ТӘУЕЛСІЗДІК БАРДА ТЕҢГЕ БАР · 2019-07-23 · сек, әлем...

8
№52 (3177) 16 шілде 2019 WWW.ZANMEDIA.KZ Қоғамдық-саяси, құқықтық газет [email protected] (Соңы 3-бетте) БҮГІНГІНІҢ БАС ТАҚЫРЫБЫ АНЫҒЫ МЕН ҚАНЫҒЫ ТАҒЫЛЫМ (Соңы 3-бетте) (Соңы 5-бетте) АР МЕН ЗАҢ АЛДЫНДА АДАЛ ЖАН Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Қуат Қайранбаевтың «Ар мен Заң алдында» атты кітабында Қазақстан түгілі шет мемлекеттердің назарында болған осы «Қорғас ісі» бойынша ауыр да күрделі сот процесін абыроймен атқарып шыққан Советхан Сәкеновтің өмір жолы баяндалады. Ар мен Заң алдында аппақ арына кір түсірмеген заңгер, әділетті судья, аб- зал азамат Советхан Сәкенов жайлы ҚР Жоғарғы Сотының экс-төраға - сы, Парламент Сенаты төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров: «Ар мен Заң! Қандай қасиетті ұғымдар! Саналы адам үшін арыңнан қымбат не бар? Атамыз қазақ соны бағалай келе, ұрпағына «Жаным – Арымның садағасы!» деген сөз қалдырған. Ал, зайырлы, құқықтық қоғам үшін Заңнан қымбат не бар? Елде әділеттілік нық орнауы үшін онда Заң үстемдік етуі шарт. «Әділетсіз мемлекет – қа - рақшының үйірі!» деген сөзді біздің дәуіріміздің басында Августин Авре- лий деген христиан дінінің негізін қа- ҚОҒАМНЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРІНДЕ ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖАЙЛЫ ТҮРЛІ ДЕРЕКТЕРДІ ЕСТІП, БІЛІП ЖАТАМЫЗ. ЖЕГІҚҰРТҚА ҚАТЫСТЫ ӨТКЕН АТЫШУЛЫ СОТ ІСТЕРІ ДЕ ҚАНШАМА. ДЕСЕК ТЕ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СОТ ЖҮЙЕСІНДЕ ҚАРАЛҒАН «ҚОРҒАС ІСІ» БҰРЫН-СОҢДЫ БОЛМАҒАН ЖӘНЕ ОСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ШАРЫҚТАУ ШЕГІ ІСПЕТТІ ОҚИҒА ЕДІ. ЕЛІМІЗДІҢ ШЫҒЫС ШЕКА- РАСЫНДАҒЫ «ҚОРҒАС», «ҚАЛЖАТ» ЖӘНЕ «ДОСТЫҚ» КЕДЕНДЕРІНДЕ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҚҰРЫП, КОНТРАБАНДАЛЫҚ ІСПЕН АЙНАЛЫСҚАН 45 АДАМНЫҢ ІШІНДЕ КІМ ЖОҚ ДЕЙСІЗ. КЕДЕН БАСШЫ- СЫ МЕН ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҚЫЗМЕТІНІҢ, ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ЖӘНЕ БАСҚАЛАР. лаушы ғұлама айтқан екен», – дей келе, Советханның бір тоға, сыпайы да сал- мақты мінез-құлқының арғы жағында оның қажырлы да қайтпас, майыспас және сынбас ер екені, алмастай өткір қайрат-жігері тұрғаны бірден байқала да бермейтіні, мұның біразын осынау әйгілі «Қорғас ісін» қараған кезде Советханның өзінен байқағаны жайлы айтып, ақ адал бағасын беруі шынай- ылықтың көрнісін көрсетіп-ақ тұр. 4- бет 5- бет 8- бет ТӨРЕЛІКТІҢ ТЕҢ ТАРТЫЛҒАН ТАРАЗЫСЫ Еліміздегі БҰҰ өкілдігінің мәліметіне қарағанда, егер бір адамға тиесілі су ресурсы 1700 шаршы метрден аз болса, ол тапшылыққа жатқызылады екен. Жалпы, БҰҰ тарапынан қолдау тапқан зерттеу шілердің алдын ала даярлаған тұжырымына сүйен сек, әлем бойынша таза су айналымы 2030 жылы 40 пайызға өсетін көрінеді. Әрине, оған ықпал ететін басты факторлар экологиялық өзгерістер, тұрғын дардың көбеюі және адамдардың әртүрлі ісәре кетінің кері салдары болса керек. Сондайақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы судың жетіспеушілігі мен оның құрамындағы улы зат тардан туындайтын аурулардан жыл сайын әлемде 25 миллион адам қаза табады деп дабыл қағуда. Ұлттық валютамыз теңге жойылып, «алтын» енгізілетіні жайлы ақпар әлеуметтік желіде жел- дей ескелі біраз болды. Есте болса, 2015 жылы да осындай қауесет тараған еді. Бұл жолы таяу- да «WhatsApp» арқылы келген хабарламада бейтаныс әйел «тамыз айынан бастап Қазақстанда жаңа валюта – алтын енгізіледі, теңге құнсызданады, депозитте ақша сақтау тиімсіз, қолдағы бар ақшаға жылжымайтын мүлік немесе автокөлік сатып алған жөн» деп жазып, елді екіұдай күйге түсірді. ТӘУЕЛСІЗДІК БАРДА ТЕҢГЕ БАР АУЫЗСУ – КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ МӘСЕЛЕ Ойталқы С татистика бойынша жиынтық ішкі өнімінің көлемі дамушы елдер- ден біршама жоғары саналға- нымен қазақстандықтар үшін девальвация қазіргі таңда қоғамдағы ең көкейкесті та қырып болып саналады. Халықтың қызығушылығын пайдаланып, мәселені ушық тырып, жалған қауесет тарату шылар соңғы кезде өз әрекетін қайта жандандыра бастады. Бұл мәселеге қатыс ты біз әртүрі сала мамандарының пікірін білген едік. (Соңы 3-бетте) Бауыржан ҚАСЫМБЕРГЕБАЕВ, Синергия университетінің президенті: – Ұлттық валютаның құнсыздануына қатысты әлеуметтік желі арқылы таралып жатқан қауесетті таратушыларды сырттан іздеудің қажеті жоқ. Оған түрткі болып отырған елдегі жағдай. Алдағы қауіп-қатер мен бұл жағдай- ға дайын болу үшін әрдайым белді бекем буып жүру керектігін соңғы жылдары ҚР Тұңғыш Президенті халыққа арнаған Жолдауларында өзі де ескертіп келе жатыр. Сондықтан, бұл сыныққа сылтау іздегендер үшін таптырмас мүмкіндік боп көрінуі әбден мүмкін. Оның үстіне биыл Елбасының биліктен бас тартып, өз өкілеттігін Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа табыс етуі мен одан кейінгі кезектен тыс Президент сайлауы елдегі саяси тұрақтылықты толық бекемдей алмады. Бұл бизнес өкілдері мен өзге де инвесторларды әрі-сәрі күйге түсіріп отыр. Мемлекет басшысы өз өкілеттігін толық атқарып шыға ала ма, оған дейін қандай да бір өзгеріс болуы мүмкін бе деген сауалдың жауабын ешкім білмейді. Қайнар ШАЙМҰРАТ, заңгер: Теңгенің құнсыздануы деген негізінен экономикалық мәселе ғой. Өз көзқарасым бойынша айтарым бұған түрлі факторлар әсер етеді. Біріншіден, біздің базарымыз әлі де көршілес Қытай мен Ресей мемлекеттеріне тәуелді. Көп тауарларымыз осы елдерден келеді. Қазір бәрін өзіңіз де естіп, көріп, біліп отырсыз АҚШ пен Еуропаның және әлемнің өзге де бірқатар елдерінен Ресейге де, Қытайға да экономикалық санкциялар салынып жатыр. Әрине бұдан кейін теңге бағасының құнсыздануы сөзсіз болады ғой. Екіншіден, бізде өндіріс орындары аз. Негізінен шикізатты экс- порттайтын елміз ғой. Экономиканы соған сүйеніп ұстап отырмыз. Қазір халықаралық нарықта мұнай, метал сияқты шикізат бағасы да тұрақсыз боп тұр. Соған сәйкес халықаралық базардың өзгерісіне ұшырап жатырмыз. Шикізат сатудан салық түрінде түсетін табыс та құбылмалы боп тұр. ВАЛЮТАНЫҢ ҚҰНСЫЗДАНУЫНА ҚАТЫСТЫ ҚАУЕСЕТ КІМГЕ ТИІМДІ? Сандыбек ҚАСЕНОВ, ҰҚК Ақмола облыстық департаментінің бастығы: ЖИЫРМА МЫҢ ДОЛЛАР «БІЗДІҢ МІНДЕТ — ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ»

Upload: others

Post on 02-Mar-2020

29 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: ТӘУЕЛСІЗДІК БАРДА ТЕҢГЕ БАР · 2019-07-23 · сек, әлем бойынша таза су айналымы 2030 жылы 40 пайызға өсетін көрінеді

№52 (3177) 16 шілде 2019WWW.ZANMEDIA.KZ Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

[email protected]

(Соңы 3-бетте)

БҮГІНГІНІҢ БАС ТАҚЫРЫБЫ

АНЫҒЫ МЕН ҚАНЫҒЫ ТАҒЫЛЫМ

(Соңы 3-бетте) (Соңы 5-бетте)

АР МЕН ЗАҢ АЛДЫНДА АДАЛ ЖАНҚазақстан Жазушылар одағының

мүшесі, ақын Қуат Қайранбаевтың «Ар мен Заң алдында» атты кітабында Қазақстан түгілі шет мемлекеттердің назарында болған осы «Қорғас ісі» бойынша ауыр да күрделі сот процесін абыроймен атқарып шыққан Советхан Сәкеновтің өмір жолы баяндалады. Ар мен Заң алдында аппақ арына кір түсірмеген заңгер, әділетті судья, аб-зал азамат Советхан Сәкенов жайлы ҚР Жоғарғы Сотының экс-төраға-сы, Парламент Сенаты төрағасының

орынбасары Бектас Бекназаров: «Ар мен Заң! Қандай қасиетті ұғымдар! Саналы адам үшін арыңнан қымбат не бар? Атамыз қазақ соны бағалай келе, ұрпағына «Жаным – Арымның садағасы!» деген сөз қалдырған. Ал, зайырлы, құқықтық қоғам үшін Заңнан қымбат не бар? Елде әділеттілік нық орнауы үшін онда Заң үстемдік етуі шарт. «Әділетсіз мемлекет – қа-рақшының үйірі!» деген сөзді біздің дәуіріміздің басында Августин Авре-лий деген христиан дінінің негізін қа-

ҚОҒАМНЫҢ КҮНДЕЛІКТІ ӨМІРІНДЕ ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖАЙЛЫ ТҮРЛІ ДЕРЕКТЕРДІ ЕСТІП, БІЛІП ЖАТАМЫЗ. ЖЕГІҚҰРТҚА ҚАТЫСТЫ ӨТКЕН АТЫШУЛЫ СОТ ІСТЕРІ ДЕ ҚАНШАМА. ДЕСЕК ТЕ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СОТ ЖҮЙЕСІНДЕ ҚАРАЛҒАН «ҚОРҒАС ІСІ» БҰРЫН-СОҢДЫ БОЛМАҒАН ЖӘНЕ ОСЫ ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ШАРЫҚТАУ ШЕГІ ІСПЕТТІ ОҚИҒА ЕДІ. ЕЛІМІЗДІҢ ШЫҒЫС ШЕКА-

РАСЫНДАҒЫ «ҚОРҒАС», «ҚАЛЖАТ» ЖӘНЕ «ДОСТЫҚ» КЕДЕНДЕРІНДЕ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ҚҰРЫП, КОНТРАБАНДАЛЫҚ ІСПЕН АЙНАЛЫСҚАН 45 АДАМНЫҢ ІШІНДЕ КІМ ЖОҚ ДЕЙСІЗ. КЕДЕН БАСШЫ-СЫ МЕН ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҚЫЗМЕТІНІҢ, ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒАЛАРЫ ЖӘНЕ БАСҚАЛАР.

лаушы ғұлама айтқан екен», – дей келе, Советханның бір тоға, сыпайы да сал-мақты мінез-құлқының арғы жағында оның қажырлы да қайтпас, майыспас және сынбас ер екені, алмастай өткір қайрат-жігері тұрғаны бірден байқала да бермейтіні, мұның біразын осынау әйгілі «Қорғас ісін» қараған кезде Советханның өзінен байқағаны жайлы айтып, ақ адал бағасын беруі шынай-ылықтың көрнісін көрсетіп-ақ тұр.

4-бет

5-бет

8-бет

ТӨРЕЛІКТІҢ ТЕҢ ТАРТЫЛҒАН

ТАРАЗЫСЫ

Еліміздегі БҰҰ өкілдігінің мәліметіне қарағанда, егер бір адамға тиесілі су ресурсы 1700 шаршы метрден аз болса, ол тапшылыққа жатқызылады екен. Жалпы, БҰҰ тарапынан қолдау тапқан зерттеу­шілердің алдын ала даярлаған тұжырымына сүйен­сек, әлем бойынша таза су айналымы 2030 жылы 40 пайызға өсетін көрінеді. Әрине, оған ықпал ететін бас ты факторлар экологиялық өзгерістер, тұрғын­дардың көбеюі және адамдардың әртүрлі іс­әре­кетінің кері салдары болса керек.

Сондай­ақ, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы судың жетіспеушілігі мен оның құрамындағы улы зат­тардан туындайтын аурулардан жыл сайын әлемде 25 миллион адам қаза табады деп дабыл қағуда.

Ұлттық валютамыз теңге жойылып, «алтын» енгізілетіні жайлы ақпар әлеуметтік желіде жел-дей ескелі біраз болды. Есте болса, 2015 жылы да осындай қауесет тараған еді. Бұл жолы таяу-да «WhatsApp» арқылы келген хабарламада бейтаныс әйел «тамыз айынан бастап Қазақстанда жаңа валюта – алтын енгізіледі, теңге құнсызданады, депозитте ақша сақтау тиімсіз, қолдағы бар ақшаға жылжымайтын мүлік немесе автокөлік сатып алған жөн» деп жазып, елді екіұдай күйге түсірді.

ТӘУЕЛСІЗДІК БАРДА ТЕҢГЕ БАР

АУЫЗСУ –

КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ МӘСЕЛЕ

Ойталқы

Ст а т и с т и к а б о й ы н ш а жиынтық ішкі өнімінің көлемі дамушы елдер-

ден біршама жоғары саналға-нымен қазақстандықтар үшін девальвация қазіргі таңда қоғамдағы ең көкейкесті та­қырып болып саналады. Халықтың қызығушылығын пай даланып, мәселені ушық­тырып, жалған қауесет тарату­шылар соңғы кезде өз әрекетін қайта жандандыра баста ды. Бұл мәселеге қатыс ты біз әр түрі сала мамандарының пікірін білген едік.

(Соң

ы 3

-бет

те)

Бауыржан ҚАСЫМБЕРГЕБАЕВ, Синергия университетінің президенті:

– Ұлттық валютаның құнсыздануына қатысты әлеуметтік желі арқылы таралып жатқан қауесетті таратушыларды сырттан іздеудің қажеті жоқ. Оған түрткі болып отырған елдегі жағдай. Алдағы қауіп-қатер мен бұл жағдай-ға дайын болу үшін әрдайым белді бекем буып жүру керектігін соңғы жылдары ҚР Тұңғыш Президенті халыққа арнаған Жолдауларында өзі де ескертіп келе жатыр. Сондықтан, бұл сыныққа сылтау іздегендер үшін таптырмас мүмкіндік боп көрінуі әбден мүмкін. Оның үстіне биыл Елбасының биліктен бас тартып, өз өкілеттігін Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа табыс етуі мен одан кейінгі кезектен тыс Президент сайлауы елдегі саяси тұрақтылықты толық бекемдей алмады. Бұл бизнес өкілдері мен өзге де инвесторларды әрі-сәрі күйге түсіріп отыр. Мемлекет басшысы өз өкілеттігін толық атқарып шыға ала ма, оған дейін қандай да бір өзгеріс болуы мүмкін бе деген сауалдың жауабын ешкім білмейді.

Қайнар ШАЙМҰРАТ, заңгер: Теңгенің құнсыздануы деген негізінен экономикалық мәселе ғой.

Өз көзқарасым бойынша айтарым бұған түрлі факторлар әсер етеді. Біріншіден, біздің базарымыз әлі де көршілес Қытай мен Ресей мемлекеттеріне тәуелді. Көп тауарларымыз осы елдерден келеді. Қазір бәрін өзіңіз де естіп, көріп, біліп отырсыз АҚШ пен Еуропаның және әлемнің өзге де бірқатар елдерінен Ресейге де, Қытайға да экономикалық санкциялар салынып жатыр. Әрине бұдан кейін теңге бағасының құнсыздануы сөзсіз болады ғой.

Екіншіден, бізде өндіріс орындары аз. Негізінен шикізатты экс-порттайтын елміз ғой. Экономиканы соған сүйеніп ұстап отырмыз. Қазір халықаралық нарықта мұнай, метал сияқты шикізат бағасы да тұрақсыз боп тұр. Соған сәйкес халықаралық базардың өзгерісіне ұшырап жатырмыз. Шикізат сатудан салық түрінде түсетін табыс та құбылмалы боп тұр.

ВАЛЮТАНЫҢ ҚҰНСЫЗДАНУЫНА ҚАТЫСТЫ ҚАУЕСЕТ КІМГЕ ТИІМДІ?

Сандыбек ҚАСЕНОВ, ҰҚК Ақмола облыстық департаментінің бастығы:

ЖИЫРМА МЫҢ ДОЛЛАР

«БІЗДІҢ МІНДЕТ — ҚОҒАМ

ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ

ЕТУ»

Page 2: ТӘУЕЛСІЗДІК БАРДА ТЕҢГЕ БАР · 2019-07-23 · сек, әлем бойынша таза су айналымы 2030 жылы 40 пайызға өсетін көрінеді

2 №52 (3177) 16 шілде [email protected]

Сауалнама

САПАСЫЗ ҚЫЗМЕТ ХАЛЫҚТЫҢ СЕНІМІН ТӨМЕНДЕТЕДІ

Жақында облыстық мемлекеттік қыз-мет істері департаментінің қызметкерлері қоғамдық ұйым өкілдерімен бірігіп Ақтөбе қаласының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығымен көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасына мониторинг жүргізді. Мониторинг жұмысы практикалық емтиханды тапсыруға арналған көлік құрал-дарының жекелеген санаттарының жағдайын анықтауға бағытталған.

