2017–2018 оқу жылына Қазақстан Республикасы...

16
1 2017–2018 оқу жылына Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға қабылдау емтиханын өткізу технологиясы Астана, 2017 жыл

Upload: truongkhue

Post on 24-Feb-2018

276 views

Category:

Documents


8 download

TRANSCRIPT

Page 1: 2017–2018 оқу жылына Қазақстан Республикасы …pa-academy.kz/images/yerezheler/agu111.pdf · 2017–2018 оқу ... кәсіби мақсаттары,

1

2017–2018 оқу жылына

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару

академиясына оқуға қабылдау емтиханын өткізу технологиясы

Астана, 2017 жыл

Page 2: 2017–2018 оқу жылына Қазақстан Республикасы …pa-academy.kz/images/yerezheler/agu111.pdf · 2017–2018 оқу ... кәсіби мақсаттары,

2

Мазмұны

1. Жалпы ережелер ………………………………………….………………..…3

2. Емтихан комиссиясының мүшелеріне қойылатын талаптар ..…………….4

3. Әңгімелесу өткізу орнына қойылатын талаптар ……………….…………..4

4. Әңгімелесу өткізу ережелері…………………….…………………………...5

5. Бағалау критерийлері ………………………………………………………...7

6. Әңгімелесу қорытындысын шығару ………………………………………..8

7. 1-қосымша……………………………………………………...……..……….9

8. 2-қосымша………………………………………………………………..…..11

9. 3-қосымша…………………………………………………………………....12

10. 4-қосымша…………………………………………………………………...13

11. 5-қосымша…………………………………………………………………...14

Page 3: 2017–2018 оқу жылына Қазақстан Республикасы …pa-academy.kz/images/yerezheler/agu111.pdf · 2017–2018 оқу ... кәсіби мақсаттары,

3

1. Жалпы ережелер

Әңгімелесу өткізу мақсаты – Академияға оқуға түсу үшін үміткердің

кәсіби дайындығы мен тұлғалық құзыреттер деңгейін айқындау.

Құзыреттер – нақты мемлекеттік қызметте кәсіби қызметті тиімді

орындау үшін қажетті қасиеттердің жиынтығы.

Әңгімелесу (сұхбат) – Академияда одан әрі оқу үшін оның әлеуетін

айқындау мақсатында мемлекеттік қызметшінің кәсіби, тұлғалық қасиеттерін

айқындау тәсілі.

Әңгімелесу (сұхбат) барысында үміткерге эссені бағалау нәтижелері

бойынша қорытындыдан шығатын қосымша нақтылайтын және оқуға

түсушінің оның жеке әлеуетін практикалық қолдануын толық анықтауға

мүмкіндік беретін сұрақтар қойылады.

Әңгімелесу (сұхбат) өткізу кезінде емтихан комиссиясы мүшелерін

дайындау, өткізу орны, әңгімелесуге бөлінген уақытты тиімді пайдалануына

көңіл бөлген жөн.

Әңгімелесуді (сұхбат) емтихан комиссиялары өткізеді, олар өз жұмысында

мынадай принциптерді басшылыққа алуы тиіс:

1) объектілік – әңгімелеу кезінде олар ұсынған жауаптар негізінде үміткер

туралы шынайы, әділ және тәуелсіз бағалау;

2) әдептілік – үміткерге құрметпен, сыпайы және дұрыс қарым-қатынасты

қамтамасыз ету;

3) ашықтық – оқуға түсушіні Академия сайтында қабылдау

емтихандарының материалдарын орналастыру арқылы қажетті ақпарат

көлемімен қамтамасыз ету.

Емтихан комиссиясы мүшелерінің саны кемінде 5 адамды құрайды.

Әңгімелесу өткізудің негізгі міндеті мыналар болып табылады:

– үміткердің кәсіби мақсаттары, ұйымдастыру қабілеттері, құндылықты

бағдары, коммуникативтік және тұлғалық қасиеттері туралы ақпарат алу.

