Колледж газеті

10
Cайт:http//www.avto-koll.ai.kz 20 мамыр 2015 жыл №1

Upload: manzyr

Post on 08-Aug-2015

122 views

Category:

Design


9 download

TRANSCRIPT

Page 1: Колледж газеті

Cайт:http//www.avto-koll.ai.kz 20 мамыр 2015 жыл №1

Page 2: Колледж газеті

Құрметті соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері! Қадірлі Отан қорғаушылар!

Ұлы Отан соғысы ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін, жауынгер – интернационалистерді, Қазақстан әскерлері қатарында қызмет атқарып жүрген барлық азаматтарды, кез келген уақытта Отан қорғауға даяр ер жігіттерімізді мерейлі мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, ұзақ өмір, құт – береке, туғандарыңыз бен жақындарыңызға бақыт тілейміз. Сіздер елімізді жаудан ерлікпен қорғай білдіңіздер. Ал бейбіт күндерде еліміз бен туған өлкеміздің игілігіне адал еңбек еттіңіздер. Сіздердің жасаған ерліктеріңіз бен ауыр күндердегі еңбектеріңізге бас иіп, алғыс білдіреміз.

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мерекесін Ақтөбе қаласының тұрғындары мен қонақтары барынша сән-салтанатымен өткізді. ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев атындағы орталық саябаққа жиналған жұрт үлкен экраннан Астана қаласында өткізіліп жатқан Жеңістің 70 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеруді тамашалады. Бұл шеруге Ақтөбеден екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтының курсанттары қатысқан еді. Шеруді үлкен экраннан тамашалау аяқталған соң Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева мерекеге жиналған қалалықтар мен қонақтарды құттықтады. Ержүрек азаматтарымыз бен айбынды әскерлерімізді мерекемен құттықтаған ол жауынгерлік рухы аласармайтын қазақтың қайсар жігіттерін Отанға, елге адал да мінсіз қызмет етуге шақырады. Отан күзетінде, Қазақ халқының игілігі жолында қызмет етіп жүрген барша азаматтардың айбыны арта берсін деген тілегін білдіреді. Сөзінің соңында он әскери қызметшіге Ақтөбе қаласы әкімінің Қазақстан Қарулы Күштердің құрылғанына 23 жыл толуына арналған Алғыс хатын табыс етті. Сонымен қатар біздің Ақтөбе автожол колледжінің білім алушылары да қатысып, үлкен әсермен оралды.

МЕРЕЙ-ТОЙ

Page 3: Колледж газеті

ТӘРБИЕ – ТАЛ БЕСІК

Майдангер батырларға арналған кеш 1 курс 15 – топ білім аушылары Ауғанстанның отты жолдарымен өткен ержүрек жауынгерлерді құрметтеу мақсатында кеш ұйымдастырып, шағын дайындаған номерлерін ұсынды. Атап айтсақ «Отан үшін отқа түс», «Соғыс жылдарынан», «Ауған жауынгерлеріне арнау» көркем сөз оқыды. «Ана», «Катюша», «Атамекен» әндерін орындады. Кеш қонақтары Тәйкенов С.Х., Сәтен Ғ.М. Әңгімесін аса ілтипатпен тыңдаған білім алушылар қойған сұрақтарына жауап алды

Бала өсіргің келсе дана жүректі Қатты ұста үйрет білім ізетті Жүсіп Баласағұн

Ұлы даланың батыр қызына тағзым.

