Маңғыстау гуманитарлық колледжі€¦ · web viewМКҚК...

32
«Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК БЕКІТЕМІН Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары _____________ Ешпанова Г.А. «_____» ___________ 2014 ж. ҚАЗАҚ ТІЛІ Тақырыбы: Негізгі сын есім. Пошта Оқу тобы: ПД-11 Дайындаған: Нурмухамбетова К.Х., орыс топтарындағы қазақ тілі пәнінің оқытушысы

Upload: others

Post on 08-Jul-2020

27 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: Маңғыстау гуманитарлық колледжі€¦ · Web viewМКҚК БЕКІТЕМІН Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

«Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК

БЕКІТЕМІН

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

_____________ Ешпанова Г.А.

«_____» ___________ 2014 ж.

ҚАЗАҚ ТІЛІ

Тақырыбы: Негізгі сын есім. Пошта

Оқу тобы: ПД-11Дайындаған: Нурмухамбетова К.Х., орыс топтарындағы қазақ тілі пәнінің оқытушысы

Ақтау қаласы

Сабақтың тақырыбы: Грамматикалық: Негізгі сын есім

Page 2: Маңғыстау гуманитарлық колледжі€¦ · Web viewМКҚК БЕКІТЕМІН Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Лексикалық: «Пошта» Ситуация арқылы сөйлесі

Бiлiмдiлік мақсаты: негізгі сын есім туралы түсінік беру, сын есімді орыс тілімен салыстыра отырып, практикалық жолдармен меңгерту. Түрлі жаттығу жұмыстары арқылы сын есімдерді дұрыс қолдануға дағдыландыру.

Тәрбиелiк мақсаты: өзге ұлт өкiлдерiне Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлін үйрету арқылы отансүйгіштік сезімді қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты: деңгейлеп саралап оқыту, өзара сөйлесу (диалог), сұрақ-жауап әдістерін пайдалана отырып, оқушының тіл байлығын дамыту.

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Пайдаланған технология: Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы

Сабақтың әдiс - тәсiлдерi: сұрақ-жауап, аудару, деңгейлеп саралап оқыту, аудирование, өзара сөйлесу, тірек-сызба, тест, бірін-бірі тексеру, өзін-өзі бағалау.

Сабақтың көрнекілігі, ТОҚ, плакат, кесте, интерактивті тақта, үлестірмелі материал: компьютер, үлестірмелі карточкалар,

деңгейлік тапсырмалар, бағалау кестесі.

Сабақтың барысы

1. Ауа райы туралы мәлімет (кезекшімен сөйлесу)2. Сұхбат («Дүкенде», «Емханада», «Жол үстінде», «Әмбебап дүкенінде»

тақырыптар арқылы сөйлесу)3. Жаңа сабақ. Негізгі сын 4. Деңгейлік тапсырмалар (оқушылар шағын топпен үш деңгейдегі тапсырманы

орындайды.)5. Мәтінмен жұмыс «Пошта»6. Тест (оқушының білімін компьютер арқылы тексеру)7. Бекіту8. Қорытынды9. Бағалау

Оқытушы сабақтың тақырыбын айтады, мақсатымен таныстырадыОқушыларға бағалау кестесі үлестіріледі

I. Ауа райы туралы мәліметБиыл күз жылы болды. Бүгін желтоқсанның 13-і. Ақтауда таңертең күн салқын

Page 3: Маңғыстау гуманитарлық колледжі€¦ · Web viewМКҚК БЕКІТЕМІН Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

болды. Аспан ашық, бұлтсыз. Күн жауын-шашынсыз. Жерге қар түскен жоқ. Баяу жел еседі. Ауаның температурасы - 5 - 7 градус суық. Ауаның ылғалдылығы - 15%.

II. Ситуация арқылы сөйлесуСитуациялар: «Дүкенде», «Базарда», «Әмбебап дүкенінде»

«Әмбебап дүкенінде»- Қайырлы күн, Гүлназ!- Қайырлы күн, Болат! Не іздеп жүрсін?- Мен ініме ойыншық іздеп едім.- Гүлназ, біз әмбебап дүкенінің қасында тұрмыз, ішіне кірейік.- Бұл жерде ойыншық бола ма?- Әрине, Гүлназ. Әмбебап дүкені үш қабатты үлкен дүкен. Ойыншықтар

екінші қабатында.- Болат , сен маған ойыншық таңдауға көмек етші.- Қара, Гүлназ! Қандай тамаша аю! Ініңе ұнап қалар.- Бағасы қанша екен?- Гүлназ, бұл менің сыйлығым болсын.- Рахмет, Болат, інім бір қуанып қалады ғой.- Кешке кездесейік, Гүлназ.- Жақсы. Кездескенше сау бол.«Аялдамада»- Сәлем, Алена!- Сәлем, Азамат!- Алена, сен оқуға бара жатырсың ба?- Иә, колледжге.- Нешінші автобусты күтіп тұрсың?- Мен үшінші автобуспен барамын. Бүгін автобусты күтіп қалдым.- Алена, жүр жаяу барайық, ауа райы тамаша.- Сабаққа кешігіп қалмаймыз ба?- Жоқ, сабаққа дейін 25 минут бар, үлгіреміз. Мен сабаққа күн сайын жаяу

барамын.- Жақсы. Келістік.

«Дүкенде»- Сізде сиыр еті бар ма?- Бар. Бүгін әкелді. Жас малдың еті, алыңыз.- Бағасы қанша?- Бір килограмм ет 650 теңге тұрады, таңдап алыңыз.- Тартылған ет келді ме? - Тартылған ет өтіп кетті. Ертең сағат 12-де әкеледі. Сиыр етін аласыз ба?- Үш келі шегіңіз.- Сіз кассаға 1950 теңге төлеңіз.- Рахмет. Ертең тартылған етке келермін. Сағат нешеде болады?- Тартылған ет сағат 10-да болады.

