Үйқоянын өсіру

26
Оқушының зерттеу жұмысы Үйқоянын өсіру Жұмыстың авторы: Әсенов Нұрғиса 11 “А” сынып оқушысы Жетекшісі: Химия және биология пәнінің І санатты мұғалімі Кожахметова Жарқын Алтайқызы

Upload: bilim-all

Post on 18-Jan-2017

65 views

Category:

Education


2 download

TRANSCRIPT

Page 1: Үйқоянын өсіру

Оқушының зерттеу жұмысыҮйқоянын өсіруЖұмыстың авторы: Әсенов Нұрғиса 11 “А” сынып оқушысыЖетекшісі: Химия және биология пәнінің І санатты мұғаліміКожахметова Жарқын Алтайқызы

Page 2: Үйқоянын өсіру
Page 3: Үйқоянын өсіру

І Кіріспе Үйқоян шаруашылығы және шығу тегі

ІІ.Зерттеу бөлімі

1 .Қоянның қолтұқымдары

2.Қоянды шағылыстыру және көжектендіру

3.Қоянды сою және терісін сыпыру

4.Қоян етінен алынатын тағамдар, олардың құрамы және адам ағзасына әсері

ІІІ Қорытынды

Page 4: Үйқоянын өсіру

Зерттеу жұмысымның басты мақсаты – ғылыми тұрғыдан сипаттама беріп, оларды зертханалық жолмен талдап, салыстыра білуге үйрену, үйқоян қолтұқымдары, оларды өсіру, көжектендіру және басқа да өзіме беймәлім қасиеттерін зерттеу, дәріптеу; табиғат байлығына сүйіспеншілік сезімін тудыру.

Page 5: Үйқоянын өсіру

•Жұмыстың жаңашылдығы:•Қоян туралы мәлімет жинақтап, білімді

кеңейту өзектестігі болып табылады.•Зерттеу жұмысының өзектілігі. •Үйқоянды өсіру , оның ағза үшін және

қоршаған орта үшін маңызын, табиғаттың берген сыйын қадірлей, аялай білу және келер ұрпаққа олардың қасиеттерін жеткізе білу өзектілігі.

•Жұмыстың практикалық маңызы:•Сыныптан тыс шараларда, тәрбие

сағаттарында қосымша материал ретінде пайдалануға болады.

Page 6: Үйқоянын өсіру

• Үйқоян, оның шығу тегіҮйқоянның арғы тегі-жабайы інқоян. Біздіңжыл санауымыздың алғашқы ғасырларында(ІІІ-ІVғғ) Испания, Марокко елдеріндеқолға үйретілген. Бірте-бірте басқа елдергетараған. Үйқояны еті, терісі және түбітіүшін өсіріледі. Қазір дүниежүзіндеүйқоянның 60-қа жуық қолтұқымыөсірілуде. Үйқоянның денесі жабайыінқояннан ірі, 7-10 жыл өмір сүреді жәнежыл он екі ай көбейе береді. Тағы да біререкшелігі- жабайы қояндар ін қазбайды,басқа аңдардың тастап кеткен індеріндетіршілік етеді. Ал үйқояны ін қазады.Көжектері 3-4 айда жыныстық жағынан жетіліп, ұрпақ бере бастайды. Өте өсімтал, бір аналық үйқояны жылына2-3 рет ұрпақ береді. Әрбір ұрпақ берген кезде 5-8 көжектентуады. Қоян мүшелік жыл санауында 4 – ші жыл

.