Халқымыз Отан үшін от кешіп, елдік пен ерлік сынға түскен сәтте қас қақпай өмірлерін құрбан еткен батыр ұл - қыздарын қастерлеп, қадір тұтады. Аты аңызға айналып, ерлік істері барша ұлтты таң қалдырып, есімі тарих беттерінде алтын әріппен өрнектелген ерліктің мәңгі алауын жаққан қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың жарқын өмірі және Ұлы Отан соғысындағы ерлік істерін ұрпаққа үлгі етіп, өнеге ету, оның ерлік рухын жас өскіннің бойына дарыта беру мақсатында колледжіміздегі 103-топ білім алушыларын тарих пәнінің оқытушылары Жиенгазина Алмажан Дауылбаевна мен Жанбырбаева Жарқынай Нагиетиярқызы Қобда ауданындағы Әлия музейіне барып қайтқан болатын. Шолпан жұлдыз - өзіңсің шоқтай жарық, Көз алмаймыз көркіңнен тоқтай қалып. Туған жердің төсінде мәңгілікке, Тұр ғой сенің жүрегің оттай жанып, -деп С.Бәйтереков ағамыз айтқандай Әлия Молдағұлованы талай ақындар жырларына арқау еткен.

Білім алушыларымыз өздерінің мұражайдан зор әсермен қайтқандарын сөз еткен болатын. Жас ұрпақ осындай іс-шаралардың тек қана атаулы күндерде ғана емес, алдағы уақытта да осындай мұражайларға барып, тарихи тұлғалардың ел үшін, жер үшін жасаған істерін тереңірек меңгерсек деп ойлайды.

Page 4: Колледж газеті

ТӘРБИЕ – ТАЛ БЕСІК

«Өткеніңді зерттемесең анықтап, Болашаққа ұша алмайсың шарықтап».

Жүгіруші адам Білім алушыларды салауатты өмір салтына бейімдеу және дене шынықтыру сабағына қызығушылығын арттыру, эстетикалық және этикалық тәрбиеге баулу, шапшаң қимылдауды, жарыса жүгіруді дамыту мақсатында 8,103- топ жетекшілері Саденова Гүлдана Сарсенгалиқызы мен Жанбырбаева Жарқынай Нагиметиярқызының ұйымдастыруымен «Жүгіруші адам» атты тәрбие сағаты өтті. Бұл тәрбие сағаты өзге тәрбие сағаттарынан ерекше өткендігін атап өтуге болады. Мұнда екі топтың білім алушыларына қызықты тапсырмалар орындату арқылы шапшаңдыққа, жүйріктікке баулитын тапсырмалар берілді. Білім алушылар зор ықыласпен тапсырмаларды орындап, уақытты тиімді пайдалана білді.

Арқадағы су тасқыны арқаға батты

Еліміздің Арқадағы отандастарымыз айтып келмейтін тілсіз жаудың, яғни қызыл судың кесірінен тұрғын үйлерінен айырылды. Қазақ халқы ертеден еліміздің басына қиын қыстау күн туғанда бір-біріне аянбай көмектесіп, қол ұшын беруге әзір тұрады. Биыл Қарағанды облысының екі елді мекенінде: бірі Бұқар жырау ауданына қарасты Көкпекті ауылында, екіншісі Қарағанды қаласына қарасты Сұрыптау стансасының Жұмысшы поселкесінде — су тасқыны болды. Осыған байланысты зардап шеккен отбасыларына колледжіміздің оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері киім-кешек, азық-түлік, ақшалай жәрдем берді.

Никто не забыт, ничто не забыто! Кадишев Даулет родился в Актюбинской области Челкарского района, в ауле № 7 (ныне Жана-Коныс). В 1939 году призван в ряды Советской Армии, в конце службы началась Великая Отечественная война с фашисткой Германией. Участвовал в боях за город Орел, в операции Курской дуги, в битве за Днепр, освобождал г.Варшаву, г.Кенигсберг, участвовал во взятии г.Берлин. Награжден медалями, орденами Великой Отечественной войны. После окончания войны остался восстанавливать разрушенные города. В 1948 году вернулся в родной Челкар, где трудился в железно-дорожном вагонном депо. За добросовестный и отличный труд награждался почетными грамотами. Умер в 1983 году.

(Карчагина М.Д.)

Page 5: Колледж газеті

КОЛЛЕДЖ ЖЕТІСТІКТЕРІ

Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады.

