bazis news - kk.bazis.kz file72 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы аяқталды....

28
BAZIS NEWS №4-5 01/05 2017 23 сәуірде Алматыда спорт әу- есқойларының «Алматы Марафон» халықаралық мерекесі алтыншы мәр- те өтті. Жылдың басты спорт шара- сына Қазақстанның барлық аймағы мен әлемнің 38 елінен 13 мыңнана- стам адам келді! Қатысушылардың арасында «БАЗИС-А» командасы да болды. Толығырақ 6 бетте. 72 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы аяқталды. Бұл жеңіс миллиондаған адамның өмірін жалмап, азап пен тауқымет тартқызды. Тарихтың ауыр да қайғылы парақтары әр шаңырақты шарпыды.«БАЗИС-А» компаниялар Тобы қызметкерлерінің ата- аналарының, ата-әжелерінің ҰОС майдандарында қалай шайқасқаны туралы 2 беттен оқыңыз. «БАЗИС» ҚК қызметкерлері Алматыда өткен екі бірдей бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты, жоғарғы оқу орындары түлектерінің қазіргі заманғы экономика жағдайындағы жұмысқа орналасуы мәселелері талқыланған дөңгелек стөлде сөз сөйледі, еліміздің ең ірі және көне техникалық универсиеті ҚазҰТЗУ-мен ынтымақтастық жөнінде екі жақты меморандумға қол қойды. Толығырақ 16 бетте. Алматыдағы «Нұрлы-Дала» жаңа тұрғын ауданы жарқын қасбеттерімен, жайлы пәтерлерімен, абаттандырылған аумақтарымен және пәтерлердің 6 миллион теңгеден басталатынадам сенгісіз бағасымен ерекшеленетін болады! Мән-жайды нысан құрылысының басқарушы директоры СкандарбекЖумадулаевпен оның орынбасары Райымжан Изатов 8 бетте айтып береді. Осы саннан оқитындарыңыз: «БАЗИС» командасының жаңа жеңістері! Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды БАЗИС ҚК мансап жаса! «Нұрлы-Даладан» әркім өз бақытын табады!

Upload: others

Post on 03-Sep-2019

36 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: BAZIS NEWS - kk.bazis.kz file72 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы аяқталды. Ол соғыс қымбатқа түсті, миллиондаған адамның

BAZIS NEWS№4-5 01/05

2017

23 сәуірде Алматыда спорт әу-есқойларының «Алматы Марафон» халықаралық мерекесі алтыншы мәр-те өтті. Жылдың басты спорт шара-сына Қазақстанның барлық аймағы мен әлемнің 38 елінен 13 мыңнана-стам адам келді! Қатысушылардың арасында «БАЗИС-А» командасы да болды. Толығырақ 6 бетте.

72 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы аяқталды. Бұл жеңіс миллиондаған адамның өмірін жалмап, азап пен тауқымет тартқызды. Тарихтың ауыр да қайғылы парақтары әр шаңырақты шарпыды.«БАЗИС-А» компаниялар Тобы қызметкерлерінің ата-аналарының, ата-әжелерінің ҰОС майдандарында қалай шайқасқаны туралы 2 беттен оқыңыз.

«БАЗИС» ҚК қызметкерлері Алматыда өткен екі бірдей бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты, жоғарғы оқу орындары түлектерінің қазіргі заманғы экономика жағдайындағы жұмысқа орналасуы мәселелері талқыланған дөңгелек стөлде сөз сөйледі, еліміздің ең ірі және көне техникалық универсиеті ҚазҰТЗУ-мен ынтымақтастық жөнінде екі жақты меморандумға қол қойды. Толығырақ 16 бетте.

Алматыдағы «Нұрлы-Дала» жаңа тұрғын ауданы жарқын қасбеттерімен, жайлы пәтерлерімен, абаттандырылған аумақтарымен және пәтерлердің 6 миллион теңгеден басталатынадам сенгісіз бағасымен ерекшеленетін болады! Мән-жайды нысан құрылысының басқарушы директоры СкандарбекЖумадулаевпен оның орынбасары Райымжан Изатов 8 бетте айтып береді.

Осы саннан оқитындарыңыз:

«БАЗИС» командасының жаңа жеңістері!

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды

БАЗИС ҚКмансап жаса!

«Нұрлы-Даладан» әркім өз бақытын табады!

Page 2: BAZIS NEWS - kk.bazis.kz file72 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы аяқталды. Ол соғыс қымбатқа түсті, миллиондаған адамның

ЕШКІМ ДЕ, ЕШНӘРСЕ ДЕ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ72 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы аяқталды. Ол соғыс қымбатқа түсті, миллиондаған адамның өмірін жалмады, қаншама азап пен тауқымет тартқызды. Тарихтың сонау ауыр да қаралы беттері шалмаған шаңырақ жоқ. «БАЗИС-А» компаниялар Тобы қызметкерлерінің әжелері, апа-аталары Ұлы Отан соғысындағы әскери қимылдарға қатысқан. Олардың батылдығы мен жанқиярлығының, қаһармандығы мен қажырлылығының арқасында біз бүгін өмір сүріп жатырмыз және болашаққа сеніммен қараймыз! Қаза болған және көзі тірі батырлардың ұрпақтары, біздердің міндетіміз – Отанды қорғау жолында жанын пида еткендерді құрмет тұту, ұлы жеңімпаздардың сансыз ерліктерінің ұмытылуына жол бермеу, бейбітшілік пен бостандықты сақтау. Батырлардың алдында басымызды иеміз! Ашық аспанымыз үшін Сіздерге рахмет!

«Қасиетті соғыс ескірмек емес …»Ұлы Отан соғысының ардагері Владимир Николаевич Юдиннің өмір-тарихын BazisNews редакциясына оның немересі, «БАЗИС» ҚК» ЖШС ұйымдық даму және қызметкерлермен жұмыс жөніндегі вице-президенті Валерия Юдина жолдапты. Өз кезегінде Валерия оны тәтесінен, батырдың қызы ЛюдмилаМиланинадан білген, әңгіме сол кісінің атынан баяндалады.

Тарихтың басталуыВладимир Николаевич Юдин мектепті

Ленинград университетінің тарих факультетіне оқуға түссем деген арманмен тәмамдайды. Оқуға түсу емтихандарының бірі –неміс тілі болатын, сол пәннен сүрінуім мүмкін деп сескенетін (бұл пәннен төрт шыққан еді),сондықтан, мектепті бітіргеннен кейін Мәскеу шет тілдері институтына сырттай оқуға түсіп, бір жыл ауыл мектебінде мүғалім болды. Бір жылдан кейін неміс тілін меңгеріп, пароходпен Ленинградқа тартты.

Алайда, өзі армандаған жоғарғы оқу орнына түскен кезде оның жатақханасы жоқ болып шықты, бір жылдан кейін ғана салынып бітеді екен. Тұратын жер болмады. Барлық жерде кедейшілік еді,адамдар жартықұрсақ

жүретін. Әкемнің құжаттарын қайтарып алып, жатақханасы бар ауылшаруашылығы академиясына ауысуына тура келді. Түнде баржалардан жүк түсіріп, нәпақа тапты, күндіз білім алып, тарих туралы армандайтын. Шаңғы мен конькиді жақсы тебетін, студенттік жарыста жүлдегер атанды. Ауылшаруашылығы академиясының хатшы қызымен достасты, екеуі бірге конькимен жүгіру спортымен айналысты. 1-курсты аяқтаған соң университетке қайтадан түскен жөн деп шешті. Құжаттарын бермеді, бірақ дос қызы оларды ауылшаруашылығы академиясынан алып беруге көмектесті. Осылайша ол қайтадан Ленинград университетінің тарих факультетіне түсті.

Осылайша, неміс тілінің екі курсы мен ауылшаруашылығы академиясының бір курсы артта қалды. Ақыры өзі аңсаған жерде оқып жатыр! Түнделетіп баржаларда жүк түсіріп, сол замандағы барлық студент секілді күн көріп жатты. Ойлағанының барлығы іске асқандай көрінген – бірақ олай болмай шықты! 3-курсты бітіргеннен кейін фин соғысы басталды, әкемді соғысуға жібереді. Бір жылын сонда өткізді. Кейін, 4-курсты аяқтағанда – Ұлы Отан соғысы басталады. Оны тағы да алғашқылардың қатарында майданға алып кетеді.

Соғыс 1941 жылдың 22 шілдесінде әкемді әскерге

шақырады, Орталық майданға жіберетін болып шешеді. Бірден Львовтағы жаяу әскер училищесіне аттандырады. Онда ол лейтенант шенін алып, зенитті-пулеметті взводтың командирі болып тағайындалады, ал бір жылдан кейін екпінді ротаның командирі болады.

Мәскеу түбінде кескілескен шайқас жүріп жатады. Әкем батальон құрамында немістердің

тылына кіріп, белгілі бір орынды тартып алып, оны «біздікілер» келгенге дейін бір апта ұстап тұру туралы тапсырма алады. Батальон міндетті бұлжытпай орындады – тек сол орынды бір апта емес бір ай бойы ұстап тұрды, жәрдем келе қоймады… Кейін соғыстан кейінгі дерек көздерінен анықталғанындай, солдаттарымыз мінгенэшелон шабуылға ұшыраған екен. Позицияны тастап кету туралы бұйрық болмады, батальон сол орнында тұра берді, солай бола тұра олардың «өздерімізге» оралуына мүмкіндік те болған еді. Бұл уақытта оқ та таусыла бастаған болатын, солдаттар ашыға бастады. Бірақ соғыста бұйрықсыз ешнәрсе орындалмайды. Немістерге көмек жетіп, кезекті шайқаста батальон соққыға ұшырады, тірі қалғандары, жүре алмайтын ауыр жаралылартұтқынға түседі.

Жараланған әкем Австрия аумағындағы әскери тұтқындарға арналған Маутхаузен лагеріне түседі.Мұнда оның неміс тілін білетіні көмектеседі. Тұтқындар тас қашалған орындарда жұмыс істеді. Басқа лагерьлердегі секілді оларды да қорлайды. Аты аңызға айналған генерал Дмитрий Карбышев әкеммен бірге бір лагерьде болады, оны да фашистер әбден қорлайды: генералдың үстіне су құйып, оны мұзды мүсінге айналдырады…

Бұл жерде жалпы көптеген кеңес офицері болды, лагерьде оларға арналған арнайы корпус болды. Әкем бірде тұтқындардың бірден әлдебір түсініксіз аурумен жаппай ауырғанын, көбінің дерлік қайтыс болғанын айтқан еді. Әкем де сол аурумен ауырып бірнеше күн ес-түссіз жатады. Өз-өзіне келген кезде қабырғаға таяқшаны тырналап сала берген – осындай таяқшаның саны 23-жетіпті… Дәрігерге тарихты жақсы білетін орыспен әңгімелесу қызық болатын, ол оның сауығуына көмектеседі. Сонымен бірге, әкемнің айығуына оның денсаулығының мықты

2

BAZIS NEWS №4-5/ 01.05.2017

Page 3: BAZIS NEWS - kk.bazis.kz file72 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы аяқталды. Ол соғыс қымбатқа түсті, миллиондаған адамның

болғандығы, спортпен жаттыққандығы көп көмектеседі.

Лагерьде тұтқынға түскен француздарда болды. Оларға туған-туыстарынан сәлемдеме алуына рұқсат етеді, француздар оны алған кезде лагерьдің тамағын байқатпай орыстарға беретін…Соғыстың соңына қарай Германияның жеңілгені анық бола бастағанда тұтқынға түскен кеңес офицерлерін өздерінің жауыздықтарын жасыру үшін Альпіге тықсырмақшы болады. Алайда қараушылардың өздері-ақ беті ауған жаққа қаша бастаған еді, ал қалып қойғандарының қаруын тұтқындар алып қояды. Лагерьді америкалықтар босатады. Бірақ оларға ешкімді қорғаудың қажеті болмайды, себебі фашистер ол кезде жан-жаққа қашып, тұтқындар өздерімен өздері қалған болатын.

Осы соғыста Сталинград түбінде анамның бірінші күйеуі – саясижетекшіАндрей Тимошенко қаза болады. Ол соғысқа кеткенде анам екіқабат еді. Ол өзінің қызды болғанын білді, бірақ оны көруді жазбапты –қызы 3 айлық кезінде қайтыс болып кетті.

Соғыстан кейінгі соғыс… немесе

соғыстан кейінгі түстер…Соғыс елді күйзелтіп кетті. Әкем

университеттегі оқуын жалғастыра алмады. Барлық құжаттарды қайта қалпына келтіру керек болды, курстастарды іздеу қажет болатын, олардың тірі қалғандарыда санаулы ғана еді, олардың өзі де жан-жаққа бытырап кеткен. Іздеу үшін ақша мен уақыт қажет еді – екеуі де жоқ болатын. Тұтқында болғандардың көбінің басқан қадамдары аңдулы болды…

Оның үстіне ол кішкентай қызы бар, әкелері соғыста қаза тапқан әдемі жас жесірді кездестірді, олар оны әкеміз келді екен деп ойлап қалады… Осылайша жаңа отбасы дүниеге келеді.

Әкем құрылыс курстарын бітіріп, құрылысшы болып жұмыс істей бастайды. Ол кезде салатын да, қайта қалпына келтіретін де нәрсе жетерлік еді, халық шаруашылығында да солай болатын. Адамдарға тамақ тауып беру қажет болды. Барлығына жететін астық өсіру үшін Қазақстанда тыңайған жерлерді игеру қажет деп шешілді. Ата-анам«тыңдыигеруге»аттанады. Әкем құрылыс салатын, анам театрда шығармашылық жұмыспен айналысты.

Соғыс та сонау артта қалғандай көрінетін, оны еске түсірмеуге тырысатын.Бірақ бірде түнде әкемнің барлығымызды оятып жіберген әлдеқандай айқайлаған дауысы естілді. Ешкі ешнәрсе де түсінген жоқ, әкеміз нашар түс көрген шығар дедік. Алайда біраз уқыттан кейін түнгі дауыстар қайталанды, оның не айтқаны анық естілетін болды, ол «Атпаңдар! Атпаңдар! Атпаңдар!» деп айқайлайтын. Үйдегілердің барлығы оянатын. Әкем ас бөлмесіне кетіп қалатын да қолдарын үстелге қойып ұзақ отыратын, жүзінен бізді оятып жібергеніне қысылғандық байқалып тұратын. Алменің осынау жасы келген, жанары жасқа шыланған мығым адамға жаным ашитын, әкем көріп қойып түсінбей жүрмесін деп жасымды білдіртпей жастыққа төгетінмін. Оны неліктен «Атпаңдар!» деп айқайлайтынын білгім келетін, біздің білуімізше соғыста керісінше «Атыңдар!» деп

айқайлауы тиіс емес пе. Ол десантта операция кезінде жау қарсыласын байқап қалмауы үшін жасырын болуы қажет екендігін айтып түсіндіретін. Абайсызда атылған қару бүкіл операцияны бүлдіруі мүмкін еді, сондықтан тіпті сөйлемейтін де, белгілі бір белгілермен ғана түсінісетін. Ал жақын маңнан неміс солдаты өтіп бара жатуы мүмкін және ондайда оны атып өлтіру туралы ой пайда болады. Бірақ ол арқылы бүкіл топты ұстап беруің мүмкін. Сондықтан әкем арнайы бұйрықсыз атпауды үнемі қайталап отырған. Әрине, мен ол кезде баламын, бұл маған қатты әсер етті, әкем қайтыс болып кетсе де сол әңгімелер әлі де жадымда.

Соғыстан кейінгі барлық құжаттары сақталды. Оны бастапқыда «шеттеті», университеттегі оқуын жалғастыра алмады, 4 курс оқығанның өзінде солай болды! Ол осы үшін де Қазақстанға кетіп қалды. Біраз уақыт әскери тұтқындарға арналған лагерьде жұмыс істеді, анаммен де сол жерде танысқан. Кейін оны ол жерден жұмыстан шығарады. Сонда ол құрылыс курстарына барады. Бір сөзбен айтқанда,анамның бірінші күйеуінің тірі қалған достары мен таныстары көмектеседі. Андрей Тимошенко жедел уәкіл болатын, майданда саяси жетекші болған. Сондықтан әкемді ақыры қоя береді.

Кейін ғана ҰОС қатысушысы ретінде марапаттала бастады, бірақ ешқандай да жеңілдікті пайдаланбауға тырысатын. Өмірі ренішпен өтті. Зейнетке шыққанда ғана марапаттарды ала бастады, ал негізі Жоғарғы кеңестің құрылысқа сіңірген еңбегі үшін грамотасынан да бас тартты (т/ж-ауруханалар кешені, т/ж-вокзалы және т.т.).

Басқа өмір сүрді. ТВ-дан әскери фильмдерді көрген кезде жанары жасқа шыланатын. Оларды қоршауда қалдырып кеткен еді ғой. Батальонның жоғары бастықтары түнде қашып кетті, солдаттар оянса–ешкім жоқ, шені ең жоғары әкем мен көкжиектегі немістер ғана бар. Барлығын аман алып қалуға болатын еді, бірақ «жоғарыдан» бұйрық болған жоқ.Кейін батальонды тастап кеткен сол бастықтар батыр ретінде марапатталып жатты – аты-жөндері белгілі, ал әкем олардың атын естігенде кірпідей жиырылатын. Сондықтан аталарың соғыста бүкіл өмірін жоғалтты...

Мен тек әкеме ғана емес, сонымен бірге барлық офицерлер мен солдаттарға – Маутхаузен концлагерінің тұтқындарына арнап өлең жаздым. Әуенге ыңғайлағым келген, ол мүмкін болмады. Бәлкім,ұрпақтарымның бірі, ұлым, немерелерім немесе шөберелерімнің бірі өлеңіме әуен жазып, жақсы бір ән пайда болар. Өлеңдерімді әкемнің тыңдай алмағаны секілді ол әнді менің де ести алмайтыным өкінішті… Оның тарихшы бола алмағаны, өмірінөзінің соғыстан кейінгі жаман түстерінде көретіндей етіп өзгертіп жіберген тарихи оқиғалардың құртақандай ғана бөлшегі болғаны өкінішті. Ол түсінде де соғысып жүретін, оянған соң ашық аспанды көретін… Соғыс тек ғимараттарды ғана бүлдірмейді. Соғыс тағдырларды да талқандайды. Олардың жалғасы болып жаңа ұрпақ өсіп келеді, бірақ бұл енді басқа әңгіме…

МОЕМУ ОТЦУ ПОСВЯЩАЕТСЯ

Для Священной Войны срока давности нет.

Уж давно не десантник, на вихрах белый снег.

Приказать снам нельзя не тревожить его.

Сотни жизней в руках в этих снах у него…

И кричит по ночамНе старик, но солдат:

«Не стрелять! Не стрелять!Не стрелять, не стрелять…».

Преступленьям и подвигам срока

давности нет.Разве можно забыть Ледяной

Монумент,Где запомнится сердце живым

навсегда?А надежду, надежду – не убьют

никогда!

И из шепота в крикНочь взорвется опять:

«Не стрелять, не стрелятьНе стрелять, не стрелять!»

Не забыть тыл врага. Как выход

найти?У десантника нет, нет иного

пути.По углям горячим ползет

батальон…Как кожа дымится, видит он

этот сон.

И опять прохрипитСквозь зубы солдат:

«Не стрелять, не стрелятьНе стрелять, не стрелять!»

Есть команда «огонь», есть

команда «вперед»,Подчиняются им батальон, рота,

взводНо сложнее приказ, надо это

понять, «Не стрелять, не стрелять, не

стрелять, не стрелять!»

И кричит по ночам Не старик, а солдат – Хоть войны нет давно,

С ним она все равно.

И кричит по ночамНе старик, но солдат:

«Не стрелять, не стрелятьНе стрелять, не стрелять!!!»

Людмила Миланина

МӘҢГІЛІК ЕСТЕ

3

(Жалғасы 4 бетте)

Page 4: BAZIS NEWS - kk.bazis.kz file72 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы аяқталды. Ол соғыс қымбатқа түсті, миллиондаған адамның

адал қызметің үшін үлкен алғыс саған, Сонечка. Өзіңмен бірге соғыстың бүткіл азабын тартқан құрбыларыңды ұмытпа. Мені де ұмытпа және қызмет кезінде саған көрсеткен дөрекіліктерім үшін мені сөкпе. 13.9.45 ж. Комсомольск» (орфография мен пунктуация сақталған).

