ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК...

56
— 1 — АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІН НАСИХАТТАУ МЕН ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ – ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ Ақтөбе қаласы, 2016 жыл

Upload: others

Post on 30-Jul-2020

30 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 1 —

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІН

НАСИХАТТАУ МЕН ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ –

ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ

Ақтөбе қаласы,2016 жыл

Page 2: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 3 —

Әдістемелік құрал Мемлекеттік рәміздерді қолдану мен на-сихаттау мәселелеріне арналған. Кітапшада Қазақстан Республи-касының Мемлекеттік рәміздері жайлы толық мәліметтер жазылған, мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттау және оларды басып шығару саласын реттейтін нормативтік – құқықтық базаға шолу жасалған.

Әдістемелік кітапшада мемлекеттік рәміздерді орналастыру мен оларды ауыстыру тәртібі бойынша нақты ұсынымдар көрсетіл-ген, сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер үшін тәжірибелік ақпа-раттық-насихат құрал ретінде пайдалануға ұсынылады.

Мемлекеттік органдардың басшылары мен қызметкерлеріне, білім беру қызметкерлеріне және мемлекеттік рәміздерге қызығу-шылық танытып жүрген кең оқырмандар қауымына арналған.

Page 3: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 3 —

МАЗМҰНЫ

I. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы ақпатар ������������������������������������� 5

II. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258 Конституциялық заңы ������������������������������������������������������������������ 11

III. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 Қаулысы ����������� 26

IV. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1187 қаулысы �������������������������������������������� 38

V. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1186 қаулысы ������������������� 43

Қосымша ������������������������������������������������������������������������������������������� 46

Page 4: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 5 —

Тарихтан үзінді…

Мемлекеттік рәміздердің ресми бекітілуі

�� 1992 жылғы 4 маусымда Президент Н� Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы туралы», «Қазақстан Респу-бликасының Мемлекеттік Елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекетік гимнінің музыкалық редакциясы туралы» заңдарға қол қойды�

�� 1992 жылғы 6 маусымда мемлекеттік рәміздерді ресми түрде пай-далану салтанаты өткізілді� Қазақстан Республикасы Президенті резиденциясы мен Жоғарғы Кеңестің ғимараты үстіне Мемлекет-тік Ту тігіліп, Елтаңба орнатылды�

�� 1996 жылғы 24 қаңтарда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің консти-туциялық заң күші бар Жарлығы қабылданды�

�� 2006 жылғы 7 қаңтарда Қазақстан Парламенті палаталардың бірле-скен отырысы «Мемлекеттік рәміздер туралы» Жарлыққа өзгеріс-тер енгізуді қабылдады� «Менің Қазақстаным» – «Мой Казахстан» атты әйгілі ән еліміздің жаңа Гимніне айналды�

�� 2006 жылғы 11 қаңтарда Нұрсұлтан Назарбаевтың келесі прези-денттік мерзімге өтуін салтанатты түрде ұлықтау кезінде Қаза-қстанның жаңа Гимнінің ресми түрде тұсауы кесілді�

�� 2007 жылдан бастап 4 маусым – «Қазақстан Республикасындағы кәсіби және басқа да мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына енгізілген өзгерістерге сәйкес, Мемле-кеттік рәміздер күні болып мерекеленеді�

Page 5: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 5 —

I. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы ақпатар

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнелен-ген тік бұрышты көгілдір түсті мата� Туды сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде

нақышталған� Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейне-сі алтын түстес� Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2�

Мемлекеттік Тудың аспан тектес зеңгір көк түсті болуы кездей-соқ емес� Әйгілі Ансельм кестесі бойынша ол – адалдықтың, кіршік-сіз тазалық пен пәктіктің нышаны� Көк түс ынтымақ пен бірлік иде-ясын аңғартады, бейбітшілік, тұрақтылық пен береке-байлық белгісі болып саналатын ашық аспанға меңзейді�

Аспанкөк түс – қазақтың ұлттық бояуының реңі� Ұлттың мен-талитеті, танымы, мәдениеті мен бұл түске деген айырықша ілтипаты осы ойға жетелейді�

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының авторы Шәкен Оңласынұлы

Ниязбеков Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері.

Қазақстан дизайн өнерінің негізін қала-ушылардың бірі�

Ол 1938 жылы 12 қарашада Тараз қа-ласында дүниеге келді�

В� И� Мухин атындағы Ленинград жоғары көркемөнер өнеркәсіп училищесін бі-тірген� Алматы қаласының бас суретшісі�

Page 6: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 7 —

Негізгі шығармашылық жұмыстары: Тараз қаласындағы Ш� Уәлиханов атындағы кинотеатрдың кешенді дизайны (1979, А. Си-моновпен, В. Кузьминмен бірге), «Волоколам бағытында генерал-ма-йор И� Панфилов пен қолбасшы Б� Момышұлы ескерткіші» (1985 ж.), «Жамбыл», «Ана болу бақыт», «Шоқан Уәлиханов», т� б� көркем по-лотнолар, Алматы қаласы елтаңбасының авторы�

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы дөңге-лек пішінді және көгілдір түстес күн сәулесі шашырап тұрғандай әсерде шаңырақтың суреті бейнеленген (киіз үйдің жоғарғы бөлігі). Шаңырақтың оң және сол жағында мифтік қанатты пырақ бейнелен-ген� Жоғарғы бөлігінде үлкен бес бұрышты жұлдыз бейнеленген, ал төменгі жағында алтын түспен жазылған «Қазақстан» сөзі бар�

Жасалу әдісі мен жасалатын материалы, эстетикалық әсері жө-нінен Елтаңба мен Ту арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар� Егер Туда дүниеге көзқарастың жазық кеңістікке байланысты бөлігі көрініс табатын болса, Елтаңба табиғаты, әдетте, көлемге қатысты тү-сініктерге, сол сияқты сәулеттік (архитектуралық) композиция мен пішімге (формаға) қатысты ұғымдарға сәйкес айқындалады�

Көркемдік тұрғысы жан-жақты көзқарастың дәлме-дәл біре-гей үндестігін тапқан� Шаңырақ – киіз үйдің негізгі бөлігі болып та-былады, тіршіліктің бастау алар көзі, адамзат өмірінің маңызды бөлігі�

Page 7: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 7 —

Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары атақты сәулетшілер Шот-Аман Уәлиханов

пен Жандарбек Мәлібеков болып табылады.

Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлиханов – Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, көрнек-ті қоғам қайраткері� 1932 жылы 26 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ау-даны, Сырымбет ауылында туған� Қазақ қала құрылысын жобалау институтында қызмет етті, Алматы қаласы бас сәулетшісінің орын-басары, Қазақстан Сәулетшілер одағының және төрағасы тарих және мәдениет ескерт-кіштерін қорғау Республикалық қоғамының төрағасы� Басты жұмыстары – Алматы қа-ласындағы Т� Бокин, Ә� Жангелдин, Ш� Уәли-

ханов ескерткіштері, «Динамо» стадионын жобалау жөніндегі шығармашылық топқа қатысқан� Алматы қаласындағы Тәуелсіздік монументі авторлары шығармашылық тобының жетекшісі�

Жандарбек Мәлібекұлы Мәлі-беков – Өзбекстанның еңбек сіңірген сәулетшісі� 1942 жылы 24 наурызда Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Екпінді ауылында туған� Ташкент по-литехникалық инстутының сәулет факультетін бітірген� Жо-балардың Бас сәулетшісі, Өзбек өнеркәсіптік ғылыми-зерттеу институтының қала құрылысы шеберханасының жетекшісі� Өзбекстанның Әндіжан қаласындағы әуежайдың, Ферғана қаласындағы облыстық поштаның, Самарқанд қаласындағы драма театры мен орталық кітапхана, Анғара, Ферға-на және Самарқанд қалалары шағын аудандарындағы тұрғын үй құрылыстарының жобаларына қатысқан� Астана қаласындағы 9-16 көпқабатты тұрғын-үйлердің, «Нейрохирургия», мешіт пен «Алатау» тұрғын-үй кешені тәрізді бірнеше жобалардың авторы�

Page 8: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 9 —

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні

Гимн – бұл Ту мен Елтаңбаның музыкалық эквиваленті� Өзін нағыз патриотпын деп санайтын әрбір азамат Мемлекеттік Гимнді бі-луі қажет� Гимн -Мемлекеттік рәміздің бір түрі, оның әуені мен сөзі Мемлекеттік Ту мен Мемлекеттік Елтаңбада айшықталған мағынаны білдіреді� Біздің елімізде Мемлекеттік Гимн күнделікті радио мен те-ледидар басталған кезде және аяқталған кезде орындалады�

2006 жылғы 7 қаңтардан бастап еліміздің жаңа әнұраны болып 1956 жылы жазылған, халық арасында кеңінен танымал, атақты «Менің Қазақстаным» («Мой Казахстан») әні белгіленді� Гимннің сөзін уақыт өлшемімен үндестірген өзгерістерді ел Президенті Нұрсұлтан Назарба-ев енгізді� Сондықтан ол мәтіннің қосымша авторы ретінде көрсетіледі�

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимннің авторлары болып Шәмші Қалдаяқов, Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев табылады.

