› ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат,...

94
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ 4 деңгейлі СМЖ құжаты ПОӘК ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 Оқу әдістемелік материалдар «Мұғалімнің психология- педагогикалық құзіреттілігінің диагностикасы» пәні 05.09.2013 жылғы №1 басылым ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «Мұғалімнің психология-педагогикалық құзіреттілігінің диагностикасы» 5В010300-«Педагогика және психология» ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Upload: others

Post on 27-Feb-2020

32 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІСЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

4 деңгейлі СМЖ құжаты ПОӘК

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013Оқу әдістемелік материалдар

«Мұғалімнің психология-педагогикалық құзіреттілігінің

диагностикасы» пәні

05.09.2013 жылғы№1 басылым

ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ «Мұғалімнің психология-педагогикалық құзіреттілігінің

диагностикасы»5В010300-«Педагогика және психология»

ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей 2013

Page 2: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 2 -сі

Мазмұны

1 Глоссарий 2 Дәрістер 3 Практикалық және зертханалық сабақтар 4 Студенттің өздік жұмысы

Page 3: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 3 -сі

1 ГЛОССАРИЙАмал, Тәсіл (Способ) – бір істі атқарудың тиімді жолын іздестірудегі адамның іс-әрекеті. Амал, тәсілдің көп болуы мүмкін. Бірақ адам істейтін істі аз күш – жігер жұмсап, оңай, тиімді меңгерудің жолын іздестіреді. Оны-ең тиімді амал, тәсіл деп атайды. Амал, тәсіл тәжірибемен тығыз байланысты. Істі игерудің ең тиімді жолын меңгерген адамды әдіскер (іскер) адам дейді. Антипатия (грек. antipatheia: anti-жауластық мағнасын беретін қосымша және pathos-сезім) – педагогика мен психологияда қолданылатын термин; жақтырмау, біреуді немесе бірдемені суқаны сүймеу сезімі. А.іш тарту, ұнатуға қарама-қарсы мәндегі сезім атауы. Я.Л.Морено (1892-1974) тұлғааралық қатынастарды зерттейтін социометрия әдісіне “симпатия” және “антипатия” терминдерін тұңғыш рет қолданды.А.көп жағынан, симпатия сияқты,кісінің еркіне байланысты қажет санауынан пайда болатын сезім емес. Әйтседе ол саналы түрде,құлқы бұзық, қатыгез,т.б. адамдарға қатысты моралдық бағамдаудың нәтижесінде пайда болуы да мүмкін. Аутогендік жаттығу (грек.autos - өзім, genos – шығу тегі, пайда болу)-емделушіні бұлшық еттік релаксацияға,өзін-өзі иландыруға,адам зейінін әлдебір көріністерге шоғырландыруға және әлдебір көріністерге көз алдына елестету бейімділігіне баулуға, субъект үшін маңызды іс-әрекеттің тиімділігін арттыру мақсатымен еріктен тыс жүзеге асатын ақыл-ой белсенділігін бақылай білуді оқытып – үйрететін психотерапевтік емдеу әдістемесі. Аутогендік жаттығудың: 1) релаксацияға үйретіп, вегетативтік қызметті басқарудың куәсы іспетті мынадай екі сатысы бар: - ауырлықты, ыстық-суықты, жылылықты сезіну ахуалын жасау; 2) әр түрлі деңгейдегі гипноздық хал – ахуал туғызу. А.ж. медицинада,спортта, педагогикада, өндірісте, өзін - өзі тәрбиелеуде қолданылады. АУТОГИПНОЗ (грек. autos - өзім, hypnos - түс) - өзге адамның ықпал етуінен болатын, гетерогипнозға қарама – қарсы – адамның өзін - өзі мақсатты гипноздық жағдайға келтіруі белгілі бір тәсілдермен жүзеге асады. Аутогипнозға бейімделушілік : физикалық және эмоциялық хал – ахуалға, жеке тұлғалық ерекшеліктерге, физиологиялық және психологиялық функцияларды өздігінен басқару қабілетіне байланысты болады. А. Қазіргі уақытта аутогендік жаттығу әдістерінің бірі ретінде қолданылады. АУЫТҚЫҒАН МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ (Девиантное поведение) – балалар мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға апарып соғатын құқық бұзушылықтарды үнемі жасауы;оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы, отбасынан немесе балаларды оқыту – тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы, сондай – ақ олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыс белгілері бар, қоғамға қауіпті әрекеттер жасауы. Ауытқымалы мінез – құлық – мінездің қылт етпе, құбылмалы,айнымалы түрі. Адамның психикалық ерекшеліктерімен, әсерді қабылдауының өзіндік сипатымен байланысты болады. Ауытқымалы мінез – құлық физиологиялық және паталогиялық түрлерге ажыратылады. Физиологиялық негіздегі ауытқымалы күйдің (ашу, ыза, үрей) психикаға әсері күшті

Page 4: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 4 -сі

болғанымен ,адамды оның салдары үшін жауапкерліктен босатпайды. Яғни мұндай сезімдік ахуал жағдайында жасалған қылмысы үшін кінәлылық жоққа шығарылмайды, тек ол белгілі бір реттерде жеңілдетілуі мүмкін. Паталогиалық негіздегі ауытқымалы мінез – құлық адамды бір сәтке сана – сезімнен айырып, мақсатсыз немесе қауіпті іс - әрекеттер (шабуыл) жасауға итермелейді. Егер қылмысты әрекетті патологиялық ауытқымалы мінез – құлыққа ұшыраған адам жасаса (солай екені анықталған жағдайда), ондай адам “есі кіресілі - шығасылы” деп танылады. ӘДІС (Метод; грек. methodos – теория, ілім, зерттеу жолы) – көздеген мақсатқа жетудің біріңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі. Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану – жаңа мағлұматтар алудың аса маңызды шарты. Тәрбие және оқыту әдістерін жасап, топтастыру тәлім – тәрбиедегі негізгі міндеттердің бірі . Тәлімдік әдістерге байқау және қателік; жобалау әдісі,рейтинг әдісі,басқару әдісі және т.б. жатады. ӘДІСНАМА (Методология; грек. methodos – зерттеу жолы, теория, ілім және ....логия ) – 1)ғылыми таным әдісі; 2) ғылымда қолданылатын негізгі принциптер. Педагогика теориасына лайықты танымның ұстанымы, әдісі, нысаны мен таным амалдары арқылы педагогикалық болмысты өзгеріске түсіру. Мұндай анықтамадан екі ғылыми мәселенің бірігуін байқауға болады. Бірінші, зерттеу жұмысының бағытына лайықты жағдай жасап, педагокикалық болмысты танудың кешенді құралдарын айқындау. Екінші, ұстаным, әдіс, құрал, жүргізу амалдары арқылы педагогикалық шындыққа жету тәсілдерін қолдану. Зерттеуші педагогтің нәтижеге жетуі оның ғылыми құрал – жабдықтармен қарулануымен қатар, түрлі тәсілдерді әдіснама қорынан таңдап алуына байланысты; 3)дүниенің, қоғамның объективтік заңдылықтары мен құбылыстарын практика және теория жүзінде игертуге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы. Ә. - әдістер туралы ілім, әдістер теориясы. ӘДІСКЕР (Методист) – оқу – тәрбие әдісін жетік меңгерген ұстаз. Оның міндеті – пәннің оқытылу жағдайын бақылайды; озат мұғалім мен мектеп тәжірибесін жинақтап таратады. Ұстаздарға әдістемелік көмек көрсетеді. ӘДІСТЕМЕ (Методика) – 1) әдістер жиынтығы; 2)оқыту немесе ғылымды зерттеу әдістері туралы ілім; 3)педагогиканың жеке пәндерден берілетін білім көлемі мен мазмұнын негіздеп, оны оқытудың тиімді әдістерін зерттейтін саласы. Жалпы алғанда жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту процесінің заңдылықтарын дидактика зерттейді. Ол заңдылықтардың жеке пәндерді оқытудағы көрінісін және әр пәнді оқытудың өзіне ғана тән заңдылықтарын пәндік дидактика қарастырады. Бұлардың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктеріне байланысты оқыту әдістемелері бар. Ә.дидактикаға ғана негізделіп қоймайды. Ол психалогия, педагогика, филология және т.б. ғылымдардың жетістіктеріне сүйеніп, білім беру жүйесіндегі озат тәжірибелер мен мәселелерді жедел ғылыми талдаудан өткізіп отырады.

Page 5: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 5 -сі

ӘЛЕУМЕТТІК ӨЛШЕМ ӘДІСІ (Социометрический метод) – америкалық психолог және социолог Дж. Морено шағын топтағы адамдардың қарым – қатнастарын зерттеу үшін енгізген зерттеу әдісі. Басты мақсаты – топ ішіндегі адамдардың тілегі мен мүддесін анықтау. Топтағы адамдар бір жағдаятта болып ( демалыста, жұмыста, спорттық шараларда және т.б.), қасындағы адамдардың біреуін өлшем (сұрақтарға) бойынша таңдап алуы керек. Адамдардың қарым – қатынастарының үйлесімді болуы, бір – бірін ұнатуы немесе ұнатпауы олардың сезімдік – эмоциялық күйлеріне байланысты. Мыс., топтағы адамдарға әр түрлі сұрақтар қойылып (“Сіз кіммен жұмыс істегіңіз келеді ?” және т.б. ) , жауаптарын социограммаға түсіреді де, көрсеткіштерін қортынды жасайды. Кімнің көрсеткіштері жоғары болса, сол топ лидері болып табылады. Социограммалық зерттеу әдісін 5 – 6 айда қайталап отыруы керек. ӘҢГІМЕЛЕСУ, ӘҢГІМЕ (Беседа) – 1)ақыл белсенділігін арттыруға бағытталған оқыту, тәрбие әдістерінің бірі. Оқушы әңгімелесу барысында мұғалім мен жолдастарының қойған сұрақтарына жауап бере отырып, өтілген материалды қайталап, бекітеді және білімін толықтырады. Ә. әдісі оқушыларға эмоциялық, эстетикалық әсер етеді. Ол оқытушының тәжірибесіне, кәсіптік шеберлігіне байланысты; 2) вербальдық (сөйлеу) қарым – қатынас негізінде ақпарат алу әдісі. Психологияның әр түрлі салаларында ( әлеуметтік, медициналық, балалар психологиясы және т.б.) көп қолданылады және сыналушыны психологиялық эксперимент жүргізу жағдаятына енгізудің, кірістірудің негізгі әдісі болып табылады. Психофизикалық эксперименттегі қатаң түрде нұсқау беруден психотерапиядағы еркін сөйлесуге дейін алуан түрде өтеді. Әңгімелесудің тән сипатты түрлері ретінде “экспериментке кірістіру” – іскерлік ынтымаққа тарту, жұмыстық гипотезаларды тексеру мақсатындағы “эксперименттік әңгімелесу”, сұхбат түрлерін саралауға болады. БАЙҚАҒЫШТЫҚ (Наблюдательность) – заттың, құбылыстың егжей – тегжейін аңғаратын адам қабілеті. Ол адамның өмір сүрген ортасына, тәлім – тәрбиесіне, мамандығына, кәсібіне де байланысты. Б. Ғылыми жұмыста, шығармашылық істе ерекше орын алады. Б. – танымдық құрылғы мен соған сай шындықты қабылдауды қалыптастыратын қасиет. БАЙҚАУ ӘДІСІ (Метод пробования) – белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт зерттелуші адамның психологиялық ерекшеліктерін қадағалау. Байқау, әдетте, зерттелуші адамның әрекетіне араласпай – ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелушінің мимикасын, сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, мінез – құлқын байқауға болады БАҚЫЛАУ ӘДІСІ (Метод наблюдения) - белгілі бір педагогикалық құбылыстардың өту ерекшеліктерін, оларда тұлғаның, ұжымның, адамдар топтарының көрінуінің, алынатын нәтижелердің тән сипаттарын жүйелі түрде мақсаткерлікпен тіркеп отыру. Б.ә.тұтас және іріктеме, қосылымды және жай, бақыланатын және бақылауға келмейтін, далалық және лабораториялық және т.б. түрлерге бөлінеді.

Page 6: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 6 -сі

БАСТАУЫШ МЕКТЕП ЖАСЫ (Младший школьный возраст ) - баланы бастауыш мектепте оқыту кезеңіне сәйкес келетін даму сатысы. Бастауыш мектеп жасының хренологиялық шектері әр түрлі елдер мен нақты тарихижағдайларда әрқилы; оқыта бастауды белгілі бір елде және белгілі бір уақытта ресми қабылданған орай Б.м.ж. шартты түрде 6 – 7 жастан 10 – 11 жасқа дейінгі аралықта белгіленуі мүмкін. БЕЙНЕЛІ ОЙЛАУ (Образное мышление ) – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мида жалпы, жанама түрде түрлі ұғымдар арқылы бейнеленуі . Б.о. сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. БЕЙНЕЛІ ЕС (Образная память) – заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақты бейнесін ойда қалдыруда, қайта жаңғыртуда көрініп отыруы. Суретшілер мен сәулетшілердің, музыканттар мен актерлердің есі көбінесе нақты болып келеді. Олар оқып шыққан кітабының мазмұнын есіне түсіргенде, ондағы ұсақ – түйек көріністердің бәрін көз алдарына келтіре алады. БІЛІМ БЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ (Методика в образовании) – жекелеген білім процестерінің тәлімдік әрекетіндегі нақты тәсіл, амалдардың сипатталуы. Білім беру әдістемесіне байқау, жобалау, қателік, рейтинг, тест, т.б. әдістер жатады. ГЕНДЕР - қазіргі кезде ерлер мен әйелдердің арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды, олардың әлеуметтік рөлдерін және т.б. талдаған кезде қолданылатын термин ҒЫЛЫМ - 1) білім негіздері, әсіресе ғылыми әдісті жүйелі түрде қолдану нәтижесінде алынған негіздер; 2)негізгі принциптер мен жалпы заңдылықтарды қорытып шығаруға жұмылдырылған зерттеулер не пәндер саласы; 3) табиғи құбылыстарды зерттеуге арналған әдістер мен амалдардың ғылыми принциптерге негізделген жүйесі. Ғ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға бағытталған оның барлық шарттары мен сәттерін : білімдерімен және қабілеттерімен, біліктілігімен, дене тәрбиесімен, ғылыми еңбегінің бөлінісімен және кооперациясымен қоса ғалымдарды, ғылыми мекемелерді, тәжірибелік және лабораториялық жабдықтарды, ғылыми – зерттеу жұмыстарының әдістерін, түсінік және категория аппараттарын, ғылыми ақпарат жүйесін, сондай – ақ , алғышарт, құрал – жабдық ғылыми өндірістің нәтижесі болып табылатын барлық ғылымдарды түгел қамтитын зерттеу қызметінің саласы. Бұл нәтижелер, сондай – ақ, қоғамдық сана нысанының бірі бола алады. Ол объективті ақиқатқа жетуге, заңдылықтарды бейнелеуге және алдын ала болжауға арналған, жүйелі түрде құрылған білімнің жоғарғы нысаны. ҒЫЛЫМИ БОЛЖАМ (Научная гипотеза) – тәжірибеде әзірге белгісіз құбылыстар туралы немесе келешекте белгілі бір жағдайда пайда болатындай мүмкіндігі бар оқиғалар мен құбылыстар туралы ғылыми білім, болжам. Практикалық қажеттіліктен туып, ғылым жетістіктеріне сүйене келе болжау – адам ойының бір нысанына айналған. Ғылыми болжамның мүмкіндігі – оның ғылыми негізділігі мен өзара заңдылығында, өзара тәуелділігінде.

Page 7: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 7 -сі

ДАРЫНДЫЛЫҚ (Одаренность) – үлкен нышаннан туындайтын қаблеттіліктің түрі. Д. Адамның сәби кезінен байқалатын ерекше қаблеттілігі, өнердіңбір түріне туа бейімділігі. Мыс., Дюрер 3жасында өз суретін салған , Моцарт 7 жаста төрт соната жазған. Гаусс 14 жасында өзінматиматика әлеміне танытқан. Қабілетіжан – жақты дамыған адамды дарынды деуден гөрі қабілетті деу орынды. Д. Туа бітетін ерекше қасиет. Ал қабілеттілік әр адамда болатын, еңбектенумен, ізденіспен жетілетін қасиет. Дарынды балалар зейінді, зерек, алғыр,ширақ келеді Олар қиын жұмысты жан – тәнімен беріліп істейді. Д. Атадан балаға, немереге, шөбереге қан арқылы берілуі де мүмкін. Д. – балаға білім беруде туа біткен алғырлық қасиеттің тәрбие жүйесіндегі әдіс - тәсілдермен бірлесе келіп, жеке тұлғаны қалыптастыруда ықпал етуінің нәтижелік көрінісі. Адамның білуге деген ынта – ықыласының бала бойында туа біткен алғырлық қасиетімен ұштасуын ақыл – ой қабілетінен байқауға болады. ЕГІЗДІК ӘДІС (Близнецовый метод) – біркелкі (гомозиготалық) және әркелкі (гетерозиготалық) егіздердің психологиялық ерекшеліктері мен дамуын салыстыра зерттеу. Е.ә. адамның психологиялық қасиеттері мен мінез – құлық ерекшеліктерінің қалыптасуына тек пен ортаның ықпал деңгейі туралы мәселені ғылыми тұрғыдан шешу мақсатында жүргізіледі. ЖАС - адам дамуының кезеңі, организм мен түлға қалыптасуының тән сипатты заңдылықтарының жиынтығымен сипатталады. Жас – дамудың белгілі бір сатысындағы тұлға құрылымының өзіндік ерекшелігін анықтайтын бірқатар өзгерістер тән болатын сапалықтұрғыдан ерекше кезең болып табылады. Педагогикалық тәжірибе, психологиялық бақылаулар, медициналық практика эмприялық негіздерде әр түрлі жас кезеңдерін саралайды. Жасқа орай дамуды кезеңдергебөлудің қазіргі варианттары шартты түрде алынған, өйткені әрбір көзқарас тұрғысына тән критерийлерге негізделген. Жастың психологиялық сипаттамасы тәрбие мен дамудың нақты тарихи жағдайларына, қарекет пен қарым – қатынас ерекшеліктеріне орай анықталады. ЖАС ДАҒДАРЫСТАРЫ (Кризисы возрастные) – онтогенездің қауырт психологиялық өзгерістермен сипатталатын, уақыты жөнінен біршама ұзақ емес (бір жылға дейін), ерекше кезеңдері. Невроздық не жарақаттық сипаттағы дағдарыстардай емес, жас дағдарыстары қалыпты процестерге жатады және тұлғаның қалыпты ,үдемелі дамуы үшін қажет. ЖАСҚА ҚАТЫСТЫ СЕНЗИТИВТІЛІК – белгілі бір психологиялық қасиеттер мен процестердің дамуы үшін қажет жағдайлардың белгілі бір жас кезеңіне тән оңтайлы үштасу. Сензитивтілік кезеңіне қатысты күн ілгері болған не кешіккен оқытып – үйрету жеткілікті нәтиже бермеуі мүмкін, мұның психиканың дамуына жағымсыз әсері болады. ЖАСӨСПІРІМ – 10 және15 жас аралығындағы жеткіншек . Ж. кезеңінде адамда жан қуатының сапалық жаңа құрылымдары (жыныс мүшелерінің жетілуі, сана – сезімнің артуы, айналасымен қарым – қатынасының жаңа мазмұнға ие бола бастауы, іс - әрекетінің күрделене түсуі, моральдық –

Page 8: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 8 -сі

этикалық түсініктер және т.б.) қалыптасады. Бұл кезде Ж. дербестікке ұмтылып, әсерге берілгіш келеді. Ж. кезінде дұрыс тәрбиеленбесе бала теріс қылықтарға (темекі тарту, ішімдік ішу, дөрекі,әдепсіз болу және т.б) салынуы мүмкін. Сондықтан Ж. кезеңінде олардың психикалық ерекшеліктерімен санасып әр түрлі қоғамдық пайдалы жұмысқа (оқу, спорт, еңбек) қатыстырып отыру керек. ЖЕКЕ АДАМ ЕРЕКШЕЛІКТЕРі – адамның өзіне ғана тән, оны өзгелерден даралап тұратын психикалық ерекшеліктері. Әр баланың индивидумдық ерекшеліктерін тәрбиеші сол баламен жеке жұмыс жүргізу үшін міндетті түрде білуі қажет. ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫҚ (Индивидуальность) – 1) жеке адамның қайталанбас өзіндік ерекшілігі, тек соған тән ерекшеліктердің жиынтығы; 2) басқа адамдардан өзінің әлеуметтік мәнді ерекшеліктері тарапынан сипатталатын адам; индивидтің психикасы мен тұлғасының өзіндік ерекшелігі, оның қайталанбастығы. Ж.т. темперамент, мінез белгілерінде, мүдделер сипатында, перцепивтік процестер мен зият санасында , қажеттіліктеррі мен қаблеттерінеде көрінеді. ЖЕТІСТІК МОТИВАЦИЯСЫ (Мотивация достижения) – адамның қалаған нәтижеге жету үшін бар мүмкіндікті сарқа жұмсауға деген қажеттілігімен байланысты мотивация түрі. Жетістік мотивациясының негізгі түрлері ата – ана ықпалымен балада 3 – 13 жас аралығында қалыптасады. Ж.м. баланың кездескен қиындықты жеңуіне жәрдемдеседі. ЖОБАЛАУ ӘДІСІ (Метод проектирования) – оқушының бірте – бірте күрделіне түсетін практикалық тапсырмаларды жоспарлы түрде орындату арқылы оқыту жүйесі. ЗЕРТТЕУ ӘДІСІ (Методика исследования) – ғылыми – зерттеу мақсатын шешетін амалдар. ЗЕРТТЕУ ҚАҒИДАСЫ (Принципы исследования) – зерттеу процесін ұйымдастырудың жалпы қалыптары. ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ (Объект исследования) – аясында зерттелетін нәрсе мазмұны бар тәлімдік кеңістік. Педагогикадағы зерттеу объектісіне адамдарды оқыту және тәрбиелеу жатады. ЗИЯТ,ПАРАСАТ (интеллект; лат. Intellectus-ақыл,парасат,ес) индивидтің ақыл-ой қабілеттерінің біршама орнықты құрылымы. Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, қазіргі кезде оған барлық танымдық процестер кіреді.з. адамның болмысты тануының негізгі нысаны.з.ақпаратты мақсатты бағытты қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті.3. функциялары: а) оқуға деген қабілеттілік; ә) символдармен операция:б) қоршаған болмыстың заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік. Бірқатар психологиялық тұжырымдаларда з.ақыл-ой операцияларының жүйесімен теңдестіріледі. Теориялық және практикалық з.жеке адамның эмоциялық-ерік ерекшеліктерімен байланысты. Түрлері: абстрактылы 3.,