Соғыстан кейін Софья Федоровна алдымен Башқұртстанға оралады, онда ол дайындау кәсіпорнында істейтін. Кейін олар атаммен бірге Абхазияға көшіп, сонда үйленеді. Атам қайтыс болғанда әжемізді өзімізге алдырттық.

Әжем, анамның анасы, Драгунова Вера Григорьевна 1925 жылы туған. Соғысқа

ЖЕҢІСТЕРІҢІЗ ҮШІН РАХМЕТ!Қаһармандар отбасы «Көзіме жас алмай айта алмаймын, ғафу

етіңіздер, бұл мен үшін қашанда оңай емес» – дейді діріл аралас дауыспен жанары жасқа шыланған «Базис» құрылыс компаниясы» ЖШС Алматыдағы Филиалының жоспарлы-экономикалық бөлімінің бастығы Наталья Карпенко.

– Әжемді, анамның анасының көзін көрдім. Ол да, әкемнің әкесі де туыстарымыздың айтуынша, жарытып естелік айта бермейді екен. Бұл ақпараттарды біртіндеп жинадық. Қазір деректер мен құжаттар жарияланады, бірақ олардың өзі де толық емес. Мысалы, әкемнің әкесі Ковалев Владимир Сергеевич туралы бұл құжаттарда оның Жапон соғысына қатысқаны туралы ғана ресми бяандалады. Бірақ, барлық мұрағаттар ашылып, түптің түбінде бәрі өз орнына келеді деген сенімдеміз».

Наталья мен оның отбасы жинаған ақпараттар бойынша, Ковалев Владимир Сергеевич 1919 жылы Башқұрт КСРА Улу-Теляк ауданының Улу-Теляк ауылында

дүниеге келген. Қызыл Армия қатарында 1939 жылдан қызмет еткен, ол жерге Челябі облысының Ашан АӘК шақырылған болатын. 1942 жылға дейінартиллерияда соғысты. Атқыш-радистер мектебін бітіргеннен кейін 1942 жылдың соңынан әуе атқыш-радисті болды. «Әскери қызметі үшін» медалімен марапатталған. Марапаттау туралы бұйрықтың үзінді көшірмесінде былай деп жазылған: «Аға сержант Владимир Сергеевич Ковалев – 2 эскадрильяның әуе атқыш-радисті. Жапон империалистерінің Симусю және Парамушир аралдарын тартып алуына қарсы әскери қимылдар кезінде 8 рет әскер ұшу жасады. Өзінің жанкешті еңбегіментоп ішінде экипажды командалық пунктпен үздіксіз радиобайланыспен қамтамасыз етті, бұл қолбасшылықтың әскери тапсырмаларының табысты орындалуына сеп болды». Соғысты аға сержант атағыменІІ Қашық-Шығыс майданы 10

әуе армиясының 903 қашықтан бомбалау авиаполкіндеаяқтады. Соғыстан кейін Абхазияда колхоз төрағасы болып жұмыс істеген.

«Әкемнің анасы, менің әжем Ковалева (Романчикова) Софья Федоровна 1924 жылы туған. Соғыс басталғанда небәрі 17 жаста болыпты, бірақ ол майданға бару үшін өзіне бір жас қосып алады. Туған күні «жаңа» құжат бойынша –1923 жылдың 27 қыркүйегі. 1943 жылдың бас кезінде зенитті-артиллериялық полкке Башқұрстстанның Улу-Теляк стансасынан шақырылды. Оның көрсетуімен атып түсірілген жау ұшақтары үшін берілген

бес медалі бар (жау ұшақтарына бағыттама беру мен мәліметтерді батареяға жолдау). Сержант. Польшаға дейін барған, 1945 жылдың қарашасына дейін Жапония шекарасына ауыстырылған».

Суреттің екінші бетінде қарындашпен командирдің естелік сөздері жазылған, ол жазулардан құжаттардағыдан көбірек мәлімет алуға болады: «Әскер қатарындағы

4

BAZIS NEWS №4-5/ 01.05.2017

Page 5: BAZIS NEWS - kk.bazis.kz file72 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы аяқталды. Ол соғыс қымбатқа түсті, миллиондаған адамның

«Менің атам – Березовский Яков Михайлович, подполковник, 274 атқыштардивизиясыныңсаперлік батальоныныңкомандирі. Соғысқа 1941 жылы тамызда өз еркімен аттанған. Оның қатысуымен Еуропаның стратегиялық нысандары минадан тазартылды. Атам жоғары білімді адам болған, бірнеше шет ел тілін білген, оның ішінде неміс және ағылшын тілдері де бар. Сондықтан оған

Аты аңызға айналған Эльба тауындағы кездесу қатысушысы

Өзінің атасы туралы «БАЗИС-А» Корпорациясының жетекші бухгалтері Алена Кельдюшева айтып берді

Эльбадағы әйгілі америкалықтармен болған кездесуге қатысудың сәті түскен. Ол соғысты Берлинде 1945 жылы мамырда аяқтаған.

Соғыс біткеннен кейін 1945-1946 жылдары инженер-құрылысшы маманы ретінде Дрезден қ. қалпына келтіруге қатысқан. Атам мемлекеттік наградалармен марапатталған».

дейін де одан кейін де тылда қорғаныс өнеркәсібі кәсіпорнында – Ұлан-Удэ паровоз-вагон жөндеу зауытында жұмыс істеді. Онда майданға қажетті қару-жарақ жасалатын. Соғыстан кейін өмір бойы Алматыдағы АМАЗ ыстық цехында жұмыс істеді.

Анамның әкесі Драгунов Павел Филиппович Сев ауданының тумасы,

Брянщиндегі Лепешкино селосы. Соғыс басталған уақытта 11 жаста еді. Партизан отрядтарына қатысты, Брянск орманында кескілескен шайқас жүріп жатты. Бала кезінен соғыс мүгедегі саналды, себебі минаға түсіп қалған еді. Ағасы да соғыстың алғашқы күндері майданға аттанып хабарсыз кеткен. Ол жайында әлі күнге дейін ешнәрсе белгісіз.

Қымбатты менің әжелерім мен аталарым, қымбатты соғыс пен тыл ардагерлері! Сіздерге батырлықтарыңыз бен жанкешітіліктеріңіз, ұлы ерліктеріңіз бен жеңіске дешен үлкен құлшыныстарыңыз үшін рахмет!

«Сендерге соғыс дегеннің не екенін білудің қажеті жоқ»

Бұл фотосуреттер мен атасының тарихын біз «БАЗИС-АСТАНА» ЖШС СББ бастығы Алма Тұяққызы Қадыровадан алдық.

«Менің атам Тілеуберген Әбдікенов соғысқа 1941 жылы аттанды. 1941 жыл мен 1945 жылдары Минскіде қызмет

етті, Белоруссия (389 атқыштар полкі, 342 атқыштар батальоны, 259 атқыштар бригадасы). Атам соғыс туралы ешқашан әңгіме еткен емес. Одан сұрағанымызда «Соғыс дегеннің не екенін сендерге біліп қажеті жоқ» деп ешнәрсе айтпайтын. Алайда оның наградалары бар еді, ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені болатын.

1945 жылы тамызда Жеңістен кейін Жапонияда, Манчжурияда, Оңтүстік Сахалинде соғысты. Тек 1947 жылы ғана үйге оралды.

Соғыстан кейін атам бухгалтер және ревизор болып жұмыс істеді. Суретте – атасының медальдарын тағып алған - менің ұлым, ал обелиск жанындағы – менің әкем Тілеубергенов Тұяқ Әбдікенұлы».

МӘҢГІЛІК ЕСТЕ

5

Page 6: BAZIS NEWS - kk.bazis.kz file72 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы аяқталды. Ол соғыс қымбатқа түсті, миллиондаған адамның

«БАЗИС»КОМАНДАСЫНЫҢ ЖАҢА ЖЕҢІСТЕРІ!

2017 жылы 23 сәуірде оңтүстік астанада «Алматы Марафон» халықаралық әуесқой спорт мерекесі алтыншы мәрте өтті. Басты спорт шарасына Қазақстанның барлық аймағы мен әлемнің 38 елінен 13 000-нан астам әуесқой жүгіруші қатысты! Қатысушылар арасында «БАЗИС-А» компаниялар Тобының қызметкерлері де болды.

«БАЗИС-А» Алматы мен Астанадағы қыз-меткерлерінің арасында тұрақты түрде спар-такиадалар өткізе отырып салауатты өмір салтын насихаттап келеді. Әріптестеріміздің компаниямыздың жарысқа қатысатыны тура-лы хабарды қуана қабылдап, басты көктемгі спорт шарасына қолдау білдіргені де сон-дықтан. Олардың арасында кәсіби спортшы-лар мен адамдардың салауатты өмір салтын ұстануын қолдаушылар аз емес.

Әуесқой спортшылар мен салауатты өмір салтын ұстанушылардан құралған біздің үлкен әрі тату командамызға «БАЗИС-А» Корпорациясының басқарма төрағасы Павел

Белович басшылық жасады.Топ болып жүгіруге тікелей қатыспаған-

дар Тұңғыш Президент Саябағы маңын-дағы сөреде, дистанция бағыты бойындағы Әл-Фарабидегі жаяу жүргіншілер көпірлері мен Орталық стадион жанындағы мәре-де жанкүйерлер тобын ұйымдастырды. Жанкүйерлер командасын «БАЗИС» хол-дингтік компаниясы» ЖШС президенті На-талья Владимировна Комкова басқарды.

Бұл жолы да жеңіссіз емеспіз! Мәреге дейін жеткен марафонға қатысушылардың барлығы да тиісті медальдарға ие бол-ды. Қызметкерлеріміздің денсаулықтары-

ның мықтылығы ғана емес, сонымен бірге, олардың әрқайсысының марафонға қатысу арқылы үлкен қайырымды іске жеке үлесін қоса алғаны да қуанттады. «Алматы Мара-фон» -қайырымдылық және спорт шарасы. Қаражаттың бір бөлігі 6 дамуы өзгеше ба-лаларға арналған арнайы мекемеге спорт алаңдарын салуға, спорттық құрал-сайман-дар мен бейіндік жабдықтар сатып алуға жі-беріледі.

Спортқа деген махаббатымызды қолдап, айналаңызды жақсартуға көрсеткен көме-гіңіз үшін рахмет!

6

BAZIS NEWS №4-5/ 01.05.2017

Page 7: BAZIS NEWS - kk.bazis.kz file72 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы аяқталды. Ол соғыс қымбатқа түсті, миллиондаған адамның

7

БІЗДІҢ АДАМДАР

Page 8: BAZIS NEWS - kk.bazis.kz file72 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы аяқталды. Ол соғыс қымбатқа түсті, миллиондаған адамның

BN анықтамасыЖаңа «Нұрлы-Дала» тұрғын ауданы Ал-

матының Наурызбай ауданында қаладағы ең басты күре жолдардың бірі - Райым-бек даңғылының бойындаAportMallірі сау-да-ойын-сауық орталығының қарсысында орналасқан. Тұрғын ауданға жақын маңда «Алтын-Орда» үлкен шығыс базары, № 7кли-никалық аурухана («Қалқаман») орын теп-кен, таяуда жаңа метро сансалары пайда бо-лады, қаланың осы бөлігін Абай даңғылы мен Төле би көшелерімен қосатын жаңа жолдар төселеді.

Қаладағы қала – жайлы және кең«Нұрлы-Дала» жаңа тұрғын ауданы үлкен

аумақты алады. Өзінің инфрақұрылымы мен ерекшелігі бар «қаладағы қала» болмақ. «Мұн-да 73 тоғызқабатты абаттандырылған үй, екі балабақша мен жалпы білім беретін мектеп са-лынады. Кешен қалалық желілер мен коммуни-кацияларға қосылады. Адамдардың өмір сүруі-не ыңғайлы әрі жайлы болады. Себебі, бұл аудан қарқынды дамып келе жатыр», – дейді құрылыстың басқарушы директоры Скандар-бек Исаұлы Жумадуллаев.

Қазір қаладан «Алтын-Орда» базарына ары

қарай ауылдарға шығар басты жолда автокөлік кептелістері болып жатыр, алайда келешекте қалалық билікжолды кеңейтіп, ауданды бо-сататын бірнеше ірі жолайырығы мен жаяу жүргіншілерге арналған өтпежолдар салуды жоспарлап отыр. Сонымен бірге, негізгі қа-лалық магистральдар (дәл сол Абай даңғылы мен Төле би көшесі) осы жаққа қарай тарты-латын болады, сондай-ақ жаңа метро станса-лары салынады. Тұрғын ауданның аумағына кіріп-шығуды оңайлататын жолдар тартылады.

«Нұрлы-Дала» тұрғын ауданының құрылы-

сы 7 кезекке бөлінген. Құрылысты 5 жылда толығымен аяқтап, үйлерді пайдалануға беру-ді жоспарлап отырмыз. Биыл бірінші кезектің бес құрылыс орнын тапсыруды ұйғарудамыз. Бірінші кезекте барлығы 11 құрылыс орны бо-лады. Үйлерді салумен бірге аумақтарын абат-тандыруды да қоса атқаратын боламыз», – дей-ді Скандарбек Жумадуллаев.

Табыс факторларының бірі – құрылысшылардың тәжірибелі командасы«Нұрлы-Дала» тұрғын ауданы 7 кезектен,

73 үйден тұрады. Ғимараттың екі түрі салына-ды: бір кіреберісті 9 қабатты монолитті үйлер мен екі кіреберісті монолитті1, 2, және 3 бөл-мелі пәтерлері бар 9 қабатты. Бірінші кезектің құрылысының басталуы (11 үй) – 2017 жыл-дың сәуірі, аяқталуы –2018 жылдың сәуірі», – дейді құрылыс мерзімі туралы нысанның басқарушы директорының орынбасары Рай-ымжан Бақытжанұлы Изатов. Әріптесіміздің айтуынша, тұрғын ауданды түрлі деңгейдегі тұрғын үй кешендерін салып үлкен тәжірибе жинаған бригадалар салатын болады. «Бірінші болып жұмысқа монолитшілер кіріседі. Ер-бол Юсупов, Бауыржан Аманжолов басшылық

«Нұрлы-ДалаДаН» әркім өз бақытыН табаДы!

«БАЗИС» құрылыс компаниясының қызметкерлері Алматыда «Нұрлы-Дала» атты кезекті жаңа тұрғын аудан құрылысының бірінші кезегін салуды бастады. Жарқын қасбетті, терезелері тауға қараған жайлы пәтерлері бар, аумағы абаттандырылған, оңтайлы орналасқан, бағасы таңғажайып - небәрі 6 миллион теңгеден басталатын монолитті үйлер қоныстануға келесі жылдың өзінде-ақ дайын болады! Бұл туралы BNжурналистеріненысан құрылысының басқарушы директоры Скандарбек Исаұлы Жумадуллаевпен оның орынбасары Райымжан Бақытжанұлы Изатов айтып берді.

8

BAZIS NEWS №4-5/ 01.05.2017

Page 9: BAZIS NEWS - kk.bazis.kz file72 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы аяқталды. Ол соғыс қымбатқа түсті, миллиондаған адамның

ететін үш бригада, сондай-ақ арматура цехы-ның звеносы. Бұл жігіттер жұмыстыбірінші болып бастайды, кейін тас қалаушылар, қапта-ушылар, шатыршылар мен басқа да мамандар кіріседі. Бұлар – жаңа бригадалар, бірақ бри-гадирлердің тәжірибесі - үлкен, олар – бүгінде Қазақстанда үлкен танымалдылыққа ие көпте-ген монолиттік нысандар салған», – дейді ны-санның басқарушы директорының орынбасары Райымжан Изатов.

BN анықтамасыРайымжанИзатов –екінші буын құрылыс-

шысы. Мамандығы - инженер-құрылысшы, Шымкент технология институтын бітір-ген. 2002 жылы институтты аяқтаған соң Алматыға бір аптаға демалуға келеді де… «БАЗИС» құрылыс компаниясына Вилорий Кимнің бригадасына екінші дәрежелі арма-турашы болып жұмысқа тұрады. Қысқа мерзім ішінде біліктілігін 4 дәрежеге дейін көтерді, бір жарым жыл істеп, «еркін жүзу-ге» кетті. 14 жыл өткен соң «БАЗИСке» инженер болып қайта оралды. Осы жылдар ішінде Райымжан түрлі құрылыс компани-яларында жұмыс істеді, азаматтық және әскери құрылыста мансап жасады. Өнеркәсіп құрылысындағы тәжірибесі үлкен – мұнай және газ құбырларын салды, 4 жыл компре-стік станса мен «Түркменстан-Қытай» ма-гистральді құбыр желісінің құрылысында жұмыс істеді. Ақтауда үлкен ықшамаудан-ның құрылысы директорының орынбасары болды, ҚР қорғаныс министрлігі жанындағы АҚбас инженер болып еңбек етті – түрлі әскери нысандар құрылысына басшылық жа-сады. 2016 жылы желтоқсанда Райымжан Изатов «БАЗИС» құрылыс компаниясына Скандарбек Исаұлының командасына шақы-рылды. Жас маман жұбайымен бірге үш бала тәрбиелеп отыр – қызы – 15-те, ортаншы ұлы– 10-да, кішісі – 5 жаста.

Ұзақмерзімдік перспективалар,тиімді қаржы салуҚазір «Нұрлы-Дала» тұрғын ауданының ау-

мағында дайындық жұмыстары жүргізілуде – жер қазу жұмыстары атқарылуда, геодезистер қажетті нүктелерді «көздеуде», бірінші кезек-тің алғашқы үйлерінің қазаншұңқырлары пай-да болуда. Жаңа тұрғын ауданның құрылысы 5 жылға есептелген,бұл – қаланың экономикасы мен әлеуметтік тұрақтылығына оң әсер етеді,

себебі құрылыс барысында көптеген жаңа жұ-мыс орындары ашылады. Сәйкесінше, адамдар жалақы алатын болады, алқаланың бюд-жетіне салықтық түсімдер түседі. «БАЗИС» құрылыс компаниясының басшылығы жаңа тұрғын ауданды салатын құрылысшылардың тұрақтылығын күйттеді.

«Құрылысшылардың бәсекеге қабілетті ең-бекақы алғанын қалаймыз, сондықтан олардан жұмыстың сапалы орындалуын талап етеміз», – дейді нысанның басқарушы директоры.

Алдын ала жасалған болжам бойынша, «Нұр-лы-Дала» жаңа тұрғын ауданының құрылысы Алматы қаласына 600 – 700 жаңа жұмыс орнын береді. Компаниямыз қазірдің өзінде аталған нысанның құрылысына екі монолитшілер бри-гадасын жұмысқа алды. Сәуірде нысанда жұ-мысқа 100-ден астам адам жұмысқа кірісті, олар – инженерлік-техникалық қызметкерлер, жол салушылар, геодезистер, операторлар мен арнайы техника жүргізушілері.

Сейсмикалық берік құрылыстың заманауи технологиялары«Нұрлы-Дала» тұрғын ауданының монолитті

үйлері 9 баллдық сейсмикалық салмаққа төте-пбере алатын сейсмикалық берік құрылыстың замануи технологиялары бойынша тұрғызы-лады. «Тұрғын аудан монолитті сейсмикалық берік құрылыстың барлық ережелері бойынша салынады.Нақты аймақ пен нақты участокқа тән барлық нормалар мен стандарттар сақтала-ды. Әлбетте, үйлерді жобалау кезінде Алматы қаласындағы сейсмикалық ахуал, дәл осы ау-дандағы жердің сейсмикасы ескерілді, ҚНмЕ барлық ережелері бойынша қажетті есептеулер жасалды», – дейдіЖумадуллаев.

Барлық үйлердің қаңқасы толығымен моно-литті болады, ойықтар жылу блоктарымен тол-тырылады. Үйлердің шатырларывентиляциялы болады, металлконструкциялардан жасалады, қасбеттерді декоративті панельдер әшекейлей-ді, олар «БАЗИС» компаниялар тобына кіретін зауытта жасалған, қосымша жылытқыш пен әдемі дизайнерлік безендіру қызметін атқара-тын болады.

«Осыған дейін айтқанымдай, үйлер 9 қа-батты болады. Үйдің бір түрінде 64 пәтер-ден, екіншісінде – 81 пәтерден болады. Үй-лердің түрлеріне қарай бір алаңқайда саны әр түрлі пәтерлер болады. Барлығы жалпы аумағы 34 000 шаршы метр болатын 840 пәтер қарастырылған», – дейдінысанның басқарушы директоры.