Шәмші Қалдаяқұлы Қалдаяқов – компо-зитор, Қазақстан Республикасының халық әртісі, Жастар одағы сыйлығының лауреа-ты� 1930 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Шәуілдір ауылында дүниеге келген� Қапланбек зооветеринар-лық техникумын, Ташкенттегі Хамза Ниязы атындағы музыкалық училищені, Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы консер-ваторияны бітірген�

Оның шығармашылық қызметі 1950 жылдан басталады� Халық арасында «Қазақ вальсінің королі» ретін-де танымал композитор 300-ден астам ән жазған� Солардың ішінде халық арасында танымал «Бақыт құшағында», «Бәрінен де сен сұлу», «Қайықта», «Ана туралы жыр», «Ақ ерке – ақ Жайық», «Әнім сен едің», «Ақ бантик», «Кешікпей келем деп ең», «Қайдасың», «Цыған серенадасы» сияқты белгілі музыкалық шығармалар бар� Компози-тордың шығармалары «Әндер», «Бақыт құшағында», «Шәмшінің ән-дері», «Шәмші» атты жәке әндер жинақтарында шығарылған�

Page 9: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 9 —

Жұмекен Сабырұлы Нәжімеденов – бел-гілі ақын, Жастар сыйлығының лауреаты� 1935 жылы Атырау облысы Құрманғазы ау-данының Қошалақ ауылында дүниеге келген� Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы консерваторияны халық аспаптары класы бойынша, Мәскеуде М� Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы жоғарғы әде-биет курсын бітірген� «Жазушы» баспасында, «Лениншіл жас» газетінде, Қазақстан Жазу-шылары одағында, Баспа қызметі жөніндегі

мемлекеттік комитетте және «Мектеп» баспасында жұмыс істеген�«Балауса», «Сыбызғы сыры», «Өз көзіммен», «Жоқ, ұмытуға бо-

лмайды», «Жарық пен жылу» және т� б� шығармалары бар�

Нұрсұлтан Әбішұлы Назар-баев – экономика ғылым-дарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі� 1991 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан Республи-касының Президенті�

«Қазақстан экономика-сы: ақиқат және қалыптасу мүмкіндіктері», «Әділеттің ақ жолы», «Ғасырлар тоғысында», «Тарих толқынында», «Сын-дарлы он жыл», «Еуразия жүрегінде» және тағы басқа көптеген ғылы-ми және әдеби еңбектердің авторы� Халық арасында танымал «Менің елім», «Үш қоңыр», «Жерім менің» тәрізді патриоттық әндер сөзінің авторы� Еңбектері мен шығармалары әлемнің көптеген тілдеріне ау-дарылған�

Page 10: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 11 —

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні

Алтын күн аспаны,Алтын дән даласы,Ерліктің дастаны,Еліме қарашы!Ежелден ер деген,Даңқымыз шықты ғой�Намысын бермеген,Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:Менің елім, менің елім,Гүлің болып егілемін,Жырың болып төгілемін, елім!Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,Кең байтақ жерім бар�Бірлігі жарасқан,Тәуелсіз елім бар�Қарсы алған уақытты,Мәңгілік досындай�Біздің ел бақытты,Біздің ел осындай!

Қайырмасы:Менің елім, менің елім,Гүлің болып егілемін,Жырың болып төгілемін, елім!Туған жерім менің – Қазақстаным!

Page 11: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 11 —

II. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258 Конституциялық заңы

ЕскЕрту. Тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша «нышан-дары», «нышандарының», «нышандарын», «нышандарына» де-ген сөздер тиісінше «рәміздері», «рәміздерінің», «рәміздерін», «рәміздеріне» деген сөздермен ауыстырылды – Қазақстан Респу-бликасының 2008.07.04 № 56 Конституциялық Заңымен.

ЕскЕрту. Бүкіл мәтін бойынша «мемлекеттік стандартқа», «мемле-кеттік стандарттарға», «мемлекеттік стандарттарын» деген сөздер тиісінше «ұлттық стандартқа», «ұлттық стандарттарға», «ұлттық стандарттарын» деген сөздермен ауыстырылды – ҚР 2012.06.28 № 23-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Конституциялық Заңымен.

1-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРІ

1-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн Қаза-қстан Республикасының мемлекеттік рәміздері болып табылады�

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата� Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған� Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес� Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2�

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған� Шаңырақтың оң жағы мен сол

Page 12: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 13 —

жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған� Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлі-гінде «Қазақстан» деген жазу бар� Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтар-дың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қаза-қстан» деген жазу – алтын түстес�

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні – осы Консти-туциялық заңда көзделген жағдайларда орындалатын музыкалық-по-этикалық туынды�

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекет-тік Елтаңбасының эталондары Қазақстан Республикасы Президен-тінің Резиденциясында сақталады�

2-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздерін дайындауды және пайдалануды реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасы

ЕскЕрту. Тақырып жаңа редакцияда – ҚР 2012.06.28 № 23-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Конституциялық Заңымен.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайын-дау және пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының Конститу-циясында, осы Конституциялық заңда және Қазақстан Республи-касының өзгеде нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады�

ЕскЕрту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 2012.06.28 № 23-V (алғашқы ресми арияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Конституциялық Заңымен.

3-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін бекіту

Мыналар:1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының бейнесі (осы

Конституциялық заңға 1-қосымша);2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі

(осы Конституциялық заңға 2-қосымша);3) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің музыкалық

редакциясы мен мәтіні (осы Конституциялық заңға 3-қосымша) бекі-тілсін�

Page 13: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 13 —

2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ

4-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын пайдалану тәртібі

1� Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мынадай орындарда міндетті түрде көтеріледі (тігіледі, орналастырылады):

1) Қазақстан Республикасының Президенті Резиденциясының, Парламентінің, Сенат пен Мәжілістің, Үкіметтің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олар-дың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Конституциялық Кеңестің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттарының, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілік-ті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік ұйымдардың ғимарат-тарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы елшіліктерінің, халықа-ралық ұйымдардағы тұрақты өкілдіктерінің, сауда өкілдіктерінің, шетелдегі басқа да ресми мекемелерінің, шетелдегі мекемелерінің басшылары резиденцияларының ғимараттарында және сол мемлекет-тің протоколдық практикасына сәйкес көлік құралдарында – ұдайы;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республи-касы Парламенті палаталары төрағаларының, Премьер-Министрдің, Мемлекеттік хатшының, Конституциялық Кеңес Төрағасының, Қаза-қстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының және жергілікті соттары төрағаларының, Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлінің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республи-касының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемле-кеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімше-лерінің басшыларының, жергілікті өкілді және атқарушы органдар басшыларының, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері басшыларының кабинеттерінде – ұдайы;

3) Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты мен Мәжі-лісінің бірлескен және бөлек отырыстары, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының, Үкіметтің үйлестіру және жұмыс ор-гандарының отырыстары өтетін залдарда, Қазақстан Республикасы

Page 14: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 15 —

Конституциялық Кеңесінің отырыс залдарында, Қазақстан Респу-бликасы Жоғарғы Сотының және жергілікті соттарының сот мәжілісі залдарында, орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың алқа отырысы залдарында, Қа-зақстан Республикасының мемлекеттік және үкіметтік наградалары тапсырылатын залдарда, Қазақстан Республикасының шетелдегі ме-кемелерінің қабылдау залдарында, сондай-ақ бала тууды және некені тіркейтін үй-жайларда – ұдайы;

4) мемлекеттік органдардың ғимараттарында алғаш ашылған кезде, салтанатты жағдайда;

5) егер халықаралық құқық нормалары мен Қазақстан Республи-касының халықаралық шарттарында көзделген болса, Қазақстан Рес-публикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталары төрағаларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Мини-стрінің және олардың өкілетті өкілдерінің қатысуымен халықаралық форумдар өтетін ғимараттарда немесе үй-жайларда;

5-1) мемлекеттік заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы хол-дингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын өзге де акционерлік қоғамдардың және жауапкерші-лігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік нышандарға арналған экс-позиция үшін бөлінген үй-жайларында (үй-жайларының бір бөлігінде);

6) ресми адамдар ретінде Қазақстан Республикасының Пре-зиденті, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының төрағалары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мін-ген теңіз кемелерінде, ішкі жүзу кемелерінде және басқа да қатынас құралдарында;

7) Қазақстан Республикасында тiркелген кемелердiң бұлқынын-дағы ту ретiнде-белгiленген тәртiппен;

8) Қазақстан Республикасының әскери корабльдерi мен кеме-лерiнде – әскери жарғыларға сәйкес;

9) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери құрама-ларында, бөлімдерінде, бөлімшелерінде және мекемелерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелері күндерінде, ант қабылдау кезiнде;

10) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіп-пен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мере-келеу, ресми және салтанатты рәсімдер, спорттық іс-шаралар кезінде;

Page 15: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 15 —

11) жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағ-дарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында – жаңа оқу жылының ашылу және оқу жылының аяқталу рәсімдері кезінде;

12) Қазақстан Республикасына мемлекеттік және ресми сапар-лармен келген шет мемлекеттердің мемлекет басшыларымен, парла-менттері мен үкіметтерінің басшыларымен кездесу кезінде�

Қарулы Күштердің құрамаларында, әскери бөлімдерінде, бөлім-шелерінде, мекемелерінде және басқа да әскерлер мен әскери құралым-дарда Мемлекеттік Туды және оның бейнесін пайдалану (орнату, орна-ластыру) тәртібі жалпы әскери жарғыларда айқындалады�

Ғимараттарға тұрақты тігілген Мемлекеттік Туға тәуліктің қа-раңғы мезгілінде жарық түсіп тұруға тиіс�

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы басқа да ғимарат-тарда (үй-жайларда) олардың иелерінің еркі бойынша тігілуі мүмкін�

Мемлекеттік Туды және оның бейнесін пайдалану (орнату, орна-ластыру) тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды�

2� Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Туының бейнесi мін-детті түрде:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенттің, Үкіметтің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп бе-ретiн мемлекеттiк органдардың және олардың ведомстволары мен ау-мақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жер-гілікті соттарының, жергiлiктi өкілді және атқарушы органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің веб-сайттарында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен;

2) Қазақстан Республикасының әуе кемелерінде, сондай-ақ ғарыш аппараттарында орналастырылады�

Мемлекеттiк Тудың бейнесi өзге де материалдық объектілерде орналастырылуы мүмкін�

3� Мемлекеттiк Ту оның көлемiне қарамастан ұлттық стандартқа сәйкес келуге тиiс�

Мемлекеттiк Ту ұлттық стандартқа сәйкес келмеген жағдай-да ол Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен ауыстырылуға және жойылуға тиіс�

Page 16: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 17 —

Мемлекеттiк Тудың бейнесiн қоғамдық бірлестіктер мен басқа да ұйымдар туларының геральдикалық негізі ретінде пайдалануға бо-лмайды�

Мемлекеттiк Тудың бейнесi Қазақстан Республикасы мемлекет-тік наградаларының, Ұлттық Банк банкноттары мен монеталарының элементі немесе геральдикалық негізі ретінде пайдаланылуы мүмкін�

4� Ұлттық аза тұтуға байланысты Мемлекеттiк Ту ұлттық аза тұту мерзiмi ішінде тутұғыр биiктiгiнiң жартысына дейiн төмен түсiрiледi�

ЕскЕрту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 2012.06.28 № 23-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өт-кен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2015 № 370-V (алғашқы рес-ми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қол-данысқа енгізіледі) Конституциялық Заңдарымен.

5-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын және басқа да туларды Қазақстан Респуб-ли ка сының аумағында бір мезгілде пайдалану

1� Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын шет мемле-кеттердің, қоғамдық бірлестіктердің және басқа да ұйымдардың ту-ларымен бір мезгілде көтергенде (тіккенде, орналастырғанда) Қаза-қстан Республикасының Мемлекеттік Туының көлемі басқа тулардың көлемінен кіші болмауға тиіс�

Бұл ретте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы басқа тулардан төмен орналастырылмайды�

2� Қоғамдық бірлестіктердің және басқа да ұйымдардың тулары Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туымен бірдей болмауға тиіс�

3� Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатия-лық өкілдіктерді, консулдық мекемелерді, халықаралық ұйымдарды және (немесе) олардың өкілдіктерін қоспағанда, Қазақстан Республи-касының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымдар мен өкілдіктер пайдаланатын шет мемлекеттердің тулары Қазақстан Рес-публикасының Мемлекеттік Туымен бір мезгілде орналастырылады�

ЕскЕрту. 5-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 28.10.2015 № 370-V Кон-ституциялық Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Page 17: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 17 —

3-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

МЕМЛЕКЕТТІК ЕЛТАҢБАСЫ

6-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану тәртібі

1� Мемлекеттік Елтаңба міндетті түрде:1) Қазақстан Республикасы Президенті Резиденциясының, Пар-

ламенттің, Сенат пен Мәжілістің, Үкіметтің, министрліктердің, Қаза-қстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқару-шы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ве-домстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттарының, Қарулы Күштердің құрамаларының, әскери бөлімдерінің, бөлімшелері мен мекемелерінің, басқа да әске-рлер мен әскери құралымдардың, жергілікті өкілді және атқарушы ор-гандардың ғимараттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы елші-ліктерінің, халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілдіктерінің, сауда өкілдіктерінің, шетелдегі басқа да ресми мекемелерінің, шетелдегі мекемелері басшылары резиденцияларының ғимараттарында – ұдайы;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Респу-бликасы Парламенті палаталары төрағаларының, Премьер-Министр-дің, Мемлекеттік хатшының, Конституциялық Кеңес Төрағасының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының және жергілікті соттары төрағаларының, Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлінің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республи-касының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемле-кеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімше-лерінің басшыларының, жергілікті өкілді және атқарушы органдар басшыларының, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері басшыларының кабинеттерінде – ұдайы;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілі-сінің бірлескен және бөлек отырыстары, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының, Үкіметтің үйлестіру және жұмыс орган-дарының отырыстары өтетін залдарда, Конституциялық Кеңестің

Page 18: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 19 —

отырыс залдарында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жергілікті соттарының сот мәжілісі залдарында, орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Пре-зидентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар-дың алқа отырыстары залдарында, Қазақстан Республикасының мемле-кеттік және үкіметтік наградалары тапсырылатын залдарда, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің қабылдау залдарында, сон-дай-ақ бала тууды және некені тіркейтін үй-жайларда – ұдайы;

4) мемлекеттік заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы хол-дингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, сон-дай-ақ Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын өзге де акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік нышандарға арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайларында (үй-жайларының бір бөлігінде) орналастырылады�

Қарулы Күштердің құрамаларында, әскери бөлімдерінде, бөлім-шелерінде, мекемелерінде және басқа да әскерлер мен әскери құралым-дарда Мемлекеттік Елтаңбаны және оның бейнесін пайдалану (орна-ту, орналастыру) тәртібі жалпы әскери жарғыларда айқындалады�

2� Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі міндетті түрде:

1) Қазақстан Республикасының Президенті мен оның Әкімшілі-гінің, Парламенттің, оның палаталары мен олардың аппараттарының, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталары Бюроларының, Үкіметтің және Премьер-Министр Кеңсесінің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олар-дың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Респу-бликасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттарының, Қарулы Күштердің құра-маларының, әскери бөлімдерінің, бөлімшелері мен мекемелерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, жергілікті өкілді, атқа-рушы органдардың және өзге де мемлекеттік ұйымдардың мөрлері мен құжаттарының бланкілерінде;

1-1) нотариустардың мөрлерiнде;2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Респу-

бликасы Парламентінің, Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының ресми басылымдарында;

Page 19: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 19 —

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкноттары мен монеталарында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарында;

4) Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін жеке куәлікте, туу туралы куәлікте, паспортта және өзге де паспорттарда, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдар қызметкерлерінің қызметтік куәліктерінде;

5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына орна-тылатын шекара бағаналарында;

6) Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенттің, Үкіметтің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп бе-ретiн мемлекеттiк органдардың және олардың ведомстволары мен ау-мақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жер-гілікті соттарының, жергiлiктi өкілді және атқарушы органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің веб-сайттарында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен орналастырылады�

Мемлекеттік Елтаңбаның бейнесі өзге де материалдық объекті-лерде орналастырылуы мүмкін�

3� Мемлекеттік Елтаңба оның көлеміне қарамастан ұлттық стан-дартқа сәйкес келуге тиіс�

Мемлекеттік Елтаңба ұлттық стандартқа сәйкес келмеген жағ-дайда ол Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіп-пен ауыстырылуға және жойылуға тиіс�

4� Осы Конституциялық заңда белгіленгеннен басқа жағдай-ларда мемлекеттік емес ұйымдардың және олардың лауазымды адам-дарының бланкілерінде, мөрлерінде және басқа да реквизиттерінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесін пай-далануға тыйым салынады�

Мемлекеттік Елтаңбаны қоғамдық бірлестіктер мен басқа да ұйымдар елтаңбаларының геральдикалық негізі ретінде пайдалануға болмайды�

Мемлекеттік Елтаңбаның бейнесі әскери немесе өзге де мемле-кеттік қызмет атқаратын адамдар үшін белгіленген айырым белгілері мен нысанды киім үлгілерінде, Қазақстан Республикасының мемле-кеттік наградаларының элементі немесе геральдикалық негізі ретінде,

Page 20: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 21 —

сондай-ақ спортшылардың спорттық костюмдері мен басқа да спорт-тық керек-жарақтарында пайдаланылуы мүмкін�

Мемлекеттік Елтаңбаны және оның бейнесін пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды�

ЕскЕрту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 2012.06.28 № 23-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өт-кен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2015 № 370-V (алғашқы рес-ми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қол-данысқа енгізіледі) Конституциялық Заңдарымен.

