Шымкент қаласының әкiмi Ғабидолла Әбдiрахымовтың 2015...

45
Шымкент қаласының əкiмi Ғабидолла Əбдiрахымовтың 2015 жыл қорытындысы бойынша халық алдында есеп беру кездесулеріндегі баяндамасының тезистері Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы 615 «Əкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сəйкес, барлық деңгейдегі əкімдер халық алдында есеп беруге міндетті. Мұндай іс-шаралар жергілікті атқарушы органдар жұмысының ашықтығын көрсетіп, халық пен биліктің арасын жақындата түседі. Кездесулер барысында берілген сұрақтар мен ұсыныстарға талдау жасалынып, жергілікті атқарушы органдарға қай салаға көбірек көңіл бөлу қажет, яғни басымдықтарды айқындауға негіз болады. Мəселен, 2015 жылдың 4 ақпанында тұрғындар мен кездесу барысында 72 сұрақ пен ұсыныстар келіп түскен. Оларды іске асыру мақсатында іс-шаралар жоспары түзіліп, орындалуы бақылауға алынды. Аталған 72 сауалдың жауаптары «Шымкент келбеті» жəне «Панорама Шымкента» газеттерінде жарияланды. 2015 жылы қалада атқарылған жұмыстар келесі бағыттарда ұсынылады: негізгі көрсеткіштер; өнеркəсіп саласы; ауылшаруашылық саласы; эпизоотиялық ахуал;

Upload: zhanbolat-amankeldy

Post on 16-Apr-2017

1.258 views

Category:

Government & Nonprofit


9 download

TRANSCRIPT

Шымкент қаласының əкiмi Ғабидолла Əбдiрахымовтың 2015 жыл қорытындысы бойынша халық алдында есеп беру кездесулеріндегі

баяндамасының тезистері

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 «Əкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сəйкес, барлық деңгейдегі əкімдер халық алдында есеп беруге міндетті. Мұндай іс-шаралар жергілікті атқарушы органдар жұмысының ашықтығын көрсетіп, халық пен биліктің арасын жақындата түседі.

Кездесулер барысында берілген сұрақтар мен ұсыныстарға талдау жасалынып, жергілікті атқарушы органдарға қай салаға көбірек көңіл бөлу қажет, яғни басымдықтарды айқындауға негіз болады. Мəселен, 2015 жылдың 4 ақпанында тұрғындар мен кездесу барысында 72 сұрақ пен ұсыныстар келіп түскен. Оларды іске асыру мақсатында іс-шаралар жоспары түзіліп, орындалуы бақылауға алынды. Аталған 72 сауалдың жауаптары «Шымкент келбеті» жəне «Панорама Шымкента» газеттерінде жарияланды.

2015 жылы қалада атқарылған жұмыстар келесі бағыттарда ұсынылады:

– негізгі көрсеткіштер;

– өнеркəсіп саласы;

– ауылшаруашылық саласы;

– эпизоотиялық ахуал;

– шағын жəне орта кəсіпкерлікті қолдау;

– сауда қызметі;

– сəулет жəне қала құрылысы;

– жер мəселелері;

– бюджеттің орындалуы;

– білім саласы;

– спорт;

– мəдениет жəне тілдерді дамыту;

– халықты жұмыспен қамту жəне əлеуметтік қамсыздандыру;

– мемлекеттік ақпараттық саясат;

– жастармен жұмыс жүргізу жəне ішкі саясат;

– инженерлік инфрақұрылымды дамыту;

– транспорт саласы;

– тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы;

– мемлекеттік қызмет көрсету;

– 2016 жылы қала əкімдігінің негізгі міндеттері.

Негiзгi көрсеткiштер

Жалпы 2015 жылы қалада мемлекеттік жəне салалық бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуына қол жеткізілді.

Көрсеткіштер

2014 ж

2015 ж

2015 ж 2014 ж/ға %

Халық саны, мың адам

709,2

884,1

124,7

Өнеркəсіп өнім өндірісінің көлемі, млн.теңге (өнім көлемінің индексі)

244,3

289,1

103,7

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі, млн теңге (өнім көлемінің индексі)

11 722,4

16 543,2

109,0

Негізгі капиталға инвестиция, млн.теңге

166 799,5

180 427,6

101,7

Құрылыс жұмыстарының көлемі, млн.теңге

70 234,6

74 715,7

100,6

Іске қосылған тұрғын үй, ш. метр

187 447,0

217 418,0

113,8

Бөлшек сауда айналымының көлемі, млн.теңге

254 382,1

248 462,2

91,0

Автомобиль көлігімен тасылған жүк, мың тонна

73 146,1

77 581,1

106,1

Орташа айлық жалақы, теңге

87 705,0

91 146,0

103,9

Өнеркəсiп саласы

Өнеркəсіп саласында 2015 жылдан бастап «2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриалдық-инновациялық бағдарламасының» алғашқы 5 жылдығы аяқталып, жаңадан «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» іске асырылуда.

Бағдарламаның алғашқы 5 жылдығында Шымкент қаласында өнеркəсіптік сектордың дамуына ықпал жасады: бірқатар заманауи өнеркəсіптік кəсіпорындар іске қосылып, арнайы экономикалық аймақтың жұмысы жанданды, индустриялық аймақ құрылып, жаңа жұмыс орындары ашылды.

2015 жылы индустрияландыру картасының шеңберінде жалпы құны 27,7 млрд. теңгені құрайытын 8 жоба іске қосылып, 1,0 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылды. Олар:

– қуаты жылына 2 мың тонна арматура шығаратын зауыт – «Амир-А» ЖШС;

– қуаты жылына 4000 тонна синтетикалық иірімжіп шығаратын цех – «Бал Текстиль» ЖШС;

– «Рахат-Шымкент» ЖШС-ң – жылына 7 870 тонна кондитерлік бұйымдар өндірісі кеңейтілді;

– жылына 7,3 млн. мақта-мата қолғап шығаратын– «KФ Каз Хансоль Интерком АО Хансоль Интернейшнл Ко ЛТД» ЖШС;

– жылына 8 млн. дана тоқыма өнімдерін өндіретін – «Əлем БТ» ЖШС;

– жылына 1 млн. тонна цемент жəне клинкер шығаратын– «Стандарт Цемент» ЖШС-і кеңейтілді;

– жылына 37,5 млн. бірлік кірпіш шығаратын зауыттың құрылысы– «КазПромКирпич» ЖШС;

– жылына 25 мың тонна алюминий ширатпасын (оралған сым) өндіретін– «Цвет Лит» ЖШС.

«Оңтүстік» индустриалды аймағында жалпы құны 73,7 млрд. теңгені құрайтын 71 инвестициялық жобаны жүзеге асыру арқылы 5 мыңнан астам жұмыс орындарын ашу жоспарланған. Оның 2016 жылға дейін құны 19,8 млрд. теңгені құрайтын 36 жобасы іске қосылып, 3,0 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылды. Оның ішінде құны 16,7 млрд.теңгені құрайтын 24 жоба индустриаландыру картасы шеңберінде іске қосылған.

Шымкент қаласында инвесторлар жəне жергілікті белсенді азаматтар тарапынан өнеркəсіп кəсіпорындарын дамытуға инвестициялар салуға қызығушылық жоғары.

Осы мақсатта қаланың 2 жерінен индустриялық аймақтар құру жоспарланған. Қазіргі таңда, Тассай елді мекеніндегі 89,0 га жерге индустриалдық аймақтың инженерлік-коммуникациялық жүйелерінің жобалық-сметалық құжаттары дайындалып, 2015 жылы республикалық бюджеттің қаржысы есебінен құрылыс жұмыстары басталды.

Сонымен қатар, Жұлдыз елді мекеніндегі 76,2 га құрайтын индустриалдық аймақтың инженерлік жүйелерінің жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда.

Ауыл шаруашылық саласы

Статистикалық мəлімет бойынша 2015 жылы 16,5 млрд.теңгенің ауылшаруашылық өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 2014 жылмен салыстырғанда 9,0 пайызға артты.

Барлық санаттағы ауылшаруашылық құрылымдарымен өткен жылы 8,4 мың тонна мал мен құс еті, 44,8 мың тонна сүт, 148,3 млн. дана жұмыртқа өндірілді.

2014 жылмен салыстырғанда жұмыртқа 12,7 пайызға, сүт 4,5 пайызға, ет 34,4 пайызға артық өндірілген.

Өсімдік шаруашылығын ұлғайту мақсатында егіс көлемі 2014 жылғы 29,0 мың гектардан 31,3 мың гектарға дейін ұлғайды. Сонымен қатар, аумағы 10,9 га-ды құрайтын жаңадан жылыжайлар салынып, қаладағы жылыжайлардың жалпы аумағы 131,2 гектарды құрады. Одан бөлек, 4200 гектарға терең қопсыту технологиясы мен 230 гектарға тамшылатып суғару əдісі ендірілді.