BN анықтамасыСкандарбек Исаұлы Ленинград политех-

никалық институтын «гидротехникалық құрылыс» мамандығы бойынша тәмамдаған. Кеңес уақытында гидротехникалық ғима-раттар салды, Одақ ыдыраған кезде өз фир-масын ашты, кейін «БАЗИСке» жұмыс істе-уге келді.

«Бір кездері «БАЗИСте» жұмыс істеген-дердің барлығын басқа фирмалар ықыласпен алады, себебі «БАЗИС» мектебі – Қазақстан-дағы ең мықты мектептердің бірі», – дейді Скандарбек Исаұлы. Скандарбек Исаұлының құрылыстағы еңбек өтілі жоғарғы оқу ор-

нындағы үзілісті қосқанда - 44 жыл (1973 жылдан). Осы уақыт ішінде Жумадулла-ев түрлі мақсаттағы күрделі өнеркәсіптік және тұрғын үй нысандарын үздіксіз салып келеді. «БАЗИС» құрылыс компаниясына ол 2009 жылы келді және оны бірден Көксарай контрреттегішінің құрылысына жіберді. Жумадуллаев Пиджимде де жұмыс істеді – бір мезетте үш бірдей нысанды жүргізді: Алтынкөл стансасын, Пиджим ауылы мен Құндызды стансасын салды. 4 жылда салу жоспарланған нәрсенің барлығы 2 жылдан салынып бітті және пайдалануға беріл-ді. Скандарбек Исаұлының басшылығымен салынған темір жол мен Тышқан өзенін-дегі көпірден темір жол составтары өтіп жатқалы қашан. Ол сонымен қатар Сексе-уілдідегі нысандардың құрылысына да қаты-сты. Құрғақ порттағы нысандарды тұрғыз-ды –бетондау жұмыстарын басқарды.

Үйлердің айналасындағы аумақ жайлы болуы тиіс«Нұрлы-Дала» тұрғын ауданын «қала ішін-

дегі қала» деп те атауға болады. Тұрғын аудан-ның көшелері кең болады, кешеннің артында үлкен тұрақ салынады. Тұрғын ауданның бүкіл аумағы жасылдандырылады. Абаттандыру мен көгалдандыру жөніндегі арнайы бригадалар барлық аумаққа көптеген ағаштар, бұталар, гүлзарлар отырғызады.Тұрғын ауданның ау-мағының ландшафттыдизайнытұрғындарға қу-аныш сыйлайтын болады. Жолдар ернеулермен жиектеліп, ыңғайлы етіп салынады –аналар аумақта бесік арбаларымен серуендей алады, ал ересектеу балаларға велосипед пен скей-тбордтарда сырғанауға көп орын табылады. Мұнымен қатар аумаққа қауіпсіз жабыны бар балалардың ойын алаңдары мен спорт алаңда-ры орнатылады. Айтпақшы, «Нұрлы-Дала» тұрғын ауданының үйлерін салу кезінде тек экологиялық құрылыс материалдары мен сейсмикалық берік құрылыстың заманауи технологиялары қолданылатын болады.«Нұр-лы-Дала» жаңа тұрғын ауданы – адамдарға жайлылық сыйлайтын бүкіл инфрақұрылым қарастырылған толыққанды ықшамаудан.

«Компаниямыздың көптеген қызметкерлері осы үйден пәтер ала алады, себебі қазір мем-лекет халыққа баспана сатып алуға несиелер беріп жатыр емес пе, біздің сату бөлімдеріміз ірі банктермен келісім-шартқа қол қойды, олардың арасында Тұрғынүйқұрылысжинақ-банк іде бар, адамдар сол жерден несие ала алады», – дейді Скандарбек Жумадуллаев.

9

ҚҰРЫЛЫС ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Page 10: BAZIS NEWS - kk.bazis.kz file72 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы аяқталды. Ол соғыс қымбатқа түсті, миллиондаған адамның

МЕН «БАЗИСтЕ» ЖҰМЫС ІСТЕЙМІН –

«АЛМАТЫ АРЕНА» МҰЗ САРАЙЫМЕН МАҚТАНАМЫН

Нұрсұлтан Тәжіқұлов

Әділбаевтың бригадасында армату-рашылар звеношысы болып жұмыс

істейді.ҚазірАлатау ауданындағы сән-ді әрі әдемі «Алматы Арена»спорт ке-шенінің қарсысында орналасқан«Ал-малы» ТК салып жатыр. Кезінде ол осы спорт сарайының да құрылы-

сынақатысқан болатын.

– Мен құрылыс техникумын бітірдім және өмір бойы құрылыста еңбек етіп келемін. «БАЗИС» құрылыс компания-сында 10 жылдан артық жұмыс істеймін. Қазір арматурашылар звеношысымын, бригадамыздың жұмысын бақылаймын, атқарылып жатқан жұмыстарды қадаға-лаймын. Біз жұмысты техникалық қа-дағалауға тапсырамыз, олар барлығын тексереді, біздің атқарған жұмыстары-мыздың барлығын қабылдап алады, онан соң бетоншылар бетон құюға кіріседі. Арматурадан бөлек қалыптың бірнеше түрімен жұмыс істейміз. Біздің брига-дамызҚорғаста жұмыс істеген – Қытай шекарасына жақын жерде құрғақ порт салдық. Былтыр AlmatyArena-ны тапсы-рдық, сонымен бірге бригадамызRoyal Gardensтұрғын үй кешенінің құрылысы-на да қатысты. Әрине, әр мамандықтың өз қиындықтары болады, бірақ егер адам өз жұмысын жақсы білетін болса, білікті болса, оған ешқандай да қиындық қорқы-нышты емес. Барлық құрылысшылар секілді мен де өзім құрылысына атса-лысқан нысандарды қатты мақтан тұта-мын, бәрінен бұрын «Алматы Арена» мұз сарайын мақтан етемін.

БАСТЫСЫ – НЫСАНДАРДАҒЫ ҚҰРЫЛЫСШЫЛАРДЫҢ

ҚАУІПСІЗДІГІ

Асхат Әшенов«БАЗИС» ҚК ЖШС Астанадағы

филиалының қауіпсіздік пен еңбекті қорғау инженері болып істейді. Жас

маман құрылысшылардың өмірі мен денсаулығының қашанда қауіпсіздік-те болуы жолында қолынан келгеннің

бәрін жасайды. Бұл үшін ол ҚТ сақтау-дың неліктен маңызды екендігін әрбір қызметкерге жеке түсіндіруге дайын.

– «БАЗИС» компаниялар тобында 2015 жылдан бері жұмыс істеймін. Құрылыс компаниясындағы еңбек жолымды «Салтанатты» ТК салынып жатқанда бастадым, кейін ЕХРО-па-вильондардағы жұмыстарды қадаға-ладым, қазір «ЕХРО Плаза» ТК 2-ке-зегінде жұмыс істеп жатырмын. Менің қызметік міндеттемелеріме компа-нияның барлық құрылымдық бөлім-дерінің қауіпсіздік техникасын сақта-уын жалпы қадағалау кіреді. Біздің нысандарымыздың үлкендігіне қара-мастан, біз күн сайын олардың әрқай-сысының қауіпсіздік техникасын қаншалықты сақтап отырғандығын тексеруге тырысамыз. Компаниямы-зда жұмыс істейтін әрбір қауіпсіздік және еңбекті қорғау инженерінің жау-ап беретін өз участогы бар.

Бос уақытымды отбасыммен өт-кіземін. Шаңырақ кұрғанымызға 12 жыл, үш бала өсіріп отырмыз. Үл-кен қызым- 11 жаста, ортаншы қы-зым- 5-те, ең кіші қызымыз бір жасқа толды. Мен хоккей ойынымен әуесте-немін, спортпен шұғылданамын, бос уақытымда фитнеске барамын.

25 ЖЫЛ ТОЛҒАН КОМПАНИ-ЯМЫЗДАҒЫ ЖҰМЫСЫМДЫ

МАҚТАН ТҰТАМЫН

Тілек Рахымбеков

Астанадағы «Сити палас» СОО ҚМБ бастығының монолит жұмыста-ры жөніндегі орынбасары. 25 жылдан астам уақыт Қазақстан мен одан тыс жерлерде ерекше әдемі де әсем ғима-раттар салып келе жатқан компания - «БАЗИСте» жұмыс істейтінін қатты

мақтан етеді.

– Мен «БАЗИСке» 2005 жылы «Ду-ман» қонақүй кешені салынып жатқан кезде прораб болып келдім, кей-ін «Сулы жасыл желек жолы» ӘТК, «Солтүстік шұғыласы» ТК және басқа да нысандарды салдық.Осы жылдар-дың барлығында РашидҚосақовтың басшылығымен жұмыс істедім. Осы-дан бірнеше жыл бұрын ол монолит-ті бетон плиталарын ажарлаушылар қызметін құрды.Мен онда прораб бо-лып істедім, жұмысқа келгенде әріп-тестерім «О, тікұшақшы Тілек келді» дейтін. Себебі ажарлаушы машина тікұшаққа ұқсайтын.

2012 жылдан ҚМБ бастығының мо-нолит жұмыстары жөніндегі орынба-сарымын.Осыншама жыл «БАЗИС» құрылыс компаниясында еңбек етіп келе жатқанымды мақтан етемін. Бұл - табысты тарихы бар үздік компания. Ұжымымыз – өте жақсы, барлығымыз татумыз.

Үлкен ұлым жолымды қуды – қазір Қарағанды политехникалық универ-ситетінде оқып жатыр, екінші ұлым Қазақ-түрік лицейінің 7 сыныбында білім алуда.

10

BAZIS NEWS №4-5/ 01.05.2017

Page 11: BAZIS NEWS - kk.bazis.kz file72 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы аяқталды. Ол соғыс қымбатқа түсті, миллиондаған адамның

МЕН БОЛАШАҚТЫ САЛЫП ЖАТЫРМЫН!

Қ АУ ІПСІЗДІК ТЕХ НИК А-СЫН САҚТАУ ӨТЕ

М АҢЫЗДЫ

Сергей Ма льцев

«Қалалық романста» ҚТжЕҚ инженері болып еңбек етеді. Оның вагоншасының қабырғалары мен

төбесіне нұқсамалар жапсырылған, ол барлық құрылысшы сақтауы тиіс

түрлі нормалар мен ережелердің тұтас бір кітапханасын басшылыққа

алады.

– Мамандығым бойынша- инже-нер-құрылысшымын, директордың құрылыс жөніндегі орынбасары болып істедім. Астанаға Шортандыдан келіп, мансапты төменнен бастауды жөн деп шештім, сөйтіп 2004 жылыкомпания-ны байқап көру үшін «Базис секюрити Астана» мекемесінің күзет қызметіне жұмысқа кірдім. Оның сенімді екенін көрген соң ҚТ және ЕҚ инженері қы-зметіне ауыстым. 10 жылдан бері осы қызметті атқарып келемін. Менің және әріптестерімнің міндетіне нысан ди-ректорлары мен орынбасарлары, ҚМБ бастықтары мен прорабтар, бригадир-лер мен құрылысшыларға ҚТ бойынша жан-жақты нұсқама жасау кіреді. Ең-бекті қорғау талаптарын сақтау жай-ында үнемі әңгіме өткізу арқылы жі-гіттермен ортақ тіл табысып келеміз. Бізде жүк ілдіруші, краншы, машини-стер мен басқа да мамандықтарға ар-налған оқу құралдары бар. Тіпті, қа-уіпсіздік техникасы, ҚР еңбек кодексі және басқа да көптеген пайдалы дүни-елер жазылған BAZIS NEWS газетінің тігіндісі де бар.

БІЗДЕ ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРЛЕРІ ЕҢБЕК ЕТЕДІ

Мамытбай Әбенов

«Сити палас» СОО монолит жұ-мыстары жөніндегі участок бастығы. Оның «БАЗИС» құрылыс компани-ясында жұмыс істеп келе жатқанына

- 15 жыл. Өзінің жұмысы жайында ерекше құлшыныспен әңгімелейді.

– Бізде нысанда монолитшілер, қасбетшілер, сантехниктер, электрик-тер және басқа да көптеген мамандар бар барлығы 120 адам еңбек етеді. Қазір негізінен монолит жұмыстары жүр-гізілуде, металлконструкциялар тұрғы-зылуда. Құрылыс жұмыстарынан бөлек қыста біз барлық беткі қабаттың құрғақ әрі ары арай құрылыс-монтаждау жұ-мыстарын жасауғадайын болуын қа-дағалаймыз. Монолитті тұрғызғаннан кейін нысанда №4 ҚМБ және №5 ҚМБ бригадалары жұмысқа кіріседі. «БАЗИ-Стегі» 15 жыл ішінде көптеген нысан-дарымыздың құрылысына қатыстым; «Сулы жасыл желек жолы» көп функ-циялы кешені құрылысына атсалыстым, «Солтүстік шұғыласы», «Думан», КЕ-ГОК, «Престиж» кешендерін салдым, қазір «Сити-Паласты» салып жатырмын. Көптеген нысан директорларымен жұ-мыс жасадым, оларды – білікті, сауатты мамандар деп толық сеніммен айта ала-мын. Отбасым аса үлкен емес – әйелім, ұлым мен қызым, төртеуміз. Қызым 27-де, бизнеспен айналысады. Ұлым аграр-лық университеттің үшінші курсында оқып жатыр.

БАСТЫСЫ – ЖҮКТІҢ ТИІСТІ ЖЕРГЕ ҚАУІПСІЗ

ЖЕТКІЗІЛУІ

Сұлтан Серікбаев

кран шаруашылығы Басқармасы-ның жүк көтергіш механизмдерді

пайдалану жөніндегі механигі болып жұмыс істейді. Мұнаралы крандар-

ды монтаждаумен демонтаж жасауға, краншылардың жұмысы мен нысан-дардағы механизмдердің дұрыстығы-

на жауап береді.

Мен Валерий Петрович Хабаровтың басшылығымен КШБ жұмыс істеймін. Біз – құрылыстағы № 1 бекетпіз. Мон-таждау және демонтаж жасау жұмы-старын атқарамыз, нысандардағы жүк көтергіш крандарға қызмет көрсетеміз, крандардың дұрыстығын қадағалаймыз, ауысымдарды қадағалаймыз, құрылыс материалдарының нысанның бөлік-теріне уақытында жеткізілуін қамта-масыз етеміз,жұмысы жүк көтергіш крандармен байланысты краншылар мен жігіттердің қауіпсіздік техникасы мен крандар мен механизмдерді пайда-лану ережелерін дұрыс сақтауын, тех-никаның істен шықпауын бақылаймыз. Краншылар биіктікте жұмыс істейтін-діктен үлкен жауапкершілік арқалайды, олар жүктің адамдардың үстіне құлап кетпеуін қадағалауы тиіс. Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау инженері Бағдат Омаров бізді үнемі қадағалайды.Біз механикалық құралдардың қандай техниканың қандай ауа райында қан-шалықты жұмыс істей алатындығы көр-сетілген нұсқамалары мен төлқұжат-тарында жазылған барлық ережелерді сақтаймыз.

11

ҚҰРЫЛЫС БАСЫНАН СҰХБАТ

Page 12: BAZIS NEWS - kk.bazis.kz file72 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы аяқталды. Ол соғыс қымбатқа түсті, миллиондаған адамның

Астанадағы AUSTRIA «БАЗИС» құрылыс компаниясы Есіл өзенінің оң

жағалауында жаңа AUSTRIA тұрғын үй кешенін салуға кірісуде. Ол Астанадағы «Қалалық романс» бірегей жобасының бір бөлігі болмақ. Кешен мен құрылыс жұмыстарының барысы туралы нысан құрылысының басқарушы директоры Павел Нико-лаевич Блажко айтып берді.

AUSTRIA тұрғын үй кешені «Италия орамы» ТК артында, Әзербайжан елшілігіне жақын жерде орын тебеді.Наурыз бен сәуір айының бас кезінде

BN анықтамасы«Қалалық романс» Астананың тыныш ауданында, Есіл өзенінің оң жағалауында Тәуелсіздік, ШәмшіҚалдаяқовжәне Жұмекен Нәжіме-

денов көшелерінің ортасында орналасқан. Жанында жағалау мен Президент саябағы тұр,онда кешен тұрғындары демалып, балаларымен бірге серуендей алады. «Қалалық романстың»қарсысындаелордадағы ең үздік мектептердің бірі – HaileyburySchoolAstana орын тепкен, онда балалар еуропалық білім ала алады. «Қалалық романстан» бірер минуттық жерде Тәуелсіздік алаңы, «ҚазақЕлі» монументі,«Ша-быт»шығармашылық сарайы, Қазақстан тарихының Музейі мен Тәуелсіздік сарайы тұр. «Қалалық романс» еуропалық стильде салынған «Француз орамы», «Ағылшын орамы», «Италия орамы»,LONDON, England, Barcelona секілді бірнеше ауқымды таңдаулы тұрғын үй ке-шенінен тұрады. Биыл AUSTRIAжәне «Голландия орамы» тұрғын үй кешендерінің құрылысы басталады. «Қалалық романстың» архитек-турасы еуропалықша кербез әрі стильді.Аталған жобаға кіретін тұрғын үй кешендерінің басты ерекшеліктері - 6, 8, 9 қабатты биік емес үйлер мен жабық жайлы аулалар. «Қалалық романстың» аумағы серуендеуге, демалуға және спортпен шұғылдануға арналған орындармен жабдықталған, ландшафтты дизайны бар саябақ аумағын еске түсіреді. Әрбір тұрғын үй кешенінің ауласында көптеген балалар және спорт алаңдары бар. Үйлердің бірінші қабаттарында түрлі дүкендер, кофеханалар, италия және француз наубайханалары ашылады. Ау-лаларға әрбір стильді сипаттайтын шағын архитектуралық мүсіндер қойылған – LONDON ТК әйгілі Биг-Бен тұр, «Италия орамында» FontanadiTrevi салынған, ал «Француз орамының» Александр Дюманың романы бойынша мүсіндік композициямен безендірілген Салта-наттыаркасыешкімді бей-жай қалдырмасы анық. «Қалалық романс» аумағы – адам айтқысыз әсем еуропалық архитектураның фонында фотосуретке түсуді қалайтын қала тұрғындары мен қонақтарының көп келетін орны.

Астанадағы культтік жобаны кім жүзеге асыруда

«БАЗИС» құрылыс компаниясы Астанада әлемдік архитектураның ең талғамы биік әрі білгірлерінің өзін мойындата алатын тұрғын үй кешендерін салып жатыр. BN-нің бұл санында оқырмандарымызды «Қалалық романс» культтік жобасының «Италия орамы», England, Barcelona, Austria тұрғын үй кешендерін салушылармен таныстырамыз.

әріптестеріміз барлық қажетті құжаттарды әзірлеу-ді аяқтап, тұрғын үй кешенінің құрылысына кірісіп кетті. «Ғимаратты жобалау аяқталды, жоба сарап-тамадан өтті. Наурыздадіңгектерді динамикалы сынаулар өткізіліп, сәуір айының бас кезінен бастап құрылыс алаңында жер қазу жұмыстары қызды. Қазір нысанда геодезистер, тірек қағушылар мен құрылыс саласының басқа да мамандары жұмыс істеуде. Қазаншұңқыр қазылып қойылды. Тұрғын үй кешенінің құрылысы бөлек тұрған үш үйден басталады», – дедінысан құрылысының басқарушы директоры Павел Николаевич Блажко.

Астананың әлемнің ең суық елордаларының бірі екендігі ескеріле отырып, тұрғын үй кешенінің жылу сақтау қабілетіне үлкен көңіл бөлінуде – те-резенің сыртында солтүстіктен соққан жел азынап тұрғанда AUSTRIA ТК пәтерлеріндегі жылылық пен жайлылық өзгермейді. Жаңа тұрғын үй ке-шенінде дәстүр бойынша 1, 2, 3 және 4 бөлмелі пә-терлер ұсынылады. Төбесі биік (3 метр) ал, аумағы 55 шаршы метр мен 114 м2 аралығында болатын олардың жоспарлаулары да әралуан әрі ыңғайлы.

