Бірлестіктің атқарылған жұмыстарының қорытындысы

28
№9 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп 2012-2013 оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінде атқарылған жұмыстарының қорытындысы Бірлестік жетекшісі: Ұлықпанова Қ.К Атырау қаласы -2013ж

Upload: erjan-beisenhojaev

Post on 16-Jun-2015

926 views

Category:

Education

0 download

DESCRIPTION

2012-2013 оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінде атқарылған жұмыстарының қорытындысы

TRANSCRIPT

Page 1: Бірлестіктің атқарылған жұмыстарының қорытындысы

№9 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп

2012-2013 оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінде атқарылған

жұмыстарының қорытындысы

Бірлестік жетекшісі: Ұлықпанова Қ.К

Атырау қаласы -2013ж

Page 2: Бірлестіктің атқарылған жұмыстарының қорытындысы
Page 3: Бірлестіктің атқарылған жұмыстарының қорытындысы

1. Дамыта оқыту арқылы жеке тұлғаны жан-жақты тәрбиелеу, білім сапасын көтеру мақсатында оқытудың жаңа технологияларын жүйелі енгізу, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін, біліктілігін арттыру. 2. Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық адамгершілік, азаматтық, ізгілік, инабаттылық тәрбие беру. Оқушы бойында эстетикалық биік талғамды, оқырмандық тұрақты ынта-ықыласын қалыптастыру. 3. Әдеби мұраны және онда бейнеленген өмірді, құбылысты эстетикалық қабылдауы мен бағалауына қажетті білім мен біліктілігімен қаруландыру.4. Қазақ тілін оқыту арқылы оқушыларға грамматикалық тәсілдерді қолдана білуге үйрету, соның негізінде олардың тілдерін, лексикалық сөздік қорларын байыту.

Page 4: Бірлестіктің атқарылған жұмыстарының қорытындысы

1. ҚР Білім туралы, Тіл туралы Заңдарын, мемлекеттік тілді дамыту мен қолдану аясын кеңейтуге арналған мемлекеттік бағдарламаны орындау. 2. Жеке тұлғаның дамуына негізделген оқытудың инновациялық технологияларын үйрену және оқу-тәрбие жұмысында қолдану. 3. Мұғалімдердің білім деңгейін көтеру және кәсіби-әдістемелік шеберлігін шыңдау.4. Оқушының сауаттылығын, ауызекі сөйлеу, жазу, тыңдау мәдениетінің талаптарына сай дағдыларын, әдеби тіл нормаларын меңгертеді.

Page 5: Бірлестіктің атқарылған жұмыстарының қорытындысы

Тіл мамандары тілдерді дамыту және оның аясын кеңейту мақсатында бірлесе жұмыс атқаруда. Ана тілін білу – әр азаматтың перзенттік борышы, ар-ождан талабы. Сонымен қатар әр халықтың тәуелсіз ел болып, еркін өмір сүруінің кепілі.

Оқушы сапасын білім бұлағының кәусарына қандырып, өмір шырағданын жүрегіне жағып беретін – ұстаздар. Жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беру ісінде ана тіліміз бен әдебиетіміздің алатын орны ерекше. Қазақ тілінің болашағының баянды болуына қызмет ететін қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері көтеретін жүктің салмағы жеңіл емес.

Биылғы 2012-2013 оқу жылында әдістемелік бірлестікте 9 мұғалім еңбек етеді. Барлығы жоғары білімді ұстаздар. Әдістемелік бірлестік жұмысы нәтижелі әрі күрделі. Себебі әдістемелік бірлестік мұғалімдерінің мақсаты мен міндеті – болашақ ұрпаққа жаңа технология әдістері бойынша оқытуда сапалы білім беру.

Осы мақсат пен міндетттерді орындау үшін  әдістемелік бірлестігінің  жұмыс жоспары бірнеше бағыттар бойынша жұмыстар атқарылуда.

Page 6: Бірлестіктің атқарылған жұмыстарының қорытындысы

Кенжалиева Жаңыл –оқу ісінің меңгерушісі, еңбек өтілі – 19 жыл,жоғары білімді, І санатты қазақ тілі мен

әдебиеті пәні мұғалімі.Шығармашылық тақырыбы:

Тіл дамыту арқылы сауаттылыққа баулу.

