Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2016...

22
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2016 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беру кездесуі барысында келіп түскен сауалдарға ЖАУАПТАР 1. Саипова Гүлмира – «Достық» шағынауданы, Айдарлы көшесі, №39/3: Сұрақ: 2007 жылғы 29 желтоқсанда бізге үйдің кілтін берген, ал, өз атымызға аударылған құжат берілмеді. Дәл қазіргі жағдайда келісім-шарт арқылы газ, свет, су төлеп отырмыз. Бізге құжатты өз атымызға аударып береміз деген. ҰОС ардагерлеріне, мүгедектерге құжаттар жасалып жатыр деп естідік. Мен жалғыз басты анамын. Сізден үй құжаттарын өз атыма заңдастыруға көмектесуді сұранамын. Жауап: 2016 жылы азаматша Г.Саиповаға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ретінде «Нұрсәт» тұрғын алабы, №49 үйдің, 1-бөлмелі, 31,5 ш/м құрайтын №104 пәтері бекітіліп берілген. Сонымен қатар, алдын азаматша Г.Саиповаға (жанұясы 4 адамға) «ЛТД Тұрмыс» ЖШС тарапынан «Достық» шағынауданы, №39 үйдің, №3 пәтері бекітілген болатын. Аталған тұрғынжай Г.Саипованың және кәмелетке толған мүшелерінің арыздары негізінде жанұя құрамындағы қызы Ж.Саиповаға 28.03.2016 жылғы №108 жалдау шартымен рәсімделген. Осыған байланысты, «Достық» шағынауданы, №39 үйдің, №3 пәтерді жекешелендіру Ж.Саипованың ғана құқығы бар. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайлардың жекешелендіру мәселелері Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңымен реттеледі. Осы Заңның 13-бабына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайларды тегін меншігіне алуға құқығы бар азаматтар санаты көрсетілген. Алайда, азаматша Ж.Саипова жоғарыдағы Заңның 13-бабында көрсетілген тұрғынжайды тегін алуға құқығы бар азаматтардың санатына жатпағандықтан, заңда белгіленген тәртіппен тұрғынжайын қалдық құнымен сатып алуға мүмкіндігі бар. 2. Кужахметова Мерусткул – қала тұрғыны: Сұрақ: Мен 2016 жылы шаруа қожалық жер учаскесін сатып алғанмын, ірге-тасы құйылған, алайда жеріме тұрғын үй салуға рұқсат бермеуде. Жердің мемлекеттік актісы бар. Екі бөлмелі жалдамалы пәтерде 7 жан тұрамыз. Жұмыс істемеймін, денсаулығым жоқ. Жұбайым қайтыс болған. Бұл жерді де несиеге алып отырмын. Осы жерге тұрғын үй салуға рұқсат беруіңізді сұранамын. Жауап: Қазақстан Республикасы Жер кодексінің талаптарына сәйкес жер учаскесін нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану керек. Аталған Кодекстің 49-1 бабына сәйкес жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту үшін азаматтар қала әкімдігіне өтініш білдіреді. Жер учаскесінің көрсетілген нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануы қаланың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес анықталады.

Upload: zhanbolat-amankeldy

Post on 20-Mar-2017

83 views

Category:

Government & Nonprofit


11 download

TRANSCRIPT

Page 1: Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2016 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беру

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2016 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беру кездесуі барысында келіп түскен

сауалдарға ЖАУАПТАР

1. Саипова Гүлмира – «Достық» шағынауданы, Айдарлы көшесі, №39/3: Сұрақ: 2007 жылғы 29 желтоқсанда бізге үйдің кілтін берген, ал, өз атымызға аударылған құжат берілмеді. Дәл қазіргі

жағдайда келісім-шарт арқылы газ, свет, су төлеп отырмыз. Бізге құжатты өз атымызға аударып береміз деген. ҰОС ардагерлеріне, мүгедектерге құжаттар жасалып жатыр деп естідік. Мен жалғыз басты анамын. Сізден үй құжаттарын өз атыма заңдастыруға көмектесуді сұранамын.

Жауап: 2016 жылы азаматша Г.Саиповаға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж ретінде «Нұрсәт» тұрғын алабы, №49 үйдің, 1-бөлмелі, 31,5 ш/м құрайтын №104 пәтері бекітіліп берілген.

Сонымен қатар, алдын азаматша Г.Саиповаға (жанұясы 4 адамға) «ЛТД Тұрмыс» ЖШС тарапынан «Достық» шағынауданы, №39 үйдің, №3 пәтері бекітілген болатын. Аталған тұрғынжай Г.Саипованың және кәмелетке толған мүшелерінің арыздары негізінде жанұя құрамындағы қызы Ж.Саиповаға 28.03.2016 жылғы №108 жалдау шартымен рәсімделген. Осыған байланысты, «Достық» шағынауданы, №39 үйдің, №3 пәтерді жекешелендіру Ж.Саипованың ғана құқығы бар.

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайлардың жекешелендіру мәселелері Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңымен реттеледі. Осы Заңның 13-бабына сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайларды тегін меншігіне алуға құқығы бар азаматтар санаты көрсетілген. Алайда, азаматша Ж.Саипова жоғарыдағы Заңның 13-бабында көрсетілген тұрғынжайды тегін алуға құқығы бар азаматтардың санатына жатпағандықтан, заңда белгіленген тәртіппен тұрғынжайын қалдық құнымен сатып алуға мүмкіндігі бар.

2. Кужахметова Мерусткул – қала тұрғыны: Сұрақ: Мен 2016 жылы шаруа қожалық жер учаскесін сатып алғанмын, ірге-тасы құйылған, алайда жеріме тұрғын үй

салуға рұқсат бермеуде. Жердің мемлекеттік актісы бар. Екі бөлмелі жалдамалы пәтерде 7 жан тұрамыз. Жұмыс істемеймін, денсаулығым жоқ. Жұбайым қайтыс болған. Бұл жерді де несиеге алып отырмын. Осы жерге тұрғын үй салуға рұқсат беруіңізді сұранамын.

Жауап: Қазақстан Республикасы Жер кодексінің талаптарына сәйкес жер учаскесін нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану керек. Аталған Кодекстің 49-1 бабына сәйкес жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту үшін азаматтар қала әкімдігіне өтініш білдіреді. Жер учаскесінің көрсетілген нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануы қаланың егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес анықталады.

Page 2: Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2016 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беру

3. Самбетова А., Тайбахарова, Сауранбаев Ш., Сейтмұсаев, Саипова Г., Садыкова , т.б. – «Достық» шағынауданы,

Айтумар көшесі, № 40/3: Сұрақ: Біздің көшелерге жарық орнатуды, Ақбосаға көшесінен Айтұмар көшесіне дейін, коттедждер соңына дейін

жалғастырып беруді сұраймыз. Жауап: «Достық» шағынауданындағы атаусыз көшені (Ақбосаға көшесінен Айтұмар көшесіне дейін) жарықтандыру

жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің 2017 жылғы жұмыс жоспарына енгізілді.

Қажетті сметалық құжаттамалар әзірленген соң, құрылыс-монтаж жұмыстары қала бюджетінен қаралған қаржы аясында атқарылатын болады.

Сұрақ: «Достық» шағынауданында қоғамдық көліктің бағыты мектептен басталған және «Жүзбай ата» дүкенімен

біткен. Енді «Жүзбай ата» дүкенінен ары Айтұмар көшесіне асфальт біткен жерге дейін жалғастыруды сұраймыз. Ақбосаға көшесінде мүгедектер, жағдайы төмен отбасылар тұрады.

Жауап: Бүгінгі таңда, «Достық» шағынауданына №17б, №105ША, №109а бағыттары қатынап, жолаушыларға қызмет көрсетуде. Аталған бағыттардың қозғалыс сызбалары жолаушылар ағынына және тұрғындардың өтініштеріне сәйкес өзгертілген. Сол себепті, ұсынып отырған көшемен қоғамдық көлік бағытын жүргізу мәселесі аудан әкімдігінің ұрғындармен бірлесіп зерттеу жұмыстары жүргізілген соң, тиісті шешім қабылданатын болады.

4. Сәрсенова Ш. – «Нұртас» шағынауданы, Гүлдала көшесінің т.б. тұрғындары: Сұрақ: «Нұртас» елді мекенінде электржүйесін жүргізу жұмыстары аяқталды» – деп айтылды. Ал, осы

шағынауданында Гүлдала, Құлагер көшелері әлі жекеменшікке қарайды. Кернеулігі (напряжение) кешкі кезде өте төмен, көп өшеді, бағасы қымбат.

Жауап: «Қайтпас-1», «Нұртас» шағынаудандарын электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында, ЖСҚ әзірленіп, құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс берілді. Құлагер, Гүлдала көшелері аталған жобаға енгізілген. Қаржы бөлінген жағдайда құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарға қойылған. 2300 тұрғын үй сапалы электр жарығымен қамтамасыз етіледі.

Сұрақ: Біздің көшедегі су жекеменшік, соны мемлекеттікке өткізіп беруіңізді сұранамын. Жауап: «Нұртас» шағынауданын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттін тарапынан 2 кезекпен құрылыс

жұмыстары жүргізілді: 1-ші кезек 2011 жылы, мердігер мекеме «Шебер-2» ЖШС; 2-ші кезек 2014-2015 жылдары, мердігер мекеме «Тұр ахмет» ЖШС.

