Аспаптар жайлы слайд

15
Атаның – асыл мұрасы Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының қасиетті аспабы домбыра және оның түрлерімен, басқа да саз аспаптарымен, куйшілерімен таныстыру. Атадан қалған асыл мұраларды қадірлей білуге, елін – халқын, салтын сүюге тәрбиелеу.

Upload: erjan-beisenhojaev

Post on 15-Jun-2015

2.251 views

Category:

Education


14 download

DESCRIPTION

Оқушыларды қазақ халқының қасиетті аспабы домбыра және оның түрлерімен, басқа да саз аспаптарымен, куйшілерімен таныстыру.

TRANSCRIPT

Page 1: Аспаптар жайлы слайд

Атаның – асыл мұрасы

Тәрбие сағатының мақсаты:Оқушыларды қазақ халқының қасиетті аспабы домбыра және оның түрлерімен, басқа да саз аспаптарымен, куйшілерімен таныстыру.Атадан қалған асыл мұраларды қадірлей білуге, елін – халқын, салтын сүюге тәрбиелеу.

Page 2: Аспаптар жайлы слайд

Күй ойнайды қазағымның қанында Күй ойнайды қазағымның жанында.Жүрегімнің, жүрегімнің дүрсіліКүмбірлеген домбырасы барында, – деп жырлағандай қазақ халқының домбырасы үлкен рухани адамгершілік мектебі. Ұлттық дәстүр мен салт-сана тағылымын жастар бойына дарытып, оның жан дүниесін оятуда, өнерге деген ынтастын арттыруда қазақтың қасиетті де киелі қара домбырасының атқаратын рөлі ерекше.“Қолына домбыра ұстаған балаға имандылық пен дарындылықтың жылуы дарып, қатыгездіктен аулақ болады” деген нақыл сөзде үлкен шындық бар.

Page 3: Аспаптар жайлы слайд

Ежелгі заманнан бері ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатырған асыл мұралардың бірі домбыра. Домбыра аты аталса дала төсін күйге бөлеп өткен небір дүлдүл домбырашылар есімдері тілге оралады. Ендеше мына суреттерге назар аударып қаралық, олар атақты күйшілер:

Қорқыт ата, Асанқайғы, Байжігіт, Тәттімбет, Құрманғазы, Абыл, Дәулеткерей, Қазанғап, Өскінбай, Дина Нұрпейісовалар.

Page 4: Аспаптар жайлы слайд
Page 5: Аспаптар жайлы слайд

Келесі кезекте қазақтың қасиетті де киелі қара домбырасының түрлерімен, оның құрылысымен танысайық.

Қазақ халқы тек қана домбыра емес, басқа да көптеген саз аспаптарымен ойнай білген. Енді солардың кейбіреулеріне тоқталайық.

Page 6: Аспаптар жайлы слайд

Қос ішекті домбыра

Екі жақты домбыра

Үш ішектідомбыра

Кең шанақтыдомбыра

Қуыс шанақтыдомбыра

Page 7: Аспаптар жайлы слайд

ДОМБЫРАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

Page 8: Аспаптар жайлы слайд

Сыбызғы – үрлеп ойнайтын ескі музыкалық аспап, барлық басатын үш тесігі бар. Үрлеу арқылы дыбыстардың жиырмадан астам түрлері пайда болады.

Сыбызғы негізінен ағаштан және құрайдан жасалады.

СЫБЫЗҒЫ

Page 9: Аспаптар жайлы слайд

Даңғыра – ұрып ойнайтын музыкалық аспап.

Даңғыраның ағаш шеңберінің бір беті ғана терімен

қапталады.

ДАҢҒЫРА , АСАТАЯҚ

Page 10: Аспаптар жайлы слайд

Саз – сырнай – алты тесікті үрлеп ойнайтын

аспап. Саздан жасалады. Мұның бетіне

өрнектер салынады. Тесіктерінің саны

әртүрлі болады.

САЗ – СЫРНАЙ

Page 11: Аспаптар жайлы слайд

Жетіген – жеті ішекті, шертіп ойнайтын музыкалық

көне аспаптардың бірі. Бұрауы жоқ. Сондықтан оның

құлақ күйі жеті астықты ілгерілі – кейінді орналастыру

арқылы келтіріледі. Дыбыс шектерді саусақтармен іліп

қағу арқылы шығады шанағы тұтас ағаштан ойылып

жасалады.

ЖЕТІГЕН

Page 12: Аспаптар жайлы слайд

Тастауық – үрлеп ойналатын аспап

саздан күйдіріліп жасалады. Дыбыс

шығаратын жеті тесігі бар.

ТАСТАУЫҚ

Page 13: Аспаптар жайлы слайд

Үскірік үрлеп ойналатын ескі аспап. Саусақпен басып дыбыс шығарылатын үш

тесігі бар. Саз балшықтан күйдіріліп жасалады. Тесіктер саны бесеуі бар түрі де бар. Бетіне

өрнектер салынып, жыланкөзбен көмкерілген.

ҮСКІРІК

Page 14: Аспаптар жайлы слайд

Ұран – үрлеп ойналатын аспап. Оны бұрын

жауынгерлер көп пайдаланатын болған. Ұран – өзегі

алынып, қаққа бөлінген іші қуыс екі ағашты

қайта біріктіріп, сырты қайыспен орап жасалады.

ҰРАН

Page 15: Аспаптар жайлы слайд

1.Қазақ халқының ұлттық саз аспабы2.Абылдың күйі3.Ұрып ойналатын аспап4.Құрайдан жасалған үрлеп ойналатын үш тесігі бар аспап.5.Ысқышпен ойналатын музыка аспабы6.Саусақпен басып дыбыс шығаратын үш тесігі бар саздан жасалған аспап.7.Жеті ішекті музыка аспабы8.Екі түтіктен құрылған музыка аспабы 9.Саздан күйдіріліп жасалған үрлеп ойналатын музыка аспабы

М

А

Ң

Ғ

Ы

С

Т

А

У

СӨЗЖҰМБАҚд о б ы р а

Б Ы Л

Д А Ғ Ы Р А

С Ы Б Ы З Ы

Т А С Т А Ы Қ

Ұ Р Н

І Г Е НЕЖ

Ү К І Р І К

Қ О Б З