Презентация.Отбасы құқығының негіздері

46
ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Upload: nyunuks

Post on 26-May-2015

2.780 views

Category:

Education


23 download

TRANSCRIPT

Page 1: Презентация.Отбасы құқығының  негіздері

ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Page 2: Презентация.Отбасы құқығының  негіздері

1. Мемлекет және қоғам құрылымының негізін

құрайтын және мемлекеттік биліктің

жүзеге асуымен байланысты қоғамдық

қатынастар

2. Жұмыс беруші мен қызметкердің арасында, жеке, ұжымдық және басқа шарттар

негізінде туындайтын еңбек

қатынастары

3. Мемлекет пен қоғамның мүдделерін

қамтамасыз ету мақсатында кәсіпкерлік қатынастарды, сондай-ақ коммерциялық емес

қатынастарды, шаруашылықты

мемлекеттік реттеу бойынша қатынастар

4. Тауар-ақша қатынастары және

қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік

қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға

байланысты мүліктік емес жеке қатынастар

Page 4: Презентация.Отбасы құқығының  негіздері

Тақырыбы:

ОТБАСЫ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

Page 5: Презентация.Отбасы құқығының  негіздері

Мақсаты: некеге тұру және оны тоқтату мен бұзудың тәртібін

қарастыру, ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері

туралы білім алу.

Page 6: Презентация.Отбасы құқығының  негіздері

Үйге тапсырма:

• «ҚР неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің І-ІІ бөлімін оқу;

• Неке шартының оң және теріс жақтарын жазып келу.

• Қалауыңыз бойынша, «ҚР балалар құқығы туралы» Заң мен «Балалар құқығы туралы» Конвенцияның құрылымына талдау жасау.

Page 7: Презентация.Отбасы құқығының  негіздері

Кестені толтырыңыз:

Б І Л Е М І Н

• Отбасы құқығы - некелесу және ажырасу туралы ғылым.

• Ол бала құқығын да қарастырады.

• Қазақстанда көп әйел алуға болмайды.

Б І Л Г І М

К Е Л Е Д І

• Некелесу шарттары және некеге тұру тәртібі.

• Некені тоқтату және бұзу.

• Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.

Б І Л Д І М

Page 8: Презентация.Отбасы құқығының  негіздері

Жазып ал да, жаттап ал!!!Неке - ерлi-зайыптылар арасындағы мүлiктiк және

мүлiктiк емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен

заңдарда белгiленген тәртiппен тараптардың

ерiктi және толық келiсiмi жағдайында жасалған еркек пен әйелдiң арасындағы тең

құқықты одақ.

Page 9: Презентация.Отбасы құқығының  негіздері

Жазып ал да, жаттап ал!!!

Отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де

нысандарынан туындайтын мүлiктiк және мүлiктiк

емес жеке құқықтар мен мiндеттерге байланысты

және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға

жәрдемдесуге тиiстi адамдар тобы.

Page 10: Презентация.Отбасы құқығының  негіздері

“Оймышты ара”

Page 11: Презентация.Отбасы құқығының  негіздері

«1»-лер – Некеге тұру шарты мен

неке жасын;

Page 12: Презентация.Отбасы құқығының  негіздері

«2»-лер – Некеге тұру тәртібі мен

неке шарты;

Page 14: Презентация.Отбасы құқығының  негіздері

«4»-тер – Некені сот тәртібімен бұзу;

Page 17: Презентация.Отбасы құқығының  негіздері

• «1»-лер – Некеге тұру шарты мен неке жасын;

• «2»-лер – Некеге тұру тәртібі мен неке шарты;

• «3»-тер – Некені тоқтату мен некені АХАЖ органымен бұзу;

• «4»-тер – Некені сот тәртібімен бұзу;• «5»-тер – Ерлі-зайыптылардың

құқықтары мен міндеттері;• «6»-лар – Ерлі-зайыптылардың меншігі.