Page 3: Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2016 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беру

Аталған шағын ауданның Гулдала көшесінде ауыз су жүйелерінің құрылыс жұмыстары толығымен жүргізіліп, пайдалануға тапсырылған. Осыған орай, Гүлдала көшесінде пайдаланып отырған жекеменшік құбырынан мемлекеттік тарапынан тартылған су құбырына қосылу үшін, жазбаша түрде «Су құбыры және канализациясы басқармасы» МКК-на үй тұрғындары өтініш білдіру қажет.

Сұрақ: Гүлдала көшесі өзі тар, екі машина қатар әзер жүреді. Кәріз жүргізілген кезінде асфальттың біраз бөлігі бүлінді,

осы көше қайта орнына келтіріле ме? Жауап: «Нұртас» шағынауданы Гүлдала көшесіне кәріз жүйелерін жүргізген мердігер мекеме «Шебер» ЖШС-гі ауа

райының қолайлы болысымен қазба жұмыстарын атқарған көшелерде қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізетін болады. Сұрақ: «Нұртас» елдімекенінде асфальттанбаған көшелер қашан салынады? Гүлдала көшесінен 2 машина қатар

жүретіндей етіп кеңейту мәселесі биыл қарала ма? Гүлдала көшесі бойынша тротуар жоқ. Жауап: «Нұртас» шағынауданында Төлеметов көшесіне паралельді «Қайтпас-1» және «Нұртас» шағын аудандарды бөліп

тұрған №3 көше, Гүлдала, Жасталап көшелерінің жалғасы, Зере №1, Зере №2 көшелерінде 2016 жылы күрделі жөндеу жұмыстары басталған. Аталған жұмыстар 2017 жылға өтпелі және жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Сонымен қатар, «Нұртас» шағынауданындағы №6 атауы жоқ, №10 атауы жоқ көшелерді күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттар әзірленуде. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін, 2017 жылдың ІІ-жартыжылдығында жолдардың құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге ұсыныс енгізіледі.

Төлеметов көшесінде қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар барысында, түнгі жарық шамдар орнатылды. 2017 жылдың қыркүйек айында Төлеметов көшесі пайдалануға беріледі, сол кезде жарық қосылатын болады.

«Нұртас» шағынауданында Гүлдала көшесінің жалғасына күрделі жөндеу жұмыстарын атқаруға қаржы қаралды. Жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында аяқ жол салу жұмыстары атқарылады.

5. Оразбаев Қындыбай – «Достық» шағынауданының тұрғыны: Сұрақ: Бізге трансформатор керек, Ілтипат көшесіндегі трансформаторға ауырлық түсіп, өртеніп кетті. Бір

трансформатор 490 отбасына жұмыс істеп тұр, негізінде 250 үйге лайық. Соған трансформатор қойып берсеңіздер. Жауап: «Достық» шағынауданын электр жарығымен (2-ші кезек) қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық

құжаттары әзірленуде. Жұмыс жобасы әзірленген соң (01.07.2017 ж.), құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаржы бөлу жөнінде ұсыныс

беріледі.

Page 4: Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2016 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беру

6. Айнабекова Роза – «Таскен» елдімекені: Сұрақ: Электр жарығы туралы. Жауап: «Таскен» шағынауданын электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында, Шымкент қаласының 2017-2021

жылдарға арналған даму іс-шарасының жоспарына сәйкес 2017 жылы жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу және 2018-2019 жылдары құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарға қойылған.

Сұрақ: Балқыбеков көшесінен автобус жүргізу туралы. Жауап: Бүгінгі таңда, «Таскен» шағынауданының Бабашұлы көшесі арқылы №89 және №44 автобус бағыттары жүруде.

Балқыбеков көшесінің жолы шағал тас болуына байланысты, қоғамдық көлік жүргізу мүмкін болмауда. Сол себепті, Балқыбеков көшесінің жолын жөндеу үшін жобалық сметалық құжаттарын дайындауға ұсыныс енгізіледі. Балқыбеков көшесінің жолына жөндеу жұмыстары жүргізілген соң және жолаушылар ағынының қалыптасуына қарай қоғамдық көлік бағытын жүргізу мүмкіндіктері қайта қаралатын болады.

Сұрақ: Көшемізге тас жол салу. Жауап: 2017 жылға шағал тас төсеу жұмыстарына қосымша қаржы қаралған жағдайда, «Таскен» шағынауданының

көшелері енгізілетін болады. 7. Қуандық Сауранбай-«Түркістан» шағынауданы, Жаңағасыр көшесі, №208/2: Сұрақ: «Солтүстік» саяжайында неге коммуникациялар кешенді болып (комплексно) жүргізілмейді? «Асар» шағынауданы

секілді электржарығы, газ, су жүйелері кешенді салынса барлық жерде. Жауап: Солтүстік» саяжайды электр жарығымен, ауыз сумен, табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында Шымкент

қаласының 2017-2021 жылдарға арналған даму іс-шарасының жоспарына сәйкес, 2017 жылы жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу және 2018-2019 жылдары құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарға қойылған.

Сұрақ: Қаладағы халық саны 1 миллионға жақындап келе жатыр, бірақ ешқандай зауыт салынбайды. Бізде қазір тек

Нефтеперегонный және «Химфарм» зауыттары жұмыс істеп тұр. Қалған кәсіпорындар кіші және орта бизнес, олар көп жұмыс орындарды аша алмайды. Халықты асырап отырған 10-15 базарлар, сол базардан әлі шыға алмай отыр. Жұмыс орындарымен қамтамасыз ету үшін үлкен зауыттарды салу қажет.

Жауап: Қазақстан Республикасының «Индустриялық-инновациялық дамытудың 2010 – 2014 жылдарға арналған» мемлекеттiк бағдарламасы шеңберінде бірінші бес жылдықта Шымкент қаласында 7000-ға жуық жаңа жұмыс орнын құрайтын 77 кәсіпорны және «Индустриялық-инновациялық дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған» мемлекеттiк бағдарламасының екінші бес жылдығында 2015-2016 жылдары 1200 жаңа жұмыс орнын құрайтын 16 өнеркәсіп

Page 5: Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2016 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беру

кәсіпорындары іске қосылды. Ірі жобаларды айта кететін болсақ: «Алтын Дән» ЖШС, «Стандарт Цемент» ЖШС, «Шымкентцемент» АҚ, «AZALA Textile» ЖШС, «Шымкентмай» АҚ, «КазМедПрибор» ЖШС, «Голд Аллюминиум» ЖШС, «Рахат-Шымкент» ЖШС, «Азия Керамик» ЖШС, «Karlskrona LB AC» ЖШС және т.б. Бағдарлама аясында 2017-2019 жылдар аралығында 9000-ға жуық жаңа жұмыс орнын құрайтын 42 ірі жобаларды іске асыру жоспарлануда.

Қала аумағында «Оңтүстік» және «Тассай» индустриалды аймақтары, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақтарында 50-ден аса кәсіпорындар жұмыс істеп тұр. Атап айтқанда: «Hill corporation» ЖШС, «ЕвроКристалл» ЖШС, «Қайнар» ЖШС, «Феррум Фтор» ЖШС, «АРТ Құрылыс» ЖШС, «Tectum Engineering» ЖШС, «Әлем БТ» ЖШС, «Бал Текстиль» ЖШС, «Назар Текстиль» ЖШС, «Хлопкопром-Целлюлоза» ЖШС, «Мега Смарт» ЖШС және т.б.

8. Қалдыбеков Икрам, зейнеткер-«Тараз» шағынауданы, Бәйтерек көшесі, №88: Сұрақ: «Тараз» шағынауданында жиі электр жарығы өшеді, 10-15 минуттан 2 сағатқа дейін. Үйдегі телевизор,

холодильник, т.б. техника істен шыға ма деп қорқамыз. Соны ретке келтіруге бола ма? Жауап: Қаладағы монополист мекеме «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан «Тараз» шағынауданы тұрғындарымен

түзілген 2-жақты келісім-шартқа сәйкес, сапалы және үздіксіз электр қуатымен міндетті түрде қамтамасыз ету қажет. Бірақ, Сіз «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің көрсетіп отырған қызметтеріне қанағаттанбаған жағдайда Қазақстан

Республикасының Азаматтық кодексі Заңының 9 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 148, 149 баптарына сәйкес сотқа жүгінуге құқыңыз бар екендігін хабарлаймыз.

Сұрақ: 2016 жылы үйдің сыртына көшеге газ есептегішін орнатқан, сол есептегіштің жанынан газ шығып жатыр. «104»

телефонына хабарластық, «КазТрансГазға» жіберді. «КазТрансГазға» айттық, бүгінгі күнге дейін әлі жөнделмеді. Қаңтар айында (1 айға) газға 50 000 теңге төледік. Осыны жөндеуге көмектессеңіздер.