Page 9: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 9 -сі

ересектер зияты., нақты з., кристалданған з., күнделікті з., жануарлардың зияты, жасанды з. Зиятты диагностикалау з. Коэффициентіне байланысты. ЗИЯТ ТЕСТІЛЕРІ-индивидтің ақыл-ой әлеуетін анықтауға арналған психологиялық диагностика әдістемелері. Зият тестілерінің көпшілігінде сыналушыға арнаулы бланкте тестінің міндеттері солардан құрастырылған терминдер мен ұғымдар арасындағы нұсқауда көрсетілген логикалық таптастыру,ұқсастыру, қорыту және т.б. қатынастарды анықтап белгілеу ұсынылады. Сыналушы өзінің шешімдерін жазбаша түрде, не бланкіде бар бірнеше варианттың біреуіне белгі қойып хабарлайды. Есептер кейде суреттерден, геометриялық фигуралардан және т.б. тұрады. Тестілер есептеріндегі дұрыс орындалғандарының санына қарап сыналушының ойдағыдай өткені анықталады, зияттылық коэффициенті шығарылады. ЗИЯТТЫЛЫҚ КОЭФФИЦИЕНТІ (ағылш.intellectual guotient)- ақыл-ой жасы деп аталатынның (АЖ) осы тұлғаның шын хронологиялық жасына (ШЖ) қатынасы; IQ символымен белгіленетін бұл қатынас мына формула бойынша анықталады: АЖ/ШЖ*100%=IQ Ақыл-ой жасы жас шкалаларының бірі арқылы тестілеу нәтижелерімен анықталады. Әр түрлі жас шкалаларына енгізілген тестілердің көпшілігінде логикалық , логикалық-перцептивтік және арифметикалық амалдардың меңгерілуі, жалпы хабардарлық, практикалық жағдаяттардағы бағдарлану, ырықты жад және т.б. қамтылып орындалатын міндеттер белгіленеді. Жас шкалаларын құрастырғанда психолог тәжірибе мен түйсікті басшылыққа алып, міндет-тапсырмаларды іріктейді. Олар өздері қамтыған материал бойынша (терминднр, ұғымдар, графикалық бейнелер және т. б.) және ынталандырылатын ақыл-ой әрекеттері бойынша осы әлеуметтік қауымдастықтағы шкала қамтитын жастарға ұғынықты болуға тиіс. Мұның өзі, әдетте, жастық өкілдік іріктемелерде эксперимент арқылы тексеріледі. ИНТЕРИОРИЗАЦИЯ (лат.interior-ішкі)-сыртқы әлеуметтік қызметтің игерілуі арқасында адам психикасының ішкі құрылымдарының қалыптасуы. И. ұғымын француз психологтары (П.Жане, Ж.Пиаже, А. Валлон және т. б.) енгізді. Символдық интеракционмзмнің өкілдері де интериоризацияны осыған ұқсас мағынада ұқсас ұғымдар психикалық талдауда психиканың ішіне өтетін индивидумаралық қарым-қатынастар құрылымының ықпалымен онтогенез бен филогенезде ұғынылмағаның (индивидумдық не ұжымдық) құрылымы, өз кезегінде сананың құрылымын анықтайтындай болып қалай қалыптасатынын түсіндіру кезінде пайдаланылады. Қазіргі тұрғыда И. Заттық қызмет құрылымының сананың ішкі жоспары құрылымына айналуы болып ұғынылады. Интериоризацияны психиканың белгілік ақпаратты сырттан алуының, ішкі өңдеуі мен сақтауының қандай нысанднрынан болсын ажырата білу керек. ИНТЕРФЕРЕНЦИЯ (лат.inter-өзара, өз ішінде, fertns-әкелуші, ауыстырушы; көне француз тілінен аударғанда: бір-біріне кедергі келтірк дегенді білдіреді)- жалпы мағынада: операциялар не әрекеттер арасындағы,

Page 10: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 10 -сі

әрекеттің нәтижесін төмендететін не жоққа саятын кез-келген процесс; әлеуметтік психологияда қарама-қарсы эмоциялар, мотивациялар, құндылықтар арасындағы қақтығыс; есте қалдырылған материалға басқа материалдың әсер етуінен оның әлсіреуі. И. ес, үйрену процестерімен байланысты зерттеледі.Естегі ақпараттардың арасындағы қақтығыс бұрынғы тәжірибенің әсерінен жаңа ақпаратты ауыр-жеңіл меңгеру (проактивті И. немесе тежелу), ескі ақпаратты жаңа келіп түскен ақпараттың әсерінен еске түсірудің қиындауынан (ретроактивті И.) туындайды. Интерференция вербалды И., моторлы-акустикалық И., қору интерференциясы, селекциялы И. болып сараланады. И. ұғымы ұмытудың психологиялық теориясының негізінде түсіндіріледі. ИНТРОСПЕКЦИЯ(лат.introspectare-ішіне қарау)- өзінің психикалық тәжірибесін зерттеу, ішкі жақты қарау процесі. Адамның өзінің санасының психикалық мазмұнын, ішкі әлемін зерттеуі. И. психиканы толық зерттеуге негіз бола алмайды, тек жасырын психикалық іс-әрекет тікелей бақылауға келмегенде ғана кейбір психолингвистикалық эксперименттерде қолданылады. И. ұғымы өзін-өзі бақылау ұғымымен де түсіндіріледі. Өзін-өзі бақылау ішкі сана құбылыстарын тіркеуге мүмкіндік беретін ішкі өзіңнің психикалық өміріңді бақылау. Интроспекцияны өзін-өзі бақылаудан ажырата білу керек. ИНФАНТИЛИЗМ(лат.infantilis-бала)-1)организм дамуының тоқтап қалуы. Инфантилизмге тән негізгі нышан –бойдың өсуінуң тоқтап қалуы; бұл кезде көбінесе балаларға тән дене бітімі сақталады. Инфантилизмнің кейбір нысандары генотипке байланысты болады. КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУ (профессиональная ориентация)- әрбір тұлғаның индивидумдық мүдделері мен еңбек рыногының қажетсінуін есепке ала отырып халыққа кәсіп таңдауда, іріктеуде не кәсіп ауыстыруда көмектесуді қамтамасыз ететін отбасының, оқу орындарының, мемлекеттік, қоғамдық және коммерциялық ұйымдардың ақпараттық және ұйымдастырушылық-практикалық іс-әрекеті. КЕШЕНДІ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ( комплексная система обучения)- оқу материалдарын жүйелі түрде байланыстыра оқыту.(экологиятану, табиғаттану т.б.) КЛАСТЕРЛІК ТАЛДАУ (кластерный анализ)- көп өлшемді талдау дың математикалық процедурасы;бірқатар объектілерді сипаттайтын (мыс., сыналушыларды) көптеген көрсеткіштер негізінде оларды кластарға топтауға мүмкіндік бередіжәне бұлай топтағанда өзге кластарға кіретін объектілермен салыстарғанда бір класты құрайтын объектілердің біртекті, ұқсас болуы қамтамасыз етіледі. Объектілердің цифрлармен белгіленген параметрлерінің негізінде олардың арасындағы евклидтік өлшемдегі сияқты (көп қолданылатын), сонымен қоса, басқа өлшемдерде де көрінуі мүмкін болатын арақашықтықтар есептеліп шығарылады.К.т. әдісі психолингвистикада көп қолданылады.

Page 11: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 11 -сі

КОЛЛОКВИУМ (лат.colloguim-әңгіме, әңгімелесу)- 1)- оқу сабақтары нысандарының бір түрі; оқытушылардың оқушылардың білімін тексеру мақсатында әңгімелесуі. Жоғарғы оқу орындарында К.,әдетте, лабораториялық жұмыстың, оқу практикасының алдында студенттердің сол жұмыстарды орындауға қажеттік теориялық білімін байқау үшін жүргізіледі. Қазіргі оқу процесінде коллеквиумдае электрондық оқыту машиналары жиі пайдаланылады; 2) баяндамалар талқыланатын ғылыми жиналы КОНСПЕКТ (лат.conspeklus-шолу)-кітап, дәріс, баяндаманың мазмұның қысқаша жазу. К. Оқушының логикалық ойлауы мен сөйлеу мәдениетін жетілдіреді. К.- жазудың күрделі түрі. Сондықтан оқушы жоспар құру дағдыларын меңгерген соң ғана конспект жаздыруға ауысуға болады. Білім алушылар оқу процесінде берілетін білім мазмұнын қысқаша қағазға түсіріп, жазып отырады, яғни конспектілейді. КОНТЕНТ ТАЛДАУ (ағылш.contents-мазмұн)- педагогикада пайдаланылатын зерттеу әдісі. М. Мәтін және өзге де тасымалдаушылардың ( бейнежазба, сұхбат, балалардың жұмысы, мектеп құжаттары, т.б.) өзіндік сипаттарын анықтау мен баға беруді білдіреді. ҚАБІЛЕТТІЛІК ТЕСТІЛЕРІ (тесты способностей)- жалпы алғанда қайсыбір мақсатқа жетудің әлеуметтік мүмкіндігін өлшеу үшін құрастырылған кез келген тест. Арнайы қабілеттерді, жалпы қабілеттерді және көпжақты қабілеттерді мөлшерлеп анықтауға арналған түрлері құрастырылады. ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ ЭКСПЕРИМЕНТ-жас тұрғысындағы және педагогикалық психологияда қолданылатын, зерттеушінің сыналушыға белсенді ықпал-әрекеті процесінде баланың психикасындағы өзгерістерді қадағалау әдісі.Қ.э. анықталатын фактілерді тіркеумен ғана шектеліп қалмай, арнамалы жағдайлар жасау арқылы жеке адамның психикалық дамуының заңдылықтарын ашуға, бұл процесті оңтайландыру мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік береді. Нақ осы себепті баланың жеке тұлғасын қалыптастырудың шарттарын, принциптерін, жолдарын зерттеуде Қ.э. кеңінен қолданылады, психологиялық зерттеулердің оқу-тәрбие процесінің неғұрлым пәрменді нысандарын педагогикалық іздеумен және жобалаумен біріктіруді қамтамасыз етеді (қалыптастырушы эксперименттің синонимдері қайта өзгертуші,жасампаз, тәрбиелік, оқытушылық, генетикалық- модельдеушілік эксперимент, психиканы белсенді түрде қалыптастыру әдісі). ҚАТЫНАС, БАЙЛАНЫС (коммуникация; отношение)- психологияда өзара әрекет моделін, ес процесін, физиологиялық функцияларды, тілді түсіндіреді. Берілген ақпаратты хабарлау. ҚИЫН БАЛАЛАР- тұлғалық дамуында көрінеу ауытқулары бар екенін көрсететін балалар санаты. Әдетте, балаларды бұл санатқа қосқанда олардың оқу-тәрбие процесінің дұрыс өтуіне кедергі болатын даралық-психологиялық ерекшеліктерінің сыртқы көріністері негізге алынады. Баланың мінез-құлқындағы кінәраттардың себептері алуан түрлі болады, оның қиын деп бағалануы көбіне нақты психофизиологиялық сипаттамасын

Page 12: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 12 -сі

көрсетпейді, ол туралы ата-аналар мен педагогтардың пікірін білдіреді. Қазіргі әдебиетте қиын балалар деп, әдетте, мінез-құлықтары жалпы қабылданған нормалардан көп ауытқитын және дұрыс тәрбиелеуге кедергі жасайтын балалар аталады. Сондықтан оларға қатысты тәрбиеленуі қиын балалар деген термин синонимі қолданылады. ҚОРЫТЫНДЫ (вывод)- 1) жалпы және сөзбе-сөз мағынасы- сыртқа шығатыңның бәрі, организмнің кез-келген реакциясы немесе жүйенің өнімі; 2) ақпарат теориясында- шығатын сигнал. ҚОСАРЛАП СТИМУЛДАУ ӘДІСТЕМЕСІ (методика двойной стимуляции)- орыс психологы Л.С. Выготскийдің (1896-1934) жоғары психикалық функциялардың жанама сипаты туралы тұжырымдамасы негізінде жасалған психологиялық әдістеме. Ұғымдардың қалыптасу процесін зерттеуге Л.С. Выготский мен Л.С. Сахаров қосарлап стимулдау әдістемесін бірігіп қолданды. Негізгі мәні- екі қатар стимулдар арқылы жоғары психикалық функциялардың іс-әрекеті мен дамуы зерттелді. Стимулдың бірі сыналушының іс-әрекеті бағытталған объектінің функциясын, екіншісі осы іс-әрекетті ұйымдастыратын белгілер функциясын атқарады. Стимул- объектіге - әр түрлі түстер, нышандар, өлшемдер, ал құрал стимулға әр фигураның сыртында жазылған сөздер алынады. Олар эксперименттік материалдар болып саналады. Бұл әдістеме, сондай-ақ жанамаланған ес пен зейінді зерттеуге де қолданылад МАҚҰЛДАУ, ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТКІЗУ (апробация; лат.approbatio)- зерттеу барысында болжамның оң не терістігін анықтау мақсатындағы тәжірибелік байқау сынағы МЕКТЕП ЖАСЫ (школьный возраст)- балалардың өмірі мен дамуының кезеңі. Бұл кезең 10-11 жылға созылады және үш жас кезеңіне бөлінеді: 1) кіші мектеп жасы (6-7 жастан 11 жасқа дейін); 2) жасөспірімдік кезең (11-12-ден 14-15-ке дейін); 3) ерте бозбалалық шақ (15- тен 18-ге дейін). Бұл кезеңдердің әрқайсысы балалардың анатомиялық-физиологиялық және психикалық ерекшеліктерімен, олардың қоғам өміріне араласу дәрежесімен, оқу-тәрбие жұмысы мазмұнымен, ұйымдастырылуымен сипатталады. МИНЕСОТТЫ КӨП ФАКТОРЛЫ ТҰЛҒАЛЫҚ САУАЛНАМА (ММРІ)- тұлғаның даралық ерекшеліктері мен психикалық күйін психодиагностикалық зерттеу әдісі, тұлғалық сауалнама санатына жатады. ХХ ғасырдың 40-жылдарында америкалық ғалымдар С. Хатеуейем мен Дж. Маккинли тұлғаның патохарактерологиялық даму синдромдарын клиникалық зерттеу әдісі ретінде талдап жасады. Зерттеу барысында сыналушыға оның әр түрлі өмірлік жағдаяттарға көзқарасын үлгілейтін 550 пайымдау беріледі де, «дұрыс», « дұрыс емес» және «айта алмаймын» деген үш жауаптың біреуін беру ұсынылады.Мәнді жауаптар арнаулы «кілттердің» көмегімен тіркеліп, одан соң сандық өңдеуден өткеннен кейін үш бағамдаулық және он базистік шкаласы бар профильдік параққа жазылады. Бағамдаулыққа «жалған» шкаласы (сыналушы жауаптарының шынайлығы),

Page 13: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 13 -сі

нәтижелердің анықтығы, корреакция шкаласы(мінез-құлықтың ұғынылмай бақылануы) жатады. Базистік шкалалардың атаулары әдістің бастапқы клиникалық бағыттылығын бейнелейді.:1- ипохондрия; 2- депрессия; 3- есірік; 4- психопатия; 5- ер және әйел қасиеттері; 6- параноялық; 7- психоастения; 8- шизоидтілік; 9- гипомания; 10- әлеуметтік интроверсия. Шкалалардың әрқайсысындағы көрсеткіштердің арақатынасы тұлғаның профилін құрайды. Дүниежүзілік практикада базистік он шкалаға қосымша тұлғаның көптеген даралық-психологиялық қасиеттерін көрсететін 200-ден астам шкала талдап-белгіленген. Отандық психология ғылымында бұл әдістеме әлеуметтік-мәдени жағдайдың ерекшеліктері, оны психикалық тұрғыдан сау адамдарға қатысты қолдану, сондай-ақ тестің қысқартылған нұсқасын пайдалану ескеріліп бейімделіп, қайта стандартталған. Осының нәтижесінде тұлғаны зерттеудің модификацияланған әдісі, тұлғаны зерттеудің стандартталған әдісі және тұлғалық стандартталған клиникалық сауалдама жасалған. Бұларды қолдану арқылы тұлғаның нормадағы және патологиядағы даралық қасиеттерін анықтау мүмкіндігіне қол жетіп қана қоймайды, сонымен қатар мінездің шамадан тыс білінетін, қалыпты даму мен психопатиялық дамудың шекарасындағы сипаттары саласы анықталып, ол мінез акцентуациялары деп аталады. Іргелі және қолданбалы психологиялық зерттеулердің әр түрлі салаларында кең тараған әдіс тұлғаның индивидумдық-тұлғалық ерекшеліктерін, стреске қарсы реакция типін, мотивациясының бағыттылығы мен ынталандырғыш күшін, қорғаныштық және компенсаторлық механизмдерін және басқа да көптеген тұлғалық қасиеттерін барынша нақты анықтайды. Әдістеменің формальдық көрсеткіштерінің математикалық базасы оны компьютерлік психодиагностика саласында ойдағыдай қолдануға жағдай жасайды. МІНЕЗ БІТІСТЕРІ (черты характера)- өмір барысында біртіндеп қалыптасатын мінез ерекшеліктері. Бұлар бірнеше топқа бөлінеді. Кісінің айналасына, басқа адамдарға қатынасын білдіретін жағымды мінез бітістеріне адамгершілік,қайырымдылық, адалдық,т. б.осы секілді жағымды мінездермен қатар, қатыгездік, зымияндық, сотқарлық, т.б. ұнамсыз түрлері де кездеседі. ОҚЫТУ ДИАГНОСТИКАСЫ (диагностика обучения)- қандай да бір жүйенің күйін сипаттайтын белгілерді нақтылау және үйрену кезіндегі мүмкін ауытқуларды айту, олардың жұмыс режімінің бұзылуының алдын алу жолдарын айқындау. ОҚЫТУДАҒЫ ТЕОРИЯ МЕН ПРАКТИКА БАЙЛАНЫСЫ (связь практики с теорией в обучении)- теориялық білімнің іс жүзінде білім, дағды, шеберлік тұрғысынан көрініс табуы. Оқушыларды нақты іс-әрекетке үйретеді, тиісті әрекетке бейімделуге икемдейді. ПСИХОДИАГНОСТИКА (психо..және diagnostikos- айырып тануға қабілетті)- адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайтын және нақты сапалық тұрғыдан

Page 14: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 14 -сі

талдайтын, сөйтіп адам психологиясының көрінісі туралы дұрыс болжамдық мәлімет беретін ізденіс аумағы. ПСИХОЛОГИЯ (грек. psyche-жан, logos-ілім)-тіршілік қарекетінің ерекше нысаны ретінде психиканың даму және функция атқару заңдылықтары туралы ғылым. Тіршілік иелерінің қоршаған дүниемен өзара әрекеттестігі психикалық процестер арқылы, актілер мен күйлер арқылы жүзеге асады; бұлар физиологиялық процестерден, актілер мен күйлерден сапалық тұрғыдан ерекше болғанымен, олардан бөлінуге келмейді. ПСИХОПАТИЯЛАР (грек.psyche-жан, pathos- зардап шегу, ауыру)- мінез-құлық патологиясы; мұндайда субъектіде оның әлеуметтік ортаға бейімделуіне кедергі келтіретін қасиеттерінің іс жүзінде қайтымсыз айқындығы байқалады. САЛЫСТЫРМАЛЫ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ӘДІС (сравнительно-генетический метод)- жазба жұмыстарын, эпистолярлық мемуарларды, адамның басынан өткізген оқиғаларын, естеліктерін зерттеп, оның әр түрлі психологиялық ерекшеліктерін білу. Балалардың немесе үлкендердің психикалық әрекеттерін зерттеу кезінде оларды бір-бірімен салыстырып, ұқсастықтары мен айырмащылықтарын анықтайды. ТАХИСТОСКОП (грек.tachis-тез, жылдам, skoreo- қараймын)-қысқа уақытта көру стимулдарын көрсете алатын аспап. Тахистоскоптың механикалық түрін неміс психологы В.Вундт (1832-1920) жасады. Тахистоскоптың электронды түрі де бар. Проекциялы тахистоскоп арнайы диапроекторлармен жұмыс жасайды, оның каналдары ақпараттарды береді. Ес, қабылдау процестерін зерттеуде қолданылады. ТЕСТІҢ СӘЙКЕСТІЛІГІ - тест сапасының негізгі критерийлерінің бірі. Т.с. проблемасы тестің талдап-белгіленуі мен іс жүзінде қолданылуы процесінде тұлғаның ден қойылып отырған қасиетінің біліну дәрежесі мен оны өлшеу әдісі арасындағы сәйкестістікті анықтау міндеті қойылған кезде туындайды. Тест неғұрлым жарамды болса, өзі соны өлшеу үшін жасалған қасиет онда неғұрлым анық білінеді ТЕСТІЛЕР (ағылш.test-сынау, сынама)- жеке тұлғаның даралық-психологиялық қасиеттерін, сондай-ақ білімін, білігі мен машығын салғастырмалы шамалармен өлшеуге арналған стандартталған тапсырмалар; психологиялық диагностиканың негізгі әдістерінің бірі. Т. модельдік жағдайлар болып табылады, олар арқылы индивидтің тән сипаты реакциялары анықталып, зерделенетін нышан көрсеткіштерінің жиынтығы деп есептеледі. Тестілерді әр түрлі негіздер бойынша саралауға болады. ТЕСТІЛЕУ-белгілі бір мәндер шкаласы бар стандартталған сұрақтар мен есептер пайдаланылатын психологиялық диагностика әдісі. Даралық айырмашылықтарды стандарты өлшеу үшін қолданылады. Тестілеудің негізгі-негізгі үш саласы бар: а) білім беру- оқыту мерзімінің ұзаруына және оқу бағдарламаларының күрделенілуіне байланысты; ә) кәсіби даярлық және іріктеу- өңдірістің өсу қарқынының жеделдеуіне және күрделіленуіне байланысты; б) психологиялық консультация-социодинамикалық

Page 15: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 15 -сі

процестердің жеделдеуімен байланысты. Т. индивидте қажетті дағдылардың, білімдердің, тұлғалық сипаттамалардың және т. б. дамуының актуальды деңгейін белгілі бір ықтималдықпен анықтауға мүмкіндік береді. ФЕХНЕР ЗАҢЫ (закон Фехнера)- физикалық стимулдың қарқындылығы геометриялық прогрессияда артса, психологиялық түйсік арифметикалық прогрессияда күшейеді. Бұл заңды ХIХ ғ. Неміс психологы Г.Т.Фехнер (1801-1887)ашты және неміс физиологы Э. Вебердің (1795-1878) еңбектеріне негізделді ЭКСПЕРИМЕНТ (лат.experimentum-тәжірибе, сынау)- 1)ғылыми мәнде жасалған тәжірибе;2) тәжірибе жүзінде бақылауды іске асыру.

