жақсылық к.авторлық бағдарлама
TRANSCRIPT
Ақмола облысыАршалы ауданы
№ 3 Аршалы орта мектебі
Дүниетану пәнінен 2 – сыныпқа арналған таңдау курсының
бағдарламасы
«Айналадағы дүниені танып білейік»
Авторлық бағдарламалық үлгіні құрастырған бастауыш сынып мұғалімі
Жақсылық Күлшара Әзілханқызы
Автор туралы мәліметАты-жөні – Жақсылық Күлшара Әзілханқызы
Білімі – жоғары, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Қызметі – бастауыш сынып мұғалімі
Біліктілік санаты – жоғары
Педагогикалық еңбек өтілі – 31 жыл
Наградалары:
1. «Диплом»: Халықаралық білім мен ғылымды қолдау орталығының І Республикалық «Мәңгілік ел ұстаздары» атты тәжірибелі білім саласының үздік қызметкерлері антологиясына белсене қатысқаны үшін 2016ж;
2. ІІ дәрежелі диплом:Білімділер порталы ұйымдастырған республикалық ұстаздарға арналған бәйгесінің «Бастауыш сынып» номинациясы бойынша № Р0095 2016ж;
3. «Алғыс хат»: Білімділер порталы ұйымдастырған республикалық ұстаздарға арналған бәйгесінің «Бастауыш сынып» номинациясы бойынша № К0065 2016ж;
4. Алғыс хат:Облыстық конференция: «Мұғалімнің зерттеуі – кәсіби даму мектебі» . 2016ж;5. Грамота: «Өрлеу» Біліктілікті арттыру орталығы» «Ақмола облысы бойынша
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты». Білім беру және біліктілікті арттыру жүйесіндегі педагогикалық инновациялардың VІ Халықаралық Жәрмеңке аясында «Жаңашыл шығармашылық ізденіс» шеберлік сыныбына қатысқаны үшін №121 2016ж;
6. «Алғыс хат»: Аршалы ауданы әкімі 2015ж.7. Грамота: Аршалы ауданы әкімі 2015ж;8. Грамота: Аршалы аудандық білім бөлімі 2015ж:9. Грамота:«Өрлеу» Біліктілікті арттыру орталығы» «Ақмола облысы бойынша
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты». Білім беру және біліктілікті арттыру жүйесіндегі педагогикалық инновациялардың V Халықаралық Жәрмеңке аясында «Жаңашыл шығармашылық ізденіс» шеберлік сыныбына қатысқаны үшін №087 2015ж;
10. Грамота: Аршалы аудандық білім бөлімі 2015 ж;11. Диплом І – орын: Астана қаласы «ZIAT» Ғылыми – әдістемелік орталығымен
ұйымдастырылған “Менің үздік презентациялық сабағым” атты IV Республикалық мұғалімдер сайысы № 00864 2015ж ;
12. Грамота «Өрлеу»: Біліктілікті арттыру орталығы» «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты».IV Халықаралық педагогикалық инновациялар Жәрмеңкесінде “Білім беру үдерісін технологияландыруды дамытқаны үшін” №200 2014ж;
13. «Мадақтама грамота Аршалы аудандық білім бөлімінің 2011ж14. Аудандық «Үздік бастауыш сынып мұғалімі» конкурсы 1-орын «Құрмет грамотасы» -
2011ж.