Page 7: Үйқоянын өсіру

Қазақстанда кездесетін 3 түрі (ақ қоян, құм қоян, ор қоян) бар. Ақ қоян, негізінен, қалың қар түсетін Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарындағы орманды далаларда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарындағы таулы аймақтарда көптеп, ал Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы облыстарында сирек кездеседі.Жыл бойы жайылым жағдайына, қардың түсуіне орай, жыртқыштардың азды-көптігіне қарай қоныстарын ауыстырып отырады. Дене тұрқы 68 см, салмағы 5 – 6 кг-дай болады. Жазда түсі сұрғылт қоңыр, қыста түгелдей аппақ болып түлейді. Ақ қоян еті, терісі мен түбіті үшін ауланады;

Page 8: Үйқоянын өсіру

Орқоян – қояндардың ішіндегі ең ірісі. Дене тұрқы 53 – 69 см, салмағы 3,5 – 5,5 кг. Артқы аяқтары алдыңғысына қарағанда екі есеге жуық ұзын. Түсі әр маусымда әр түрлі. Жазда және қысқа қарай құйрығында қара жолақ пайда болады. Қазақстанның батысы мен солтүстігінде, әсіресе Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында таралған. Шөл, шөлейт, далалы жерлерді мекендейді. Тіршілік әрекеті іңірде және түнге қарай басталады. Жылына 2, кейде 3 рет, 3 – 9 көжектен табады. Қояндар көбейіп кетсе бау-бақшаға зиян келтіреді. Олар еті, терісі үшін ауланады.

Page 9: Үйқоянын өсіру

• Құм қоян – қояндардың ішіндегі ең кішісі. Дене тұрқы 38 – 53 см, салмағы 1,5 – 2,5 кг. Арқасы мен бүйірі қоңыр, сұр, ал бауыры ақ түсті. Қазақстанда Арал Қарақұмы, Қызылқұм, Мойынқұмда және Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстарындағы құмды жерлерде мекендейді. Қорегін іздеуге ымырт түскен кезде, түнде шығады. Ұйығуы қаңтар мен ақпанның аяғында басталады. Құм қояны – өте өсімтал, жылына 3 рет көбейеді, әр туғанда 1 – 9 көжектен табады.

Page 10: Үйқоянын өсіру

Зерттеу бөлімі• Үйқояндардың етті, етті-терілі, терілі және түбітті қолтұқымдары бар.• Етті-терілі қолтұқымдарға - мардер, шынша (шиншилла), шампан

үйқояндары жатады. Қолтұқымдардың дене мөлшері орташа, терісі мен түгі сапалы болады.

• Етті қолтұқымдарға - ақ, сұр, күміс түсті, қара-қоңыр түсті үйқояндары жатады. Олардың денесі ірі, кейбірінің салмағы 7-8 килоға дейін жетеді.

• Терілі қолтұқымдарға - ақкіс, аляска, рекс үйқояндары жатады. Олардың тірідей салмағы 2-3,5 кг. Түгі әдемі және біртегіс. Үйқоянының терісі әдетте боялмай, табиғи түсі, түгі қырқылмай пайдаланылады.

• Түбітті қолтұқымдарға - татар, ангор үйқояндары жатады. Түгінің 90-92 пайызы түбіт, қылшығы аз. Мұндай қолтұқымдар түгінің түсі ақ, қара және көк болып келеді. Әр үйқояннан 360- 500 г түбіт алынады.

• Үйқоянын қолға өсіру тиімді. Олар тез көбейеді, онша күтім талғамайды.

Page 11: Үйқоянын өсіру

Менің үйде өсіретін үйқояндарым - етті қолтұқымдарға жататын: ақ, сұр, күміс түсті, қара-қоңыр түсті үйқояндары.

Page 12: Үйқоянын өсіру

Менің үйде етті-терілі бағытта өсіретін- алып қоян қолтұқымы. 1952 жылдың ортасында анықталды. Жергілікті үйқоян мен фландр қолтұқымын шағылыстыру арқылы алынған. Орташа салмағы 6 кг, басы шығыңқы, құлағы үлкен горизонтальды,V-тәрізді. Кеудесі, аяғы үлкен, мықты, жүні ұзын емес. Түсі – сарғыш сұр немесе қою сұр, бауыры – ақшыл. Өте ақылды, тыныш қолтұқым. Терісінен гөрі еті көп болғандықтан, етін көп пайдаланады.

