Менің НАМАЗЫМ - Исламның екінші тірегі

40
менің НАМАЗЫМ Исламның екінші тірегі Шынында, намаздарында тағзым-итағатпен мойынсұнушы мүминдер құтылды. «Әл-Му’минун» сүресі, 1–2 аяттар Намаз үйренушілерге арналған рет- ретімен бейнеленген нұсқаулық © «Всё об исламе» (www.musulmanin.com)| Қазақ тіліне аударған «Абу Ханифа мирасы» сайтының редакциясы. САТУҒА БОЛМАЙДЫ

Upload: -

Post on 14-Jun-2015

554 views

Category:

Education


30 download

DESCRIPTION

МЕНІҢ НАМАЗЫМ Исламның екінші тірегі Шынында, намаздарында тағзым-итағатпен мойынсұнушы мүминдер құтылды. «Әл-Му’минун» сүресі, 1–2 аяттар Намаз үйренушілерге арналған рет-ретімен бейнеленген нұсқаулық Қазақ тіліне аударған «Абу Ханифа мирасы» сайтының редакциясы. САТУҒА БОЛМАЙДЫ Кітапты Pdf форматта жүктеп алу: http://islamic.kz/files/book/kaz/fikh/Menin_NAMAZYM_KAZ.pdf Дерек көзі: www.islamic.kz

TRANSCRIPT

Page 1: Менің НАМАЗЫМ - Исламның екінші тірегі

меніңНАМАЗЫМ

Исламның екінші тірегі

Шынында, намаздарында тағзым-итағатпен мойынсұнушы мүминдер құтылды.

«Әл-Му’минун» сүресі, 1–2 аяттар

Намаз үйренушілерге арналған рет-ретімен бейнеленген нұсқаулық

© «Всё об исламе» (www.musulmanin.com)| Қазақ тіліне аударған «Абу Ханифа мирасы» сайтының редакциясы. САТУҒА БОЛМАЙДЫ

Page 2: Менің НАМАЗЫМ - Исламның екінші тірегі

Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) аты аталған кезде мұсылмандар ол үшін салауат айтуы керек. Арабша бұл дұға былай айтылады: صلى هللا علیھ وسلم Саллә Ллаһу аләйһи уа сәлләм. Оның мағынасы келесідей: оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын. Бұл басылымда салауаттың арабша мәтіні лигатурасы түрінде берілген.

Page 3: Менің НАМАЗЫМ - Исламның екінші тірегі

1

Намаз – Исламның тіректерінің бірі Намаз - Аллаһ Тағала мүминдерге парыз еткен ғибадаттың ең бірінші түрі. Бұл Пайғамбардың көкке көтерілген миғраж кезінде орын алған болатын. Намазды әрбір кәмелетке жеткен әрі ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылман орындауға міндетті.

Намаз – бұл мүмин адам Қиямет Күні сұралатын ең бірінші амал. Өйткені Аллаһтың Елшісі былай деп айтқан:

«Қиямет Күні Аллаһтың құлы есепке тартылатын ең бірінші амал намаз болады. Егер ол оны дұрыс орындаған болса, онда оның қалған амалдары да жақсы болады. Ал егер ол дұрыс болмаса, онда оның қалған амалдары да дұрыс болмайды».

Намаздың маңыздылығының ұлықтығы сонша – Аллаһ Тағала оны бізге кез-келген жағдайда: сау-саламат кезімізде және ауырғанда, тұрып, отырып немесе жатып, сапарда және үйде, қауіпсіздікте және бізге әлдебір нәрсе қауіп төндірген тұста орындауды бұйырды.

Намаз біздің бұл дүние мен Ақыретте жетістікке жетуіміздің кілті. Аллаһ Тағала бұл туралы Өзінің Ұлы Кітабында: «Шындығында, намаздарында тағзым-итағатпен мойынсұнушы мүминдер құтылды», - деді (23:1–2). Ал басқа аяттарда былай деп айтылады: «Олар намаздарына ұқыпты. Міне, солар - мұрагерлер. Олар онда мәңгі қалатын Фирдауыс жәннатына мұрагер болады» (23:9–11).

Намаз өте жеңіл, әрі мүминнің жаны мен тәніне, жеке адамға және тұтас қоғамға өте үлкен пайда келтіреді. Намаз біздің әрбірімізді Раббымызбен байланыстырады. Оны орындаудан бұрын біз тәніміз бен жанымызды тазалаймыз. Біз Раббымыздың алдында тағзым-итағат пен мойынсұнушылыққа толы кұйде тұрып, Ол бізге намаз кезінде орындауға бұйырған Аллаһты зікір ету, Құран оқу, рукуғ пен сәжделер жасау, отыру және қиямда тұру сияқты амалдар арқылы жақындаймыз, әрі осы дүние мен Ақыреттің игілігін сұраймыз.

Намаз иманды арттырады, күнәларды өшіреді, кісіні ізгі және салиқалы адамдармен бір қатарға қояды, оған дінде және дүние істерінде көмектеседі әрі оны жаман және жексұрын нәрселерден қорғайды.

Намаз — Исламның ең маңызды құрамдас бөліктерінің бірі, сондықтан да Аллаһ Тағала оны басқа ешқандай ғибадат түрін жеңілдетпегендей жеңілдетті. Аллаһ оның қажетті шарттары мен рүкін-тіректерін оңайластырды, ал оның құрамындағы амалдардың мөлшерін көп емес етті.