2 ДәрістерДәріс сабақтарының мазмұны.Дәріс сабақтарының мақсаты және міндеттері:1-тақырып. Педагогикалық мамандықтың пайда болуы мен тарихы. Мақсаты: Педагогика пәні мен қызыметінің мақсатын түсіндіру, тарихы мен ғылым жөнінде мағлұмат беру. Жоспар:Педагогика- тәрбие жөніндегі ғылым.Педагогиканың пайда болуы мен дамуы.Педагогика нысаны, пәні және қызметі. Адамзат тарихындағы педагогикалық кәсіптің пайда болуы және қалыптасуы.Сұрақтар мен тапсырмалар:1. Педагогика ғылымының дамуының хронологиялық таблицасын жасаңыз.2. Педагогика ұғымына ерте ежелгі және қазіргі мағынада анықтама, түсініктеме беріңіз.3. Бастапқы кезде педагогика қандай ғылымның даласында дамығанын айтыңыз.4. Ғылыми білімдер саласы, сонымен бірге педагогика немен айқындалады?

Бөлім- 3. Дәріс сабақтарының мазмұны.Дәріс сабақтарының мақсаты және міндеттері:

Әр бір тақырыпты қарастыру барысында толық құнды, жүйелі білім беру.

Тақырыптың фундаментальды негізін, қазіргі кездің мәселелерін түсінуге көмектесу, зерттелінетін тақырыптардың теориялық және қолданбалы тұжырымдамалары бойынша өз бетінше баға бере алу үшін білім беру.

Әр жақты ғылыми көзқарастарды қарастыра отырып, әр түрлі авторлардың тұжырымдамаларының ерекшеліктерін және ғылыми мектептердің жақсы жақтарымен кемшіліктерін бағалай алуға үйрету.

Page 16: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 16 -сі

Ғылым негіздері жайында түсінік беру. Белгілі бір ғылыми-практикалық міндеттер және мәселелерді шешу жолдарын ғылыми тұрғыдан негіздеу.

Оқытылатын пәнге деген қызығушылығын арттыру, өзбеттілікпен ойлау шығармашылығын дамыту. Ойлау, талқылау және қойылған мәселеге талдау жасай алуға үйрету. Ғылыми-материалистік дүниетанымын қалыптастыру.

Психодиагностикаға кіріспе. Психодиагностика пәні, міндеттері, мазмұны. Психологиялық-

педагогикалық диагностиканың психологияның басқада салаларымен байланысы. Психологтың жұмысындағы психодиагностиканың атқаратын ролін анықтау. Практикалық психология аумағында дифференциалды психодиагностикалық білімдерді қолдану. Психодиагностикадағы зерттеу әдістері, оның теориялық эксперименттік психологиямен байланысы. Психодиагностикалық әдістердің негізгі топтары. Проективті техникалар: тестілік, суреттік. Бақылау әдісі, оның түрлері. Контент- талдау құжаттары (іс-әрекет нәтижесін талдау). Диалогтық техникалар: әңгімелесу, интерактивті ойындар. Психодиагностиканың ғылыми-теориялық негізі. Психодиагностика пәні мен міндеттерін анықтау. Психодиагностиканы шешу тәсілдері. Психодиагностиканы қолдануды талап ететін арнайы практиканың аумағы. Психодиагностика және аралас зерттеу бағыттары: дифференциалды психология, психометрия, психологиялық бағалау. Психикалық қызметтер. Ақыл-ой деңгейін диагностикалау мәселесі және жалпы қабілеттер. Диагностика функционалдық және даралық стильдік, тұлғаның құндылық мотивациялық мінезі.Психодиагностикалық зерттеуді жүзеге асырудың бірнеше кезеңдерін бөліп көрсетеміз:

1. Берілулерді жинақтау.2. Берілулерді өңдеу және талдау.3. Шешім шығару- психологиялық диагноз қою және психологиялық

болжам жасау.Қазіргі кезде психодиагностика саласында психодиагностикалық

зерттеуді жүзеге асырудың бірнеше схемалары қолданылады:И.Шванцаре бойынша психодиагностикалық үрдістің кезеңдері:1. Зерттелінуші жайында алынған мәліметтер негізінде мәселені тұжырымдау (талдау, арнайы медициналық қорытындылар, оқу орнындағы оқу үлгерімі туралы мәліметтер).2. Болжамды тұжырымдау және диагностикалық әдістерді іріктеу.3. Зерттеуді жүргізу: алынған берілулерді талдау.4. Қорытынды тұжырымдау (мысалы, психикалық даму деңгейі туралы).5. Бірінші кезеңде қойылған сұрақтарға жауап қайтару.

Page 17: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 17 -сі

6. Психологиялық қорытынды негізінде жүргізілуі мүмкін іс-шараларды белгілеу.

Каминский бойынша психодиагностикалық үрдістің схемасы.1. Мәселені анықтау.2. Талдау жасалынатын берілулерді жинау.3. Эксперименталды зерттеу, бақылау, әңгімелесу, тест.4. Диагностикалық тұжырым жасау.5. Қорытынды шығару.6. Кеңес беру.

Психологтың психодиагностикалық жұмысы анықталады:- жұмыс құралдарының сенімділігімен (психодиагностикалық зерттеу

әдістерін меңгеруі, зерттеу бағдарламасын жасай алуы, әдістемелерді іріктей алуы және т.б.);

- кәсіби бағдарымен (психологиялық теорияларды білуі);- кәсібіне деген жеке қатынасы (зерттелінушілер, клиентпен қатынас

орната алу)

Психодиагностикалық зерттеудің нәтижелері психологиялық қорытынды ретінде тұжырымдалады. Психологиялық қорытынды келесі талаптарға сай болу керек:

1. Психологиялық қорытынды сұраныстың мақсатына және сұраныс жасаушының мұндай мәліметті қабылдауға даярлық деңгейіне сәйкес болу керек.

2. Қорытындының мазмұны диагностиканың мақсатынан шығу керек.3. Қорытындының мазмұнында алынған берілулерге негізделген

нұсқаулар болуы қажет.4. Қорытындыда психодиагностикалық үрдістің сипаттамасы, яғни

қолданылған зерттеу әдістер, алынған берілулер, олардың талдану.5. Қорытындыда зерттеуді жүргізу барысындағы мүмкін болатын

өзгермелі жағдайларды көрету керек, олар;- респонденттің жағдайы- зерттелінушінің психологпен қатынас орнатуы- тестік тексеруді жүргізудің жағдайлары және т.б.

Берілген мәліметті бағаламай, адекватты түрде ұсынып, клиенттің оны қалай түсіне алғанына назар аудару керек. Практикалық психодиагностика психологиялық іс-әрекеттің ең күрделі және жауапты саласы. Ол арнайы білімділікті, кәсіби шеберлікті талап етеді. Сол себептен психодиагностикада психодиагностқа әлеуметтік-этикалық талаптар қойылады. Олар: психодиагностиканың құпиясын сақтау, психодиагностикалық әдістемелердің негізділігі, тексерілушіге зиян келтірмеу, зерттеу нәтижесінің олар үшін ашықтығы, қорытындылардың

Page 18: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 18 -сі

обьективтілігі және берілген практикалық ұсыныстардың нәтижелілігі. Осы талаптарды біз психодиагностың принциптері ретінде қарстырамыз.

1. Құпияны сақтау принципі- психодиагностикада оның нәтижелерін сол адамның келісімінсіз жариялауға болмайтындығын көрсетеді. Бұл принцип біріншіден кәмелеттік жасқа толғандарға қатысты. Егер сөз кәмелеттік жасқа толмағандар жайлы болса, онда психодиагностиканың нәтижесін жариялау ата-ананың немесе олардың орнын басушы, бала үшін адамгершілік және заңды жауаптылардың келісімі бойынша жасалады. Психодиагностика ғылыми мақсатта жүргізілетін жағдайда ғана принципті ескермеуге болады. Бұл жағдайда зерттелінушінің аты-жөні жазылмайды.

2. Ғылыми-негіздеме принципі. Психодиагностикалық әдістемелердің жарамды және сенімді болуын қажет етеді, яғни нәтижелері сенімді болу керек.

3. Зиян келтірмеу принципі. Психодиагностиканың нәтижелерін сол адамға зиянды пайдалануға болмайды. Егер психодиагностика конкурсты іріктеу немесе адамды жұмысқа алу үшін өткізілсе, онда бұл принцип психодиагностика нәтижелерінің ашықтығы принципімен бірге қолданылады.

4. Қорытындылардың обьективтілік принципі. Тестік тексеру нәтижелері – ғылыми негізделген болуы керек.

5. Берілген практикалық ұсыныстардың нәтижелілігі. Ұсынылып отырған ұсыныстар адамдарға пайдалы болу керек. Адам өміріне қауіп келтіретін ұсыныстар өткізілмеу керек.

2. Психодиагностикалық жұмыс нәтижелерінің қолданылу салалары. Психодиагностиканың теориялық пән ретіндегі міндеті ғылыми негізделген психодиагностикалық әдістерді өңдеу және теориялық тұжырымдамалар мен болжамдарды тексеру болып табылады. Практикалық психодиагностикада психодиагностикалық берілулердің нәтижесі қалай, кіммен қолданылуына байланысты. Осыған орай психодиагностикалық жұмыстың нәтижесін практикада қолданудың бірнеше салаларын көрсетуге болады:

1. Психодиагностика оқыту және тәрбиелеу үрдісін белсендендіру үшін қолданылады. Психодиагностика көмегімен білім беру-тәрбиелеу мекемелерінің жұмысшыларының алдында тұрған міндеттер шешіледі. Бұл баланың мектепте оқуға даярлығы, оқу үлгермеушілігінің себебін анықтау, кәсіптік бағдар беру.

2. Диагностикалық жұмыс кәсіби іріктеу, кәсіби бағыт беру, кәсіби білім беру мамандарының іс-әрекетінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады, ол арнайы кәсіби кеңес беру, білім беру мекемелерінде жүргізіледі. Бұл жұмыс әркімге өзіне лайықты мамандық таңдауға, кәсіби білім және іскерлікті нәтижелі меңгерудің жолын табуға, кәсіби шеберлік деңгейін жоғарлатуға бағытталған.

Page 19: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 19 -сі

3. Диагностикалық жұмыс нәтижесі клиникалық кеңес беру және психотерапиялық жұмысты қолданылады. Бұл жағдайда психодиагностиканың негізгі міндеті клиенттің нақты проблемасының себебін анықтау және оларды шешудің жолдары және тәсілдерін таңдау.

4. психодиагностика сот практикасында соттық-психологиялық экспертиза жүргізу үшін қолданылады. Туындаған мәселеге байланысты психодиагност зерттеу нәтижесі бойынша психологиялық қорытынды шығарады.

Психодиагностиканың пайда болуының тарихы. Психодиагностиканың алғы шарттарының тарихы. Психодиагностиканың алғы шарттары ғылым ретінде. Экспериментальды психологияның шеңберінде психодиагностиканың қалыптасуы. Психологиялық тесттік әдістердің пайда болуы. XX ғасырдың басында психологиялық тестердің қолданылуы. XX ғасырдың басында АҚШ- та тестік әдістердің дамуы. Францияда психодиагностикалық әдістерді қолдануы.

Психологиялық диагностика психологиядан бөлініп, тәжірибенің талаптары әсерінен жекелей 19 ғасырдың бірінші жартысынан бастап қалыптаса бастады, яғни ол бастауын психологиялық білімдегі клиникалық деп аталатын кезеңнің дамуынан бастады. Бұл кезең дірігерлердің адам туралы психологиялық білімді басты ролде иемденуімен сипатталады. Дәрігерлерді сол жылдары әлемнің дамыған елдерінде барынша таралған ішкі күйзеліс аурулары және невроз сияқты аурулардың шығу себептері мазалады. Осы уақытта психологиялық диагностиканың бақылау, сұрақ – жауап, құжаттарға анализ жасау сияқты әдістері шыға бастады. Бұл әдістер сол уақыттарда өзінің сапалық сипаттамасымен ерекшеленеді.

Психологиялық диагностиканың сандық әдістері 19 ғасырдың екінші жартысынан бастап өңделе бастады. Оған арқау болған В. Вундтың әлемдегі ең алғашқы экспериментальды психологиялық лабораторияны ашуы.

Психологиялық процестерге, адамның қасиеті және көңіл – күйіне байланысты психологиялық диагностикадағы жаңа әдістердің шыға бастау кезеңі 19 ғасырдың аяғы – 20 ғасырдың басына жатады.

Одан кейінгі уақыттарда сандық психологиялық диагностикадағы психологиялық құбылыстар үшін арнайы тәсілдер шыға бастады, мысалы, факторлық анализ. Ол алғаш пихологиялық диагностикадағы жеке пішін және интеллектуалдық даму деңгейі үшін қолданылады.

Бірінші арнайы психометриялық орынды Англияда ағылшын психологы Гальтон ашты. Ол 1884 жылы антропометриялық лабораторияның негізін салды, ондағы мақсат адамның қабілеттері туралы статистикалық мәлімет алу. Бұл лабораторияға келушілер өздерінің қабілеттерін өлшеуге

Page 20: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 20 -сі

мүмкіндік ала алды және бұл психометрикалық эксперименттен шамамен 10000 адам өтті.

Гальтон психологияда статистиканы қолданудың негізін салды. Атап айтқанда, Гальтон 1877 жылы психологияда корреляция әдісін қолдануды ұсынды.Ол өзімен бірлестікте жұмыс істеуге ғалым – математиктерді шақыра бастады. Мысалы: Пирсон, Фишер және т.б. Фишер дисперсионный анализді ойлап тапты, ал ағылшын ғалымы Спирмен факторлық анализді шығарды.

Спирмен өзінің классикалық «Объективті түрде анықталған және өлшенген, жалпы интеллект» атты 1904 жылы шыққан еңбегінің арқасында психология тарихына кірілді.

Француз ғалымы А. Бине алғаш статистикалыққа негізделген интеллекттік тесттерді өңдеп және 1905 – 1907 жылдары басып шығарды. Кейінірек басқа француз ғалымы Т. Симонмен бірге осы тестті әбден өңдеп қайтадан шығарды және психологиялық диагностика тарихында бұл тест: «Бине – Симон тесті» деп аталды.

Осы ғасырдың екінші жартысында 20 – шы жылдары адамдағы әртүрлі процестер мен қасиеттерге психологиялық диагностика жүргізі алуға болатын жаңадан психологиялық, интеллектуалдық және тұлғалық тесттер шыға бастады. Тарихы жағынан артына боп кірген әдіс – тәсілдерге - әлеуметтік психологиялық зерттеулермен байланысты әдістер жатады. Бұлар: американ психологы Дж Морено шығарған социометриялық тест, К. Левиннің (неміс психологы, фашизм жыодары АҚШ – та жер аударылған) ізбасарлары – американың әлеуметтік психологтары бірігіп өңдеген көптеген өлшеу әдістері.

Психологиялық диагностиканың дамуының алғашқы бастамасы – эксперименталды психология. Себебі, психологиялық диагностика әдістерінің негізінде эксперименттік әдіс жатыр. Эксперименттің жалпы психологиядағы жетістіктері (Гальтонның «сөздік ассоциативтік» әдісті ашуы, Эббингауздың алғаш есті зерттеуі, Дж Кеттелдің зейіннің көлемін өлшеуді (тахистаскоп арқылы) және оқу дағдысын зерттеуі – «антиципации» феноменін шығаруы) оны педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясында қолдануға болатындығы жөнінде үміт туғызды. Екінші қайнар – көз – дифференциалды психология. Онда жекелей – психологиялық ерекшеліктер көрсетілген. Дифференциалды психологиясыз психологиялық диагномтиканың дамуы мүмкін емес. Яғни, дифференциалды психологияда – адамның жекелей психологиялық ерекшеліктері қарастырылады.

Революцияға дейінгі Ресейде және Кеңес дәуіріндегі психодиагностика. Ресейде психодиагностиканың даму тарихы. 19 ғасырдың екінші жартысында отандық психодиагностиканың дамуындағы ерекшелік

Page 21: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 21 -сі

экспериментальды әдістердің енгізілуімен байланысты. Ол жоғары нерв жүйесінің физиологиясынан басталды Осы бағыттың бастамасында ғылымның екі атасы И.М.Сеченов (1829-1905) және И.П.Павлов еңбектері. Психодиагностикалық процедуралардың әр түрлі ғылыми мектептерде өңделуі (контент-талдау, проективті әдістер, психологиялық тест). Ақыл-ой тестерінің тарихы. 50-60 жылдары психологиялық зерттеулердің белсенді дамуы. А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, П.Я.Гальперин еңбектері. Л.С.Выготскийдің психологиялық-педагогикалық диагностикаға қосқан үлесі.

Психодиагностиканың қазіргі жағдайы. Психодиагностиканың мәселелері және оны шешу жолдары. Психологиялық қызметегі психолог жұмысы, мұндағы психодиагностиканың алатын ролі. Психологиялық қызметті құру туралы қаулысының өзектілігі. Мектептегі психологиялық қызмет жүйесінің моделі. Ресей мен Қазақстан Республикасындағы психодиагностиканың қазіргі жағдайы.

Психодиагностикалық әдістердің жалпы сипаттамасы. Психодиагностикалық әдістердің жалпы сипаттамасы. Әдіс, әдістеме, әдістемелік негіз. Психодиагностикалық әдістерге сипаттама. Қатаң ережелі және қатаң ережесіз әдістер. Психодиагностикалық әдістерге қойылатын талаптар. Жарамдылық, сенімділік, объективтілік. Тест- психодиагностиканың негізгі құралы ретінде. Тестердің түрлері, оларды топтастыру негздері. Проективті әдістерге сипаттама.

1-субтестОрындау ережесі: Әр тапсырмада бес сөз берілген. Олардың төртеуі ортақ

қасиеттермен сипатталады, ал бесіншісі тек өзіне тән керсеткіштермен ерекше больш тұр. Сол сөз артық деп аталады. Артық сөзді тауып оның әріптік белгісін жауап парақта көрсету керек.

Мысалы: а)кірпіш; б)тас; в)балшық; г)әк; д)үй.Бұл қатарда алғашқы төрт сөз құрылыс материалдары, ал соңғы сөз (д) үй)

— артық, сондықтан осы сөздің әріптік белгісін (д) жауап парақта көрсету керек.

Орындау уақыты 7 минут.Тапсырмалар1. а) тәрелке; б) кесе; в) үстел; г) қазан; д) шәугім.2. а) жүру; б) секіру; в)билеу; г) отыру; д) жүгіру.3. а) биік; б) аласа; в) сымбатты; г) өсімтал; д) ергежейлі.4. а)қыл қалам; б) қаламсап; в) қалам; г) фламастер; д) сурет.5. а) алма; б) алмұрт; в) алхор; г) қарақат; д) шабдалы.6. а) шаршы; б) шеңбер; в) эллипс; г) доға; д) қисық.7. а) мұғалім; б) оқушы; в) жаттықтырушы; г) профессор; д) доцент.8. а) көру; б) есту; в) жазу; г) сезу; д) иіскеу.9. а) батыр; б) қорқақ; в) ержүрек; в) қабілетті; г) талантты; д)

Page 22: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 22 -сі

жасқаншақ.10.а) шекара; б) көпір; в) достық; г) ерлі-зайыптылық; д) бекіткіш.11.а) үқыптылық; б) жігер; в) тырысушылық; г) тазалық; д) адалдық.12. а) Арман; б) Үсен; в) Сәкен; г) Асанбаев; д) Жұман.13. а) ақ қайың; б) қарағай; в) емен; г) шырша; д) раушан.14. а) қара-қоңыр; б) ашық; в) көк; г) жарық; д) күңгірт.15.а) жақын арада; б) үнемі; в) шапшаң; г) асығыс; д) жылдам.2-субтестОрындау ережесі: Тапсырманың бірінші қатарында 3 сөз берілген.

Бірінші екі сөздің арасында қандай да бір байланыс бар. Ал екінші қатарда берілген бес сөздің біреуі бірінші қатардағы үшінші сөзбенен байланысты. Осы сезді тауып оның әріптік белгісін жауап параққа жазу керек.

Мысалы: Орман: ағаш — кітапхана: ?А)жазушы; б)әңгіме; в)кітапхана; г)кітап; г)каталог.Орындау уақыты 6 минут.Тапсырмалар

1. Орман: ағаш - кітапхана: ?а) жазушы; б) әңгіме; в) кітапхана; г) кітап; д) каталог.