Ұлықпанова Қамқа Кеңесқызы – еңбек өтілі – 17 жыл,ӘБ жетекшісі, жоғары білімді, І санатты қазақ тілі мен

әдебиеті пәні мұғалімі.Шығармашылық тақырыбы:

Оқушылардың мәнерлеп оқуын жетілдіру.

Бабағұмарова Жанар Мүтиғоллақызы – еңбек өтілі – 10 жыл,ӘБ хатшысы, жоғары білімді, ІІ санатты қазақ тілі мен

әдебиеті пәні мұғалімі.Шығармашылық тақырыбы:

Оқушылардың сөйлеу және жазу мәдениетін қалыптастыру.

Page 7: Бірлестіктің атқарылған жұмыстарының қорытындысы

Шүйінішқалиева Роза Орынғалиқызы – еңбек өтілі – 25 жыл,жоғары білімді, І санатты қазақ тілі мен

әдебиеті пәні мұғалімі.Шығармашылық тақырыбы:

Әдебиет сабақтарында көркем шығармалардағы образдар арқылы тәрбиелеу.

Нұғыманова Зинаида Ильясқызы – еңбек өтілі – 27 жыл, жоғары білімді, І санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Шығармашылық тақырыбы: Оқушылардың тіл ерекшелігін дамыту.

Испусинова Лариса Бержанқызы –тәрбие ісінің орынбасары,еңбек өтілі – 23 жыл,жоғары білімді, жоғары санатты қазақ тілі

мен әдебиеті пәні мұғалімі.Шығармашылық тақырыбы:

Көркем шығарма желісімен драмалық қойылым дайындау жолдары.

Page 8: Бірлестіктің атқарылған жұмыстарының қорытындысы

Гильманова Динара Рахымғалиқызы – еңбек өтілі – 2 жыл, жоғары білімді, 8 разряд, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Шығармашылық тақырыбы: Көрнекі құралдар арқылы оқушылардың сөздік қорын байыту.

Таласбаева Қарлығаш Бағытжанқызы – еңбек өтілі – 2 жыл, жоғары білімді, ІІ санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Шығармашылық тақырыбы: Дебат ойыны арқылы оқушылардың тіл мәдениетін

қалыптастыру.

Зәкиева Гүлайым Жакешқызы – еңбек өтілі – 14 жыл, жоғарыбілімді, І санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Шығармашылық тақырыбы: Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу.

Page 9: Бірлестіктің атқарылған жұмыстарының қорытындысы

Жалпы қазақ тілі мен әдебиеті пәнімұғалімі саны

Санаттары

Жоғарысанатты

Ісанатты ІІ санатты Санаты жоқтар

Сапа %

9 1 5 2 1 67%

№9 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінің 2012-2013 оқу жылы бойынша қазақ тілі менәдебиеті пәні мұғалімдерінің сандық және біліктілік сапа көрсеткіші жөніндегі мәліметі .

Page 10: Бірлестіктің атқарылған жұмыстарының қорытындысы

Жеке жас маманмен жұмыс  жоспары құрылып, жоспар бойынша жас маманға көмек көрсетілуде. Соның ішінде «сабақты талдау», «сабаққа дайындық барысында әдістерді таңдау және сабақтың мақсаты мен біліктілік тәрбиелік мақсаттарын дұрыс қою» сияқты әдіс-тәсілдер көрсетілді, ұсыныстар жасалды. «ҚР Білім беруді дамытудың 2011 – 2012 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру, білім беруді жаңғырту педагогтардың жауапкершілікті түсінуі мен олардың кәсіби деңгейіне және білім беру үрдісіндегі көптеген мәселелер шешуге қосқан үлесін арттыру мақсатында «Білім беру жүйесін жаңғырту - адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті және мемлекеттік пән мұғалімдерінің тамыз кеңесі 18 тамызда №9 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінде өтті. Кеңесте тілдерді одан әрі дамыту мен қолданудың нормативтік құқықтық және әдіснамалық базасын жетілдіруге бағытталған кешенді шаралар өткізуге бағыт-бағдар берілді. Білім берудегі жаңа парагдигма іскерлік сипатта байқалып, өз бетінше үздіксіз білім алуға ұмтылуды қалыптастыруға және шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған.Қыркүйек айында бірлестік алғашқы бірлестік отырысы өткізіліп, пән мұғалімдерінің тақырыптық-күнтізбелік жоспарлары қаралып, бекітілді. Таңдау, қолданбалы курс, факультатив, үйірме жоспарлары да жасақталып, бекітілді. ҚР Конституциясының 17 жылдығына орай «Келешегі кемел – Ата Заң» атты танымдық шаралар ұйымдастырылып, «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш» тақырыбында алғашқы Білім сабағы өткізілді. Сонымен бірге пән мұғалімдері де “Мектепке жол”, “Қамқорлық ” акцияларына белсенді атсалысып отырады.

