мектепішілік газет қазан 2014

8
2 бет Ресурстық орталык 4 бет Ас болсын бағдарламасы 333 3 бет Сессия көріністері 8бет Құттықтаймыз! 5 бет Психологиялық тренингтер Газет 2009 жылғы 14 –ақпаннан шығады Бар ниетіміз сіздерге! №1 (1) Қазан 2014 жыл 7 бет Жұлдыз жорамалы 6бет Оқушылар тілегі «Жылы жүрек- жақсы тілек» Құрметті достар! Сендерді ресурстық орталықтың кезекті сессиясының басталуымен құттықтаймыз! Талпын жақсы болуға, Күндей сәуле шашатын Білім іздеп, өнер тап, Түнді күндей ашатын. Бір, екі –Жас Ұлан! Екі,үште –Жас Ұлан! Қанаттарын талмасын, Биіктерге самғасын! Игі тілекпен: М.Әуезов атындағы №2ОЖББМ оқушылары

Upload: -

Post on 06-Aug-2015

121 views

Category:

Documents


0 download

TRANSCRIPT

Page 1: мектепішілік газет қазан 2014

2 бет Ресурстық

орталык

4 бетАс болсын

бағдарламасы

333 3 бет Сессия

көріністері

8бет Құттықтаймыз!

5 бетПсихологиялық

тренингтер

Газет 2009 жылғы 14 –ақпаннан шығады

Бар ниетіміз сіздерге!

№1 (1) Қазан 2014 жыл

7 бет Жұлдыз

жорамалы

6бетОқушылар тілегі

«Жылы жүрек- жақсы тілек»

Құрметті достар! Сендерді ресурстық орталықтың кезекті сессиясының басталуымен құттықтаймыз! Талпын жақсы болуға,Күндей сәуле шашатынБілім іздеп, өнер тап,Түнді күндей ашатын.Бір, екі –Жас Ұлан!Екі,үште –Жас Ұлан!Қанаттарын талмасын,Биіктерге самғасын! Игі тілекпен: М.Әуезов атындағы №2ОЖББМ оқушылары

Page 2: мектепішілік газет қазан 2014

2 бет Кәусар бұлақ 2014 жыл

Ресурстық орталық қазан айының 20-25 күндері өтті. Жайық негізгі мектебінен 8 сынып – 6 оқушы,9 сынып – 4 оқушы. Жаңабұлақ орта жалпы білім беретін мектебінен 8 сынып-18 оқушы,9 сынып-13 оқушы.Барлығы 41 оқушы қатысты.

Достық туралы жыр

Достығымыз достар арылмасын,Пейіліміз кеңейсін тарылмасын.Жиі-жиі бас қосып сыр шертсек.Жүрегіміз қалайша жарылмасын.Күніміз күлкі бола берсінҚуанышқа көңіліміз тола берсін,Нұрлы аспан астында аясында,Басымызға бақ келіп қона берсін.Зұлымдықтан әрқашан жиренейік,Адалдықты сүйуді үйренейік,Бірлікпенен тірлікті ұштастырып,Бір әдемі ғажайып,күйге енейік.Берсе берді бермесе санаспайық,Болмайтынға ұрысып таласпайықАрамызда алаяқ біреу болса,Оны қатар ортадан аластайық.Жасамайық қиянат кісі кетімБайлық мансап кісіні ісіретінҚанағатсыз ағайын ойласаңдарАбыройын кісінің түсіретін.

Тоғанбай Қарлығаш Манасқызы Жаңабұлақ ОЖББМ

Page 3: мектепішілік газет қазан 2014

\

3 бет Кәусар бұлақ 2014 жыл

Сессия сабақтарынан көрініс

Page 4: мектепішілік газет қазан 2014

\

4 бет Кәусар бұлақ 2013 жыл5 бет Кәусар бұлақ 2014 жыл

Мақсаты:қыз балалардың асханадағы шеберлігін паш ету.Ресурстық орталыққа Жайық негізгі мектебі Шапхат Айгерім Жаңабұлақ орта жалпы білім беретін мектебінің оқушылары Нұрым Райымгүл қатысты.Бағдарламаға демеушілік көрсеткен «Диляра» дүкенінің меңгерушісі Тлеккабулова Калиса Хакимжанқызы.Оқушыларымыз жеміс-жидектерден салат және құймақ ірімшікпен әдемілеп өз шебірліктерін көрсетті.Бағдарламаның сарапшы мамандары Агротехникалык колледж тағам және технология пәні мұғалімі кәсіби аспаз Жұмағалиева Г,Ақжайық аудандық тұтынушылар құқықтарын қорғау басқарма жетекшісі Майданов Бауыржан Шерниязұлы және белгілі спортшы еркін күрестен мектеп түлегі 35-40 жас әлем чемпионы Оразғалиев Асылбек Алтынбекұлы сарапшылық жасады.Сарапшыларымызбағдарламаға қатысушы оқушыларға өз бағаларын беріп,ұсыныстарын айтты.

