Қазақ хандығы – тәуелсіздік бастауы

22
Қазақ хандығы – тәуелсіздік бастауы ?àçà? åë³ ?àçà? õàíäû?ûíû? 550 æûëäû?ûí àòàï ?òåä³.mp4 Дайындаған: тарих пәні мұғалімі Жания Науанова . Атырау облысы Индер ауданы М.Сиранов орта мектебі.

Upload: -

Post on 15-Apr-2017

816 views

Category:

Education


19 download

TRANSCRIPT

Page 1: Қазақ  хандығы –  тәуелсіздік бастауы

Қазақ хандығы – тәуелсіздік бастауы

?àçà? åë³ ?àçà? õàíäû?ûíû? 550 æûëäû?ûí àòàï ?òåä³.mp4

Дайындаған: тарих пәні мұғалімі Жания Науанова .Атырау облысы Индер ауданы М.Сиранов орта мектебі.

Page 2: Қазақ  хандығы –  тәуелсіздік бастауы

Шаш қаласы 1456-1457 жылдарыАлғашқы астана1456-1457 жылдары Шаш қаласы болды.

Қала Шу өзенінің жоғарғы жағында қазіргі Қырғызыстан жерінде.

Page 3: Қазақ  хандығы –  тәуелсіздік бастауы

Керей мен Жәнібек сұлтандар өздеріне ерген халықты бастап, Моғолстанның иелігіндегі Жетісу жеріне қоныс аударады. Бұл Қазақ хандығы құрылуының басы еді. үлкен және кіші сұлтандар бірлесіп Қозыбасы тауының маңынан Шар қаласын салдырады. Қала Шу өзенінің жоғарғы жағында қазіргі Қырғызыстан жерінде. Қозыбасы деген жер «Манас» эпосында да айтылып өтеді. Бұл қалада Керей мен Жәнібек хандар бекініс салып мемлекеттің алғашқы құрылымын жасақтады. Шар қаласының шағын, әрі құпия болуының өзіндік себебі де жоқ емес. Керей хан Шарды алғашқыда арнайы бекініс ретінде салдырған. Қалада не бары 200 не 300 отбасы тұрды. Мұндағылардың барлығы әскери лауазым иелері мен қару-жарақ жасайтын ұсталар болды. Хан әскери стратегиялық басқаруына жауапты тұлғалар етіп ең мықты деген әскербасыларды жинады. Сондай ақ, Шарда әскери жаттығулар мен өзге де дайындықтар жасалуы ғажап емес. Себебі ол уақытта жаңадан ірге көтерген мемлекетке жан-жақты қорғану қажет болды. Сол себепті Шар қаласын аса құпия етіп Қозыбасы тауының етегіне былайғы көзден таса жерге салғызады.

Page 4: Қазақ  хандығы –  тәуелсіздік бастауы

1. Қала не бары 200 не 300-үйге шақталып салынды. 2. Қала сол заманда құпия қала болып есептелді.

3. Көп жағдайда Созақ қаласы астана (орда) ретінде қарастырылды.

3. Мемлекетті құрушы ұлт - қазақтар

Page 5: Қазақ  хандығы –  тәуелсіздік бастауы

Сығанақ қаласы 1480-1511 жылдардағы Шар қаласынан кейінгі қазақ хандығының астанасы.

Сығанақ - қыпшақ даласының саяси-әлеуметтік астанасы. 

Page 6: Қазақ  хандығы –  тәуелсіздік бастауы

Сығанақ қаласы 1480-1511 жылдардағы Шар қаласынан кейінгі қазақ хандығының астанасы. Билеушісі Бұрындық ханСығанақ қаласынының көне атауы Сунақ ортағасырлық қала еді. Қаланың орны қазіргі Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы Төменарық тау жыныстарының солтүстік батысына қарай 10 шақырым жерде орналасқан. Сығанақ - қыпшақ даласының саяси-әлеуметтік астанасы. 

Page 7: Қазақ  хандығы –  тәуелсіздік бастауы

Сарайшық 1511-1523 жылдардағы Сығанақтан кейінгі Қазақ мемлекетінің астанасы болды. Ол кезде билеушісі Қасым хан. Хан Қасым өзі уақытында ел астанасын Сығанақтан Сарайшыққа көшіреді.