Шара барысында автодромда «В» сана-

ты бойынша практикалық емтихан тапсыру үшін мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнап жабдықталған көлік құралы қолданылаты-ны анықталды. Аталған көлік құралының жағдайы қалыпты деңгейде емес. Осыған байланысты, қызмет алушылар арасында жүргізілген сауалнамадан белгілі болғанын-дай болашақ жүргізушілер жүргізуші куәлігін алу үшін құны 2 600 теңгені құрайтын сынама практикалық емтиханды өтуге мәжбүр бола-ды.

Сонымен қатар, қызмет алушылардың пікіріне сәйкес, жүргізуші куәлігін алу үшін олар автоматтандырылған автодромда сынақ түріндегі практикалық емтиханды 3-9 мәртеге дейін тапсырады. Аталған көлік құралының қанағаттанарлықсыз жағдайы практикалық емтихан тапсыру кезінде түрлі заңбұзушылықтарға әкеледі.

Сондай-ақ, сауалнама барысында практи-калық жүргізу тәжірибесі бар азаматтар аталған көлік құралымен үшінші мүмкіндіктен де прак-тикалық емтиханды тапсыру мүмкін еместігін көрсеткен. Айта кетейік, сынама практикалық емтиханды тапсыруды күтіп отырған 40-тан астам қызмет алушыларды қамтыды.

Осылайша, автодромдағы көлік құралда-рының қалыпты емес техникалық жағдайы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасыз-дығына соқтырып, ол өз нәтижесінде азамат-тардың сенімін төмендетуге, апаттық жағдай тудыруға, қызмет алушылардың негізсіз шығындарды төлеуіне әкеліп соғады.

Осыған орай, департаментпен анықталған заңбұзушылықтар бойынша тиісті шара-лар қабылдау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына хат жолданды.

Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің

баспасөз қызметі

ЖИЫН ШАРА

СОТ ҚЫЗМЕТІНІҢ АШЫҚТЫҒЫ АРТЫП КЕЛЕДІ

ҚҰҚЫҚ

Батыс Қазақстан облыстық сотын-да аймақ соттарының 2019 жылдың 6 айында сот төрелігін жүзеге асыруда атқарған жұмыс қорытындылары бойынша кеңейтілген жиын өткізілді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Нұрлан Сұл-танов, облыстық соттың төрағасы Бек Әметов, алқа төрағалары мен судьялары, аудандық және оларға теңестірілген сот-тардың төрағалары мен судьялары, БҚО бойынша соттар әкімшісінің басшысы қатысты.

Жиын барысында 2019 жылдың І жартыжылдығы бойынша облыс соттары жұмысының қорытындылары, Батыс Қа-зақстан облысының аудандық және оған

Қызылорда облыстық сотында 2019 жылдың бірінші жартыжыл-

дығындағы сот төрелігін жүзеге асырудың қорытындылары шыға-

рылды. Іс-шараға Қазақстан Рес-публикасы Жоғарғы Сотының

қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Ғазиза Мұса-

бекова, облыстық соттың төрағасы Қамбар Нұрышев, облыстық соттың алқа төрағалары, облыстық, аудан-

дық және оған теңестірілген сот-тардың судьялары, Соттар әкімшісі

басшылығы қатысты.Кеңес жұмысын облыстық соттың

төрағасы Қамбар Нұрышев ашып, күн тәртібінде қаралатын негізгі мәселелер-мен таныстырды. Содан соң қылмыс-тық, азаматтық, әкімшілік істер бойын-ша сот төрелігін жүзеге асыру туралы алқа төрағалары Бақытжан Қалымбет пен Әділхады Шығамбаевтың есептері тыңдалды. Олар бірінші және апел-ляциялық сатылардағы соттардың сот төрелігін жүзеге асырудағы сандық және сапалық көрсеткіштері туралы мәлімдеді.

Отырыста баяндалған статистикаға сәйкес, 2019 жылдың бірінші жартыжыл-дығында облыс соттарының өндірісіне 11173 арыз, 5 752 әкімшілік іс түскен. Бұл көрсеткіш өткен жылдың 6 айымен салы-стырғанда азайып отыр. Есепті кезеңде облыстық соттың апелляциялық сот алқа-сына 1 084 іс түскен. Сондай-ақ, аталған кезеңде облыстың бірінші сатылы сотта-рында 781 қылмыстық, облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасында 108 қылмысты іс қаралған.

Қызылорда облысы соттарында есепті кезеңде медиация тәртібін қолдану

ТАТУЛАСТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ ЖҰМЫСЫН

БАСТАДЫТаяуда Ақтау қаласында бір терезе арқылы қызмет көрсететін Құқық қорғау

қызметтері орталығында ресми түрде Татуластыру орталығы ашылды.Орталықтың ашылу рәсіміне Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ержан

Даулиев, облыс прокуроры Ерлан Абаев, Маңғыстау облысы Қазақстан халқы ас-самблея хатшылығының меңгерушісі Гүлжан Исмурзина және судьялар мен құқық қорғау органы өкілдері қатысты.

Іс-шарада сөз алған Ержан Даулиев бұл өңірде ашылып отырған бесінші тату-ластыру орталығы екенін еске сала келе, қатысушыларды татуластыру рәсімдері бойынша белсенді жұмыс істеуге шақырды. Сондай-ақ, ол кәсіпкерлер арасындағы дауларды, азаматтық, еңбек, отбасы дауларын медиация арқылы шешудің тиімділі-гін жеткізді.

Одан әрі Ерлан Абаев аталған орталықтың азаматтарға құқықтық көмек көрсетіп отырғанын айта келе, ендігі жерде мұнда келген азаматтарға дауларды шешудің тиімді жолдарын ұсынатын татуластыру орталығының қызмет көрсетуі үлкен жетістік екенін айтты.

Аталған орталық азаматтарды қабылдауға және олармен жұмыс істеуге қажетті бүкіл инфрақұрылымдық құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Орталықта құқықтық мәселемен жүгінген азаматтарды тәжірибелі медиаторлар, заңгерлер, прокурорлар, құқық қорғау органдарының өкілдері қабылдайды.

Нұршат ӨТЕУЛИЕВА, Маңғыстау облыстық сотының баспасөз маманы

ДӘЛЕЛДЕМЕ АЛУ ТӘРТІПТЕРІ ЗАҢМЕН

БЕЛГІЛЕНГЕНЖамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотында сот төрағасы А.Тлепов, судья К. Кенжебеков, кеңсе меңге-рушісі Қ.Назарқұлова, Жамбыл облысы прокуратурасының басқарма прокуроры Е.Саурамбекова, Жамбыл облысы адвокаттар алқасының адвокаты А.Амоно-ваның және сот мамандарының қатысуымен «Дәлелдеме және оларға қылмыс­тық процесте жол берілуі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара барысында А.Тлепов айтып өткендей, егер дәлелдеме осы iс үшiн маңыз ға ие мән-жайлардың бар екенi туралы түйіндерді растайтын, теріске шыға-ратын немесе күмән туғызатын нақты деректердi бiлдiретiн болса, ол iске қатысты дәлелдеме болып танылады. «Қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер – ол заңды түрде алынған, олардың негізінде анықтау органы, анықтаушы, тергеушi, прокурор, сот қылмыстық-процестік кодексте айқындалған тәртiппен Қазақстан Республика-сының Қылмыстық кодексiнде көзделген іс-әрекеттiң бар екенін немесе жоқ екенін, күдіктінің, айыпталушының немесе сотталушының бұл әрекеттi жасағанын немесе жасамағанын, оның кiнәлiлiгiн не кiнәсіздігін, сондай-ақ, iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар өзге де мән-жайларды анықтайтын нақты деректер қылмыстық iс бо-йынша дәлелдемелер болып табылады», – деп түсіндірген төраға дәлелдемелердің қатыстылығы, жол берілетіндігі, анықтылығы, жеткіліктігі сияқты әрбір белгісіне жан-жақты тоқталды.

Сонымен бірге, баяндамашы iстi заңды, негiзді және әдiл шешу үшiн маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында дәлелдемелердi жинау, зерттеу, бағалау және пайдалану мәселелері бойынша Қылмыстық-процестік заңнаманың ережелерін қолдану тәжірибесі туралы айтып берді.

Қатысушылар заңды түрде алынған дәлелдемелердің iстi шешу үшiн маңыз-дылығын атап өтіп, қаралған істер бойынша жол берілген кемшіліктерге тоқталды.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар Қылмыстық-процестік кодекс қылмыс-тық істерді қарау процесінің тиімділігін және сот төрелігінің сапасын арттыруға, азаматтардың заңды құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын күшейтуге мүмкіндік береді деген ортақ пікірге келді.

Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының баспасөз қызметі

теңестірілген соттардың арасында өт-кізілген «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот актісі» конкурсының нәтижелері жария етілді. Аталған конкурс қорытындысы бойынша «Үздік шешім» номинациясы-ның жеңімпазы Орал қаласы №2 сотының судьясы Сәкен Нахипов, «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот отырысы» номина-циясының жеңімпазы Казталов аудандық сотының төрағасы Райбек Хайрбеков, «Мемлекеттік тілдегі ең үздік сот актісін түсіндіру» номинациясының жеңімпазы Орал қалалық сотының судьясы Руслан Жұмағұлов, «Ең үздік татуластырушы» номинациясы бойынша жеңімпаз Орал қаласы №2 сотының судьясы Әлібек Нұрғалиев, «Ең үздік татуластырушы

сот» номинациясы бойынша Казталов ауданы №2 аудандық соты жеңімпаз деп танылып, марапатталды.

Бұдан әрі Батыс Қазақстан облыстық соттарының 2019 жылдың І жартыжыл-дығындағы қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді қарау нәтижелері ту-ралы алқа төрағалары Ақан Жұмағұлов пен Қайрат Адранов баяндама жасады. Олар бірінші және апелляциялық са-тыдағы соттардың сот төрелігін жүзеге асырудағы сандық және сапалық көрсет-кіштері туралы ақпарат берді. Спикерлер кездесуде сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын жақсарту бойынша алдағы жұ-мыстың бірқатар негізгі міндеттерін, су-дьялардың кәсіптік деңгейін көтеру және жалпы сот жүйесін жетілдіру жайында сөз қозғады.

Жиында аталған мәселелермен қатар, судья әдебі комиссиясы, судьялардың іс-әрекеттеріне түскен шағымдар мен арыздарды қараудың жай-күйі, БАҚ-пен атқарылған жұмыс және БҚО бойынша соттар әкімшісінің атқарған жұмысы ту-ралы баяндалып, мәселелер талқыланды.

Өз кезегінде, Жоғарғы Соттың судья-сы Нұрлан Сұлтанов сот жүйесінде өт-кен жартыжылдық қабылданған жаңа рефор малармен айшықталғанына, соның нәтижесінде соттар қызметі бұрынғыдан да ашық бола түскеніне тоқталды.

Жиын соңында облыстық сот төраға-сы Бек Әметов жоғарыда аталған мәсе-лелермен қатар, алдағы уақытта атқары-латын жұмыстар туралы айтып, шараны қорытындылады.

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

арқылы 896 іс, 204 қылмыстық және 278 әкімшілік іс қаралған. Партисипативтік рәсім тәртібімен 16 іс, татуласу келісім-мен 99 іс аяқталғанын айта кету керек.

Кеңес шеңберінде «Татуласу: сотқа дейін, сотта» пилоттық жобасы шең-берінде атқарылған жұмыстар бойынша Қызылорда қалалық сотының судьясы Камшат Садуақасова, сот имиджін көтеру, құқықтық насихаттау, БАҚ-пен байланыс жасау жұмыстары туралы Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Ардақ Смағамбетова баяндады. Сонымен бірге, аудандық және оған теңестірілген сот-тарда атқарылған жұмыстар туралы сот төрағаларының есептері тыңдалды.

Шара барысында Жоғарғы Соттың судьясы Ғ.Мұсабекова 2018 жылы «Сот төрелігінің жеті түйіні» шеңберінде рес-публика соттарында жүзеге асырылып жатқан пилоттық жобалардың нәтижесіне тоқталды. Ол өз сөзінде «Виртуалды сот»

және «Түнгі сот», «Судья көмекшілері» жобалары сот жұмысы мен сотқа жү-гінуші азаматтарға тиімділігін көрсет-кенін айтып өтті.

Кеңейтілген кеңес қорытындысы бой-ынша сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсарту, судьялар мен сот мамандары-ның кәсіби деңгейін арттыру және алдағы атқарылатын жұмыстар мен тапсырмалар айқындалды.

Жиын соңында Ғ.Мұсабекова сот ғи-маратындағы сот музейі мен фронт-офис-терді аралап, күту залында орналасқан ақпараттық сервистер, бітістіруші судья, медиаторлардың және адвокаттардың жұмысымен танысты. Сонымен қатар, Қызылорда қаласының сол жағалауын-да орналасқан қаланың тарихи музейін аралады.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

АЛДАҒЫ ТАПСЫРМАЛАР АЙҚЫНДАЛДЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Page 3: ТӘУЕЛСІЗДІК БАРДА ТЕҢГЕ БАР · 2019-07-23 · сек, әлем бойынша таза су айналымы 2030 жылы 40 пайызға өсетін көрінеді

3№52 (3177) 16 шілде [email protected]

ҚОҒАМ

Сауалнаманы әзірлеген Ерлік Ержанұлы, «Заң газеті»

(Соң

ы. Б

асы

1-б

етт

е)

Оның үстіне көршілес елдегі саяси және экономикалық ахуал да көңілге жұбаныш бере алмауда. Бұған дамудағы тұрақсыздық салдарынан жаңа өндіріс орындарының көптеп ашылып, халықтың жұмыспен қамтылу көрсеткішінің айтарлықтай жақсара қоймауы кері әсерін тигізуде.

Жалпы девальвация мәселесін қозғаған кезде оны жан-жақты қарастыру қажет. Тең-генің құнсызданғаны кімге тиімді деген кезде үкіметтің де мүддесін естен шығармаған жөн. Сырттай аса қажеттілік көрінбегенмен, бұл белгілі бір деңгейде экономикасы экспортқа тәуелді Қазақстан үшін әлі де тығырықтан шығар жолдың бірі болып қалуда. Ақшаның құнсыздануы экспортты ғана емес, одан түсетін табыстың ұлттық тең-гедегі көлемін де айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл қолында артық ақшасы бар жұртшылыққа қатты соққы болары анық. Сол себепті газет оқырмандарына берер

Ойталқы ВАЛЮТАНЫҢ ҚҰНСЫЗДАНУЫНА ҚАТЫСТЫ ҚАУЕСЕТ КІМГЕ ТИІМДІ?

Егер шикізатты өзімізде өңдеп, дайын өнім шығаруды ұлғайтуға көбірек көңіл бөлгенде мұндай жағдай орын алмас па еді деп ойлаймыз. Бұдан бөлек жекешелендірудің, монополияның да эконо-микаға өз әсері бар. Еңбекақының көлемі көп жерде әлі де өте төмен. Қарапайым халықтың табысы айлықтан айлыққа дейін әзер жетеді. Сондықтан, кейбірі банктің тұтынушылық несиесіне жүгінуде. Ал, девальвация болады екен, ақша құнсызданады деген қауесет кім таратса да, жұртшылықтың ең бір осал тұсын дөп басары анық. Сол себепті оны кейбіреулер әдейі ұйымдастырып, әлеуметтік жағдайды шиеленістіру арқылы елдегі тұрақтылықты бұзуды көздеп оты-руы мүмкін.

БҮГІНГІНІҢ БАС ТАҚЫРЫБЫ

(Соңы. Басы 1-бетте)

кеңесім өзін сақтандыру үшін теңгені доллар, еуро, юаньға алмастыру керек. Қаржылық тұрғыдан тәуелсіз болу үшін ең дұрысы өз ісін ашу немесе инвестициялық пай қорларының акциясын сатып алған дұрыс. Өйткені дол-ларлық депозит кірісі жылына 1-2 пайыз болса, инвестициялық пай қоры акциясының кірісі 20 пайызды құрайды.

Бауыржан ҚАСЫМБЕРГЕБАЕВ, Синергияуниверситетінің президенті: Қайнар ШАЙМҰРАТ, заңгер:

Әлсін-әлсін болып отыратын қар-жылық дағдарыс пен теңгенің құнсыз-дануынан ауыздары күйіп қалған жұрт мұндай әңгімеге бірден елең ете қалатыны белгілі. Азын-аулақ жалақысынан жырып, депозитке ақша салғандар мынаны есті-генде ақшамыздан айырылып қаламыз ба деп үрейленері анық. Осыдан бірнеше жыл бұрын «Каспи» банкіне қатысты осындай алыпқашты әңгіме шығып, содан дүрліккен адамдар банктегі ақшаларын талап етіп, дүрбелең туғызғаны есімізде. Кейін ол әңгіме жалған екені анықталды. Жұртты дүрліктірген әйел ұсталып, заң бойынша жауапқа тартылды да. Бірақ, ол ешкімге сабақ болмаған секілді.

Бүгінде әлеуметтік желілерде желдей есіп жүрген жаңа валюта – алтынға қатыс-ты әңгімені кім, не себепті таратып отыр-ғаны беймәлім. Бұл алыпқашты әңгімеге елігіп, теңгемен салған ақшаларын депо-зиттен алатындар аз болмасы анық. Қазақ «Жел тұрмаса шөптің басы қимылдамай-

Оның көп бөлігі дамушы елдерге ти-есілі екенін ескерсек, жалпы, су мәселе-сінен біздің ел де тыс қалмайтыны басы ашық әңгіме.

Шөлейт аймақтардың проблемасын айтпағанның өзінде, Сырдария транс ше-каралық өзен төңірегіндегі даулы мәселе-лерді айналып өте алмаймыз. Оның үстіне суы тартыла бастағанына елу жыл болған Арал теңізін қайда қоямыз? Кіндік Азия-ның негізгі су қорының басты көзі Памир мен Тянь-Шань тауларынан бастау алатын Сырдария мен Әмудария өзендері.

2 млрд адам бір жұтым суға зәру

Кіндік Азия елдері тәуелсіздік алған жылдары аталмыш қос өзеннің су қорын бірлесіп пайдалану жөнінде толықтай мәмілеге келе алмады. Ал, халықаралық ұйымдардың сарапшылары түрлі індеттің 80 пайызы күнделікті қолданылатын ауыз судан екенін еске салады. Олай болса, бү-гінгі күні халқымыздың үштен бір бөлігі арнайы тазартудан өтпеген суды қолдана-ды. Ал, жарты миллионға жуық тұрғыны-мыз ауыз суға зәру. Оның үстіне, жер асты суларының ластануына алпауыт кәсіп-орындардың қалдықтары мен улы заттары да «жығылғанға жұдырық» болып тұр. Бара-бара бұл мәселе ірі геосаяси пробле-маға айналатын түрі бар. Олай дейтініміз, Орта Азия су қорының 90 пайыздайы Тәжікстан мен Қырғыз елінің еншісінде. Олар етектегі елді барынша «шөміштен қағып» қысуы ғажап емес. Энергиялық қуат көздеріне мұқтаж Тәжікстан мен Қырғызстан гидро электр станцияла-рын салуға, су қоймалары мен бөгеттер жасау ға баяғыда кіріскен. Түрікменстан мен Өзбекстан газ бен мұнайға бай. Олар тек суға мұқтаж. Сонда, таза су көршілер үшін де проблемаға айналғанын аңғаруға болады.

