web viewСабақтың тақырыбы: 6 саны мен цифры. ... 6 цифры, қима,...

6
Сабақтың тақырыбы: 6 саны мен цифры. Сабақтың мақсаты : 1) 6 санының пайда болуы, 6 цифрын жазуға үйрету, алтыбұрыш туралы түсінік беру. Есептер шығару. 2) Ауызбіршілікке, достыққа, ізденімпаздыкка тәрбиелеу 3) Топпен жұмыс істеу. Ауызша есептеу, логикалық ойлау, ойлау қабілетгерін дамыту. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру Сабақтың көрнекілігі: 6 цифры, қима, цифрлар, суреттер, тапсырмалар, кестелер. Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету, топпен жұмыс Жаңа сабақты меңгерту. I. Ұйымдастыру кезеңі. II. Үй жұмысын тексеру. 1-ден 5-ке дейінгі сандарды тура және кері қарай санау. 3-тін, 4-тің, 5-тің құрамын еске түсіру III. Үй жұмысын қорытындылау. «Парашютті орнына қондыр» ойыны арқылы өрнектің мәнін табу. 3-2 1+1 3+2

Upload: ngomien

Post on 04-Feb-2018

421 views

Category:

Documents


5 download

TRANSCRIPT

Page 1: Web viewСабақтың тақырыбы: 6 саны мен цифры. ... 6 цифры, қима, цифрлар, суреттер, тапсырмалар,

Сабақтың тақырыбы: 6 саны мен цифры.

Сабақтың мақсаты:1) 6 санының пайда болуы, 6 цифрын жазуға үйрету, алтыбұрыш

туралы түсінік беру. Есептер шығару.2) Ауызбіршілікке, достыққа, ізденімпаздыкка тәрбиелеу3) Топпен жұмыс істеу. Ауызша есептеу, логикалық ойлау, ойлау

қабілетгерін дамыту. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру Сабақтың көрнекілігі: 6 цифры, қима, цифрлар, суреттер, тапсырмалар, кестелер. Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету, топпен жұмысЖаңа сабақты меңгерту.I. Ұйымдастыру кезеңі.II. Үй жұмысын тексеру.

1-ден 5-ке дейінгі сандарды тура және кері қарай санау. 3-тін, 4-тің, 5-тің құрамын еске түсіру

III. Үй жұмысын қорытындылау.«Парашютті орнына қондыр» ойыны арқылы өрнектің мәнін табу.

2 1 3 4 5 6

3-2

5-2

1+1

5+1

3+2

Page 2: Web viewСабақтың тақырыбы: 6 саны мен цифры. ... 6 цифры, қима, цифрлар, суреттер, тапсырмалар,

ІҮ. Жаңа сабақ

Текшеге санай отырып, 5 балапанның суреті қойылып, оқушыларға сұрақ қойылады.

Балапан, бұрын не болған?Жұмыртқа болған.

Ендеше мына менің қолымдагы жұмыртқадан не шығу мүмкін?Балапан (жұмырткадан шыққан балапанды төмендегі балапандар катарына қосып қайта санау).

Енді неше балапан болды? 6 балапан болды. Ол қалай шықты? 5-ке 1-ді қосқанда шықты.

Дәптермен жұмыс.Енді осы сәйкес қосындыны жазып, мәнін анықтайық.5+1=6 6-1=56-цифрының баспа, жазба түрімен таныстыру.

Оқулықпен жұмыс.6 саны тек заттарды санағанда ғана емес, шамаларды өлшегенде, әртүрлі

геометриялық фигуралардың элементтерін қосқанда, қарастырғанда шығады.

Page 3: Web viewСабақтың тақырыбы: 6 саны мен цифры. ... 6 цифры, қима, цифрлар, суреттер, тапсырмалар,

№2-тапсырма.Кесіндінің ұзындыгын өлшеп, оның 5 см-ден артык екеніне көздерін

жеткізу. 6 см > 5 см

№3-тапсырма. Геометриялық фигуралардың төбесін, қабырғасын, бұрыштарын санатып, алтыбұрыш деп аталатынын түсіндіру. Фигуралардың түсіне қарап, тендіктер жаздыру.

5+1=6 6-1=5

№4-тапсырма. «Бірқазан және балық» ойыныОйынның мақсаты: оқушыларды кеңістікті болжау, салыстыру, «оң

жақ», «сол жақ», «тең», «артық», «кем» сөздерін айтуга дағдыландыру.

Шарт:Бірқазан құсы судағы балықпен қоректенеді. Жемсауы үлкен бұл құстың

тұмсығы математикадағы артык, кем ұгымдарына ұқсас. Көріністегі бірқазан екі көлдің балықтарын біртіндеп жейді

- Енді салыстырайык. Қай көлдің балығының саны кем? Қай көлдің балығының саны артық? Бірқазан балығы көп жаққа қарағанда аузы «артық» деген белгіні

білдіреді.

Page 4: Web viewСабақтың тақырыбы: 6 саны мен цифры. ... 6 цифры, қима, цифрлар, суреттер, тапсырмалар,

Топпен жұмыс 1. Тапсырма. Алдын-ала дайындалған тапсырмалар бір мезгілде

топтарға таратылып беріледі.І-тапсырма.Екі топқа қима суреттер таратылып беріледі. Сол бойынша есеп

шығарады.

Орындалған жұмыс қыстырылады.II- тапсырма. «Бұл үйде кімдер тұрады?» ойыныIII- тапсырма. Сурет бойынша санын жаз, сан бойынша суретін сал.

ҮІІ. Дәптермен жұмыс6 санын дәптерге жазу. Берілген қосындылар мен айырмалардың мәнін табу.

ҮІІІ. Жаңа сабақты қорытындылау «Эстафета» ойыны аркылы қорытынды жасау.

Ойынның мақсаты: Оқушыларды ұжымдық жұмыс түріне баулу. Жылдам есептеуге дағдыландыру.

Ойынның шарты: Әр топқа даярланған парақ кағаз беріледі. 1-ші оқушы бірінші тапсырманы жазады да, келесі балаға жалғайды. Соңғы оқушы нәтижелерді дауыстап оқиды.

3+25-4