3
Мазмұны бет
Автор туралы мәлімет______________________________________________ 3
І.Түсінік хат __________________________________________________ 4
ІІ.Таңдау курсының базалық мазмұны_______________________________5
ІІІ.Күнтізбелік тақырыптық жоспар_________________________________6
«Айналадағы дүниені танып білейік» 2 – сынып «Жұмыс дәптері»___7- 38
Қолданылған әдебиеттер __________________________________________39
Пікірлер ____________________________________________________40 – 42
І.Түсінік хат
Қазіргі таңда білім беру саласына жаңа технологияларды практикаға енгізу және игертудегі сапалы қадамның сандарынан қоғамның стандартты емес ойлау қабілетіне ие, өндірістік және әлеуметтік өмірге, жаңа мазмұн енгізетін, болашаққа қатысты жаңа міндеттерді қойып, оларды шеше алатын мамандарға деген қажеттілік өсті.Қазақстан ғасырлар тоғысында тәуелсіз елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйесі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылуы білім беру саласындағы- қазақтың ұлттық мектебін жасау, оқушының шығармашылық қабілеттілігін арттыру мен келешекте басқа мемлекеттер арасында жетекші орынға иелену негізінде жан- жақты, ақыл- ой өрісін кемелденген оқушы тәрбилеу мәселесін шешу кезек күттірмейтін өзекті мәселе.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын,талантын, қабілетін дамыту» қажеттілігі туындап отырғаны белгілі. Яғни «жаңа» қоғамға «жаңа» адам керек.Мұндай адамды қалыптастыру – қазіргі заманғы білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет.Қойылған міндеттерді шешу үшін республиканың интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және дарынды балалармен жастардың дамуы үшін өркениетті жағдайлар жасау қажет.Сондықтан бастауыш сыныптың 2сыныптың дүниетану пәні бойынша таңдау курсының оқу бағдарламасын жасауды қажет деп таптым. Сол себепті менің авторлық бағдарламамның құндылығы осында болып табылады.Бағдарламаның мақсаты:Ғылыми көзқарасы қалыптасқан,ақыл –ойы ұшқыр,әлемдік білім деңгейіне жеткен, өмірге сенімді көзқараспен қарайтын,өзіндік ой – пікірі жетілген жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың бойында ғылыми – көпшілік әдебиеттермен жұмыс істей алатын қабілетін арттыру.Міндеттер:1.Оқу – тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды ендіру.2. Баланың дара тұлғасын барынша дамыту білім алудың тәсілдерін игерген ақыл – ой иесін тәрбиелеу3. Әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін, өмірдегі өзгерістерге икемді жеке тұлғаны қалыптастыру.4. Сынып оқушыларын шығармашылығы арқылы өзін - өзі жетілдіруге қабілетті болуға тәрбиелеу.Жұмыстың негізгі мақсаты- оқушылардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Жұмысты ұйымдастыру формасы: ойын, шығармашылық жұмыс, ұжымдық оқыту әдістері, зерттеу , зертханалық сабақ, т.б.Оқытудың формасы: баяндама даярлау, оқулық жобасын қорғау, дидактикалық материалдар дайындау.Оқу жетістіктері: Курсты меңгеру барысында оқушылар тапсырмаларын жинақтап портфолио дайындады.Бағдарламаны меңгергендігі топтық, жеке жұмыс жасау кезінде, шығармашылық ізденістері арқылы байқалады.Оқу жетістіктерін бағалау жүйесі: тапсырмаларды орындау қорытындысы балдық жүйемен бағаланады. Өзектілігі: Оқу тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды енгізу арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру,өз бетінше ізденуге үйренеді.Күтілетін нәтиже:Қабілетті, өз ойын еркін айта біледі, білімді,түрлі жағдаяттарды шешуге ұмтылады. Ғылыми құндылығы:Оқушының ғылыми ізденісіне жол ашу.
4
ІІ. ІІ. ТАҢДАУ КУРСЫНЫҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ
2 сыныпАдам (3 сағат)Адамның айналадағы дүниемен қарым-қатынасы;адам өміріне қажетті жағдайлар;адам және
қоршаған орта арасындағы қарым-қатынас;адам еңбегі және оның адам өміріндегі маңызы;табиғатты қорғаудағы адамның рөлі.
Табиғат (4сағат) Көкжиек;тұсбағар;сурет және сұлба;жер сұлбасы;Ауа;ауаның қасиеті;ауаның адам,
жануарлар, өсімдіктер өмірі үшін маңызы;Су;судың қасиеті;судың адам, жануарлар, өсімдіктер өмірі үшін маңызы;суда қауіпсіздік ережесін сақтау;топырақ;топырақ құрамы және оның пайдасы; топырақтың маңызы.Өсімдік (8 сағат)Өсімдік – тірі ағза;өсімдік мүшелерінің маңызы;тамыр;сабақ;жапырақ;олардың қызметі; өсімдіктердің өсуі және тіршілік ортасы; мәдени өсімдіктер;мәдени өсімдіктердің көбеюі және оған қажетті жағдайлар;адам өмірінде өсімдіктердің атқаратын рөлі; тәжірибелік жұмыс;тұқымнан өсімдіктің өнуін, көбеюін бақылау.