Қазіргі күні әлем бойынша 2 милли-ард адам бір жұтым таза суға зәру. БҰҰ таратқан деректерге қарағанда, суды тиімді пайдалану 2025 жылға дейін өз-гермесе, 2,7 миллиард адамның шөлден жан тапсыру қаупі төніп тұр. Бүгінгі таңда батыста сапалы табиғи судың құны мұнай бағасынан асып түскен. Керек де-сеңіз, кей елдерде су бағасы алтыннан 6-8 есе қымбат. Жалпы, ХХI ғасырдың орта шеніне қарай, әлем халқының 65 пайызы су тапшылығын терең сезінеді деген бол-жам бар. Олай болса, су қорын мейлінше үнемдеп, тиімді пайдалану, оны зиянды қоспалардан сақтау – адам баласы үшін ең негізгі парыз болуға тиіс екен.

Ауыз су проблемалары жайында БҰҰ Қазақстандағы өкілдігінің Алматы об-лысы бойынша әзірлеген құжаттары-на қарағанда, сауалнамаға қатысқан Қапшағай, Талдықорған қаласы мен Жар-кент, Сарқанд аудандарының тұрғындары

ды» дегендей, алдымен осындай жел сөз шығып, оның ақыры шындыққа айналып жататын кездер де болып жатады. Осыған алаңдаған адамдар жиған-тергенін сақтау шараларын жасауға асығады.

Жұртты алаңдатқан осы жайға орай, таяуда Ұлттық Банк төрағасының орынба-сары Мәдина Әбілқасымова түсінік берді. Оның айтуынша, әлеуметтік желілерде таралған Еуразиялық одақ елдеріне ортақ валюта шығарылады деген сөз шын-дыққа жанаспайды. Мемлекеттік деңгей-де мұндай әңгіме қозғалмаған. Яғни, әр мемлекет өздерінің ұлттық валюталарын қолдана бермек.

Бұл Ұлттық Банк өкілінің ресми мәлімдемесі дегенмен, ол әлеуметтік желілерде көп таралып жатқан жоқ. Керісінше, бейтаныс екі әйел таратқан жаңа валютаға қатысты әңгіме мессенд-жер арқылы жұртшылыққа кеңінен тарап

жатыр. Адамдарды қолдағы бар ақшала-рынан дереу құтылып, түрлі заттар сатып алуға насихаттаған олардың көздегені не екені жұмбақ. Қандай мақсатпен жасаса да бұл әрекеттен зардап шегетіндер бол-май қоймайтыны анық. Бір кезде қант

жоғалады екен дегенді естіп, дүкеннен қаптап қант алғандар болғаны сияқты, мына хабарға сенген жұрт жиған-терген-деріне түрлі заттар сатып ала бастаса, ол бағаның қымбаттауына ұшырататыны сөзсіз. Ал, бұдан саудагерлер ұтып, қа-

ауыз су сапасына қанағаттанбайтындарын айтқан. Негізі, аталмыш өңір еліміздегі су қорына бай аймаққа жатқызылады. Соған қарамастан, қалалардың 85 пайызы өздері тұтынатын судың қайдан алынатынын білмейді. Зерттелген елді-мекендердің 72,2 пайызы орталықтандырылған су жүйесіне қосылмаған құбырлардан тұра-ды. Ашық су көздерінен су ішу қауіпті екенінен бейхабар жандар көп.

Ал, Арал өңірінде судың сапасы сын көтермейді. Тартылған су құбырлары ескіргендіктен шіріп, тесіліп қалған. Тұзы көп, ұдайы ылғалды жерлерде жатқан құбырлар жарамсыз болып қалған. Ал, тесілген құбырлардан таза сумен қатар лас су да ағады.

Қытайдан бастау алатын Іле мен Қара Ертіс өзендері баршамызға белгілі. Балқаш суының 80 пайызы Іле өзені арқылы келеді. Қалған 20 пайызы Қа-ратал, Ақсу, Лепсі секілді кішірек өзен-дердің еншісінде. Егер ғайыптан тайып Қытай Іле суының 15 пайызын өзіне бұрса, Балқаш көлі Арал теңізінің кебін киеді. Олай болған жағдайда Алматы қа-ласы мен облысы тұзды құмның астында қалады. Қазір Аралдың тұздары Алатау мұздықтарын да ерітіп жатқаны белгілі.

1957 жылдан бері мұздықтардың 30 пайызы еріген. Егер түгел еріп кетсе, тау баурайындағы елдімекенде «ит байласа тоқтамайтын» жағдай қалыптасады. Ал, Балқашқа қауіп төнсе, Алматы, Қараған-

ды, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстары экологиялық зардап шегеді.

БҰҰ шеңберіндегі Азық-түлік ұйы-мының мәліметіне қарағанда, 2030 жылға таман тұщы суға деген әлемдік сұраныс қазіргіден 60 пайызға артады. Сөйте тұра, техногендік процестердің салдарынан табиғи су көздерінің үздіксіз ластануы, орманның оталуы сияқты факторлар, жалпы адам баласының қоршаған ортаға деген салдыр-салақ көзқарасы ауыз су қорын жыл санап кемітіп отыр.

Бассейндік кеңес құруда – біріншіміз

Соңғы жылдары Арал және Қазалы аудандарының кейбір ауылдарында суды биологиялық және химиялық жолдармен әртүрлі қоқыс қалдықтан, нитрат пен ни-триттен ажыратылуын жүзеге асыратын модульді мембраналы қондырғылар орна-тылғанын отандық ғалымдар айтып отыр. Ауыл тұрғындарын тұщы сумен қамта-масыз ету үшін суды тазартатын лазерлік қондырғылар туралы да ғалымдар ара-сында пікірталас бар. Лазерлік технология кез келген суды, тіпті, Сорбұлақ көлін де тазартады. Көзге көрінбейтін вирустарды лазер күйдіріп жіберетін көрінеді. Оның өзінде аса қауіпті улы химикаттар қолда-нылмайды.

БҰҰ-ның Даму бағдарламасы маман-дары Қазақстан аймағының қанша көлемі

ауыз суға зәру екені тұрғысында техника-лық және әлеуметтік зерттеу жүргізген. Орталық Азия аймағында бірінші болып Қазақстан Бассейіндік кеңес құруды да қолға алған.

БҰҰ-ның Даму бағдарламасы бой-ынша «Қазақстанды сумен қамту және су ресурстарын интеграциялық тұрғыда басқару жөніндегі ұлттық жоспар» жоба-сының менеджері Александр Никольенко «Қазақстан Орталық Азия аймағындағы суды пайдаланушылар мен су шаруа-шылығы органын басқарушылар ара-сындағы диалогты жүргізу механизмі – Бассейіндік кеңесті құру бастамасын көтеріп отырған алғашқы мемлекет. Бас-сейндік кеңестің құрылуы 2007 жылдан қолға алынған. БК – бұл осы аймақтағы барлық көл бассейндеріндегі суды пайда-ланушылар, осы саланың басқарушылар және су шаруашылығымен айналысушы кәсіби мамандар өздерінің мүддесін біл-діре алатын кеңесуші-пікір алмасушы орган», – дейді.

Оның айтуынша, БК шекаралық мәселелерді шешуге, соның ішінде Іле көлінің суын бөлісудегі Қытаймен жасасқан келісімдегі «айқындалмаған міндеттемелерді» және Сырдария көлі бассейніне қатысты келісімшарттағы су жіберуге байланысты кейбір шарт-тардың орындалмай отырғаны жайлы мәселелерді реттестіруге үлкен мүмкін-дік береді.

(Соңы. Басы 1-бетте)

Шөл мен шөлейт кедергі емес

Қазақстан аумағының едәуір бөлігін шөл және шөлейт жерлер алып жатқа-нына қарамастан, еліміз су ресурста-рына да өте бай. Қазақстанда 8500-ге жуық өзендер, 48 мыңнан астам көлдер және 4 мыңнан астам су қоймалары мен тоғандар бар. Алайда, су ресурстары ел аумағында біркелкі орналаспаған. Өзінің транзиттік орналасуының арқасында Қазақстанның су айдындарында Азия-дағы маңызды резерваттар және су мен су жағасындағы құс түрлерін өсірушілер бар.

Осы уақытқа дейін Қазақстанда ұя салу, түлеу, маусымдық көші-қон және қыстау кезеңінде 130-ға жуық құс түрлері тіркелген. Ұя салатын құс түрлерінің жыл сайынғы саны 10 миллионға жетеді. 2-3 миллион құс осы жерге түлеуге ұшып кел-се, ал, 50 миллионға жуық жыл құстары біздің су айдындарымызға көктемгі және күзгі көші-қон кезеңінде келіп тоқтайды. Су айдындарының ластануы тым көп. Бұл ең алдымен, тұтастай алғанда, тіршілік ортасының антропогендік түрленуіне байланысты. Осы қалыптасқан жағдайда сулы-батпақты алқаптарды қорғау мен ұтымды пайдалану біздер үшін өзекті міндеттердің бірі.

Қазақстанда суда жүзетін құстардың тіршілік ету ортасына алдын ала түген-деу жүргізілген, 14 неғұрлым мәнді су-лы-батпақты алқап бөлінген. БҰҰ-ның Даму бағдарламасын және Жаһандық экологиялық қорды техникалық және қаржылық қолдауы кезінде «Жаһан-дық мәні бар сулы-батпақты алқаптар-ды жыл құстарының тіршілік ететін орындары ретінде кешенді сақтау: үш аумақта демонстрациялау» жобасы әзірленіп, жүзеге асырылған. Аталмыш жоба әлемдік маңызы бар сулы-бат-пақты алқаптардың үш басымды ау-мақтарында биологиялық әртүрлілікті сақтау мен тұрақты пайдалануға және негізгі қатерлерді барынша азайтуға мүмкіндік береді екен. Бұл аумақтар суда жүзетін құстардың маңызды ұшып өту жолдарында орналасқан. Бұған Жай-ық өзенінің атырабы, Теңіз – Қорғалжын және Алакөл – Сасықкөл сияқты көлдер жүйесі қамтылып отыр.

Алайда, ауыз су мәселесі еліміз үшін үнемі күнтәртібінде қала бермек.

Айша ҚҰРМАНҒАЛИ,«Заң газеті»

АНЫҒЫ МЕН ҚАНЫҒЫ

рапайым халық ұтылатыны да белгілі. Осы жайға қарап-ақ алыпқашты әңгіме таратушылардың көздеген мақсатын бағамдауға болатындай.

Біздің айтарымыз, мұндай алыпқашты әңгімелерге құлай сенуге болмайды. Ең бастысы, қазір жұрттың бәріне қол-жетімді болып отырған интернет арқылы ресми органдардың сайтына кіріп, ақпа-рат алған жөн. Тағы бір көңіл аударар-лық мәселе, ресми органдар өздерінің баспасөз қызметтері арқылы осындай алыпқашты ақпараттарға қатысты ресми мәлімдеме жасап, әлеуметтік желілер арқылы таратып отырса, ел жел сөзге еріп, одан зардап шекпес еді. Қалай болғанда да, тәуелсіздік барда теңге бар екені хақ.

Қалкөз ЖҮСІП,«Заң газеті»

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

ҰҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБА-

САРЫ МӘДИНА ӘБІЛҚАСЫМОВА ТҮСІНІК

БЕРДІ. ОНЫҢ АЙТУЫНША, ӘЛЕУМЕТТІК

ЖЕЛІЛЕРДЕ ТАРАЛҒАН ЕУРАЗИЯЛЫҚ ОДАҚ ЕЛ-

ДЕРІНЕ ОРТАҚ ВАЛЮТА ШЫҒАРЫЛАДЫ ДЕГЕН

СӨЗ ШЫНДЫҚҚА ЖАНАСПАЙДЫ. МЕМЛЕКЕТТІК

ДЕҢГЕЙДЕ МҰНДАЙ ӘҢГІМЕ ҚОЗҒАЛМАҒАН.

ЯҒНИ, ӘР МЕМЛЕКЕТ ӨЗДЕРІНІҢ ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАЛА-

РЫН ҚОЛДАНА БЕРМЕК.

АУЫЗСУ – КҮН ТӘРТІБІНДЕГІ МӘСЕЛЕ

ТӘУЕЛСІЗДІК БАРДА ТЕҢГЕ БАР

Page 4: ТӘУЕЛСІЗДІК БАРДА ТЕҢГЕ БАР · 2019-07-23 · сек, әлем бойынша таза су айналымы 2030 жылы 40 пайызға өсетін көрінеді

4 №52 (3177) 16 шілде [email protected]ТАРАЗЫ

ОРАЙЫ КЕЛГЕН ӘҢГІМЕ

СЕМИНАР

ЛАҢКЕСТІК пен ЭКСТРЕМИЗМГЕ КІМНІҢ КӨЗІМЕН ҚАРАП ЖҮРМІЗ?!

– Сандыбек Сапашұлы, бүгінгі таңда елдің тыныштығы мен бірлігін сақтау мемлекеттік маңызы бар келелі мәселе болып отырғаны кім-кімге де белгілі. Осы бағытта Ұлттық қа-уіпсіздік комитетінің өңіріміздегі де-партаменті атқарып жатқан жұмыстар жайлы не айтасыз?

– Бұл сауалға жауап бермес бұрын ал-дымен Ақмола облыстық департаментінің тарихына қысқаша тоқтала кетсем дей-мін. 1999 жылы Президент Жарлығына сай Ақмола облысының қайта құрылуына байланысты аумағы өзгертіліп, бұрынғы Көкшетау облысының бірнеше ауданы қосылғаны белгілі. Сөйтіп, облыстық ҰҚК департаменті құрылып, ол Көкшетау қаласына көшірілді. Жаңа орталықта жеке құрам мен мамандарды қайта жасақтауға тура келді. Міне, сол қайта құрулардың басында тұрған, тәуелсіз еліміздің Ұлт-тық қауіпсіздік комитетінің құрылымын қалыптастыруға өз үлестерін қосқан ардагерлерімізді айтпай кетсек, қиянат бо-лар еді. Олар департаментті әр жылдары басқарған генерал-майор Х.Нышанбаев, Н.Мырзалиев, К.Әбдіқазымов, Н.Атша-баров, К.Нұрбеков сияқты өз жұмыста-рын жақсы білетін, ұйымдастырушылық қабілеті мол басшылар. Облыстық де-партаменттің қалыптасып, дамуына бел-сене атсалысқан және жастарға тәлімгер болған генерал-майор М.Жанділдинов, полковник У.Хасенбаев, подплковник С.Ыбыраев сияқты ардагерлердің сіңірген еңбектері ерен.

Бүгінде департамент жемқорлықпен, экономикалық қылмыстармен күрес, есірткі бизнесінің жолын кесу, діни экс-тремизммен, лаңкестікпен және ұйым-дасқан қылмыспен күрес сияқты елі міздің тыныштығы мен қоғамдық тұрақтылығын сақтауда маңызды орын алатын міндет-терді атқарып келеді. Қазіргі күні ҰҚК облыстық департаментінде өз ісін жетік білетін білікті мамандар қыз мет етеді және материалдық-техникалық жағынан да жақсы қамтамасыз етілген. Бір сөз-бен айтқанда, жұмыс істеу үшін қажетті жағдайлардың бәрі де жасалған. Өз кезе-гінде департамент қызметкерлері өздеріне жүктелген ауыр да жауапты міндетті абы-роймен орындап отыр деп нық сеніммен айта аламыз.

– Еліміздің болашағы жастар десек, сол жастарымыздың санасын улап жатқан есірткі бизнесіне тосқауыл қою бағытында қандай нақты істер атқа-рылуда?

– Есірткіні қабылдап, нашақорлыққа салынған адамның оны тастауы өте қиын болады, тіпті мүмкін де емес. Тек арнайы емдеу орнында ұзақ мерзімді емдеу кур-сынан өткенде ғана нашақорлық дерттен жазылуға болады. Адамды тәуелділікке түсіретін осындай қасиеті үшін де ол қа-уіпті болып табылады. Еліміздің ертеңгі болашақ тізгінін ұстар жастарымызды осындай қатерлі дерттен сақтау бүгінгі күні өзекті мәселе болып отыр.

Бұл бағыттағы жұмысқа өте үлкен көңіл бөлеміз. Соған орай, ауыз толтырып айтарлық нақты жетістіктеріміз де бар-шылық. Енді соларға қысқаша тоқтала ке-тейін. Мәселен, 2018 жылдың ішінде ҰҚК

Әлемде лаңкестік пен экстремизмге қарсы күреске мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаржы көлемі барлық елде жыл сайын ұлғайып келеді. Осыған қа-рамастан, лаңкестік қаупі сейілмей тұр. Тіпті, кей елдерде ол ең табысты биз-нес түріне айналғанын бүгінде күштік құрылымдар мен құқық қорғау ұйымдары жақсы біледі. Әйтсе де, лаңкестік пен экстремизмнен діни астар іздеп, саяси-ландыру үрдісі жалғасуда және ол түрлі сипатқа ие бола бастағанын айтып, кей сарапшылар дабыл қағып жүр. Олардың сөзінше, лаңкестік пен экстремизммен күресте БАҚ-тың рөлі өте жоғары. Бұл мәселе таяуда Алматыда өткен БАҚ өкіл-дері мен блогерлерге арналған білім беру семинарында да айтылды.

– Қазақстандағы эстремизм мен тер-роризмге деген көзқарас әзірге біздікі емес. Оған әлі күнге ресейлік БАҚ-тың ықпалымен, өзгелердің көзқарасымен қарап жүрміз. Бұл мәселеде Қазақстанның ұлттық мүдде тұрғысынан өз көзқарасы болу керек. Ақпарат кеңістігіндегі теріс көзқарас салдарынан қазір исламист де-ген сөзді айтуға қорқатын болдық. Сон-дықтан, бұл семинардағы басты мақсаты-мыз журналистерді оқыту емес, білімін толықтыру болып отыр, – дейді шараны ұйымдастырған «Қазақстан Республи-касындағы лаңкестік пен экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» қоғамдық қорының президенті, заң ғылымдарының кандидаты Кәкімжан Бишманов.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті профессорының айтуынша, экстремизм тек діни емес, саяси да болуы

мүмкін. Ол идеологияға жатады. Ал, терроризм – тек қана криминал. Сосын террористің бетін бері қарата алмайсың. Онда оңалту деген жоқ. Олардың көбінің көзі жойылады. Экстремистермен сөй-лесіп, түсіндіріп, бетін бері қаратуға бо-лады. Ал, террористердің басты талабы Конституцияны өзгерту, Үкіметті отстав-каға жіберу, өзінің жақтастарын түрмеден босату және қаржы алу. Өйткені, террор-исті дайындау үлкен қаржы мен уақытты қажет етеді. Арнайы әзірліктен өтіп, басшыларының бұйрығын айлап, жылдап күтіп жүре беретін мұндай адамдарды өзгелерден айыру өте қиын.