Page 18: Презентация.Отбасы құқығының  негіздері

ҚАЖЕТТІ ҚАҒИДАЛАРНеке және отбасы құқығының қағидалары:1) еркек пен әйелдiң некелi одағының ерiктiлiгi;2) ерлi-зайыптылардың отбасындағы құқықтарының теңдiгi;3) отбасының iсiне кiмнiң болса да өз бетiнше араласуына жол берiлмеушiлiк;4) отбасы iшiндегi мәселелердi өзара келiсiммен шешу; 5) балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық беру, олардың өсiп-жетiлуi мен әл-ауқатты болуына қамқорлық жасау; 6) отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабылетсiз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғауға басымдық беру; 7) отбасы мүшелерiнiң өз құқықтарын кедергiсiз жүзеге асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды сот қорғауының мүмкiндiктерi; 8) отбасының барлық мүшелерiн салауатты тұрмыс салтына ынталандыру.

Page 19: Презентация.Отбасы құқығының  негіздері

1) еркек пен әйелдiң некелi одағының

ерiктiлiгi;2) ерлi-зайыптылардың

отбасындағы құқықтарының теңдiгi;

3) отбасының iсiне кiмнiң болса да өз бетiнше

араласуына жол берiлмеушiлiк;

4) отбасы iшiндегi мәселелердi өзара келiсiммен шешу; 

Page 20: Презентация.Отбасы құқығының  негіздері

5) балаларды отбасында тәрбиелеуге басымдық

беру, олардың өсiп-жетiлуi мен әл-ауқатты

болуына қамқорлық жасау; 

6) отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсiз мүшелерiнiң

құқықтары мен мүдделерiн қорғауға

басымдық беру; 

Page 21: Презентация.Отбасы құқығының  негіздері

7) отбасы мүшелерiнiң өз

құқықтарын кедергiсiз жүзеге

асыруын қамтамасыз ету, бұл құқықтарды

сот қорғауының мүмкiндiктерi; 

8) отбасының барлық мүшелерiн салауатты

тұрмыс салтына ынталандыру.

Page 23: Презентация.Отбасы құқығының  негіздері

Бірінші хат:“Сәлеметсіз бе, осы хатты оқушы заңгер. Менің аты-

жөнім – Маратов Ерсұлтан Ескенұлы, туған жылым 1988 жыл 30 сәуір. Мен 1991 жылы 24 желтоқсанда дүниеге келген Жансейітова Гүлбике Хамзақызына үйленгім келеді. Ол да, екеуміздің ата-анамыз да қарсы емес. Бірақ ол 18-ге толған жоқ. Асығыстығымыздың себебі, Гүлбикенің жүрегі қатты ауырады және дәрігерлер оны емдеу мүмкін еместігін айтты. Өмірі кез келген сәтте қиылып қалуы мүмкін екенін біле тұра мен оны бір сәтке де жалғыз қалдырғым келмейді, оның жанында болғым келеді.

Гүлбикенің әлі 18-ге толмағанын біле отырып және оның өмірге қауіпті жұқпалы емес аурумен ауыратынын ескере отырып, біздің арызымызды АХАЖ органы қабылдар ма екен? Ол үшін не істеу керек? Қандай кеңес бересіздер? Алдын-ала рахметімді айтамын”.

Page 24: Презентация.Отбасы құқығының  негіздері

Жауабы:“Неке және отбасы туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 17 желтоқсан N 321-I Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 23

10-бап. Неке жасы1. Неке жасы еркектер мен әйелдер үшiн он сегiз жас болып белгiленедi. 2. Дәлелдi себептер болған жағдайда мемлекеттiк тiркеу орны бойынша азаматтық хал актiлерiн жазу органдары неке жасын екi жылдан аспайтын мерзiмге төмендетуi мүмкiн. 3. Неке жасын төмендету туралы өтiнiштi некеге тұруға тiлек бiлдiрушiлер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары (қамқоршылары) белгiленген неке жасын төмендету қажеттiгiн туғызатын себептердi көрсете отырып қозғай алады.4. Барлық жағдайларда неке жасын төмендетуге тек некеге тұрушылардың келiсiмiмен ғана жол берiледi.5. Неке жасына толмаған адамдар арасындағы некеге ата-аналарының не қорғаншыларының келiсiмiмен ғана рұқсат етiледi.