Әңгімелесу мынаған көмектеседі:

Академияға оқуға түсу үшін үміткердің алдына қоятын

мақсаттарының (оның ішінде кәсіби) шынайылығы;

кәсіби өсуге бағдарлану және қызметте жоғарылау;

ортақ мүдделерінің ауқымы.

Емтихан комиссияларындағы әңгімелесу ҚР Президентінің жанындағы

Мемлекеттік басқару академиясы бекіткен кестеге сәйкес жүргізіледі.

2. Әңгімелесу кезінде емтихан комиссиясының мүшелеріне

қойылатын талаптар:

Әңгімелесу өткізу принциптерін сақтау (әділдік, этикаға сәйкестік,

ашықтық);

іскерлік киім үлгісін және үміткерге «Сіз» дей отырып, этика

нормаларын (сыпайылық, әдептілік, тілектестік және басқалар) сақтау;

Page 4: 2017–2018 оқу жылына Қазақстан Республикасы …pa-academy.kz/images/yerezheler/agu111.pdf · 2017–2018 оқу ... кәсіби мақсаттары,

4

әңгімелесу үшін бөлінген уақытты тиімді пайдалану;

оқуға түсетін үміткер туралы ақпаратпен алдын алу танысу (оқуға түсу

үшін құжаттар пакеті мен эссенің бағасы);

абитуриентке бейіндік және ситуациялық сұрақтарды дұрыс

қалыптастыру үшін қажетті құжаттарды зерттеу (осы құжатқа қоса берілетін

сұрақтар тізбесі);

мүдделер қақтығысын болдырмау (әңгімелесуге жақын туысқандары,

жекжат, бұрынғы әріптестері қатысқан жағдайда, комиссия мүшесі бұл туралы

хабарлауы тиіс);

абитуриентке сұрақтарға толық жауап беруіне мүмкіндік беру, дәл

емес жауап берген жағдайда, нақтылайтын сұрақтар қою қажет;

Абитуриентпен әңгімелесу өткізу кезінде комиссия мүшелеріне рұқсат

етілмейді:

орнынан тұруға;

орынжайдан шығуға;

телефонмен сөйлесуге;

қойылатын сұрақтарға жауап алу кезінде үміткермен сөз таластыруға;

әңгімелесу барысына кедергі келтіретін өзге іс-қимылдарды жасауға.

3. Әңгімелесу өткізу орнына қойылатын талаптар. Әңгімелесу өткізу үшін тиісті жағдайлар жасау қажет:

кемінде 30–50 шаршы метр орынжай (комиссия мен аттестатталатын

адамды орналастыру сызбасы әңгімелесуді толыққанды өткізу мүмкіндігін

қамтамасыз етуі тиіс);

аудио- және видеожазба;

қабырға сағаты;

ауыз су;

оқуға түсушілер үшін күту залы/бөлмелері.

4. Әңгімелесу өткізу ережелері.

Емтихан комиссиясы әңгімелесу алдына дейін талапкердің

қызығушылығына байланысты соңынан дәл шешімді қабылдауға қажет

сұрақтарды анықтау үшін үміткерден мамандық бойынша эссе / зерттеу

жобасын талап етуге құқы бар (оған қойылған балл жөнінде ақпарат комиссия

мүшелеріне белгісіз болады).

Оқуға түсішіні әңгімлесуге шақыру кезінде комиссияның техникалық

хатшысы жеке куәлігін көрсету арқылы оқуға түсуші абитуриенттің сәйкестігін

анықтайды.

Абитуриентке әңгімлесуден өту кезінде өзімен бірге алып келуге тыйым

салынады:

қабылдайтын-беретін электрондық құрылғылар (оның ішінде ұялы

телефондар мен өзге электрондық жабдықтар);

оқу материалдары мен басқа ақпарат дереккөздері.

