3.to be present & past simple

10
3-LESSON Verb TO BE TO BE етістігі zhanaoi.k

Upload: -

Post on 23-Jun-2015

4.907 views

Category:

Documents


3 download

TRANSCRIPT

Page 1: 3.to be present & past simple

3-LESSON

Verb TO BETO BE етістігі

zhanaoi.kz

Page 2: 3.to be present & past simple

Verb TO BE (TO BE етістігі)

TO BE етістігі – “болу”, “орналасу” дегенді білдіріп, бір іс-әрекеттің болуын, орналасуын білдіреді. Мысалы: I am 18 years old – Мен он сегіз жастамын. Біреудің жасының он сегізде болғанын білдіріп тұр.

He is in Almaty – Ол Алматыда. Оның Алматыда орналасқанын білдіріп тұр.

Askar is from Kazakhstan – Асқар Қазақстан елінен. Адамның қай жерлік екенін, қандай да бір жерден болуын білдіріп тұр.

She is a student – Ол (қыз бала) студент. Оның студент екенін білдіреді.

Page 3: 3.to be present & past simple

Affirmative form. Singular (Болымды форма. Жекеше түрде)

S i n g u l a r

I (Мен) am a pupil Мен оқушымын I am = I’m

You (Сен) are a student Сен студентсің You are = You’re

He (Ол /ер кісі/ )

is a teacher Ол(ұл) мұғалім He is = He’s

She (Ол /әйел кісі/ )

is a doctor Ол(қыз) дәрігер She is = She’s

It (Ол /жаны жоқ зат/ )

is a table Ол(зат) үстел It is = It’s

Болымды түрінде бірінші кезекте бастауыш тұрады, олар I, you, he, she, it. Содан соң етістік, анығырақ айтсақ TO BE етістігінің көмекші етістіктері (Auxiliary Verbs). Олар: am, are, is. Сөйлемнің ең соңында толықтауыш қолданылады. Олар кестенің 3-бағанасында тұр. Олар: a pupil, a student, a teacher, a doctor және т.б.

Ал кестенің соңғы бағанасында көмекші етістіктердің қысқарып қолданылуын көріп тұрмыз. Бірақ ол сөйлемнің мәнісін өзгертпейді.

Page 4: 3.to be present & past simple

Affirmative form. Plural (Болымды форма. Көпше түрде)

P l u r a l

We (Біз/Біздер) are pupilsБіз оқушымыз

We’re pupils

You (Сендер/Сіздер) are students Сендер студентсіңдер

You’re students

They (Олар) are teachers Олар мұғалімдер

They’re teachers

Көпше түрде де жекеше түрдегі сияқты бірінші бастауыштар we, you, they қолданылады. Олардан соң үшеуіне ортақ are көмекші етістігі. Ал сөйлем соңында толықтауыштар қолданылады. Олар pupils, students, teachers болып, көпше түрде жекеше түрдегідей алдына артикль қойылмайды және соңына көпше түрді білдіретін –s жалғауы жалғанады.

Кестенің ең соңғы бесінші бағанасында көмекші етістіктер қысқартылып қолданып тұр. Тағы да ескертейік, сөйлемде көме кші етістік қысқартылып жазылса да, толық жазылса да бәрібір сөйлемнің мағынасы өзгермейді.

Page 5: 3.to be present & past simple

Negative form. Singular (Болымсыз форма. Жекеше түрде)

I am not a pupil Мен оқушы емеспін

I’m not

You are not a student Сен студент емессің

You’re not немесеYou aren’t

He She is not a teacher

Ол (ұл/қыз) мұғалім емес

(S)He’s not немесе(S)He isn’t

It is not a table Ол үстел емес It’s not немесеIt isn’t

Болымсыз формада көмекші етістіктен соң, not болымсыз шылауы жалғанып, қазақ тіліне емес деп аударылады. Тағы да соңғы бағанада not шылауымен көмекші етістіктің қысқартылып жасалуын көруге болады.

