110 (3167) 2014-09-30

12
˅Dzǹ ˅ǶǧǰȂ dzزǸDzǯǼǧǹ 86' (85 585 ĭ³£« Ĥ£¤©L ª£¬¢© HPDLO LQIR#DVWDQDDNVKDP\N] :::$67$1$$.6+$0<.= Ě ÒÆÊÒÆμ ĭÜÑËĠÊÆË ÇÜÌ ÑæòðôâìéëáìüĬ ĬïĨáíåüĬòáĀòé äáèæó çüìĨü Ĭáèáîîáî âáòóáð ùüĨáåü +9°..+7° +4°.. +2° Çæì âáĨüóü íæî çüìåáíåüĨü ïĦóġòóĄë íò Ëġî ùüĨôü òáĨáó íéîôó Ëġî âáóôü òáĨáó íéîôó Ëġî ĪèáĬóüĨü òáĨáó íéîôó ÂĪì ëġîäĄ æĦ çïĨáñĨü óæíðæñáóôñá n& çüì ÆĦ óĤíæîäĄ óæíðæñáóôñá n& çüì 6-7 ÁÌÎÁĶ Č Ñ¼Ç×IJ¼Ì¼Ç×IJ IJ¼ÌÎÎ¼Ì ÆĴɳ Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша Астана қаласы эконо- мика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ж.Нұрпейісов қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 13 желтоқсандағы «Астана қаласының 2014-2016 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы баяндады. Бюджет кодексінің 106-бабына сәйкес қалалық бюджет жергілікті атқарушы органның баста- масымен нақтыланатынын айта келе, ол елорда бюджетін нақтылау кезінде оның кіріс бөлігін 5 355 892 мың теңгеге ұлғайтып, осыған дейін республикалық бюджеттен бөлінген 91 434 мың теңге со- масында трансферттерді бекітуді ұсынды. Сондай-ақ, басқарма басшысы бюд- жет қаражатын игеру мониторингінің қорытындылары негізінде ішкі қайта бөлу жолымен жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша жылдық жос- парлы тағайындаулар қайта қаралып, оларды әлеуметтік сала мен елорданы дамытудағы кезек күттірмейтін кейбір міндеттерді шешуге жолдау қажеттігін алға тартты. (Жалғасы 3-бетте) ɅƼLJƼ ƽǚǀǂǁǎƲljǁ ʓǃƿǁnjƲǍǎǁnj ǁljƿƲǃƲLJǀƲ ʤ˳˵˘ˮ˘ ೪˘ˬ˘˳ ˭ഉ˳ˬˤ˺˘˵ˮ೮ ೪˲೪ ˙˧˲˧ˮ˾˧ ˪˟ˣ˟˪˵˟ˮ ˵˳ ˳˟˳˳ˤˮ೮ ˢ˭˳ˮ˘ ೪˘ˬ˘ ഉ˪˧˭˧ˮ˧೮ ˯˲ˮ˙˘˳˘˲ ʫʻ˘೦˘˳˱˘˟˚ ೪˘ˬ˘ ഉ˪˧˭˧ˮ˧೮ ˯˲ˮ˙˘˳˘˲ˬ˘˲ ˘˶˞˘ˮ ഉ˪˧˭˞˟˲˧ ˭˟ˮ ˟ˬ˯˲˞˘ˬ೪ ˭˟Ͳ ˪˟˭˟ ˙˘˳˾ˬ˘˲ ˢഉˮ˟ ˙೪˘˲˘ˬ೪ ˘೪˱˘˲˘˵ ೪˲˘ˬ˞˘˲ˮ೮ ˪˧ˬ˞˟˲˧ ೪˘˵˳˵ Бейсенбі, 2 қазан күні сағат 10.00-11.00 аралығында Аста- на қаласы Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Самат ҚАБДУЛИН бұқарамен тікелей тілдесуге шығады. Толғандырып жүрген сауалдарыңыз болса, 70-32-64 телефо- нына хабарласуға немесе алдын ала [email protected] поштасына жолдауға болады. ǎƲdžǁLJǁDž ǎƲLJǀǁǍǏ ÓĠÑ˼ ÓÁÑÉÖÜÎÜħ ÓĠѼÌÍÆÊ ÓīÑ ÐÆÑÅÆÒ¼ 8

Upload: -

Post on 04-Apr-2016

244 views

Category:

Documents


0 download

DESCRIPTION

АСТАНА АҚШАМЫ №110 (3167) 30 қыркүйек

TRANSCRIPT

Page 1: 110 (3167) 2014-09-30

+9°..+7°+4°.. +2°

6-7

Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бо йынша Астана қаласы эконо-мика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ж.Нұрпейісов қалалық мәслихаттың 2013 жылғы 13 желтоқсандағы «Астана қаласының 2014-2016 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы баяндады. Бюджет кодексінің 106-бабына сәйкес қалалық бюджет жергілікті атқарушы органның баста-масымен нақтыланатынын айта келе, ол елорда бюджетін нақтылау кезінде оның кіріс бөлігін 5 355 892 мың теңгеге

ұлғайтып, осыған дейін республикалық бюджеттен бөлінген 91 434 мың теңге со-масында трансферттерді бекітуді ұсынды. Сондай-ақ, басқарма басшысы бюд-жет қаражатын игеру мониторингінің қорытындылары негізінде ішкі қайта бөлу жолымен жекелеген бюджеттік бағдарламалар бо йынша жылдық жос-парлы тағайындаулар қайта қаралып, оларды әлеуметтік сала мен елорданы дамытудағы кезек күттірмейтін кейбір міндеттерді шешуге жолдау қажеттігін алға тартты.

(Жалғасы 3-бетте)

Бейсенбі, 2 қазан күні сағат 10.00-11.00 аралығында Аста-на қаласы Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Самат ҚАБДУЛИН бұқарамен тікелей тілдесуге шығады.

Толғандырып жүрген сауалдарыңыз болса, 70-32-64 телефо-нына хабарласуға немесе алдын ала [email protected] поштасына жолдауға болады.

8

Page 2: 110 (3167) 2014-09-30

2www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Ауғанстанның жаңа президенті Ашраф Гани Ахмадзай кеше ант қабылдап, міндетін атқаруға ресми түрде кірісті. Президентті ұлықтау салтанаты елде демалыс күні болып жарияланды.

Францияның ұлттық теміржол қоғамы жаңа жоба енгізді. Енді жолаушылар электронды кітапхананы тегін қолданып, планшет немесе смартфон арқылы сан түрлі әдеби шығармаларды оқи алады.

Көршісін өлтіргені үшін Ян есімді қытайлық жиырма үш жыл бойы іздеуде жүр еді. Жақында ол кездейсоқ қолға түсті. Бірақ, бір күннен кейін жазалауға алып бара жатқан жерінен тағы қашып кеткен.

Британдық ер адам 4,5 млн фунт (7 млн доллар) ұтып алды. Сәттілік әкелген лоторея билетінің иесі Джозеф Уайтингтің айтуынша, ол енді көше сыпырушы жұмысын тастап, жаңа өмір бастамақ көрінеді.

АҚШ-тың Портленд қаласында оқушы мектепке қолдан жасалған бомба әкелген. Ол оны сыныптастарына көрсетіп, артынша шкафқа тығып қойған. Тексеру бары-сында бұл заттың аса қауіпті екендігі анықталды. Жасөспірім тұтқынға алынды.

«Қазақстан» орталық кон-церт залында «Махаббат-тың 20 хикаясы» атты Валерий Меладзенің концерті өтті.

Елордалықтар «Астана» ұлттық картина-лар галереясында халықаралық байқаулардың лауреаты Да-нияр Мұқанның «Сарыарқа – сары бел» атты жеке концертін тамашалайды.

Жастар сарайында халықаралық Қарттар күніне орай «Мейірім шуағы» атты іс-шара ұйым-дастырылады. Басталуы: 17.00

Астана қаласында 105966 оқушы білім алуда.

Бағдарламаға қазақстандық және шетелдік композиторлардың операларынан ариялар, халық әндері, романстар және т.б. шығармалар енген. Сондай-ақ, көрермендер алдында «Астана Опера» хоры және симфониялық оркестрінің қатысуымен ме-рейтой иесінің құрметіне белгілі қазақстандық опера әншілері, шәкірттері, оның дәстүрін жалғастырушылар, Бибігүл Төлегенова конкурсының лауреаттары және басқалары ән шырқайды.

Көрме ұйымдастырылып, онда Б.Төлегенованың қойы-лымдарға және концерттерге киген костюмдері, жеке заттары мен әр жылдары алған марапаттары қойылады. Сонымен қатар, әншінің өміріне және шығармашылығына арналған фотогале-реяны да тамашалауға болады.

Әртіс бүгінде қатарлас қазақ опера әншілерінен жалғыз қалғанын айтып: «Биыл – мерейтойым, сол себепті халқыма есеп бергім келді. Қазіргілер оны «бенефис» дейді екен. Соны осы «Астана Опера» сахнасында өткізбекшімін. Мұндағы солистердің тең жартысы – менің конкурсымның лауреаттары. Олардың қатарында Сүндет Байғожин, Әлфия Кәрімова, Медет Шотабаев, Талғат Мұсабаев, тағы басқаларды атар едім. Бұл гала-концерт бәрінен бұрын менің дауысымды естігісі келетін тыңдаушыларыма арналады» деді әнші тебіреніп.

Жұма ҒАЗИЕВ

1. «Нұрбереке 555» ЖШС, «Алаш» тас жолы, №30 («Көк» базары);Автобустар: 1, 7, 36, 38, 41, 43, 120, 126, 130;2. «Пищекомбинат-Астаналық плюс» ЖШС, М. Дулатов көшесі, №191; Автобустар: 5, 12, 16, 26, 42;3. «Шаушен» шаруа қожалығы, Астана – Софиевка тас жолы, 9 км;Автобустар: жоқ;4. «Темеш» шаруа қожалығы, Астана - Софиевка тас жолы, 7 км.Автобустар: жоқ;5. «Есжанова А.» ЖК, «Сарыарқа» ауданы, Алаш тас жолы;Автобус: 38.

Page 3: 110 (3167) 2014-09-30

3www.astana-akshamy.kz

Бетт

і дай

ынд

аған

: Таң

атар

ТӨ

ЛЕУҒ

АЛИ

ЕВ. Д

ерек

көзд

ері:

www.

asta

na.k

z, ww

w.in

form

.kz,

baq.

kz

Төрт жыл аз уақыт болып көрінгенмен, осы уақытта арна ұжымы елеулі жетістіктерге қол жеткізді.

Бала – талғампаз көрермен. Оның қиялын ұштап, көңілін баурап алу үшін сапалы әрі танымдық дүниелерді ұсыну қажет. «Балапан» бұл міндетті абыроймен атқарып жүр. Мәселен, «Балапан news» жаңалықтар топтамасы, тікелей эфирде көрсетілетін «Ойлан, тап!» Интерактивті бағдарламасы және жоғары сапалы «Motion Capture» әдісімен түсірілген қысқаметражды фильмдер көрермендерге жол тартты. Сонымен қатар, «Томпақ» атты тұңғыш фантастикалық телехикая көрсетілді. Компьютердің қыр-сырын үйрететін – «Чип пен Байт», кішкентай көрермендерге арналған «Әли мен Айя», әлі оқып, жаза алмайтын балаларға арналған «Ба-лапан және оның достары», «Білгім келеді!», қоршаған орта туралы «Данышпан қарға», тарихи-анимациялық «Ерден атаның әңгімелері» мультхикаяларын ұсынды. Сән әлемімен таныстыратын «Әдемі-ай» бағдарламасы да кішкентай көрермендер көңілінен шықты. Жас ұрпақты ғылым мен білімге бейімдеу мақсатындағы «Білгіштер бекеті», «Кибермен», «Сиқыр сыры» сын-ды бағдарламалар бала көкжиегін кеңейтетін танымдық сипатымен өтімді.