2014-2015 оқу жылы біздің колледжіміз үшін үлкен жетістіктерге толы жыл болды десек артық айтпаймыз. Бұл сөзіміздің дәлелі, 2014 –жылдың 18-желтоқсанында Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына орай қалалық Тілдер бөлімінің ұйымдастыруымен өткен мәнерлеп оқу сайысынан Қалиева Нұршат Тұрарқызының жетекшілігімен Сұлтанова Гүлмира Нұртазаевна бас жүлдемен оралды. 2015 жылдың 16 наурызында облыстық 19-шы Кіші Ғылым Академиясына колледжімізден алты білім алушы қатысып, олардың 3-уі жүлделі қайтқан болатын. Атап айтар болсақ, ағылшын тілін пәнінің оқытушысы Аякешева Махаббат Жетпісбайқызының жетекшілігімен 17 -топ білім алушысы В.Сидоров алғыс хатқа, математика пәнінің оқытушысы Карасаева Перизат Абилқайыровнаның жетекшілігімен 103-топ білім алушысы Қ.Сүлейменов 3 дәрежелі дипломмен, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Айнабекова Шынар Сабыржановнаның жетекшілік етуімен 105 –топ білім алушысы Б.Қожантай 2 дәрежелі дипломмен марапатталып, 2 және 3 дәрежелі диплом иелері Республикалық Кіші Ғылым Академиясына жолдама алған болатын. Облыстық Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен өткен «Шынайы жобаға» колледжімізден физика және электротехника пәнінің оқытушысы Изтлеуова Айгүл Сандыгалиевна 102-топ білім алушысы Н.Бичке жетекшілік етсе, электротехника пәнінің оқытушысы Сұлтанова Гүлмира Нұртазаевна 103 –топ білім алушысы В.Сағымға жетекшілік етіп, Н.Бич 2 орыға, В.Сағым 1 орынға иеленіп, жүлделі орындармен оралды. Ұлы Жеңістің 70-жылдығына байланысты Облыстық Әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен соғыс тақырыбында мәнерлеп оқу сайысына колледжімізден Калиева Нұршат Тұрарқызының жетекшілігімен 101 –топ білім алушысы Айбол қатысып, бас жүлдемен оралды. 2015 жылдың 17-18 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Кіші ғылым Академиясының 41-ші Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясына колледжімізден қазақ тілі пәнінен Б.Қожантай 105 топ студенті мен Қ.Сүлейменов 103- топ студенті математика пәнінен баяндамаларын қорғап, нәтижесінде Б.Қожантай 3 дәрежелі дипломмен марапатталды. Осындай жеңісті күндеріміз әрі қарай өз жалғасын таба беруіне тілектестік білдіреміз. Шығармашылық жандардың әлі де алар асулары алда деп білеміз. Жоғарыда аталған оқытушылар мен білім алушыларға колледж ұжымы атынан ЖЕҢІСТЕРІҢІЗ ТОЛАҒАЙ БОЛСЫН деп тілек білдіреміз!!!

Page 6: Колледж газеті

15 мая 2015 года в городе Оренбург проводилась V11 Областная научно-практическая конференция под названием «Молодежь и наука шаг в будущее», организаторами которого являются Оренбургское Министерство Образования и Департамен Образования. Участниками этой конференции были студенты из Норвегии, России и Казахстан. Студент 102 группы Захаренков Павел был награжден Похвальной грамотой за активное участие в конференции, на котором защищал работу «Современники мамонтов» руководителем проекта был преподаватель химии и биологии Алтаев Болат Жумабаевич. Студент 103 группы Сагын Вальдемар занял 3 место, защищая работу под названием «Электромагнитные излучения и человек», руководителем которого был молодой специалист-спецпредметник Султанова Гульмира Нуртазаевна. Хочется подчеркнуть, что студенты нашего колледжа показывают хороший результат не только в Актюбинской области, но и за пределами Казахстана. Мы гордимся вами!