Page 11: Бірлестіктің атқарылған жұмыстарының қорытындысы

« Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңы» бойынша мектебімізде І жарты жылдық бойынша мынанадай іс-шаралар атқарылды.Алдымен қазақ тілінің сауатты жүргізілуін қадағалау мақсатында уақытымен  оқушылардың дәптерлерін тексеру жұмыстары, оқушылардың оқу жылдамдығын тексеру мақсатында тапысырма пән мұғалімдеріне жүктелді. Тіл мамандары мемлекеттік бағдарлама бойынша сабақтарын жүргізіп,  І жарты жылдық бойынша бағдарламаны  орындады. «Қазақстан халықтарының Тілдері» күні мерекесін атап өту мақсатында қыркүйек айының 17-22-сі аралығында «Жыр – қуат, сөзі-ана уызындай, Жасай бер, Ана тілі-қазақ тілі» айдарымен онкүндік болып өтті. Мақсаты:Оқушылардың зердесіне ана тілін сүйіп, мемлекеттік тілді құрметтеу керектігін  құя отырып,олардың пікірлеріне құлақ қою,дұрыс жолға бағыттау. Қазақстанның болашағы болатын жастардың өз халқының тарихы мен мәдениетіне жауапкершілікпен қарауына бағдар сілтеу.

Page 12: Бірлестіктің атқарылған жұмыстарының қорытындысы

Онкүндігіміздің алғашқы күнін лездемеден бастадық, оқушылар ана тілге деген құрметтерін өлең-жырларды мәнерлеп оқу арқылы көрсетті. Қыркүйектің 18-і күні «Тіл – ұлттың жаны» деген тақырыппен Ұлықпанова Қ 5 «б» сыныбында тәрбие сағатын өткізді. Қыркүйектің 19-ы күні 7 «а» сыныбында Шүйінішқалиева Р ұйымдастырған «Білім – жанып тұрған шырақ» атты білгірлер сайысы өз деңгейінде өтті, оқушылар аса белсенділік танытты. 10-11-сыныптар арасында Г.Зәкиеваның өткізген «Тілім менің- тірегім» атты конференциясы қызықты, тартымды өтіп, оқушылар ана тілге деген сүйіспеншіліктері мен құрметтері туралы ойларын ортаға салып, пікірталас тудырды. 9-сыныптар аралығында «Тілім менің – баға жетпес байлығым» айдарымен Бабағұмарова Ж, «XXI ғасыр – көшбасшысы» зияткерлік ойынын өткізсе, Гильманова Д 4-орыс сыныбында «Тіл – достық негізі» тақырыбында сайыс сабақ өткізді. Апталықты қорытындылау мақсатында өткен «Ана тілім-айбыным» атты әдеби-танымдық кеште оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, өлең-жырмен, әнмен шашу шашты. Мұғалімдер жоспарланған шараларды мүмкіндігінше уақытымен өткізіп, жақсы ұйымдастыра білді.          Сонымен қатар мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында «Тілім-менің тіршілігім,тынысым.Тілім менің – таусылмайтын ырысым» тақырыбында 5-8 сынып оқушыларының аралығында қабырға газаттерінің байқауы жарияланды.Ең үздік қабырға газеттері таңдалып,жеңімпаз болған сынып оқушылары дипломмен марапатталды.Қазақ тілі мен әдебеит пән мұғалімдерінің жетекшілігімен жас ұрпаққа патриоттық тәрбие бере отырып, сөз асылын қастерлейтін, ана тілін құрметтейтін тұлға тәрбиелеу мақсатында 7-10 сынып оқушыларының арасында «Ана тілім,күмбірле сарайымда» тақырыбында шығармалар сайысы өткізілді. «Туған тілім-тұғырым» айдарымен мектеп кітапханашысы Қауменова Б тіл күніне байланысты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Page 13: Бірлестіктің атқарылған жұмыстарының қорытындысы