III. Жаңа сабақ. Негізгі сын есім

Сын есім - заттың түрін, түсін, сапасын, салмағын, көлемін білдіретін сөз табы.Сұрақтары: қандай? Қай?

1. Тұлғасына қарай

Page 4: Маңғыстау гуманитарлық колледжі€¦ · Web viewМКҚК БЕКІТЕМІН Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

- негізгі сын есім - түбір сан есім (сары, таза, тәтті, терең)- туынды сын есім - жұрнақ арқылы жасалған сын есім (көшпелі, сөзшең,

оқымысты, әлсіз)2. Құрамына қарай

- дара сын есім - бір ғана есімнің сындық белгіні білдіруі (ақ, бойшаң, жасыл, баласыз)

- күрделі сын есім – тіркескен және қосарланған сын есімнің сындық белгіні білдіруі (ақ киімді, қара торы, көп балалы, тап-таза)

3. Мағынасына қарай- сапалық - сындық белгіні анықтайтын төл сын есім (сұр, қызылдау, биік)- қатыстық сын есім - басқа сөз таптарынан жасалған туынды сын есім

(бойшаң адам, өнерлі адам)

IV. Деңгейлік тапсырмаларI топБірінші деңгей (3 оқушы)Зат есімнің есім сөздерден жасалуын көрсетіңіз. Жұрнағын белгілеңізБалықшы, аңшы, жолдас, ауылдас, балалық, орындық, жастық, бастық, әкелік, аналық, аттас.Екінші деңгейСөздерді орыс тіліне аударыңыз. Рыбак, охотник, товарищ, земляк, , молодость, стул, начальник, материнство, отцовство, Үшінші деңгейКөрсеткен сөздермен сөйлем құрыңыз.

II топБірінші деңгей (3 оқушы)Зат есімнің етістіктен жасалуын көрсетіңіз. Жұрнағын белгілеңізБілім, кеспе, атқыш, сүрткіш, тарақ, көрік(вид), жазушы, оқушы, тыйым (запрет),көрме, сатушы. Екінші деңгейСөздерді орыс тіліне аударыңыз.Знание, лапша, стрелок, тряпка, расческа, вид, писатель, ученик, запрет, выставка, продавец.Үшінші деңгейКөрсеткен сөздермен сөйлем құрыңыз.

III топ Бірінші деңгей (3 оқушы)Сын есімнің есім сөздерден жасалуын көрсетіңіз. Жұрнағын белгілеңізМұзды, енді, мәдениетті, таудай, сүттей, сусыз, үйдей, баласыз, күзгі, жазғы, қысқы.Екінші деңгейСөздерді орыс тіліне аударыңыз.Ледяной, широкий, культурный, как гора, как молоко, безводный, как дом, бездетный, осенний, летний, зимний.Үшінші деңгейКөрсеткен сөздермен сөйлем құрыңыз.

IV топБірінші деңгей (3 оқушы)Сын есімнің етістіктен жасалуын көрсетіңіз. Жұрнағын белгілеңізҰмытшақ (забывчивый), еріншек (ленивый), сүзеген сиыр(бодливая корова), қабаған ит (злая собака), білгір, білгіш, мақтаншақ, алғыр, ашуланшақ, өткір.

Page 5: Маңғыстау гуманитарлық колледжі€¦ · Web viewМКҚК БЕКІТЕМІН Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Екінші деңгейСөздерді орыс тіліне аударыңыз.Знающий, грамотный, хвастливый, хваткий, обидчивый, острый.Үшінші деңгейКөрсеткен сөздермен сөйлем құрыңыз.

V. Мәтінмен жұмыс «Пошта»Сөздік жұмысы(Ш.Бектуров, 313-314 беттер)

VI. Тест сұрақтарына жауап береді (тест сабақ жоспарына қоса беріледі)VII. Бекіту

VIII. Қорытынды Оқытушы сұрақтар арқылы өткен тақырыпқа қорытынды жасайды.

VIII. Бағалау

Тест сұрақтары

1. Сын есімнің шырайлары нешеге бөлінеді?

Page 6: Маңғыстау гуманитарлық колледжі€¦ · Web viewМКҚК БЕКІТЕМІН Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

А) 2В) 3С) 4Д) 6Е) 7

2. Етістіктерден сын есім жасайтын жұрнақтарды көрсетіңіз.А) -шы/-шіВ) -лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тікС) -қыш/-кіш, ғыш/-гішД) -ма/-ма, -ба/-бе, -па/-пеЕ) -дар/-дер,-тар/-тер,-лар/-лер

3. Сын есімі бар сөз тіркесін табыңыз.А) Менің атамВ) Сұлу әйелС) Анау балаД) Алты адамЕ) Бес қыз

4. Сын есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?А) 2В) 3С) 7Д) 4Е) 5

5. Күшейтпелі шырайдағы сөзді табыңыз.А) Ол кішкентайВ) Өте ласС) Су суықД) Нан ыстықЕ) Көреміз 6. Сын есім сөзді көрсетіңіз.А) БөлмеВ) ТөсекС) КілемД) КөрпеЕ) Жайлы

7. Сын есімді топты көрсетіңіз.А) Әдемі, кітап, оқулық В) Күзгі, сусыз, ыстықС) Қысқа, жеңіл, киімД) Істеді, жас, көңілдіЕ) Көк, үй, бала

8. Сын есімнің сұрақтарын белгілеңіз.А) Қандай? Қай?В) Кім? Не?С) Кімдер? Нелер?Д) Кімге? Неге?Е) Неше? Қанша?