КОЛЛЕДЖ ЖЕТІСТІКТЕРІ

Жоғары да көрсетілген тақырыппен 2015 жылдың 15 мамырында Орынбор қаласы Білім басқармасы Орынбор қаласында Орынбор Облыстық Білім Министрлігі мен Орынбор қаласы Білім Басқармасының ұйымдастырумен «Молодежь и наука шаг в будущее» тақырыбында VII облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияға барып қатыстық. Конференцияға әлемнің танымал елдерінің үздік оқу орындарынан 700-ден астам ғылыми жұмыстарымен студенттер қатысты. Өте қызықты, өзекті тақырыптар қозғалып, өзімізге үлкен тәжірибе алдық. Байқаудан 3 жүлделі орынды жеңіп алдық. Алдағы уақытта арнайы пәннен студенттерді осындай байқауларға қатыстырып, өз ісінің маманы болып шығуға ықпал етемін.

Page 7: Колледж газеті

Адамға талай жерді көрген артық, танысып әркімдерді білген артық.

2015 жылдың 30 –сәуірінде география пәнінен Жанбырбаева Жарқынай Нагиетиярқызы 101 –топпен ашық сабақ өткізді. Сабақ дәстүрлі емес, яғни ойын түрінде өткізілді. Барлық білім алушылар сабаққа аса зор ынтамен, қызығушылықпен қатынасты. Білім алушыларымыз дүние жүзілік картамен жұмыс жасай алатындығын дәлелдеді. Білім алушыларды оқытушы барлық талаптарға сай бағалады. Оқытушы сабақты жоғары деңгейде дайындаған.

Кешегі күннен алыс жоқ

"Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет".

Шоқан Уәлиханов

Үздік кәсіп иесі 2015 жылдың 24-ші сәуір күні Ақтөбе автожол колледжінде «Автокөлікті пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу», «Жол құрылыс машиналарын техникалық пайдалану» мамандықтарының білім алушылары арасында «Үздік кәсіп иесі» байқауы өткізілді, онда колледждің І-ІІ-ІІІ курс студенттерінен 8 талапкер қатысып, өз біліктілігін көрсете білді. Байқау бағдарламасына сәйкес сайыс қатысушылары мамандығын таныстыру, теориялық және тәжірибелік білім сынақтарны тапсыру және спорттық дайындығын көрсете білді. Сайыс барысын арнайы әділ-қазылар мүшелері бағалап, қорытындысы бойынша сайыс қатысушыларын түрлі номинатция бойынша марапаттады. «Үздік кәсіп иесі» деп «Автокөліктерді жөндеу слесарі» біліктілігінің 3 курс 8 топ студенті Тұрсынбаев Болат Қуатұлы танылды.

Page 8: Колледж газеті

Областная олимпиада среди студентов 1 курса

18 апреля 2015 года на базе колледжа Каз АТК проводилась областная олимпиада по общеобразовательным дисциплинам среди студентов 1 курса колледжей города Актобе, на котором участвовали более трехсот студентов. Организаторами этой олимпиады являлись Актюбинский областной департамент образования совместно с научно-практическим центром «Дарын». Студенты нашего колледжа показали хороший результат и завоевали призовые места. 2 места заняли такие студенты, как: Тайшибаев Алибек студент 103 группы по химии, Сайынов Кайсар студент 13 группы по казахскому языку, Успангалиев Айбек студент 103 группы по русскому языку и литературе .3 места завоевали Култанов Айдар студент 102 группы по математике, Шенибаев Саят студент 105 группы по физике. Захаренков Павел студент 102 группы, Орынбасаров Сагадат студент 103 группы и Анарбеков Қуанышбек студент 101 группы награждены Похвальными грамотами. Хочется отметить, что важную роль сыграла работа преподавателей в подготовке к этой олимпиаде. И надеемся, что в дальнейшем студентов нашего колледжа, занявших призовые места станет больше.