Бұл буклеттің мақсаты — сіздерге намазды Мухаммад Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, орындағандай етіп дұрыс орындауды үйренуге көмектесу.

Басқаша айтқанда алдыларыңызда сізге дәрет алуды және намаз оқуды үйрететін әрі оларды тұрақты түрде орындауға жақсы түрткі болатын, жеңілдетілген әрі рет-ретімен сүреттелген нұсқаулық тұр.

Page 4: Менің НАМАЗЫМ - Исламның екінші тірегі

Намаздағы кейбір сөздер мен амалдардың Сүннетте бекітілген әрі біз оқып үйренуіміз керек болған әртүрлі үлгілері бар. Алайда намаздың парыз екендігін әрі оны орындауды барынша ертерек бастау қажет екендігін ескеріп, біз осы буклетте сіздердің назарларыңызға (Сүннетке сәйкес) намаз оқудың бір нұсқасын ғана ұсынамыз. Оны зерттеп-үйреніп, сіз таяу уақыт ішінде мүминнің Аллаһ Тағала алдындағы осы өте маңызды міндетін орындауды бастай аласыз.

Намаздың толығырақ сүреттемесін сіз, мысалы, «Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, намазының сипаттамасы» атты кітабынан оқи аласыз. Бұл кітаптың орыс тіліндегі нұсқасын дүкендерден де, Интернеттен де (ал қазақ тіліндегі нұсқасын Интернеттен) табуға болады.

Аллаһ Тағаладан біздің осы шағын шамалы еңбегімізді қабыл етуін және кемшіліктерімізді кешіруін сұраймыз. Біз осы буклеттің Аллаһ Тағаланың қалауымен сіздер үшін пайдалы болатынына өте үлкен үміт артамыз.

Page 5: Менің НАМАЗЫМ - Исламның екінші тірегі

3

НАМАЗ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Бұл шариғат тұрғысынан кәмелетке жеткен және Аллаһ Тағалаға мойынсұнған әрбір мұсылман адам күніне бес рет орындауға міндетті болған ғибадат. Намаз — бұл адамның Жаратушы Аллаһ Тағаламен байланысы.

ИСЛАМНЫҢ ЕКІНШІ ТІРЕГІНамаз — Исламның екінші тірегі. Намазды орындау – мұсылманның бірқұдайшылық куәлігінен және Мухаммадтың пайғамбарлық миссиясын мойындаудан кейінгі ең бірінші парызы.

Иманның бұл тірегінің ұлықтығы сонша – Аллаһ Тағала оны бізге кез-келген жағдайда бұлжытпай орындауды бұйырды.

НАМАЗ КІМДЕРГЕ ПАРЫЗ?

Намазды кәмелетке жеткен ақыл-есі дұрыс әрбір мұсылман орындауға міндетті. Кәмелетке жеткендік Исламда келесі белгілердің біреуімен анықталады:

1) Ұрық шығудың (поллюция) пайда болуы;2) Шаттың үстінде қатты түктің пайда болуы;

3) Қыздарда етеккірдің келуі;4) (Ай күнтізбесі бойынша) 15 жасқа толу.

Page 6: Менің НАМАЗЫМ - Исламның екінші тірегі

2 ракат

3 ракат

4 ракат

4 ракат

4 ракат

4

КҮНДЕЛІКТІ БЕС УАҚЫТ НАМАЗ

Фәжр — таң намазыТаң атқаннан күн шыққанға дейінгі уақытта орындалады. Әрқайсысы ракағат деп аталатын екі намаздық циклден тұрады.

Мағриб —ақшам намазы

Күн батқан бойда орындалады. Үш ракағаттан тұрады.

Зухр — бесін намазы Күн тас төбеден ауа бастағаннан кейін орындалады. Төрт ракағаттан тұрады.

‘Аср — екінті намазыОның уақыты шамамен түс пен күн батудың ортасында кіреді. Төрт ракағаттан тұрады.

‘Иша’ — құптан намазыОның уақыты аспанда күн батқаннан кейінгі қызыл шапақ жоқ болғаннан кейін басталады.Төрт ракағаттан тұрады.

Page 7: Менің НАМАЗЫМ - Исламның екінші тірегі

5

НАМАЗДЫ ӨЗ УАҚЫТЫНДА ОРЫНДАУ Әрбір намазды оның уақыты кірген бойда оқыған жақсырақ екенін есте сақтаған маңызды (бұл төрт намазға ғана қатысты, әрі құптан (‘иша’) намазы бұған жатпайды). Намазды үзірсіз кейінге қалдырып оқуға рұқсат етілмейді, ал оны уақыты өтіп кеткенге дейін кешіктіруге тіпті рұқсат жоқ.

ҚАЗА ЕТІЛГЕН НАМАЗДАРНамазды әдейілеп өткізіп алу - үлкен күнә; ал әдейі емес қаза болған намаз (мысалы, егер мүмин адам оны ұйықтап қалып немесе ұмытып қалып қаза еткен болса) еске түскен бойда өтелуі керек. Қаза болған намаздар тура өз уақытында орындалатын намаздар сияқты өтеледі.

НАМАЗ КЕСТЕСІНамаздарды өз уақытында оқу үшін мешіттер (сайттар) тарататын намаз кестелерін пайдаланған өте ыңғайлы.

Аллаһ Тағала былай деді: «Расында, намаз мүминдерге белгілі уақытта парыз етілді» ("ән-Ниса" сүресі, 103 аят).