Жануарлар (8 сағат)Жануарлардың көптүрлілігі;жануарлардың тіршілігіне қажетті жағдайлар;жануарлардың мекендеу ортасы; үй жануарлары және жабайы жануарлар;құстар;үй құстары және жабайы құстар;жануарлардың көбеюі және қоректенуі;өсімдіктер мен жануарлардың адам өмірінде атқаратын рөлі; табиғатты қорғау ережесі;Қоғам.Отбасы (7 сағат)
Отбасы мүшелері. Отбасы мүшелерінің бір-біріне қамқорлығы. Әке мен ананың отбасындағы рөлі. «Мен», «біз», «менікі», «біздікі» ұғымдарының мәні.
Жеке отбасы мүшелерінің міндеттері. Үйде және қонақта өзін-өзі ұстау ережелері. Этикет. Көршімен. Құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас мәдениеті.
Тұрмыстық техникалар мен құрал-жабдықтарды қолданудағы қауіпсіздік ережелері (электр токтары, газ балондары және т.б.). Электр энергиясын және суды үнемдеу.
Мектеп (2 сағат)Мен оқушымен. Мектеп оқушысының міндеттері. Оқушының мекен-жайы.
Оқушының күн тәртібі, сабақ кестесі. Менің сыныбым. Сынып ұжымы. Менің мектебім. Мектеп ұжымы.
Мектепте өзін-өзі ұстау ережесі. Мектеп және оның маңайы. Мектептің мекен-жайы.Туған ел (2 сағат)Менің елім – Қазақстан. Қазақстан республикасының рәміздері – ән ұраны, ел
таңбасы, елдің жалауы (туы). Астана – Қазақстанның астанасы. Республикада тойланып, атап өтілетін ұлттық мерекелер. Наурыз мерекесі.
5
ІІІ. КҮНТІЗБЕЛІК – ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАР2 – сынып
Дүниетану пәні бойынша дарынды оқушымен жұмысты жоспарлау үлгісі.Аптасына 1 сағат,барлығы – 34
Мақсаты: бастауыш білім беру деңгейінде білім алушылардың бойында жалпы адамзаттық құндылық ретінде табиғат, адамды қоршаған әлеуметтік орта, табиғат пен қоғамның бір-бірімен байланысы және өзара тәуелділігі түсініктері туралы білім жүйесін қалыптастыру.
№ Жұмыстың мазмұны Сағат саны
Мерзімі оқыту түрлері әдіс-тәсілдері
1 Адам. Адам және табиғат 1 әңгімелесу 2 Адам еңбегімен қадірлі3 Табиғатты қорғаудағы адамның
рөлі4 Табиғат. Су бар жерде ну бар. 1 шығармашылық
5 Судағы қауіпсіздік6 Ауа, ауаның қасиеті7 Топырақ.Топырақтың маңызы 1 өзіндік бақылау8 Өсімдік . Тамыр 19 Жапырақ 1 зерттеу сабақ10 Адам өмірінде өсімдіктердің
атқаратын рөлі11 Өсімдіктердің пайдасы 1 сұрақтар қою12 Өсімдіктердің қандай бөліктерін
тамаққа пайдаланамыз?1 ізденіс сабақ
13-14 Күнбағыстар пайдалы әрі әдемі. 2 жобалар15 Ағаштар 1 ізденіс сабақ16 Жануарлар. Жануарлардың
тіршілігіне қажетті жағдайлар1 әңгімелесу;
сұрақтар қою17-18 Жануарлардың қоректенуі. 2 жобалар19-20 Жойылып кету қаупі бар жануарлар 2 ізденіс сабақ21-23 Ақылды сүтқоректілер. 3 зерттеу сабақ24-25 Қоғам.Отбасы. Адамның
отбасындағы құқықтары мен міндеттері.
2 әңгімелесу;сұрақтар қою
26-27 Қоғамдық-пайдалы және жалпы мәдени жұмыстар.
