24 (3229) 2015-03-03

12
86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] :::$67$1$$.6+$0<.= Ě 24 ÒÆÊÒÆμ 3 ÎÁÔÑÜÈ ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü -8°.. -6° -14°.. -12° Çæì âáĨüóü íæî çüìåáíåüĨü ùüĨüò íò Ëġî ùüĨôü òáĨáó íéîôó Ëġî âáóôü òáĨáó íéîôó Ëġî ĪèáĬóüĨü òáĨáó íéîôó ÂĪì ëġîäĄ æĦ çïĨáñĨü óæíðæñáóôñá n& çüì ÆĦ óĤíæîäĄ óæíðæñáóôñá n& çüì ʺ˟˭ˬ˟˪˵ ˙˘˳˾˳ ʻ˲˳ˬ˵˘ˮ ʻ˘ˣ˘˲˙˘˟˚ ʤ˳˵˘Ͳ ˮ˘ ˹˶˵˙˯ˬ ˪˯˭˘ˮͲ ˞˘˳ˮ˘ ˘ˣ˘೪˳˵˘ˮ ˀ˟˳˱˶˙ˬˤ˪˘˳ˮ೮ ˁ˶˱˟˲˪˶˙˯˛ˮ ˵˘˱˳˲˞ Футбол... Футбол – миллиондардың ойыны... Футбол – өнер, кәсіп, индустрия... Биылғы көктемнің алғашқы күнінде, яғни, 1 наурызда Қазақстан жанкүйерлері үшін де көптен күткен жаңа футбол маусымы басталды. Бұл күні «Аста- на Арена» стадионына жиналған 20000-нан астам көрермен Қазақстан су- перкубогын сарапқа салған «Астана» – «Қайрат» ойынын қызықтады. Өткен маусымдағы ел чемпио- ны мен кубок жеңімпазы арасындағы бәсекені Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев тамашалады. (Жалғасы 12-бетте) àÜā àâĈĉ)Ý ĀċåêÜĈ ĉÜĉ×Ùă ! ˌ೦˘˲˭˘˾ˬ೪ ˙ഉ˥˛˟˛˟ ೪˘ˬ˘ ˭˟˪˵˟˱˵˟˲˧ ˭˟ˮ ˪˯ˬˬ˟˞ˢ ˯೪˶˾ˬ˘˲ˮ ೪˘˵˳˶೦˘ ˾˘೪˲˘˭ˣ ౭ˬ ʽ˵˘ˮ ˳˯೦˳ˮ ˙˘˳˵˘ˮ ˪˟˾˧˱ ˙˛˧ˮ˛˧ ˲˱˘೪೪˘ ˙˟˥˙˧˵ ˭˧˲ ˳˥ˬ˘೦˘ˮ ˘˲Ͳ ˞˘˛˟˲ ˘˵˘ˬ˘˲೮ˣ ˙˟ˮ ഉˢ˟ˬ˟˲˧೮˧ˣ ˢ˘˥ˮ˞˘ ˾೦˘˲˭˘ ˢ˘ˣ˱ ˢ˟೮˧˭˱˘ˣ˞೪ ˲˶˺ˮ ˪˵˟˲˶˛˟ ˬ˟˳ ೪˯˳೮ˣ˞˘˲ ʺ˘˵˟˲ˤ˘ˬ˞˘˲ ˭˟ˮ ˳˶˲˟˵˵˟˲˞˧ ˲˟˞˘˪˻ˤ೦˘ ˺˘˵ ˘˲೪ˬ ˮ˟˭˟˳˟ ˛˘ˣ˟˵˵˧೮ ˬ˟˪˵˲˯ˮ˞೪ ˱˯˽˵˘˳ˮ˘ ˢ˧˙˟˲˶ˬ˟˲˧೮˧ˣ˛˟ ˙˯ˬ˘˞ ʶ˯ˮ˪˶˲˳೪˘ ˢ˧˙˟˲˧ˬ˟˵˧ˮ ˭˘˵˟˲ˤ˘ˬ˞˘˲ ϯ ˙˟˵˵˟ˮ Ϯ ˳˶˲˟˵˵˟ˮ ˘˳˱˘˶ ˪˟˲˟˪ ౬ˣ˞˧˪ ˭˘೪˘ˬ˘ˬ˘˲ ˛˘ˣ˟˵ ˙˟˵˧ˮ˟ ˢ˘˲ˤˬ˘ˮ˱ ˘˚˵˯˲ˬ˘˲ ʮ˟೮˧˳ ˪ˮ˧ ೪˘˲˳˘೮ˮ˞˘ ˘˲ˮ˘˶ˬ ˳˥ˬ೪˵˘˲˭˟ˮ ˭˘˲˘˱˘˵˵˘ˬ˘˞ ʤ˳˵˘ˮ˘ ˘೪˾˘˭ ˛˘ˣ˟˵˧ˮ˧೮ ˲˟˞˘˪˻ˤ˳ˮ೮ ౭ˬ ʽ˵˘ˮ ˳˯೦˳ ʮ˟೮˧˳˧ˮ˧೮ ϳϬ ˢˬ˞೦ˮ˘ ˘˲ˮ˘ˬ೦˘ˮ ʺ˟ˮ˧೮ ˘˵˘˭ ʹ ˭˘˥˞˘ˮ˛˟˲ ˘˵˵ ˾೦˘˲˭˘˾ˬ೪ ˪˯ˮ˪˶˲˳೪˘ ˭˘˵˟˲ˤ˘ˬ˞˘˲ ೪˘˙ˬ˞˘˶ ˢ˘ˬ೦˘˳˶˞˘

Upload: -

Post on 08-Apr-2016

232 views

Category:

Documents


1 download

DESCRIPTION

АСТАНА АҚШАМЫ №24 (3229) 3наурыз

TRANSCRIPT

Page 1: 24 (3229) 2015-03-03

24 3

-8°.. -6°-14°.. -12°

Футбол...Футбол – миллиондардың

ойыны...Футбол – өнер, кәсіп,

индустрия... Биылғы көктемнің алғашқы

күнінде, яғни, 1 наурызда Қазақстан жанкүйерлері

үшін де көптен күткен жаңа футбол маусымы

басталды. Бұл күні «Аста-на Арена» стадионына

жиналған 20000-нан астам көрермен Қазақстан су-

перкубогын сарапқа салған «Астана» – «Қайрат»

ойынын қызықтады. Өткен маусымдағы ел чемпио-

ны мен кубок жеңімпазы арасындағы бәсекені

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев тамашалады.

(Жалғасы 12-бетте)

!