9. Жай шырайдағы сын есімді көрсетіңіз.А) Әп-әдеміВ) көкпеңбек

Page 7: Маңғыстау гуманитарлық колледжі€¦ · Web viewМКҚК БЕКІТЕМІН Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

С) тым ұзынД) ұзынырақЕ) дәмді

10. Қатыстық сын есімді көрсетіңізА) ҮшеуВ) Қарлы тауС) ҚисықД) АқылсызЕ) Келді

11. Сапалық сын есімді көрсетіңіз.А) Күзгі жауынВ) Қысқы пальтоС) ЖұмсақД) Әкесімен біргеЕ) Биыл бітіреді

12. Дара сын есімді тіркесті көрсетіңіз.А) Өткір көзді адамВ) Ақ киімді адамС) Киім тазаландыД) Көгілдір аспан Е) Теп-тегіс жол

13. Сын есімнің асырмалы шырай түрін көрсетіңіз.А) Тіпті аласа В) СарырақС) Өткір көздіД) КөгілдірЕ) Жұп-жұқа

14. Күрделі сын есімді сөйлемді табыңыз.А) Туған тілім-тірлігімнің айғағыВ) Ата жолын қуса игіС) Алыс-жақын түгел хабарланды Д) Досына адал болЕ) Өнер алды-қызыл тіл

15. Негізгі сын есімді табыңыз.А) АдамВ) БесіншіС) Он шақтыД) Батыл Е) Үй

16. Қатыстық сын есімді табыңыз.А) Өнегелі В) ТереңС) ҚараД) ДалаЕ) Өзің

17. Күшейтпелі шырайдағы сөзді көрсетіңіз.А) ЖеңілдеуВ) Аласалау

Page 8: Маңғыстау гуманитарлық колледжі€¦ · Web viewМКҚК БЕКІТЕМІН Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

С) Ең тәуір Д) СуықтауЕ) Бесеу

18. Сын есімі бар сөз тіркесін табыңыз.А) Анау балаВ) Әдемі балаС) Жеті қызД) Алты адамЕ) Менің әжем

19. Негізгі сын есімді табыңыз.А) НашарВ) Көп балалыС) Тап-тазаД) Аяқ киімдіЕ) Өте жақсы

20. Туынды сын есімді табыңыз.А) НашарВ) ТереңС) ЖұқаД) Көшпелі Е) Тәтті

21. Асырмалы шырайдағы сөзді көрсетіңіз.А) АппақВ) Аса маңызды С) АқшылД) ҮлкендеуЕ) Ақылды

22. Есім сөздерден жасалған сын есімді көрсетіңіз.

А) ЖақсырақВ) БиікС) БілгішД) БаласызЕ) Ашық

23. Сын есімді көрсетіңіз.А) Өнерлі В) Сабақ С) ҰйықтадыД) Он бесЕ) Екінші

24. Салыстырмалы шырай жұрнақтарын ажыратыңыз.А) -лар/-лер, -дар/-дерВ) -ға/-ге, -қа/-кеС) -лау/-леу, -дау/-деуД) -тан/-тен, -дан/-денЕ) -ды/-ді, -ты/-ті

25. Асырмалы шырайдың жасалу жолын анықтаңыз.А) Жұрнақтан жалғануы арқылыВ) Күшейткіш буынның үстелуі арқылы

Page 9: Маңғыстау гуманитарлық колледжі€¦ · Web viewМКҚК БЕКІТЕМІН Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

С) Күшейткіш үстеудің тіркесуі арқылы Д) Сөздердің қосарлануы арқылыЕ) Сөздердің бірігуі арқылы

26. Қатыстық сын есімдерді табыңыз.А) ЖұмсақВ) Қарлы С) ҚысқаД) ДөңгелекЕ) Саясат

27. Сын есімді белгілеңіз.А) Мен, СендерВ) ОтызыншыС) Бес, АлтыД) Қоңыр, ҚараңғыЕ) Аспан, Тамақ

28. Қыста жер қандай болады?А) ҚызықВ) ТайғанақС) МейрамД) АшықЕ) Дала 29. “Әділетсіз”, “Жағымсыз” сөздері қай сөз табына жатады?А) Зат есімВ) Сан есімС) Сын есімД) ЕсімшеЕ) Көсемше

30. “Қандай” деген сұраққа жауап беретін сөздерді көрсетіңіз А) Аяқ киімВ) Күту керек , сақтау керекС) Нәзік, өткірД) Бұлшық еттерЕ) Жүз сексен

Қолданылған дебиеттер

1. Казахский язык для всех.

Page 10: Маңғыстау гуманитарлық колледжі€¦ · Web viewМКҚК БЕКІТЕМІН Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Бектурова А.Ш., Бектуров Ш.К. Издательство «Атамұра», 2004

2. Бейнежазба. Углубленный курс по изучению казахского языка. Видеоучебник.Сүлейменова Э.Д., Қадашева Қ.Қ., Ақанова Д.Х. «Арман-ПВ», 2007

3. Қазақ тілі хрестоматиясы. Оқу құралы. Нығмет Ж.Н. «Білім» баспасы, 2003

4. Қызыл кітап

5. Оқушыларға, студенттерге арналған қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. Исмагұлова Б., Ережепова Э., Әбдіжапбарова Г. «Аруна» баспасы. Алматы, 2002

Page 11: Маңғыстау гуманитарлық колледжі€¦ · Web viewМКҚК БЕКІТЕМІН Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Кәсіби қазақ тілі

Тақырыбы: Өнердің алтың ғасырыҚорытынды сабақ

Өткен күні - 03.12.2011Уақыты - 940 - 1110

Топ - АБ-42Оқытушы - К.Х.Нурмухамбетова,

орыс топтарындағы қазақ тілі пәнінің оқытушысы

Ақтау - 2011

Сабақтың тақырыбы: Грамматикалық: Сан есім. Реттік сан есімнің жасалуы.Лексикалық: «Әсем» тұрмыс үйі

Бiлiмдiлік мақсаты: заттың нақтылы санын, ретін орыс тілімен салыстыра отырып, практикалық жолдармен меңгерту. Түрлі жаттығу жұмыстары арқылы сан есімдерді дұрыс қолдануға дағдыландыру.