Бүгінде «Балапан» көптеген шетелдік арналармен тығыз қарым-қатынас орнату үстінде. Жақын арада «KIKA » (Германия), «Baraem» (Катар) телеарналары-мен тәжірибе алмасу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, «Кәсібің – нәсібің» танымдық бағдарламасы мен «Сан-жар мен Қайсар» телехикаясы Германияда өткен «Prix jeunesse international» бүкіләлемдік телевизиялық балалар фестиваліне қатысып, бақтарын сынады.

Еркежан СӘТІМБЕК

(Басы 1-бетте)

Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйегі аралығында есепті кезең жоспары бойынша қала бюджеті жеке кірістер бөлігі 99,5 пайызға орындалып, 105 128 772,0 мың теңге түсті, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда түсім мөлшері 15 454 242,0 мың теңгеге ұлғайды, оның ішінде салық түсімдерінің жоспары осы кезеңде 99 пайызға орындалып, нақты түсім 92 812 336,0 мың теңгені құрады, бұл – өткен жылдың тиісті кезеңінің көрсеткішінен 15 410 717,0 мың теңгеге көп де-ген сөз. Салықтық емес түсімдер жоспары есепті кезеңде 1 379 709,0 мың теңгеге артық орындалып, нақты түсім 4 464 639,0 мың теңгені құрады.

Сонымен бірге мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру бағдарламасына жұмсалатын қаражат мөлшері ұлғайтылып, Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының шығыстарына қосымша қаржы қарастырылды. «Осылай-ша, енгізілген өзгерістердің есебімен Астана қаласының 2014 жылға нақтыланған бюджетінің жалпы көлемі 388 151 514,8 мың теңгені құрады немесе бекітілген бюджетке өсім – 50 942 906,8 мың теңге болды» деді Ж.Нұрпейісов.

Одан әрі Астана қаласы архитектура және қала құрылысы басқармасының басшысы В.Силецкий сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мемлекеттік реттеу жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында Астана аумағында құрылыс салу қағидасы өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап ететінін ескере келе, қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 3 наурыздағы «Астана қаласының аумағын салу жөніндегі ереже туралы» шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы ұсыныс білдірді. Сондай-ақ, сессия барысында қалалық мәслихаттың «Астана қаласында тұрғын үй көмегiн көрсету ережесi туралы», «Астана қаласында әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың же-келеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасы туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізіліп, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығында Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы» шешімінің күші жойылды.Сондай-ақ, мемлекет мұқтажы үшін алуға байланысты жер учаскелерін немесе жылжымайтын өзге мүліктерді сатып алу туралы шарттардың жобалары келісілді. Осыған орай қалалық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Н.Мещеряков мемлекет қажеттілігі үшін алуға байланысты жер учаскелерін немесе басқа жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы баяндай отырып, қазіргі кезде меншік иелерімен 39 келісім жасалғанын, соның ішінде бұл учас ке лер кіші айналма жол, Байтұрсынов, Мирзоян және №42 кө-шелерінде жаңа мектеп салу үшін пайдаланылатынын айтты.

Халық қалаулылары сессияда қаралған барлық жобаны бірауыздан мақұлдады.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

– Әбдіхамит Керімбайұлы, қоғамдық көліктің қаншасында мүмкіндігі шек-теулі жандар үшін қолайлы жағдай ту ғызылып отыр?

– Қазіргі кезде барлық қалалық бағдарларда «Вольво», «Хайгер», « ХуанХ ай », «Скания » марка-лы мүгедектерге қолайлы 251 авто-бус қыз мет көрсетеді. Бұл көліктерде ор на ластырылған т ұтқалар және авто бус еденінің аласалығы мүге дек -тердің кедергісіз шығып-түсуіне мүм-кіндік береді. Автобус салонының алдыңғы жағында арнаулы орындар қарастырылған. Олардың тұсында ақпа-раттық таблолар ор натылған. Ал, ең басты ерекшелігі, бұл көліктер арбаға таныл ғандарды мінгізіп-түсіру үшін ар-наулы траппен жабдықталған.

– Мүгедектерге мүлтіксіз қызмет көрсету сапасын жақсарту мақса тында жүргізушілер мен кондукторларды оқытып жатырсыздар ма?

– Иә, біз автобус жүргізушілері мен кондукторларды арнайы оқу курсы-нан өткіземіз. Соның ішінде арба-мен жүретін жолаушыларға қолайлы жағдай жасап, олардың автобусқа кіріп-шығуына көмектесу керектігі де ескеріледі. Яғни, нұсқау бойынша кондукторлар қарап тұрмай мүгедек жандардың аялдамаға келіп тоқтаған автобусқа отыруына жәрдемдесуі, көлік ішіндегі арнайы орынға жеткізуі тиіс. Жолаушы діттеген жеріне жет-кен соң, автобустан түскен кезде де демеп жіберген жөн. Бұрын автобус

жүргізушілері қоғамдық көлікпен арбада отыратын, құлағы нашар естіп, көзі нашар көретін адамдардың да жола-ушылап жүретініне аса мән бермейтін әрі ешкім оны қатты талап етпейтін. Қазіргі таңда олармен жұмыс жақсы жолға қойылған. Автобус жүргізушілер кез келген аялдамаға жақын тоқтайды. Кондуктор олардың ыңғайлылығы үшін орын дайындайды, жүргізуші шығып трапты ашады. Қысқасы, Елбасының тапсырмасы бойынша мүгедектердің құқықтарын қорғау мақсатында біздің қалада мүмкіндігі шектеулі жандардың қоғамдық көліктерді пайдалануы үшін барынша мүмкіндіктер қарастырылуда.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Қазақстанның Халық әртісі Ерік Құрманғалиев Атырау облы-сының Жылыой ауданында дүниеге келген, сирек кездесетін дауысқа ие, тамаша талант иесі еді. Кезінде ол туралы Н.Дорлиак, А.Лаертский, Д.Бертман сияқты музыка әлеміне кеңінен танымал өнер қайраткерлері: «Оның даусында адамды сиқырлап, баурап алатын табиғат берген айрықша құдірет бар» деп жете бағалаған еді.

Міне, сол көзінің тірісінде талай қиыншылықтарға тап болып, өмірінің соңғы жылдары елден жырақ жалғыздық кешкен қазақ әншісі туралы автор тебіреністі ойларын жинақ етіп жарыққа шығарып отыр.

Фотосуреттермен көркемделген кітап-альбомда әлемдік музыка тарихында аты алтын әріптермен жазылып қалған Ерік Құрманғалиевтің отбасы, ата-анасы, туған жері, өскен ортасы, өнердегі жетістіктері мен өмірдегі сәтсіздіктері туралы шынайы баяндалады.

«Вокал өнеріндегі ерекше құбылыс болған Ерік Құрманғалиев – айрықша тағдыр кешкен әнші. Тілі басқа, дәстүрі бөлек алты құрлықтың адамдары оған, оның әншілігіне табына әрі таңдана қарады. Ерік бір ғана халықтың перзенті болса да, оның әншілік миссиясы Отанынан шығып, таулардан асып, мұхиттардан өтіп, бүкіл әлемнің алабын аралып кетті, атағы шартарапқа жайылды...

...Еріктің салған әні маған қатты әсер етті. Қайта-қайта тыңдай бердім. Еріктің әнімен таңым атып, күнім батқандай. Ерік тақы-рыбына мен осылай келдім» дейді Маржан ағынан жарылып.

Сағи ОРАЛ

Page 4: 110 (3167) 2014-09-30

4www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Бірақ, белгілі бір жерде жұмыс істесек те, өндірушіліктен гөрі тұтынушылыққа жақынбыз. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның әлеу-меттік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында: «Бүгін өткен жүз жылдықтың 60-ыншы жылдарында кеңінен таралған тұтынушылық қоғам тұжырымдамасының елесі айқын сезіледі. Тұтынудың бұл идео-логиясы бүлдіруші болғанына бүгін бүкіл әлем ерекше көз жеткізіп отыр. Ол әлемнің да-мыған елдерінде жаппай әлеу-меттік масылдық туындатты

және жаһандық дағдарыстың басты себептерінің бірі болып табылады» дейді.

Елбасы бұдан шығатын жол ретінде экономикалық және әлеу-меттік жаңғырт уды ұсынады. Жаң ғырт у үдерістері азамат-тар бел сенділігінің күшеюімен, олардың шығармашылық әле-уетінің ашылуымен қосарлана жүретінін айтады.

Осы тарапта «Согласие-Келісім» ЖШС директоры Бейсембек Әлке-новті сөзге тартқан едік. Өзін мы-салға алған ол белсенділік жөнінде төмендегі пікірін айтты.

«Кәсіпкерлікпен айналысқаныма көп уақыт болды. Ол кез – Кеңес

Одағы тарап, әр ел тәуелсіздігін жариялап, өз күнін өзі көре бастаған заман. Сол кезеңде кәсіпкерлікті халық жүрегімен қабылдай қой мады. Себебі, социалистік қоғам кә сіп-керлікке, жеке шаруашылыққа, жал-пы меншік атаулыға қарсы болды. Ал, саясат оны қоғамға жат қылық деп әшкерелеумен болды ғой. Бір істі қолға алсаң, сыртынан «алып-сатар», «құлқынын ғана ойлайтын саудагер», «капиталист» деген елдің күңкіл-шүңкіл сөздері жүретін. Сол сөздер жаныма ауыр тисе де, бастаған ісімді тастамай, түбінде игілікке жететініме сендім.

Бірте-бірте халықтың кәсіп-кер лікке деген көзқарасы өзгере

бастады. Оның соншалықты жиір-кенішті іс емес екенін, керісінше, онымен айналысқан адамды да, жалпы мем лекетті де пайдаға кенел -тетінін тү сінді. Алайда, кейбір басшылардың ойында кәсіп кер-лер ден бірдеңе алып қалу, дәмету болды. Ол заманнан да өттік.

Қазір елімізде жалпы ішкі өнім-нің төрттен бір пайызына жуығы шағын және орта бизнестен құ-ралып отыр. Бұл – жап-жақсы көрсеткіш. Бірақ, Еуропаның дамыған елдерінде ол көрсеткіш бізден 2-3 есе артық.

Елімізде осы бағыттың дамуына Елбасының сөздері серпін беріп отыр. Егер қаржыландыру меке-

мелерін, банк жүйесін бақылауда ұстап тұрмаса, олар өз пайдала-рын көбейтеміз деп, кәсіпкерді тонап кетуге дайын. Фискальді органдарға да ауыздық салмаса, кейде шаш ал десе, бас алатын олар кәсіпкердің сөлін сығып алар еді. Кәсіпкерлерді түрлі тексеру-лер де діңкелетіп тастайды. Осы тұрғыдан Елбасының шағын және орта бизнес субъектілерін тек-серуге мораторий жариялағаны дұрыс болды».

Оның сөзін тыңдап, біраз ой-ланып қалдық. Салық төлеп, бюд-жет бүйірін толтырып жатқан, елді керегімен қамтамасыз етіп отырған, одан қалды халыққа жұмыс беретін кәсіпкерлердің мемлекетке берері мол. Бірақ, адал, таза кәсіпкерлік болса ғана, әрине.

Аманғали ШМИТҰЛЫ

Қос облыс фермерлері жәрмең-кеге жалпы көлемі 950 тоннаға жуық өнім әкелді, яғни елордаға солтүстік өңірден 750 тонна, оңтүстік ай-мақтан небары 190 тонна өнім жеткізілген екен.

Екі күн бойы қалалық әкімдіктің алдында сауда шатырлары құры-лып, тауар өндірушілер қала т ұ р ғындары мен қонақтарын арзан бағамен сатылған азық-түлікке кенелтті. Сондай-ақ, сол жерде ыстық тамақ әзірленіп, « Қ а з а қ та ға м д а р ы » ұ лт т ы қ асханасының өнімдері сатылды. Іле-шала өңірлік халық шығарма-шылығы ұжымдары өнер көр-се тіп, әр түрлі спорттық сайыс-тар өткізілді. Ауа райының күрт суытқанына қара мастан сапалы азық-түлік іздеп келу шілер жеміс-жидек пен көкөніс, ет пен сүт, балық және кондитерлік өнім дерді молынан сатып алып жатты.