2. Қайырымды: мейірімсіз: - күн: ?а) күн; б) түн; в) апта; г) сәрсенбі; д) тәулік.

3. Мектеп: оқу — аурухана: ?А) дәрігер; б) оқушы; в) ғимарат; г) емдеу; д) ауру.

4. Ән: керең - сурет: ?а) ақсақ; б) соқыр; в) суретші; г) сурет; д) бояужаққыш.

5. Пышақ: болат — стол: ?А) шанышқы; б) орындық; в) таға; г) дастархан; д) ағаш.

6. Балық: тор - шыбын: ?А)торшабақ; б)маса; в)бөлме; г)ызыңдау; д)өрмекші өрнегі.

7.Құс: ін - адам: ?а) адамдар; б) балапан; в) уй; г) жұмысшы; д) есік.

5. Пальто: түйме — бәтеңке: ?А)тігінші; б)дүкен; в)аяқ; г)бау; д)бас киім.

6. Шалғы: шөп - ұстара: ?А) шөп; б) шаш; в) өткір; г) болат; д) аспан.

7. Аяқ: етік - қол: ?А) галош; б) жұдырық; в) саусақ; г) білезік; д) қолғап.

8. Су: құрғақшылық - тағым: ?А) аштық; б) ішу; в) нан; г) ауыз; д) тамақ.

9. Паравоз: вагондар — ат: ?А) поезд; б) жылқы; в) жем; г) арба: д) қора.

10. Жүргізу: тұру - айқайлау: ?А) үндемеу; б) еңбектеу; в) шулау; г) шақыру; д) жылау.

11. Қасқыр: арлан - құс: ?а) ауа; б) тұмсық; в) бұлбұл; г) жұмыртқа; д) жылау.

Page 23: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 23 -сі

12. Темір: ұста — ағаш: ?А) ағаш түбірі; б) ара; в) ағаш шебері; г) теннис алаңы; д) бұтақ.

3-субтестОрындау ережесі: Тапсырманың бірінші қатарындағы сөзді анықтайтын

екі сөзді екінші қатарда берілген бес сөздің ішінен тауып, олардың әріптік белгілерін жауап параққа жазу керек.

Мысалы: Бақ:А) орман; б) бақша; в) жеміс ағаштар; г) тал; д) шөптер.Дұрыс жауабы; в) жеміс ағаштары және д) шөптер.Орындау уақыты 5 минут.Тапсырмалар

1. Өзен:а) жаға; б) балық; в) балықшы; г) су өсімдіктері; д) су.

2.Қала:а) автомобиль; б) ғимарат; в) тобыр; г) көше; д) велосипед.

3. Сарай:А) пішен сарай; б) жылқы; в) шатыр; г) мал; д) қабырғалар.

4. Кітап оқу:А) мөр; б) кітап; в) шағын сурет; г) көз; д) сөз.

5. Ойын:А) карталар; б) ойыншылар; в) айыптар; г) жазалар; д) ережелер.

6. Соғыс:А) аэроплан; б) зеңбіректер; в) атыс; г) мылтық; д) сарбаздар.

7. Кітап:а) қағаз; б) суреттер; в) өнер; г) мәтін; д) мөр.

8. Ән айту:а) дыбыс; б) көрермендер; в) дауыс; г) ән ырғағы; д) қол шапалақтау.

9. Спорт:А) медаль; б) оркестр; в) жарыс; г) стадион; д) жеңіс.

10.Емхана:А) бөлме; б) бақ; в) радио; г) дәрігер; д) науқастар.

4-субтестОрындау ережесі: Тапсырмада ортақ қасиеттермен сипатгалатын заттар мен

құбылыстарды білдіретін екі сөз берілген. Олардың анықтамасын немесе жалпылап көрсететін ұғымды тауып оны жауап параққа жазу керек.

Мысалы: Шырша - қарағай.Дұрыс жауабы: Қылқан жапырақты ағаштар.Орындау уақыты 6 минут.Тапсырмалар1. Ұл - қыз.2. Повесть — кинофильм.3. Ысқырық - шу.4. Аштық - құрғақшылық.

Page 24: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 24 -сі

5. Автомобиль — ұшақ.6. құрбақа - жылан.7. Жаңбыр - бұршақ.8. Жаратылыстану — математика.9. Ертегі - аңыз.10. Бөлу - алу.11. Мұрын - құлақ.

Тестердің сенімділігі мен валидтілігі. Тестік нормалар және оларды тексеру. Нормалық таралу, акцесс, ассиметрия шығуы. Психологиялық шкалалар. Психодиагностикалық өлшеудің статистикалық қағидалары. Тест сенімділігі, оның түрлері. Валидтілік түрлері, критерилері. Валидтілік және сенімділіктің өзара байланысы.

Тестерді адаптациялау және құру технологиясы. Тестік номалар және олардың репрезентативтілігін тексеру. Психодиагностикалық әдістерді адаптациялау. Әдістерді адаптациялау технологиясы. Психодиагностикалық әдістерді адаптациялаудың кроссмәдени және тарихи жағдайлары. Пәнаралық байланыс: Пихология, эксперименттік психология, практикалық психология, психологияны оқыту әдістемесі.Сабақтың жоспары:

I.Ұйымдастыру кезеңі (2 мин).II. Үй тапсырмасын сұрау (58 мин).1) Әр топ өз тобына берілген тақырыпты дәлелдеуі.2) Топтардың бір-біріне бағыттау сұрақтары.III.Сабақты бекіту (10 мин).IV.Сабақты қорытындылау (5 мин).V.Бағалау (5 мин).Қолданылған әдебиеттер: Психологическая диагностика. Под ред. Акимовой М.К, Гуреевича К.М.

Минск,2007. Бурлачук Л.Ф. Псходиагностика личности. Киев,1989. Гуреевич К.М. Психологическая диагностика. М,1990. Общая психодиагностика Под ред. Бодалева А.А, Столина В.В. М,1987. Бурлачук Л.Ф., Морозов С.М. Словарь по психологической диагностике.

Киев,1989.Сабақтың барысы:I.Ұйымдастыру кезеңі.- Сәлеметсіңдер ме, студеттер! Бүгін сабақта кім жоқ? Оқу- құралдарыңды

алып, үйге берілген тапсырмаға дайындалып отырыңдар.- Үйге қандай тапсырма берілді?

Page 25: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 25 -сі

- Семинар сабағы, тақырыбы: “Психодиагностикалық әдістерге қойылатын талаптар”.

- Біз бүгін семинар сабағын пікірталас түрінде өткіземіз. Ол үшін сендер төрт топқа бөлінесіңдер. Үйге берілген семинар сұрақтары бойынша пікірталасымызды жүргіземіз.

Сендердің берген жауаптарың мынадай бағалау критерийі бойынша бағаланады:“5” ұпай- егер жауаптарың толық, дәл, логикалық, бірізділікпен айтылса қойылады;“4” ұпай- егер жауапты толық білсеңдер, бірақ болар-болмас кемшііліктер кетсе қойылады;“3” ұпай- егер жауаптарың дұрыс, бірақ толық емес, айтылған жауапта кейбір проблемалар еске алынбаған жауапқа қоылады;“2” ұпай- егер сендердің жауаптарыңда қателер, елеулі кемшіліктер бар болса қойылады;“1” ұпай- егер жауаптарың тақырыпқа сай келмейтін болса, толып жатқан өрескел жауапқа қойылады.II.Үй тапсырмасын сұрау.Семинар сабағының сұрақтары:1. Жарамдылық және оның түрлері.2. Әдістемелердің сенімділігі.3. Әдістемелердің нақтылығы.4. Әдістемелердің бір мағыналылығы. -Менің алдыма әр топтан бір-бір студент шықсын, олар менің партамның үстіндегі жасырынған қағазды таңдап алып, ондағы өз тобына ұсынылған сұрақты оқиды. (Студеттерге таңдау құқығын беру).1) –Пікірталасымыздың бірінші туры, яғни әр топ өз тобына берілген

тақырыпты дәлелдеуі керек. Ал ендеше, пікірталасымызды бастайық!I-ші топ: Жарамдылық және оның түрлері. -Сөз бергендеріңізге рахмет!“Валидность” –“жарамдылық” Еуропа тілінен шыққан, қазақ тіліне аударғанда “сай келу, жарамды” деген мағынаны білдіреді. Психодиагностикалық әдістемелердің жарамдылық сипаты, оның нақты психологиялық сапаны бағалау үшін жарамды және сай болатынын көрсетеді. Әдістемелердің жарамдылық мінездемесі өзіне берілген әдіс өлшемі туралы түсінік береді және оның қолданыс сферасындағы жағдайы туралы ақпарат береді. Жарамдылықтың бірнеше түрлері бар. Психодиагностикалық әдістердің жарамдылығын анықтау туралы сұрақ қойылса, олардың әрбіреуін жекелей қарастырып, бағалау керек. Жарамдылық: теориялық және практикалық, ішкі және сыртқы болып көрінеді.

Page 26: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 26 -сі

Теориялық жарамдылық-яғни, белгілі бір теорияға сүйенетін, әр түрлі әдістемелердің көмегімен алынған, бір қасиеттің көрсеткіштерінің корреляциясы (байланысы) мен сол бойынша тексеру. Мысалы, екі түрлі әдістеме арқылы адам қасиетін зерттеу. Практикалық немесе эмпирикалық-шынайы мінез-құлықтың бақыланатын әрекеттер және зерттелінушінің сәйкестігі бойынша зерттеледі немесе тексеріледі. Мысалы, егер біз зерттелінушінің мінез-құлық сипатын белгілі бір әдістің көмегімен бағаласақ, онда бұл әдістеме эмпирикалық, яғни практикалық жарамды болып саналады. Егер адам шынайы өмірінде өзін осы әдістеме болжағандай ұстаған жағдайда, яғни оның мінез-құлық сипатамен сәйкес болған жағдайда. Ішкі жарамдылық-әдістемеде келтірілмеген тапсырмалар, тұжырымдар және т.б. әдістеменің жалпы мақсаты мен сәйкес келуі әдістеменің ойы берілген әдістемеден талап ететін, оған кіргізілген барлық немесе белгілі бір бөлімі болса, ол ішкі жарамсыз болып, немесе жетіспейтін ішкі жарамдылық болып табылады. Сыртқы жарамдылық- мұнда әдістеменің көрсеткіші және зерттелінушінің қінез-құлқының ішкі белгілерінің байланысы жайлы айтылады. Ол эмпирикалық жарамдылық сияқты болады. Мынадай айырмашылығы бар: берілген жағдайда сөз, әдістемелердің көрсеткіші мен неғұрлым маңызды кілтті ішкі белгілер туралы болады. Әдістемені жасағанда олардың жарамдылығын жылдам анықтау қиын.Әдістеменің жарамдылығы ол ұзақ қолданылғанда барып нақтыланады. -Жақсы, енді бұл топқа қояр сұрақтарың бар ма?-Ал, енді пікірталасымыздың екінші сұрағы бойынша, келесі топты шақырамыз.ІІ-ші топ:Әдістеменің сенімділігі.-Сөз бергендеріңізге рахмет! Сенімділік-осы әдістеменің көмегімен тұрақты көрсеткіш алу мүмкіндігін сипаттайды. Психологиялық тесттік тексерудің нәтижесі көптеген қиын бақыланатын факторларға байланыстырады:1. Өлшеу аспабының сапасы.2. Зерттеудің берілген нұсқасының дұрыс түсінілуі.3. Экспериментатордың мінез-құлқы. Егер өлшеу аспабы осы талаптарға сай болмаса, онда оны психодиагностикалық құрал ретінде қолдануға болмайды. Зерттелінушінің мінез-құлқы және оның нәтижелері олардың нұсқауын қалай қабылдауына да байланысты. Сондықтан, психодиагностика нұсқауының тұжырымдамасына ерекше талаптар қойылады. Нұсқау неғұрлым дара және түсінікті болуы керек. Нұсқау жазбаша түрінде берілгені дұрыс. Өйткені, ауызша нұсқау әр түрлі адамдардан әртүрлі паралингвистикалық компоненттермен айтылады: жест, ым, пантомимика, интонация. Сонымен қатар, ауызша нұсқау тез ұмытылып, еріксіз ауытқулар болуы мүмкін.

Page 27: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 27 -сі

Зерттеу нәтижесіне экспериментатордың мінез-құлқы және жеке басы әсер етеді. Мысалы, егер экспериментатор зерттелінушіге мейірімділікпен қарап, мінез-құлқында сыйластық көрінсе, онда зерттелінуші экспериментаторға жұмсақ қарап және оны қанағаттандыратын нәтижелер көрсетуге ұмтылады. Егер керісінше, экспериментатор сүйкімсіз көрінсе, жақтырмай қараса, зерттелінушілер де солай жауап береді. Экспериментатордың мінез-құлқына байланысты негізгі кепілдеме (рекомендация): ол салмақты болып, өз мінез-құлқы бір қалыпты, тілектес, зерттелінушіге сыйлы қарым-қатынаста болу. Осы факторлардың кез келгенінің психодиагностикалық тексеру кезінде өзгерісін өлшеу сенімділігін төмендетеді. Барлық факторлардың ішінде маңызды болып табылатыны- әдістемелердің сенімділігі, ал қалғандары алынған нәтижелердің әр кездігіне аз үлес қосады. -Рахмет. Бұл топқа осы айтылғандары бойынша қояр сұрақтарың бар ма? (Басқа топ студеттері түсінбеген сұрақтарын қояды).-Енді келесі топты шақырамыз!IV-ші топ: Әдістеменің нақтылығы.

-Сөз бергендеріңізге рахмет! Нақтылық-психодиагностикалық эксперимент барысында көрініп отыратын, бағаланатын қасиеттің өзгерістеріне жауап беру қабілетін бейнелейді. Психодиагностикалық әдістемелердің нақтылығы белгілі бір мағынада техникалық өлшеу аспаптарының нақтылығымен салыстыруға болады. Өз кезегінде микрометр ұзындығы өлшейтін аспап бір-бірінен 0,001 мм ерекшеленеді, ол сызғышқа қарағанда нақты өлшеу болып табылады. -Рахмет. Бұл топқа осы айтылғандары бойынша қоятын сұрақтарың бар ма? (студенттерден сұрау). -Енді қалған соңғы топты шақырамын.III-ші топ: Әдістеменің бір мағыналылығы. -Сөз бергендеріңізге рахмет! Бір мағыналылық-әдістемелердің көмегімен алынған берілулер осы әдістеме арқылы бағаланатын қасиеттің өзгерістерін бейнелейді. Бір мағыналылық критерийіне оқушының білімін, оқу үлгерімі бойынша ғана бағалау қанағат етпейді, себебі, оқу үлгерімінің бағасы объективті болмауы мүмкін. Онда оқушының тек білімі емес, сонымен қатар мұғалімнің оған қатысы және мінез-құлқы жатады. -Ал енді осы айтылғандар бойынша бұл топқа қояр сұрақтарың бар ма? (Студенттерден сұрау).2) –Енді пікірталасымыздың екінші турына көшейік. Бұл турда әр топ

кезекпен бір-біріне сұақтар бағыттайды. Егер қойылған сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер бұл ұпай болып есептеледі және ол бағаланады. Ал егер жауап бере алмай қалсаңдар,сұрақ қойған топ ұпайды өздерінің қанжығаларына байлайды. Сондықтан бір-бірлеріңе бүгінгі

Page 28: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 28 -сі

пікірталасымыздың тақырыбы бойынша сұрақтар қойып, дұрыс, әрі нақты жауап қайтаруға тырысыңдар!

І-ші топтың ІІ-ші топқа қойылатын сұрағы: Психодиагностикалық әдістердің сенімділігін қанша және қандай тәсілмен анықтауға болады? Дұрыс жауап:Психодиагностикалық әдістердің сенімділігін екі тәсілмен анықтауға болады: 1)Нәтижелерді салыстыру жолымен, яғни әртүрлі адамдардан алынған әдістемелердің көмегімен;2)әр түрлі жағдайда бір әдістемені қолдану арқылы нәтижені салыстыру. ІІ-ші топтың ІV-ші топқа бағытталған сұрағы:“Практикалық психологиядағы бағалау дәлдігі жоғары дәрежеде талап етілмейді” делінеді.Осыған мысал келтіріңдерші?Дұрыс жауап: Мысалы, зерттелінушілерді екі топқа бөлу керек болса, онда қолданылатын әдістеменің дәлдігі, осы бөлінгенге байланысты болады. Егер зерттелінушілерді бес топқа бөлсе, онда жауап та бес түрлі болады. IV-ші топтың ІІІ-ші топқа бағытталған сұрағы:Тесттің сенімділігі дегеніміз не? ІІІ-ші топтың І-ші топқа бағытталған сұрағы: Жарамдылықтың түрлерінен басқа жарамдылық критерийін білу де маңызды. Осы критерийлер арқылы біз әдістеменің несін анықтаймыз және олар қандай критерийлер? Дұрыс жауап: Критерий арқылы біз әдістеменің жарамды немесе жарамсыз екенін анықтаймыз. Ол критерийлер мынадай:1. Мінез-құлық көрсеткіші-реакция, әрекет және зерттелінушінің әр түрлі

өмір жағдайындағы қадамы.2. Зерттелінушінің іс-әрекетінің әртүрлі түрлеріндегі жетістіктері-оқуда,

еңбекте, шығармашылықта және,т.б.3. Әр түрлі бақыланатын тексеру және тапсырмалардан орындалуын

көрсететін белгілер.4. Басқа әдістемелердің көмегімен алынатын олардың жарамдылығы және

тексеріліп жатқан әдістемелерімен байланысы нақтыланған берілулер.ІІІ. Сабақты бекіту.-Қазір мен сендерге бүгінгі пікірталаста қарастырылған мәселелер бойынша бірнеше сұрақтар қоямын. Сендер сол сұрақтарға кезекпен дәлелді түрде жауап қайтаруларың керек.Ұсынылатын сұрақтар:1. Пиходиагностикалық әдістерге қандай талаптар қойылады?2. “Жарамдылық” термині қай тілден алынған және ол қандай мағына

береді?3. Жарамдылықтың қандай түрлері бар?4. Теориялық жарамдылықты қалай түсінесіңдер?5. Эмпирикалық жарамдылық дегеніміз не?6. Ішкі жарамдылық дегеніміз не?

Page 29: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 29 -сі

7. Сыртқы жарамдылықта не туралы айтылады?8. Әдістеменің сенімділігі дегенді қалай түсінесіңдер?9. Психологиялық тесттік тексерудің нәтижесі қандай қиын бақыланатын

факторларға байланыстырылады?10.Әдістеменің нақтылығы нені бейнелейді?11.Әдістеменің бір мағыналылығы нені бейнелейді?IV.Сабақты қорытындылау. -Сонымен, семинар-пікірталас сабағымызды қорытындылай келсек, психодиагностикалық әдістерге: жарамдылық, сенімділік, нақтылық, бір мағыналылық талаптар қойылады. Психодиагностикалық әдістемелердің жарамдылық сипаты оның нақты психологиялық сапаны бағалау үшін жарамды және сай болатынын көрсетеді. Ал, әдітеменің сенімділігі-ол осы әдістеменің көмегімен тұрақты көрсеткіш алу мүмкіндігін сипаттайды. Ал, әдістемелердің нақтылығы- психодиагностикалық эксперимент барысында көрініп отыратын, бағаланатын қасиеттің өзгерістеріне жауап беру қабілетін бейнелейді.Ал, әдістемелердің бір мағыналылығы- ол әдістеменің көмегімен алынған берілулер осы әдістеме арқылы бағаланатын қасиеттің өзгерістерін бейнелейді. V.Бағалау.-Мен сендерді бүгінгі семинар-пікірталасқа қатысуларың бойынша және әр топ бір-бірлеріңе сұрақ қоюларың бойынша және менің қойған сұрақтарыма жауап берулерің бойынша, бағалау критерийіне сүйене отырып бағалаймын.-Сонымен, семинар-пікірталас сабағымыз аяқталды. Сау-болыңдар!

Тұлғаның даралық- психологиялық қасиеттерін диагностикалау. Арнайы және жалпы қабілеттер. Жалпы және арнайы қабілеттер туралы түсінік. Б.М.Теплова теориясы, С.Л.Рубинштейн зерттеулері. Қабілеттің факторлы теориясы (Ч.Спирмен, Дж.Гилфорд, Л.Терстоун). Психодиагностикада қабілеттерді қолдану аумақтары (білім бері жүйесі, кәсіби іріктеу). Қабілеттер тестісі. Қабілеттер мен тұлғаның кейпін иерархиялық топтастыру туралы статистикалық, механикалық көзқарастарын сынау. Конституционалды (темперамент) дара стилдік (характер) және тұлғаның құндылық мотивациялық кейпі.

Қабілеттің психологиялық диагностика жұмысындағы маңыздылығы біріншіден бұл проблеменың үлкен практикалық маңызы. Кәсіби кеңес беру, кәсіби таңдау, кадрларды жұмыс орындарына бөлу, шығармашылық оқыту үшін қабілет дамуын анықтайтын сапалы диагностика әдістерін жасау мен қолдануды талап етеді. Бұл әдістемелер сонымен қатар дарынды балалардың шығармашылық, музыкалық, т. б. қабілеттерін анықтау үшін қажет.

Топты үш топқа бөлу. - Бүгінгі семинар сабағымыз үш турдан тұрады.

Page 30: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 30 -сі

Бірінші турымыз « Таңғажайып алаң » ойыны ретінде өтеді. Бұнда сендерге сұрақтар қойылады, топ бойынша сұраққа жауап бересіңдер және бірінші жауап берген топқа әрбір сұраққа бір ұпайдан қойылады.

Екінші турымыз үш топ арасында бір – бірлеріне сұрақтар қоюдан тұрады. Қойылған сұрақтардың барлығына толық әрі нақты жауап берген топқа жоғары ұпай қойылады.

Үшінші турымызда үш топтың капитандарына осы тақырып бойынша сұрақтар қойылып, жарысады.