Бағдарламаны жүргізуші: Есеналиева Қалампыр Қобыландықызы

Ас болсын бағдарламасы

«Шебер қолдар»үйірмесіМақсаты:оқушыларды шеберлікке,ұқыптылыққа әсемдікке баулу.Жаңабұлақ орта жалпы білім беретін мектептің 8 сынып оқушылары қатысты.Оқушылар екі топқа бөлініп табиғат көрінісін матаға жіп,ілгектер арқылы бейнеледі.Оқушылар қызығушылықпен жұмыстанды. Өткізген: технология пәні мұғалімі Тажкуранова Г.Т.

Page 5: мектепішілік газет қазан 2014

\

5 бет Кәусар бұлақ 2014 жыл

Бірлігіміз жарасқан

2014 жылдың 20 – 25 қазан аралығында мектебімізде ресурстық орталықтың сессиясы өтті. Ресурстық орталықтың сессиясына Жайық негізгі мектебінің және Жаңабұлақ орта жалпы білім беретін мектебінің және М.Әуезов атындағы №2 орта жалпы білім беретін мектебінің 8-9 сынып оқушылары қатысты. Сессия барысында қатысушылардың бейімделу деңгейлерін бақыланып және ресурстық орталық сессиясы туралы ойларын білу мақсатында сауалнама жүргізілді. Сонымен қатар, жаңа ортаға тез бейімделуі мақсатында 20- 24 қазан аралығында тренинг сабақтары өткізілді. Тренингтерге оқушылар өз ойларын ортаға салып, сергіп қалды. Әр тренинг сабағын асыға күтетін оқушылар белсене қатысып жүр.

 

Психологиялық тренинг

Мектеп психологы: Утепова Л.М.

Page 6: мектепішілік газет қазан 2014

\

4 бет Кәусар бұлақ 2013 жыл7 бет Кәусар бұлақ 2014 жыл

О қ у ш ы л а р к ү н д е л і г і

Барлығына Қайырлы күн! Сіздермен бірге тағыда мен Шапхат Айгерім Қайыржанқызы.Сонымен бүгін жұма бейсенбіні қорытындылаймыз.Таңертен мектепке келісімен Гүлбадан Оразайқызы бізді қарсы алып, таңғы жаттығуларды жасатты.1-ші сабақ орыс әдебиеті М.Әуезов атындағы №2 орта жалпы білім беретін мектеп ұстазы 000сабақ берді.Сабақты 3 топқа бөлу арқылы қызықты қылып өткізді.Орыс әдебиетінен шығып география пәніне Амангелді ағайдың сабағына бардық.Ауыл халқы мен қала халқын салыстырып біршама пікір алмастырдық.География шығып математика кабинетіне геометрия сабағына бардық.Сабақты Гүлбадан Оразайқызы өткізді.Екі вектордың скаляр көбейтіндісіне есептер шығарып,білімімізді кеңейттік.Сөйтіп 4 сабақ Гүлмира Ғилажқызы мен химия пәнін бастадық.Химия сабағында өткен тақырыптарды қайталап, есептер шығардық.5- сабақ дене шынықтыру. «Спорт-салауатты өмір салты »деген қағиданы ұстап сыртқа шығып бәріміз жүгірдік.Технология сабағында екі топқа бөлініп өте дәмді «Құс ұясы»салат жасадық.Салатымыз өте дәмді болды.6 сабақ көзді ашып жұмғанша өтіп кетті.Асханаға бардық.Аспазшы апайлар әдеттегідей дәмді тағамдармен бізді тойдырып жіберді.14 :00 де «Сыр сұхбат»шоуы басталды.Шоуға ауданымыздың аса құрметті ұстазы, жазушы Мәлік Бердіәлі келді.Ол кісінің өмірі, балалық шағы туралы білдік.Өзіміздің жүрек жарды сұрақтарымызды қойып жауабымызды алдық.Шоудан кейін әдеттегідей Лунара апайға барып көңілді күймен би залына барып биледік.Ұл балалар тирға барды. 16:00 де үйге қайттық.Бәрі тамаша өтті .Бәріне ашық күн тілеймін!