Page 2: 24 (3229) 2015-03-03

2www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Елордада баспанаға мұқтаж азаматтар тізімінде

35500 адам тұр.

«АЛЖИР» музей кешенінде «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – ұран» атты бейне панорамалық көрме ұйымдас-тырылды.

Тәуелсіздік сарайын-да ХХІІІ халықаралық экономикалық форум өтеді. Басталуы: 10.00

«Конгресс-холл» сарайын да Астана әкімдігі мемлекеттік академиялық филармониясы қазақ халық аспаптар оркестрінің концерті өтеді. Басталуы: 19.00.

Қала басшысы әкімдіктің ресми сайтына түсетін тұрғындардың сауалдарына және оларға берілетін жауаптарға ерекше мән береді.

Жыл басынан бері әкімдіктің ресми сайтына қала тұрғындарынан 1 313 өтініш келіп түскен, олардың әр-қайсысы құзіретті мекемелерге жолданды.

- Жауаптарды дайындау бойынша формальды ұстаным байқалады. Әкімнің орынбасарларына бұл мәселеге жауапкершілікпен қарауды бұйырамын. Бірінші тоқсанда «051» қызметіне, «Байланыс орталығына» түскен

өтініштер бойынша талдау жүргізілсін, - деді қала басшысы.Ә.Жақсыбеков қалалық денсаулық сақтау мекемелерінің

жұмысын сараптай келе, жалған медициналық құжаттарды қолдану деректерінің анықталғандығына назар аударды. Осыған орай Ә.Жақсыбеков арнаулы топ құрып, халыққа қызмет көрсететін елорданың барлық мекемелерінде тек-серу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Газбен қамту саласындағы қызмет түрлеріне тоқталған елорда әкімі соңғы уақытта әкімдік сайтына тұтынушылар тарапынан аталмыш қызметтің төмен деңгейде көрсе-тілетіні туралы шағымдар көп түсетінін жеткізді. Осыған байланысты әкім тиісті шаралар қолданып, 1200 тұрғын үйге қызмет көрсететін «ГазҚызмет» ЖШС жұмысының сапасын арттыру қажеттігін атап өтті.

– Үйлердің жертөлелерінде шағын және орта бизнес объектілерінің газ баллондарын заңсыз қоданылатыны туралы шағымдар көп түсуде. Тұрғын үй инспекциясына Төтенше жағдайлар департаментімен бірігіп, тұрғын үйлердің жертөлелерінде газ баллондарын пайдалану жайын анықтап, тосқауыл қою үшін рейдтік шаралар өткізуді міндеттеймін. Бұл, ең алдымен, адамдардың ден-саулығына қауіпті, - деді Ә.Жақсыбеков.

Кеңес қорытындысы бойынша алдағы мерекелерге орай жұмыс жоспары талқыланды.

Үкіметтің кеңейтілген отыры-сында айтылған Елбасы тапсыр-маларының аясында Астана әкімдігі мен қалалық кәсіпорындар, кәсіп-одақтар арасында қол қойылған меморандумдар шеңберінде еңбек ұжымдарының барлық құқыларын қорғау, жұмысшыларды қысқартуға жол бермеу және еңбекақыны уа-қытылы төлеуге кепілдік беріледі.

Еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Ысқақов Астанада әлеуметтік тұрақ-тылықты қамтамасыз ету ерек-ше бақылауға алынып отырғанын

атап өтті. Елордалық кәсіпорындар тұрақты түрде тексеріліп, заң бұзу-шыларға құқықтық жазаға сәйкес шаралар қолданылады. «Ме мо-рандумның негізгі мақсаты – бар-лық кәсіпорын ұжымдарындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, жұмыс орындарын бір позиция да ұстау, сонымен қатар, қала тұр-ғындары арасындағы әлеуметтік қалыпсыздық көріністерінің алдын алу» деді Қ.Ысқақов.

Жиынға қатысқан Есіл ауданының прокуроры Біржан Мәжренов заңнан аттаған жұмыс берушілерді

құқықтық жазалаудың негізгі шара-лары туралы айтып берді. Қадағалау органының өкілі елордалық кәсіп-орын басшыларына жалдамалы жұмысшылар құқын бұзғаны үшін әкімшілік қана емес, қылмыстық жауапкершілік те қарастырылғанын жеткізді.

Жиын қорытындысы бойын-ша қалалық кәсіпорындар мен ұйымдардың өкілдері жұмыс шы-лардың әлеуметтік құқылары мен кепілдемелерін толық қамтамасыз етуге міндеттеліп, меморандумға қол қойды.

Қалалық жол пайдалану қызметі қыс мезгілінде жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бірнеше жылдан бері құм-тұз қоспасын пайдаланып келеді.

Құм-тұз қоспасының құрамы құм мен техникалық тұздан тұрады. Соның арқасында құм төселген тайғақ жерде кедір-бұдыр пайда болып, авто көлік дөңгелектерінің тай мауына әсер етеді. Бұл жол дағы апаттардан сақтану үшін қолданылады. Тұз мұз

бен қардың тез еруіне сеп-ті гін тигізіп, жол тазартуды жеңіл детеді. Жаяу жүргін-шілердің қауіпсіздігі үшін де осындай қоспалар әлсін-әлсін себіліп тұрады. Әрі адамдар-дың жарақат алу ықтимал ды-лығы төмендейді.

2015 жылғы 23 ақпан мен 1 наурыз аралығында көше-лерге Алматы ауданында - 35,5 м3, Есіл ауданында - 75,5 м3, Сарыарқа ауданында - 103 м3, барлығы – 214,00 м3 құм-тұз қоспасы себілді.

Page 3: 24 (3229) 2015-03-03

3www.astana-akshamy.kz

Бетт

і дай

ынд

аған

: Таң

атар

ТӨ

ЛЕУҒ

АЛИ

ЕВ. Д

ерек

көзд

ері:

www.

asta

na.k

z, ww

w.in

form

.kz

«Егемендігімізді алғалы екі-үш дағдарысты бас тан өткердік: алғашқы тоқырау жылдары, Азия дағдарысы, араға он-шақты жыл салып келген әлемдік қаржы дағдарысы... Енді, міне, келесі жылы экономикалық дағ дарыс деген шарықтау шегіне жетеді-мыс. Осындай қиындықтың алдында тәжірибесі толысқан Елбасын қайта таңдағанымыз жөн-ау». «Алдағы жылы Президент пен Парламент сайлаулары қатар келеді екен. Ал ол, әлбетте, қазына қоржынына ауыр соғады, заңға да қайшы келеді екен. Сондықтан бірін биыл өткізіп жібермек керек». «Көреген көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Прези-дент бола бергені жөн. Ел – аман, іргеміз – тыныш, әл-аухатымыз жақсаруда...» Міне, ел ішіндегі әңгіме әдетте осылай өрбиді.