Жәрмеңкеге Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов те барып, алыстан ат арытып жеткізілген тауарлармен таныс-ты. Ол отандық өнімнің сапасы-на көңілі толатынын жеткізіп, жәрмеңкенің халық үшін қолайлы мүмкіндік екенін айтты.

«Әр сенбі сайын қалалық алаң шағын базарға емес, ең әуелі белгілі бір облыстардың ауыл шаруашылық өнімдерінің көрмесіне айналады. Бұл – тауарды өткізу мүмкіндігі. Өздеріңіз де аралап көрсеңіздер, мұнда еуропалық сапаға сай өнім-дер шығаратын облыстың ауыл шаруашылық компаниялары мен кәсіпорындары көп екеніне көз жет-кізесіздер» деді қала басшысы.

Жәрмеңкеге Павлодар облы-сының он ауданы, яғни Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Қашыр, Лебяжі, Май, Павлодар, Успен, Шарбақты аудандары мен Павло-дар, Екібастұз, Ақсу қалаларының кәс іпкерлері қат ыс т ы. Ол ар Астанаға 52 тонна ет және ет

өнімдері, 25 тонна сүт өнімдері, 90 мың дана жұмыртқа, 300 тонна картоп, 190 тонна көкөніс, 20 тон-на ұн, 27 тонна сұлы мен макарон өнімдері, 18 тонна өсімдік майы, 3 тонна бал және 103 тонна басқа да азық-түлік жеткізді. Жұртшылық тұтынған тауарлардың дені «Руби-ком» ЖШС, «КЭММИ» ЖШС, «Сүт» АҚ, «Ақоба» ЖШС, «Ал-тай» ШҚ, «Ақжар – Өндіріс» ЖШС, «РЭГТайм» ШҚ, «Крен-дель» ЖШС сияқты аты мәлім қайта өңдеуші кәсіпорындардан шығарылған.

Сонымен қатар, Жамбыл облы-сынан әкелінген 190 тонна өнімнің ішінде 35 тонна ет және ет өнімдері, 12 тонна сүт өнімдері, 6 мың жұ-мыртқа, 31 тонна картоп, 51 тонна бақша өнімдері, 4,5 тонна нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер, 2 тонна бал және 55 тонна басқа да азық-түлік түрлері болды.

Барлық тауар Астана қаласының базарларына қарағанда 15-20 пайыз арзан сатылды. Енді алдағы дема-лыс күндері, 4 және 5 қыркүйекте елордаға Ақтөбе және Қарағанды облыстарының тауар өндірушілері келмекші.

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

ЖАМБЫЛДЫН ЖУАСЫ, КЕРЕКУДIН КАРТОБЫ

Page 5: 110 (3167) 2014-09-30

5

Минск меморандумы-нан кейін Украинаның ж о ғ а р ғ ы Р а д а с ы өздерін-өздері «халық

республикасы» деп жариялаған облыстардың бірқатар ауданда-рына айырықша мәртебе беріп, рақымшылық туралы заң қабылдады. Алайда, бітімгершілік жарияланған аймақтар мен шекарада жекеле-ген атыс-шабыс әлі де тоқтамай тұр. Әсіресе, Донецк әуежайы маңындағы үш бейбіт тұрғынның оққа ұшуы кеудені кернеген өшпенділіктің таяу уақытта басы-ла қоймайтынын анық аңғартады. Ал, ЕҚЫҰ Еуропалық сыртқы саясат қызметінің директоры Гуннар Вигандтың айтуынша, Ресей өз әскерін Украина жерінен толық алып кетпей, елдің оңтүстік шығысында Минск қаулысының түпкілікті орындала қоюы екіталай.

Жүректерді жылытатын бір жайт, қантөгістен бас сауғалап, босып кеткен тұрғындар қазір туған мекендеріне қайтып ора-ла бастады. Олардың көпшілігі алдағы желтоқсан айында кезек-тен тыс өтетін сайлауға айырықша үміт артуда. Бұған себеп – Петр Порошенконың АҚШ Конгресі палаталарының біріккен отырысын-да сөйлеген сөзі. Онда Украина президенті «өзінің бостандығы мен тәуелсіздігі жолында бейбітшілік сүйгіш украин халқының рухы жа-суы мүмкін емес. Қайта олар елде әділеттілік үстемдік құруы үшін күресе береді. Ал, мен президент ретінде туған халқымды қашан да қолдайтын боламын» деген болатын.

Кремль қожайындарынан қатты көңілі қалған П.Порошенко АҚШ-

тан НАТО-дан тыс Украинаға айырықша қауіпсіздік мәртебесін беріп, Ресейге қарсы санкцияларды бұрынғыдан да күшейтуді сұрады.

Санкциялар демекші, бұған дейін «Сбербанк» пен мұнай өндірісін жаңа технологиямен қамтамасыз ететін «Ростекке», тағы басқа да стратегиялық маңызы бар нысандарға санкциялар салынған

болатын. Тіпті, кейбір мәліметтерге қарағанда, осы тыйым салулардың салдарынан орыс экономикасына айтарлықтай нұқсан келіп, жалпы ішкі өнімнің өсімі тоқтап қалуда. Осылай қауіпті саясат жалғаса берсе, жылдың аяғына дейін мемлекет жүз миллиард доллар шығынға батуы мүмкін деген болжам айтады ма-мандар.

Кейінгі кезде «аспан асты елінің» орыстарға бүйрегі бұра бастағандай сыңай байқалады. Қытай Кремль қожайындарына қомақты несиелер

бере бастады. Соған қарамастан батыстық сарапшылар Ресей эконо-микасы алдағы жылдары рецессияға кетеді деген болжамдар жасауда.

Сөйтіп, Мәскеудің көрші елді бөлшектеуге бағытталған саясаты өзіне үлкен зауал болып тигелі тұр. Қанша бүркемелегенмен, Украина дағдарысына Ресейдің ашықтан-ашық араласып, әскер кіргізгенін

Батыс дәлелдеп берді.Бұдан елу миллионнан астам халқы

бар ел экономикасына орасан зор шығын келді. Кейінгі мәліметтерге сүйенсек, Мариуполь, Донецк, Лу-ганск қалаларында 1970 нысанның күлі көкке ұшып, 1230 жеке үй, 659 ғимарат, 178 кеңсе айтарлықтай бүлінген.

Осыларды алға тартқан Ақ үйдегілердің ашуы әлі басылмай отыр. Өз кезегінде Кремль де қарап қалып жатқан жоқ. АҚШ пен Батыс елдеріне эмбарголар

рынан қарапайым халық зардап шегуде. Мәселен, Мәскеу мен Санкт-Петербургте азық-түлік бағасы қырық-елу пайызға дейін қымбаттап кетсе, Қиыр Шығыс облыстарда күнделікті тұтынатын өнімдер мен заттарға баға 70-80 пайызға дейін көтерілген.

Қызуқандылықпен нақты ой-ланбай істелген қадамдардың қате

екендігін енді түсіне бастаған Мәскеу аттың басын басқа бағытқа бұрып, босап қалған нарықтың орнын толтыру үшін Бразилия, Аргентина, Қытай, Түркия сияқты елдерге иек ар-туда. Әрине, олар бас тартып отырған жоқ. Сәтті мүмкіндікті кім уысынан шығарғысы келеді дейсіз. Дегенмен, бірнеше ондаған жылдар бойы біртіндеп тартылған қарым-қатынас желісі бірден үзілгенде, оны басқа елдердің әп-сәтте жалғап алып кетуі оңай бола қоя ма? Ресейдің ішкі нарығындағы осы қиындықтар бағаның аспандап кетуіне әкеліп соқтырды.

Енді «Батыс елдерінің осы салып жатқан санкцияларының Қазақстанға әсері бола ма?» де-

ген мәселе кім-кімді де алаңдатады. Ресей – біздің ірі сауда әріптесіміз. Қазақстанға келетін тауарлардың отыз алты пайызы – осы елдің өнімдері. Ал, біздің ел олардың нарығына тек тоғыз пайыз ғана өнімін экспорттайды.

Кейбір экономист мамандардың п і к і р і н ш е , ж о ғ а р ы д а ғ ы а л п а у ы т т а р д ы ң а р а с ы н д а ғ ы текетірестің Қазақстанға тікелей әсері болмайды. Тек біз оңтайлы сәтті тиімді пайдаланып, өз эконо-микамызды нығайтуға күш салуымыз қажет-ақ.

Ал, саясаттанушы Қанат Нұров әлемнің көптеген елдерімен дербес экономикалық қарым-қатынаста болғандықтан, мемлекетімізге Батыс елдерінің санкцияларынан тікелей еш қауіп жоқ. Алайда, Еуразиялық одақ мүшесі ретінде Ресейдің ұстанатын экономикалық саясаты бізге де жана-ма әсер етуі мүмкін деп алаңдайтынын жасырмайды.

Алдағы уақытта да Батыс елдері мен АҚШ, Жапония Ресейге қарсы санкцияларды күшейтпесе, азайта-тын түрі байқалмайды. Ашық күш көрсетуге бата алмағанымен, олар Кремль басшыларын осындай жолмен алқымынан алып, тынысын тарылтуға ұмтылуда. Осы тықырды сезінген елдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров: «Қысым жасау арқылы Ресейдің Украинаға қарсы ұстанымы мен көзқарасын өзгертеміз» деу түбірімен қате. Біздің ұстанған жо-лымыз дұрыс деп ойлаймыз. Өйткені, біз бәрінен бұрын Украина халқының мүддесін көздеп отырмыз. Әрине, біз мұндай жағдайдың орын алғандығына алаңдаушылық білдіреміз. Деген-мен, қорқытып, үркіту бізді алған бағытымыздан қайтара алмайды» деп мәлімдеді.

Ал, АҚШ президенті Барак Обама болса, «Украинадағы шиеленіс – тарихтың ақиқат беті» дей келіп, әлемді Ресей басқыншылығына қарсы күш біріктіруге шақырды. Ол өз одақтастарымен бірге ол елде демо-кратия мен экономиканы дамытуға қашан да қолдау көрсететіндігін баса айтты.

Қайткен күнде де, бізге қажеті – тыныштық. Алып көршілер тату болса, ұйқымыз да қанық бо-лады. Сол үшін де Елбасы Минск кездесуіне араағайындық жасап, екі тарапты салиқалы парасаттылыққа шақырды. Дей тұрғанмен, Путин мен Порошенконың арасындағы салқындық әзірге жылымайтын сияқты. Өйткені, бітімгершілікке келе тұрып, Украина президенті: «Түпкі мақсатымыз Қырымды кері қайтару» деген сөзді биік мінберлерден бірнеше рет қайталады. Ал, Қырымды қайтару Путин үшін өліммен тең. Анық байқалып қалғанындай, кейінгі кезде Кремль қожайынының жүні біраз жығылып қалды. Өйткені, П у т и н т а к т и к а л ы қ т ұ р ғ ы д а біраз жетістіктерге жеткенімен, стратегиялық тұрғыдан тізгіннің Украина жаққа қарай ауып бара жатқанын сезе бастады.