Page 8: Қазақ  хандығы –  тәуелсіздік бастауы

Сарайшық 1511-1523жылдардағы Сығанақтан кейінгі Қазақ мемлекетінің астанасы болды. Ол кезде билеушісі Қасым хан. Хан Қасым өзі уақытында ел астанасын Сығанақтан Сарайшыққа көшіреді. Қала Атырау қаласының солтүстігінен 55 шақырым жерде Жайық өзенің оң жағалауында орналасқан. Көне қаланың жалпы аумағы 100 гектар. Қала іргесі XI ғасырда қаланған. Қаланың гүлденген дәуірі XIII - XIV ғасырлар аралығы.Сарайшық қаласы Еуропа мен Азияның түйіскен жерінде орналасқан стратегиялық маңызды қала саналды.Сарайшық қаласы ХІІІ ғасырдың екінші жартысында Жошы хан мен оның ұрпақтары кезінде қайта дәуірлеп, тұрғызылды. Сарайшық жерінде жеті ханның сүйегі мен бір ханның басы жерленген. Сол жеті ханға құлпытас қойылған.

Page 9: Қазақ  хандығы –  тәуелсіздік бастауы

Хандар Пантеоны.

1.Мөңке темір (1266-1282ж.ж)

2.Тоқтағу (Тоқты) (1291- 1312ж.ж.)3.Жәнібек (1343-1353 ж.ж.)

4.Әмір Оқас (14 -1447ж.ж)

5.Қасым Хан (1511-1518 ж.ж)

6. Ших Мамай (1549-1554 ж.ж)

7.Жүсіп Хан ( 1549-1554 ж.ж)

Page 10: Қазақ  хандығы –  тәуелсіздік бастауы

Түркістан – 1599-1729: Қазақ хандығының саяси және рухани астанасы.

Page 11: Қазақ  хандығы –  тәуелсіздік бастауы

Түркістан қаласы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкент қаласынан 170 км. қашықтықта орналасқан. Алғашқы билеушісі Тәуекел хан.Тарихшылар Түркістан қаласын Есімнен кейін екі жүз жыл Қазақ хандығының астанасы болғандығын айтады.Абылай хан Түркістанда үш жүздің ханы болады. Түркістанда отырып билік жүргізді. Бірақ Ресей патшасы қазақ ханының хан ордасын орыс шегарасына жақын Қызылжарға салдырады. Абылай ондағы ордасын тек Ресеймен арасындағы ынтымақтастық байланыстар үшін ғана пайдаланды. Іргесін Түркістаннан тайдырмады. Абылай ханның өлімінен кейін оның ұрпақтары әр өңірде жеке-дара билік жүргізді. 1860 жылдары Ресей империясы Қазақ даласын толықтай отарлап алғаннан кейін қазақ халқын үш тереторриялық әкімшілікке бөліп жіберді.

Page 12: Қазақ  хандығы –  тәуелсіздік бастауы

Алаштың астанасы Семей 1917 жылы құрылған Алашорда үкіметі өзінің астанасы етіп Семей қаласын таңдады.

Page 13: Қазақ  хандығы –  тәуелсіздік бастауы

Алаштың астанасы Семей1917 жылы құрылған Алашорда үкіметі өзінің астанасы етіп Семей қаласын таңдады. Ал Алашорда үкіметінің батыс өлкесінің орталығы Жымпиты (қазіргі Батыс қазақстан облысында) болды. Алаш қаласы бүгінгі Семей қаласын екіге жара ағып жатқан Ертіс өзенінің сол жақ жағалауындағы қазақтардың көне қонысы болған мекен еді.Алғаш рет Алашорда туын тіккен үкімет Семейді астана етіп шыққан кезде олардың қазынасында сол кездегі орыс ақшасымен 12 млн сом болды. Осы ақшамен мемлекет құрылды. Қаланың іргетасы 1718 жылы 5 тамызда Семей әскери бекінісі ретінде қаланды.

Page 14: Қазақ  хандығы –  тәуелсіздік бастауы

Орынбор: 1920-1925.1920 жылғы қазанның 4-де Орынборда Қазақ (Қырғыз) АКСР Кеңестерінің І құрылтайы өтті. Онда Жоғарғы өкімет органдарын, Республикалық Орталық Атқару Комитеті мен Халық коммисарлары Кеңесін сайлады.Оның орталығы Орынбор қаласы болды деген шешім шығады.

Page 15: Қазақ  хандығы –  тәуелсіздік бастауы

Орынбор: 1920-1925.Сейтқали Мендешев Республика басшылығына 1920 жылы келіп, 5 жыл бойы қызмет еткен болатын. Қазақ елінің үкіметі атаған Алашорданы 1920 жылы тарату туралы шешім қабылдады. Осы жылы қазанның 20-сы күні Кеңес үкіметі автономия негізінде құрылған тұңғыш федерациялы соцалистік мемлекет болған «РКСФР» құрамында "Қырғыз" (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Соцалистік Республикасын құру" туралы декрет шығарды. 1920 жылғы қазанның 4-де Орынборда Қазақ (Қырғыз) АКСР Кеңестерінің І құрылтайы өтті. Онда Жоғарғы өкімет органдарын, Республикалық Орталық Атқару Комитеті мен Халық коммисарлары Кеңесін сайлады.. Оның орталығы Орынбор қаласы болды деген шешім шығады.