Ауыл шаруашылық құрылымдарын дамыту мақсатында мемлекет тарапынан бірнеше бағытта қолдау шаралары атқарылуда:

– жеңілдетілген бағамен 2720 тонна жанар – жағар май жəне жылыжай мен ашық топырақта егетін агроқұрылымдарға 500 тонна арзандатылған минералды тыңайтқыштар берілді;

– жылыжай мен айналысатын 68 шаруашылыққа бірінші айналымда 220,0 млн.теңге субсидия, екінші айналымда 61 шаруашылыққа 209,5 млн теңге субсидия бөлінді.

– ашық топырақта егілген егістік бойынша 104 шаруашылыққа 39,7 млн теңге;

– бау шаруашылығымен айналысатын 5 шаруашылыққа 30,0 млн теңге субсидия бөлінді.

Мал шаруашылығын қолдау бағытында қалада «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары іске асырылуда.

2015 жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 226 бас ІҚМ мал, «Алтын асық» бағдарламасымен 600 қой жəне «Құлан» бағдарламасы бойынша 85 жылқы алынды.

Сонымен қатар, өткен жылы қалада мал шаруашылығын дамыту мақсатында озық технологиямен жабдықталған бірқатар жаңа жобалар іске қосылып, 256 жаңа жұмыс орындары ашылды. Олар:

– «KazAgroGreen» ЖШС-нің гидропоника (топырақсыз өсіру) əдісімен қуаттылығы күніне 3-4 тоннаны құрайтын шырынды мал азығын дайындайтын орталық;

– «Ет өнімдері – KZ» ЖШС-ң сыйымдылығы 3000 бас ірі қара малды құрайтын мал бордақылау комплексі;

– Мал жайылымын суғаруға арналған 3 құдық қазылып, 2 құс фермасы, 60 шағын мал бордақылау алаңшалары, 35 шағын сүт фермасы жəне 3 сүт қабылдау бекеттері.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығына сəйкес, Шымкент қалалық аумақтық инспекциясының ішкі сауда

объектілеріне бақылау жəне қадағалау, қорытынды беруді ұйымдастыру əрі жүргізу, сондай-ақ жануарларды өсіруді жəне өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілері мен жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (мал союды), сақтауды, қайта өңдеуді жəне өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, ветеринариялық-санитариялық талаптарға сəйкестігін анықтау функциялары жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы бөлімшелерінің құзырына берілді.

Эпизоотиялық ахуал

Қаланың ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық шаралар, қаңғыбас ит-мысықтарды аулау, Конго-Қырым қанды қызбасы ауруына қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Шымкент қаласының аумағында эпизоотиялық іс-шараларды ұйымдастыруға облыстық бюджеттен 78,2 млн теңге бөлініп, жануарлар мен халыққа аса қауіпті 25 түрлі ауруға қарсы диагностикалық зерттеулер мен 15 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық егу жұмыстары атқарылды.

Сонымен қатар, қала аумағында кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге жергілікті бюджеттен 16,3 млн теңге бөлініп, 161 220 малға бүрку, 251 098 малға тоғыту жұмыстары мен жалпы 3 653 262 шаршы метрде орналасқан қора жайлар мен жапсарлас аумақтар залалсыздандырылды.

Қаланың санитариялық-гигиеналық тазалығын сақтау жəне тұрғындарды адамдар мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау, сондай-ақ мал асырау кезінде қоршаған ортаға зиянын тигізбеу мақсатында 2015 жылы Шымкент қаласында «Жануарларды ұстау қағидасының жобасы» əзірленіп, облыстық мəслихаттың қарауына ұсынылды.

Одан бөлек, қаңғыбас ит-мысықтарды аулап, жою жұмыстарына жергілікті бюджеттен 37,6 млн теңге бөлініп, жыл басынан барлығы 25 405 бас қыңғыбас ит-мысықтар ауланып, комиссия мүшелерінің қатысуымен «Беккари» шұңқырында залалсыздандырылды.

2015 жылдың 12 айында Шымкент қаласы бойынша иттерді құтыру ауруына бақылауға алып, 2512 ветеринариялық анықтама берілді.

Шағын жəне орта кəсiпкерлiктi қолдау

Шағын жəне орта кəсіпкерліктің дамуы қала үшін маңызды салалардың бірі.

Бүгінгі күні, қалада 120,0 мыңнан астам адам кəсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылған. Соңғы жылдардағы мемлекеттің қолдау механизмдері кəсіпкерліктің дамуына оң ықпалын тигізуде. 2015 жылы қалада кəсіпкерлік субъектілерінің саны 74 491 бірлікті құрап, шығарылған өнім мен көрсетілген қызмет көлемі 315,7 млрд.теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 3,6 пайызға артқан.

Сəйкесінше, жергілікті бюджетке кəсіпкерлік саласынан түсетін кірістер 16,7 млрд теңгені құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 5,2 пайызға өсті.

Өткен жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының аясында құны 40 940,1 млн теңгені құрайтын 120 жоба мақұлданды. Оның ішінде:

– несиені пайыздық мөлшерін субсидиялау бағыты бойынша – 25 100,0 млн теңгеге 75 жоба;

– банк несиелерін кепілдендіру – 881,5 млн теңгеге 18 жоба;

– гранттар бойынша – 26,9 млн теңгеге 9 жоба;

– экспортқа бағытталған кəсіпорындардың несиелерін субсидиялау – 14 872,1 млн теңгеге 10 жоба;

– өндірістік инфрақұрылымды дамыту бойынша 8 жоба.

Ал «Максимум АИО» ЖШС-мен 91 бизнес-жоба 2 350,2 млн теңгеге мақұлданып, 2 164,9 млн теңгеге 85 бизнес-жоба қаржыландырылды. Нəтижесінде 217 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Кəсіпкерлік саласындағы негізгі күрделі мəселелерді талқылау мақсатында 2015 жылдың қазан айында «Атқарушы билік пен бизнес өкілдерінің əріптестігі» атты Шымкент қаласының əкімдігі мен ОҚО Кəсіпкерлер палатасының бірлескен кеңесі ұйымдастырылып, қорытындысы бойынша үздік мекемелер марапатталды:

«Ең үздік кəсіпкер» номинациясында Шымкент қаласынан 2 кəсіпорын марапатталды: 1 орын – «Отау Строй» ЖШС, 3 орын – «ЕвроКристалл» ЖШС;

«Үздік өнеркəсіп кəсіпорын» – 1 орын – «Зерде Керамик» ЖШС, 2 орын- «Hill Corporation», 3 орын- «Назар Текстиль» ЖШС;

«Үздік инновациялық жоба» номинациясында: 2 орын – «Karlskrona LC AB» ЖШС, 3 орын- «Аксанат Инжениринг»;

«Жылдың үздік индустриалды жоба» 1 орын – «Azala Textile» ЖШС, 2 орын – «Стандарт цемент» ЖШС, 3 орын – «Цвет Лит» ЖШС;

«Үздік экспорттаушы» номинациясында: 1 орын – «Шымкент Май» ЖШС, 2 орын – «Химфарм» АҚ;

«Үздік инвестор» номинациясы бойынша: 1 орын – «Əлем БТ» ЖШС, 2 орын – «Рахат-Шымкент» ЖШС, 3 орын – «Каз Хансоль» ЖШС;

«Үздік жас кəсіпкер» номинациясында: 1 орын – «Bai&R Group» ЖШС, 2 орын – «Мега Смарт» ЖШС, 3 орын – «Өтегенова» ЖК;

«Үздік жұмыс беруші» номинациясында: 1 орын – «Шымкентцемент» АҚ, 2 орын-«Химфарм» АҚ, 3 орын – «ВизиТ» АҚ;

«Үздік əйел кəсіпкер» номинациясында: 1 орын – Оспаналиева Рəшкүл («Береке Корпорациясы» ЖШС), 2 орын – Валиджанова Умида («Kaz Kioti» ЖШС),

«Үздік қаржы институты» номинациясы бойынша: 1 орын – «Қазақстанның Халық банкі» АҚ-ның ОҚО филиалы, 2 орын – «Qazak Banki» АҚ ОҚО филиалы, «Сбербанк» АҚ еншілес филиалы,

«Үздік жергілікті тауар өндіруші» номинациясында: 1 орын – ««Karlskrona LC AB» ЖШС», 2 орын – «Бал Текстиль» ЖШС болып марапатталды.

Сауда қызметi

Статистикалық мəлімет бойынша 2015 жылы қаладағы бөлшек сауда көлемі 248,5 млрд. теңгені құрап, 2014 жылмен 91,0 пайызды, көтерме сауда көлемі 502,7 млрд.теңгені құрап, 97,5 пайыз болды.

