Кімнің мекені жаксы екі

13
Жаңылтпаш Шалшық, балшық, Балшық, шалшық, Балшықтан ал шық.

Upload: -

Post on 08-Jul-2015

224 views

Category:

Documents


6 download

DESCRIPTION

Кимнін мекені жаксы екі

TRANSCRIPT

Page 1: Кімнің мекені жаксы екі

ЖаңылтпашШалшық, балшық,Балшық, шалшық,

Балшықтан ал шық.

Page 2: Кімнің мекені жаксы екі

Көкқұтан туралы не білесің?

Page 3: Кімнің мекені жаксы екі

Көкқұтан –құтан тұқымдасына жататын құс. Еуропа, Азия және Африкада тараған.

Қазақстанда Сырдарияалабында, Шу-Іле тауларында, Балқаш – Алакөл қазаншұңқырында, Зайсан көлінде, Қара Ертіс өзенінде, Каспийдің солтүстігінде, негізінен, далалық жерлерде кездеседі.

Өсімдігі мол өзен, көл, батпақ жиектерін мекендейді.

Бақа, балық, жәндіктер, бауырымен жорғалаушылар, кемірушілермен қоректенеді.

Көкқұтан кейде балық

шаруашылығына зиян келтіреді.

Page 4: Кімнің мекені жаксы екі

Сонымен, құрбақа, тышқан,

құмырсқа тағы да ілгері

қарай жүре берді. Содан

кейін не болды екен?

Оқып көрелік.

Page 5: Кімнің мекені жаксы екі

Кімнің мекені жақсы?

тағы да ілгері қарай

жүре берді. Олар сәске түсте ол шеті мен бұл шеті көз жеткісіз жазық далаға келіп жетті. Нағыз ми қайнатар ыстық басталды.

Қалың көдеден басқа көлеңке болар пана жоқ. Құрбақаның тамағы бүлкілдеп, таңдайы кепті.

-Дүниедегі ең бір қолайсыз қоныс осы жер, қандай ыстық еді,-деп ауыр дем алды. Көденің түбінде бұғып отырған бозторғай мұны естіді де, “шыр” етіп аспанға көтерілді.

Page 6: Кімнің мекені жаксы екі

-Дүние жүзінде менің

мекенімнен жақсы, менің

қонысымнан жайлы еш

жер жоқ, менің

мекенімнен, менің

қонысымнан!-деп әнге

салып, биіктей берді,

биіктей берді.

Page 7: Кімнің мекені жаксы екі

тағы да ілгері қарай жүріп кетті.

Әлден уақытта аспанға қара бұлт үйіріліп, артынша –ақ

қатты жауын жауды. Жердің миы шығып, батпаққа

айналды.Тышқан бауыры суға малынып, жүні сабалақтанып,

дірдіктеп тоңа бастады. Ал құмырсқа болса, мүлде әлі құрып,

жүруден қалды. Ол шаршап, қалжырап отырып:

-Дүниедегі ең қолайсыз қоныс осы жер болды-ау. Жауыны

қандай қатты еді,-деп қамықты.

Бұл уақытта жердің жарықшарықтарынан тысқа жыбырлап

шыққан жауынқұрттары:

Page 8: Кімнің мекені жаксы екі

-Шіркін, жауынды жерге не

жетсін! Жер бетінің үнемі

ылғал тартып тұрғаны

қандай рақат!-деп, мәз-

мейрам болып жатты.

Page 9: Кімнің мекені жаксы екі

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

Әркімнің өз жері-Мысыр шаһары.

Бақа көлінде патша,

Балық суында патша.

Жігіт елінде патша.

Page 10: Кімнің мекені жаксы екі

Бұдан әрі ілгері жүрді. Кейін қайтты. Арып-ашып, іңір қараңғысында өз мекен, өз қоныстарына әрең оралды.

Тышқан жып беріп өзінің ініне еніп кетті де, түбіне қарап жатып:

-О, шіркін! Дүниеде менің інімнен артық жақсы мекен, жайлы қоныс бар ма екен?Өзі тар, өзі қараңғы, өзі қауіпсіз, -деді.

Page 11: Кімнің мекені жаксы екі

• Құмырсқа да өз илеуіне келіп кірді де:

-О, шіркін! Дүниеде менің илеуімен жақсы мекен, жайлы қоныс бар ма екен? Өзі жайлы, өзі биік, өзі жұмсақ,-деді.

Ал құрбақа да өзінің орнына секіріп түсіп:

-О, шіркін! Дүние жүзінде менің орнымнан жақсы мекен, жайлы қоныс бар ма екен? Өзі салқын, өзі көлеңке,-деді.

Сонымен дүниедегі ең бір жақсы мекен, жайлы қоныс-әркімнің өз мекені, өз жері екен.

Page 12: Кімнің мекені жаксы екі

Ең жақсы мекен, жайлы қоныс осы жер

емес пе!Иісі қандай жақсы—көкірегіңді

ашады. Суы қандай тәтті-жер

татиды.Батпағы қандай жұмсақ-нағыз май

батпақ

-Дүние жүзінде менің мекенімнен жақсы,

менің қонысымнан жайлы еш жер жоқ,

менің мекенімнен, менің қонысымнан!-

Шіркін, жауынды жерге не жетсін! Жер

бетінің үнемі ылғал тартып тұрғаны қандай

рақат!

О, шіркін! Дүниеде менің інімнен артық жақсы мекен, жайлы қоныс бар ма екен?Өзі тар, өзі қараңғы, өзі қауіпсіз,

О, шіркін! Дүниеде менің илеуімен жақсы

мекен, жайлы қоныс бар ма екен? Өзі жайлы,

өзі биік, өзі жұмсақ

О, шіркін! Дүние жүзінде менің орнымнан

жақсы мекен, жайлы қоныс бар ма екен? Өзі

салқын, өзі көлеңке,-

Page 13: Кімнің мекені жаксы екі

Сонымен дүниедегі ең бір жақсы мекен,

жайлы қоныс-әркімнің өз мекені, өз жері

екен.

Негізгі ой.Негізгі ой бір оқиғамен

байланысып, бірнеше оқиғамен жалғасады.