Жауап: «Тараз» шағынауданы, Бәйтерек көшесі, №88 үйдің газ жүйелерінде орын алған ақаулар мердігер мекеме «Шұғыла-

2002» ЖШС тарапынан жойылды. Қазіргі таңда, аталған тұрғын үйге сапалы және үздіксіз табиғи газ берілуде. 9. Тәуке хан даңғылы тұрғындарының атынан Бекаулова Ш., Жылқыбаева Н., Примкулова Л. Сұрақ: «Тассай» тұрғын алабындағы Тәуке хан көшесіне жарық орнатуын және көшені асфальттауды сұраймыз. Жауап: «Тассай» тұрғын алабындағы Тәуке хан көшесін қайта құруға жобалық сметалық құжаттар әзірленіп, құрылыс

жұмыстарын атқару үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Жобада Тәуке хан көшесін асфальттау, түнгі жарық шамдар орнату, аяқ жолдар салу, ирригациялық лотоктар орнату қаралған. Мердігер мекеме анықталғаннан кейін, құрылыс жұмыстарын ағымдағы жылдың мамыр айында атқару жоспарлануда.

Page 6: Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2016 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беру

Сұрақ: «Тассай» тұрғын алабына №44 «Газель» орнына, «Таскен» тұрғын алабына бармайтын, жаңа бағыттағы автобустар жүргізуіңізді сұранамыз.

Жауап: «Тассай» шағынауданы тұрғындарына Жібек жолы көшесі арқылы №65 автобус бағыты, ауданаралық «Ақсукент-Шымкент» автобус бағыты, Тәуке хан, Қ.Төлеметов көшелері арқылы №14 шағын автобус бағыты, Тәуке хан, Төле би, Т.Рысқұлов, Әбдіразахов, Жібек жолы көшелері арқылы №44 автобус бағыты қатынап, жолаушыларға тасымалдау қызметін көрсетуде.

Қала әкімдігінің талабы бойынша №44 бағытында қызмет көрсететін тасымалдаушы бағыттағы «Газель» маркалы шағын автобустары бағыттан алынып, орнына бір есікті, сиымдылығы орта автобустарға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, «Тассай» шағынауданына қосымша бағыт жүргізу мүмкіндіктері қарастырылуда.

Сұрақ: «Тассай» тұрғын алабындағы Тәуке хан көшесі бойымен үлкен жүк таситын (30-40 тонна) көліктерді

жүргізбеуіңізді сұранамыз. Жауап: Бүгінгі таңда, Тәуке хан көшесінің екі басындағы Қ.Төлеметов және Жібек жолы көшелерінің жолдарына қайта құру

жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, Тәуке хан көшесінің жолына қайта құру жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылуда. Қайта құру жұмыстарын жүргізу барысында аталған көшенің жолы кеңейтілетін болады. Сол себепті, Тәуке хан көшесі арқылы жүк көліктерінің жүруіне тыйым салу мүмкін болмай тұрғандығын хабарлаймыз.

10. Наурыз көшесінің тұрғындары: Сұрақ: Біздің көшеге газ №28 ШРП-дан алынады. Үнемі газдың қысымы төмен, қыс бойы жаурап шығамыз. Осы ШРП-ға

көп адам қосылған, мәселені шешіп беруді сұраймыз. Жауап: Жекеменшіктегі газ жүйелері техникалық талаптарға сай емес, ГРПШ (РДНК-1000) куаттылығы және Д-57мм

құрайтын газ құбырлары арқылы газдың тиісті көлемінің өтуі мүмкін емес. Сол себептен, жаңа қосылған абоненттер есебінен газдың құбырларына және ГРПШ-ға жаңғырту жұмыстарын жүргізуді ұсынамыз.

Бұл жұмыстарды жүргізуге Қазақстан Республикалық Заңына сәйкес, мемлекеттін есебінен атқарылмайды, теқ қана меншік иесі тарапынан жүргізіледі.

11. Жұмабекова Гүлжан – «Бозарық» шағынауданы, Жаңақұрылыс аумағының орам басқарушысы: Сұрақ: «Бозарық» шағынауданы, Жаңақұрылыс аумағындағы тұрғын үйлер күн санап артуда. Табиғи газбен қашан

қамтылады екен? Жауап: «Бозарық» шағынауданы Жаңақұрылыс аумағын табиғи газбен, қамтамасыз ету мақсатында, 2017 жылға жобалау-

сметалық құжаттарын әзірлеу және 2018 жылға құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарға қойылған.

Page 7: Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2016 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беру

12. Құлымбетов Б. – «Тассай» тұрғын алабының тұрғыны: Сұрақ: «Тассай» тұрғын алабында 200-ден астам тұрғын үйге осы уақытқа дейін табиғи газ келмеген. Осы мәселе биылғы

жылы шешімін табады ма? Жауап: «Тассай» тұрғын алабын ауыз сумен, табиғи газбен, кәріз және электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында,

жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде. Жұмыс жобасы әзірленген соң (01.07.2017ж.), құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаржы бөлу жөнінде ұсыныс беріледі.

13. «Тассай» шағынауданы, 190 орам тұрғындары: Сұрақ: Суымыз, светіміз мемлекеттік емес. Мемлекеттік етіп беруді сұраймыз. Жауап: «Тассай» шағынауданын (190 орам) ауыз сумен, табиғи газбен, кәріз және электр жарығымен қамтамасыз ету

мақсатында, жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде. Жұмыс жобасы әзірленген соң (01.07.2017ж.), құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаржы бөлу жөнінде ұсыныс

беріледі. Сұрақ: Біздің көшелеріміздің аты жоқ. Жедел жәрдем шақырсақ таба алмай жүреді. Жауап: Бүгінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес, республика аумағындағы

объектілерге атау беру, қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жұмыстары (кісі есімін беру) тоқтатылған (мораторий), алайда жер-су, тау-тас, тарихи атауларды беру бойынша жұмыстар атқарылуда.

2017 жылғы наурыз айының соңына дейін аталған көшеге атау беру бойынша көше тұрғындарымен жиналыс ұйымдастырып, қорытындысы бойынша хаттама түзіп, қалалық мәслихаттың қарауына жолдайтын боламыз.

14. Қалходжаев Яхия – «Тұран» шағынауданының төрағасы: Сұрақ: Ауыз су мәселесін шешіп беруіңізді өтінемін. Жауап: 2017 жылы «Тұран» шағынауданындағы магистралдық су құбырының құрлысына қаржы бөлініді. Қазіргі таңда,

мердігер мекемені анықтау үшін, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Сұрақ: «Тұран» шағынауданының тұрғындарына жол көлігі мәселесін шешіп берсеңіз. Жауап: «Тұран» шағынауданына Бәйдібек би көшесі арқылы №71 автобус бағыты қатынауда. «Тұран» шағынауданындағы

жолдардың құрылысы аяқталған соң, қосымша бағыт жүргізу жоспарлануда.

Page 8: Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2016 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беру

15. Молдасеитов Қайрат – «Отау Груп» компаниясының президенті, облыстық мәслихаттың депутаты: Сұрақ: Соңғы кезде қалада ирригация жұмыстары тоқтап қалды, осы мәселеге назар аударсаңыздар. Жауап: Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан 2015 жылы қала аумағындағы су алу

қауіпі бар 31 мекен жайда ұзындығы 11,2 шақырым, 2016 жылы 32 мекен жайда 11,8 шақырым ирригация жүйелерін қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

2017 жылы осы жұмыстар жалғасын тауып, 23 мекен жайдағы тұйық ирригация жүйелерін жою жұмыстарының сметалық құжаттамалары әзірленіп, бюджетті нақтылау кезінде қаржы қаралды. Сонымен қатар, қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қаланың орталық 18 көшелері бойындағы жарамсыз, істен шыққан иригация жүйелерін қалпына келтіру жұмыстарының сметалық құжаттамалары әзірленді. Тиісінше, I-кезеңде 10 көшедегі 19,4 шақырым ирригация жүйесін қайта құру жұмыстарына қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Жоба бойынша қаржыны игеру мерзімі 2017 жылдың 1 шілдесі болып белгіленді.

Сұрақ: Қалада жоғары вольттық жүйелер (высоковольтные линии) Шымкенттің көрінісін бұзып тұр, атап айтқанда,

Тәукехан, Астана даңғылдарында. Соларды төмен түсіріп, ретке келтірсеңіздер. Жауап: Шымкент қаласы Астана даңғылы бойындағы жоғары кернеулі электр желісін жер астымен жүргізуге меншік иесі

«Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-не ұсыныс хат жолданды. Сонымен қатар, 2016 жылы Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан Тәуке хан даңғылы бойындағы жарықтандыру жүйелерінің желілері жер астымен жүргізілді.

Осы жұмыстармен қоса, қазіргі таңда, Шымкент қаласының шағын аудандар мен тұрғын алаптарды электр және жарықтандыру жүйелерімен қамтамасыз ету үшін әзірленіп жатқан жобалау-сметалық құжаттарына электр желілерін жер астымен жүргізу талабы енгізілген.

Сұрақ: Қаладағы көлік қозғалысын, әсіресе қоғамдық көлік қозғалысын тәртіпке шақырсаңыздар. Жауап: Бүгінгі таңда, қоғамдық көлік бағыттарының кешкі уақыттағы жұмысы тұрақты бақылануда. Қосымша, қоғамдық

көліктердің жұмысын бақылау бойынша іс-шара жоспары бекітілді. Кешкі уақыттарда қозғалыс жиілігі төмен болған тасымалдаушы компанияларға шаралар көрілетін болады.