AUSTRIAТК монолитті үйлерінің астында ау-мағы ат шаптырым жерасты паркингі орналасады,

12

BAZIS NEWS №4-5/ 01.05.2017

Page 13: BAZIS NEWS - kk.bazis.kz file72 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы аяқталды. Ол соғыс қымбатқа түсті, миллиондаған адамның

ол жерден шуылсыз жүйрік лифтпен кез-келген үйге көтерілуге болады. Паркингтің стилобаттты бөлігі балалар және спорт алаңдары, серуендеу мен демалу аймақтары бар абаттандырылған аулаға ай-налады. Аула «Қалалық романстың» барлық тұрғын үй кешендеріндегі секілді автокөліктер үшін жабық болады («жедел жәрдем», өрт сөндіру және т.б. қы-зметтердің арнайы көліктеріне ғана рұқсат етіледі), сондықтан ата-аналар балаларын ойнауға олардың қауіпсіздігіне алаңдамай-ақ жіберулеріне болады. Қонақтар үшін тұрғын үй кешені аумағы жанынан тұрақ орындары қарастырылған.

England – жаңа орындаудағы аңыз! 2017 жылы көктемде «БАЗИС» ҚК қызметкер-

лері «Қалалық романс» архитектуралық ансамбліне кіретін England тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтады. England7 және 9 қабатты сегізүйден тұра-ды.Тұрғын үй кешенінің архитектурасы дәстүрлі ағылшын стилінде салынған. Үйлер заманауи тех-нологиялар бойынша монолитті темір бетоннан тұрғызылды. «Тұрғын үй кешенінің қасбеті бой-ынша жұмыстар аяқталды, тезерелер қапталды, лифтілер орнатылды, вентиляциялық жүйе қой-ылды, жылу жүйесі іске қосылды, кәріз жүйесі пайдалануға дайын», – дейді нысан құрылысының басқарушы директоры Павел Николаевич Блаж-коатқарылған құрылыс-монтаждау жұмыстарын санамалап. Директордың айтуынша, нысанда бол-машы ғана әрлеу және жол салу жұмыстары қалған. «Аумақты абаттандыру аяқталды десе де болады, асфальттың ақырғы қабатын төсеп, жасыл көшет-тер отырғызу ғана қалды», – дейді Павел Блажко. Күн жылынысымен жол салу және абаттандыру бригадалары аумақты жасылдандыруға кіріседі. Дәстүр бойынша аулаларға ағаштар мен бұталар, гүлзарлар отырғызылып, көгал шөбі егіледі – бір сөзбен айтқанда, жобада көрсетілгендердің бар-лығын қызметкерлеріміз жүзеге асырып, тұрғын үй кешенінің аулаларына нағыз саябақ орнатады!

Barcelona тұрғын үй кешені – бақыт мекені «Қалалық романс» еуропалық архитектурасы-

ның ансамблі Barcelonaатты тағы бір жаңа тұрғын үй кешенімен толықты. Ол Астанада Есіл өзенінің оң жағалауында Жұмекен Нәжімеденов көшесінің бойында салынып жатыр. Құрылыс технология-лары мен мамандарымыздың жұмысы жайында нысанның басқарушы директорының орынбаса-ры Руслан Ергешбекұлы Рахматуллаев, монолит

жұмыстары жөніндегі №1 ҚМБ участок бастығы Амантай ШұғаұлыОразов және құрылышсылары-мыз айтып берді.

Сенімді құрылыс пен тексеруден өткен технологиялар Barcelona тұрғын үй кешені бір қабатты жерасты

паркингі бар 7 үйден тұрады. Аса көп қабаттан тұрмай-тын (6,7,8)үйлер таңдаулы тұрғын үй кешендері катего-риясына жатады және тағаға ұқсас етіп салынады. Бұл - аулаларға оңашалық береді және оларды одан сайын жайлы ете түседі.

«Тұрғын үй кешені монолитті темір бетоннан және әдемі де таңдаулы архитектурамен тұрғызылған. Жоба – өте жақсы, үйлер оңтайлы орналасқан, пәтерлері жайлы», – дейдімонолит жұмыстары жөніндегі №1 ҚМБ участок бастығы Амантай Оразов. Ол: «Тұрғын үй кешенінің тағы бір артықшылығы – сәтті орналасуы – олоң жағалауда, елорданың ең маңызды нысандары орналасқан экологиялық таза ауданда бой көтереді. Үй-лерге кіре беріс жолдар ыңғайлы» дейді.

Тұрғын үй кешенінің пәтерлері өте жылы бола-ды. Бұл – тұрғындар үшін аса маңызды! Қалың әрі сенімді темір бетон қабырғалар қосымша арнайы жылытқышпен қапталады, бұдан бөлек қасбеттерге ішкі жағы жылытылған сапалы қабырға панельдері орнатылады.

«Өте ыңғайлы да жылы биік емес үйлер, кең пәтер-лер мен ортақ жайлар. Үйлерге жақсы камералары бар үш қабатты шынылар қойылуда. Жобаның ерекшелігі –жақсы жоспарлау мен әр пәтерге ыңғайлы кіру мүм-кіндігі. Нысанда техникалық және авторлық бақылау үздіксіз жүргізіледі. Барлық жұмыс қатаң түрде тек тех-нологиялар бойынша және мерзімінде орындалуда», – дейдімонолит жұмыстары жөніндегі №1 ҚМБ участок бастығы Амантай Оразов.

Әр үйдің астында бір қабатты паркинг орналасқан, олар да монолитті темір бетоннан салынған. Паркингтің шатыры жан-жағы жабық аула қызметін атқаратын бо-лады, онда нағыз саябақ жасалады – мұнда гүлзарларға, спорт және қауіпсіз жабыны бар балалардың ойын алаңдарына орын жеткілікті. Паркингке кірер жол тұрғын үй кешенінің орталық көшесінен бастау алады.

BN анықтамасыТұрғын үй кешенінен бірер минуттық жерде

Астананың ең көрікті орындары тұр. Солай бола тұра тұрғын үй кешені шуы көп магистральдардан аулақта орын тепкен. Бұл – қаланың сыртында, жабық аулалары мен әркімнің қарбаластан оқшау-

ланған жеке кеңістігі бар таңдаулы жабық клубта тұрғандай әсер береді.

Басты өлшем – өндірістің қауіпсіздігі Кез-келген құрылыстың қауіпті жер екендігі бел-

гілі – онда құрылыс материалдарын түрлі биіктіктер-ге көтеретін мұнаралы крандар, автокрандар, түрлі қасбет бесіктері жұмыс істейді және бір мезетте құрылыс-монтаждау жұмыстарының көптеген түрі атқарылады. Мұндай қарқынды құрылыста құрылыс-шылардың техникалық қауіпсіздігі мәселесі өте өткір тұрады. Қауіпсіздіктің барлық ережелерінің сақта-луын ТҚ және ЕҚ инженерлері қадағалайды. Моно-лит жұмыстары жөніндегі №1 ҚМБ участок бастығы Амантай Оразовнысандағы қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау инженерлерінің жұмысын ерекше атап өтті. «Біздіңқауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау инженерлеріміз құрылысқа үнемі жетекшілік етіп, қауіпсіздік пен еңбекті қорғау ережелерінің барлық талаптарының орындалуын қадағалайды. Егер қажет болып жатса – ақыл-кеңес беріп, олардың орындалуын бақылайды. Мұнда құрылыс-монтаждау жұмыстары-ның қауіпсіз атқарылуына барлық жағдай қарасты-рылған», – деп атап көрсеттіАмантайОразов.

Әрбір детальдағы ыңғайлылық BN журналистері салынып жатқан нысанға барған

кезде монолит жұмыстарын 140-тан астам адам атқарып жатты.Олардан басқа терезе орнатушылар, қасбетшілер, шатыршылар, керамогранит маманда-ры мен басқа да бөлімшелердің өкілдері жұмыс істеп жатты. Жақсы ойластырылып жасалған жұмыс ке-стесі мен «БАЗИС» құрылыс компаниясының барлық қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде монолит жұмыстары бір жылға жетер-жетпес уақыт-та аяқталды. Қалған барлық құрылыс-монтаждау жұ-мыстары монолиттің дайын болуына қарай кідіріссіз жүргізілуде.

Құрылыстың бірінші кезегіндегі монолит жұмыста-ры аяқталғаннан кейін әріптестеріміз екінші кезекті –Barcelona ТК қайталама блогын салуға кіріседі. Қазір онда арнайы техника жұмыс істеуде – жер қазу жұмы-стары жүрізіліп, қазаншұңқыр дайындалуда.

Солтүстіктің аязына қарамастан Астанада қыстың өзінде құрылыс қатаң түрде кестеге сай жүрізіледі – әріптестеріміз бетонды жылытудың арнайы қысқы технологиясын қолданады. «Құрылыс алаңында бетон мен арнайы қоспалары бар материалдарды жылыта-тын арнайы қондырғы тұр. Ол материалдар жылдың суық мезгілінде де құрылыс жүргізуге мүмкіндік бе-реді. Осының барлығын техникалық бақылау қадаға-лайды – барлығы тиісінше жасалады», – дейді Аман-тай Оразов.

BN анықтамасыАмантай Шұғаұлы Оразов «БАЗИС» құрылыс

компаниясында 2003 жылдан бері еңбек етеді. Шу-чинск қаласындағы Боровой ауыл шаруашылығы жоғарғы оқу орнын бітіріп, құрылыс саласына бар-ды. Компанияға жас маман болып келген Амантай құрылыстың барлық құпиясы мен сырын білуге қызу кірісті. Әріптесіміз «БАЗИСті» бір көргеннен ұнатқанын айтады, себебі бұл компанияның өз та-рихы, есімі мен абыройлы беделі бар. «Мұнда кәсіби мамандар еңбек етеді, ұжым – өте білікті, сауат-ты және жинақы. Материалдарды құрылыс алаңы-на уақытындажеткізеді, жобаларды мерзімінде

13

ҚҰРЫЛЫС ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

(Жалғасы 14 бетте)

Page 14: BAZIS NEWS - kk.bazis.kz file72 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы аяқталды. Ол соғыс қымбатқа түсті, миллиондаған адамның

тапсырады, барлығы сауатты ұйымдастырылған. Құрылыста қашанда тазалық пен тәртіп орнаған», –дейді Амантай Оразов. Бос уақытын Оразов от-басы мен балаларына арнайды – төрт баласы бар. Үлкен ұлы 25-те, кіші қызы – 8-де.

Уақыт дәлелдеген сенімділік Barcelona ТК басқарушы директорының орынбаса-

ры Руслан Ергешбекұлы Рахматуллаевтың BN журна-листеріне түсіндіргеніндей, тұрғын үй кешенінің бірін-ші кезегі жеті құрылыс орны мен жерасты паркингінен тұрады. «Нысанның құрылысы кестеге сәйкес жүруде. Қазір монолит және әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Бірінші және екінші қабаттың қасбеті гранит пен жар-лауықтан қапталған, ал одан жоғары «БАЗИС» компа-ниялар тобы зауытында Barcelona ТК арнайы әзірлен-ген қабырға панельдері қолданылған. Бізде өз ісінің шеберлері, сан алуан жылжымайтын мүлік құрылы-сында көпжылдық тәжірибесі бар құрылысшылар жұ-мыс істейді», – дейді құрылысшылар туралы Руслан Рахматуллаев.

Монолиттік құрылыс уақытпен дәлелденген класси-каға айналды. Бұл үйлер - ең жайлы да сенімді. Ол қан-шама рет дәлелденді. «Бұрыштағы үйлердің күмбезі болады, бұл өте әдемі әрі стильді көрінеді. Тұрғын үй кешені жақсы ауданда орналасқан. Жайлы да жағым-ды өмірді қалыптастыратын барлық инфрақұрылым жақын жерде тұр», – дейді Руслан Рахматуллаев.

Құрылыста мінезі де, түсінік-пайымы да әрқилы адамдар көп, алайда Руслан мен басқа да басшылар әр-бір адаммен тіл табысуға, әр жүректің кілтін табуға ты-рысады, адамдарды табысқа жетелей біледі. Бұл – өте үлкен әрі қымбат еңбек. «Нысанның басқарушы ди-ректорының орынбасары барлығымен сындарлы сұх-бат құрып, барлық звеномен жұмыс қарым-қатынасын жолға қою үшін де керек деп олаймын. Мәселен, бізде монолитшілер жұмыстың бір түрін атқарады, тас қала-ушылар – екінші түрін, қасбетшілер – үшіншісін және т.т. Олардың барлығын дұрыс үйлестіріп, әр звеноның жұмысын бәрі қисынды және дұрыс болатындай етіп құруымыз керек. Ортақ тіл тауып, барлығымыз тату еңбек етеміз», – дейді Руслан сыпайы ғана.

BN анықтамасыРуслан Ергешбекұлы Рахматуллаев «БАЗИС»

құрылыс компаниясында 2010 жылдан жұмыс істейді. Еңбек жолын ӨТБ инженері болып бастаған. Осыдан жарты жыл бұрын ол Barcelona ТК басқарушы директорының орынбасары болып тағайындалды. «БАЗИСтегі» жұмыс маған қатты

ұнайды. Ұжымдағы осынау ерекше атмосфераны жақсы көремін. «БАЗИСте» жұмыс істеген адам менің не айтқым келгенін өзі түсінеді. Өндірісті толығымен меңгеріп, өз ісіне жанымен берілген адамдармен қарым-қатынасты дұрыс жолға қой-ған кезде өміріңді «БАЗИСсіз» елестете де алмай-сың, – дейді Руслан Рахматуллаев.

Руслан Ергешбекұлы бос уақытын отбасына – жұбайы мен 1,5 жасар ұлына арнайды. Жақында бұл жас шаңырақта тағы да шілдехана болмақ – қала Күні немесе Русланның туған күніне қарай жұбайы тағы бір перзент сыйламақ. Қолы босаған сәтте Руслан жүгірумен және жүзумен айналыса-ды. Футбол әуесқойлары Лигасында ойнайды. Өзін кішіпейлділікке салынып жартылай кәсіпқоймын дейді. Ол Алматы мен Астанада футболдан өткен чемпионаттарға қатысып алғашқы орындарды иеленді. Руслан секілді осындай талантты да сал-мақты қызметкерлердің арқасында компаниядағы жұмыс сәтімен жүріп, нысандар тезбой көтеруде.

Басшылардың кемеңгерлігіне көп нәр-

се байланысты Barcelona ТК үйлерімонолитті темір бетоннан са-

лынғандықтан, монолитшілердің жұмысы құрылы-стағы ең ауыр жұмыстардың бірі саналатындықтан және нысанның ары қарай қалай өсіп, қалай дамитын-дығы да соларға байланысты болғандықтан нысанда еңбек етіп жатқан ең көп адам жұмыс істейтін моно-литшілер бригадаларының бірінің бригадирі Тыныш-бек Сәрсенбаевтан кәсіптің қыр-сыры туралы сұрадық.

«Бригадамда 60 монолитші еңбек етеді. Біз, мо-нолит жұмыстары жөніндегі бригада, құрылыстағы ізашарлармыз.Қазаншұңқырға келіп, жер қазып, ғи-маратты соңғы қабатына дейін көтереміз – темір бетон қаңқа өреміз, бетонқұямыз», – дейді бригадир Тыныш-бекСәрсенбаев. «Құрылыстағы ең ауыр жұмыс біздің, монолитшілердің жұмысы деп ойлаймын. Біз үнемі таза ауда жүреміз және жобада көрсетілген түрлі қи-малы арматурамен жұмыс істейміз.Сонымен бірге, біздің кәсібіміз ең қауіпті болып саналады. Сондықтан қауіпсіздік жөніндегі инженерлермен тығыз қарым-қа-тынастамыз», – дейді Тынышбек.

Бригадир Сәрсенбаевмонолит жұмыстарына кез-келген адам жіберіле бермейтінін айтады. «Жақсы монолитші болу үшін біріншіден,үлкен ықылас болуы керек, екіншіден, темір бетон секілді шыдамдылық пен төзімділік қажет. Кім шыдамды болса сол бізде жұмыс істейді. Бір айдың ішінде адамның монолит жұмыста-рымен айналысатыны не айналыспайтыны белгілі бо-лып қалады», – дейдіТынышбекСәрсенбаев.

Жұмыстың ауырлығына қоса ауа райы да үлкен роль ойнайды – қыста Астанада құрылыста монолит-ші болып істеуге екінің бірі тәуекел ете алмайды. Сон-дықтанжасық мінезді адамдар бізде көп тұрақтамайды.

BN журналисінің осындай үлкен бригаданы басқа-рып, әр адамның жұмысын шебер үйлестіруге қалай қол жеткізіп отырғандығы туралы сұрағына Тыныш-бекСәрсенбаев өзінің 10 жылдан бері бірге жұмыс істеп келе жатқан жақсы көмекшілері бар екендігін айтты. «Бізде - кешенді бригада. Арматурашылар, ағаш ұсталары, бетоншылар, монтаждаушы-қалыпшылар, дәнекерлеушілер бар. Әр звеноның өзінің мамандар тобының жұмысын басқаратын звеношылары бар», – дейді Сәрсенбаев. Айтпақшы,Сәрсенбаевтың бри-гадасы жастарға, құрылысқа жаңа ғана келген және монолит жұмыстарының барлық қыр-сырын меңгер-гісі келетін жігіттерге көп көңіл бөледі. «Жас жігіт-

терді жұмысқа алған кезде оларды қабілеттеріне қарай түрлі звеноларға бөлеміз, үздіктерін таңдап аламыз да оларды оқытуға тырысамыз. Менің бригадамда кадр-лар көп ауыса бермейді, себебі өз ісін жақсы білетін, жұмыс тәжірибесі үлкен ұжым жиналды», – дейді бригадир. «Жігіттердің күн сайын қалай еңбек етіп жатқанын, олардың жұмысының қаншалықты ауыр екендігін көріп жүрмін, сондықтан олармен жылы сөйлесуге тырысамын. Бірақ кейде қаталдық та керек. Бізде адамдарды тәрбиелеуге уақыт жоқ, себебі бізге барлығы дұрыс жалақы алуы үшін белгілі бір жұмыс көлемін атқаруымыз керек. Маған бригаданың барлық мүшесінің қомақты еңбекақы алғанын ойлауым керек, ал ол үшін жұмыс дәл, сапалы және уақытында істелуі тиіс. Осылайша бірде – көл, бірде – шөл деген тәсілмен өмір сүріп жатқан жаймыз бар – қажет жерінде - қатал боламыз, керек тұста – жұмсақ боламыз», –дейді қара-мағындағылармен қарым-қатынасы жайында моно-литшілер бригадирі ТынышбекСәрсенбаев.

BN анықтамасыТынышбек Сәрсенбаев монолишілер бригадирі

болып 2005 жылдан еңбек етеді. Ол кезде Астана-да «Сулы жасыл желек жолы» көпфункционалды кешені салынып жатқан болатын және ол моно-литші болып дәл осы нысанда жұмыс істей баста-ды. Оған дейін Сәрсенбаев геологияда бұрғылаушы болып 24 жыл істеді. 2002 жылы Астанаға көшіп келіп, құрылысқа келді. «Менің екінші мамандығым – құрылысшы кәсібі біріншісіне қарағанда көбірек ұнайды. Менің еңбегім адамдарға қуаныш сыйлай-ды. Біз салып жатқан үйлер мен пәтерлер мыңдаған адамның бақытқа кенелуіне мүмкіндік береді, себебі баспана – әр адам үшін басты нәрсе болып сана-лады», – дейді өзінің мамандығы жайында моно-литшілер бригадирі. Ол өздерінің жігіттерімен бірге Астанада да, Ақтауда да үй салған. Былтыр бұл бригада Қазақстанның тәуелсіздігінің 25 жыл-дығына тәуелсіздік Монументін салды. «Іргетасын біздің бригада құйды. Ол да өте күрделі болды. Темір бетонконструкцияларды да біз тұрғыздық. Қаңқа металлдан жасалды, оны Қарағандыдан алып келді, италияныңмәрмәртасықолданылды. Сон-дай-ақ, біздің бригадамыз ЕХРО қатысушыларына арналған баспана мен басқа да нысандарды салды», – дейдіТынышбекСәрсенбаев. Бір жылдан кейін зей-нет жасына келеді, бірақ біздің шеберіміз табысқа масаттанбақ емес: «Құрылыста денсаулығым мүмкіндік бергенше жұмыс істеймін», – дейді ол. ТынышбекСәрсенбаевүш бала тәрбиеледі – екі қыз, бір ұл. «Ұлым құрылыс саласында жұмыс істейді,

14

BAZIS NEWS №4-5/ 01.05.2017

(Соңы. Басы 13 бетте)

Page 15: BAZIS NEWS - kk.bazis.kz file72 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы аяқталды. Ол соғыс қымбатқа түсті, миллиондаған адамның

бір қызым банкте істейді, ал екіншісі геологияны таңдады – металлург болады. Мен – бақытты атамын. Қыздарымның әрқайсысының үш-үштен қызы бар, ұлымның екі баласы бар. Үлкен немерем 17-де. Бос уақытымды өзім қаттыжақсы көретін немерелеріме арнауға тырысамын», – дейді біздің әріптесіміз.