Есепті жылы қалада жеке инвесторлар есебінен «Север», «Рахима-Плаза», «Фиркан» ірі сауда орталықтары ашылып, 1150 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Қала аумағында базарларды құрылыс нормалары жəне ережелеріне сəйкестендіру бағытында өткен жылы бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, 10 базар басшыларымен өзара келісім жасалынып, «Бекжан» базарында қайта құрылымдау жұмыстарын толық аяқталып, «Шымкент Тұлпар» базарының қайта құрылымдау жұмысының бірінші кезеңі аяқталды. Ал «Көктем», «Айна» базарларында қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, 6 базарда құрылыс жобалау жұмыстары жүргізілуде.

Қалада азық-түлік тауарлар бағасын тұрақтандыру жəне тұрғындарды ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында апта сайын тұрақты түрде жəрмеңке өткізілуде.

Нан жəне ұн өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында ОҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы, Шымкент қаласының əкімдігі, «Tұрар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Шымкент қаласында жұмыс жасайтын 40 наубайханашымен меморандумға қол қойылып, қалыпты бөлке нанның бөлшек нарқы 40 теңгені құрап отыр.

Əлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына жəне жанар-жағармай бағасының негізсіз көтерілуіне жол бермеу мақсатында Шымкент қаласы əкімдігінің қаулысымен арнайы штаб жəне қала əкімінің өкімімен 4 жұмысшы топ құрылып, іс-шара жоспары бекітілді. Бұдан бөлек, жедел телефон желісі құрылып (Call centre), тиісті мамандар бекітіліп, бағаның өсуі бойынша түскен ақпаратқа мобильді топпен жедел түрде тиісті шаралар қолдануда.

Қала аумағында белгіленген жерлерден тыс сауда орындарын жою мақсатында 4 жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобы түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында заң талаптарын орындамаған азаматтарға қатысты аудандық полиция бөлімдерімен 4 471 əкімшілік хаттамалар толтырылып, жергілікті бюджетке 4 172,1 мың теңге көлемінде айыппұл өндірілді.

2016 жылы сауда саласын дамыту мақсатында қалада əмбебап жəрмеңкесін тұрақты түрде ұйымдастыру жəне жəрмеңкеде сауда нүктелерін біркелкі шатырлармен жабу, «Шымкент Тұлпар» ЖШС-і құрылысының ІІ кезеңін аяқтап, «Айна» базарының қайта жаңғырту жұмыстарын аяқтау, сонымен қатар, «Shymkent PLAZA» сауда кешенінің ашылуы жоспарлануда.

Сəулет жəне қала құрылысы

2015 жылы статистикалық мəлімет бойынша қаладағы құрылыс жұмыстарының көлемі 74,7 млрд.теңгені құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 100,6 пайызды құрады. Өткен жылы құрылыс нысандарына 649 сəулет-жоспарлау тапсырмалары беріліп, бұл жұмыстар халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы ұсынылды.

Есепті жыл ішінде қала бойынша 4580 жеке тұрғын үй, 502 пəтер, 60 гараж, 29 жүйе, 400 коммерциялық нысандар, 130 əлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. Бас жоспарды іске асыру мақсатында қала аумағының 21 жеріне егжей-тегжей жоспарлау жобалары жасақталды.

Сонымен қатар, «Shymkent City» инвестициялық жобасы көпшілік тарапынан қолдау тауып, «Тұран» шағынауданының егжей-тегжейлі жобалау (ПДП) жобасына өзгерістер енгізілді. Шымкент қаласында жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету, өзекті мəселенің бірі болып табылады. Осы мақсатта 2015 жылы қалада тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілді. Барлық қаржыландыру көздері есебінен 217,4 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, көлемі 2014 жылмен салыстырғанда 13,8 пайызға артты.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде 4 631 пəтерлі 72 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, оның өткен жылы 4 538 пəтерлі 68 тұрғын үйдің құрылысы пайдалануға берілді. Оның ішінде:

– «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі жүйесі» арқылы 612 пəтерлі 7 тұрғын үй;

– Коммуналдық 2 087 пəтерлі 30 тұрғын үй;

– «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ арқылы 1 572 пəтерлі 31 тұрғын үй.

2016 жылы 1620 пəтерлі 22 тұрғын үйдің құрылысын жүргізіп, жыл соңына дейін 1044 пəтерлі 18 тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарланған (оның ішінде «ҚИК» АҚ арқылы 900 пəтерлі 15 тұрғын үй).

Сонымен қатар, аталған Бағдарламаның «тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты жаңғырту» тетігі бойынша 2015 жылы республикалық бюджеттің несиелері есебінен 252,1 млн теңгеге 35 көп қабатты тұрғын үйлерде күрделі жөндеу жұмыстары атқарылды. Оның ішінде «Жангелдин» көшесі №22а үй республика бойынша ең үздік жаңғырту бағдарламасымен жөнделген үй болып танылды.

Жер мəселелерi

Азаматтар мен заңды тұлғалардың арыздары мен шағымдарын қарау сапасын жақсарту үшін Шымкент қаласы жер қатынастары бөлімінде қазіргі заманға сай жұмыс əдістері мен электронды құжат айналым жүйесі енгізілген.

Бөлімде мемлекеттік қызмет көрсетулер «бір терезе» қағидасына сəйкес жүргізіледі. Жер қатынастары мəселелері бойынша қызметтердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында www.shymkent.gov.kz

сайтында жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген арыздарының кезегін, сондай-ақ аукционға сатуға қойылатын жер учаскелерінің тізбесін, тағы басқа да мəліметтерді алуға болады.

2015 жылы қалалық бюджетке жер телімдерін сату, жалға алу, жалға алу құқығын сатудан барлығы 950,8 млн теңге кіріс түсті. Оның ішінде жер телімдерін бағалау құны мен жеке меншікке сатудан 724,4 млн теңге, жалға табыстаудан 183,3 млн теңге, жалға алу құқығын сатып алудан 43,1 млн теңге.

Қазіргі таңда, қалалық жер қатынастары бөлімі тарапынан 5 мемлекеттік қызмет түрлері ұсынылады. Оның ішінде есепті жыл ішінде 3135 қызмет көрсетілді:

– жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 425;

– жер учаскесін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту – 2 218;

– мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық құнын бекіту – 492.

Қалада жер қатынастары мəселелері бойынша арнайы комиссия жұмыс жасайды. Оның құрамына мəслихат депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері енгізілген. 2015 жылы аталған комиссияның 41 отырысында 6 366 құжат қаралып, оның 2429-на келісім берілген.

Қала аумағында тұрғын үй массивтерінің құрылысы қарқынды жүруіне байланысты, əлеуметтік, инженерлік, жол құрылысы үшін жер телімдерін мемлекет мұқтажына қайтару жұмыстары жүргізілуде. 2015 жылы мемлекет мұқтажы үшін 7 балабақша, 17 мектеп, 1 мұражай, 2 дəрігерлік амбулаториялық емхана, бірқатар инженерлік жүйелер жəне көп қабатты тұрғын үй құрылыстарын дамыту бойынша жалпы алаңы 44,8 га 90 жер учаскелері мемлекеттің меншігіне қайтарылды.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар тарапынан ертеректе беріліп кеткен жер учаскелерінің мақсатына сай пайдалануы қатаң бақылауға алынған. Қазіргі таңда, бірнеше бағытта жер телімдерінің пайдаланбай жатқан, ұтымсыз пайдаланып жатқан немесе нысаналы мақсатын өзгертпей басқа мақсатқа пайдаланып жатқан жер телімдеріне түгендеу жұмыстары атқарылуда. Оның ішіне кəсіпкерлік мақсатта пайдаланбай жатқан 215, ауылшаруашылық мақсатта пайдаланбай жатқан 4 569 жер телімдерін мемлекеттің меншігіне қайтару жөнінде құзырлы органдармен бірлесіп жұмыстар атқарылуда.

Бюджеттiң орындалуы

2015 жылы өзіндік кірістер бойынша болжам-жоспар 104,3 пайызға орындалды (есепті кезеңдегі болжам жоспар 41 640,8 млн теңге болса, нақты түскені 43 440,6 млн теңге). Кіріс көзінің құрамында салық түсімдерінің болжам жоспары 104,2 пайызға, салықтық емес түсімдердің болжам жоспары 110,7 пайызға, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 105 пайызға орындалды.

Бюджеттің шығыс бөлігі – 83,2 млрд. теңгені құрап, оның 99,8 пайызы игерілді. Қаржының басым бөлігі білім саласына (47,4%), тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласына (32,4%), көлік жəне коммуникация (7,9%), мəдениет, спорт жəне туризм (4,1%), əлеуметтік салаға (2,9%) бағытталды.

Бiлiм саласы

2015-2016 оқу жылы қала аумағында 127 жалпы білім беру мектептері жұмыс жасайды. Ондағы оқушылар саны 156,8 мыңды құрады.

«ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде соңғы жылдары ауқымды жұмыстар атқарылуда.

2015 жылы білім саласын дамытуға 31 606,9 млн теңге қаржы бөлінген. Оның 470,1 млн теңгесі білім қорына бағытталып, əлеуметтік жағдайы төмен 10 571 оқушы ыстық тамақпен, 4 170 бала мектепке қажет киім-кешекпен қамтамасыз етіліп, 4 500 бала жазғы лагерьлерде демалды.

Білім беру саласына жаңа технологияларды енгізу арқылы білім беру сапасын жақсарту басты басымдықтардың бірі. Қазіргі таңда, қала мектептерінде интерактивті тақта – 387, лингафон кабинеті-163, биология кабинеті – 47, физика кабинеті – 63, химия кабинеттері – 59 жетті. Білім беру мекемелері толық телефон жəне интернет желісіне қосылған. Бағдарлама аясында 1898 мүмкіндігі шектеулі бала инклюзивті оқытумен қамтылды. Қаладағы 62 білім беру мекемелерінен кіріктірілген сыныптар ашылып, 591 оқушы білім алып, коррекциялық қолдау көрсетілуде, 1307 оқушы логопедтік топтарда білім алуда. 2015 жылы қаладағы барлық жалпы орта мектептерде пандустар орнатылды.

Жаңа жыл қарсаңында қала əкімдігінің ұйымдастыруымен 124 мектептің көпбалалы отбасы, тұл жетім, жартылай жетім, аз қамтылған отбасы балаларын қолдау мақсатында «Мейірімді» қайырымдылық акциясы өткізілді. Оның ішінде 5 144 балаға 10,0 мың теңгеден, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 783 балаға 39 640,0 теңгеден қайырымдылық көмек көрсетілді.

2015 жылы Ұлттық Бірыңғай тестілеуге 3 943 мектеп бітірушілері қатысып, қала бойынша орташа балл 81,8 құрады, бұл көрсеткіш 2014 жылға қарағанда 1,7 баллға жоғарылаған. 2015 жылы 81 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды.

Салауатты өмір салтын насихаттау жəне оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында 9 мектептен тыс мекемеде 14260 оқушы, 848 үйірмеге 25584 оқушы қатысуда, ал 494 спорттық секцияларда 44 405 бала қамтылды.

Қалада демографиялық өсімнің жоғары болуына байланысты, оқушылар санының өсімі – заңды құбылыс. Сондықтан, қалада білім нысандарын дамыту басты міндеттерінің бірі. 2015 жылы бюджеттен 1 929,2 млн теңге қаржы бөлініп, 6 мектепке (№21,25,41,43,44,65) жəне 7 балабақшаға (№24,41,69,70,75,97,118) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2015 жылы 18 білім беру нысандарының құрылыс жұмыстары жүргізіліп, оның 10-ы пайдалануға берілді. Оның ішінде:

– 6 500 орындық 8 жаңа мектеп құрылысы жүргізіліп, 3 500 орындық 4 мектеп пайдалануға берілді. (Ақтас-2 200 орындық, Сайрам-1200 орындық, Қаражол-900 орындық, Бозарық-1200);

– 6 мектепке қосымша құрылыс жұмыстары жүргізіліп, 3-ің құрылыс жұмыстары аяқталды (№22,94,105);

– апатты жағдайдағы – 4 (№12,34,36,118) мектептің қайта құрылымдау жұмыстары жүргізіліп, оның 3-уі пайдалануға берілді (№12,36,118). №34 мектеп құрылысы 2016 жылға өтпелі.

Қазіргі таңда, қалада үш ауысымды 7 мектеп болса, оның 3-нің (№76,91,111) құрылысы жүргізілуде. Қалған 4 (59,69,82,83) мектептің ЖСҚ дайындалып, 2016 жылғы республикалық бюджетке ұсынылды.

2015 жылдың қыркүйек айынан бастап, мектеп директорларын іріктеу бойынша депутаттар, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, заңгерлердің қатысуымен комиссия құрылып, қала əкімі төрағасы болып бекітілді. Сонымен қатар, мектептерде қамқоршылық кеңесінің жұмыстары жандандырылуда жəне мектепішілік электронды бақылау жүйесі енгізілуде. Нəтижесінде, ата-ана оқушының күнделікті сабаққа қатысуы жəне үлгерімі туралы мəліметті электронды түрде алады.

Мектепке дейiнгi бiлiм беру

Қаладағы бала санының ұдайы өсуі мектепке дейінгі мекемелердің құрылысын дамытуды қажет етеді. Сондықтан, «Балапан» бағдарламасы бойынша мемлекеттік-жекеменшік механизмдерін кеңінен қолдану шаралары жеделдетіліп, мектепке дейінгі мекемелер саны 327 жетті (84-мемлекеттік, 208-жекеменшік, 35–шағын орталықтар). Жалпы мектепке дейінгі мекемелерде 47 584 бала қамтылған. Соның ішінде, «Балапан» бағдарламасы бойынша 45 699 бала немесе қамту деңгейі 80,0 пайызды құрады.

Мектепке дейінгі тəрбие беру мекемелерін дамыту мақсатында 2015 жылы жаңадан 2 280 орындық 8 балабақшаның құрылыстары жүргізіліп, 2 100 орындық 7 балабақшаның құрылыстары аяқталды. (Гаражная-80

орындық, Жангельдин көшесінде-320 орындық, Қазығұрт – 330 орындық, Самал – 2320 орындық, Нұртас – 320 орындық, Бозарық – 320 орындық, Ерімбетов – 320 орындық).

Спорт

Салауатты өмір салтын ұстану еліміздің маңызды мəселелерінің бірі. Осы ретте, Елбасының «Жаңа он жылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында 30%-ға дейінгі қазақстандықтар 2020 жылға дейін бұқаралық спортқа тартылуы қажет делінген.

Қазіргі таңда, қалада спортпен жүйелі түрде айналысушылар саны жылдан жылға артып келеді, мəселен 2014 жылы 162,7 мың адам болса, 2015 жылы 193,2 мың адамға дейін артқан, бұл қала халқының 22 пайызын құрап отыр.

Қала тұрғындарын бұқаралық спортқа ынталандыру мақсатында қалада 781 спорт нысандары (2014 жылы 778 спорт нысаны болған) қызмет атқаруда.

Сонымен қатар, 44 спорт түрі (28 олипиадалық, 16 олимпиадалық емес, 2 ұлттық спорт түрі) бойынша спорт резерві жəне халықаралық дəрежедегі спортшыларды даярлау жұмыстарымен айналысатын 13 спорт мектептері бар.

Соңғы жылдарда спорт нысандарының артуымен қатар, спортшыларымызда Олимпиада ойындарында жəне халықаралық түрлі жарыстарда жақсы нəтиже көрсетіп келеді. Атап айтқанда, Əлем, Азия чемпионаттары (Кубогында) 2015 жылы 37 алтын, 25 күміс, 43 қола медальге (2014 жылы 24 алтын, 14 күміс, 32 қола) ие болды. Ал, ел чемпионаттарында 2015 жылы 457 алтын, 393 күміс, 342 қола медаль (2014 жылы 428 алтын, 340 күміс, 367 қола) жеңіп алды.

2015 жылы спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасына 384 спортшы (ұлттық құрамаға 107 спортшы, жастар құрамасына 144 спортшы, жасөспірімдер құрамасы 384 спортшы) енген, 2014 жылмен салыстырғанда 14 спортшыға артқан.

Есепті жылы қалада 415 спорттық іс-шара ұйымдастырылып, 50 мыңнан аса қала тұрғындары қатыстырылды, 2014 жылмен салыстырғанда іс-шаралар саны 144-ке артқан. Оның ішінде ірі спорттық іс шараларды атап өтсек, ҚР Президентінің жүлдесіне арналған «Шымкент қаласының барысы» ашық турнирі өткізіліп, жеңімпаз болған қаламыздың балуандары облыстық іріктеу жарысына жолдама алды. Шахматтан, бокстан, таэквондодан қаланың ашық біріншілігі ұйымдастырылды. Қошқар ата өзені бойында «Street Workout»-пен айналысатын арнайы спорт алаңшасы ашылды. Велоспорттан олимпиада чемпиондары А.Винокуров пен З.Забированың қатысуымен жəне бокстан олимпиада чемпионы С.Сапиевтің қатысуымен «Rixos Khadisha Shymkent-2015» қайырымдылық велошеруі, сонымен қатар, бокстан ХХХVI шы халықаралық турнир, еркін күрестен 2000-2001 ж. жасөспірімдер арасында ІІ Республикалық ашық турнирі өткізілді.

Мəдениет жəне тiлдердi дамыту

2015 жылы қалада республикалық маңызы бар 10 ресми мерекелік, 75-тен аса мəдени көпшілік іс-шаралар, 2 қалалық байқаулар, біліктілікті арттыру семинарлары өткізіліп, 100 мыңнан астам қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Оңың ішінде, Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, қала күні мерекелері қала тұрғындарымен кең көлемде атап өтілді.

