өзін өзі тану ашық сабақ

13
Тақырыбы: Ұқыпты бала –әдепті бала Құндылық: дұрыс әрекет Қасиет: ұқыптылық, ұстаздарды сыйлау, денсаулық пен тазалық, тілалғыш болу Сабақтың мақсаты: оқушылардың ішкі жан дүниесінде жалқаулықты қадағалай білу, ұқыптылық, тазалық, шыдамдылық құндылық ретінде мәнін ашу Міндеттері: а) Білімділік: оқушыларға жалқаулықты қадағалай білу, тілалғыш болу туралы түсінік беру; б) Дамытушылық: оқушылар бойында ұстаздарды сыйлау, ұқыпты болу қасиетін дамыту; в) Тәрбиелік: оқушыларды денсаулықты сақтай отырып, тазалыққа тәрбиелеу Ресурстар: (құралдар, мәліметтер) Ноутбук, электронды оқулық, смайликтер Сабақ барысы : 1. Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену. Ыңғайланып отырыңыздар,денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ қолыңыздыайқастырмаңыздар. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмып,елестетіпкөріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізденөтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегіорналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсемгүл сіздің әр ойыңызды , әр сезіміңізді,эмоцияыңыз бен тілек- қалауыңыздышайып жүрегіңіздің көзін ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарайбастағанын елестетіңіз. «Табиғат аясында» үн таспасы

Upload: -

Post on 13-Apr-2017

124 views

Category:

Internet


1 download

TRANSCRIPT

Page 1: өзін өзі тану ашық сабақ

Тақырыбы: Ұқыпты бала –әдепті бала

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиет: ұқыптылық, ұстаздарды сыйлау, денсаулық пен тазалық, тілалғыш болу

Сабақтың мақсаты: оқушылардың ішкі жан дүниесінде жалқаулықты қадағалай білу, ұқыптылық, тазалық, шыдамдылық құндылық ретінде мәнін ашуМіндеттері:а) Білімділік: оқушыларға жалқаулықты қадағалай білу, тілалғыш болу туралы түсінік беру;б) Дамытушылық: оқушылар бойында ұстаздарды сыйлау, ұқыпты болу қасиетін дамыту;в) Тәрбиелік: оқушыларды денсаулықты сақтай отырып, тазалыққа тәрбиелеу

Ресурстар:(құралдар, мәліметтер)Ноутбук, электронды оқулық, смайликтер

Сабақ барысы :1.    Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.    Ыңғайланып отырыңыздар,денелеріңіздітүзу  ұстаңыздар. Аяқ қолыңыздыайқастырмаңыздар. Қолдарыңызды тізеңізге немесе үстелге  қоюға болады. Көздеріңізді жұмып,елестетіпкөріңіз:  Күн нұры сіздің төбеңізденөтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегіорналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсемгүл сіздің әр ойыңызды , әр сезіміңізді,эмоцияыңыз бен тілек-қалауыңыздышайып жүрегіңіздің көзін ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарайбастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрдықолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымызтек жақсы, игі істер істейді және баршаға көмектеседі. Енді, нұр аяқтарыңызғатарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшінжақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұрсіздің аузыңызға тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғанаайтады. Нұрдықұлақтарыңызғабағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсысөз бен әсемәуендіғанаестиді. Нұркөздерімізге де жетті, көзіміз тек

«Табиғат аясында» үн таспасы

Page 2: өзін өзі тану ашық сабақ

жақсығақарап,бәріненжақсылықтығанакөреді. Сіздіңбасыңызтүгелдейнұрғабөленіп,басыңызға тек ізгісәулелі ой келеді. Нұрбірте-біртекүшейебастайды, сіздіңденеңіздентарап, жан-жағыңызғасәулешашады. Осы нұрдытуысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызғабағыттаңыз. Нұрдыуақытшатүсініспей, ренжісіпжүргенадамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегінұрғатолсын. Осы нұрбүкіләлемге: барлықадамдарға, жан-жануарларға,өсімдіктерге, барлықтіріжанғатаралсын... Ғаламныңбарлықтүкпір-түкпіріненұрбағыттаңыз. Ойшаайтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұрменіңішімде... МенНұрмын...».ОсындайНұр, МахаббатжәнеТыныштықкүйіндеотыратұрыңыз... ЕндіНұрдыжүрегіңізгеорналастырыңыз. Нұрға толы бүкіләлемсіздіңжүрегіңізде. ОныОсындайәсемқалыптасақтаңыз. Жайменкөздіашуғаболады.2. Үйтапсырмасынтексеру: Е.Өтетілеуов «Ұқыптылық» әңгімесін оқып келу1. Асыланның ұқыптылығын неден байқауға болады?2. Жомарт неліктен қорыққа бармай қалды?3. «Ұқыптының уақыты мол» дегенді қалай түсінесіздер?4. Сендер өз уақыттарыңды қалай пайдаланасыңдар?3. Дәйексөз.