«Италия орамы» ТК–сән-салтанатты

сүйетіндер үшін «Италия орамы» – бұл құрылысшыларымыз «Қала-

лық романс» культтік жобасы аясында Астанада салып жатқан тағы бір тұрын үй кешені. Тұрғын үй кешенінің бірінші кезегі салынып бітіп, адамдар қоныстанып қойған, қазір екінші кезегі салынып жатыр. «Италия орамы» тұрғындаға қажеттінің барлығы –балалар және спорт алаңдары, демалыс аймақтары мен серу-ендеу аллеялары бар жабық, жайлы аулалық кеңістікті құрайды. Тұрғын үй кешенінің қалай салынып жатқа-ны жайында «Италия орамы» ТК құрылысының екін-ші кезегінің прорабы Қуандық Базарбайұлы Болатов айтып берді.

BN анықтамасыҚуандық Базарбайұлы Болатов «БАЗИС» ҚК

2010 жылдан бері еңбек етеді. Оның алғашқы ны-саны «Зүбаржат кварталдың» «Б» блогы болды. «Жұмысты ВалерийСмагинмен бірге бастадым, кейін СабыржанАлдоңғаровпен істедім. «Зүбар-

жат кварталдың» «Б» блогын салдым, «Италия орамы» ТК бірінші кезегін тұрғыздым, қазір «Ита-лия орамы» ТК екінші кезегін салып жатырмыз», – дейдіҚуандық Болатов. Әріптестері Болатовтың өте тәжірибелі прораб, өз жұмысын жан-жақты білетін және мінсіз атқаратын ақылды басшы екендігін айтады.

Жайлы да жайбарақат өмірге арналған үйлер мен пәтерлер

«Тұрғын үй кешенінің қаңқасы монолитті темір бе-

тоннан тұрғызылып жатыр, қасбеттері арнайы матери-алдармен жылытылуда және қабырға панельдерімен қапталуда. Оларды «БАЗИСтің» арнайы бөлімшесі «ФасадЕХРО» монтаждауда. Үйлер – жеті қабатты. Жерасты паркингі бар. Аулаларға қауіпсіз әрі эколо-гиялық таза жабыны бар ойын алаңдарын орнатамыз, ағаштар, бұталар, гүлзарлар отырығызылып, көгалдар жасалады. Сонымен қатар аулаларда демалыс пен се-руендеуге арналған орындар болады», – дейдіҚуандық Болатов.

«Аулаларда автокөліктерге арналған тұрақ орында-ры жоқ. Автокөліктерге арналған арнайы жолдар бар, сондай-ақ арнайы көліктер кіре алады («жедел жәр-дем» және т.т.).Тұрғындарға қандай да бір материал-дарды немесе жиһазды алып келу қажет болса, нысан күзеті құрылыс материалдарын паркинг арқылы емес бірінші қабаттан лифтпен бірден көтеру үшін аулаға жолды ашады. Алайда көліктер аулаларға қойылмай-ды», – дейдіҚуандық Болатов. Компаниямыз салып жатқан тұрғын үй кешендері дәстүр бойынша адамдар мен олардың қажеттіліктеріне бағытталған. Адамдар өзін жайлы сезініп, балаларын аулаларға қыдыруға ешнәрсеге алаңдамай жіберуіне қажетті жағдайдың барлығы қарастырылған.

Осы сәтте құрылыстың екінші кезегінде құрылыс-шыларымыз монолит жұмыстарын аяқтады, қасбет-терді монтаждады, шатырды жауып, қазір жайлардың ішкі әрлеуі жасалып жатыр және үйлерге жылу тар-тылуда. Айтпақшы,7 және 8 блоктар қазірдің өзінде жылумен қамтамасыз ету жүйесіне қосылған.

Құрылыстың аяқталуы мен кешенді тапсыру 2017 жылы көктемнің соңына жоспарланған, құрылысшы-лар барлығы уақытында жасалып жатқанына сендіру-де. «Қазір нысанда қасбетшілер, шатыршылар, әрле-ушілер, ағаш ұсталары, сырлаушылар, электриктер, сантехниктер – бір сөзбен айтқанда, құрылыс процесі-не тартылған барлық мамандар дерлік жұмыс істеп жатыр», – дейдіҚуандық Болатов.

«Италия орамы» тұрғын үй кешенінің құрылысына

«БАЗИС» компаниялар тобына кіретін зауытта эко-логиялық таза материалдан жасалып жатқан арнайы қабырға панельдері қолданылуда. Олар тек қасбеттің декоративті безендіруі қызметін ғана атқармайды, со-нымен бірге тағы бір маңызды миссияны атқарады – қосымша жылытқыш болып табылады. Ал, бұл Аста-наның қатал ауа райында аса маңызды.

«Біз монолитті құйып бастаған кезде зауытта тұрғын үй кешені жобасы бойынша жасалатын арнайы қабы-рға панельдері шығарыла бастайды. Әр нысанның өз құпиялары мен ерекшеліктері бар. Мәселен, Barcelona ТК панельдердің бір түрі қолданылады, олар осы жоба-ның архитектуралық шешімі бойынша жасалған, бізде «Италия орамында» архитекторлардың тұжырымына сәйкес өзпанельдеріміз бар», – дейді Қуандық Болатов.

Армандаған пәтерді «Италия орамынан» табуға болады

«Италия орамы» тұрғын үй кешенінің 7,8,9,10 блок-тарының 9 кіреберісі бар екендігін атап өткен жөн.Пәтерлер бастапқы әрлеумен беріледі. «Барлықком-муникациялар мен инженерлік желілер пәтерлерге кіргізілген, тікқұбырлар тартылған. Тұрғындар көшіп келіп, әрлеп, қоныстана береді», – дейдіБолатов. Айт-пақшы, «Италия орамының» таңдаулы баспана екен-дігін ескере отырып адамдар пәтерлерді кейін әрле-уді жеке қиялына ерік беріп, өз қалауына сай жасауы үшін бастапқы әрлеуімен сатып алғанды дұрыс көреді.Пәтердің бастапқы әрлеумен болғаны олар үшін өте тиімді – демонтаж бен жасалып қойған стильді қайта жасауға уақыт пен қаражат жұмсаудың қажеті болмай-ды, бірден ұнаған нәрсені жасауға мүмкіндік береді.

«Аралықтарға келетін болсақ – біз жобада ойласты-рылған жоспарлауды жасаймыз. Егер адамға ұнаса, біздің жоспарлаумызды қалдырады, егер оған басқа нәрсе керек болса – ол барлығын алып тастап, өзіне ыңғайлы етіп істей алады», – дейдіБолатов. Айтпақшы, жобалау кезінде түсуі мүмкін салмақ пен көтергіш емес қабырғалардың өзгеруі ескерілген. Тіпті адамдар жеті қабаттағы барлық пәтердегі қабырғаларды қай-та жасаған күннің өзінде бұл үйдің орнықтылығына ешқандай да әсер етпейді.«Пәтер – жеке меншік болып табылады және оның егесі онда жасағысы келген нәр-сені жасай алады. Бастысы – көтергіш қабырғаларға тиіспеу керек, ал қалғанының барлығын алып тастауға, қайта қоюға болады», – дейді «Италия орамының» прорабыҚуандық Болатов.

Қоғамдық пайдалану орындарына ғана бұл ереже-лер жүрмейді. Бұл жерде біздің архитектор–дизайнер-леріміз бен құрылысшыларымыз өте жақсы жұмыс жасады. «Ортақ пайдаланылатын орындар дизайнер-лік әрлеумен әрленуде. Еден гранитпен қапталуда, ре-сепшенді, баспалдақтарды, холлдар мен басқа ортақ пайдаланылатын орындарды істеп жатырмыз», – дейді біздің сұхбаттасушымыз.

BN-нен:BAZIS NEWS корпоративтік газетінің редак-

циясы BN-нің Алматыдағы журналисіне мате-риал кейіпкерлерімен таныстыруға, ақпараттар жинап, «БАЗИС» ҚК Астанада салып жатқан нысандарында фотосессия жасауға көмектескені үшін ҚТ және ЕҚ депатраментінің аға инженері Бағдат Омаровпен ҚТ және ЕҚ инженері Данияр Оразалыға үлкен алғыс білдіреді.

15

ҚҰРЫЛЫС ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Page 16: BAZIS NEWS - kk.bazis.kz file72 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы аяқталды. Ол соғыс қымбатқа түсті, миллиондаған адамның

«базИСтЕгі» маНСап! Наурыз бен сәуір компаниямыздың оқу орындарымен жұмысқа жауап беретін қызметкерлері үшін уақиғаларға толы болды. Біздің компаниямыз Алматыда наурыз бен сәуір айында өткен екі бірдей бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне, сонымен біргежас мамандар – жоғарғы оқу орындары түлектерінің қазіргі заманғы экономикада жұмысқа орналасуы мәселесі талқыланған дөңгелек стөлге қатысты. Компаниямыз үшін тағы бір ірі уақиға – еліміздегі ең ірі әрі көне техникалық университеттердің бірі саналатын ҚазҰТЗУ-мен ынтымақтастық жөніндегі екі жақты меморандумның бекітілуі болды. Сонымен, барлығын рет-ретімен әңгімелейік.

Бізге жұмыс істеуге кел!

11 наурызда Алматы BolashakJobFair 2017 бағдарламасының түлектеріне арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі шамамен осындай ұранмен өтті. Онда түрлі саланың жұмыс берушілері өз компанияларындағы бос жұмыс орындарын ұсынып, жас мамандардың – Алматыдағы жоғарғы оқу орындарының түлектерінің түйіндемелерін қарады.Шара Алматы Менеджемент Университеті (AlmaU) қабырғасында Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің қолдауымен, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ, «Болашақ» Қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырылды. Оған ірі жұмыс берушілер – Қазақстанның түрлі өндірістік салаларының танымал және табысты компаниялары қатысты.

Bolashak Job Fair 2017 жұмыс жәрмеңкесі Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы түлектерін жұмысқа орналастыруға көмектесуге бағытталған. Жәрмеңкеге қатысуға 400 жұмыс іздеуші, 200 қазақстандық және шетелдік компания өтініш білдірген. Олардың арасында қаржы саласы, мұнай және газ саласы, технологиялық және digital агенттіктер, құрылыс компаниялары бар. Дәстүр бойынша жұмысіздеушілер шара аясында еңбекпен қамту саласындағы сарапшылардың пайдалы кеңестерін алды.

Студенттер күні бойы «БАЗИС» құрылыс компаниясындағы бос орындарға қызығушылық білдіріп жатты,«БАЗИС» ҚК кадрлар бөлімінің мамандары студенттердің түйіндемелерін қабылдап, байланыс мәліметтерін алып, кездесу мен әңгімелесу уақыттарын белгіледі.

BN анықтамасы

Bolashak Job Fair – жыл сайын өтетін шара. Ол көптеген компаниялар мен ұйымдар, сонымен қатар «Болашақ» президенттік стипендиясы аясында батыстың үздік білімін алған жоғары білікті мамандардың бірегей рекрутингтік алаңына айналды.

Bolashak Job Fair 2017 шарасын «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ, «Болашақ» Қауымдастығы, Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) және «Hipo Kazakhstan» ЖШС Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ұйымдастырды.

ҚазҰТЗУ студенттері өздеріне жұмыс берушіні таңдады

14 сәуірде жұмыс жәрмеңкесі Қаныш Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық Зерттеу Техникалық Универсиетінде өтті.

«Құрметті серіктестер, студенттер, түлектер, бүгін- ерекше күн, компаниялар, бизнес пен университеттің басы тоқайласқан күн. Сіздерге өздеріңізге ұнаған компаниядан жұмыс тауып, кәсіби еңбек жолдарыңызды бастауға мүмкіндік туып отыр. Тіпті, бүкіл әлем саған қарсы болсын, тіпті, бүкіл келеңсіздік сенің басыңа үйіліп-төгілсін, есіңде болсын, ұшақтың өзі желге қарсы ұшады. Сондықтан сіздерге оптимизм мен барлық істе табыс тілеймін», – деді ҚазҰТЗУректорыИскандер Бейсембетов студенттерге.

Студенттер алдында сөз сөйлеген «БАЗИС» ҚК қызметкерлермен жұмыс жөніндегі басқарушы директор Лаура Қыдырбаева компаниямызға таңдап алған саласында кәсіби тұрғыда дамуға және компаниямызда мансап жасауға дайын жас, амбициялы, талантты мамандар қажет екендігін айтты.

«БАЗИС» құрылысы компаниясы – Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің құрдасы. 25 жыл ішінде компаниямыз шағын ғана кәсіпорыннан мемлекетіміздің

алдыңғы қатарлы құрылыс компаниясына айналды. Біз Қазақстанның ең ірі қалаларында жұмыс істейміз, бірақ негізінен Алматы мен Қазақстан елордасы Астанада орналасқанбыз. Қазір компаниямызда 8 000-нан астам адам еңбек етеді. Бізге кәсіби тұрғыда өсіп, компаниямызда мансап жасауға әзір жас, амбициялы, талантты мамандар қажет. Компаниямыздың есігі сіздер үшін қашанда ашық, келіңіздер,

16

BAZIS NEWS №4-5/ 01.05.2017

Page 17: BAZIS NEWS - kk.bazis.kz file72 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы аяқталды. Ол соғыс қымбатқа түсті, миллиондаған адамның

күштеріңізді сынап көріңіздер! Біз сіздерге көмектесуге әзірміз, сіздерді тиімді еңбек шарттарымен, бәсекеге қабілетті жалақымен және әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етеміз. ҚазҰТЗУстуденті бола жүріп бізге тәжірибеден өтуге келіп, қолыңыздан не келетінін көрсетіп, біздің тату да жоғары білікті командамыздың бірмүшесі бола аласыз!», – деді Лаура ҚалиқызыҚыдырбаева.

Студенттерге қолдау мен мықты уәждеме қажет

Дөңгелек стөлде сарапшылар жас мамандардың қазіргі заманғы экономика жағдайында жұмысқа орналасуы мәселесін талқылап, еліміздегі өндіріс пен кәсіпорындарда құлшына жұмыс істеуі үшін жас мамандарды ынталандыру мен уәждеменің ықпалды тәсілдерін табуға тырысты.

Көп ретте жоғарғы оқу орындарының түлектері дипломға жұмыс орны қоса берілуі тиіс, жұмысқа орналаса салысымен оларға тәжірибелі қызметкерлер алатын жоғары жалақы төленеді деп есептейді. Алайда тәжірибеде кешегі студенттер жұмысіздеу мәселесімен бетпе-бет келеді де көбі жоғары жалақыны былай қойғанда мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алмайды.

Дөңгелек стөл барысында ҚазҰТЗУ«су ресурстары» мамандығын алып жатқан екінші курс студенті Дінмұхамед Садық жас мамандардың жұмысқа орналасуының мезгілі жеткен мәселелерін көтерді. «Сөз жоқ, кім де болсын жалақысы жоғары әрі қызықты жұмысты тапқысы келеді. Қазір экономикаға нарықтық қатынастардың келуімен жоғарғы оқу орнының әр түлегі жұмысты өзі іздейді, ал кәсіпорындарға жұмыс тәжірибесі бар адам қажет, ал оның

тек теориялық білімі мен дипломы ғана бар. Осы жерде дилемма пайда болады: жалақысы төмен мамандығың бойынша жұмыс істеу, не жалақысы жоғары бірақ басқа мамандық бойынша жұмыс істеу», – деді Садық. Студенттің айтуынша, жоғарғы оқу орындары студенттерінің үштен бірі қажетсіз болып қалады. Бұл жас мамандар үшін күрделі мәселе.

Студенттің пікіріне жауап бере келе «БАЗИС» ҚК қызметкерлермен жұмыс жөніндегі басқарма бастығы Светлана Федотова түптеп келгенде бәрі студенттің өзіне және оның өндірісте жұмыс істеуге қаншалықты дайын екендігіне байланысты екендігін атап өтті.

«2014 жылдан бері мен жас мамандарды тәжірибеден өткізу мәселесімен айналысып келемін. Біз колледждер мен жоғарғы оқу орындарының студенттерімен жұмыс істейміз. Жігіттер тәжірибеден өтуге келген кезде олармен келісім-шарт бекітеміз, сонда мен үнемі олардан тәжірибені қайда өткісі келетінін сұраймын. Егер студент құрылыс алаңына келетін болса, ол тәжірибеге кәсіпорын қаражат төлейді», – деді Светлана Викторовна. Ол жұмыс беруші үшін де, студенттер үшін де өзекті мәселені көтерді – неліктен тәжірибе небәрі үш апта ғана: «Бұл уақыт ішінде мейлі студент құрылысқа түссін, ол ештемені түсініп үлгермейді. Мұны студенттердің өздері де түсінеді де құрылысқа барғысы келмейді. Кеңседе олар машықты ең аз мөлшерде алады – құжаттардың қалай рәсімделетінін ғанаүйренеді. Нысанда жұмыс істеу студенттер құрылыс дегеннің не екенін түсінуі үшін қажет, ал осыншама аз уақыттың ішінде студенттер құрылыс туралы толық ақпаратты алып үлгермейді. Тәжірибе уақытының ұзақтығы – ең үлкен мәселе. Тәжірибе мерзімін қалай өзгертуге болады»?

Біздің маманымыздың айтуынша,

жоғарғы оқу орындары студенттері салынып жатқан нысанда жұмыс істеуге барлық уақытта құлық таныта бермейді. Ол колледж студенттерімен салыстырды, олар да тәжірибені біздің нысандарымызда өтеді және университет түлектеріне қарағанда құрылысқа асқан қызығушылықпен барады. «Біздің компаниямызнегізінен Алматы құрылыс және халық кәсіпшілігі колледжімен ынтымақтасады. Олармен біз 60% теория және 40% тәжірибе деңгейіне жеттік. Негізі керісінше болуы тиіс, алайда онда шектеулер көп – ТжКБ, оқу жоспарлары, білім беру Басқармасының, білім Министрлігінің шектеулері. Дегенмен студенттер бізде қыркүйектен желтоқсанға дейін және сәуірден маусымға дейін жұмыс істейді – уақытының 40% дерлігін олар кәсіпорында өткізеді. Олар – ары қарай құрылыста бетоншы, арматурашы болып жұмыс істейтін адамдар. Бірақ жоғарғы оқу орнынан келетін инженер де сырлаушының, арматурашының, газдыэлектрлі дәнекерлеушінің қалай жұмыс істейтінін білуі тиіс», – дейді Светлана Федотова.

Сарапшылар түптеп келгенде барлығы студенттің өзіне, оның негізгі құрылыс машықтарын нақты тәжірибеде алуға деген ұмтылысына байланысты деген тұжырым жасады. Олардың құрылыста өздерін қалай көрсететіндігіне, жұмысқа қаншалықты жауапкершілікен қарайтындығына да байланысты.

Студенттер тәжірибені міндетті түрде өндірісте өтуі тиіс

Ақырында дөңгелек стөлге қатысушылар жас мамандар –жоғарғы оқу орындарының түлектері өз мамандықтары бойынша жұмыс істеуге кәсіпорындарға баруы үшін уәждеме іздеу қажет деген пікірге тоқтады. Атап айтқанда, оның бір жолы тәжірибені өндірісте өткені үшін студентке қаражат төлеу (бұл, айтпақшы, «БАЗИС» құрылыс компаниясында бар) және егер студент тәжірибеден өтуге басқа қалаға немес өңірге баратын болса баспанамен қамтамасыз ету.

Сондай-ақ сарапшылар студенттердің тәжірибесіне тіпті ол «өте жақсы» деген бағаға оқыған болса да жұмысқа орналасқан кезде сызбаларды дұрыс оқи алмайды, оларды дұрыс түсіне алмайды, ал тәжірибеде студенттерге мұны үйретеді, осы үшін де үлкен көңіл бөлу қажет екендігін атап көрсетті. «Жақсы мамандандырылған инженерлер техникалық колледждер мен жоғарғы оқу орындарының тәжірибені кәсіпорында өткен және барлық процестерді білетін түлектерінің өзінен тек үш жылдан кейін ғана шығады», – деп атап өтті сөз алғандар.

Cтуденттердің басындағы негізгі мәселені базалық білім беру институты директорының орынбасары, ҚБТУ 2013 жылғы түлегі Арсен Бөлеков айтып берді.