Таңатар ТӨЛЕУҒАЛИЕВ

жариялады. Бірақ, оған пысқырып жатқан қарсыластар байқалмайды. Өйтпегенде ше, ішкі жалпы өнім көлемі он жеті триллионға жеткен елдер үшін орыс елі басшыларының бұл әрекеті «суға кеткен тал қармайдының» кебін келтіріп тұр. Қайта осы эмбарголардың салда-

Page 6: 110 (3167) 2014-09-30

Оразақ СМАҒҰЛОВ, Ұлттық ғылым академиясының академигі:

– Адам баласының тарихын, мәдениетін, тілін, ділін, дінін уағыздайтын – тек қана адам. Олай болса, адамның тарихы, биологиялық, генетикалық, морфологиялық, физиологиялық келбеттері қалай пайда болды? Көне заманнан басталған эволюциялық динамикасы бүгінгі халықтарда қаншалықты деңгейде сақталды? Мен соңғы жарты ғасырдың шамасында Қазақстанда өмір сүрген адамдардың қаңқа, бас сүйектеріне, жоғарыда аталған ерекшеліктеріне, нәсіл, тектеріне біршама зерттеу жүргіздім. Көптеген нәтижелерін Жапония, Қытай, Үндістан, Түркия, Италия, Германия, Франция, Америка сынды елдерде өткен халықаралық конгрестерде ай-тып, антропологтармен, генетиктермен, басқа да сала мамандарымен пікір алыстым. Айтайын дегенім, осы елімізде, жерімізде төрт-бес мың жыл бұрын ғұмыр кешкен ата-бабаларымыздың жерлеу дәстүрі бүгінге дейін сақталып қалған. Ал, славян халқы VII, VIII ғасырға дейін адам сүйегін өртеген.

Бес мың жыл бұрынғы адамдардың бейне-жүздері қандай болды? Олар көне тектес европе-оидтер болды. Пиреней түбегінен Испанияның батысына дейінгі аумақты мекен еткен олардың бүгінгі европеоидтерге еш қатысы жоқ. Сол адамдардың қоңқақ мұрын, тайқы маңдай, дөңгелек жүзді келбеті темір, қола дәуіріне дейін жақсы сақталған. Біз айтып жүрген Сақ тайпасының ерекшеліктері сонша мың ғасыр бұрын Қазақстанда өмір сүрген адамдарға тоқсан пайыз ұқсайды. Ал, біздің заманымыздан бес ғасыр бұрын шығыстан азиат тектес тайпалар келіп, араласып, құраласып, бет-бейнелеріне он бес пайызға дейін әсер қалдырды. Сонда он бес пайыз кірмелік жасаған тайпалар Отанында отырған тоқсан пайыз тайпаның мәдениеті мен дінін өзгерте ала ма? Әрине, жоқ. Яғни, осыдан екі мың жыл бұрынғы ата-бабаларымыздың діні де, ділі де бір текті болған. Түркі тілдес ұлттардың да тілі сол шамада қалыптасты. Қазіргі қазақтардың генетикасында осыдан төрт мың жыл бұрын өмір сүрген адамдардың

отыз пайызға дейінгі ерекшеліктері сақталған. Бұдан ұлтымыздың төрт мың жылдық тарихы бар деген қорытынды шығарып, әлем алдында да жар салуымызға болады. Қытай, парсы деректеріне мән бермей, қысыр әңгімелерді елемеуіміз керек.

А х мет ТА Ш А Ғ Ы Л , Ми мар Си нан у ниверситетінің профессоры, тари х ғылымының докторы:

– Түркі қағанаты дегенде нені айтамыз? Бұл туралы көп айтылып, жазылып жүр. Біз мұны түркі халықтарына үлгі мемлекет деп ойлағанымыз жөн. Өйткені, Түркі қағанатының басқару жүйесіне қарасақ, онда жиырма сегіз-жиырма тоғыздай атақ болғанын байқаймыз. Яғни, бұл – жай мемлекет емес. Тағы бір қызығы, Еуразияда мекен еткен халықтардың бәрі сол кезде Түркі қағанатының құрамына енген. Қытай деректеріне сүйенсек, Қытай қорғанының сыртындағы барлық халық Түрік қағанатына бағынған. Ал әскери жүйесіне келсек,

қағанаттың армиясын басқарғандар алғашында «шор» деп аталды. Оларда 680 жылдарда-ақ кәдімгі ереже қалыптасып үлгерді. Әскери жүйе екі бөліктен – атты әскерден және жай тартатын жауынгерлерден құралды. Бұл да ұлан-ғайыр даланы тізе бүктірген әскердің ерекшелігін көрсетеді. Қорғаныс мықты болса, мемлекет те өркендейді. Екеуі параллель дамитын дүние. Түрік тарихына үңілсек, биліктегі адамдардың ауызбіршілігі бұзылғандығынан әскердің де күйрегенін көреміз.

Мен 540 жылдан бастап 941 жылға дейінгі қытай деректерін зерттедім. Сонда байқағаным, т ү ріктер соғыс барысында жайдан-жай жеңілмеген, тек алданған кезде ғана есе жіберген, шығынға ұшыраған.

Әрине, Еуразия даласының алғашқы үлкен мемлекеті – Ғұн империясы. Оны Түркі қағанаты жалғастырды. Өкінішке қарай, ғұндар жайында түрік тілінде жазылған мәліметтер аз болғандықтан, бабаларымыз туралы көп нәрсе біле алмаймыз. Қазақ хандығын да Түркі қағанатының жалғасы деуге әбден негіз бар. Бұған нақты дәлелдер де, деректер де жеткілікті. Тек тарихшыларымыз тізе қосып жұмыс істеп, зерттеп-зерделей білуі қажет.

Қадірәлі ҚОҢҚАБАЕВ, «Манас» қырғыз-түрік университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы:

– Мен түркі даласын, түркі мемлекеттерін аралай жүріп, мынадай ойға келдім. Біз ежелгі бабаларымыздың өркениетін, жолын бірге сара-лап, кешенді экспедициялар ұйымдастырып, үлкен еңбектер жасауымыз керек. Біздің дәуірімізге дейінгі ІІ, ІІІ ғасырдан ХІІІ ғасырға дейін Еуразия даласын жайлаған бабаларымыз он беске жақын

6www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ, Халықаралық түркі академиясының президенті:

– Халықаралық түркі академиясы құрылған сәтте бізге түркі халықтарына ортақ тарихты жазу міндеті жүктелгені есімізде. Алайда, жекелеген мемлекеттер, ғалымдар тарапынан жақсы дүниелер жазылғанымен, бірнеше ел бірігіп, тізе қосып, ауқымды тарих оқулықтарын құрастырған жоқ. Сондықтан, біз Еуразия кеңістігіндегі жалпы түркі халықтарының та-рихын тұтас қамту мақсатында Түркі кеңесінің арнайы жобасын бастаған едік. Осы жоба аясын-да және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың таяуда ғана Ұлытауда берген тарихи сұхбаты негізінде түрлі мемлекеттердің тарихшыларын дөңгелек үстел басына жинағанды жөн көрдік. Прези-дент жоғарыдағы сұхбаты барысында Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттік дәстүрдің үзілмей, жалғасып келгендігін, ғұндардан бастау алған осы үдерістің көк түріктер, Алтын орда арқылы сабақтасып, Қазақ хандығына жеткендігін жақсы айтты. Бұл да біздің жұмысымызға серпін беріп, бағытымызды айқындай түседі деп ойлаймын.

Әділ АХМЕТОВ, Түркі кеңесі ақсақалдар алқасының қазақстандық мүшесі, Түркі академиясы д ін және терминология орталығының жетекшісі, академик:

– Бұл басқосу, меніңше, дер кезінде ұйымдастырылуда. Дархан айтқандай, Елба-сы тарихымызға қатты мән беруде. Ол қазақ тарихына қатысты сөздерін Ұлытауда бекер айтқан жоқ. «Тарих жылы, тарихи сананы қалыптастыру» сынды ұғымдарға да айрықша көңіл бөлуде. Бұған Мемлекет басшысының өзі де, тарихшы ғалымдар да атсалысып жатқанын айтуымыз керек. Өйткені, «Бөлінгенді бөрі жейді, жарылғанды жау алады», «Жау жоқ деме, жар астында, бөрі жоқ деме, бөрік астында» дейді ата сөзі. Бұл – «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні». Неге? Ұлтқа төнетін қауіптер бар себебі. Оның ішінде сыртқы қауіп – өте қатерлі. Бәрімізге аян, «Қазақтың мемлекеттігі жоқ» деп жүр біреулер. Бұл жерде тек қазақтарды ғана емес, қырғыздарды да, түркімендерді де айтуда. «Бұл ұлттардың көзін біз ашқанбыз» деуге де жақын қалды. Мұны көрші елдердің сайқымазақтары ғана айтып бастап еді, енді басшыларының да аузынан естіп қалып жүрміз. Осындай аяқ астынан шаптан түртетін әңгімелер намысымызға тиеді және қайрайды. Оларға қоғам болып көзқарасымызды білдірмесек, кім болғанымыз? Алайда, біз алпауыт империяларды күшпен ала алмаймыз, оларды ақылмен, ғылыммен басуымыз керек.

ÒYÐÊI ÒÀÐÈÕÛÍÛÍ

Page 7: 110 (3167) 2014-09-30

7www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

ÒYÐIËÌÅÉ ÒYÐ ÏÅÐÄÅÑI

мемлекет құрған екен. Осы мемлекеттердің дәстүрі ешқашан бұзылмапты. Бір өкініштісі, біз, әрбір түркі тілдес ұлт, сол мемлекеттерге таласу-мен келдік. Алайда, ғұндардың ұрпағы түркілер екенін, Қарахан мемлекетінің мұрагері қарлұқтар екенін мойындай білуіміз керек.

Нәбижан МҰХАМЕДХАНҰЛЫ, әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің про-фессоры, тарих ғылымының докторы:

– Қытай деректерінде түркі атауына қатысты мәліметтер VI ғасырдан ХІІ ғасырға дейін жалғасқан Таң патшалығының тарихында «түркі» деген есіммен жазылыпты. Айта кетерлігі, «түркі» атауы қытай деректеріне түскенімен, кездейсоқ пайда болған жоқ, ол – ғұндардың жалғасы. «ХІІ ғасырдан кейін түркі атауы қытай деректерінен не үшін өшіріліп қалды?» десек, сол ғасырдан соң түркі этностары Еуразия сахарасында түрлі трансформацияға түсті де, түрлі кіші қағандықтар пайда болды. Сондықтан, Найман, Керей хандықтары сынды мемлекет құрған аты бойын-ша жазылып кетті.

Жалпы, түркі дүниесі жайында жазылған Қытай деректері өте көп әрі мазмұны да бай. Мұның бірінші ерекшелігі, Қытай ғалымдары бұл сөзімізге келіседі, екіншіден, дереккөздер мәліметі дәлме-дәл жазылған, дәуір жалғастығы бар, уақыты анық. Үшіншіден, уақиға толық баяндалған. Сол дереккөздерге сенсек, Түркі қағанатының құрылған жылы 552 жыл екені анық айтылады. Ордасын Ор-хон өзенінің жоғарғы ағысындағы Өтеген тауына тіккені көрсетілген.

Ал бұл деректерге қытайдың түркітанушы ғалымдары қалай қарайды? Мәселен, профессор Ма Шаң Шудың тұжырымы мынадай: «552 жыл-дан 583 жылға дейінгі отыз жыл ішінде түркілер Азияда ең күшті әрі едәуір біртұтастанған мемле-кет құрды. VI ғасырға дейін моңғол даласындағы ғұндардан басқа әрбір қағандық Орталық Азияға қарай экспансия жасады. Бірақ олардың ішінде моңғол даласы мен Орталық Азия сахарасын және батыс өңірдегі отырықшы елдерді біріктіріп, бір мемлекет құрғаны кемде кем. Бірақ Түркі қағанаты құрылғаннан кейін моңғол даласы мен Орталық Азия сахарасын және батыс өңірдегі қалалық елдерді біріктіріп, бір мемлекет құрды. Олардың біріккен уақытының алды-арты бір ғасырға со-зылады» дейді. Сонымен қатар ол қағанаттың ең күшейген тұсын 572 жыл деп көрсетеді. Сүй әулеті

мен солтүстік Жу әулетіне түркілер өте үлкен қауіп-қатер төндірген кезде алтын ханшаларын беріп, шабуылынан сақтанғандарын жеткізеді. Ма Шаң Шу профессордың бұл сөздері Түркі қағанатының тарихы жүз жылға созылатынын дәлелдейді.