16. Кенжебеков Оразгелді – «Мәртөбе» тұрғын алабының тұрғыны: Сұрақ: «Су ресурстары Маркетинг» ЖШС тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстарды уақытылы аяқтау, көшелердегі

қазылған жерлерді ретке келтіру. Жауап: «Мәртөбе» тұрғын алабының ауыз су жүйелері «Су ресурстары-маркетинг» ЖШС тарапынан жаңартылуда. Құрылыс

жұмыстары барысында қазылған траншеялар тұрғындарға уақытша ыңғайсыздық тудыруда. Орын алған кемшіліктер бойынша

Page 9: Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2016 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беру

қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан ескерту беріліп, қалпына келтіру жұмыстары бақылауға алынған.

Қазба жұмыстары жүргізілген жерлерді қайта қалпына келтіруге берілген кепілдемелердің орындалуы «Техникалық инспекция» ЖШС мекемесімен қадағалануда.

Сұрақ: «Мәртөбе» тұрғын алабында қазақ және орыс мазараттары орналасқан. Мазараттардың қоршауын жаңартып

беруіңізді сұраймын. Жауап: Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі 2017 жылғы іс-жоспарына «Мәртөбе» тұрғын

алабындағы қазақ және христиандар мазараттардың қоршауын жаңарту жұмыстары енгізіліп, қажетті жобалау-сметалық құжаттары әзірленді. Жұмыстар қалалық бюджеттен бөлінетін қаржы аясында атқарылатын болады.

17. Дүйсеков Серік – «Мирас» шағынауданының тұрғыны: Сұрақ: Мен «Мирас» шағынауданында тұрамын. Алайда, ол «Мирас» шағынауданы екенің еш жерде білмейді. «Мирас»,

«Ұлағат» шағынаудандары 3-4 жылдан бері бар. Ал, емханаға, ауруханаға, поштаға барсақ, олар білмейді, «Пахтакор» деп жазады.

Жауап: Қалалық мәслихаттың 15.09.2010ж. №39/351-4с шешімі негізінде Еңбекші ауданындағы солтүстік жағынан Жібек жолы даңғылымен, солтүстік-батыс жағынан Бурабай көшесімен, оңтүстік-шығыс жағынан Жаңажол көшесімен шектелетін аумақ – «Мирас» шағынауданы деп аталады, ал, Еңбекші ауданындағы солтүстік жағынан Машат көшесімен, оңтүстік жағынан Жібек жолы даңғылымен, оңтүстік-шығыс жағынан Е.Спатаев көшесімен шектелетін аумақ – «Ұлағат» шағынауданы деп аталады.

Аталған шешімдері жөнінде Шымкент қаласы Еңбекші ауданы әкімі аппараты тарапынан «Қазпочта» АҚ ОҚОФ №31 бөлімшесіне 22.02.2017ж №29/07-592 хаты және Шымкент қалалық №5 емхананың бас дәрігері Ж.М.Сейдалинаға 22.02.2017ж №29/07-591 хаты жолданды.

Сұрақ: «Мирас» шағынауданында Маусым және Дербес көшелері асфальттанбаған. Мектеп, балабақшаға балалар лайға батып барады. Осы мәселе бойынша тез арада шара қабылдауға болады ма? Жібек жолы мен Дербес көшесі қиылысқан жерде жолды салған құрылысшылар жөндеп салмады. Соны ретке келтірсе.

Жауап: «Мирас» шағынауданының Маусым және Дербес көшелеріне орташа жөндеу жүргізу мақсатында жобалау-сметалық құжаттар әзірленіп, ағымдағы жылы бюджеттен қаржы бөлу үшін ұсыныс енгізілді. Жұмыстар қаржы бөлінген жағдайда атқарылады.

Сұрақ: Қаладағы көшелерге патриоттық рухын көтеретін батырлардың аты қойылған. Алайда, автобустарда бұрыңғы

атауларын атайды: Чернышевского, Щорса, Некрасова деп. Неге қазақ азаматтарының атын атамайды?

Page 10: Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2016 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беру

Жауап: Бүгінгі таңда, Шымкент қаласында қоғамдық көліктердің жұмысын бақылау бойынша іс-шара жоспары бекітілді. Қоғамдық көліктердің кондукторларына аялдамаларда айқайламау туралы ескерту жұмыстары жүргізілуде. 2017 жылдың 1 наурызынан бастап аялдамаларда айқалаған кондукторларға қатаң шаралар көру туралы тасымалдаушы компанияларға ұсыныстар енгізілетін болады.

18. Көлбаев Төлебай – Абай ауданы, Мырзашөл көшесінің тұрғыны: Сұрақ: Мен Абай ауданы, Мырзашөл көшесінде тұрамын, сол жерде «Бекжан» базарының бергі жағында 10-шақты көше

бар, ал, кәріз жүйелері (канализация) жоқ. Қазір Сыпырған ата көшесінің құрылысы жүргізіліп жатыр, соған кәріз жүйесінің мәселесі қаралса.

Жауап: Шымкент қаласына қарасты елді мекендер және шағын аудандарын кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында «Шымкент қаласының 2015-2025 ж.ж. арналған су және кәріз жүйелерін дамыту» бойынша бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес, қала әкімдігінің тапсырысы бойынша «Казахский Водоканал Проект» АҚ-ы инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемесі (ТЭН) әзірленді.

Аталған негіздеме келісіліп, бекітілгеннен кейін, Шымкент қаласы аумағындағы шағын аудандар мен көшелердің кәріз жүйелеріне құрылыс жұмыстарының жұмыс жобасы әзірленетін болады.

Сұрақ: Тарихи тұлғалар Қойгелді атамыз, Исатай, Махамбет, Мұстафа Өзтүрік аттары Чапаевка елді мекеніндегі қисык

көшелерге берілген. Қазақ батырларының аты неге орталықтағы үлкен көшелерге берілмейді? Жауап: Бүгінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес, республика аумағындағы

объектілерге атау беру, қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жұмыстары (кісі есімін беру) тоқтатылған (мораторий), алайда жер-су, тау-тас, тарихи атауларды беру бойынша жұмыстар атқарылуда.

Кісі есімдеріне критерий анықталғаннан кейін жұмыс жүргізілетін болады. Сұрақ: Тұрар Рысқұловтың ескерткіші аттас көшеден 500 метр бөлек жерде орналасқан. Неге оны Т.Рысқұлов көшесінің

бойына қоймайды? Жауап: Тұрар Рысқұловтың ескерткіші бойынша Шымкент қаласының сәулет және қалақұрылысы тарапынан зерделеу

жұмыстары жүргізіліп, Жібек жолы даңғылынан басталатын Т.Рысқұлов көшесі қиылысында қалыптасқан байланысты гулзары ұйымдастырылған, сәулет және қала құрылысы талаптарына сәйкес Жібек жолы даңғылы бойындағы скверде ескерткіш орналастыруға ыңғайлы болып, аттас көшеден 110 метр қашықтықта ұйғарылған.

19. Мәденұлы О. – қала тұрғыны:

Page 11: Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2016 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беру

Сұрақ: А.Асқаров жасап кеткен балалар темір жолы поезд жүрмегеннен тозып барады. А.Мырзахметов қолға алып, «Қайтпас-1» шағынауданында «Тұлпар» стансасын салған, ол қазір бос тұр. Темір жолды стадионнан Абай саябағына дейін жеткізсеңіздер, ұзындығы 1 шақырым ғана, сонда поезд толған бала-шаға болар еді. Үлкен қалаларда темір жолдар бар ғой, неге бізде салмасқа?

Жауап: ОҚО бойынша көліктік бақылау испекциясының қорытындысына сәйкес, Орталық стадиондағы «Спорт» станциясынан Дендросябақ аумағындағы «Тұлпар» станциясына дейінгі аралықтағы балалар темір жолы және поезд жолаушыларының қауіпсіздігіне талапқа сай еместігі анықталып, тиым салынған.

Осы орайда, аталған нысанды күрделі жөндеу жұмыстарының ЖСҚ әзірлеуге қаржы бөлу жөнінде ұсыныс енгізіліп отыр. Бүгінгі таңда, Темір жол желісін Абай саябағына дейін ұзарту жұмыстары жобаның күрделілігі және ауқымды қаржыны қажет

етуінен қаралып отырған жоқ. 20. Ахметов Батырхан – «Солтүстік-Батыс» шағынауданының тұрғыны: Сұрақ: Соңғы уақытта облыс және қала әкімдерінің қала аумағындағы сайларды ретке келтіру жұмыстарына көңіл

бөлгенін қолдаймын, бірақ, Қ.Төлеметов көшесінің бойындағы сайлар (овраг) қараусыз, бос жатыр. Бұл жерлердің болашағы қандай?