Рас, сайлауға қатысу – әркімнің өз еркіндегі шаруа. Біз – зайырлы, демократиялық мемлекетпіз. Алайда, сайлау бүкілхалықтық шара ғой. Егер Елбасымыз соңғы сайлауда тоқсан бес пайыздан аса дауыс жи-наса, мұқым халықтың оған сенгендігі. Ал, сайлауды әділетсіз өтті деуге, тіпті, негіз жоқ. Өйткені, шара барысы халықаралық, тәуелсіз сарапшылар тарапынан да бақылауда болады.

Сайлау – біздің санамыздың өлшемі. Тоқсан бес пайыз дауыстың иелері шет мемлекеттік емес, Қазақстанның халқы. Олар иек астындағы жылдарға көз тастаған шығар. Өйткені, сонау тоқсаныншы жылдар мен бүгінгі күнімізді салыстыра алмаймыз. Өрледік, өркендедік, әлемге танылдық! Әсірелемей-ақ айтқанда, мұның астарында Президенттің маңдай тері мен еңбегі жатқаны ақиқат. Оның қолдаушылары осыны мойындағандықтан да, өз дауыстарын тұңғыш Президентке берді.

Мен Нұрсұлтан Назарбаевтың осы жолы да сайлауға түсіп, жеңіп шыққанын қалаймын.

Асхат РАЙҚҰЛ

Басқосуды Ұлттық қауіпсіздік комитеті ардагерлер кеңесінің төрағасы Валихан Қабышев ашып, жүргізіп отырды. Ал-ғашқы сөз кезегін алған Астана қалалық Дін істері жөніндегі басқарманың бас-

шысы Жорабек Дәуренов жастардың дін мәселесіндегі негізгі тенденцияларына тоқтала келе, теологтардың аздығын, мешіт имамдарының қатарында әлі де көшбасшылардың жетіспейтінін атап өтті. Сонымен бірге дін қағидаларын түсіндіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы әңгімелеген басқарма басшысы әр оқу жылының басында білім беру мекемелерінде кездесулер

өткізілетінін, идарааралық жұмыстар жоспары жасалып, негізгі іс-шаралар үш бағытта: оқушылар, жұмыс істейтін және жұмыссыз жастар арасында ұйым-дастырылатынын жеткізді.

– Дін істері басқармасының құрыл-ғанына үш жыл болды. Осы уақыт ара-лығында тек қана Астана қаласында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сенім телефоны арқылы өткен жылы 52 адам қоңырау шалса, биыл 214 адам хабарласты. Бас қалада жаңадан құрылған аула клубта-рында 300-ден астам кездесулер өткізіліп, тренингтер ұйымдастырылса, мұндағы негізгі мақсат теріс діни идеологияның

алдын алу, олардың таралу тәсілін көрсетіп, арбауға түсіп қалмау мәселесіне аса назар аудару болып отыр, - деді Ж.Дәуренов.

Одан әрі Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Д.Кенжетай дін мәдениеттің бір бөлшегі екенін ескере отырып, діндарлық пен діншілдіктің аражігін ажырату керектігін, ал ислам үрей туғызатын, мемлекетіміздің қауіпсіздігіне күмән келтіретін құбылыс еместігін айтса, осы оқу орнының дінтану кафедрасының доценті К.Тышхан заң және діндарлар мәселесін тілге тиек еті.

Отырысты қорытындылай келе, қа-лалық мәслихаттың хатшысы С. Есілов жастар арасындағы экстремизм мен терроризм мәселесі қазіргі заманның кө кейкесті проблемаларының бірі екендігіне тоқталды. «Бүгінде біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес, діни және жалған діни ағымдар мәселесі өткір болып тұр. Сондықтан, мемлекет кейінгі кезде осы мәселемен тұрақты түрде айналысып келеді. Осыған орай, жақын арада экстремизм және терроризммен кү ресудің жаңа әдіс-тәсілдерін қарас ты-ратын боламыз» деді ол.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Жоба аясында ақпараттық стендтерді орналастыру, кеңес беру, кітапшалар тарату жұмыстары жүргізіледі. Бұл жас-тарға Астананың еңбек нарығы туралы көбірек білуге әрі лайықты жұмыс орнын табуға мүмкіндік береді.

Қолға алынған іс-шара кейінгі толқын өкілдерін жұмыспен қамтып, өмірлік мұратын жүзеге асыруға көмектесуді

мақсат тұтады. Сонымен қатар, бұл ел орда мызға басқа қалалардан жұмыс іздеп келуші қыз-жігіттер үшін қызметке орна лас тыру мүмкіндіктері туралы, сынақ тан өту, сондай-ақ, елордамыздың еңбек нарығында с ұ ранысқа ие ма ман дықтар ішінен болашақ кәсіпті таңдап, ха бардар болуға үлкен мүм кіндік болады.

Жастар жұмысқа орналасу үшін жұмыс берушінің сауалдамасын тол-тырып, әңгімелесудің психологиялық аспектілері мен жұмысқа қажетті құ-жат тарды дайындау бойынша қысқаша кеңес ала алады.

Өткен жылы осы жоба арқылы 119 жас маман жұмысқа орналастырылып, үш мыңға жуық түйіндеме жиналған.

Шара барысында Ф.Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университеті, Пекин мем-лекеттік шетел тілдері университеті және Эр-зинджан қаласындағы (Түркия) мемлекеттік университеті жанындағы Абай атындағы қазақ тілі және мәдениеті орталығы ғалымдарының құттықтаулары жеткізілді.

«Абай» залының қорында бес жүздей басылым бар. Сол қатардан Қазақстан Компартиясы ОК хатшысы Мұхамеджан Әбдіқалықовтың жеке кітапханасындағы сирек қорлар да орын алды. Бұл бірегей жазбаларды немересі, заң ғылымының кандидаты Е.Ихсанов жеткізіп берді. Бұлар – «Құнанбаев А. (Ибраһим) Шығармаларының толық жинағы» (1948 ж., ҚазБМБ), «Лирика и поэмы» (1940 ж., «Художественная литерату-ра»), «Абай» М. Ауэзова» (1948 ж., КазОГИЗ), т.б. Зал қоры оқырмандар тарапынан белсенді түрде толықтырылмақшы. Бұған қоса, Ұлттық академиялық кітапханада Абай порталын ашу жоспарлануда.