Тәрбиелiк мақсаты: өзге ұлт өкiлдерiне Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлін үйрету арқылы отансүйгіштік сезімді қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты: деңгейлеп саралап оқыту, өзара сөйлесу (диалог), сұрақ-жауап әдістерін пайдалана отырып, оқушының тіл байлығын дамыту.

Page 12: Маңғыстау гуманитарлық колледжі€¦ · Web viewМКҚК БЕКІТЕМІН Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Пайдаланған технология: Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы

Сабақтың әдiс - тәсiлдерi: сұрақ-жауап, аудару, деңгейлеп саралап оқыту, аудирование, өзара сөйлесу, тірек-сызба, тест, бірін-бірі тексеру, өзін-өзі бағалау.

Сабақтың көрнекілігі, ТОҚ, сан есімнің кестесі, интерактивті тақта, үлестірмелі материал: компьютер, үлестірмелі карточкалар,

деңгейлік тапсырмалар, бағалау кестесі.

Сабақтың барысы

10. Ауа райы туралы мәлімет (кезекшімен сөйлесу)11. Сұрақ – жауап12. Сауалнама, оның қорытындысы13. Сұхбат («Дүкенде», «Емханада», «Жол үстінде», «Әмбебап дүкенінде»

тақырыптар арқылы сөйлесу)14. Деңгейлік тапсырмалар (12 оқушы үш деңгейдегі тапсырманы орындайды.)15. Тест (оқушының білімін компьютер арқылы тексеру)16. Жаңа сабақ. Сан есім. Реттік сан есім.17. Бекіту18. Аударма жұмысы19. Мәтінмен жұмыс 20. Сөздік жұмысы21. Қорытынды22. Бағалау

Оқытушы сабақтың тақырыбын айтады, мақсатымен таныстырадыОқушыларға бағалау кестесі үлестіріледі

I. Ауа райы туралы мәліметБиыл күз жылы болды. Бүгін желтоқсанның 13-і. Ақтауда таңертең күн салқын

болды. Аспан ашық, бұлтсыз. Күн жауын-шашынсыз. Жерге қар түскен жоқ. Баяу жел еседі. Ауаның температурасы - 5 - 7 градус суық. Ауаның ылғалдылығы - 15%.

II. Сұрақ - жауап

- Сіз қай тілді білесіз?- Сіз үйде қай тілде сөйлейсіз?- Сіз колледжде қай тілде сөйлейсіз?- Достарыңыз қай тілде сөйлейді?- Сіз тағы қандай тіл білесіз?- Сіз қай тілді үйреніп жүрсіз?- Сабақтан тыс уақытта сіз қазақша сөйлейсіз бе?-

III. Сауалнама

Page 13: Маңғыстау гуманитарлық колледжі€¦ · Web viewМКҚК БЕКІТЕМІН Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Қазақ тілін не үшін үйреніп жүрсіз?

1. Қызмет үшін2. Емтихан тапсыру үшін3. Ауылдарға саяхат жасау үшін4. Өзім үшін5. Қазақ тілін зерттеу үшін6. Қазақ тілінде сөйлеу үшін7. Фильмдерді, әндерді түсіну үшін8. Оқуым үшін9. Бәрі үйреніп жүрген соң

IV. Ситуация арқылы сөйлесуСитуациялар: «Дүкенде», «Базарда», «Әмбебап дүкенінде»

«Әмбебап дүкенінде»- Қайырлы күн, Гүлназ!- Қайырлы күн, Болат! Не іздеп жүрсін?- Мен ініме ойыншық іздеп едім.- Гүлназ, біз әмбебап дүкенінің қасында тұрмыз, ішіне кірейік.- Бұл жерде ойыншық бола ма?- Әрине, Гүлназ. Әмбебап дүкені үш қабатты үлкен дүкен. Ойыншықтар

екінші қабатында.- Болат , сен маған ойыншық таңдауға көмек етші.- Қара, Гүлназ! Қандай тамаша аю! Ініңе ұнап қалар.- Бағасы қанша екен?- Гүлназ, бұл менің сыйлығым болсын.- Рахмет, Болат, інім бір қуанып қалады ғой.- Кешке кездесейік, Гүлназ.- Жақсы. Кездескенше сау бол.«Аялдамада»- Сәлем, Алена!- Сәлем, Азамат!- Алена, сен оқуға бара жатырсың ба?- Иә, колледжге.- Нешінші автобусты күтіп тұрсың?- Мен үшінші автобуспен барамын. Бүгін автобусты күтіп қалдым.- Алена, жүр жаяу барайық, ауа райы тамаша.- Сабаққа кешігіп қалмаймыз ба?- Жоқ, сабаққа дейін 25 минут бар, үлгіреміз. Мен сабаққа күн сайын жаяу

барамын.- Жақсы. Келістік.

«Дүкенде»- Сізде сиыр еті бар ма?- Бар. Бүгін әкелді. Жас малдың еті, алыңыз.- Бағасы қанша?- Бір килограмм ет 650 теңге тұрады, таңдап алыңыз.- Тартылған ет келді ме? - Тартылған ет өтіп кетті. Ертең сағат 12-де әкеледі. Сиыр етін аласыз ба?- Үш келі шегіңіз.