Жауап: Облыс әкімінің бастамасымен қаладағы 4 сай шатқалды көгалдандыру, саябақ құру («Нұртас» шағынауданы тұсында 25га, Төлеметов көшесі бойымен 35га, Астана – Бәйтереков көшесі қиылысында – 13га, «Бозарық» шағын ауданда – 20га) жұмыстары қолға алынып, ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде, Төлеметов көшесі бойындағы 35 га шатқалға «Самал» атауы беріліп, сенбілік күндері жаппай ағаш отырғызу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар ауа райының қолайлы болуымен жалғасын тауып, алдағы күндері жергілікті тұрғындар мен қала қонақтарының демалыс орнына айналдыру жоспарланып отырғанын хабарлаймыз.

21. Бердібеков Есқара – Мелдеқожаев көшесінің төрағасы: Сұрақ: Көктем, күз мезгілдерінде жауын-шашын сулары Мелдеқожаев көшесінің бойындағы үйлерге кіріп, апатты жағдай

туындатуда. Өтініш, осы мәселені шешіп берсеңіз. Жауап: Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан Мелдеходжаев көшесі бойына

ирригациялық жүйе жүргізу жұмыстарына ЖСҚ әзірленіп, қалалық бюджеттен қаржы қаралды. Құрылыс жұмыстарын 2017 жылдың 01 шілдесіне дейін аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған.

22. Мендетеева Клара – Қошқар ата көшесінің басқарушысы: Сұрақ: Қошқар ата көшесінде ирригациялық арық жүйесінің болмауы салдарынан жоғарыдан аққан жауын-шашын сулары

және өзенге қосылмай қалып қойған бұлақ көздерінен аққан су көшеге жиналып, тұрғындардың жүріп тұруына

Page 12: Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2016 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беру

қолайсыздықтар тудыруда. Сізден Қошқар ата көшесіне өзенінің бойына жол салу, ирригация жүйелерін жүргізу мәселелерін шешіп беруіңізді сұраймын.

Жауап: Шымкент қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан Қошқар ата көшесі бойына ирригациялық жүйе жүргізу жұмыстарына ЖСҚ әзірленіп, қалалық бюджеттен қаржы қаралды. Құрылыс жұмыстарын 2017 жылдың 01 шілдесіне дейін аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған.

23. Кенжебаева Б. – зейнеткер, «Ынтымақ» шағынауданы тұрғындарының атынан: Сұрақ: Үш жыл бұрын жолға азырақ тас төсеткен болатынбыз. Өткен жылы су құбырларын жүргізіп, жолымыз

бұзылды. Үш айдан кейін құбырларын жауып, тағы жолды жөндемей кетті. Қазіргі кезде 500-дей метр жердегі Темірлан тас жолына жету үшін батпаққа түсіп шығамыз. Жолымызға асфальт төсеп беруге ықпал жасауыңызды өтінеміз.

Жауап: «Ынтымақ» шағынауданының көшелерін асфальттау жұмыстары жер асты коммуналдық жүйелері (газ, су, кәріз) толық жүргізілгеннен кейін қарастырылады.

Сұрақ: Біздің тұратын жеріміз «Ақниет» шағынауданынан кейінгі «Барыс» базарына қарама қарсы шағынауданынан

басталады. Көшелерімізде есім жоқ. Жауап: Бүгінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес, республика аумағындағы

объектілерге атау беру, қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жұмыстары (кісі есімін беру) тоқтатылған (мораторий), алайда жер-су, тау-тас, тарихи атауларды беру бойынша жұмыстар атқарылуда.

2017 жылдың наурыз айының соңына дейін аталған көшеге атау беру бойынша көше тұрғындарымен жиналыс ұйымдастырып, қорытындысы бойынша хаттама түзіп, қалалық мәслихаттың қарауына жолдайтын боламыз.

24. Гулманов Бегалы – қала тұрғыны: Сұрақ: «Шаңырақ» шағынауданындағы көшелерді асфальттау мәселесі шешілсе. Жауап: «Шаңырақ» шағынауданы көшелерінің жол құрылысын жүргізу мақсатында жоба әзірлеуге қаржы бөлу үшін

ұсыныс енгізілетін болады. Жұмыстар бюджеттен қаржы қаралған жағдайда атқарылады. Сұрақ: «Шаңырақ» тұрғын алабында мектеп құрылысы қашан басталады? Жауап: «Шаңырақ» тұрғын алабында 600 орындық мектеп салу үшін, қалалақ құрылыс бөлімінде жобалау-сметалық

құжаттар дайындалып, сараптамадан өткізілуде. 25. Байназарова Аманкүл – «Достық» шағынауданы, Айдарлы көшесі, №50/4: Сұрақ: «Достық» шағынауданында жол салып берсеңідер.

Page 13: Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2016 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беру

Жауап: «Достық» шағынауданының №4 атауы жоқ мектептің алдындағы көше, Ілтипат, Бірлік, Мамыржай, Жайсан, Танғышық, Айтұмар, Қызыл көл, Жахут көл, Тіршілік көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын атқару мақсатында жоба әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өтуде. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін, жөндеу жұмыстарына қаржы бөлуге ұсыныс беріледі.

Сұрақ: «Достық» шағынауданында емхана, мешіт салуды сұраймыз. Жауап: «Достық» шағынауданында емхана құрылысына жобалау сметалық құжаттар дайындалмаған. Алайда, жанында

орналасқан «Қайнар бұлақ» елді мекенінде және «Қайтпас» шағынауданында дәрігерлік амбулатория салуға жобалау сметалық құжаттар дайындалып, құрылысын 2018 жылы жүргізу жоспарланған (тапсырысшы ОҚО құрылыс басқармасы).

Мешіт құрылысына бюджеттен қаржы бөлінбейді. Алайда, «Достық» шағынауданында 50 соттық жер телімі белгіленіп, қазіргі таңда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атына рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылғы сәуір айының соңына дейін мемлекеттік актісін алу күтілуде. Аталған жер телімінің құжаттарын рәсімдеу жұмыстары толығымен аяқталғаннан кейін мешіт салуға ниет білдіруші азаматтар, яғни, жеке инвесторлар тарапынан мешіт құрылысы жүргізіледі.

Сұрақ: «Өрлеу» бағдарламасы бойынша біздің жанұямызға несие алуға көмектесуіңізді өтінемін. Жауап: Азаматша А.Байназарова Шымкент қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығына (Бұдан әрі – Орталық)

несие алу туралы өтінішін беріп, Орталықтың мамандары аталған азаматшамен сұхбаттасып, кеңес беру жұмыстарын жүргізді. А.Байназарова зейнеткер жасында екенін және мал шаруашылығы бойынша несие алып, кәсібін дамытуға қаржылай көмек сұрағанын мәлімдеді.

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» №482 Заңының 14-бабы, 5-тармағы 3-тармақшасында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 11-бабы 1-тармағында белгіленген зейнеткерлік жасқа толған азаматтар жұмыссыз адам ретінде ақпараттық жүйеге тіркелмейді. Осыған орай, А.Байназароваға Бағдарлама аясында шағын несие беру мүмкін емес екені түсіндірілді.

Сонымен қатар, 23.02.2017 күні А.Байназарованың орнына ұлы Неткулов Нұрдаулет өз атынан несие алуға тиісті құжаттар тізімін алып, оған түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Азамат Н.Неткулов кепілге қоятын жылжымайтын мүліктің (үйдің) құжаттары түгел болған жағдайда алдағы уақытта несие алуға Орталыққа келіп өтініш білдіретінін жазбаша түрде мәлімдеді.

26. Әлімбеков Бекмахан – Қойкелді батыр көшесі комитетінің төрағасы: Сұрақ: Жаңадан ашылған Халыққа қызмет көрсету орталығына (ЦОН) көлікпен кірер жолы жоқ. Соны

қарастырсаңыздар. Жауап: Шымкент қаласы «Достық» шағынауданындағы атауы жоқ №3 көшенің (автокөліктерді тіркеу және жүргізуші

куәліктерін беру бойынша мамандандырылған ХҚКО баратын жол) құрылыс жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде. Жоба дайын болған соң, құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге ұсыныс беріледі.

Page 14: Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2016 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беру

27. Шекербеков Әлайдар – А.Байтұрсынов көшесі, №59 үйдің төрағасы: Сұрақ: Біз республикадағы 3-Мегаполис атанып жатырмыз. Жылдан жылға қалада көлік саны көбеюде. Алайда, қала

жолдары бүгінгі көліктің ағынына лайық емес. Көшелер тар болуының нәтижесінде кептелістер көбейді. Шымкент қаласында жол айрықтар салу мәселесі қаралады ма?

Жауап: 2017 жылға Шымкент қаласындағы Темірлан тас жолы көшесі мен «Алматы – Ташкент – Термез» автожолының (Бекжан базары) қиылысында жол өтпесін салуға 1 737 508,0 мың теңге қаржы қаралды. Мердігер мекеме анықталған соң, құрылыс жұмыстары атқарылатын болады.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес Шымкент қаласындағы Рысқұлов-Қонаев, Бәйдібек би-Арғынбеков-Назарбеков-Астана, Бәйдібек би-Кіші айналма, Жібек жолы-Сайрамская көшелерінің қиылысындағы жол айрығы құрылыстарының жобалары әзірленуде. Жобалар әзірленіп дайын болған соң, құрылыстарына қаржы бөлуге ұсыныс беріледі.