Page 4: 24 (3229) 2015-03-03

4www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

М е м л е к е т б а с ш ы с ы Нұрсұлтан Назарбаев 26 сәуірде

кезектен тыс Президент сайла-уын өткізу туралы Жарлыққа

қол қойды. Президент әлемдік дағдарыс жағдайында бірлік бізге бұрынғысынан да құнды екенін, жұдырық болып жұмылған кезде ғана Қазақстан болашағының баянды болатынын алға тартты. Елбасының шешімін жоғары бағалаймын. Бұл – заңды құбылыстардың бірі. Өйткені, бүгінде дүниежүзілік қаржы дағдарысы болып жатыр. Сол дағдарыстың ұшқыны Қазақстанға тимес үшін алдын ала шара қолдануымыз керек. Халқымыздың тыныштығы үшін, ең бастысы әлемде болып жатқан геосаяси оқиғаларға талдау жасап, қауіпсіздігіміз үшін,

қамданғанымыз өте дұрыс. ҚР Президентінің Жолдауында, басқа да стратегиялық,

мемлекеттік, аумақтық бағдарламаларда еңбек адамының жағдайын жасауға да көп көңіл бөлінеді. Оның ішінде әлеуметтік мәселелер, жалақы, жұмыссыздықпен күрес сияқты кәсіподақтарға тән көптеген шаруалар да дұрыс жолға қойылды. Мемлекет басшысы алға қойған міндеттемелердің басым көпшілігін мерзімінен бұрын орындауға қол жеткізді. Жаңа технологияларды игеру, бәсекеге қабілетті тауар шығару, бәрі еңбек адамына байланысты. Еңбекшілердің өкілі ретінде айтарым, еңбек бар жерде – мемлекеттің дамуы бар. Сондықтан да бұл еліміздің жарқын болашағын ойлайтын адам үшін өте дұрыс шешім деп ойлаймын.

Қазақстан халқы ассамблея-сы кеңесінің елімізде Президент

сайлауын мерзімінен бұрын өткізу жөніндегі бастамасын Орталық ардагерлер кеңесі де бірауыздан қолдаған еді. Енді, міне, ел тілегі ескеріліп, Елбасы кезектен тыс президент сайлауын өз Жарлығымен 2015 жылғы 26 сәуірде өткізуді белгіледі. Бұл елімізді ұлы істерге ұйыстырып, баянды болашақ жолында біріктіре түсетін тағы бір тарихи оқиға деп білемін. Бұған барша-мыз бір кісідей атсалысумыз қажет.

Қазір тәуелсіз Қазақстанды, оның аз ғана уақытта қол жеткізген экономикалық жетістіктерін бүкіл әлем мойындап отыр. Бұл – Елбасының халықаралық дәрежедегі орасан беделінің ғана емес, алысты көре білетін кемеңгерлігі мен ерік-жігерінің, қажыр-қайратының арқасында жүзеге

асқан мұрат-мүддеміздің айқын көрінісі. «Мәңгілік ел» болу ата-бабаларымыздың сан мың

жылдан бергі асыл арманы еді. Енді, міне, осы арман біздің ұрпақтың басты мақсатына, ұлттық ұранымызға, ұлттық идеямызға айналды. Енді осыны шынайы өмірлік мұраттарымызбен ұштастыру үшін біз халық болып Елбасының төңірегіне топтаса түсуіміз, ынтымақтаса түсуіміз қажет.

Сондай-ақ, президенттік сайлауды мерзімінен бұрын өткізу – қазіргі әлемді жайлаған экономикалық дағдарыс кезінде еліміздің қиналмауының, халыққа ауыртпашылық түсірмеудің кепілі. Сондықтан Елбасына жаңа сенім ман-датын беру – болашағымыздың жарқын болуына, алдағы атар таңымыздың нұрлы боларына сену, өзіміз ұстанған бағыттың айқындығына илану болмақ.

Қазақстан халқы ассамблея-сы ҚР Президентінің мерзімінен

бұрын сайлауын өткізу туралы бас тама көтеріп, ол депутаттар

мен түрлі ұйымдар тарапынан кеңінен қолдау тауып, Елбасының келісімімен 26 сәуір күні өтетін болып бекітілді. Ұлттар достығының ұйытқысы болған ассамблеяның мақсаты – татулықты ту ету, тұрақтылық арқылы тұғырымызды биік ұстау. Ел діңгегі тұрақтылық пен тыныштық десек, осы ынтымақтастыққа ықпал жасап, ымырада өмір сүруімізге бастамашы болған Мемлекет басшысының саясаты жалғасын табуы қажет. Бұл – тек ассамблея мүшелерінің ғана емес, бүкіл халықтың ойында жүрген ізгі тілек. Көреген көшбасшымыз қаржылық тығырықтан бізді алып шыға алады. Елбасы жүргізіп

отырған сарабдал саясаттың арқасында алға жыл-жып, ертеңімізге сенімді қадам жасап, қарқынды дами бермекпіз. Дағдарыс төнген қысылтаяң шақта бізге әлемдік деңгейдегі көшбасшы керек. Президент қатерге қарсы әрекет етудің жолын нұсқап, даурықпауға, нәтижеге дабырамен емес, сабырмен жетуге шақырып отыр.

Осындай кезеңде Елбасының еселі еңбегі ескеріліп, қайта Президент сайлануы өте орынды. Бұл, тіпті, біздің ел үшін ғана емес, көрші мемлекеттер үшін де тиімді. Себебі, Мемлекет басшысы өзге елдердегі шиеленіскен мәселелерді шешуде батыл қадамдарға барып, бейбіт жағдайда келісімге келуге ықпал жасай алды. Бүлік шыққан жерден өлік шығады. Халықтың амандығы, ұлт саулығы, ел тыныштығы – ең бағалы байлығымыз.

26 сәуірде елімізде кезек-тен тыс Президент сайлауы

өткізілетін болып шешілді. Бұл – дер кезінде қолға алынған іргелі іс. Себебі, қазіргі уақытта жаһанда әлемдік экономиканың тұрақсыздығы байқалуда. Экономика дамуының болжамы көңіл көншітпейді. Дүние жүзіндегі көптеген елдер қаржы дағдарысына ұшырап, жұмыссыздық деңгейі күрт артып отыр. Ал Қазақстанда дағдарысқа қарсы іс-шаралар легі қолға алынды. Мемлекет басшысының бастамасы бойынша жүзеге асырылып жатқан «Нұрлы жол» бағдарламасы әлем тап болып отырған қиындықтарды еңсере отырып, екі үлкен саланы дамытуды

көздеп отыр. Оның біріншісі – инфрақұрылымдық жобалар-ды дамытып, сол арқылы елімізде мыңдаған жұмыс орында-рын ашу. Екіншісі – орта және шағын бизнесті қолдауда ауқымды шараларды жүзеге асыру. Бүгінде кәсіпкерлік саласы мемлекет тарапынан үлкен қолдауға ие болып отыр. Себебі, орта және шағын бизнестің өркендеуі – халықтың өмір сапасының жақсаруы. Бизнеске деген жан-жақты қолдаудың астарында да елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жатыр. Сондықтан кәсіпкерлер Елбасы жүргізіп жатқан саясатты қолдайды және экономикалық тұрақтылықты сақтауға бағытталған бастамаларға әрдайым қолдау білдіріп, еліміздің өркендеуіне белсенді атсалысатын болады.