«Білім беру орталығының» дирек-торы, Дін істері жөніндегі комитеттің республикалық ақпараттық-түсіндірме тобының сарапшысы Руслан Иржанов-тың сөзіне сүйенсек, лаңкестік пен экстремизмге қатысты оқиғалардың жиі бой көрсетуі кездейсоқтық емес. Ақпарат ақылды қолға тисе мықты қаруға айнала-ды. Мәселен, саяси барлауда қауесет та-рату үшін қолданылатын «номеро логия» деген термин бар. Оған БАҚ-ты жиі қолданады. Рейтинг қуған журна листер ақпаратты қару ретінде қолданушылар-дың оп-оңай құралына айналып кетеді. Олар өздерінің бұл процеске қатысып

жатқанын білмейді де. Ал, Діни экстремизмге қарсы орта-

лықтың директоры Асқар Сабдиннің сөзіне қарағанда, діни тұрғыдан жаста-рымыздың санасын отарлап жатқан ха-лықаралық ұйымдар, жамағаттар бар. Олар діндар жастарымыздың кем дегенде 50 пайызын рухани тұрғыдан отарлаған. Бізге емес, басқа елдегі ұстаздарына, дін көсемдеріне бағынышты бұл жастардың бір бөлігі Сауд Арабиясына тәуелді. «Ол

жақтан бір бұйрық, діни пәтуа келсе бізді емес, солардың пәтуасын тыңдайды. Мысалы, біздегі сәлафилер жан-жақтан жасалған қысым әсерінен дәстүрлі дінге қайтамыз ба деп жүрген кезде сәлафиз-мнің мадхали бағытының көсемі Қа-зақстан сәлафиттеріне үндеу жасады. Сіз-дер ахидаларыңызға берік болыңыздар, сәлафиттік бағыттан ажырамаңыздар, осы жолмен жүре беріңіздер. Қиыншылықтар келеді, кетеді дегендей. Олар біздің аза-

Ақмола облыстық департаменті қызмет-керлерімен заңсыз есірткі айналымымен айналысу қылмысына орай 13 қылмыстық іс ашылып, 12 келі жоғары сапалы героин, 297 келі гашиш, 284 келі марихуана және 1,8 грамм экстази тәркіленіп, жойылды. Біздің қызметкерлердің араласуымен 2 ха-лықаралық, 8 республика ішіндегі есірткі тасымалдау каналдары ашылды.

2017 жылдың тамыз айында Ауған-станнан Ресей Федерациясына есірткі жеткізетін канал туралы ақпарат түсті. Халықаралық есірткі тасымалы каналын анықтап, жою мақсатында жан-жақты ойластырылған жоспар жасалды. Ұзаққа созылған оперативтік жұмыстардың нәти-жесінде 2018 жылдың ақпанында Алматы қаласында Ауғанстан азаматы Ульфат Хамедуллах пен Пәкстан азаматы Ахмед Зубайр қолға түсті. Ахмед Зубайрдан 11 келі 946 грамм жоғары сапалы героин есірткісі табылды. Бұл азаматтардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Жасаған қылмыстары үшін таяу арада олар сот ал-дында заң бойынша жауапқа тартылатын болады.

ҰҚК облыстық департаменті қызмет-керлірінің іздестіру жұмыстары барысын-да жасанды есірткі сатумен айналысатын Н.Гордеев деген азамат қолға түсті. Ол интернет арқылы шетел азаматтарымен байланыс орнатып, оларға жасанды есірт-кіні сатып келген. Ақша аударымы элек-тронды кивиәмиян арқылы жасалып,

есірткі поштамен жеткізіліп отырған. 2017 жылдың қазан айында Гордеев Гол-ландиядан хат алады. ҰҚК қызметкерлері соттың санкциясымен поштаға келген хатты куәлардың алдында ашқан кезінде, одан ақ түсті ұнтақ табылды. Зертханалық зерттеу көрсеткендей, ол экстази жасанды есірткісі болып шықты. Осылайша, Гор-деев шет елден арзандау бағамен есірткі сатып алып, оны басқаларға интернет арқылы сатып келген.

2017 жылдың наурызында департа-мент қызметкерлері еліміздің оңтүстік аймағынан солтүстікке есірткі тасымал-даумен айналысып келген Е.Әділбеков және Е.Әлменов деген азаматтарды қолға түсірді. Целиноград ауданының Талапкер ауылының аумағында сатып алушыларға есірткі өткізбек болып тұрған жерінде қолға түскен олардан 20 келі гашиш табылды. 2017 жылдың қарашасында ауданаралық мамандандырылған қыл-мыстық соты бұл екі азаматты жасаған қылмыстары үшін 10 жыл мерзімге бас бостандықтарынан айырды.

– ХХІ ғасырдағы адамзатқа үл-кен қатер төндірген кесел – діни экс-тремизм мен лаңкестік болып отыр. Өкінішке қарай, лаңкестік әрекеттер елімізде де әр өңірден көрініс беріп қа-лады. Осы бағыттағы атқарып жатқан жұмыстарыңыз қандай?

– Діни экстремизм мен терроризм қазіргі күні адамзат үшін үлкен қатер бо-

зақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылдың 15 сәуіріндегі «Лаңкестік әре-кеттерге ұшырау қаупі бар нысандарда лаңкестікке қарсы қорғаныс жүйесін бекіту туралы» №191 қаулысына сай, өңіріміздегі атқарылып жатқан жұмыс-тарды тексеріп, ұдайы назарда ұстайды. Өткен жылы департамент қызметкерлері 100-ден астам әлеуметтік, білім беру, денсаулық сақтау, сауда және қоғамдық тамақтану орындарының ұжымдарымен кездесіп, лаңкестік қаупінің алдын алу жайында әңгімелер өткізді. Мұндай ша-ралар барысында ҰҚК мамандары заң та-лабына сай қандай қауіпсіздік шаралары сақталуы қажеттігіне назар аударды. Со-нымен бірге, лаңкестік әрекет орын алған жағдайда «110-жедел желісіне» хабарласу қажеттігі ескертілді.

Бұл бағытта сақтық шараларының қаншалықты деңгейде жүргізіліп отыр-ғанын білу мақсатында департамент ма-мандары эксперимент өткізген еді. 2018 жылы осындай экспериментке 86 нысан тартылды. Олардың 28-і мемлекеттік маңызы бар, 5-уі стратегиялық маңызы бар, 51-і адамдар көп шоғырланатын және екеуі қауіпті өндірістік нысандар. Тексеру барысында заң талаптарына сай сақтық шараларына жете көңіл бөлмеген 5 лауа-зымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды.

ҰҚК департаментімен өңірлік штаб-тардың дайындығын тексеру мақсатын-да антитеррорлық жаттығулар ұдайы

екеуі әйел адамдар. Олар күйеулерін Сириядағы соғысқа қатысуға үгіттеген. Үйлерінен теріс ағымды насихаттайтын әдебиеттер, аудио-видеоматериалдар та-былды. Сондай-ақ, бұл аталған адамдар әлеуметтік желілер арқылы теріс ағымды жұртшылыққа таратып келген.

Осы орайда, еліміздің азаматтарына мына жайларды естерінде сақтап жүруге кеңес берер едім. Яғни, интернет арқылы тілінен май тамған уағызшылардың бәрі-не бірдей құлай сенуге болмайды, дінге жүзіңізді бұрғыңыз келсе, мешітке барып, имам-молдалардың уағызын тыңдаңыз. Адамдар теріс ағымдардың ықпалына діни білімінің тайыздығынан түсіп жата-ды. Алданып, теріс жолға түскендердің кейін қателігін түсініп, опық жейтін жай-лары да аз кездеспейді.

Елімізде ҰҚК органының атсалы-суымен Сирияда жүрген отандастары-мызды елге қайтаруға арналған «Жусан» арнайы операциясы жүргізілуде. Сирияға барып, жихадқа қатысамыз деп жүрген-дердің бастан кешкен жайлары теріс ағым-ның ықпалына түсудің қаншалықты зар-дабы болатынын дәлелдейді. Сондықтан, болашағына бей-жай қарамайтын әрбір азамат теріс ағымдардан сақ болуы тиіс.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Қалкөз ЖҮСІП,«Заң газеті»

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

Сандыбек ҚАСЕНОВ, ҰҚК Ақмола облыстық департаментінің бастығы:

«БІЗДІҢ МІНДЕТ – ҚОҒАМ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ»

лып отырғаны даусыз. Осыған орай, ҰҚК облыстық департаменті тұрғындарды қатерлі ағымдардың ықпалына түсуден сақтау бағытында масқатты жұмыстар жүргізіп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар-да Қазақстан Республикасының 2017-2020 жылдарға арналған діни саладағы мем-лекеттік саясат Тұжырымдамасын және 2018-2022 жылдарға арналған діни экс-тремизммен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын және Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламаларын басшылыққа аламыз.

2018 жылы қызметкерлеріміздің тео-лог мамандармен бірлесе жүргізген жұ-мыстарының нәтижесінде 48 сәлафиттік бағытты ұстанатын азаматтар өз ұста-нымдарынан бас тартты. Олардың 8-і тү-зеу мекемелерінде жазаларын өтеп жатыр. Сонымен бірге, 9 жазасын өтеуші дәстүр-лі ислам діни қағидаларын мойындады. Бұл бағыттағы жұмыстар көп уақыт бойы үздіксіз жүргізуді қажет етеді. Елімізде жұмысына тиым салынған «Таблиги жамаат» діни ағымын ұстанатын Целино-град ауданының 2 тұрғыны мен Аршалы ауданының 7 тұрғыны ұстанымдарынан бас тартты. Осының нәтижесінде Аршалы ауданында бұл қатерлі ағымды ұстанатын топ түгел жойылды деп айтуға болады.

ҰҚК қызметкерлері, сондай-ақ, Қа-

өткізіліп тұрады. 2018 жылы осындай 5 оқу-жаттығу өткізілді. Қолға алынып отырған осындай шаралар өңіріміздегі діни экстремистік және лаңкестік қатерді барынша азайтуға игі ықпалын тигізуде.

– Қатердің салдарын жойғаннан гөрі, оның алдын алудың тиімді бо-латыны даусыз. Бұл бағытта біраз шаруалар атқарылып жатыр екен. Ал, саналары теріс ағымның насихатымен уланған, өздері де сол жолға түскен адамдар да, өкініштісі, жер-жерде кез-десіп қалады. Сондайлардың теріс әрекеттеріне қарсы нендей шаралар қолданылуда?

– Біз негізінен жоғарыда айтқандай, қатерлі ағымдардың таралуына тосқауыл қою, теріс ағымды ұстанатындармен на-сихат жұмыстарын жүргізіп, райларынан қайтару жұмыстарына жете көңіл бөлеміз. Дегенмен де, саналары экстремистік иде-ялармен уланып, сол жолды тарату үшін заңсыз әрекеттер жасайтындар да бар. Оларға қарсы заң шеңберінде әрекеттер жасалады.

Соңғы айларда Степногорск және Щу-чинск қаласында тұратын теріс ағымды ұстанатын бес адам қылмыстық жауапқа тартылып, сот шешімімен сотталды. Олардың бәрі радикалды сәлафизм ағы-мын ұстанушылар. Сотталушылардың

матымыз болғанмен, Саудияға тәуелді. Денесі осында болғанмен, санасы, жүрегі, махаббаты, құндылықтары сол жақта жүр. Екінші бір бөлігінің денесі Қазақстанда болғанмен, басы Түркияда жүр. Олар да шейхтарынан, ұстаздарынан, пірлерінен пәтуа келсе, бізді тыңдамайды. Үшінші бір бөлігі Пәкістанның дін адамдарын, діни қызметкерлерін тыңдайды. Төртін-шісі Ресей имамдарын тыңдайды. Бесін-шісі Египетті тыңдайды», – дейді діни терроризм, экстремизм баптары бойынша сотталып, түрмеде отырған 600-ден астам лаңкеспен жеке кездескен А.Сабдин. Оған сенсек, тәуелсіздіктен бері елімізде діни мотивті 30-дан астам теракт жасалған.

Өкінішке қарай, Қазақстанда экстре-мизм мен лаңкестікті ғылыми тұрғыдан зерттейтін арнайы орталықтар жоқ. Басқа елдерде бұл жұмыспен ғалымдар айна-лысып, теориялық тұрғыдан жан-жақты зерттеп, түрлі әдістемелер жасап, құзыр-лы орындарға ұсынады. Қазақстанда тәжірибелік жағынан түрлі жұмыс жа-салғанмен, жұмыс толық бір жүйеге түсті деуге әлі ертерек. Онымен күресте БАҚ-тың рөлі де жете бағаланбай отыр.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,«Заң газеті»

Page 5: ТӘУЕЛСІЗДІК БАРДА ТЕҢГЕ БАР · 2019-07-23 · сек, әлем бойынша таза су айналымы 2030 жылы 40 пайызға өсетін көрінеді

5№52 (3177) 16 шілде [email protected] КЕЛБЕТ

АР мен ЗАҢ АЛДЫНДА АДАЛ ЖАН

ТАҒЫЛЫМ

ҚР Әскери сотының экс-төрағасы, заң ғылымдарының кандидаты Серік Байбатыров «Әділет пен шындықтың салтанаты» деп ат қойған әңгімесінде қаржы полициясы және Бас прокурату-раның 300-ден аса қызметкері екі жыл бойы жүргізген жедел іздестіру, тергеу жұмыстарының нәтижесінде құрықталған қылмыстық қауымдастыққа қарсы сот төрелігін Алматы қаласындағы аса ауыр қылмыстарды қарайтын маманданды-рылған ауданаралық әскери сотының төрағасы мен білікті мамандар атқарып шыққанын айтады. «Қорғас ісі» бойынша қылмыстық іс 1576 том, айыптау қоры-тындысы 70 томға жинақталған. Жауапқа тартылған 45 айыпталушының 20-сы аса ауыр қылмыс жасағандар. Сот процесіне 4 мемлекеттік айыптаушы, 35 кәсіби адвокат, қорғаушы, сотталушылардың 45 жақын туысы, 3 тілмәш-аудармашы, 3 жәбірле-нушінің өкілі, 5 сот отырысының хатшы-сы, 6 сот приставы қатысып, іс бо йынша 165 сот мәжілісі өтіп, 556 куә мен 45 сотталушыдан жауап алынған. Жүздеген сот сараптамасы мен мамандардың қоры-тындылары және көптеген құжат пен айғақ заттар зерттеліп, тараптардан күнделікті түсіп жатқан өтініштер мен арыздар дер кезінде қаралған. Осынау істі заң шең-берінде жүргізу барысында терең кәсіби білім ғана емес, өте үлкен психологиялық ұстамдылық пен мұқияттылық, сергектік пен сабырлылық танытқан Советхан Сәке-новтің азаматтығын даралап және сондағы сот құрамы әділсот төрелігін үлкен абы-роймен атқарғанын тілге тиек етеді.

Әрине, мұндай сот процесі айғай-шу-сыз өтуі тіпті мүмкін емес. Соған қара-мастан, қылмыстық істі қарау шарықтау шегіне жеткенде куәгерлер мен жәбірле-нушілердің, айыпталушылардың, қорғау-шылардың пікірлерін тыңдап, сот отыры-сын пікірталас алаңына айналдырудан қорықпай, заң аясында жұмыс жасаған Советхан Сәкеновтің өз ісінің хас шебері екені қарапайым тілмен суреттеледі.

Ширек ғасырдан бері заң саласында тер төгіп жүрген, еңбек жолын адвока-турадан бастаған С.Сәкенов те бабалары Төле, Әйтеке, Қазыбек билер ұстанған

Жастық желік пе, әлде ерікті биле-ген аш нәпсінің алдындағы әлсіздік пе, Жайна өзін өліп-өшіп аймалап, ыстық демімен өртеген жігіттің сумаңдаған қолын қақпай, өрттей лаулаған құ-шағына құлай берген. Тек ол кезде әлі оң-солын танып үлгермеген Жайна мезеттік төсек қызығы бойжеткендік шақпен қош айтыстырып, ана атанды-ратынын пайымдай алмаған еді.

СәбиДенесі толысып, ішінің өскенін сырт

көзден жасырамын деп жүріп бекерге өткізіп алған жеті-сегіз айдан соң ғана жасанды түсік жасатып, сәбидің өмірін қию «мүмкіндігі» қолдан шығып кеткенін аңғарған ол тілін тістеді. Бұл құпия да көп ұзамай ата-анасы мен көрші-қолаңға жария болды. Ағайын-туыс арасында сыпсың сөз бен бет шымшулар көбейген. Көлеңкесіндей соңынан қалмай сүмеңдеп жүріп, ақыры арам ойын жасаған жігіті де Жайнаның аяғы ауыр естіген сәтте «сен не айтып тұрсың, бұл бала менікі емес» деп ат-тонын ала қашып, қарасын көрсетпей кеткен. Не істеу керек?! Байғұс әке-ше-ше ойбайға басқанымен, бәрі де кеш еді. Басқа-басқа, қазақы дәстүрінің қаймағы бұзылмаған Қызылорда сияқты өңірлерде үкілеп отырған қыздың оң босағада боса-нып қалуы сүйекке түскен таңбамен тең қасірет еді. Ақыры әке-шешесі ақылдаса келіп, Жайнаны Талдықорған қаласында тұратын нағашы ағасы Руслан Арыстан-бековтің үйіне жібергенді жөн көрген. Бастапқыда обалы не керек, Руслан Жай-наның босануына көмектесіп, тіпті дүни-еге келген Қасымды өзім асырап аламын деп, оған тегін беріп, куәлік те жаздыртты. Анасы астанаға жұмысқа кеткен кезде сәбиді төрт айлығына дейін өздері бағып-қақты. Кейін жағдайлары қиындаған соң, амал жоқ баланы шешесіне береді. Сосын нағашысы жиенін баласымен Талғар ау-данының Талдыбұлақ ауылында тұратын, әкесінің туған інісі Шаймерден Құлах-меттің үйіне әкеп табыстайды. Бірақ, енді ғана аяғын апыл-тапыл басып, жұрттың көз қуанышына айнала бастаған кішкен-тай Қасымның өмір жасы өлшеулі екен, бір жарым жастан асқанда ойда жоқ жер-ден шетінеп кетті. Бейкүнә сәбиге ажал қай тұстан келді?