Page 14: Маңғыстау гуманитарлық колледжі€¦ · Web viewМКҚК БЕКІТЕМІН Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

- Сіз кассаға 1950 теңге төлеңіз.- Рахмет. Ертең тартылған етке келермін. Сағат нешеде болады?- Тартылған ет сағат 10-да болады.

V. Деңгейлік тапсырмаларI топБірінші деңгей (3 оқушы)Зат есімнің есім сөздерден жасалуын көрсетіңіз. Жұрнағын белгілеңізБалықшы, аңшы, жолдас, ауылдас, балалық, орындық, жастық, бастық, әкелік, аналық, аттас.Екінші деңгейСөздерді орыс тіліне аударыңыз. Рыбак, охотник, товарищ, земляк, , молодость, стул, начальник, материнство, отцовство, Үшінші деңгейКөрсеткен сөздермен сөйлем құрыңыз.

II топБірінші деңгей (3 оқушы)Зат есімнің етістіктен жасалуын көрсетіңіз. Жұрнағын белгілеңізБілім, кеспе, атқыш, сүрткіш, тарақ, көрік(вид), жазушы, оқушы, тыйым (запрет),көрме, сатушы. Екінші деңгейСөздерді орыс тіліне аударыңыз.Знание, лапша, стрелок, тряпка, расческа, вид, писатель, ученик, запрет, выставка, продавец.Үшінші деңгейКөрсеткен сөздермен сөйлем құрыңыз.

III топ Бірінші деңгей (3 оқушы)Сын есімнің есім сөздерден жасалуын көрсетіңіз. Жұрнағын белгілеңізМұзды, енді, мәдениетті, таудай, сүттей, сусыз, үйдей, баласыз, күзгі, жазғы, қысқы.Екінші деңгейСөздерді орыс тіліне аударыңыз.Ледяной, широкий, культурный, как гора, как молоко, безводный, как дом, бездетный, осенний, летний, зимний.Үшінші деңгейКөрсеткен сөздермен сөйлем құрыңыз.

IV топБірінші деңгей (3 оқушы)Сын есімнің етістіктен жасалуын көрсетіңіз. Жұрнағын белгілеңізҰмытшақ (забывчивый), еріншек (ленивый), сүзеген сиыр(бодливая корова), қабаған ит (злая собака), білгір, білгіш, мақтаншақ, алғыр, ашуланшақ, өткір.Екінші деңгейСөздерді орыс тіліне аударыңыз.Знающий, грамотный, хвастливый, хваткий, обидчивый, острый.Үшінші деңгейКөрсеткен сөздермен сөйлем құрыңыз.

VI. Қалған оқушы тест сұрақтарына жауап береді

Page 15: Маңғыстау гуманитарлық колледжі€¦ · Web viewМКҚК БЕКІТЕМІН Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

(тест сабақ жоспарына қоса беріледі)

VII. Жаңа сабақ. Сан есім. Реттік сан есім.

САН ЕСІМ НЕШЕ? ҚАНША?Имя числительное

Заттың ретін, санын, мөлшерінің аттарын білдіредіСан есім обозначает количество предметов, порядок предметов при счете

ДАРА КҮРДЕЛІСАН ЕСІМ САН ЕСІМБір сөзден болады Бірнеше сөзден болады(бір, төрт, отыз) (елу екі, үш жүз он бес)

Сан есімнің түрлері:

1. Есептік сан есім (Заттың нақты, дәл саны)2. Реттік сан есім (Заттың қатар саны) 3. Жинақтық сан есім (Заттың жиынтық саны)4. Болжалдық сан есім (Заттың саны нақты емес)5. Топтау сан есім (Белгілі топтағы заттың саны)6. Бөлшектік сан есім (Заттың бөлік саны)

ЕСЕПТІК САН ЕСІМ НЕШЕ? ҚАНША? «СКОЛЬКО?»

Дара есептік сан есімдер: бір, төрт, он, отыз, қырық, елу, жүз, мың.Күрделі есптік сан есім: он бір, он бес, жиырма үш, отыз тоғыз, үш жүз елу, алты жүз жетпіс алты, екі мың бес жүз сексен бір, үш миллион жеті жүз жиырма төрт мың бес жұз отыз екі.Мен он алтыдамын. Баяндауыш

РЕТТІК САН ЕСІМНЕШІНШІ? ҚАНШАСЫНШЫ? «КОТОРЫЙ?»

Жұрнақтары: - ншы, - нші; - ыншы, - інші.Мысалдар: алты+ншы, екі + нші, он бір+інші, отыз тоғыз+ынші.Ол он бірінші сыныпта оқиды. Анықтауыш

ҚОСЫМША МӘЛІМЕТ

Есептік сан есім зат есімдей есептеледі.Есептік сан есім негізі + жатыс жалғауы +жіктік жалғауы Мен жиырма+ да+ мын. Сен он сегіз- де+ сін. Ол он тоғыз+ да. Сендер он сегіз- де- сіңдер.Егер сан есім санмен көрсетілсе, сан есім мен келесі сөздің арасында сызықша қойылады. Бесінші қабат 5- қабат. Оныншы үй 10- үй. Отыз үшінші маршрут 33- маршрут.