Елбасы атап көрсеткеніндей дағдарысқа қарсы шаралар отандық машина жасау мен экспорт тау-шы ларға қолдау көрсету, шағын және орта бизнес кәсiп орын-дарына инфрақұрылым тарту, агро-өнеркәсіптік кешенді мемле кеттiк қолдау мен тұрғын үй құрылысы көлемдерін арттыру жұмыстарына бағытталады. Сонымен бірге сондай шаралардың қатарына геологиялық барлау жұмыстарын жүргiзу де енгізіліп отыр.

Мемлекет басшысы үш ауысымды және апаттық жағдайдағы мектептер проблемасы бар өңірлерде құрылыс жұмыстары тоқтамайтындығын да айтқан еді. Ұлттық экономика министрінің мәлімдеуінше, 2015 жылы Ұлттық қордан бөлу жос пар-ланған 30 млрд теңге нақты білім беру нысандарының құры лысына жұмсалады. Соның ішінде бөлінетін 17,3 млрд теңге бiрiншi кезекте үш ауысымды және апаттық жағдайдағы мектептердi жоюға, ал, 12,7 млрд теңге «Балапан» бағдарламасы аясында мектепке дейiнгi бiлiм беру нысандарының құрылысына бағытталады.

Қайта бөлінбек қаржының 71 млрд теңгесіне микроқаржы ұйымдары жобаларына қолдау көрсетіліп, тұр-ғын үй-коммуналдық шаруашылық жаңғыртылады, автокөлiк жол-дары мен жалға берілетін баспа-на құрылысы жүргізіледі. Агро-өнер кәсіптік кешенді қолдауға 20 млрд теңге, геологиялық барлау жұмыстарын жандандыруға 6 млрд теңге қарастырылған.

Елбасы Үкіметтің кеңейтілген отырысында 2015 жылға арналған бюджетті 700 млрд теңгеге немесе 10 пайызға қысқартуды ұсынған еді. Ұлттық холдингтердің шығындарын да қысқарту жөнінде айтқан бола-тын. Мемлекет басшысының осы сөзін «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі басшылыққа алып отыр. Оны ұйымның басқарма төраға сы -

ның міндетін атқарушы Дәурен Мақажанов мәлімдеді. Оның айту-ынша, холдинг тиімсіз шығыстарды қысқартудың арқасында 559 млн теңгені үнемдемек. Бұл үнемдеу бейінді емес активтерді қысқартудың есебінен жүргізілмек. Сондай-ақ, ұйым жұмысын оңтайландыру ая-сында бірінің жұмысын бірі қайталап отырған бөлімшелер жабылып, осы бөлімшелердегі жұмысшылар саны 93 адамнан 73 адамға дейін қысқартылмақ. Осының арқасында әкімшілік шығындар да 194,7 млн теңгеге немесе 12%-ға азаймақ.

Осы сияқты, «Самұрық-Энерго» компаниясы да биылғы шығыс-тарды 10 млрд 824 млн тең геге қыс-қартуды жоспарлауда. Осылай деп компанияның басқар ма төрағасы Алмасадам Сәт қалиев айтып отыр. Оған сенсек, осындай қаржыны қыс-қартудың индустрияландырудың е к i н ш i б е с ж ы л д ы ғ ы н ы ң i р i және маңызды бағдарламалары мен«EXPO-2017» нысандары-на қатысы жоқ. Сонымен бірге «Самұрық-Энерго» компания сы «Қаз Агро» сияқты мекемелер жұ-мысшыларды қысқартпайды.

Жалпы, Мемлекет басшысы Үкіметке елде жұмыссыздықтың өсімін болдырмауды қадап тапсырған еді. Жуырда Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков соған арналған аппараттық жиналыс өткізіп, жұмыссыздықты жою ша-раларына айрықша мән жүктеді. Елорда басшысы барлық қалалық мекемелерге жұмыссыздықты жою шараларын қолға алуға, жастар-ды жұмыспен қамту мәселесіне немқұрайлы қарамауға, қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына арнайы жоба әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ, әкімдік бірқатар мекемелермен жұмысшыларды қысқартпау жөнінде меморандумдар жасасты.

Аманғали ШМИТҰЛЫ

Page 5: 24 (3229) 2015-03-03

5www.astana-akshamy.kz

Астанадағы Шейх Кунта қажы атындағы мешіттің бас имамы, Қазақстан халқы ассамблеясының мүшесі, тәжік ұлтының өкілі Яхия қажы Исмаилов елді бірлікке бастай-тын ассамблея қызметін исламның негізгі қағидаттарымен байланысты-рады. «Ізетінен айнымай, жақынына мейірімді болып, ізгілікке ұмтылса, ісіне адал болып, ағайынның ауыз-бірлігін ойласа, адам баласы қор болмайды» дейді имам. Ол Қазақстан халқы ассамблеясының мерейлі жы-лында мәңгілік құндылықтарды қайта бағамдағанымыздың дұрыстығын ай-тады. Қажының пікірінше, адамзаттың татулығы көршісінен басталады, ал көрші қақысы туралы Құранда айтылған. «Ассалаумағалейкум!» деп амандасып, жағдайын білсең, қайырымдылық салты қалыптасып, иман содан басталмайтын ба еді» дейді белгілі діндар.

Оңт үстік Қазақстанда т уып-өскен Яхия қажы көп жылдар бойы Жезқазған мен Петропавл қала-ларында имамдық етіп, жамағатты исламға шақыруға көп еңбек сіңірді. Жабылып қалған мешіттерді қай-тарып, жаңадан дін орталықтарын тұрғызды. Әсіресе, өзге мәдениеттің ықпалы басым солтүстік өңірлерде жергілікті тұрғындарды өз бастау-ларына, дін исламға бұрғызу оңайға түспегені белгілі. Десе де, қиындыққа қарсы тұру – қажының жасынан қалыптасқан қасиеті.

