдарынан туындайтын энергия

2. Е= mv2 ,

1.Өлшем бірлігі

2. Жер

Page 21: Web view9-сынып. Ашық сабақ ... Сабақта пайдаланылатын көрнекіліктер: ... Оқушыларға формулалар

7.∆A= mv₂²⁄2 − mv₁²⁄2; v₂=

Практикалық жұмыс.

Оқушылар қажетті құралдарды таңдап энергияның түрлену заңын қарастырады1.Серіппенің қатаңдығының деформацияға тәуелділігі2.Дененің кинетикалық энергиясының потенциалдық энергияға айналуы

IV. Есептер шығару. 19 –жаттығу. №1, №3. 20-жаттығу. №3. №4.V. Қорытындылау.VI. Бағалау.VII. Үйге тапсырма: Болашақтың энергиясы .Күн энергиясы .Жел энергетикасы туралы жазба жұмысын жас ау, қорғау §22. §23. 19-жаттығу. №2, №4, №5.