Page 16: Маңғыстау гуманитарлық колледжі€¦ · Web viewМКҚК БЕКІТЕМІН Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Егер сан есімнен кейін «жыл» сөзі немесе айдың атауы болса, сан есім мен келесі сөз бөлек жазылады. Он алтыншы желтоқсан 16 желтоқсан 2008 жылы 2008 жылыЕгер сан айдың атауынан кейін жазылса, жалғаудың алдында – қойылады. Мамырдың 9- ы. Желтоқсанның 16- сы. Тамыздың 30- ы. Мамырдың 1- і.Егер сан есім римдік цифрмен берілсе, сан есім мен келесі сөз бөлек жазылады. Алтыншы бап. VI ғасыр, VIII сынып

VIII. Бекіту97-бет, №12-жаттығу. Үлгі: отыз бір- отыз бірінші97-бет, №13-жаттығу.Үлгі: төртінші - төртінші үй

Есептік сан есімнің септелуі

Дара КүрделіАтау с. бірінші отыз алтыншыІлік с. біріншінің отыз алтыншыныңБарыс с. біріншіге отыз алтыншығаТабыс с. біріншіні отыз алтыншыныЖатыс с. біріншіде отыз алтыншыдаШығыс с. біріншіден отыз алтыншыданКөмектес с. біріншімен отыз алтыншымен

IX. Аударма жұмысы (8-сабақ, 97- бет, 16-жаттығу)I. Девять книг, четыре мальчика, пять стульев, десять учебников, семь дней,

много карандашей, три комнаты, тридцать учеников и т.д. II. 1. В комнате много студентов. 2.Положи пять ложек. 3. В школе сорок

классов. 4. В классе тридцать два ученика. 5. В году двенадцать месяцев. и т.д. III. 1. Двадцать пятая аудитория на третьем этаже. 2. Двести восьмой дом там. 3.

Вон, девятый троллейбус. 4. Десятый класс здесь? 5. Вот, вторая тетрадь. и т.д.

X. Мәтінмен жұмыс. (Ш.Бектуров, 313-314 беттер)«Әсем» тұрмыс үйі.Оқушылар мәтінді оқиды, сөздікке сүйене отырып аударады

XI. Сөздік жұмысышеберхана - мастерскаямүшел той - юбилейелеулі той - знаменательный праздникбылғары - кожажөндеу - ремонттез, шапшаң - быстротақа (өкше - каблуктырнақты бояу - красить ногтишашты жатқызу - делать укладку волос

Page 17: Маңғыстау гуманитарлық колледжі€¦ · Web viewМКҚК БЕКІТЕМІН Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

ұлтарақты ауыстыру - заменить стелькушашты сәнді етіп қию - делать модную стрижкухимиялық жолмен бұйралау - делать химическую завивку

XII. ҚорытындыОқытушы сұрақтар арқылы өткен тақырыпқа қорытынды жасайды.

XIII. БағалауОқушылар берілген кестеге өз бағаларын қояды, ал оқытушы мақтау, мадақтау әдістері арқылы толықтырады немесе кейбір бағаны өзгертіп қояды.

ЖИНАҚТЫҚ САН ЕСІМДЕР - Заттың жиынтық саны(Собирательные числительные)

Page 18: Маңғыстау гуманитарлық колледжі€¦ · Web viewМКҚК БЕКІТЕМІН Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Нешеу? -ау, -еу Екеуі ән салды. - бастауыш

БОЛЖАЛДЫҚ САН ЕСІМНЕШЕЛЕРДЕ? ҚАЙ ШАМАЛЫ?

Заттың саны нақты емес

1. Есептік түбір сан есімге - дай, - даған жұрнақтары қосылады

2. Есептік сан есімге шақты, таман, жуық, шамалы, қаралы, таяу сөздері тіркеседі.

Жиналысқа жиырмадай адам келді.Кабинетте жиырма шақты адам жиналды. Ол екілерде (нешелерде?) келеді. Пысықтауыш

ТОПТАУ САН ЕСІМНЕШЕДЕН?

Белгілі топтағы заттың саны

Олар үш - үштен отыр. Пысықтауыш

БӨЛШЕКТІК САН ЕСІМНЕШЕУ?

Заттың бөлік саны

Алманың екіден бірін ал. Толықтауыш

С А У А Л Н А М А

Қазақ тілін не үшін үйреніп жүрсіз?

1. Қызмет үшін2. Емтихан тапсыру үшін3. Ауылдарға саяхат жасау үшін4. Өзім үшін5. Қазақ тілін зерттеу үшін6. Қазақ тілінде сөйлеу үшін7. Фильмдерді, әндерді түсіну үшін8. Оқуым үшін9. Бәрі үйреніп жүрген соң

Page 19: Маңғыстау гуманитарлық колледжі€¦ · Web viewМКҚК БЕКІТЕМІН Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

2008-2009 оқу жылы

ШП-41 топ Емтихан - 05.01. - 11.01.2008ж.Демалыс - 12.01. - 25.01.2008ж.Диплом алд. практ. дайындық - 26.01. - 01.02.2008ж.Диплом алд. практ. (негізгі) - 02.02. - 01.03.2008ж.Диплом алд. практ. (қосымша) - 02.03. - 08.03.2008ж.Сабаққа - 09.03.2008ж.

АБ-41, АП-42, АБ-43, АП-44, АП-45 Емтихан - 05.01. - 11.01.2008ж.Демалыс - 12.01. - 25.01.2008ж.Диплом алд. практ. (негізгі) - 26.01. - 01.03.2008ж.Диплом алд. практ. (қосымша) - 02.03. - 08.03.2008ж.Сабаққа - 09.03.2008ж.

КӘБ-31Емтихан - 05.01. - 11.01.2008ж.

Page 20: Маңғыстау гуманитарлық колледжі€¦ · Web viewМКҚК БЕКІТЕМІН Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Демалыс - 12.01. - 25.01.2008ж.Диплом алд. практ. (негізгі) - 26.01. - 22.02.2008ж.Диплом алд. практ. (қосымша) - 23.02. - 01.03.2008ж.Сабаққа - 02.03.2008ж.