Ел тәуелсіздігін алған кезде алғаш-қылардың бірі болып қажылық парызын өтеуге Меккеге барады. Ондағы жұрт «Оттың ортасынан келіп, жалынға шарпылмаған, небір қыспақта бір Аллаға деген сенімдеріне сызат түсірмегендер» деп, тік тұрып, құрметпен қарсы алыпты. Расында да, халықтың алдына шығып, ислам

ілімін насихаттағанда тілі мүдірмей, топтың ортасында маңдайы жар-қырап тұратыны да сол отқа «шар-пылмағанының» да дәлелі. Осы үшін кезінде комсомол болудан бас тартқан. Жаратылыс сырын жете ұғыну үшін орта мектептің барлық пәндерін үздік меңгеріп, қатарынан оқ бойы озық болуға талпынған. Алға қойған мақсатына адал Яхия Исмаилов орта мектеп бітіргеннен кейін Ташкенттегі діни институтқа оқуға түседі. Осы жол-ды таңдауда атасы Исмаил молданың орны ерекше еді.

Оқуды бітіргеннен кейін оны 1988 жылы Жезқазған қаласына жібереді. Бұл – коммунистік партияның темір құрсауы босай бастаған кез. Жаңа қаланың азаматтарымен танысып, Ұлытауға барып, тарихи жерлерге тағзым етіп, жұмысын бастайды.

Оның алдында Мұхамедия деген қожа имамдық еткен. Ол кезінде Аппақ ишан негізін қалған Түркістандағы Қарнақ медресесін бітірген екен. Өз қаражатына жеке үй сатып алып, мешітке айналдырған ол кісіні көзі тірісінде көре алмады. Бірақ асылтекті азаматтың орнында қалған ұрпағына жолығып, қалдырған еңбектерімен танысып, терең білім иесі екенін ұқты. «Жезқазған төрінде имандылық отын маздатқан Мұхамедия қожаның ісін жаңғырту міндетін мойныма алғанда 25 жасар жігіт кезім еді» деп еске алады қажы.

Шағын үй тарлық еткен соң жас имам жаңа мешіт салуға жер сұрап, сол кездегі облыс басшысы Евгений Георгиевич Ёжиков-Бабахановтың қабылдауында болады. Мұсылман қауымның талап-тілегіне құлақ асып,

қала басшылығы мешіт салуға оңтайлы биіктеу дөңестен жер бөлді. Ал-дымен медресені салып, 1989 жылы жаңа мешіттің іргетасы қаланды. 1992 жылы егемен еліміздегі тұңғыш салынған мешіт жамағатқа есігін ашады. Осында он бес жыл имам болған Я.Исмаиловты мүфтияттың бұйрығымен Пет ропавл қа л асына жібереді. Мұнда қазан ре-волюциясына дейін 9 мешіт болған екен, оның ішінде жүз жыл бұрын салынған екі мешіттің жамағатқа қайтарылуына мұрындық

болды. Жетпіс жылдай атеистік иде-ологияны малданған халықтың дінге ықыласы ауған кез. Енді заманға сай, намазхандарға қолайлы жаңа мешіт қажет еді. Ол жылдары құрылыс салу түгіл, күнделікті азық-түліктің қат бо-лып тұрған кезі ғой. Алайда, руханиятқа да сусап қалған халықтың тілегін орындау керек. Бұрындары мешіттің орны белгіленіп, іргетасы құйылып, қаражаттың жоқтығынан құрылысы тоқтап қалған екен.

Сол тұста Елбасы ресми сапармен Сауд Арабиясына барады. Мәртебелі кездесу барысында «Сіз басқарған елдің солтүстік қаласынан бір молда хат жолдап, мешіт салуға қол ұшын беруді сұраған екен. Өтінішін қабыл еттім» дейді ханзада Сұлтан бен Әбділ Әзіз.

Содан облыс әкімі Яхия қажыны шақырып алып, тиісті қаражатты

ұстатады. Жарты жылға жетер-жет-пес уақытта, мешіт құрылысы бітуге тақап қалғанда облысқа Президент іс-сапармен келді. «Құрылыс басында жүрміз. Елбасы жолшыбай өтіп бара жатып, құрылыстың тұсына кідірді. Бәрімізбен амандасып, мешіттің құрылысына ризалығын білдірді» дейді имам. Елбасының мың-сан жұмысының арасынан уақыт тауып, са-лынып жатқан мешітке соғып, жағдай білуі бәрінің еңсесін көтеріп тастады. Бүгінде мың жарым адам еркін сиятын, қаланың қақ ортасында бой көтерген үш қабатты мешіт имандылықтың ордасына айналды. Бас имамның да еңбегі еленіп, «Шапағат» орденімен марапатталды.

«Содан Шейх Кунта қажы атын дағы мешіттің бас имамы болып тағайын-далып, Астанаға келдім. Алланың разылығы үшін салынған мешітте жұ ма намазын оқып, қоғамдық жұмыс-тарға араласып жүрмін. Осы күндері мешіт төрі мұсылмандарға толып, сыймағандары аула ішіне жайғасып та намазға жығылады. Алла үйі бол-ған нан кейін мұсылманның түр-түсіне қарамайды. Мешітке байы да, кедейі де, басшысы да, қосшысы да келіп, қатар тұрып, намаз оқиды. Елдің тыныштығына, халықтың ын ты-мағына шақырған имамдардың уағы-зын тыңдайды. Бұл да Алланың сыйы. Халқымыздың көңіліне иман ұялап, сеніміміз нығайып, рухының тазар-ғанының белгісі» дейді Яхия қажы.

Айгүл УАЙСОВА

Ғаділбек ШАЛАХМЕТОВ, қо ғам қайраткері: – Елбасы Астанаға алғаш көшіп келгенде К.Байсейітова

атындағы Ұлттық опера және балет театрын ашып, жұрттың өнерден қол үзіп қалмауына жағдай жасаған еді, кейін Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік сарайы, «Қазақстан» орталық концерт залы сияқты мәдениет нысандары пайда болды. Солардың ішінде сән-салтанаты келіскен «Астана Опера» театрының өнерін ұжым болып көру – жақсы бас тама. Мен «Аиданы» Австрия, Германияға барған іс-сапарымда көрген болатынмын. Біздің қазақ қыздары олардан асып түспесе, ешқандайда кем емес, соған қатты қуандым. Енді осы театрдың өнеріне лайық көрермені көп болуына тілектеспін.