Қалада 95 мəдениет нысандары, қалалық орталықтандырылған көпшілік жəне балалар кітапханалар жүйесі (38 кітапхана) қызмет атқаруда. Сонымен қатар, жергілікті бюджет есебінен зообақ қайта құрудан өтіп, пайдалануға берілді.

«ҚР тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында Шымкент қаласының мəдениет бөлімінің жанынан қалалық тілдерді оқыту орталығы құрылған. Аталған орталықтың басты міндеті қалада 3 тілді меңгерген тұрғындардың үлесін арттыру болып табылады. 2015 жылы мемлекеттік жəне жекеменшік тілдерді оқыту орталықтарында 9012 адам қазақ тілін, 8392 адам орыс тілін, 11099 адам ағылшын тілін меңгерген. Қазіргі таңда, қаладағы мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындар саны 87,3 пайызды (2014 жылы 85,5 пайыз болған), орыс тілін меңгерген 79,8 пайызды (2014 жылы 78,1 пайыз болған), ағылшын тілін меңгерген 15 пайызды (2014 жылы 13,7 пайыз болған) құрап отыр.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлері есімдерін көшелер мен объектілерге беру бойынша ҚР Үкіметі жанындағы республикалық ономастика комиссиясының қарауына 15 көшеге атау беру

жəне қайта атау, 1 мектепке атау беру бойынша ұсыныстар енгізіліп, 12 көшені атау жəне қайта атау, 1 мектепке атау беру туралы ұсыныстар қолдауын тапты.

Халықты жұмыспен қамту жəне əлеуметтік қамсыздандыру

Халықты жұмыспен қамту

Қазіргі таңда, жаһандық дағдарыс экономиканың өсу қарқынына кері ықпал етуде, осы ретте ҚР Үкіметінің жəне жергілікті атқарушы биліктің басты мақсаттарының бірі экономикалық өсімді, еңбек рыногындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылады.

Шымкент қаласында мемлекеттік жəне салалық бағдарламаларды іске асыру арқылы жұмыссыздық деңгейінің өсіміне жол берілмеді. Мəселен, 2014 жылы жұмыссыздық деңгейі 5,3 пайызды құраса, 2015 жылы осы деңгейде қалып отыр. Сонымен қатар, экономика салаларында жұмыспен қамтылғандар арасындағы өсім 286,3 мың адамнан 357,1 мың адамға артқан.

Ал «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру нəтижесінде еңбек нарығындағы қатынастардың белсенділігі жүйелі түрде артып келеді. Мəселен, жұмыспен қамту органдарына 2015 жылы 19 834 адам жұмысқа орналасу жөнінде өтініш білдіріп, оның 78,9 пайызы (15 648) жұмысқа орналыстырылды.

2014 жылғы ҚР Президенті Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс» деп атап өтті. Үкімет пен компанияларды мүмкіндігі шектеулі азаматтарды барынша əлеуметтік қолдауға шақырды. Осы мақсатта, қалалық жергілікті атқарушы органдар тарапынан 498 мүмкіндігі шектеулі азамат əлеуметтік қорғауға алынып, оның 384-і тұрақты жұмысқа орналасты.

2015 жылы қала бойынша 17087 жаңа жұмыс орындары (2014 жылы 6120 жаңа жұмыс орындары) ашылды. Оның ішінде: ауыл шаруашылығы – 128, өнеркəсіп – 5593, шағын жəне орта бизнес – 517, білім – 655, басқа салаларда – 1242, ал уақытша жəне маусымдық жұмыс орындары 8952 орын.

«Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасына 13844 адам (2014 жылы 7429 адам болған) қатыстырылды. Оның ішінде: инфрақұрылым жобаларына – 108, кəсіби оқытуға – 148 адам, əлеуметтік жұмыс орындарына – 640 адам жəне жастар практикасына – 653 түлек жолданды, 12295 азамат тұрақты жұмыс орындарына орналасты.

Халықты əлеуметтік қамсыздандыру

Азаматтардың əлеуметтік аз қамтылған категорияларына, мүгедектерді оңалту жəне қарттарға лайықты қызмет көрсету іс-шаралары жүйелі түрде атқарылуда.

2015 жылы қалалық жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан халыққа ұсынылатын 26 мемлекеттік əлеуметтік қызмет түрлерін көрсетті. Осы қызмет түрлері бойынша жыл ішінде 111 006 азаматтан өтініш түсіп, оның 107 036 немесе 96,4 пайызы орындалды.

2015 жылы табысы төмен 191 отбасына 8,1 млн теңге атаулы əлеуметтік көмек, 31 983 балаға 514,0 млн теңге 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жəрдемақы, 688 отбасына 25,4 млн теңгеге тұрғын үй көмегі төленді.

Сонымен қатар, 2015 жылы əр түрлі санаттағы 4063 азаматқа əлеуметтік көмек көрсетілді. Протез-ортопедиялық құралдар алуға мұқтаж азаматтарға 924 жолдама беріліп, 371 тифло-техникалық құралдар, 136 сурдо-техникалық құралдар алынды. Сонымен қатар, 408 мүгедек азаматтарға жеке көмекшілер, 430 мүгедектерге арналған қол арбалар берілді. Жүріп тұруы қиын мүгедек азаматтарға 42 761 рет «əлеуметтік такси» жəне 10 568 рет арнайы құрал-жабдықпен жабдықталған «Инватакси» қызметі көрсетілді.

Жастармен жұмыс жүргiзу жəне iшкi саясат

Шымкент қаласындағы қоғамдық-саяси ахуал бүгінгі таңда тұрақты. Ұлтаралық жəне конфессия аралық қарым-қатынас татулық пен ынтымақтастыққа негізделген.

Жергілікті басқару органдарының азаматтық қоғам институттарымен бірлесе жүйелі жəне мақсатты жұмыстары өңіріміздегі тұрақтылықтың сақталуы мен нығаюына оң ықпал етуде.

Алдағы уақытта қалада туындап отырған мəселелерді жергілікті халықты қатыстыра отырып талқылау, қаланың əлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі бағдарламалар мен тұжырымдамаларды бірлесіп қабылдау мақсатында «Қоғамдық кеңестер» құру жоспарланып отыр.

Қазіргі таңда, қалада 6 облыстық саяси партия филиалдары мен өкілдіктері, 20 этно-мəдени бірлестік, 131 діни бірлестік (101 исламдық, 30 исламдық емес), 360-тан астам үкіметтік емес ұйымдар тіркеліп, жұмыс атқаруда.

Діни бірлестіктермен жұмыс жүргізу, діни экстремизмге қарсы тұру, керағар діни секталардың іс-əрекетінің зияндылығы жөнінде ақпараттық-насихаттық іс-шаралар өткізілуде. Есепті жылы студенттер арасында барлығы 90 кездесу өткізіліп, 10643 жастар қамтылса, орта мектептерде 125 кездесу өткізіліп, 16509-ден астам оқушылар, ал елді-мекендер тұрғындары арасында 40 кездесу өткізіліп, 2435-тен астам адам қамтылды.

Ал Үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау мақсатында 2015 жылы қалалық бюджеттен 34 млн теңге қаржы бөлініп, жобалар 9 негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылды.

Мемлекеттiк ақпараттық саясат

Бүгінгі таңда, Шымкент қаласында жұмыс атқарып отырған бұқаралық ақпарат құралдарының саны – 153, оның ішінде: газеттер – 125, журналдар – 22, телеарналар – 4, радиолар – 2.

Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында өткен жылы бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, қала тұрғындарының арасында Елбасының халыққа Жолдауын, Үкімет, облыс, қала əкімдіктері тарапынан атқарылып жатқан іс-шараларды мемлекеттік, өңірлік жəне аумақтық бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы туралы 11 тақырыптық медиа-жоспар бекітіліп, жүзеге асырылды. Сонымен қатар, 3461 материал (мерзімді басылымдарда 1972 мақала, телеарналарда 1489 сюжет) жарық көрсе, жалпы саны 60 бейнеролик, 10 бейнефильм көрсетілді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын халық арасында кеңінен насихаттау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін 7 ақпараттық-насихаттық топтар құрылып, қаладағы жоғары жəне орта арнаулы оқу орындарында – 89, мектептерде – 156, кəсіпорындар, ұжымдар мен елді мекендерде – 97 кездесу өткізіп, жалпы 157 403 адам қамтылды. Шымкент қаласында құрылған ақпараттық-насихаттық топ мүшелері үшін арнайы Жолдау туралы ақпараттық-əдістемелік кітапшасы дайындалып, таратылды. Қала көшелеріне 82 дана баннер мен кермелер ілінді.