Енді Түркі қағанатының бөлшектенуіне қандай себептер түрткі болғанын айтайық. Мұнда биліктің тым тарқақ болып, билікке таластың белең алуын атап айтқан дұрыс. Екіншіден, Сүй әулетінің алысқа шабуыл жасап, жақынмен байланысып, күштілерді бөлшектеп, әлсіздермен бірігу саясаты үлкен рөл ойнады. Үшіншіден, қиыр шығыстан Каспийге дейінгі ұлан-ғайыр даланы мекен еткен түркілердің экономикалық тұтастығы жақсы сақталған жоқ. Сондықтан қағанат шығыс, батыс болып бөлінді. Бөлінгенімен, басқалай атаулармен жалғаса берді. Осыған орай, түркі мемлекеттерінің тарихи сабақтастығын жүйелі түрде зерделеп, саяси бұрмаланған тұстарын сыпырып тастап, негіздеу қажет.

Сатай СЫДЫҚОВ, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы:

– Мемлекеттік идеология Түркі қағанатында да болды. «Отыкен қойнауында отырсаң, сен мәңгі ел тұтып отырар ең» деген Күлтегін жазуында бар. Бұл – мемлекеттік идеология, жай жазу емес, халыққа үндеу. Мұны түрколог Лев Гумилев та, Олжас Сүлейменов те қолдады. Мемлекеттік идеология түркі дүниетанымынан басталса, кейін Қарахан мемлекетінде толық қалыптасты. Өйткені, әл Фараби өзінің шығармалары арқылы «Мәңгілік ел» идеологиясының теориялық, методологиялық негізін жасады. Мұны біздің Елбасының қолдап

отырғаны да бекер емес. Тағы айта кетерлігі, Жүсіп Баласағұн «Құтты білік» кітабы арқылы Қарахан мемлекетінің бүкіл ата заңын жазып берді. Ол әр әлеуметтік топтың, таптың міндеттері мен орнын анық көрсеткен. Бұл «Мәңгілік ел» мемлекеттік идеологиясы кейін Қазақ хандығында, тәуелсіз елімізде жалғасын тапты.

Саруул ИШЖАМЦ, Моңғолия орталық архив басқармасының басшысы, тарих ғылымының докторы:

– Мен ең алғаш Қазақстанға архив мәселесімен ат басын бұрып едім. Бір қызығы, мұндағы за-мандастарым маған ата-бабаларымыз, арғы тегіміз жайында көп сұрақ қойды. Содан-ақ екі ұлттың арасында ортақ мәдениеттің, дәстүрдің сабақтастығы бар екенін ұғындым.

Менің балалық шағым Моңғолияны орыс мемлекеті билеген тұсқа тап келді, біз өз тари-хымызды билеуші елдің тарихшылары жазған оқулықтардан оқыдық. Кеңес дәуірінде дұрыс тарихты айтуға тырысқан бізді де отаршыл елдің шолақ белсенділері ылғи тоқпақтаумен болды. Айтулы, білікті ғалым азаматтарымызды партияның жиналысына салып, тағдырларын тәлкекке ұшыратты. Қазір уақыт басқа, заман өзге, өз тілімізде еркін сөйлейміз, тарихымызды еркін айтамыз, ешкім жазаламайды. Тарихымызды да, мәдениетімізді де, құндылықтарымызды да ілгерілете алатын дәрежеге жеттік.

Әлем халықтары өздерінің құндылықтарын ұзақ ғасырлар бойы сақтап, бүгінге жеткізді. Соларға үңіліп қарасақ, алдымен тәуелсіздіктерін, ұлттық мәдениеттерін және тарихын көреміз. Сондықтан осы мәжілісте де ылғи рухани дүниелердің айтылғанын, қолдау тапқанын қалаймын. Басты құндылық – егемендік пен мемлекеттік бірлік емес пе? Ендеше, мен де бабаларымыздың мемлекеттік бірлікті қалай орындап келгенін айтқым келеді. Жаңа Әділ Ахметов дипломатиялық ауызбірлік мәселесін қозғады, соған қатты разы болдым. Моңғолия тәжірибесінде ел бірлігі мәселесін екі жікке бөліп қарауға болады. Біріншісі, ел бірлігінің орнап, қалыптасу сатысы. Екіншісі, ел бірлігінің дамуы, нығаюы, күшеюі. Моңғол тарихында түрлі тайпалар бір-бірін жаулап, айқасып жатқан кезеңдер өткен. Олар өзара алауыздықтың ұзаққа созылуынан ортақ мәмілеге келуді амал жоқтан ұғынған-ды. Ол тайпалардың қалай біріккені Шыңғыс ханның тарихынан бәрімізге белгілі. Онда Шыңғыс хан жауласқан тайпасымен антқа келіп, арақатынасын жақсартады. Тағы айта кетерлігі,

Шыңғыс ханның өрлеп-өркендеуіне көшпелі тайпалардың қыз алып, берісу дәстүрі сеп болды. Ол осы салт-дәстүрлерді тайпааралықтан бастап, мемлекетаралық деңгейге көтерді. Ел бірлігін осылай ұйымдастыру ұлы мемлекетті жасақтауға бағытталған күш болды.

ХХ ғасырда ел бірлігіне сызат түскені рас. Яғни, хандық иеліктің іргесі сетіней бастады. Үлкен қағандық жойылып, кіші-кіші хандықтар пайда болды. Ұлы империяны құру қаншалық қиын болса, оны таратып жіберу соншалықты оңай құбылыс екен. Бұл тарихи жазбалардан аян. Жоңғар ұлысы деген бәрімізге таныс, олар әлемде кішкене империя орнатқаны айтылады. Алайда, ішінара ыдыраудан тез күйреді. Сондай елдердің тарих сахнасынан кетуі мәдениеттердің, дәстүрлердің жоғалуына алып келді. Қазір

Моңғолияда да үш-ақ миллион адам өмір сүріп отыр, жерін де біреу алып қойған, бұған елдің алауыздығы жеткізді. Осындай мәселелердің алдын алу үшін, біз ортақ күш болып, бірлесе күресуіміз қажет.

Берекет КӘРІБАЕВ, әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы:

– Қозғалып отырған тақырыпты мынадай тезистер түрінде айтсам. Біріншісі, қазіргі кезде мемлекеттілікке қатысты қызығушылықтар тууда. Бұл ең алғаш ХІХ ғасырда, Еуропа мемлекеттері отар елдерді жаулап ала бастағанда пайда бол-ды. Отаршыл мемлекеттердің гуманитарлық бағыттағы ғалымдары, философтары, тарихшы-лары өздерінің сыртқы саясаттағы әрекеттерін ақтауға тырысты. Олар отар елдерге прогресс алып бара жатқандарын алға тартты. «Отар елдердің тарихы, мемлекеттігі болған жоқ» деген теорияны дәлелдеп бақты. Гегельдің, Канттың бұл айтқандары кейін бүкіл еуроцентристік теорияларға негіз болды. Ол: «Көшпелілер өз бетінше мемлекет құра алмайды» деген. Мұны ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында ресейлік тарихшылар да қолдады. Дегенмен, орта ғасырлық тарихта патша, хан, сұлтан деген ұғымдар жиі кездеседі. Осыдан кейін олар басқа теория ойлап тапты: «Көшпелі елдер қашан отырықшы елдерді жаулап алады, сонда ғана олар мемлекет құра алады».

Екінші, көсемдік теориясы – Шыңғыс хан құрған мемлекет – мемлекет емес, Шыңғыс хан – көсем, тұлға, ол өлгеннен кейін мемлекет ыдырайды. Дегенмен, ХХ ғасырдың жиырма-

сыншы-отызыншы жылдарынан бастап көшпелі феодализм пайда болып, «Көшпелілерде мем-лекет болуы мүмкін, көшпелі қоғам да мемлекет құра алады» деген теория шықты. Осының негізінде Қазақстан территориясында болған мемлекеттердің тарихы баяндала бастады. Ал Қазақ хандығы құрылғанға дейін Қазақстанда үлкенді-кішілі жиырма саяси құрылымдар, мемлекеттер өмір сүрген. Мұның бәрі – Қазақ хандығына дейінгі ізашар, тіпті, түп тамыры. Ел-басы Нұрсұлтан Назарбаев «Тарих толқынында» атты кітабында «Қазақ хандығы – Орталық Азия аумағындағы алғашқы ұлттық сипаттағы мемлекет» дейді. Расында, Мауреннахр тұсында мемлекеттер болды, бірақ Өзбекстан кейін пайда болды, Тәжікстан да басқаша аталды әу баста...

Жазып алған: Асхат РАЙҚҰЛ

Page 8: 110 (3167) 2014-09-30

8www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

– Әкем Ұлы Отан соғысында Сталинград түбіндегі шайқаста қаза болған. Тоғыз жасымда анамнан айрылып, жетімдер үйін паналадым.

«Қатал тағдырдың маңдайға жазғанын қарашы. Егде тартқан шағында да қарттар үйінде жатып, жетімнің күйін кешіп отыр» деп ойладым еріксіз...

– Бір жылдан соң әкемнің туған ағасы соғыстан оралып, мені Алматыға алып кетті. Жақындарымның қолында дәнемеден кемдік көрмей өстім. Техникумға түстім. Өте жақсы оқыдым. Оқуды бітірген соң тұрмысқа шықтым. Ұлымыз дүниеге келді. Он алты жылдан кейін жолдасым қайтыс болып, он бес жастағы ұлым екеуміз жалғыз қалдық.

Мария апа толқып кетті білем, ары қарай «Ұлым қазір 56-да. Шеше болғаннан кейін бар жақсылығымды жасап өсіріп едім. Құлыным ешкімнен кем болмасыншы деп жанымды аямай жұмыс істедім. Өмірімнің мәні – Серік ұлым... Балам, балам...» деп көзінен моншақ-моншақ жас үзіле берді. «Анасын тастауға не итермеледі? Жоқ, бұл сұрақтың өзі орынсыз ғой! Қандай жағдай болмасын, оның бұл озбырлығын түсіне алмаспын, ақтауға келмейді де!» Қас-қағым сәтте санамда сан түрлі ой, сансыз сұрақ кезіп жүрді. Жауабы оларға ғана мәлім.

– Әскерден келісімен ұлым үйленді, - деп әже әңгімесін жалғастырды, - Келінімді қызымдай көрдім. Екі немерем дүниеге келіп, әже атанғанымда менен бақытты жан болмағандай сезілді. «Көңіл сыйса, бәрі сыяды» дегендей, бір бөлмелі пәтерде тату-тәтті өмір сүрдік. Бесіктегі күнінен бастап өсірдім немерелерімді. Келінімнің сүті болмай, кішкентайларды анда-мында апарып, үйтіп-бүйтіп емізіп жүрдім. Білесің бе, қызым, балам мен келінімнің арасында сәл ғана жанжал шыға қалса, үнемі келініме жақтасатынмын. Сол үшін әлі күнге дейін өкінемін, - деп Мария апа ауыр күрсінді.

– Бір күні бейтаныс нөмірден бір келіншек қоңырау шалды да «Келініңіз бізге осыншама ақша қарыз (әжептәуір

көп қаражат еді). Анам түрмеде отыр. Егер ақшаны қайтармасаңыздар, келініңіз де темір торға қамалады» деп үрейімді ұшырды. Қорыққанымнан «Қой, құрысын, бәлесінен аулақ! Менің пәтерімді сатып, қарыздарыңнан құтылыңдар» дедім.

Содан немерем Қарағандыдағы полиция қызметін оқытатын институтқа түскенде бірге еріп бардым да, үш жыл бойы пәтер жалдап тұрдым. Ол кезде зейнеткермін. Ұлым: «Апа, жағдай тұрақтанғанша, сен Алматыдағы саяжайыңда тұра бер. Өзіміз алып кетеміз» деген соң сұп-суық үйде «бур-жуйка» темір пешінің қасында бүрісіп күн көрдім ғой. Бірақ, «пенсиям» бар, құдайға шүкір, жоқшылық көрмедім. Ұлымнан еш хабар жоқ. Ешкім жағдайымды сұрап келмеді де. Он жылдан кейін ғана немерем келіп, қалт-құлт етіп отырған мені көріп, Астанаға алып кетті. Барсам, олар кредитке белшесінен батқан екен, үш ай бойы зейнетақымды соларға беріп, тоңазытқышты азық-түлікке толтырып жүрдім. Ұлым жұмысқа тұрғанда өз жиған-тергенімді оңды-солды шашуды қойғаным сол еді, келінім суық қабақ таныта бастады. Таң атпай айқай-ұйқайға салып, менің сол үйде тұрғанымды жақтырмады. Онысын ашық көрсетті. Ұлым әйеліне қарсы жақ ашпады да...