«Студент кезімде Шлюмберже,

17

КАДРЛАР БАРЛЫҒЫН ШЕШЕДІ

(Жалғасы 18 бетте)

Page 18: BAZIS NEWS - kk.bazis.kz file72 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы аяқталды. Ол соғыс қымбатқа түсті, миллиондаған адамның

Теңіз Шевройл, Лукойл және басқа да компанияларда бес өндірістік тәжірибеден өттім. Студенттердің негізгі мәселесі – уәждеменің жоқтығы. 3 – 4 курс студенттері компаниядағы тәжірибе кезінде немен айналысатынын білмейді. Кейде олар тіпті өз мамандықтары бойынша жұмыс істеуге болатын қандай компания бар екенін де біле бермейді. Сондықтан қонақтық дәрістерді өткізгенөте маңызды. Онда студенттерге өндірістік тәжірибеден өтетін компаниялар, кәсіпорындар туралы барлық ақпарат беріледі. Егер студенттерге дәрісті компаняларда жұмыс істеп жатқан мықты мамандар оқитын болса олардың солкомпанияда жұмыс істеуге деген қызығушылықтары оянады», – деп атап өтті Арсен Бөлеков.

Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Оқу орнын бітіргеннен кейін студенттер мен жас мамандар кезігетін осы және басқа да көптеген мәселелерді ескере келіп «БАЗИС» құрылыс компаниясы менҚазҰТЗУдөңгелек стөл сарапшыларының жұмысы аяқтала салысымен білім беру және тәжірибе алмасу саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморадум бойынша жұмыстардың негізгі бағыттарының бірі –компаниямызды өндірістік тәжірибе аясында жоғары білікті мамандармен қамтамасыз ету, қызметкерлерді мемлекеттік гранттар есебінен біліктілігін арттыруға жіберу, ғылыми зерттеу жобаларына тәлімгерлікті дамыту және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында ғылым мен инновациялық өндірістіңинтеграциялануына ықпал ету.

Меморандум жоғары білікті мамандарды даярлау мен оларды ары қарай жұмысқа орналастыру бойынша бірлескен жұмысты үйлестіру мақсатында қабылданды.

ҚазҰТЗУмен «БАЗИС» арасындағы ынтымақастықтың негізгі мақсаты:

- өндіріске жаңа технологияларды енгізіп, кәсіпорынды кешенді дамытатын білікті кадрлардың қазіргі заманғы жүйесін қалыптастыру.

- ұлттық және салалық мамандандыру негізінде кадрлардыкәсіби стандарттар талаптарына сәйкес дайындау, қайта даярлау мен біліктілігін арттыру жүйесін жетілдіру.

- мамандар еңбек нарығында бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие болуы тиіс.

- саладағы кадрларды халықаралық стандарттар бойынша қайта даярлауға көңіл бөлу.

- отандық және шетелдік серіктестермен ынтымақтасу.

- кадрлардың біліктілігін үздіксіз арттырып, қайта даярлау үшін

қашықтан білім берудің тәсілдері мен технологияларын қолдануды дамыту.

- оқу-әдістемелік материалдар мен ғылыми еңбектердің ортақ ақпараттық жүйесі мен дерекқорларын жасау, ақпараттық ресурстардың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Қол қойылған меморандумаясында компаниямыз университеттердің түлектері- диплом алған грант иелерінің өндірістік тәжірибеден өтуіне жәрдемдеседі.

- студенттердің, магистранттардың, докторанттар мен жас мамандардың бастамалық зерттеулері мен зерттемелерін ғылыми жетекші және кеңесші ретінде қолдайды.

- жоғарғы оқу орны мен компанияның қарым-қатынасын нығайту үшін бірлескен шаралар өткізеді.

- жоғарғы оқу орындары студенттеріне компанияның таныстырылымын, шеберлік сабақтарын, тренингтер өткізеді.

Өз кезегінде университет компанияны жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етуге:

- жастардың бойында теориялық білімді тәжірибеде пайдалануға деген қызығушылықты қалыптастыруға;

- магистранттарды стипендиямен және сапалы кәсіби білім алумен қамтамасыз етуге міндеттеме алады.

Меморандум екі жылға бекітілді және тараптардың бірі оның әрекет ету мерзімін тоқтату туралы ниет білдіргенше жыл сайын автоматты түрде созылып отырады. Бұл туралы серіктесін меморандум мерзімін тоқтататын уақыттан бір ай бұрын жазбаша хабардар етуі тиіс.

BN-ненҚазақстанның құрылыс нарығындағы

25 жыл ішінде компаниямыз құрылыс кадрларын дайындайтын мықты ұстаханаға айналғанын атап өткен жөн. Кәсіби салада егер маман «БАЗИС» құрылыс компаниясында бір жыл жұмыс істей алған болса онда оны өз ісінің шебері деп сенімді түрде айтуға болады деген орнықты тұжырым бар. Себебі біліктілігі төмен адамдар жұмыстың қарқыны мен компаниямыз тарапынан адамдарға қойылатын жоғары талаптарға шыдай алмайды. Студенттер мен жас мамандар «БАЗИС» компаниясында тәжірибеден өту арқылы мансапты тек табандылық танытып, жоғары дәрежелі, құрылыс саласындағы тәжірибесі үлкен, тәжірибесімен бөлісуге қашанда дайын тұратын қызметкерлерімізден үйренетін болса ғана мансап жасай алады.

18

BAZIS NEWS №4-5/ 01.05.2017

(Соңы. Басы 17 бетте)

Page 19: BAZIS NEWS - kk.bazis.kz file72 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы аяқталды. Ол соғыс қымбатқа түсті, миллиондаған адамның

БАСТЫСЫ – ЖҰМЫСҚА ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫҢДЫ ОЯТУ

Биыл «БАЗИС» құрылыс компаниясы» ЖШС филиалының бригадирі, бесінші дәрежелі ағаш ұстасы Жұмахан Қанапияевқа өзінің мансабындағы бірнеше маңызды кезеңнен өтуіне тура келеді. Еңбек жолын 1972 жылы бастаған ол 45 жыл ішінде сүйікті мамандығын бір де бір рет өзгерткен емес. «БАЗИС» компаниясында да солай, Жұмаханның жиырма жылдық еңбек өтілі – осының дәлелі.

Еліміздің құрылыс саласын ұйымдастыру мен дамытуға қосылған осындай айтарлықтай үлес елеусіз қалған жоқ –бригадир Қанапияевтің кәсіби еңбегі «БАЗИС» компаниялар тобының 25 жылдығы кезінде «Қазақстанның құрметті құрылышысы» атағымен еленді.

– Жұмахан, сіздің жалпы еңбек жолыңыз, оның ішінде «БАЗИС» компаниясындағы, неден басталды?

– 1972 жылы жұмысымды №50 ҚМБ-да бастадым. Ол жерден мені училищеге оқуға жіберіп, «ағаш ұстасы» мамандығы бойынша орта білім алдым. Жұмыс әу бастан ұнады, оған қоса, мен жұмыс істеп бастаған бригада өте жақсы болды. Барлығымыз бірге «Қазақстан» қонақүйі, «Казгуград» студенттер қалашығы, көркем галерея, М.Әуезов атындағы академиялық драма театры секілді ірі, ауқымды, айшықты нысандарда жұмыс істедік... «БАЗИСте» мен 1997 жылдан бері еңбек етемін. Есімде, бір танысым «БАЗИС» штат қалыптастырып жатқанын айтты. Компаниямызда үшінші дәрежелі ағаш ұстасы қызметінен бастадым, кейін төртінші және бесінші дәрежеге қол жеткіздім.

– Сізді ағаш ұстасы мамандығы несімен қызықтырды?

– Маған мамандығым өте қызықты әрі шығармашылық кәсіп болып көрінді. Уақыт өте келе дұрыс таңдау жасағаныма көзім жетті.

– Тәжірибеңіздің биігінен қарай отырып жоғары сыныпты маман болуы үшін қандай қасиеттер керек екендігін айта аласыз ба?

– Ең бастысы және маңыздысы – жұмысқа деген қызығушылығыңды ояту. Әріптестерім бойынша айта аламын – мәселен, Жамбыл Ысқақов жұмысты қай жерден, қалай бастау керектігіналдынала ойластыратын. Мұқияттылық, аңғарымпаздық, шыдамдылық, төзім мен өз көзқарасыңды қорғайбілу қабілеті керек. Есімде, бір нысанда бізге паркеттің суреті ұнамады. Біз әріптестерімізбен ақылдастық та Александр Якубовичке басқа шешімін ұсындық. Басшылық мақұлдады.

Қазір көптеген адамдардың бұл мамандықты тастап кетіп жатқаны өкінішті. Оларды да түсінуге болады – мүмкін олардың осы мамандықпен жұмыс істегісі де келетін шығар, алайда ағаш ұстасы мамандығының жалақысы аса көп емес. Бірақ, тағы да айтамын, өте қызықты мамандық.

– Сіз қандай басшысыз?– Өзіме және жігіттерге талап қойғыш

басшымын. Қай уақытта болмасын ұжымда тәртіптің сақталуын қолдаймын.

– Бригадаңыз туралы айтып беріңізші.– Бригадамдағы адамдардың саны 40-

қа дейін жеткен кездер де болды. Қазір, жұмыс көлемі ол кездегідей үлкен емес, бригадада 12 адам бар. Жамбыл Ысқақовты, Әлібек Наурызбаевты, АханЫстыбаевты бөле-жара атай аламын. Біз 1972 жылдан бері бірге істеп келеміз – әрине, құрам сол кездегідей емес, сол бригададан 4-5 адам ғана қалды.

– Бригадаңыз осы жылдарішінде бүкіл Қазақстан бойынша нысандар құрылысына қатысты. Қай нысан есіңізде көбірек қалды?

– Көптеген параметрлер бойынша күрделі де қызықты жоба «Қазақстан» қонақүйі болды – онда өзгеше өрнекті паркет болды. Әуезов драма театрына әдемі гүл салдық. Бірақ, ең қызықты «Базистік» жоба -

қаржыМинистрлігінің ғимараты болды, ол жерде бригадамыз тоғыз қабаттағы бүкіл жұмыстыатқарып шықты.

– Отбасыңыз және қызығушылықтарыңыз туралы айтсаңыз. Бос уақытыңызда немен айналысасыз?

– Үйленгенмін, әйелім мұғалім болды, қазір зейнеткерлікте. Үш балам бар, бәрі есейіп кетті. Бос уақытымда (жұмыс көп болғандықтан бос уақыт аса көп бола бермейді) саяжайдағы бақшаны күтіп-баптауға тырысамын немесе балық аулауға шығамын.

– Былтыр «Құрметті құрылысшы» атағын алдыңыз.Сіз үшін бұл марапаттың маңызы қандай?

– Мен үшін, отбасым мен әтріптестерім үшін мұның маңызы үлкен және өсу мен дамуға итермелейді. Жұмысты барынша жақсы істеуге тырысамын, себебі осындай үлкен марапатқа лайық болуың қажет.

– Осы мамандыққа енді келіп жатқандарға қандай кеңес берер едіңіз?

– Қашанда жігіттерге жұмысқа кешікпеу қажеттігін, жұмысты сапалы атқаруға тиістігін айтып отырамын. Жұмыс аяқталған соң келесі бригада таза жайда жұмыс істеуі үшін қалған қоқысты тазалау қажет. Қандай жұмысты бастасаңыз да мұқият болыңыз және айналадағы адамдарға құрметпен қараңыз.

BN анықтамасыЖұмахан Қанапияев басқаратын бригада

Оңтүстік Қазақстан облысының Сырдария өзеніндегі Көксарай контрреттегішінің, сондай-ақ Астана, Алматы мен Ақтаудағы нысандардың: Қаржы Министрлігі, «Қазақойл», «Кеден», ҚР ҚМ әскери-клиникалық госпиталі, «ВКГ 70-разъезд», «Променад», ҚТЖ «Пинджим ст.» және «Тасқарасу-Алтынкөл ст.», Назарбаев Зияткерлік мектебі, Almaty Arena мұз сарайы, «Астаналық орталық», «Новый мир», «Нұр Дала», «Ботаникалық бақ», «Раушангүлдер алқабы», «Достық», Mega Towers Almaty, «Шахристан», «Талисман», «Рапсодия», Сайран КТК 2 және 29 орамдары, «Чайковскийдегі клубтық үй» тұрғын үй кешендерініңқұрылысына белсене араласты. Қазір Ж. Қанапияевтің бригадасы «Алмалы» нысанында жұмыс істеп жатыр.

19

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ ҚҰРЫЛЫСШЫСЫ

Page 20: BAZIS NEWS - kk.bazis.kz file72 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы аяқталды. Ол соғыс қымбатқа түсті, миллиондаған адамның

Бәрінен мысықтың ролін ойнаған ұнады

Рәбия, сән агенттігінде немен айналысасың? – Сән агенттігіне барғанды ұнатамын, себебі маған

онда өте қызық. Қашанда жаңа нәрсе үйренеміз: ак-терлік шеберлікте түрлі рольдерді ойнаймыз, өзімізді актерлармыз деп елестетеміз. Хореографияда бізге

Айдарымыздың кейіпкері Рәбия Ұзақбаева – фотомодель, спортшы, ақылды да сүйкімді қыз. Жастығына қарамай салмақты әрі жинақы ол өте мейірімді, жұмсақ мінезді, жүрегі ашық. Жеті жастағы Рәбия сән және сән бизнесі әлемінде үлкен нәтижелерге қол жеткізуге дайын. Бұған Рәбияғасүйікті анасы -«БАЗИС» ҚК Астанадағы филиалының ЕҚ және ҚТ департаментінің директоры Саида Ұзақбаева көмектеседі. Ол қызыныңталантын ашып, арманын іске асыру үшін қолынан келгеннің барлығын жасайды.

Рәбия Ұзақбаева: «Менің мақсатым – Парижге барыу»

түрлі қозғалыстар мен әдемі биді үйретеді. Дефиле-де подиумда әдемі жүруді үйренеміз. Маған осының барлығы өте ұнайды. Бұдан бөлек бейнелеу өнері, би және ән курстарына барғым келеді.

Осыған дейін қандай рольдерді ойнадың? – Құбыжықтың, әженің, Қызыл телпектің және

басқа да кейіпкерлердің ролін сомдадым. Актерлік шеберлік сабағында мұғалім бізге «сиқырлы блок-нот» береді, оның көмегімен әрқайсымыз кезек-кезек түрлі хикаяларды ойдан шығарамыз да, есте сақтап, сол хикаялардағы рольерді ойнаймыз.

Саған барлығынан гөрі қандай роль ұнады? – Маған мысықтың ролі қатты ұнады. Бізде бір хи-

кая болған. Ол бойынша бір қыз бақшада серуендеп жүреді де оның сүйікті мысығы адамға айналып ке-теді, бірақ ол адамның мінезі мысықтыкі болып қала береді. Мен соны сомдадым.

Кез-келген дүниені жақсы жарнамалай білу керек

Мен сенің кәсіби фотосуретшілер түсірген фотосуреттеріңді көрдім. Керек кадрды тауып алғанға дейін жымиып отыру қиын емес пе? – Жоқ, қиын емес. Бірақ әр фотосессия алдында

қобалжимын. Әлдеқалай сәтсіз сурет шығып қалса не істеймін деген ой тұрады. Фотосуреттерімде қы-зықты образдар мен әдемі қалыптар болғанын қалай-мын.

Жарнамаға қатысқаның туралы айтып берші.– Біз ұялы телефондар, журналдар секілді түрлі

құралдарды жарнамаладық,бізге берген кез-келген затты әдемі жарнамалауымыз қажет болды. Бірде ұстазымыз актерлік шеберлік сабағында бізге теле-фон ұстатты да соны шоколад деп елестетіп, шоколад ретінде жарнамалауды тапсырды.

Жарнамаға фотосуретке түсу кезінде қандай ракурстарды дұрыс көресің?– Маған түрлі қалыпта түскен ұнайды. Менің ең бір

ұнатқан фотосессиям – фотографтың маған сатыға

BN анықтамасыРәбия екінші сыныпты аяқтап жатыр,қо-сымша сән агенттігіне барып жүр. Мектеп-те математика мен әдебиет көбірек ұнайды. Сүйікті өлеңдерінің бірі – «Жануарлар не ой-лайды». Мектептегі оқу мен сән агенттігіндегі дәрістен тыс уақытта ән салып, би билегенді, қуыршақтарға арналған түрлі сән үлгілерін ойлап тапқанды ұнатады. Мектепте құрбы-сы бар, 2 жылдан бері дос. Рәбия BN-ге өзінің қызығушылықтары жайында айтып беруге келісті.

20

BAZIS NEWS №4-5/ 01.05.2017

Page 21: BAZIS NEWS - kk.bazis.kz file72 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы аяқталды. Ол соғыс қымбатқа түсті, миллиондаған адамның

шығуға болмаса да қарды көру үшін оған шығып алғанымды бейнелеуімді өтінген кез болды. Шағын бір саты болды, мен бір аяғымды сатыға қойдым да қо-лыммен ұстап ешкім көріп қалмауы үшін жан-жағы-ма қарайлай бастадым. Өте қызықты болып шықты.

Анаң бұл қызығушылығыңды қолдай ма? – Ия. Ол маған көмектесіп, қолдап отырады, ал мен

анама үй жұмыстарына көмектесемін.

Мектеп пен сән агенттігіндегі дәрісіңнен тыс уақытта немене айналысасың? – Бос уақытым болғанда клиптер қойып, билеймін.

Билеп, ән салғанды өте ұнатамын.

Идеяларды түрлі көздерден алуға болады

Саида Ұзақбаева: «Рәбия түрлі мата қиындыларынан, тіпті

шұлықтардан да қуыршақтарға киім тіккенді жақ-сы көреді! Оның дизайнерлік қабілеті бар – олқуыр-шақтарға интерьерлер жасағанды ұнатады – перделер, төсек жаймалары мен басқа да көптеген заттарды ті-геді. Шкафтардың бірінде ол қуыршақтарға арналған бұрыш – өзіне қатты ұнайтын стильде бөлме жаса-ды». «Маған анам көмектесті!», – деп қосты Рәбия.

«Әрине, біз көмектестік, себебі инемен жұмыс істегенде зақым алмау үшін қауіпсіздік техникасын сақтау қажет», – дейді Саида Ұзақбаева. «Ол мате-риалдарды өзі таңдап, сән үлгілерін өзі ойлап тапты. Біз тек оның айтқандарын ғана жасап тұрдық – төрт бұрышты жастықтар, білікшелерді барлығын қы-зымыздың нұсқауымен жасадық. Ол кез-келген нәрсеге дизайнерлік тұрғыда қарайды», – дейді Саи-да – «Өмірдің кез-келген сәтіне ол жеке киім үлгісін таңдай алады, түрлі стильдегі көйлектердің суретін салады. Нәтижесінде оның сән үлгілері бәріміздің көңілімізден шығады».

«Менде тіпті орманға да киіп баратын киім үлгісі бар», –дейді Рәбия күліп.

Рәбия, өз сән үлгілеріңе идеяларды қайдан аласың? – Кейде қыздар түрлі киім киетін мультиктерді қа-

раймын. Кейбір сәндерді қайта саламын, ал кейбіреу-лерінөзім ойлан шығарамын. Бірде серуенге шықпақ болған қыз туралы мультик көрдім де серуенге де, қонаққа да киіп баруға болатын образ ойлап таптым.

Рәбия, келешекке қандай жоспарларың бар? Болашақта меңгергің келген мамандығыңды таңдадың ба? – Мен әлі негізгі мамандығымды таңдаған жоқпын.

Бір кездері әнші болғым келген, кейін мұғалім болғым келді, қазір дизайнер болғым келеді. Сонымен бірге анамның жұмысын жарнамалағым келеді.

«Менде Рәбияның «БАЗИС» ҚК каскасын киіп алып, қолына еңбек кодексін ұстап тұрып түскен фо-тосуреті бар», – деп әңгімеге күле отырып араласты Саида Ұзақбаева.

«Өскенде Парижге барғым келеді, ол жақта түрлі әдемі киімдер тігіп, оларды сатып, ақшасын анама әкеліп берсем деймін. Менің бөлмемде тіпті Париж көріністері бар тұсқағаз да бар. Тым кішкене кезімде Эйфель мұнарасы түріндегі үлкен жастығым болға-нын қаладым», – дейді Рәбия.