2 шығармашылық сабақ
28-29 Мәдени мекемелердегі қызмет түрлері
2 ойын сабақ
30 Электр энергиясын және суды үнемдеу
1
31-32 Мектеп. Мектеп оқушысының міндеттері. Оқушының күн тәртібі,
2 әңгімелесу;сұрақтар қою
33 Туған ел. Менің елім – Қазақстан. 1 жобалар
34 Қорытынды.Тест тапсырмасы
«Айналадағы дүниені танып білейік»
2 – сынып
Жұмыс дәптері
6
Жақсылық Күлшара Әзілханқызы
І.Адам.1-сабақ. Адам және табиғат
1.Суретте жылдың қай мезгіл бейнеленген? Суреттен тірі және өлі табиғатқа жататын денелерді тауып жаз:
Тірі табиғат:________________________________________________________Өлі табиғат:________________________________________________________2.Салыстыру жұмысы.1) Жақсы және жаман баланы бейнелейтін сурет бойынша жұмыс. 2)Балаларға мінездеме беру, іс - әрекетін айту.
3)Адам өміріне ең қажетті жағдайлар. Адам өміріне қажетті заттардың суретін сал.
2-сабақ. Адам еңбегімен қадірлі
1.Мақалдарды аяқтап жаз:А) Еңбектің наны тәтті, _____________________.Ә) Еңбек етсең _______________.
2.Сурет бойынша әңгіме құрастыр.
3. Еңбек етуге қажетті құралдарды сөмкеге жина.
8
9
3-сабақ. Табиғатты қорғаудағы адамның рөлі.
1.Табиғат туралы мақалдар, ырымдар, мен тыйымдарды біліп жүр.Жері байдың - елі бай.
Туған жердің топырағы да ыстықКөлдің көркі - бұлақТаудың көркі - құрақ.
Сулы жер - нулы жер.
Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын.
Жас бұтақты сындырма.Көкті таптама
Құмырсқаның илеуін бұзба.Аққуды атпаОрманды отама.Жаралы аңды атпа.2.Суретке сәйкес келетін мақал қайсы?
1)Еңбек етсең емерсің 2)Жері байдың,елі бай
3.Сызықпен қосып сәйкестендір: Тірі табиғат Өлі табиғат
10
ІІ.Табиғат. 4 – сабақ. Су бар жерде ну бар.1.Су туралы жұмбақтар шешу.1. Аяғы жоқ жорғалайды, жүреді,Аузы да жоқ сыңғырлайды, күледі.Онсыз бірақ жер бетінде тірлік жоқАйтыңдаршы осыны кім біледі? ( )
2. Көзге көрінбейдіҚолға ілінбейді ( )
3. Көзге көрінгенменҰстасақ қолға ілінбейді. ( )
2. Су қалай пайда болды?
күн аспанқұсжеладамитауасугүл
Судың қалай пайда болатынын суретке қарап тұжырым жаса.
3. Суды қалай қорғайтыныңды қысқаша жаз
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
11
5 – сабақ. Судағы қауіпсіздік
1.Судағы қауіпсіздікті қалай сақтайсың?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2. Қандай ереже сақталмады? Өз ойыңды білдір.
3.Бұны біліп жүргенің дұрыс.
12
6 – сабақ. Ауа, ауаның қасиеті
1.Жұмбақты шешейік:
Бар ма жоқ па оны анық білмейсің.Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.( - )
2.Ауа туралы не білесіңдер?__________________________________________________________________________________________________________________________
3.Ауа қайда бар? Сен де суретін салып байқа.
7 – сабақ. Топырақ.Топырақтың маңызы
1. Топырақ жайлы не білемізді ортаға салайық
Топырақ деген не?__________________________________________________
__________________________________________________________________
2. Топырақ – барлық материалдық игіліктердің көзі. Ол азық- түлік, малға жем, киім үшін талшық, құрылыс материалдарын береді...
Ары қарай өзің жалғастырып өз ойыңды жаз_____________________________________________________________________________________________Топырақтың қасиеттерін анықтауТәжірибе жасау.Топырақтың қасиеттері: құм, саз, су, шірінді, микробтар, ауа, тұздар.1-тәжірибе. 1 кесек топырақты суға салайық. Не байқадық? Көпіршік шықты?Бұл ауа. Ол қайдан шықты?А У А2-тәжірибе. 1 уыс топырақты темір қалбырға салып, отқа қыздырып, бетіне шыныны ұстайық?Не көрдік? Шыны бетіндегі су тамшысы.С У3 -тәжірибе. Топырақты одан әрі қыздырдық. Көкшіл түтін шығады. Бұл не?Өсімдік қалдық, тамыр жанды.Ш І Р І Н Д І4- тәжірибе. Шіріндісі жанып біткен топырақты салып араластырдық.Лайланған суды тұндырып қойдық.Стақан түбіне құм, бетіне саз шөгеді.Қ Ұ МС А З
14
8 – сабақ.Өсімдік . Тамыр
1.Қандай тамырлар болады? Түрлеріне қарай ажыратып жаз
________________ _________________ _________________ ______________
________________ __________________
_______________ _____________
2.Бұршақ тұқымдастарының тамыры
Тамыр бактериаларының бұршақ тұқымдастардың тамырының жабын ұлпаларына енуі тамыр түйіндерінің түзілуіне әкелетінін ұмытпа.