«Оған да шыдадым» дейді әже. Келіні Мария апаны дастарқан басына да шақырмай, тіпті оның ыдыс-аяғын да ас бөлмесінен шығарып тастаған көрінеді.

– Азын-аулақ жейтінімді дүкенге барып ала-тынмын. Мені танымайтын бөтен қыздардың өзі «әже, ауыр ғой, көтерісіп жіберейік» деп есік алдына дейін шығарып салатын. Жаңа тоңазытқыш алынған соң, тіпті, «Жақындама, шаруаң болмасын» деп жазылған қағазды маңдайшасына іліп қойған. Ас бөлмесіне онсыз да кірмеймін! Кіргім де келмейді! - деп ашулы үнмен қатқылдана сөйлей бастады апамыз.

– Бірақ, бірде ұлым үйге үлкен дорбаны арқалап кіріп келді де, қайта шықты. Ішінде өмірімде көрмеген бірдеңе бар екен. Жеміс пе, басқа ма, білмеймін. Дәмін көргім келді

де, бір үзімін кесіп алып, өз бөлмемдегі үстелге қойып қойдым. Сол қалпы әлгіні жеуді ұмытып кетіппін. Кешке келін айқау-шу көтеріп: «Сенің анаң ұрлықшы, бар да айт!» демесі бар ма балама! Жан-жүрегімді қарс айырғаны, балам сол кезде маған жетіп келіп:

– Сенің біздің тамағымызда нең бар! Ұрлықшы екенсің ғой нағыз! Неге ұрлайсың тамақты! - деп өзіме тап берді. Өз естігеніме сенер-сенбесімді білмедім. Сөздері сүйектен өткені сонша, «Мен сенің анаңмын ғой! Әйеліңнің аузына қақпақ қойып, мені қорғай алмаймысың?! Бар кінәм – сендерді бағып-қаққаным ба? Дәмі қандай екен деп қызығып, кесіп алып ем. Жеп те үлгерген жоқпын. Мә, алыңдар!» деп ағыл-тегіл жылап, әлгіні бетіне лақтырып жібердім.

Бұдан кейін де Мария әже келініне «Ұлымның үйінен ешқайда кетпеймін! Өлсем, өлігім осы үйден шықсын» деп айтатын. Алайда, мына бір жағдайдан кейін бар амалы таусылған көрінеді...

Шай ішемін деп, қайнаған суды шыны ыдысқа құйып, көтеріп бара жатқанында келіні қолынан қағып жібереді. Ып-ыстық су быж етіп, әженің беті-аузы күйіп қалады. Телефонмен ешкімге хабарласпасын деген оймен келіні оның көзінше ұялы телефонын аяғымен тепкілеп, быт-шытын шығарады. Сол телефонды шүберекке түйіп алып сақтап қойған екен. Маған көрсетті. Өне бойым түршігіп кетті...

Мария әженің құрбылары қарттар үйіне кетуге кеңес беріпті. Бір шаңырақ астында күн көру мүмкін болмаған соң, киім-кешегін жинап, Астанадағы Қарттар үйіне өз еркімен барады. Құлағы тыныш болса да, көңілі мазасыз. «Мен шөбере сүйгім келеді. Ел қатарлы әже болғым келеді» дейді Мария апа. Төсегінің бас жағында жас күнінде баласымен құшақтасып түскен суреттері ілулі тұр.

Ең өкініштісі, әжеміздің баласы бар болғандықтан, Қарттар үйінде тегін жатуға мүмкіндігі жоқ. Өз қалтасынан төлейді, бірақ зейнетақысы да жетпейді, қалған 3-4 мыңды достары жіберіп тұрады екен. Ал, баласынан әлі күнге дейін еш қайыр жоқ...

Мәдина ЖАҚЫП

Заман бір орнында тұрмайды, сынаптай сырғыған уақыт ұстатпайды да. Бұлай дейтінім, кешегі жап-жас маман бүгінде зейнеткер атанып отыр. Бүкіл саналы ғұмырын азаматтық хал актілерін тіркеу саласына арнаған, бойындағы білімі мен білігін нақты істерімен дәлелдеп, ел-жұрттың ерекше ықыласына бөленген Рыскүл Байғазықызы осы қызметте бақандай отыз бес жыл жұмыс атқарыпты.

Адам бойындағы асыл қасиеттер мінезден туындайды десек, оған ана сүтімен бойына біткен адамгершілік қасиеті, ақиқат пен әділеттілікті жоғары қоятындығы, бауырмал жанашырлығы, халық мүддесіне қызмет етуге құлшынысы абыройын асқақтата түсіп, бойындағы а з а м а т т ы ғ ы м е н п а р а с а т т ы л ы ғ ы жетістіктерге жетелеп, табыстарға кенелтті.

«Асыл адам айнымас» деп Абай айтқандай, Рыскүл Байғазықызының асып-тасып кеуде керген, менменсінген кезі жоқ. Сөзі мен ісі бір арнаға тоғысып, сұлулығы мен мәрттігінен құбылған емес. Шаңырақтағы жарасымды тірлігімен, дос-жаранға деген сыйластығымен жастарға үлгі-өнеге болды. Туып-өскен өлкесіне терін төгіп, ерен еңбегі еленіп, түрлі марапаттар иеленді. Қазір ол Астана қаласы Әділет департаменті АХАТ мұрағатының меңгерушісі болып жұмысын жалғастырып келеді, жастарға кәсіби маман ретінде жұмыстың қыр-сырын үйретуден жалықпайды.

Бақытжамал БАЗАРБАЕВА,

Есіл аудандық Әділет басқармасының бөлім басшысы

Page 9: 110 (3167) 2014-09-30

9www.astana-akshamy.kz

Театрдың сегізінші маусымының ашылуын асыға күткен көрермен қауым үшін Астана қалалық Жастар театрының сахнасында қаламгер Қанат Жүнісовтің шығармасының қойылуы үлкен жаңалық болды. Қойылымды көрген адам басынан кешкен бал күндеріне, оқушы кезіндегі оралмас сәттеріне қайта сапар шеккендей әсер алары сөзсіз. Жас режиссер Дәурен Сер ғазин жазушы шығармасын көкірек көзінен, жүректен өткізіп, оған өзгеше бояу, көркем нақыш берген.

Алдымен көңіл аударар образ – Қанат. Ол шығарманың жүгін арқалап тұр ған негізгі кейіпкер. Оқушылардың ішіндегі ең бұзақысы сол болғанымен, ақынжанды, жүрегі нәзік, ғашық болған адамы үшін өмірдің қай тосқауылына да қарсы тұратын тәуекелшіл жігіт. Қанат рөлін кейіптеген Нұрлыбек Төлеген өзінің өзгеше ойынымен, ғашық атаулыға тән албырт сезіммен бозөкпе бозбаланың мінезін жақсы ашып берген. Содан ба, жеңіл комедия көпшілік назарын өзінен алыстатпай, бір ендікте ұстап, сахнаға ұмсындыра түсті.

Мәдина Май ойнаған Гүлзат бейнесі де қызу дайындықтың жемісі. Бозбала сезімін баурап алатын тылсым күш, жақсы қасиеттермен көмкерілген ажар әйелдің тал бойына тоғысқандай. Дәл осындай сәтті шыққан бейнелерге мектеп директорын (Б.Құсанбаев), Қайрошты (Е.Тілеукенов), Батырды (Е.Шайкенов) жатқызған жөн болар.

Жақында Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің 1-дәрежелі лауреаты, «Шалқар» радиосының бас редакторы, ақын Серік Сейітманның «Қарашаңырақ» атты жаңа кітабының тұсауы кесілді.

Алғашқы «Қазақтың қаны» кітабымен үндесіп жатқан екінші бұл жыр жинақ зиялы қауым мен оқырмандар тарапынан оң бағасын алып үлгерді. Алдыңғы толқын ағалары Несіпбек Айтұлы,

Серік Тұрғынбекұлы, Көпен Әмірбек, Амангелді Кеңшілікұлы, Әшірбек Сығай тұсаукесердің қадірлі қонағы болып, Серік ақынның қазақ әдебиеті атты қарашаңырақтың табалдырығынан аттаған қадамына құт тіледі.

Ақынның өзі қолтаңбасымен қолыма ұстат-қан кітабына мен де бар зейініммен зер са-лып, әр бетін байыппен парақтап шықтым, «Қарашаңырағына» қонақ болдым. Сапалы қатталған кітаптың мұқабасы қарапайым әрі көркем. Шаңырақ бейнелі өрнек ақынның

мөрі іспетті. Өлеңдері кереге болып өріліп, «Шумақталмаған ойлары» уық болып шан-шылып, қазақы рух пен ділдің шаңырағын көтеріп тұрғандай. Өне бойы бір-бірімен берік байланысқан өлеңдер, сәнін ашқан сәтті сурет-тер, жалпы сырты мен іші әдемі үйлесім тапқан көркемдік шашауы шықпаған ұқыпты, жұп-жұмыр жыр жинағы екенін аңғартады.

Ал, енді «Қарашаңырақтың» қайнарына бой-лап көрсек. Серік Сейітманмен арамызда болған әңгімеде автор кітаптың көксегені ұлт бірлігі екенін баса айтты. Аталар арманы – қалың қазақ бір шаңырақ астында бір үйдің баласындай бірлігі тас-түйін бекем болуы. Оған Абайдың «Біріңді қазақ бірің дос, көрмесең, істің бәрі бос» және жыраулар айтқан «Айнала алмай ат өлсін, айыра алмай жат өлсін, жат бойынан түңілсін, бәріңіз бір анадан туғандай болыңыз» деген сөз дерін дәлел етті. Жинақтың «Қарашаңырақ» ата-луының мәні де осында. «Отбасыңа қалай жау-апты болсаң, Отаныңа да солай жауапты болуың керек» дейді ақын. Ол ойын кітаптағы бір ғана «Қарашаңырақ» өлеңі айқын анықтап тұр. Өлең:

Қарашаңырақ!Сенен асқан кие жоқ,Атам кетіп, әкем қалған ие боп.Әкем кетсе, орнын басар кенже бар,Қаскүнемге қақ шекеден тиеді оқ, -

деп басталып бір отаудың қасиеті бүкіл Отанның қасиетіне қарай ойысады. Бастапқы шумақ соңында сәл өзгертіліп бір әулеттің ғана емес, дүйім жұрттың жүгін көтереді. Қараңыз:

Қазақстан!Сенен асқан кие жоқ,Бабам өткен, атам өткен ие боп.Тасың түгіл, тасбақаң да аманат,Қаскүнемге қақ шекеден тиеді оқ.Ақынның өз Отанына, ұлтына, тіліне, дініне

бар болмысымен берілгенін әрбір өлеңінен байқауға болады. «Малым – жанымның, жаным – арымның садағасы» деген аталы сөзді одан әрі «Қаным бар – қаныма садаға!» деп аша түседі. Яғни, бір қазақ бар қазақ үшін құрбан болуға дайын. Мысалы, «Бәтеңке» атты өлеңінде

«Ешкімге ешкім бәтіңке болмасыншы, Мен тозайын қазақтың аяғында» дейді. Сондай-ақ, «Менің махаббатым» өлеңінде жан мен тәні бірлесіп түгел қазаққа қызмет етіп тұрғандай.