Жағдайға қарай әрекет ете білу

Рәбия бала кезінен ерекше қсиетке ие – жағдайға қа-рап әрекет ете алады және өзіне дәл қазіргі сәтте қажет нәрсеге қол жеткізе алады. «Рәбия біраз уақыт киоку-шинкаймен айналысты – бұл карате мен таэквондо-ның ортасындағы нәрсе. Бұл оның өзін-өзі қорғаудың негізгі машықтарын үйреніп, ұл балалар ренжітпеуі үшін қажет болды. Спорт және бал билері де солай – ол онымен әсемдікті қалыптастыру үшін қажет. Бәрінен бұрын қызыма модельдер курсы ұнады, ол актерлік шеберлік, шешендік қабілет пен кәсіби мо-дельдер курсын біріктіреді. Рәбия модельдер курсына сертификат алды,оқуды жалстырып, деңгейін көте-руді жоспарлап отыр», – дейді Саида. «Балабақшада топта жалғыз қыз болдым да кейбір балалар мені ренжітетін. Балалармен тең сөйлесу үшін каратеге бардым. Кейін биге бардым», – деп түсіндірді Рәбия.

Айтпақшы, қорытынды фотосессияда модельдер мектебінен келген балалар көп болды, алайда серти-фикатты тек Рәбия мен тағы бір кішкентай модель ғана алды.

Рәбия фильмдер мен жарнама роликтеріне, кәсі-би киноларға түсе отырып актерлік шеберлігін шыңдағысы келеді. «Бұдан бөлек Рәбия үйде түрлі видео түсіргенді ұнатады және экранда болып жатқан нәрсеге түсініктемені күлкілі етіп береді. Бірде мей-рамханада отырғанбыз. Бір уақытта оның іші пысты да көңілін көтеру үшін видео түсіріп, мейрамхананы ондағы жанды музыкаға назар аудартып жарнама-лай бастады. Олар ұсақ-түйекке дейін назар аударып, оларды әдемі жеткізе біледі», – дейді Саида. «БА-ЗИСті» жарнамалағым келеді, себебі ол жақта қы-зықты және онда менің анам еңбек етеді! Оның үстіне «БАЗИС» тамаша үйлер салатындығымен де ұнайды! Кейде көлікте кетіп бара жатып анам «БАЗИСтің» не салғанын айтып отырады, – деді Рәбия. «Қызым Астанадағы аритектурасы әсем ғимараттардың бар-лығын «БАЗИСпен» байланыстырады», – деп күледі Саида.

BN-ненЖас модельмен өткен кеш жылы әсер қалдырып

зырылдап өте шықты. Біз Рәбия мен оның анасы Саидаға мықты денсаулық пен табыс тілейміз! Рәбияның таланты мен мақсат қойғыштығын ескере отырып оның сән әлеміндегі ең жарқын және сұранысқа ие модельдердің бірі болатын-дығына, ал оның Парижді бағындыру арманының міндетті түрде орындалатынына сенеміз!

БІЗДІҢ БАЛАЛАРЫМЫЗ

21

Page 22: BAZIS NEWS - kk.bazis.kz file72 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы аяқталды. Ол соғыс қымбатқа түсті, миллиондаған адамның

МАҚТАНУЫМЫЗ ТИІС ШЕБЕРЛЕР

Ағайынды Әлімбаевтар – Алмас, Дархан және Айдос Астанадағы «Сити-Палас» СОО монолит жұмыстарын атқаруда. Үлкені Алмас - «БАЗИС» құрылыс компаниясында 12 жыл, Дархан – 11,Айдос – 5 жылдан бері ең-бек етіп келеді. Ағайындылар елордаға Қызылорда облысынан келген. BN журналисіне жігіттермен жұмыс күні аяқталған кезде әңгімелесудің сәті түсті. Кездесуде сондай-ақ, «БАЗИС» ҚК ҚТ және ЕҚ жөніндегі инженері Да-нияр Оразалы да болды. Ол көптеген жылдардан бері ағайындылармен бірге жұмыс істеп келеді және олардың біліктіліктері туралы жақсы біледі.

Әлімбаевтар өз жұмысын жақсы көреді және кәсібінің барлық қыр-сырын біледі

Ағайынды Әлімбаевтар - Қызылорда облысыҚа-залы ауданының тумасы (Бекарыстан би ауылы), көпбалалы отбасынан шыққан – шаңырақтарын-да 9 бала. Олар Астанаға жас елорда қызу дамып, құрылыс саласы қарқын алып, құрылысшы ма-мандығы бір сәтте дәріпті мамандыққа айналып жатқан кезде көшіп келді. «Достарым Астанада ауқымды құрылыс басталғалы жатыр деген соң 1998 жылы елордаға келдім. Біраз жайланып алған соң құрылысқа ортаншы інімді, сәл кейін кіші інімді шақырдым», – дейді Алмас Әлімбаев.

«Ағайынды Әлімбаевтар «БАЗИС» ҚК ЖШС жанындағы монолит жұмыстарымен айналысатын №1 ҚМБ бөлімшесінде жұмыс істейді. Үлкені Ал-мас - бригадир, компанияда 2005 жылдан, ортаншы-сы Дархан – звеношы және бригадирдің көмекшісі болып 2006 жылдан,кішісі Айдос монолитші болып

жұмыс істейді. Ағалары оны компанияға 2012 жылы шақырған», – дейдіжігіттер жайында ҚТ және ЕҚжөніндегі инженер Данияр Оразалы. Ол «Алма-стың – педагог және инженер-құрылысшы секілді екі жоғары білімі бар» дейді ол.

Алмас сол жылдары мұғалімнің мардымсыз жа-лақысымен отбасын асырау қиын болғанын, сон-дықтан ұстаздық таяқшасын құрылыс каскасына айырбастауды жөн көргенін, осылайша сұраныс анағұрлым үлкен мамандықты игергенін айта-ды. «БАЗИС» компаниясында жұмыс істей жүріп құрылыс саласындағы жоғарғы оқу орнына түстім, сөйтіп, өндірістен қол үзбей жүріп білім алдым», – дейді Алмас.

Осы жылдар ішінде Алмас Астанадағы көптеген нысандардың құрылысына етене араласты. «Сулы жасыл желек жолы» полифункционалды кешен құрылысынан бастадым. Компанияғаекінші дәре-желі ағаш ұстасы болып орналастым. Бір жылдан кейін дәрежемді 4-ге көтерді. Көп ұзамай геодези-яға қызыға бастадым да таңбалаушы –геодезистің

көмекшісі болдым. Кейін «Цеснабанк» ғимараты-ның құрылысына қатыстым. 2009 жылы «Зүбаржат кварталда» таңбалаушы болып істедім, одан кейін Жанат Беркімбаевтың бригадасында звеношы – бригадирдің көмекшісі болдым. 2012 жылы жеке команда жинадым да бригадирі болдым», – дейді Алмас.

Алмас атап өткен нысандар конструкциясы жөні-нен күрделі болып саналатындықтан құрылыс-шылардан барынша аңғарымпаздық пен біліктілік талап етілді, олар бұл талапқа жауап бере алды да. «Адам өз жұмысының барлық қыр-сырын бүге-ші-гесіне дейін білетін және өз кәсібін сүйетін болса, ешқандай да қиындық тумайды», – дейді Дархан Әлімбаев. «Дархан да қарапайым ағаш ұстасы бо-лып бастаған, кейін арматурашы болып жұмыс істеді, қазір – ағаш ұсталарының звеношысы, брига-дирге көмектеседі, сондай-ақ, бригадир жоқта бүкіл бригадаға басшылық жасайды», – дейді Данияр Оразалы.

22

BAZIS NEWS №4-5/ 01.05.2017

Page 23: BAZIS NEWS - kk.bazis.kz file72 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы аяқталды. Ол соғыс қымбатқа түсті, миллиондаған адамның

BN анықтамасыҮлкендері Алмас жұбайымен төрт бала

тәрбиелеп отыр. Оның жары әскери мек-тепте техникалық қызметкер болып еңбек етеді. Ортаншысы Дархан жұбайымен нәре-сте өсіріп отыр. Оның жолдасы өз уақытын толығымен балаға арнайды және күйеуі жұ-мыстан келгенде дәмді асымен қарсы алады. Кішілері Айдос отбасын құруды енді жоспар-лап жүр.

Әр маманның жұмысы үлкен маңы-зға ие

АлмасӘлімбаев– алдына нақты мақсаттар қойып соған жететін өте мақсат қойғыш адам. Ол білім алып, құрылыс саласының білікті ма-маны атанды. Алмас – кез-келген мәселенің шешімін таба білетін ақылды да тәжірибелі басшы.

«Жұмыста бригаданың барлық мүшесі - тең. Ешкімді бөліп-жаруға болмайды. Бірақ кейде бауырларыңа көбірек сенетін, есесіне солардан қатаң талап ететін кездер де болады. Бұл олар-дың менің бауырым болғандықтарынан емес, себебі, олар – өз саласының мықты мамандары және өз міндеттерін сапалы орындайды. Туған бауырың бригадада звеношы болса бүкіл ұжым-ның жұмысын тиімді жүргізуге өте ыңғайлы», – дейдіАлмасӘлімбаев.

Мұны ағаш ұсталарының звеношысыДархан Әлімбаев та қуаттайды. «Монолит жұмыстары үш категорияға бөлінеді – ағаш ұсталары, ар-матурашылар, бетоншылар болып. Бұлардан бөлек таңбалаушылар бар. Менің міндетіме ағаш ұсталарының барлық жұмысын қадаға-лау кіреді. Таңба саламын, қауіпсіздік пен өн-діріс технологияларын сақтаудың барлық та-лаптарының мүлтіксіз орындалуын қараймын. Құрылыста негізгі және екінші қатарлы маман деген болмайды. Әр маманның еңбегі мейлі ол ағаш ұстасы, арматурашы, геодезист және тағы басқалар болсын үлкен маңызға ие. Ағаш ұста-сының негізгі жұмысы – өзінен кейінгі жұмы-стардың барлығы жақсы жүруі үшін қалыпты дұрыс орнату. Менің міндетім – барлығының дәл және кәсіби түрде атқарылуын қадағалау», – дейді өзінің жұмысы жайында Дархан Әлім-баев.

Барлығынан маңыздысы – қауіпсіздік техникасы

Ағаш ұсталары, арматурашылар мен бетон-шылардың жұмысы ең ауыр жұмыстардың бірі саналады. Олар тік қабырғаларда, биікте жұмыс істейді. Осыны ескере отырып оларға еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік инженерлері жіті назар аударады.Ағайынды Әлімбаевтар «БА-ЗИСте» жыл сайын техникалық қауіпсіздік пен еңбекті қорғау жөнінен дәріс тыңдайтындарын және квалификациялық куәлік алатындықтарын, онсыз құрылыста жұмыс істеу мүмкін еместігін айтады. Мұны ТҚ және ЕҚ инженері ДаниярО-разалы да растады. «Біздің құрылысшыларымыз жыл сайын компаниямыздың оқу орталығында қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау бойын-ша квалификациялық дәріс тыңдайды. Ағайынды Әлімбаевтардың әрқайсысының оқытудан кейін

алған квалификациялық куәліктері бар. Біздің оқыту орталығымыз жыл сайын оқу өткізеді, құрылысшылар қауіпсіздік техникасы мен ең-бекті қорғау бойынша емтихан тапсырады.Оқуға өтінімді бригадирлер береді. Олар неше адамды оқыту қажеттігін көрсетеді», – деп түсіндірді ҚТ және ЕҚ инженері. «Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс беруші жұмыс-шыны оқытуға міндетті – адам жұмысқа орнала-са салысымен ҚТ бойынша нұсқамадан өтеді де оқудан кейінгі бір ай ішінде жұмысқа кіріседі. Кез-келген құрылыста монолит жұмыстарына ерекше назар аударылады – ағаш ұсталарына, қа-лыпшыларға, арматурашыларға, бетоншыларға, себебі, құрылыстарымыздың барлық қаңқасы монолиттен құйылған. «БАЗИСтегі» барлық 6 жыл ішінде негізгі ғимараттарды біздің моно-литшілеріміздің қалай салып жатқанын көріп ке-лемін. Біздің бөліміміздің қызметкерлері барлық құрылыс-монтаждау жұмыстарын қадағалай-ды, бірақ монолит жұмыстарына ерекше көңіл бөледі. Егер де қандай да бір қауіпті сәттер туа қалып жатса – біз жұмысты тоқтатамыз. Бәрінен бұрын маған қызметкерлеріміздің біздің ескерт-пелерімізді бірден жойып, өздерінің жұмыс орындарын ҚТ мен ЕҚ талаптарына сай бірден ретке келтіретіні ұнайды», – дейді Данияр Ора-залы.

Құрылысшылардың өмірі мен қауіпсіздігіне жауапты адамдар тарапынан қатал тәртіп, қадаға-лау мен ерекше назарды қажет ететін нысандар да болады.

«Зүбаржат квартал» салынып жатқан кезде әріптестерімізбен бірге құрылысшылардың ізін аңдып жүрдік – ауысымға кешке түсіп жұмыс барысын таң атқанға дейін қадағаладық. Жігіт-тер екі ауысыммен істеді, біз олардың жанында әрбір қозғалысты бақылап тұрдық,себебі салы-нып жатқан ғимараттың конструкциясы техника-лық жағынан өте күрделі болды. Қауіпсіздік пен еңбекті қорғауға қатысты барлық шешімдер сол жердеҚТ мен ЕҚ инженерлерімен келісе отырып қабылданды, себебі уақыт өте аз болды, шешімді табан астында қабылдау керек болды. Бірақ, жігіттер бұл сыннан сүрінбей өтті», – деп еске алады ДаниярОразалы. Ағайындылар болса бұл мақтауға жай ғана жымиып қойды.

BN анықтамасыДанияр Оразалы «БАЗИС» құрылыс компа-

ниясының ҚТ және ЕҚ департаментінде 2011 жылданжұмыс істейді. Ол өзге де қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау инженерлері секілдіәрбір жұмысшының құрылыста бар-лық ережелер мен қауіпсіздік техникасын бұлжытпай орындауын қадағалады. Себебі әрбір құрылысшының өмірі мен денсаулығы осыған байланысты.

Отбасы кез-келген адам үшін аса маңызды

Бос уақыттарын ағайынды Әлімбаевтар өз от-басыларымен бірге өткізуге тырысады – бала-ларын киноға, балалардың түрліойын-сауық ор-талықтарына алып барады. «Аптасына бір ғана демалысымыз бар – жексенбіде өз отбасылары-мызға уақыт бөлуге тырысамыз. Балалармен бірге қыдырып, ойнаймыз, отбасымызбен шүй-іркелесеміз. Жұмыс күндері балалар футбол, шахмат секцияларына, ағылшын тілі сабақта-рына барады.Мен жұмыста болғандықтан бала-ларға әйелім қарайды», – дейдіАлмас. Ағайын-ды Әлімбаевтардың жарлары - ошақ басының жылуы, үйдегі көмекшілері, тіректері. Әлімба-евтар компаниядағы жұмысын қатты қадір тұта-ды және өздерінің еңбек ұжымын құрметтейді.

BN-ненКез-келген компанияның мақтанышы –

олардың қызметкерлері, компанияны алға сүй-реп, дамып, жетуліге бастайтын біліктілері. Ал егер компанияда адамдар отбасыларымен еңбек ететін болса - бұл оның тұрақты әрі сенімді екендігін білдіреді. Ағайынды Әлімба-евтардың қаншама жыл «БАЗИС» құрылыс компаниясында тізе қосып жұмыс істеп келе жатуы кезінде олардың әрқайсысының дұрыс таңдау жасағандығын көрсетеді. Біз Алмасқа, Дархан мен Айдосқа табыс, мансап-тық өсу мен сәттілік тілейміз!

МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ ОТБАСЫМ

23

Page 24: BAZIS NEWS - kk.bazis.kz file72 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы аяқталды. Ол соғыс қымбатқа түсті, миллиондаған адамның

ЖАСМАМАНДАРДЫҢ КЕЛЕШЕККЕ ДЕГЕН СЕНІМІ

Астананың Құрылыс-техникалық колледжінің «БАЗИС» құрылыс компаниясымен ынтымақтастығы түлектердің компаниямызда жалақысы тұрақты, әлеуметтік жағынан қорғалып, мансаптық тұрғыда өсуіне шексіз мүмкіндігі бар тұрақты жұмыс орныне ие болуына бірегей мүмкіндік береді. Бұл жайында BN журналистеріне Астананың Құрылыс-техникалық колледжі директорының оқу-өндірістік жұмыстар жөніндегі орынбасары Ертай Тәукешұлы Халетовпен өндірістік оқыту шебері, дуальді оқыту тобының жетекшісі Қарлығаш Тұрахметқызы Ермаханова айтып берді.

BN анықтамасыАстананың Құрылыс-техникалық кол-

леджі студенттерге 1968 жылдан бері жұмысшы мамандықтарын оқытады (бұл бұрынғы № 177 қалалық кәсіптік-техни-калық училище). Жарты ғасырға жуық уақыттан бері колледж қабырғасында құрылыс саласының электрогазбен дәнекер-леу, тарату құрылығылары бойынша электр монтаждаушы, слесарь-сантехник, әрлеу құрылыс жұмыстарының шебері, құрғақ құрылыс салу тәсілі маманы, құрылыс ағаш шебері, ағаш шеберлігі және жиһаз өндірісі шебері мамандықтары бойынша мамандар дайындалады.

«БАЗИС» құрылыс компаниясында өн-дірістік және дипломалды тәжірибе-ден өтіп, дипломалғаннан кейін колледж түлектері компаниямыздың қызметкері атанады.

Жұмысқа орналастыру кепілдігі берілген оқу

– Ертай Тәукешұлы, колледжіңіздегі сту-денттердің білім алу шарттары туралы ай-тсаңыз.

– Біз 9-сынып оқушыларын таңдаймыз да оларды 2 жыл 10 ай оқытамыз. Оқу аяқталған-нан кейін олар толық орта білім туралы аттестат пен таңдаған мамандығы бойынша жұмысшы мамандығының дипломын алады. Колледжге

түсу шарттары –оқуға түсуші мен оның ата-ана-сымен әңгімелесу. Оқу - тегін, бірінші семестр-де барлық студентке стипендия төленеді, ал бірінші семестрден кейінстипендия тек «жақ-сы» және «өте жақсы» деген бағаға оқитын-дарға ғана беріледі.

Бізге жетімдер, толық емес отбасынан шыққан балалар түседі. Инклюзивті білім беру тобы бар. Ондакоррекциялық мектепті бітірген балалар оқиды. Біз оларға «әрлеу және құрылыс жұмыстарының шебері» мамандығы бойынша білім береміз, кейін олар Астана қаласында са-лынып жатқан нысандарда сылақшы-сырлаушы болып жұмыс істейтін болады.

Көпбалалы, аз қамтылған және әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларынан шыққан ба-лалар бізде тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Студенттер өндірістік тәжірибеге кет-кен кезде ыстық түскі астың орнына балаларға құрғақ азық үлестерін береміз.

– «БАЗИС» құрылыс компаниясымен қа-шаннан бері ынтымақтасып келесіздер?

– Біз «БАЗИС» құрылыс компаниясы» ЖШС Астанадағы филиалымен 2010 жылдан бері жұмысістеп келеміз. Бүгінгі күні «БАЗИС» ҚК Филиалы –біздің негізгі әлеуметтік әріптесіміз. Колледж студенттері екінші курстан бастап тәжірибенің барлық түрін осы компанияда өтеді. Тәжірибе мерзімі әлеуметтік әріптестер-мен келісілген оқу бағдарламасына сай жүр-гізіледі.

Студенттер кәсіби бригадалардың құрамында жұмыс істейді, әрстуденттің өз тәлімгері бола-ды. Олар кәсіпорынның жоғары білікті жұмыс-шылары.

2017 жылы «БАЗИС» ҚК» Филиалы базасын-да дуальді жүйемен білім алған 20адамнан тұра-тын топ бітіреді.

Оқу аяқталғаннан соң студенттеросыкомпа-нияға жұмысқа орналасады. Құрылыс компа-ниясында тәжірибеден өту кезінде студенттерге жалақы төленетінін атап өткім келеді. «БАЗИС» ҚК» Филиалының мамандары студенттерімізге білім беріп, тәрбиелеуге мүдделі, себебі, кейін бұл балалар осы бригадаларда жұмыс істеуге қалады.

Әрбір студенттің жүрегінің кілтін таба білу қабілеті

– «БАЗИС» ҚК» Филиалымен ынтымақта-стық орнатқандарыңызға 7 жылдай болып-ты. Бұл тандемде сізге не нәрсе көбірек ұнай-ды? Ол сізге не береді?