Page 8: Менің НАМАЗЫМ - Исламның екінші тірегі

6

МІНДЕТТІ (ПАРЫЗ) ЖӘНЕ (ҚОСЫМША) СҮННЕТ НАМАЗДАР Төменде келтірілген кестеде сіздер парыз және сүннет намаздарының ракағаттар санын таба аласыз. Қосымша деп мүмин адам оларды орындаса - Аллаһтан сый-сауап алатын, ал оқи алмай қалса -күнә болмайтын намаздар аталады.

НамазПарыздан алдыңғы сүннет

ПарызПарыздан кейінгі сүннет

фәжр 2 2* —

зухр 2+2 немесе 4 42 немесе 2+2 немесе 4

‘аср 2+2 немесе 4 4 —

мағриб 2 3* 2

‘иша 2 немесе 4 4* 2

* Бұл намаздардың алғашқы екі ракағаттарындаҚұран аяттары дауыстап оқылады. Қалғанракағаттарда олар сыбырлап оқылады.

Page 9: Менің НАМАЗЫМ - Исламның екінші тірегі

7

ТАЗАЛАНУ (ДӘРЕТ)

Ислам тазалыққа өте үлкен мән береді.

Намазға кірісуден бұрын мүмин адам ниетін, денесін және киімін тазартуы қажет.

Жеке және жалпы тазалық мұсылман адамның өмірінде маңызды орынға ие. Намаздың алдында ол денесінде, киімінде және намаз орындайтын жерінде зәр-нәжестің немесе өзге де лас нәрселердің болмауын қадағалауы керек.

Үлкен немесе кіші дәрет сындырғаннан кейін кейін, мүмкіндік болса әрі егер бұл денсаулыққа зиян тигізбесе, сумен тазаланған абзал болады.

Белгілі жағдайларда мұсылман адамға толық шомылып ғұсыл алу міндетті болады.

НИЕТ

Мұсылманның барлық іс-әрекеті ниетпен қабаттас болуы керек. Ниет іс-әрекет жасаудан бұрын жасалады және осы іс-амал тек Аллаһ Тағала үшін ғана орындалатынын тұспалдайды. Ниеттің орны - жүректе. Ниет тілмен айтылмайды.

Аллаһ Тағала былай деді: «Расында, Аллаһ тәубе етушілерді жақсы көреді және тазаланушылар-ды жақсы көреді» ("әл-Бақара" сүресі, 222 аят).

Аллаһтың Елшісі былай деді: «Расында, амалдар ниетке қарай бағаланады, әрі әрбір адам ниет еткен нәрсесін ғана алады...»

Page 10: Менің НАМАЗЫМ - Исламның екінші тірегі

ДӘРЕТ АЛУ (УУДУ’)

Page 11: Менің НАМАЗЫМ - Исламның екінші тірегі

9

ДӘРЕТ АЛУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Аллаһтың Елшісі : «Дәреті бұзылғанның намазы ол дәрет алмайынша қабыл болмайды», - деді.

ДӘРЕТ АЛУДЫҢ БЕРЕКЕСІАллаһтың Елшісі былай деп айтты: «Аллаһтың мүмин құлы [дәрет алып жатып] ауызын шайғанда, оның күнәлары ауызынан (жуылып) түседі. Ал ол мұрнын жуғанда, оның күнәлары мұрнынан (жуылып) түседі. Ол бетін жуғанда, күнәлары оның бетінен әрі тіпті қабағының астынан (жуылып) түседі. Ол қолдарын жуғанда, оның күнәлары қолдарынан, тіпті тырнақтарының астынан (жуылып) түседі. Ол басына масих тартқанда, оның күнәлары басынан, тіпті оның құлағының ішінен (жуылып) түседі. Әрі ол аяқтарын жуғанда, күнәлары оның аяғынан, тіпті аяқ тырнақтарының астынан (жуылып) түседі».

ДӘРЕТ АЛУДАН БҰРЫНҚажеттілік болып жатса, кіші дәрет сындыру. Дәрет сындырған соң сумен тазаланған абзал болады.

Тісті сиуакпен (немесе әдеттегі тіс щеткасымен) тазалаған дұрыс, алайда бұл міндетті емес, бірақ мүмкіндік болса, оны орындаған жақсы болады, өйткені бұған бізді Пайғамбар үндеген.

Бұл - жай гигиеналық тазалану емес, осыдан кейін орындалатын намаз үшін алынатын дәрет деп ниет ету.

1

2

3

Page 12: Менің НАМАЗЫМ - Исламның екінші тірегі

10

кезек 1

кезек 2

ДӘРЕТТІ РЕТ-РЕТІМЕН АЛУДЫҢ ҮЛГІСІ

МҰСЫЛМАН АДАМ ДӘРЕТ АЛУҒА КІРІСЕРДЕ КЕЛЕСІ НӘРСЕЛЕРДІ ІСТЕЙДІ.

×3

Би-сми Лләһи Аллаһтың атымен

Жүрегінде дәрет алуға ниет жасап, басмәләны айтады:

Екі қолын білезіктерін қоса жақсылап жуады, әрі осы орайда саусақтарының арасын да жуып шығады.

�سم ا��

Page 13: Менің НАМАЗЫМ - Исламның екінші тірегі

11

шаг 3

кезек 4

кезек 5

Ауызын үш рет шаяды. Оң уысымен ауызына су алып, ауыз қуысын үш рет шаяды да, суды түкіріп тастайды.