Жайнаның 2018 жылғы 11 қазанда тергеу органына күдікті ретінде берген жауабына сенсек, сол күні кішкентай Қасым жеңгесі Ақеркенің әлдекіммен телефон арқылы сөйлескенінен оянып кетіп, көпке дейін шырқырап жылау-мен болған. Әкесінің туған інісінің үйі дегенмен оты басқа, ошағы басқа. Ал бұл кім, «тіркемесін» сүйретіп, күнінің жоқтығынан ағасы мен жеңгесінің қас-қа-бағына қарап, паналап отырған адам. Оны мына жарық дүниенің сұмдығынан бейхабар періште Қасымға қалай түсін-дірерсің... Шарасыздығынан, жеңгесінің сөйлескен сөздеріне кедергі келтірмес үшін баласының аузын қалқалап жапқан. Ол кісі әңгімесін аяқтағаннан кейін нәре-стені қолына алып, жылап қоймағасын шапалақпен бетінен және аузынан ұрған.

(Соңы. Басы 1-бетте)

Содан аздап тыншыған баласы қайтадан жылай бастағанда, «жылама» деп жеңгесі тәрізді бұл да сәбиді шапалақпен екі рет беті мен аузынан ұрады. Шырқыраған Қасым оған да уана қоймаған соң ашуы келіп, он минуттай көкірегіне қысып ұстаған, нәрес тенің үні шықпағаннан кей-ін ұйықтаған шығар деп өзі де жастыққа бас қойған. Жайнаның өзі де тергеушіге адвокатының қатысуымен берген түсінік-темесінде нәрес теге қол көтеріп, қаты-гездік жасауына жүрген жігітінің тастап кетіп, баласының некесіз туылуы сияқты сорақы жайт жүй кесін жұқартып, сәбиге деген өшпенділі гін оятып жібергені себеп болғанын мойындаған.

Екі түрлі жауапАлайда, іс бастапқы сатыдан өтіп,

Алматы облыстық сотының апелляция-лық сот алқасына келіп түскенде, Жайна алғашқы жауабын өзгертіп, баласын әдейі өлтірмегенін, оның көрпе мен жастыққа тұншығып шетінегенін айтып ақталған. Сотта куә ретінде сұралған жеңгесі Ақер-ке Шакенова да сол күні Қасымды жая-лыққа орап беріп, ұйықтап қалғандарын, ертеңіне жұмысқа кеткен кезде қызы Анар телефон шалып «Жайнаның ұлы Қасым тұншығып қалып, ұйқыдан тұрмай қалған ба, әпкем жылап отыр» деп хабар-лағанын айтқан. Кімнің жауабы дұрыс? Жайнаның кішкентай Қасымға қастан-дық жасамағанына қандай дәлелі бар? Туған анасы шаранасын жарып шыққан баласын қасақана мерт етуі мүмкін бе? Бұл айтар ауызға жеңіл болғанымен, кез келген адамды морт сындыратын қасірет еді. Мұндай шым-шытырық дүниенің арасынан ақиқат шындықты аршып, тауып алудың өзі де оңай шаруа емес-ті. Таразы басында тайталасып тұрған имандылық пен заңның қайсысының салмағы ауыр?! Мұндай сауалға жауап іздеп, әділ төрелі-гін айту істі аппеляциялық сот тәртібімен қараған облыстық соттың үш судьясы С.Сәкенов, Б.Ниязов және Е.Әбділдинге үлкен сын еді. Әділдік қай тұста?! Үш қазының алдында тарамдалып сан таңдау жатты. Тәжірибеден көріп жүргеніміздей, айналдырған он-он бес минутта істегі жинақталған дәлелдемелерді сананың сүзгісінен өткізбей-ақ, бастапқы сатының кескен үкімін заңды деп тауып, күшінде қалдырса да немесе қаршадай қыздың қайғысы мен қайғыдан қаусаған ата-ана-сының басындағы ауыр жағдайға қарап, ақтау үкімін шығарса да қазылардың қолын ешкім қақпайтыны анық. Тек өмірі орта жолда үзілген кішкентай Қасымның обал-сауабын кім көтереді?! Қанша жер-ден періштенің тұз-дәмі таусылып тұр ғой деп көңіл жұбатқанымызбен, бұған дейін алдын ала тергеу амалдары барысында жинақталып, бастапқы сот отырысы бары-

сында ортаға салынған ақиқат дәлелдерді қисынсыз жоққа шығаруға көкірегінде иманы бар судьяның дәті бара қоя ма?!

Сот отырысы барысында ортаға са-лынған ойлар көп еді. Куәлер А.Қырықба-ев пен К.Батыровтың және Ж.Құлахметтің Жайнаны ақтап сөйлеген сөздері мен осы істі тергеген құзырлы органның сотқа ұсынған дәлелдерінің арасында жер мен көктей айырмашылық болды. Әлде, Жай-наның нәрестем жастық пен көрпеге жаза-тайым тұншығып, шетінеп кетті дегенінде шындық бар ма?!

Сараптама басқаша «сөйлейді»

Олай дейін десең, Қасымның денесіне 2018 жылдың 9 қарашасында жасалған сот сараптамасының қорытындысында өлімнің түпкі себебі мұрын тесігі мен ауыз қуысын жұмсақ затпен: жастық, көрпе және т.б. қатты жабу салдарынан механи-калық асфиксия нәтижесінде болған деп көрсетілген. Бұдан бөлек, сот сараптамасы баланың денесін зерттеу кезінде оның оң бетінің сырылуы, маңдай аймағы екі жағының, сол көздің жоғарғы қабағының, оң жақ сүйек аймағының қанды ісігі, жоғарғы ернінің сол шырышты қабығы мен қызыл иекке, төменгі еріннің сол шырышты қабығы мен қызыл иегіне қан құйылуы, оң білезіктің 2 саусағынан жа-раның іздері мен сол жақ бет сүйегінің, иек аймағының екі жағының, мойынның жоғарғы сол жақ үшінші бүйір бетінің қанды ісіктері сияқты жарақаттарды та-уып, оны сипатына қарай жіктеп, олар өлім алдында бітеу, қатты заттың (зат-тардың) әсерінен келтірілуі мүмкін деп тұжырым жасаған. Тек сот сараптамасы бұл жарақаттар денсаулыққа жеңіл зиян келтіргенін, олардың сәби өліміне тікелей қатысы жоқ екенін көрсеткен. Егер мәсе-

леге заңдық тұрғыдан қарап, ой түйсек, сот сараптамасы нәрестенің өліміне тіке-лей себебі жоқ деп көрсеткен бұл жеңіл санаттағы жарақаттар Жайнаның алдын ала тергеудегі жеңгем және өзім Қасым жылап қоймаған соң, оның беті мен ау-зынан ұрдық деген сөздерінің шындыққа сәйкес келетінін дәлелдеп тұрған сияқты. Жә, Қасымның ажалы ұрғаннан болма-са, басқа неден келуі мүмкін? Оған сот отырысы барысында сарапшы ретінде сұралған М.Кушеровтің шешесі баласын көкірегіне 3-5 минут қысып ұстағанның өзінде бала тұншығып қалуы мүмкін екені, ал ұйықтап жатқан баланың беті-не жастық пен көрпе жабылып қалған жағдайда, оның өлімге алып келмейтіні, тек оны үстінен ауыр затпен бастырғанда ғана сәби шетінеп кетуі ықтимал екені жайлы тұжырымы ғана тиянақты жауап беретін сияқты. Сондықтан, істі қараған сот алқасы сарапшының осы уәжін негізге алып, кішкентай Қасымның өлімі көрпеге тұншығудан болуы мүмкін деген уәжді жоққа шығарған. Сот сарапшысының бұл дәлелін Жайнаның алдын ала тергеудегі «жылап қоймаған Қасымды он минут-тай көкірегіме қысып, оның үні шықпай қалғаннан кейін өзім де ұйықтадым» деген сөздері жоққа шығарып тұрған жоқ.

Үкім Осындай дәлелдерді жан-жақты

таразы лай келген Алматы облыстық соты апелляциялық сот алқасының су-дьясы Советхан Сәкенұлының төрағалық жасауымен өткен сот мәжілісі Жайна Құлахметтің бұрын сотты болмағанын, жастығын, оған әсер еткен психологи-ялық жағдайларды ескере отырып, оны Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлі-гінің 3,14-тармақтарымен алты жылға бас бостандығынан айырып, тағайындалған

жазаны қауіпсіздігі орташа түзеу меке-месінде өтеуге үкім шығарды.

Қай жағынан алып қарасаңыз да, қол-даныстағы заң талаптарының аясынан шықпай, нақты дәлелдерге негізделіп шығарылған сот үкімінің заңдылығына күмән келтірудің өзі қиын. Кейбір қазы-лар сияқты әділдіктен бұра тартып, он-сыз да өмірден таяқ жеп, тауы шағылған келіншекке ауыр жаза кесуге қашанда имандылық пен заңдылықты қатар ұстай-тын, өмірлік тәжірибесі мол, ар мен адамгершілікті жоғары қоятын Советхан Сәкенұлы бастаған облыстық сот апел-ляциялық алқасы қазыларының темірдей ұстанымы ырық бермегені хақ. Жайнаның жастығын, жаза басып қателескенін ескере отырып, Қылмыстық кодекстің «Белгілі бір қылмыстық құқықбұзушылық үшін көз-делген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайындау туралы» деп аталатын 55-ба-бының талаптарын қолдану арқылы негізгі мерзімнен әлдеқайда төмен алты жылдық жаза тағайындауға аппеляциялық алқа су-дьяларының көбінің батылы бара бермейді. Әйтпесе, Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 3, 14-тармақтарында көзделген жаза санкциясының жоғарғы шегі он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруды көз-дейді. Осылайша, заң айыпты деп танылған сотталушыға өз үкімін шығарды.

Ал, адами тұрғыдан қарасақ, кішкен-тай Қасымның өліміне тікелей болмаса да жанама әсер еткен, жеме-жемге келгенде тасада көрінбей қалған кінәлілер қаншама. Оған қаршадай қыздың жыныстық қаты-нас пен отбасын құру туралы сауатының төмендігі мен мына безбүйрек қоғамның өз азаматтарының тағдырына селт етпей-тін қатыгездігін де, Жайна білім алған мектептің ұстаздары мен жалған намыс үшін перзентінің өмірін талқандаған ата-ананың да жауапсыздығын қосуға болар еді. Тек мұндай жазаны адамгер-шілік ар соты болмаса, заңның аясына сыйғыза алмаспыз. Ойландыратыны, баласына қатыгездік жасайтын аналар мен әкелерге бірыңғай жаза тағайындап, түзеу мекемесіне жөнелткенмен қазіргі қоғамның көз үйренген кеселіне айналып бара жатқан алданған қыздар мен бір сәттік қызығы үшін бойжеткендеріміздің арын таптап жүре беретін жігіттердің қатары азая қоя ма?! Кезінде француздың атақты жазушысы Жан-Батист Мольер әйгілі «Тартюф» комедиялық пьесасын жазып бітіргеннен кейін «Менің сорлы Тартюфтерімді Францияның кез келген деревнясынан ұшырастыруға болады» деп қамыққан екен. Бізде де сондай, алданған-дар да, алдаушылар да әр жерде кездеседі.

Елеусіз МҰРАТ(Сотталушының аты-жөні өзгер-

тіліп алынды)

СОТ ІС ҚАРАДЫ

ТӨРЕЛІКТІҢ ТЕҢ ТАРТЫЛҒАН ТАРАЗЫСЫ

ӘРИНЕ, МҰНДАЙ СОТ ПРОЦЕСІ АЙҒАЙ-ШУ-СЫЗ ӨТУІ ТІПТІ МҮМКІН ЕМЕС. СОҒАН ҚАРА-МАСТАН, ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТІ ҚАРАУ ШАРЫҚТАУ

ШЕГІНЕ ЖЕТКЕНДЕ КУӘГЕРЛЕР МЕН ЖӘБІРЛЕ-НУШІЛЕРДІҢ, АЙЫПТАЛУШЫЛАРДЫҢ, ҚОРҒАУ-ШЫЛАРДЫҢ ПІКІРЛЕРІН ТЫҢДАП, СОТ ОТЫРЫ СЫН ПІКІРТАЛАС АЛАҢЫНА АЙНАЛДЫРУДАН ҚОРЫҚПАЙ, ЗАҢ АЯСЫНДА ЖҰМЫС ЖАСАҒАН СОВЕТХАН СӘКЕ-НОВТІҢ ӨЗ ІСІНІҢ ХАС ШЕБЕРІ ЕКЕНІ ҚАРАПАЙЫМ ТІЛМЕН СУРЕТТЕЛЕДІ.

сара жолдан таймай, әділдіктің ақ туын биік көтеріп келеді. Қарапайым шаруа баласының ішкі істер органында қызмет жасайтын ағасы Оразханның мұнтаз-дай полиция формасын киіп, сымдай тартылған тұлғасын көріп «мен де заң-гер боламын» деген арманы оны қияға жетелейді. Бала күннен қанына сіңген адалдыққа, тазалыққа деген құштарлығы оны мектеп бітірген соң Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетіне алып келеді. Әдебиетке жаны құштар баланың үй шаруасынан қолы қалт еткенде кітапқа зейін салуы өмір өткелінде үлкен сабақ болады. Оқуға да бірден түсіп кете алмай, тарих пәнінен төмен баға алып, конкурстан өте алмай қалады. Алайда, қаршадайынан шаруа-

мен көзін ашқан ол Алматыдағы темір желдеткіштер жасайтын зауытқа жұмысқа тұрып, жоғары оқу орнына түсуге да-йындайтын ақылы кешкі даярлық курсын оқып, білімін жетілдіреді. Келер жылы тағы да алған бетінен қайтпай, заң фа-культетіне құжат тапсырады. Емтиханды ойдағыдай тапсырып, тиісті балл жинап, конкурстың нәтижесін күтіп жүргенде, тағы жолы болмай қалады. Содан әскер қатарына аттанған Советхан Сакенов Варшава шартының мүшесі болып сана-латын Шығыс Еуропа мемлекеттерінің бірінде борышын өтейді. Әскерде жүріп те тарих, әдебиет, қазақ тілін алдырып оқиды. Талпынса тауды бұзар талабымен әскерден оралған соң арманын арқалап өзі қалаған оқу орнына үшінші мәрте талпы-

нып, оқуға түседі. Одан кейінгі өмірі заң саласымен байланысып, жалған жаланың құрбаны болған ата-бабаларының құжат-тарын КГБ мұрағаттарынан алдырып, Байбатыр, Әлиасқар Басшығұловтардың кінәсіз екенін дәлелдеп, олардың толық ақталуына бар күш-жігерін жұмсайды.

Бүгінде Алматы облыстық соты қыл-мыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Советхан Са-кенов Ар мен Заң алдындағы азаматтық борышын адал атқарып келе жатқан жан.

Айтақын МҰХАМАДИ

Page 6: ТӘУЕЛСІЗДІК БАРДА ТЕҢГЕ БАР · 2019-07-23 · сек, әлем бойынша таза су айналымы 2030 жылы 40 пайызға өсетін көрінеді

6 №52 (3177) 16 шілде [email protected]ТЕМІРҚАЗЫҚ

ПІКІР

СҰХБАТ

ҚАДАҒАЛАУ ТЕТІКТЕРІН ҚАЙТА ҚАРАСТЫРУ ҚАЖЕТ

Жоба

«ТҮНГІ СОТ» АЯСЫНДА 480 ІС ҚАРАЛДЫ

Батыс Қазақстан облысының Орал мамандандырылған әкімшілік соты «Түнгі сот» жобасы аясында ағымдағы жыл-дың 6 айында әкімшілік құқық бұзушылық туралы 480 істі қарады. Олардың 109-ы отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша және 224-і кішігірім бұзақылық туралы істер.

Қалған істер алкогольдік ішімдіктер ішуге немесе масаң күйде қоғамдық орындарда болуға, жол-көлік оқиғалары-на, ішкі істер органдарының қорғаныс ескертулерін бұзуға, көлікті басқаруға байланысты құқық бұзушылықтарға, жүргізушінің ЖКО-ға байланысты міндеттемелерді, соттың

– Соттың «үшінші билік» ретінде мемлекет пен қоғам өмірінде алар орнына тоқталсаңыз? Бұл тұрғыда қазақстандық сот жүйесі несімен ерек-шеленеді?

– Жуырда ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Жақып Асановтың «Литер» газетіне «Сотты өзгертумен біз қоғамды өзгертудеміз» тақырыбында кең көлемді сұхбаты шықты. Сол сұхбатында Пре-зидент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «сот әділдіктің соңғы инстанциясы болуы тиіс» деген талабын атап өтіп, сол межеге жету үшін модернизация кешенді түрде жүр-гізілуі керектігін айтты. Қазақстандық сот жүйесінде жасалып жатқан өзгерістің бәрі осынау талап үдесінен шығуды көздейді.

Сот биліктің үш тармағының бірі ретінде заң шығарушы және атқарушы ор-гандармен бірге, тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес мемлекеттік билікті жүзеге асырады.

Сіздің сұрағыңызға Ата Заңымызда көрсетілген фундаменталдық нормалар-ды келтіре отырып жауап беруге болады. Конституцияның 13-бабының 2-бөлігінде «Әркімнің өз құқықтары мен бостан-дықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар» деп нақты көрсетілген. Ба-сты құжатта белгіленгендей, Қазақстанда сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сонымен қатар, судьялар сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Соттың сот төрелiгiн iске асыру жөнiндегi қызметiне қандай да бiр араласуға жол берiлмейдi және ол заң бойынша жауап-тылыққа әкеп соғады. Судьялар нақты iстер бойынша есеп бермейдi. Сот өз құзыретiне кiрмейтiн мәселелер бойынша өтiнiштердi қараусыз қалдырады немесе тиiстi органдарға жiбередi.

Бұдан бөлек, сотқа немесе судьяға құр-меттемеушiлiк бiлдiру заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады. Сот актiлерi мен судьялардың өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiндегi талаптарын барлық мем-лекеттiк органдар мен олардың лауазым-ды адамдары, жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi. Сот актiлерi мен судья ның талаптарын орындамау заңмен белгi ленген жауапкершiлiкке әкеледі.

Сот жүйесінің мемлекет пен қоғам өмірінде алар орны осындай. Еліміздің сот жүйесінде қазіргі таңда үлкен рефор-малар жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда қоғамға қатысты кез келген түйткілді мәсе-ле сот жүйесіне жат мәселе емес екенін түсінуіміз керек. Сот жүйесі қоғамнан бөлек болуы да мүмкін емес.

– Түркістан халқының құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру-де және қорғауда жасалып жатқан қан-дай жұмыстарды айрықша атар едіңіз?