–«БАЗИС» құрылыс компаниясымен ынты-мақтастық бізге барлық оқушыларымыздың міндетті түрде жұмысқа орналасатынына де-ген сенімділік береді. Біз қашанда «БАЗИС» құрылыс компаниясының өкілдерімен – атап айтқанда, кадрлар бөлімінің бастығы Оксана ИвановнаБитнермен, тәлімгер Надежда Никола-евнаГутовскаямен, Лидия Бутенкомен, участок бастықтары мен компанияның бригадирлерімен ортақ тіл табысамыз. Олар бізді тыңдайды және түсінеді, қашанда қолдап, студенттерімізге көмектесіп отырады.

Қазір студенттеріміз өтпелі жаста, олар-мен жұмыс істеу өте қиын, бірақ біз ақылдаса отырып, әрқайсымен ортақ тіл табысуға тыры-самыз, әр студентке жеке қарап, ынтымақта-стықты жолға қоюға тырысамыз. Басында қашанда оңай болмайды, бірақ балалар тәжіри-беде өз күшімен ақша таба бастаған кезде бізге рахметін айтады. Баланың аты - бала, компани-ямызда жұмыс істейтін бригадирлер де мұны түсінеді және қашанда қол ұшын беруге дайын тұрады. Олар әрқайсысының өз мінезі бар екен-дігін түсінеді және әр баланың жүрегіне жол та-буға тырысады. Егер ол жол табылса оқу да ба-лаларға оңай болады, жұмыс та жақсы жүреді, басшылар да риза, оқытушыларымыз да разы болады. Ең бастысы біз үшін – түлектеріміздің ертеңіне деген сенімділік.

– Ертай Тәукешұлы, «БАЗИС» ҚК» ЖШС Филиалындағы жұмыс студенттеріңізге қа-лай әсер етеді?

– «БАЗИС» ҚК жұмыс балаларды тәртіпке үйретеді – компанияға жұмысқа кешікпей уақы-тында келу қажет, тиісті жұмыс көлемін атқару керек, бұл әлеуметтік әріптестермен бекітілген үшжақты келісім-шартта көрсетілген. Әр сту-денттің еңбекақысы осыған байланысты және балалар да өздерінің бақуаттылығы тек олар-дың өздеріне ғана байланысты екендігін түсі-не бастайды, анағұрлым жауапты әрі салмақты бола түседі. Студенттеріміздің шамамен 30%-і «БАЗИС» ҚК ЖШС Филиалы нысандарында өтетін тәжірибе кезінде оқытушыларымыздан да көп қаражат табады. Барлығы студенттің өзі-не, оның мақсат қойғыштығы, еңбекқорлығы мен жауапкершілігі деңгейіне байланысты. Мі-нездің қалыптасуы да, қоғамға бейімделуі де, аға ұрпақпен қарым-қатынасын дұрыс жолға қоя білуі де үлкен роль ойнайды. Үлкен ком-паниядағы талаптары қатаң өндірістік нысанда жұмыс істеу студенттерімізді тәртіпке тәрбие-лейді.

24

BAZIS NEWS №4-5/ 01.05.2017

Page 25: BAZIS NEWS - kk.bazis.kz file72 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы аяқталды. Ол соғыс қымбатқа түсті, миллиондаған адамның

BN анықтамасы«World Skills Kazakhstan-2017» қалалық

байқауының бірінші кезеңі Астана қала-сының Құрылыс-техникалық колледжінің базасында өтті. Оған елордадағы түрлі құрылыс колледждерінің студенттері қа-тысты. Жазда республикалық байқау бола-ды, онда Қазақстанның әр қаласынан келген жеңімпаздар жарысатын болады. Респу-бликалық байқаудың жеңімпаздары әлемнің қалаларының бірінде өтетін халықаралық байқауға жолдама алады. Мәселен, 2016 жылы халықаралық байқауШвейцарияда, Стокгольмде өтті. 2015 жылы жарыс Бра-зилияда өткен болатын.

Тәжірибеде дәделденген біліктілік

Көктемде АстананыңҚұрылыс-техника-лық колледжінің қабырғасында «WorldSkills Kazakhstan-2017» қалалық чемпионаты өтті. Оған Астанадағы дуальді жүйемен білім бе-ретінкөптеген колледждердің студенттері қатысты. Байқаудың қалай өткені жайында өндірістік оқыту шебері, Астана құрылыс-тех-никалық колледжінің дуальді жүйемен оқыту тобының жетекшісі Қарлығаш Тұрахметқы-зыЕрмаханова айтып берді.

– Байқаудың қатысушысы – біздің сту-дентіміз Жанбота Нұрболатдуальді жүйе-мен білім алады және екінші курстан бері тәжірибені «БАЗИС» ҚК ЖШС Филиалы нысандарында өтіп келеді. Оқуға өте жа-уапкершілікпен қарайды, жақсы оқиды. WorldSkillsKazakhstanбайқауына қатысу үшін компаниядан демалыс алды. Барлық сынақтар мен емтихандарды тапсырған ол өзінің жаңа жұмыс орнына оралады. Өзінің мамандығын қатты жақсы көреді, жаңа технологияларды игергісі келеді, тез үйреніп алады және ақпа-ратты тез қабылдайды. Барлық дуальді топ жақсы оқиды және жұмыста да барлығын мақтайды.

Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды шәкіртіміз, дуальді топтың 3 курс

студенті Жанбота Нұрболат иеленді. Оның өн-дірістік тәжірибені «БАЗИС» ҚК ЖШС Фили-алында өткені көп көмектесті, басшылықтың бұйрығымен оған 3-ші біліктілік разряды берілді. Ол сонымен қатар жақсы, сапалы және жауапты жұмысы үшін «БАЗИС» компа-ниясының грамотасымен марапатталды.

– Қарлығаш Тұрахметқызы, байқауда сту-денттер қандай мамандықтар бойынша сайысты?

– Колледждің 2 курс студенті ӘлиЖолымқа-совбайқау аясында «слесарь-сантехник» біліктілігін ұсынды. Оған санитарлық-техни-калық құрылғыларды монтаждау, ыстық және суық сумен қамтамасыз ету жүйесін тарту мен қосу, газбен жылытылатын жылыту жүйесін монтаждау мен барлық сумен және жылумен қамтамасыз ету жүйелерін тексеру кірді. Ол байқауға қатысқан колледж студенттерінің арасынан 1 орын алды. Колледжімізде арнайы жабдықталған оқу шеберханалары бар. Ол жерде балалар үйлерге электрді дұрыс тар-тып, электр аспаптарын, суды және басқа да коммуникацияларды дұрыс қосуды үйреніп жатыр. Оқу кабиналарына 2 адам кіріп, бар-лығын басынан бастап жинайды. Студент-теріміз алға қойылған міндеттерді тез және дұрыс орындап дайындықтың жоғары деңгей-ін көрсетті.

BN-ненКолледж оқытушылары мен тәлімгер-

лері– «БАЗИС» құрылыс компаниясы қы-зметкерлері тарапынан студенттерге жоғары талаптар қойылатынын, жас ма-мандардың теориялық және тәжірибелік дайындықтарының жақсы деңгейде екен-дігін ескеретін болсақ, дәл осы колледждің студенттерінің халықаралық байқауға ба-ратынына күмән жоқ. Біз балалардың ком-паниямыздың нысандарындағы жұмысы-на табыс және барлық байқауларда жеңіс тілейміз!

25

КАДРЛАР БАРЛЫҒЫН ШЕШЕДІ

Page 26: BAZIS NEWS - kk.bazis.kz file72 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы аяқталды. Ол соғыс қымбатқа түсті, миллиондаған адамның

БІЛІКТІЛІК СТУДЕНТ ОРЫНДЫҒЫНАН БАСТАЛАДЫ

Көктемде «БАЗИС» ҚК қамқорлығындағы Алматы құрылыс және халық кәсіпшілігі колледжінің студенттері (АҚжХКК) кәсіби шеберліктің «WorldSkillsKazakhstan» ұлттық қалалық чемпионатында жүлделі орындарды иеленді. Бұл туралы BN журналистеріне АҚжХКК аға шебері СалтанатҚадырова айтты.

Байқауға дәстүр бойынша Алматыдағы колледждерде жұмысшы мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттер қатысты. Сырлау және декоративті жұмыстар бойынша бірінші орынды АҚжХКК 3 курс студенті НикитаГришаев, екінші орынды оның курстасы Ерген Жақсылық иеленді.

Байқауға қатысушылар арасында ағаш шеберлігі ісі бойынша АҚжХКК студенті Бауыржан Сапарбаев жеңімпаз атанса, екінші орынды оның курстасы Азамат Ідіріс алды. Бізге қарасты колледждің тағы бір студенті Григорий Куксенко құрғақ құрылыс пен сылақ жұмыстары бойынша байқауда екінші орынға ие болды. Дәнекерлеу технологиялары бойынша Жангелді Ықсанбеков жеңімпаз деп танылды.

Республикалық байқау мамыр айының бас кезінде АҚжХКК базасында өтеді – онда ең үздік ағаш шеберлері өзара бақ сынайтын болады, алқұрғақ құрылыс тәсілі бойынша әрлеушілер мен дәнекерлеушілер республикалық байқауға Астанаға барады.

BN-нан

«БАЗИС» компаниялар тобының тату ұжымы жеңімпаздарды шын жүректен құттықтайды және жас мамандарға жаңа жеңістер, жетістіктер мен компанпямызда бас айналдырар мансапқа қол жеткізуді тілейді!

26

BAZIS NEWS №4-5/ 01.05.2017

Page 27: BAZIS NEWS - kk.bazis.kz file72 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы аяқталды. Ол соғыс қымбатқа түсті, миллиондаған адамның

АТТЕСТАЦИЯ ӨТІЛДІ!«БАЗИС» құрылыс компаниясының Алматы филиалында өндірістік нысандардың аттестациялауы өтті. Қандай нысандар аттестациялауға жатты, бұл бақылаудың қандай түрі және ол не үшін қажет, бұл жайында «Қауғаның астында тұрма» айдарында қауіпсіздік техникасы және еңбектіқорғау Департаментінің қызметкері Сергей Барсуков және Татьяна Майоровамен бірге әңгімелейміз.

Өндірістік бақылау – өндірістің адам мен сыртқы ортаға қауіпсіздігі және зиянсыздығын қамтамасыз етуге бағытталған мерзімді шара-лар, оның ішінде өнімдерді, жұмыс пен қыз-метті зертханалық зерттеулер кешені. Осындай бақылау шарасының арқасында мына жайттар-ды жүзеге асыруға мүмкіндік туады:

- өндірісте зиянды және қауіпті факторлардың пайда болу мүмкіндігін анықтау және олардың алдын алу;

- кәсіби аурулардың кіруіне жол бермеу; - апатты жағдайлардың алдын алуды қамта-

масыз ету;- табиғатты қорғау ұйымдарымен түсініспе-

ушіліктерге жол бермеу;- нысандарда атқарылып жатқан жұмыстар-

дың қауіпсіздігі, зияндылығы, ауырлығы, ши-еленістігі, еңбек гигиенасы мен өндірістік орта шарттарының қауіпсіздік пен еңбекті қорғау нормативтеріне сәйкестігі деңгейін анықтау.

«БАЗИС» құрылыс компаниясындағы жұмыс орындарына қатаң талаптар қойылады, сон-дықтан аттестация бес жылдабір рет өткізіледі. Әр нысан қатал өлшемдерге сай болуы тиіс, ал қызметкерлер еңбекті қорғау нормативтерінде регламенттелген бірқатар талаптарды сақтауы тиіс.

BN анықтамасы- Жұмыс орындарын еңбек шарттары бой-

ынша аттестациялауҚР Еңбек кодексінің 317 бабында көрсетілген және барлық жұ-мыс берушінің міндеті болып саналады.

- Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16 бабының 10 тармағына сәйкес жұмыс беруші қызметкерлердің қатысуымен өн-дірістік нысандардың еңбек шарттары бой-ынша аттестациялауды бес жылда бір рет өткізуге міндетті.

- Сонымен бірге, өндірістік бақылау Қа-зақстан Республикасы ұлттық экономика Министрінің 2015 жылдың 28 ақпанын-дағы №174 бұйырығымен бекітілген,152 «өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарға қойылатын санитарлық-э-пидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелері тармағына сәйкес өткізіледі.

- Аттестациялаудың өткізілмеуі ҚР ха-лықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы саласындағы заң талаптары мен ҚР денсаулық сақтау және әлеумет-тік қорғау министрінің 2015 жылдың 2 желтоқсанындағы бұйрығымен бекітілген өндірістік нысандарды еңбек шарттары бойынша міндетті мерзімді аттестация-лаудан өткізу Ережелерінің бұзылуы болып табылады.

Алматыда ірі жобалардың басталуына бай-

ланысты қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау Департаменті «БАЗИС» ҚК» ЖШС филиалдарының барлық өндірістік нысанда-рында аттестациялау өткізу туралы бастама көтерген болатын.

Аттестациялау қалай жүргізілді?Жұмыс тиімді болуы үшін тұрақты түрде әре-

кет ететін аттестациялық комиссия құрылып, оған «БАЗИС-А» Корпорациясы» ЖШС құрылыс жөніндегі вице-президенті Сергей Ча-калов, «БАЗИС» ҚК қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау инженерлері Сергей Барсуков пен Татьяна Майорова кірді. Олар аккредита-цияланған зертханалар жүргізген зерттеулердің негізінде еңбек шарттары бойынша өндірістік нысандарға өндірістік бақылау жасап, мерзімді аттестация өткізді.

Зерттеулер қалай жүргізілді? Еңбек шарттары бойынша бағалауға жұмыс

орындарындағы қауіпті және зиянды өндірістік факторлар (физикалық, химиялық, биологи-ялық, технологиялық), оның ішінде еңбектің ауырлығы мен қауырттылығы жатады. Жұмыс аясында лабораториялық және инструменталды радиологиялық зерттеулер, электрлі магниттік өріс пен басқа физикалық факторларды зерт-теу (жасанды жарықтандыру, атмосфералық қысым, ауа қозғалысының жылдамдығы, тем-пература, ылғалдылық, үздіксіз шуыл, үздіксіз емес шуыл, жалпы вибрацияның деңгейі және басқалар.) жүргізілді.

Жарақат қауіпсіздігін бағалаудың негізгі нысандары

1) Өндірістік қондырғы;2) Құралдар мен саймандар;3) Ұжымдық және жеке қорғаныш

құралдарымен, сондай-ақ оқыту және нұсқама құралдарымен қамтамасыз етілу.

Өндірістік қондырғының, құралдар мен сай-мандардың жарақат қауіпсіздігін бағалау нор-мативтік техникалық құжаттардың, ұлттық стандарттардың, қауіпсіздік пен еңбекті қорғау ережелері мен нұсқамаларының негізінде жүр-гізілді жәнеолардыңтехникалық жай-күйіне, төлқұжаттық өлшемдер мен өндірістік процесс технологиялары талаптарына тәуелді болды.

Нәтижелер аттестациялық комиссия мүше-лері қол қойған арнайы актімен рәсімделді. Ат-тестациялаудың қорытындысы бойынша «БА-ЗИС» компаниясының өндірістік және құрылыс нысандарында қызметкерлердің денсаулығы мен өмірінің амандығы қамтамасыз етілді, ере-желерді бұзу, қателер мен кемшіліктерді жою міндеттері белгіленді, ал еңбек шарттары қол-даныстағы ережелер мен нормаларға сай келеді.

BN-ненЖыл сайын 28 сәуірде еңбекті қорғаудың

Халықаралық күні тойланады. BazisNewsре-дакциясы ҚТ және ЕҚ Департаменті қыз-меткерлерін құттықтайды.Компаниямызда сіздердің басшылықтарыңызбен қашанда ең-бекті қорғау мен қауіпсіздік техникасы прин-циптерінің сақталуын, ал жұмыстың жеңіл болуы және жағымсыз көрсеткіштерден ада болуын тілейміз.

БАСЫҢДЫ ҚАТЕРГЕ ТІКПЕ

27

Page 28: BAZIS NEWS - kk.bazis.kz file72 жыл бұрын Ұлы Отан соғысы аяқталды. Ол соғыс қымбатқа түсті, миллиондаған адамның

«базИСтЕ» біліктілЕр көбЕйЕ түСті! Астанада «БАЗИС» құрылыс компаниясының жұмысшыларына кәсіби білім мен мамандық алғаны туралы сертификаттар табысталды. «Электр газды дәнекерлеуші» жұмысшы мамандығы бойынша дипломды тапсыру салтанаты 30 наурызда Астана Политехникалық колледжінде «БАЗИС» ҚК ЖШС Филиалы кадрлар бөлімінің инспекторы Надежда Николаевна Гутовскаяның және өндірістік тәлімгер Николай Иванович Ричканың қатысуымен өтті.

«БАЗИС» құрылыс компаниясы өз қыз-меткерлерінің кәсіби білім алуы мен білік-тілігін арттыруға үлкен көңіл бөледі. «БА-ЗИС» құрылыс компаниясы» ЖШС Астана қ. Филиалы мен «Астананың Плитехника-лық колледжі» МКҚК арасында бекітілген «электр газды дәнекерлеу» мамандығы бой-ынша кадрларды қайта даярлау жөніндегі келісім-шарт негізіндефилиал жұмысшы-лары арасынан 20 тыңдаушыға жұмысшы мамандығы оқытылды.

Бір маманның оқу ақысы 27 764 теңге бол-ды. Теориялық және тәжірибелік курс оқы-тушысы болып білікті оқытушы, өз ісінің маманы, филиалдың оқу орталығының өн-

дірістік оқыту шебері Николай Иванович Ричка тағайындалды», – деп хабарладыBN журналистерінекадрлар бөлімінің инспек-торы Надежда Гутовская. Біздің маманы-мыздың айтуынша, тәжірибелік сабақтар филиалдың салынып жатқан нысандарын-дағы тікелей жұмыс орындарында өтті. Оқу мерзімі аяқталғаннан кейін әрбір тыңдаушы білім алған мамандығы бойынша дәреже алуға емтихан тапсырып, біліктілік құжа-тын алды.

«БАЗИС» құрылыс компаниясы қызмет-керлеріне арналған жұмысшы мамандығы бойынша оқыту курсыүш модульден тұр-ды: теориялық курс, дәнекерлеу цехын-

дағы тәжірибелік оқу, өндірістік оқыту. Оқу бағдарламасы біткеннен кейін курс тыңда-ушылары тәжірибелік тапсырмаларды орындау арқылы өздерінің кәсіби машықта-рын байқатты», – деді Астана қаласының Политехникалық колледжі директорының оқу-өндірістік жұмыстар жөніндегі орынба-сары Ғалия Куликова.

BN редакциясы елордалық әріпте-стерін кәсіби білім алуымен шын жүрек-тен құттықтайды және көркею, компа-нияда бас айналдырар мансаптық өсу, денсаулық пен амандық тілейді!

BAZIS NEWS корпоративтік газетіМеншік иесіі: «Базис» құрылыс компаниясы» ЖШСЖоба жетекшісі: Элла ПоповаБас редактор: Юлия Тошматова«BAZIS NEWS» газеттің қазақ тіліндегі нұсқасының редакторы Зеин АлипбековРедакторлар:Анна ФрайбергерЛюбовь Ульбашева Әдеби редактор:Елена КимДизайн және беттеу:Саяқов Азамат

Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі, Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат Комитетінен Баспа басылымды есепке қою туралы №15072-Г куәлігі 23.01.2015 жылы берілген Газет Астана және Алматы қалаларында таратыладыГазеттің шығу мерзімділігі: айына 1 ретТираж: 3 000 данаОфсеттік баспа«Print House Gerona» ЖШС баспаханасында басылып шығарылған, мекен жайы: 050040, Алматы, Сәтпаев көшесі, 30а/3,124 кеңсе, тел.:+7 (272) 398 94 59Редакция мекенжайы: Алматы, Әл-Фараби даңғ., 5/1, «Нұрлы Тау» жартылай функциялы орталығы, 3 «А» ғимараты

Газетте жарияланған материалдарды редакцияның жазбаша рұқсат хатынсыз қайта басуға (жариялауға) тыйым салынады.

Мекен-жай: Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 5/1, 3А ғимаратыРедакцияның телефоны: 8 (727) 2 777 645

e-mail: [email protected]Тарату аумағы:

ЖШС «Базис» құрылыс компаниясының Қазақстан бойынша филиалдарыwww.bazis.kz

28

BAZIS NEWS №4-5/ 01.05.2017