Page 6: 3.to be present & past simple

Negative form. Plural (Болымсыз форма. Көпше түрде)

We are not pupils Біз оқушы емеспіз

We’re not немесе

We aren’t

You are not students Сендер студент

емессіңдер

You’re not немесе

You aren’t

They are not teachers Олар мұғалімдер

емес

They’re not немесе

They aren’t

Көп ше түрде де болымсыз формада көмекші етістіктен соң, not болымсыз шылауы жалғанып, қазақ тіліне емес деп аударылады.

Page 7: 3.to be present & past simple

Interrogative form. Singular(Сұрақ форма. Жекеше түрде)

Am I a pupil? Мен оқушымын ба?

Yes, you are (Yes, you’re) / No, you are not (No, you’re not / No, you aren’t)

Are you a student? Сен студентсің бе?

Yes, I am (Yes, I’m)/ No, I am not (No, I’m not)

Is he a teacher? Ол(ұл) мұғалім бе? Yes, (s)he is (Yes, (s)he’s) /

No, (s)he is not (No, (s)he’s not / No, (s)he isn’t)

Is she a doctor? Ол(қыз) дәрігер ме?

Is it a table? Ол(зат) үстел ме?

Yes, it is (Yes, it’s) / No, it is not

(No, it’s not / No, it isn’t)

Сұрақ формада жекеше түрде am, are, is көмекші етістіктері сөйлемде алдыға шығу арқылы жасалады. Соңғы бағанада сұраққа жауап жазылған, ал жақша ішінде болса, жауаптың қысқаша түрі берілген.

Page 8: 3.to be present & past simple

Interrogative form. Plural (Сұрақ форма. Көпше түрде)

Are we pupils? Біз оқушымыз

ба?

Yes, you are (Yes, you’re) / No, you are not (No, you’re not/No, you aren’t)

Are you students? Сендер студентсіңдер

ме?

Yes, we are (Yes, we’re) / No, we are not (No, we’re not/No, we aren’t)

Are they teachers? Олар мұғалімдер

ме?

Yes, they are (Yes, they’re) / No, they are not (No, they’re not/No, they aren’t)

Көпше түрде де are көмекші етістігі сөйлемде алдыға шығу арқылы жасалады. Ал соңғы бағанада болса, жекеше түрдегідей сұраққа жауап жазылған, ал жақша ішінде, жауаптың қысқаша түрі берілген.

Page 9: 3.to be present & past simple

Past Tense of the Verb TO BE(TO BE етістігінің өткен шағы)

S i n g u l a r

I was a pupil 10 years ago Мен 10 жыл бұрын оқушы едім

You were a student last year Сен өткен жылы студент едің

He was a teacher last winter Ол(ұл) өткен қыста мұғалім болып еді

She was a doctor in 1999 Ол(қыз) 1999 жылда дәрігер болған

It was a table in the room Ол(зат) бөлмедегі үстел еді

TO BE етістігі өткен жақта was/were көмекші етістіктерінің қосылуы арқылы жасалады. You есімдігінен соң were көмекші етістігі, ал I, he/she/it есімдіктерінен соң was қолданылады. Қазақшаға аударылғанда еді, болып еді деп аударылады.

Өткен шақты білдіру үшін көбінесе last …(day, year, week және т.б.), (2 months, 5 years және т.б.) … ago, yesterday сияқты үстеулер қолданылады.

Page 10: 3.to be present & past simple

Past Tense of the Verb TO BE(TO BE етістігінің өткен шағы)

P l u r a lWe were pupils Біз оқушы болдықYou were students Сендер студент

болдыңдар

They were teachers Олар мұғалім болды

TO BE етістігі өткен шақта көпше түрде барлық жақтарда were көмекші етістігі жалғанады.

TO BE етістігі өткен шақта жекеше және көпше түрлерде болымсыз формада was/were көмекші етістіктерінен соң, not шылауы жалғанады.

Ал сұрақ формада болса, was/were көмекші етістіктері сөйлемде бірінші орынға шығу арқылы жасалады.