– Азаматтардың құқықтарын қорғау соттардың күнделікті жұмысы. Сон-дықтан, кейде мұны бөле-жарып айту да артық. Тек жүргізіліп жатқан реформалар кедергісіз іске асырылуы тиіс. Біз мына-ны ұғынуымыз керек: бұл реформаларды қоғамға Жоғарғы Сот төрағасы қабылда-саң да, қабылдамасаң да жүргізуге тиіспіз деп жапсырып жатқан жоқ. Тек заман талабына орай, түйткіл пайда болған жер-

ҚР Сыртқы істер министрлігінің сай-тындағы мәліметте Қазақстан жалпы саны 73 ұйымға мүше екені көрсетілген. Оның 54-і халықаралық ұйымдар, қорлар мен бағдарламалар, 8-і аймақтық ұйымдар, 11-і ведомствоаралық және тақырыптық ұйымдар. Бұл дерек Женевадағы Қазақстан-ның БҰҰ бойынша бөлімшесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігінің ресми сайтында да көрсетілген.

Алайда, кейбір дереккөздерге сенсек, олардың саны бұдан әлдеқайда көп. Онда халықаралық ұйымдар саны 100-ден асып жығылады. Оның ішінде Дүниежүзілік кеден ұйымы, Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі, Түркі мәдени-етінің халықаралық ұйымы (ТҮРКСОЙ), Еуразиялық экономикалық одақ сияқты ұйымдар көрсетілмеген. Сол себепті

Қазақстанның халықаралық ұйымдарға төленетін міндетті мүшелік жарнасы мен өзге де төлемдерінің жалпы көлемі туралы ресми мәліметті табу өте қиын.

Мәселен, Қазақстанның БҰҰ бөлім-шесі және басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілдігінің ресми сайтында көрсетілген мәліметке қарасақ, Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйы-мының жыл сайынғы жарна мөлшері – 21 мың швейцар франкін құрайды. Қазақстан БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасына да 2008 жылдан бастап ерікті жарна бөліп келеді. 2015 жылы оның көлемі 150 мың доллар-ды құрады. Бұған қоса, 2013 жылдан бері

Қазақстан Әмбебап кезеңдік шолу (ӘКШ) Ерікті қорына қаржыға зәру елдерге арнап 10 мың доллар бөліп келеді. Ал, БҰҰ-ның Сауда және даму жөніндегі конференция-сы Траст қорына 2009–2013 жылдары жыл сайын 20 мың доллар мөлшерінде ерікті жарна түрінде донорлық көмек көрсетті. 2014–2015 жылдары ерікті жарнаның сомасы 10 мың доллар құраған. Қалған ұйымдардың мүшелік жарнасы туралы еш мәлімет жоқ. Дегенмен, 2005 жылы мерзімдік басылымдарда жарияланған ма-териалдарда Қазақстанда уәкілдіктері бар ұйымдарға мемлекеттік бюджеттен төле-нетін жылдық мүшелік жарнаның көлемі 12 млн АҚШ доллары деп көрсетілген-ді. ҚР

Сырқы істер министрлігі 2016 жылы оның 33 млн доллардан асқанын, енді оны 55 млн долларға жеткізу жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Яғни, осынша қаржы халықа-ралық ұйымдарға мүшелік үшін төленетін міндетті жарнаға жұмсалады.

Бұған қатысты мамандардың көзқа-расы да әртүрлі. Біреулері бұл болашаққа жасалған инвестиция десе, енді біреулері керісінше мұндай ұйымдардың санын қысқарту қажеттігін айтады. Олардың пай-ымдауынша, өзге елдермен қарым-қаты-насты жалпыға ортақ қағидалар бойынша құрған жөн. Оның бір көрінісі халықтың қаржысын талан-таражға салып, шетелге қашып кеткен адамдарды елге қайтаруда

ге айрықша тоқталып, тиісті зерттеулер жүргізіп, проблеманы шешу тетіктері қарастырылып, жалғыз адам емес, бүкіл сот жүйесі болып, керек десеңіз еліміздің кез келген азаматының жазбаша түрде, интернет желісі арқылы, ауызша жасаған кеңесі, берген бағасы ескеріле отырып шешім қабылданып, заң нормасына айна-лып, қабылдануда.

Сот төрелігін жақсарту мақсатында Түркістан қалалық сотында «Фронт- офис», «Бітімгерлер кабинеті» ашылды. Тараптар сотқа «Сот кабинеті» арқылы электронды түрде арыз-шағымдарын түсіре береді. Сонымен қатар, сот отырыстарын элек-трондық, визуалдық форматта жүргізуге қол жеткізіп отырмыз. Бұл тарап тардың уақытын, жол қаражатын үнем дейді.

Алдыңғы өзгерістердің жалғасы болып табылатын мұндай батыл реформалар соңғы отыз жылда жүргізілмегенін атап өту керек. Судьялардың жүктемесіне, олар-дың әлеуметтік жағдайларына, сотқа тән емес құзыреттерге, процессуалдық норма-ларға, соттың халық үшін оңтайлылығына, сот төрелігінің қолжетімділігіне, одан басқа Елбасының барлық билік жүйелері-не берген цифрландыру мәселесін іске асыруға байланысты өзгерістер енгізілуде және бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.

Соның ішінде, цифрландыру мәселесі-не сот жүйесі толық көңіл бөліп және оны белсенді іске асыруда.

– Тұрғындардың құқықтық сауат-тылығын арттыру мақсатында қала-лық сот тарапынан нендей іс-шаралар атқарылып келеді?

– Құқықтық және зайырлы мемлекет-

те азаматтардың құқықтық сауаттылығы бірінші кезектегі мәселе. Ал, бұл олардың қарапайым өз құқықтарын білуінен баста-лады.

Осы тұрғыда, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру сот жүйесіне тиімді екені сөзсіз. Өйткені, ондай сауатты аза-маттар өзінің құқықтарының шектелуіне жол бермейді, қылмыстардың алдын алуға, болдырмауға үлес қосады. Сондықтан, біздің соттың судьялары БАҚ арқылы үнемі ел арасында құқықтық насихат жұмыстарын тұрақты түрде жүргізеді. Себебі, бұл да қазақстандық соттарға жүк-телген міндеттеменің бірі.

Аталмыш мәселеге облыстық сот бас-шылығы тарапынан жоғары талаптар қой-ылып, бекітілген жоспарға сай жұмыстар жүргізіледі. Ол «ашық есік» күндерін, «дөңгелек үстелдер», брифингтер өткізу, газет, журналдарда мақалалар шығару, жергілікті теледидарға сұхбат беру түрін-дегі іс-шаралар мен жұмыстар. Одан басқа, судьялар сот шешімін, үкімін жариялаған соң, оларға түсінікті тілде түсіндірме береді. Осы арқылы кейбір сотқа қаты-сушылар істің мән-жайын түсініп, даулар, келіспеушіліктер тоқтап жатады.

– Түркістандық азаматтардың дау-да маймен сотқа жүгіну деңгейі туралы не айтасыз? Бұған қатысты статистика-лық мәліметтер келтіре аласыз ба?

– Жоғарыда аталған реформалардың арқасында Түркістан қаласы тұрғындары-ның дау-дамаймен сотқа жүгіну деңгейі едәуір төмендегені байқалады. Ол, бірін-шіден, сотқа дейінгі татуласу тетіктерінің көбеюіне байланысты деп ойлаймын. Одан тыс, соңғы өзгерістерге байланысты сотқа

тән емес арыздардың бірқатарын қарау құзыреті нотариустерге берілді.

Ал, салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, азаматтық істерді қарайтын бес судьяға 2018 жылы 1938 азаматтық іс түскен болса, 2019 жылы 1638 іс түскен. Биыл осы уақытқа дейін 35 іс медиация тәртібімен аяқталған болса, өткен жылы 31 іс аяқталған.

Алайда, өткен жылы облыстың өзгеруі-не орай Түркістан қаласының айналасын-дағы 14 ауылдық округ Кентау қаласына берілген. Ал, облыстық мекемелер Түр-кістан қаласына қарайтын болды. Осыған байланысты соттың жүктемесі азайды деп айтуға жатпайды. Өйткені, күрделілігі жоғары дау-дамайлардың саны едәуір өскен.

Қылмыстық істерді қарайтын екі судьяға 2018 жылы 251 іс түскен болса, 2019 жылы 148 іс түскен. 2018 жылы 100 іс медиация тәртібімен аяқталса, үстіміздегі жылға тиесілі мұндай істердің саны – 16.

– Жалпы, «сотқа істің көп түсуі – халықтың құқықтық сауаты мен сотқа деген құрметінің артқанын білдіреді» дегенмен келісесіз бе?

– Қазіргі таңда мен бұл тезиспен толық келісемін деп айта алмаймын. Өйткені, сотқа деген сенім онсыз да жоғары екені белгілі. Бұл мәселе бүгінгі күні аса күрделі деп ойламаймын. Сот процестерінің қалың жұрт үшін ашықтығы, қолжетімділігі жыл-дан жылға артып келеді. Әрине, мұнымен тоқмейілсімей, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын таба беруі тиіс.

Азаматтар үшін дау-дамайды шешудің төте жолы – ол сотқа дейінгі татуласу не-месе басқа да балама тәсілдер болуы тиіс. Олар арқылы дау реттелмеген жағдайда ғана сотқа жүгініп шешімін табатын болуы керек. Осы тетіктерді пайдалану жағынан халықтың құқықтық сауаты артып келе жатқаны байқалады. Әлбетте, бұл жерде соттардың жыл сайын жоспарлы түрде атқа-ратын құқықтық насихат жұмыстарының үлесі зор.

– Дегенмен, қалалық сотқа қатысты шешуді қажет ететін мәселелер бар ма?

– Материалдық-техникалық жабдықта-луы жағынан қажетті жағдай жасалып келеді. Мәселен, сот ғимаратымызға ішкі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, келбеті көз қуантарлық жағдайға жетті.

Әйтсе де, жұмысты жеделдетуде, ХХІ ғасырда отырғанымызға қарамастан, электр энергиясының тапшылығы кедергі келтіріп жатады. Бұл мәселе жаңа транс-форматор орнату арқылы шешілетіні жай-лы жақсы хабар алдық.

Сонымен қатар, ашық тұрған үш су-дьялық орынға ертерек судьялар тағайын-

далады деп күтудеміз. Себебі, жазғы еңбек демалысы кезінде жүктеме нормадан тыс жоғары болады. Ол судьялардың қызметін сапалы атқаруына, тіпті денсаулықтарына да кері әсерін тигізуде.

– Сот қандай жағдайда тәуелсіз, мық ты болады?

– Халықтың мұқтаждығына, қажетіне қалай дұрыс жұмыс жасайды, сол кезде мықты болады. Жоғары Сот төрағасы кешегі жарты жылдықтың қорытынды кеңесінде сот қандай жағдайда халықтың мұң-мұқтажын толық шешеді және де ха-лық үшін пайдалы болады деген мәселені көтерді. Оның бір жолы ретінде дауды сотқа дейін шешу жолы айтылды. Ол үшін қазіргі таңда кәсіби медиаторлар бар. Олар дауласушыларды медиация институты арқылы бітімге келтіреді. Сонымен қатар, аудандық, қалалық сотта медиатор-судья-лар бекітіліп қойған. Оған қоса, әрбір судья өзі қарап отырған дау бойынша, егер тарап-тар ыхтияр білдірсе, істі медиация арқылы бітімге келтіреді. Себебі, әр судья медиатор

функциясын алып, дауды бітімге келтіруге құқылы. Сот жүйесінің ашықтығы әрі мін-дет әрі талап.

Түркістан қалалық соты да осы сот билігінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету арқылы игілікті жұмыс-тар жүргізіп, тыңғылықты істер атқа-рып келеді. Соның ішінде «Медиация туралы» заңды халық ішінде ашық на-сихаттау жұмыстары жүргізіліп отыр. Ол үшін төраға, бүкіл судьялар болып Түркістан қаласының елдімекендерін ара-ладық. Мекемелерге, ұжымдарға барып, тұрғындармен кездесіп, осы медиацияның тиімділігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Соның нәтижесінде сотқа дей-інгі медиация лық бітімге келген кісілер көбейіп жатыр.

– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жүргізесіздер ме?

– Әрине, жемқорлықтың алдын алу және жемқорлықты болдырмау мақсатын-да судьялардың, мамандардың арасында жиі-жиі жиналыстар өткізіліп тұрады. Бұл Жоғарғы Соттың, бергісі облыстық соттың тарапынан әрдайым қатаң қадағалауда тұрған мәселе. Себебі, бұл кеселге жол берілуі биліктің қай тармағына болсын халықтың сенімін құлдыратады. Сон-дықтан да, оған қарсы іс-қимыл жасауда мемлекеттік деңгейде мән беріліп отыр емес пе. Соттың беделі мемлекеттің беделі екенін ескерсек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жүргізуде ең әуелі соттар өзге құрылымдарға үлгі болуы тиіс деп ойлаймын.

– Рақмет.

Сұхбаттасқан Е.СЕРІКБАЙ

Сәкен ӘБСАМАТОВ, Түркістан қалалық сотының судьясы:

«ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ҚАРАПАЙЫМ ҚҰҚЫҒЫҢДЫ БІЛУДЕН БАСТАЛАДЫ»

аңғарылады. Мұндай мәселе шетелдік компаниялардың сырттан шақырылған және жергілікті мамандардың жұмысына ақы төлеуі кезінде де байқалып отыр. Бұл, тіпті кейбір өндіріс орындарында әлеуметтік қайшылықтар тудыруда. Яғни, Қазақстан үкіметі мүше болып табылатын халықаралық ұйымдардың талаптары белгілі бір дәрежеде бұзылып отыр. Ал, оны қадағалайтын немесе бұған жауапты органдар мен мекемелердің өз жұмысын жауапкершілікпен атқаруын талап ету тетіктерін қайта қарастыру қажет секілді.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,«Заң газеті»

Тек қана ағымдағы жылдың 4 маусымында сот аталмыш жоба аясында 24 іс қарады. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау кезінде сот медиацияны кеңінен қолданып келеді. Мәселен, отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 28 әкімшілік іс татуласу ту-ралы келісімге келумен аяқталып, осыған байланысты олар бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Әкімшілік істерді азаматтар үшін қолайлы уақытта қа-рау оқиғаның салдарын өте қысқа мерзімде жоюға және зақымдалған автокөлік үшін сақтандыру төлемін алуға мүм-кіндік береді.

Руслан ДЕМЕУОВ,Орал қаласы мамандандырылған

әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісішешімін немесе басқа да сот актісін және атқару құжатын орындамауына қатысты екенін айта кету керек.

Page 7: ТӘУЕЛСІЗДІК БАРДА ТЕҢГЕ БАР · 2019-07-23 · сек, әлем бойынша таза су айналымы 2030 жылы 40 пайызға өсетін көрінеді

7№52 (3177) 16 шілде [email protected]

Алматы қаласы

Тел.: 8(727) 292-29-27,

292-40-89, факс: 8 (727) 292-29-92

E-mail:

[email protected]

Нұр-Сұлтан қаласы

Абай көшесі, 78, 105-кеңсе.

Тел.: 8 (7172) 52-02-11

ЖАРНАМА БӨЛІМІ:

ЖАРНАМА ҚАБЫЛДАЙТЫН ОРЫНДАР:

«ЮрСлужба» ЖШС, Көкшетау қ., М. Горь кий көшесі, 37, 107-бөлме. Тел.: 8 (7162) 25-77-17.

«Версия-Пресс» ЖШС, Павлодар к,., Естай көшесі, 40. Тел.: 8 (7182) 32-47-67, 32-49-04

«Айди» ЖШС, Қарағанды қ., Жамбыл көшесі, 11. Тел.: 8 (7112)42-00-71

Қалиаскаров Нұрлан

Нұрғисынұлы ЖК, Петропавл қ., К.Сүтішев көшесі, 58, 30-бөлме, 3-қабат.Тел.: 8 (7152) 46-02-57, уялы тел.: 8 (777) 572-29-91, 8 (701) 315-54-59.Михеева Ольга Станиславовна ЖК, Қос-танай қ., Гоголь көшесі, 110, ВП 67 (Чехов-Гоголь көш. қиылысы), Тел.: 8-714-2-50-97-07, ұялы тел.: 8-7758847211, 8-7053506918.

«Озат-1» ЖШС, Ақтөбе қ., Алтынсарин көшесі, 31. Тел.: 8 (7132) 40-41-05, ұялы тел.: 87774348344 және Ақтау қаласы.

ИП «SAPA KZ» Атырау қаласы, ұялы тел.: 87781063779, e-maіl:zan-at@maіl.ru

Ершова Людмила ЖК, Шымкент к., Желтоқсан көшесі, 20 б.

«Назар-1 фирмасы» ЖШС («РУТА» ЖА),директоры Кривилова Татьяна Ивановна. Шымкент к., Г.Иляев көшесі, 47 (Шай-мерденов к. бұрышы) RBK банктің жанында,

Тел.: 8 (7252) 53-40-48. WhatsApp: +7-705- 705-31-31. E-maіl: nazar.reklama@gmaіl.com«Юридическая фирма «Консультант»ЖШС Орал к,., Л.Толстой көшесі, 28. Тел.: 8 (7112) 50-88-05.

«Реклама» ЖШС, Орал қ., Достық-Дружба даңғылы, 182. Тел.: 8 (7112) 50-47-34.

ИП «Сагидоллина Б.» 1 Теміржол вокза-лы, Р.Зорге көшесі 8, «Лина» шаштаразы. ardawka_94 @maіl.ru, Тел: 87058762218.

«Компания Жете» ЖШС, Талдықорған к,., ш/а, Молодежный 3-үй, 1-п. Тел.: 8(7282) 24-29-66, 87058147221

ЖК Гавриленко И.И., Қостанай к,.,пр. әл-Фараби 119-үй, 407-А бөлме. Тел/факс: 8 (7142) 53-63-21.

«Жас Отау» ЖК Қыдырбаева Н.Н. Қызылорда

қ., Әйтеке би көшесі, 27. Тел.: 26-45-89, ұялы тел: 8 (777)402-28-28; 8 (700) 332-24-78.ЖК Тажибаева, Тараз қаласы, Қойкелді көшесі, 158 а, ХҚО аумағы. Ұялы тел.: 87017268772, 87054422939.

ИП Новоселова, Петропавл қаласы, Қа-зақстан Конституциясы көшесі, 28-үй, 1-қабат. Тел.: (87152) 46-74-77.

«Версаль Бизнес», Атырау қаласы, Сырым Датов көшесі, 35-үй, «Сырым Тобе» БО, 102-бөлме. Тел.: 32-14-29, 30-65-24, ұялы тел.: 8701 920 45 38.

ЖК «ВЫДАЙ», Өскемен қаласы, 60. Тел.: 8(7232) 578414, ұялы тел.: 87772256506.

ЖК «KAIROS», Алматы қ., Жібек жолы көшесі, 55, Алма сауда орталығы, 3-қабат, 419в-бөлім, 426-нүкте. Тел.: 2714939, ұялы тел.: 87051857573, 87075952199, 87017392783 Emaіl:kaldybayeva@ maіl.ru.