Page 13: Үйқоянын өсіру
Page 14: Үйқоянын өсіру
Page 15: Үйқоянын өсіру

Фаст - фуд Құрамы Массасы Калориясы, майлылығы

Шаурма Лаваш, шошқа немесе тауық еті, қызан,қияр, орамжапырақ,майонез немесе кетчуп

150-170г 370ккал, 30г май

Хот - дог Булки, сосиски, майонез, кетчуп, қыша

150г 288ккал,16г май

Қуырылған картоп

Картоп,кілегей(сливочное)майы, ірімшік,саңырауқұлақ, сосиски,көкөністер, тауық еті, тұздық

150г Картоп: 120ккал, 0г майСыр(10г):30ккал, 3г май

Қоспасы бар құймақ

Құймақ: ұн, су, сүт. Қоспасы:сүзбе, икра, саңырауқұлақтар, джем, картоп, сгущенка

50г Құймақ(30г)- 60-80ккал. Қоспасының калориясы өте жоғары

Пицца Қамыр,ерігіш ірімшік, щұжық, кетчуп, майонез

150г 430ккал,16г май

Дайындалған салаттар

«Оливье», «винегрет» 125г Еттен жасалғандар: 440 ккал, 30г май.

Көкөністерден жасалған: 40ккал

Қоянды жылдың кез келген мезгілінде шағылыстыруға болады, оның ұрықтанғанын

тексеру үшін, бес күннен кейін еркек қоянға қосады. Егер ұрықтанған болса, еркек қоянды маңайына

жолатпайды. Ұрғашы қояннан орта есеппен тәулігіне 120г сүт шығады, туғанда көжектердің салмағы 40-80 г болады; оларды енесінен 45-60

күндігінде айырады.

4 айда 5-6 кг салмақ қосады. Сусын күнделікті ауыстырып отырса, бидай-жем аптасына 1 рет

салынса, күніне 50-100 г салмақ қосады.

4-5 айда союға дайын болады.

Page 16: Үйқоянын өсіру

Қояндардың қоректенуі• Қоян көжектер алдында кеудесіндегі және бауырындағы түбіттерін

жұлып төсеніш жасайды. Аналығы көжектеген кезде торшада су мен жемі болмаса жаңа туған көжектерін жеп қояды. Көжектер 16 – 20 күнге дейін сүт ішеді, одан кейін өздігінен қоректенуге көшеді. Үлкен қояндарға және 3 айдан асқан көжектерге күніне екі рет, ал қалғандарына күніне үш рет белгілі бір уақытта шөп (капуста, қызылша, сәбіз, т.б. жапырақтары, көкөніс қалдықтары), шырынды жем ( бақша өсімдіктері, картоп, капуста, сәбіз, т.б.) және құрама жем (майлы дақылдар тұқымдары), ірі дақылдар ( шөп ұны, ағаш бұтақтары, т.б.), минералды, витаминді қоспалар (сүйек ұны, үшкальцийфосфат, ас тұзы, балық майы, т.б.) беріледі. Жазда әр түрлі шөптермен, қыста ірі дақылдармен және шырынды азықтармен қоректендіреді. Қояндар үшін ең тиімді дақыл – сұлы. Қыста және көктемде витаминдер беріледі. Күніне екі рет таза су беріледі, оның температурасы жазда 18 – 20°С, ал қыста 30 – 35°С болуы керек.

Page 17: Үйқоянын өсіру

• Көжектердің негізгі  жемі:- көк (шөптер, қырыққабат, күнбағыс жапырағы,   жүгері сабағы мен жапырағы);- сөлді (тамыржемістер, бақша дақылдары мен бақша

• шаруашылығының қалдықтары, );- қатты (сабан, собық, бұта жемі);- концентрлендірілген (арпаның, сұлының, бидайдың, жүгерінің, ірі бұршақтылардың астықжемі және қалдықтары: жем, аралас жем, кебектер);- ұсақталған (шөп ұны, жем, астық үгінділері,);- минералдар (тұз, бор, сүйек ұны).