Әдістемелік басылымдарға жазылуды ұйымдастыруда пән мұғалімдері «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Білім технологиялары» атты Республикалық журналдарына жазылды. Және де ақпарат құралдарында ұстаздардың тәжірибесін тарату мақсатында 2012 жылдың тамыз,желтоқсан айында «Білім технологиялары» атты Республикалық журналында Нұғыманова З, Шүйінішқалиева Р,Испусинова Л, Зәкиева Г, Ұлықпанова Қ мен Д. Гильмановалардың іс-тәжірибелері таратылды. Және де Испусинова Ларисаның “Көркем шығарма желісімен драмалық қойылымдар дайындау” атты кітапшасы жарық көрді. “Қазақстан болашағына жарқын қадам” атты қалалық ғылыми-практикалық конференцияның тезистер жинағына Л.Испусинова мен 11-сынып оқушысы Р.Жұмабаевтың баяндамалары жарияланды.

Page 14: Бірлестіктің атқарылған жұмыстарының қорытындысы

Тіл мерекесіне орай, «Тіл – татулық тірегі» атты қалалық фестивальда 8-сынып оқушысы Грачева Н, 9-сынып оқушысы Алишаева С жүлделі ІІІ орынды иеленді.

«Жаса, жайна,Қазақстан»

тақырыбында өткен шығармалар байқауында сыншыл және образды ойлауы мен шығармашылығы үшін ерекшеленген 11 “а” сынып оқушысы Жұмабаев Р «Алғыс хатпен» марапатталды.

Және де «Тілге құрмет-елге құрмет» атты қалалық шығармалар байқауынан 7 «а» сынып оқушылары Тілекқабыл А 2-орын, 7 “а” сынып оқушысы Қуандықова А, 11 «а» сынып оқушылары Егізбай Н мен Бақтығали Д «Алғыс хатпен» марапатталды.

Page 15: Бірлестіктің атқарылған жұмыстарының қорытындысы

• Қыркүйек айының 28-інде «Ұлан даланың ұлы жыршысы» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен қалалық семинар өтті. Мақсаты – Абайтану ғылымының алтын тірегі, рухани көсемі М.Әуезовтің өлмес мұраларының құдіретін насихаттау. Семинар барысында ұйымдастырылған «Көксерек» әңгімесіндегі негізгі мәселе, «Ақын қонақтар» әңгімесі, “«Абай жолы» эпопеясындағы кейіпкерлер келбеті” тақырыбындағы ашық сабақтар мен «Абай – нәзік, мөлдір ғашықтық сезім иесі» атты сахналық қойылым жоғары бағаланды. Семинар «Өнегелі өмір» баяндамасымен қорытындыланды.

Page 16: Бірлестіктің атқарылған жұмыстарының қорытындысы

Жұқпалы аурулардың алдын алу және салауатты өмірсалтын насихаттау мақсатында 5-11сыныптар аралығында диктант жүргізіліп, «Салауатты өмір салты- біздің болашағы-мыз» тақырыбында шығармалар сайысы өткізілді. Қазан айының 25-інде қазақ халқының ауыз әдебиетіннасихаттау мақсатындағы «Алпамыс батыр жырлайды» атты қалалық байқауға 9 «а» сынып оқушысы Почтанов Ә(Ұлықпанова Қ) қатысып,«Алғыс хатпен» марапатталды.