Жастармен жұмыс жүргiзу, жастар саясаты

Шымкент қаласында ресми мəліметтер бойынша 14-29 жас аралығындағы 240,5 мың жастар бар. Оған қоса, 102 мың студент жоғарғы жəне арнаулы орта оқу орындарында күндізгі бөлімдерде білім алуда.

Бүгінгі таңда қалада 9 жоғары, 37 орта арнаулы оқу орындары жұмыс жасайды.

Сонымен қатар, қалада 2 облыстық жəне қалалық жастар орталықтары жұмыс жүргізуде. Қазіргі таңда жастар саясатын іске асыру барысында жастарды отансүйгіштікке жəне рухани адамгершілік тəрбие беру, жастар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, жəне жастарға əлеуметтік қолдау көрсету бағыттарында жұмыстар жүргізілуде.

Жұмыссыз жастарға кəсіпкерлік негіздерін үйрету, кəсіпкерлікпен айналысуға ынта білдірген жастарға несие алу мүмкіндіктерін түсіндіру мақсатында «Оңтүстік Қазақстан облысы Кəсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС-і, «Даму» кəсіпкерлікті дамыту қоры» ОҚО бойынша аймақтық филиалы» АҚ-ы жəне Шымкент қаласы «Халықты жұмыспен қамту орталығының» қызметкерлерінің қатысуымен семинарлар-тренингтер, кездесулер өткізіліп келеді. 2015 жылы 60-тан астам жас оқу курстарынан өтіп, сертификат алды.

2015 жылы қала жастарының сұранысы бойынша қаладағы «Абай», «Орталық», «Тəуелсіздік», «Жеңіс» саябақтары мен «Жастар», «Нұрсəт» аллеяларына лимитсіз WI-FI интернет желісінің қызметі ұйымдастырылды. Интернет желісін тұтынушылар 9.00-21.00-ге дейінгі аралықта бір мезетте 300-400 адам еркін қолданады.

Инженерлiк инфрақұрылымды дамыту

Ауыз сумен қамтамасыз ету жəне кəріз жүйелері

2015 жылғы жергілікті бюджеттен 13 жобаны жүзеге асыруға 1 697,5 млн теңге қаржы бағытталды. Оның ішінде:

10 шағынауданға ішкі орамдық ауыз су құбырларын тартуға 1 671,7 млн теңге бөлінді. Нəтижесінде, 2 шағын ауданында ауыз су құбырларының құрылысы аяқталып, 30,0 мыңнан астам тұрғындар ауыз сумен қамтамасыз етілді. Ал, қалған 8 шағынауданның құрылыстары 2016 жылға өтпелі.

«Қазығұрт», «Қайнар-бұлақ» жəне «Достық-2» шағынаудандарын тұрақты ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 3 магистралды су құбырының құрылысын аяқтауға 42,5 млн теңге бөлініп, 2015 жылы 2 құбыр пайдалануға берілді. Ал «Достық-2» шағынауданындағы магистралды су құбыры 2016 жылға өтпелі.

Шымкент қаласы, «Тассай» шағын ауданынан «Қайтпас-1 «шағын ауданына дейінгі магистралды канализация коллекторының құрылысына 100,0 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды. Бұл нысанның құрылысын 2016 жылы аяқтау жоспарланған.

Сонымен қатар, қаланың кəріз жүйелерін дамыту мақсатында 5 шағынауданның ішкі орамдық кəріз жүйелерінің құрылысына жергілікті бюджеттен 202,6 млн теңге бағытталды. Құрылыс жұмыстары 2016 жылға өтпелі.

2016 жылы жергілікті бюджет есебінен 1 магистралды су құбырына, 8 шағынауданды ішкі орамдық ауыз сумен қамтамасыз етуге 1 501,2 млн теңге қаралған. Сонымен қатар, 1 магистралды кəріз коллекторы жəне 5 шағынауданның ішкі орамдық кəріз жүйелеріне 628,1 млн теңге қаржы жоспарланды.

Электрмен қамтамасыз ету

2015 жылғы бюджет есебінен 9 шағынауданды электрлендіруге 1 327,2 млн теңге бөлініп, 3 шағын ауданның электр желісінің құрылысы аяқталды. Нəтижесінде 29,0 мыңнан астам халықты сапалы электр қуатымен қамтамасыз етуге мүмкіндік жасалды. Ал, қалған 6 шағынауданның құрылыстарын 2016 жылы аяқтау жоспарланған.

Сонымен қатар, 2015 жылы қаланың энергетика саласы үшін маңызды жоба қуаты 220 кВ құрайтын «Бозарық» подстанциясының құрылысын бастауға 848,3 млн теңге бөлініп, 2016 жылы құрылыс жұмыстарын жалғастыруға 3 430,1 млн теңге жоспарланды.

Одан бөлек, 2015 жылы бірнеше жыл сақалды құрылысқа айналған «Нұрсəт» шағынауданындағы «Солтүстік» подстанциясы инвестор есебінен құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Ал 2016 жылғы бюджетте 5 шағынауданды электрмен қамтамасыз етуге 1 631,5 млн теңге қаржы жоспарланды.

Табиғи газбен қамтамасыз ету

Есепті жылы 7 шағынауданға газ құбырларын тартуға 1 822,0 млн теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде 5 шағынауданда газ құбырларының құрылысы аяқталып, 36,0 мыңнан астам халық көгілдір отынмен қамтамасыз етілді. Қалған 2 жобаның құрылысы 2016 жылға өтпелі.

Ал 2016 жылғы бюджетте 2 шағын ауданды газбен қамтамасыз етуге 931,5 млн теңге қаржы жоспарланды.

Жылумен қамтамасыз ету

2015 жылы қала əкімдігі тарапынан қаланы жылу беру маусымына дайындауға аса назар бөлінді. Себебі, «Энергоорталық-3» АҚ-ң өткен жылу беру маусымында «ҚазТрансГаз-Аймақ» АҚ-на тұтынған газ үшін 956,7 млн теңге қарыз қалыптасқан. Салдарынан, жылу беру станциалары тоқтатылып, жылу бере алмау қауіпі болды. Осы мəселені шешу мақсатында қала əкімінің бастамасымен аталған мекеменің құрылтайшылармен келіссөздер жасалып, қарызды өтеу мəселесі шешілді. Нəтижесінде, өткен жылдың 14 қазанынан газ беріліп, бүгінгі таңда қалаға сапалы жылу берілуде.

Жылу сапасын жақсарту мақсатында 1,2 млрд. теңгеге қаланың оңтүстік бөлігіндегі ұзындығы 5,3 км жылу құбырлары қайта құрудан өтіп, жылу беру маусымына толығымен дайын болды. Сонымен қатар, «Энергоорталық-3» АҚ-ң баласындағы жылу құбырлары коммуналдық меншікке алынып, жүйелі түрде жөндеу жұмыстары қолға алынды.

Одан бөлек, əкімшілік-іскерлік орталығындағы тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету үшін қуаты 160 Гкалл құрайтын қазандықтың құрылысы жеделдетіліп, қараша айында пайдалануға берілді.

Транспорт саласы

2015 жылы қаладағы жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу жəне күтіп-ұстау жұмыстарына 237,7 млн теңге бағытталды. Бұл қаржыға 2 бағдаршам нысаны, 350 метр жасанды кедергілер, 8 орынға ақпараттық жол белгілері орнатылды. Сондай-ақ, 14 көшеге екі компонентті пластик материалынан, 60 көшенің жол таңбалары сызылды жəне 719 əр түрлі жол белгілерін орнату жұмыстары атқарылды.

2016 жылы жаңадан 14 бағдаршам нысанын, қаладағы оң жақ өткелдерге белсенді жол белгілерін орнату жоспарлануда.

Қаладағы маңызды салалардың бірі қоғамдық көлік қызметі. 2015 жылы қала халқына 27 көлік компаниясы 76 бағытта, 1112 кестемен қызмет көрсетті.

2015 жылы қоғамдық көлік бағыттарында электронды билет жүйесін енгізу мақсатында, Шымкент қаласы əкімдігі жəне Оңтүстік Кореялық «Korea Smart Company Co. LTD» компаниясымен меморандум жасалды. Аталған компания қызметкерлері ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында қаладағы қоғамдық көлік

бағыттарына жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізетін болады. Зерттеу нəтижесіне сəйкес, қоғамдық көлік бағыттарында электронды билет жүйесі бойынша нақты ұсыныстар енгізеді.

Қаладағы қоғамдық көлік бағыттарындағы негізгі жəне резервтік құрамдағы көліктердің жалпы саны 1 685 құрайды.

Қоғамдық көліктердің техникалық, экологиялық талаптарға сəйкестігін тексеру, қоғамдық көліктер арасындағы жарысты, белгіленген нормадан артық жолаушылар мінгізуді тоқтату бойынша рейдтік іс-шаралар тұрақты өткізілуде.