Бірінші тур: ( 30 минут; 1 сұраққа 1,5 минут беріледі)Сұрақ:1. Отандық психологияның дамуына не себеп болды?Жауап:Жоғары жүйке жүйесінің физиологиясына байланысты эксперименттік зерттеу әдістері енгізілді және неміс ғалымы В. Вундтың лаборатоиясынан психолог – экспериментаторлар алғаш стажировкадан өткен.Сұрақ:2. Ресейдегі психологиялық диагностиканың бастамасында қай ғалымдар

зор үлестерін қосты?Жауап:Ресейдегі психологиялық диагностиканың бастамасында екі ұлы кемеңгерлердің маңызы зор: - олар И. М. Сеченов (1829 – 1905 ) және И. П. Павлов (1849 – 1936 ).Сұрақ:3. В. М. Бехтеревтің ( 1885 ) лабораториясы қай қалада ашылды?Жауап:Петербург қаласындағы Психоневрологиялық институтта.Сұрақ:4. Орыстың белгілі психиатры С. С. Корсаков қай жылы және қай қалада

психологиялық лаборатория ашты?Жауап:1895 жылы Москва университетінің психиатриялық клиникасының ішінен ашады.Сұрақ:5. Москва университетінің психиатриялық клиникасының ішіндегі

психологиялық лабораторияны кім басқарды?Жауап:А. А. Токарский басшылық етті.Сұрақ:6. Алғашқы отандық жұмыстарда психологиялық диагностика қай

ғасырда пайда болды?Жауап:20 ғасырдың он жылдығындаСұрақ:

Page 31: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 31 -сі

7. Отандық жұмыстарда алғашқы тестті қай невропатолог жасады және қай жылы?

Жауап:Г. И. Россолимо, 1909 жылыСұрақ:8. Г. И. Россолимо жұмыстарының басты мақсаты?Жауап:Психикалық процестердің қалыпты және патологиялық жағдайдағы зерттеулердің көптеген әдістерін табу.Сұрақ:9. Г. И. Россолимо психикалық процестерге жасаған әдісі негізінен неше

топты құрайды?Жауап: Үш топты құрайды: зейін, ерік, қадылдауСұрақ:10. Г. И. Россолимоның методикасының жағымды жақтарын көрсеткен

психолог?Жауап: П. П. Блонский.Сұрақ:11. А. Ф. Лазурский осы уақытта қандай ғылыми еңбек атқарады?Жауап:Дифференциялдық психологияның ғылыми сипаттамасын ашады.Сұрақ:12. Қызығушылықты тудыратын жаңа формадағы тесттердің бірі «

Ақыл – ой шкаласын өлшеу » тестін кім және қай жылы енгізді?Жауап:А. П. Болтунова 1928 жылы.Сұрақ:13. А. П. Болтунова қай психологтардың еңбектерін өзінің жұмысының

негізі етіп алады?Жауап:Бине – Симон және П. П. СоколовСұрақ:14. Бине – Симон шкаласынан А. П. Болтунова шкаласының

айырмашылығы қандай?Жауап:Спецификалық: көптеген тапсырмаларына өзгертулер мен жаңартулар енгізілген, жаңа нұсқаулар мен оны орындау формалары, тестік тапсырмалардың орындалу уақыты көрсетілген.Принциптік: топтық тапсырмаларды орындауына мүмкіндіктің болуы.Сұрақ:15. Психологиялық диагностикадан алғаш конференциялар қай жылы

және қай қалада өтті?

Page 32: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 32 -сі

Жауап:1970 жылы, Таллин қаласында өткізілді.Сұрақ:16. Ақыл – ой әрекеттерінің дамуы әдістерін кімдер ұсынды?Жауап:П. Я. Гальперин мен Н. Ф. ТалызинаСұрақ:17. 1982 жылы К. М. Гуревич пен В. И. Лубовскийдің редакциясымен А.

Анастазидің қандай еңбегі аударылып шықты?Жауап:« Психологиялық тестілеу » Сұрақ:18. Осы уақытта клиникалық психологиялық диагностикада психометрика

бойынша қай психологтар жұмыс істеді?Жауап:В. С. Аванесов, В. М. Блейхер, В. К. Гайда, Ю. З. Гильбух, А. Г. Шмелев, Л. Т. Ямпольский.Сұрақ:19. Ұжымдағы әлеуметтік – психологиялық қарым – қатынас жайында

кім еңбек еткен?Жауап:А. В. Петровский және оның шәкірттеріСұрақ:20. Батыс тесттерін бірінші енгізгендер?Жауап:Ф. Б. Березин, Л. Н. Собчик, И. Н. Гильяшева

Екінші тур: ( 20 мин )Үш топ бір – бірлеріне сұрақтар қояды.

Үшінші тур: ( 10 минут )Үш топтың капитандарына сұрақтар қойылады, сұрақтың жауабын білген студент қолын бірінші болып көтереді, өз топтарына ұпай қосады.Сұрақ:1. Революцияға дейінгі жағдайдағы психологиялық диагностика саласындағы отандық кімнің еңбектерін айтуға болады?Жауап:Г. И. Челпанов, Корнилов, П. П. Блонский, В. М. Бехтерев, П. И. Ковалевский және т. б.Сұрақ:2. « Тәжірибелік психологияға кіріспе » атты кімнің еңбегі және қай жылы шықты?Жауап:Г. И. Челпанов, 1915 жылы шықты

Page 33: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 33 -сі

Сұрақ:3. « Ғылыми психологияның очерктері » атты еңбектің авторы кім?Жауап:П. П. БлонскийСұрақ:4. « Ғылыми психологияның очерктері » атты еңбекте қандай мәселе қарастырылған?Жауап:Шартты рефлекстерді зерттей отырып, жануарлардың әрекеттерін қарастырды.Сұрақ:5. 1885 жылы Казань университетінің ішінде кімдерге арналған клиника ашылды?Жауап:Жүйке жүйесі мен жан дүниесі ауыратын адамдарға арналған.Сұрақ:6. Психологиялық диагностикадағы ақыл – ой интеллектісі мен дарындылық әдістерін қарстырғандар?Жауап:Л. А. Венгер, Д. Б. Богоявленская, Я. А. Пономорев және т. бСұрақ:7. Балалардың мәселелерін қарастырған кеңестік педагогтар мен психологтар?Жауап:В. В. Давыдов, Д. Б. ЭльконинСұрақ:8. Мотивация жайлы кім жазған?Жауап:Ю. М. ОрловСұрақ:9. Жеке адамның өзін - өзі тануы туралыЖауап:В. В. СтолинСұрақ:10. Ақыл – ой әрекетін сатылап қалыптастыру тұжырымдамасының авторы кім?Жауап:П. Я. Гальперин

ІІІ. Қарастырылған және де студенттерге қойылған сұрақтар жайлы, жалпы бүгінгі өткен сабақ жайлы қысқаша шолу жасап, қорытындылау.IV. Сонымен, бүгінгі семинар сабақты толықтырсақ:

Page 34: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 34 -сі

1. Ресейдегі психологиялық диагностиканың дамуы туралы қандай психологтардың еңбектерін айтуға болады?

2. Бине – Симон шкаласын өзінің жұмыстарында негіз еткен кім?3. Психологиялық диагностикаға байланысты алғаш конференция қай

жылы және қай қалада өткізілді?4. Психологиялық диагностиканың дамуына бастама болған кімдер?5. « Ғылыми психологияның очерктері » еңбегінің авторы кім?

Қабілет проблемасы көптеген ғалым – психологтардың назарын аударады. Бұл бағытта жұмыс жасаған ғалымдар Б. Г. Ананьева, А. Н. Монтьев, В. М. Мясищев, К. К. Платонов, С. Л. Рубинштейн, Б. М. Теплов, М. С. Лейтес және т. б. Қабілеттің анықтамасын және оның негізгі белгілерін нақты көрсеткен. Б. М. Теплов оның әйгілі «Дарындылық және қабілет» еңбегінен кейін (1941 ж) көптеген психологиялық сөздіктер шықты. Теплов қабілеттердің адамның жеке психологиялық ерекшелігі ретінде, үш негізгі белгілерін көрсетеді:

1. Олар бір адамды екінші бір адамнан ажыратады. 2. Қандай да бір іс - әрекетінің нәтижелі орындарына әсер етеді. 3. Қабілет білімге, іскерлікке, дағдыға байланысты емес, бірақ

қабылдаудағы жылылық пен жеңілдікті түсіндіре алады.Ал қабілеттің өзі Б. М. Тепловтың айтуы бойынша тек қана көрініп қана қоймайды, сонымен қатар, іс - әрекет үстінде пайда болады. Жалпы қабілет пен арнайы қабілетті екіге бөліп қарастырады. С. Л. Рубинштейн: адамның жалпы қабілеті негізінен жалпы және арнайы қабілет бірлігінен құралған. Оларды бір – біріне қарама – қарсы қоюға болмайды. Олардың арасында өзгешелік те, ұқсастық та бар: «қабілетті зерттеуде көптеген әдістер қолданылады.: бақылау, табиғи және лабораториялық эксперимент, іс - әрекетке талдау жасау, т. б.

Арнайы қабілеттер тестінің дамуына мамандық бойынша кеңес беру, өндірісте, әскери қызметкерлерді мамандық бойынша іріктеудің кеңінен таралуы негізгі себеп болды. Осы кезде механикалық, музыкалық және т. б. қабілеттер тесттері пайда бола бастады. Жекелей ерекшеліктер мен олардың корреляциясы ( байланысы ) жайлы берілгендерді талдаудың ерекше түрі – ол факторлық талдау қабілетінің комплексті батареяларын құруға теориялық негіз болды. Факторлық талдау арнайы қабілеттерді анықтау және оларды топтастыруға мүмкіндік береді. Лондон психология мектебінің негізін қалаушы Чарльз Эдвард Спирмен (1863 – 1945 ). Ч. Спирмен өз мақаласында былай деді: « Әртүрлі қабілеттерге арнайы тесттердің өзара корреляциясы ортақ бір генералды фактордың барын көрсетеді». Генерал (ағылшын тілінен «жалпы» деген мағынаны білдіреді) Жалпы фактор – g Арнайы (спецификалық) фактор – S

Page 35: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 35 -сі

Іс - әрекеттің барлық түріне ортақ фактордан басқа олардың әрқайсысы жүзеге асқанда өзгеше (спецификалық) фактор пайда болды. Ол тек қана берілген іс - әрекет түріне тән. Бұл S факторы. Сондықтан да Спирмен теориясы екі факторлы деп аталады.

Осыған байланысты психологиялық тесттік тексеруінің негізгі мақсаты – индивидтің g (жалпы) факторын өлшеу болып келеді. Егер бұл фактор зерттейтін психикалық функцияда көрінсе, ол индивидтің әртүрлі жағдайда өзін қалай көрсетуінің болжауының негізі болады.

Ал S факторын өлшеудің маңызы жоқ, себебі, бұл фактор тек бір ғана жағдайда көрінуі мүмкін.

Американ психологтары Т. Келли мен Л. Терстоун факторлық анализ бағытындағы еңбектерін жалғастыра отырып, топтық факторлар проблемасымен айналысты. Іс - әрекеттің бөлігіне ғана тән факторды топтық фактор деп атады. Келли мен Терстоун еңбектері 20 ғасырдың 20 -30 жылдары жарық көрді. Факторлық талдац негізінде қабілеттер тестінің көп факторлық батареялары жүзеге асты. Олар әрбір психикалық құбылыстың жекелей деңгейін өлшеуге мүмкіндік береді. Ең кеңінен таралған қабілеттер тесті «жалпы қабілеттер тестінің батареясы» (SATB). Бұл тесттер батареясы нақтылы мамандықтар бойынша қабілеттерді анықтауғы да мүмкіндік береді.

Арнайы және комплексті қабілеттер, интеллект тесті тесттердің тағы бір түрі жетістік тестінің пайда болуына ықпалын тигізді. Жетістік тестері негізінен оқу орындарында кеңінен қолданылады. АҚШ – та жетістік тесті мемлекеттік қызметке алу үшін 1872 жылдан бастап қолданыла бастады. Ал 1883 жылдан бастап олар үнемі қолданылып отырды. Жетістіктер тесті диагностикалық әдістердің көп саналған тобына жатады. Ең кеңінен таралған және қазіргі кезде де қолданылатыны «Стенфордтың жетітіктер тесті». Ол ең алғаш 1923 жылы жарық көрді. Осы тестік тексерудің көмегімен орта оқу орындарында әр түрлі сыныптың білім дәрежесі анықталды. Арнайы және жетістіктер тесттерінің дамуы өндірістік және эконмикалық саласынан практиканың талап етуінің әсерінен психотехника саласында да пайда болды.

Ақыл-ойын дамытудың психологиялық-педагогикалық диагностикасы. Интеллект түсінігі және ақыл-ой коэффициенті. Жақын аралық даму зонасы мен өзекті деңгейлері. Ақыл-ойын дамуын диагностикалау мен жалпы қабілеттер. Эмоционалды және функционалдық күйлерін диагностикалау. Ақыл-ой дамуын диагностикалап зерттеу аумағы. Интелектіге әсер ететін факторлар тұқымқуалаушылық, жыныстық ерекшеліктер, тамақтануы, әлеуметтік мәдени орта, оқыту және т.б. Оқу көрсеткіші. Көпке танымал ақыл-ой тестісі. Тұлғалық сапалардың психодиагностикасы. Тұлғаның даму үрдісіндегі тұлға кейпінің өзара әрекеті. Тестер-сұрақнамалар, олардың түрлері, формалары, нәтижелерінің көрсеткіші. Тұлғалық қарым-қатынастар, эмоционалды ерік жігер сфералары, мінез-құлық, өзін-өзі бағалау. Көпке танымал әдістер: Миннесотты көпфакторлы

Page 36: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 36 -сі

тұлғалық сұрақнама (ММРІ) және түрлі түсті Люшер тесті. Сурет салуын байқау, жүргізу техникалары мен нәтижелерін талдау.

Психологиялық тесттерТесттердің алдыңғы тарихы терең ғасырларға кетеді, ол әртүрлі

қабілеттер, білімдер, дағды және әдеттерді сынаумен байланысты. Тарихи мағлұматтарға қарағанда , біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықтың ортасында Ежелгі Вавилонда жазушылар дайындайтын жерде мектеп бітірушілерді сынақтан өткізу жүргізілген. Ол, яғни абитуриент немесе оқуға түсуші: төрт арифметикалық амалды білуге, алаңды өлшей алуға, рациондарды реттеуге, мүліктерді бөлуге, музыкалық аспаптарда ойнау және өлең айту өнерін игеруге тиіс болды. Сондай – ақ, маталарды, металдар мен өсімдіктерді ажырата алу дағдылары да тексерілді.

Ежелгі Египетте абыз өнеріне тек анықталған сынақтар жүйесінен өтуге қабілеттілерді ғана оқытқан. Алдымен абыз болуға, өзін ұсынушы сынақ кездесуінен өтті, танысу үрдісінде оның өмірбаяны туралы, білімінің деңгейі анықталады, сонымен қатар, түр сипаты, әңгімені жүргізе алу іскерлігі бағаланады. Бұл қатал сынақты белгілі ежелгі ғалым Пифагор бағындырды дейді.

Б. э. д екі жарым мың жыл бұрын Ежелгі Қытай елінде басқарушы чиновник қызметін атқарғысы келгендерге жеке қабілетті тексеру болыпты делінеді. Әр үш жыл сайын чиновниктер, императордың өзіне алты өнер бойынша экзамен қойылған: музыка, садақтан оқ ату, оқи білу, мерекелерді өткізу немесе салт – дәстүрді білу.

Тесттің негізгі тарихы бір ғасыр бұрын басталды. 20 ғасырдың басында ғылыми проблеменың түрі ретінде индивидуалдық айырмашылықты зерттеу болды. Бұл мәселе бірінші тесттің пайда болуына әкеп соқты. Белгілі ағылшын ғалымы Ф. Гальтон 1884 – 1885 жылдары аралығында сын жүргізді, бұл лабораторияларға келушілер аз ғана ақша төлеп, 17 көрсеткіш арқылы өздерінің физикалық сапаларын (күшін, реакцияға жылдамдығын және т. б.), организмнің физиологиялық белсенділігін және психикалық қасиеттерін біле алатын болды. Толық бағдарлама бойынша 9337 адам тексерілді. Дж Кеттел адамның өлшенбейтін психикалық қасиеттерін, бірінші болып тестте өлшеу құралдарын көрді. Ол 1890 жылы шыққан еңбегінде 50 лабораториялық тесттер берді, бұл тесттерді біз қазір бақылау тесттері дейміз.

Ф. Гальтон мен Дж. Кеттелдің тесттік әдістері басқа елдердің ғалымдарының назарын өздеріне аудартты. Тесттің жақтастары да, қарсыластары да пайда болды. Жақтастар қатарына: Германиядан – Г. Мюнстерберг, С. Крепелин, В. Онри; Франциядан – А. Бине; АҚШ – тан – Дж. Гилберг және т. б. болды.

a) Проективтік (жобалық) әдістер Проективтік әдістердің тарихы – бұл хронология және жобалық

техниканың дамуы мен жобалық әдістердің дамуын көрсетеді.

Page 37: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 37 -сі

1904 – 1905 жылдары пайда болған Н. Юнгтың сөздік ассоциациясы проективті әдістерге әсер етті. Әртүрлі варианттағы ассоциациялы тесттер кінәлік сезімді табу үшін ( М. Вертгеймер, А. Г. Лурия) патологиядағы нормалық шектеулікте ( Г. Кент, А. Розанов) қолданылады. Проективті диагнотика 1921 жылы Берн қаласында жарық көрген Г. Роршахтың «Психологиялық диагностикасымен» байланысты болды.

Роршах бірінші болып жеке тұлғаның негізін қалаушысы мен фантазия образының арасындағы байланысты көрсетті.

Хольцманның сиядақтары әдісі үлкен стандартталғанымен және схемаланғандығымен ерекшеленеді, ол 45 карточкасы бар екі параллельді серия таблицасынан тұрады: әрбір карточкаға жауап беруші бір ғана жауап қайтарады.

Проективті әдістер адамның ішкі жан дүниесін білуге, субъективті алаң болушылық әлемін, сезімін, ойын күтуін ашып көрсетуге бағытталған.

b) Контент – аналитикалық техникалар Қазіргі замандағы психологиялық диагностикадағы контент – анализ іс

– құжаттарының сандық – сапалық оқулары. Біздің ғасырымыздың 20 – шы жылдарынан бастап, социология мен психологияда іс – құжаттарды оқуда сандық әдістер көп қолданыла бастады. Әлеуметтік іс – құжаттарына: практикалық зерттеулер, ресми түрде және жеке іс – құжаттар, хатар, автобиография, күнделіктер, фотографиялар және т. б. массалық коммуникация материалдары, әдістер және көркемөнер және т. б.

Кеңес Одағында 20 – шы іс – құжаттарды оқуда сандық әдісті психолог Н. А. Рыбников, И. К. Шпильрейн, П. П. Блонский, социолог В. А. Кузьмичев және т. б. қолданды. 40 – 50 жылдары АҚШ – та іс – құжаттарды зерттеуде, оқуда арнайы пәнаралық әдіс – КОНТЕНТ – АНАЛИЗ қалыптасты. Кейін ол Европа елдеріне таралды. 60 – шы жылдар соңында бұл әдіс біздің елімізде социологиялық және социалды – психологиялық зерттеулерде кең қолданылуда.

Адамның дамуы және өз қабілеттерін қолдануы оның себептік сферасының ерекшеліктеріне, эмоциялық басқару деңгейіне, өзара жеке бастық қарым - қатынас сипатына, өзінде қалыптасқан өзі туралы ойларына, яғни өзіндік сапасына байланысты. Индивидтің өзі туралы көзқарасында оның жекелей сапалары және қабілеттіліктің өзара әсері анық көрінеді. Психологиялық диагностика индивидтің дамуы дамуға ықпал ететін жағдайлар туралы, жеке адамның құрылымы туралы, қалыптасу заңдары туралы білімсіз мүмкін емес. Сондықтан жеке адамның параметрлерін псхологиялық диагностикалау жалпы психологиялық диагностиканың маңызды бір бөлімін құрайды. Тәжірибеде қолданылатын психологиялық диагностикадағы әдістердің басым көпшілігі адамдарға қатысты тілдік сипаттауда қолданылады. Мүмкін болатын жағдайда адамның мінез – құлқын болжау мүмкіндігін алу үшін психологтар негізгі ( базалық ) немесе жүйелі қалыптасқан қасиеттерді өлшеуге тырысады. Бұл қасиеттер «темперамент» деп аталатын функционалды

Page 38: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 38 -сі

ұғымға қатысты әрекет стилінің жалпы динамикалық құрылымдық сипатына немесе нерв жүйесінің қасиеті деген субстанционалды ұғымға жатады.