8-11- сыныптар арасында 21-22 қараша күні қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша олимпиада  өткізілді. Мектепішіліколимпиада екі кезеңнен болды. Бірінші кезеңде шығарма жұмысы берілді. Жалпы 8-11 сынып аралығында қазақ тілі менәдебиетіне 27 оқушы қатынасты. Ікезеңде  оқушылар Қалалық Білім Бөлімінен жіберілген шығарма тақырыптары бойыншаөз білімдерін көрсете білді және шығарма тақырыбын толық орындады. Соның ішінде өте жақсы жазған, 10 «а» сыныпоқушысы Тарих Зарина, 9 «а» сынып оқушысы Берікқалиева Фариза, 8 «а»сынып оқушысы Қалжігітова Гаухар жоғарыбалл топтады.  Жоғарыда аталған оқушылар әдеби материалдарды тиімді қолдана алған және тақырыптың мағыналарыннақты және терең аша алған. Сонымен қатар кейбір оқушының шығарма үстінде өз ойын жүйелі түрде жеткізе алмайшашыраңқы, тақырыптан ауытқығандығы байқалды. Екінші кезеңдегі билеттегі сұрақтар бойынша тапсырмалар орындады.Онда 5 сұрақтан берілген: морфологиялық, синтаксистік талдау, белгілі бір ереже анықтамасы мен оған мысал келтіру,әдеби-теориялық ұғым анықтамасы мен мысалы, мәнерлеп оқу және эссе жазу. Кейбір оқушылар  тапсырмаларды толықорындаған, бірақ әдебиет теориясы бойынша талдауда және грамматикалық талдауда қателер жіберген оқушылар болды.Қорыта келе, қалалық олимпиадаға ұсынылған 8-11 сынып оқушыларының ішінен 9 «а» сынып оқушысы Берікқалиева Ф 2-орын (Ұлықпанова Қ), 10 «а» сынып оқушысы Тариз З 3 -орын (Зәкиева Г) иеленді.

Page 17: Бірлестіктің атқарылған жұмыстарының қорытындысы

Қыркүйек, қазан айларында 5-6 сынып оқушыларының білім мен біліктілік дағдысын анықтау мақсатында жазба жұмыстарыалынып, қорытындыланды және де 5-11сынып оқушыларының жұмыс дәптерлері мен жазба жұмыс дәптерлерітексерілді.

Қазан, қараша айындағы мәжіліс отырыстарында Қ.Ұлықпанованың «Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында ақпараттықтехнологияларды қолдану» және Г.Зәкиеваның «Оқушылардың танымдықшығармашылық қабілеттерін дамыту» атты баяндамаларытыңдалып, бірлестік мұғалімдерінің пікірлері ортаға салынды.

Желтоқсан айының 5-інде «Оқушылардың тұлғалық сапасын дамыту арқылы инновациялық үрдістерді өзін-өзі басқара білуінқамтамасыз ету» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінде семинар болып өтті.Семинар барысында пән мұғалімдеріашық сабақтар өткізіп, оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін өз тәжірибелері негізінде көрсете білді.Бұл семинардың мақсаты – оқушылардыңтұлғалық сапасын дамыту арқылы өзін-өзі басқара білуін қамтамасыз ете білуін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, мұғалімніңкәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізугебағытталған.Сабақтар барысында интерактивті тақта, мультимедия, т.б. Техникалық құрал-жабдықтарды да оңтайлы пайдаланды.Бабағұмарова Жанар 9 «б» сыныбында «Қазақ шешендерінің өкілдері» атты танымдық- шығармашылық бағытта ашық сабақ өткізді.«Еркін жауап», «Дискуссиялық карта», «Бес жолды өлең» орындау арқылы шығармашылық жұмыс түрлерін орындатты. Сабақ өзмәнінде өтті,оқушылар түгел қатысып, тиісті бағалар қойылды.Шүйінішқалиева Роза 5 «а» сыныбында «Мақал-мәтелдер» тақырыбындасабақ өткізіп, онда ұжымдық, даралық жұмыстар, «Жүректен -жүрекке» тренингі, «жылдам жауап» ойыны жүргізілді. Оқушыларға«Білім пирамидасы» негізінде оқушылық, алгоритмдік, ізденімдік, шығармашылық деңгейде тапсырмалар беріліп, сабақта балдықжүйе бойынша сатыдан өту кезеңін басшылыққа ала отыра, оқушыларды бағалады. Сабақ құрылымы, тапсырмалар деңгейі сыныпОқушыларының орындауына жеңіл әрі шығармашылық белсенділігін арттыруда тиімді тәсілдермен таңдалған. ТаласбаеваҚарлығаштың «Қазақстандық патриотизм- халықтар бірлігінің басты байлығы» атты дебатының мақсаты оқушыларға патриотизмтуралы түсінік бере отырып, оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Дебатқа 11 «а» және 11 «б» сынып оқушылар«Бәйтерек» және «Астана» атты екі топқа бөлініп, патриотизм туралы пікірлерін ортаға салып, пікірлерге байланысты сұрақтарыменөрбітті. «Патриотизм жастар көзімен» ойтолғау кезеңінде екі топ оқушылары патриотизм туралы түсініктерін өлең шумағы, суретнемесе эссе түрінде жинақтады. Сарапшылардың қорытынды сөзі тыңдалып, дебатқа қатысушы оқушылар ескерткіш сыйлықпенмарапатталды. Дебатта оқушылар өз пікірлерін еркін әрі ашық айта алды. Оқушыларға бағыт-бағдар беруде Таласбаева Қ жас маманболса да өз іскерлігін анық көрсете алды. Семинар Ұлықпанова Қамқаның «Инновациялық педагогикалық технологияларын қолдануарқылы білім сапасын арттыруды жүзеге асыру жолдары»баяндамасымен қорытындыланды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 21 жылдық шеңберінде «Тәуелсіздік тағылымы» атты 5-8 сыныптар аралығындашығармалар байқауы мен «Тәуелсіздік тұғыры биіктен» атты тәрбиелік шаралар өз дәрежесінде өткізілді.14 желтоқсанда қазақ тілімұғалімдері: Таласбаева Қ пен Гильманова Д 6-сынып оқушыларымен "Менің Отаным-Қазақстан" тақырыбында интеллектуалдықсайыс жүргізді.Сайыстың мақсаты: оқушылардың қазақ тілінен білімдерін тереңдете түсу , логикалық ойлауды,тапқырлықтыдамыту.Отансүйгіштікке, патриоттық сезімге, туған жерді сүюге,  Қазақстан Республикасының  рәміздерін құрметтеугетәрбиелеу.Сынып  "Ту" және "Елтаңба" топтарына бөлінді.Сайыс мазмұнды , қызықты өтті. Мұғалімдер сайысты интерактивті тақтаныпайдаланып өткізді.Сайыстың жеңімпазы "Ту" тобы атанды. Сайыс соңында құттықтау сөз айтылып, мақтау қағаздары мен сыйлықтарберілді.15 желтоқсанда «Батырлар рухына бас иеміз» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. Балалар өз өнерлерін, білімдерінортаға салып, пәнге деген қызығушылықтарының жоғары екендігін білдіртті.