Page 5: 2017–2018 оқу жылына Қазақстан Республикасы …pa-academy.kz/images/yerezheler/agu111.pdf · 2017–2018 оқу ... кәсіби мақсаттары,

5

Әңгімелесу мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Бір оқуға түсушімен әңгімелесу өткізу уақыты 30 минуттан аспауы тиіс.

Бұл ретте әрбір қойылатын сұраққа және жауапқа 5 минуттан аспайтын уақыт

бөлінеді.

Сұрақтар жүйелі түрде, орташа қарқында, анық және абитуриентке жеке

өзіне қаратып қойылуы тиіс.

Әңгімелесу барысында абитуриенттің мыналарға құқығы бар:

1) емтихан комиссиясы мүшелерінен оған қойылатын сұрақты

нақтылауға;

2) сұраққа жауапты дайындау үшін бір минуттан аспайтын уақыт сұрауға;

3) ішетін су сұрауға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге іс-

қимылдарды жасауға және әңгімелесу барысына кедергі келтірмеуге.

Академияның білім беру бағдарламаларына оқуға түсуші, шетелдік

азаматтармен әңгімелесу SKYPE қосымшасы бойынша видеоконференция

арқылы ұйымдастырылуы мүмкін.

Әңгімелесу мыналарды қамтиды:

Ситуациялық тапсырманы (кейсті) шешу /5-қосымша/

Пәндік комиссия мүшелерінің сұрақтары

Абитуриент бойныша қорытынды шығару

Ескерту: ситуациялық тапсырмалар базасын мамандық бейініне

сәйкес институттар мен МСҰМ қалыптастырады.

Талапкердің қорытынды бағасы:

1. жазбаша жұмысқа (эссе) қойылатын баға;

2. ағылшын тілін меңгеру деңгейіне қойылатын баға;

3. ситуациялық тапсырманы (кейсті) шешуге қойылатын баға;

4. пәндік комиссия мүшелерінің сұрақтарына жауаптар есепке алына

отырып анықталады.

Әңгімелесу өткізу алгоритмі

Барлық абитуриенттер өткізу аудиториясына емтихан тапсыру үшін

шақыртқанға дейін дайындық аудиториясында қалады. Емтихан басталардан

бұрын хатшы қатысушыларға тапсырманы дайынадуға 15 минут берілетіні

жөнінде ескертеді.

Абитуриенттер әңгімелесу өткізу аудиториясына бір-бірден, алдыңғы

абитуриент емтихан тапсыруды аяқтаған соң кіреді.

Абитуриент өткізу аудиториясына кіреді, өзін пәндік комиссия

мүшелеріне таныстырады.

Page 6: 2017–2018 оқу жылына Қазақстан Республикасы …pa-academy.kz/images/yerezheler/agu111.pdf · 2017–2018 оқу ... кәсіби мақсаттары,

6

Пәндік комиссияның техникалық хатшысы абитуриент нұсқау береді

және емтиханның басталғаны туралы хабарлайды, видео жазбаны

қосады.

Абитуриент ситуациялық тапсырмасы (кейс) бар парақты алады және

комиссия мүшелеріне тапсырма кодын айтады1. Абитуриент емтихан

тапсыру үшін ұйымдастырылған жұмыс орнына отырады. Пәндік

комиссия хатшысы кейсті шешу басталу уақытын тіркейді.

Абитуриент ситуациялық тапсырманы (кейсті) оқиды және шешеді2.

15 минут өткен соң абитуриентті алып жүруші хатшы дайындау

уақытының аяқталғанын хабарлайды және пәндік комиссия мүшелері

алдында жауап беруге шақырады.

Абитуриенттердің жауаптарын видео жазу үшін сыналған техникалық

құралдар пайдаланылады.

Ауызша жауап аяқталған соң хатшы ауызша жауап жазбасының

дұрыстығын тексереді, жазбасы бар файлды сақтайды, оған жеке файл атауын

береді.