Мұрнын үш рет шаяды. Оң алақанымен мұрнына мүмкіндігінше тереңірек су алады да, содан соң оны сол қолының көмегімен сіңгіріп тастайды. (Ауыз бен мұрынды шаюды бір мезетте істеуге болады.)

Бетін маңдай үстіндегі шаш шекарасынан иекке дейін әрі құлақтан құлаққа дейін түгел жуады. Осы орайда аталған жердің барлығына су толық тиюін қадағалау қажет. Бетті бір рет жуса да, үш рет жуса да болады. (Егер мұсылман адамның сақалы болса, онда ол уысына тағы да бөлек су алып, оны иегіне бүркеп, ылғал саусақтарымен сақалының араларын түбіне дейін тарап шығуы керек болады.)

×3

×3

×1

Page 14: Менің НАМАЗЫМ - Исламның екінші тірегі

12

Екі қолын оң қолынан бастап шынтақтарына дейін үш рет жуады.

Ылғал саусақтарымен басын маңдайдағы шаштың шекарасынан желкеге дейін әрі кері қарай бір қозғалыспен бір рет сүртеді.

Ылғал сұқ саусақтарымен құлағының ішкі жағын, ал бас бармағымен құлақтың артқы жағын бір рет сүртеді; екі құлақ та бір мезетте сүртіледі.

кезек 6

кезек 7

кезек 8

×3

×1

×1

Page 15: Менің НАМАЗЫМ - Исламның екінші тірегі

13

кезек 9

кезек10

×3Оң аяғынан бастап екі аяғын тобықтарын қоса үш рет жуады. Аяқ саусақтарының арасын да жуу қажет.

Әшһаду ән лә иләһа иллә Ллаһу уахда-һу лә шарика лә-һу уа әшһаду әннә Мухаммадан ‘абду-һу уа расулю-һу Серігі жоқ жалғыз Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ деп куәлік етемін, және Мухаммад Оның құлы әрі елшісі деп куәлік беремін.

Аллаһуммә ж‘әл-ни мин әт-таууабина уа-ж‘әл-ни мин әл-мутатаххирина Я Аллаһ, мені тәубе етішілерден ете гөр және мені тазаланушылардан ете гөр!

�وحده ال شریك أشھد أن ال إلھ إال هللادا عبده ورسولھ لھ وأشھد أن محم

ابین واجعلني من و اللھم اجعلني من التالمتطھرین

Page 16: Менің НАМАЗЫМ - Исламның екінші тірегі

14

Аллаһтың Елшісі жақсылап дәрет алып, кейін осы сөздерді айтқан кез-келген адамның алдынан міндетті түрде Жәннаттың сегіз қақпалары ашылады да, ол қалағанына кіреді деп айтқан.

МАСИХ ТАРТУДәрет алғанда аяқты жуудың орнына шұлықтың немесе аяқ киімнің ұстінен ылғал қолмен масих тартуға (сүртуге) рұқсат етіледі, бірақ шұлық немесе аяқ киім дәретті күйде аяқ жуылғаннан кейін бірден киілген болуы әрі содан кейн шешілмеген болуы шарт. Табанның тек үстінгі жағына және тек бір рет қана масих тартылады.

Мұндай масих тарту бір тәуліке рұқсат етіледі, ал сапардағы адамға - үш тәулікке. Осы мерзім өткен соң келесі дәрет алу кезінде аяқты жуу қажет болады, осыдан соң тағы да масих тартуға рұқсат етілген жаңа мерзім басталады.

Сондай-ақ, егер дәрет алу кезінде жуылуға тиісті қандай да бір жерде жарақат болатын болса, онда жуудың орнына жараға қойылған таңғыштың үстінен ылғал қолмен масих тартуға рұқсат етіледі.

Page 17: Менің НАМАЗЫМ - Исламның екінші тірегі

15

ДӘРЕТТІ НЕ БҰЗАДЫ?

Келесі нәрселер дәретті күйді бұзады, әрі оны қайта қалпына келтіру үшін қайта дәрет алу қажет болады:

1. Іштен желдің шығуы.2. Зәр не тезектің шығуы.3. Адам өзімен не орын алып

жатқанын сезбейтіндейтерең ұйқы, мастық, сондай-ақ ақыл мен есті жоғалтатынбасқа да жағдайлар.

4. Жыныстық мүшелергешақуатпен бөгетсізқолмен тию.

5. Шақуат көтерілген кезде шығатын сұйықтық (мәзи).

Келесі жағдайларда толық ғұсыл алу міндетті болады.

1. Жыныстық қатынас (тіптіұрық шықпаған болса да).

2. Ұрық шығу (мысалы, поллюция).

3. Етеккір немесе тууданкейінгі қансырау.

4. Исламды қабылдау.

Егер адам дәреті бұзылғанын не бұзылмағанын есіне түсіре алмаса, онда ол дәреті бұзылғанына анық көзі жетпейінше дәретті күйде болып саналады.

Әйел кісіге етеккірі келіп жатқанда және туудан кейінгі қансырау кезінде намаз оқуға тыйым салынады. Осы кезде қаза болған намаздар қайта өтелмейді.

Page 18: Менің НАМАЗЫМ - Исламның екінші тірегі

НАМАЗ

Page 19: Менің НАМАЗЫМ - Исламның екінші тірегі

17

НАМАЗДЫҢ АЛДЫНДАНамазға кірісуден бұрын мұсылман адам келесі нәрселерге көзі жетуі керек:

1 Дұрыс киінгеніне:

— ер адамның кіндігінен тізесіне дейінгі әуреті және иықтары жабық болуы, киімі кең әрі астынан денесі көрінбейтіндей, сондай-ақ тірі жандардың сүреттерінсіз болуы қажет.