Page 18: Үйқоянын өсіру

Көжектердің салмақ қосуы

Туғанда - 40-80 г10 күндік - 200 г1 айда - 1 кг

2-2,5 айда - 2 кг4 айда - 5-6 кг

Page 19: Үйқоянын өсіру

Көжектердің салмақ қосу мониторингі

Page 20: Үйқоянын өсіру

Менің көжектерім

Page 21: Үйқоянын өсіру

Қоянды сою және терісін сыпыру.• Сақа қояндар әдетте көктемде және күзде

түлейді. Сояр алдында қоянның жүнін тарап, тазалайды, 12-16 сағат бойы азықтандырмайды, су да бермейді. Егер үй қояндарының терілері үлкен, семіз болсын десе, соярдың алдында 1 ай бұрын оны семірту керек. Терісін бақайдан бастап ағашқа іліп, көзінің айналасын және ауыз тесігінің терісіне дейін сыпырады, құлақтық шеміршегін кеседі. Содан кейін теріде қалған еттерді, сүт бездерін, майын кетіреді.

Page 22: Үйқоянын өсіру

Қоян өнімдерінің адам ағзасына пайдасы

Токсиндерден арылту

Иммунитетті күшейтеді

Шлактан тазарту

Радиациядан арылту

Асқазан-ішек аурулары

Page 23: Үйқоянын өсіру

Қоян етінен жасалынған тағамдар

Page 24: Үйқоянын өсіру

ҚорытындыДегенмен ,қазақ халқы үшін «қоян »- «жұт » саналған, себебі «жұт» көшпелі ел тарихында әрбір мүшел сайын қайталанатын «қоян жылымен» сәйкес келіп отырған. Тарихқа үңілсеңіз, 1879 жыл «Ұлы қоян жұты» және 1891 жыл «Кіші қоян жұты», 1915 жыл «Тақыр қоян жұты» ретінде таңбаланып қалғанын байқайсыз. Одан арыға аяқ бассаңыз, Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама заман 1723 қоян жылы келгенін көресіз. Сондықтан да ел қояннан қауіптенеді. ХIХ ғасырда өмір сүрген атақты ақын Майлықожа Сұлтанқожаұлының: «Қоян жылы жаумады көктен жаңбыр, Қабағы шаруалардың болды сылбыр.Қысты күні болғанда қар тынбады,Айуанға өлім жетті аштан әрбір.Қоян жылы заманның тары болды,Көктен қуған Құдайдың қаһары болды.Төрт аяқты айуан баудай түсіп,Пір тұтқаны тұтам шөп зары болды» деген біршама ұзақ өлеңі осы «қоян жылының» елге әкелген жұт, ауыртпалық, бейнетіне арналғанын дәлелдейді. Дегенмен , қоян бейбіт, тоқшылық, жайлылық нышаны делінеді. Өйткені, қоянның өсімтал, пайдасы жан-жақты. Қоян-жұт емес дегім келеді, өйткені, қоян шаруашылығы-қолға үйретілген жануарлардың маңызды салаларының бірі.

Page 25: Үйқоянын өсіру

Менің ұсынысым

• 1. Өз бетімен жұмыс істеуді;• 2. Кітапханамен жұмыс істеу арқылы

материалдарды тиімді пайдалануды; • 3. Интернет арқылы жұмыс жағдайын;• 4. Пәнаралық байланысты пайдалануды;• 5. Қоршаған ортаға тигізер пайдамды;• 6. Алған білімімді өмірмен байланыстыруды

білдім.

Осы ғылыми жоба жергілікті тұрғындардың қарапайым үйқоянын өсіру туралы біліміне қатысты ақпараттық кемістікті белгілі бір дәрежеде толықтыруға жазылды. Осы кемістіктерді толықтыру үшін мынадай жұмыстарды: Үйқояны туралы мәліметтерді адамдар толық меңгеру;Адамдар оларды үйде өсірсе, үйқояннан түсетін пайда өте үлкен;Олардың еттері жас балаларға, әсіресе жүкті әйелдерге өте пайдалы;Адам ағзасы үшін маңызы өте зор, таптырмайтын тағам.

Нәтиже

Page 26: Үйқоянын өсіру