Адам жаратылыстану ғылымында объект ретінде қарастырылады. Мұнда 20 – ғасырдың басында « Жеке адам профилі » деп қабылданған параметрлер жиынтығы ретінде көрінеді. Әлеуметтік өмір жағдайларында адамның мінез – құлқын болжауға жеке адам профилін қолдануды әдетте бітістер деп атады. Әртүрлі жағдайларда индивидке қойылатын әртүрлі талаптар әртүрлі қасиеттерді белсендіреді. Ерекше ұқыптылық пен зейінділікті талап ететін жағдайларда зейінді, зейінсіз, ұқыпты, ұқыпсыздық қасиеттері көрінеді. Жеке тұлға түсінігіне әртүрлі анықтамалар беріледі. Мысалы: Олпорт 1949 жылы жеке адамға 50 әртүрлі анықтама береді. Көбінесе жеке адам терминін жеке адамды сипаттайтын психикалық қасиеттердің жиынтығы деп түсінеді. Жеке адамның көптеген және әртүрлі көрінулері жеке адамның құрылымына негізделген. Бұл құрылым өте бай, күрделі және сапалы көрінулерден тұрады. Мұндай жеке адамның жүйелі қалыптасқан параметрлеріне әртүрлі авторлар келесілерін жатқызады:

1. себептілік, яғни мотивациялық сфера 2.өзіндік сана 3.өзара жеке бастық қарым – қатынас

Адам өзі туралы қандай көзқараста келеді? Осы кезде қандай ішкі әрекеттер жасайды? « Мен – бейне », « мен – концепция » қалай қалыптасады?, қазір барлық осы сұрақтар ғылыми зерттеулерде қарастырылады. Өзіндік сана деңгейлік құрылымда болады. Өзіндік сана және жеке адамның деңгейлік концепциясын Эриксон ұсынды. Адамның белсенділік негізінде өзіндік сананың деңгейлік құрылым концепциясын В. В. Столин жасаған. Өзіндік сана құрылымының маңызды сипаттамасы « Мен концепциясы » болып табылады. Бернс « Мен концепциясын » өзіне бағытталған құрылым жиыны ретінде қарастырады. Бұл құрылымға 3 компонент кіреді:

1. « Мен – бейнесі » - индивидтің өзі жайлы көзқарасы 2. өзіндік баға – осы көзқарастың бағасы және оның талдануы мен

қабылдануы күшті эмоциялар тудыруы мүмкін.3. мүмкін болатын мінез – құлық реакциясы, яғни « мен – бейне » немесе

өзіндік бағаны көрсететін нақты әрекеттер.Индивидтің өзін қабылдауы және өзіндік бағалауының құралы болып

оның тәні, қабілеттілігі, әлеуметтік қатынасы және т. б. жекелей көріністері бола алады. « Мен концепциясы » адам басынан өтетін әртүрлі ішкі әсерлердің ықпалы арқылы қалыптасады.

Анастазидің басқаруымен өзіндік сананы диагностикалауға арналған 4 диагностикалық әдістер қолданылады:

1. Гохтың сын есімдер тізімі 2. Стефенсонның Q классификациясы 3. Озгудтың семантикалық диффренциал ( мағынасын ажырату )тесті

Page 39: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 39 -сі

4. Келлидің рольдік құрастыру тесті Сонымен қатар, өзіндік сананы диагностикалауда стандартталған өзіндік

есеп беру әдістері қолданылады. Мұнда негізінен сұрақшалар қолданады. Сонымен қатар, суреттеме әдістер бұған байланысты контент талдау әдісін қолданады. Сұрақшалар – кең көлемде қолданылғанымен берілген психометриялық терминологияда және сұрақшалар әдістемелері эмоционалды мотивацияны, мінезді зерттеу деген мағынаны білдіреді

Психологиялық диагностиканың ерекше бағыты жеке бас диагностикасының әртүрлі әдістерін жасаумен байланысты. Осы мақсатпен көбінесе тесттер емес, ал ерекше әдістер, яғни сұрақ – тапсырмалары және проективті техника. Сұрақ – тапсырмаларды жаратылыстану ғылымдарынан алып, ең бірінші Ч. Дарвин болды. Сұрақ – тапсырмалары бұл әдістер тобы, оның тапсырмалары сұрақ және бекітулер түрінде берілген, ал зерттелінушінің міндеті өзі жайлы кейбір мағлұматтарды жауап ретінде хабарлау. Алғашқы психологиялық диагностикалық сұрақ тапсырмалардың пайда болуы Гальтонның есімімен байланысты.

Өткен ғасырдың соңында сұрақ – тапсырмалары әдістерінің көмегімен есті зерттеу ( Бине – Куртье ), жалпы түсінікті анықтау ( Рибо ), іштей сөйлеуді анықтау ( Сен – Поль ), және т. б. зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Жеке бастың сұрақ – тапсырмаларының үлгісі ретінде американ психологы Роберт Вудворт 1919 жылы жеке бас туралы берілгендер бланкасын жасаған.

Жеке басты зерттеудің келесі бір түрі – проективті техника. Проективті техниканың бастамасы ретінде сөздік ассоциациялар саналады. Ол ассоциацивтік теориялар негізінде пайда болды. Ең алғаш рет ағыошын дәрігері Гаркли ассоциация бүкіл психологиялық әрекетті түсіндіретін универсалды категория деп атады.

Проективті әдістердің кең тараған түрі швейцар психологы Герман Роршах 1921 жылы жасаған әдістерін « сия дақтары » деп атады.

Ерте пайда болған әдістеме «Тематикалық апперцепция тесті». Бұл тесттің авторы Морган және Мюррей 1935 жылы жасаған. Осы әдістерді белгілеу үшін 1939 жылы Франк проекция түсінігін ұсынған.

ІІІ. Бүгінгі дәріс бойынша мен сендерге сұрақ қоямын, бәріміз жауап беруге тырысайық.1. « Мен – бейнесі» дегенді қалай түсінесіңдер?2. Анастази өзіндік сананы диагностикалауға неше әдістер қолданады?3. Сұрақ – тапсырмалар туралы не айтасыңдар?4. Проективті техника әдісі туралы не айтасыңдар?5. Жалпы жеке адам сапаларын зерттеуге байланысты қандай әдістерді айттық?

Мектеп жасына дейінгі балалардың психодиагностикасы. Мектеп жасына дейінгі балалардың психодиагностикалау ерекшеліктері.

Page 40: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 40 -сі

Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерінің психодиагностикасы. Мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғасы мен жеке адамдық қарым-қатынасының психодиагностикасы.

Мектепке дейінгі балалық шақ танымдық іс-әрекеттің даму және қалыптасу кезеңімен сипатталса, алты жасқа қарай баланың сөздік қорының көбейетіні соншалық, ол күнделікті тұрмысқа қатысты және өзін қызықтырған нәрселер жайында екінші адаммен оп-оңай түсінісе алады. Егер қалыпты дамыған бала үш жасында 500-дей сөз қолданса , алты жасар бала 3000-нан 7000-ға дейін сөз қолдана береді. Алты жасар баланың сөздік қоры зат есім, етістік, есімдік,сын есім,сан есім, шылау сөздерден тұрады. Психикасы дұрыс қалыптасқан балаға тән нәрсе - оның білуге құштарлығы. Баланың білмекке құштарлығы үнемі айналадағы дүниені танып білуге және өз санасында осы дүниенің өзіндік бейнесін жасауға бағытталған. Бала ойын үстінде тәжірибе жасайды, себеп-салдарлық байланыстар мен тәуелділікті анықтауға тырысады.

Бала білуге талпынады, білімді меңгеру үстінде оны «не үшін», «қалай», «неліктен» деген сан алуан сұрақтар мазалайды. Ол білімге жүгінуге, жағдайға орай өзі білмейтін сұрақтарға қисынды жауап іздеуге тырысады. Алты жасар бала кейбір мәселелерді шын жағдайға орай шешудің жолдарын қарастырады, ол тіпті оларды ойша шешуі де мүмкін. Ол нақты жағдайды болжамдап, оны көз алдына елестетуге әрекетте жасайды. Үлкендер мен құрдастары тарапынан балаларға тигізілетін ықпал негізінен іс-әрекет барысында жүзеге асады.

Үлкендер балалардың іс-әрекетін ұйымдастыра отырып ойындар мен суреттердің сюжеті жайында кеңестер мен нұсқаулар береді, бейнелейтін адамдардың өзара қарым-қатынастарымен және амалдарымен балаларды таныстырады, балалардың өздерінің іс-әрекеттері мен құлықтарына белгілі талаптар қояды, оларға баға береді, іс-әрекеттер барысында пайда болатын қиындықтар мен жанжалдарды шешуге көмектеседі. Балалар қоғамының негізін және оның мүшелерінің жеке басын дамытуға көмектесетін бірлескен іс-әрекетті орындағанда ғана балалар бірігеді және өзара әр түрлі қарым-қатынасқа түседі.

Адамның жеке басының дамуы үшін ойынның неғұрлым маңызды мәні бар. Балалар өздері үлкендер ролін ала отырып, олардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарын елестетіп, үлкендер өздері еңбек және қоғамдық қызметте, өзара қарым-қатынаста жетекшілікке алып жүрген мінез-құлық ережелері мен қағидаларының өздері түсінген түрлерімен танысады. Мысалы, бала шеберханадағы жұмысшының ролін орындағанда ауруға деген қамқорлық пен ілтипаттылықты көрсете білуге тырысады.

Сөйтіп, біз жеті жаста балада келесі жас кезеңге-мектептік балалық шаққа өтуге байланысты алғышарттар бар екендігін көреміз.

Алты жасар баланың мектепте оқуға даярлау және мектепте оқуы барысында жоғарыда айтылған психологиялық даму заңдылықтарын есепке алу керек.

Page 41: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 41 -сі

Бала оқушының жаңа әлеуметтік статусын меңгеруге даяр бола тұра, соған талпынысын білдіреді. Баланың ерік қасиеттері дамуының үлкен мәні бар, онсыз бала өзінің, мінез-құлқын саналы түрде реттеп, оны оқу міндеттерін шешуге бағындырып, сабақта өзін ұйымшыл түрде ұстай алмайды. Баланың тек сыртқы мінез-құлкы ғана емес, сонымен бірге ақыл-ой әрекеті де — оның зейіні, есі, ойнауы — ықтиярлы түрде басқарылуы тиіс. Баланың бақылай білуі, есте білуі, есте сақтай білуі және сондай-ақ мұғалім қойған міндеттерді орындай білуі қажет. Ең алдымен бала мектепке физиологиялық тұрғыдан даяр болу керек. Физиологиялық қасиеттердің ішінен ең маңыздысы бұл төзімділік. Ол кез-келген істің сәтті болуын, сонымен қатар мектеп бағдарламасын сәтті меңгеруге қажетті жұмысқа қабілеттілікпен тығыз байланысты.

Бала мектепке барған кезде біз бала организмінің пісіп-жетілуі аяқталмаған, функционалды ерекшеліктері қалыптасып болмағандығын ескеруіміз керек.

Психологиялық даярлықтың нақты мазмұны тұрақты болмайды, ол өзгеріп, байытылып отырады. Ғылым және техниканың қазіргі кезде жоғары деңгейде дамуы, қоғамның дамуы мектепте оқыту мазмұнының және әдістерінің өзгеруін талап етеді.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, мақсатты бағытталған педагогикалық іс-әрекет баланың психикалық дамуын анықтаушы фактор екендігі анықталды.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:1. Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық даму ерекшеліктері

қандай ?2. Оқушыларды кәсіптік бағдарлау жұмысындағы педагогикалық

диагностиканың алатын ролін қалай анықтай аламыз ?.

Әдебиеттер:1. Фридман Л.М., Пушкина Т.А., Каплунович И.Я. Изучение личности учащегося и ученических коллективов: Кн. Для учителя.- М.: Просвещение, 1988. 100, 101, 102, беттер.

Сынып ұжымының тәрбиелік мүмкіндігінің диагностикасы. Ата-аналардың мінез-құлық бағыттылығы мен педагогикалық мәдениетін, оның мүшелерінің бірлескен іс-әрекетке даярлығын, ұйымдасқандығын және психологиялық коммуникативтігін сипаттайтын критерилер бойынша бағалауға болады.

«Ата- аналар үшін тест»« Сіз қандай тәрбиешісіз»

1.Балаңыз мектепте бір оқушымен төбелесіп сізді мектепке шақыртты. Сіз не істейсіз?

Page 42: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 42 -сі

а) қызу үстінде баланы жазалайсызб) себебін біліп, сосын не істеу керектігін шешесізв) ен әуелі сынып жетекшісімен сөйлесесіз

2.Сізге көмектесіп жүріп балаңыз вазаны сындырып алды. Сіздің реакцияңыз:а) желкеден нұқып жібересізб) «кет бұл жерден!» сенің көмегіңсіз өзім-ақ істеп аламынв) баланы тыныштандырасыз-ол оны әдейі істеген жоқ қой

З.Егер сіз ұлыңызды немесе қызыңызды жазалаған соң дұрыс істемегеніңізді білсеңіз, онда:а) өз беделіңізді түсірмеу үшін, үндемей қоя саласызб) кешірім сұрайсызв) өз кінәңізді мойындап, үлкендердің де қателесетінін айтып түсіндіресіз

4.Сіз шаршап келгенде, балаңыз сұрақтар қойып, мазаңызды алады. Сіздің реакцияңыз:а) «сенен бір минут болса да дем алайыншы» деп оны тоқтатып тастайсызб) тез құтылу үшін, ойланбай жауап бере саласызв) шаршап тұрғаныңызды айтып, әңгімені басқа уақытқа ауыстыруды өтінесіз,сол жерде уақытын айтасыз

5.Балаңыз шығарма жазуға кемектесуіңізді сұрайды. Сіз не істейсіз?а) оған кешіре салуды ғана қалдырып, жазып бересізб) «өзің жаз, тек сонда ғана бір нәрсеге үйренесің» деп қатал айтасызв) тақырыпты таңдауға, әдебиетті қарастыруға көмектесесіз, тек содан кейінөздігінен жазуды ұсынасыз.

6.Ұлыңыз немесе кызыңыз сізден: «Мама өтінемін мысық асырайық»-дейді. Не деп жауап бересіз?а) ешқашан, ол менің уақытымды алады б) жарайды, асырайық , мен саған оны күтуге көмектесемінв) егер сенің асырағын келгені рас болса, алайық, бірақ есінде болсын, оны өзіңе күтуге тура келеді

Егер сіз 6 рет жауап бергенде «в» вариантын тандасаңыз, онда сіз жақсы тәрбиеші және психологсыз.

Егер ондай жауап сізде жартысы болса, онда сізге біраз өзіңізге қарау керек.

Егер одан да аз болса, онда сізге шындап ойлануға тура келеді.Әдебиеттер:

1. Немов Р.С. Психология. Кн.3. М., 1995. 256 бет.2. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога. Т.1. Владос,

2001. 50 бет.

Сыныптағы оқу процесінің жалпы жағдайының диагностикасы. Бастауыш сынып оқушыларының оқу қызығұшылықтарын анықтау. Бастауыш сынып орқушыларының танымдық қызығушылықтары. Оқу үлгермеушілігінің себептері.

Page 43: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 43 -сі

Бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетінің мотивін сұрақ-сауал әдісімен анықтау.

Сынып оқушыларына келесі нұсқау беріледі: «Сұрақ-сауалды дейінмен оқыңдар және сенің тілегің мен бағытыңа сәйкес келетін бөлімдерді сызыңдар. Сауалнаманы толықтыруларыңа болады. Аты-жөндеріңді жазбауларыңа болады».

(i) САУАЛНАМА1. Оқимын, себебі сабақта қызықты.2. Оқимын, себебі ата-аналарым міндеттейді.3. Оқимын, себебі көп білгім келеді.4. Оқимын, себебі кейін жақсы жұмыс істеу үшін.5. Оқимын, себебі ата-аналарыма қуаныш әкелу үшін6. Оқимын, себебі жолдастарымнан қалмас үшін.7. Оқимын, себебі қазіргі дымбілмес болуға болмайды.8. Оқимын, себебі мұғалім ұнайды.

Берілулерді өңдеу үшін келесі таблицаны пайдаланыңдар:

Жау

апта

рдың

ж

алпы

Саны

Мотив жауаптарының саны

Саба

қта

қызы

қты

Ата-

анал

ар

мінд

етте

йді

Көп

білг

імке

леді

Кейі

н ж

ақсы

ж

ұмыс

істе

у үш

інАт

а-ан

алар

ыма

қуан

ыш ә

келу

Ж

олда

стар

ымна

н қа

лмас

өз

сын

ыбым

ды

ұятқ

а қа

лдыр

мас

Қазір

гі ке

зде

дымб

ілме

с бо

луға

М

ұғал

ім

ұнай

ды

100%Бастауыш сынып балаларында оқу мотивтерінің басым

мотивін анықтап, қорытынды жасаңдар.

Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылықтарының ерекшеліктерін анықтау. Ол үшін өз сыныбыңда сауалнама жүргіз. Алдын-ала оқушыларға нұсқауда түсіндіріңдер: «Сауалнаманы аяғына дейін зейінмен оқыңдар және қай пән сендерді қызықтырады, неге соны көрсетіңдер».

1. Қазақ тілі2. Математика3. Ана тілі4. Табиғаттану5. Еңбек6. Сурет салу

Page 44: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 44 -сі

7. Ән-күй8. Дене шынықтыру.Берілулерді өңдеу үшін 1,2 және 3-ші таблицаларды пайдаланыңдар.

1 таблица

Сұра

лған

оқ

ушын

ың

саны

Жау

апта

рдың

жал

пы

саны

a. Қызығушылық бағыттары

Қаза

қ ті

лі

Мат

емат

ика

Ана

тілі

Таби

ғатт

ану

Еңбе

к

Суре

т

Ән-к

үй

Дене

ш

ынық

тыру

100%

2 таблицаСұралған

оқушылардың саны

b. Қызығушылық көрсеткен оқушылар саны / қызығушылық кеңдігі

Бір пәнге

Екі пәнге

Үш пәнге

Төрт пәнге

Бес пәнге

100%

3 таблицаСұралған

оқушылардың саны

Қызығудың пайда болу себептеріЕресект

ердің әсері

Қабілеттер (пән жеңіл

игеріледі)

Белсенді әрекет жасау

мүмкіндігі

Басқа себеп-тер

Себебін көрсетп

ей-ді

100%Алынған нәтижелерді талдауда анықтаңдар:

1) қандай да бір пәнге сынып оқушыларының басым қызығушылығын (себебін түсіндіріңдер);

2) осы оқушыларда аз қызығушылық тудыратын пәндерін (себептерін көрсетіңдер);

3) осы оқушылардың қызығушылықтарының кеңдігін.

Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілік себебіне психологиялық талдауЖақсы үлгеретін, орташа үлгеретін және үлгермейтін балаларда анализ және синтез тәсілдерінің қалыптасу деңгейін эксперимент әдісімен анықтаңдар.

Page 45: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 45 -сі

Оқушылардан зейінмен суретті қарауды, суретте шие және алма бұтағы бейнеленген және оны толықтай сипаттап беруін сұраңдар.

Тәжірибе берулерін талдаңдар:а) объектінің оқушы анықтаған (қасиеттерінің саны;б) қабылданған талдауда жүйелік бар ма, жоқ па?

Әр түрлі үлгерімдегі балалар жауаптарын салыстырыңдар.Бастауыш сынып оқушыларының жалпылау іс-әрекетінің ерекшеліктерін анықтау. Оқушыларға заттар бейнеленген суреттер көрсетіледі, онда бір ұғымға кіретін суреттер болады, оның ішінде біреуі артық.

Мысалы: комбайн, тепловоз, соқа, шөпшапқыш, сеялка. Балалар тепловозды алып тастайды, себебі ол «ауыл-шаруашылық машиналары» ұғымына кірмейді. Салыстыру үшін мынандай тәжірибе өткізіңдер – осы суреттерге теледидар бейнесін қосыңдар. Бұл жағдайда артық зат теледидар болады, қалғандары «машиналар» ұғымына біріктіріледі.

Сурет топтары: төсек, орындық, үстел, шкаф, есік, диван («есік» сөзі «жиһаз» ұғымына кірмейді); ит, сифр, қой, мысық, жираф («жираф» сөзі артық «үй жануарлары» ұғымына кірмейді).

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:1. Сыныптағы оқу процесінің жалпы ерекшеліктері ұғымына не кіреді ?2. Бастауыш сынып оқушыларының оқу қызығушылықтарын қандай

жолмен анықтауға болады ?3. Бастауыш мектепте оқу үлгермеушілігінің себептері қандай жолмен

анықталады ?

Әдебиеттер:1. Немов Р.С. Психология. Кн.3. М., 1995. 256 бет.2. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога. Т.1. Владос,

2001. 50 бет.

Кіші және орта мектеп жасындағы балаларды психодиагностикалау ерекшеліктері.Кіші мектеп оқушыларын психодиагностикалау ерекшеліктері.Кіші мектеп оқушыларының танымдық процестерінің даму ерекшеліктері.Мектепте оқуға даярлық параметрлері. Кіші мектеп оқушыларының тұлғалық және өзара жеке бастық қарым-қатынас ерекшеліктері

Page 46: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 46 -сі

Мектепке бару қарсаңында баланың психологиялық даму деңгейінде жекелей өзгешеліктер өсе түседі. Бұл өзгешеліктер мынадан көрінеді: балалар бір-бірінен ақыл-ой, адамгершілік және жекелей дамуларымен ажыратылады. Олар психологиялық-педагогикалық зерттеулерге әр түрлі жауап көрсетуі мүмкін. Сондықтан қандай да болмасын психологиялық диагностикалық әдістемені қолданбас бұрын, оның осы жастағы баланың оқыл-ойына түсініктілігін, және тым жеңіл еместігін ескеру керек. Балаға белгілі бір мөлшерде қиын, түсінікті, бірақ аз қызықтыратын психологиялық тест ұсынсақ, ол бұл тапсырманы орындай алмайды. Бұл баланың ақыл-ой қабілетінің жоқтығынан емес, оның жекелей-психологиялық дамуының жеткіліксіз деңгейінің себебінен. Егер, керісінше, осы тестік тапсырманы ойын түрінде, істей және сырттай қызықты формада өткізсе, тестік тексеру нәтижесі біршама жоғары болар еді.

Осы жағдайды практикада балалар психологиялық-диагностикасында міндетті түрде ескеру керек, әсіресе бірінші және екінші сынып оқушыларымен.

3-ші 4-ші сынып оқушыларына келетін болсақ оларға ересектер тестерін пайдалана беруге болады, тест тапсырмалары балаларға түсінікті болса.

Түсініктілік деп тұрғанымыз, осы тапсырмалардың балада бар қабілеттерге сәйкес келуі.

Ересектер тестерін бастауыш мектеп оқушыларына қолдануда белгіленген шектеулер бар. Ол ойлауды, жеке басты және өзара қатынастарды зерттеуге жасалған және қолданылатын тестерге бағытталған шектеулер. Ересектерге арналған ақыл-ой тестері сөз-логикалық ойлауды бағалайды, ал бастауыш мектеп оқушыларында бұл ойлау түрлі даму жолында болады. Оларда көрнекі-бейнелі, көрнекі-қимылдың ойлау басым болады.