— әйел кісі алақандары мен бетінен басқа бүкіл денесін жабуға тиіс, оның киімі кең әрі астынан денесі көрінбейтіндей, сондай-ақ тірі жандардың сүреттерінсіз болуы қажет (егер әйел кісі мешітке (не көшеге) шықса, онда оның үстінен әтірдің немесе басқа да сол сияқты заттардың хош иісі шықпауы керек.)

2 Оның киімі және намаз оқитын орны зәр, нәжесжәне сол сияқты лас нәрселерден таза екеніне.

3 Өзінің дәретті күйде екеніне.Аллаһтың Елшісі : " Аллаһ дәретсіз намазды қабыл етпейді", - деді [Муслим].

4 Намаздың уақытың кіргеніне. Аллаһ Тағала былай деді: «Расында, намаз мүминдерге белгілі уақытта парыз етілді».

5 Жүзінің қыблаға, яғни Меккедегі Қағба жаққа қараптұрғанына. Мұсылман адам қай жерде болса да, намазға кірісерде жүзін Мекке жаққа қаратуы керек. Қазіргі кезде арнайы компастар сатылады, ал мобилді телефондар үшін мұсылмандарға жердің кез-келген бөлігінде қыбланы қиындықсыз анықтауға көмектесетін бағдарламалар жасалған.

Егер мұсылман адам намазды жамағаттан бөлек оқуына тура келсе, немесе ол ашық жерде намаз оқиын деп тұрса, онда алдына өзін өтіп жатқан адамдардан бөлетін бөгет (сутра) қоюы керек. Оның биіктігі түйенің ер тоқымындай, ал намаз оқушыдан қашықтығы үш шынтақтақтай болуы керек.

Page 20: Менің НАМАЗЫМ - Исламның екінші тірегі

кезек 1

кезек 2

18

НАМАЗДЫ РЕТ-РЕТІМЕН ОРЫНДАУ

НАМАЗДЫҢ БІРІНШІ РАКАҒАТЫН ОРЫНДАУ Мұсылман адам жүзін қыблаға қаратып, белгілі парыз немесе сүннет намазын орындауды ниет етеді.

Ол тік тұрып, көзін сәжде жасайтын орнына қадайды, сосын қолын иық немесе құлақ тұсына дейін көтеріп, тәкбір айтады:

Аллаһу әкбару Аллаһ ұлы.

Субханә-кә Аллаһуммә уа бихамди-кә уа табара-кә сму-кә уа та‘алә жәдду-кә уа лә иләһа ғайру-кәСен пәксің, я Аллаһ, әрі Саған бүкіл мадақ, Сенің Есімің игі-берекелі, Сенің ұлылығын барлық нәрседен ұлы, және Сенен басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ!

Ол намазды ашатын дуғаны айтады. Бұл дұғаның әртүрлі үлгілері бар. Мысалы:

Ол оң қолын сол қолының үстіне көкірегіне қойып, былай деп айтады:

Ә‘узу би-Лләһи мин әш-шайтани р-ражими Лағынеттелген шайтаннан Аллаһқа сиынамын.

ك، سبحانك اللھم وبحمدك، وتبارك اسمك،وتعالى جدوال إلھ غیرك

هللا أكبر

جیم یطان الر أعوذ باہلل من الش

Page 21: Менің НАМАЗЫМ - Исламның екінші тірегі

«Әл-Фатиха» сүресін оқиды

19

Би-сми Лләһи р-Рахмани р-Рахим Аса Мейірімді, Ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!

Әл-хамду ли-Лләһи Рабби-ль- ‘аләминӘлемдердің Раббысы - Аллаһқа мадақ,

Әр-Рахмани-р-Рахим Аса Мейірімді, Ерекше Рахымдыға,

إ Иййакә нә‘буду уа иййакә нәстә‘инСаған ғана құлшылық етеміз әрі Сенен ғана жәрдем сұраймыз.

Иһди-на с-сырато ль-мустақим Бізді тура жолыңмен жүргізе гөр,

1

2

3

4

5

6

кезек 3

حیم حمن الر �الر بسم هللا

رب العالمین الحمد ہلل

حیم حمن الر الر

ین مالك یوم الدМәлики йауми-д-динҚиямет Күннің Патшасына.

اك نستعین اك نعبد وإی إی

راط المستقیم اھدنا الص

Page 22: Менің НАМАЗЫМ - Исламның екінші тірегі

20

Сырат алләзина ән‘амтә ‘аләй-һим ғайри ль-мағдуби ‘аләй-һим уа лә д-даллин Нығметке бөлегендеріңнің жолымен, қахаһарыңа ұшырағандардың және адасқандардың жолымен емес.

7

кезек 4

Әмин!Уа Аллаһ, тілегімізді қабыл ете гөр!

Егер бұл бірінші, не екінші ракағат болса, онда ол Құраннан тағы бір сүре оқиды. Құранның кейбір қысқа сүрелерін осы буклеттің соңында табуға болады. Үшінші және төртінші ракағатта тек "әл-Фатиха" сүресі оқылады.

Содан соң ол:

жалғасыкезек 3

дейді.