7-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасын және басқа да елтаңбаларды Қазақстан Республикасының аумағында бір мезгілде пайдалану

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мен шет мемлекеттердің елтаңбаларын немесе қоғамдық бірлестіктің, басқа да ұйымның елтаңбаларын (геральдикалық белгісін) бір мезгілде орна-ластырғанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының көлемі басқа елтаңбалардың көлемінен кіші болмауға тиіс�

Бұл ретте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы басқа елтаңбалардан (геральдикалық белгілерден) төмен орна-ластырылмайды�

4-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

МЕМЛЕКЕТТІК ГИМНІ

8-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін пайдалану тәртібі

1� Мемлекеттік Гимн:1) Қазақстан Республикасының Президенті қызметке кіріскен

кезде – ол ант бергеннен кейін;2) Қазақстан Республикасы Парламенті сессияларының ашылуы

және жабылуы кезінде;3) Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік ме-

рекелеріне, сондай-ақ өзге де салтанатты іс-шараларға арналған жи-налыстар мен мәжілістердің салтанатты ашылуы кезінде;

Page 21: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 21 —

4) теле-, радиоарналар эфирге шыққан кезде тәулiк сайын, олар-дың хабар таратуы басталғанда және аяқталғанда;

5) Қазақстан Республикасы халқының өміріндегі аса маңызды тарихи оқиғаларды атап өту құрметіне ескерткіштерді, монументтер-ді, құлпытастарды және басқа да ғимараттарды ашу кезінде;

6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, сон-дай-ақ қоғамдық бірлестіктері мен өзге де ұйымдары өткізетін рес-ми және салтанатты рәсімдер, спорттық іс-шаралар кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтерілген кезде;

7) Қазақстан Республикасына мемлекеттік немесе ресми сапармен келген шет мемлекеттердің басшыларын қарсы алу кезінде – тиісті шет мемлекеттің мемлекеттік гимні орындалғаннан кейін;

8) жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарлама-ларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылының ашылу және оқу жылының аяқталу рәсімдері кезінде, сондай-ақ өзге де салтанатты іс-шаралар өткізілген кезде;

9) Қазақстан Республикасының ұлттық (құрама) командасы қа-тысатын спорттық іс-шаралар өткізілген кезде орындалады�

1-1� Мемлекеттік заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы хол-дингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, сон-дай-ақ Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын өзге де акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік нышандарға арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайларында (үй-жайларының бір бөлігінде) Мемлекеттік Гимннің мәтіні міндетті түрде орна-ластырылады�

Мемлекеттік Гимннің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды�

2� Қарулы Күштердің құрамаларында, әскери бөлімдерінде, бөлімшелерінде, мекемелерінде және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Мемлекеттік Гимнді орындау және оның мәтінін пай-далану тәртібі жалпы әскери жарғыларда айқындалады�

ЕскЕрту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 2012.06.28 № 23-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өт-кен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2015 № 370-V (алғашқы рес-ми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қол-данысқа енгізіледі) Конституциялық Заңдарымен.

Page 22: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 23 —

9-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау тәртібі

1� Мемлекеттік Гимн көпшілік алдында орындалған кезде қа-тысушылар оны орнынан тұрып айтады (тыңдайды), бұл ретте Қаза-қстан Республикасының азаматтары оң қолын жүрек тұсына қояды�

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен өзге де ұйымдары шет мемлекеттер аумағында іс-шаралар өткізген кезде Мемлекеттік Гимн осы Конституциялық заңға, сондай-ақ сол мем-лекеттің заңнамасы мен протоколдық практикасына және жергілікті салт-дәстүрге сәйкес орындалады�

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын салтанатты жағдайда көтеру және тігу кезінде Мемлекеттік Гимн орындалады, бұл ретте қатысушылар жүздерін Туға қарай бұрады�

2� Мемлекеттік Гимнді оркестр, хор, оркестр мен хор орындайды не ол өзге де вокалдық және аспаптық түрде орындалады� Бұл ретте дыбыс жазу құралдары пайдаланылуы мүмкін�

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін ықшамдап орындауға жол беріледі�

3� Мемлекеттік Гимн бекітілген мәтіні мен музыкалық редакци-ясына дәлме-дәл сәйкестікпен мемлекеттік тілде орындалады�

4� Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтіні мен музыкалық редакциясын басқа музыкалық шығармалардың және өзге де өнер туындыларының негізі ретінде пайдалануға болмайды�

5-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ҚҰЗЫРЕТІ

10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

Үкіметтің құзыретіне:1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемле-

кеттік Елтаңбасының осы Конституциялық заңда бекітілген ұлттық стандарттарға және олардың бейнелеріне сәйкес келетін эталондарын дайындау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

2) Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою ережелерін бекіту;

3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекет-тік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Рес-

Page 23: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 23 —

публикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орна-ластыру) қағидаларын бекіту;

3-1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу қағидаларын бекіту;

4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері саласын-дағы уәкілетті органды айқындау;

5) өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қаза-қстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындау жатады�

ЕскЕрту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 2012.06.28 № 23-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өт-кен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2015 № 370-V (алғашқы рес-ми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қол-данысқа енгізіледі) Конституциялық Заңдарымен.

11-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері саласындағы уәкілетті органдардың құзыреті

1� Техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемле-кеттік Елтаңбасының ұлттық стандарттарын әзірлейді және бекітеді;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемле-кеттік Елтаңбасының эталондарын әзірлейді;

3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Мем-лекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәр-тіппен лицензиаттың лицензияда көрсетілген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;

5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Респу-бликасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің ак-тілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады�

2� Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайда-лану мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:

Page 24: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 25 —

1) Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою ережелерін әзірлейді;

2) мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілер мәселеле-рі жөніндегі сараптама кеңесін құрады, сондай-ақ ол туралы ережені әзірлейді және бекітеді;

3) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Респу-бликасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің ак-тілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады�

ЕскЕрту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 2012.06.28 № 23-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өт-кен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.10.2015 № 370-V (алғашқы рес-ми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қол-данысқа енгізіледі) Конституциялық Заңдарымен.

12-бап. Жергілікті атқарушы органның құзыреті

Жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасы мемле-кеттік рәміздерінің тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын-да пайдаланылуын (тігілуін, орналастырылуын ) бақылауды жүзеге асырады�

6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

13-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарауды қалыптастыру

1� Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Респу-блика аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының мем-лекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті�

2� Азаматтыққа және отансүйгіштікке, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, Қазақстан Рес-публикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуді қалыптастыру, сондай-ақ олардың мәні мен маңызын түсіндіру мақсатында оларды оқыту жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарының негізгі жалпы білім беру бағдарла-маларына енгізіледі�

Page 25: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 25 —

Жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйым-дарында арнайы оқшауланған көрнекті орынға ұдайы Мемлекеттік Ту тігіледі, Мемлекеттік Елтаңба не олардың бейнесі, сондай-ақ Қаза-қстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мемлекеттік тілдегі мәті-ні орналастырылады�

14-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау Қазақстан Рес-публикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген тиісті лицензиясы болған жағдайда жүзеге асырылады�

15-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайындауды және пайдалануды реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін дайын-дауды және пайдалануды реттейтін Қазақстан Республикасының за-ңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады�

Ескерту� 15-бап жаңа редакцияда – ҚР 2012�06�28 № 23-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Конституциялық Заңымен�

16-бап. Осы Конституциялық заңды қолданысқа енгізу тәртібі

1� Осы Конституциялық заң ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі�

2� «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 1996 жылғы 24 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж�, № 1, 178-құжат; 1997 ж�, № 12, 193-құжат; 2006 ж�, № 1, 1-құжат) күшi жойылды деп танылсын�

Page 26: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 27 —

III. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік

Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы

Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 Қаулысы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы Конституци-ялық Заңының 10-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Респу-бликасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Ескерту� Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 2012�11�30 № 1528 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен�

1� Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемле-кеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сон-дай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесі бекітілсін�

2� Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі�

Қазақстан РеспубликасыныңПремьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің2007 жылғы 2 қазандағы№ 873 қаулысымен бекітілген

Page 27: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 27 —

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін,

сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесі

I. Жалпы ережелер

1� Осы Ереже «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республи-касының Конституциялық Заңына (бұдан әрі – Конституциялық Заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдала-ну тәртібін айқындайды�

ЕскЕрту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 2012.11.30 № 1528 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

II. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын орналастыру

2� Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мынадай орындарда міндетті түрде көтеріледі (тігіледі, орналастырылады):