Page 18: Бірлестіктің атқарылған жұмыстарының қорытындысы

Сыныптан тыс шаралар

Page 19: Бірлестіктің атқарылған жұмыстарының қорытындысы
Page 20: Бірлестіктің атқарылған жұмыстарының қорытындысы

 Мұғалімдердің кәсіби қызметтерін рейтінгілеу. І жарты жылдық бойынша

Пәні: қазақ тілі мен әдебиеті 

№  Мұғалімнің аты-жөні

Ашық сабақ

Өзара сабаққа қатысу

Педкеңестердеәдістемелік кеңес отырыстарында мәлімдеме жасау

Педагогикалық оқуға қатысу

Өзі оқытып жүрген оқушылардың білім сапасы, диагностикасы

Олимпиадалар (алған орындары бар болса)

Ғылыми шығармашылық жұмыстар

Оқушылардың байқауларға қатысуы

Мұғалімдердің кәсіби байқауларға қатысуыМұғалімдердің пәндік олимпиадаларға қатысуы

Мұғалімдердің ғылыми -практикалық конференцияларға қатысуы

Барлығы

1 Шүйінішқалиева Р 3 5 2 9 20 39

2 Испусинова Л 10 12 10 30 10 72

3 Кенжалиева Ж 13 2 6 20 41

4 Зәкиева Г 3 4 2 9 20 20 10 68

5 Нұғыманова З 2 2

6 Ұлықпанова Қ 3 8 5 10 10 36

7 Бабағұмарова Ж 4 2 6

8 Таласбаева Қ 2 7 5 14

9 Гильманова Д 3 5 2 10

Page 21: Бірлестіктің атқарылған жұмыстарының қорытындысы

“Атадан туған аруақты

ер” атты қалалық ХІ

Махамбет оқуларында

10-сынып оқушысы

З.Тарих 2-орын

иеленді. (Зәкиева Г)

“Балалық шақтың сүйікті кітаптары” атты акцияда “Кітап-біздің досымыз”шығарма сайысының бас жүлдесін 11-сынып оқушысы А.Құбашева жеңіп алды. (Зәкиева Г)

Ғылыми жобалар сайысында 9-сынып оқушысы Қарсақ Арай 2-орын иеленді. (Испусинова Л)

Ғылыми жобалар

сайысында 8-сынып

оқушысы Б.Алдоңғар

3-орын иеленді.