15
9 – сабақ. Жапырақ
1. Бұл қандай ағаштың жапырақтары
Ақ..... Те....
2. Жапырақтың түрлері болады?:______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3.Өзің білетін ағаштың жапырақатарын сал.
10 – сабақ. Адам өмірінде өсімдіктердің атқаратын рөлі
1.Жер бетінде өсімдіктердің 500 мыңдай түрі кездеседі. Олардьң көпшілігін адам баласы пайдаланады.. Жеке өсіп, молая беруіне жағдай жасап отырады. Олар біздің экологиямыздың сақталуы үшін ғана емес, экономикамыздың дамуында да зор роль аткарады. Орта дәрежеде бір ағаш 24 сағат ішінде үш адамның бір тәулікте демалуына жететін оттегі бөліп шығарады. Орман адамға керекті шикізат – ағаш береді. Ол үй тұрғызуда, кеме, ауыл шаруашылығында, машина жасау өнеркәсібінде, темір жол транспортында (шпал, вагон), ағаш ыдыстар жасауда пайдаланылады.
2.Ағашты адам қажетіне қалай жаратады? Суреттерге қарап өз тұжырымыңды жаса7
3.Ағашты өз қажетіңе қалай пайдаланатыныңды әңгімеле (еркін жазу)
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
11– сабақ. Өсімдіктердің пайдасы
17 3
1.Жұмбақтар шешу.
1. Көктемде жерге енемін,Ылғалда өсіп - өнемін.Менің өскен жемісім,Қыс бойғы сенің қорегің. (...)2. Аспай піскен,Қайнамай түскен. (...)
2.Жұмбақтың шешуіне сәйкес келетін сурет сал.
3.Суреттегіөзің қалағаның жеміс – жидектің пайдасы туралы айтып бер.
12- сабақ. Өсімдіктердің қандай бөліктерін тамаққа пайдаланамыз?
18
1.Сурет бойынша әңгімелеп бер.
Саңырауқұлақ туралы «бес жолды» өлең құрастырып жаз:__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2.Мына өсімдіктердің қайсысын тамаққа пайдалауға болады?
3.Өзің сүйіп жейтін тағамының жасалу жолын айтып бер.
19
13–14 сабақ. Күнбағыстар пайдалы әрі әдемі. /Жоба қорғау/.
І.Жобаны зерттеу жұмысының басталуы ______ күні________
Зерттеу нысаным:___________________________________________________Күнбағысты зерттеудегі мақсатым: ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
1. Күнбағыстар қайда өседі?_________________________________________2. Күнбағыстарды қалай өсіруге болады? ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________3. Күнбағыстың денсаулыққа пайдасы бар ма?______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________4. Күнбағыстың күнделікті тұрмыстағы қажеттілігі не екенін жаз:______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________5. Күнбағыстан жасалатын тағам түрлері:____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
6.Зерттеу кезінде қандай деректерге сүйендім:___________________________
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________7. Мені қызықтырғаны: ______________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________8.Күтілген нәтижеге жеттім бе?:_______________________________________
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
ІІ. Күнбағыстың суретін сал, «бес жолды өлең» жолдарын құрастырып жаз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
21
15– сабақ. Ағаштар.
1.Ағаштар неге жоғары қарай өседі? (Ізденіс сабақ)
Саябақ ішін аралап келе жатып, еңсесін биік ұстап тұрған ағаштарға бірден назарың ауады. Алайда, оларға қарап сұрақ қоятын адамдар сирек. Тіпті, санаулы десек те болады. Мәселен, ағаштар неге жоғары қарай өседі? Ондай жағдайда ең бірінші еске түсетіні - күн. Әрине, барлық тіршілік күнге қарай қол созып, тырмысады. Олар үшін де, біз үшін де күннен артық жылу жоқ. Бірақ, бұл жауап дұрыс болмай шықса ше?!Сен қалай ойлайсың?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2. Өзіңе жақсы таныс ағаш суретін сал.