28. Нұржанова Алия – «Игілік» тұрғын алабының тұрғыны, көше төрайымы: Сұрақ: Темірлан тас жолынан «Көкбұлақ» тұрғын алабына дейін жол салынды, оған рахмет. Енді сол жолдың бойына

аялдамалар қойып берсеңіздер, балаларымыз жаздың ыстығында, қыстың суығында қиналмайтын. Жауап: Ағымдағы жылы Шымкент қаласы елді мекендерінің қоғамдық көлік қатынайтын орталық көшелерінің бойына

қоғамдық аялдама орнатуға жергілікті бюджеттен қаржы қаралған. «Көкбұлақ» тұрғын алабының Үркінбай ата және Есбол қажы көшелерінің бойына 5 дана аялдама орнату Шымкент қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің жұмыс жоспарына енгізілген.

29. Мәдібеков Талдыбек – «Тассай» тұрғын алабының орам басқарушысы: Сұрақ: Қаладағы қоғамдық көліктердің жағдайы және қызмет көрсету сапасы өте төмен. Автобустар бір-бірімен

жарысады, кондукторлар дөрекі сөйлейді, билеттер берілмейді. Осы жағдай қашан ретке келтіріледі? Жауап: Бүгінгі таңда, қаладағы қоғамдық көлік бағыттарының кешкі уақыттағы жұмысы тұрақты бақылануда. Қосымша,

қоғамдық көліктердің жұмысын бақылау бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. Кемшіліктерге жол берген қоғамдық көлік жүргізушілеріне және кондукторларға тиісті шаралар көрілетін болады.

30. «Нұртас» шағынауданының тұрғыны: Сұрақ: №20 маршрут бойынша үлкендеу автобус жүрмей ме? Өте қысылып, адамдар симай қалады. Немесе басқа да

автобустар жүргізуге ат салыссаңыз екен.

Page 15: Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2016 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беру

Жауап: №20 автобус бағытында сиымдылығы орта автобустар қызмет көрсетуде, үлкен автобустарды жүргізуге жол жағдайы мүмкіндік бермеуде. «Нұртас» шағынауданында жолдардың құрылысы аяқталған соң, қосымша бағыт жүргізу мүмкіндігі қаралатын болады.

31. Әлсерке Ибрахим – «Самал-1» шағынауданы, Мырзаев көшесі, №59: Сұрақ: Жолаушыларды тасымалдаушылар неге бағаны үнемі көтерумен келеді? Автобустар бүгінгі таңда үш түрлі

отынмен жүреді. Ең арзан отын газ болғандықтан, неге жол жүру ақысын төмендетуді қолға алып, жағдай жасамайды? Газбен жүретін автобустардың жолаушылар тасымалдау бағасы 70 теңге, ол өте қымбат. Халықтың жағдайына қарай газбен жүретін автобустардың жолақысын 35 теңгеге түсіру қажет.

Жауап: Қазақстан Республикасы «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19 бабына сәйкес жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық) қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифін жергiлiктi атқарушы орган барлық маршруттар үшін бірыңғай белгілейді.

Сонымен қатар, қоғамдық көлік бағыттарының тарифін белгілеу барысында жанар майларды сатып алу шығындарынан бөлек, жағар майларға, жөндеуге, техникалық қызметтер көрсетуге кететін шығындарды, эксплуатациялық шығындарды, амортизациялық төлемдерді және қосымша шығындар да ескеріледі. Сол себепті, газбен жүретін автобустардың жолақы тарифін 35 теңгеге түсіру мүмкін болмауда.

Сұрақ: Қала әкімшілігі қоғамдық бірлестіктерден бақылаушы топ құрып, қаламыздағы заңсыз көлік тұрақтарынан

жиналған қаржының есебін алу қажет. Жиналған қаржыны қаладағы үйсіз, көпбалалы жесір әйелдердің тізімін жасап, әр 10 күн сайын әйелдерге бөліп беріп, көмектесу міндетіміз.

Жауап: Шымкент қаласы әкімдігінің қаулыларына сәйкес 2014 жылдан бастап қаладағы 10 заңсыз көлік тұрақтары есепке алынып, «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-не жалға берілген. Аталған тұрақтардан жиналатын қаржы қаланың қажеттілігіне жұмсалуда.

Көпбалалы және әлеуметтік осал топтағы азаматтарға Қазақстан Республикасының Заңдары шеңберінде әлеуметтік көмектер көрсетіледі.

Сұрақ: Шымкент қаласының үстімен бірнеше әскери әуе ұшақтары кез-келген кезде жаз айларында сағат 24.00-01.00-ге

дейін ұшады. Осы ұшақтардың ұшу бағытын өзгертіп, елсіз далаға ауыстыру қажет. Себебі, күні кеше Қырғыз еліндегі ұшақ апатынан болған жағдай әлемге әйгілі болды.

Жауап: Сіздің сауалыңыз Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Қ.Нұртайдың атынан қалада орналасқан №55652 әскери бөлімшесінің командиріне 2017 жылғы 24 ақпандағы №5/34-1151 хатымен жолданды. Аталған әскери бөлімшесінен алынған жауабы жөнінде қосымша хабарланады.

Page 16: Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2016 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беру

32. Батырбаева Майра – қала тұрғыны: Сұрақ: Төрт балам бар, анамның үйінде тұрамын. Сіздерден көмек сұраймын. Балаларға жәрдемақы ала алмаймын, несием

бар, шотты «Каспийбанк» жауып тастады. Жауап: Азаматша М.Батырбаева 2017 жылдың 24 ақпанында 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы тағайындауға

өтініш тапсырды. «Каспийбанк» жауып тастаған жеке есеп шоты ашылды. Қаратау ауданы әкімі аппараты жанынан құрылған комиссияның қорытындысы негізінде 19 064 теңге І-тоқсанға (ақпан,

наурыз айларына) тағайындалып, наурыз айында Халық банкідегі жеке есеп шотына аударылады. 33. Отаубаева А. – Республика даңғылы, №48-5: Сұрақ: Мен жалғыз басты анамын, қызым 2 жаста. Әке-шешем болмағандықтан қызым 1 жасқа толғанша Шымкент

қаласындағы «Ана үйінде» тұрдық. Ал, қазір, жақсы адамдардың көмегімен өмір сүріп жатырмыз. Үкіметтен екеуіміз тоқсан сайын 6000 теңге жәрдемақы аламыз.

Маған жұмысқа тұруға көмектесіңізші. «Жұмыспен қамту орталығына» былтырдан бері барамын. Олар жолдама береді, жіберген мекемеге барсам «адам алып қойдық» деп шығарып салады. Мамандығым – заңгер.

Жауап: Азаматша Отаубаева Акнур Нышанбаевна Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 20.02.2017 жылы №36-ө бұйрығымен 2017 жылдың 20 ақпанынан – 20 тамыз аралығындағы мерзімге қоғамдық жұмысқа қабылданды.

34. Мирзамсеитова Г.А.

4 шағынауданы, №89: Сұрақ: Мен қаланың коммуналдық меншігіне қарасты 4 шағынауданы, №89 үйдің 4 қабаттағы 3 бөлмелі пәтерде

тұрамын. 2013-2014ж.ж. үйімнің төбесінен су ағып, үйім көгеріп кетті. Сүретке түсіріп, 14.07.2014ж. арыздандым. Ал, 12.08.2014ж. №ЖТМ-7938 қала әкімінің орынбасары атынан аталған тұрғын үйді жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруға Шымкент қаласы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөліміне тапсырма берілгені жөнінде хатын беріп кетті. Осы бөлімге бірнеше рет барып, шаршадым. Содан міне 3 – жылға аяқ басты. Үйдің төбесі шифермен жабылған, жылда оны жамаумен әлекпін. Қайтадан төбемнен су ағады, үйім көгеріп, соның

салдарынан бронхиалды астмамен ауырдым. Өзім зейнеткермін. Сізден өтінерім, осы үйге жөндеу жұмысына көмек етсеңіз. Жауап: Шымкент қаласы, 4 шағын ауданда орналасқан коммуналдық меншіктегі №89 көпқабатты тұрғын үйдің шатырына

ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында дефектілік акті жасалып, сметалық құжат әзірлеуге бюджеттен қаржы қарастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Page 17: Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2016 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беру

35. Шоланова Раушан – Өзбек көшесі, №40 үй төрайымы: Сұрақ: Бұрынғы Өзбек көшесі, №40 үй орнына мүгедектерге арналған жатақхана салынған, 2-3 адам ғана мүгедек, қалғаны

дені сау, салықты өздері төлейді. Мен арқылы ешқандай салық төленбей келеді. Осы мәселені заңдастыруға көмек берсеңіздер. Осының кесірінен қызым алты баласымен пәтер жағалап жүр.

Жауап: Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының 2017 жылғы 19 қаңтардағы №МКБ-ӘФ-09-01-8/298 санды хатына сәйкес уәкілетті органның (БТИ) табыс еткен мәліметі бойынша 2015-2016 жылдары Шоланова Раушан Жумабековнаның атында Әлімқұлов көшесі, 7а-үй, 38-пәтер және Узбекская көшесі 40-үй, 7-пәтер тіркелгендігі анықталды.