Page 25: Презентация.Отбасы құқығының  негіздері

Екінші хат:“Сәлеметсіз бе, құрметті хатты оқушы заңгер! Аты-жөнім:

Айдарова Сәния Сәкенқызы. Айдаров Азамат Жасұланұлына тұрмысқа шыққалы 8 жыл болды. Бір баламыз бар. Басында екеуміздің жұмысымыз болды да, бәрі жеткілікті болатын, тіпті шетелге де демалып қайтатынбыз. Елде экономикалық дағдарыстың кесірінен, күйеуім жұмыс істейтін компания жабылып, жұмыссыз қалды. Енді ақша табатын жалғыз мен ғана. Күйеуім мұндай өзгерісті көтере алмай, арақ ішетін болды, үйде күнде жанжал, бәрінен бұрын баламды аяймын. Өзім біразға дейін шыдасам да, былай өмір сүру мүмкін еместігін түсіндім, сөйтіп ажырасамын деп шештім. Бірақ, ажырасқанның өзінде заң бойынша мүлік 50/50 болып бөлінеді екен.

Бізде бағалы заттардан 2 бөлмелі пәтер, 1 жеңіл автокөлік, гараж, жұмсақ жиһаз, баламыздың атында банкте счет ашылған, менің туған күніме 1 каратты бриллиант сақина сыйлағаны бар. Осы заттардың қайсысы кімде қалады? Бөлінуге жата ма?”

Page 26: Презентация.Отбасы құқығының  негіздері

Жауабы:1) екі бөлмелі пәтер, 1 жеңіл

автокөлік, гараж, жұмсақ жиһаз екеуіңіздің араңызда

тең бөлінеді.

2) балаңыздың атындағы счет балаңыздың өзіне қалады, яғни бөлінуге

жатпайды.

3) бір каратты бриллиант сақинасы өзіңізге, яғни сізге қалады, бөлініске жатпайды.

Page 27: Презентация.Отбасы құқығының  негіздері

Үшінші хат:“Сәлеметсіздер ме! Мен осыдан 1 жыл 4 ай бұрын әйелім

мен екі баламды тастап, ақша табу мақсатында үйден (Тараз қ.) Ақтауға кеткен едім. Жұмыс бірден табыла қойған жоқ, біраз қиындықтар болды, сөйтіп мен үйіме 6 ай бойы хабарласа алмадым. Проблемалар азая бастаған соң, үйге хат жаздым, бірақ жауап келген жоқ. Тағы жаздым – жауап жоқ. Сөйтіп Таразға қайтуға сайланғанда, үйге телефон соғып, әйеліме келе жатқанымды айтып едім, ол маған “Сені сот бір ай бұрын хабар-ошарсыз кеткен деп шешім шығарған, сондықтан АХАЖ органынан некеміз тоқтатылды деген куәлік келді және мен ертең басқаға тұрмысқа шығамын, сен енді келмей-ақ қой! ” - деді. Мен үйіме жеткенше, ол шынында да басқаға тұрмысқа шыққан екен және барлық екеуміздің ортақ мүлкіміз мұрагерлік құқықпен оның атына ауысқан, ал мен ештеңесіз қалдым.

Менің өзімнің некемді және// немесе мүлкімді, қалпына келтіруге құқығым бар ма? Не істеу қажет? Рахмет”.

Page 28: Презентация.Отбасы құқығының  негіздері

Жауабы:Неке және отбасы туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 17 желтоқсан N 321-I Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., N 23

4-тарау. Некенi тоқтату14-бап. Жұбайының (зайыбының)  қайтыс болуы және оны өлдi немесе олардың бiреуi хабар-ошарсыз  кеткен деп жариялау салдарынан некенiң тоқтатылуы

1. Неке ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң қайтыс болуы немесе сот оны өлдi немесе хабар-ошарсыз кеткен деп жариялау салдарынан тоқтатылады. 