صراط الذین أنعمت علیھم غیرالین المغضوب علیھم وال الض

آمـین

Page 23: Менің НАМАЗЫМ - Исламның екінші тірегі

21

Ол екі қолын иық немесе құлақ тұсына дейін көтеріп, келесі сөздерді айтып, бойын түзейді:

кезек 5

кезек 6

кезек 7

Ол тік тұрған күйінде екі қолын алақандарын қыблаға қаратып иық немесе құлақ тұсына дейін көтереді де, тәкбір айтады:

Аллаһу әкбару Аллаһ ұлы.

Ол рукуғ жасап, онда қимылсыз тұрады, әрі келесі сөздерді үш рет айтады:

Субхана Раббийәл-‘Азыми Менің Ұлы Раббым Пәк.

Сами‘а Ллаһу ли-ман хамида-һуАллаһ Оны мақтағанды естиді.

×3

هللا أكبر

سبحان ربي العظیم

�لمن حمده سمع هللا

Page 24: Менің НАМАЗЫМ - Исламның екінші тірегі

22

Осы орайда оның мұрны мен маңдайы жерге тиеді, алақандары, саусақтары бір-біріне тығыз қысылған күйінде, иықтарымен немесе құлақтарымен бір сызықта жерге тіреледі. Оның білектері, шынтақтары еденге тимейтіндей етіп, көтеріліп ұсталады. Сондай-ақ оның тізелері мен тік қойылған табанының саусақтары да жерге тіреледі. Осы күйде ол үш рет былай деп қайталайды:

кезек 8

кезек 9

Бойын толық түзеп болып ол былай дейді:

Ол тәкбір айтып, сәждеге барады:

Рабба-нә уа лә-кәл-хамду Раббымыз, Саған мадақ!

Субхана Раббийәл-А‘лә Аса Жоғары Раббым Пәк.

×3

Аллаһу әкбару Аллаһ ұлы. هللا أكبر

نا ولك الحمد رب

سبحان ربي األعلى

Page 25: Менің НАМАЗЫМ - Исламның екінші тірегі

23

Намаздың бірінші ракағатты аяқталды. Енді намаз орындаушы намаздың екінші ракағатын орындауы керек (егер намаз екі ракағаттан тұрса, онда ол соңғы ракағат болып табылады).

кезек 11

кезек10

Субхана Раббийәл-А‘лә Аса Жоғары Раббым пәк.

Рабби ғфир-лиРаббым, мені кешіре гөр.

×3

×3

Аллаһу әкбару Аллаһ ұлы.

Аллаһу әкбару Аллаһ ұлы.

Ол тәкбір айтумен басын сәждеден көтереді:Кейін сол аяғының

табанын астына төсеп, оның үстіне отырады, ал оң аяғының табанын саусақтарын қыблаға қаратқан күйде жерге тіреп тік қояды. Екі қолын болса екі тізесінің үстіне қояды да, осы күйінде үш рет мына сөздерді айтады:

Ол тәкбір айтып, 9 кезекте суреттелген қалыпты қабылдаумен қайтадан сәжде жасайды: Осы қалпында ол келесі сөздерді үш рет қайталайды:

هللا أكبر

هللا أكبر

رب اغفر لي

سبحان ربي األعلى

Page 26: Менің НАМАЗЫМ - Исламның екінші тірегі

24

ЕКІНШІ РАКАҒАТТЫ ОРЫНДАУ

кезек 1

кезек 2

Ол тәкбір айтумен сәждеден бой түзеп, қайта тік тұрады:

Ол намаздың бірінші ракағатының сүреттемесіндегі 3–11 кезектерді қайталайды.

Аллаһу әкбару Аллаһ ұлы. هللا أكبر

Page 27: Менің НАМАЗЫМ - Исламның екінші тірегі

25

11 кезектен кейін ол тәкбір айтады:

Осыдан кейін ол тұрмастан 10 кезекте көрсетілген екі сәжденің арасында отырғандай қалыпта отыра береді. Отырған күйінде ол оң қолын жұдырыққа қысып, сұқ саусағын қыблаға қарата көтереді де, соған көзін тіккен күйде сыбырлап ташаһһуд сөздерін айтады:

кезек 3

Әт-тахиййату ли-Лләһи уа-с-соләуату уа-т-тоййибату Сәлемдер, намаздар және ең игі сөздер Аллаһқа,

әс-сәләму ‘аләй-кә әййуһа н-нәбиййу саған сәлем, уа Пайғамбар,

уа рахмату Ллаһи уа баракәту-һужәне Аллаһтың рахметі мен берекесі,

1

2

3

Аллаһу әкбару هللا ��كرب Аллаһ ұлы.

بات ی لوات والط� الت�حی�ات �، والص�

ا الن�يب� الم �لیك ��هي� الس�

ة هللا و�راكته ورمح

Page 28: Менің НАМАЗЫМ - Исламның екінші тірегі

26

әс-сәләму ‘аләй-на уа ‘алә ‘ибади Лләһи с-солихина .бізге және Аллаһтың салиқалы құлдарына сәлем.

Әшһаду ән лә иләһа иллә Ллаһу Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ екеніне куәлік беремін,

إ إуа әшһаду әннә Мухаммадан ‘абду-һу уа расулу-һужәне Мухаммад Оның құлы әрі елшісі екеніне куәлік беремін.