(Таласбаева Қ)

Ғылыми жобалар сайысында 9-сынып оқушысы Қарсақ Арай 2-орын иеленді. (Испусинова Л)

Қалалық Мұқағали

оқуларынан 10-сынып

оқушысы З.Тарих

2-орын иеленді.

(Зәкиева Г)

Page 22: Бірлестіктің атқарылған жұмыстарының қорытындысы

“Бәйгеге барыңды сал, жас ақын!” атты қалалық байқаудан 10-сынып оқушысы З.Тарих 2-орын иеленді. (мұғалімі:Зәкиева Г)

Page 23: Бірлестіктің атқарылған жұмыстарының қорытындысы

Мектепте 1-9 сыныптар аралығында гуманитарлық бағытта ашылған 9 гимназия сыныбы бар. Онда қазіргі таңда 160 оқушы оқиды. Бұл сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі тереңдетіліп оқытылады.Оқу жылының бірінші жарты жылдығы бойынша оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша білім деңгейін талдау мақсатында жан-жақты тексеру жүргізілді.Біріншіден оқушылардың сауаттылығын тексеру мақсатында жүргізілген жазба жұмыстарының қорытындысы төмендегідей:

Қазақ тілі пәні бойынша:

Сынып Оқушы саны

І жарты жылдық бойынша үлгерім

Жүргізілген диктант қорытындысы

Сапа Айырма Үлгерім

5 4 3 сапа 5 4 3 2

5 «А» 19 3 13 3 84% 3 13 3 - 84% - 100%

6 «А» 19 5 10 4 80% 6 10 2 1 84% -4 99%

7 «А» 16 1 11 4 75% 1 10 15 - 68% -5 100%

8 «А» 16 6 7 3 81% 4 8 4 - 75% -6 100%

9 «А» 18 4 8 6 67% 4 7 7 - 61% -6 100%

5-9 88 19 49 20 77% 18 44 23 1 72% -5 99%

Әдебиет пәні бойынша:Әдебиет пәні бойынша:Сынып Оқушы

саныІ жарты жылдық бойынша

үлгерімЖүргізілген диктант

қорытындысыСапа Айырма Үлгерім

5 4 3 сапа 5 4 3 2

5 «А» 19 3 13 3 84% 3 12 4 - 79% -6 100%

6 «А» 19 6 10 3 84% 5 10 4 1 83% -1 99%

7 «А» 16 2 11 3 81% 2 12 2 - 87% +6 100%

8 «А» 16 4 8 4 75% 8 6 2 - 87% +13 100%

9 «А» 18 4 8 6 67% 4 8 6 - 67% - 100%

5-9 88 19 50 19 78% 21 46 21 1 76% -2 99%

Page 24: Бірлестіктің атқарылған жұмыстарының қорытындысы

Пән мұғалімдерінің 2012-13 оқу жылындағы жетістіктері Қалалық “Жас мұғалім-2013” сайысында мектебіміздің жас маманы Таласбаева Қарлығаш топ ішінен оза шауып, бас жүлдені қанжығасына байлап қайтты. Қалалық педагогикалық оқуда біліктілік шеберлігімен көзге түскен Зәкиева Гүлайым алғыс хатпен марапатталды.

Қалалық “Жас мұғалім-2013” сайысында мектебіміздің жас маманы Таласбаева Қарлығаш топ ішінен оза шауып, бас жүлдені қанжығасына байлап қайтты. Қалалық педагогикалық оқуда біліктілік шеберлігімен көзге түскен Зәкиева Гүлайым алғыс хатпен марапатталды.

Page 25: Бірлестіктің атқарылған жұмыстарының қорытындысы

Мектеп оқушыларының ҰБТ-ге дайындығы жөніне келсек, 11-сыныптың қазақ сыныбында 22 оқушы, ал орыссыныбында 8 оқушы бар. «Үздік аттестатқа» үміткер - 1, «Алтын белгіге» үміткер - 1. Мектепте оқушылармен жиі тестжұмыстары жүргізіліп отырады. Және де ай сайын оқушылар Ұлттық тестілеу орталығынан тест тапсырып отырады. Әртесттен кейін сараптама жасалып, мұғалімдердің, оқушылардың, тоқсан сайын ата – аналардың алдында талқығасалынды.Оқушылардың кемшіліктері анықталып, қосымша сабақтарда сол кемшіліктер бойынша жұмыс жүргізілді.ҰБТ бойынша ата – аналар, оқушылар жиналыстары өткізіліп тұрады.Пән мұғалімдері әр каникул сайын қосымшасабақтар өткізіп тұрады.Сынып жетекшілері, ата –аналар оқушылардың сабаққа келуін бақылап отырады.