Емтиханның ауызша бөлігі аяқталған соң пәндік комиссияның

техникалық хатшысы абитуриенттердің ауызша жауаптарының видео

жазбасымен бірге файлдар каталогын қалыптастыруды қамтамасыз етеді;

барлық емтихан материалдарын жинайды, олардың аудиториядан тыс жерге

шығарылуына жол бермейді, барлық материалдар Академияның қабылдау

комиссиясына тапсырылады.

5. Бағалау критерийлері:

Абитуриентті қорытынды бағалау кезінде тапсырмалар кешені ескеріледі

және тиісті жалпы бағасы шығарылады (жазбаша және ауызша нысандардың

орташа арифметикалық бағасы).

Жалпы нәтиже әрбір орындалған тапсырма үшін 100 баллдық (%) шәкіл

бойынша бағаланады.

1тапсырма коды - ситуайиялық тапсырма (кейс) нөмірі 2Барлық ситуациялық тапсырма (кейстер) мемлекеттік қызметшілердің бірыңғай құзыреттер шеңбері үлгісі

ескеріле отырып, әзірленді. Әрбір кейс 3 құзыретті айқындауға бағытталған: үміткердің жеке тұлғалық

қасиеттері, оның басқарушылық дағдылары, коммуникативтік немесе кәсіби құзыреттері. Үміткерге қанадй

кейс ұсынылатыны қосымшаның жоғарғы бұрышында көрсетілген. Сол жерде кейстің қандай түрге

жататыны жөнінде ақпарат бар. Мысалға, ол жобалық, рөлдік немесе аналитикалық болып табылады.

Page 7: 2017–2018 оқу жылына Қазақстан Республикасы …pa-academy.kz/images/yerezheler/agu111.pdf · 2017–2018 оқу ... кәсіби мақсаттары,

7

Қорытынды бағаны құраушылардың үлес салмағы (жалпы = 100):

1. Эссе – 15%; оның ішінде мотивациялық эссе 5%-ды және мамандық

бойынша эссе (магистратураға түсетіндер үшін) / зерттеу жобасы

(докторантураға түсетіндер үшін)10%-ды құрайды

2. Ағылшын тілін меңгеру деңгейі – 20%

3. Ситуациялық тапсырманы (кейсті) шешу – 15%,

4. Әңгімелесу – 50%

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару

академиясына Оқуға қабылдау қағидаларының 8-тармағы 4) тармақшасына

сәйкес, ағылшын тілі оқытудың негізгі тілі болып табылатын, жоғары оқу

орындарында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алған

талапкер APTIS, IELTS немесе TOEFL тестерін тапсырудан босатылады және

оған оқуға үміткердің қорытынды жиынтық бағасынан шет тілін

меңгергені үшін 20 мүмкін баллдан 20-сы автоматты түрде беріледі.

Талапкерге APTIS, IELTS немесе TOEFL сертификаттарымен расталған,

ағылшын тілін меңгергені үшін берілетін баллдар.

IELTS/ТOEFL ағылшын тілін меңгеру деңгейі Баллдар

4,0

4,5

5

5,0

5,5

6,0

10

6,5

7,0

7,5

15

8,0

8,5

9,0

20

Page 8: 2017–2018 оқу жылына Қазақстан Республикасы …pa-academy.kz/images/yerezheler/agu111.pdf · 2017–2018 оқу ... кәсіби мақсаттары,

8

Ситуациялық тапсырманы (кейс) шешуді жиынтық бағалау шәкілі:

Күтілетін нәтижеден

асып түседі

15 – 11 балл

Күтілетін нәтижеге

сәйкес келеді

6 – 10 балл

Жақсартуды талап

етеді

0 – 5 балл

Жарамайды /

бағдарламаның

талаптарына

сәйкес келмейді

0 балл

Мамандық пәнін жақсы

біледі, кәсіби

дағдыларын дамытудың

жоғары деңгейін

меңгерген. Кәсіби

қызметінде қажетті,

әртүрлі жұмыс түрлерін

орындау үшін дамыған

қабілеттері бар. Оқуға

түсуге жоғары

қызығушылық

танытады

Мамандық пәнін

біледі. Кәсіби

дағдылары орташа

деңгейде дамыған,

жекелеген жұмыс

түрлерін орындау

үшін бірқатар

қабілеттері бар

Пәнді білуі әлсіз,

кәсіби дағдылары

жеткіліксіз дамыған,

кәсіби қызметті

орындау қабілеттерінің

жиынтығы жеткіліксіз.

Абитуриент

құзыреттігін өте

төмен деңгейде

көрсетеді

Баға деректері емтихан парағына қойылады (екі құрамды бөлімнен

түратын осы әдістемелік нұсқаулардың 3 Қосымшамасына сәйкес –

Талапкердің қорытынды парағы – Қосымша 3.1 және Талапкердің

әңгімелесудегі бағасының парағы – Қосымша 3.2)

емтихан парағында эссе нәтижелері бойынша қорытынды бар;

бағалары баллдық шәкіл бойынша қойылады, сондай-ақ бағалары

және олардың дескрипторы келтіріледі;

әңгімелесу парағына оларды толтырған тұлғалар қол қояды.

6. Әңгімелесу қорытындысын шығару.

Абитуриентпен әңгімелесу аяқталған соң 7–10 минут ішінде әңгімелесу

қорытындысы шығарылады.

Емтихан парағы және эссе нәтижелері бойынша қорытындысы бар

әңгімелесу бағасы абитуриентке қатысты шешім қабылдау үшін негіз болады.

Әрбір абитуриентке толтырылған емтихан парақтарын емтихан

комиссиясының мүшелері техникалық хатшыға комиссияның қорытынды

шешім хаттамасын құрастыру үшін беріледі.

Хаттама осы әдістемелік ұсынымдарға 4-қосымшаға сәйкес нысанда

емтихан комиссиясының мәжіліс күні ресімделеді және оған комиссияның

мүшелері мен хатшы қол қояды.

Әңгімелесу материалдары қабылдау комиссиясында сақталады.

Page 9: 2017–2018 оқу жылына Қазақстан Республикасы …pa-academy.kz/images/yerezheler/agu111.pdf · 2017–2018 оқу ... кәсіби мақсаттары,

9

1-қосымша

Абитуриент үшін жадынама

Құрметті абитуриент!

Сізді әңгімелесу түрінде өткізілетін қабылдау емтиханында қарсы алып

отырмыз. Әңгімелесу кәсіби және тұлғалық қасиеттерді айқындауға

бағытталған.

Емтихан комиссиясы әділдік, этикаға сәйкестік пен ашықтық

принциптерін басшылыққа алатынына назар аударыңыз.

Әңгімелесу кезінде Сіздің мыналарға құқығыңыз бар:

Сізге қойылған сұрақты комиссия мүшелерінен нақтылауға;

сұраққа жауап дайындау үшін 1 минутқа дейін уақыт сұрауға;

ішетін су сұрауға;

Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге іс-

қимылдарды жасауға және әңгімелесу барысына кедергі келтірмеуге.

Әңгімелесу өткізу уақыты – 30 минуттан аспайды.

Әрбір сұраққа жауап беру уақыты – 5 минуттан аспайды.

Әңгімелесу барысында Сізге қосымша нақтылайтын (көмекші) сұрақтар

қойылуы мүмкін.

Әңгімелесу кезінде өзімен бірге қабылдау-беру электрондық

құрылғыларын, құжаттар, оқу материалдарын алып кіруге тыйым салынады.

Сізге аудио және видео жазба жүргізілетіні жөнінде хабарлаймыз.