Қайрат С А Қ , жу рна листик а және са ясаттану факультетінің деканы:

– Соңғы кезде елордалық мәдениеттің жоғарылап келе жатқаны қуантады. Бұрын туған күнде дастарқан жайса, қазір бильярдтан турнир өткізіп, концертке шақырушылар көбейді. Қалай десек те, бұрын туған күнді «той» деп түсінетіндер қазір ой ретінде түсіне бастағандай. Ендігі жерде туған күнді атап өтемін деген ұжым мүшелері қонақтарын «Астана Операға» шақырамын десе, еркінде. Ол – «Аида» бола ма, басқа бола ма, әр туған күн иесінің еншісіндегі мәселе.

Аязби БЕЙСЕНҚҰЛОВ, журналист-ғалым: – Бүгін ерекше күн болды. Көңіл-күй көтеріңкі. Бүгінгі «Аида» операсын

туған күн иесінің өзі таңдапты. «Аида» – көрермен тал ғамайды. Барлық аудиторияға арналған, көрермендер сүйсініп көретін қойылым болғандықтан да шығар, елдің ықыласы ерекше болды. Көрермен мәдениетінің артқаны соншалық, залдан артық дыбыс естілмеді.

Шынында да, туған күнде дас тарқанға емес, театрға шақыру – жақсы бастама. Қуанып отырмыз. Жалғасын тапсын деп тілейік.

Базарбек ТҮКІБАЙ

Л .Гу милев ат ындағы Еу разия ұлттық университетінің ректоры, та-рих ғылымының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Ерлан Сыдықов елордалық мәдениеттің қалыптасуына ұйытқы болып, өзіндік үлес қосты. Ол өзінің туған күнін өнердің қасиетті шаңырағы – «Астана Опера» театрында атап өтті. «Атап өтті» дегеніміз болмаса, ол жерде ешқандай салтанатты шара болған жоқ. Тек туған күн иесі театрға ағайын-туыс, жора-жолдастары мен уни-верситет ұжымын Джузеппе Вердидің «Аида» операсына шақырды. Шын жанашыр, нағыз тілеулестері театрға барып, қалаған орынның билетін өздері сатып алды.

«Туған күнді театрда атап өту – бұл менің бал күннен әдетім» дейді Е.Сы-дықов. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Кенжеғали Мыржықбай «Ере-кеңнің мұнысы, әсіресе, операға бар-майтын біздің профессор-оқытушыларға «практический» сабақ болды...» деп ағынан жарылды. Ойланатын-ақ мәселе.

Page 6: 24 (3229) 2015-03-03

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

22.01.2015

Page 7: 24 (3229) 2015-03-03

7www.astana-akshamy.kz

– (

IV–

IV

IV

IV

-

– 20

)

IV

-

1 2 4

- 30( )(

– 15

(

)

IV

– 28

IV

– 28

–20( )

()

-30( )(

-15

( –

(

Page 8: 24 (3229) 2015-03-03

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

(15

– 30 ((

-15 (

IV

– 30 ( ) (

––

- 20)

- 1 (

–(

Page 9: 24 (3229) 2015-03-03

9www.astana-akshamy.kz

-

1-1-

-

3- 4- 6- 7- 9-

8-5-2-

2- 3-

-

1-

-

3-

4-

6- 7- 9-

8-

5-2-1- 2-

/

1- 1-

-

3- 4- 6- 7- 9-

8-5-2-

2- 3-

1 2 4

- 30 ( )(

- 15

()

, 3

- 15 ( )(

3

- 20( )(

)

3

-

15(

IV

-30((

24.02.2015

24.02.2015

24.02.2015

Page 10: 24 (3229) 2015-03-03

10www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

24.02.2015

24.02.2015

24.02.2015

24.02.2015

24.02.2015

24.02.2015

Page 11: 24 (3229) 2015-03-03

11www.astana-akshamy.kz

244-060 244-061

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

15100Ò

12

ÄÈÐÅÊÒÎÐ

Page 12: 24 (3229) 2015-03-03

12www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

«Бұрқасын» – бұқаралық мереке

Есіл өзені үстіндегі шаңғы жолдары, мұз айдынындағы шаңғы жарыстары мен хоккей ойынына, ақ қардағы алаңқайларда өткен балуандар белдесуі мен кір тасын көтеру сайыстарына, ашық аспан астында ойықтан балық аулау және арқан тартыс бәсекелеріне мектеп оқушылары, жоғары оқу орын-дары оқытушылары мен студенттері, министрліктер мен ведомстволар, қалалық мемлекеттік құрылымдар мен кәсіпорындар қызметкерлері, әскерилер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ, қала қонақтары қатысты. Осы ретте, бір айқындап айтарымыз, «Бұрқасын» – бұл, елордамыздағы отбасылық және корпоративтік демалыстың үздік түрлерінің біріне айналып отырған бұқаралық шара. Биыл 13-рет өткізілді.

Қыстың соңғы күнінде өткен мерекелік шара халықтың көңіл-күйін таңертеңнен биікке көтергендей бол-ды. Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы мамандары дайындаған салтанатты сахна, ақшаңқан киіз үй, көтерілген қазан, тамақтану аула-сы – бәрі-бәрі қайнаған тіршіліктің көрінісін көз алдыңа әкеледі.

Күн сәулесімен шағылысқан ақ қардағы іздің үстіне түскен алғашқы шаңғышылар да жарыс жолына шықты.

Көпшіліктің қошеметіне кенелген бұл бәсекеде мәре сызығын бірінші болып Парламент депутаты, генерал-лейте-нант Абай Тасболатов кесті. Нико-лай Дрютов бастаған Астана қаласы спортының ардагерлері де шаңғы жарысында жеңіске деген жігерімен жастарға өнеге көрсетті.

– Бүгін – Астана үшін өте жақсы күн. Елордамыздың әкімдігі мен қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан шаңғы мерекесі өте пайдалы шара болып отыр. Өзім жыл сайын қатысамын. Биылғы мерекелік жарыстарға үш мыңға жуық адам қатысып жатыр дегенді естіп қуанып тұрмын. Зейнеткерлер де бар екен, жастар көп екен. Адамның денсаулығын шыңдайтын әрі қаланың тіршілігін түрлендіретін осындай ша-ралар көбірек болса екен деп тілеймін. Мұндай жарыста жеңілетіндер бол-майды деп ойлаймын. Өйткені, қатысушылардың бәрі де көтеріңкі көңіл-күйге бөленеді, сергек жүреді. Басты байлықты осылай күтуіміз ке-рек, – деп ағынан жарылды мерекелік шараны ашқан әрі алғашқы жарысында топ жарған Абай Тасболатов мырза.