Пән мұғалімдері оқушыларды ҰБТ барысында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсыныпбекіткен, сыныптарға арналған оқулықтарды міндетті түрде негізге ала отырып, әр түрлі тақырыптар бойыншақұрастырылған жинақтар, түрлі нұсқадағы тестер, деңгейлік тапсырмалар, логикалық сұрақтар арқылы жұмыстаржасайды. Тілдік талдау- ана тілінен берілетін білімнің негізін салуға, оны саралауға, еске қайта түсіруге, білімдітиянақтауға мүмкіндік беретін қолайлы тәсіл. Мектеп тәжірибесінде тілдік талдаудың фонетикалық, лексикалық,сөзжасамдық, морфологиялық, синтаксистік, этимологиялық, орфографиялық түрлері жеткізілді. Жеке оқушыларменжұмыс жүргізіліп отырылды.

2 оқушы ҰБТ-ге қатыспай, мектептен емтихан тапсыруға өтініш білдірді.Ұлттық тестілеу орталығынан тестіне жүргізілген сараптамасы бойынша 11-сынып оқушыларының сапа

көрсеткіштері төмендегідей нәтижеде:• Қыркүйек айында оқушы саны-30. Жалпы орта балл-13, сапа-43% ; үлгерім-97%; 11 «б» сынып оқушысыҚайырболатов А «екі» алды. • Қазан айында оқушы саны-30. Орта балл-16; сапа-73%; үлгерім-100%• Қараша айында оқушы саны-30; Орта балл-17; сапа-86%; үлгерім-100%• Желтоқсан айында оқушы саны-30; Орта балл-15; сапа-63%; үлгерім-100%• Қаңтар айында оқушы саны -28; Орта балл-17• Ақпан айында оқушы саны-28; Орта балл-18• Наурыз айында оқушы саны- 28; Орта балл – 18• Сәуір айында оқушы саны -28; Орта балл – 17• Мамыр айында оқушы саны -28: Орта балл -18

02468

1012141618

қыркүйек қазан қараша желтоқсан

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан

16,4

16,6

16,8

17

17,2

17,4

17,6

17,8

18

қаңтар ақпан наурыз сәуір мамыр

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

Page 26: Бірлестіктің атқарылған жұмыстарының қорытындысы

0

5

10

15

20

11 А 11 Б 11 В

11 А

11 Б

11 В

2013 жылдың 4 маусым күні 11-сыныптың 28 оқушысы ҰБТ тапсырды. ҰБТ қорытындысы төмендегідей нәтиже берді:11 “а” сынып -11 оқушы; Орта балл- 18,7; Сапа – 91%11 “б” сынып -10 оқушы; Орта балл- 15; Сапа – 60%11 “в” сынып -7 оқушы; Орта балл- 16; Сапа – 71%

ҰБТ қорытындысы

Page 27: Бірлестіктің атқарылған жұмыстарының қорытындысы

0

10

20

30

40

50

60

70

80

90

5 6 7 8 9 10 11 5 11

I токсан

ІІ токсан

ІІІ токсан

ІV токсан

5 6 7 8 9 10 11 5 11 I токсан 63 54 52 51 34 69 73 54ІІ токсан 60 50 53 50 36 68 73 53ІІІ токсан 68 51 57 54 37 64 83 57ІV токсан 63 46 58 54 35 68 77 54

2012-2013 оқу жылындағы қазақ тілі пәнінен сапа көрсеткіштері

Page 28: Бірлестіктің атқарылған жұмыстарының қорытындысы

2012-2013 оқу жылындағы қазақ әдебиеті пәнінен сапа көрсеткіштері

0

10

20

30

40

50

60

70

80

5 6 7 8 9 10 11 5 11

I токсан

ІІ токсан

ІІІ токсан

ІV токсан

5 6 7 8 9 10 11 5 11 I токсан 68 51 61 49 36 69 73 56ІІ токсан 60 50 59 52 36 72 80 55ІІІ токсан 72 50 57 54 37 64 80 56ІV токсан 67 49 60 54 35 76 73 56