22
16– сабақ. Жануарлар. Жануарлардың тіршілігіне қажетті жағдайлар
1.Суреттегі жануарларды ата:
2.Жануарларға өз баспанасын табуға көқмектес.Сызықпен сәйкестендір
3.Жануарлар тіршілігіне не қажет? ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
17– 18 сабақ. Жануарлардың қоректенуі.
1. Жануарлар туралы не білеміз? Әңгімелеп бер.
23
2.Жануарлар өз қоректерін қалай табатынын жаз:___________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
24
19–20 сабақ. Жойылып кету қаупі бар жануарлар.
1. «Қызыл кітапқа» енген жануарлар мен өсімдіктер.
«Білгенге маржан».
Құлан - сырт пішіні жылқы мен есекке ұқсайды. Бұрын далада еркін жүрген, қазір бұлардың саны азайған, қорғауға алынды.
Арқар – тау ешкісі, түсі қоңыр сұр, мүйізі үлкен иілген. Еті дәмді болған соң көп ауланған, қазір саны өте аз, қорғауға алынған.
Дуадақ - қазақ даласының көркі. Өсімдіктермен, жәндіктермен қоректенеді. Тез жүгіреді. Адамдар көп аулап азайған, қазір қорғауға алынған.
2.Өзің қандай жануарға қамқор болып жүрсің? Әңгімелеп бер.
3.Жануарлардың тіршілігі үшін қажетті жағдайлар тақырыбына эссе жаз___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
21–23сабақтар. Ақылды сүтқоректілер.
1. Сүтқоректілер деп аталу себебі?Өз ойыңды жаз_______________________
25
____________________________________________________________________________________________________________________________________2.Құрлықтағы ең ақылды сүтқоректі /адам тәрізді маймылдар /
Адам тәрізді маймылдар тұқымдасына (Апtгоротогрһіdае) — құйрықсыз ұрт қалтасы және жамбасында сірісі болмайтын ірі маймылдар жатады. Алдыңғы аяғы ұзын, тік тұрғанда тізесінен төмен түсіп тұрады. Жер бетімен жүргенде алдыңғы аяғы саусақтарының сырт жағына салмағын салып қозғалады. Бүйенінің құрт тәрізді тұйық өсіндісі болады. Миында өте күрделі және көптеген иректері бар. Қазір үш түрі белгілі.3.Ең,ең....
1. Ең ақылды теңіз жануары /дельфин / 2. Ең терісі қалың жануар /морж/ 3. Ең алып қолқанатты сүтқоректі /ұшқыш түлкі/4. Ең алып жыртқыш /ақ аю /Сүтқоректілерді қорғау шаралары5. Ең биік сүтқоректі /керік /6. Ең жүрдек сүтқоректі /қабылан /7. Мұхиттағы ең алып сүтқоректі /көк кит /8. Құрлықтағы ең үлкен жануар /піл/9. Ең ірі тұяқты сүтқоректі /бегемот /
26
Бұл – ... Бұл – ... Бұл – ...
Ең жүрдек сүтқоректі - .... Құрлықтағы ең үлкен жануар ...
3. Ескерткіш орнатылған сүтқоректілер:Бүкіл әлемде жануарларға қойылған ескерткіштер көп. Солардың кейбіреулеріне тоқталайық.1. Швейцарияда итке ескерткіш қойылған, бұл сенберлер 186 адамды үйінділер арасынан алып шыққан.2. Киттерге арналған жалғыз ғана ескерткіш Аляскада бар. Киттер Алясканың ежелгі тұрғындары – эскимостардың әлі күнге дейінгі асыраушысы.3. Санкт-Петербургте Экспериментальдық медицина институтының алдында адам туралы ғылымның дамуына үлес қосқан Павловтың итіне ескерткіш тұр. Ол 1935 жылы Павловтың ұсынысы бойынша тұрғызылған.4. Англия мен Германияда «Ең соңғы өлтірілген қасқырға» ескерткіш орнатқан.5. Челябинск қаласының елтаңбасы мен символы төрт қап теңделген түйе. Түйе бұл жерден«Ұлы жібек жолы» өткендігін бейнелейді.