Азаматша Р.Шоланованың қызы Г.М.Бектурова жергілікті атқарушы органның тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тізімінде халықтың әлсіз топтары ретінде 03.08.2010 жылдан, бүгінгі таңда № 1203 болып тіркелген. Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67-74 баптарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй белгіленген тәртіппен кезек арқылы беріледі.

Сонымен қатар, қазіргі таңда қолданыстағы тұрғын үй құрылыс бағдарламасының «ҚИК» АҚ бағыты бойынша жергілікті атқарушы органда кезекте тұратын төмендегі санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамту қарастырылған: көп балалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оралмандар, мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері.

Бұл бағыт арқылы тұрғын үй алу үшін азаматша Г.Бектурова Шымкент қаласының тұрғын үй қатынастары бөліміне хабарласуына болады, мекен-жайы: Шымкент қаласы, Т.Рысқұлов көшесі, №8А .

ҚР 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңының 10-быбының 1-тармағына сәйкес, қабылданған шешімге қанағаттанбаған жағдайда құзырлы органдарға шағым жасауға құқылы екеніңізді хабарлаймыз.

36. Өтеген Жанысбек – «Дос Демеу» қоғамдық бірлестігінің төрағасы: Сұрақ: «Фронт офисты» өте жақсы ұйымдастырдыңыз, бірақ, атауы «Халық кеңсесі» деп ауыстырылса. Жауап: Нысанның атауы «Халық кеңсесі» деп ауыстырылды. Сұрақ: Жергілікті полиция қызметкерлері бір жерде 5-6 машина тұрса, оның ішінен кейбіреулерін таңдап алып кетеді, ал,

қалғандары қалады. Полиция қызметкерлерінің саны өте көп, жұмысы көрінбейді. Полицияның орнына видеокамералардың санын көбейтсеңіздер.

Жауап: Шымкент ҚІІБ ЖПҚ-не қарасты ЖППП-нің орналастыру жоспарына сәйкес, сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін үш автоэвакуаторлар қызметкерлерімен, ал сағат 20:00-ден 08:00-ге дейін бір эвакуатор автокөлігі қызмет атқарады. Автоэквакуаторлар тұраққа тыйым салынған немесе автокөліктерді жол жүріс бөлігіне кедергі келтірген жәйттерінен басқа да

Page 18: Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2016 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беру

үй аулаларында иесіз тұрған автокөліктерді, егерде тұрғындар арызданған кезінде ОҚО ІІД Жедел басқару орталығының нұсқауымен шақырту орнына барып, иесіз автокөлікті алып, арнайы тұрақ орындарына алып барып қою міндетін атқарады және жол көлік оқиғасына жарамсыз қалған көліктерді шақырту бойынша барып арнайы авто тұраққа апарып орналастыру міндетін атқарады. Осыған орай, Шымкент қаласындағы немесе аудандардан келіп кетуші автокөліктер санымен қарастырғанда, барлық қала тұрғындардың уәждерін өз деңгейінде орындау пәрменділігі жетіспей қалу салдарлары туындайды. Сонымен қатар, автоэвакуаторларының жұмысына сараптама жасау негізінде, 2015 жылдың 12 ай көлемінде жол қозғалысы ережесін бұзған 10 270 (он мың екі жүз жетпіс) автокөлік айып тұраққа орналастырылған. 2016 жылдың 12 ай көлемінде жол қозғалысы ережесін бұзған 9 744 (тоғыз мың жеті жүз қырық төрт) автокөлік айып тұраққа орналастырылған. Ал, 2017 жылдың қаңтар айында жол қозғалысы ережесін бұзған 852 (сегіз жүз елу екі) автокөлік айыптұраққа орналастырылған. Шымкент ҚІІБ ЖПҚ-не қарасты ЖППП-нің жеке құрамымен 2015 жылы 12 ай көлемінде 114 127 (жүз он төрт мың жүз жиырма жеті) әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. 2016 жылы 12 ай көлемінде 121 620 (жүз жиырма бір мың алты жүз жиырма) әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. 2017 жылдың қаңтар айында 9 052 (тоғыз мың елу екі) әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Шымкент қаласы тұрғындарының полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінгендерінің жалпы саны 2015 жылы 64 454 шақырту, 2016 жылы 65 507 шақырту, 2017 жылы қаңтар айында 4 083 шақырту орын алып, қызмет атқарылған. Сонымен қатар, Шымкент қаласы аумағында қылмыстың алдын алу мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан сауықтыру іс-шараларға қарамастан, 2016 жылдың 12 айында қоғамдық орындағы қылмыстар 7 893-тен 7 838-ге немесе -0,7 пайызға, ал көшеде жасалған қылмыстар 4 973-тен 4 546-ға немесе -8,6 пайызға төмендеп отыр. Осыған байланысты Шымкент қаласы аумағында әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, көп қабатты үй аулалары мен көше қиылыстарына қосымша орнатылатын 250 бейнебақылау камераларының мекен-жай бағдарламасы ұсынылды.

Сұрақ: Қаладағы темір жол вокзалы, военкомат, қырғы базар аумақтарында екі қатар такси, екі қатар автобус тұрады,

машинамен өте алмайсын, тығылыс. Осы мәселені ретке келтірсеңіздер. Жауап: Шымкент қаласы темір жол вокзалы, военкомат, қырғы базар аумақтарында, такси, автобус көліктері екі қатар

болып тұруы мәселесіне келсек қала ішіндегі жолдарды екі жолақты емес, үш немесе төрт жолақты етіп жол жиегін кеңейту қажет. Бұл мәселе бойынша Шымкент ҚІІБ ЖПҚ тарапынан 2017 жылғы қаңтар айының 10-15 күндері аралығында Шымкент ҚІІБ Жергілікті полиция қызметі бастығының бұйрығымен Шымкент қаласы аумағында криминогенді ахуалды жақсарту, жол көлік оқиғасының алдын алу мақсатында «Шторм» жедел сауықтыру іс-шарасы өткізілді. Ағымдағы жылғы 26-28 қаңтар аралығында «Автобус» іс-шарасы ұйымдастырылды. Ағымдағы жылғы 16-18 ақпан аралығында Шымкент қаласы аумағында «Қауіпсіз жол» сауықтыру іс-шарасы өткізіліп, өз нәтижесін беруде. Ал, күнделікті Шымкент ҚІІБ ЖПҚ-не қарасты ЖППП-нің орналастыру жоспарына аталған орындар ерекше назарға алынып, жол кептелісін болдырмау мақсатында, реттеу жұмыстары жүргізіліп, рота және взвод командирлерімен қатаң бақылауға алынған қала аумағында автокөліктер саны көп

Page 19: Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2016 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беру

болуына байланысты, аталған аумаққа бекітілген автоэкипажы құрамына ОҚО ІІД Шымкент ҚІІБ Жедел басқарту орталығынан шақыртулар түсіп, оқиға орнына қызмет атқаруға кеткен сәттерінде кептеліс орын алу мүмкіндігі туындауда. Жалпылама алғанда, полиция кешенді күштерінің жұмыстары өзінің нәтижесін беруде.

Сұрақ: Шатқалдарды ретке келтіріп жатырсыздар, ол өте орынды тірлік. Сол бір шатқалдың орнына базар салынып,

қырғы базар көшірілсе. Жауап: Шымкент қаласының Бас жоспарына сәйкес, «Орталық қырғы базар» ЖШС-н қаланың сыртына көшіру

қарастырылмаған. Сонымен қатар, қаланың әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасына сәйкес 2020 жылы «Орталық қырғы базар» ЖШС-н «Шығыс» базары етіп қайта құрылымдау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

37. Байдулла Қонысбек – «Қазақстанның құрметті журналисі»: Сұрақ: Белгілі журналист, «Оңтүстік Қазақстан» газетін 22 жыл басқарып, елімізге елеулі үлес қосқан Әмірсейіт

Әлиевтың атын Шымкент қаласының бір көшесіне беру жөнінде 10 жылдан бері көтеріліп келеді. Нәтиже жоқ. Жауап: Бүгінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысына Әмірсейіт Әлиевтің есімін Шымкент қаласы

көшелерінің біріне беру бойынша қолдау хат жолданды. Рұқсат алынатын болса жұмыстар жалғасын табатын болады. 38. Шинасилов Т. – «Асар-2» шағынауданы, орам басқарушысы: Сұрақ: Біздің «Асар-2» шағынауданының ПДП-сы дайындалып жатқан болатын. Егер ПДП дайын болса, қашан

бекітілетінін айтып бере аласыз ба? Жауап: «Асар-2» шағынауданының Егжей-тегжей жоспарлау жобасы (ПДП) жасақталып, сараптамадан өтуде. 2017 жылдың

I-тоқсанында қорытынды алынып, бекітіледі. 39. Ахметбеков Мұстафа – «Төменгі Отырар» шағынауданы, №11 үй басқарушысы: Сұрақ: Азық-түлік бағалары жылдан-жылға өсуде. Бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Жауап: Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысымен бірінші қажетті, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын

негізсіз көтерілуіне жол бермеу мақсатында штаб және 4 жұмысшы топ құрылып, іс-шара жоспары бекітілген. Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысына сәйкес, Бірінші қажетті, азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, қала

тұрғындарын тұрақты түрде азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету және делдалдық қызметті шектеу мақсатында әр аптаның сенбі күні «Қажымұқан» атындағы орталық стадион және жексенбі күні «Рахима Плаза» сауда кешенінің аумағында жергілікті тауар өндіруші кәсіпорындардың, көтерме сауда қызметімен айналысушы тұлғалардың және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын шаруа қожалықтарының қатысуымен тұрақты түрде жәрмеңкелер ұйымдастырылуда.