Шапхат Айгерімнің күнделігінен

Page 7: мектепішілік газет қазан 2014

\

4 бет Кәусар бұлақ 2013 жыл

8 бет Кәусар бұлақ 2014 жыл

Жұлдыз жорамал қазан айынаТоқты Үнемі алдыңғы қатарда жүретін тоқтыларға жолдыз-жорамал әрбір ісіңізге мұқият қарап, өзіңізді сабырлы ұстағаныңыз абзал деп ескертеді.ТорпақТорпақ белгісінде туған жандарды бүгін іздеушілер көп болуы мүмкін. Барлығына бірдей уақыт тауыңыз мүмкін емс. Бірақ мүмкіндігінше жақын жандардың көңілін қалдырмауға тырысыңыз.ЕгіздерӨз ісініе тындырымды балықтар үшін алдағы аптада маңызды шешім қабылдауға асықпаған абзал.  Жұмысыңызда жіберген қателіктерді жөндейтін кез-келді. Қызмет барысында барлық әріптестеріңізбендұрыс қарым-қатынас смақтағаныңыз өзіңізге жақсы. ШаянШаяндарға ескерту: денсаулығыңыз аздап сыр беруінің алдарынан жоспарларыңыз өзгеруі мүмкін. Сондықтан алға жоспар құруға асықпаңыз. Әр нәрсе өзінің сәтімен жүзеге асады. Тек асықпаңыз. АрыстанӨмірдегі ең басты құндылық – сіздің отбасыңыз екенін ұмытпаңыз. Сондықтан да олардың айтқан әрбір сөзіне құлақ асыңыз. Оларды ренжітіп алмауға тырысыңыз. БикешБаспаналы болу қиындық туғызып жүрген бикештіктер үшін осы айда тиімді ұсыныстар жасалып қалуы мүмкін. Сондықтан осы аптада шешім қабылдаудан қорықпаңыз. Өйткені сәті түсіп жақын уақытта баспаналы болып қалуыңыз мүмкін. ТаразыБасыңызда болып жатқан мәселелерді ертерек шешкеніңіз жөн.Ең бастысы өз өзіңізге сенгеніңіз жөн. бірінші орында тұрған жұмыстарыңызды тезірек тындыруға тырысыңыз. Бұл апта сіз үшін біраз шаруаны тындыруға септігін тигізбек. СарышаянЖұмыс барысында тықыр таянғанда ғана қимылдасаңыз өзіңіздің қиналып қалатыныңызды біліп жүрсіз. Сондықтан сіз үшін уақытты тиімді пайдалану бәрінен де маңыздырақ. Жоспар бойынша жүйелі жұмыс жасап, мейілінше тезірек қимылдасаңыз ұтылмайсыз. МергенҚызуқандылықты қойып, өзіңізді байыпты ұстасаңыз, биіктерден көрінуге мүмкіндік мол. Сізді жаңа шығармашылық бастамаларға жол ашатын сәтті кезең күтіп тұр. Тартынбай өз идеяларыңызды батыл іске қосуыңызға болады. ТауешкіБолашаққа құрған жоспарларыңыздың нұсқаларының біреуін таңдаңыз. Бойыңыздағы дарындылығңыздың арқапсында тілегіңізге жеткелі тұрсыз.Күш-жігерлері артып, бұл аптада тауешкілер өздерін көңілді сезінеді. СуқұйғышАғайын-туғандардың шақыратын жиындарынан қалмауға тырысыңыз. Өйткені әрбір қызықты сәт сізге қуаныш сыйлайды. Көптен көрмеген туыстармен қауышып, әрі тың ұсыныстар қабылдап оларды жүзеге асыруға мүмкіндік тумақ. БалықтарБалық белгісіндегілер үшін бұл аптада сауда орталықтарында болып, киым-кешек басқа да қажетті дүниелерді сатып алуға қолайлы болмақ. Бірақ қызыққан дүниенің барлығы сапалы бола бермейтіндігін ескерсеңіз де артықтық етпес.

Page 8: мектепішілік газет қазан 2014

4 бет Кәусар бұлақ 2013 жыл

8 бет Кәусар бұлақ 2014 жыл

Қазан айында туылған туған күн иелеріТуған күндеріңіз құтты болсын!

Ұстаздарымыз: Бағдыбаев М.Қ. Қоспаева Г.Қ. Саматова И.Ералиева Қ.С. Ситекенова Н.Қ.Меңдешева А.Е

Ұстаз деген ардақты ғой өмірде,Үйретеді оқу,білім нәрін де.

Ұлағатты ұстаздардан ұғындым,Ғажайыптың неше түрін, бәрін де!

Редактор: Шканова АльбинаКомпьютерде терген: Мұханғали Жансұлу

Біздің мекен-жайымыз: Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы, О.Исаев көшесі, № 89

Суретші-дизайнерӘбілхайыров Сәкен БауыржанұлыКорректор: Гүлбадан ОразайқызыШамелова

Таралымы – 20 дана