5.Ақылды сүтқоректілер туралы не білдік?_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
24–25сабақтар Қоғам.Отбасы.1. Адамның отбасындағы құқықтары мен міндеттері туралы не білесіңдер?
«Бала құқығы» — бекеті.Балалар сендер не істеуге құқылысыңдар?
Өмір сүруге Ата-тегін алуға Отбасында тәрбиеленуге Жеке бас бостандығына Азаматтық алуға Білім алуға Баспана алуға Дүние мүлікке Демалуға Денсаулықты сақтауға Сөз бостандығына Қоғамдық жұмыстарға араласуға
2. Мына суреттер нені білдіреді?
28
4. «Отбасы» cөзіне топтастыру жаса
5.Отбасы деген не?_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________6.Өзіңнің отбасың туралы жаз.______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________7.Өз отбасыңдағы сенің орның қандай,сен қолың боста немен шұғылданасың?___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________8.Отбасылық қаражатты қалай үнемдейсің?_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________9.Отбасы туралы бес жолды өлең жаз_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
10.Отбасы,туыстық қатынасты білдіретін сөздерге мақал – мәтел құрастырып көр:_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
11.Отбасы туралы білетін мақал – мәтелдерден ,тыйым сөздерден жұмбақ құрастырып байқа:__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________12. «Отан – от басынан басталады» - деген мақалдың мағынасын ашып айт.
29
30
26–27 сабақ.Қоғамдық-пайдалы және жалпы мәдени жұмыстар.
1.Қоғамға пайдалы жұмыс деген не?
Бұл қандай жұмыс __________________________________________________________________________________________________________________
Бұл жұмыстың пайдасы неде? ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
31
Оқушылардың жұмыстары туралы әңгімелеп бер.
2. Отбасы, туыстық туралы мақал – мәтелдерді жаттап ал.Бойымдай бой табылса да,Ойымдай ой табылмас.***Сыйға сый, сыраға бал.***Иесін сыйлағанның итіне сүйек таста.***Тіріде сыйласпаған,Өліде жылыспайды.***Танымас, танымасын сыйламас.***Көңілдегі сырды көз білдіреді.
3.Ата –анаңа арналған суретті сыйлықты әзірле
32
28–29сабақ.Мәдени мекемелердегі қызмет түрлері
1.Мәдени мекемелердегі қызмет түрлері________________________________________________________________________________________________
2.Саған ұнайтын мәдени қызмет түрі ________________________________3. Бұл аспаптардың атын жаз:
4.Домбыра «бес жолды» өлең шумақтарын жаз.__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________5.Өнер туралы мақал – мәтелдер жаттап ал.
33
30–сабақ. Электр энергиясын және суды үнемдеу.
Электр және жылу энергиясын, ауыз суды тұтынудың өсімінен туындаған мәселені тек мемлекет шешуі керек деп қарауға болмайды. Оның үстіне энергия өндіретін кәсіпорындарды жаңадан салу қомақты материалдық шығындармен қатар уақыт шығынын да қажет ететінін ескеруіміз қажет.
1.Электрді үнемдеу деген___________________________________________
2.Суды қалай үнемдеп жүрсің?
Электр мен суды қалай үнемдейсің?__________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
31–32 сабақ. Мектеп. Мектеп оқушысының міндеттері.
Шаттық шеңберіМақсатымыз, білім алуМіндетіміз, еңбектенуӘр оқушы өз құқығын білу,Оны өмірде пайдалану.
1.Білгеннің пайдасы көп.Оқушының міндеттері:
Әркім Қазақстан Республикасының Ата заңын сақтауға; Қазақстан Республикасын қорғау әрбір азаматтың міндеті; Әрбір адамның ар мен намысын құрметтеуге; Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге; Тарихи мәдени мұраларды сақтауға; Тарихи ескерткіштерді қорғауға; Табиғат және табиғат байлықтарын қорғауға; Мектеп ғимараты мен оның аумағын үнемі тазалықта ұстауға; Үлкенге-құрмет, кішіге-ізет танытуға; Ата-анаға қамқорлық көрсетуге.
34
2.Сен және сенің күн тәртібің. Ретіне қарай дұрыстап орналастыр.