Серіктің қаламынан қоғамдағы белең алған дін мәселесі де тыс қалмаған. «Қазақтың ұлттық қадір-қасиетін күстаналайтын, қисынға кел-мейтін «бәтуалар» бірлігімізді ыдыратады» деп күйінеді ақын. «Келініме», «Мұсылман сипаты» сияқты өлеңдерінде осы жағдайларды тілге тиек еткен.

Қазіргі қарияларға көңіл толмаушылық «Ақсақал», «Сарқыт», «Серіктің батасы» өлеңдері нен көрініс тапқан. Ал, «Кемпірлермен билегенді ұнатам» деген жырда қыз-келіншек-терді сынап-мінеу бар.

Арқалар жүгі бар жинақта «Мәңгілік елміз» деген салмақты ой жатыр. «Домбыра» атты өлеңде:

Нағыз қазақ арғы атамның баяғы,Арғы өмірге аттап кеткен аяғы, -

деп өлмес рухты көрсетсе, «Менің ағаларым» өлеңінде:

Бәрі бір боп «тарих» дейтін ұстаға,«Өлмес қазақ» ескерткішін жасатпақ, -

дейді. Ал, «Тәуелсіздік», «Мәңгілік Ел» өлеңдерінде Қазақ елі жайында асқақ сезіммен жырлайды.

Серік Сейітман бұл кітабын бар қазақтың бас қаласы Астанаға арнайтынын ерекше атап өтті. «Елорданың еңсе көтеруіне мен де бір үлесімді қоссам» деген жүрек сөзі «Есіл – ер», «Астанаға оралу», «Астана көшесінде...» өлеңдерінде айрықша кестеленеді.

Бұл көшімнің болмауы үшін арты азап,Кей достарым суық деді Арқа жақ.Тұтастығым көзден бұлбұл ұшпай ма,Жылы жаққа ауа берсе әр қазақ! –деп қазақ жерінің тұтас болуы ойтұтқасы

екенін жеткізеді.Отаншыл ақынның отты жырлары топтас-

тырылған бұл кітаптың қарашаңырақтай қадірлі болуына тілекшіміз!

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Жүрек тербеген туынды

Ал, біз басында айтып өткендей, театр дан тыныс алып шыққан көрер-меннің көкейінен кетпей, әңгімелеріне арқау болып, кейіпкерін де, көрерменін де «мысықша мияулатқан» келесі бейне – белгілі актер Әділ Ахметов жан бітірген Айбол образы. Сахнаны еркін меңгеріп, елдің ықыласына бө ленген актер бұл жолы ерекше ше-берлігімен көзге түсті. Жасыратыны жоқ, баспасөз беттерінде еміс-еміс Әділ дің актерлігі бірсарындылыққа, бірізділікке салынып бара жатқан-ды ғын, кейіпкерлерінің бірі-біріне

ұқсап кететіндігі туралы жазылып та жүрді. Міне, бүгін осы ойларды Әділ жоққа шығарды. Ол образды биік деңгейіне дейін көтере келіп, осындай жағымсыз типтердің жәдігөйлігін жеріне жеткізе бейнеледі. Мысық мияуын келістіре салған Айболдың иненің көзінен өтетін айлакерлігін мойындамасқа әддің жоқ.

Әрине, сахнаға шыққан қандай туынды болмасын, актердің солғын ойнауға қақысы

жоқ. Ал, театрға енді еті үйреніп келе жатқан жас орындаушылардың шеберлігін ұштауда немесе олардың рөл жасау сәтіндегі алғырлығын рет-теуде бұл қойылым алдағы уақытта өз міндетін толығымен орындайтына сеніміміз мол.

Жан-жақты шығармашылық ізденіс-терін, сан алуан көркемдік бейнелеу тәсілдерін қарастыруда Д.Серғазин режиссурасы өзінің өсу қарқынын еселеп келеді. Оған қойылымның безендірілуі де, әуен сазбен орын-

ды астасып, бимен серпін алуы, көркем туындының түлей түсуіне

өз септігін тигізген. «Алғашқы махаббат» – елордалық театр-дың үлкен табысы. Сонымен, актер Дәурен, режиссер Сер-ғазин өнер өріне тағы бір батыл

қадам жасады. Ұстаз бен шәкірт арасындағы махаббат тоғыспаса

да, өз арнасын тауып, өзгеше шешілді. Ал, мектеп директоры мен

ауыл тұрғыны Айболдың мысықша мияулап қала беруі көңілге қонымды финал. Қазақтың әр ауылында тіршілігі тасада қалып, жастық шағы ұрланып, уақыты зымырап өтіп жатқан өмір кейіпкерлері көп-ақ...

Біз жатақханаға жеткен соң да сту-денттер спектакль туралы ұзақ тол-ғанды. Жарайсың, Жастар театры!

Мирас ӘБІЛ ,Қазақ ұлттық Өнер

университетінің 4-курс студенті, театртанушы

Page 10: 110 (3167) 2014-09-30

10www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

Таласбек ағаның қазақ әдебиеті мен өнерінде, киносында ойып алған өзіндік орны бар екені шындық. Оның бағына кейінгі уақытта кино өнерінде Досхан Жолжақсынов сияқты дарын иесі жолықты, екеуінің шығармашылық одағы екі бірдей көрнекті фильмнің жарығын жақты.

М е н А л м а т ы д а к ө п т ұ р м а д ы м . Сондықтан Таласбек ағамен етене арала-са қоймадым. Әдебиеттегі кейінгі толқын інілері Таласбек ағаның энциклопедиялық білімі бар екенін пір тұтып сөйлейтінін талай естідім.

2002 жылы Таласбек ағамен «Сорос-Қазақстан» қорының «Қазіргі заманғы қ а з а қс т а н д ы қ р о м а н » а т т ы ж а б ы қ конкурсының алғашқы нәтижесі шығып, Алматыда баспасөз конференциясында та-ныстым.

Кітап шығару авторлар үшін қиынға айналған өлара заманда, қазақ әдебиетінің мәртебесін асыру мақсатымен жабық конкурсты ұйымдастырып, бес бірдей автордың жүзден жарып шығып, бес кітаптың аяқ астынан жазылуына жол са л ып берген асыл д ың т ұяғы Мұ рат Мұхтарұлы Әуезов еді.

Дөңгелек үстелде Таласбек Әсемқұлов өзін еркін ұстайтын қалпымен Мұ рат Мұхтарұлына осы бір құнды идеяны, ірі әдеби жобаны жүзеге асырғаны үшін алғыс айта келіп, «Менің бұл грантты жеңіп алғаныма ең әуелі әйелім ерен қуанды!» деп айт қаны ойымда қа л д ы. Ба л аша қуанып, мәз болып, жайраңдап отырды. Шығармашылық, сөз өнерін ұстанатын жұртшылыққа бұл сын кез еді. Әдебиетте тек жанкештілер қалды.

Бақ сынасқан шығармалардың ара-

Көрші еліміз Өзбекстанда зейнеткерлерге тиетін пұл зейнетақымызға қарағанда өте аз. Ол жерде мен құрметтейтін талай адамдар бар. Күнкөріс ү ш і н әл і де е ң б е к те н қол үзбеген. Мақта, бау-бақша егіп, күнделікті қажет заттарын жаз

сынан іріктеп таңдап алуға сарапшылық жасайтын төрешілер – зиялы қауым ара-сында биік адамшылық, азаматтық, кәсіби сыншылық қасиетімен танылған Зейнолла Серікқалиев пен белгілі сыншы Виктор Бадиков болғаны көп сырдың ұшығын аңғартады. Зейнолла ағаның асқан әділдігі, авторын білмей, код арқылы бағалаған кісілігі болмаса, «Мұнара» атты шағын романым жазылмас та еді. Марқұм Зейнол-

ла ағаның асыл рухына бас иемін. Бұл кон-курс менің түсінігімде қаламақысыз, кітап шығару мұң болып, жетімсіреп жүрген, дәу ірге өкпелі шағымызда әдебиет ті мейлінше қолдап, мерейін асырды.1913 жылы ағартушылыққа ат салысқан, елінде мектеп ашқан жет іс улық Маман бай қазақ романына бәйге жариялап, қазақ прозасының алғашқы қарлығаштарын ұшырғаны жадқа оралады.

Осы конку рста жүл де алған Дидар Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар» атты туындысы 2013 жыл аяғында ағылшын тіліне аударылып шықты.

Тұсаукесерден соң бір топ – Зейнолла Серікқалиев, Таласбек Әсемқұлов, Әлия Бөпежанова, жас жу рна лист Мақпа л Қаратайқызы, бәріміз кафеге бардық , фотоға түстік, дастарқан басында әдебиет жайын әңгіме қылдық.

Таласбек Әсемқұловтың «Талт үс» атты романын белгілі жазушы Жүсіпбек Қ о р ғ а с б е к т е л е э к р а н м е н г а з е т т е та лқылау ға сеп болып, сыншы қау ым өз б а ғас ы н б е рд і . Бұ л р о ма н д а к ү й мен кү йшілік өнері , қазақ х а лқының дүниетанымы, жылқы жайы тереңінен толғап, өнер қонған адамның тағдыры айтылған.

Т а л а с б е к Ә с е м қ ұ л о в т ы ң публицистикалық жазба, эсселері ерекше құнды, тақырыпты ашуда тұңғиық білім мен айрықша пафос білінбей қалмайды.

Таласбек ағаның өмірде адам баласы-на тән өкініші де болғанына күмән жоқ. Әдебиет әлемі ешқашан ауыртпалықсыз емес, теңіз беті тымық көрінгенімен, с у астында бітіспес шайқастар, өзара кіркілжің-реніштер, бақталастық тын-шымай жатад ы. Сондай сәт ке кейде ұрынғаны үшін ол жаны жабырқап, шын өкінген шығар. Баршамыз Абай хакімше, «Өкінішті көп өмір кеткен өтіп» деп айтар шақтардан азат емес екеніміз тағы ақиқат.

Та л а с б е к а ғ а н ы ң р у х а н и б ол м ы -сы күй ойнағанда жарқырай ашылатын сияқтанды. Бір-ақ мәрте күй ойнағанын көрдім, ол Астанадағы Ұлттық академиялық кітап х анада «Шығыс Қазақс танның музыкалық мұрасы» атты 18 CD аудио-дискі жарық көрген тұсаукесерде Байжігіттің күйін шебер орындады. Домбырасын алмай келген екен, жұрт қолқалаған соң, бөтен домбыраның құлағын келтіріп, күй тартты. Нағыз виртуоз, асқан күйші екенін сонда алғаш рет, енді ойласам, соңғы рет көрдім. Ол Парижде күй тартқан санаулы қазақ күйшісінің бірі ғой.

Таласбек ағаның артында биік өнерін өлтірмейтін қазақ елі, Зира Наурызбаева-дай сүйікті ғалым жары, балалары қалды. Рақымы мол Алла Тағала марқұмның ал-дынан жарылқап, иман байлығын берсін.

Айгүл КЕМЕЛБАЕВА, жазушы

ÊÅÌÅË ÇÅÐÄÅ, ÊÅÍÅÍ ÄÀÐÛÍ ÈÅÑI ÅÄI

бойы жинақтап алады.Ал алыстағы неміс еліндегі зей-

неткерлер өз өмірлеріне ерек-ше риза. Мен Германия еліндегі неміс зейнеткерлер қоғамының дема латын орындарының бірі «Internationales Haus Sonnenberg»-те бірнеше рет талай ұлт өкілдерімен

кездесіп, түрлі мамандық иелерімен сұхбаттастым. Неміс мұғалімдері бізге қарағанда жақсы зейнетақы алады. Сол сияқты, кезінде соғысқа қатысқан жауынгерлер де толық м е м л е ке т т і к жә рде м а қ ы м е н зейнетақы алады. Орташа алғанда олардың айлық зейнетақылары

– 3500 еуро көлемінде. Әрине, бүгін біз біреуден артық, біреуден кем өмір сүріп отырмыз. Бірақ, менің ең бақытты шағым екені анық. Олай дейтінім, балалары-мыз, немере, жиендеріміз, туған-туыстарымызбен бірге аман-есен болашағына нық қадам жасаған елде

өмір сүріп отырмын. Елбасы зей-неткерлерге ерекше қамқорлық жасағаны бәрімізге аян. Со-нымен қатар Астана қаласында өмір сүргеніміздің өзі – Тәңірдің берген сыйы. Астанада зейнет-керлерге жасалатын қамқорлық ерекше. Қызмет жасаған жұмыс орындарымызға барып, кешегі әріптестеріміз, бүгінгі зейнеткер-лер бас қосып, бір жасап қаламыз. Қ а л а б о й ы н ша те г і н ж ү р і п т ұ рғанымыз, театр, кештерде бас қосқанымыз неге тұрарлық?! Біздің бар тілегіміз – еліміздің тыныштығы, деніміздің саулығы, отбасымыздың амандығы.