Тұрақты ұйымдастырылған рейдтік іс-шаралардың нəтижеcінде міндеттемелерін орындамаған 16 бағыт бойынша түзілген келісім-шарттар біржақты бұзылды. Бос бағыттарға екі ашық конкурстар ұйымдастырылып, сығымдалған метан газымен жүретін, экологиялық таза, сиымдылығы үлкен 200 автобустар бағыттарға қойылды.

Жолаушыларға жағдай жасау мақсатында 40 жерге жаңа үлгідегі аялдама нысандары орнатылып, 150 жердегі аялдама конструкцияларын сырлау, күтіп ұстау жұмыстары жүргізілді.

2016 жылы қаланың аумағына жəне қалаға қарасты елді мекендерге 60-тан астам аялдама орнату жоспарланған.

Қалада жыл сайын көлік санының ұдайы өсуі салдарынан көшелердің өткізу қабілеті төмендеп, көлік тығындары орын алуда. Осыған байланысты, 2015 жылы көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Атап айтқанда:

– 3 жаяу жүргіншілер өткелдерінің құрылыстары жүргізіліп («Эмиль» сауда орталығы, Евразия базары аумағы, Темірлан тас жолы), өткен жылы «Эмиль» сауда орталығы жəне Евразия базары маңындағы жаяу жүргіншілер

өткелі пайдалануға берілді. Қала əкімінің тікелей тапсырмасымен мүмкіндігі шектаулі азаматтарға жағдай жасау үшін Евразия базары маңындағы жерүсті жаяу жүргіншілер өткеліне лифт орнатылды. Ал «Темірлан» тас жолы бойындағы жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысын 2016 жылы аяқтау жоспарланған.

– қаланың орталық бөлігіндегі 8 көшені кеңейту жұмыстары басталып, 2015 жылы «Мəделі қожа» көшесіндегі құрылыс жұмыстары аяқталды. Ал қалған көшелердегі жұмыстарды 2016 жылы аяқтау жоспарланған;

– «Қапал-батыр» көшесіндегі жол өткелін қайта құру жұмыстары жүргізілуде, құрылыс жұмыстарын 2016 жылы аяқтау жоспарланған;

– «Қатын көпір» жəне «Достық» шағынаудандарындағы негізгі ішкі орамдық көшелерді қайта құру жұмыстары басталып, 2016 жылы аяқталуы жоспарланған.

Сонымен қатар, қала əкімі көлік инфрақұрылымындағы өзекті мəселелермен танысып, 5 негізгі көше қиылысында жолайрық құрылыстарының жобасын пысықтап, 2016 жылы ЖСҚ əзірлеуді ұсынды.

2016 жылы облыстық бюджеттен 1 өткел, 8 магистралды көшені, 3 шағынауданның ішкі орамдық көшелерін қайта құруға, 1 жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысына жəне 2 нысанның ЖСҚ əзірлеуге 7 325,7 млн теңге қаралды.

Сонымен қатар, 2015 жылы ұзындығы 68,7 км құрайтын 68 көше орташа жөндеуден өтті, 2 көшеде аяқ жол салу жұмыстары жүргізілді. Ал 2016 жылы 48 көшені күрделі жөндеу, 73 көшені орташа жөндеу, 20 көшеде аяқ жол салу, шет аудандардағы көшелерге 316,0 мың шаршы метр шағал тас төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Қаланы жарықтандыру

Қаланы түнгі жарықтандыруға 2015 жылы 418,4 млн теңге бағытталып, 139 орталық көше, 6 саябақ, 23 гүлзар, жалпы саны 28 341 дана түнгі жарықтандыру шамдары күтіп ұсталынды.

2015 жылы 384,0 млн теңгеге əлеуметтік нысандар орналасқан 21 көшеге жарықшамдар орнатылды жəне Қонаев, Бəйдібек би көшелерінде энорго үнемдегіш светодиодтық жарықшамдарға ауыстырылды. Сонымен қатар, тұрғындардың ұсыныстары бойынша көп қабатты үйлердің аулаларын жарықтандыру мақсатында, 2015 жылғы жергілікті бюджет есебінен 75 аула жарықтындырылды. Қазіргі таңда қала бойынша 334 көп қабатты тұрғын үйлердің аулалары жарықтандырылған.

2016 жылы 24 көшені жарықтандыру, 4 көшені қайта құру есебінен жəне 231 ауланы жарықтандыруға жергілікті бюджеттен 568,9 млн теңге жоспарланды.

Қаланы абаттандыру жəне көгалдандыру

Қала көркі республикамыздағы 3-ші қала мəртөбесіне лайықты болуы тиіс. Осы мақсатта жергілікті атқарушы органдар тарапынан бірқатар жұмыстар атқарылуда. Мəселен, 2015 жылы 700 мыңнан астам жаздық гүл (петуния, шафран, тагетис, катарантус) т.б. көшеттер алаңы 16465 м2 жерге, яғни, орталық көшелер мен əкімшілік іскерлік аумақтар мен саябақтар мен гүлзарларға отырғызылды.

2014-2016 жылдарға арналған «Жасыл аймақ» іс-шарасы бойынша 2015 жылы аумағы 216 га жерге көктем жəне күз мезгілдерінде 88 471 дана ағаш көшеттері мен бұтақшалар отырғызылды.

Отырғызылған ағаш көшеттерінің өнімділігін арттыру мақсатында, мəдени сəнді ағаш көшеттер жергілікті тұқымбақтардан алынып отырғызылды жəне арнайы мамандандырылған «ЛТД Тұрмыс», «Шымкент жасыл қала» жəне «Байтерек ЛБ» ЖШС-і тарапынан арнайы автокөліктермен суғару жұмыстары жүргізілді.

2015 жылы жергілікті бюджет есебінен 14,4 млн теңгеге Толстой көшесі бойындағы көп жылдар бойы қараусыз қалған «Батырлар картасы» мазараты абаттандырылып, «1 мамыр» көшесіндегі гүлзарды қайта құру жəне көлік-логистикалық орталығының жол бойын көріктендіру жұмыстары жүргізілді.

Су алудың алдын алу мақсатында Қошқар ата өзенінің соңғы бөлігі, «Самал-3» шағынауданынан «Алматы-Ташкент» айналма тас жолына дейінгі 4,4 шақырымын күрделі жөндеуге жергілікті бюджет есебінен 217,0 млн теңге бөлініп, игерілді.

Қалада өзекті мəселеге айналған ирригациялық жүйелерін жөндеу мен қалпына келтіру бойынша 31 мекен-жайда жалпы 9,8 шақырым ирригациялық лоток салу жұмыстары жүргізілді.

Қала тұрғындарынан келіп түскен арыз-шағымдар бойынша ұзындығы – 11,263 шақырым тұйықталған ирригация жүйелерінің өткізу қабілетін арттыру мақсатында 32 мекен-жайға сметалық құжаттамалар дайындалып, 2016 жылғы жоспарға ұсынылды.

Сонымен қатар, 2016 жылы қала аумағында жауын-шашын мезгілінде су тасқынының алдын алу мақсатында төмендегі нысандарға ЖСҚ əзірлеу жоспарланды:

– «Өтегенов» көшесі бойындағы «Жаңаша» моншасы тұсындағы жиналған жауын-шашын суларын айдау жұмыстары (1780м);

– Төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында «Қошқар ата» өзені арнасын (Əл-Фараби көшесінен Арғынбеков көшесі бойындағы №87 мектепке дейін) күрделі жөндеу жұмыстары;

– «Жаңа-шек» каналын (Қазыбек би көшесінен «Абай» саябағына дейін) одан əрі күрделі жөндеу жұмыстары.

Одан бөлек, 2016 жылы 17 шағынаудандағы гүлзар, «Қарасу» гүлзарын, «Нұрсəт» шағынауданындағы орталық гүлзарды жəне «Мəртөбе» тұрғын алабындағы «Мөртөбе» мемориалдық саябағын көріктендіру жоспарлануда.

Қаланың санитарлық тазалығы жəне төтенше жағдайлардың алдын алу

Қала шекарасының ұлғаюына байланысты санитарлық тазалық жұмыс ауқымы да артты. Қалада ұзындығы 835 шақырым келетін 156 көшесінде қолмен жəне механикалық тазалау жұмыстары жүйелі атқарылуда. Яғни, қыс айларында қардан тазалау, тұз араласқан құм себу жəне жаз айларында көшені жуу, су себу жұмыстары атқарылып келеді. 2014 жылмен салыстырғанда көше саны 14 пайызға артты.

Қаладағы өзекті мəселелердің бірі – қоқыс полигоны. Қоқыс полигондарын тиімді орналастыру мəселесі қала əкімдігінің күн тəртібіне қойылып, өзекті мəселеге айналған «Мəртөбе» елді мекеніндегі қоқыс полигонының жұмысы тоқтатылды.