1) Қазақстан Республикасының Президенті Резиденциясының, Парламентінің, Сенат пен Мәжілістің, Үкіметтің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олар-дың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Конституциялық Кеңестің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттарының, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, жергілік-ті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік ұйымдардың ғимарат-тарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы елшіліктерінің, халықа-ралық ұйымдардағы тұрақты өкілдіктерінің, сауда өкілдіктерінің, шетелдегі басқа да ресми мекемелерінің, шетелдегі мекемелерінің басшылары резиденцияларының ғимараттарында және сол мемлекет-тің хаттамалық практикасына сәйкес көлік құралдарында – ұдайы;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республи-касы Парламенті палаталары төрағаларының, Премьер-Министрдің,

Page 28: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 29 —

Мемлекеттік хатшының, Конституциялық Кеңес Төрағасының, Қаза-қстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының және жергілікті соттары төрағаларының, Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республи-касының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемле-кеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімше-лерінің басшыларының, жергілікті өкілді және атқарушы органдар басшыларының, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері басшыларының кабинеттерінде – ұдайы;

3) Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты мен Мәжі-лісінің бірлескен және бөлек отырыстары, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының, Үкіметтің үйлестіру және жұмыс ор-гандарының отырыстары өтетін залдарда, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің отырыс залдарында, Қазақстан Респу-бликасы Жоғарғы Сотының және жергілікті соттарының сот мәжілісі залдарында, орталық және жергілікті өкілді және атқарушы органдар-дың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың алқа отырысы залдарын-да, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және үкіметтік награда-лары тапсырылатын залдарда, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің қабылдау залдарында, сондай-ақ бала тууды және не-кені тіркейтін үй-жайларда – ұдайы;

4) мемлекеттік органдардың ғимараттарында алғаш ашылған кезде, салтанатты жағдайда;

5) егер халықаралық құқық нормалары мен Қазақстан Республи-касының халықаралық шарттарында көзделген болса, Қазақстан Рес-публикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталары төрағаларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Мини-стрінің және олардың өкілетті өкілдерінің қатысуымен халықаралық форумдар өтетін ғимараттарда немесе үй-жайларда;

6) ресми адамдар ретінде Қазақстан Республикасының Пре-зиденті, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының төрағалары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мін-ген теңіз кемелерінде, ішкі жүзу кемелерінде және басқа да қозғалыс құралдарында;

7) Қазақстан Республикасында тіркелген кемелердің бұлқынын-дағы ту ретінде, белгіленген тәртіппен;

Page 29: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 29 —

8) Қазақстан Республикасының әскери корабльдері мен кемеле-рінде әскери жарғыларға сәйкес;

9) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери құрама-ларында, бөлімдерінде, бөлімшелерінде және мекемелерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелері күндерінде, ант қабылдау кезінде;

10) мемлекеттік ұйымдар, органдар, сондай-ақ өзге де ұйымдар өткізетін рәсімдер, салтанатты және спорттық іс-шаралар кезінде;

10-1) халықаралық ұйымдар өткізетін рәсімдер, салтанатты және спорттық іс-шаралар кезінде;

11) жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағ-дарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында – жаңа оқу жылының ашылу және оқу жылының аяқталу рәсімдері кезінде;

12) Қазақстан Республикасына мемлекеттік және ресми сапар-лармен келген шет мемлекеттердің мемлекет басшыларымен, парла-менттері мен үкіметтерінің басшыларымен кездесу кезінде�

ЕскЕрту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 2012.11.30 № 1528 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

3� Қарулы Күштердің әскери құрамаларында, бөлімдерін-де, бөлімшелерінде, мекемелерінде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Мемлекеттік Туды пайдалану (тігу, орналастыру) тәр-тібі жалпы әскери жарғыларда анықталады�

4� Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы басқа да ғи-мараттарда (үй-жайларда) олардың иелерінің еркі бойынша көтерілуі (тігілуі) мүмкін�

5� Ғимараттарға тұрақты тігілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына тәуліктің қараңғы мерзімінде жарық түсіп тұруға тиіс�

6� Ұлттық аза тұтуға байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы аза тұту мерзімі ішінде ту тұғыр биіктігінің жартысына дейін төмен түсіріледі�

7� Осы Ереженің 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген лауазымды тұлғалардың кабинеттеріндегі, залдардағы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы (1 × 2 метр өлшеммен) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының сол жағын-да (тігіледі) орналастырылады�

Page 30: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 31 —

8� Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы оның көлемі-не қарамастан ұлттық стандартқа сәйкес келуі тиіс�

ЕскЕрту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 2012.11.30 № 1528 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

9� Халықаралық форумдарды өткізу, сондай-ақ осы Ереженің 2-тармағының 5) және 12) тармақшаларында көрсетілген Қазақстан Республикасына мемлекеттік және ресми сапарлармен келген шет мемлекеттердің мемлекет басшыларымен, парламенттері мен үкімет-терінің басшыларымен кездесу кезінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Респу-бликасының Мемлекеттік хаттамасында және осы Ережеде көрсетіл-ген тәртіппен көтеріледі (тігіледі, орналастырылады)�

10� Осы Ереженің 2-тармағының 10) және 11) тармақшаларын-да көзделген рәсімдер және салтанатты іс-шаралар кезінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туы ту тұғырдан көтеріледі, ту тұғыр жоқ болған жағдайда: құрамында үш адам ту ұстаушы және екі сүйемел-деушісінен құралған ту көтеру тобының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын әкелу және әкету рәсімі пайдаланылады�

10-1� Осы Ереженің 2-тармағының 10-1) тармақшасында көздел-ген рәсімдер, салтанатты және спорттық іс-шараларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы Конституциялық За-ңға, сондай-ақ сол мемлекеттік хаттамалық практикасына және жергі-лікті салт-дәстүрлерге сәйкес орналастырылады�

ЕскЕрту. Ереже 10-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 2012.11.30 № 1528 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

10-2� Спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер, бас жат-тықтырушылар спорттық іс-шараларды ұйымдастырушылардың Қа-зақстан Республикасының Мемлекеттік Туын орналастыру тәртібін сақтауын қамтамасыз етуге міндетті�

ЕскЕрту. Ереже 10-2-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 2012.11.30 № 1528 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

10-3� Шетелдік спортшылардың (командалардың) қатысуымен өтетін жарыстардың жүлдегерлерін марапаттау рәсімі кезінде өкілде-

Page 31: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 31 —

рі спорттық жарыстардың жүлдегерлері болып табылатын қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік тулары салтанатты түрде көтеріледі�

ЕскЕрту. Ереже 10-3-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 2012.11.30 № 1528 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

11� Осы Ереженің 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген ресми адамдар ретінде Қазақстан Республикасының Президенті, Қа-зақстан Республикасының Парламенті палаталарының төрағалары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мінген қозғалыс құралдарында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туы ту тұғыр-дан (мачтада) көтеріледі�

12� Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, шет мем-лекеттердің, қоғамдық бірлестіктердің және басқа да ұйымдардың туларымен бір мезгілде көтергенде (тіккенде, орналастырғанда) Қаза-қстан Республикасының Мемлекеттік Туының көлемі басқа тулардың көлемінен кіші болмауға тиіс�

Бұл ретте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы басқа тулардан төмен орналастырылмайды�

13� Тулардың тақ санын бір уақытта көтергенде (тіккенде, орна-ластырғанда) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ор-тасында, ал жұп санды, бірақ екеуден көп туларды көтергенде (тіккен-де, орналастырғанда) ортадан солға қарай орналастырылады�

14� Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын бір және (немесе) көп қабатты ғимараттарда экстерьерлі нұсқада орналастыру кезінде ғимараттың сәулеттік ерекшеліктері ескеріледі және мынадай өлшемдер пайдаланылады:

1) алынып тасталды – ҚР Үкіметінің 2009�01�27� № 63 Қа-улысымен;

2) 1, 2, 3, 4, 5 қабатты (20 метрге дейін) ғимараттарда Мемле-кеттік Ту (1 × 2 метр өлшеммен) ғимараттың төбесінде немесе фрон-тонында немесе ғимаратқа кіреберіс маңдайшада орналастырылады;

3) 6, 7, 8, 9 қабатты (30 метрге дейін) ғимараттарда Қазақстан Рес-публикасының Мемлекеттік Туы ғимараттың төбесінде немесе фрон-тонында (1,5 × 3 метрден 2 × 4 метрге дейін өлшеммен) немесе ғима-ратқа кіреберіс маңдайшада (1 × 2 метр өлшеммен) орналастырылады;

4) 9 қабаттан жоғары (30 метрден жоғары) ғимараттарда Мемле-кеттік Ту ғимараттың төбесінде немесе фронтонында (2 × 4 метр және

Page 32: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 33 —

одан жоғары өлшеммен) немесе ғимаратқа кіреберіс маңдайшада (1 × 2 метр өлшеммен) орналастырылады�

ЕскЕрту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 2009.01.27. № 63, 2012.11.30 № 1528 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіле-ді) Қаулыларымен.

III. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын орналастыру

15� Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы мін-детті түрде:

1) Қазақстан Республикасы Президенті Резиденциясының, Парламенттің, Сенат пен Мәжілістің, Үкіметтің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олар-дың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Респу-бликасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттарының, Қарулы Күштердің әскери құрамаларының, бөлімдерінің, бөлімшелері мен мекемелерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, жергілікті өкілді және атқа-рушы органдардың ғимараттарында, сондай-ақ Қазақстан Республи-касы елшіліктерінің, халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілдікте-рінің, сауда өкілдіктерінің, шетелдегі басқа да ресми мекемелерінің, шетелдегі мекемелері басшылары резиденцияларының ғимараттарын-да – ұдайы;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Респу-бликасы Парламенті палаталары төрағаларының, Премьер-Министр-дің, Мемлекеттік хатшының, Конституциялық Кеңес Төрағасының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының және жергілікті соттары төрағаларының, Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республи-касының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемле-кеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімше-лерінің басшыларының, жергілікті өкілді және атқарушы органдар

Page 33: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 33 —

басшыларының, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері басшыларының кабинеттерінде – ұдайы;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілі-сінің бірлескен және бөлек отырыстары, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының, Үкіметтің үйлестіру және жұмыс орган-дарының отырыстары өтетін залдарда, Конституциялық Кеңестің отырыс залдарында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жергілікті соттарының сот мәжілісі залдарында, орталық, жергілік-ті өкілді және атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган-дардың алқа отырыстары залдарында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және үкіметтік наградалары тапсырылатын залдарда, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің қабылдау зал-дарында, сондай-ақ бала тууды және некені тіркейтін үй-жайларда – ұдайы орналастырылады�

16� Қарулы Күштердің әскери құрамаларында, бөлімдерін-де, бөлімшелерінде, мекемелерінде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын орналастыру тәртібі жалпы әскери жарғылармен анықталады�

17� Ғимараттарға тұрақты тігілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына тәуліктің қараңғы мерзімінде жарық түсіп тұруға тиіс�

18� Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы оның көлеміне қарамастан ұлттық стандартқа сәйкес келуі тиіс�

ЕскЕрту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 2012.11.30 № 1528 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

19� Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын қоғамдық бірлестіктер мен басқа да ұйымдар елтаңбаларының гераль-дикалық негізі ретінде пайдалануға болмайды�

20� Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы (диа-метрі 500 миллиметр) кабинеттерде лауазымды тұлғаның жұмыс орнының арт жағындағы қабырғаға, осы Ереженің 15-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген залдарда төрағалық етуші отыратын орынның арт жағында орналастырылады�

21� Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын бір және (немесе) көп қабатты ғимараттарда экстерьерлі нұсқада орна-

Page 34: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 35 —

ластыру кезінде ғимараттың сәулеттік ерекшеліктері ескеріледі және мынадай өлшемдер пайдаланылады:

1) бір қабатты ғимаратта Мемлекеттік Елтаңба (диаметрі 500 миллиметр) ғимараттың жабу деңгейінде немесе фронтонында немесе ғимаратқа кіреберіс маңдайшада орналастырылады;

2) 2, 3, 4, 5 қабатты (20 метрге дейін) ғимараттарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы соңғы қабаттың жабу дең-гейінде немесе фронтонында (диаметрі 1-ден 1,5 метрге дейін) неме-се ғимаратқа кіреберіс маңдайшада (диаметрі 500 миллиметр) орна-ластырылады;

3) 6, 7, 8, 9 қабатты (30 метрге дейін) ғимараттарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы соңғы қабаттың жабу дең-гейінде немесе фронтонында (диаметрі 2 метр) немесе ғимаратқа кіре-беріс маңдайшада (диаметрі 500 миллиметр) орналастырылады;

4) 9 қабаттан жоғары (30 метрден жоғары) ғимараттарда Мемле-кеттік Елтаңба соңғы қабаттың жабу деңгейінде немесе фронтонында (диаметрі 3 метр және одан жоғары) немесе ғимаратқа кіреберіс маң-дайшада (500 миллиметр диаметрмен) орналастырылады�

ЕскЕрту. 21-тармаққа өзгерту енгізілді – ҚР Үкіметінің 2009.01.27. № 63, 2012.11.30 № 1528 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулыларымен.

IV. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру

22� Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының бейнесі міндетті түрде:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенттің, Үкіметтің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп бере-тін мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволары мен ау-мақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жер-гілікті соттарының, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің веб-сайттарында;

Page 35: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 35 —

2) Қазақстан Республикасының әуе кемелерінде, сондай-ақ ғарыш аппараттарында орналастырылады�

23� Осы Ереженің 20-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген әуе кемелерінде, ғарыш аппараттарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының бейнесі борттық айырым белгісі ретінде қол-данылады�

24� Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының бейнесі қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдардың туларының геральди-калық негізі ретінде қолданылмайды�

25� Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының бейнесі мемлекеттік наградалардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі-нің банкноттары мен монеталарының элементі немесе геральдикалық негізі ретінде пайдаланылады�

26� Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі міндетті түрде:

1) Қазақстан Республикасының Президенті мен оның Әкімшілі-гінің, Парламенттің, оның палаталары мен олардың аппараттарының, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталары Бюроларының, Үкіметтің және Премьер-Министр Кеңсесінің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олар-дың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Респу-бликасы Конституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттарының, Қарулы Күштердің әскери құрамаларының, бөлімдерінің, бөлімшелері мен мекемелерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, жергілікті өкілді, атқарушы органдардың және өзге де мемлекеттік ұйымдардың мөрлері мен құ-жаттарының бланкілерінде;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Респу-бликасы Парламентінің, Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының ресми басылымдарында;

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкноттары мен монеталарында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарында;

4) Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін жеке куәлікте, туу туралы куәлікте, паспортта және өзге де паспорттарда, мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдар қызметкерлерінің қызметтік куәліктерінде;

Page 36: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 37 —

5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына орна-тылатын шекара бағаналарында;

6) Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламенттің, Үкіметтің, министрліктердің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдардың, Қазақстан Рес-публикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі-нің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жергілікті сот-тарының, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің веб-сайт-тарында орналастырылады�

27� Осы Ереженің 22-тармағының 1) тармақшасында және 26-тар-мағының 6) тармақшасында көрсетілген веб-сайттарда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының, Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесін орналастыру кезінде мемлекеттік рәміздері бейнелерінің бір-деңгейлі орналастырылуының сақталуы, сондай-ақ олардың орналасу реті: Ту, Елтаңба, Гимн болуы тиіс�

28� Осы Ереженің 26-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мөрлер мен құжаттардың бланкілерінде, ресми басылым-дарда орналастырылған Қазақстан Республикасы Елтаңбасының бей-нелері ұлттық стандарттарға сәйкес келуі тиіс�

ЕскЕрту. 28-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 2012.11.30 № 1528 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

29� Осы Ереженің 26-тармағының 3) тармақшасында көрсе-тілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкноттары мен монеталарында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 жел-тоқсандағы № 1193 Жарлығымен бекітілген Ұлттық валюта – Қаза-қстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымда-масына сәйкес орналастырылады�

30� Осы Ереженің 26-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген құжаттарда орналастырылған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнелері Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ ұлттық стандарттарға сәйкес келуі тиіс�

Page 37: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 37 —

ЕскЕрту. 30-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 2012.11.30 № 1528 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

31� Осы Ереженің 26-тармағының 5) тармақшасында көрсетіл-ген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасына орнатыла-тын шекара бағаналарында Қазақстан Республикасының Мемлекет-тік Елтаңбасының бейнесі «Қазақстан Республикасының шекаралық белгілері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 12 желтоқсандағы № 1528 қаулысына сәйкес орналастырылады�

32� Конституциялық заңда белгіленген жағдайлардан басқа, мемлекеттік емес ұйымдардың және олардың лауазымды адам-дарының бланкілерінде, мөрлерінде және басқа да реквизиттерінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесін пай-далануға тыйым салынады�

33� Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі әскери немесе өзге де мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар үшін белгіленген айырым белгілері мен нысанды киім үлгілерінде, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларының элементі немесе геральдикалық негізі ретінде, сондай-ақ спортшылардың спорттық костюмдері мен басқа да спорттық керек-жарақтарына пайдалануы мүмкін�

34� Мемлекеттік Елтаңбаның бейнесі өзге де материалдық объектілерде орналастырылуы мүмкін�

35� Мемлекеттік рәміздер бейнелері бар стенділер (плакаттар) салтанатты іс-шаралар өтетін көпшілік назарына қолжетімді жерлер-де орнатылуы тиіс�

ЕскЕрту. 35-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 2012.11.30 № 1528 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

36� Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының, Мемлекеттік Елтаңбасы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимні мәтінінің бейнелерін стенділерге (плакаттарға) орналастырған кезде мемлекет-тік рәміздер бейнелерінің бірдеңгейлі орналастырылуының сақталуы, сондай-ақ олардың орналасу реті: Ту, Елтаңба, Гимн болуы тиіс�

37� Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының, Мемлекет-тік Елтаңбасы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимні мәті-нінің бейнелері бар стенділер (плакаттар) әсем безендірілуі және ша-руашылық-тұрмыстық бөлмелерден, кіре берістен және киім ілетін бөлмелерден алыс орналасуы тиіс�

Page 38: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 39 —

IV. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақ-стан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің

мәтінін орналастыру ережесін бекітутуралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2007 жылғы 2 қазандағы № 873 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1187 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1� «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекет-тік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Респу-бликасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазан-дағы № 873 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж�, № 36, 410-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік

Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республи-касы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«1� Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемле-

кеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сон-дай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пай-далану (орнату, орналастыру) қағидалары бекітілсін�»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнеле-рін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәті-нін орналастыру ережесінде:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

Page 39: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 39 —

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекет-тік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Рес-публикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орна-ластыру) қағидалары»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:«1� Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасының мемлекет-

тік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Респу-бликасының Конституциялық заңына (бұдан әрі – Конституциялық заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдала-ну (орнату, орналастыру) тәртібін айқындайды�»;

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын орналастыру» деген 2-тарауда:

Тақырып мынадай редакцияда жазылсын:«2� Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын пайдалану

(орнату, орналастыру)»;2-тармақта: мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен то-

лықтырылсын:«5-1) мемлекеттік заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы хол-

дингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын өзге де акционерлік қоғамдардың және жауапкерші-лігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік нышандарға арналған экс-позиция үшін бөлінген үй-жайларда (үй-жайларының бір бөлігінде)�

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы орналастырыла-тын Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарына ар-налған экспозиция үшін бөлінген үй-жайлар (үй-жайларының бір бө-лігі) әсем безендірілуге және шаруашылық-тұрмыстық бөлмелерден, кіреберістен және киім ілетін бөлмелерден алыс орналасуға тиіс;»;

10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:«10) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіп-

пен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мереке-леу, ресми және салтанатты рәсімдер, спорттық іс-шаралар кезінде;»;

3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:«3� Қарулы Күштердің құрамаларында, әскери бөлімдерін-

де, бөлімшелерінде, мекемелерінде және басқа да әскерлер мен әске-ри құралымдарда Мемлекеттік Туды және оның бейнесін пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібі жалпы әскери жарғыларда айқындалады�

Page 40: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 41 —

4� Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын патриоттық сезімді, қазақстандық бірегейлікті білдіру, елдің оның азаматтарының жетістіктерін көпшілік іс-шаралар және жеке іс-әрекеттер аясында қолдау мақсатында жеке және заңды тұлғалар пайдалануы (орнатуы, орналастыруы) мүмкін�

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын ұлттық стан-дарттардың талаптарын бұза отырып пайдалануға жол берілмейді�

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын қорлауға ар-налған зат ретінде пайдалануға жол берілмейді�»;

7, 9, 10, 10-1, 11, 20, 23, 27, 28, 29, 30, 31-тармақтардағы «Ереже-нің» деген сөз «Қағидалардың» деген сөзбен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:«13-1� Қазақстан Республикасында аккредиттелген диплома-

тиялық өкілдіктерді, консулдық мекемелерді, халықаралық ұйым-дарды және (немесе) олардың өкілдіктерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымдар мен өкілдіктер пайдаланатын шет мемлекеттердің тулары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туымен бір мезгілде орна-ластырылады�»;

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын орна-ластыру» деген 3-тарауда:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:«3�Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пай-

далану (орнату, орналастыру)»;15-тармақта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:«1) Қазақстан Республикасы Президенті Резиденциясының, Пар-

ламенттің, Сенат пен Мәжілістің, Үкіметтің, министрліктердің, Қаза-қстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқару-шы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведом-стволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Кон-ституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттарының, Қарулы Күштердің құрамаларының, әске-ри бөлімдерінің, бөлімшелері мен мекемелерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың ғимараттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы елшіліктерінің, халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілдіктерінің, сауда өкілдіктері-нің, шетелдегі басқа да ресми мекемелерінің, шетелдегі мекемелерінің басшылары резиденцияларының ғимараттарында – ұдайы;»;

Page 41: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 41 —

3) тармақшадағы «ұдайы орналастырылады�» деген сөздер «ұдайы;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тар-мақшамен толықтырылсын:

«4) мемлекеттік заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы хол-дингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, сон-дай-ақ Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын өзге де акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік нышандарға арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайларында (үй-жайларының бір бөлігінде) орналастырылады�

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орна-ластырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары-на арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайлар (үй-жайлардың бір бөлігі) әсем безендірілуге және шаруашылық-тұрмыстық бөлмелер-ден, кіре берістен және киім ілетін бөлмелерден алыс орналасуға тиіс�»;

16-тармақ мынадайредакциядажазылсын:«16� Қарулы Күштердің құрамаларында, әскери бөлімдерін-

де, бөлімшелерінде, мекемелерінде және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Мемлекеттік Елтаңбаны және оның бейнесін пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібі жалпы әскери жарғыларда айқындалады�»;

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының, Қазақстан Рес-публикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнелерін, сондай-ақ Қаза-қстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтінін орналастыру» деген 4-тарауда:

тақырып мынадай редакцияда жазылсын:«4� Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекет-

тік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Рес-публикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орна-ластыру);»;

мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:«23-1� Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының бей-

несі өзге де материалдық объектілерде орналастырылуы мүмкін�Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігін қолдану мақса-

тында өзге материалдық объектілерге бір рет пайдаланылатын заттар жатпайды�»;

26-тармақтың 1) тармақшасы мынадайредакциядажазылсын:«1) Қазақстан Республикасының Президенті мен оның Әкімшілі-

гінің, Парламенттің, оның палаталары мен олардың аппараттарының, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталары Бюроларының,

Page 42: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 43 —

Үкіметтің және Премьер-Министр Кеңсесінің, министрліктердің, Қа-зақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық атқа-рушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың ведом-стволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Кон-ституциялық Кеңесінің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттарының, Қарулы Күштердің әскери құрамаларының, бөлімдерінің, бөлімшелері мен мекемелерінің, басқа да әскерлер мен әске-ри құралымдардың, жергілікті өкілді, атқарушы органдардың және өзге де мемлекеттік ұйымдардың мөрлері мен құжаттарының бланкілерінде;»;

мынадай редакцияда жазылсын:«34� Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының

бейнесі өзге де материалдық объектілерде орналастырылуы мүмкін�Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігін қолдану мақса-

тында өзге материалдық объектілерге бір рет пайдаланылатын заттар жатпайды�»;

мынадай мазмұндағы 34-1 және 34-2-тармақтармен то-лықтырылсын:

«34-1� Мемлекеттік заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, сон-дай-ақ Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын өзге де акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік нышандарға арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайларында (үй-жайларының бір бөлігінде) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтіні міндетті түрде орналастырылады�

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтіні орна-ластырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары-на арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайлар (үй-жайлардың бір бөлігі) әсем безендірілуге және шаруашылық-тұрмыстық бөлмелер-ден, кіре берістен және киім ілетін бөлмелерден алыс орналасуға тиіс�

34-2� Қарулы Күштердің құрамаларында, әскери бөлімдерінде,белімшелерінде, мекемелерінде және басқа да әскерлер мен

әскери құралымдарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Ги-мнін орындау және оның мәтінін пайдалану тәртібі жалпы әскери жарғыларда айқындалады�»�

2� Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күн-тізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі�

Page 43: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 43 —

V. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу

қағидаларын бекіту туралыҚазақстан Республикасы Үкіметінің

2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1186 қаулысы

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституци-ялық заңы 10-бабының 3-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Респу-бликасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1� Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының мемлекет-тік рәміздері күнін мерекелеу қағидалары бекітілсін�

2� Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтіз-белік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі�

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу қағидалары

I. Жалпы ережелер

1� Осы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері кү-нін (бұдан әрі – Мемлекеттік рәміздер күні) мерекелеу қағидалары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мереке-лер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу тәртібін анықтайды�

2� Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу қазақстандық азамат-тық біртектілікті, патриотизмді және ұлт бірлігін нығайту бойынша мемлекеттік саясаттың негізгі элементі болып табылады� Мереке «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойылған күнге орайластырылған�

II. Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу тәртібі

3� Мемлекеттік рәміздер күні жыл сайын еліміз бойынша бар-лық жерде мерекеленеді�

Page 44: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 45 —

4� Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеуге мемлекеттік за-ңды тұлғалар, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы оларға қа-тысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын өзге де акцио-нерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (бұдан әрі – заңды тұлғалар), Қазақстан Республикасының елшіліктері және басқа да ресми шет елдік мекемелер, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери құрамалары, бөлімдері, бөлімшелері және мекеме-лері тарапынан өткізілетін ресми, салтанатты рәсімдер немесе спорт-тық іс-шаралар кіреді�

5� Мемлекеттік заңды тұлғаларда, Қазақстан Республикасының елшіліктерінде және басқа да ресми шет елдік мекемелерде, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери құрамаларында, бөлім-дерінде, бөлімшелерінде және мекемелерінде мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмізде-рімен безендірілген үй-жайларда салтанатты түрде мемлекеттік және қоғамдық қайраткерлердің, мәдениет, білім және ғылым, экономика және қаржы, сондай-ақ басқа да салалардың белгілі өкілдерінің қа-тысуымен өткізіледі�

6� Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеуге арналған ресми және салтанатты рәсімдер, спорттық іс-шаралар Қазақстан Республи-касының Мемлекеттік Туын салтанатты жағдайда көтеру және тігу-мен басталады және Мемлекеттік Гимн орындалады, бұл ретте қа-тысушылар жүздерін Туға қарай бұрады�

7� Мемлекеттік Гимн көпшілік алдында орындалған кезде қа-тысушылар оны орнынан тұрып айтады (тыңдайды), бұл ретте Қаза-қстан Республикасының азаматтары оң қолын жүрек тұсына қояды�

8� Мемлекеттік Гимнді оркестр, хор, оркестр мен хор орындайды не ол өзге де вокалдық және аспаптық түрде орындалады� Бұл ретте дыбыс жазу құралдары пайдаланылуы мүмкін�

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін ықшамдап орындауға жол беріледі�

9� Мемлекеттік Гимн бекітілген мәтіні мен музыкалық редакци-ясына дәлме-дәл сәйкестікпен мемлекеттік тілде орындалады�

10� Ресми және салтанатты рәсімдер, спорттық іс-шаралар-да Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күнін мере-келеуге арналған құттықтау, сондай-ақ оның тарихы, маңызы және маңыздылығына арналған сөздер ұйымдастырылады�

Page 45: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 45 —

Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу шеңберінде өткізілуі мүмкін:

1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін бір мезетте орындау жөніндегі шарасы;

2) медальдарды, төсбелгілерді, ведомстволық наградаларды, құрмет грамоталарды және алғыс хаттарды табыстау;

3) жаңа объектілердің, ұйымдардың ашылуы;4) әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге ант қабылдату;5) Қазақстанның мемлекеттілігі мәселелері бойынша ғылыми-

практикалық конференциялар, форумдар, мәжілістер, дөңгелек үстелдер;6) кітапханалар мен музейлерде Қазақстан Республикасының

мемле кеттік рәміздеріне арналған тақырыптық көрмелер мен экспо-зициялар;

7) көрнекті саяси, еңбегі сіңген және қоғам қайраткерлерінің сұхбаттары мен жарияланымдарын, тақырыптық бағдарламалар ци-клдарын шығару;

8) мемлекеттік рәміздерді дәріптеуге, өз еліне деген мақтаныш және отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға, тәрбиелеуге бағытталған конкурстар, викториналар;

9) мемлекеттік рәміздерді насихаттауға бағытталған басылым және естелік өнімдерін шығару;

10) Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеуге арналған өзге де шаралар�

Осы Ереженің 4 тармағында көрсетілмеген заңды тұлғалар және жеке тұлғалар олардың еркі бойынша осы Ереженің 10 тармағында көрсетілген шаралардың өткізілуі мүмкін�

11� Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеуде ақпараттық сүйе-мелдеу шеңберінде мемлекеттік заңды тұлғалар, Қазақстан Респу-бликасының елшіліктері және басқа да ресми шет елдік мекемелер, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери құрамалары, бөлімдері, бөлімшелері және мекемелері тарапынан өткізілетін Мем-лекеттік рәміздер күніне арналған шараларды бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жария ету жөніндегі шаралар қабылданады�

12� Жергілікті атқарушы органдар тарапынан облыстарда, рес-публикалық маңызы бар қалада, астанада, аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда), қаладағы аудандарда, аудандық маңызы бар қалаларда, кенттерде, ауылдарда, ауылдық округтерде мемлекет-тік рәміздер күнін ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ, ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді�

Page 46: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 47 —

ҚОСЫМШАҮлгі

БҰЙРЫҚ

№ Күні

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін ауыстыру және жою бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссия құру туралы

«Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республи-касының Мемлекеттік Туын, мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы № 862 қаулысын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:

1� Мынадай құрамдағы сарапшылар комиссиясы құрылсын:– – комиссия төрағасы;– ;– ;– – комиссия хатшысы�

2� ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жоюға жауапты тұлға болып тағайындалсын�

Бұйрықпен танысқан:А�Ж�Ә�, лауазымын көрсету Жеке қолы

Page 47: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 47 —

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік

Елтаңбасын орналастыру кезінде ғимараттардың сәулеттік

ерекшеліктері ескеріледі және мынадай өлшемдер қолданылады:

1, 2, 3, 4, 5 қабатты (20 метрге дейін) ғимараттарда Мемлекеттік Ту (1 х 2 өлшеммен) ғимараттың төбесінде немесе фронтонында неме-се ғимаратқа кіреберіс маңдайшасында орналастырылады

бір қабатты ғимаратта Мемлекеттік Елтаңба (диаметрі 500 мил-лиметр) ғимараттың жабу деңгейінде немесе фронтонында немесе ғи-маратқа кіреберіс маңдайшада орналастырылады�

Page 48: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 49 —

– 2, 3, 4, 5 қабатты (20 метрге дейін) ғимараттарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы соңғы қабаттың жабу дең-гейінде немесе фронтонында (диаметрі 1-ден 1,5 метрге дейін) неме-се ғимаратқа кіреберіс маңдайшада (диаметрі 500 миллиметр) орна-ластырылады

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы 6, 7, 8, 9 қабатты (30 метрге дейін) ғимараттарда (1,5 х 3 метерден 2 х 4 метрге дейін өлшеммен) немесе ғимаратқа кіреберіс маңдайшада (1 х 2 өлшеммен) орналастырылады�

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы соңғы қа-баттың жабу деңгейінде немесе фронтонында (диаметрі 2 метр) неме-се ғимаратқа кіреберіс маңдайшада (диаметрі 500 миллиметр) орна-ластырылады

Page 49: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 49 —

Page 50: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 51 —

9 қабаттан жоғары (30 метрден жоғары)

9 қабаттан жоғары (30 метрден жоғары) ғимараттарда Мемле-кеттік Ту ғимараттың төбесінде немесе фронтонында (2x4 метр және одан жоғары өлшеммен) немесе ғимаратқа кіреберіс маңдайшада (1 х 2 метр өлшеммен) орналастырылады�

9 қабаттан жоғары (30 метрден жоғары) ғимараттарда Мемле-кеттік Елтаңба соңғы қабаттың жабу деңгейінде немесе фронтонында (диаметрі 3 метр және одан жоғары) немесе ғимаратқа кіреберіс маң-дайшада (500 миллиметр диаметрмен) орналастырылады

Page 51: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 51 —

Ғимараттарға тұрақты тігілген

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік

Елтаңбасына тәуліктің қараңғы мезгілінде жарық түсіп тұруы тиіс

Page 52: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 53 —

Ұлттық аза тұтуға байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы аза тұту мерзімі ішінде ту тұғыр биіктігінің жартысына дейін төмен түсіріледі�

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы иелерінің өз еркі бойынша басқа ғимараттарда (үй-жайларда) көтерілуі (тігілуі) мүмкін�

Page 53: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 53 —

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын шет мемлекет-тердің, қоғамдық бірлестіктердің және басқа да ұйымдардың бірле-стіктердің және басқа да ұйымдардың туларымен бір мезгілде көтер-генде (тіккенде, орналастырғанда)�

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының көлемі басқа тулардың көлемінен кіші болмауға, сондай-ақ Мемлекетік Ту басқа тулардан төмен орналастырылмауы тиіс�

Жұп сандағы туларды бір мезгілде көтергенде (орналастырған-да, тіккенде) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ортаға орналасады (көтеріледі, тігіледі), ал тақ сандағы екеуден көп тулар тігілген (орнатылған, көтерілген) кезде ортадан сол жаққа қарай орна-ласады

Мемлекеттік рәміздердің стендтік (плакаттық өнімі) бейнеле-рінің бірдеңгейлі орналастырылуының сақталуы, сондай-ақ олардың орналасу реті: Ту, Елтаңба, Гимн болуы тиіс�

Page 54: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 55 —

«Жастық! Жігер! Еңбек!» республикалық жастар форумы

Page 55: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

— 55 —

«Жастық! Жігер! Еңбек!» республикалық жастар форумы

Page 56: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ...aktobe.gov.kz/sites/default/files/osnovnaya... · 2018-04-04 · мемлекеттік рәміздері

Бала тууы мен некені тіркеу үй-жайларында

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы (өлшемі 1 х 2) лауазымды тұлғалардың кабинеттерінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының сол жағында орналасады�

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы (диаметрі 500 мм) төрағалық етушінің жұмыс орнының артқы жағындағы қа-бырғада орналасады