Саги Жиенбаев оқулары В целях улучшения государственного языка среди молодежи Казахстана других национальностей проводятся различные мероприятия, касающиеся казахского языка. 15 мая 2015 года к 20-летию Ассамблеи народов Казахстана в Областной юношеской библиотеке имени С. Жиенбаева был проведен конкурс чтецов произведении поэта-земляка Саги Жиенбаева на казахском языке среди студентов колледжей и Вузов других национальностей. Участником этого конкурса был и наш студент 102 группы Котельников Сергей со стихотворением «Саяхат», который был награжден «Похвальной грамотой» и ценным подарком.

КОЛЛЕДЖ ЖЕТІСТІКТЕРІ

Page 9: Колледж газеті

ҚҰТТЫҚТАУ

Құрметті Қабидолла Бақытұлы Осы қуанышты күні Сізге деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға ырыс байлығын, жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз. Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай, табыстан табысқа жете беріңіз. Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын! Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып, өмір айдынында қайғы-мұңды білмей, еркін жүзе беріңіз. Дос-жаран мен туған – туыс алдында абыройыңыз әрдайым артып, аңсаған арманыңыздың асуларына жете беріңіз!

Колледж ұжымы

Page 10: Колледж газеті

БІЗДІҢ КОЛЛЕДЖ –СЕНІҢ ЖЕҢІСКЕ ЖЕТЕР ЖОЛЫҢ

Ақтөбе автожол колледжі 2015-2016 оқу жылына

келесі мамандықтар бойынша түлектерді шақырады: Мамандықтар: (Техник - механик) - 9 сынып негізінде 3 жыл 10 ай / 11 сынып негізінде 2 жыл 10 ай (Электр - механик) - 9 сынып негізінде 3 жыл 6 ай / 11 сынып негізінде 2 жыл 6 ай (Құрылысшы - техник) - 9 сынып негізінде 3 жыл 6 ай / 11 сынып негізінде 2 жыл 6 ай (Автокөліктерді жөндеуші слесары) - 9 сынып негізінде 2 жыл 10 ай / 11 сынып негізінде 10 ай (Бір ожаулы экскаватор машинисі) - 9 сынып негізінде 2 жыл 10 ай / 11 сынып негізінде 10 ай (Автомобиль кранының машинисі) - 9 сынып негізінде 2 жыл 10 ай (Электргаз дәнекерлеуші) - 9 сынып негізінде 2 жыл 10 ай / 11 сынып негізінде 10 ай

Актюбинский автомобильно-дорожный колледж обьявляет прием обучающихся

на 2015-2016 уч.г. по нижеследующим специальностям:

Специальности: (Техник - механик) - на базе 9 кл - 3 года 10 месяцев / на базе 11 кл – 2 года 10 месяцев (Электромеханик) - на базе 9кл – 3 года 6 месяцев / на базе 11 кл – 2 года 6 месяцев (Техник - строитель) - на базе 9 кл – 3года 6 месяцев / на базе 11 кл – 2 года 6 месяцев (Слесарь по ремонту автомобилей) - на базе 9 кл – 2 года 10 месяцев / на базе 11 кл – 10 месяцев (Машинист экскаватора одноковшевого) - на базе 9 кл – 2 года 10 месяцев / на базе 11 кл – 10 месяцев (Машинист крана автомобильного) - на базе 9 кл – 2 года 10 месяцев (Электрогазосварщик) - на базе 9 кл – 2 года 10 месяцев / на базе 11кл – 10 месяцев

Біздің мекен-жайымыз: Ақтөбе қаласы,

Гришин көшесі, 7 тел: 8 (7132) 51-37-68,

51-35-16, 51-66-51 Cайт: http//www.avto-koll.ai.kz

Редактор: Абимолдина Ж.А.

тілшілер: Айнабекова Ш.С., Калиева Н.Т. Түзетушілер: Кутбанова Р.С., Алданиязов Б.К.

Компьютер бөлімі: Алжанова А.Қ.