Мағрифа СЕЙТБАТТАЛОВА, Қазақ КСР оқу ісінің үздігі,

зейнеткер

Page 11: 110 (3167) 2014-09-30

«Астана қаласы мәслихатының аппараты» ММ Астана қаласы мәс ли хаты аппаратының мемлекет тік қызметшілері

сыбайлас жемқор лық қа қарсы күрес заңнамасын, «Мем ле кет тік қызмет туралы» Қазақ стан Республикасының Заңы мен

Ар-намыс кодексі нормаларын бұзу мәселелері бойынша хабарлау үшін сенім телефоны нөмірін хабарлайды: 55-66-35

,

11www.astana-akshamy.kzE-mail: [email protected]

Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен

қамту орталығы» КМК-ге хабарласыңыз!

Мекенжайы: Астана қаласы, Брусиловский

көшесі, 17/3, Бизнес-орталық

ғимаратының 2-қабаты. 104,5,14,34 автобустарымен келу-ге болады. Анықтама

алу телефоны: 57-88-88.

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

ÀÑ ÄÈÇÀÉÍÅÐ

Ò

15100Ò

ÄÈÐÅÊÒÎÐ-ÁÀÑ ÐÅÄÀÊÒÎÐ

1. 0003199 13.07.2009

2. 13009219

3.

4.12.10.2007

Page 12: 110 (3167) 2014-09-30

12www.astana-akshamy.kz

E-mail: [email protected]

н сегіз мың да бір ғаламның арқауын ширатып, байтағын

ж ы л ы т қ а н т і р ш і л і к атаулының тынысына

әлмисақтан бір-бірімен бітіспестей, ірге ажыратып,

алшақ та қонбастай қарама-қайшылық дарыпты. Ізгілік пен жауыздық... Өмір мен өлім... Ма-хаббат пен ғадауат... Қуаныш пен қайғы... Жұлын өзекті, жұмыр басты пенденің аз ғана алаң ғұмырында ақ пен қарадай алмасып, ақиретке дейін алды-нан шығып отырар осынау қос ұғым, жұп-жарма түсініктің тал бойында жаратылыстың жара-сымына тірек болып, жалғасына тін бітірер бір тылсым құдіреттің бары кәміл. Иә, жамандыққа кезікпеген жақсылықтың қадырын парықтамайды. Дала ғұламасы Шәкәрім қажы айтқандай, басы аман, бауыры бүтінінде ақиретін ойламай, жалғанның қызығын қамсыз қарпып, жойдасыз жай-пап қалуға ғана бейіл жан артына жарқын із қалдырып, ізгілікті іске тұтқа болып та жарытпасы белгілі. Өйткені...

Өткен жұмада Қазақстан Р е с п у б л и к а с ы н ы ң Ұ л т т ы қ музейінде қазіргі заманның жаһан жұртшылығына танымал маңдайалды суретшілерінің бірі – соңғы жылдары тұманды Альби-он төсіне тұрақтаған израильдік Цадок Бен-Давидтің «Түн ортасының арғы беті» атты үш инсталляциялық экспозициядан құралған жеке көрмесін тамаша-лау сәтінде көңіл толқып, көкейге әлгіндей ой қонақтағаны рас.

Жалпы, Қазақстан талғамына тұңғыш ұсынылып отырған атал-мыш көрменің жанрлық һәм ағымдық таңсықтығы – автордың айтар ой, мегзер мұраты көзтанық академиялық немесе авангардтық стилде емес, инсталляциялық экс-позиция әдібінде бейнеленуінде. Ағылшын тілінде «жайғастыру», « қ о н д ы р у » , « қ ұ р а с т ы р у » ұғымын білдіретін инсталляция (installation) атауын бейнелеу өнерінің төріне сүйреп, кәдуілгі сулы да майлы бояудың алуан түсін алмастыра, буырқандыра жазатын картиналар қатарына қоюға алғаш талпынған суретші Марсель Ду-шан сюрреалист бола тұра, бәрібір, бұл бейнелеу ағымы нақышты натурализм мен сыршырайлы реа-лизмнен шылбыр үзіп кете алмаған тәрізді. Әрқилы мүкәмалдардан құралып, бірегейлікке жүгінетін кеңістіктегі композицияны көз алдыңа тосу арқылы астар-лы ой тастап, аңсарлы мұратқа жетелейтін осы өнер түрін кейін Лаури Асталакиномп, Йозеф Бойс,

Роберт Раушенберг, Джозеф Кошут, Эдвард Кинхольц, Илья Кабаков сынды әлемге таны-мал суретшілер жетілдіре түсіп, белгілі бір кеңістік пен уақыт аясындағы рәміздік декорация сипатын дарытуға тырысқаны мәлім. Тіпті, кейбір суретшілердің инсталляциялық туындыла-ры, тастан қашап, шойыннан құймаса да, скульптура қыбына бір табан жақындап қалады. Бірақ оны әртүрлі өнеркәсіп ө н і м д е р і м е н т ұ р м ы с т ы қ бұйымдардан құрастырып, т ұ т а с т ы қ қ а б а ғ ы н д ы р у ғ а талпынатындықтан, бейнелеу өнерінің бастапқы, классикалық машығына көзі үйренген, тіпті, Ван Гогтар малданған «дада-изм» әдібінің өзін «еріккен баланың ермегіне» балай-тын қарапайым көрерменнің ортақол талғамына томпақтау келіп жатады. Сондықтан да шығар, жекелеген шығармалары шетелде жоғары бағаланып, а т а қ т ы П а р и ж к а т а л о г ы -на енген ізденімпаз, талантты суретші, өз жерлесіміз Рәшит Нұрекеевтің инсталляцияларына

таңсық өнер түрі емес, қаңсық дүниедей көз асырып, езу тарта қарайтынымыз. Ал, енді мына дүние жүзіне танылған, Батыс пен Шығыстың талғампаз қауымын тамсандырып, «мүсіндер жа-ратушысы» атанған Цадок Бен-Давидтің Қазақстан ғана емес, күллі Орта Азия аумағында тұңғыш ашылған көрмесіне мәдениет министрі Арыстан-бек Мұхамедиұлынан бастап көзіқарақты астаналықтардың тайлы-таяғы қалмай келуі, әрине, елеулі уақиға. Ұлттық музейдің директоры Д.Мыңбай көрменің ашылу салтанатында:

«... Бен-Давид мырзаның көрмелері Италияда, Герма-нияда, Қытайда, Оңтүстік Ко-реяда, АҚШ-та, Сингапурде, Украинада табысты өткен. Еуропа мен Шығыс Азияның, АҚШ-тың, Израилдің, Австралияның беделді музейлері мен жеке өнер коллекционерлері оның туын-дыларына құрметпен қарайды. Ұлттық музей әлемдік деңгейдегі өнер тарланының көрмесін Орталық Азия мемлекеттерінің а р а с ы н д а б і р і н ш і б о л ы п ұйымдастырып отырғанын мақтан тұтады» деуі әсте тегін емес.

Ұлттық мұражай ғимаратының ү ш қ а б а т ы н б і р д е й а л ы п жатқан, үш пәлсапалық атау, поэтикалық сарынмен бірегей идеялық тұтастыққа тоғысқан авторлық шығарманы тиянақтап, «толыққанды мазмұн бітіру» үшін суретші он көмекшісімен үш

жыл бойы инемен құдық қазғандай мехнат шегулі. Сол еңбегі еш кетпегеніне көңілі тоғайып, көзі қуанғанын өзі де жасырмайды... Әсіресе, құмайт жерге құлпыра өскен 20100 дана өсімдіктен құралған «Blackfield» («Қара алаң») инсталляциясы тот баспай-тын құрыштан электроникалық құралмен ойылған. ХVIII-ХIХ ғасырлардағы викториандық э н ц и к л о п е д и я л а р д а ғ ы өсімдіктердің көшірмесіндей гүл мен шөп түрлеріне бір жағынан келіп көз салсаң, өртең орнындағы өлі түбірдей жансыз, нәрсіз қарауытып, денеңді түршіктіреді; екінші жағынан қарасаң, сұңғат өнері мен таным өресін тал бойы-на тоғыстырған өсімдік мүсіндері алуан түске еніп, бағы тайма, ба-яны тұлдыр мынау жалғанның қызылды-жасылды бояуындай құлпыра көз арбап, сезім баурай-тынын қайтерсің, шіркін. Құдды пәни мен бақидың шегіндей түзіліп, өмір мен өлімнің арасы алшақ еместігін ұқтырар осынау шағын да шалқар кеңістік суретшінің тіршілік туралы метафизикалық тұжырымын түйсіндіріп қана қоймайды, сонымен қатар жерүсті, аспан астында өртеңнің күйесіндей қара дақ болып қалар жауыздық пен жойымпаздықтан бәрібір ізгі амал, іс-ағзам жасампаздықтың мерейі үстем шығарын ишаралайды. Иә, түнекті жарық сейілтеді, тіпті, тастай қараңғы түн қойнауында тіршілік толықси тыным жау-ып, күндізгі тірлігіне, шапқаты

қарекетіне иек артып жатары хақ. Шынында да, келесі қабаттағы кең залға жайғастырылған «The Other Side of Midnight» («Түн ортасының арғы беті») инстал-ляциясы үшін арнайы «қара бөлме» жасақталуы бекер емес-ау. Бұл жердегі флуоресцентті түске боялған 2000-дай көбелек пен түрлі жәндіктерден тұратын диаметрі 3 метрлік дөңгелекке ультракүлгін сәулелер түскен кезде «жан» біткендей жыбырлап сала береді. Ал, енді 22 гүлден құралған «Қара алаңның» метонимиялық жалғасы іспетті «Blackflowers» («Қара гүлдер») инсталляциясын суреші алюминийден қолымен ойып жасаған екен. Мұнда суретші кейбір гүл түрлерін адам бойымен бірдей биіктікке дейін үлкейткен. Мүсіншелердің қою қара түсі мен жіңішке әрі нәзік сұлбасы – суретшінің тіні үзілмес тіршілік болмысындағы екідай тайталас қарымын емес, тұмса тұтастыққа ұмсынған жарасымын көрсетуге мұғдарлы қанатты қиялы мен өрелі ой-аңсарына бағынғаны анық.

Осыдан ағымдағы жылдың 5 желтоқсанына дейін жалғасатын инсталляциялық экспозицияны жасақтауға үш аптадай уақыттарын сарп еткен Ұлттық мұражай ұжымына, әсіресе, көрме кураторы Индира Дүйсебаеваға разылығын білдірген Цадок Бен-Давид мырза:

- «Түн ортасының арғы беті» атты көрмем музейде тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Ал «Қара алаң» атты инсталляция әлемдегі музейлерді 2007 жылдан бері аралап жүр, оған талай жидашылардың көзі түсіп, қымбатқа сұрап, қолқа салғандары болды. Бірақ, мен сатқан жоқпын. Ақ пен қарасы алмасып, аунақшып жататын алаң көңіл мынау дүниеде ақшадан да ардақты нәрселер бар ғой. Өнер тілімен адамдарға осыны аңғартқым келеді - дейді...

Зина ШАДАЕВА,ҚР Ұлттық музейі ақпараттық-

имидждік жұмыстар орталығының

редакторы