ТБ-41Емтихан - 05.01. - 11.01.2008ж.Демалыс - 12.01. - 25.01.2008ж.Диплом алд. практ. (негізгі) - 26.01. - 15.02.2008ж.Диплом алд. практ. (қосымша) - 16.03. - 01.03.2008ж.Біліктіліктен өту ( ағаш ұстасы, - 01.03. - 08.03.2008ж.(аспазшы, темір шебері, тігінші, Сабаққа - 09.03.2008ж.

ФБ-41Емтихан - 05.01. - 11.01.2008ж.Демалыс - 12.01. - 25.01.2008ж.Диплом алд. практ. (негізгі) - 26.01. - 01.03.2008ж.Диплом алд. практ. (қосымша) - 02.03. - 08.03.2008ж.Сабаққа - 09.03.2008ж.

МБ-41Емтихан - 05.01. - 11.01.2008ж.Демалыс - 12.01. - 25.01.2008ж.Диплом алд. практ. - 26.01. - 31.05.2008ж.(Предд. практ. с теорией )Экзаменационная сессия - 01.06. - 07.06.2008ж.Государственные экзамены - 08.06. - 28.06.2008ж.

КБ-31Емтихан - 09.02. - 15.02.2008ж.Демалыс - 16.02. - 01.03.2008ж.Диплом алд. практ. (теориясыз) - 02.03. - 31.05.2008ж.Мемлекеттік емтихан - 01.06. - 14.06.2008ж.

2008-2009 оқу жылы

ШП-41 топ Емтихан - 05.01. - 11.01.2008ж.Демалыс - 12.01. - 25.01.2008ж.Диплом алд. практ. дайындық - 26.01. - 01.02.2008ж.Диплом алд. практ. (негізгі) - 02.02. - 01.03.2008ж.Диплом алд. практ. (қосымша) - 02.03. - 08.03.2008ж.Сабаққа - 09.03.2008ж.

АБ-41, АП-42, АБ-43, АП-44, АП-45 Экзамены - 05.01. - 11.01.2008ж.Каникулы - 12.01. - 25.01.2008ж.Преддипломная практ. (основная) - 26.01. - 01.03.2008ж.Преддипломная практ. (дополнит.) - 02.03. - 08.03.2008ж.

Page 21: Маңғыстау гуманитарлық колледжі€¦ · Web viewМКҚК БЕКІТЕМІН Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Занятия - 09.03.2008ж.

КӘБ-31Емтихан - 05.01. - 11.01.2008ж.Демалыс - 12.01. - 25.01.2008ж.Диплом алд. практ. (негізгі) - 26.01. - 22.02.2008ж.Диплом алд. практ. (қосымша) - 23.02. - 01.03.2008ж.Сабаққа - 02.03.2008ж.

ТБ-41Экзамены - 05.01. - 11.01.2008ж.Каникулы - 12.01. - 25.01.2008ж.Преддипломная практ. (основная) - 26.01. - 15.02.2008ж.Преддипломная практ. (дополнит.) - 16.03. - 01.03.2008ж.Квалификационные испытания - 01.03. - 08.03.2008ж.на получение одной из раб. специальностей: столяра, слесаря, швеи, повараЗанятия - 09.03.2008ж.

ФБ-41Емтихан - 05.01. - 11.01.2008ж.Демалыс - 12.01. - 25.01.2008ж.Диплом алд. практ. (негізгі) - 26.01. - 01.03.2008ж.Диплом алд. практ. (қосымша) - 02.03. - 08.03.2008ж.Сабаққа - 09.03.2008ж.

МБ-41Экзамены - 05.01. - 11.01.2008ж.Каникулы - 12.01. - 25.01.2008ж.Преддипломная практ. с теорией - 26.01. - 31.05.2008ж.(без отрыва от теоретического обучения)Экзаменационная сессия - 01.06. - 07.06.2008ж.Государственные экзамены - 08.06. - 28.06.2008ж.

КБ-31Емтихан - 09.02. - 15.02.2008ж.Демалыс - 16.02. - 01.03.2008ж.Диплом алд. практ. (теориясыз) - 02.03. - 31.05.2008ж.Мемлекеттік емтихан - 01.06. - 14.06.2008ж.

Page 22: Маңғыстау гуманитарлық колледжі€¦ · Web viewМКҚК БЕКІТЕМІН Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

«Ұлы Абай барлық ұлт жүрегінде»(әдеби - ән кеші)

1 жүргізуші Лопатина Валентина

Жүрегіңнің түбіне терең бойла,Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.Соқтықталы, соқпақсыз жерде өстім,Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.

Абай

Қымбатты оқытушылар, студенттер!Қазақ халқының ақыны, мақтанышы, ұлы Абайдың туғанына 160 жыл толуына байланысты «Ұлы Абай барлық ұлт жүрегінде» атты әдеби-ән кешін ашуға рұқсат етіңіз.

Қуаныш биі.Орыдайтын АП-22 тобының студенті Қуандыкова Гүлайым.

2 жүргізуші Канциял Регина

Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы.Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,Теп - тегіс жұмыр келсін айналасы.

Қазақ халқының Ұлы ақыны Абай 1845 жылы қазіргі Семей облысының Абай ауданында туған. Абайдың әкесі қатал, қатыгез адам болса, шешесі Ұлжан қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған. Әжесі Зере мен анасы Ұлжан Абайға ертегі, аңыз, әңгімелер айтып тәрбиелеген. Абай есімімен қазақ топырағына философиялық және стилистік бағыттағы жаңа поэзия келді.

Page 23: Маңғыстау гуманитарлық колледжі€¦ · Web viewМКҚК БЕКІТЕМІН Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

«Құлақтан кіріп, бойды алар». Орындайтын ФБ-21 тобының студенті Ершова Надежда. Кәне, қарсы алайық!