ЖАРНАМА

ТАРАТУ

ӘРТҮРЛІ

ИП«Кандыбаева» Агенство по приему объявлений в газеты, журналы и сайты тел: 8 (727) 327-30-92, тел/факс: 2734798, 8 7078952199, 8 7017392783, 8 7051857573

ЖЕГІҚҰРТ

ЖЕМҚОРЛАР ЖАЗАСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

3. ЖК А.Н.Касеновке тиесілі, ЖСН 651217400519, жоғалған Samsung ER-250RF бақылау-кассалық аппараты, зауыт № 980200885, 1998 жылы шыққан, тауар чегі кітабы, қолма-қол ақшаны тіркеу кітабы, тіркеу кар-точ касы, ККМ паспорты, жарам-сыз деп танылсын.

6. «Партизанское-1» ЖШС (БСН: 990540005220) өзінің кредиторларына Ақмола облы-сының мамандандырылған аудан-аралық экономикалық соты ның шешімімен «Парти занское-1» ЖШС-нің оған оңалту рәсімін қолдану туралы арызын қарауға қабылданғандығы туралы хабар-лап, азаматтық іс қозғалды деп хабарлайды.

Аталған азаматтық іс бойынша сот отырысы 2019 жылғы 23 шілде сағат 11:40-та Ақмола облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының ғима-ратында, Ақмола облысы, Көк-шетау қаласы, Назарбаев көшесі, 37 мекенжайы бойынша өтеді.

4. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы» КММ «Солтүстік Қазақстан медицина колледжі» ШЖҚ КМК директорының бос қызметіне конкурс жариялап отыр. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Солтүстік Қазақстан медицина колледжі» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының негізгі қызметі білім саласында көрсетілетін қызметтер болып табылады. Заңды мекенжайы: 150013, СҚО, Петропавл қ., Шухов көшесі, 42. Конкурс «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 2 ақпандағы №70 қаулысына, «Денсаулық сақтау қызметкерлері лауазымдарының біліктілік сипаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 26 қарашадағы №791 бұйрығына сәйкес өткізіледі. Біліктілікке қойлатын талаптар: медицина саласында жоғары білімінің (санитариялық-эпидемиологиялық қызмет ұйымы үшін – бейін бойынша); экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында екінші жоғары білімінің немесе «Қоғамдық денсаулық сақтау», «Денсаулық сақтау менеджменті», «Менеджмент» немесе «Медицина» (2011 жылға дейін ғылыми-педагогикалық магистратурада оқуын аяқтаған адамдар үшін), «Бизнес әкімшілендіру», «Іскерлік әкімшілендіру», «Экономика», «Қаржы және кредит» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы; денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы; не экономика/қаржы және кредит/құқық/бизнес әкімшілендіру саласында жоғары білімінің және «Қоғамдық денсаулық сақтау» немесе «Денсаулық сақтау менеджменті» мамандықтары бойынша магистр дәрежесінің болуы; денсаулық сақтау саласында басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы. : ҚР Конституциясын, ҚР Азаматтық кодексін, ҚР Еңбек кодексін, ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексін, ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңдарын, денсаулық сақтау мәселелеріне арналған нормативтік құқықтық актілерді, халық денсаулығы жағдайының статистикасын, халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын өлшемдер мен көрсеткіштерді, медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасын, отандық және шетелдік медицинаның ғылыми жетістіктерін, денсаулық сақтауды басқару жүйесі мен денсаулық сақтауды ұйымдастырудың теориялық негіздерін, халық үшін санитариялық ағартуды, гигиеналық тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды ұйымдастыруды, адамның өмір сүру ортасының факторларын, денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлық-экономикалық және қаржылық қызметтерінің негіздерін, қызметкерлердің еңбекақысын төлеу жүйесінің негіздерін, еңбек заңнамасы, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормаларын. Конкурсқа қатысу үшін конкурстың өткізілуі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сәттен 15 күннің ішінде Петропавл қаласы, Театр к-сі, 56А мекенжайы, 23-кабинетке келесі құжаттар тапсырылуы қажет: 1) конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме; 3) еркін нысанда жазылған өмірбаян; 4) фотосуреттер – 2 дана; 5) білімі туралы құжаттың көшірмесі; 6) еңбек кітапшасының көшірмесі; 7) 086-У нысандағы медициналық анықтама. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады. Құжаттарды тапсыру мерзімі: 16 шілдесінен 2019 жылдың 30 шілдесіне дейін сағ. 09:00-ден 18:30-ге дейін, Петропавл қ., Театр к-сі, 56А, каб. 23. Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ-да 2019 жылдың 2 тамызы сағат 09:00-ден 18:30-ге дейін, Петропавл қ., Театр к-сі, 56А, кабинет 20 мекенжайы бойынша өтеді. Анықтамалар телефоны: 46-94-91, факс: 52-51-46, электронды мекенжайы: [email protected].

5. «ВАЛЮТ – ТРАНЗИТ БАНК» АҚ Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 51/4 құрылыс мекенжайында орналасқан тарату комиссиясының бөлімшесі мүліктерін сату

жөнінде сауда-саттық өткізеді. Сауда-саттық жоғарыда көрсетілген мекенжайда 2019 жылғы 26 шілдеде сағат 11:00-де өткізіледі.

Лоттар саны – 4 Лот бойынша сауда-саттықты жүргізу әдісі – голландтық. Қадам – 5%

Лот № 1 – Біріктірілген лот: 1. Жер учаскесімен жылы автотұрақ, мекенжайы: Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Оразақ ауыл округі, Оразақ ауылы, 027 учет кварталы, 242 құрылыс. 2. «INTER AGRO KAZAK MAKINA D.S.» 4-х вальцты диірмен кешені, 1998 жылы, Түркияда шығарылған, SC 2200 «SAS» маркасы. Лоттың бастапқы бағасы – 1 981 871,00 теңге. Төменгі бағасы – 1 585 496,80 теңге.

Лот № 2 – Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Петровка ауылдық округі, Петровка ауылында орналасқан жер учаскесі. Лоттың бастапқы бағасы – 5 123 000,00 теңге. Төменгі бағасы – 4 098 400,00 теңге.

Лот № 3 – Нысанға қызмет көрсетуге арналған жер телімі («Ишимский» демалыс аймағы), Осакаров ауданы, Қаратомарска/о, Сенокосное ауылы. Лоттың бастапқы бағасы – 10 658 000,00 теңге. Төменгі бағасы – 8 526 400,00 теңге.

Лот № 4 – Mitsubishi Legnum автокөлік, м.н. 715 АВ 16, 1997 ж.ш. (Семей қаласы) Лоттың бастапқы бағасы – 249 000,00 теңге. Төменгі бағасы – 199 200,00 теңге.Кепілді жарнасы бастапқы бағаның 5% құрайды, өтінімдерді қабылдау 2019 жылғы 25 шілдеде сағат 15:00-де аяқталады:«ВАЛЮТ – ТРАНЗИТ БАНК» АҚ, «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі» ММ Алматы қаласы ЖБК KZ37125KZTM004300356, БСК NBRKKZKX, БСН 960640002303, резидент белгісі-1, экономика секторы-4, Кбе 14.Өтінімдерді қабылдау және сауда-саттыққа қатысушыларды тіркеу мына мекенжай бойынша жүргізіледі: Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 51/4 құрылыс, 310-кеңсе.09:00-ден бастап 18:00-ге дейін күн сайын (демалыс күндері – сенбі, жексенбі). Түскі үзіліс 13:00-ден – 14:00-ге дейін. Аукционға тіркеу ақпараттың басылып шыққан күнінен бастап сауда-саттық басталарға бір сағат қалғанға дейін қабылданады.Алынған сату объектілері бойынша төлем төлеу талаптары – сатып алынған объектінің төлемі сатушы мен сатып алушының арасында жасалған «сатып алу-сату» шарты жасалғаннан кейін бес банктік күннен кешіктірілмей жүргізіледі. Сатып алушы шартта көрсетілген соманы сатушының ағымдағы шотына аударады және оның нақтылығын растайтын тиісті төлем құжатының көшірмесін тапсырады. Сауда-саттыққа қатысушыларды сату объектісімен таныстыру және сауда-саттық ережесімен танысу үшін ақпаратты ақпараттың басылып шыққан күнінен бастап мына мекенжай алуға болады: Қарағанды қаласы, Бұқар жырау даңғылы, 51/4 құрылыс, тел.: 8 (7212) 99-64-08, 99-64-05, 99-64-06.

2. «СтеклоцентрКокше» ЖШС (БСН 130440022299) өзінің таратылатыны туралы хабарлайды. Талап-шағымдар хабарландыру жарияланған күннен бастап екі ай мерзім ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Уәлиханов к., 234-үй.

Елімізде жемқорлықпен күрес тоқтаусыз жүргізілуде. Өйткені, Қа-зақстан мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі де осы сыбайлас жемқорлықпен күрес болып отыр. Жемқорлар жазаланып, жемқорлыққа қатысты заңнамалар да күшейтіліп, жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар жүйесі іске асырылып келеді. Сондай-ақ жемқор-лықпен күрес еліміздің көптеген бағдарламалық құжаттарында негізге алынатын басымдықтар ретінде айқындалған. Соның дәлелі қоғамның барлық саласына енгізіліп жатқан «Электрондық үкімет» жүйесі арқылы ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету арқылы жемқорлықтың жолын кесу көзделген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік сыбайлас жемқор-лыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарын айқындайтын ұзақ мерзімді бағдарламамыз да бар. Атап өтер болсақ, 2014 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бекітілді.

Одан соң 2016 жылы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа заң жүзеге асырыла баста-ды. Аталмыш заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық қатынастарды реттейді. Сондай-ақ аталмыш заң аясында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, мемлекетті басқаруды бақылауға, тұрғындардың тарапынан мемлекетке және оның құрылымдарына сенімін нығайтуға, сы-байлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және оларды болдырмау және де оларды жасаған кінәлі тұлғаларды өз құзыреттілігі шегінде жауапкершілікке тарту секілді әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкінідк береді.

Кейінірек «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа заң қабылданды, мұнда «Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеті» туралы жеке бап енгізілген. Бұл заң аясында еліміздегі мемлекеттік қызметшілердің қызметін бабын асыра пайдалануы-на жол бермеу үшін кешенді құқық жүйе қарастырылған. Жемқорлықпен күресте негізгі нормативтік құқықтық актілері болып табылатын бұл құқықтық құжаттар бүгінгі күні ел игілігі үшін жұмыс істеуде. Сондай-ақ жемқорлықпен күресте көптеген бағдарламалар жасалып, халықаралық тәжірибе алмастырылып, іс-шаралар өткізілуде.

Шын мәнінде елдің әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін тежейтін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тоқта-тып, демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіретін жемқор-лықпен күрес тоқтамақ та емес. Сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдірілу үстінде.

Әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресу механизмінің барлық елдерге тиімді болатын бірегей жинағы жоқ. Әрбір мемлекет қолданатын сыбайлас жемқорлықпен күресу әдістерінің жиынтығы өзгеше, ол елдің саяси және экономикалық тұрақтылығына ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне, діни ерекшелігі мен құқықтық мәдениет деңгейіне және аумағы бойынша алатын жеріне, халқының саны мен орналасу тығыздығы-на да байланысты өзіндік күрес тәсілі қалыптасады.

Жалпы, еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің түпкі мақсаты қоғамда оған «мүлдем төзбеушілік» көзқарасты қалыптастыру арқылы оны біржолата жою болып табылады. Бүгінде салада атқарылып жатқан жұмы-стар сол түпкі мақсатқа жеткізетініне сенім мол!

Тұрсынхан САЛИКОВ, Медеу аудандық №2 сотының судьясы

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ

Арал аудандық сотында сот төрағасының міндетін атқарушы Н.Бекетаев, кеңсе қызметкер-лері және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен 2019 жылдың бірін-ші жартыжылдығында сот әділ-дігін жүзеге асыруға байланысты атқарылған жұмыстардың қо-рытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Баспасөз мәслихатында Н.Бекетаев 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында аудандық сотпен атқарылған жұмыстар туралы баяндап берді. Яғни, ол аталған кезеңде аудандық сотта барлығы 1063 іс қаралғанын, оның 41-і қылмыстық, 364-і аза-маттық және 658-і әкімшілік іс екенін, қаралған қылмыстық істердің басым көпшілігі орташа ауырлықтағы қылмыстар және қылмыстық теріс қылықтар бо-

Алматы қаласының Түрксіб ауданында «Цифрлан! Трендте бол!» акциясы өтті. Шараны «Жа-нашыр» халық аралық қоғам дық қоры мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация-сының Алматы қаласы бойынша филиалы бірлесіп ұйымдастырды.

Акция мақсаты – халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру, ағарту-насихат жұмыстарын жолға қою және көшбасшы жастарды осы жұмысқа тарту болып табы-лады.

«Цифрлық Қазақстан – бола-шаққа бағдар» тақырыбындағы іс-шаралар аясында маусым айын-да бастау алған «Цифрлан! Тренд-те бол!» акциясына қатысушылар саны артып келеді. Жастар, сту-денттер өз қатарластарын үйретуде. Акцияға қаланың Мәслихат депу-таттары, Қоғамдық кеңес мүшелері де қолдау көрсетіп, қатысты. Ал-дағы уақытта мұндай шаралардың маңыздылығы артып, цифрлық сауатты тұрғындар көбейе береді деп үміттенеміз», – дейді шара

БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ

БАСТЫ БАҒЫТТАР ӨЗГЕРМЕЙДІ

лып табылатынына тоқталды. Нақтырақ айтқанда, ұрлық,

көлік құралын басқару құқы-ғынан айырылған және алко-гольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы секілді істер. Ал, азаматтық істер бой-ынша қаралған талап арыздар-дың басым көпшілігін некені бұзу, заңдық маңызы бар фактіні анықтау, алимент өндіру туралы, сондай-ақ келісімшарт қатынас-тарынан туындайтын даулар

құрайтынын айтып өтті.Сондай-ақ, «Сот кабинеті»

электронды ақпараттық сервисі арқылы 385 талап арыз түскені, барлық істердің аудио-бейне-жазба қондырғысының қолда-нылуымен қаралғаны айтылды.

Осы тұста Н.Бекетаев өзге өңірлердегі, шалғай елдімекендер-дегі азаматтардың сот отырыста-рына бейнеконференц байланысы арқылы қатысу мүмкіндіктері барын тілге тиек етті.

Бұдан соң сот жұмысының басты бағыттарының бірі бұрын-ғысынша сот жүйесі имиджін көтеру, ашықтық пен жария-лылықты қамтамасыз ету болып қала беретінін қаперге салып, осы бағыттағы жұмыстарды іске асы-ру мақсатында тұрақты түрде су-дьялар мен сот қызметкерлерінің сот қызметі туралы және өзге де өзекті тақырыптарда мақалалар жарияланып, ұдайы дөңгелек үстелдер, баспасөз мәслихаттары және ашық есік күндері өткізіліп жатқанын жеткізді.

Шара соңында журналис-тердің қойған сауалдарына жауап беріп, баспасөз мәслихатына қа-тысқандары үшін оларға алғысын білдірді.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

ұйымдастырушысы, «Жанашыр» халықаралық қоғамдық қорының президенті Жаңыл Әпетова.

Шара барысында «Азамат-тарға арналған үкімет» мемле-кеттік корпорациясы Алматы қа-ласы филиалының мамандары Түрксіб ауданының әртүрлі санат-тағы тұрғындарына электрондық үкімет порталынан цифрлық қыз-меттерді алу, ЭСҚ-ны, смартфон-дағы Telegram қосымшасының Egovkzbot және Mgov қосымшала-рын пайдалану жолдарын үйретті.

Корпорацияның Түрксіб ау-дандық фронт-офис басшысы-ның орынбасары Гунари Матсуба онлайн режімде алуға болатын мем лекеттік қызметтер жайлы баян даса, мамандар әрбір қызметті алу ды қадам-қадам бойынша слай-дпен түсіндірді. Қолдағы телефон арқылы да мемлекеттік қызметті алуға болатынын естіген аға буын таңданыстарын жасыра алмады.

Шараға қатысқан Алматы қа-ласы Қоғамдық кеңесі президи-умының мүшесі Сағымбекова Майра Мәжитқызы «Цифрлық Қа-зақстан» мемлекеттік бағдарлама-сының маңыздылығына тоқталды. Айта кетейік, қазіргі уақытта те-леграм-бот (@EgovKzBot) арқылы мемлекеттік қызметтердің 25 түрі қолжетімді. Ол арқылы мекенжай анықтамаларын, зейнетақы ауда-рымдары туралы анықтамаларды, психо және наркодиспансерден анықтамаларды, сондай-ақ кезекті онлайн брондау, дәрігерді үйге шақыру және басқа анықтамалар-ды алуға болады.

Мобильді mGov.kz қосым-ша арқылы білім беру, отбасы, жылжымайтын мүлік, денсаулық сақтау және басқа сала бойын-ша 90 мемлекеттік қызмет қол-жетімді. Смартфон иелері бұл қосымшаны былтыр 1,3 млн. рет жүктеп, 3,6 млн. қызмет алған.

Реестрдегі 752 мемлекеттік қызметтің 506-сы, яғни 67 пай-ызы электрондық форматта қол-жетімді. Жыл өткен сайын элек-трондық жолмен көрсетілетін қызмет саны өсіп отырады және 2020 жылы оның үлесі 90 пайызды құрауы тиіс. Бүгінде халықтың цифрлық сауаттылығының деңгейі 77 пайызға жетті. 2022 жылға қа-рай оны 83 пайызға дейін арттыру көзделген.

Шара Қазақстан Республика-сы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық баста-маларды қолдау орталығының қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету тақыры-бындағы жоба аясында өтті.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік

корпорациясы Алматы қаласы бойынша

филиалының баспасөз қызметі

АКЦИЯ

«ЦИФРЛАН! ТРЕНДТЕ БОЛ!»

Page 8: ТӘУЕЛСІЗДІК БАРДА ТЕҢГЕ БАР · 2019-07-23 · сек, әлем бойынша таза су айналымы 2030 жылы 40 пайызға өсетін көрінеді

8 №52 (3177) 16 шілде [email protected]

Редакторлар кеңесінің төрағасы – президентДосымбек ӨТЕҒАЛИЕВ

РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ: 050012, Алматы қаласы, Х.Досмұхамедұлы көшесi (бұрынғы Мичурин), 68 «б»-үй.Қабылдау бөлмесi: 292-43-43; 292-79-61 (факс); Нұр-Сұлтан қаласы, Абай көшесі, 78, 105-кеңсефакс: 8 (7172) 52-02-11E-mail: [email protected]«Заң газеті» аптасына 2 рет – сейсенбі, жұма күндері жарық көреді.Жеке таралым 5746 данаАпталық таралым 11 492 дана

Тапсырыс №103 Индекс 65921

Газет Қазақстан Республикасы бойынша таралады

Газетіміздің электронды нұсқасын Zanmedia.kz сайтынан оқи аласыздар.