Сонымен бірге ересек адамдар үшін жасалған тестерде, ақыл-ой міндеттері ересек адамдардың өмірлік тәжірибесін көрсететін ұғым мен тіл жүйесін пайдалануды қажет ететін сөз формасында жасалған. Олар көп жағдайда балаларға түсініксіз яғни ересектерге арналған ақыл-ой тестерін балаларға қолдану үшін күрделі бейімдеу жұмысы жүргізілуі қажет.

Кейде бұны жасау мүмкін емес, онда белгілі тестің балалар үшін жаңа нұсқасын жасау қажеттілігі туады. Мысалы, Векслердің ақыл-ой тесті, Кеттел тестінің балалар нұсқасы.

Ересектерге арналған жеке бас тестерін қолданудағы шектеулердің өте маңызды сипаты бар. Ересек адамды бағалайтын тестегі жеке бас қасиеттері балаларда мүлдем болмауы мүмкін, немесе керісінше балаларда ересек адамдарда жоқ жеке бастың жастық ерекшелігі болуы мүмкін. Сондықтан ересектер тесті үлгісімен жасалған балалар тесті жеткілікті сенімді болмауы мүмкін, яғни бір жағынан балаларда әлі жоқ қасиетті бағалайды, ол екінші жағынан оларды бар нәрсені бағаламайды.

Page 47: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 47 -сі

Осында ұсынылған психологиялық-педагогикалық әдістемелер мектепке баратын және бастауыш сынып оқушыларының психологиялық даму деңгейін комплексті бағалауға бағытталған. Танымдық үрдістеріне, жеке басына және өзара қарым-қатынастарына, оларда бар практикалық іскерліктер мен дағдыларына мінездеме береді.

Осы әдістемелер жүйесін пайдалану негізінде балалардың мектепке оқуға психологиялық даярлығын, олардың бастауыш сыныптарда оқу барысындағы психологиялық дамуын бағалауға болады.

Осы комплекстегі әдістемелерді пайдаланып баланың психологиялық дамуында алған жылжуына көмектесетін, оқу-тәрбиелеу жұмысын тиімді бағалауға көмектеседі. Әдістемелерді 6-7 жастан 10-11 жас аралығындағы балаларды зерттеп, салыстыратын нәтижелер алуға болады.

Балаларды психологиялық-педагогикалық әдістемелер мына міндеттерді шешеді:1. Баланың қалай дамығаны анықталады. 2. Балада бар нышан мен қабілеттерді дер кезінде анықтау.3. Баланың оқуда артта қалу себептерін немесе жаман тәрбие себептерін

анықтайды.4. Мұғалімдерге, ата-аналарға ғылыми негізделген нұсқаулар беру.

Осы берілген әдістемелер көмегімен балаларға зерттеу жүргізуге кететін уақытты үнемдеу тәсілдерінің бірі – бұл балаларды топтық зерттеу мүмкіншілігі. Осындай мүмкіншіліктер мен шарттар туралы әрбір әдістеме берулеріне айтылған. Егер ондай берілулер болмаса онда бұл әдістемені жекелей де, топта да жүргізуге болатынын көрсетеді.

Психологиялық диагностикалық зерттеуді өткізуге кіріспес бұрын, мыналарды орындау ұсынылады:1. Әдістеме текстімен танысу, оны толықтай түсіну.2. Әдістемеге берілген берілуді оқып шығу.3. Әдістемені өткізу үшін қажетті материалды даярлау.4. Осы әдістеме көмегімен бір баланы байқап көріп нәтижесін өңдеу.

Жеткіншектер мен жасөспірім балаларды психодиагностикалау ерекшеліктері.Жеткіншектер мен жасөспірім балаларды психодиагностикалау ерекшеліктері. Жеткіншектер мен жасөспірім балалардың танымдық процестерінің даму сипаты. Жеткіншектер мен жасөспірім балалардың өзара жеке бастық қарым-қатынасының ерекшеліктері.

Тақырыпты қарстыру барысында жеткіншектердің кіші мектеп оқушыларынан психологиялық ерекшеліктерін қарастыру қажет. Жеткіншектік шақ кіші мектеп оқушыларынан айырмашылығы: бұл кезең ең алдымен балалық кезеңнен ересектікке өтуімен сипатталады. Осы сипатқа байланысты жасөапірімдік шақ үш кезеңге бөлінеді:

Ерте жасөспірімдік кезең (9-11 сынып)Орта жасөспірімдік кезең (17-18жастан 22-23 жасқа дейін)

Page 48: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 48 -сі

Жоғарғы жасөспірімдік кезең (23-24жастан 29-30 жасқа дейін).

Жеткіншектік кезеңде бала өз мінез-құлқының барлық бағыттарында ересектерден тәуелсіз екендігін ұмтылуға тырысады. Кіші мектеп оқушылары ересектердің тілін алмаушылықты, шамадан тыс қозғалмалы болса, ал жеткіншектер неғұрлым тәуелсіз және ата-ана, мұғалімдер тарапынан сыртқы психологиялық ықпалды қабылдамайды. Бұл тәуелсіздікке ұмтылу баланың өз бетінше жасалған әрекет-қылықтары емес, ал кішкене бала сияқты ересектердің тілін алмауға ұқсас келеді.

Жеткіншектік кезең баланың өзіне, өзінің сырт кел бетіне, өзіне-өзі тануына, өзін-өзі тәрбиелеуге көп көңіл бөлуімен сипатталады. Кіші мектеп оқушылары ересектерден тәуелсіз өзіне деген көзқарасы қалыптаспаса, ал жеткіншектерге бұл көзқарас біршама қалыптасқан. Бірақ бұл көзқарастың қаншалықты деңгейде шындыққа сай екендігі жайында айтуымыз керек; Бала өзінің жақсы жақтарын және кемшіліктерін бағалай алады. Мұндай көзқарас қарама-қайшыда келуі мүмкін. Бір жағынан жеткіншек өзін жақсы жақтары бар, қасиеттері бар, оларды мақтан етуге болады деп сенеді, ал екінші жағынан кемшіліктері бар, және олардан арылу керек деп санайды. Бірақ осы екі жағдайда да жеткіншектік өзін ересек адам ретінде емес, ал балалық әрекеттер жасайды.

Келесі бір ерекшелік: әрекет-қылықтарының және өзіндік-сана сезімінің нормамен басқарылуы. Егер кіші мектеп оқушылары өзінің мінез-құлқы және ішкі бағыт бағдарын ұстануда ересектер тарапынан қойылатын әлеуметтік нормаларды ұстанса, ал жеткіншектік өз құрбыларымен қойылатын талаптарды ұстанады.Жеткіншектер үшін мінез-құлқы, адамгершілік қасиеттен басқару үшін әлеуметтендірілген нормалар болып табылады. Бұл лидерлік немесе топтық нормалар, олар жеткіншектерге тән референтті топтарға тән.

Келесі ерекшелік: жеткіншектер құрбылары арасында беделге ие болуға. Физиологиялық дамуында жақсы жақтарын көрсетуге тырысып, кіші мектеп оқушыларымен салыстырғанда өзінен жасы үлкен бір жынысты құрбылары немесе ересектерге еліктеуге тырысады. Мұны психологияда жыныстық ролдік теңестіру (полоролевая идентификация). Бұл құбылыс жеткіншектерге және ерте жасөспірімдік кезеңге тән.

Келесі ерекшелік; кіші мектеп оқушыларына қарағанда жеткіншектер ойын ролдерінен шынайы әлеуметтік ролдерді жүзеге асыруға тырысады. Егер кіші мектеп оқушылары өмірде өздерін шынайы сипатта көрсетіп, ролдік өөө тек ойын іс-әрекеттері барысында көрсетсе, ал жеткіншектер бұл ролдері әртүрлі құрбылар тобында көрсетуге тырысады.

Диагностика барысында ескерілетін жайттар:Жеткіншектер ақыл-ойының дамуы бойынша ересектерден артта

қалмайды, сондықтан ересектерге арналған әдістерді қолдануға болады, бірақ ғылыми терминдердің болуын ескеру керек. Ал жеке бастық және өзара

Page 49: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 49 -сі

қарым-қатынасқа байланысты белгілі шектеулер бар. Тесттің негізгі формасы ойын түрінде болып, зейін аударып, қызығушылық туғызу керек. Ол зерттеуші де кез келген зерттенушіде болу керек. Өзін медер терінде санай алу керек.

Ерте жасөспірімдік кезең-бұл барлық мінез-құлқы әрекетінде әлеуметтік психологиялық тәуелсіздіктең бастау кезі. Соның ішінде, материалдық, финанстық өзіне-өзі қызғаныштық көрсетуі бойынша. Бұл кезеңде күрт өзгерістер болады. Өзінің кез келген жақын адамдарының өмірі үшін жауапкершілік сезімді қабылдау кезеңі. Өмірге бейімделу. Кәсіби психодиагностика. Кәсіби іріктеу мен кәсіби бағыт-бағдар психодиагностикасы. Кәсіби әрекеттердің психикалық процестерінің ерекшеліктерін анықтаудың психодиагностикалық бағыттылығы. Жұмысқа қабілеттіліктің темпераментпен байланысы. Болжамалы іс-әрекет түрлерін анықтау тестісі. ДДО - Дифференционалдық – диагностикалық сұрақнама. Холланда сұрақнамасы. Ақпараттың психодиагностикалық конфиденционалдылығы. Адамды нақты психологиялық типтерге жатқызуды құру тестері. Стандартталған және эксперттік әдістер. Психодиагностика бойынша әдістемелік орталығы мен қолданушылардың өзара әрекеті. Әдістердің бланкісі мен мәліметтердің бланкісі.

Тәжірибелік бағыттылыққа ғылыми бастау негіздері - өткен ғасырдың ортасынан бастап құрала бастады. Тәжірибелік таңдаудың бірінші, алғашқы теорияларының бірі – Ф. Парсонстың (1908 ж) кәсіптік кеңес берудің үш факторлы теориясы болды. Ең басты идеясы ол – үш факторлардың бөлінуінен тұрады, фазалардан тұрады, тіжіридедегі бағыттылық жұмыстардан тұрады: оның біріншісі – психикалық және жеке ерекшеліктері қамтылушы адамның мамандыққа деген томасының оқытылуымен қосылады. (психологиялық диагностикалық фаза), екіншісі – мамандықтың талаптарының оқытылуы мен оның психологиялық терминдерде формалануын негіздейді.(тәжірибелі графикалық), үшіншісі – осы екі қатардағы факторлардың және қабылданған шешімдердің мамандақ жайлы тұрақталуымен тұрады. Яғни, мұның бәрі мамандық талабы бойынша адам ерекшеліктерінің сәйкестігін қалыптастыру негізінде базаланады.(шешім қабылдаушы фаза).Кеңес берудің бұл типі диагностикада кәсіптік кеңес беру қатарына жатқызылады.

Сөйтіп, мамандықты таңдау – ұзақ уақыттар бойы мамандық талаптары арасындағы сәйкестік арасындағы іздеу салу ретінде қарастырылған. Мұндай бастауды диагностикалық деп атай бастаған және кәсіптік бағыттылық немесе кәсіптік кеңес беру формаларының дерективтік қатарына жатқызған.

Мамандықтар барған сайын көбеюде. Әсіресе қандай мамандықтар дейтін болсақ, адамдырдың еңбек ету барысындағы барлық оқылу кезеңі кезіндегі жеткілікті білімдерінің жұмсалуы ескеріледі. Адамдар белгілі бір мамандықты таңдау барысында, болашақтағы жұмыс таба алу жоспарларын

Page 50: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 50 -сі

да қарастырады. Егер адамдардың баолығы тек сонымен ғана шектелетін болса, онда берілген мамандықтары бойынша білімберінің көбейтілуі, айтатын болсақ, әрбір 12 жылда жоғары мамандықты адамдар да жұмыс жоспарларын 23 – жастарында бастап, ал 35 жасында тек жартысын ғана қамти алады. Ал 47 жасында төрттен бір бөлігімен және 59 жасында тәжірибелік қажетті жіктелген лайық болады.Мұғалім және мектеп психологы үшін - мамандық өмірдегі бұндай өзгерістердің болуы ықтимал екендігіне дайын болу. Алайда, жобалауымыз бойынша, қандай жас мөлшерде мамандықты ауыстыруға болады немесе ауыстыру қажет екендіктерін білмейді.

Ең басты психологиялық жайт директивті – диагностикалық қалыпты жағдайды қалыптастырушы адамдардың ерекшеліктерін ескерулері.Яғни, бұдан шығаратын қорытынды - өзі көмек сұраушы кез – келген адам, өмірлік маңызды шешім қабылдаудан әр уақытта бас тартады.

Дерективті емес кеңес берулердің классикалық типтері болып табылатын психоанализдік, гумнаистік және дамытушы. Психоаналитикалық кеңес беру – адамның танымдық импульстерінің, мамандықтарының таңдауымен шығаратын принциптер арқылы құралады. Мұндай кеңес берудің басты принципі болып – қандай да болсын өзін - өзі тәрбиелеу белгілерінің, дамыту түрлерінің толықтай араласпау болып табылады. Ең бастысы - өзіңді - өзің қандай болсаң да, кемшілігіңмен қабылдай білу. Яғни, өзіңді өзгертетін мамандықтардан бас тартпау.

Кеңес беру – ортақ психология принциптері арқылы құралады. Ерекше жағдаяттардың кеңес берумен бірге әсер етуі арқылы жүзеге асады. Өзің жайлы айтып беру, сөйлей білу, өз проблемеларына үңіліп, оларды қабылдай білу. Осының бәрі жеке шешімдерді қабылдауға әкеп соғады.

Қандай да болсын сыртқы қызығушылықтың қамтылуы арқылы мұндай сызба практика, іс – тәжірибелерде болып көрмеген, зерттелмеген жағдай. Біріншіден, кәсіптік білім беру өзінің айтарлықтай маңызды уақытын қалай өткізудегі ерекшеліктерін талап етеді. Екіншіден, мұндай кәсіптік білім беруде оның құралы жоғалады. Басты мақсат болып – жеке басқа қатысты жұмысшылар саналады.

Психологиялық стимулдардың, оның дамуының қамтамасыз етілуі айтарлықтай маңызды. Бірақ, мамандықты таңдау барысында тура жол табудан аулақ болады. Сондай – ақ, кейбір гуманистік психология принциптері – активтелген кеңес беруді құруда қолданылады.

С. С. Гриншпун кәсіптік кеңес берудің бірнеше түрлерін бөліп қарастырады: диагностикалық, медициналық, сұраулы – информациялық, формалаушы.

Осы кәсіптік кеңес беру түрлерінің әрбіреуі бірнеше қызметтерді атқарады. Жеке менінің психологиялық оқылуын көздейді, адам денсаулығының жағдайын бірінші кезекте бақылау, мамандық дүниетанымы жайлы оқушылардың білімдерінің бағытын тексеру; Атауы бойынша кеңес берудің бірінші типі классикалық бастаумен сәйкес келеді. Алайда, қалыпты

Page 51: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 51 -сі

жағдайы мазмұны бойынша ерекшеленеді. Арнайы түрде, қолданбалы әдістердің міндеті:

1. Жеке бастың өзін - өзі тануына және дамуына әкелетін, тигізетін әсері 2. Мамандықты таңдау барысындағы өзіндік тәжірибеге ие болу 3. Даму принциптерін ескеру және жеке бастың жас ерекшеліктерін

ескеруМектептегі кеңес берушінің жалпы бірнеше бағыт беру жұмыстарын

қарастырайық.Жоғарғы сынып оқушыларында қазіргі кездері мынадай жоба

қалыптасқан. Олар өздерінің болашақ таңдаулары жөнінде психологтан көмек сұрағылары келеді. Өйткені, оларға берілетін тапсырма, болашақтағы мамандықтарын дұрыс таңдау. Олардың тәжірибелік жоспарларына тәуелсіз. Олардың даму деңгейлері қазіргі уақытта, бұрынғыға қарағанда жақсы дамыған. Оқу барысындағы жақсы білім беру деңгейі жоғарғы дәрежеде жоспарланған. Мамандық таңдау барысында, жоғары сынып оқушылары мектеп психологының кеңес беруін қажет етеді.

Қысқа түрдегі кеңес берулер психологтың қатысуымен, мамандық таңдауда өзіндік өмірлік мақсаттарына бағытталған. Шұғыл көмектің қажеттілігін дұрыс сезіну үшін, басқа адамдарға қажетті көңіл аудару керек.

Психолог оқушылардың білімге деген талпыныстарын сыныптан кеш бастамауға тиіс. Яғни, оқушылардың тәжірибелік деңгейлерін бақылау шарт. Мысалға, оқушылардың кейбірі 9 – сыныптан кейінгі оқуларын колледж, техникумдарда жалғастыруды жоспарлайды. 8 – сыныптан бастап олармен индивидулдық түрде жиналыстар өткізіп отырған дұрыс. 11 – сыныпты аяғына дейін оқып бітіруге талпынған оқушылар психологтың аса көп көңіл аударуын қажет етеді. Яғни, 8 – 11 сыныптардағы оқушылар психологтың кеңес беруін қажет етеді. Кәсіптік кеңес беруді жүргізудің бастапқы жолдарын оқыа – білу қажет. Оқушылардың даму деңгейіне бақылау жүргізу қажет. Олардың кейбір мүмкіншіліктерінің даму деңгейлерін тексеру қажет.

Ең басты қызығушылық көрсеткіші – ұзаққа созылған және систематикалық сабақ түрлеріне, арнайы шығармашылық түріне ұмтылыс, тырысуға бейімделу болып табылады. Сондықтан да, қарапайым бақылаулар мектеп ішінде және мектептен тыс оқушы өміріндегі әңгіме жүргізулер, таңдаған шығармашылық өнері жайлы, әңгіме – сұхбат жүргізу, оның ата – анасымен мұғалімдері тарапынан сын айтуды ұйғарады. Оқушылардың қызығушылықтарының тұрақтылығы мен мүмкіншіліктерін әр қырынан зерттеу қажет.

Осымен дәрісіміз аяқталды! Түсініксіз жерлері болса, сұрап алыңдар!ІІІ. Бүгінгі сабақта біз қабілеттің психологиялық диагностикаларын

және психологиялық диагностикадағы арнайы қабілет тесттері, психологиялық диагностикадағы кәсіптік кеңес беру туралы білдік.

Page 52: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 52 -сі

Психодиагностиканың кәсіби және этикалық сұрақтары. Психодиагностиканың кәсіби және этикалық нормалары. Этикалық кодекстің негізгі қағидалары. Тесті жүргізуге қойылатын талаптар.

3. Психодиагностикалық жұмыс нәтижелерінің қолданылу салалары. Психодиагностиканың теориялық пән ретіндегі міндеті ғылыми негізделген психодиагностикалық әдістерді өңдеу және теориялық тұжырымдамалар мен болжамдарды тексеру болып табылады. Практикалық психодиагностикада психодиагностикалық берілулердің нәтижесі қалай, кіммен қолданылуына байланысты. Осыған орай психодиагностикалық жұмыстың нәтижесін практикада қолданудың бірнеше салаларын көрсетуге болады:

5. Психодиагностика оқыту және тәрбиелеу үрдісін белсендендіру үшін қолданылады. Психодиагностика көмегімен білім беру-тәрбиелеу мекемелерінің жұмысшыларының алдында тұрған міндеттер шешіледі. Бұл баланың мектепте оқуға даярлығы, оқу үлгермеушілігінің себебін анықтау, кәсіптік бағдар беру.

6. Диагностикалық жұмыс кәсіби іріктеу, кәсіби бағыт беру, кәсіби білім беру мамандарының іс-әрекетінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады, ол арнайы кәсіби кеңес беру, білім беру мекемелерінде жүргізіледі. Бұл жұмыс әркімге өзіне лайықты мамандық таңдауға, кәсіби білім және іскерлікті нәтижелі меңгерудің жолын табуға, кәсіби шеберлік деңгейін жоғарлатуға бағытталған.

7. Диагностикалық жұмыс нәтижесі клиникалық кеңес беру және психотерапиялық жұмысты қолданылады. Бұл жағдайда психодиагностиканың негізгі міндеті клиенттің нақты проблемасының себебін анықтау және оларды шешудің жолдары және тәсілдерін таңдау.

8. психодиагностика сот практикасында соттық-психологиялық экспертиза жүргізу үшін қолданылады. Туындаған мәселеге байланысты психодиагност зерттеу нәтижесі бойынша психологиялық қорытынды шығарады.

3 Практикалық және зертханалық сабақтарПрактикалық сабақтың жоспары. Семинар (практикалық) сабақтардың мақсаты және міндеттері:

Дәріс сабақтарында алған білімдерін бекіту, нығайту және тереңдету.Теориялық материалды терең зерттеу, пән бойынша білімін жүйелеу.Психологиялық әдебиеттерді талдау негізінде теориялық

тұжырымдамаларды нақтылау.Психологиялық әдебиеттермен өзбетінше жұмыс істей алу, материалды

жалпылай алу дағдыларын қалыптастыру.Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту, психологиялық-педагогикалық

құбылыстарға деген өзіндік көзқарастарын қалыптастыру.

Page 53: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 53 -сі

Білім меңгеруде, шығармашылық ынталарын және қабілеттерін көрсетуде өзбеттілікті дамыту.

Болашақ педагог-психолог маманы ретінде ғылымға және кәсіптік іс-әрекетіне деген қызығушылығын тәрбиелеу.

Тақырып 1. Психодиагностикаға кіріспе. 1-апта

Жоспар:1. Психологиялық-педагогикалық диагностиканың психологияның басқа

салаларымен байланысы.2. Практикалық психология аумағында дифференциалды

психодиагностикалық білімді қолдану.3. Өңдеуші және психодиагностикалық әдістерді қолданушыларға

қойылатын нормативтік талаптар.4. Әдістемелерге қойылатын талаптар.5. Аралас-мамандардың әдістерді қолдануы.Әдістемелік нұсқау: Тақырыпты қарастыру барысында психологиялық

диагностиканың басқа ғылым салаларымен соның ішінде жалпы психология, дифференциалды психология, психометрия, жас ерекшелігі психологиясымен байланысын, психодиагностиканың негізгі категорияларын қарастыру керек. Практикалық психология саласында дифференциалды психодиагностикалық білімдердің маңыздылығына, психодиагностикалық әдістерді өңдеуші және қолданушы практиктерге қойылатын нормативтік талаптарға, сондай-ақ психодиагностикалық әдебиеттер, әдістемелік материалдарға, өлшемді және эксперттік әдістемелерге қойылатын талаптарды жүйелеу қажет.