Ұқыптының уақыты мол                          М. Әлімбаев

1. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

2. Ұқыпты болу барлықтарыңның қолдарынан келеді ме?

3. Ұқыпты оқушы қандай қасиеттерге ие?4. Өз ісіңе қалай ұқыпты болуға болады?5. Жұмыс кестесін құруға, алдын ала

жоспарлауға болады ма?

Тақтада дәйексөзді жазып қою

4. Әңгімелесу, сұхбат. «Мұғалім сыйы»Бір аптада

М. ЖаманбалиновБір аптаның күндері өтті

Page 3: өзін өзі тану ашық сабақ

Дүйсенбіде гүлдер ектімСенсенбіде жуа тердімСәрсенбіде су әкелдімБейсенбіде бақша баптап,Жұма күні тақпақ жаттап,Сенбіде мен кино бардым,Жексенбіде бір демалдым.

1.  Бір аптада бұдан да көп шаруа бітіруге болады ма?2. Аптаның күндеріне кесте құрған дұрыс па?3. Талаптан да акыл мен өнер үйрен дегенді қалай түсінесіздер?4. Еңбекқорлық  пенжалқаулықтыңқандайайырмашылығы бар?5. Шығармашылық іс-әрекет, топтықжұмысОқушыларды суреттер арқылы 3топқа бөлу.1-топқа: «Мен ұқыпты баламын» тақырыбында сурет салу, сурет жайлы әңгімелеп беру2-топқа: Өздерің әдептілік ережесін құрастырыңдар3-топқа: «Ұқыпты қыз» ертегісін аяқтау

Тапсырмалар жазылған үлестірме парақтар

Page 4: өзін өзі тану ашық сабақ

6.Топпен ән айту

Сөзі: С. МолдасанұлыӘні: Ф. Лұқпанова«Бала тілегі»Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,Барлық бала армандауға жаралған.Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,Гүлденсін деп атамекен қара орман.

Болашақтың иесіміз бәріміз,Туған жердің түрлендірер нәріміз.Алтын бесік-ұлан байтақ елімде,Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.

Қалықтаған көгершіні көгінде,Мұңаймасын ешбір бала елімде.Ата берген батаменен көркейсін,Ұлы Отаным, тілегім сол менің де.

7.Кері байланысСабақтан алған әсерлеріңізді бөлісіңіздер. Стикерлерге өз пікірлерін білдіру.

Әннің сөзі, караоке арқылы қойылады

Стикерге пікір жазып, тақтадағы арнайы парақшаға жабыстыру

8.    Үй тапсырмасы:- М.Гумеров «Дәме» оқып, әңгімелеу (84 бет)- Қарапайым ереже Б. Ысқақов (85 бет )

Тақтаға жазу

9    Сабақтың соңғы тыныштық сәтіДұрыс әрекет, дұрыс әрекет, дұрыс әрекет бар жерде, дұрыс әрекет бар бүкіл әлемде.

Page 5: өзін өзі тану ашық сабақ

Б. Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебінде 16-26 қаңтар бастауыш сыныптың онкүндігі аясында өзін-өзі тану пәнінің магистр-оқытушысы Б. Устемирова 3 «А» сыныбында «Ұқыпты бала-әдепті бала» тақырыбында ашық сабақ өтті. Ашық сабақ барысында оқушылар өзара топқа бөлініп, топтық пікірлерін ортаға салып, сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды бірігіп орындады. Үздік көшбасшы Г.Ж. Жұмагелдиева басқаратын мектептің ұстаздары да оқушылары да үздік. Сынып топқа бөліп сабақ отуден әбден машықтанғандығын практикада жақсы көрсете білді, әрине үйретуден жалықпайтын деңгейлік курстан өткен сынып жетекшісі М. Қосжанованың еңбегі деп білеміз. Сабаққа бастауыш сыныптардың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б. Серікбаева, Т. Джолдыбаева, мектеп кітапханашысы Л. Әліпбаева, Қ. Мұсановалар қатысып, жақсы пікірлерін білдірді.

Өзін-өзі тану пәні адамның адами құндылықтарын ашып қана қоймай, оның қасиеттерін шыңдайтын сабақтардың төресі. Әсіресе оқушылар тыныштық сәтін, мұғалім сыйын, дәйексөздерді ерекше жақсы көреді. Болашақтың іргесін қалайтын, озат тәжірибелі ұстаздардан білім алған оқушылардың қанаттар талмасын.

Сабақ барысынан фото

Page 6: өзін өзі тану ашық сабақ
Page 7: өзін өзі тану ашық сабақ
Page 8: өзін өзі тану ашық сабақ
Page 9: өзін өзі тану ашық сабақ
Page 10: өзін өзі тану ашық сабақ
Page 11: өзін өзі тану ашық сабақ