35
33–сабақ. Туған ел. Менің елім – Қазақстан.
1.Қазақстан. Қазақстан республикасының рәміздері___________________________________________________________________________________________________________________________________________________2.Өлеңді жаттап ал.Дүние әлем көзіндей, Дөңгеленген жамалы. Егемен елімнің қорғаны- Кереге қанат қамалы. Көгілдір көктің жүзінде Шаңырақ-күн, уық-нұр. Мәңгі сөнбес күйінде, Маңдайдан жұлдыз туып тұр.
ҚР.Елтаңбасының авторы кім?________________________________________
Күнді құшқан қас қыран,Аясында қалқыған
Аспан түсті туым бар Көк теңіздей шалқыған. Көкірек жауар.....
ҚР.Туының авторы___________________________________________
3.Мақал – мәтелдердің мағынасын түсіндір:Туған жер - тұғырың,Туған ел - қыдырың.
Бөтен жердің гүліненТуған жердің тікені артық. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
36
34–сабақ. Қорытындылау.Тест тапсырмасы1). Адам тіршілігіне ең қажетті жағдайлар?А) Ауа, су, тамақ, жылу, жарық.В) Доп, машина, компьютер, телефон, велосипед.С) Кітап, дәптер, қалам, сызғыш, бор.2). Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік не деп аталады?А) ТабиғатВ) ЖазықС) Көкжиек3). Көкжиектің қанша тұсы бар?А) 4 В) 3 С) 54). Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құралды не дейді?А) Сағат В) компьютер С) тұсбағар5) Темірқазық жұлдызы қай бағытты көрсетеді?А) СолтүстікВ) ОңтүстікС) Батыс6) Ауаның түсі туралы не айтуға болады?А) ақ
В) түссізС) көгілдір7) Ауаны ластанудан қалай сақтайды?А) КөгалдандыруВ) Сүзгілер орнатуС) Желдеткіш орнату.8) Судың үш күйін ата:А) Теңіз, өзен, мұхитВ) Су, бу, мұзС) Су, шай, сусын9) Жердің бетіндегі өсімдік өсетін жұмсақ қабатты не дейді?А) СазВ) ҚұмС) Топырақ10) Қандай топырақта өсімдік жақсы өседі?А) ҚұнарлыВ) СортаңдыС) Сазды11) Өсімдікті топыраққа бекітетін мүшесі:А) СабағыВ) ТамырыС) Жапырағы 12) Қандай жердегі өсімдіктердің тамыры ұзын болады?А) СулыВ) шөлдіС) сортаң13) Судың артық мөлшерін буландыратын өсімдік мүшесі:А) ЖапырақВ) сабақС) тамыр14) Қай жемістің жапырағы түсісімен қыс келеді?А) АлмаВ) өрікС) Шие15) Өсімдік жапырақтарының жасыл болуы неге байланысты?А) СуғаВ) Күн сәулесінеС) топыраққа16) Адамдар тікұшақты неге қарап зерделеді?А) ҚұсқаВ) АрағаС) Инелікке17) Жапырақ қай мезгілде сарғайып, түседі?А) КүздеВ) Жазда
С) Қыста18) Неліктен күзде жапырақ сарғайып, түседі?А) Су құймағансынВ) Қорек жеткіліксіз болғасынС) Күн суытқаннан19) Қысты ұйқымен өткізетін жануарлар:А) Аю, борсықВ) Түлкі, қасқырС) Тышқан, суыр20) Өсімдіктердің « Қызыл кітабына» қандай өсімдіктер енгізіледі?А) Әдемі гүлдерВ) Жойылып бара жатқан өсімдіктерС) Жердегі барлық өсімдіктер
Жауаптары:1) А 2) С 3) А 4) С 5) А 6) В 7) А 8) В 9) С 10) А11) В 12) В 13) А 14) С 15) В 16) С 17) А 18) В 19) А 20) В
38
Қолданылған әдебиеттер:
1. Аймағамбетова Қ.А,Ким Н.А,Мырзақанова К.Д: Дүниетану 2 – сынып. Алматыкітап баспасы 2013
2. Аймағамбетова Қ.А,Ким Н.А,Мырзақанова К.Д : Дүниетану әдістемелік құрал
3. Оқушы анықтамалығы.1 – 4: «Алматыкітап» ЖШС,2006
39
40
41
42