Бүгінгі таңда, санитарлық нормаға сəйкес келетін жаңа полигон құру мақсатында, «Бозарық», «Таскен» жəне Абдуллабад елді мекендері аумақтарынан 6 жер ұсынылды. Қажетті экологиялық жəне санитарлық талаптарына қорытынды дайындалуда.

Қаланың орталық бөлігімен қатар, 4 аудан əкімдігі тарапынан шағынаудандардың ішкі орамдық санитарлық тазалығына да көп көңіл бөлінді. Өткен жылы осы бағыттағы жұмыстарды қамтамасыз етуге жергілікті бюджеттен 813,1 млн теңге қаржы бөлінді. Бөлінген қаржыға шет аймақтардағы елді мекендердің санитарлық тазалығы, бей-берекет қоқыстарды шығару, аулалардың тазалық жұмыстары қамтамасыз етілді.

Əл-Фараби жəне Еңбекші аудандарындағы көп қабатты тұрғын үй аулаларында қоқыс тастайтын жаңа үлгідегі 1 282 евроконтейнерлер орнатылды.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының əкімдігі мен «ОҚО Азаматтық Альянсы» қауымдастығы бірлесіп, жеке, көпқабатты үйлер ауласы аумақтарын көріктендіру, абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық жағдайына көңіл бөлу мақсатында «Таза қала» байқауы өтті. Акцияға қаладағы 4 ауданнан 169 аула, 75 көше қатысты. Жеңімпаздарға «Қала күні» мерекесіне орай қала əкімінің алғыс хаты мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Халықты орын алуы мүмкін төтенше жағдайлар жөнінде хабардар ету үшін қосымша заманауи электрлік дабылқаққыштар қала аумағының 7 жеріне орнатылуда.

Сонымен қатар, болуы мүмкін төтенше, сондай-ақ, газбен улану жағдайларының алдын алу мақсатында тұрғындар арасында үгіт-насихат жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Мемлекеттiк қызмет көрсету

Шымкент қаласы əкімдігіне қарасты 7 құрылымдық бөлімдер тарапынан 49 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Өткен жылы жалпы 493 583 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

2015 жылдың қыркүйек айынан бастап, тұрғындардың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қатысты өзекті мəселелерді жедел шешу, қала тазалығын ретке келтіру мақсатында қала əкімдігінде «WhatsApp» қызметі іске қосылды. Бұл қызмет бүгінгі күннің өзінде оң нəтижесін беруде. Атап айтқанда, қала тұрғындары тарапынан 11.01.2016 жылға дейін 1805 өтініштер түсіп, оның 1719-ң шешімі табылды. Қалған 86 өтініш орындалу барысында.

Бұған қоса, қоғамдық тəртіпті күшейту, құқық бұзушылықтың алдын алу үшін қалалық ішкі істер басқармасында да «WhatsApp» қызметі ашылды. Осы ретте айта кету қажет, қала аумағындағы қоғамдық орындарда, көшелерде қылмыстың алдын алу мақсатында əр аптаның жұма, сенбі күндері «Қауіпсіз қала» атты рейдтік іс-шара өткізу қолға алынды. Нəтижесінде, орын алған қылмыстар ізін суытпай ашылып, қоғамдық орындардағы қылмыстар саны азайды.

Ішкі істер басқармасының жұмысы басты назарға алынып, саябақтардағы қоғамдық тəртіпті бақылайтын патруль қызметкерлеріне арнайы велосипедтер табысталды.

Сонымен қатар, қала əкімдігіне келген азаматтарға қолайлы қызмет көрсету үшін арнайы анықтама қызметі – «Reception» ашылды. Мұндай жоба жергілікті атқарушы органдар жүйесінде алғаш рет орын алып отыр.

Шымкент қаласы əкімдігінің ресми www.shymkent.gov.kz веб-сайты қайта жаңартылып, сайт үш тілде (мемлекеттік, орыс жəне ағылшын тілдерінде) жасалынды. Аталған сайтта халықтық бақылау, интерактивті карта, қала бойынша 3D-ТУР, қаланың көрсеткіштері, қаланың жеткен жетістіктері, болашақтың қаласы, қоғамдық көліктер кестесі, т.б. жаңа бөлімдер ашылды.

2015 жылы қала əкімінің «веб сайтына» түскен 408 сұрақтың 394-іне толыққанды жауап берілді, 14 сұрақ бақылауға алынып, жұмыс жасалуда.

Қазіргі таңда, мемлекеттік органдар тарапынан құжат айналымының орындаушылық сапасын жақсарту үшін барлық органдар бірыңғай электрондық жүйеге көшірілген.

Мəселен, 2015 жылы қала əкімдігіне ОҚО əкімдігінен – 1250, «Нұр Отан» партиясынан – 216, облыстық жəне қалалық мəслихаттардан – 66, облыстық жəне қаланың аудандық прокуратураларынан – 262, жеке жəне заңды тұлғалардан – 40 124 хаттар түсіп, тиісті жауаптары берілген.

Сонымен қатар, 2015 жылы ОҚО əкімі тарапынан 118 тапсырма берілді, оның ішінде 79-ы орындалып, 39-ы тұрақты бақылауға алынды.

Қалалық əкімдіктің 2015 жылы өткізілген 15 мəжілісінде қала өмірінің түрлі саласына, оның ішінде əлеуметтік-экономикалық дамуының, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы жəне қаланың күнделікті тұрмыс тіршілігіне қатысты 35 мəселе қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.

Қала тұрғындарына сапалы жəне қолайлы мемлекеттік қызметтерді ұсыну мақсатында бірінші кезекте Абай ауданы халқының санын ескере келе, Қызылжар тұрғын үй алабынан «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ашылды. Қазіргі таңда, 118,0 мың халыққа 212 қызмет түрлері ұсынылуда.

2016 жылы қала əкiмдiгiнiң негiзгi мiндеттерi

2015 жылы қала тұрғындарын толғандыратын негізгі мəселелерді анықтап, оларды шешу үшін əлеуметтік сауалнамалар жүргізілді. Нəтижесінде «Шымкент қаласының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы» дайындалып, облыс əкімдігі, депутаттар жəне бұқаралық ақпарат құралдарының қатысумен өткен жиында таныстырылып, көпшілік тарапынан қолдау тапты. Тұжырымдамада айқындалған міндеттер 2016 жылдың бюджетіне енгізіліп, келесі бағытта жұмыстар атқарылады:

– Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының 2-ші 5 жылдығын іске асыру, «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының шеңберінде шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамытуға ықпал жасау;

– қалада бизнеске қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік органдар тарапынан кəсіпкерлерге ұсынылатын мемлекеттік қызмет түрлерін барынша «бір терезе» қағидасы бойынша ұсыну;

– Шымкент қаласының 5 жылдық даму бағдарламасын іске асыру;

– «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу, жұмыссыздықтың өсімін болдырмау;

– қаланың əлеуметтік жəне инженерлік жүйелерге қажеттілікті мемлекеттік-жекеменшік əріптестік тетіктері арқылы шешу;

– Шымкент қаласындағы əкімшілік-іскерлік орталығымен жаңа тұрғын массивінің құрылысын жалғастыру;

– тұрғын үй құрылысын дамыту, тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға баспана беру;

– қаладағы көріктендіру жəне абаттандыру, санитарлық тазалау жұмыстарын сапалы орындау;

– қаланың энергетика саласын дамыту үшін қуаты 220 кВ «Бозарық» бас подстанциясының құрылысын жүргізу;

– қалаға қосылған «Жаңаталап», «Тоғыс», «Базар қақпа», «Жұлдыз» тұрғын алабтарындағы өзекті мəселеге айналған кəріз жүйелерін дамыту;

– көлік инфрақұрылымын дамыту, жол айрықтар құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттарын дайындап, қаржыландыруға ұсыныстар енгізу;

– жолдарды орташа жөндеудің сапасын жақсарту, қоғамдық көліктерді экологиялық таза отынға көшіру бойынша инвесторлар тарту;

– жергілікті мемлекеттік органдардың жауапкершілігін арттыру;

– жастар саясатын жүргізу, оларды жұмысқа жолдау тəжірибелерін кеңінен қолдану;

– білім беру саласында мектеп директорын тағайындаудағы ашықтық. Мектептерде қамқоршылық кеңесінің жұмыстарын жандандыру жəне мектепішілік электронды бақылау жүйесін жетілдіру;

– апатты жəне үш ауысымдағы мектептердің мəселесін кезең-кезеңімен шешу;

– «Балапан» бағдарламасы бойынша мемлекеттік балабақшалар желісін дамыту жəне мемлекеттік-жекеменшік əріптестік механизмдерін кеңінен қолдану;

– жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлықтың жəне кəмелетке толмаған жас-өспірімдер арасында қылмыстың алдын алу шараларын жүргізу сияқты негізгі басымдықтар мен міндеттерді алға қоя отырып, жұмыс жүргізеді.