Жарыс бағдарламасына сәйкес ерлер, әйелдер, жігіттер, қыздар, ба-

лалар, зейнеткерлер және мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы жарыстар өткізілді. Дәстүрлі шаңғы жарысының жеңімпаздары дипломдар мен естелік сыйлықтарға ие болды.

– «Бұрқасын» фестивалі өте жақсы өтті. Менің жасым 70-тен асып кеткен. Дегенмен, бүгін осы мерекелік жарыстарға қатыстым. Жан-жағыма қарасам, барлық адамдардың жүздерінен қуаныш көрінеді. Бала-лар да, жастар да көп екен. Бұл да қуанышты жағдай. Осылар ғой еліміздің болашағы. Сондықтан олардың са-лауатты өмірге жақын болғанын қалаймын. Дендері сау, бақытты болса екен деп тілеймін. Шаңғы фестивалін осындай қызықты етіп өткізіп жатқан қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасына ризашылығымды білдіргім келеді. Астанамызда осын-дай игі шаралар жиі өтіп тұрса де-ген тілегім де бар, – деді мерекеге өзімен бірге немерелерін ерте келген спорт ардагері Айсұлтан Жақыпбеков ағамыз.

Сонымен, Астана төрінде қысты шығарып, көктемді қарсы алған, көпшіліктің көңілін көтерген дәстүрлі « Б ұ р қ а с ы н » м е р е к е л і к ш а ң ғ ы фестивалі де өз мәресіне жетті.

ҚОШ КЕЛДІҢ, ФУТБОЛ ДОДАСЫ!

(Басы 1-бетте)Маусымашар ойын болғаннан

соң шығар, әлде Қазақстанның қос мегаполисі арасындағы спорттық бәсекелестіктің бәсі бо-лар, бұл ойында ешқайсысының жеңілгісі келмейтіні бірден а ң ғ а р ы л д ы . Ш а б у ы л д а ширықпай, қорғаныста аса сақ ойнаған футболшылардың бұл әрекетін, әрине, жанкүйерлер де аса қолдай қоймағаны аңғарылып қалып жатты. Алайда, футболшы-лар үшін Суперкубоктың бәсі ба-сым екені айтпаса да түсінікті еді.

О с ы л а й ш а , қ о с қ а қ п а м а ң ы н д а т у ы н д а ғ а н б і р д і -екілі қауіпті сәттермен ғана жанкүйерлерді селт еткізген ойынның негізгі уақытында есеп ашылмады. Қазақстан фут-бол федерациясының арнайы шақыруымен келген швециялық әйгілі төреші Йонас Эрикссон сәл демалыстан кейін футбол-шыларды он бес минуттық екі экстра таймға ойынға қосты. Енді бірі гол соғар деген жанкүйер үміті бұл жолы да алданып қалды. Қос қақпашы да доп дарытпай шықты. Сөйтіп, Суперкубок тағдыры матч соңындағы пе-нальти арқылы шешілді. Бұл сынақта «Астана» жігіттерінің айдарынан жел есті. Әсіресе, қақпашы Эрич ерледі. Ол үш рет қарсыластар соққысын қақшып алды. Бірі дәл соғып, енді бірі қақпадан қисық теуіп, жанкүйерлерін де, бапкерлерін де әбден әбігерге түсірген ойынның соңғы нүктесін коман-да капитаны міндетін атқарған А б з а л Б е й с е б е к о в қ о й д ы . Жас футболшының жойқын соққысына алматылық қақпашы

Плотников тосқауыл бола ал-мады. Осылайша, пенальти ұрысында 3:2 есебімен жеңіске жеткен «Астана» командасы Қазақстан Республикасының Суперкубогын жеңіп алды. Бұл «Астана» командасы үшін жаңа маусымдағы жеңістерге жол ашатын жүлде болғаны айқын. Саян Хамитжанов басқаратын клуб үшін, Станимир Стойлов баптайтын команда үшін биылғы маусым шын мәнінде тартысты да қызықты ойындарға толы болайын деп тұр. Атап айтқанда, біздің «Астана» Қазақстан чемпионы атағын сақтап қалу және УЕФА-ның Чемпиондар лигасында ел намысын қорғау үшін сынғы түсетін болады. Олай болса, миллиондардың ойынына баланған футболдағы биіктерді бағындыра бер «Аста-на» демекпіз.

Суперкубок финалистеріне Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедияұлы м е н Қ а з а қ с т а н ф у т б о л федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов күміс медальдар табыс етті. Аста-на қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков жеңімпаз дарға алтын медаль тапсырды.

Е л б а с ы м ы з Н ұ р с ұ л т а н Назарбаев команда капитаны Таңат Нөсербаевтың қолына салтанатты жағдайда Супер-кубокты ұстатты.

Сонымен елімізде жаңа футбол маусымы ашылды. 7 наурыз күні Қазақстан чемпио-наты басталады. 28 наурыз күні Қазақстан ұлттық құрамасы Еу-ропа чемпионатының топтық турнирі аясында Исландия

Әлемнің үздік конькишілері қатысқан байрақты бәсекеге Қазақстаннан төрт спортшы-мыз қатысқан еді. Олардың қатарынан әйелдер арасындағы сынға түскен Екатерина Ай-дова ғана жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Атап айтқанда, қ а з а қ с т а н д ы қ с п р и н т е р қоссайыс қорытындысында төртінші орынға табан тіреді. Ал алтын медаль АҚШ спортшысы

Бритин Боуға тиесілі болса, күміс жүлдені де американдық Хизер Ричардсон иеленді. Қола жүлде чехиялық Каролина Эрбановаға бұйырды.

Ерлер арасындағы жарыста 500 және 1000 метрде алдына жан салмаған ресейлік Павел Клужников әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Голлан-дия жүйрігі Хайн Оттеспер күміс жүлдегер атанса, тағы бір

ресейлік Алексей Есин қоланы қанағат тұтты.

А л Қ а з а қ с т а н н а м ы с ы н қорғаған 2014 жылғы әлем чемпионы Денис Кузиннің «үйіндегі» жарыста жолы бол-мады. Үкілеп қосқан үмітіміз көмбеге 11- болып келді. Биыл ел чемпионы атанған Роман Креч 14-орынмен шектелді. Алексей Жигин іріктеу сында-рында көмбеге де жете алмай,

жарысты тоқтатқан еді.Сонымен, екі күн бойы

төрткүл дүниедегі ең жүйрік конькишілерді сынға салған әлем чемпионаты да мәреге жетті. Халықаралық коньки спор-ты федерациясы Қазақстанда тұңғыш рет өткізілген әлем біріншілігінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІКТЕР ЖЕТКІЗБЕДІБетті дайындаған: Ғалым ҚОЖАБЕКОВ