Page 20: Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2016 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беру

Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысы азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қоры қалыптастырылған. Жалпы тұрақтандыру қорына бірінші қажетті тауарлар сатып алынып, (картоп – 1 348 тн, І сұрыпты ұн – 2 704 тн, құмшекер – 1000 тн, өсімдік майы – 200 литр) 2016 жылдың қараша айынан бастап Шымкент қаласы әкімдігімен ұйымдастырылған әлеуметтік сауда нүктелері арқылы азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссия бекіткен бағада сатылуда. Атап айтқанда, жәрмеңкеде, «Күлтай ана» және «Қапланбек» базарларында әлеуметтік сауда қатарлары ұйымдастырылып, картоп – 65 теңге, І сұрыпты ұн – 72 теңге, құмшекер – 210 теңге және өсімдік майының литрі 335 теңгеден сатылуда.

40. Жұманова Ф., Әмзе П. – «Сайрам» шағынауданы, №32б, №34а үйлер, 10 пәтер, 8 пәтер, т.б. Сұрақ: Біз, «Сайрам» шағынауданының №32б, №34а үй тұрғындары, үйіміздің жанынан салынып жатқан 5-қабатты

тұрғын үйдің кедергі болуына байланысты қарсылық білдіреміз. Балаларымызды мектепке, балабақшаға апарып әкелу өте қауіпті болып тұр. Үйіміздің жанына не көлік кіре алмайды, не жаяу жүргін жолы да жоқ. Көлік тұрағының ортасынан 70 см. шамасында жол салып қойған, екі адам қатар өтудің өзі мүмкін емес. Бұл автотұрақтың орнына балалар алаңшасын салып беруді сұраймыз. Үйімізге не жедел жәрдем, не өрт сөндіру көліктері кіретін жол жоқ. Құрылысшылардың сөзіне орай қасымыздан тағы бір үй салынады. Бұл не деген сұмдық?

Жауап: Шымкент қаласы «Сайрам» шағынауданы №32б, №34б үйлер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 03.09.2012 жылғы №1134 қаулысымен бекітілген, Шымкент қаласының бас жоспары бойынша қалыптасқан көпқабатты тұрғын үйлер аумағында орналасқан. Аумақтың егжей-тегжей жоспарлау жобасы жасақталмаған.

ОҚО сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті тарапынан М.Кенжехановқа Шымкент қаласы әкімдігінің №569 14.02.2005 жылғы қаулысы негізінде №16/5244 Сәулет-жоспарлау тапсырмасы және Н.Баймуруноваға Шымкент қаласы әкімдігінің №559 14.02.2005 жылғы қаулысы негізінде №16/5340 Сәулет-жоспарлау тапсырмасы берілгендерін хабарлаймыз. Қосымша, ОҚО МСҚББ-ның басшысы Қ.Жамашевқа өз құзыры шеңберінде қарау үшін 17.02.2017 жылы №20/1975 санды хаты жолданды.

Сонымен бірге, №№32б, 34а үйлердің ауласына 2013 жылы Шымкент қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілген. Құрылыс жүргізіліп жатқан нысан толығымен қоршалған, бөтен адам аумағына кіре алмайды.

Автотұрақ орналасқан жер телімі мемлекеттік емес, жеке меншік екені анықталды. Автотұрақ және құрылыс нысанының арасындағы жол адам өміріне қауіпсіз, одан бөлек үйлерге баратын басқа үлкен жол бар.

41. Қарашаев Ерболат – Школьный өткелі, №146: Сұрақ: Алғашқы қолға алынып жатқан шешімдердің бірі – ауыл шаруашылығын кооперациялау. Заманауи

технологиялармен су үнемдеу жабдықтарын пайдаланып үлкен өндірістік кооператив құрып, несиеге кәсіпкер болғысы

Page 21: Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2016 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беру

келетін көпбалалы жанұяларға теңдей қылып бөліп берсе. Үкіметтін осы саладағы талаптарына сай пилоттық жобасы қолға алынса, көптеген мәселе шешілер еді. Өзім 5 баланың әкесімін, ауру ағама қараушымын, кәрі шешем бар, жұмыссызбын. Өзім сияқты көп балалы жанұяларды біріктіріп ұжым құрсақ. Малды үйде ұстамай ортақ үлкен қора салып, субсидия сияқты көмекке қол жетсе.

Жауап: Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің қызметкерлері азамат Қарашаев Ерболатпен кездесіп, қойылған сұрағы бойынша түсіндірулер және кеңестер берді. Мысалы, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша жұмыссыз азаматтарға 3 млн. теңгеден жоғары несие алып, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы №372-V «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Заңына сәйкес 3 адамнан кем емес 20 мүше бірігіп, 50 сауынды сиыр болған жағдайда өткізген сүттің әр литріне 10 теңгеден, етке өткізген әр ірі қара малдың басына 20 мың теңгеден субсидия берілетін болады.

Басты кезекте үй-іргелік жерлердің потенциалын ескере отырып, сүт жинау және шығару бағыты қолға алынады. Бақша дақылдарын өсіру және көкөніс өнімдерін қайта өңдеу де басты назардан тыс қалмайды.

Кооператив ашу туралы мағлұмат алу үшін Call-орталығының (88000808010) тегін байланыс сымтетігіне хабарласуға мүмкіндік бар.

Сұрақ: Туризмді біздің қалада дұрыс жолға қою сұранып тұрған іс деп ойлаймын. Қошқар ата өзені қаламыздың

орналасуына себеп болған қасиетті мекен. Вокзалдан Ескі қалаға дейін үйлерді көшіріп (тазартып), өзен жағасына хауыздар (бассейн) мен Аквапарктар салу қажет. Ол жергілікті кәсіпкерлердің қолынан келер еді.

Жауап: Қошқар ата өзені аумағына Шымкент қаласының Бас жоспары іске асыру негізінде «Ескі қала аумағы» егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы әзірленіп, Шымкент қаласы әкімдігінің 19.04.2011 ж. №410 қаулысымен бекітілді. Аталған егжей-тегжейлі жоспарлау жобасында көрсетілген аумақта көп қабатты тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар, гүлзар және саябақтар қарастырылған.

42. Ажиханова Ф.Е. – Сайрам көшесі, №1/3 Сұрақ: Мен жер алу кезегінде 2005 жылдан бері тұрмын. Жер қашан беріледі? Жауап: Қазақстан Республикасы Жер кодексінің талаптарына сәйкес кезекте тұрған азаматтарға жер учаскелері арнайы

алаңшаларда инженерлік инфрақұрылым жүйелері жүргізіліп, дайын болуына қарай беріледі. Осыған орай, Сіздің өтінішіңіз қалада арнайы алаңшалар дайын болуына қарай және кезектілік ретімен қанағаттандырылады.

43. Жолдасмұратов Айдос – «Шапырашты» тұрғын алабының тұрғыны: Сұрақ: Біз тұратын «Шапырашты» тұрғын алабындағы мәдениет үйінің ғимараты ескі, жөндеу жұмыстарын қажет

етеді. Осы мәдениет үйімізде күрделі жөндеу жүргізіп берсеңіздер.

Page 22: Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың 2016 жылдың қорытындысы бойынша халыққа есеп беру

Жауап: Аталған мәдениет үйінің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттар жасалды. Шымкент қалалық мәслихатының кезекті сессиясына қаржы бөлу туралы ұсыныс жолданатын болады. Содан кейін сараптамалық қорытынды алынып, жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

44. «Жаңаталап» тұрғын алабының тұрғындары: Сұрақ: «Жаңаталап» тұрғын алабында орталық полиция бекетінің ашылғанына біраз уақыт болды, ол үшін Сіздерге

рахмет. Сол бекетке жұмыс жүргізуге қажетті құрал-жабдықтары жоқ, берілген бөлмелері талапқа сай болуы үшін біраз жөндеу жұмыстары қажет екен. Мүмкіншілігі болса компьютермен, қызмет көліктерімен, тағы басқа да қажеттіліктерімен қамтамасыз етуге жәрдем берсеңіз. Жауап: Шымкент қаласы «Жаңаталап» тұрғын алабында учаскелік полиция пункті жоқ, ол аумаққа Шымкент қалалық Ішкі істер басқармасы Абай полиция бөлімі жергілікті полиция бөлімшесіне қарасты № 7 учаскелік полиция пунктіне бекітілген әкімшілік аумағы болып саналады. Ал, «Жаңаталап» тұрғын алабындағы әкімшіліктің ғимаратынан тек қызметтік бөлме берілген. «Жаңаталап» тұрғын алабындағы учаскелік полиция пунктіне керекті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша бюджетте қаралған қаржы шегінде жұмыстар атқарылады.