Page 16: Қазақ  хандығы –  тәуелсіздік бастауы

Ақмешіт, Қызылорданың астана болуы: 1926-1929 1925 жылы Қазақ Орталық Атқару Комитеті астананы Орынбордан (Қызылорда) Ақмешітке көшіру туралы шешім шығарады.

Page 17: Қазақ  хандығы –  тәуелсіздік бастауы

Ақмешіт, Қызылорданың астана болуы: 1926-19291924 жылы Қазақ Автономиялы Әкімгершілік территориясын межелеу барысында елдің астанасын Орынбордан көшіру туралы мәселе қойылды. Көшірілуге себеп болған негізгі мәселе – Орынбор тұрғындарының басым бөлігі орыстар болды және еліміздің бір шетінде алыс шалғайда орналасуы еді. Ақыры 1925 жылы Қазақ Орталық Атқару Комитеті астананы Орынбордан (Қызылорда) Ақмешітке көшіру туралы шешім шығарады. Мұндағы мақсат қала Орынбор-Ташкент теміржолының бойында орналасқандықтан. Демек, Орынбордан тез көшіруге тиімді. Екіншіден, бұл өлке қазақтың әдет-ғұрып, салты, діні, руханияты таза сақталған жер. Үшіншіден, халқының түгелге жуығы жергілікті қазақтар еді. Қазақ халқының мойынына қамытша киілген "Қырғыз" деген бұрмалау сөз алынып, "Қазақ Республикасы" боп аталды. Ал Ақмешіт атауы Қызылорда болып өзгерді.  

Page 18: Қазақ  хандығы –  тәуелсіздік бастауы

Алматының астана болуы1 929-1997 жылдарАстана Алматыға 1929 жылдың жазында көшіп келді. Климаты аса жайсыз қаладан Алатаудың төскейінде орналасқан, мәуелі бақты, саялы бұлақты Алматы астанаға лайық деп табылған. 1925 жылы астананы көшіру туралы қаулы шығады.

Page 19: Қазақ  хандығы –  тәуелсіздік бастауы

Астана Алматыға 1929 жылдың жазында көшіп келді. Климаты аса жайсыз қаладан Алатаудың төскейінде орналасқан, мәуелі бақты, саялы бұлақты Алматы астанаға лайық деп табылған. 1925 жылы астананы көшіру туралы қаулы шығады.Қалада орта, арнаулы және жоғары оқу орындары, ғылыми, мәдени мекемелер ашыла бастайды. 50-жылдары қалада Үкімет үйі, Ғылым академиясының бас корпусы, Орталық стадион, Абай атындағы опера және балет театрының ғимараты салынды. Ал 60-70-ші жылдары бой көтерген зәулім құрылыстардың қатарына Республика сарайы, Достық үйі, Неке сарайы, «Медеу» мұз айдыны, «Алатау» қонақ үйі, Бейнелеу өнері мұражайы және т. б. сәулет объектілері пайдаға беріледі. Алматы Қазақ елі үшін бұрын соңды болмаған мегаполюсқа айналады. Алматыда 1991 жылы тәуелсіздік таңы атты. Алматыда ТМД құрылды.1991 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев болып сайланды. Алматы қазір де республикамыздың ірі ғылыми, мәдени, білім және өндіріс орталығы. Басында мәңгі қаржатқан әсем Алатаудың баурайына орналасқан Алматы – дүниежүзіндегі көрікті қалалардың бірі.

Page 20: Қазақ  хандығы –  тәуелсіздік бастауы

1998 жылдың 6 мамыры күні Елбасының жарлығымен ҚР-ның астанасы – Астана қаласы болып аталды.

Page 21: Қазақ  хандығы –  тәуелсіздік бастауы

1997 ж. 20 қазанда ҚР Президенті Н. Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы" жарлыққа қол қойды. (1998 жылдың 6 мамыры күні Елбасының жарлығымен ҚР-ның астанасы - Астана қаласы болып аталды, ал 20 мамырда «ҚазақстанРеспубликасы астанасының мәртебесі туралы» ҚР-ның Заңы қабылданды. Сол жылғы 10 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.

Page 22: Қазақ  хандығы –  тәуелсіздік бастауы

1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» деген жоғары атақ беріліп, медальмен марапатталды.