Газет бетiндегi жарияланым дардың пози циясы мен фактi лерi үшiн редакция жауап бермейдi.

Жарнама мен хабарландырулардың маз мұнына жарнама берушi жауап ты. Жарнама берушi нiң жiберген қа телiгiне байланысты та-лап-тiлектер хабарландыру жарияланған күн нен бастап екi ай мерзiм iшiнде қа былданады.

Газеттi есепке қою туралы №16297-Г куәлiктi 2017 жылғы 12 қаңтар-да Қазақстан Респуб лика сының Ақпарат және коммуникация министрлiгi берген.

Газеттiң терiмi мен бет қаттау жұ мыс тары «Заң» Медиа-корпорация» ЖШС компьютерлiк орта лығында жа салды. Алматы облысы, Iле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Сейфуллин кө шесi, 2«б», «Принт плюс» ЖШС баспаханасында басылып шығарылды. Тел.: факс. 8 (727) 51-78-27, 8 (727) 51-78-31

Меншiк иесi: «ЗАҢ» МЕДИА-КОРПОРА ЦИЯ»

ЖАУАПКЕРШIЛIГI ШЕКТЕУЛI СЕРIКТЕСТIГI

Бас редакторАйнұр СЕМБАЕВА

Бас редактордың орынбасарыСәкен ҚАЛДЫБАЕВ

Нөмiрдiң кезекшi редакторыЕрлік КЕБЕКБАЙ

Нұр-Сұлтан Айша Құрманғали 8 707 851 91 13.

Алматы Нұрбол Әлдібай 8 701 357 66 84. Айтақын Бұлғақов 8 705 111 37 21Атырау Құралай Қуатова 8 701 678 9077.

Ақмола Қалкөз Жүсiп 8 701 300 14 74.

Түркістан Шадияр Мекен бай ұлы 8 775 733 56 65.

МЕНШIКТI ТIЛШIЛЕР:

ҚЫЛМЫС ПЕН ЖАЗА

ШЫТЫРМАН

(Жалғасы келесі санда)Елеусіз МҰРАТОВ

Қаршадайынан қабырғасы қайысып, бейнет көрмегендіктен бе, пайғамбар жасынан асса да қызыл шырайлы өңін бермеген Асқар Көпбергенұлының нұры тая қоймаған өткір жанары ат шапты-рым бөлме үшін шола қарап, қабырға-дағы қастары қиылып, қою қара шашы толқынданған құс тұмсық бозбаланың суретіне келіп тірелгенде кілт кідіріп қалды. «Апыр-ай, мен де жігіт болған екенмін-ау» деді шашы әппақ қудай шал өзінің бұдан қырық жыл бұрынғы суретіне тамсана қарап. Әлдеқашан қыр асып, қас пен көздің арасында зуылдап өте шыққан тіршіліктің жабығынан сығалаған бозбаланың орнында самай шашы ағарып, алпыс жылдық ғұмырын жүзіндегі шиырлаған әжіміне сыйғыз-ған егде адам қалған. Асқардың мына қырық жылдық тарихы бар суреттегі сұлу бозбала менмін дегеніне қазір кім иланады? Қамшының сабындай өмір шіркіннің таңдайға тәтті дәмін қалды-рып өте шығатынын кім білген.

Желік

Бірақ Асқардың қайтып оралмай-тын, тіршіліктің көкжиегіне сіңіп кет-кен ғұмырына өкпесі жоқ. Біреулердің сорын қайнатып, өле өлгенше мойнына жоқшылықтың дорбасын іліп қоятын қатал тағдыр бұған келгенде жон арқа-сын көрсетіп, тырсиып қалған жоқ. Әкесі ферме басқарып, аттан түспеді. Соның арқасында бұлғақтап жүріп өсті. Жоғары оқу орнына түскеннен кейін де тәңірдің маңдайына жазған бағы шығар, ауқатты отбасының үлпілдеп отырған жалғыз қызы Айманды жолықтырды. Әрі қарайғы өмір жолы ертегідегідей жалғасып жүре берді. Заң факультетін бітіргеннен кейін жұрт сияқты қандай қызметке барамын деп уайымдаған жоқ, қайын жұртының арқасында оқалы киім киіп, прокуратураға орналасты, одан әрі сотқа секірді. Санасына заң қағидалары-ның сіңіп қалғаны сондай, айналдырған он жыл ішінде Асқардың орнында ағай-ын-туыстан көз жазып ажыраған, қашан да жұрттың сәлемін сызданып зорға ала-тын тәкаппар адам пайда болған.

Енді Асқар бұрындары тонның ішкі бауындай араласып жүретін жақын- жуықтарынан алыстап, «кісікиік», «кісәпір» деген құлаққа түрпідей тиетін аттарды жамап алды. Қанына сіңген қасиет пе, жоқ әлде ақыл-есті матаған мансаптың желігі ме алдына келген ай-ыпталушының мойнына мүмкіндігі кел-генінше жыл арқалатып жібермейінше көңілі орнықпайтын. Құданың құдіреті, қайдан пайда болған қасиет екенін қай-дам, қолына кісен кигізіліп, темір торға қамалған айыпталушыға жауыға қарап, тап бір әкесінің кегі кеткен адамдай «қылмыс жасадың ба, енді соттал» деп іштей түйіліп отыратын. Мүмкін бұл ылғи да әр нәрсенің жаман жағын көріп, айып тағуға бейім тұратын про-куратурадан қалыптасып, қанына сіңіп кеткен әдет шығар. Қызметті былай қойып, дастарқан басындағы кез келген әңгімеге заңдылықты араластырып, тұздықтап отырмаса, сөзінің дәмі кір-мейтіндей болып тұратын. Сондықтан да болар, әшейінде ауыздыға сөз бер-мей, тілімен барлық шаруаны реттеп, орақ орып тастайтын адвокаттардың өзі істі Асқар Көпбергенұлы қарайды екен деген хабарды үреймен қабылдап, қанша жерден қаптап ақша берсе де айыпталушыны қорғаудан ат-тондарын ала қашатын. Қазір құрметті демалыста деген аты болмаса, сол аспандаған бе-деліне әлі де зәредей залал келген жоқ, аттың үстінде мығым отыр. Май өңдей-тін үлкен корпорацияны басқарады.

Алғашқы әсер

Телефоннан хатшы қыздың «Асқар Көпбергенұлы, ұлыңыз Айбол келіп

тұр» деген биязы үні естілді. «Кірсін» деді алдындағы алтын белдеулі сига-реттің біріне қол созып жатып. «Бұл иттің күшігі тағы да ақша сұрайтын болды-ау» деген ой санасын жалап өтті. Есіктен көйлегінің түймеленбеген ашық өңірінен алтын шынжырлы алқа-сы жарқыраған еңгезердей жігіт кіріп келген. Қу перзент-ай, ұлы арсалаңдап келіп, шашынан иіскегенде Асқар Көп-бергенұлының көңілінде әлгіндегі кір-біңнің ізі де қалмай, тырысқан қабағы жазылған.

– Батя, үйленетін болдым, – деді ол әй-шай жоқ, жайлы орындыққа отыра беріп.

– Ау, кімге, – деді әйелі екеуі «қашан бас құрайсың?» деген сөзді айта- айта шаршап, бір жауабын ала алмай, ақыры ішқұса болып қойған кенже ұлының мына тосын әрекетіне таңырқай қарап. Бағаналы бері әкесінің өңіндегі өз-герісті қалт жібермей, бағып отырған Айбол:

– Қаламасаңыздар, онда үйлен-бей-ақ, осылай жүре берейін, – деп қыр-сығып жауап беріп еді, Асқар баласы тәңірден күніне мың мәртебе жалынып сұрап жүрген тілегін орындаудан орта жолда айнып қалама дегендей жанұшы-рып:

– Жо-жоқ, болашақ құдаларымыз кімдер, қайда тұрады, немен айналыса-ды дегенді мына біздің де білуіміз керек қой деп тұтығып қалды. Осыны күткен-дей Айбол ұялы телефонынан әлдекімге қоңырау шалып:

– Ішке кіре бер, әкеммен танысты-райын, – деді.

«Әй, баламысын деген, ау, болашақ келінді осылай таныстыра ма екен, үйге шақырса бір жөн» деген ой Асқардың көмейінде қалып кетті.

Кеңсенің сырлы есігін хатшы қыз ашқанда ар жағынан көзі боталаған сымбатты бойжеткен әдеп сақтап та-балдырықтан аттаған. «Сәлеметсіз бе!» деді сызылып. «Апырай, неткен жіпсіз байлайтын сиқырлы жанар мынау». Асқар хатшы қызға кофе алдыртып, дастархан жасатып, «ешкімді кіргізбе» деп қатаң тапсырып қойды.

– Болашақ келініңіздің есімі Жази-ра. Осы Алматыда туып өскен. Анасы бар, әкесі... – деп Айбол сөзін жұтып күмілжіп қалып еді, әрі қарай бой-жеткеннің өзі үзіліп қалған әңгімені сабақтап, жалғастырып әкетті.

– Әкем жас кезімізде қайтыс болып кеткен. Анам өгей әкеммен тұрады, – деді. Асқар ырымын жасап, бетін сипады. Шал «қарағым, қандай қыз-

мет істейсің» деген сөзді айта алмай қипақтап еді, сұңғыла бойжеткен оның осы ойын оқып үлгерген адамдай:

– Мәскеуде оқу бітіріп келгеннен кейін Қазақстаннан «Север» деген ше-телдің тұрмыстық техникасын сататын бірнеше сауда үйін ашқанмын. Қазір Англия, Голландия, АҚШ пен тағы да басқа мемлекеттердің өндіріс орында-рынан тікелей жеткізілетін үлкен тауар-лардың жүйесін басқарамын, – деді. Қу, дүниенің құдіретін-ай, бағаналы бері мына қыз ішіп тамаққа, киіп киімге жа-рымай өзі тәрізді ауқатты адамдардың балаларын төңіректеп жүрген ауылдағы қара сирақ қарапайым адамның бала-сы болмаса екен деп іштей қобалжып отыр ған Асқар келінінің қара жаяу емес екендігін білгенде кәдімгідей көтеріліп қалды.

– Апыр-ай, онда айналымда жүрген қаржы да сұмдық шығар, – деп Асқар ақшаға жақындығын сездіртіп қойды. Бойжеткен сыр бермеді, жайбарақат:

– Жүздеген миллион жүреді, бір жарым мың адамға жұмыс тауып беру де оңай шаруа емес қой, – деді. Мына сөздерді естігенде өзін Алматыдағы он байдың бірінен санайтын Асқар «Құдай-ау, біздің шаруамыз келіннің тірлігінің жанында түк те емес екен ғой» деп кәдімгідей қорланып қалды. Асқар тұңғыш рет «әй, біз өлгенше бар дүниемізді шашып, масыл болып өтесің-ау» деп түңілген кенже ұлы Ай-болдың өздерімен терезесі тең, ауқатты жерден жар таңдағанына іштей риза болды.

Құда, құдағимен де танысты. Аспан-дап қарайтын адамдар емес, қарапайым кісілер сияқты көрінді. Қазанбас жі-гіттер құда мен құдағиды көздерінен таса етпей, дастарқан басындағы әрбір қимылды қадағалаумен болды. Әңгіме үстінде Асқар төбелерінен қылқиып қарап тұратын жігіттердің әрекетінен ыңғайсызданып:

– Жігіттерді бір сәтке босатып, емін-еркін әңгімелессек қалай болады, – деп еді құдасы :

– Асеке, уайымдамаңыз бұлардың жұмыстары осы ғой, – деді.

Келіннің «есебі»

Тойға шабылып, дайындық бас-талған. Асқар мен әйелінің құдалар жағы «пай, шіркін» деп тамсансын деген оймен қомпиып қойған қомақты жиырма мың АҚШ долларына да құда мен құдағи соншалықты естерінен танып, елп ете қоймады. Бұлардың

әспеттеп берген жиырма мың көк қаға-зын жай ғана жиырма мың теңге алған адамдардай, күтуші қыздың табағы-на тастай салып, басқа әңгімені ай-тып кетті. Өзінен төмендерге шекеден қарайтын Асқардың алғаш рет тауы шағылып, жүні жығылып қалды.

Мұны да қойшы, Асқар құдалыққа барады-ау деп араласып жүретін жақын адамдарының басын қосқанда елу кісі-ден аспай қалды.

– Батя, әшейінде туған-туысқаны-мыз көп деуші едіңіз, бар болғаны осы ма, – деді Айбол тізімдегі адамдар-дың санына көңілі толмағанын анық сездіртіп, – Құдалар жағы бізге екі жүз кісіге орын беріп отыр. Асқар ағайын- туыстан шеттеп кеткеніне алғаш рет өкінді.

Қыз ұзату тойына Асқар жағынан барған ауқатты деген адамдардың өз-дері ағыл-тегіл байлықтан бастары айналып, тамсанып қайтты. Қымбат сыйлықтар мен табаққа салынған бу-ма-бума ақшалардан көз тұнды. Тойға сонау Англиядан арнайы ұшып кел-ген бәсекелесі Джон мырза Жазираға бағасы удай қымбат көлікті сыйға тартқанда жұрттың алды демдерін іштеріне тартып, құдалыққа барған-дар орындарынан түрегеліп кеткен. Ауқатты жермен құда болдым деген аты болмаса, мынадай салтанат Асқар Көпбергенұлының мысын басып, мүлде жерге қаратып кеткен еді. Көйлегінің етегі асыл тастармен көмкерілген Жази-ра қымбат көліктің кілтін ұстап тұрып:

– Айып етпесеңіздер, мына қымбат сыйлықты атама бергелі отырмын, – де-генде Асқар орнынан үш ұмтылып зорға тұрды. Абырой болғанда қан қысымы көтерілмей, аман қалды. Қыз ұзатудағы тілмен айтып жеткізуге болмайтын ен байлықтың әсері Көпберген әулетіндегі тізгіннің әп-сәтте қолдарынан сусып, келінге көшкенін көрсетіп тұрғандай еді. Асқар мен әйелі Айман келіндері Жазираның ренжігенде қарлығаштың қанатындай түйілетін қасынан емес, оның ар жағында тұрған шексіз билік пен қисапсыз дәулеттің қаһарынан жасқанатын еді. Қартайғанда осы қа-райласады-ау деп үміттенген Айболдың өзі тойдан кейін үй бетін көрмей, Жа-зираның шаруасымен шап қылап кетті. Келін бірте-бірте Асқар Көпбергенұлы-ның шаруасына да араласа бастады.

– Ата май өндірісімен алысқа бар-майсыз, шаруаны заман ағымына сай қайта құрып, өзгерту керек. Айына түсетін пайдаңызды есептеп көрдім, он миллионнан аспайды екен. Тәйірі,

сол да ақша ма, қаржыны құрылыс ма-териалдарына салу керек, шаршасаңыз корпорацияны басқаруды Айболдың қолына беріңіз. Мамам екеуіңіз шетелге шығыңыздар, қыдырыңыздар, – деді. Кешегі күнге дейін құлақтары қалқиып, ақша сұрағаннан басқа түк білмейтін балаларының аузынан мұндай сөзді естіп көрмеген Асқардың келініне кәдімгідей іші жылып қалды. «Айна-лайын-ай» деді еміреніп. «Келіндікі де жөн-ау, қартайған шақта бала-шағаның аяғына оралып... қу дүниенің түбіне кім жеткен» деп ойлап қойды.

Беймезгіл ажал

Айман екеуі әлемнің әдемі жерлерін аралап қайтты. Тек шетелден келгеннен кейін ауа-райының ауысқандығынан ба, әйелінің қан қысымы қайта-қайта көтеріліп, ақыры қарға адым жерге ат-тауы мұң болып қалды. Ақшаны аямай төгіп, қымбат ауруханаларға жатқызып емдетті де. Салған инелер мен ішкен дәрілердің шипасы болды ма екен, ба-сын көтеріп, әлденгеннен кейін әйелі «бәрі де құрысын, үйге қайтамынға» басты. Тек сән-салтанаты жарасқан отбасындағы кемерінен асып-төгіліп жататын қызықшылықтың ғұмыры қысқа болды. Орта жолдан киліккен жа-манат отбасын ойрандап кетті. Таңертең қаннен қаперсіз көшеге шығып кеткен Асқарға ұлы Айболдан суық хабар жетті:

– Әке, апамнан айырылып қалдық, – деді ол даусы дірілдеп. Асқардың құлағы шыңылдап, көзі қарауытып кетті:

– Апыр-ау, не дейді, не деп тұрсың, мен кеткенде сау жүр еді ғой, – деп тұтығып қалды.

Үйдің іші абыр-сабыр, қаптап жүр-ген қара-құра адам. Бұл келгенде Ай-манның бетін жауып төргі бөлмеге шығарып қойған екен.

– Қан қысымы күрт көтеріліп кет-кен, – деді көзілдірігі мұрнының үстіне ілініп қалған жедел жәрдемнің дәрігері өлімнің алғашқы себебін айтып. Асқар еңкілдеп жылап, өмірінің аяулы шақта-рын өзімен бірге ала кеткен Айманның жансыз денесіне бас салды. Маңдайы сұп-суық, бейне бір қалғып кеткен адамдай. Мұздай денені құшақтап жата берер ме қайтер еді, әлдекім иығынан тартты. Құдасы екен:

Сабыр етіңіз, Асеке, Алланың ісіне не шара!

Денені мәйітханаға жіберу мәселесі біраз талас-тартыс тудырып қалды.

– Апамның денесіне пышақ тигіз-беймін, –деді келіні шарасы жасқа толы жанарын көрсеткісі келмей теріс айна-лып. «Алда ғана айналайын-ай».

– Жоқ, денені зерттеуге алмай, қайт-паймыз, тәртіп сондай,–деді жедел жәрдеммен ілесе келген полиция қыз-меткерлері де қасарысып, қайта қоймай. Әдемі келіншектің қабағы қатуланып, әлдекімге телефон шалды.

– Берік аға, Жазира қарындасыңыз ғой, енем дүние салып еді, мына жі-гіттеріңіз саудаласып тұр деп еді, ар жақтағы адамның:

– Телефонды берші деген зілді дау-сы естіліп қалды. Осы әлгінде ғана екпіні тау қопаратындай болып тұрған-дардың үндері бәсеңсіп қалды:

– Әбеке, мақұл, Әбеке, – деп елпе-лектеді оқалы киім кигендер.

Асқардың әшейінде еңсе көтеріп, қомпиып жүргені Айманның арқасы екен. Сыңарынан айырылғаннан кейін қоңқақ мұрны сорайып, мүлдем сылы-нып қалды. Бөлмедегі әр зат пен бұйым-нан жарының елесі жамырап шыға ке-летін қара шаңырақтан әп-сәтте қызық қашып, қу молаға айналып кеткендей.

Қырсық жалқы емес

ЖИЫРМА МЫҢ ДОЛЛАР

ЖИЫРМА МЫҢ ДОЛЛАР