4

5

6

жалғасыкезек 3

الحین �الص الم علینا وعلى عباد هللا الس

�أشھد أن ال إلھ إال هللا

دا عبده ورسولھ وأشھد أن محم

Page 29: Менің НАМАЗЫМ - Исламның екінші тірегі

27

ӘРІ ҚАРАЙ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?Сонымен, кісі екі ракағат намазды орындады. Оның әрі қарай жасайтын іс-әрекеттері ол қандай намазды оқып жатқанына және ол намаз қанша ракағаттан тұратынына байланысты болады.

ФӘЖР

бірінші ракағат

екінші ракағат

ЗУХР; АСР; ИША

МАҒРИБ

28 б. қ-з.

намаздыаяқтау

бірінші ракағат

екінші ракағат

18 беттегі 3-11

кезектер

үшінші ракағат

24 б. қ-з.

төртіншіракағат

намаздыаяқтау

28 б. қ-з.

бірінші ракағат

екінші ракағат

үшінші ракағат

24 б. қ-з.

намаздыаяқтау

28 б. қ-з.

Page 30: Менің НАМАЗЫМ - Исламның екінші тірегі

28

Аллаһумма солли ‘алә Мухаммадин, уа ‘алә әли Мухаммадин, кә-ма солләйта ‘алә Ибраһима уа ‘алә әли Ибраһима. Иннә-кә Хамидун Мәжидун

إ

НАМАЗДЫ АЯҚТАУ

кезек 1

Ол келесідей үлгімен салауатайтады:

Аллаһумма барик ‘алә Мухаммадин, уа ‘алә әли Мухаммадин,кә-ма баракта ‘алә Ибраһима уа ‘алә әли Ибраһима. Иннә-кә Хамидун Мәжидун

мәнінде, Сен – Аса Мақтаулы әрі Даңқтысың!»

Уа, Аллаһ! Сен Ибраһимге және оның отбасына игілік еткеніңдей, Мухаммадқа және оның отбасына да игілік ет, шын мәнінде, Сен Аса Мақтаулы әрі Данқтысың!

د، د، وعلى آل محم اللھم صل على محم كما صلیت على إبراھیم، وعلى آل

إبراھیم، إنك حمید مجید، اللھم بارك علىد، كما باركت على د وعلى آل محم محم

إبراھیم وعلى آل إبراھیم، إنك حمید مجید

Page 31: Менің НАМАЗЫМ - Исламның екінші тірегі

29

Уа, Аллаһ! Сен Ибраһимге және оның отбасына береке бергеніңдей, Мухаммадқа және Мухаммадтың отбасына береке бер; шын мәнінде, Сен – АсаМақтаулы әрі Даңқтысың!

إ

إ

жалғасыкезек 1

әрі мына дұғаны да:

م، ! إني أعوذ بك من عذاب جھن اللھمو من عذاب القبر ، و من فتنة المح یا

و الممات، و من شر ]فتنة[ المسیح ال ج الد

Аллаһуммә, инни а‘узу би-кә мин ‘азәби жәһаннәмә, уа мин ‘азәби-л-қабри, уа мин фитнәти-л-мәхйя уәл-мәмәти, уа мин шәрри [фитнәти-] л-мәсиихи-д-дәжжәл.

Уа, Аллаһ, мен Өзіңе қабір азабынан, Жәһаннам (Тозақ) азабынан, өмір мен өлім бүлігінен және Дәжжәл бүлігінен пана тілеп сыйынамын.

Page 32: Менің НАМАЗЫМ - Исламның екінші тірегі

30

Осыдан кейін ол Аллаһқа Құран мен Сүннетте келген қалаған дұғасымен жалбарынады да, намазын таслиммен аяқтайды. Бұл үшін ол келесі нәрселерді істейді:

кезек 2

кезек 3

Ол басын оң жаққа бұрып, былай деп айтады:

Ол басын сол жаққа бұрып, былай дейді:

Әс-сәләму ‘аләй-кум уа рахмату Ллаһи Сендерге сәлем және Аллаһтың рахметі болсын.

Әс-сәләму ‘аләй-кум уа рахмату Ллаһи Сендерге сәлем және Аллаһтың рахметі болсын.

الم علیكم ورحمة هللا الس

الم علیكم ورحمة هللا الس

Page 33: Менің НАМАЗЫМ - Исламның екінші тірегі

31

Намаз аяқталды. Намаздан кейін қосымша амалдарды, сондай-ақ, егер осы намаздан кейін сүннет намаздар бар болатын болса, оларды орындаған абзал болады .

субхана Ллаһ Аллаһ пәк

әл-хамду ли-Лләһ Аллаһқа мадақ

Аллаһу әкбар Аллаһ ұлы

×33

×33

×34

Ол келесі сөздерді айтады:

Намаздан кейін орындалатын қосымша амалдар

هللا أكبر

سبحان هللا

والحمد ہلل

Page 34: Менің НАМАЗЫМ - Исламның екінші тірегі

32

ҚҰРАННЫҢ ҚЫСҚА СҮРЕЛЕРІТөменде келтірілген кез-келген сүрені намаздың бірінші және екінші ракағаттарында "әл-Фатихадан" кейін оқуға болады.

108 СҮРЕ: "ӘЛ-КӘУСАР"

Би-сми Лләһи р-Рахмани р-РахимАса Мейірімді, Ерекше Рахымды Аллаһтың атымен.

إИннә ә‘тойнә-кә-л-Кәусар, Расында, Біз саған Кәусарды сыйладық,

фә-солли ли-Робби-кә уә-нһар.Сондықтан Раббың үшін намаз оқы және құрбан шал.