Әдебиеттер: 1. Общаяпсиходиагностика./Подред.А.А.Бодалева,В.В.Столина./-

М.,1987.2. Гуревич К.М. Психологическая диагностика. М., 1990

3. Шевандрин Н.И. Основы психологической диагностики.-т.3.- М, 2003.

Тақырып 2. Психодиагностиканың ғылыми-теориялық негізі.2-аптаЖоспар

1. Психодиагностика пәнімен міндеттері.2. Психодиагностиканы қолдануды талап ететін арнайы практиканың

аумағы.3. Дифференциалды психометрика.Әдістемелік нұсқау: Семинар сабағына даярлану барысында

психодиагностика пәнімен міндеттерін, психодиагностиканы қолдануды талап ететін аранйы практика саласын, дифференциалды психометрияның

Page 54: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 54 -сі

дамуы, бұл саладағы негізгі еңбектерге, психометрика саласындағы әдістемелерге қойылатын талаптарға тоқталу қажет.Әдебиеттер:

1. Общая психодиагностика./Под ред.А.А.Бодалева,В.В.Столина./-М.,1987. 15-17 беттер.

2. Шмелев А.Г. Основы психодиагностики. Москва, Ростов-на –Дону: Феникс, 1996. 17-26 беттер.

3. Немов Р.С. Психология. Кн.3 1998. 7-13 беттер.

Тақырып 3. Психодиагностиканың пайда болу тарихы. 3-аптаЖоспар

1. Психодиагностиканың дамуының алғышарттары.2. Психологиялық тестік әдістердің пайда болуы.3. Топтық тестік тексерудің пайда болуы.4. Арнайы қабілет және жетістіктер тесті.Әдістемелік нұсқау: психодиагностиканың дербес ғылым ретінде

дамуына ықпал еткен алғышарттарға (эксперименталды психология, дифференциалды психология), тестік әдістердің пайда болуына, ақыл-ой тестерінің, Бине-Симонның ақыл-ой шкаласының, ақыл-ой коэфициенті ұғымына, топтық тестік тексерудің пайда болуына, арнайы қабілеттер және жетістік тестері, екі факторлы теорияның, алғашқы жетістік тестерінің пайда болуына тоқталу керек. Әдебиеттер:

3. Общая психодиагностика./Под ред.А.А.Бодалева,В.В.Столина./-М.,1987.

4. Гуревич К.М. Психологическая диагностика. М., 19905. Шевандрин Психологическая диагностика.

Тақырып 4. Психодиагностиканың Ресейде дамуы. 4-апта

1. Психодиагностика саласындағы отандық еңбектер.2. Интеллект тестерінің даму тарихы.3. Психодиагностика саласындағы А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия,

П.Я.Гальпериннің еңбектері.4. Л.С.Выготскийдің психологиялық- педагогикалық диагностикаға

қосқан үлесі.5. Психодиагностикалық процедуралардың өңделуі (проективті техника,

контент-талдау).

Әдістемелік нұсқау: Орыс психологиясындағы материалистік бағыттың өкілдері атақты орыс физиологтары И.М.Сеченов пен И.П.Павловтың

Page 55: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 55 -сі

еңбектеріне, В.И.Бехтеревтің «невропсихикасына», және т.б. отандас ғалымдардың (А.А.Токарский, С.С.Корсаков, Г.Ц.Россолимо, А.Ф.Лазурский, А.П.Болтунов, М.Ю.Сыркин) еңбектеріне тоқталу керек. Интеллект тестерінің пайда болу, даму тарихына, психодиагностика саласындағы А.Н.Леонтьев, А.Р.Лурия, П.Я.Гальпериннің, Л.С.Выготскийдің психологиялық- педагогикалық диагностикаға қосқан үлесіне тоқталу керек.Әдебиеттер: 1.Общая психодиагностика./Под ред.А.А.Бодалева,В.В.Столина./-М.,1987. 35-51 беттер.2.Гуревич К.М. Психологическая диагностика. М., 19903.Шмелев А.Г. Основы психо диагностики. Ростов-на –Дону. «Феникс» 1996. Тақырып 5. Психодиагностиканың қазіргі жағдайы.

5-аптаЖоспар

1. Мектептегі психологиялық қызмет жүйесіндегі психодиагностика.2. Педагог- психолог қызметіндегі психодиагностикалық мәселелер.3. Психодиагностиканың Ресей және ҚР жағдайлары.

Әдістемелік нұсқау: Мектеп мәселелерін шешудегі психодиагностиканың атқаратын қызметін, психодиагностика мәселелерін және оларды шешу жолдарын, психологиялық қызмет жүйесіндегі психодиагностиканың алатын орнын, Ресей және Қазақстандық психолог-педагогтардың қосқагн үлесін, еңбектерін қарастыру қажет.

Әдебиеттер:1. Намазбаева Ж.И. Развитие личности умственно отсталық

школьников. А-А., 1986 ж. 2. Жарикбаев Қ. Псих. Наука в Казахстане. Алматы.

Тақырып 6.Психодиагностикалық әдістердің жалпы сипаттамасы. 6-аптаЖоспар

1. Психодиагностикалық әдістердің жалпы сипаттамасы.2. Психодиагностикалық әдістерге қойылатын талаптар.3. Тест- психодиагностиканың негізгі құралы ретінде.4. Тестің түрлері.

Әдістемелік нұсқау: Семинар сабағына даярлану барысында психодиагностикалық әдістердің сипаттамасын, топтастырылу негізін, қолдану ерекшеліктерін, жақсы жақтарымен кемшіліктеріне , психодиагностикалық әдістерге қойылатын талаптарына (жарамдылық, нақтылық, сенімділік, бір мағыналылық) тоқталу керек. Стандартталған әдістердің бірі – тестің сипаттамасын, оған қойылатын талаптар, тестің

Page 56: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 56 -сі

жақсы жақтары мен кемшіліктеріне, тестің түрлеріне нақты мысалдар арқылы тоқталу керек.Әдебиеттер:

1.Общая психодиагностика./Под ред.А.А.Бодалева,В.В.Столина./-М.,1987. беттер. 19-20 беттер.2.Гуревич К.М. Психологическая диагностика. М., 19903.Шмелев А.Г. Основы психо диагностики. Ростов-на –Дону. «Феникс» 1996. 105-119 беттер.4. Немов Р.С. Психология. Кн.3 1998. 26-53 беттер.

Тақырып 7. Тестің сенімділігі мен валидтілігі. 7-аптаЖоспар

1. Тестік норма.2. Психодиагностикалық өлшеудің статистикалық қағидалары.3. Тест сенімділігі және валидтілігі, олардың өзара байланысы.

Әдістемелік нұсқау: тест әдістеріне қойылатын талаптарға, психодиагностикадағы норма ұғымына, тестің сенімділігі мен валидтілігіне, олардың байланысына назар аудару керек.

Әдебиеттер:2.Гуревич К.М. Психологическая диагностика. М., 19903.Шмелев А.Г. Основы психо диагностики. Ростов-на –Дону. «Феникс» 1996. 4. Немов Р.С. Психология. Кн.3 1998.

Тақырып 8. Тестерді адаптациялау және құру технологиясы. 8-аптаЖоспар

1. Тестік қалыптар және оның репрезентативтілігі.2. Психодиагностикалық әдістерді адаптациялау.3. Психодиагностикалық әдістерді адаптациялау кроссмәдени және

тарихи жағдайы.Әдебиеттер:2.Гуревич К.М. Психологическая диагностика. М., 19903.Шмелев А.Г. Основы психо диагностики. Ростов-на –Дону. «Феникс» 1996. 4. Немов Р.С. Психология. Кн.3 1998.

Тақырып 9. Арнайы және жалпы қабілеттер. 9-апта

Жоспар1. А.Амтхауэр тесті.2. Айзенк тесті (жалпы қабілетті анықтау)

Page 57: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 57 -сі

3. Жетістік тестері. Жетістікке жету мотивациясын зерттеу әдісі (А.Мехробиян)

4. Креативтілік диагностикасы. Дж.Гилфордтың шығармашылық ойлау тестісі.

5. Торренстің вербальды емес креативті тесті.6. Арнайы қабілеттер және кәсіби кеңес беру тестері.7. Темперамент және мінез-құлықты зерттеу әдістері. ЧХТ (черты

характера и темперамент) тесті.8. Темперамент формуласы (А. Белов).9. Шмишектің тест-сұрақшасы.

Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабақтарға даярлану барысында әдістемелерді мұқият оқып шығыңыз, өзіңізге жүргізіп, диагностиканың нәтижесіне рефлексия (өзіндік баға) жасап, мүмкін болатын қиындықтар мен қателіктерді қарастырыңыз. Әдебиеттер:

1. Практикум по общей и экспериментальной и прикладной психологии: Учеб. пособие / В. Д. Балин, В.К. Гайда и др. Под обшей ред. А.А. Крылова., С.А Маничева – СПб.: 2005

2. Рогов А.В. Настольная книга практического психолога в образовании- М, 1993

3. Шевандрин Н.И. Основы психологической диагностики.-т.3.- М, 2003.

4. Білім әлемі. 2003 15 мамыр. 13-16 беттер. 5. Немов Р.С. Психология. Кн.3 1998. 6.Общаяпсиходиагностика./Под ед.А.А.Бодалева,В.В.Столина./- М.,1987. беттер. 19-20 беттер.

Тақырып 10. Ақыл-ойын дамытудың психологиялық-педагогикалық диагностикасы.

10-аптаЖоспар

1. ШТУР тесті2. Д.Векслер тесті, ДЖ.Равеннің прогрессивті матрицалары.3. Гуддинаф-Харрис тесті.4. Ақыл-ой тестерін шетелдік психодиагностикада қолдану.5. Тілдік емес тестер, әрекет тестері, мәдениет әсерінен бос тестер.6. Адамның табиғи психофизиологиялық ерекшеліктерінің

диагностикасы.7. Мотивацияның психодиагностикасы. Әзіл-ысқақ ойлар тесті (Тест

юмористических фраз).8. ТАТ (тематикалық апперцептивті тест).

Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабақтарға даярлану барысында әдістемелерді мұқият оқып шығыңыз, өзіңізге жүргізіп, диагностиканың

Page 58: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 58 -сі

нәтижесіне рефлексия (өзіндік баға) жасап, мүмкін болатын қиындықтар мен қателіктерді қарастырыңыз. Әдебиеттер:1.Практикум по общей и экспериментальной и прикладной психологии: Учеб. пособие / В. Д. Балин, В.К. Гайда и др. Под обшей ред. А.А. Крылова., С.А Маничева – СПб.: 2005 2.Рогов А.В. Настольная книга практического психолога в образовании- М, 1993

3. Шевандрин Н.И. Основы психологической диагностики.-т.3.- М, 2003.

4.Немов Р.С. Психология. Кн.3 1998. 5.Общаяпсиходиагностика./Под ед.А.А.Бодалева,В.В.Столина./- М.,1987.

Тақырып 11. Тұлғалық сапалардың психодиагностикасы 11-аптаЖоспар

1. Тұлғалық қарым-қатынас (социометрия, референтометрия әдістері). Әлеуметтік-психологиялық климатты зерттеу әдістері.

2. Аяқталмаған суреттер әдістемесі.3. Лири тесті.4. Эмоционалды ерік-жігер сферасының диагностикасы. Еріктік өзін

реттеу әдістемесі.5. Пессимистік-оптимистікті зерттеу.6. Өзін-өзі бағалау әдістері.7. Үрейді зерттеу әдістері.8. Агрессивтілікті зерттеу әдістері. Басса-Дарки сұрақшасы.9. «ҮЙ. АҒАШ. АДАМ» әдістемесі.10.Дүниеде жоқ жануар.11.Автопортрет.

Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабақтарға даярлану барысында әдістемелерді мұқият оқып шығыңыз, өзіңізге жүргізіп, диагностиканың нәтижесіне рефлексия (өзіндік баға) жасап, мүмкін болатын қиындықтар мен қателіктерді қарастырыңыз. Әдебиеттер:1.Практикум по общей и экспериментальной и прикладной психологии: Учеб. пособие / В. Д. Балин, В.К. Гайда и др. Под обшей ред. А.А. Крылова., С.А Маничева – СПб.: 2005 2.Рогов А.В. Настольная книга практического психолога в образовании- М, 1993

3. Шевандрин Н.И. Основы психологической диагностики.-т.3.- М, 2003.

4.Немов Р.С. Психология. Кн.3 1998. 5.Общаяпсиходиагностика./Под ед.А.А.Бодалева,В.В.Столина./- М.,1987.

Page 59: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 59 -сі

6. Собчик Л.Рисованный апперцептивный тест.//Школьный психолог. – 2002 - №197.Соколова Проективные методы исследования личности. М. 19808. Жуковский И. Тест несуществующее животное.// Школьный психолог. – 2000 - №26

Тақырып 12. Мектеп жасына дейінгі балалардың психодиагностикасы. 12-аптаЖоспар

1. Мектеп жасына дейінгі балаларды психодиагностикалау ерекшеліктері.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерінің даму

ерекшеліктері.3. Мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғасы мен жеке адамдық қарым-

қатынасының ерекшеліктері.Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабақтарға даярлану барысында әдістемелерді мұқият оқып шығыңыз, өзіңізге жүргізіп, диагностиканың нәтижесіне рефлексия (өзіндік баға) жасап, мүмкін болатын қиындықтар мен қателіктерді қарастырыңыз. Осы жас кезеңдегі балалармен психодиагностикалық жұмыстың ерекшеліктеріне назар аударыңыз.

Тақырып 13. Кіші және орта мектеп жасындағы балаларды психодиагностикалау ерекшеліктері.

13-аптаЖоспар

1. Кіші мектеп оқушыларын психодиагностикалау ерекшеліктері.2. Кіші мектеп оқушыларының танымдық процестерінің даму

ерекшеліктері.3. Мектепте оқуға даярлық параметрлері.4. Кіші мектеп оқушыларының тұлғалық және өзара жеке бастық қарым-

қатынас ерекшеліктері

Әдебиеттер:1. Немов Р.С. Психология. Кн.3 1998. 2. Рогов А.В. Настольная книга практического психолога в образовании- М, 1993

Тақырып 14. Жеткіншектер мен жасөспірім балаларды психодиагностикалау ерекшеліктері.

14-аптаЖоспар

1. Жеткіншектер мен жасөспірім балаларды психодиагностикалау ерекшеліктері.

2. Жеткіншектер мен жасөспірім балалардың танымдық процестерінің даму сипаты.

Page 60: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 60 -сі

3. Жеткіншектер мен жасөспірім балалардың өзара жеке бастық қарым-қатынасының ерекшеліктері.

Әдістемелік нұсқау: Практикалық сабақтарға даярлану барысында әдістемелерді мұқият оқып шығыңыз, өзіңізге жүргізіп, диагностиканың нәтижесіне рефлексия (өзіндік баға) жасап, мүмкін болатын қиындықтар мен қателіктерді қарастырыңыз. Осы жас кезеңдегі балалармен психодиагностикалық жұмыстың ерекшеліктеріне назар аударыңызӘдебиеттер:1. Немов Р.С. Психология. Кн.3 1998. 2. Рогов А.В. Настольная книга практического психолога в образовании- М, 1993

Тақырып 15. Кәсіби психодиагностика. 15-аптаЖоспар

1. Кәсіби іріктеу мен кәсіби бағыт-бағдар психодиагностикасы.2. Жұмысқа қабілеттіліктің темпераментпен байланысы.3. Адамды нақты психологиялық типтерге жатқызуды құру тестері.4. Дифференциалды-диагностикалық сұрақнама (ДДО).5. Холландтың «Мамандықты таңдау» сұрақнамасы.6. Стандартталған және эксперттік әдістер.

Әдістемелік нұсқау:Кәсіби іріктеу, кәсіби құпиясы, әдістердің жариялануы мен таралу ережесіне, жұмысқа қабілеттіліктің темпераментпен байланысына, ақпараттың психодиагностикалық конфиденционалдылығына назар аудару керек.

Page 61: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 61 -сі

4. Студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл

аудару; Студенттердің өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс

ұштастыра білу; Студенттердің дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі

түрде дамыту; Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған

материалдарды, хабарларды енгізу; Студенттерді табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын,

сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;

Студенттердің алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру; Студенттерді оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр

уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу; Студенттердің өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын

қалыптастыру.

Бақылау жұмысының тақырыптары1. Психодиагностика пәні, оның теориялық және қолданбалы міндеттері.2. Психодиагностиканың даму тарихы және бүгінгі жағдайы.3. Психодиагностиканың зерттеу әдістері.4. Дифференциалды психодиагностиканың даралық мәселесі.5. Оқыту диагностикасының әдістерін құру қағидалары мен әдістері.6. Жақын аралық даму зонасы туралы және өзекті деңгейлері.7. Адамның потенцалды мүмкіндіктері және оқыту (обучающий)

эксперименті.8. Дифференционалды психологиядағы жас мәселесі.9. Психологтың кеңес беру мен диагностикалық жұмыстары.10.Дамудың нормативті түсінігі.11.Баланың психикалық дамуының бағыттары мен темптері.12. Индивидуалды-психологиялық дамуды зерттеудегі лонгитюдті әдісі.13.Темперамент туралы ілімнің дамуы мен негізгі теориялары.14.Адамның сенсорлық-перцептивтік қасиеттері.15. Көпке танымал интеллект тестісі.16. Конституционалды типтердің мәселесі.17. Жоғарғы нерв қызмет типтерінің қабілеттермен арақатынасы.18.Дарындылық адамның индивидуалды психологиялық ерекшелігі

ретінде.19. Қабілеттердің классификациясы.

Page 62: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 62 -сі

20.Қабілеттерді өлшеу мәселесі.21. Мінездің құрылымы мен психологиялық қызметтер.22. Жеке адам, темперамент, мінездің арақатынасы.23. Дифференциалды психологиядағы ақыл-ой мәселесі. 24. Адам конституциясының деңгейлері мен құрылымдық элементтері.25.Э.Кречмер мен У.Шелдон бойынша адам конституциясының типтері.26. Мінез акцентуациясының типтері.

Психологиялық-педагогикалық диагностика пәні бойынша емтихан сұрақтары.

1. Психодиагностика пәні, оның теориялық және қолданбалы міндеттері.

2. Психодиагностикалық әдістердің негізгі топтары.3. Психодиагностиканың пайда болу тарихы.4. Психолог жұмысындағы психодиагностиканың ролі.5. Проективті техникалардың пайда болу тарихынан.6. Контент-талдау құжаттары.7. Психодиагностика және аралас зерттеу бағыттары.8. Ақыл-ой дамуын диагностикалау мәселесі.9. Қарым-қатынас диагностикасы.10. Психологиялық тестік әдістердің пайда болуы.11. Ресейде психодиагностиканың даму тарихы.12. Л.С.Выготскийдің психологиялық-педагогикалық диагностикаға

қосқан үлесі.13. Мектептегі психологиялық қызмет жүйесіндегі

психодиагностика.14. Психодиагшностиканың Ресей және ҚР қазіргі жағдайы.15. Психодиагностикалық әдістерге жалпы сипаттама.16. Психодиагностикалық әдістерге қойылатын талаптар.17. Тест- стандартталған әдіс ретінде.18. Тест әдісінің түрлері.19. Психологиялық тестің обьективтілігі.20. Тест сенімділігі.21. Валидтілік түрлері. 22. Қабілеттер тестісі.23. Жалпы және арнайы қабілеттер туралы түсінік. 24. Темперамент және мінез-құлықты зерттеу әдістері.25. Интеллект түсінігі және ақыл-ой коэффициенті.26. Креативтілік диагностикасы.27. Отандық және шетелдік психодиагностикада креативтілік

диагностикасы.28. Тест-сұрақнамалар, олардың түрлері.29. Эмоционалды ерік жігер сферасының диагностикасы. 30. Тұлғалық сапалардың психодиагностикасы.

Page 63: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 63 -сі

31. Проективті әдістер.32. Мектеп жасына дейінгі балаларды психодиагностикалау

ерекшеліктері.33. Мектепте оқуға даярлық мәселесі.34. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынасын

психодиагностикалау ерекшеліктері.35. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестерін

психодиагностикалау ерекшеліктері.36. Кіші және орта мектеп жасындағы балаларды

психодиагностикалау ерекшеліктері.37. Жеткіншектер мен жасөспірім балаларды психодиагностикалау

ерекшеліктері.38. Кәсіби іріктеу мен кәсіби бағыт-бағдар психодиагностикасы.39. Психодиагностиканың кәсіби және этикалық нормалары.40. Тест жүргізуге қойылатын талаптар.41. Дифференциалды психодиагностиканың даралық мәселесі.42. Оқыту диагностикасының әдістерін құру қағидалары мен

әдістері.43. Жақын аралық даму зонасы және оның өзекті деңгейлері.44. Клиникалық-зерттеу әдістері.45. психологиялық-педагогикалық диагностика әдістері.46. Мотивацияны зертту әдістері.47. Психодиагностикалық әдістерді топтастыру негіздері.48. Арнайы және жалпы қабілеттер диагностикасы.49. Тест әдістерін қолдану салалары.50. Қабілеттің факторлы теориясы.

Page 64: › ebook › umkd › 3ef8abec-bee7-11e3-b0bc... · Web view edu.semgu.kzҒ. – табиғат, қоғам және ой жүйесі туралы жаңа білім жасауға

ПОӘК 042-18.1.36/03-2013 05.09.2013 жылғы№1 басылым

64 беттің 64 -сі