Әңгімелесу жүргізу тәртібімен танысты ________________________

аттестатталатын адамның қолы мен аты-жөні

Күні: _______________

Табыстар тілейміз!

Page 10: 2017–2018 оқу жылына Қазақстан Республикасы …pa-academy.kz/images/yerezheler/agu111.pdf · 2017–2018 оқу ... кәсіби мақсаттары,

10

2-қосымша

Емтихан комиссиясының техникалық хатшысы үшін жадынама

o Институттар мен МСҰМ-ның аға әдіскері комиссияның

техникалық хатшысы болып табылады.

o Комиссияның техникалық хатшысы оның жұмысын ұйымдық

қамтамасыз етуді жүзеге асырады және оқуға түсушілерді бағалау

үшін қатысуға құқығы бар.

o Әңгімелесуге бөлінген уақыттан асып кету қаупі туындаған

жағдайда, комиссияның техникалық хатшысы әңгімелесуге

қатысушыларға ол аяқталардан 5 минут бұрын бұл туралы

хабарлауы тиіс.

o Хатшы әңгімелесу өткізілгенге дейін сыпайы түрде абитуриенттен

өзімен бірге ешқандай қабылдаушы-тапсырушы электрондық

құрылғылардың (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге

электрондық жабдықтар) жоқ екенін нақтылайды.

Page 11: 2017–2018 оқу жылына Қазақстан Республикасы …pa-academy.kz/images/yerezheler/agu111.pdf · 2017–2018 оқу ... кәсіби мақсаттары,

11

3.1-қосымша

АБИТУРИЕНТТІ БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

1 Талапкердің Т.А.Ә.

2 Білім беру бағдарламасы

3 Оқуға түсу емтиханын өткізу күні

4 Мотивациялық эссе (1-ден 5-ке дейін)

5 Мамандық бойынша эссе (немесе зерттеу жұмысының жоспары)

(1-ден 10-ға дейін)

6 Ағылшын тілін меңгеру (5-тен 20-ға дейін)

7 Талдамалық қабілеттер – ситуациялық тапсырманы/кейсті шешу

(1-ден 15-ке дейін)

8 Академиялық жетістіктер/білім (1-ден 10-ға дейін)

9 Кәсіби дағдылар мен қасиеттер/тәжірибе

(1-ден 10-ға дейін)

10 Көшбасшылық әлеуеті (1-ден 20-ға дейін)

11 Ойлау мен сөйлеу мәдениеті/коммуникативтік дағдылар (үш

тілде: қазақ, орыс, ағылшын)

(1-ден 10-ға дейін)

12 Жалпы баға

13 Ұсынымдар Ұсынылады Х

Ұсынылмайды Х

14 Пікір-түсіндірмелер:

Күні

Қолы ____________________________

Ескерту:

1,2,3-бағандарын – оқуға түсу емтиханы басталуына дейін алдын ала техникалық

хатшылар толтырады.

4, 5, 6 тараулар – алдынала Қабылдау комиссияның жауапты хатшысымен қабылдау

емтихандар басталмай толтырылады – Талапкердің балдары бойынша ақпарат (уәждік

эссе, мамандық бойынша эссе/ жерттеу жобасы және ағылшын тілің меңгеруі үшін) бұл

кезенде емтихан комиссиясы мүшелеріне әңгімелесу жүргізгенде - берілмейді.

7,8,9,10,11-бағандарын – оқуға түсу емтиханы өткізіліп жатқан уақытта емтихан

комиссиясының мүшелері жеке толтырады, комиссия мүшелерінің талқылауы нәтижесінде

емтихан комиссиясының Төрағасы Талапкерді бағалаудың қорытынды парағына

қойылатын, әр баған бойынша қорытынды бағаны енгізеді.

13-бағанды – емтихан комиссиясының Төрағасы толтырады.