1 жүргізуші Лопатина Валентина

Абайдың әкесі оқудан шығарып алғаннан кейін ол өз бетімен «Приходская школада» үш ай оқиды, орыстың тілін үйренеді. Пушкиннің, Лермонтовтың, Крыловтың шығармаларын қазақ тіліне аударады.

1. Лермонтов. «Бородино». Орындайтын ТБ-11 тобының студенті Токиева Елена.

2. Кезекті әсем биге берейік!«Нұр шашу». Орындайтын АП-15 тобының студенті Архипова Диана. Диананы қошеметтеп қарсы алайық!

Құлақтан кіріп, бойды аларЖақсы әнмен тәтті күй.Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй.

3. Абай. «Желсіз түнде жарық ай». Орындайтын ДБ-31 тобының студенттері: Искендирова Виктория. Лойко Дарья, Лопатина Валентина, Дүйсенова Әсел, Суслина Галина. Әншілерді қарсы алайық!

2 жүргізуші Канциял Регина

Абайдың табиғат лирикасында ақынның ой-сезімі, жан дүниесі де терең ашылған. Ол өзінің шығармаларында жыл маусымдарын: қысты, күзді, көктем мен жазды қайталанбас, соны бояулармен бейнелеп берді. «Қыс», «Күз», «Жазғытұры», «Қараша, желтоқсан мен сол бір-екі ай», «Жаз» өлеңдерін білмейтін бірде - бір студент жоқ.

1. Абай. «Қыс». Орыдайтын АБ-23 студенті Румянцева Дарья

Абай пейзажды адамның тұрмыс кешетін табиғи ортасы, мекен-жайы ретінде ала отырып,әлеуметтік өмірмен, қазақ халқының көшпелі тұрмысымен тығыз байланыстыра көрсетеді.

2. Абай. «Күз». Орындайтын АП-14 тобының студенті Баграмян Яна

Қошеметтеп қол соғайық, студенттер!

Page 24: Маңғыстау гуманитарлық колледжі€¦ · Web viewМКҚК БЕКІТЕМІН Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

3. Фортепьяно. Дүйсекеев. «Ән».Орындайтын АБ-13 тобының студенті Ахметова Мадина

Рақмет Мадина, өркенің өссін!

1 жүргізуші Лопатина Валентина

Жасымда ғылым бар деп ескермедім, Пайдасын көре тұра тексермедім.Ержеткен соң түспеді уысыма, Қолымды мезгілінен кеш сермедім.

Абайдың «Интернатта оқып жүр», «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдері болыс – билерді, оның балаларын қатты сынға алған. Ол қазақ халқын мәдениетті болуға, орыс халқынан үлгі алуға шақырған.

Абай. «Ғылым таппай мақтанба». Орындайтын ТБ-11 тобының студенттері.Рақмет, қыздар!

2 жүргізуші Канциял Регина

Абай 1904 жылы қайтыс болды, бірақ оның шығармалары өлген жоқ, оның өлеңдері, әндері әлі айтылып келеді, әлі де айтылмақ.

Өлең деген - әр сөздің ұнасымы,Сөз қосарлық, орайлы жарасымы.Сөзі тәтті, мағанасы түзу келсе, Оған кімнің ұнасар таласуы?

Абай. «Көзімнің қарасы». Орыдайтын ДБ-31 тобының студенттері. Әнші қыздарға тағы да қол соғайық!1 жүргізуші Лопатина Валентина

Бұл күндері Абайды, оның шыгармаларын дүние жүзі біледі. «Абай жолы» роман- эпопеясында Абайдың кішкентай балалық шагынан азамат ақын дәрежесіне жетуі көрсетілген. Абайды «Абай жолы» роман-эпопея арқылы қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов дүние жүзіне танытса, ұлы Абай арқылы Мұхтар Әуезов танылды.

Абайдың қара сөздері. Он тоғызыншы сөз. Орындайтын АП-33 тобының студенті Романова Мария

Би. «Абай тойына шашу».

Page 25: Маңғыстау гуманитарлық колледжі€¦ · Web viewМКҚК БЕКІТЕМІН Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Орындайтын ТБ-11 топ студенттері. Қарсы алайық!!!

2 жүргізуші Канциял Регина

Абай сөз өнерінің, өлеңнің, ән мен күйдің маңызын аса жоғары бағалағаны жиі айтылып келеді. Ақын поэзияның танымдық, тәрбиелік мәнін терең түсініп, оны адам мінезін, заманды түзеудің күшті құралы деп қарағанын көптеген олеңдерінен байқаймыз.

Осындай шығармаларының бірі «Өзгеге, көңлім, тоярсың».Орындайтын МБ-«» тобының студенті Шарудило Елена. Әсем әнді тыңдайық, студенттер!

2 жүргізуші Лопатина Валентина

Адам өмірі, сұлу да қайғылы ғұмырдың мәңгі гармониясымен қозғалады. Туған халқының ардагер азаматы болған Абай, адам алдындағы парызына дақ түсірмей, ақиқатқа жан-тәнімен қызмет етіп өтті.

Мир вечен, един и гармоничен, объясняет Абай. Он как истинный гражданин выполнил свой долг до последнего дыхания и оставался честным в стремлении к истине.

Қазақ биі «Ғафиз», орындайтын ТБ - 11 тобының студенттері Достанова Салтанат және Елешова ҰлжанЕкі биші қыздарымызды қарсы алайық!

2 жүргізуші Канциял Регина

Қымбатты оқытушылар, студенттер! Әдеби кешімізге келіп тыңдағандарыңыз үшін оқытушыларымыз Клара Хайрлиевна мен Ақшолан Аманбековнаға өз атымыздан үлкен рақмет айтамыз.

1 жүргізуші Лопатина Валентина

Құттықтау сөзді колледжіміздің басшысы Анна Васильевнаға береміз.

Сау болыңыздар!