2. Сот қайтыс болды деп жариялаған немесе сот хабар-ошарсыз кеткен деп таныған жұбайы келген және тиiстi сот шешiмi күшiн жойған жағдайда некенi ерлi-зайыптылардың бiрлескен өтiнiшi бойынша азаматтық хал актiлерiн жазу органы қалпына келтiруi мүмкiн. 

3. Егер жұбайлардың екiншiсi жаңа некеге отырса, некенi қалпына келтiруге болмайды. * Егер неке қию кезiнде тараптарға (немесе тараптардың бiреуiне) қайтыс болды немесе хабар-ошарсыз кеттi деп танылған жұбайы тiрi екенi белгiлi болса, бұл ереже қолданылмайды.

Page 29: Презентация.Отбасы құқығының  негіздері

Сызбаны сөйлет!!!1)Таныстық → Достық → Махаббат →Неке → Отбасы2)Таныст → Келісім → Неке → “Отбасы”

Қайсысы дұрыс? 1) әйел1) еркек 2) әйел 1) еркек2) әйел 2) еркек 3) еркек – еркек4) әйел – әйел5) еркек – әйел

Page 30: Презентация.Отбасы құқығының  негіздері

БЛИЦ СҰРАҚТАР

Page 31: Презентация.Отбасы құқығының  негіздері

Сұрақ №1Некеге тұрушы адамдардың

келісімі немесе ерлі –зайыптылардың некедегі және

ол бұзылған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен

міндеттерін айқындайтын келісім қалай аталады?

Page 32: Презентация.Отбасы құқығының  негіздері

Жауабы:

Неке шарты

Page 33: Презентация.Отбасы құқығының  негіздері

Сұрақ №2

Некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер азаматтық хал

актілерін жазу органына арыз берген күннен бастап неше ай

өткен соң жүргізіледі?

Page 34: Презентация.Отбасы құқығының  негіздері

Жауабы:

1 ай

Page 35: Презентация.Отбасы құқығының  негіздері

Сұрақ №3

«Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы» заңы нешінші жылы және қай күні

қабылданды?

Page 36: Презентация.Отбасы құқығының  негіздері

Жауабы:

1998 жылы 17-ші желтоқсанда

Page 37: Презентация.Отбасы құқығының  негіздері

Сұрақ №4Қайсысы бұрыс?

А) Жылқайдарова Айым Болатқызы

Ә) Дастан-Жылқайдарова Айым Болатқызы

Б) Дастан-Мұса-Жылқайдарова Айым Болатқызы

Page 38: Презентация.Отбасы құқығының  негіздері

Жауабы:

Дастан-Мұса-Жылқайдарова Айым Болатқызы

Page 39: Презентация.Отбасы құқығының  негіздері

Сұрақ №5Некеге тұрғанда күйеуі әйелінің

тегін алуға құқылы ма?

Page 40: Презентация.Отбасы құқығының  негіздері

Жауабы:

иә

Page 41: Презентация.Отбасы құқығының  негіздері

Сұрақ №6Неке шартының негізінде ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкі 40/60 пайызға бөлінуі мүмкін

бе?

Page 42: Презентация.Отбасы құқығының  негіздері

Жауабы:

мүмкін

Page 43: Презентация.Отбасы құқығының  негіздері

Сабақты бекіту:

Білемін

• Отбасы құқығы некелесу және ажырасу туралы ғылым.

• Ол бала құқығын да қарастырады.

• Қазақстанда көп әйел алуға болмайды.

Білгім келеді

• Некелесу шарттары және некеге тұру тәртібі.

• Некені тоқтату және бұзу.

• Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.

Білдім

Page 44: Презентация.Отбасы құқығының  негіздері

Қорытындылау

Page 45: Презентация.Отбасы құқығының  негіздері

Бағалау

Page 46: Презентация.Отбасы құқығының  негіздері

Рефлексия