14-бағанды – әңгімелесу жүргізу барысында үміткер бойынша туындаған қандай да

бір қосымша жағдайларды көрсету қажет болған жағдайда, емтихан комиссиясының

Төрағасы толтырады.

Page 12: 2017–2018 оқу жылына Қазақстан Республикасы …pa-academy.kz/images/yerezheler/agu111.pdf · 2017–2018 оқу ... кәсіби мақсаттары,

12

3.2-қосымша

АБИТУРИЕНТТІ БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

1 Талапкердің Т.А.Ә.

2 Білім беру бағдарламасы

3 Оқуға түсу емтиханын өткізу күні

4 Талдамалық қабілеттер – ситуациялық тапсырманы/кейсті шешу

(1-ден 15-ке дейін)

5 Академиялық жетістіктер/білім (1-ден 10-ға дейін)

6 Кәсіби дағдылар мен қасиеттер/тәжірибе

(1-ден 10-ға дейін)

7 Көшбасшылық әлеуеті (1-ден 20-ға дейін)

8 Ойлау мен сөйлеу мәдениеті/коммуникативтік дағдылар (үш

тілде: қазақ, орыс, ағылшын)

(1-ден 10-ға дейін)

9 Жалпы баға

Күні

Қолы ____________________________

1, 2, 3 тараулар - алдынала техникалық хатшыларымен қабылдау емтихандар

басталмай толтырылады.

4,5,6,7,8,9 тараулар – әңгімелесу өткізгенде әр емтихан комиссиясы мүшелерімен

жеке өз бағалау парағына толтырылады және ары техникалық хатшыға Емтихан

комиссиясының төрағасымен үміткер бойынша Қорытында бағаны анықтау үшін беріледі.

Ескерту:

Талапкердің әңгімелесуден өту бойынша Қорытынды бағасы Емтихан

комиссиясының төрағасымен орташа-арифметикалық амалмен емтихан комиссиясы

мүшелерінің жеке бағаларынан шығарылады.

Page 13: 2017–2018 оқу жылына Қазақстан Республикасы …pa-academy.kz/images/yerezheler/agu111.pdf · 2017–2018 оқу ... кәсіби мақсаттары,

13

4-қосымша

Әңгімелесу жүргізуге арналған үлгі сұрақтар тізімі

1 – Академиялық жетістіктер

Дайындығыңыз/базалық біліміңіз қандай?

Магистрлік дәрежеңіз бар ма? Қандай салада?

Біліміңіз/дәрежеңіз (мамандық) өзіңіздің одан арғы мансаптық жолыңызға

қалай ықпал етеді?

2 – Кәсіби дағдылар мен қасиеттер/тәжірибе

Жұмыс тәжірибеңіз туралы айтыңыз. Университет бітіргелі не істедіңіз

(немен айналыстыңыз)?

2.1 Қазіргі күнде мемлекеттік қызметшілер болып табылатын

талапкерлерге:

• Сіз жұмыс жасайтын мемлекеттік органды сипаттап беріңіз(ші).

- Қазіргі уақыттағы лауазымыңыз қандай?

- Өзіңіздің функционалдық міндеттеріңізді сипаттап беріңіз(ші)?

- Кімге есеп бересіз? Сізге кім есеп береді (жұмыс барысын баяндайды)?

• Сіз қазіргі сәтте жұмыс жасап жатқан немесе жақында аяқтаған жоба

немесе тапсырма туралы айтып беріңіз(ші).

- Жобаға қаншалықты қатыстысыз (болдыңыз)?

- Сіздің жұмыс бойынша нақты функцияларыңыз қандай (болды)?

- Сіз қандай проблемалармен кезіктіңіз?

- Оларды қалай жеңілдеттіңіз?

2.2 Жеке секторда жұмыс істейтін талапкерлерге:

• Сіз жұмыс жасайтын ұйымды сипаттап беріңіз(ші).

- Сіздің ұйымдағы қазіргі күндегі орныңыз (позиция) қандай?