إИннә шәниә-кә һууә-л-әбтәрАқиқатында, сені жек көрушінің өзі перзентсіз қалады.

1

2

3

حیم حمن الر �الر بسم هللا

ا أعطیناك الكوثر إن

فصل لربك وانحر

إن شانئك ھو األبتر

Page 35: Менің НАМАЗЫМ - Исламның екінші тірегі

33

109 СҮРЕ: "ӘЛ-КӘФИРУН"

Қуль йә әййуһә-л-кәфирун Айт: «Әй кәпірлер!

лә ә‘буду мә тә‘будун,Мен сендердің табынғандарыңа табынбаймын,

ال أنتم عابدون ما أعبد уә лә әнтум ‘абидунә мә ә‘будәрі сендер де менің құлшылық еткеніме құлшылық етпейсіңдер.

уә лә әнә ‘абидум мә ‘абәдтум, Сірә мен сендердің құлшылық еткендеріңе құлшылық етуші емеспін,

уә лә әнтум ‘абидуна мә а‘буд.әрі сендер де менің құлшылық еткеніме құлшылық етуші емессіңдер.

Лә-кум дину-кум уә лийа динСендердің діндерің өздеріңе, менің дінім өзіме».

1

2

3

4

5

6

Би-сми Лләһи р-Рахмани р-Рахим.Аса Мейірімді, Ерекше Рахымды Аллаһтың атымен.

حیم حمن الر �الر بسم هللا

ھا الكافرون قل یا أی

ال أعبد ما تعبدون

وال أنا عابد ما عبدتم

وال أنتم عابدون ما أعبد

لكم دینكم ولي دین

Page 36: Менің НАМАЗЫМ - Исламның екінші тірегі

34

112 СҮРЕ: "ӘЛ-ИХЛӘС"

Қуль һууә Ллаһу Әхад, Айт: «Ол — Аллаһ Жалғыз,

Аллаһу-с-Сомад.Аллаһ Мұңсыз.

Ләм йалид уә ләм йуләд,Ол тумады да, туылмады,

уә ләм йакуль лә-һу куфууән әхад Әрі Оған тең ешкім жоқ.

1

2

3

4

Би-сми Лләһи р-Рахмани р-Рахим.Аса Мейірімді, Ерекше Рахымды Аллаһтың атымен.

حیم حمن الر �الر بسم هللا

ϸϲϒ Ζ мк ЬЦ

مد �الص هللا

لم یلد ولم یولد

ولم یكن لھ كفوا أحد

Page 37: Менің НАМАЗЫМ - Исламның екінші тірегі

35

113 СҮРЕ: "ӘЛ-ФӘЛӘҚ"

Қуль ә‘узу би-Робби-л-фәләқАйт: «Таңның Раббысына сиынамын:

мин шәрри мә холәқОның жаратқан нәрселерінің кесірінен,

إуә мин шәрри ғосиқин изә уәқоб қараңғылық басқан сәтте түннің кесірінен,

уә мин шәрри-н-нәффәсәти фи-л-‘уқодтүйіншектерге дем салушылардың кесірінен,

إуә мин шәрри хасидин изә хасад күншілдің күндеген сәттегі кесірінен" .

1

2

3

4

5

Би-сми Лләһи р-Рахмани р-Рахим.Аса Мейірімді, Ерекше Рахымды Аллаһтың атымен.

حیم حمن الر �الر بسم هللا

قل أعوذ برب الفلق

من شر ما خلق

ومن شر غاسق إذا وقب

فاثات في العقد ومن شر الن

ومن شر حاسد إذا حسد

Page 38: Менің НАМАЗЫМ - Исламның екінші тірегі

36

114 СҮРЕ: "ӘН-НӘС"

Қуль ә‘узу би-Робби-н-нәс,Айт: «Адамдардың Раббысына сиынамын,

Мәлики-н-нәс, Адамдардың Патшасына,

إИләһи н-нәс, Адамдардың Құдайына,

мин шәрри-л-уәсуәси-л-хоннәс,[Аллаһты зікір еткен кезде] жоғалатын азғырушының кесірінен,

әлләзи йууәсуису фи судури-н-нәс сондай адамдардың көкейіне салатын,

мин әл-жиннәти уә-н-нәс мейлі жынннан, мейлі адамнан болсын".

1

2

3

4

5

6

Би-сми Лләһи р-Рахмани р-Рахим.Аса Мейірімді, Ерекше Рахымды Аллаһтың атымен.

حیم حمن الر �الر بسم هللا

قل أعوذ برب الناس

ملك الناس

إلھ الناس

من شر الوسواس الخناس

الذي یوسوس في صدور الناس

اس ة و الن من الجن

Page 39: Менің НАМАЗЫМ - Исламның екінші тірегі

«My Prayer Project» (www.imanprojects.

com) жобасына үлгісін жасағаны үшін және орыс

тілінде орналастыру құқығын бергені үшін

ерекше алғысысымызды білдіреміз.

Бұл басылымда Аллаһ Тағаланың

есімдері аталады әрі Құранның аяттары

келтіріледі. Сондықтан да оған

ұқыптылықпен қарауыңызды және

лас жерлерден аулақ ұстауыңызды

сұранамыз.

Page 40: Менің НАМАЗЫМ - Исламның екінші тірегі

«Всё об исламе» (www.musulmanin.com) | САТУҒА БОЛМАЙДЫ

меніңНАМАЗЫМ