Не үшін ширкті үйреніп, одан қауіптенеміз
DESCRIPTION
ÂTRANSCRIPT
ННее үүшшіінн шшииррккттіі
үүййррееннііпп,, ооддаанн
ққааууііппттееннеемміізз
2
Аса Мейірімді, ерекше Рақымды Аллаһтың атымен!
Не үшін ширкті үйреніп, одан қауіптенеміз
Егер сен таухидті не үшін үйрену керегімізді түсініп, есіңде сақтап алсаң,
онда енді сені оның қарама-қайшысы болып табылатын ширкпен
танысуға шақырамыз. Бұл ширк – барлық бәле мен жамандықтың басы!
1. Ширк – ең ұлы зұлымдық
Аллаһ Тағала былай деді: «Лұқман өз баласына, уағыздап: “Әй, балам!
Аллаһқа серік қоспа! Расында, ширк – ұлы зұлымдық болып
табылады”, - деді» («Лұқман» сүресі, 13-аят).
2. Ширк – өте ауыр күнә
`АбдуЛлаһ ибн Мас`уд (оған Аллаһ разы болсын) жеткізген хадисте,
Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай
айтқаны хабарланады: «Аллаһ сені жаратса, сенің Оған серік
қосатының ең ауыр күнә болып саналады» (Бухари мен Муслим).
3. Ширк – Жәннаттың тыйым салынуна және адамның Отта мәңгі
қалуына себеп болады
Аллаһ Тағала былай деді: «Расында, кім Аллаһқа серік қосса, оған
Аллаһ Жәннатты харам етеді, әрі қалатын орны Тозақ болады. Ал
залымдарға еш көмекші болмайды» («Мәида» сүресі, 72-аят).
Тағы да Аллаһ былай айтты: «Тозақ мекендеушілері Жәннат
мекендеушілерін: “Бізге судан немесе Аллаһ берген ризықтан
төгіндерші”, - деп шақырады. Ал олар: “Аллаһ бұны имансыздарға
тыйым салды”, - деп жауап береді» («А`раф» сүресі, 50-аят).
4. Ширк өте алыс адасу болып табылады
Аллаһ Тағала: «Ал кім Аллаһқа серік қосса, алыс адасуға түсті», - деп
айтты («Ниса» сүресі, 116-аят).
5. Ширк жасау аспанан құлап түскенмен тең
3
Аллаһ Тағала былай деді: «Ал кім Аллаһқа серік қосса, сол аспаннан
құлаған кісі секілді. Сонда оны құстар қағып алады немесе жел алыс
жерге ұшырады» («Хаж» сүресі, 31-аят).
6. Ширк жасайтын адам ауыр күнә, зор қылмыс істейді
Аллаһ Тағала: «Кім Аллаһқа серік қосса, үлкен күнә жасайды», -
деді («Ниса» сүресі, 48-аят).
7. Ширк жасайтын адамды Аллаһ жарылқамайды
Аллаһ Тағала былай айтты: «Расында, Аллаһ Оған серік қосқанды
кешірмейді, бірақ одан төменін кімге қаласа кешіреді» («Ниса»
сүресі, 48,116-аяттар).
8. Ширк жасау адамның әлсіздігі мен ақылсыздығына нұсқайды
Аллаһ Тағала былай айтады: «Біз Тозақ үшін көптеген жындар мен
адамдарды жараттық. Олардың түсінбейтін жүректері, көрмейтін
көздері, әрі естімейтін құлақтары бар. Олар мал тәрізді. Тіпті одан
да адасқан. Мәне солар – нағыз немқұрайлы (надандар)» («А`раф»
сүресі, 179-аят).
Біз ширк пен оның жамандығынан, Аллаһтың ашуы мен ауыр азабынан
Одан пана сұраймыз! Одан жарылқауды және екі өмірдегі игілікті
сұраймыз!
Дерек көзі
Әл-Ханифия форумы