- Сіз қандай лауазымдық міндеттерді орындайсыз?

• Сіздің мемлекеттік қызметте (мемлекеттік саясат, мемлекеттік басқару

және/немесе қоғамдық басқару) немесе үкіметтік емес ұйымда қандай да бір

жұмыс тәжірибеңіз бар ма?

- Егер жұмыс тәжірибеңіз болса, өзіңіздің нақты рөліңіз мен міндеттеріңізді

сипаттап беріңіз(ші).

- Неліктен Сізді Мемлекеттік басқару академиясында дәреже алу (білім алу)

қызықтырады?

3 – Көшбасшылық әлеуеті

• Сіздің ойыңызша, жақсы көшбасшының бойында болуы тиіс, екі ең

маңызды қасиет қандай?

Сіз жақсы көшбасшы деп санайтын тұлғаны/жақсы көшбасшы үлгісін

сипаттап беріңіз(ші).

- Ол адам жақсы көшбасшы қасиеттерін қалай көрсетті?

• Сіздің жұмысыңыз өзіңізге көшбасшы рөлін алуды талап етеді ме?

Page 14: 2017–2018 оқу жылына Қазақстан Республикасы …pa-academy.kz/images/yerezheler/agu111.pdf · 2017–2018 оқу ... кәсіби мақсаттары,

14

- Осы рөлде бола тұрып, Өзіңіз кезіккен проблемалардың бірін атап

өтіңіз(ші)?

- Сіз жақсы көшбасшы қасиеттерін көрсеткен, екі жағдайды/оқиғаны

сипаттап беріңіз(ші).

- Қалай ойлайсыз, Сіз жұмыста басшы рөлінде болуыңыз тиіс пе?

- Сіз қандай өзгерістер/өзгешеліктер жасар едіңіз?

• Сіз жұмыстағыдан бөлек контекстте жақсы көшбасшы қасиеттерін

көрсеткен, екі жағдайды/оқиғаны сипаттап беріңіз(ші).

- Сіз жағдайға қалай әсер еттіңіз?

• Өзіңізді жақсы көшбасшымын деп санайсыз ба?

- Сізге көшбасшы дағдыларын дамыту үшін не көмектесер еді?

Page 15: 2017–2018 оқу жылына Қазақстан Республикасы …pa-academy.kz/images/yerezheler/agu111.pdf · 2017–2018 оқу ... кәсіби мақсаттары,

15

5-қосымша

Емтихан комиссиясының қорытынды шешімінің хаттамасы

____________________________________________________________________

п

/

п

Талапкердің

АЖТ

Емтихан комиссиясы мүшелерінің бағасы

Қорытын

ды баға Емтихан

қабылдаушы

ның АЖТ

Емтихан

қабылдаушы

ның АЖТ

Емтихан

қабылдаушы

ның АЖТ

Емтихан

қабылдаушын

ың АЖТ

Емтихан

қабылдаушы

ның АЖТ

1

...

___

Емтихан комиссиясының мүшелері /аты-жөні/: _______________қолы________

_______________қолы________

_______________қолы________

_______________қолы________

_______________қолы________

Емтихан комиссиясының хатшысы:

__________________________________________ күні: _____________

(Т.А.Ә.)

Ескерту:

Page 16: 2017–2018 оқу жылына Қазақстан Республикасы …pa-academy.kz/images/yerezheler/agu111.pdf · 2017–2018 оқу ... кәсіби мақсаттары,

16 Талапкердің әңгімелесуден өту бойынша Қорытынды бағасы Емтихан

комиссиясының төрағасымен орташа-арифметикалық амалмен емтихан

комиссиясы мүшелерінің жеке бағаларынан шығарылады

Егер сұрақтарыңыз болса, бізге мына байланыс деректері арқылы

хабарласа аласыздар:

[email protected]

+7 7172 753117;

+7 7172 753486

Whatsapp +7 708 966 53 35